Тікелей аралас тасымалдар туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2005 жылғы 26 қаңтардағы N 52-І Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 25 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 3464. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 қарашадағы № 1104 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2010.09.22 № 1066 Жарлығымен.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

     1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Сот әкімшілігінің жаңа жүйесінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 12 қазандағы N 471 Жарлығына мынадай толықтырулар енгізілсін:

     жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет туралы ережеде:
     1-тармақ "уақтылы атқаруды" деген сөздерден кейін "және жекелеген негіздемелер бойынша республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды" деген сөздермен толықтырылсын;

     11-тармақ мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
     "16) жекелеген негіздемелер бойынша республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады.".

     2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

     3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
     Президенті