Қолданушылар назарына!
Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін РҚАО мазмұнды жасады.
Ескерту. Мәтін бойынша "брокерлiк-дилерлік", "Брокерлiк-дилерлiк" деген сөздер "брокерлiк және дилерлiк", "Брокерлiк және дилерлiк" деген сөздермен ауыстырылсын, "брокер-дилер", "Брокер-дилер", "брокер-дилердiң", "Брокер-дилердiң" деген сөздер тиiсiнше "брокер және (немесе) дилер", "Брокер және (немесе) дилер", "брокердiң және (немесе) дилердiң", "Брокердiң және (немесе) дилердiң" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Ескерту. Мәтін бойынша "қызметтік, коммерциялық", "коммерциялық, қызметтік" деген сөздер "коммерциялық" деген сөзбен ауыстырылды; "коммерциялық және қызметтік", "қызметтік және коммерциялық" деген сөздер "коммерциялық" деген сөзбен ауыстырылды - ҚР 2011.12.28 N 524 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
2013 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР 2011.12.28 N 524-IV Заңына сәйкес Заңның бүкіл мәтіні бойынша «бірыңғай тіркеуші», «бірыңғай тіркеушінің» деген сөздер «тіркеуші», «тіркеушінің» деген сөздер деп есептелсін.
Осы Заң эмиссиялық бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының шығарылуы, орналастырылуы, айналысы және өтелуi процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды, бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнiң құрылуы мен олардың қызметiнің ерекшелiктерiн реттейдi, бағалы қағаздар нарығының қауiпсiз, ашық және тиiмдi жұмыс iстеуiн, инвесторлардың және бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтарының қорғалуын, бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың адал бәсекелестігін қамтамасыз ету мақсатында бағалы қағаздар нарығын реттеу, бақылау және қадағалау тәртiбiн айқындайды.
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңның мақсаттары үшiн мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) агенттік облигация – эмитенті қаржы агенттігі болып табылатын облигация;
2) айырбасталатын бағалы қағаз – акционерлiк қоғамның шығару проспектiсiнде айқындалатын шарттармен және тәртiппен оның басқа түрдегi бағалы қағазына алмастыруға жататын бағалы қағазы;
3) андеррайтер – брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар және эмитентке эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру жөнiнде қызметтер көрсететiн бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушы;
4) бағалы қағаз – мүлiктiк құқықтарды куәландыратын белгiлi бiр жазбалар мен басқа да белгiлеулердiң жиынтығы;
5) бағалы қағаздарды номиналды ұстау – номиналды ұстау шартына не осы Заңға сәйкес бағалы қағаздарды ұстаушылар атынан және есебiнен белгiлi бiр заңды iс-әрекеттердi жасау, сондай-ақ бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алу мен растау және осындай ұстаушылардың бағалы қағаздарымен жасалатын мәмiлелерді тiркеу;
6) бағалы қағаздардың бағасын белгiлеу – ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында белгiлi бiр уақыт кезiнде бағалы қағаз бойынша сұраныстың және (немесе) ұсыныстың жарияланған бағасы;
7) бағалы қағаздардың бастапқы рыногы – эмитенттiң бағалы қағаздардың қайталама рыногында өзi бұрын сатып алған эмиссиялық бағалы қағаздарын бұдан әрi орналастыруын қоспағанда, эмитенттiң (андеррайтердiң немесе эмиссиялық консорциумның) жарияланған эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруы;
8) бағалы қағаздардың қайталама рыногы – орналастырылған бағалы қағаздардың айналысы процесiнде бағалы қағаздар рыногының субъектiлерi арасында қалыптасатын құқықтық қатынастар;
9) бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнің жүйесi – белгiлi бiр уақыт кезiнде эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқық ұстаушыларды сәйкестендiрудi, бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелердi тiркеудi қамтамасыз ететін эмитент, эмиссиялық бағалы қағаздар және оларды ұстаушылар туралы мәлiметтердiң жиынтығы, сондай-ақ осы бағалы қағаздар бойынша айналымға немесе құқықтарды жүзеге асыруға арналып тiркелген шектеулердiң сипаты және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiне сәйкес өзге де мәлiметтер;
10) бағалы қағаздар рыногында айла-шарғы жасау – бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң ұсыныс пен сұраныстың объективтi арақатынасы нәтижесiнде бағалы қағаздарға орныққан бағадан жоғары немесе төмен баға белгiлеуге және (немесе) ұстап тұруға, бағалы қағазбен сауда-саттықтың көрiнiсiн жасауға және (немесе) инсайдерлiк ақпаратты пайдаланып мәмiле жасауға бағытталған iс-әрекеттерi;
11) бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушы – өз қызметін бағалы қағаздар рыногында лицензия негізінде не Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асыратын заңды тұлға;
12) бағалы қағазды ұстаушы – бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнің жүйесiнде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесiнде тiркелген, бағалы қағаздар бойынша құқықтарға ие тұлға, сондай-ақ пайларын ұстаушылар ортақ үлестiк меншiк құқығында инвестициялық пай қоры активтерiнiң құрамына кiретiн бағалы қағаздар бойынша құқықтарды иеленетiн инвестициялық пай қоры;
13) базалық актив – стандартталған тауарлар партиясы, бағалы қағаздар, валюта, қаржы құралдары және сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарында айқындалған өзге де көрсеткiштер;
14) биржадан тыс бағалы қағаздар рыногының баға белгiлеу ұйымы – акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, осы сауда-саттықты ұйымдастырушы клиенттерiнiң арасында баға белгiлеудi айырбастау жүйесiн пайдалану мен қолдау арқылы сауда-саттықты ұйымдық және техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын заңды тұлға;
15) биржадан тыс бағалы қағаздар рыногының баға белгілеу ұйымының баға белгілеуді айырбастау жүйесі – биржадан тыс бағалы қағаздар рыногының баға белгілеу ұйымының материалдық-техникалық құралдарының, ішкі құжаттарының кешені, оларды пайдалана отырып биржадан тыс бағалы қағаздар рыногының осы баға белгілеу ұйымы клиенттерінің арасында баға белгілеуді айырбастауға қолдау көрсетіледі;
16) брокер – клиенттiң тапсырмасы бойынша, оның есебiнен және мүдделерiн көздеп, эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер жасайтын бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушы;
17) бұйрық – қаржы құралдарын ұстаушы (сатып алушы) өзiне тиесiлi қаржы құралдарына немесе қаржы құралдарын сатып алуға арналған ақшаға қатысты белгiлi бiр iс-әрекеттi жүзеге асыруды көрсете отырып, бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушыға табыс ететiн құжат;
18) бірыңғай тіркеуші - акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, дауыс беретін акцияларының елу пайыздан астамы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын мамандандырылған коммерциялық емес ұйым;
19) дара инвестор – институционалдық инвестор болып табылмайтын инвестор;
20) делистинг – бағалы қағаздарды сауда-саттық ұйымдастырушының тiзiмiнен уақытша немесе тұрақты шығарып тастау;
21) депозитарийлiк қолхат – осы депозитарийлiк қолхаттың базалық активi болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың белгiлi бiр санына меншiк құқығын растайтын туынды эмиссиялық бағалы қағаз;
22) депозитарийлiк қызмет – басқа номиналды ұстаушылар үшiн бағалы қағаздарды номиналды ұстау қызметтерiн көрсету және ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында қаржы құралдарымен жасалған мәмiлелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру жөнiндегi қызмет;
23) депозитке салу – орталық депозитарийдiң өз клиенттерiнiң жеке шоттарындағы қаржы құралдарын есепке алуы;
24) депонент – орталық депозитарийдiң клиентi болып табылатын ұйым;
25) дефолт – эмиссиялық бағалы қағаздар және өзге де қаржы құралдары бойынша мiндеттемелердiң орындалмауы;
26) дилер – ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында және ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында оған тiкелей кiру құқығымен өз мүдделерiн көздеп және өз есебiнен эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер жасайтын бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушы;
27) жарияланған эмиссиялық бағалы қағаздар – шығарылуын уәкiлеттi орган тiркеген бағалы қағаздар;
28) жеке шот – бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдері жүйесiнде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесiнде қамтылатын, эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдары бойынша мәмiлелердi тiркеу және құқықтарды есепке алу мақсатында тiркелген тұлғаны бiржақты сәйкестендiруге мүмкiндiк беретiн жазбалар жиынтығы;
29) жеке шоттан үзiндi – орталық депозитарий, тiркеушi немесе номиналды ұстаушы беретiн және белгiлi бiр уақыт кезiнде қаржы құралдары бойынша тiркелген тұлғаның құқықтарын растайтын, бағалы қағаз болып табылмайтын құжат;
РҚАО-ның ескертпесі!
30) тармақша 2013.01.01 дейін қолданыста болады.
30) жеке шоттардың бiрыңғай жүйесi – жүргiзiлуiн тiркеушiлер жүзеге асыратын бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнің жүйелерiндегi мәлiметтер жиынтығын көрсететiн, орталық депозитарий қалыптастырған деректер базасы;
31) инвестициялық жоба – инвестициялаудан белгiлi бiр нәтижелерге қол жеткiзуге бағытталған және инвестицияларды көздейтiн, сондай-ақ белгiлi бiр уақыт мерзiмi iшiнде iске асырылатын және аяқталған сипаты бар iс-шаралар кешенi;
32) инвестициялық комитет – бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушының меншікті активтеріне және (немесе) инвестициялық портфельді немесе зейнетақы активтерін басқарушыға инвестициялық басқаруға берілген активтерге қатысты инвестициялық шешімдерді қабылдауды жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушының (тіркеуші мен трансфер-агентті қоспағанда) алқалы органы;
33) инвестициялық портфель – бағалы қағаздар рыногы субъектiсiнiң меншiгiндегi немесе басқаруындағы әртүрлi қаржы құралдарының не Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес инвестициялық қор мүлкiнiң жиынтығы;
34) инвестициялық портфельдi немесе зейнетақы активтерiн басқарушы – азаматтық құқық объектiлерiн басқару жөнiндегi қызметтi клиенттiң мүдделерiн көздеп және соның есебiнен өз атынан жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушы;
35) инсайдер – инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізе алатын тұлға;
36) инсайдерлік ақпарат – бағалы қағаздар, (туынды қаржы құралдары), олармен жасалатын мәмiлелер туралы, сондай-ақ бағалы қағаздарды (туынды қаржы құралдарын) шығарған (берген) эмитент, ол жүзеге асыратын қызмет туралы коммерциялық құпияны құрайтын дәйекті ақпарат, сондай-ақ үшінші тұлғаларға беймәлім, жария етілуі бағалы қағаздар (туынды қаржы құралдары) құнының өзгеруіне және олардың эмитентінің қызметіне ықпал етуі мүмкін өзге де ақпарат;
37) институционалдық инвестор – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инвестицияларды жүзеге асыру мақсатымен қаражат тартушы заңды тұлға;
38) инфрақұрылымдық облигация – эмитент мiндеттемелерiнiң орындалуы арасында мемлекетке берiлетiн объект құнына сәйкес сомада мемлекет пен эмитент жасалған инфрақұрылымдық жобаны iске асыру жөнiндегi концессиялық келiсiм шеңберiнде мемлекеттiң кепiлгерлiгiмен қамтамасыз етiлген облигация;
39) ипотекалық облигация – ипотекалық қарыз шарттары бойынша талап ету құқығы кепілімен (ипотекалық куәлiктер кепiлiн қоса алғанда), сондай-ақ тiзбесi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленетiн өзге де өтiмдiлiгi жоғары активтер кепiлiмен қамтамасыз етiлген облигация;
40) ислам арнайы қаржы компаниясы – ислам бағалы қағаздарын шығаруды жүзеге асыратын, осы Заңға сәйкес акционерлiк қоғамның не жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын заңды тұлға, сондай-ақ бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме);
41) ислам арнайы қаржы компаниясы бөлген активтер – ислам арнайы қаржы компаниясы сатып алатын мүлiк және талап ету құқықтары, олар бойынша түсiмдер;
42) ислам бағалы қағаздары – шығару шарттары исламдық қаржыландыру принциптерiне сәйкес келетiн, материалдық активтердегi бөлiнбейтiн үлестi иелену құқығын және (немесе) оларды пайдаланудан түскен активтерге және (немесе) табыстарға, қаржыландырылуы үшiн осы бағалы қағаздар шығарылған нақты жобалардың қызметтеріне немесе активтеріне билiк ету құқығын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаздар;
43) ислам бағалы қағаздарын өтеу – ұстаушыға тиесiлi ислам бағалы қағаздары санының осы шығарылымдағы ислам бағалы қағаздарының жалпы саны қатынасына барабар үлеске сәйкес келетiн ақша сомасын бөлiнген активтер есебiнен ислам бағалы қағаздарын шығару проспектiсiнде белгiленген мерзiмдерде төлеу;
44) ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың өкiлi – эмитентпен жасалған шарттың негiзiнде ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың мүддесiнде әрекет ететiн ұйым;
45) ислам бағалы қағаздарының номиналды құны – ислам бағалы қағаздарын шығару проспектiсiнде белгiленген шарттар бойынша оларды бастапқы орналастыру аясында сатып алу кезiнде инвестор төлейтiн ислам бағалы қағаздары құнының ақшалай түрі;
46) кастодиан – қаржы құралдары мен клиенттер ақшасын есепке алуды және олар бойынша құқықтарды растауды, клиенттердiң құжаттық қаржы құралдарының сақталуы жөнiнде өзiне мiндеттемелер қабылдай отырып, оларды сақтауды және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес өзге де қызметтi жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушы;
47) клиент – бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушы көрсететiн қызметтердi пайдаланатын немесе пайдаланғысы келетiн тұлға;
48) қазақстандық депозитарийлiк қолхат – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздардың белгiлi бiр санына меншiк құқығын растайтын туынды эмиссиялық бағалы қағаз;
49) қамтамасыз етiлген облигация – эмитент мiндеттемелерiн орындау эмитент мүлкiнiң кепiлiмен толық немесе ішінара, банк кепiлдiгiмен қамтамасыз етiлген облигация;
50) қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер бойынша клиринг қызметі – қаржы құралдарымен мәмілелер жасау нәтижесінде есеп айырысуға қатысатын (төлемдерді жүзеге асыратын) субъектілердің талаптарын және (немесе) міндеттемелерін айқындау;
51) қаржы құралдарын материалсыздандыру – құжаттық нысанда шығарылған қаржы құралдарымен куәландырылатын құқықтарды растау тәсiлiн осы құқықтарды орталық депозитарийдiң және (немесе) бірыңғай тіркеушінің есепке алу жүйесiндегi электрондық жазбалармен растау арқылы өзгерту;
52) қаржы рыногы – қаржы қызметiн көрсету мен тұтынуға және қаржы құралдарының айналымына байланысты қатынастар жиынтығы;
53) қор биржасы – акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, осы сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйелерiн пайдалана отырып, оларды тiкелей жүргiзу арқылы сауда-саттықты ұйымдық және техникалық жағынан қамтамасыз етудi жүзеге асыратын заңды тұлға;
54) қор биржасының сауда жүйесi – осы қор биржасының мүшелерi арасында эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер оларды пайдалана отырып жасалатын қор биржасының материалдық-техникалық құралдарының, iшкi құжаттарының және өзге де қажеттi активтерi мен рәсiмдерiнiң кешенi;
55) қор биржасының трейдері – осы қор биржасының сауда жүйесін пайдалана отырып, қор биржасы мүшесінің атынан мәмілелер жасасуға және өзге де іс-әрекеттерді орындауға уәкілеттік берілген жеке тұлға;
56) құжатсыз бағалы қағаз – құжатсыз нысанда (электрондық жазбалардың жиынтығы түрiнде) шығарылған бағалы қағаз;
57) құжаттық бағалы қағаздар – құжаттық нысанда шығарылған (қағаздағы немесе арнайы техникалық құралдарды пайдаланбастан бағалы қағаздың мазмұнын тiкелей оқу мүмкін болатын өзге де материалдық жеткiзгiштегi) бағалы қағаздар;
58) левередж – эмитенттiң мiндеттемелерi мен өзіндік капиталы мөлшерлерiнiң арасындағы арақатынас;
59) листинг – қор биржасының бағалы қағаздар тiзiмiнiң санатына енгiзу және сол санатта болу үшiн қор биржасының iшкi құжаттарында бағалы қағаздарға және олардың эмитенттерiне арнайы (листингтiк) талаптар белгiленiп, бағалы қағаздарды оған енгiзу;
60) лицензиат – уәкiлеттi орган берген лицензия негiзiнде бағалы қағаздар рыногында қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
61) мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар – мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылмайтын акциялар, облигациялар және өзге де эмиссиялық бағалы қағаздар;
62) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаз – қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және жергiлiктi атқарушы органдар болатын қарызға қатысты оны ұстаушының құқықтарын куәландыратын немесе оны ұстаушының қосалқы жалдау шарты негiзiнде активтердi пайдаланудан табыстар алуға құқықтарын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаз;
63) мiнсiз iскерлiк бедел – кәсiпқойлықты, адалдықты, алынбаған немесе өтелмеген соттылығы жоқ екенiн растайтын фактiлердiң болуы;
64) мүдделер қақтығысы – бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушылар мен олардың клиенттерiнiң мүдделерi бiр-бiрiне сай келмейтiн жағдай;
65) номиналды ұстауды есепке алу жүйесi – номиналды ұстау қызметiн көрсететiн бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушының бағалы қағаздарды ұстаушылар және оларға тиесiлi бағалы қағаздар туралы мәлiметтерi бар, уақыттың белгiлi бiр кезiнде бағалы қағаздарды сәйкестендiрудi, олармен жасалатын мәмiлелердi тiркеудi қамтамасыз ететiн есепке алу жүйесi, сондай-ақ осы бағалы қағаздардың айналымына немесе олар бойынша құқықтарды жүзеге асыруға арналып тiркелген шектеулердiң сипаты және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес өзге де мәлiметтер;
66) облигацияларды өтеу – эмитенттiң орналастырылған облигацияларды сыйақы және облигацияның номиналды құнын төлеу (кейiннен сату мақсатынсыз) немесе оны облигациялар шығару проспектiсiнде белгiленген тәртiппен сол эмитенттiң акциясына (акцияларына) айырбастау арқылы айналымнан алып қою жөнiндегi iс-әрекетi;
67) облигацияларды ұстаушылардың өкiлi – бағалы қағаздардың қайталама рыногындағы облигациялар айналымы, облигациялар бойынша сыйақы төлеу және оларды өтеу процесiнде эмитентпен жасалған шарт негiзiнде облигацияларды ұстаушылардың мүдделерiн көздеп iс-әрекет жасайтын ұйым;
68) облигациялық бағдарлама – эмитент облигациялардың бiрнеше шығарылымын, оның iшiнде шығарылымның тиiстi проспектiсiнде айқындалатын әртүрлi құрылыммен шығаруды жүзеге асыруға құқылы болатын шекте облигациялар шығару;
69) облигацияның номиналды құны – облигация құнының ол шығарылған кезде айқындалған ақшалай түрі, оған купондық облигация бойынша пайызбен көрсетiлген сыйақы есептеледi, сондай-ақ облигацияны өтеген кезде оны ұстаушыға төленуге тиiстi сома;
70) оқшаулау – бағалы қағаздардың сақталуына кепiлдiк беру мақсатымен жүзеге асырылатын, бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерi жүйесiнде және номиналды ұстауды есепке алу жүйесiнде бағалы қағаздармен жасалатын азаматтық-құқықтық мәмiлелердi тiркеуге уақытша тыйым салу;
71) оригинатор – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң талаптарына сай келетiн, сатып алу-сату шартының негiзiнде активтердi ислам арнайы қаржы компаниясына беретiн және (немесе) ислам арнайы қаржы компаниясының құрылтайшысы болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы.
Жалдау шартының негiзiнде активтердi ислам арнайы қаржы компаниясына беретiн, мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi уәкiлеттi орган оригинатор бола алады;
72) орналастырылған эмиссиялық бағалы қағаздар – бағалы қағаздардың бастапқы рыногында инвесторлар ақысын толық төлеген эмиссиялық бағалы қағаздар;
73) орталық депозитарий – Қазақстан Республикасының аумағында депозитарийлік қызметті жүзеге асыратын бірден-бір мамандандырылған коммерциялық емес ұйым;
74) орталық депозитарийдiң есепке алу жүйесi – депозитарлық қызметтi жүзеге асыру кезiнде орталық депозитарий қалыптастыратын мәлiметтер жиынтығы;
75) орталық контрагент – қор не сауда биржасында қаржы құралдарының әрбір сатушысы мен әрбір сатып алушысы үшін жасалатын мәмілелер бойынша тарап болып табылатын заңды тұлға;
76) өзiн-өзi реттейтiн ұйым – бағалы қағаздар рыногында өз қызметiнiң бiрыңғай қағидалары мен стандарттарын белгiлеу мақсатымен қауымдастық (одақ) нысанында бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушылар құрған заңды тұлға;
77) өтiнiш берушi – бағалы қағаздар рыногында қызметтi жүзеге асыру үшiн лицензия алу мақсатымен уәкiлеттi органға құжаттарды табыс еткен заңды тұлға;
78) пруденциялық нормативтер – уәкiлеттi орган белгiлеген және лицензиат сақтауға тиiс нормалардың қаржылық көрсеткiштерi;
79) резервтiк қор – қалыптастыру және пайдалану тәртiбi ислам бағалы қағаздарын шығару проспектiсiнде айқындалатын ислам бағалы қағаздарын орналастырудан алынған ақшаны инвестициялау нәтижесiнде туындайтын залалдарды жабуға арналған қаражат;
80) рейтинг – белгiлi бiр эмитенттiң шамамен алғандағы кредит қабiлетiн немесе оның бағалы қағаздарының сапасы мен сенiмдiлiгiн белгiлейтiн бағаның жеке сандық және әрiппен белгiленген көрсеткiшi;
81) сауда-саттықты ұйымдастырушы – қор биржасы және биржадан тыс бағалы қағаздар рыногының баға белгiлеу ұйымы;
82) сауда-саттықты ұйымдастырушының тізімі – қор биржасының сауда жүйесіне немесе биржадан тыс бағалы қағаздар рыногының баға белгілеу ұйымының баға белгілеуді айырбастау жүйесіне айналымға жіберуге рұқсат етілген, сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарына сәйкес жасалған қаржы құралдарының тізімі;
83) төлем агентi – банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым;
84) трансфер-агент – өз клиенттерiнiң арасында құжаттар (ақпараттар) қабылдау мен беру жөнiнде қызмет көрсететiн бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушы;
85) туынды бағалы қағаздар – осы туынды бағалы қағаздардың базалық активке қатынасы бойынша құқықтарды куәландыратын бағалы қағаздар;
86) тiркелген тұлға – бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушыны есепке алу жүйесiнде ашылған жеке шоты бар тұлға;
РҚАО-ның ескертпесі!
87) тармақша 2013.01.01 дейін қолданыста болады.
87) тiркеушi – бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерi жүйесiн қалыптастыруды, сақтауды және жүргiзудi жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушы;
88) алып тасталды - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
89) ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногы – эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарының айналым саласы, олармен жасалатын мәмiлелер сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады;
90) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногы – бағалы қағаздардың айналым саласы, онда бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелер сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарында белгiленген талаптар сақталмай жүзеге асырылады;
91) ұлттық сәйкестендiру нөмiрi – эмиссиялық бағалы қағаздарды сәйкестендiру және есепке алуды жүйелеу мақсатымен оларға уәкiлеттi орган беретiн әрiптiк-цифрлық код;
92) хеджирлеу – хеджирлеу объектiсi бағасының немесе өзге де көрсеткiшiнiң қолайсыз өзгеруi нәтижесiнде туындайтын ықтимал залалды өтеу мақсатында жасалатын туынды қаржы құралдарымен операциялар. Бұл ретте, активтер және (немесе) мiндеттемелер, сондай-ақ көрсетілген активтерге және (немесе) мiндеттемелерге немесе күтiлетiн мәмiлелерге байланысты ақша легi хеджирлеу объектiсi деп танылады;
93) шетелдiк мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаз – қарыз алушы шет мемлекеттiң үкiметi болатын қарызға қатысты оны ұстаушының құқықтарын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаз не шет мемлекеттiң заңнамасына сәйкес мемлекеттiк бағалы қағаздарға жатқызылған өзге де бағалы қағаз;
94) шығарылым құрылымы – шығарылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың саны, олардың түрi, номиналды құны (облигациялар үшiн) туралы мәлiметтер;
95) iшкi құжаттар – бағалы қағаздар рыногы субъектiсiнiң, оның органдарының, құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдарының, өкiлдiктерiнiң), қызметкерлерiнiң қызмет жағдайлары мен тәртiбiн, қызметтер көрсетуiн және оларға ақы төлеу тәртiбiн реттейтiн құжаттар;
96) эмиссиялық бағалы қағаздар – бiр шығарылым шегiнде бiртектi белгiлері мен реквизиттерi болатын, осы шығарылым үшiн бiрыңғай жағдайлар негiзiнде орналастырылатын және айналымға түсетiн бағалы қағаздар;
97) эмиссиялық бағалы қағаздар айналымы – бағалы қағаздардың қайталама рыногында бағалы қағаздармен азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасасу;
98) Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмi – уәкiлеттi орган қалыптастыратын эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымдары мен олардың эмитенттерi туралы мәлiметтердiң жиынтығы;
99) эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру – бағалы қағаздардың бастапқы рыногында бағалы қағаздарды сату;
100) эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектiсi – эмитент, оның қаржылық жағдайы, сатылады деп болжанатын эмиссиялық бағалы қағаздар, шығарылымның көлемi, шығарылымдағы бағалы қағаздардың саны, олардың шығарылымы, орналастырылуы, айналымда болуы, дивидендтер (сыйақы) төлеу, өтеу рәсiмi мен тәртiбi туралы мәлiметтер және инвестордың бағалы қағаздар сатып алу туралы шешiмiне ықпал етуi мүмкiн басқа да ақпарат бар құжат;
101) эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы – эмиссиялық бағалы қағаздардың азаматтық құқықтар объектiсi ретiнде пайда болуына бағытталған эмитенттiң iс-әрекеттері немесе орналастырылуы, айналымда болуы және өтелуi осы эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiне сәйкес жүзеге асырылатын белгiлi бiр бағалы қағаздардың жиынтығы;
102) эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының күшiн жою – эмиссиялық бағалы қағаздың азаматтық құқықтар объектiсi ретiнде болуын тоқтату;
103) эмиссиялық консорциум – эмитентке эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру жөнiнде қызмет көрсету мақсатында бiрлескен қызмет туралы шарт негiзiнде құрылған андеррайтерлердiң бiрлестiгi;
104) эмитент – эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруды жүзеге асыратын тұлға.
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 N 524 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
2-бап. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар
рыногы туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3. Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, осы Заңның нормалары банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, инвестициялық қорлар, жинақтаушы зейнетақы қорлары шығаратын мемлекеттiк бағалы қағаздарды, эмиссиялық бағалы қағаздарды, өзге де қаржы құралдарын шығару, орналастыру, айналысқа жiберу және өтеу процесiнде туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылады.
Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
3-бап. Бағалы қағаздар рыногын мемлекеттiк реттеу
1. Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттiк реттеудi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (уәкілетті орган) жүзеге асырады.
2. Уәкiлеттi орган:
1) Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсе отырып, бағалы қағаздар рыногын қалыптастыру мен дамыту саласындағы басымдықтарды айқындайды;
2) Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар рыногының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету және ұлттық бағалы қағаздар рыногының инфрақұрылымын қалыптастыру, бағалы қағаздар рыногында инвесторлардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк саясатты жүргiзедi;
3) өз құзыретi шегiнде бағалы қағаздар рыногын мемлекеттiк реттеу мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайды;
4) бағалы қағаздармен қаржы рыногының активтерiн таниды;
5) мемлекеттiк емес бағалы қағаздардың, туынды бағалы қағаздардың шығарылуы, айналысқа түсуi мен өтелуi және олардың мемлекеттiк тiркелуi, мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздарды орналастыру мен өтеу, сондай-ақ оларды жою қорытындылары туралы есептердi қарау, оның ішінде Қазақстан Республикасының резидентi еместердiң және халықаралық ұйымдардың Қазақстан Республикасының аумағында шығарылуға және орналастырылуға жататын эмиссиялық бағалы қағаздарын мемлекеттiк тiркеу талаптары мен тәртiбiн белгiлейдi; V095669
6) Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiн, лицензиардың электрондық тізілімін және бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi жүзеге асыруға берілетін рұқсаттардың тiзiлiмiн жүргiзедi;
7) мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздардың орналастырылуын тоқтата тұрады және қайта жаңғыртады, мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздарды шығаруды жояды;
7-1) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiне сәйкес мiндеттi түрде жариялануға тиiс бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң қызметi туралы ақпаратты жариялау үшiн пайдаланылуы мүмкiн бұқаралық ақпарат құралдарының түрлерi мен оларға қойылатын талаптарды айқындайды;
8) бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметті жүзеге асыру қағидаларын, бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылардың бағалы қағаздармен және (немесе) туынды қаржы құралдарымен мәмiлелер жасау шарттары мен тәртiбiне, осы мәмiлелердi есепке алуға және олар бойынша есептілікке қойылатын талаптарды айқындайды;
9) бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi кәсiби қызмет ретiнде мойындайды;
10) бағалы қағаздар рыногындағы қызмет түрлерi бойынша лицензиялар берудiң талаптары мен тәртiбiн айқындайды;
11) лицензиаттардың қаржылық тұрақтылығының пруденциалдық нормативтерiнiң түрлерi мен өзге де көрсеткiштерiн немесе өлшемдерiн (нормативтерiн), олардың есеп айырысуының және есеп айырысу әдiстемесiнiң тәртiбiн белгiлейдi;
12) бағалы қағаздар рыногында қызмет түрлерi бойынша лицензиялар бередi, лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұрады, қайта жаңғыртады және лицензиялардан айырады;
13) (алып тасталды)
14) орталық депозитарийдiң, бірыңғай тіркеушінің және лицензиаттардың басшы қызметкерлерiнiң лауазымына кандидатураларды тағайындау үшiн келiсiм бередi;
15) орталық депозитарийдiң, бірыңғай тіркеушінің және лицензиаттардың есеп беру тәртiбiн және есептердiң нысандарын айқындайды; V053700, V085324, V085332,V085325, V043329
16) (алып тасталды)
17) (алып тасталды)
18) алып тасталды;
19) өз құзыретi шегiнде эмитенттердiң, орталық депозитарийдiң, бірыңғай тіркеушінің және лицензиаттардың қызметiн бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады, сондай-ақ олардың қызметiне тексеру жүргiзедi;
19-1) бағалы қағаздар рыногының субъектiлерiне анықталған кемшiлiктердi белгiленген мерзiмде жоюға бағытталған, орындауға мiндеттi түзету шараларын қолдану туралы ұйғарымдарды жiбередi;
19-2) бағалы қағаздардың эмитенттерiне жарғыларда Қазақстан Республикасының заңдарына қайшылықтарды жою туралы орындауға мiндеттi ұйғарымдарды жiбередi;
19-3) бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мақсатында сотқа жүгiнуге құқылы;
20) алып тасталды;
21) бағалы қағаздар рыногының субъектiлерi туралы өзiнiң қолындағы мәлiметтердi пайдалана отырып (бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi қоспағанда), бағалы қағаздар рыногының мәселелерi жөнiндегi ақпаратты, сондай-ақ олардың бағалы қағаздар рыногының субъектiлерiне қолданған шаралары туралы ақпаратты жариялайды;
22) бағалы қағаздар рыногын реттеу жөнiнде қолданылатын шараларды үйлестiру, бағалы қағаздар рыногындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мен олардың жолын кесу мәселелерi және өзара мүдделiлiк туғызатын өзге де мәселелер бойынша бағалы қағаздар рыноктарын реттейтiн шетелдiк органдармен өзара iс-әрекет жасайды;
22-1) қор биржасындағы сауда-саттықты тоқтата тұрудың және қалпына келтірудің шарттары мен тәртібін айқындайды;
23) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.07.07 N 577, 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.07.15 N 337-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 N 524 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
3-1-бап. Уәкілетті орган қолданатын ықпал етудің
шектеулі шаралары және санкциялар
1. Уәкілетті орган пруденциалдық нормативтердің және сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттердің бұзылғандығын, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің бұзылғандығын тапқан, бағалы қағаздар рыногының субъектілері лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттерін немесе әрекетсіздіктерін анықтаған жағдайларда уәкілетті орган бағалы қағаздар рыногының субъектілеріне ықпал етудің мынадай шектеулі шараларының бірін қолдануға:
1) орындалуы міндетті жазбаша нұсқама беруге;
2) акционерлер алдына бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің басшы қызметкерлерін қызметінен шеттету туралы мәселе қоюға;
2-1) инвестициялық комитеттің мүшелерін инвестициялық комитет құрамындағы міндеттерін орындаудан шеттетуге;
3) міндеттеме-хатты табыс ету туралы талапты жіберуге;
4) бағалы қағаздар рыногының субъектісімен міндетті түрде қол қоюға жататын жазбаша келісім жасауға құқылы.
1-1. Осы баптың 1-тармағының 1) және 4) тармақшаларында келтірілген шаралар, егер уәкілетті орган ірі қатысушы белгілері бар тұлғалардың, сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға ірі қатысушылардың, олардың лауазымды адамдарының немесе қызметкерлерінің бұзушылықтары, заңсыз іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жағдайын нашарлатқанын анықтаса, ірі қатысушы белгілері бар тұлғаларға, сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушыларына да қатысты қолданылуы мүмкін.
2. Бағалы қағаздар рыногы субъектісінің міндеттеме-хатында орын алған кемшіліктерді мойындау фактісі және бағалы қағаздар рыногы субъектісі басшылығының оларды қатаң айқындалған мерзімдерде жою және (немесе) жоспарланған іс-шаралардың тізбесін, оларды орындау мерзімдерін және түзету шараларын қабылдауға жауапты бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің лауазымды адамдарын көрсете отырып, алдағы уақытта мұндай кемшіліктерді болдырмау жөніндегі кепілдігі болуға тиіс.
3. Жазбаша келісім - бұл бағалы қағаздар рыногының субъектісі мен уәкілетті органның арасындағы анықталған кемшіліктерді шұғыл жою қажеттігі туралы және осыған байланысты бірінші кезектегі шараларды бекіту жөніндегі келісім.
4. Жазбаша нұсқама - бағалы қағаздар рыногының субъектісіне түзету шараларын қабылдауға жауапты бағалы қағаздар рыногы субъектісінің лауазымды адамын көрсете отырып, белгіленген мерзімде анықталған кемшіліктерді жоюға бағытталған, орындалуға міндетті түзету шараларын қабылдау туралы нұсқау.
Сотта уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағымдану оның орындалуын тоқтатпайды.
5. Бағалы қағаздар рыногының субъектісі міндеттеме-хаттың, жазбаша нұсқаманың немесе жазбаша келісімнің осы құжатта көрсетілген мерзімде орындалғандығы туралы уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
6. Ықпал етудің шектеулі шараларын қолдану тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
7. Уәкілетті орган бағалы қағаздар рыногының субъектісіне оған бұрын қолданылған ықпал ету шараларына қарамастан санкция қолдануға құқылы.
8. Уәкілетті орган санкция ретінде мынадай шаралар қолдануға:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айыппұл салуға және оны өндіртіп алуға;
2) лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға;
3) лицензиядан айыруға;
4) орталық депозитарий мен лицензиаттардың басқарушы қызметкерлерін тағайындауға уәкілетті органның келісімін қайтарып алуға құқылы.
9. Алып тасталды - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 1-тарау 3-1-баппен толықтырылды - ҚР 2007 жылғы 19 ақпандағы N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгеріс енгізілді - 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
3-2-бап. Ертерек ден қою шаралары
1. Бағалы қағаздар рыногында инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғау және бағалы қағаздар рыногында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті орган олардың қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген факторларды анықтау үшін көрсетілген ұйымдардың қызметіне талдау жасауды жүзеге асырады.
2. Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық жағдайына талдау жасау нәтижесінде және (немесе) оларды тексеру қорытындылары бойынша осы баптың 1-тармағында көрсетілген факторлар анықталған жағдайда, уәкілетті орган бағалы қағаздар рыногында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымға бағалы қағаздар рыногында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның қаржылық тұрақтылығын арттыру, оның қаржылық жағдайының нашарлауына және бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызметті жүзеге асыруына байланысты тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу жөніндегі ертерек ден қою шаралары көзделетін іс-шаралар жоспарын ұсыну жөнінде жазбаша нысанда талап жібереді.
Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым көрсетілген талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде әрбір тармақ бойынша орындалу мерзімдерін және жауапты лауазымды адамдарды көрсете отырып, іс-шаралар жоспарын әзірлеуге және уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдаған жағдайда, бағалы қағаздар рыногында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым жоспарда белгіленген мерзімдерде оның орындалу нәтижелері туралы уәкілетті органды хабардар ете отырып, жоспарды іске асыруға кіріседі.
Іс-шаралар жоспары мақұлданбаған жағдайда, уәкілетті орган бағалы қағаздар рыногында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымға төменде санамаланған ертерек ден қою шараларының бірін немесе бірнешеуін:
1) бағалы қағаздар рыногында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның ұйымдық құрылымын және (немесе) штат санын өзгерту;
2) бағалы қағаздар рыногында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның басшы және (немесе) өзге де қызметкерлерін қызметінен шеттету;
3) инвестициялық комитеттің құрамын өзгерту;
4) уәкілетті орган белгілеген мерзімге дивидендтерді есептеу және (немесе) төлеуді тоқтату;
5) клиенттердің активтерін инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын басқа ұйымға басқаруға беру;
6) бағалы қағаздар рыногында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның меншікті капиталын оның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшерге дейін, оның ішінде оның жарғылық капиталын ұлғайту арқылы ұлғайту;
7) өтімді активтердің үлесін арттыру және (немесе) инвестициялардың тәуекелдер деңгейін азайту мақсатында инвестициялық портфельге қайта құрылымдау жүргізу;
8) әкімшілік шығыстарды қысқарту, оның ішінде қызметкерлерді қосымша жалдауды тоқтату немесе шектеу арқылы қысқарту жөнінде талап қою арқылы қолданады.
3. Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның қаржылық тұрақтылығын арттыруға бағытталған іс-шаралар жоспары осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімде ұсынылмаған немесе осы жоспардың іс-шаралары уақтылы орындалмаған, сондай-ақ уәкілетті органның талабына сәйкес ертерек ден қою шаралары орындалмаған немесе уақтылы орындалмаған жағдайда, бағалы қағаздар рыногында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымға осы Заңда көзделген ықпал етудің шектеулі шаралары және (немесе) санкциялар қолданылады.
4. Ертерек ден қою шараларын қолдану тәртібі және бағалы қағаздар рыногында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
5. Екінші деңгейдегі банктер, жинақтаушы зейнетақы қорлары және зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар бағалы қағаздар рыногында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асырған кезде оларға осы баптың талаптары қолданылмайды.
Ескерту. 1-тарау 3-2-баппен толықтырылды - ҚР 2011.12.28 N 524 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4-бап. Бағалы қағаздар рыногының объектiлерi
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - ұйымдарының шығаруын осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi орган тiркеген мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздары;
2) Қазақстан Республикасының резиденттерi емес ұйымдардың шығаруын уәкiлеттi орган тiркеген немесе Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында айналысқа жiберiлген мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздары;
3) Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - ұйымдарының шығаруы шет мемлекеттiң заңдарына сәйкес тiркелген және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногына айналысқа жiберiлген мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздары;
4) халықаралық қаржы ұйымдарының шығаруын уәкiлеттi орган тiркеген немесе уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында айналысқа жiберiлген эмиссиялық бағалы қағаздары;
5) мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар;
5-1) шетелдiк мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар;
6) туынды бағалы қағаздар және өзге де қаржы құралдары Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногының объектiлерi болып табылады.
2. Эмиссиялық бағалы қағаздардың түрлерi Азаматтық кодекспен, осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен айқындалады.
Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007 жылғы 19 ақпандағы N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
5-бап. Бағалы қағаздар рыногының субъектiлерi
1. Жеке және институционалдық инвесторлар, эмитенттер, бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары, сауда-саттықты ұйымдастырушылар және өзiн-өзi реттейтiн ұйымдар бағалы қағаздар рыногының субъектiлерi болып табылады.
2. Жеке инвесторлар эмиссиялық бағалы қағаздарға және өзге де қаржы құралдарына инвестицияны дербес немесе брокерлiк және дилерлiк қызметтi немесе инвестициялық портфельдi басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары көрсететiн қызметтi пайдалана отырып жүзеге асырады.
3. Институционалдық инвесторлар инвестицияны, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, инвестициялық портфельдi немесе зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары көрсететiн қызметтi пайдалана отырып жүзеге асырады.
4. (алып тасталды)
Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
5-1-бап. Білікті инвесторлар
1. Осы баптың 2-тармағында аталған тұлғалар, сондай-ақ осы бапта белгіленген тәртіппен білікті инвесторлар деп танылған тұлғалар білікті инвесторлар болып табылады.
2. Мыналар білікті инвесторлар болып табылады:
1) қаржы ұйымдары;
2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес уәкілетті органның тиісті лицензиясын алмастан бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар;
3) ұлттық холдинг, ұлттық басқарушы холдинг;
4) халықаралық қаржы ұйымдары.
3. Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар осы баптың 2-тармағында аталмаған дара және институционалдық инвесторларды уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен және шарттармен білікті инвесторлар деп тануы мүмкін.
4. Өзін білікті инвестор деп тануға өтініш берген тұлға өзі туралы берген ақпараттың дәйектілігі үшін жауапты болады.
Өзі берген дәйексіз ақпараттың негізінде тұлғаны білікті инвестор деп тану оның мүддесін көздейтін және оның есебінен жасалған мәмілелердің жарамсыздығына негіз болып табылмайды.
5. Тұлға бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының бір түріне немесе бірнеше түріне, білікті инвесторларға арналған қызметтердің бір түріне немесе бірнеше түріне қатысты білікті инвестор болып танылуы мүмкін.
6. Тек қана білікті инвесторлардың қаражаты есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
7. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген, білікті инвестор деп тануды жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушы:
1) білікті инвесторды бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының немесе көрсетілетін қызметтердің қандай түрлеріне қатысты оның білікті инвестор деп танылғаны туралы хабардар етуге;
2) білікті инвестор деп танылған тұлғадан оны білікті инвестор деп тану үшін сәйкес болуы қажет талаптардың сақталуын растауды талап етуге және көрсетілген талаптардың сақталуына тұрақты түрде тексеруді жүзеге асыруға;
3) өзі білікті инвесторлар деп таныған тұлғалардың тізілімін жүргізуге міндетті.
8. Білікті инвесторды білікті инвесторлар тізілімінен шығару ол білікті инвесторлар тізіліміне енгізілу шарттарына сай келмеген жағдайда жүзеге асырылады.
Ескерту. 1-тарау 5-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.12.28 N 524 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды
мемлекеттік тіркеу
6-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттiк
тiзiлiмi
1. Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзудiң талаптары мен тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
2. Шығарылымы жойылған немесе Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiне олар туралы мәлiметтер енгiзiлмеген эмиссиялық бағалы қағаздар бағалы қағаздар рыногында мәмiлелердiң объeктici бола алмайды.
3. Тiркелген эмиссиялық бағалы қағаздар мен олардың эмитенттерi туралы мәлiметтердi уәкiлеттi орган Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiне уәкiлеттi органның тиiстi шешiм қабылдаған күнiнен бастап бiр күн iшiнде енгiзедi.
Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.07.07 N 577 Заңымен.
7-бап. Мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар
шығару
1. Мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарудың, оларды тiркеудiң, орналастырудың, айналысқа жiберудiң және өтеудiң талаптары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi. P091520
2. Мемлекеттiк бағалы қағаздарға ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн беру тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi .
8-бап. Мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар
шығаруды мемлекеттiк тiркеу
1. Мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеудi уәкiлеттi орган осы Заңда және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаппен және тәртiппен жүзеге асырады.
2. Мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеу:
1) табыс етiлген құжаттардың және олардың сараптамасының Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестiгiн қарауды;
2) эмиссиялық бағалы қағаздарға ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн берудi және Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiне олар және эмитент туралы мәлiметтер енгiзудi;
3) эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды және эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiн (айналыс мерзiмi он екі айдан аспайтын мерзiммен облигациялар шығаруды қоспағанда) мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктер берудi қамтиды.
2-1. Инвестициялық пай қорларының пайларын шығаруды мемлекеттiк тiркеудiң шарттары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының жеке заң актiсiмен айқындалады.
3. Уәкiлеттi орган мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығару туралы құжаттарды олар мемлекеттiк тiркеуге табыс етiлген күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде қарайды.
Мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеуге қосымша құжаттар табыс етiлген жағдайда уәкiлеттi орган құжаттарды қарау мерзiмiн күнтiзбелiк отыз күннен аспайтын мерзiмге ұзартуға құқылы.
4. Эмитент пен оның лауазымды адамдары уәкiлеттi органға мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеуге табыс етiлген құжаттарда дәйектемесiз мәлiметтер бергенi үшiн, сондай-ақ құжаттарды табыс ету мерзiмiн бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
5. Уәкiлеттi органның мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздарды мақсатқа сай еместiк желеуiмен мемлекеттiк тiркеуден бас тартуға құқығы жоқ.
Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.07.07 N 577, 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
9-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығару
проспектiсi
1. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiнде:
1) эмитент, оның орналасқан жері және қызмет түрлерi туралы;
2) эмитенттің жарғылық капиталындағы үлестің он және одан да көп процентіне иелік ететін ірі акционерлері және (немесе) қатысушылары туралы;
3) басшы қызметкерлер, олардың лауазымдары туралы соңғы үш жылдағы мәлiметтер, сондай-ақ эмитенттiң орналастырылған акцияларының оларға тиесiлi саны (жарғылық капиталындағы үлестерiнiң мөлшерi) туралы мәлiметтер көрсетiле отырып, эмитент органдарының құрылымы туралы;
4) баланстық құны көрсетiле отырып, эмитенттiң активтерi туралы, эмитенттiң өзi өндiретiн немесе тұтынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) жалпы құнының бес және одан да көп процентiн құрайтын көлемдегi тауарды (жұмысты, көрсетiлетiн қызметтердi) тұтынушылары және жеткiзiп берушiлерi туралы;
4-1) эмитенттің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын, сондай-ақ әрбір активтің құны мен тиісті шарттардың қолданысы аяқталған күні көрсетіліп, сенімгерлікпен басқаруға берілген активтердің жалпы көлемінің кемінде он пайызын құрайтын эмитенттің активтері туралы;
4-2) облигацияларды қамтамасыз ету туралы (қамтамасыз етілген облигациялар шығарылған жағдайда);
5) эмитенттiң мүлкiн бағалау туралы (қамтамасыз етiлген облигациялар шығарған кезде);
6) кредиторлардың (дебиторлардың) тiзбесi көрсетiле отырып, эмитент активтерiнiң баланстық құнының бес және одан да көп процентiн құрайтын кредиторлық және дебиторлық берешектер, оларды өтеу мерзiмдерi туралы;
7) осы тармақтың 2) тармақшасында аталған тұлғаларды қоспағанда, эмитенттiң аффилиирленген тұлғалары туралы;
8) жарияланған эмиссиялық бағалы қағаздардың саны, олардың түрi, төлеу тәсiлдерi, бағалы қағаздар бойынша кiрiс алу, оның iшiнде облигациялардың нақтылы құны, олардың айналыс мерзiмi және өтелу тәртiбi туралы;
9) бағалы қағаздарды (айырбасталатын бағалы қағаздар шығарған кезде) айырбастау тәртiбi туралы;
10) облигацияларды ұстаушылардың өкiлi туралы;
10-1) облигациялық қарыздың нысаналы мақсаты туралы;
11) төлем агентi туралы;
11-1) эмиссиялық бағалы қағаздарды қор биржасының (мұндай ұйыммен шарт жасасу міндеті осы Заңның талаптарында көзделген жағдайда) ресми тізіміне енгізу және олардың тізімде болу мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсететін ұйым туралы мәліметтер болуға тиіс.
РҚАО-ның ескертпесі!
12) тармақша алып тастау көзделген - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
12) эмитенттiң бағалы қағаздарын ұстаушылар тiзiлiмдерi жүйесiн жүргiзудi жүзеге асыратын тiркеушi туралы мәлiметтер болуға тиiс.
1-1. Арнайы қаржы компаниясы секьюритилендіру туралы заңнамаға сәйкес шығаратын облигациялар шығару проспектiсiне қойылатын қосымша талаптар Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасымен белгіленеді.
1-2. Ислам бағалы қағаздары проспектісіне қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Ислам бағалы қағаздарын шығару проспектісі исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңеспен келісілуге тиіс.
Эмитенттің ислам бағалы қағаздарын ұстаушыларының құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіретін жағдайларда ислам бағалы қағаздарын шығарудың, орналастырудың, айналымға енгізудің және өтеудің шығарылым проспектісінде белгіленген талаптарын өзгертуге құқығы жоқ.
2. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiнiң ажырамас бөлiгi мыналар болып табылады:
1) эмитенттің соңғы екi қаржы жылындағы аудиторлық есептермен расталған жылдық қаржылық есептiлiгінің көшірмелері, сондай-ақ эмитенттің (жаңадан құрылған эмитенттердi қоспағанда) аудиторлық есептерінің және есепке алу саясатының көшірмелері;
2) эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеуге құжаттар беру алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша эмитенттің қаржылық есептiлiгінің көшірмелері.
Аяқталған қаржы жылының қаржылық есептiлiгiнiң аудиторлық есебi болмаған жағдайда ағымдағы жылғы 1 қаңтардан бастап 1 маусым аралығы кезеңінде эмитент уәкiлеттi органға аяқталған соңғы жылдың алдындағы екi жылдың қаржылық есептiлiгiн және аталған кезеңдегi қаржылық есептiлiгiнiң аудиторлық есебiн ұсынады. Эмитент аяқталған қаржы жылының аудиторлық есебі мен қаржылық есептілігін жылдық қаржылық есептілік бекітілген күннен бастап бір ай ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсынады.
2-1. Тiзбесiн уәкiлеттi орган белгiлейтiн рейтинг агенттiктерiнiң бiрiнiң талап етiлетiн ең төмен рейтингi бар эмитенттiң эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiнiң мазмұнына қойылатын талаптарды уәкiлеттi орган белгiлейдi.
2-2. Осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттардан басқа:
1) қоғамның ұйымдастырылмаған рынокта акцияларды сатып алу кезiнде олардың құнын айқындау әдiстемесi және қоғамның таза табысын бөлу тәртібі акциялар шығару проспектісінің ажырамас бөлігі болып табылады;
2) облигациялар шығару проспектісінің ажырамас бөлігі мыналар болып табылады:
облигацияларды ұстаушылардың өкілімен жасалған шарттар көшірмелері;
облигацияларды ұйымдастырылған рынокта орналастыруды жоспарлаушы эмитенттер үшін эмиссиялық бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың тізімде болу мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсететін ұйымдармен жасалған шарттардың көшірмелері (мұндай ұйымдармен шарт жасасу міндеті осы Заң талаптарында көзделген жағдайда);
жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған эмитенттер үшін эмитенттің табысын оған қатысушылар арасында бөлу тәртібі.
3. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiнiң құрылымы және оны жасау мен ресiмдеу тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
4. Эмитент осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 4-1), 4-2), 8), 9), 10), 10-1), 11) және 11-1) тармақшаларында көрсетілген және (немесе) осы баптың 2-2-тармағының 1) тармақшасында және 2) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген құжаттардағы мәліметтер өзгерген жағдайда, эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiне өзгерiстер мен толықтыруларды уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген тәртiппен тiркеу үшiн олар туындаған (эмитенттің тиiстi органдары шешiм қабылдаған) күннен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде уәкiлеттi органға беруге мiндеттi. Уәкiлеттi орган жарияланған акциялардың саны ұлғайған және (немесе) жарияланған акциялардың түрi өзгерген не облигациялардың саны кеміген кезде жарияланған акциялар (облигациялар) шығарылымының мемлекеттiк тiркеу куәлiгiн ауыстырады. Уәкiлеттi орган жарияланған акцияларды (облигацияларды) шығару проспектiсiне өзгерiстер мен толықтыруларды тiркеудi не жарияланған акциялар (облигациялар) шығарылымын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктi ауыстыруды күнтiзбелiк он бес күн iшiнде жүзеге асырады.
4-1. Осы баптың 1-тармағының 4-2), 8), 9) тармақшаларында көрсетілген облигациялар шығару проспектісіндегі мәліметтерді өзгертуді мынадай шарттар сақталған кезде:
1) эмитент сатып алған облигацияларды қоспағанда, орналастырылған облигациялардың жалпы санының кемінде сексен бес пайызын иеленген ұстаушылар осы шешім үшін дауыс берген;
2) эмитент сатып алған облигацияларды қоспағанда, облигацияларды ұстаушылардың құрамында осы шығарылым облигацияларының он пайызынан астамын иеленген екі және одан да көп адам болған жағдайда, шығарылым шарттарын өзгерту үшін осындай облигацияларды ұстаушылардың жалпы санының жетпіс бес және одан да көп пайызы дауыс берген жағдайда, облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысы шешімінің негізінде эмитент жүзеге асырады.
Осы тармақтың талабы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, қаржы ұйымдарына немесе банк конгломератына бас ұйым ретінде кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарға олар қайта құрылымдауды жүргізген кезде қолданылмайды.
5. Осы баптың 1, 2 және 2-2-тармақтарында белгiленген эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiне қойылатын талаптар агенттiк облигацияларын, айналым мерзiмi он екі айдан аспайтын облигациялар, облигациялық бағдарламалар және облигациялық бағдарламалар шегiнде шығарылатын облигациялар шығару проспектiсiне, сондай-ақ ислам бағалы қағаздарын шығару проспектілеріне қолданылмайды.
6. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсi уәкiлеттi органға мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде табыс етiледi.
Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2005.04.21 N 46, 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.02.20 N 127 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.06.05 N 146, 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.11 N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.02.10 N 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 N 524 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.01.12 N 539 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
10-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды (бағалы
қағаздарды шығару проспектісіне енгізілетін
өзгерістер мен толықтыруларды)
мемлекеттiк тiркеуден бас тарту және
олардың шығарылуын мемлекеттiк тiркеудi
тоқтата тұру
1. Эмитент шығару құжаттарын мемлекеттiк тiркеуге табыс ету талаптары мен тәртiбiн бұзған және құжаттарды қapaу процесiнде олардың Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген талаптарға сәйкес келмейтiндiгi анықталған жағдайда уәкiлеттi орган эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды (бағалы қағаздарды шығару проспектісіне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды) мемлекеттiк тiркеуден бас тартуға құқылы.
2. Егер табыс етiлген құжаттарды қарау процесiнде эмитент пен оның қызметi туралы қосымша мәлiметтер алу қажеттiгi туындаса, уәкiлеттi орган эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды (бағалы қағаздарды шығару проспектісіне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды) мемлекеттiк тiркеудi тоқтата тұруға құқылы.
Уәкiлеттi орган эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды (бағалы қағаздарды шығару проспектісіне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды) мемлекеттiк тiркеудi эмитент қосымша мәлiметтердi табыс еткен күннен бастап қайта жаңғыртады.
3. Эмитент уәкiлеттi органның эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды (бағалы қағаздарды шығару проспектісіне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды) мемлекеттiк тiркеуден бас тарту туралы шешiмiне сот тәртiбiмен шағымдануға құқылы.
Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.07.07 N 577, 2011.12.28 N 524 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
11-бап. Жарияланған акциялар шығаруды мемлекеттiк
тiркеу
1. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу туралы шешiмдi акционерлiк қоғамның құрылтай жиналысы (жалғыз құрылтайшысы) немесе акционерлердiң жалпы жиналысы (дауыс беретiн барлық акцияларды иеленушi акционер) қабылдайды.
Акционерлiк қоғам жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеуге арналған құжаттарды:
1) оны заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеген күннен бастап;
2) жарияланған акциялар шығарылымын жарамсыз деп тану туралы сот шешiмi негiзiнде жарияланған акциялар шығарылымы жойылған жағдайда акционерлердiң жалпы жиналысы жарияланған акциялар шығарылымын тiркеу туралы шешiм қабылдаған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде ұсынуға мiндеттi.
1-1. Уәкiлеттi орган акционерлiк қоғам заңды тұлға ретiнде тiркелген күннен бастап не сот шешiмi негiзiнде акционерлiк қоғамның жарияланған акциялар шығарылымы жойылған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеуден өткiзуге құқылы емес.
Уәкiлеттi орган:
1) акционерлiк қоғам заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн акционерлiк қоғам жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеуден өткiзу үшiн құжаттарды бермеген;
2) акционерлiк қоғам заңды тұлға ретiнде тiркелген күннен бастап не соттың шешiмi негiзiнде акционерлiк қоғамның жарияланған акциялар шығарылымы жойылған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн уәкiлеттi орган жарияланған акциялар шығарылымын тiркемеген жағдайларда акционерлiк қоғамды тарату не қайта ұйымдастыру мақсатында сотқа жүгiнуге құқылы.
2. Құрылтай жиналысының (жалғыз құрылтайшының) немесе акционерлердiң жалпы жиналысының (дауыс беретiн барлық акцияларды иеленушi акционердiң) жарияланған акциялар шығаруды мемлекеттiк тiркеу туралы шешiмiнде:
1) эмитенттiң атауы және оның орналасқан жерi көрсетiле отырып, құрылтай жиналысының (акционерлердiң жалпы жиналысының) өткiзiлетiн орны мен күні;
2) құрылтай жиналысына қатысқан құрылтайшылардың тiзiмi немесе акционерлiк қоғамның акционерлердiң жалпы жиналысына табыс етiлген дауыс берушi акцияларының саны туралы мәлiметтер;
3) акциялардың түрлерi және олардың жалпы саны;
4) құрылтайшылар арасында орналастырылатын акциялардың саны және олардың акцияларды төлеу тәртiбi;
5) құрылтайшылар арасында орналастырылатын акциялардың нақтылы құны қамтылуға тиiс.
Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының ережелерi жалғыз құрылтайшы құрған акционерлiк қоғамға және дауыс беретiн барлық акциялары бip акционерге тиесiлi акционерлiк қоғамға қатысты қолданылмайды.
3. Жарияланған акциялар шығаруды мемлекеттiк тiркеу акционерлiк қоғам табыс еткен мынадай құжаттар:
1) еркiн нысанда жазылған өтiнiш;
2) құрылтай жиналысы (жалғыз құрылтайшы шешiмiнiң) жарияланған акциялар шығаруды мемлекеттiк тiркеу туралы немесе акционерлердiң жалпы жиналысының (дауыс беретiн барлық акцияларды иеленушi акционер шешiмiнiң) жарияланған акцияларды шығару проспектiсiне өзгерiстердi тiркеу туралы хаттамасының көшiрмесi;
3) акционерлiк қоғам жарғысының көшiрмесi;
4) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтама;
5) Алынып тасталды - ҚР 2010.03.19 № 258-IV Заңымен.
6) акциялар шығару проспектiсiнiң екi данасы;
7) акционерлiк қоғамның құрылтайшылары арасында орналастырылатын жарияланған акциялар төленгенiн растайтын құжаттар негiзiнде жүзеге асырылады.
4. Табыс етiлген құжаттар Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкiлеттi орган жарияланған акциялар шығаруды мемлекеттiк тiркеудi акцияларға ұлттық бiрдейлендiру нөмiрiн (ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн) беру және акционерлiк қоғамға жарияланған акциялар шығаруды мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк пен жарияланған акциялар шығаруды мемлекеттiк тiркеу туралы уәкiлеттi орган белгi соққан акциялар шығару проспектiсiнiң бiр данасын беру (жiберу) арқылы жүзеге асырады.
5. Жарияланған акцияларға ұлттық бiрдейлендiру нөмiрiн (ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн) беру тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi. Барлық жарияланған бiр түрдегi акциялардың бiрыңғай ұлттық бiрдейлендiру нөмiрi болады.
6. Тiркеушi акционерлiк қоғам құрылтайшыларының (жалғыз құрылтайшысының) акциялар жөнiндегi құқықтарын тiркеудi жарияланған акциялар шығару мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн жүзеге асырады.
7. Уәкiлеттi орган қоғам құрылтайшыларының акцияларды төлеу жөніндегі міндеттемелерінің орындалғанын растайтын жарияланған акцияларды орналастырудың қорытындылары туралы есепті бекiткеннен кейiн акционерлiк қоғам жарияланған акциялардың санын ұлғайту туралы шешiм қабылдауға құқылы.
Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.07.07 N 577, 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
12-бап. Мемлекеттiк емес облигациялар шығаруды
мемлекеттiк тiркеу
1. Мемлекеттiк емес облигациялар шығаруды мемлекеттiк тiркеу үшiн эмитент уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды:
1) еркiн нысанда жазылған өтiнiштi;
2) эмиссиялық органның облигацияларды шығару, орналастыру, айналысқа жiберу және өтеу, облигацияларды орналастыру нәтижесiнде эмитент алған қаражатты пайдалану тәртiбi, облигациялардың шығарылу көлемi, саны мен түрi, облигациялардың нақтылы құны, облигациялар ұстаушылардың құқықтары туралы мәлiметтер бар облигациялар шығару туралы шешiмiнiң көшiрмесiн;
3) облигациялар шығару проспектiсiнiң (облигациялық бағдарлама проспектiсiнiң) екi данасын;
4) жарғының көшiрмесiн;
5) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтаманы;
6) Алынып тасталды - ҚР 2010.03.19 № 258-IV Заңымен.
7) инфрақұрылымдық, сондай-ақ банк кепiлдiгiмен қамтамасыз етiлген облигациялар шығарылған жағдайда эмитенттiң мiндеттемелердi орындауды қамтамасыз етудің болуын растайтын құжаттарды;
7-1) эмитенттің облигациялар шығару проспектісінде қор биржасының сауда жүйесінде осы облигациялардың айналымы көзделген жағдайда эмитенттің және ол шығаратын облигациялардың қор биржасының тізіміне эмитент облигацияларын енгізуге және олардың тізімде болуына қойылатын талаптарға сай келуі туралы қор биржасының қорытындысын, сондай-ақ қор биржасының листинг комиссиясының эмитенттің бағалы қағаздар шығару проспектісіне инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету үшін қажетті қосымша шектеулерді енгізу жөніндегі ұсынымдарын;
8) егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес эмитент акционерлерiнiң (қатысушыларының) жалпы жиналысының алдын ала шешiмiнсiз облигациялар шығаруды жүзеге асыру мүмкiн болмаса, акционерлердiң (қатысушылардың) жалпы жиналысы хаттамасының көшiрмесiн (хаттаманың үзiндiсiн) және акционерлердiң (қатысушылардың) облигациялар шығару туралы шешiм қабылданған жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлама жарияланған бұқаралық ақпарат құралы беттерiнiң көшiрмесiн табыс етуге мiндеттi.
2. Облигацияларға ұлттық бiрдейлендiру нөмiрiн берудiң және мемлекеттiк емес облигацияларды мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк берудiң талаптары мен тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi. Облигациялық бағдарлама шегiнде облигацияларды әрбiр шығарудың өз ұлттық бiрдейлендiру нөмiрi болады.
3. Құрылтайшылар (бірден-бір құрылтайшы) жарғылық капиталды төлегеннен кейін эмитент мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттарды ұсынуға құқылы.
4. Микроқаржы ұйымдарының, кредиттік серіктестіктердің, өзара сақтандыру қоғамдарының және ломбардтардың мемлекеттік емес облигациялар шығаруға құқығы жоқ.
Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2005.04.21 N 46, 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.02.20 N 127 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.12.28 N 524 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.11.26 N 57-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
13-бап. Облигациялық бағдарламаны және облигациялық
бағдарлама шегiнде облигациялар шығаруды
мемлекеттiк тiркеудiң ерекшелiктерi
1. Облигациялық бағдарламаны мемлекеттiк тiркеудi уәкiлеттi орган облигациялық бағдарлама проспектiсiн алған күннен бастап күнтiзбелiк он төрт күн iшiнде жүзеге асырады.
Облигациялық бағдарлама проспектiсiнiң және облигациялық бағдарлама шегiнде облигациялар шығарудың құрылымы мен мазмұны, сондай-ақ оларды ресiмдеу тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.
Облигациялық бағдарлама шегiнде облигациялардың алғашқы шығарылуын мемлекеттiк тiркеу эмитенттiң тiлегi бойынша осы облигациялық бағдарламаны мемлекеттiк тiркеумен бiр мезгiлде жүзеге асырылуы мүмкiн.
2. Тiркелген облигациялық бағдарлама шегiнде облигациялар шығаруды мемлекеттiк тiркеу үшiн уәкiлеттi органға эмитент табыс еткен құжаттарды уәкiлеттi орган олар табыс етiлген күннен бастап күнтiзбелiк жетi күн iшiнде қарауға тиiс.
3. Эмитент және облигациялық бағдарламаны немесе облигациялық бағдарлама шегiнде облигациялар шығаруды мемлекеттiк тiркеу үшiн эмитент табыс еткен құжаттар осы Заңның және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына сәйкес келген жағдайда, уәкiлеттi орган осындай мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырады және эмитентке облигациялық бағдарламаның немесе облигациялық бағдарлама шегiнде облигациялар шығарудың мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiк бередi.
4. Эмитент және облигациялық бағдарламаны немесе облигациялық бағдарлама шегiнде облигациялар шығаруды мемлекеттiк тiркеу үшiн эмитент табыс еткен құжаттар Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда уәкiлеттi орган эмитентке мемлекеттiк тiркеуден бас тарту себебiн дәлелдей отырып жiбередi.
Эмитeнт мемлекеттiк тiркеуден бас тарту себептерiн жойғаннан кейiн уәкiлеттi орган құжаттарды қарауды осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес жүзеге асырады.
5. Уәкiлеттi орган мынадай жағдайда, егер:
1) қор биржасында осы облигациялық бағдарлама шегiнде шығарылған облигациялар бойынша сауда-саттық тоқтатыла тұрса;
2) осы облигациялық бағдарлама шегiнде шығарылған облигацияларға делистинг жүргiзiлсе;
3) облигациялық бағдарлама шегiнде облигациялар шығаруды мемлекеттiк тiркеу нәтижесiнде айналыстағы облигациялар шығарылымының жалпы сомасы осындай облигациялық бағдарламаның тiркелген көлемiнен асып кетсе;
4) облигациялық бағдарлама шегiнде облигациялар шығаруды мемлекеттiк тiркеу үшiн құжаттар табыс етiлген күнi эмитент осы Заңның 14-бабының 1-тармағында белгiленген талаптарға сай келмесе, эмитентке облигациялық бағдарлама шегiнде облигациялар шығаруды мемлекеттiк тiркеуден бас тартуға құқылы.
Осы тармақтың күші Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, қаржы ұйымына немесе бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымға олар қайта құрылымдауды жүргізген кезде қолданылмайды.
6. Эмитенттің облигациялық бағдарлама шегiнде құрылымы бойынша әртүрлі облигациялар шығаруды жүзеге асыруға құқығы бар.
Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.07.11 N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.03.01 N 414-IV(2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 N 524 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
3-тарау. Облигациялар шығару мен олардың айналысының
ерекше талаптары
14-бап. Облигациялық бағдарлама шегiнде
облигациялар шығару
Ескерту. 14-бап алып тасталды - ҚР 2011.12.28 N 524 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
15-бап. Облигациялар шығарудың шарттары
1. Егер облигациялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу үшiн құжаттарды уәкiлеттi органға ұсыну күнi эмитентте айналымдағы бағалы қағаздар (акцияларды қоспағанда) шығару шарттарын (оның ішінде сыйақы төлеу немесе бағалы қағаздары өтеу жөнiндегi мiндеттемелерiн) уақтылы орындамаған немесе орындамаған, сондай-ақ айналымдағы бағалы қағаздардың (акцияларды қоспағанда) делистинг жағдайлары болмаса ғана және инфрақұрылымдық облигациялар эмитентiн қоспағанда, эмитент мынадай талаптардың бiрiн сақтаған жағдайда:
1) облигациялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу үшiн құжаттарды уәкiлеттi органға ұсыну күнi эмитентте уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген талаптарға сәйкес рейтинг агенттiктерi бiрінiң талап етілетiн ең төменгi рейтингi болса;
2) облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды уәкілетті органға ұсыну алдындағы соңғы тоқсанның қорытындылары бойынша эмитенттiң левередж шамасы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көрсетілген шамадан аспаса;
3) жаңадан шығарылған облигациялар ипотекалық облигациялар болып табылса, эмитент облигациялар шығарылымын жүзеге асыруға құқылы.
Эмитенттiң левередж шамасына осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында белгіленген талаптар облигациялар айналымының барлық мерзімі ішінде қолданыста болады.
Осы тармақтың талаптары:
1) ұлттық басқарушы холдингке;
2) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес айқындалған, осы арнайы қаржы компаниясының жалғыз құрылтайшысы (акционері) болып табылатын оригинатор немесе орындаушы облигациялардың эмитентіне осы тармақта қойылатын талаптарды сақтаған кезде жобалық қаржыландыру немесе секьюритилендіру мәмілелері шеңберінде облигациялар шығаруды жүзеге асыратын арнайы қаржы компаниясына;
3) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес жобалық қаржыландыру мәмілелері шеңберінде облигациялар шығаруды жүзеге асыратын, оларда мемлекет тапсырыс беруші ретінде танылатын арнайы қаржы компаниясына қолданылмайды.
2. Осы облигацияларды шығару проспектісінде белгіленген облигациялар айналымы мерзімі ішінде эмитент мынадай шарттарды сақтауға:
1) эмитент активтерінің құрамына кіретін мүлікті иеліктен шығару күні эмитент активтерінің жалпы құнының жиырма бес пайызынан асатын сомаға иеліктен шығармауға;
2) эмитент облигацияларының шығарылымына байланысты емес міндеттемелерді облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу күніне аталған эмитент активтерінің жалпы құнының он пайызынан астамын орындамау фактілеріне жол бермеуге;
3) эмитенттің құрылтай құжаттарына эмитент қызметінің негізгі түрлерін өзгертуді көздейтін өзгерістер енгізбеуге;
4) ұйымдық-құқықтық нысанын өзгертпеуге міндетті.
Эмитент осы тармақта көзделген шарттарды бұзған жағдайда, жиналған сыйақыны ескере отырып, эмитент облигацияларды ұстаушылардың талаптары бойынша облигациялардың номиналды құнына сәйкес келетін бағамен облигацияларды сатып алуға міндетті.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының талаптары:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда ұйым міндеттемелерін қайта құрылымдауды жүргізген кезде оған;
2) банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға қолданылмайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында аталған эмитенттер уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарды сақтаған жағдайда облигациялар шығарылымын жүзеге асыруға құқылы.
Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 N 524 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 N 539 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
16-бап. Айналыс мерзiмi он екі айдан аспайтын
облигациялар шығару
1. Айналыс мерзімі үш айдан аспайтын облигациялар шығарылымын бағалы қағаздары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген қор биржасы тізімінің санаттарына енгізілген эмитент жүзеге асыруға құқылы.
Қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген), айналыс мерзімі үш айдан аспайтын облигацияларға қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
2. Айналыс мерзiмi он екі айдан аспайтын облигацияларды орналастыру және айналысқа жiберу қор биржасының сауда жүйесiнде ғана жүзеге асырылады.
3. Айналыс мерзiмi он екі айдан аспайтын облигациялар шығаруды мемлекеттiк тiркеудiң талаптары мен тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.
Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.07.07 N 577, 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
17-бап. Айырбасталатын облигациялар шығару
1. Акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған эмитент айырбасталатын облигациялар шығаруды жүзеге асыруға құқылы. Айырбасталатын облигациялар шығару мүмкiндiгi акционерлiк қоғамның жарғысында көзделуге тиiс.
2. Облигацияларды акционерлiк қоғамның акцияларына айырбастау облигацияларды эмитенттiң акцияларына айырбастаудың облигациялар шығару проспектiсiнде белгiленген талаптары мен тәртiбiне сәйкес жүргiзiледi.
18-бап. Агенттiк облигациялардың шығарылымы
Агенттiк облигациялардың шығарылымы, айналымы және оларды өтеу шарттары мен тәртібі, агенттiк облигациялардың шығарылымын мемлекеттiк тiркеу мақсатында қаржы агенттiгi уәкiлеттi органға табыс ететін құжаттардың тізбесі, шығарылымды мемлекеттiк тiркеу тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленедi.
Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 N 524 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
18-1-бап. Инфрақұрылымдық облигациялар шығарудың,
айналысы мен өтелуiнiң ерекшелiктерi
1. Инфрақұрылымдық облигациялар шығарудың, айналысы мен өтелуiнiң, сондай-ақ оларды орналастыру мен өтеудiң қорытындылары туралы есептi табыс етудiң талаптары мен тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.
2. Инфрақұрылымдық облигацияларды эмитент акциясына айырбастауға тыйым салынады.
3. Инфрақұрылымдық облигациялардың айналысы мерзiмi iшiнде концессиялық келiсiмнiң талаптарын облигациялар ұстаушылардың құқықтары мен мүдделерiн кемсiтуге әкеп соқтыратындай етiп өзгертуге жол берiлмейдi не құрылымдық облигацияларды ұстаушылардың барлығының немесе олардың өкілінің келісімімен жол беріледі.
Ескерту. 3-тарау 18-1-баппен толықтырылды - ҚР 2005.04.21 N 46, өзгеріс енгізілді - 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
18-2-бап. Облигацияларды ұстаушылардың жалпы
жиналысы
1. Осы Заңның 9-бабы 1-тармағының 4-2), 8), 9) тармақшаларында көзделген облигацияларды шығару шарттарын өзгерту туралы шешім қабылдау мақсатында облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысы өткізіледі.
2. Облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысына қатысуға және дауыс беруге құқығы бар облигацияларды ұстаушылардың тізімін, облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысы өткізілетін күнгі бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесінің негізінде тіркеуші жасайды.
3. Эмитент осы эмитенттің бағалы қағаздарымен мәмілелер жүзеге асырылатын жүйеде сауда-саттықты ұйымдастырушыға, тіркеушіге, орталық депозитарийге облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама жібереді және облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысын өткізу туралы ақпаратты кемінде он бес мың дана таралыммен шығарылатын, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қазақ және орыс тілдерінде таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және (немесе) өзінің интернет-ресурсында және (немесе) қор биржасының интернет-ресурсында облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысы өткізілетін күнге дейін кемінде он бес жұмыс күнінен бұрын жариялайды.
Жарияланымды интернет-ресурта орналастыру уақыты бір айдан кем болмауға тиіс. Интернет-ресурста жарияланымды орналастыру күні мен уақыты көрсетілуге тиіс. Егер облигацияларды ұстаушылардың саны елу ұстаушыдан аспаса, хабарлама ұстаушыларға жазбаша хабарлама жіберу арқылы олардың назарына да жеткізілуге тиіс.
4. Облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысын өткізу тәртібі эмитенттің басқару органы бекітетін эмитенттің ішкі құжаттарымен белгіленеді.
Облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысында дауыс беру «бір облигация – бір дауыс» қағидаты бойынша жүзеге асырылады.
Облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысының шешім қабылдауы осы Заңның 9-бабы 4-1-тармағында белгіленген талаптар ескеріле отырып жүзеге асырылады.
5. Облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысының шешімі ол қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға тиіс. Эмитент көрсетілген мерзімде қабылданған шешім туралы уәкілетті органды, орталық депозитарийді және тіркеушіні хабардар етеді.
6. Осы Заңның 9-бабы 1-тармағының 4-2), 8), 9) тармақшаларында көрсетілген облигацияларды шығару проспектісіндегі мәліметтерді өзгерту мәселелері бойынша облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысы өткізілген күннен бастап, бұқаралық ақпарат құралдарында облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысында қабылданған шешім жарияланғаннан кейінгі күнге дейінгі кезеңде облигацияларды орналастыру және олардың айналымы тоқтатыла тұрады.
Облигацияларды ұстаушылар осы Заңның 9-бабы 1-тармағының 4-2), 8), 9) тармақшаларында көзделген облигацияларды шығару шарттарын өзгерту туралы шешім қабылдаған жағдайда, облигацияларды орналастыру және олардың айналымын тоқтата тұру мерзімі облигацияларды шығару проспектісіне өзгерістер мемлекеттік тіркелгеннен кейінгі күнге дейін ұзартылады.
Ескерту. 3-тарау 18-2-баппен толықтырылды - ҚР 2011.02.10 N 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
18-3-бап. Шетел валютасында номиналданған облигациялар
шығарылымының ерекшеліктері
1. Қазақстан Республикасының резиденті емес эмитенттер немесе халықаралық қаржы ұйымдары Қазақстан Республикасының аумағында номиналды құны шетел валютасында көрсетілген облигацияларды шығаруға құқылы.
2. Номиналы шетел валютасында көрсетілген облигациялардың шығарылымы, айналымы және оларды өтеу, сондай-ақ оларды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есепті ұсыну шарттары мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Ескерту. 3-тарау 18-3-баппен толықтырылды - ҚР 2011.12.28 N 524 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
18-4-бап. Орналастырылған облигацияларды сатып алу
1. Эмитент орналастырылған облигацияларды сатып алуды:
1) эмитенттің органы облигациялардың делистингі туралы шешім қабылдаған;
2) тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және қор биржасының ішкі құжаттарында айқындалған ақпаратты қор биржасына ұсыну бөлігінде арнайы (листингтік) талаптарды орындамау себебімен қор биржасы эмитент облигацияларының делистингі туралы шешім қабылдаған;
3) эмитент облигацияларды ұстаушылардың бұрынғы өкілімен шартты бұзған немесе оның қолданысын тоқтатқан күннен бастап күнтізбелік отыз күннен асатын мерзімде облигацияларды ұстаушылардың өкілімен шарт жасаспаған жағдайларда жүргізуге тиіс.
2. Осы баптың 1-тармағында белгіленген жағдайларда жиналған сыйақыны ескере отырып, эмитент орналастырылған облигацияларды олардың номиналды құнына сәйкес келетін бағамен не қай шамасы үлкен болып табылатындығына қарай облигациялардың әділетті нарықтық бағасымен сатып алуды жүзеге асыруға міндетті.
Ескерту. 3-тарау 18-4-баппен толықтырылды - ҚР 2011.12.28 N 524 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
19-бап. Облигацияларды ұстаушылардың өкiлi
1. Облигациялардың шығарылымы мен айналымы кезiнде эмитент алдында облигацияларды ұстаушылардың мүдделерiн бiлдiрудi облигацияларды ұстаушылардың өкiлi (бұдан әрi – өкiл) жүзеге асырады.
Өкiлдi таңдауды бағалы қағаздар рыногында кастодиандық және (немесе) брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушылар арасынан эмитент дербес жүзеге асырады.
Өкiл эмитенттiң аффилиирленген тұлғасы болмауға тиiс.
2. Облигацияларды ұстаушылардың мүдделерiн бiлдiру туралы эмитент пен өкiл арасында жасалатын шарттың мазмұнына қойылатын талаптар, сондай-ақ өкiлдiң өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату тәртiбi мен жағдайлары уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.
Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2005.04.21 N 46, 2011.02.10 N 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 N 524 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
20-бап. Өкiлдiң функциялары мен мiндеттерi
1. Өкiл мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) эмитенттiң облигацияларды ұстаушылар алдындағы облигациялар шығару проспектiсiнде белгiленген мiндеттемелерiн орындауын бақылайды;
1-1) эмитенттің облигацияларды орналастырудан алған ақшаны нысаналы пайдалануын бақылайды;
2) эмитенттiң облигацияны ұстаушылар алдындағы мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз ету болып табылатын мүлiктiң жай-күйiн бақылайды;
3) эмитентпен эмитенттiң облигацияларды ұстаушылар алдындағы мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз ету болып табылатын мүлiкке қатысты кепiл шартын жасасады;
3-1) эмитенттің қаржылық жағдайына мониторингті және оның корпоративтік оқиғаларына талдау жасауды жүзеге асырады;
4) облигацияларды ұстаушылардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауға бағытталған, оның ішінде меншігінде эмитенттің орналастырылған (сатып алғандарды шегергенде) облигацияларының елу және одан көп пайызы бар облигацияларды ұстаушылардың атынан сотқа эмитенттің облигациялар шығару проспектісінде белгіленген міндеттемелерді орындамауы мәселелері бойынша талап-арыз беру арқылы шаралар қолданады;
5) облигацияларды ұстаушыларға және уәкілетті органға осы тармақтың 1), 1-1), 2), 3), 3-1) және 4) тармақшаларына сәйкес өзiнiң iс-әрекеттерi туралы және мұндай iс-әрекеттерінiң нәтижелерi туралы тоқсанына кем дегенде бір рет хабарлайды.
1-1. Инфрақұрылымдық облигацияларды ұстаушылардың өкiлi осы баптың 1-тармағында айқындалған функцияларымен қатар, жобаның уақтылы және сапалы iске асырылуының, сондай-ақ оның инфрақұрылымдық облигациялар шығарудың талаптарына сәйкес келуiнiң мониторингiн жүргiзедi.
2. Өкiл облигацияларды ұстаушылардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында:
1) облигацияларды ұстаушылардың құқықтары мен мүдделерін бұзуға әкеп соғуы мүмкiн мән-жайларды анықтауға және көрсетiлген мән-жайлар туралы оларға күнтiзбелiк үш күн iшiнде хабарлауға;
2) эмитенттiң облигацияларды ұстаушылардың алдындағы мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз ету болып табылатын мүлiкке кепiл құқығын ресiмдеуге және тiркеуге байланысты құқықтық қатынастарда облигацияларды ұстаушылардың мүдделерiн бiлдiруге;
3) Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленген тәртiппен эмитенттiң облигацияларды ұстаушылар алдындағы мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз ету болып табылатын мүлiктiң жай-күйiне бақылауды жүзеге асыруға;
4) облигациялар бойынша сыйақының уақтылы төленуiн бақылауды жүзеге асыруға;
5) уәкiлеттi орган мен облигацияларды ұстаушыларға эмитенттiң облигацияларды ұстаушылар алдындағы мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз ету болып табылатын мүлiктiң жай-күйi туралы хабарлауға;
6) уәкiлеттi орган мен облигацияларды ұстаушыларға эмитентпен шартты бұзған күннен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде өзiнiң өкiл ретiндегi өкiлеттiктерiнiң тоқтатылғаны туралы хабарлауға;
7) уәкiлеттi орган мен облигацияларды ұстаушыларға олардың сұратуы бойынша өзiнiң өкiл ретiндегi қызметiне қатысты ақпарат пен құжаттарды беруге;
8) коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етпеуге;
9) эмитент облигацияларды ұстаушылар алдындағы өз мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кепiлге салынған мүлiктi өткiзуге мiндеттi.
2-1. Өкіл облигацияларды ұстаушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында:
1) облигацияларды шығару проспектісінде белгіленген облигацияларды ұстаушылардың алдындағы өзінің міндеттемелерін орындау туралы талаптармен эмитентке;
2) уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарына;
3) сотқа жүгінуге құқылы.
2-2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген функцияларды іске асыру мақсатында өкіл облигацияларды ұстаушылардың тізімі туралы ақпаратты сұратуға және алуға құқылы.
Эмитент уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және өкілмен жасалған шартта көзделген тәртіппен және шарттарда өкілге осы баптың 1-тармағында көрсетілген функцияларды іске асыру үшін оның сұратқан ақпаратын ұсынуға міндетті.
3. Өкiлдiң осы баптың 1 және 2-тармақтарында айқындалған функциялар мен мiндеттердi орындау тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленедi.
РҚАО-ның ескертпесі!
20-бапты 4-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (2015.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2005.04.21 N 46, 2011.02.10 N 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 N 524 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
4-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру
21-бап. Инвесторлардың эмиссиялық бағалы қағаздар
шығару туралы ақпарат алуға құқығы
1. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру кезiнде эмитент (андеррайтер, эмиссиялық консорциум) инвестордың бiрiншi талап етуi бойынша оған танысу үшiн эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектiсiн немесе оның көшiрмесiн беруге мiндеттi.
2. Эмитент (андеррайтер, эмиссиялық консорциум) эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiнiң көшiрмесiн бергенi үшiн инвестордан оны дайындауға жұмсалған шығыс көлемiнен аспайтын мөлшерде ақы алуға құқылы.
3. Инвестор эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсi көшiрмесiнiң уәкiлеттi органдағы проспектiсiне сәйкес келуiн тексеру туралы, ocы мақсатта мұндай көшiрменi уәкiлеттi органға бере отырып, уәкiлеттi органға өтiнiш жасауға құқылы.
22-бап. Мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы
қағаздарды орналастыру тәртiбi
1. Мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленген шектеулер ескерiле отырып жүзеге асырылады.
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы абзац 2016.01.01 дейін қолданыста болады.
Акцияларының бақылау пакеті тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі эмитент Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімін іске асыру мақсатында акцияларын бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында орналастырған кезде акцияларды шетелдiк азаматтарға және (немесе) заңды тұлғаларға, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдарға сатуға құқылы емес.
Эмитент (андеррайтер, эмиссиялық консорциум) эмиссиялық бағалы қағаздар орналастыруды ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында аукцион немесе жазылым жүргізу арқылы жүзеге асыруға құқылы.
Шығару проспектісінде ұйымдастырылған рынокта не ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған рыноктарда осы облигациялардың айналымы көзделген облигациялар ұйымдастырылған рынокта ғана орналастырылуға тиіс.
Эмиссиялық бағалы қағаздарды ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында орналастыру сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Эмитенттің тиiстi органы эмиссиялық бағалы қағаздарды инвесторлардың шек қойылмаған тобы арасында орналастыру туралы шешiм қабылдағаннан кейiн эмитент күнтiзбелiк он күн iшiнде мемлекеттік және орыс тiлдерiнде бұқаралық ақпарат құралдарында эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру туралы хабарлама жариялауға мiндеттi.
Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру туралы хабарда:
1) эмитенттiң толық атауы және орналасқан жерi;
2) эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеу күнi, олардың түрi және орналастырылуға тиiстi саны;
2-1) акционерлердің акцияларды артықшылықпен сатып алу құқығын iске асырудың мерзiмдерi мен тәртiбi туралы мәлiметтер;
3) эмитенттiң бөлiмшелерi мен лауазымды адамдары, эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiмен немесе олар туралы өзге де ақпараттармен танысуға мүмкiн болатын андеррайтердiң (эмиссиялық консорциумның) атауы мен орналасқан жерi туралы мәлiметтер;
4) эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру бағасы мен оларды төлеу туралы мәлiметтер болуға тиiс.
3. Эмиссиялық бағалы қағаздарды ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында орналастыру эмитентке (андеррайтерге, эмиссиялық консорциумға) инвесторлар табыс еткен жазбаша өтiнiмдер негiзiнде аукцион өткiзу немесе жазылым жүргiзу арқылы жүзеге асырылады. Аукциондар немесе жазылуды өткізу шарттары мен тәртібі эмитенттің ішкі құжаттарымен белгіленеді және ол орналастырылатын эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алуға ниеті бар инвесторларға қойылатын талаптарды қамтуға тиіс.
4. алып тасталды
5. Эмитентке (андеррайтерге, эмиссиялық консорциумға) акцияларды орналастыру кезінде:
1) эмитенттің орналастырылған акцияларды кері сатып алуын жүзеге асыру құқығын не міндетін көздейтін мәмілелерді жасасуға (жасауға);
2) талаптарында (шығарылым талаптарында) эмитенттің орналастырған акцияларын эмитенттің сатып алу құқығы немесе міндеті көзделетін шарттар жасасуға (туынды бағалы қағаздарды сатып алуға) тыйым салынады.
Эмитенттің (андеррайтердің, эмиссиялық консорциумның) облигацияларды орналастыру кезінде облигациялардың жекелеген ұстаушыларына облигацияларды шығару проспектісінде белгіленбеген қосымша құқықтарды беруіне тыйым салынады.
6. Эмитент (андеррайтер, эмиссиялық консорциум) инвестор бағалы қағаздарға ақы төлеу жөнiндегi мiндеттемесiн орындаған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесiндегi инвестордың жеке шотына сатып алынған эмиссиялық бағалы қағаздарды аудару туралы бұйрықты тiркеушiге (нақтылы ұстаушыға) табыс етуге мiндеттi.
Ескерту. 22-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.06.05 N 146, 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 N 538 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
22-1-бап. Шет мемлекеттiң аумағында эмиссиялық бағалы
қағаздарды шығарудың және (немесе)
орналастырудың, сондай-ақ эмиссиялық бағалы
қағаздарды шет мемлекеттің аумағында қызметін
жүзеге асыратын қор биржасының бағалы қағаздар
тізіміне енгізудің шарттары мен тәртiбi
1. Қазақстан Республикасының резидент ұйымы мынадай негiзгi шарттар сақталған жағдайда уәкiлеттi органның тиiстi рұқсаты болған кезде ғана шет мемлекеттiң аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруды және (немесе) орналастыруды жүзеге асыруға құқылы:
1) осы тармақшаның екінші бөлігінде көрсетілген Қазақстан Республикасы резидент ұйымының бағалы қағаздарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аталған резидент ұйымы бұрын шығарған эмиссиялық бағалы қағаздар Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының тізіміне енгізілген болса.
Шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған, тиімді басқару орны (нақты басқару органдары) Қазақстан Республикасында орналасқан заңды тұлға шығарған бағалы қағаздар шет мемлекеттің аумағында шығарылған және (немесе) орналастырылған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының тізіміне меншігінде аталған заңды тұлға акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы бар Қазақстан Республикасының ұйымы бұрын шығарған бағалы қағаздар енгізілуге тиіс;
2) Қазақстан Республикасының резидент ұйымы шығарған облигацияларды шет мемлекет аумағында орналастырудың басталуымен бір мезгілде олар Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында сатып алу үшін ұсынылуға тиіс, ал ұсыну кезiндегi осы облигацияларды орналастыру шарты оларды шет мемлекет аумағында орналастыру кезiндегi шарттарымен бiрдей болу керек. Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған рыногында осы облигацияларды сатып алуға инвесторлардың өтінімдерін (бұдан әрі – инвесторлар өтінімдері) тіркеуді Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін, сауда жүйесінде облигацияларды орналастыруды қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын қор биржасы жүзеге асырады.
Инвесторлар өтінімдері облигацияларды осылай орналастыру шеңберіндегі барлық өтінімдерді қабылдау нәтижелері бойынша эмитент айқындаған, облигациялар шығарылымын орналастыруға жоспарланатын жалпы көлемінің кемінде жиырма пайызы көлемінде өтеуге табыс ставкасы бойынша қанағаттандырылады. Егер Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған рыногында облигацияларға сұраныс облигациялар шығарылымын орналастыруға жоспарланатын жалпы көлемінің жиырма пайызынан кем болса, онда инвесторлар өтінімдері толық көлемде қанағаттандырылады;
3) шығарылымын уәкілетті орган тiркеген облигацияларды орналастыру кезiнде осы облигациялар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген қор биржасы тiзiмiнiң санаттарына енгiзiлуге тиiс;
4) шығарылымы шет мемлекеттiң заңнамасына сәйкес тiркелген облигацияларды орналастыру кезiнде осы облигациялар бойынша қор биржасының оларды уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген қор биржасы тiзiмiнiң санаттарына енгiзуге келiсiмi алынуға тиiс;
5) акцияларды, сондай-ақ акционерлiк қоғамның бастамасы бойынша немесе оның қатысуымен шығарылатын және базалық активi осы акционерлiк қоғамның акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды орналастыру кезiнде:
осы акциялар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген қор биржасы тiзiмiнiң санаттарына енгiзiлуге тиiс;
эмитенттің уәкiлеттi органының акцияларды орналастыру туралы шешiмi осы акциялардың жалпы санының кемiнде жиырма пайызы Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында сатып алу үшін ұсынылуға тиiс деген шартты қамтуға тиіс. Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында сатып алу үшiн ұсынылуға тиiс акциялардың саны, егер осындай сан осы акцияларды басым сатып алу құқығын iске асырудың нәтижесi болып табылса, орналастырылатын акциялардың жалпы санының жиырма пайызынан кем болуы мүмкiн.
2. Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары:
1) осы эмиссиялық бағалы қағаздар Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасы тізімінің уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген санаттарына енгізілуі және онда болуы;
2) шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруға осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптарды сақтаған кезде уәкiлеттi органның тиiстi рұқсаты болғанда шет мемлекеттің аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасында сауда-саттығы жүргізілетін бағалы қағаздар тізіміне енгізілуі және (немесе) онда болуы мүмкін.
3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған және (немесе) активтерiнiң кемiнде үштен екiсі Қазақстан Республикасының аумағында орналастырылған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылған заңды тұлғалар және (немесе) тиiмдi басқару орны (нақты басқару органдары) Қазақстан Республикасында орналасқан өзге де заңды тұлғалар осы Заңның мақсатында Қазақстан Республикасының резидент ұйымдары болып танылады.
Заңды тұлғаның негiзгi басқару және кәсiпкерлiк қызметiн жүргiзу үшiн қажеттi стратегиялық коммерциялық шешiмдер қабылдау жүзеге асырылатын орын тиiмдi басқару орны (нақты басқару органы) болып танылады.
4. Қазақстан Республикасының резидент ұйымына шет мемлекеттiң аумағында эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруға және (немесе) орналастыруға уәкiлеттi органның рұқсат беруiнiң шарттары мен тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде айқындалады.
5. Осы баптың 1-тармағының талаптары:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда ұйым міндеттемелерін қайта құрылымдауды жүргізген кезде оған;
2) төлемі осы ұйым бұрын орналастырған облигациялар бойынша талап ету құқықтарымен жүзеге асырылатын, айналым мерзiмi өткен облигацияларды ұйым орналастырған кезде оған;
3) Қазақстан Республикасының резидент ұйымы шығарылымы шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген облигациялар бойынша Қазақстан Республикасының резидент емес ұйымының міндеттемелерін қабылдаған жағдайда оған қолданылмайды.
6. Қазақстан Республикасының резидент ұйымы эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру аяқталған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде уәкілетті органға Қазақстан Республикасы резидент ұйымының осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында, 5) тармақшасының үшінші абзацында көзделген шарттарды орындауын растайтын ақпаратты уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша ұсынады.
Ескерту. 22-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 N 524 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
23-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздарға ақы төлеу
1. Акцияларға ақы төлеудiң тәртiбi мен ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленедi.
2. Айналым мерзімі біткен, осы эмитент бұрын орналастырған (эмитент сатып алған облигацияларды шегергенде) облигациялар бойынша талап құқықтарымен облигацияларды төлеген жағдайларды қоспағанда, облигацияларды төлеу ақшамен ғана жүзеге асырылады. Орналастырылатын облигацияны толық төлегенге дейiн эмитент облигацияларды ұстаушылардың тiзiлiмi жүйесiндегi (номиналды ұстаушыны есепке алу жүйесiндегi) оны иеленушiнiң жеке шотына осы облигацияларды есептеу туралы бұйрық беруге құқылы емес.
Облигацияларды бұрын талап құқықтарымен төленген облигациялар бойынша талап құқықтарымен төлеуге жол берілмейді.
2-1. Ислам бағалы қағаздарына төлем жасау тек қана ақшалай жүзеге асырылады. Эмитенттің орналастырылатын ислам бағалы қағаздарына толық төлем жасалғанға дейін осы ислам бағалы қағазын ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың тізілімі жүйесіндегі (номиналды ұстаушыны есепке алу жүйесіндегі) оны сатып алушының жеке шотына есепке жатқызу туралы бұйрық беруге құқығы жоқ.
3. Облигацияларды жазылым жүргiзу арқылы орналастыру облигацияларды шығару проспектiсiнде белгiленген талаптар мен тәртiп бойынша жүзеге асырылады.
4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарының талаптары Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қаржы ұйымына немесе бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымға ол міндеттемелерін қайта құрылымдауды жүргізген кезде қайта құрылымдау жоспарында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады.
Ескерту. 23-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.11 N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.02.10 N 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.03.01 N 414-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 N 524 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
24-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру
қорытындылары туралы есеп
1. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi қарап, бекiту үшiн эмитент уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды:
1) эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi қарау жөнiндегi өтiнiштi;
2) есептi айдың аяғындағы немесе эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру аяқталған күнгi жағдай бойынша қаржылық есептiлiктi;
3) эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген талаптарға сәйкес жасалған және ресiмделген есептi табыс етедi.
Эмитент мүлкiнiң кепiлдiгiмен қамтамасыз етiлген ипотекалық және басқа облигациялар шығарылған жағдайда, эмитент Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес тіркелген кепіл шартының болуын растайтын құжаттарды табыс етедi.
2. Эмитент уәкiлеттi органға эмиссиялық бағалы қағаздар толық орналастырылғанға дейiн әрбiр алты айдың қорытындылары бойынша (есептi жарты жылдық аяқталғаннан кейiн бiр ай iшiнде), сондай-ақ оларды толық орналастыру аяқталғаннан кейiн бір ай ішінде эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастырудың қорытындылары туралы есеп берiп отыруға мiндеттi.
3. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi уәкiлеттi орган күнтiзбелiк он төрт күн iшiнде қарайды.
Егер құжаттарды қарау барысында олардың Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келмеу фактiлерi анықталса, уәкiлеттi орган эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiтуден бас тартуға құқылы.
Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiтуден бас тартқан жағдайда эмитент бас тартуды алған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде уәкiлеттi органға пысықталған есептi қайта табыс етуге мiндеттi.
Ескерту. 24-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.07.07 N 577, 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
25-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды
тоқтата тұpу
1. Уәкiлеттi орган:
1) эмитент эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi табыс етпеген;
2) эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi қарау процесiнде есепте көрсетiлген мәлiметтердiң эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу үшiн табыс етiлген құжаттарға сәйкес еместiгi анықталған;
3) эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару, орналастыру және өтеу шарттары бұзылған;
4) сыйақы төлеу немесе бұрын шығарылған облигацияларды өтеу жөніндегі міндеттемелерді уақтылы орындамау немесе орындамау фактілері болған жағдайларда эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы шешім қабылдауға құқылы.
2. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы шешiмдi уәкiлеттi орган эмитентке, сол бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмi жүйесiн жүргiзудi жүзеге асыратын тiркеушiге және орталық депозитарийге жiбередi.
Тiркеушi және орталық депозитарий уәкiлеттi органның эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы шешiмiн алған кезден бастап осы бағалы қағаздарды орналастыру жөнiндегi мәмiлелердi тiркеудi тоқтата тұруға мiндетті.
3. Эмитент уәкiлеттi органның эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы шешiмiн алған күннен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы хабарлама жариялауға және анықталған бұзушылықтарды уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде жоюға жәрдемдесетiн барлық iс-әрекеттi қолдануға мiндеттi. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды қайта жаңарту, анықталған бұзушылықтар жойылғаннан кейiн, уәкiлеттi органның жазбаша хабарламасы негiзiнде жүзеге асырылады.
Ескерту. 25-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
26-бап. Инвесторларға эмиссиялық бағалы қағаздар
орналастыруды тоқтата тұру туралы хабарлау
1. Инвесторларға эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы хабарлауды эмитент:
1) эмитенттің жарғысында және бағалы қағаздар шығару проспектісінде айқындалған тиiстi хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;
2) тiркеушiнiң көрсететiн қызметтерiн пайдалану арқылы тиiстi хабарды тарату жолымен жүргiзедi.
2. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы хабарда:
1) эмитенттiң толық атауы мен орналасқан жерi;
2) эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеу күнi;
3) уәкiлеттi органның эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру жөнiндегi шешiмi туралы мәлiметтер болуға тиiс.
Ескерту. 26-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.12.28 N 524 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
27-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды
мемлекеттiк тiркеудi жарамсыз деп тану
1. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеу сот тәртiбiмен жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
2. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеудi жарамсыз деп тануға:
1) эмитенттiң Қазақстан Республикасының заңдарын бұзуы;
2) эмитенттi заңды тұлға ретінде мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыруға негiз болған құжаттардан дәйектемесiз ақпараттың табылуы;
3) эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеу жүргiзуге негiз болған құжаттардан дәйектемесiз ақпараттың табылуы негiз болып табылады.
3. Соттың эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттiк тiркеудi жарамсыз деп тануы уәкiлеттi органның эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын жоюы үшiн негiз болып табылады.
Акционерлiк қоғам акциялар шығарылымы жойылған күннен бастап үш айдың iшiнде акциялардың жаңа шығарылымын тiркеу немесе қоғамды қайта ұйымдастыру не тарату туралы шешiм қабылдайды.
Ескерту. 27-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
5-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздар айналысы
28-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар айналысының
тәртiбi
1. Эмиссиялық бағалы қағаздардың қайталама бағалы қағаздар рыногындағы айналысы бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында осы бағалы қағаздармен азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасасуы арқылы жүзеге асырылады.
2. Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмiлелер жасасудың және оларды бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесiнде немесе бағалы қағаздарды нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiнде тiркеудiң талаптары мен тәртiбi осы Заңға және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес белгiленедi.
29-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар айналысын
тоқтата тұру
1. Уәкiлеттi орган осы Заңда және Қазақстан Республикасының:
1) инвесторлардың эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алуы процесiнде олардың құқықтары мен мүдделерiн;
2) эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмiлелер жасасудың талаптары мен тәртiбiн белгiлейтiн өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген талаптар бұзылған жағдайда, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесiнде және (немесе) бағалы қағаздарды нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiнде барлық немесе жекелеген жеке шоттардағы эмиссиялық бағалы қағаздардың бәрiн немесе бiр бөлiгiн оқшаулау арқылы эмиссиялық бағалы қағаздар айналысын тоқтата тұру туралы шешiм қабылдауға құқылы.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген негiздер бойынша эмиссиялық бағалы қағаздар айналысын тоқтата тұру туралы шешiм қабылданған жағдайда уәкiлеттi орган эмитентке және мәмiле жасасуға қатысатын (қатысқан) тұлғаларға анықталған бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқама жiбередi. Аталған тұлғалар анықталған тәртiп бұзушылықтарды уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде жоюға және нұсқаманың орындалғаны туралы не анықталған бұзушылықтарды жою мүмкiн еместiгi туралы уәкiлеттi органға жазбаша есеп беруге мiндеттi.
3. Уәкiлеттi орган эмиссиялық бағалы қағаздар айналысын тоқтата тұру туралы шешiмдi эмитентке, тiркеушiге және орталық депозитарийге жiбередi.
4. Тiркеушi және орталық депозитарий уәкiлеттi органның эмиссиялық бағалы қағаздардың айналысын тоқтата тұру туралы хабарламасын алған кезден бастап бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесiндегi және нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiндегi айналысы тоқтатыла тұрған бағалы қағаздармен мәмiлелердiң тiркелуiн тоқтата тұруға мiндеттi.
5. Нақтылы ұстаушы орталық депозитарийдiң хабарламасын алған кезден бастап жиырма төрт сағаттың iшiнде өзiнiң клиентiн клиенттiң нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiндегi шоты бойынша бағалы қағаздармен мәмiле жасасуын тiркеудi тоқтата тұруы туралы жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi.
6. Бұзушылықтар жойылғаннан кейiн бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесiндегi және бағалы қағаздарды нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiндегi бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеудi қайта жаңғырту уәкiлеттi органның эмитентке, тiркеушiге және орталық депозитарийге бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеудi қайта жаңғырту туралы шешiм қабылданған кезден бастап күнтiзбелiк үш күннен кешiктiрiлмей жiберiлген жазбаша хабарламасы негiзiнде жүзеге асырылады.
30-бап. Акциялар шығарылымын жою
1. Қайталама бағалы қағаздар рыногында айналыста жүрген акциялар шығарылымын жою туралы шешiмдi уәкiлеттi орган акционерлiк қоғам қайта ұйымдастырылған (осы акционерлiк қоғамға басқа заңды тұлғаны қосуды немесе осы акционерлiк қоғамнан жаңа акционерлiк қоғамды бөлiп шығаруды есептемегенде) жағдайда акционерлiк қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысының акциялар шығарылымын жою туралы шешiмiне немесе оның таратылуына байланысты, не осы Заңда белгіленген өзге де жағдайларда, сондай-ақ осы Заңның 27-бабына сәйкес сот шешiмi негiзiнде қабылдайды.
1-1. Таратылатын акционерлік қоғам таратылатын қоғамның тарату теңгерімі бекітілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде акциялар шығарылымын жою мақсатында уәкілетті органға өтініш білдіреді.
1-2. Акциялардың күшін жоюға қажеттi құжаттарды ұсынбай-ақ, уәкiлеттi орган Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде таратылуы немесе қайта ұйымдастырылуы (осы акционерлiк қоғамға басқа заңды тұлғаның қосылу немесе осы акционерлiк қоғамнан жаңа акционерлiк қоғамның бөлiнiп шығу жағдайларын қоспағанда) туралы мәлiметтер қамтылатын акционерлiк қоғамдардың акциялар шығарылымының күшін жою туралы шешiм қабылдауға құқылы.
2. Алып тасталды - ҚР 2011.12.28 N 524 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
2-1. Сот не атқарушы iс жүргiзу органдары жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеудi жарамсыз деп тану немесе мәжбүрлеп тарату туралы заңды күшiне енген сот шешiмiн табыс еткен жағдайда уәкiлеттi орган акциялар шығарылымын жою туралы шешiм қабылдайды және бұл жөнiнде эмитенттi хабардар етедi.
3. Жарияланған акциялардың шығарылымын жоюдың талаптары мен тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
4. Шығарылымына қатысты уәкiлеттi орган жою туралы шешiм қабылдаған акциялармен азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасасуға тыйым салынады.
5. Эмитент уәкiлеттi органның акциялар шығарылымын жою туралы хабарламасын алған кезден бастап күнтiзбелiк жетi күн iшiнде бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде ақпарат жариялауға мiндеттi.
6. Уәкілетті орган акциялар шығарылымын жою туралы шешімді эмитентке, тіркеушіге және орталық депозитарийге жібереді.
Жарияланған акциялар шығарылымының жойылуына байланысты эмитенттің бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерін тіркеуді тоқтату тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.
Ескерту. 30-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
30-1-бап. Облигациялар шығарылымын жою
1. Облигациялар шығарылымын жою туралы шешiмдi уәкiлеттi орган мынадай негіздердің бірі бойынша:
1) мынадай шарттардың бірі сақталған кезде:
осы шығарылымдағы бірде-бір облигация орналастырылмаған;
бағалы қағаздардың қайталама нарығында эмитент осы шығарылымның барлық облигациясын сатып алған;
облигациялар айналымының мерзімі біткеннен кейін эмитент осы шығарылымның барлық облигациялары бойынша талап құқықтарын сатып алған;
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, қаржы ұйымдарын қайта құрылымдау рәсімін жүзеге асырған кезде облигациялар шығарылымын жою туралы эмитент органының шешімі болғанда;
2) тарату үдерісінің аяқталғанын растайтын құжаттарды мәжбүрлі тәртіппен таратылатын эмитенттің тарату комиссиясы ұсынғанда қабылдайды.
Облигациялардың күшін жоюға қажетті құжаттарды ұсынбай-ақ, уәкілетті орган Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде таратылуы туралы мәліметтер қамтылатын эмитенттердің облигациялар шығарылымының күшін жою туралы шешім қабылдауға құқылы.
2. Облигациялар шығарылымын жою шарттары мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.
3. Облигациялар эмитентінің ерікті түрде тарату туралы шешімді, егер осындай шешім қабылданған күні ол шығарған облигациялар толық көлемде өтелмесе немесе облигациялар шығарылымы жойылмаса, қабылдауға құқығы жоқ.
Ескерту. 30-1-баппен толықтырылды - ҚР 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, жаңа редакцияда - ҚР 2011.02.10 N 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
31-бап. Бағалы қағаздар бойынша кiрiс төлеу. Төлем
агентi
1. Қайталама бағалы қағаздар рыногындағы эмиссиялық бағалы қағаздар айналысы кезеңiнде эмитент Қазақстан Республикасының заңдарында және эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiнде белгiленген бағалы қағаздар бойынша кiрiс төлеу тәртiбiн сақтауға мiндеттi.
2. Облигацияларды өтеу кезінде олардың номиналды құны және (немесе) облигациялар бойынша табыс осы төлемдер жүзеге асырылатын кезеңнiң соңғы күнiнiң басындағы жағдай бойынша (бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзудi жүзеге асыратын тiркеушi орналасқан жердегi уақыт бойынша) оларды алуға құқығы бар тұлғаларға төленедi.
3. Эмиссиялық бағалы қағаздар және облигациялардың нақтылы құны бойынша кiрiс төлеудi оларды өтеу кезiнде эмитент дербес немесе төлем агентi көрсететiн қызметтi пайдалана отырып жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасының Yкiметi, уәкілетті орган немесе жергiлiктi атқарушы органдар шығарған мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша табыс төлеудi жүзеге асырудың шарттары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленедi.
5. Мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кiрiстi және мемлекеттiк емес облигацияларды өтеу кезiнде олардың нақтылы құнын төлеудi жүзеге асыру үшiн төлем агентiн сайлау туралы шешiмдi өз жарғысына сәйкес эмитенттiң органы қабылдайды.
6. Төлем агентi көрсететiн қызметтердi пайдалану туралы шешiм қабылданған жағдайда эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiнде төлем агентi туралы мынадай мәлiметтер:
1) төлем агентiнiң толық атауы;
2) төлем агентiнiң және оның бағалы қағаздар бойынша кiрiс (облигациялардың нақтылы құнын) төлеудi жүзеге асыратын барлық филиалдарының орналасқан жерi, реквизиттерi болуға тиiс.
7. Төлем агентi өзгерген жағдайда эмитент эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiне өзгерiстер енгiзуге және оларды тiркеу үшiн осындай өзгерiс жасалған күннен бастап күнтiзбелiк жетi күн iшiнде уәкiлеттi органға табыс етуге мiндеттi.
8. Эмитенттiң кiнәсiнен эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша табыс және (немесе) оларды өтеу кезінде облигациялардың номиналды құны төленбеген, сондай-ақ толық төленбеген жағдайда, эмитент бағалы қағаздарды ұстаушыларға негiзгi мiндеттеме сомасын және әрбір мерзiмi өткен күн үшiн ақшалай мiндеттеменi немесе оның тиiстi бөлiгiн орындау күнiне уәкілетті органның қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесін негiзге ала отырып есептелетін өсiмпұл төлеуге мiндеттi.
9. Төлем агентi қызметiн жүзеге асырудың талаптары мен тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.
Ескерту. 31-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.07.07 N 577, 2011.12.28 N 524 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
32-бап. Мемлекеттiк емес облигацияларды өтеу
қорытындылары туралы есеп
1. Эмитент қарау және бекiту үшiн мемлекеттiк емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есептi уәкiлеттi органға облигацияларды шығару проспектiсiнде белгiленген өтеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн бiр ай iшiнде табыс етуге мiндеттi.
2. Мемлекеттiк емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есептi қарау және бекiту үшiн эмитент уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды:
1) облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есептi қарау туралы өтiнiштi;
2) есептi айдың аяғындағы немесе облигацияны өтеу аяқталған күнгi жағдай бойынша қаржылық есептiлiктi;
3) мемлекеттiк емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптарға сәйкес жасалып, ресiмделген есептi;
4) тiркеушiнiң эмитент облигацияларын ұстаушылары тiзiлiмiн жабу туралы хабарламасын;
5) эмитенттiң облигацияларды өтеу жөнiндегi өз мiндеттемелерiн орындағанын растайтын төлем агентiнiң немесе эмитенттiң (төлем агентiмен шарт болмаған жағдайда) хабарламасын табыс етедi.
3. Мемлекеттiк емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есептi уәкiлеттi орган күнтiзбелiк он төрт күн iшiнде қарайды.
4. Эмитент мемлекеттiк емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есептi бекітуге құжаттарды беру шарттары мен тәртібін бұзған және құжаттарды қарау процесінде олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі анықталған жағдайларда, уәкiлеттi орган мемлекеттiк емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есептi бекітуден бас тартуға құқылы.
Эмитент уәкiлеттi органның мемлекеттiк емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есептi бекітуден бас тарту жөніндегі шешіміне сотқа шағымдануға құқылы.
Ескерту. 32-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.28 N 524 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
5-1-тарау. Ислам бағалы қағаздарын шығарудың және олардың
айналымының ерекшеліктері
Ескерту. Заң 5-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
32-1-бап. Исламдық қаржыландырудың негізгі принциптері
Мыналар исламдық қаржыландырудың негізгі принциптері болып табылады:
1) эмитенттің ислам бағалы қағаздарын шығару кезінде ислам бағалы қағаздары құнының проценті түріндегі сыйақыны есептеп шығаруға, сондай-ақ ислам бағалы қағаздары бойынша табысқа кепілдік беруге құқығы жоқ;
2) ислам бағалы қағаздарын шығару және орналастыру нәтижесінде алынған қаражат темекі, алкогольдік өнімдерді, қару-жарақ пен оқ-дәріні шығаруға және (немесе) саудалауға, құмар ойын бизнесімен байланысты қызметті, сондай-ақ исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес қаржыландыруға тыйым салған кәсіпкерлік қызметтің өзге де түрлерін қаржыландыруға бағытталмауға тиіс.
Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес ислам бағалы қағаздары эмитентінің қызметіне қойылатын сақталуға міндетті өзге де талаптарды қосымша айқындауға құқылы.
32-2-бап. Ислам бағалы қағаздарының түрлері
1. Ислам бағалы қағаздарына:
1) ислам инвестициялық қорларының акциялары мен пайлары;
2) исламдық жалдау сертификаттары;
3) исламдық қатысу сертификаттары;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ислам бағалы қағаздары болып танылған өзге де бағалы қағаздар жатады.
2. Инвестициялық портфельді басқарушылар ислам инвестициялық қорлары пайларының эмитенттері болып табылады.
Ислам арнайы қаржы компаниялары исламдық жалдау сертификаттары мен исламдық қатысу сертификаттарының эмитенттері болып табылады.
32-3-бап. Исламдық жалдау сертификаттары
1. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, ислам арнайы қаржы компаниясы оларды шығару кезiнде айналым мерзiмiн алдын ала белгiлей отырып шығаратын, ұстаушылары жалдау (қаржы лизингi) шарты бойынша табыстар алу құқығына ие болатын ислам бағалы қағаздары исламдық жалдау сертификаттары болып табылады. V09005669
Егер мемлекеттік мекеме ислам арнайы қаржы компаниясы болып табылатын жағдайда, ислам бағалы қағаздарын ұстаушылар қосалқы жалдау шарты бойынша табыс алу құқығына ие болады.
2. Исламдық жалдау сертификаттары оларды ұстаушыларға мынадай:
1) мемлекеттік мекеме ислам арнайы қаржы компаниясы болып табылатын жағдайларды қоспағанда, жалдау (қаржы лизингi) шарты бойынша табыстар алу;
2) егер мемлекеттік мекеме ислам арнайы қаржы компаниясы болып табылатын жағдайда, қосалқы жалдау шарты бойынша табыстар алу;
3) бөлiнген активтердi құрайтын мүлiк үлесiне сәйкес келетiн, ұстаушыға тиесiлi исламдық жалдау сертификаттары санының орналастырылған исламдық жалдау сертификаттарының жалпы санына пропорционал мөлшерiнде ақша сомасын алу;
4) эмитенттiң (оригинатордың) қызметi туралы ақпарат алу, оның iшiнде исламдық жалдау сертификаттарын шығару проспектiсiнде айқындалған тәртiппен эмитенттiң (оригинатордың) қаржылық есептiлiгiмен танысу;
5) қоғам тiркеушiсiнен немесе номиналды ұстаушыдан исламдық жалдау сертификаттарына ұстаушылардың меншiк құқығын растайтын үзiндiлер алу құқықтарын;
6) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де құқықтарды бередi.
3. Мемлекеттік мекемені қоспағанда, ислам арнайы қаржы компаниясы исламдық жалдау сертификаттарын шығару, оларды орналастырудың нәтижесiнде алынған ақшаға мүлiк сатып алу, сондай-ақ осы мүлiктi жалдау (қаржы лизингi) шарты бойынша түскен төлемдердi исламдық жалдау сертификаттарын ұстаушылар арасында бөлу үшiн құрылады.
Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы ислам арнайы қаржы компаниясы исламдық жалдау сертификаттарын шығаруды, сондай-ақ мүлікті қосалқы жалдау шарты бойынша түскен төлемдерді исламдық жалдау сертификаттарын ұстаушылар арасында бөлуді жүзеге асырады.
Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы ислам арнайы қаржы компаниясы мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен активтерді жалдау шартын және автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен активтерді қосалқы жалдау шартын жасасады.
Бөлінген активтерді жалдауға және қосалқы жалдауға беру туралы шешімді, сондай-ақ оларды беру талаптарын Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.
4. Мемлекеттік мекеме ислам арнайы қаржы компаниясы болып табылатын жағдайды қоспағанда, исламдық жалдау сертификаттарының айналымы ислам арнайы қаржы компаниясының бөлiнген активтерiне кiретiн мүлiктi жалдау (қаржы лизингi) шартын жасасқаннан кейiн мүмкін болады.
Мемлекеттік мекеме ислам арнайы қаржы компаниясы болып табылатын жағдайда, исламдық жалдау сертификаттарының айналымы ислам арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтеріне кіретін мүлікті қосалқы жалдау шартын жасасқаннан кейін мүмкін болады.
5. Оригинатор ислам арнайы қаржы компаниясынан мүлiктi сатып алғанда жағдайда исламдық жалдау сертификаттарын шығару проспектiсiнде исламдық жалдау сертификаттарын мерзiмiнен бұрын өтеу шарты көзделуi мүмкiн.
Мемлекеттік мекеме шығарған ислам жалдау сертификаттарын мерзімінен бұрын өтеу оригинатор ислам арнайы қаржы компаниясымен мүлікті жалдау шартын бұзған жағдайда жүзеге асырылады.
6. Исламдық жалдау сертификаттарын шығарудың, орналастырудың, олардың айналымының және өтеудiң өзге де талаптары уәкілетті органның нормативтiк құқықтық актiсiнде айқындалады.
Ескерту. 32-3-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.22 N 475-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
32-4-бап. Исламдық қатысу сертификаттары
1. Ислам арнайы қаржы компаниясы бағалы қағаздарды шығару кезінде олардың айналым мерзімін алдын ала белгілей отырып, жаңа инвестициялық жобаны ұйымдастыру, қолда бар инвестициялық жобаны дамыту немесе қарапайым серіктестік шарты негізінде кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру үшін тартылған қаражатты пайдалану мақсатымен не акционерлік қоғамның немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында заңды тұлға құру арқылы шығарылатын ислам бағалы қағаздары исламдық қатысу сертификаттары болып табылады.
2. Оригинатор инвестициялық жобаға мүлікті енгізу арқылы және (немесе) ислам арнайы қаржы компаниясына тиесілі акцияларды (қатысу үлестерін) сенімгерлікпен басқаруды жүзеге асыра отырып, инвестициялық жобаға қатысады.
3. Исламдық қатысу сертификаттарының айналымы инвестициялық жобаны іске асыру басталғаннан кейін мүмкін болады. Исламдық қатысу сертификаттарын орналастыру нәтижесінде алынған қаражаттың кемінде он процентін инвестициялау инвестициялық жобаны іске асыруды бастау болып табылады. Эмитент инвестициялық жобаны іске асыру басталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде исламдық қатысу сертификаттарын ұстаушыларға исламдық қатысу сертификаттарын шығару проспектісінде көзделген бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлама жариялау жолымен оларды айналымға енгізу мүмкіндігі туралы хабарлауға міндетті.
4. Инвестициялық жоба бойынша табыс ислам арнайы қаржы компаниясы мен оригинатор арасында исламдық қатысу сертификаттарын шығару проспектісі талаптарына сәйкес бөлінеді.
5. Оригинатор исламдық қатысу сертификаттарын шығару проспектісінде белгіленген мөлшерде комиссиялық сыйақы алуға құқылы.
6. Оригинатор исламдық қатысу сертификаттарын:
1) исламдық қатысу сертификаттарын шығару проспектісінде белгіленген жағдайларда;
2) исламдық қатысу сертификаттары бойынша дефолт жағдайында;
3) ислам арнайы қаржы компаниясын тарату туралы шешім қабылданған жағдайда сатып алады.
7. Инвестициялық жобаны іске асырушы заңды тұлға оригинатордың бастамасы бойынша таратылған жағдайда оригинатор исламдық қатысу сертификаттарын мерзімінен бұрын өтеуді жүзеге асыруға міндетті.
8. Оригинатор таратылған жағдайда қарапайым серіктестік шарты өз қолданылуын тоқтатады. Осы инвестициялық жобаны құрайтын мүлікті исламдық қатысу сертификаттарын ұстаушылардың өкілі исламдық қатысу сертификаттарын ұстаушыларға аталған мүлікті өткізуден алынған ақшаны исламдық қатысу сертификаттарын шығару көлеміндегі үлестеріне сәйкес төлей отырып өткізуге тиіс.
9. Исламдық қатысу сертификаттарын ұстаушылар исламдық қатысу сертификаттарын шығару талаптарында көзделген жағдайларда оригинатормен бірлесіп, қаржыландыруға арналған инвестициялық жобаларды іріктеу кезінде шешімдер қабылдауға құқылы.
32-5-бап. Исламдық қаржыландыру принциптері
жөніндегі кеңестің қызметі
1. Ислам бағалы қағаздарын шығару және орналастыру нәтижесінде алынған қаражат есебінен қаржыландыру объектілерінің исламдық қаржыландыру принциптеріне сәйкестігін айқындауды:
1) осы Заңның 32-2-бабы 1-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген ислам бағалы қағаздарына қатысты - Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгіленген тәртіппен тағайындалған ислам банкінің исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес немесе сатып алу-сату шартының негiзiнде активтердi ислам арнайы қаржы компаниясына беретiн және (немесе) ислам арнайы қаржы компаниясының немесе мемлекеттік мекеменің құрылтайшылары болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларының шешімі бойынша жеке шарттың негізінде тартылған исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес;
2) осы Заңның 32-2-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ислам бағалы қағаздарына қатысты - ислам акционерлік инвестициялық қоры акционерлерінің жалпы жиналысының немесе басқару органдарының ұсынымы бойынша ислам пайлық инвестициялық қорының басқарушы компаниясының шешімі бойынша жеке шарттың негізінде тартылған исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес жүзеге асырады.
Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес шешімдер қабылдауда тәуелсіз.
2. Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес мәміле жасасу сатысындағы ислам бағалы қағаздарын орналастырудан алынған қаражат есебінен қаржыландыру жөніндегі мәмілені осы Заңның 32-1-бабында көрсетілген исламдық қаржыландыру принциптеріне сай емес деп таныған жағдайда, мұндай мәміле жасалмайды және орындалмайды.
3. Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес ислам бағалы қағаздарын орналастырудан алынған қаражат есебінен қаржыландыру жөніндегі жасалған, бірақ орындалмаған немесе ішінара орындалған мәмілені осы Заңның 32-1-бабында көрсетілген исламдық қаржыландыру принциптеріне сай емес деп таныған жағдайда, мұндай мәміле оригинатордың не ислам инвестициялық қорының басқарушы компаниясының талабы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.
Ескерту. 32-5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.22 N 475-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
32-6-бап. Ислам арнайы қаржы компаниясы
1. Мемлекеттік мекемені қоспағанда, ислам арнайы қаржы компаниясын ислам арнайы қаржы компаниясына мүлкін және (немесе) бөлінген активтерін беретін оригинатор құрады.
Егер ислам арнайы қаржы компаниясы қызметін мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында жүзеге асырған жағдайда, мүлік және (немесе) бөлінген активтер мұндай компанияға жалдау шарты бойынша беріледі.
Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органды қоспағанда, оригинаторға қойылатын талаптар, сондай-ақ мемлекеттік мекемені қоспағанда, ислам арнайы қаржы компаниясын құруға және оның қызметіне қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
2. Ислам арнайы қаржы компаниясының жарғылық капиталы тек қана ақшадан құралады.
3. Ислам бағалы қағаздарын бастапқы орналастыру кезіндегі олардың номиналды құны бір шығарылым шеңберіндегі барлық ислам бағалы қағаздары үшін бірдей болып табылады және ислам бағалы қағаздарын шығару проспектісінде айқындалады.
4. Ислам арнайы қаржы компаниясының атауында "ислам арнайы қаржы компаниясы" деген сөздер жазылуға тиіс.
5. Ислам бағалы қағаздарының бұған дейінгі шығарылымын өтеу аяқталғанға дейін ислам бағалы қағаздарын одан әрі шығаруға тыйым салынады.
6. Ислам арнайы қаржы компаниясы жылдық қаржылық есептілік аудитін жүргізуге міндетті.
7. Ислам арнайы қаржы компаниясын ерікті түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату ислам бағалы қағаздары шығарылымын өтеудің қорытындылары туралы есеп бекітілгеннен кейін уәкілетті органның рұқсатымен жүзеге асырылуы мүмкін.
Уәкілетті орган ислам арнайы қаржы компаниясының ислам арнайы қаржы компаниясын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға немесе таратуға рұқсат беру туралы өтінішінің негізінде шешім шығарады және ол жөнінде ислам арнайы қаржы компаниясын өтініш келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жазбаша түрде хабардар етеді. Уәкілетті орган ислам арнайы қаржы компаниясын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға немесе таратуға рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда бас тартудың негіздемесін көрсете отырып, ол жөнінде ислам арнайы қаржы компаниясын жазбаша түрде хабардар етеді.
8. Ислам арнайы қаржы компаниясын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға немесе таратуға рұқсат беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
9. Ислам арнайы қаржы компаниясы ислам бағалы қағаздары бойынша тиісті резервтік қорлар құруды қоса алғанда, бөлінген активтер бойынша түсімдерді өзі шығарған ислам бағалы қағаздары бойынша міндеттемелерін орындауға ғана пайдаланады.
10. Бөлінген активтер ислам арнайы қаржы компаниясының меншікті қаражатынан бөлек есепке алынады.
11. Осы Заңға сәйкес ислам арнайы қаржы компаниясының ислам бағалы қағаздарын шығару проспектісі мемлекеттік тіркелген күннен бастап ислам арнайы қаржы компаниясының ислам бағалы қағаздарының осы шығарылымын қамтамасыз ету болып табылатын бөлінген активтерге қатысты өндіріп алу ислам арнайы қаржы компаниясы бөлінген активтерден басқа, өзге де активтер есебінен міндеттемелерін орындағаннан кейін ғана қолданылуы мүмкін.
11-1. Мемлекеттік мекемеге жалдау шарты бойынша берілген активтер исламдық жалдау сертификаттары бойынша қамтамасыз ету болып табылмайды.
12. Ислам арнайы қаржы компаниясы бухгалтерлік есепті жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен меншікті қаражаты мен бөлінген активтер бойынша қаржылық есептілікті бөлек табыс етеді.
13. Исламдық арнайы қаржы компаниясының бухгалтерлік есепті жүзеге асыру және қаржылық есептілікті жасау тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
14. 1, 3, 5, 10 және 11-1-тармақтарды қоспағанда, осы баптың талаптары мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы ислам арнайы қаржы компаниясының қызметіне қолданылмайды.
Ескерту. 32-6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.22 N 475-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
32-7-бап. Ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың
өкілі. Ислам бағалы қағаздарын
ұстаушылар өкілінің функциялары мен
міндеттері
1. Акцияларды қоспағанда, ислам бағалы қағаздарын шығару және олардың айналымы кезінде ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың өкілі ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың эмитент және үшінші тұлғалар алдындағы мүдделерін білдіруді жүзеге асырады.
Эмитент бағалы қағаздар нарығында кастодиандық және (немесе) брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары қатарынан ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың өкілін таңдауды дербес жүзеге асырады.
Ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың өкілі эмитенттің аффилиирленген тұлғасы болмауға тиіс.
2. Эмитент пен ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың өкілі арасында жасалған ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптар, сондай-ақ ислам бағалы қағаздарын ұстаушылар өкілінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатудың тәртібі мен мән-жайлары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
3. Ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың өкілі мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) эмитенттің ислам бағалы қағаздарын шығару проспектісінде белгіленген, ислам бағалы қағаздарын ұстаушылар алдындағы міндеттемелерді орындауын бақылайды;
2) қаржыландыру объектілерінің ислам бағалы қағаздарын шығару талаптарына сәйкес келуін бақылайды;
3) ислам бағалы қағаздарын ұстаушыларының құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған шаралар қабылдайды;
4) ислам бағалы қағаздарын орналастырудан алынған қаражат есебінен сатып алынған мүлікке, ислам бағалы қағаздарын орналастырудан алынған қаражат есебінен қаржыландыру жөніндегі мәмілені жүзеге асыру бөлігінде эмитенттің қаржылық есептілігіне, сондай-ақ көрсетілген қаражат активтеріне инвестицияланған заңды тұлғаларға мониторингті жүзеге асырады;
5) исламдық қатысу сертификаттарын шығару кезінде, егер бұл оларды шығару талаптарында көзделген болса, ислам арнайы қаржы компаниясының мүдделерін білдіреді;
6) осы тармақтың 1)-4) тармақшаларына сәйкес ислам бағалы қағаздарын ұстаушыларға өзінің іс-әрекеттері туралы және осындай іс-әрекеттердің нәтижелері туралы хабарлайды.
4. Ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың өкілі:
1) ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына әкеп соғуы мүмкін мән-жайларды анықтауға және ислам бағалы қағаздарын ұстаушыларды аталған мән-жайлар туралы күнтізбелік үш күн ішінде хабардар етуге;
2) уәкілетті органға және ислам бағалы қағаздарын ұстаушыларға ислам бағалы қағаздарын орналастырудан алынған қаражат есебінен сатып алынған мүліктің жай-күйі туралы хабарлауға;
3) уәкілетті органды және ислам бағалы қағаздарын ұстаушыларды өкіл ретіндегі өз өкілеттіктерін тоқтатқаны туралы эмитентпен жасалған шарт бұзылған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде хабардар етуге;
4) уәкілетті органға және ислам бағалы қағаздарын ұстаушыларға олардың сұратулары бойынша ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың өкілі ретінде өз қызметіне қатысты ақпарат пен құжаттар беруге;
5) коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жарияламауға міндетті.
5. Ислам бағалы қағаздарын ұстаушылар өкілінің осы баптың 3 және 4-тармақтарында белгіленген функциялар мен міндеттерді орындау тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
6-тарау. Туынды бағалы қағаздардың және
туынды қаржы құралдарының айналымы
Ескерту. 6-тараудың тақырыбы өзгерді - ҚР 2011.12.28 N 524 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
33-бап. Туынды бағалы қағаздармен және туынды қаржы
құралдарымен мәмiлелер жасау шарттары
1. Биржалық брокерлер және биржалық дилерлер қызметін жүзеге асыруға сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның лицензиясы бар брокер және (немесе) дилер уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және шарттармен тауар биржасындағы туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасасады.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған брокерге және (немесе) дилерге тауар биржасында, нысанасы туынды қаржы құралдары болып табылатын, базалық активі тауар болып табылатын мәмілелерді қоспағанда, тауарлармен мәмілелер жасасуға (жасауға) тыйым салынады.
Тауар биржасында орталық контрагенттің қатысуынсыз мәміле жасалған жағдайда брокер және (немесе) дилер Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген, тапсырма шартының нормалары қолданылатын брокерлік қызмет көрсетуге арналған шарт негізінде тек қана клиенттің есебінен және тапсырмасы бойынша әрекет етеді.
3. Клиринг ұйымы, орталық депозитарий немесе қор биржасы орталық контрагент бола алады.
Қор биржасының уәкілетті органмен келісілген ішкі құжаттарында осы қор биржасының сауда жүйесінде мәмілелер жасасқан кезде орталық агенттің функцияларын өзге де ұйымдардың орындау мүмкіндігі көзделуі мүмкін.
4. Орталық контрагент қатыса отырып, туынды қаржы құралдарымен мәмілелерді жүзеге асыру тәртібі мен шарттары орталық контрагент болып табылатын клиринг ұйымының, орталық депозитарийдің, қор биржасының уәкілетті органмен келісілген ішкі құжаттарында белгіленеді.
5. Номиналды ұстаушылар туынды бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді тіркеуді және олар бойынша құқықтарды растауды осы Заңға және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.
6. Ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында туынды қаржы құралдарымен мәмiлелер жасау шарттары мен тәртiбi қор биржасының iшкi құжаттарында белгiленедi.
Ескерту. 33-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 N 524 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
34-бап. Эмитенттердiң - Қазақстан Республикасы
резиденттерiнiң эмиссиялық бағалы
қағаздары базалық активi болып табылатын
депозитарийлiк қолхаттарды немесе өзге де
бағалы қағаздарды шығару
1. Базалық активі аталған ұйымдардың эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын, депозитарлық қолхаттарды немесе өзге де бағалы қағаздарды шығару және орналастыру арқылы Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының бағалы қағаздарын қайталама рынокта сатуды жоспарлаушы тұлға шығарылым туралы уәкілетті органды оның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен хабардар етуге міндетті.
2. Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң эмиссиялық бағалы қағаздары базалық активi болып табылатын депозитарийлiк қолхаттарды немесе өзге де бағалы қағаздарды орналастыруды жүзеге асырған Қазақстан Республикасының резидент ұйымы орналастыру аяқталған күннен бастап бiр ай ішінде уәкiлеттi органға оның нормативтiк құқықтық актiсiнде көзделген тәртiппен орналастырудың қорытындылары туралы есеп бередi.
3. Депозитарийлiк қолхаттар шығару ережесiнде орталық депозитарийге және уәкілетті органға оның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес депозитарийлiк қолхаттарды ұстаушылар туралы ақпарат беру тәртiбi болуға тиiс.
Ескерту. 34-бап жаңа редакцияда, өзгеріс енгізілді - ҚР 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
35-бап. Қазақстанның депозитарийлiк қолхаттарын
шығару
Қазақстанның депозитарийлiк қолхаттарын шығарудың, орналастырудың, айналысқа салудың және өтеудiң, қазақстанның депозитарийлiк қолхаттарын орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есеп берудiң талаптары мен тәртiбi, сондай-ақ қазақстанның депозитарийлiк қолхаттарының эмитент сақтауға тиiс талаптары уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
7-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу
және олар бойынша құқықтарды бастау
РҚАО-ның ескертпесі!
36-бапқа өзгерістер енгізу көзделген - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
36-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу
1. Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелер осы Заңға және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тіркелуге жатады.
Номиналды ұстауға берілген эмиссиялық бағалы қағаздарды қоспағанда, номиналды ұстаушылар болып табылмайтын жеке және (немесе) заңды тұлғалар тараптары болып табылатын ұйымдастырылмаған нарықта эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәміле бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесінде тіркеледі.
Номиналды ұстауға берілген, ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған нарықта эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәміле уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен номиналды ұстау жүйесінде (орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде) тіркеледі.
Жасалуы нәтижесінде эмиссиялық бағалы қағаздар номиналды ұстауға (номиналды ұстаудан) ауыстырылатын эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәміле бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесінде тіркеледі.
2. Эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілені бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесінде тіркеуді тіркеуші мәмілеге қатысушылардың бағалы қағаздармен мәмілені тіркеуге қарсы бұйрықтары негізінде (бір жақты мәміле тіркелген жағдайда мәмілеге қатысушының бағалы қағаздармен мәмілені тіркеуге арналған бұйрығының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де құжаттардың негізінде) жүзеге асырады және ол:
1) бұйрық берген адамның өкілеттіктерін тексеруді және бұйрық нысанының белгіленген талаптарға сай болуын;
2) бұйрықтың тіркелуін;
3) бұйрықта көрсетілген іс-әрекеттерді жасау мүмкіндігін тексеруді;
4) бұйрықты орындаудан бас тартуға негіздер болмаған кезде онда көрсетілген іс-әрекеттерді жүзеге асыруды;
5) орталық депозитарийге бағалы қағаздармен мәмілені жеке шоттардың бірыңғай жүйесінде көрсету туралы өкімнің жіберілуін;
6) орталық депозитарийдің мәмілені жеке шоттардың бірыңғай жүйесінде көрсету туралы растауын алғаннан кейін клиентке бұйрығының орындалғаны туралы есепті жіберуді қамтиды.
Жеке шоттардың бірыңғай жүйесінде көрсетілмеген мәміле тіркелген болып табылмайды.
3. Бұйрықты орындаудан бас тартуға негіздер болған кезде тіркеуші клиентті бас тартудың негіздері туралы жазбаша хабардар етуге міндетті.
Тіркеуші:
1) егер осы мәмілені тіркеу үшін табыс етілген құжаттар осы Заңның және (немесе) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің және (немесе) тіркеушінің ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес келмесе;
2) бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесінде ашылған жеке шоттардағы бағалы қағаздардың саны орталық депозитарийдің деректеріне сәйкес келмеген кезде орталық депозитарий мәмілені жеке шоттардың бірыңғай жүйесінде көрсетуден бас тартқан жағдайда эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілені бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерін жүргізу жүйесінде тіркеуден бас тартуға міндетті.
4. Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде тіркеу депоненттердің немесе сауда-саттықты ұйымдастырушының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеуге арналған тиісті бұйрықтарының не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де құжаттардың негізінде жүзеге асырылады.
Депонент бағалы қағаздармен мәмілені тіркеуге арналған бұйрықты орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде депонент клиентінің бұйрығы негізінде ресімдейді.
Бір номиналды ұстаушының клиенттері арасында мәміле жасасу кезінде бағалы қағаздарға меншік құқықтарының ауысуын тіркеуді номиналды ұстаушы жүзеге асырады және орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде көрсетіледі.
Әртүрлі номиналды ұстаушылардың клиенттері арасында мәміле жасасу кезінде бағалы қағаздарға меншік құқықтарының ауысуын тіркеу номиналды үстаушылардың есепке алу жүйесінде кейіннен көрсетіле отырып, олардың жеке шоттары бойынша орталық депозитарийде жүзеге асырылады.
5. Ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерді тіркеу тәртібі орталық депозитарийдің және сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарында белгіленеді.
6. Бағалы қағаздар бойынша құқықтардың өзгертілуін немесе тоқтатылуын тіркеуді тіркеуші (номиналды ұстаушы) сот шешімі бойынша жүзеге асырады және орталық депозитарий Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық қажетті деректемелер қамтылған атқарушылық парақтың негізінде көрсетеді.
7. Орталық депозитарий, тіркеуші, номиналды ұстаушы осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында белгіленген негіздер болмаған кезде тіркелген тұлғалардың жеке шоттары (қосалқы шоттары) бойынша жазбаларды дербес енгізуге құқылы емес.
8. Тіркеуші (номиналды ұстаушы) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерін жүргізу жүйесінде (номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде) ашылған жеке шоттардағы эмиссиялық бағалы қағаздар санын өзіндік есепке алу деректерін орталық депозитарийдің деректерімен салыстырып тексеруді уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
9. Тіркеушінің (номиналды ұстаушының) жеке шоттар бойынша жазбалар енгізуіне негіз болып табылатын құжаттар (тіркелген тұлғаны сәйкестендіру құжаттарын қоспағанда) бес жыл бойы сақталуға тиіс.
10. Шетелдік бағалы қағаздарға немесе осы Заңның 59-бабының 1-тармағында белгіленген функцияларды жүзеге асыратын шетелдік ұйымдарға қатысты есепке алу ерекшеліктері және құқықтарды растау уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
11. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтарды тіркеудің ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.
Ескерту. 36-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.10.23 N 72-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі),
37-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтар
кепiлiн тiркеу
1. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтар кепiлiн тiркеудi тiркеушi (нақтылы ұстаушы) кепiл берушiнiң және кепiл ұстаушының кепiлге берiлетiн эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтары көрсетiле отырып жасалған сол мәмiленi тiркеу үшiн қажеттi барлық мәлiметтер бар бұйрығы негiзiнде жүзеге асырады.
2. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтар кепiлiн тiркеу құқықтары кепiлге берiлген, кепiл ұстаушының пайдасына кепiл берушiнiң шотындағы бағалы қағаздарға ауыртпалық салу және кепiл ұстаушыға оның пайдасына бағалы қағаздарға ауыртпалық салу туралы жазба жасалатын жеке шот ашу (бұл болмаған жағдайда) арқылы жүзеге асырылады. Кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң тоқтатылуына байланысты эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтарды кепiлге беру тоқтатылған жағдайда бағалы қағаздардан ауыртпалықты алып тастауды тipкeушi (нақтылы ұстаушы) мәмiлеге қатысушылардың қарсы бұйрықтары негiзiнде жүзеге асырады.
3. Кепiл берушi эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда мәмiленi тiркеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, кепiлге берiлген затты өндiрiп алу арқылы кепiлдiң тоқтатылғанын растайтын құжаттар негізiнде жүзеге асырылады.
4. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кепiл құқықтарын тiркеудiң ерекшелiктерi ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногындағы осы бағалы қағаздармен мәмiле жасауға байланысты орталық депозитарийдiң және сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарымен белгiленедi.
РҚАО-ның ескертпесі!
38-бапқа өзгерістер енгізу көзделген - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
38-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша
құқықтарды растау
1. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтарды растау бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесінде (жеке шоттардың бірыңғай жүйесінде) және (немесе) номиналды ұстаушының есепке алу жүйесінде және (немесе) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан үзінді көшірмені беру жолымен жүзеге асырылады.
Үзінді көшірмені берудің талаптары мен тәртібі осы Заңда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде және орталық депозитарийдің және тіркеушінің ішкі құжаттарында белгіленеді.
2. Тіркеуші (номиналды ұстаушы) бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерін жүргізу жүйесіндегі (номиналды ұстау жүйесіндегі) жеке шоттың үзінді көшірмесінде көрсеткен бағалы қағаздардың саны, түрлері туралы мәліметтер тіркеуші клиентінің (номиналды ұстаушының) жеке шоттардың бірыңғай жүйесіндегі жеке шоты (қосалқы шоты) бойынша мәліметтеріне сәйкес келмеген жағдайда жеке шоттардың бірыңғай жүйесінде (орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде) қамтылған мәліметтер басымдыққа ие болады.
Тіркелген тұлғаларға жеке шоттардың бірыңғай жүйесінен ақпарат беру уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен тіркеушінің лицензиясы уақытша тоқтатыла тұрған не одан айырған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
Ескерту. 38-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.10.23 N 72-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
39-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмiленi
тiркеу туралы бұйрық
1. Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмiленi тiркеу туралы бұйрық (бұдан әрi осы бапта - бұйрық) жазбаша нысанда жасалып, бағалы қағазды ұстаушы немесе оның өкiлi қол қоюға және орындау үшiн тiркеушiге немесе нақтылы ұстаушыға берiлуге тиiс.
2. Бұйрық Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қол қою туралы заңдарына сәйкес ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып, электронды түрде жасалуы және берiлуi мүмкiн.
3. Бұйрықтың мазмұны, сондай-aқ оны тiркеушiнiң (нақтылы ұстаушының) тiркеу талаптары мен тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен және тiркеушiнiң (нақтылы ұстаушының) iшкi құжаттарымен белгiленедi.
4. Алынып тасталды - ҚР 2008.10.23 N 72-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5. Eгep Қазақстан Республикасының заңдарында немесе нақтылы ұстаушымен жасалған шарт талаптарында бұйрықты орындаудың өзгеше мерзiмi көзделмесе, тiркеушi (нақтылы ұстаушы) қарсы бұйрық алған кезде күнтiзбелiк үш күннен аспайтын мерзiмде бұйрықтың орындалуын жүзеге асырады.
Ескерту. 39-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.10.23 N 72-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
40-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың жеке
шоттары бойынша операцияларды тоқтата
тұру. Эмиссиялық бағалы қағаздарды
тәркiлеу
1. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесiндегi немесе бағалы қағаздарды нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiндегi жеке шоттар бойынша жазба жасауды немесе эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеудi тоқтата тұру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осындай шешiм қабылдауға уәкiлеттi мемлекеттiк органның шешiмi негiзiнде жүргiзiледi.
2. Эмиссиялық бағалы қағаздарды тәркiлеу заңды күшiне енген сот актiсi негiзiнде ғана жүргiзiлуi мүмкiн.
8-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық құпия
41-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық құпия
1. Бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық құпияны мынадай (осы баптың 2-тармағында белгіленгендерді қоспағанда):
1) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдері жүйесіндегі және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі жеке шоттардағы акция қалдықтарын қоспағанда, акционерлік қоғамның эмиссиялық бағалы қағаздарының қалдықтары мен қозғалысы туралы;
2) бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесіндегі және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі жеке шоттардағы, осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілгендерден басқа, эмиссиялық бағалы қағаздардың болу-болмауы және олардың иелері туралы ақпарат құрайды.
2. Мынадай:
1) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдері жүйесіндегі және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі жеке шоттардағы акциялардың қалдықтары туралы;
2) осы Заңның 19-тарауына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ашуға жататын эмиссиялық бағалы қағаздар мен олардың ұстаушылары туралы;
3) қор биржасының ережелеріне сәйкес оған берілуге тиіс эмиссиялық бағалы қағаздар мен олардың ұстаушылары туралы;
4) осы бағалы қағаздар бойынша төлемдерді жүзеге асыру мақсатында ашуға жататын эмиссиялық бағалы қағаздар мен олардың ұстаушылары туралы ақпарат бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық құпияны құрамайды.
Ескерту. 41-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
42-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы қызметтiк құпия
Ескерту. 42-бап алып тасталды - ҚР 2011.12.28 N 524 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
43-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық құпияны
ашу
1. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық құпияны құрайтын мәлiметтер жария етiлмеуге тиiс.
2. Бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық құпияны құрайтын мәлiметтер өзi эмиссиялайтын бағалы қағаздарға қатысты - эмитентке және эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша оның құқықтарына қатысты - бағалы қағазды ұстаушыға не Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ресiмделген сенiмхат негiзiнде олардың өкiлдерiне берiлуі мүмкiн.
Нақтылы ұстаушының коммерциялық құпияны құрайтын клиенттерi туралы мәлiметтерді табыс ету тәртiбi осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де Заң актілерінде айқындалады.
3. Бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық құпияны құрайтын мәлiметтер:
1) өздері жүргiзiп жатқан қылмыстық iстер бойынша анықтау және алдын ала тергеу органдарына;
2) соттың ұйғарымы, қаулысы негiзiнде өздерi жүргiзiп жатқан iстер бойынша соттарға;
3) олардың құзыретi шегiнде тексеру жүргiзу туралы қаулы негiзiнде өздерi қарап жатқан материал бойынша прокуратура органдарына;
3-1) «Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мақсатта және тәртіппен қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға;
4) атқарушылық іс жүргізу органдарына және жеке сот орындаушыларына: атқарушылық іс жүргізу органының мөрімен немесе жеке сот орындаушысының мөрімен расталған, сот орындаушысының сот санкция берген қаулысы негізінде өздері жүргізіп жатқан атқарушылық іс жүргізу бойынша;
5) тексерiлетiн тұлғаға салық салуға байланысты мәселелер бойынша салық органдарына;
6) оның сұратуы бойынша уәкiлеттi органға;
7) олар жүргiзiп жатқан мұрагерлiк iстер бойынша нотариустерге;
8) олар жүргiзiп жатқан мұрагерлiк iстер бойынша шетелдiк консулдық мекемелерге берiлуге тиiс.
4. Бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық құпияны құрайтын мәлiметтердi осы баптың 3-тармағында аталған органдарға беру тәртiбi осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен белгiленедi.
Ескерту. 43-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.06.22 N 147, 2009.08.28 N 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.06.21 N 19-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
44-бап. Бағалы қағаздар рыногының кәсiби
қатысушыларына қойылатын талаптар
1. Бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы өзiнiң клиенттерiне қызмет көрсету процесiнде бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық құпияны құрайтын мәлiметтердi және инсайдерлік ақпаратты пайдалануды болғызбауға мүмкiндiк беретiн талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
2. Бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық құпияны құрайтын мәлiметтердi және инсайдерлік ақпаратты пайдалануға және табиғи баға белгiлеудi бұзу мен бағалы қағаздар рыногының тұрақсыздануына әкеп соғуы мүмкiн iс-әрекеттерге жол беруге құқылы емес.
3. Бағалы қағаздар рыногы кәсiби қатысушысының iшкi құжаттарында бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық құпияны құрайтын мәлiметтердiң және инсайдерлік ақпараттың сақталуын қамтамасыз ететiн және оларды кәсiби қатысушының, оның қызметкерлерiнiң немесе үшiншi тұлғалардың өз мүдделерiнде пайдалануына жол бермейтiн талаптар болуға тиiс.
Ескерту. 44-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.28 N 524 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
9-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы қызметті
жүзеге асыру тәртібі
45-бап. Бағалы қағаздар рыногының инфрақұрылымы
1. Бағалы қағаздар рыногында уәкiлеттi органның лицензиялауына жататын мынадай қызмет түрлерi:
1) брокерлiк;
1-1) дилерлiк;
РҚАО-ның ескертпесі!
2) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2) бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесiн жүргiзу;
3) инвестициялық портфельдi басқару;
4) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару;
5) кастодиандық;
6) трансфер-агенттiк;
6-1) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметі;
7) (алып тасталды)
8) бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауда ұйымдастыру жүзеге асырылады.
2. Осы баптың 1-тармағының 1)-8) тармақшаларында аталған қызмет, сондай-ақ депозитарийлiк қызмет және бірыңғай тіркеушінің қызметі бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызмет болып табылады.
3. Бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтiң белгiлi бiр түрiн немесе өзара қоса атқаратын түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар өзiнiң қызметiн үйлестiру мақсатында өзiн-өзi реттейтiн ұйым құрады.
4. Бағалы қағаздар рыногындағы лицензиялауға жататын қызметтi жүзеге асыру тәртiбi осы Заңмен, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен, өзін-өзi peттeйтін ұйымдардың және лицензиаттардың ішкі құжаттарымен белгiленедi.
Бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтiң түрлерiн қоса атқарудың талаптары мен тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.
4-1. Лицензиат бағалы қағаздар нарығындағы қызметті:
бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру шарттары мен тәртібін;
операцияларды жүргізудің жалпы шарттарын;
лицензиат пен оның клиентінің құқықтары мен міндеттерін, олардың жауапкершілігін;
Осы тармақта көзделген ішкі құжаттарды лицензиаттың басқару органы бекітуге тиіс.
5. Клиенттердiң (депоненттердiң) ақшасы мен бағалы қағаздарын лицензиаттар, бірыңғай тіркеуші және орталық депозитарий өздерiнiң активтерiнен бөлек есепке алады және олар банкрот болған немесе ерiктi түрде таратылған жағдайда тарату массасына енгiзiлмейдi.
6. Бағалы қағаздар рыногында көрсеткен қызметтерi үшiн лицензиатқа клиенттiң сыйақы төлеуiнiң талаптары мен тәртiбi лицензиаттың iшкi құжаттарымен және (немесе) лицензиаттың өз клиентiмен жасалған шартымен белгiленедi.
7. (алып тасталды)
Ескерту. 45-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
46-бап. Өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) жарғылық
капиталын қалыптастыру
1. Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын қайта ұйымдастырылуы кезінде лицензиаттың акцияларына төлем жасау жағдайын қоспағанда, өтініш берушiнiң (лицензиаттың) акцияларына төлем жасау тек қана ақшалай Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүзеге асырылады.
Өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
Заңды тұлға акцияға төленген ақы және (немесе) басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесi ретiнде енгiзiлген активтер сомасын шегере отырып, өз капиталы шегiнде өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) акцияларын төлеуге құқылы.
2. Мәмiлелердiң нәтижесiнде пруденциалдық нормативтер және қаржылық тұрақтылықтың уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген өзге де көрсеткiштерi немесе өлшемдерi (нормативтерi) бұзылмайтын жағдайда, лицензиат акцияның он және одан да көп процентi тиесiлi акционерлерден өз акцияларын сатып алу жөнiнде мәмiлелер жасасуға құқылы.
Ескерту. 46-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
47-бап. Өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) құрылтайшылары мен
акционерлерi
1. Қазақстан Республикасының резиденті мен резиденті емес жеке және заңды тұлғалары осы баптың 2-тармағында және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында белгiленген шектеулердi ескере отырып, өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) құрылтайшылары және акционерлерi бола алады.
РҚАО-ның ескертуі!
2-тармақ 2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі.
2. Тiзбесiн уәкiлеттi орган белгiлейтiн оффшорлық аймақтарда тiркелген заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының резиденті өтініш берушінің (лицензиаттың) дауыс беретін акцияларын тікелей немесе жанама иелене алмайды және (немесе) пайдалана алмайды және (немесе) оларға билік ете алмайды.
Көрсетілген шектеу өтініш беруші жүзеге асырғысы келетін (лицензиат жүзеге асыратын) қызмет түрлерін жүзеге асыратын, рейтинг агенттiктерi бiрінің талап етілетiн ең төмен рейтингi бар Қазақстан Республикасының резидентi емес ұйымдардың еншілес ұйымдары болып табылатын өтiнiш берушiлерге (лицензиаттарға) қолданылмайды.
Рейтинг агенттіктерінің тізбесі және талап етілетін ең төменгі рейтинг уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Ескерту. 47-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 N 524 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
47-1-бап. Лицензиаттың ұйымдық-құқықтық нысаны және
органдары
1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрыла алатын және қызметін жүзеге асыра алатын, клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз брокерді және (немесе) дилерді және трансфер-агентті қоспағанда, лицензиат акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылады және қызметін жүзеге асырады.
2. Лицензиат (трансфер-агентті қоспағанда) міндетті түрде ішкі аудит қызметін құрады және мынадай алқалы органдарды қалыптастырады:
1) басқару органы;
2) атқарушы орган.
Ескерту. 47-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 N 524 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
48-бап. Өтiнiш берушiге қойылатын бiлiктiлiк
талаптары
1. Өтiнiш берушi лицензия алу үшiн мынадай бiлiктiлiк талаптарына сай болуға тиiс:
1) өтініш берушінің басқару органы бекіткен, жуырдағы үш жылға арналған бизнес-жоспарының болуы. Бизнес-жоспарда мынадай мәселелер:
лицензияны алу мақсаттары;
қызметінің негізгі бағыттарының сипаттамасы және оған өтініш беруші бағдар жасаған нарық сегментіне шолу;
қызмет шеңберіндегі көзделген қызмет көрсету, оларды бағалау тәртібі туралы ақпарат, сондай-ақ оларды сатудың шарттары мен көлемі бойынша жоспарлар;
қызметіне байланысты негізгі тәуекелдер, оларды бағалау және меншікті капиталы есебінен өтеу тәсілдері, меншікті капиталының жеткіліктілік мәні, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау рәсімдері туралы ақпарат;
қаржы жоспары, оның ішінде алғашқы үш қаржы (операциялық) жылындағы кірістер мен шығыстар болжамы, көрсетілген кезең ішінде жол берілетін залалдылық коэффициенттері;
инвестициялық саясат, компания қызметін қаржыландыру көздері;
өтініш берушінің ұйымдық құрылымы, корпоративтік басқару рәсімін іске асыру тәсілдерінің сипаттамасы, сондай-ақ мамандардың білім деңгейіне қойылатын талаптар көрсетілуге тиіс;
2) уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес, бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi жүзеге асыруға қажеттi бағдарламалық-техникалық құралдары мен жабдықтары болуы;
3) (алып тасталды)
4) (алып тасталды)
5) осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін ұйымдық құрылымның болуы;
6) (алып тасталды)
7) өтініш берушінің тексеру жүргізудің тәртібін, кезеңділігін және ішкі аудит қызметінің есебін жасау мерзімдерін айқындайтын ішкі аудит қызметі туралы ереженің болуы.
2. (алып тасталды)
3. алып тасталды.
Ескерту. 48-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
49-бап. Лицензиаттың сақтауға мiндеттi пруденциялық
нормативтерi, қаржы тұрақтылығының өзге де
көрсеткiштерi мен өлшемдерi (нормативтерi)
1. Лицензиат бағалы қағаздар рыногындағы қызметтiң тиiстi түрiне қатысты уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген пруденциялық нормативтердi және қаржы тұрақтылығының өзге де көрсеткiштерi мен өлшемдерiн (нормативтерiн) сақтауға мiндеттi.
2. Лицензиат уәкiлеттi органға пруденциялық нормативтердiң, қаржы тұрақтылығының өзге де көрсеткiштерi мен өлшемдерiнiң (нормативтерiнiң) сақталуын сипаттайтын көрсеткiштердiң есептерiн, уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiп пен мерзiмде табыс етуге мiндеттi.
3. Пруденциялық нормативтердiң, сондай-ақ пруденциялық нормативтер мәнiнiң сақталуы мен есеп айырысу тәртiбiн сипаттайтын көрсеткiштердiң, лицензиат сақтауға тиiстi қаржы тұрақтылығының өзге де көрсеткiштерi мен өлшемдерiнiң (нормативтерiнiң) түрлерi бағалы қағаздар рыногындағы қызметтiң әр түрiне қатысты уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
3-1. Лицензиат уәкілетті органның жазбаша нұсқамасында көрсетілген қаржылық және (немесе) өзге де есептіліктегі деректерді түзету жөніндегі талаптарды орындамаған кезде, пруденциалдық нормативтерді және басқа да міндетті нормалар мен лимиттерді есептеуді уәкілетті орган өздері түзеткен есептілік негізінде жүзеге асырады.
4. Осы Заңның лицензиат сақтауға міндетті пруденциялық нормативтер, қаржылық тұрақтылықтың өзге де көрсеткіштері мен өлшемдері (нормативтері) туралы нормалары ұлттық басқарушы холдингке және дауыс беретін акцияларының жүз проценті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін заңды тұлғаларға қолданылмайды.
Ескерту. 49-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) Заңдарымен.
49-1-бап. Тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесі
Лицензиаттар тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастырады, онда:
1) лицензиат органдарының, лицензиат бөлімшелерінің тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жөніндегі өкілеттіктері мен функционалдық міндеттері, олардың жауаптылығы;
2) тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жөніндегі ішкі саясат пен рәсімдер;
3) жасалатын операциялардың түрлері бойынша жеке алғанда жол берілетін тәуекелдер мөлшеріне лимиттер;
4) лицензиат органдарына тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жөніндегі есептілікті ұсынудың ішкі рәсімдері;
5) тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін бағалаудың ішкі критерийлері қамтылуға тиіс.
Тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Ескерту. 9-тарау 49-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.12.28 N 524 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
50-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi
лицензиялау
1. Бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыру үшiн лицензиялар берудiң талаптары мен тәртiбi осы Заңмен және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
2. Лицензия алу үшiн табыс етiлген құжаттарды уәкiлеттi орган қарайды және өтiнiш берушi мен ол табыс еткен құжаттар осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптарына сәйкес болған жағдайда Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттарды табыс еткен күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешiктiрмей лицензия бередi.
Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген негiздемелер бойынша лицензия беруден бас тартуға құқылы.
3. Егер лицензия алу үшiн табыс етiлген құжаттарды қарау процесiнде осы құжаттарда өтiнiш берушi, оның құрылтайшылары немесе олардың қызметi туралы дәйектемесiз мәлiметтер бар екенi анықталса, уәкiлеттi орган ол құжаттарды қapaу мepзiмiн тоқтата тұруға құқылы. Өтініш беруші ескертпелердi жойғаннан кейiн және құжаттарды тапсырғаннан кейiн олардың қарау мерзiмi қайта жаңғыртылады. Уәкiлеттi органның құжаттарды кейiнгi қарау мерзiмi күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс.
Ескерту. 50-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
51-бап. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру.
Лицензиядан айыру және қолданылуын тоқтату
1. Уәкiлеттi орган мынадай:
1) лицензия алу немесе лицензиаттың қызметi туралы есептi қарау үшiн табыс етiлген құжаттарда дәйектемесiз ақпарат анықталған;
2) лицензия алу үшiн табыс етiлген құжаттардағы өзгерiстер туралы ақпарат берiлмеген;
3) осы Заңда белгiленген бiлiктiлiк талаптары сақталмаған;
4) бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi реттейтiн Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ лицензиаттың iшкi құжаттарын бұзған;
5) уәкілетті орган қолданған ықпал етудің шектеулі шараларының талаптары орындалмаған;
5-1) уәкілетті органның талабы бойынша міндеттеме-хат берілмеген;
5-2) уәкілетті органмен жазбаша келісім жасаудан бас тартылған;
6) лицензияның қолданылуын ерiктi түрде тоқтата тұру туралы жазбаша өтiнiш болған;
7) жүзеге асыруға лицензия берiлген қызметтi алты және одан да көп ай iшiнде лицензиат жүзеге асырмаған;
8) бағалы қағаздар рыногындағы қызмет туралы мәлiметтердi мемлекеттiк органдарға табыс ету жөнiндегi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарды орындамаған;
9) лицензиаттар үшiн тыйым салынған және шектелген қызметтердi жүзеге асырған;
10) бағалы қағаздар нарығы лицензиаттарының басшы қызметкерлерін келісумен байланысты талаптар бұзылған;
11) «Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптар жүйелі түрде (соңғы күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) бұзылған жағдайларда лицензияның қолданылуын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқылы.
1-1. Қор биржасының мүшесі қор биржасының қағидаларын тиісінше орындамауы немесе орындамауы себебінен қор биржасының мүшелігі тоқтатыла тұрған немесе оны жоғалтқан жағдайда, уәкілетті орган қор биржасы мүшесінің бағалы қағаздар рыногында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясының қолданылуын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұру туралы немесе лицензиядан айыру туралы шешім қабылдауға құқылы.
2. Уәкiлеттi органнан лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы жазбаша хабарлама алғаннан кейiн бағалы қағаздар рыногындағы қызметтiң лицензияланатын түрiн жүзеге асыру заңсыз болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
3. (алып тасталды)
4. Уәкiлеттi орган:
1) лицензияның қолданылуын тоқтата тұру себептерi жойылмаған;
2) бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi реттейтiн Қазақстан Республикасының заңдары, сондай-ақ лицензиаттың iшкi құжаттары жүйелi түрде (соңғы күнтізбелік он екі ай iшiнде үш рет және одан көп) бұзылған;
3) уәкiлеттi органның ұйғарымдары жүйелi түрде (соңғы күнтізбелік он екі ай iшiнде үш рет және одан көп) орындалмаған;
3-1) осы Заңның 51-бабы 1-тармағының 11) тармақшасында көзделген негіздер бойынша лицензияның қолданылуын тоқтата тұру түрінде санкция қолданылған, «Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптар қатарынан соңғы он екі ай ішінде қайтадан бұзылған;
3-2) лицензиаттар ақшаны жылыстатумен немесе терроризмді қаржыландырумен байланысты мәмілелерге қатысқан жағдайларда;
4) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленген өзге де негiздер бойынша лицензиядан айыруға құқылы.
5. Лицензияның қолданылуы Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгiленген негiздемелер бойынша тоқтатылады.
6. Лицензиат уәкiлеттi органның лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе одан айыру туралы хабарламасын алғаннан кейiн оның клиенттер алдындағы мiндеттемелерiн орындау тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
Ескерту. 51-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2009.08.28 N 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 N 524 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.06.21 N 19-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
52-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы қызмет туралы
есептер
1. Лицензиаттар, бірыңғай тіркеуші және орталық депозитарий уәкiлеттi органға бағалы қағаздар рыногындағы қызмет туралы есептер беруге мiндеттi.
2. Лицензиаттардың, бірыңғай тіркеушінің және орталық депозитарийдiң бағалы қағаздар рыногындағы қызметi туралы есептердi беру кезеңдiлiгi, есептердiң нысандары және оларды табыс ету тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
3. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша уәкілетті орган бекіткен статистикалық әдіснамаға сәйкес бағалы қағаздар нарығының субъектілері уәкілетті органға бастапқы статистикалық деректерді беруге міндетті.
Ескерту. 52-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.12.28 N 524 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
53-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi жүзеге
асыруға шектеулер және тыйым салу
1. Мынадай жағдайларды:
1) өз мұқтаждығы үшін сатып алынған мүлікті жалға беруді қоса алғанда, өз мүлкіне билік етуді;
2) бағалы қағаздар рыногындағы қызметпен байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызметтер көрсетуді;
3) бағалы қағаздар рыногындағы қызмет мәселелері жөніндегі арнайы әдебиеттерді ақпарат жеткізгіштердің кез келген түрлерінде өткізуді;
4) бағалы қағаздар рыногындағы қызмет саласында мамандардың біліктілігін арттыру бойынша оқытуды ұйымдастыруды;
5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген өзге де жағдайларды қоспағанда, лицензиат қаржы рыногындағы қызметке жатпайтын кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға құқылы емес.
2. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының бағалы қағаздар рыногындағы қызметi Қазақстан Республикасының аталған ұйымдардың қызметiн реттейтiн заңнамалық актiлерiнiң талаптары ескерiле отырып жүзеге асырылады.
Ескерту. 53-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 N 524 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
53-1-бап. Шындыққа сай келмейтін жарнамаға тыйым салу
1. Лицензиатқа жарнама жарияланған күні шындыққа сай келмейтін қызметін жарнамалауға тыйым салынады.
2. Уәкілетті орган лицензиаттан шындыққа сай келмейтін жарнамаға өзгерістер енгізуді, оның тоқтатылуын немесе оны теріске шығаруды жариялауды талап етуге құқылы.
Осы талаптар уәкілетті орган белгілеген мерзімде орындалмаған жағдайда уәкілетті орган жарнамадағы мәліметтердің шындыққа сай келмейтіндігі туралы ақпаратты жариялауға не мұндай жарнаманы жариялаған лицензиат есебінен оларды нақтылауға құқылы.
3. Бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылар ұсынатын қызметтерді жарнамалаушы ретінде мына тұлғаларға:
уәкілетті органның бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы жоқ заңды тұлғаларға;
лицензиаттардың қызметкерлері болып табылмайтын және лицензиаттар уәкілеттік бермеген жеке тұлғаларға әрекет етуге тыйым салынады.
Ескерту. 9-тарау 53-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.12.28 N 524 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
54-бап. Өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы
қызметкерлеріне қойылатын талаптар
1. Мыналар:
1) өтініш берушінің (лицензиаттың) басқару органының бірінші басшысы мен мүшелері;
2) өтініш берушінің (лицензиаттың) атқарушы органының бірінші басшысы (трансфер-агенттің атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға) мен мүшелері;
3) трансфер-агенттің бас бухгалтерін қоспағанда, бас бухгалтер;
4) өтініш берушінің (лицензиаттың) оқшауланған бөлімшелерінің бірінші басшыларын және олардың бас бухгалтерлерін қоспағанда, өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызметті жүзеге асыратын бір немесе бірнеше құрылымдық бөлiмшесiнiң қызметiн үйлестiрудi және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және клиенттермен жасалған шарттарда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген әртүрлі есептілік нысандарын қоса алғанда, клиенттермен жасалатын кез келген шарттарға, клиенттерге және (немесе) уәкілетті органға берілетін ақпаратқа, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушы клиенттердің шоттарындағы активтердің қозғалысы мен қалдығының салыстырып тексерілгенін растайтын құжаттарға қол қою құқығы бар өзге де басшылары өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкерлері болып танылады.
2. Мыналар:
1) жоғары білімі жоқ;
2) алып тасталды;
3) тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарында осы бапта белгіленген жұмыс стажы және (немесе) қаржылық қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу және (немесе) қаржы ұйымдарына аудит жүргізу бойынша қызмет көрсету саласындағы жұмыс стажы жоқ;
4) мінсіз іскерлік беделі жоқ;
РҚАО-ның ескертпесі!
5) тармақшадағы «трансфер-агенттің атқарушы органының» деген сөздер 2013.01.01 дейін қолданыста болады.
5) уәкілетті органның қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешімі қабылданғанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымы басқару органының бірінші басшысы, атқарушы органының бірінші басшысы (трансфер-агенттің атқарушы органының функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлға) және оның орынбасары, бас бухгалтері , ірі қатысушысы-жеке тұлғасы, ірі қатысушысы-заңды тұлғасының бірінші басшысы болған адамдар өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап уәкілетті органның қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешімі қабылданғаннан кейін бес жыл бойы қолданылады;
6) лицензиаттың не өзге де қаржы қызметтерін көрсететін қаржы ұйымының басшы қызметкері лауазымында болған кезеңінде осы адамды басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарылып алынған адамдар өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алу туралы шешімді қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай бойы қолданылады.
3. Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған және қызметін жүзеге асыратын өтініш берушінің (лицензиаттың) атқарушы органы мүшелерінің саны үш адамнан кем болмауға тиіс.
4. Осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген талапқа сәйкес келу үшін:
РҚАО-ның ескертпесі!
1) тармақшадағы «трансфер-агенттің атқарушы органының» деген сөздер 2013.01.01 дейін қолданыста болады.
1) өтініш берушінің (лицензиаттың) атқарушы органының бірінші басшысы (трансфер-агенттің атқарушы органының функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлға), бас бухгалтері лауазымдарына кандидаттар үшін кемінде үш жыл;
2) өтініш берушінің (лицензиаттың) басқару органының бірінші басшысы, атқарушы органының мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін кемінде екі жыл;
3) өзге де басшы қызметкерлер лауазымдарына кандидаттар үшін кемінде бір жыл жұмыс стажы болуы қажет.
Басқару органы мүшелерінің, сондай-ақ тек қана өтініш берушінің (лицензиаттың) қауіпсіздік мәселелеріне, әкімшілік-шаруашылық мәселелеріне жетекшілік ететін атқарушы органының мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген жұмыс стажының болуы талап етілмейді.
Осы тармақта айқындалған жұмыс стажына қаржы ұйымы бөлімшелеріндегі шаруашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты жұмыс кірмейді.
5. Басшы қызметкер тағайындалған (сайланған) күннен бастап өз қызметін уәкілетті органның келісімінсіз күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзім ішінде атқаруға құқылы.
Осы тармақта көрсетілген мерзім өткеннен кейін және құжаттардың толық пакеті уәкілетті органға келісуге табыс етілмеген жағдайда не уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайда, өтініш беруші (лицензиат) осы адаммен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
Уәкілетті органның келісімінсіз өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкерінің міндеттерін осы тармақта белгіленген мерзімнен артық атқаруға (уақытша болмаған адамды ауыстыруға) тыйым салынады.
6. Өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісім беру тәртібі, келісім алуға қажетті құжаттар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
7. Уәкілетті орган өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартқан не ол өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымынан босатылған немесе оны осы өтініш берушідегі (лицензиаттағы) өзге лауазымға ауыстырған жағдайда, бұл адам оны тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартылғаннан не ол лауазымнан босатылғаннан не өзге лауазымға ауыстырылғаннан кейін кемінде күнтізбелік тоқсан күн өткен соң, бірақ қатарынан он екі ай ішінде екі реттен артық емес, осы өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымына қайтадан тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.
8. Уәкілетті орган өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беруден қатарынан екі рет бас тартқан жағдайда, осы адам уәкілетті органның оны өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беруден екінші рет бас тарту туралы шешімі қабылданған күннен бастап қатарынан он екі ай өткеннен кейін өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымына тағайындала (сайлана) алады.
8-1. Уәкілетті орган осы бапта көрсетілген тұлғаларды өтініш берушінің (лицензиаттың) аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейді деп тану үшін жеткілікті деректердің негізінде қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетуге құқылы.
9. Уәкілетті орган өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) берген келісімін:
1) келісім беруге негіз болған дәйектемесіз мәліметтер анықталған;
2) уәкілетті органның басшы қызметкерге және (немесе) осы басшы қызметкер тиісті қызметті атқаратын (соңғы күнтізбелік он екі ай ішінде атқарған) лицензиатқа санкцияларды жүйелі түрде (соңғы күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) қолдануы;
3) уәкілетті орган осы бапта көрсетілген тұлғаларды өтініш берушінің (лицензиаттың) аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейді деп тану үшін жеткілікті деректердің негізінде қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету;
4) алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы негіздері бойынша кері қайтарып алуға құқылы.
Уәкілетті органның лицензиаттың басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісімін қайтарып алуы осы басшы қызметкерге өзге де қаржы ұйымдарында бұрын берілген келісімді (келісімдерді) қайтарып алуға негіз болып табылады.
Уәкілетті орган өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алған жағдайда, өтініш беруші (лицензиат) ол адаммен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
10. Алынып тасталды - ҚР 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
11. Алынып тасталды - ҚР 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Ескерту. 54-бап жаңа редакцияда - ҚР 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2006.06.05 N 146, 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.05.15 N 253, 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
55-бап. Ұйымдық құрылымға қойылатын талаптар
1. Бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыруға екi және одан да көп лицензиясы бар лицензиаттың ұйымдық құрылымы қызметтiң әр түрi бойынша жекелеген бөлiмшелерден тұруға тиiс.
2. Лицензиаттың бiр бөлiмше қызметкерлерiнiң функциялары мен мiндеттерiн орындауды екiншi бөлiмшенiң қызметкерлерiне жүктеуге құқығы жоқ.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының талаптарын қолдану ерекшелiктерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
56-бап. Жосықсыз іс-қимылға тыйым салу. Бағалы
қағаздар нарығында айла-шарғы жасау
1. Бағалы қағаздар нарығы субъектілеріне:
1) бағалы қағаздар нарығының басқа субъектілеріне олардың бағалы қағаздар нарығындағы іс-қимылын өзгерту мақсатында кез келген нысанда ықпал етуге;
2) бағалы қағаздар нарығында қалыптасатын жағдайға ықпал ету мақсатында дәйексіз мәліметтер таратуға;
3) бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында мәмілелер жасасуға тыйым салынады.
Бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп танылған мәмілені жасасуға қатысқан тұлғалар осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде көзделген жауаптылықта болады.
Бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған мәмілені сот мүдделі тұлғалардың талап-арызы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін.
2. Ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында жасалған мәмілені бағалы қағаздар рыногында айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тануды уәкілетті орган сауда жүйесінде осы мәміле жасалған, бағалы қағаздармен мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тану мәселелерін қарау мақсатында құрылған қор биржасы сараптама комитетінің (бұдан әрі осы бапта – сараптама комитеті) қорытындысын қарау қорытындылары бойынша жүзеге асырады.
3. Ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тану мәселелері бойынша сараптамалық қорытындыны дайындау үшін қор биржасы сараптама комитетін құрады.
Сараптама комитеті қор биржасының директорлар кеңесінің мүшелерінен, уәкілетті органның өкілдерінен, қор биржасының қызметкерлерінен және комитетте жұмыс істеуге қажетті кәсіби білімі бар өзге де сарапшылардан тұрады.
Қор биржасының атқарушы органының басшысы сараптама комитетінің төрағасы бола алмайды.
4. Сараптама комитетін жасақтау және оның жұмыс жасау тәртібі, сондай-ақ оның сандық құрамы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленеді.
5. Айла-шарғы жасау мақсатында бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді анықтау тұрғысынан мониторинг жүргізуге және талдауға мынадай талаптардың кез келгеніне сәйкес келетін мәмілелер:
1) бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмілелері бес жұмыс күні ішінде жасалған, олардың орындалуы осы мәмілелер тараптарындағы осындай бағалы қағаздар санының елеулі өзгеруіне алып келмеген мәмілелер (мәмілелер тараптарындағы бағалы қағаздардың бастапқы санының он және одан да көп процентке айырмашылығы бағалы қағаздар санының елеулі өзгеруі деп танылады);
2) клиент екі немесе одан да көп брокерге беретін бір шығарылымдағы бағалы қағаздарды сатуға және сатып алуға қарсы бұйрықтардың негізінде жасалған бір не бірнеше мәміле;
3) ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында жасалған, бағалы қағаздар нарығында осындай мәміле жасалғанға дейін қалыптасқан осы бағалы қағаздардың бағаларынан елеулі айырмашылығы бар алдын ала келісілген баға бойынша жасалған мәміле;
4) инсайдерлік ақпаратты пайдаланып жасалған мәміле;
5) ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында жасалған, сұраныстың және (немесе) ұсыныстың объективті арақатынасы нәтижесінде белгіленген бағалы қағаздар бағасынан жоғары немесе төмен баға белгілеуге және (немесе) ұстауға немесе бағалы қағазбен сауда-саттық көрінісін жасауға бағытталған мәміле;
6) ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында жасалған, сараптама комитеті айқындаған қосымша талаптарға сәйкес келетін өзге де мәмілелер жатқызылады.
6. Ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп танудың тәртібі мен шарттары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленеді.
7. Ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында жасалған мәмілелерді бағалы қағаздар рыногында айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тануды уәкілетті орган бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің ұсынған құжаттарын талдау не бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің қызметін тексеру нәтижелері бойынша жүзеге асырады.
8. Ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында жасалған мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тану тәртібі мен шарттары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Ескерту. 56-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
56-1-бап. Инсайдерлiк ақпаратқа билiк етудi және оны
пайдалануды шектеу
1. Эмитенттің ішкі құжаттарында:
1) инсайдерлікке жататын ақпарат тізбесі;
2) инсайдерлік ақпаратты ашып көрсету тәртібі мен мерзімдері;
3) инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізу құқықтарының аражігін ажырату және инсайдерлердің мұндай ақпаратты заңсыз пайдалану мүмкіндігіне жол бермеу үшін ішкі бақылау қағидалары;
4) инсайдерлік ақпаратқа қолжетімділігі бар тұлғалардың тізімін жүргізу, сайма-сай қалпында ұстау, сондай-ақ оларды тізімнен шығару тәртібі;
5) тұлғаларды осы баптың 5-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген тізімге енгізген (тізімнен шығарған) жағдайларда оларға хабарлама жіберу, сондай-ақ осы баптың 5-тармағының 5) тармақшасында белгіленген жағдайда тұлғаларға хабарлау тәртібі мен мерзімдері;
6) осы баптың 3-тармағының 2), 3), 4) және 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғалардың эмитентке өзінің қызметтік жағдайына және еңбек міндеттеріне қарай эмитенттің инсайдерлік ақпаратына қолжетімділігі бар өз қызметкерлері туралы ақпарат беру тәртібі мен мерзімдері;
7) эмитентке инсайдерлік ақпаратқа билік етуге және оны пайдалануға бақылауды жүзеге асыруына мүмкіндік беретін өзге де ережелер белгіленеді.
Эмитенттің осы тармақта көрсетілген ішкі құжаттарын (осы бапта бұдан әрі – ішкі бақылау қағидалары) эмитенттің басқару органы бекітуге тиіс.
2. Мыналар инсайдерлік ақпаратқа жатпайды:
1) инвестициялық шешімдер қабылдау және (немесе) бағалы қағаздармен (туынды қаржы құралдарымен) операцияларды жүзеге асыру туралы ұсынымдар немесе ұсыныстар әзірлеу мақсатында жасалған бағалы қағаз (туынды қаржы құралы) құнына, эмитенттің мүліктік жағдайына қатысты зерттеуді, болжауды және бағалауды қоса алғанда, жалпыға қолжетімді мәліметтер негізінде әзірленген ақпарат;
2) бұқаралық ақпарат құралдарынан алынған ақпарат;
3) дерек көзі беймәлім, қалың қауымға таралатын, расталмаған ақпарат, сондай-ақ эмитенттің ағымдағы немесе жоспарланған қызметіне қатысты болжамдар.
3. Мына адамдар инсайдерлер болып танылады:
1) өзінің қызметтік жағдайына және еңбек міндеттеріне қарай инсайдерлік ақпаратқа қолжетімділігі бар эмитент қызметкерлері;
2) эмитенттің дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он немесе одан көп пайызын тікелей немесе жанама иеленуіне, пайдалануына және (немесе) оларға билік етуіне қарай инсайдерлік ақпаратқа қолжетімділігі бар адамдар;
3) аудиторлық ұйым, бағалаушы, бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылар және талаптарында инсайдерлік ақпаратты ашып көрсету көзделіп жасалған (оның ішінде ауызша) шартқа сәйкес эмитентке қызметтер көрсететін басқа да адамдар;
4) эмитент шығарған (берген) бағалы қағаздар (туынды қаржы құралдары) оның тізіміне енгізілген сауда-саттықты ұйымдастырушы;
5) қор биржасы директорлар кеңесінің, қор биржасы листинг комиссиясының және бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді айлы-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тану мәселелерін қарау мақсатында құрылған, сауда жүйесінде эмитенттің бағалы қағаздарымен мәмілелер жасалатын қор биржасы сараптама комитетінің мүшелері;
6) бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің қызметін мемлекеттік бақылау және қадағалау бойынша өздеріне берілген функцияларға қарай инсайдерлік ақпаратқа қолжетімділігі бар мемлекеттік қызметшілер;
7) мүшелері эмитенттер болып табылатын қоғамдық бірлестіктер мен өзін-өзі реттейтін ұйымдар және осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген, өздеріне берілген өкілеттіктерге қарай инсайдерлік ақпаратқа қолжетімділігі бар ұйымдар;
8) осы тармақтың 2), 3), 4) және 7) тармақшаларында көрсетілген ұйымдардың өзінің қызметтік жағдайына және еңбек міндеттеріне қарай инсайдерлік ақпаратқа қолжетімділігі бар қызметкерлері;
9) осы тармақтың 1) - 8) тармақшаларында аталған адамдардан инсайдерлік ақпаратты алған адамдар.
4. Инсайдерлер:
1) бағалы қағаздармен (туынды қаржы құралдарымен) мәмілелер жасаған кезде инсайдерлік ақпаратты пайдалануға;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, инсайдерлік ақпаратты үшінші бір адамдарға беруге немесе үшінші бір адамдар үшін қолжетімді етуге;
3) инсайдерлік ақпаратқа негізделген, бағалы қағаздармен мәмілелер жасау туралы ұсынымдарды үшінші бір адамдарға беруге құқылы емес.
5. Эмитент мынадай іс-шараларды жүргізу арқылы:
1) оның қызметіне қатысты болатын және жалпыға бірдей қолжетімді болып табылмайтын ақпаратты, егер салдарына байланысты эмитенттің мүліктік және қаржылық жағдайы үшін бұл ақпараттың осы эмитент шығарған (берген) бағалы қағаздардың (туынды қаржы құралдарының) құнына әсер етуге ықпалы болса, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және шарттарда ашып көрсету;
2) ішкі бақылау қағидаларын әзірлеу және бекіту, сондай-ақ эмитенттің және оның қызметкерлерінің осы қағидалардың талаптарын орындауына бақылауды жүзеге асыру;
3) міндетіне эмитенттің және оның лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының және ішкі бақылау қағидаларының талаптарын сақтауына бақылауды жүзеге асыру кіретін құрылымдық бөлімше құру не лауазымды адамды тағайындау;
4) эмитенттің инсайдерлік ақпаратына қолжетімділігі бар, осы баптың 3-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында аталған адамдар тізімін жүргізу және сайма-сай қалпында ұстау;
5) осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген тізімге енгізілген адамдарға олардың тізімге (тізімнен) енгізілгені (шығарылғаны) туралы хабарлама жіберу, аталған адамдарға инсайдерлік ақпаратқа билік ету және оны пайдалану бөлігінде осы Заң мен ішкі бақылау қағидаларының талаптарын хабарлау;
6) осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген тізімге енгізілген адамдардың тізімін уәкілетті органға оның талап етуі бойынша табыс ету;
7) ішкі бақылау қағидаларында көзделген өзге де іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларды қоса алғанда, алайда олармен шектелмей, эмитент және ол шығарған (берген) бағалы қағаздар (туынды қаржы құралдары) туралы инсайдерлік ақпаратқа билік еткені және оны пайдаланғаны үшін бақылауды қамтамасыз етуге міндетті.
6. Осы баптың 3-тармағының 2), 3), 4) және 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар:
1) осы заңды тұлғалар оларға қатысты инсайдерлер деп танылған, өзінің қызметтік жағдайына және еңбек міндеттеріне қарай эмитенттердің инсайдерлік ақпаратына қолжетімділігі бар өз қызметкерлерінің тізімін жүргізуге;
2) осы заңды тұлғалар оларға қатысты инсайдерлер деп танылған, инсайдерлік ақпаратты пайдалануға тыйым салу бөлігінде осы Заңның және ішкі бақылау қағидаларының талаптары туралы өз қызметкерлеріне хабарлауға;
3) осы заңды тұлғалар оларға қатысты инсайдерлер деп танылған эмитенттерді өзінің қызметтік жағдайына және еңбек міндеттеріне қарай эмитенттердің инсайдерлік ақпаратына қолжетімділігі бар өз қызметкерлері туралы ішкі бақылау қағидаларында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде хабарлауға міндетті.
Ескерту. 56-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 N 524 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
10-тарау. Бағалы қағаздарын нақтылы ұстау
57-бап. Бағалы қағаздарды нақтылы ұстауды жүзеге
асыру тәртiбi
1. Бағалы қағаздардың нақтылы ұстаушысы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығы бар орталық депозитарий, кастодиан және брокер және (немесе) дилер нақтылы ұстау қызметiн көрсетуге құқылы.
2. Бағалы қағаздарды нақтылы ұстауды клиентпен жасалған, лицензиаттың нақтылы ұстауға берiлген бағалы қағаздарға қатысты құқықтарын белгiлейтiн шарттың талаптарына сәйкес лицензиат жүзеге асырады.
3. Нақтылы ұстау ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргізу құқығы бар кастодиан және брокер және (немесе) дилер клиентпен нақтылы ұстау туралы шарт жасалғаннан кейiн күнтiзбелiк үш күн iшiнде клиентке нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiнде жеке шот және клиенттiң қосалқы шот ашу үшiн қажет барлық деректемелерiн ашып көрсете отырып, орталық депозитарийдiң есепке алу жүйесiндегi клиенттiң қосалқы шотын ашуға мiндеттi.
Бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмi жүйесiнде нақтылы ұстауға берiлген мемлекеттiк емес бағалы қағаздарды есепке алу орталық депозитарийдiң жеке шоты бойынша жүзеге асырылады, оны ашуды орталық депозитарийдiң бұйрығы негiзiнде тiркеушi жүргiзедi.
Нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiнде жеке шот ашу тәртiбi нақтылы ұстаушының iшкi құжаттарымен белгiленедi.
4. Бағалы қағаздарды нақтылы ұстауды жүзеге асыру тәртiбi осы Заңның талаптарына және нақтылы ұстау туралы шарттың талаптарына сәйкес лицензиаттардың iшкi құжаттарымен белгiленедi.
5. Номиналды ұстаушының міндеттемелері бойынша номиналды ұстаушының клиенттеріне тиесілі қаржы құралдарынан ақы өндіріп алуға жол берілмейді.
Ескерту. 57-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
58-бап. Нақтылы ұстаушының мiндеттерi
Нақтылы ұстаушы:
1) клиенттiң жеке шотындағы қателiктер мен ақпаратты бұрмалаудың алдын алу мақсатымен тұрақты бақылауды жүзеге асыруға;
2) нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiнде бар және клиенттiң жеке шоты бойынша өзгерiстер енгiзудiң ретiн белгiлеуге немесе қалпына келтiруге мүмкiндiк беретiн ақпаратты сақтауға;
3) осы Заңда белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде клиенттiң жеке шоты бойынша өзгерiстер енгiзуге;
4) нақтылы ұстау туралы жасалған шартқа сәйкес клиентке анық ақпарат беруге мiндеттi.
59-бап. Нақтылы ұстаушының функциялары. Нақтылы
ұстаушының функцияларын жүзеге асыруға
байланысты тыйым салу
1. Нақтылы ұстаушының функциялары:
1) клиенттiң бағалы қағаздарын есепке алу және осы бағалы қағаздармен мәмiлелер жасасу кезiнде олардың болуын қамтамасыз ету;
2) клиенттiң бағалы қағаздарымен жасаған мәмiлелерiн тiркеу;
3) клиенттердiң бағалы қағаздар бойынша құқықтарын растау;
4) нақтылы ұстауға берiлген бағалы қағаздармен мәмiлелер жасасу кезiнде клиенттердiң мүдделерiн бiлдiру;
5) нақтылы ұстауға берiлген бағалы қағаздарға қатысты ақпаратты клиенттiң назарына жеткiзу;
6) нақтылы ұстау туралы шартқа сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де функциялар болып табылады.
2. Нақтылы ұстаушының:
1) Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келмейтiн бағалы қағаздармен мәмiленi тiркеудi жүзеге асыруына;
1-1) клиенттің жеке шоты (қосалқы шоты) бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін өзгерістер енгізуге;
2) осы Заңда және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген жағдайларды қоспағанда, клиенттiң бұйрығынсыз бағалы қағаздармен мәмiленi тiркеудi жүзеге асыруына;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, клиенттiң тиiстi жазбаша рұқсатынсыз оның ақшасы мен бағалы қағаздарын өз мүддесiне немесе үшiншi тұлғалардың мүддесiне пайдалануына тыйым салынады.
3. Қазақстан Республикасының аумағында нақтылы ұстаушының:
1) орталық депозитарийдi;
2) шетелдiк бағалы қағаздарға немесе осы баптың 1-тармағында белгiленген функцияларды жүзеге асырушы шетелдiк ұйымдарға қатысты өзiнiң нақтылы ұстау қызметiн көрсеткен кезде, кастодиандарды қоспағанда, басқа нақтылы ұстаушыға өзiне нақтылы ұстауға берiлген бағалы қағаздарға қатысты нақтылы ұстау қызметiн көрсетуге құқығы жоқ.
Ескерту. 59-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2008.10.23 N 72-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
60-бап. Нақтылы ұстау туралы шарт
1. Нақтылы ұстаушы мен оның клиентi арасындағы құқықтық қатынастар олардың арасында жасалған нақтылы ұстау туралы шартпен реттеледi. Нақтылы ұстау туралы шартқа Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес тапсырма шартының нормалары қолданылады.
2. Нақтылы ұстау туралы шартты жасасар алдында нақтылы ұстаушы клиенттi өзiнiң нақтылы ұстаушы ретiндегi қызметтi орындау талаптарымен таныстыруға мiндеттi.
3. Нақтылы ұстау туралы шартта:
1) шарттың нысанасы;
2) нақтылы ұстаушының клиенттiң жеке шоты туралы коммерциялық құпияны caқтaу жөнiндегі мiндеттемелерiн қоса алғанда, тараптардың құқықтары мен мiндеттерi;
3) (алып тасталды)
4) клиенттердiң нақтылы ұстауға берiлген бағалы қағаздар жөнiндегi құқықтарын растау тәртiбi;
5) нақтылы ұстаушының көрсеткен қызметiне ақы төлеудiң мөлшерi мен тәртiбi;
6) нақтылы ұстаушының клиент алдындағы есептiлiк нысаны және кезеңдiлiгi;
7) тараптардың шарттың талаптарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi;
8) бағалы қағаздар бойынша кiрiс алу талаптары мен тәртiбi болуға тиiс.
Жоғарыда тiзiлiп көрсетiлген ережелерден бөлек шартта Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де талаптар болуы мүмкiн.
Ескерту. 60-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
61-бап. Нақтылы ұстаудағы бағалы қағаздармен
мәмiленi тiркеу
1. Нақтылы ұстаудағы бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеудi нақтылы ұстаушы клиенттiң нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiндегi шоты және клиенттiң орталық депозитарийдiң есепке алу жүйесiндегi қосалқы шоты бойынша жүзеге асырады.
2. Депоненттiң клиентi орталық депозитарийдiң есепке алу жүйесiндегi өзiнiң қосалқы шотының жай-күйi туралы үзiндi алуға құқылы.
Нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiндегi жеке шоттан үзiндiде көрсетiлген бағалы қағаздардың саны, түрi туралы мәлiметтер орталық депозитарийдiң есепке алу жүйесiндегi қосалқы шоты бойынша сондай мәлiметтерге сәйкес келмеген жағдайда орталық депозитарийдiң есепке алу жүйесiнде көрсетiлген мәлiметтер басымдыққа ие болады.
Орталық депозитарийдiң есепке алу жүйесiндегi қосалқы шоттан үзiндiнi табыс ету тәртiбi оның iшкi құжаттарымен белгiленедi.
3. алып тасталды.
Ескерту. 61-бапқа өзгертулер енгізілді - ҚР 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007 жылғы 19 ақпандағы N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
62-бап. Нақтылы ұстаушының ақпаратты ашуы
1. Нақтылы ұстаушы тiркеушiнiң, орталық депозитарийдiң және эмитенттiң талап етуi бойынша, өзiнiң нақтылы ұстауындағы бағалы қағаздары бар клиенттер туралы мәлiметтердi табыс етуге мiндеттi.
Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде аталған ақпаратты табыс ету тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.
2. (алып тасталды)
Ескерту. 62-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
11-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы брокерлік және
дилерлік қызмет
63-бап. Брокерлiк және (немесе) дилерлiк қызметтi
жүзеге асыру тәртiбi
1. Бағалы қағаздар рыногындағы брокерлiк қызмет және дилерлiк қызмет брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензия негiзiнде жүзеге асырылады.
Брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензия нақтылы ұстаушы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығымен немесе клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығынсыз болуы мүмкiн.
Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жағдайларда уәкiлеттi орган дилерлік қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензия беруге құқылы.
2. Брокер және (немесе) дилер осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде, өзiн-өзi реттейтiн ұйымның iшкi құжаттарында белгiленген, эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер жасасу тәртiбiне және шарттарына қойылатын талаптарды сақтауға мiндеттi.
3. Брокер мен оның клиенттерiнiң арасындағы қатынастар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген тапсырма немесе комиссия шартының нормалары қолданылатын брокерлiк қызмет көрсету туралы шарт негiзiнде туындайды.
Тапсырма шартының нормалары – номиналды ұстау қызметтерін ұсыну бөлігінде, ал комиссия шартының нормалары ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында брокерлік қызметтер көрсету бөлігінде қолданылады. Ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында брокерлік қызметтер көрсету брокерлік шарт тараптарының келісімі бойынша тапсырма шартының немесе комиссия шартының негізінде ұсынылады.
4. Нақтылы ұстаушы ретiндегi клиенттердiң шотын жүргiзу құқығы бар брокер және (немесе) дилердiң ұйымдық құрылымына мынадай құрылымдық бөлiмшелер:
1) қаржы құралдарымен мәмiлелер жасасуды жүзеге асыратын сауда бөлiмшесi;
2) қаржы құралдарымен мәмiлелердiң орындалуын, қаржы құралдарын және сол брокер және (немесе) дилер мен оның клиенттерiнiң ақшасын есепке алуды жүзеге асыратын есеп айырысу бөлiмшесi;
3) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне және номиналды ұстаушы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығы бар брокердің және (немесе) дилердiң ішкі құжаттарына сәйкес өзге де құрылымдық бөлімшелері енуге тиiс.
5. Нақтылы ұстаушы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығы бар брокер және (немесе) дилердiң сауда бөлiмшесi басшы қызметкерлерiнiң сол брокер және (немесе) дилердiң есеп айырысу бөлiмшесiнiң басшы қызметкерiнiң мiндеттерiн орындауға және керiсiнше жасауға құқығы жоқ.
6. алып тасталды.
Ескерту. 63-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.06.05 N 146, 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
64-бап. Брокер және (немесе) дилердiң мәмiлелер
жасауы
1. Брокер және (немесе) дилер клиенттiң бұйрығына сәйкес қаржы құралдарымен мәмiлелер жасайды. Клиенттердiң бұйрықтарының түрлерi, олардың мазмұны және ресiмделуi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен және брокер және (немесе) дилердiң iшкi құжаттарымен белгiленедi.
2. Клиенттiң бұйрығын орындауды брокер және (немесе) дилер сол бұйрықта көрсетiлген мәмiле жacaу талаптарын сақтай отырып жүзеге асырады. Егер мәмiле жасау кезiнде мәмiленiң талаптарын өзгерту қажет болса, брокер және (немесе) дилер өз iс-әрекетiн клиентпен келiсiп алуға мiндеттi.
Мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда брокер және (немесе) дилер мәмiленi өз мүддесiнен клиенттiң мүддесi басым екендiгiн негiзге ала отырып жасауға мiндеттi.
2-1. Алып тасталды - ҚР 2011.12.28 N 524 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
2-2. Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және (немесе) дилерлік қызмет шеңберінде брокер және (немесе) дилер брокердің шоттарындағы өз клиенттерінің ақшасын қарыз түрінде не өз мүдделерінде немесе үшiншi бір адамдардың мүдделерiнде міндеттемелерді орындау ретінде пайдалануға құқылы емес.
3. Брокер және (немесе) дилер эмитентке:
1) андеррайтер ретiнде немесе эмиссиялық консорциум құрамында эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру;
2) қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес қаржы құралдары бойынша баға белгілеуді жариялау және ұстау;
3) бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың тізімде болу мәселелері бойынша консультациялық қызметтер ұсыну жөніндегі қызметтерді көрсетуге құқылы.
Брокер және (немесе) дилер эмитентке осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында аталған қызметтерді көрсеткен кезде осы эмитенттің облигацияларын ұстаушылар өкілі болуға құқылы емес.
4. Эмиссиялық консорциумға қатысушылардың эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру жөнiндегi бiрлескен қызметiн жүзеге acырудың талаптары мен тәртiбi эмиссиялық консорциумға қатысушылар болып табылатын андеррайтерлердiң бiрлескен қызметi туралы шартта белгiленедi, онда мынадай мәлiметтер:
1) эмиссиялық консорциумға қатысушылардың функциялары;
2) эмиссиялық консорциумға қатысушылар арасындағы құқықтарды, мiндеттердi және жауапкершiлiктi бөлiсу;
3) бiрлескен қызмет туралы шарттың қолданылу мерзiмi болуға тиiс.
5. Эмитент пен андеррайтер (эмиссиялық консорциум) арасындағы қатынастар жазбаша нысанда жасалған шартпен реттеледi.
6. Андеррайтер (эмиссиялық консорциум) эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды мынадай тәсiлдермен:
1) андеррайтер (эмиссиялық консорциум) эмитенттен кейiннен басқа инвесторларға сату мақсатында барлық орналастырылатын эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алатын "қатаң мiндеттемелер" тәсiлiмен;
2) андеррайтер (эмиссиялық консорциум) эмиссиялық бағалы қағаздарды инвесторларға ұсыну арқылы оларды орналастыру жөнiнде қолынан келгенше күш-жiгерiн жұмсауға мiндеттенетiн "ең үздiк күш салу" тәсiлiмен;
3) эмитент пен андеррайтер (эмиссиялық консорциум) арасында жасалған шарт талаптарына сәйкес эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастырудың өзге де тәсiлдерiмен жүзеге асыруға құқылы.
Ескерту. 64-бапқа өзгертулер енгізілді - ҚР 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
12-тарау. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің
жүйесін жүргізу жөніндегі қызмет
64-1-бап. Бірыңғай тіркеушінің құқықтық жағдайы және оның
қызметін ұйымдастыру
1. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі бірыңғай тіркеушінің қызметі уәкілетті органның лицензиялауына жатпайды.
Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі бірыңғай тіркеуші қызметінің тәртібі осы Заңның 65-бабының талаптарына сәйкес белгіленеді.
2. Уәкілетті орган, қор биржасы және орталық депозитарий ғана бірыңғай тіркеушінің құрылтайшылары мен акционерлері бола алады.
3. Бірыңғай тіркеушінің органдары, олардың функциялары мен өкілеттіктері, олардың құрылу және шешімдер қабылдау тәртібі осы Заңмен, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен, бірыңғай тіркеушінің жарғысымен және ішкі құжаттарымен айқындалады.
Бірыңғай тіркеушінің директорлар кеңесінің құрамына тұрақты негізде дауыс беру құқығымен уәкілетті органның өкілі кіреді.
Осы заңның 54-бабының талаптары бірыңғай тіркеушінің басшы қызметкерлеріне қолданылады.
4. Бірыңғай тіркеуші:
1) ақпараттық жүйелерді, деректер базаларын қауіпсіз орналастыру және пайдалану үшін техникалық және өзге де үй-жайларының болуына;
2) өз қызметінде сертификатталған жабдық пен бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалануға;
3) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес келетін, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін құрайтын ақпаратты сақтау үшін резервтік орталығының болуына;
4) бірыңғай тіркеуші өз қызметінде пайдаланатын ақпараттық, коммуникациялық жүйелер мен технологияларды қоса алғанда, бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуге жыл сайын аудит өткізуге міндетті.
5. Бірыңғай тіркеуші:
1) қаржы рыногындағы қызметке жатпайтын кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға;
2) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғаларды құруға және олардың қызметіне қатысуға құқылы емес.
РҚАО-ның ескертуі!
6-тармақ 2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі.
6. Бірыңғай тіркеуші бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз ұйым болып табылады. Бұл талап осы Заңның 80-бабының 3-1-тармағында көзделген қызметті жүзеге асыру кезінде орталық депозитарийге қолданылмайды.
Ескерту. 12-тарау 64-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.12.28 N 524 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
64-2-бап. Бірыңғай тіркеуші қағидаларының жинағы
1. Бірыңғай тіркеуші қағидаларының жинағы бірыңғай тіркеушінің бағалы қағаздар рыногы субъектілерімен өзара қатынастарын айқындайтын оның ішкі құжаты болып табылады.
Бірыңғай тіркеуші қағидаларының жинағын сақтау бірыңғай тіркеушінің қызметтерін пайдаланатын барлық субъектілер үшін міндетті болып табылады.
2. Бірыңғай тіркеуші қағидаларының жинағын директорлар кеңесі бекітеді және уәкілетті органмен келісіледі.
Бірыңғай тіркеуші қағидаларының жинағы және оған өзгерістер мен толықтырулар олар уәкілетті органмен келісілгеннен кейін күшіне енеді.
3. Бірыңғай тіркеуші қағидаларының жинағы:
1) эмиссиялық бағалы қағаздармен, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерімен, сондай-ақ осы Заңда белгіленген жағдайларда эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттердің міндеттемелері жөніндегі талап ету құқықтарымен жасалатын мәмілелерді тіркеу қағидаларын;
2) эмиссиялық бағалы қағаздарды, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін, сондай-ақ осы Заңда белгіленген жағдайларда эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттердің міндеттемелері жөніндегі талап ету құқықтарын есепке алу қағидаларын;
3) эмиссиялық бағалы қағаздарды сақтау және материалсыздандыру қағидаларын;
4) бірыңғай тіркеушінің клиенттеріне есептілік табыс ету қағидаларын;
5) бағалы қағаздар рыногы субъектілерімен өзара іс-қимыл тәртібін;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де ережелерді қамтуға тиіс.
Ескерту. 12-тарау 64-2-баппен толықтырылды - ҚР 2011.12.28 N 524 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
65-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің
жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге
асыру тәртібі
1. Тіркеуші бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізуді осы Заңға, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне, тіркеушінің ішкі құжаттарына және эмитентпен жасалған бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін жүргізу шартына сәйкес жүзеге асырады.
Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу эмиссиялық бағалы қағаздарға қатысты міндетті болып табылады.
РҚАО-ның ескертпесі!
2-тармақты алып тастау көзделген - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Тіркеуші бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізуді орталық депозитариймен жеке шоттардың бірыңғай жүйесін жүргізуге жасалған шарт болған кезде ғана жүзеге асыра алады, оның үлгілік нысанын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
Тіркеуші орталық депозитариймен жеке шоттардың бірыңғай жүйесін жүргізуге шарт жасасқан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде орталық депозитарийге бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің қалыптастырылған жүйесін беруге міндетті.
РҚАО-ның ескертпесі!
3-тармақты алып тастау көзделген - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Тіркеуші эмитенттің, оның басшы қызметкерлерінің және дербес немесе аффилиирленген тұлғалармен бірлесіп эмитенттің дауыс беретін акцияларының (үлесінің) он және одан да көп процентіне ие осы эмитент акционерлерінің (қатысушыларының) аффилиирленген тұлғасы болмауға тиіс.
РҚАО-ның ескертпесі!
4-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Эмитент туралы, эмитент шығарған бағалы қағаздар, бағалы қағаздарды ұстаушылар және олардың жеке шоттары бойынша тіркелген операциялар туралы мәліметтер және басқа да ақпараттар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде және тіркеушінің ішкі құжаттарында және орталық депозитарийдің ережелер жинағында белгіленген тәртіппен бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіне енгізілуге тиіс және жеке шоттардың бірыңғай жүйесінде көрсетіледі.
5. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін құрайтын құжаттар тізбесі, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін қалыптастыру, сақтау және жүргізу тәртібі, жеке шоттардан үзінді көшірмелердің нысандары мен оларда көрсетілетін мәліметтердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
6. Алып тасталды - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
7. Қызметтік міндеттеріне бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін сақтау немесе бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін құрайтын құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуді бақылау кіретін қызметкерлер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен жауапты болады.
Ескерту. 65-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.10.23 N 72-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
66-бап. Тiркеушiнiң функциялары
Тiркеушiнiң функциялары:
1) бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн қалыптастыру, жүргiзу және сақтау;
2) тiркелген тұлғаға бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесінде жеке шот ашу;
3) тiркелген тұлғаның жеке шоты бойынша бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеу;
4) тiркелген тұлғаның бағалы қағаздары бойынша құқықтарын растау;
5) бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн сайма-сай қалпында ұстау;
6) қайталама бағалы қағаздар рыногында айналыста жүрген бағалы қағаздар санының уәкiлеттi орган тiркеген санына сәйкестiгiн бақылауды жүзеге асыру;
7) бағалы қағаздарды ұстаушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда немесе эмитенттiң тапсырмасы бойынша эмитенттiң жалпы жиналысын өткiзуiне немесе эмитенттiң эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кiрiстi төлеуiне қатысты, сондай-ақ эмитенттiң бағалы қағаздарды шығаруына қатысты хабарлау;
8) эмитенттiң сұратуы негiзiнде оған бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн құрайтын ақпарат табыс ету;
9) осы Заңның 43-бабының 3-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн құрайтын мәлiметтер алуға құқығы бар мемлекеттiк органдарға ақпарат табыс ету;
10) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiне сәйкес өзге де функциялар болып табылады.
Ескерту. 66-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
67-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң
жүйесiн жүргiзу жөнiндегi шарт
1. Тiркеушiмен бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiнде шарт жасау туралы шешiмдi оның эмитенттiң жарғысында белгiленген құзыретiне сәйкес эмитенттiң органы қабылдайды. Осы шешiмде эмитенттiң атынан шарт жасасуға қатысуға және оған қол қоюға уәкiлдiк берiлген тұлға көрсетiлуге тиiс.
2. Тiркеушi өзiнiң бағалы қағаздарын ұстаушылар тiзiлiмдерінiң жүйесiн жүргізуді жүзеге асыруға құқылы емес.
Тiркеушi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу бойынша шарт жасасқан эмитенттiң бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзудi басқа тiркеушiге қайта тапсыруға құқылы емес.
3. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiнде шарт жасасқан кезде эмитент тiркеушiге мынадай құжаттарды:
1) эмитент органының тiркеушiнi таңдау және бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiнде шарт жасасу туралы шешiмiн;
2) жарғының көшiрмесiн;
3) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтаманы;
4) эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеу туралы куәландыратын құжаттардың көшiрмелерiн;
5) бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн құрайтын ақпаратты алу және шарттың талаптарын орындау кезiнде құжаттарға қол қою құқығы бар эмитент өкiлдерiнiң қол қою үлгiлерiнiң эмитент мөрiнiң бедерi бар карточкасын табыс етуге мiндеттi. Бұл карточканы нотариат куәландыруға тиіс.
4. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi шартты жасасқан кезде тiркеушi эмитентке танысу үшiн өзiнiң iшкi құжаттарын табыс етуге мiндеттi.
РҚАО-ның ескертпесі!
5-тармақты алып тастау көзделген - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5. Лицензияның қолданылуы бір айдан астам мерзімге тоқтатыла тұрған, сондай-ақ лицензиядан айырған жағдайда бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі шарт бұзылады.
Ескерту. 67-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
68-бапты алып тастау көзделген - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
68-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң
жүйесiн жүргiзу жөнiндегi шарт бұзылған
жағдайда тiркеушiге қойылатын талаптар
1. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi шарт бұзылған жағдайда бұрынғы тiркеушi эмитентпен жасалған шарттың бұзылған күнiнен бастап күнтiзбелiк жетi күн iшiнде бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмiн әзiрлеп, өткiзуге мiндеттi, ал жаңа тiркеушi шарт бұзылған күнi қалыптастырылған оны және осы эмитенттiң бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн құрайтын өзге де құжаттарды қабылдауға мiндеттi.
Аталған құжаттарды беру тіркеушілер өкілдерінің қатысуымен қабылдау-беру актісін жасау жолымен жүзеге асырылады. Қабылдау-өткізу актісіне қол қойылғаннан кейін бұрынғы тіркеуші орталық депозитарийге жаңа тіркеушіні көрсете отырып, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімін беру туралы хабарлауға міндетті. Жаңа тіркеуші қабылдау-беру актісіне қол қойылған кезден бастап күнтізбелік жеті күн ішінде бұрынғы тіркеушіден қабылданған құжаттардағы мәліметтерді өзі шарт жасасқан эмитенттің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіне енгізуге міндетті. Мәліметтерді бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіне енгізгеннен кейін жаңа тіркеуші ол жөнінде орталық депозитарийге хабарлауға және оған осы эмитенттің бағалы қағаздарды ұстаушыларының тізілімдері жүйесін құрайтын мәліметтерді табыс етуге міндетті.
2. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн құрайтын жаңа тіркеушіге өткізілуге тиісті құжаттар мен электрондық деректердiң құрамы, оларды тапсырудың талаптары мен тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.
3. Шарттың қолданылуы тоқтатылған күннен кейiн тiркеушiнiң бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесiнiң жеке шоттарынан берген үзiндiлерi жарамсыз болады. Шарттың қолданылуы тоқтатылған күннен кейiн тiркеушiнiң бағалы қағаздарды ұстаушылардың бұйрықтарын орындау үшiн қабылдауға құқығы жоқ. Жаңа тiркеушi өзiне қабылдау-өткiзу актiсiмен берiлген құжаттарға сәйкес бұрынғы тiркеушiнiң бағалы қағаздар ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу күнiнде жасаған үзiндi мен өзге де құжаттардағы мәлiметтер үшiн жауапкершiлiк бұрынғы тiркеушiге жүктеледi.
4. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi шарт бiр жақты бұзылған жағдайда құжаттар мен бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмiн қалыптастыру және жаңа тiркеушiге өткiзу шартты бұзуға бастамашы болушының есебiнен жүзеге асырылады.
Тiркеушi лицензиясының қолданылуы тоқтатылған немесе одан айырылған жағдайда тiркеушi шартты бұзудың бастамашысы деп танылады.
Ескерту. 68-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2008.10.23 N 72-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
13-тарау. Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі
қызмет. Зейнетақы активтерін инвестициялық
басқару жөніндегі қызмет
69-бап. Инвестициялық портфельдi басқару жөнiндегi
қызметтi немесе зейнетақы активтерiн
инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi
жүзеге асыру
1. Инвестициялық портфельдi басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асырудың талаптары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
2. (алып тасталды)
3. Инвестициялық портфельдi басқару немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызмет клиенттiң мүддесiн көздеп кiрiс алу мақсатымен жүзеге асырылады.
4. Инвестициялық портфельдi немесе зейнетақы активтерiн басқарушылардың олар басқаратын қаржы құралдарына қатысты құқықтарын нақтылы ұстаушылар өздерiнiң iшкi құжаттарына сәйкес есепке алады.
Ескерту. 69-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2004.07.07 N 577 Заңымен.
70-бап. Инвестициялық портфельдi немесе зейнетақы
активтерiн басқарушылардың функциялары
1. Инвестициялық портфельдi немесе зейнетақы активтерiн басқарушылардың функциялары:
1) ақшаны эмиссиялық бағалы қағаздарға және уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актiсiнің талаптарына сәйкес өзге де қаржы құралдарына инвестициялау туралы шешiмдер қабылдау;
2) қабылданған инвестициялық шешiмдердi орындау мақсатында инвестициялық портфельдi басқару және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару процесiнде бағалы қағаздар рыногының субъектiлерiмен өзара iс-қимыл жасау;
3) уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде және олардың iшкi құжаттарында белгiленген тәртiппен эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен жасалатын мәмiлелердiң есебiн жүргiзу;
4) инвестициялық портфельдi басқару немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi шарттың талаптарын орындау болып табылады.
2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, инвестициялық портфельдi немесе зейнетақы активтерiн басқарушылар эмиссиялық бағалы қағаздар мен басқаруындағы өзге де қаржы құралдарына қатысты пайдалану және билiк ету жөнiндегi құқығын жүзеге асыруға құқылы.
71-бап.
Ескерту. 71-бап алынып тасталды - ҚР 2004.07.07 N 577 Заңымен.
72-бап. Инвестициялық комитеттің қызметі. Инвестициялық
комитет мүшелеріне қойылатын талаптар
1. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушының өз активтеріне және (немесе) бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушы (инвестициялық портфельді немесе зейнетақы активтерін басқарушы) инвестициялық басқаруға қабылдаған активтерге қатысты инвестициялық шешімдер қабылдауды құрамында кемінде үш адам болуға тиіс инвестициялық комитет жүзеге асырады. Инвестициялық комитет мүшелерінің кемінде жартысы өздерін кәсіби қатысушының басшы қызметкерлеріне тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісімін алған, бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушының басшы қызметкерлері болуға тиіс.
Осы тармақтың талаптары тіркеушіге, трансфер-агентке және бағалы қағаздар рыногында кастодиандық және (немесе) брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар екінші деңгейдегі банкке қолданылмайды.
2. Инвестициялық комитеттің мүшелерін сайлауды бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушының атқарушы органы жүзеге асырады.
3. Зейнетақы активтерін басқарушы инвестициялық комитеттің құрамына:
1) зейнетақы активтерін басқарушының бір жинақтаушы зейнетақы қорының ғана зейнетақы активтеріне инвестициялық басқаруды жүзеге асыруы шартымен оған активтері инвестициялық басқаруға берілген жинақтаушы зейнетақы қорының өкілін қоспағанда, осы зейнетақы активтерін басқарушының қызметкерлері болып табылмайтын адамдар;
2) зейнетақы активтерін басқарушыға не жинақтаушы зейнетақы қорына қатысты үлестес заңды тұлғалардың бір мезгілде басшы қызметкерлері не ірі акционерлері болып табылатын зейнетақы активтерін басқарушы қызметкерлері кірмеуге тиіс.
4. Инвестициялық комитеттің отырысы инвестициялық комитеттің сайланған мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы, бірақ инвестициялық комитеттің кемінде үш мүшесі қатысқан жағдайда өткізіледі.
Инвестициялық комитеттiң шешiмдерi оның отырысына қатысатын мүшелердің көпшiлiк дауысымен қабылданады және жазбаша түрде ресiмделедi.
5. Инвестициялық комитет мүшесі инвестициялық шешімдерді қабылдау бөлігінде өзіне жүктелген функцияларды орындауды өзге тұлғаларға беруге құқылы емес.
6. Инвестициялық комитет мүшелері осы инвестициялық комитет мүшесінің мүдделері мен бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушының және (немесе) оған активтері инвестициялық басқаруға берілген клиенттердің мүдделері бір-біріне сәйкес келмеуіне байланысты мән-жайлардың болуы туралы ақпаратты бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушының атқарушы органының назарына жеткізуге міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мән-жайлар басталған кезде инвестициялық комитет мүшесі инвестициялық комитеттің отырысына қатысуға және инвестициялық комитет қабылдайтын шешімдерге қандай да бір ықпал етуге құқылы емес.
7. Инвестициялық комитет отырысының қорытындылары бойынша хаттама жасалады, оған инвестициялық комитеттің төрағасы мен инвестициялық комитеттің отырысына қатысушы барлық мүшелері қол қояды және онда инвестициялық комитеттің әрбір мүшесінің пікірі мен қабылданған шешімнің негіздемесі қамтылады.
8. Инвестициялық комитет бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушының өз активтері не клиенттерінің бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушының инвестициялық басқаруына берілген активтері есебінен мәмілелер жасау туралы, осы активтерді мақсатқа сай емес пайдалану, Қазақстан Республикасы заңнамасының, инвестициялық декларацияның талаптарын бұзу көзделетін шешімдерді жүйелі түрде (соңғы он екі ай ішінде үш және одан көп рет) қабылдаған жағдайда уәкілетті орган осындай шешімдердің қабылдануы үшін дауыс берген адамды не адамдарды инвестициялық комитет мүшелерінің міндеттерін орындаудан шеттетуге құқылы.
Уәкілетті органның адамды не адамдарды инвестициялық комитет мүшелерінің міндеттерін орындаудан шеттету туралы хабарламасы бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушының атқарушы органының назарына жеткізіледі, ол мұны уәкілетті органның хабарламасын алған күннен кейінгі күннен кешіктірмей уәкілетті орган инвестициялық комитет мүшелерінің міндеттерін орындаудан шеттеткен адамдардың назарына жеткізуге міндетті.
9. Уәкілетті органның осы баптың 8-тармағында көрсетілген хабарламасы инвестициялық комитет мүшесінің назарына жеткізілген кезден бастап осы адам инвестициялық комитеттің жұмысына қатысуға құқылы емес және уәкілетті орган инвестициялық комитет мүшесінің міндеттерін орындаудан шеттету туралы шешім қабылдағаннан кейінгі үш жыл ішінде осы баптың 1-тармағында көрсетілген ұйымдардың инвестициялық комитетінің құрамына сайлана алмайды.
Ескерту. 72-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
14-тарау. Кастодиандық қызмет
73-бап. Кастодиандық қызметтi жүзеге асыру тәртiбi
1. Бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметтi кастодиандық қызмет пен сейфтiк операцияларға лицензиялары бар банктер жүзеге асырады.
2. Кастодиан өзiнiң қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарына және клиентпен жасалған кастодиандық қызмет көрсету жөнiндегi шартқа сәйкес жүзеге асырады.
3. Кастодианның шетелдік клиенттерге қызметтер көрсету жағдайларын қоспағанда, кастодиан өз клиентінің аффилиирленген тұлғасы болмауға тиіс.
4. Кастодианға кастодиандық қызмет көрсету жөнiндегi шартқа сәйкес клиент берген ақша мен қаржы құралдары кастодиандық қызмет объектiлерi болып табылады.
5. (алып тасталды)
Ескерту. 73-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2004.07.07 N 577, 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
74-бап. Кастодианның функциялары мен мiндеттерi
1. Кастодиан мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) ақшаға, эмиссиялық бағалы қағаздарға және кастодиандық қызмет көрсетуге берiлген өзге де қаржы құралдарына қатысты клиентке шоттар ашу;
2) ақшаны, эмиссиялық бағалы қағаздарды және кастодиандық қызмет көрсетуге берiлген өзге де қаржы құралдарын есепке алуды қамтамасыз ету;
3) нақтылы ұстауды жүзеге асыру;
4) эмиссиялық бағалы қағаздармен және кастодиандық қызмет көрсетуге берiлген өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер бойынша төлем агентiнiң функциясын атқару;
5) клиенттiң эмиссиялық бағалы қағаздарымен мәмiлелердi тiркеу және осы бағалы қағаздар бойынша оның құқықтарын растау;
6) эмиссиялық бағалы қағаздар және кастодиандық қызмет көрсетуге берiлген өзге де қаржы құралдары бойынша кiрiс алу және оны клиенттiң шотына есептеу;
7) эмитенттiң тапсырмасы бойынша клиентке ақпарат беру;
8) клиентке кастодиандық қызмет көрсету жөнiндегi шартта көзделген өзге де қызметтер көрсету;
9) құжатты бағалы қағаздарды және құжатты нысанда шығарылған өзге де қаржы құралдарын сақтау.
2. Кастодиан:
1) кастодиандық қызмет көрсету жөнiндегi шарттың талаптарын, сондай-ақ клиенттiң бұйрықтарын олардың мазмұнына сәйкес орындауға;
2) эмиссиялық бағалы қағаздардың және өз активтерiне қатысты кастодиандық қызмет көрсетуге берiлген өзге де қаржы құралдарының бөлек сақталуы мен есепке алынуын қамтамасыз етуге;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарға сәйкес, клиенттердiң шоттарын жүргiзу технологиясын сақтауға;
4) клиентке тұрақты негiзде немесе оның талап етуi бойынша шоттарының жай-күйi туралы есеп беруге;
5) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етпеуге мiндеттi.
75-бап. Кастодиандық қызмет көрсету жөнiндегi шарт
1. Кастодиан мен оның клиентi арасындағы қатынастар кастодиандық қызмет көрсету жөнiндегi шарт негiзiнде туындайды, оған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген сақтау және тапсырма шартының нормалары қолданылады.
2. Кастодиан кастодиандық қызмет көрсету жөнiндегi шартты жасасу кезiнде клиенттi өзiнiң iшкi құжаттарымен таныстыруға мiндеттi.
3. Кастодиандық қызмет көрсету жөнiндегi шартта:
1) клиентке кастодиандық қызмет көрсету жөнiнде қызметтер ұсыну тәртiбi;
2) кастодианның және оның клиентiнiң құқықтары мен мiндеттерi;
3) кастодианның қызметiне ақы төлеу тәртiбi;
4) кастодианның кастодиандық қызмет көрсетуге берiлген бағалы қағаздары бойынша кiрiс алуының талаптары мен тәртiбi және оны клиенттiң шотына есептеу;
5) кастодиандық қызмет көрсету жөнiндегi шартты бұзу тәртiбi;
6) тараптардың жауапкершiлiгi;
7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де талаптар болуға тиiс.
15-тарау. Трансфер-агенттік қызмет
76-бап. Трансфер-агенттiк қызметтi жүзеге асырудың
талаптары мен тәртiбi
1. Бағалы қағаздар рыногында трансфер-агенттiк қызмет трансфер-агент клиенттерiнiң арасындағы құжаттарды (ақпаратты) қабылдау және беру мақсатында жүзеге асырылады.
2. Бағалы қағаздар рыногында трансфер-агенттiк қызметтi жүзеге асырудың талаптары мен тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен және лицензиаттың iшкi құжаттарымен белгiленедi.
77-бап. Трансфер-агенттiң функциялары
1. Трансфер-агент мынадай функцияларды:
1) өзi тапсыру үшiн алған құжаттарды тiркеу және есепке алу;
2) клиенттерге берiлген құжаттарды тiркеу және есепке алу;
3) трансфер-агенттiк қызметтi жүзеге асырған кезде қолданылатын электрондық деректер базасының сақталуын қамтамасыз ету;
4) трансфер-агенттiк қызметтi жүзеге асырған кезде қолданылатын электрондық жүйелердi жұмысқа қабiлеттi жағдайда ұстау;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2. Трансфер-агент пен оның клиенттерi арасындағы қатынастар трансфер-агенттiк қызмет көрсету жөнiндегi шарт негiзiнде туындайды, оған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген тапсырма шартының нормалары қолданылады.
15-1-тарау. Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг
қызметі
Ескерту. Заң 15-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
77-1-бап. Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг
қызметінің шарттары және оны жүзеге асыру
тәртібі
1. Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметіне лицензиялары бар ұйымдар және орталық депозитарий (осы тарауда бұдан әрі – клиринг ұйымдары) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыруға құқылы.
Клиринг ұйымдарының қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп айырысуларды ұйымдастыру үшін:
1) қаржы құралдарымен сауда-саттыққа қатысушылар арасындағы есеп айырысуларды жүзеге асыратын орталықтандырылған ұйымның;
2) қаржы құралдары бойынша кiрiстi төлеу жөніндегі және оларды өтеу кезiндегі төлем агентiнiң;
3) клиентке эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер бойынша ақша аударымдарын жүзеге асыруға, сондай-ақ қаржы құралдарының кiрiсiн төлеу және оларды өтеу кезiнде ақша алуға арналған банк шоттарын ашу жөніндегі функцияларды орындауға мүмкіндік беретін банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға арналған лицензиялары болуға тиіс.
2. Клиринг ұйымының директорлар кеңесі қаржы құралдарымен мәмілелерді орындамау тәуекелдерін төмендету үшін арнайы клиринг (кепілдік және (немесе) резервтік) қорларын қалыптастыруды қоса алғанда, алайда онымен шектеліп қалмай, клиринг ұйымының тәуекелдерін басқару жүйесін құруды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етуге міндетті.
Клиринг ұйымының тәуекелдерін басқару жүйесіне, клиринг ұйымында тәуекелдерді мониторингтеу, бақылау және басқару шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және клиринг ұйымының ішкі құжаттарында белгіленеді.
3. Клиринг ұйымының директорлар кеңесі клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектілермен клиринг ұйымының өзара қарым-қатынастарын айқындайтын, қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асырудың ішкі қағидаларын бекітуге тиіс. Клиринг ұйымының директорлар кеңесі қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асырудың ішкі қағидаларын бекіткеннен кейін олар уәкілетті органмен келісілуге тиіс.
4. Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асырудың шарттары мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
77-2-бап. Клиринг ұйымының функциялары
1. Клиринг ұйымының функциялары:
1) жасалған мәмілелер бойынша ақпаратты жинау және өңдеу, оны салыстырып тексеру және алшақтық болған кезде түзету;
2) жасалған мәмілелерді есепке алу және олардың параметрлерін растау;
3) қаржы құралдарымен мәмілелер жасасу нәтижесінде есеп айырысуларға қатысатын (төлемдерді жүзеге асыратын) сауда-саттыққа қатысушылардың, субъектілердің талаптарын және (немесе) міндеттемелерін айқындау;
4) орталық депозитарийге және (немесе) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп айырысуларды (төлемдерді) ұйымдастыруды жүзеге асыратын өзге де ұйымға клиринг қызметінің нәтижелері жөніндегі ақпаратты әзірлеу және беру;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында және клиринг ұйымының ішкі құжаттарында көзделген өзге де функциялар болып табылады.
2. Клиринг ұйымы мен оның клиенттері арасындағы қатынастар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген тапсырма шартының нормалары қолданылатын клиринг қызметін көрсетуді жүзеге асыру туралы шарт негізінде туындайды.
16-тарау. Орталық депозитарий
78-бап. Орталық депозитарий қызметiнiң негiзгi
қағидаттары
1. Орталық депозитарийдің бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыруының шарттары мен тәртібі осы Заңда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде және орталық депозитарийдің ішкі құжаттарында - қағидалар жинағында белгіленеді.
2. Уәкілетті орган, тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары және халықаралық қаржы ұйымдары ғана орталық депозитарийдiң құрылтайшылары мен акционерлері бола алады.
Орталық депозитарийдiң акцияларын уәкілетті органның тікелей және (немесе) жанама иелену үлесі орталық депозитарийдiң дауыс беретін акцияларының жалпы санының елу пайызынан астамын құрайды.
Дауыс беретін акцияларының елу пайызынан астамы уәкілетті органға тиесілі сауда-саттықты ұйымдастырушыны қоспағанда, бағалы қағаздар нарығының әрбір кәсіби қатысушысының және әрбір халықаралық қаржы ұйымының орталық депозитарийдің акцияларын иелену үлесі орталық депозитарийдің орналастырылған акцияларының жалпы санының бес пайызынан аспауға тиіс.
3. Бағалы қағаздарды номиналды ұстаушылар болып табылатын бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушылар, сондай-ақ шетелдiк депозитарийлер мен кастодиандар орталық депозитарийдiң депоненттерi болып табылады.
Ескерту. 78-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.11.26 N 57-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
79-бап. Орталық депозитарийдi басқару
1. Орталық депозитарийдiң органдары, олардың функциялары мен өкiлеттiктерi, олардың шешiмдерiн қалыптастыру және қабылдау тәртiбi осы Заңмен, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен, орталық депозитарийдiң жарғысымен және оның iшкi құжаттарымен белгiленедi.
1-1. Осы Заңның 54-бабының талаптары орталық депозитарийдің басшы қызметкерлеріне қолданылады.
2. Орталық депозитарийдiң директорлар кеңесiнiң құрамына уәкiлеттi органның өкiлi тұрақты негiзде дауыс беру құқығымен кiредi.
Ескерту. 79-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
80-бап. Орталық депозитарийдiң қызметiн жүзеге
асыру тәртiбi
1. Орталық депозитарий депозитарийлiк қызметтi жүзеге асыру процесiнде:
1) депоненттерге қаржы құралдарын нақтылы ұстау қызметiн көрсетедi;
2) ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында жасалған мәмiлелер және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында оның депоненттерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес тиісті лицензиясыз брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын өзге тұлғалардың қатысуымен (депоненттердiң өздерiнiң арасында; бiр тараптан депонент және екiншi тараптан басқа депоненттiң клиентi арасында; әртүрлi екi депоненттің клиенттерi арасында) жасалған мәмiлелер бойынша қаржы құралдарындағы есеп айырысуларды жүзеге асырады;
3) мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарға Қазақстан Республикасының заңдарына және өзiнiң ережелер жинағына сәйкес депозитарийлiк қызмет көрсетудi жүзеге асырады;
4) консультациялық, ақпараттық және Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа да қызмет түрлерiн көрсетедi;
5) Алып тасталды - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
2. Орталық депозитарий банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға лицензиялары болған кезде:
1) брокерлер мен дилерлер арасындағы есеп айырысуды жүзеге асыратын орталықтандырылған ұйымның функцияларын;
2) қаржы құралдары бойынша кірісті төлеу жөніндегі және оларды өтеу кезінде төлем агентінің функцияларын орындауды;
3) депонентке эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер бойынша ақша аударымдарын жүзеге асыруға, сондай-ақ кiрiстi төлеу және қаржы құралдарын өтеу кезiнде ақша алуға арналған банк шоттарын ашуды жүзеге асырады.
4) алып тасталды.
2-1. Орталық депозитарий қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыруға уәкілетті органның лицензиясынсыз қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асырады.
РҚАО-ның ескертпесі!
3-тармақты алып тастау көзделген - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Орталық депозитарий жеке шоттардың бірыңғай жүйесін жүргізуді жүзеге асырады.
3-1. Орталық депозитарий мемлекеттік бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн және бірыңғай тіркеушінің акцияларын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргiзудi уәкілетті органның лицензиясынсыз жүзеге асырады.
4. Орталық депозитарий қаржы рыногындағы қызметке жатпайтын кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға құқылы емес.
Орталық депозитарийдiң қызметiн жүзеге асырудың шарттары мен тәртiбi осы Заңда, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде және iшкi құжаттарда - орталық депозитарийдiң ережелер жинағында белгiленедi.
Ескерту. 80-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
81-бап. Орталық депозитарийдiң ережелер жинағы
1. Орталық депозитарийдiң ережелер жинағы орталық депозитарийдiң бағалы қағаздар рыногының субъектiлерiмен қарым-қатынасын айқындайды.
Орталық депозитарийдің ережелер жинағын сақтау орталық депозитарийдің қызметтерін пайдаланатын барлық субъектілер үшін міндетті болып табылады.
Орталық депозитарийдің ережелер жинағын орталық депозитарийдің директорлар кеңесі бекітеді және ол уәкілетті органмен келісіледі.
2. Орталық депозитарийдiң ережелер жинағында:
1) эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелердi тiркеу ережелерi;
РҚАО-ның ескертпесі!
1-1) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1-1) жеке шоттардың бірыңғай жүйесін жүргізу ережелері;
1-2) бірыңғай тіркеушінің акцияларын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу қағидалары;
1-3) мемлекеттік бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу қағидалары;
2) эмиссиялық бағалы қағаздарды және өзге де қаржы құралдарын есепке алу ережелерi;
3) құжатты нысанда шығарылған бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарын сақтауды және материалсыздандыруды жүзеге асыру ережелерi;
4) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру қағидалары;
5) депоненттерге есептiлiк табыс ету тәртiбi;
6) бағалы қағаздар рыногының субъектiлерiмен өзара iс-қимыл тәртiбi;
7) алып тасталды;
8) депоненттер мен оның клиенттерiнiң ақшасын есепке алу тәртiбi;
9) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де ережелер болуға тиiс.
Ескерту. 81-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
82-бап. Орталық депозитарийдiң қызметiн шектеу
1. Орталық депозитарий:
1) Қазақстан Республикасының заңдарына және орталық депозитарийдiң ережелер жинағына сәйкес өз функцияларын орындауды басқа да тұлғаларға беруге;
2) өз депоненттерiнiң, сауда-саттықты ұйымдастырушының тиісті бұйрықтары немесе уәкілетті органның тиісті шешімі болмаса да қаржы құралдарымен мәмiлелердi тiркеудi жүзеге асыруға;
РҚАО-ның ескертпесі!
1-2) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2-1) тіркеушінің тиісті өкімі болмаса да жеке шоттардың бірыңғай жүйесіне өзгерістер енгізуге;
3) депонент (оның клиентi) туралы, депоненттiң (оның клиентiнiң) жеке шотында (қосалқы шотында) ескерiлетiн қаржы құралдары туралы коммерциялық құпияны жария етуге;
4) депоненттер мен олардың клиенттерiнiң құқықтарын және мүдделерiн бұзатын iс-әрекеттер жасауға құқылы емес.
2. Уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген жағдайларды қоспағанда, орталық депозитарий заңды тұлғаларды құруға және оның қызметiне қатысуға құқылы емес.
Ескерту. 82-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
17-тарау. Сауда-саттықты ұйымдастырушы
83-бап. Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық
құрылымы
1. Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.
2. Қор биржасының сауда жүйесінде қаржы құралдарымен жасалған мәмілелерге мониторинг жүргізуді және талдауды жүзеге асыру мақсатында қор биржасының ұйымдық құрылымына қор биржасының сауда жүйесiнде жасалатын мәмiлелердi қадағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшесi кiруге тиіс.
Қор биржасының аталған құрылымдық бөлiмшесiнiң қызметiн жүзеге асыру тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.
Ескерту. 83-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
84-бап. Сауда-саттықты ұйымдастырушыны басқару
1. Сауда-саттықты ұйымдастырушының органдары, олардың функциялары және өкілеттіктері, олардың шешімдерді қалыптастыру және қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен, сауда-саттықты ұйымдастырушының жарғысымен және оның ішкі құжаттарымен айқындалады.
2. Уәкілетті орган акционері болып табылатын жағдайды қоспағанда, сауда-саттықты ұйымдастырушының әрбір акционерінің өзінің үлестес тұлғаларымен бірлескен үлесі орналастырылған акциялардың жалпы санының жиырма пайызынан аспауға тиіс.
Сауда-саттықты ұйымдастырушының капиталындағы уәкілетті органның үлесі сауда-саттықты ұйымдастырушының дауыс беретін акцияларының жалпы санының елу пайызынан астамын құрайды.
3. Сауда-саттықты ұйымдастырушының әрбір акционері, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, "бір акция - бір дауыс" принципі бойынша дауыс береді.
4. Сауда-саттықты ұйымдастырушының директорлар кеңесінің құрамына уәкілетті органның өкілі тұрақты негізде дауыс беру құқығымен кіреді.
Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңы болып белгіленген қор биржасы директорлар кеңесінің құрамына уәкілетті органның өкілі де тұрақты негізде дауыс беру құқығымен кіреді.
5. Листинг, делистинг немесе бағалы қағаздар тiзiмiнiң санаттарын алмастыру мәселелерi бойынша шешiмдерді қор биржасының листинг комиссиясы қабылдайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары эмитенттердің бағалы қағаздарын жеңілдетілген рәсім бойынша қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың онда болу мәселелеріне қолданылмайды, олар бойынша шешімдерді қор биржасының атқарушы органы қор биржасының қағидаларында айқындалған тәртіппен қабылдайды.
Листинг комиссиясының құрамына қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленедi. Листинг комиссиясының құрамына тұрақты негiзде дауыс беру құқығымен уәкiлеттi органның өкiлi кiредi.
Листинг, делистинг немесе бағалы қағаздар тiзiмiнiң санаттарын алмастыру мәселелерi бойынша шешiмдер қабылдау кезінде:
1) көрсетілген шешiмге сәйкес бағалы қағаздары қор биржасының тiзiмiне енгiзiлетiн, осы тiзiмнен шығарылатын немесе осы тiзiмнiң өзге санатына ауыстырылатын эмитенттiң (осы тармақта бұдан әрi – мүдделi эмитент);
2) мүдделi эмитентке қатысты еншiлес ұйымдар немесе тәуелдi акционерлiк қоғамдар болып табылатын ұйымдардың;
3) оларға қатысты мүдделi эмитент еншiлес ұйым немесе тәуелдi акционерлiк қоғам болып табылатын ұйымдардың;
4) үшiншi ұйымға қатысты мүдделi эмитентпен бiрге еншiлес ұйымдары немесе тәуелдi акционерлiк қоғамдары болып табылатын ұйымдардың;
5) мүдделі эмитентке қызметтер көрсететін қаржы консультантының, маркет-мейкердің, андеррайтердің;
6) осы бөліктің 1) – 5) тармақшаларында аталған тұлғалармен үлестес тұлғалардың қызметкерлері және (немесе) өкілдері болып табылатын листинг комиссиясы мүшелерінің дауыс беруге құқығы жоқ.
6. Листинг комиссиясы шығару проспектісінде ұйымдастырылған рынокта олардың айналымы көзделген облигацияларды шығаруды жоспарлаушы эмитентке беру үшін инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге қажетті қосымша шектеулерді эмитенттің бағалы қағаздар шығару проспектісіне енгізу жөнінде ұсынымдар әзірлейді. Листинг комиссиясының ұсынымдарын эмитенттің қабылдағаны не қабылдамағаны туралы ақпарат қор биржасының интернет-ресурсында орналастырылады.
Ескерту. 84-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.07.21 N 309, өзгеріс енгізілді - 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.11.26 N 57-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
85-бап. Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидалары
1. Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидаларын оның атқарушы органы әзiрлейдi, сауда-саттықты ұйымдастырушының директорлар кеңесi бекiтедi және уәкiлеттi органмен келiсіледi.
2. Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидалары олар уәкiлеттi органмен келiсiлгеннен кейін күшіне енеді.
3. Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидалары қор биржасының сауда жүйесінде немесе бағалы қағаздардың биржадан тыс рыногындағы баға белгілеу ұйымының баға белгілеуді айырбастау жүйесінде айналымға жiберiлген қаржы құралдарымен мәмiлелер жасаған кезде сауда-саттықты ұйымдастырушы мүшелерiнiң қызметiн, сондай-ақ сауда-саттықты ұйымдастырушы мен оның мүшелерi (клиенттерi) арасында туындайтын қатынастарды реттейдi.
4. Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидалары сауда-саттықты ұйымдастырушының функцияларына кiретiн мәселелердi реттейтiн сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарын қамтиды.
5. Қор биржасының қағидалары:
1) қор биржасындағы мүшелiк санаттарын, қор биржасының мүшелiгiне кiру шарттары мен тәртiбiн, қор биржасы мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн, қор биржасындағы мүшелiктi тоқтата тұрудың және тоқтатудың шарттары мен тәртiбiн;
2) қор биржасының мүшесі атынан қор биржасының сауда жүйесі айналымындағы бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауда-саттыққа қатысатын, сондай-ақ осы қор биржасының сауда жүйесін пайдаланып, өзге де іс-әрекеттерді орындайтын трейдерлерге қойылатын талаптарды;
3) сауда жүйесін пайдалануға қор биржасы трейдерлерін міндетті оқыту тәртібін;
4) қор биржасы трейдерлерін сауда-саттыққа қатысуға жіберудің тәртібін және оларды сауда-саттыққа қатысудан шеттету негіздерін;
5) бағалы қағаздары қор биржасының тiзiмiне енгiзілуі көзделетін және енгiзiлген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды;
6) бағалы қағаздарды қор биржасының тiзiмiне енгiзудiң, оларды осы тiзiмнен алып тастаудың және тiзiм санатын алмастырудың шарттары мен тәртiбiн;
7) бағалы қағаздары қор биржасының тiзiмiне енгiзiлген эмитенттердiң мiндеттерi мен жауапкершiлiгiн (оның iшiнде ақпаратты ашып көрсету бойынша);
8) қор биржасында айналымға жіберілген бағалы қағаздар эмитенттерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында және қор биржасының ішкі құжаттарында талап етілетін көлемде ақпаратты ашып көрсету мониторингін жүзеге асыру тәртібін;
9) бағалы қағаздармен биржалық сауда-саттық өткiзу тәртiбiн;
10) биржалық сауда-саттықта қаржы құралдарымен жасалған мәмiлелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру тәртiбiн;
11) қор биржасындағы сауда-саттықты тоқтата тұрудың және қайта бастаудың шарттары мен тәртібін;
12) қор биржасының сауда жүйесiнде айналымға жiберiлген қаржы құралдарын бағалаудың әдiстемесiн;
13) биржалық сауда қағидаларын бұзғаны үшiн қор биржасы мүшелерiнiң және қор биржасы трейдерлерінің жауапкершiлiгiн, қор биржасы өндiрiп алатын айыппұлдарды төлеудiң мөлшерi мен тәртiбiн;
14) қаржы құралдарымен мәмiлелердi жүзеге асыру процесінде туындайтын даулар мен жанжалдарды шешу тәртiбiн;
15) қор биржасының сауда жүйесiнде жасалатын мәмілелерді қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын қор биржасының құрылымдық бөлімшесі қызметінің тәртібін;
16) листинг комиссиясы қызметінің тәртібін;
17) бағалы қағаздармен мәмілелер айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тану мәселелерін қарау мақсатында құрылған қор биржасының сараптама комитеті қызметінің тәртібін;
18) инсайдерлік ақпаратты заңсыз қолдану, бағалы қағаздар рыногында айла-шарғы жасау жағдайларын анықтау және болғызбау қағидаларын;
19) қор биржасы мүшелерінің қаржылық жағдайына мониторингті жүзеге асыру тәртібін, мұндай мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті, қор биржасының мүшелері беретін ақпараттың тізбесін және ақпарат беру мерзімдерін;
20) қор биржасының интернет-ресурсында барлық корпоративтік оқиғалар, қор биржасының ресми тізіміне кіретін эмитенттердің және қор биржасы мүшелерінің тоқсан сайынғы қаржылық есептілігі туралы ақпаратты жариялау тәртібін;
21) қор биржасының атқарушы органының эмитенттердің бағалы қағаздарын жеңілдетілген рәсім бойынша қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың онда болу мәселелерін қарау және олар бойынша шешімдер қабылдау тәртібін;
22) осы Заңда белгіленген өзге де ережелер мен рәсімдерді айқындауға тиіс.
Ескерту. 85-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
86-бап. Қор биржасының мүшелерi
1. Бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, бағалы қағаздардан басқа, өзге қаржы құралдарымен мәмiлелердi жүзеге асыру құқығы бар өзге де заңды тұлғалар қор биржасының мүшелерi болып табылады.
2. Қор биржасында бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушыларының кемiнде он мүшесi болуға тиiс.
3. Қор биржасының мүшелерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптарға сай келетiн шетелдiк заңды тұлғалар болуы мүмкiн.
4. Қор биржасының мүшелiгiне кандидаттарға қойылатын талаптар, мүшелiкке қабылдау, мүшелiктi тоқтата тұру және одан айыру тәртiбi, сондай-ақ қор биржасы мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттемелерi Қор биржасының ережелерiнде белгiленедi.
5. Қор биржасының мүшелерi мәмiлелердi жасау осы мүшелер үшiн қор биржасының ережелерiнде жол берiлетiн қаржы құралдарының түрлерi бойынша сауда-саттыққа қатысуға құқылы.
6. Қор биржасының мүшелері қор биржасына қаржылық есептілікті және тізбесі мен беру мерзімдері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және қор биржасының қағидаларында айқындалатын өзге де ақпаратты беруге міндетті.
Ескерту. 86-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
87-бап. Сауда-саттықты ұйымдастырушының қызметiн
қаржыландыру
1. (алып тасталды)
2. Сауда-саттықты ұйымдастырушы мынадай жағдайларда:
1) сауда-саттықты ұйымдастырушының мүшелiгiне кiргенi үшiн;
2) сауда-саттықты ұйымдастырушының мүлкiн пайдаланғаны үшiн;
3) бағалы қағаздар листингi үшiн және олардың сауда-саттықты ұйымдастырушысының тiзiмiнде болғаны үшiн;
4) мәмiлелердi тiркеу және ресiмдеу үшiн;
5) ақпараттық қызмет көрсеткенi үшiн;
6) сауда-саттықты ұйымдастырушының ережелерiмен көзделген өзге де жағдайларда ақшалай жарналар мен алымдар алады.
Ескерту. 87-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
88-бап. Қор биржасының қызметi
1. Қор биржасы Қазақстан Республикасының заңнамасына және қор биржасының iшкi құжаттарына сәйкес бағалы қағаздардан да өзге қаржы құралдарымен де сауда-саттық ұйымдастыруға және өткiзуге құқылы.
2. Қор биржасы мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) сауда жүйелерiн пайдалану және қолдау;
2) бағалы қағаздары қор биржасының тiзiмiне енгiзілуі көзделетін немесе енгiзiлген эмитенттерге, сондай-ақ қор биржасында айналымға жiберiлетiн (жiберiлген) бағалы қағаздарға және өзге де қаржы құралдарына қойылатын талаптарды белгілеу;
3) қор биржасында айналымға жiберiлген бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер жасау мақсатында өз мүшелерінің сауда жүйелерiне кіруіне мүмкiндiк жасау;
4) қор биржасының сауда жүйесі айналымындағы бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауда-саттыққа қор биржасының мүшесі атынан қатысатын қор биржасы трейдерлерін оқыту;
5) қор биржасының трейдерлеріне сауда-саттыққа қатысуға рұқсат беру және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасының талаптарын, қор биржасының қағидаларын бұзған жағдайларда, сондай-ақ қор биржасының қағидаларында белгіленген өзге де жағдайларда оларды сауда-саттыққа қатысудан шеттету;
6) сауда-саттыққа жіберілген, сауда-саттыққа қатысудан шеттетілген (шеттету себебін көрсете отырып) қор биржасы трейдерлерінің тізілімін жүргізу және оны қор биржасының интернет-ресурсында орналастыру;
7) қор биржасында айналымға жiберiлген бағалы қағаздар және өзге де қаржы құралдары бойынша сауда-саттықты ұйымдастыру және өткiзу;
8) қор биржасының сауда жүйесінде бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерге мониторингті және талдауды жүзеге асыру;
9) бағалы қағаздармен мәмілелер айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тану мәселелерін қарау мақсатында құрылған қор биржасының комитетінің қызметін ұйымдастыру;
10) уәкілетті органға қор биржасының сауда жүйесінде жасалған мәмілелерді мониторингтеудің және талдаудың нәтижелері туралы, сондай-ақ қор биржасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасының талаптарын, қор биржасының қағидаларын бұзуы туралы ақпаратты уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен беру;
11) қор биржасында айналымға жіберілген бағалы қағаздар эмитенттерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында және қор биржасының ішкі құжаттарында талап етілетін көлемде ақпаратты ашып көрсетуіне мониторингті жүзеге асыру және уәкілетті органға мұндай мониторингтің нәтижелері туралы ақпарат беру;
12) қор биржасында айналымға жіберілген бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүзеге асыру не мұндай есеп айырысуларды жүзеге асыруға қажетті ақпаратты әзірлеу;
13) лицензияланатын қызмет түрі шеңберінде консультациялық, ақпараттық және өзге де қызметтер көрсету;
14) бағалы қағаздар рыногы және өзге де қаржы құралдары мәселелерi бойынша талдамалық зерттеулер жүргiзу;
15) Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгiленген тәртiппен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыру;
16) қор биржасындағы сауда-саттықты тоқтата тұрудың және қайта бастаудың шарттары мен тәртiбiн айқындау;
17) қор биржасы мүшелерінің қаржылық жағдайына мониторинг;
18) интернет-ресурста барлық корпоративтік оқиғалар, бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне енгізілген эмитенттердің және қор биржасы мүшелерінің тоқсан сайынғы қаржылық есептілігі туралы ақпаратты қор биржасының қағидаларында белгіленген тәртіппен жариялау;
19) қор биржасының ішкі құжаттарында көзделген өзге де функциялар.
Ескерту. 88-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
89-бап. Қор биржасының тiзiмi
1. Бағалы қағаздарды қор биржасының тiзiмiне енгiзудiң талаптары мен тәртiбi оның ережелерiмен белгiленедi.
Уәкiлеттi орган эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жiберiлетiн (жiберiлген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тiзiмiнiң жекелеген санаттарына талаптар белгiлейдi.
Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде қаржы құралдарын қаржы орталығының арнайы сауда алаңы сауда-саттық ұйымдастырушысының тізіміне енгізу үшін қосымша талаптар мен шарттар белгіленуі мүмкін.
1-1. Акциялары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген қор биржасы тізімінің санатына енгiзiлген эмитенттер, сондай ақ оларға рұқсат беруге бастамашы болғандар орналастырылған және еркiн айналыстағы акциялардың қор биржасының ережелерiнде белгiленген ең төменгi көлемiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
1-2. Эмитенттің бағалы қағаздарын қор биржасының тізіміне енгізу үшін эмитент брокермен және (немесе) дилермен осы Заңның 64-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында аталған қызметтердің көрсетілуіне шарт жасасуға міндетті.
Осы тармақтың талабы қаржы ұйымы болып табылатын эмитентке қолданылмайды.
2. Эмиссиялық бағалы қағаздары қор биржасының тiзiмiне енгiзiлген эмитенттер, сондай-ақ сол бағалы қағаздарға рұқсат етудiң бастамашылары осы Заңда, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде және эмитенттiң қызметi мен қор биржасының тiзiмiне енгiзiлетiн (енгiзiлген) бағалы қағаздар туралы ақпаратты ашу жөнiндегi қор биржасының ережелерiнде белгiленген талаптарды сақтауға мiндеттi.
3. Алып тасталды - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
4. Алып тасталды - ҚР 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Ескерту. 89-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.06.05 N 146, 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
90-бап. Биржадан тыс рыноктың баға белгiлейтiн
ұйымының қызметi
1. Биржадан тыс рыноктың баға белгiлейтiн ұйымының (бұдан әрi - баға белгiлейтiн ұйым) негiзгi мақсаты оның клиенттерi арасындағы бағалы қағаздарға баға белгiлеудiң алмасу жүйесiн ұйымдастыру болып табылады.
Бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары ғана баға белгiлейтiн ұйымның клиенттерi бола алады.
Егер бұған Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаса, баға белгiлейтiн ұйым да уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiне және баға белгiлейтiн ұйымның iшкi құжаттарына сәйкес бағалы қағаздардан басқа, өзге қаржы құралдарымен баға белгiлеудiң алмасуын ұйымдастыруға құқылы.
2. Баға белгiлейтiн ұйым мынадай:
1) бағалы қағаздарға баға белгiлеудiң алмасу жүйесiн (бұдан әрi - ақпараттық жүйе) пайдалану және қолдау;
2) баға белгiлейтiн ұйымның айналысына жiберiлген бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер жасасу мақсатында ақпараттық жүйеге кiруге өз клиенттерiне мүмкiндiк бepу;
3) баға белгiлейтiн ұйымның клиенттерi арасында бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарының бағасын белгiлеумен тұрақты алмасып отыруды ұйымдастыру;
4) баға белгiлейтiн ұйымның клиенттерi арасында бағалы қағаздар және өзге де қаржы құралдарымен мәмiле жасасу туралы хабарлама алмасуды ұйымдастыру;
5) өз клиенттерiне баға белгiлейтiн ұйымында айналысқа жiберiлген бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiле жасасу үшiн қажеттi ақпараттар беру функцияларын;
6) осы Заңда, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде және баға белгiлейтiн ұйымның iшкi құжаттарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3. Алынып тасталды - ҚР 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Ескерту. 90-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
18-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы өзін-өзі
реттейтін ұйымдар және өзара сақтандыру қоғамдары
Ескерту. 18-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
91-бап. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мiндеттерi
Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның негiзгi мiндетi өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асырудың бiрыңғай жағдайларын жасауды қамтамасыз ету болып табылады.
Ескерту. 91-бап жаңа редакцияда - ҚР 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
92-бап. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымдардың құқықтық жағдайы
Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның атауы осы ұйым мүшелерiнiң негiзгi қызмет түрiн көрсетуге, сондай-ақ «қауымдастық», «одақ» немесе «бiрлестiк» деген сөздерді қамтуға тиiс.
Ескерту. 92-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
93-бап. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның функциялары
1. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның функциялары:
1) уәкiлеттi органға бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейтiн нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары, нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар беру;
2) бағалы қағаздар рыногында өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелерi арасында туындайтын дауларды және мүшелерi мен олардың клиенттерi арасындағы дауларды қарау;
3) бағалы қағаздар рыногында қызметтi жүзеге асыруға ниет бiлдiрген адамдарға оқу бағдарламаларын әзiрлеу және оларды оқытуды жүргiзу;
4) өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiнiң кәсiби қызметiнiң бiрыңғай ережелерi мен стандарттарын белгiлеу;
5) өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiнiң рейтингтерiн жасау және жариялау;
6) өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiнiң қызметiне тексеру жүргiзу;
6-1) уәкiлеттi органға өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшесiнiң лицензиясын тоқтата тұру және одан айыру туралы өтiнiштер жiберу;
7) бағалы қағаздар рыногында өз мүшелерiнiң қызметiн бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының заңдары мен өзiн-өзi реттейтiн ұйымның iшкi құжаттарын бұзуға жол берген өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiне өзiнiң iшкi құжаттарында белгiленген ықпал ету шараларын қолдану болып табылады.
2. Өзiн-өзi реттейтiн ұйым өз мүшелерiнен, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда, олардың бағалы қағаздар рыногындағы қызметi туралы ақпарат табыс етудi талап етуге құқылы.
3. Өзiн-өзi реттейтiн ұйым өз мүшелерiнiң қызметi мәселелерi бойынша уәкiлеттi орган беретiн ақпаратты өзiнiң мүшелерiне жеткiзiп отыруға мiндеттi.
Ескерту. 93-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
94-бап. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның iшкi құжаттары
1. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның iшкi құжаттары:
1) өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелерi қызметiнiң ережелерi мен стандарттарын;
2) өзiн-өзi реттейтiн ұйымның өз мүшелерiнiң қызметiне қатысты бақылау iс-шараларын жүргiзу ережелерiн;
3) өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелерi арасындағы дауларды шешу ережелерiн;
4) өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелiгiне қабылдау, мүшелiктi тоқтата тұру және өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелiгiнен шығару ережесiн;
5) өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiнiң кәсiби этика ережелерiн;
6) (алып тасталды)
7) өзiн-өзi реттейтiн ұйымның бөлiмшелерi, комитеттерi, филиалдары мен өкiлдiктерi қызметiнiң тәртiбiн белгiлеуге тиiс.
2. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның iшкi құжаттарын өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiнiң кеңесi әзiрлейдi және оны өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiнiң жалпы жиналысы бекiтедi.
Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның iшкi құжаттары өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелерi үшiн оның мүшелерiнiң жалпы жиналысы белгiлеген күннен бастап мiндеттi болады.
Ескерту. 94-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
95-бап.
Ескерту. 95-бап алынып тасталды - ҚР 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
96-бап.
Ескерту. 96-бап алынып тасталды - ҚР 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
97-бап. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның уәкiлеттi
органмен өзара қатынастары
1. Осы Заңда және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкiлеттi органның өзiн-өзi реттейтiн ұйымның қызметiне араласуға құқығы жоқ.
2. Өзiн-өзi реттейтiн ұйым өз мүшесiнiң Қазақстан Республикасының заңдарын, өзiн-өзi реттейтiн ұйымның iшкi құжаттарын бұзғаны туралы, сондай-ақ өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiне қатысты қолданылған ықпал ету шаралары туралы ақпаратты уәкiлеттi органның назарына жеткiзуге мiндеттi.
3. Уәкiлеттi орган өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiнiң және оның клиенттерінің мүдделерi қозғалатын нормативтiк құқықтық актіні әзiрлеу кезiнде өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мамандарын тартады.
98-бап. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелiгiне
қабылдау тәртiбi
1. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелiгiне қабылдау тәртiбi өзiн-өзi реттейтiн ұйымның iшкi құжаттарымен белгiленедi.
2. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелiгiне қабылдау туралы өтiнiш оның өзiн-өзi реттейтiн ұйымға түскен кезiнен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде қаралады. Өтiнiшке тiзбесi өзiн-өзi реттейтiн ұйымның iшкi құжаттарында айқындалатын құжаттар қоса тiркеледi. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелiгiне қабылдау туралы шешiмдi өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiнiң кеңесi қабылдайды.
3. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелiгiне қабылдаудан бас тарту туралы шешiм жөнiнде сотқа шағым жасалуы мүмкiн.
99-бап. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымға мүшелiктiң тоқтатылуы
1. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелiгiнен шығару өзiн-өзi реттейтiн ұйымның iшкi құжаттарына сәйкес мынадай жағдайларда:
1) өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшесiнiң өтiнiшi бойынша;
2) өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшесін бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясынан айырған немесе лицензияның қолданылуы тоқтатылған;
3) өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшесi Қазақстан Республикасының заңдарын және өзiн-өзi реттейтiн ұйымның iшкi құжаттарын бұзған жағдайларда жүзеге асырылады.
2. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелiгiнен шығаруға өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерi кеңесiнiң мүшелiктен шығару туралы шешiмiнiң көшiрмесi берiлген күннен бастап бiр ай мерзiмде сотқа шағым жасалуы мүмкiн.
Ескерту. 99-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
100-бап. Өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерi
клиенттерiнiң құқықтары мен мүдделерiн
қорғау
1. Өзiн-өзi реттейтiн ұйым өз мүшелерi клиенттерiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғауды олардың өтiнiштерiн қарау арқылы жүзеге асырады. Өзiн-өзi реттейтiн ұйым клиенттердiң өтiнiштерiн қарау қорытындылары бойынша және негiздемелер болған жағдайда өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшесiне қатысты ықпал ету шараларын қолданады.
2. Өтiнiштi қараудан заңсыз бас тартуға өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшесiнiң клиентi уәкiлеттi органға шағым жасай алады.
Ескерту. 100-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
100-1-бап. Бағалы қағаздар рыногының кәсіби
қатысушыларының жауапкершілігін өзара
сақтандыру қоғамдары
1. Инвесторларға бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары келтірген залалдарды өтеуді қамтамасыз ету мақсатында бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен өзара сақтандыру қоғамдарын құруға құқылы.
2. Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының өзара сақтандыру қоғамдарын құрудың және олардың жұмысының ерекшеліктері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Ескерту. 100-1-тармақпен толықтырылды - ҚР 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
19-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы ақпарат
101-бап. Эмитенттiң бастапқы бағалы қағаздар
рыногында эмиссиялық бағалы қағаздарды
орналастыру процесiнде ақпаратты ашып
көрсетуi
1. Инвесторлардың шектелмеген тобының арасында орналастырылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың эмитентi кез келген мүдделi тұлғалардың алдында:
1) эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiнде бар;
1-1) акционерлік қоғамның бағалы қағаздарының аукциондары мен оған жазылудың шарттарын және өткізу тәртібін белгілейтін ішкі құжатта қамтылған;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкiлеттi органға табыс етiлетiн есептерде бар;
3) қаржылық есептiлiкке енгiзiлген ақпаратты;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес немесе сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарына сәйкес (eгep осы бағалы қағаздар сауда-саттықты ұйымдастырушының тiзiмiне енгiзiлсе) немесе осы эмитенттiң iшкi құжаттарына сәйкес ашып көрсетуге жататын өзге де ақпаратты ашып көрсетуге мiндеттi.
2. Эмитент ақпаратты ашып көрсетудi:
1) уәкiлеттi органға осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес инвесторлардың (акционерлердiң) мүдделерiн қозғайды деп танылған ақпаратты табыс ету;
2) егер эмитенттiң бағалы қағаздары сауда-саттықты ұйымдастырушының тiзiмiне енгiзiлсе, сауда-саттықты ұйымдастырушыға осы сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарына сәйкес ақпаратты табыс ету;
3) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес айқындалған қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында ақпаратты орналастыру және бұқаралық ақпарат құралдарында ақпаратты жариялау арқылы жүзеге асырады.
3. Бағалы қағаздарды ұйымдастырушылар үшiн ақпаратты эмитент бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзудi жүзеге асыратын тiркеушi арқылы таратуды жүзеге асыруға құқылы.
Ескерту. 101-бапқа өзгертулер енгізілді - ҚР 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
102-бап. Эмитенттiң қайталама бағалы қағаздар
рыногында эмиссиялық бағалы қағаздар
айналысы процесiнде ақпаратты ашып
көрсетуi
1. Эмитент эмиссиялық бағалы қағаздардың айналысы кезеңiнде уәкiлеттi органның және бағалы қағаздарды ұстаушылардың алдында бағалы қағаздарды ұстаушыларының мүдделерi қозғалатын өз қызметiндегi өзгерiстер туралы ақпаратты ашып көрсетуге мiндеттi.
1-1. Бағалы қағаздары қор биржасы тізіміне енгізілген эмитент Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ақпаратқа қосымша ретінде Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес айқындалған қаржылық есептілік депозитарийінің және тізіміне эмитент шығарған бағалы қағаздар енгізілген қор биржасының интернет-ресурсында жылдық және тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті, аудиторлық есептерді және тізбесі осы баптың 2-тармағында айқындалған ақпаратты уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орналастыруды қамтамасыз етеді.
2. Мыналар:
1) эмитент органдары құрамының өзгерiстерi;
2) эмитенттiң дауыс беретiн акцияларының он және одан да көп процентiн (үлесiн) иеленетiн акционерлер (қатысушылар) құрамының өзгерiстерi;
3) эмитенттiң, оның еншiлес ұйымдарының және тәуелдi акционерлiк қоғамдарының қайта ұйымдастырылуы немесе таратылуы;
4) эмитенттiң мүлкiне тыйым салынуы;
4-1) осы эмитент активтерінің он және одан көп пайызын құрайтын сомада эмитент мүлкін кепілге (қайта кепілге) беру;
5) эмитент лицензиясының алынуы, тоқтатыла тұруы немесе одан айыру;
6) эмитент акционерлерiнiң (қатысушыларының) жалпы жиналысының шешiмi;
7) эмитент әрбiр осындай ұйым акцияларының он және одан да көп процентiн (үлесiн, пайын) иеленетiн ұйымдар тiзiмiндегi өзгерiстер;
8) эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектісіне өзгерістер;
9) эмитенттің мемлекеттік емес облигацияларды шығару проспектісінде көзделген талаптарды сақтамауы, осы эмитент жол берген дефолт фактілері туралы ақпарат эмитент қызметiндегi бағалы қағаздарды ұстаушылардың мүдделерi қозғалатын өзгерiстер деп танылады.
3. Эмитент өзгерiстер туындаған кезден бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде бұл туралы ақпаратты уәкiлеттi органға және облигацияларды (болған жағдайда) ұстаушылардың өкiлiне табыс етуге мiндеттi.
4. Осы баптың 2-тармағында қамтылатын өзгерiстердi эмитент олар туындаған кезден бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес айқындалған қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында ақпаратты орналастыру және бұқаралық ақпарат құралдарында ақпаратты жариялау арқылы бағалы қағаздарды ұстаушылардың назарына жеткiзедi.
Ескерту. 102-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
103-бап. Лицензиаттың ақпаратты ашып көрсетуi
Лицензиат:
1) шартқа сәйкес өз клиентiнiң aлдындa оның құқықтары мен мүдделерi қозғалатын ақпаратты ашып көрсетуге;
2) клиентке қаржы құралдары мен эмитенттер туралы лицензиаттың қолында бар ақпаратпен (бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық құпияны және заңдармен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда) танысуға мүмкiндiк беруге;
3) өзiнiң клиентiн осы клиенттiң бұйрығы бойынша қаржы құралдарымен мәмiлелер жасасу процесiнде мүдделер қақтығысының туындау мүмкiндiктерi және фактiлерi туралы хабардар етуге;
4) өзiнiң клиентiн қаржы құралдарымен жасалады деп жорамалданып отырған мәмiлелерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектеулер мен ерекше талаптар туралы хабардар етуге;
5) өзiнiң клиентiне оның бұйрығын орындаудан бас тартылу себептерiн түсiндiруге;
6) уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының заңдарында ашып көрсету мiндеттi болып белгiленген қаржы құралдарымен жасалған мәмiлелер туралы ақпаратты, сондай-ақ өз бұйрықтары бойынша осындай мәмiлелер жасалған клиенттер туралы ақпаратты табыс етуге;
7) эмитенттерден алынған және таратуға арналған ақпаратты клиенттердiң назарына жеткiзуге;
8) клиенттердiң алдында лицензиат қызметiне қатысты ақпаратты уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген көлемде және тәртiппен ашып көрсетуге;
8-1) комиссиялық сыйақы мөлшерін бекіткен лицензиат органының атауын, лицензиат органының оларды бекіту туралы шешімінің күні мен нөмірін көрсете отырып, бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызметті жүзеге асыру шеңберінде қызметтер көрсеткені үшін клиенттерден – жеке тұлғалардан алынатын комиссиялық сыйақының мөлшері туралы ақпаратты интернет-ресурста немесе клиенттердің танысуы үшін қолжетімді орында орналастыруға және оны жаңартылған қалпында ұстауға;
9) лицензияны алу кезiнде табыс етiлетiн құжаттарға өзгерiстер мен толықтыруларды уәкiлеттi органның назарына мұндай өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде жеткiзуге мiндеттi.
Ескерту. 103-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
104-бап. Сауда-саттықты ұйымдастырушының ақпаратты
ашып көрсетуi
1. Сауда-саттықты ұйымдастырушы кез келген мүдделi тұлғаның алдында өзiнiң тiзiмiне енгiзiлген бағалы қағаздар және олардың эмитенттерi туралы өзiнде бар мәлiметтердi (бағалы қағаздар рыногында коммерциялық құпияны құрайтын ақпараттарды қоспағанда) ашып көрсетуге мiндеттi.
2. Сауда-саттықты ұйымдастырушы осы баптың 1-тармағына сәйкес ашып көрсетуге тиiс ақпаратты ол Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заң актiсiне сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында және (немесе) сауда-саттықты ұйымдастырушы үшiн қолжетiмдi әдiстермен таратады.
3. Сауда-саттықты ұйымдастырушының осы баптың 1-тармағына сәйкес ашып көрсетуге жататын ақпаратты осы сауда-саттықты ұйымдастырушы мүшелерiнiң арасында тарату тәртiбi және өзiндегi аталған ақпарат бар құжаттардың көшiрмелерiн мүдделi тұлғаларға табыс ету тәртiбi сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарымен белгiленедi.
Ескерту. 104-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
105-бап. Инвестордың және тiркелген тұлғаның
ақпаратты жария етуi
1. Тiркелген тұлға тiркеушiге (нақтылы ұстаушыға) бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiндегi және нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiндегi өз деректерiнiң өзгерiстерi туралы мұндай өзгерiстер туындаған кезден бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде хабарлауға мiндеттi.
2. Тiркеушi (нақтылы ұстаушы) бағалы қағаздарды ұстаушылардан бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiндегi және нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiндегi деректердiң өзгерiстерi туралы мәлiметтер алмауы немесе уақтылы алмауы салдарынан келтiрiлген шығын үшiн бағалы қағаздарды ұстаушылардың алдында жауапты болмайды.
3. Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде инвестордың (бағалы қағазды ұстаушының) эмиссиялық бағалы қағаздарға инвестицияларды жүзеге асыру кезiнде өзi және өзiнiң аффилиирленген тұлғалары туралы ақпаратты мемлекеттiк органдардың алдында ашып көрсетуге мiндеттi екенi белгiленуi мүмкiн.
106-бап. Уәкiлеттi органның ақпаратты ашып көрсетуi
1. Уәкілетті орган:
1) эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiлерiндегі және эмитенттердiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттi органға табыс ететiн есептерiнде қамтылатын;
2) бағалы қағаздар рыногында қызметтi жүзеге асыруға лицензиялар беру немесе олардан айыру туралы, мұндай лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату туралы, сондай-ақ мұндай оқиғалардың себептерi туралы;
3) шығарылған борыштық бағалы қағаздар бойынша дефолтқа жол берген эмитенттер, сондай-ақ олардың лауазымды адамдары мен ірі акционерлері (қатысушылары) туралы ақпаратты өзiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес ашып көрсетуге тиiс.
2. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының ақпарат алмасу көздейтін халықаралық шарттары негiзiнде коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi бередi.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес алған ақпаратты оған мұндай ақпарат берген тараптың келісімімен ғана Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарына береді.
Ескерту. 106-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
107-бап. Уәкiлеттi органның ақпарат алу құқығы
Уәкiлеттi органға жүктелген функцияларды сапалы және уақтылы орындауды қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ ақша-кредит статистикасын қалыптастыру, экономикалық ахуалды талдау мақсатында ол өз құзыретi шегінде эмитенттен, лицензиаттан және өзiн-өзi реттейтiн ұйымнан, сондай-ақ өзге де жеке және заңды тұлғалардан қажеттi (оның iшiнде бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпияны құрайтын) ақпаратты алады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, алынған мәлiметтер жария етуге жатпайды.
Осы Заңда белгiленген жарияланған акциялар шығарылымын тiркеу мерзiмдерiнiң сақталуын бақылау мақсатында әдiлет органдары уәкiлеттi органға оның сұрау салуы бойынша акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында тiркелген заңды тұлғалар туралы ақпарат ұсынады.
Ескерту. 107-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
20-тарау. Бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің қызметін
бақылау
108-бап. Бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң
қызметiн тексеру
1. Уәкілетті орган эмитенттердің, лицензиаттардың, орталық депозитарийдің, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметін лицензиясыз жүзеге асыратын өзін-өзі реттейтін ұйымдардың және заңды тұлғалардың қызметін тексеруді жүзеге асыруға құқылы.
2. Алынып тасталды - ҚР 2006.01.31 N 125 Заңымен.
3. Тексеруге:
1) инвесторлардың өтiнiш жасауы;
2) бағалы қағаздарды ұстаушылардың өтiнiш жасауы;
3) бағалы қағаздар рыногының және өзiн-өзi реттейтiн ұйымдардың кәсiби қатысушыларының өтiнiш жасауы;
4) тексерудiң жүргiзiлгенi туралы немесе уәкiлеттi орган қызметкерлерiнiң тексеруге қатысқаны туралы сот ұйғарымы, прокурордың немесе анықтау және алдын ала тергеу органының қаулысы;
5) эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеу, эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру және (немесе) өтеу қорытындылары туралы есептiлiктi қарау және бекiту үшiн эмитент табыс еткен құжаттарды қарау процесiнде құжаттардағы немесе мәлiметтердегi ақпараттың уәкiлеттi орган анықтаған сәйкессiздiктерi;
6) лицензиаттардың қызметi туралы есептердi қарау процесiнде уәкiлеттi орган анықтаған сәйкессiздiктер;
7) бағалы қағаздар рыногында айла-шарғы жасау, инсайдерлік ақпаратты, сондай-ақ коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны пайдалана отырып, эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер жасау туралы мәлiметтердiң болуы;
8) бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасы заңдарын бұзуының уәкiлеттi органға мәлiм болған өзге де фактiлерi негiздеме болып табылады.
4. Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкiлеттi орган күнтiзбелiк жыл iшiнде бiр рет өз бастамасы бойынша бағалы қағаздар рыногының субъектiлерiне тексеру жүргiзуге құқылы.
Ескерту. 108-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
109-бап. Бағалы қағаздар рыногының субъектiсiне
тексеру жүргiзу тәртiбi
Ескерту. 109-бап алынып тасталды - ҚР 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
110-бап. Эмитенттiң қызметiн бақылау
Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру, айналысқа жiберу және өтеу процесінде бақылау функцияларын жүзеге асыру үшiн уәкiлеттi орган эмитентке мынадай мәселелер:
1) эмитент органының эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару немесе орналастыру, опциондар жасасу туралы қабылдаған шешiмдерiнiң Қазақстан Республикасының заңдарына және эмитенттің жарғысына сәйкестiгi;
2) эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кiрiс төлеуi және эмитенттiң эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектілерiне сәйкес бағалы қағаздарды ұстаушылар алдындағы өзге де мiндеттемелерiн орындауы;
3) эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеу үшiн құжаттарды және оларды орналастыру және (немесе) өтеу қорытындылары туралы есептердi табыс ету;
4) уәкiлеттi органға және бағалы қағаздарды ұстаушыларға өз қызметiндегi өзгерiстер туралы ақпаратты табыс ету жөнiндегi талаптарды орындау;
5) Қазақстан Республикасы заңдарының iрi мәмiлелер және мүдделiлiк бар мәмiлелер жасасу туралы талаптарын орындау;
6) шығарылуы жойылған, эмитент ерiктi түрде қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда, бастапқы инвестицияларды қайтару кезiнде бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтары мен мүдделерiн сақтау;
7) (алып тасталды)
8) бұқаралық ақпарат құралдарында эмитенттiң қызметi туралы мәлiметтер жариялау мәселелерi бойынша тексеру жүргiзуге құқылы.
Ескерту. 110-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
111-бап. Лицензиаттың қызметiн бақылау
Уәкiлеттi орган бақылау функцияларын жүзеге асыру үшiн лицензиатқа мынадай мәселелер:
1) бағалы қағаздар рыногында жүзеге асырылатын қызметтiң Қазақстан Республикасының заңдарына, өзiн-өзi реттейтiн ұйымның және лицензиаттың iшкi құжаттарына сәйкестiгі;
2) лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыру процесiнде клиенттердiң құқықтары мен мүдделерін сақтау;
3) лицензиаттың қаржылық тұрақтылығының пруденциялық нормативтерін және өзге де көрсеткіштерін немесе өлшемдерін (нормативтерін) сақтау;
4) ерiктi түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату;
5) лицензияны ерікті түрде қайтаруына байланысты лицензияның қолданылуын тоқтату мәселелері бойынша тексеру жүргізуге құқылы.
Ескерту. 111-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
112-бап. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның қызметiн
бақылау
Өзiн-өзi реттейтiн ұйымға қатысты бақылау функцияларын жүзеге асыру үшiн уәкiлеттi орган:
1) өзін-өзi реттейтiн ұйымның қызметi туралы, сондай-ақ оның мүшелерiнiң қызметi туралы ақпарат табыс етудi талап етуге;
2) өзiн-өзi реттейтiн ұйымға орындалуы мiндеттi ұйғарымдар жiберуге және олардың орындалуы туралы есеп табыс етудi талап етуге құқылы.
21-тарау. Қорытынды ережелер
113-бап. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар
рыногы туралы заңдарын бұзғаны үшiн
жауаптылық
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
113-1-бап. Акциялар эмиссиясы осы Заң қолданысқа
енгiзiлгенге дейiн тiркелген акционерлiк
қоғамдарда акциялар шығарылымын
мемлекеттiк тiркеудi жарамсыз деп не
акциялар эмиссиясы жасалмады деп танудың
салдарлары
1. Акциялар эмиссиясы осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн тiркелген акционерлiк қоғамдарда акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеудi жарамсыз деп таныған жағдайда осы акционерлiк қоғам акцияларының барлық эмиссиясы жойылуға тиiс.
2. Осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн қоғамның акциялар эмиссиясы жасалмады деп танылған жағдайда қоғам акцияларының эмиссиясы жасалмады деп тану туралы шешiм негiзiнде бұл эмиссия жойылуға тиiс.
Ескерту. 113-1-баппен толықтырылды - ҚР 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
113-2-бап. Нақтылы ұстаушының клиенттері туралы
ақпаратты ашу
Нақтылы ұстаушы "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне бағалы қағаздар нарығы және акционерлік қоғамдардың мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған нақтылы ұстау туралы шартқа сәйкес нақтылы ұстаушыға өзі туралы мәліметтерді ашуға құқық бермеген клиенттің орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі тиісті қосалқы шотын ашу үшін міндетті түрде қажет болатын деректемелерін оларды орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі тиісті қосалқы шотта көрсету үшін орталық депозитарийге ұсынуға міндетті.
Ескерту. 113-2-баппен толықтырылды - ҚР 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
114-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
1. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
1-1. Осы Заңның 22-бабы 1-тармағының екінші бөлігі 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 1997 жылғы 5 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 5, 52-құжат; N 12, 184-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 15-16, 238-құжат; 2003 жылғы 23 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2003 жылғы 21 мамырда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне бағалы қағаздар рыногы және акционерлiк қоғамдар мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2003 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2003 жылғы 10 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне ипотекалық кредиттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы);
2) "Қазақстан Республикасында бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу туралы" 1997 жылғы 5 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 5, 53-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 17-18, 224-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 15-16, 238-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 10, 49-құжат; 2003 жылғы 23 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2003 жылғы 21 мамырда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне бағалы қағаздар рыногы және акционерлiк қоғамдар мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2003 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы).
Ескерту. 114-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.12 N 538 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының
Президентi