Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 08.04.2019 № 57 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 54 (01.06.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының резидент ұйымына шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат беру, базалық активі Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын, депозитарлық қолхаттарды немесе өзге де бағалы қағаздарды шығару туралы хабарламаны, сондай-ақ оларды орналастырудың қорытындылары туралы есепті ұсыну қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 54 (01.06.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк | |
Төрағасы | Г. Марченко |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 70 қаулыcымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының резидент ұйымына шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат беру, базалық активі Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын, депозитарлық қолхаттарды немесе өзге де бағалы қағаздарды шығару туралы хабарламаны, сондай-ақ оларды орналастырудың қорытындылары туралы есепті ұсыну қағидалары
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 54 (01.06.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
Осы Қазақстан Республикасының резидент ұйымына шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат беру, базалық активі Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын, депозитарлық қолхаттарды немесе өзге де бағалы қағаздарды шығару туралы хабарламаны, сондай-ақ оларды орналастырудың қорытындылары туралы есепті ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөнiндегi уәкілетті органның Қазақстан Республикасының резидент ұйымына шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат беру шарттары мен тәртiбiн, сондай-ақ базалық активі Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын, депозитарлық қолхаттарды немесе өзге де бағалы қағаздарды шығару туралы хабарлау, сондай-ақ оларды орналастыру туралы есепті беру тәртібін белгілейді.
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 54 (01.06.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен 1. Шет мемлекеттің аумағында Қазақстан Республикасының
резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шығаруға және
(немесе) орналастыруға рұқсат беру тәртібі мен шарттары
1. Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымы Заңның 22-1-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарды, сондай-ақ Қағидаларды сақтаған жағдайда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – уәкілетті орган) тиісті рұқсаты болған кезде шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруды және (немесе) орналастыруды жүзеге асырады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 № 244 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымы борыштық эмиссиялық бағалы қағаздарды, сондай-ақ бастамасы бойынша немесе қатысуымен шығарылатын және базалық активі шет мемлекеттің аумағында Қазақстан Республикасы резиденті-ұйымының борыштық бағалы қағаздары болып табылатын эмиссиялық туынды бағалы қағаздарды шығаруды Қағидалардың 1-тармағының талаптарын сақтаған жағдайда, сондай-ақ мына барлық шарттарын сақтаған кезде жүзеге асырады:
айналыстағы (оның ішінде сыйақы төлеуге немесе эмиссиялық бағалы қағаздарды өтеу бойынша міндеттемелер) бағалы қағаздарды (акцияларды қоспағанда) шығару шарттарын өз уақытында орындаған немесе орындамаған жағдайлардың болмауы;
айналыстағы эмиссиялық бағалы қағаздардың (акцияларды қоспағанда) делистингі жағдайларының болмауы;
борыштық эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат алу үшін құжаттарды уәкілетті органға ұсыну алдындағы соңғы тоқсанның қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының резиденті–ұйымының левередж шамасы (банктерді және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда) екіден аспайды;
облигацияларының шығарылымын уәкілетті орган тіркеген Қазақстан Республикасының резидент ұйымы осы облигациялар қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізімінің "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізілген жағдайда осы облигацияларды шет мемлекеттің аумағында орналастырады;
облигацияларының шығарылымы шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген Қазақстан Республикасының резидент ұйымы осы облигацияларды қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізімінің "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізуге келісім алған жағдайда осы облигацияларды шет мемлекеттің аумағында орналастырады.
Шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған, тиімді басқару орны (нақты басқару органдары) Қазақстан Республикасында орналасқан заңды тұлға шығарған бағалы қағаздар шет мемлекеттің аумағында шығарылған және (немесе) орналастырылған жағдайда осы тармақта белгіленген левередж шамасына қойылатын талаптар меншігінде осы заңды тұлға акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) сондай-ақ осы заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша кепілгер (банктерді және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда) болып шығатын елу және одан көп пайызы бар Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымына (банктерді және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда) белгіленеді.
Қазақстан Республикасының резиденті-банкі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымы осы тармақтың талаптарын сақтаған, левередж бойынша талаптарды қоспағанда және шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды беру күніне, сондай-ақ құжаттарды беру күніне дейінгі үш ай ішіндегі кезеңде қаржы ұйымдарының пруденциалдық нормативтерді және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган белгілеген өзге де нормалар мен лимиттерді сақтамау фактілерінің болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасы резиденті-ұйымының борыштық эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығаруды және (немесе) орналастыруды жүзеге асырады.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 № 244 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - 27.03.2017 № 54 (01.06.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен3. Қазақстан Республикасының резиденті-ұйым үлестік эмиссиялық бағалы қағаздарды, сондай-ақ базалық активі осы Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымның үлестік бағалы қағаздары болып табылатын үлестік эмиссиялық туынды бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында шығаруды мынадай талаппен:
1) Қағидалардың 1-тармағының талаптарын сақтағанда;
2) Қазақстан Республикасының резиденті-ұйым бұрын шығарған бағалы қағаздар проспектілерінде орналастырылған үлестік эмиссиялық бағалы қағаздар санынан он және одан да көп пайыз үлестік эмиссиялық бағалы қағаздардың меншік иелері болып табылатын тұлғалардың тізімі өзгерген кезде Қазақстан Республикасының резиденті-ұйым шығарған борыштық эмиссиялық бағалы қағаздарды ұстаушыларда осы борыштық эмиссиялық бағалы қағаздарды мерзімінен бұрын өтеуді және (немесе) сатып алуды талап ету құқығы туындауы үшін негіздеме болып табылатын талаптар (ковенант) болмағанда;
3) қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тiзiмiнiң "Негізгі" алаңының "акциялар" секторына осы акцияларды енгізу шартымен Қазақстан Республикасының резидент ұйымы акцияларды, сондай-ақ базалық активі осы Қазақстан Республикасының резидент ұйымының акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында орналастырады.
Егер акцияларды қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тiзiмiнiң "Негізгі" алаңының "акциялар" секторының "Премиум" санатына енгізу мүмкін болмаса, Қазақстан Республикасының резидент ұйымы акцияларды не депозитарлық қолхаттарды, сондай-ақ базалық активі осы Қазақстан Республикасының резидент ұйымының акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды осы акцияларды қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңының "акциялар" секторының "Стандарт" санатына және "Баламалы" алаңының "акциялар" секторына енгізу шартымен шет мемлекеттің аумағында орналастырады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - 27.03.2017 № 54 (01.06.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен4. Қазақстан Республикасының резиденті-ұйым Қағидалардың 2 және 3-тармақтарында көрсетілгендерді қоспағандағы өзге эмиссиялық бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында шығаруды және орналастыруды мынадай талаппен:
1) Қағидалардың 1-тармағының талаптарын сақтағанда;
2) осы бағалы қағаздарды қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізімінің тиісті санаттарына енгізуге қор биржасының келісімі болғанда жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының резиденті-ұйым осы бағалы қағаздарды шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат алу үшін осы бағалы қағаздарды қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізімінің тиісті санаттарына енгізуге келісімі туралы қор биржасының анықтамасын және Қағидалардың 6-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.5. Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымы шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруға (бұдан әрі – шығаруға рұқсат) және (немесе) шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруға (бұдан әрі – орналастыруға рұқсат) рұқсат алу үшін уәкілетті органға құжаттарды ұсынады.
Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымы өзге эмиссиялық бағалы қағаздары уәкілетті органның осы эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруға және (немесе) орналастыруға көрсетілген рұқсаты негізінде шет мемлекеттің аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасында сауда-саттық жүргізілетін бағалы қағаздар тізіміне енгізіледі және (немесе) онда болады.
6. Қазақстан Республикасы резидентi-ұйымының шет мемлекеттiң аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат алу үшiн Қазақстан Республикасы резидентi-ұйымының органы тиiстi шешiмдi қабылдағаннан кейiн отыз күнтiзбелiк күн iшiнде уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) айналымдағы бағалы қағаздар (борыштық бағалы қағаздар үшін) шығару шарттарын (оның iшiнде сыйақы төлеу немесе бағалы қағаздары өтеу жөнiндегi мiндеттемелерiн) уақтылы орындамаған немесе орындамаған фактілері болмаған, сондай-ақ айналымдағы бағалы қағаздардың (акцияларды қоспағанда) делистинг жағдайлары болмағаны туралы ақпаратты көрсете отырып, Қазақстан Республикасы резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында орналастыруға рұқсат беру туралы еркiн нысанда жасалған өтiнiшті;
2) шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы резиденті-ұйымының шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарын шығару және (немесе) орналастыру туралы Қазақстан Республикасы резиденті-ұйымының органы шешімінің көшірмесін, онда мынадай ақпарат көрсетіледі:
резидент-ұйымның толық атауы;
эмиссиялық бағалы қағаздарын шығару және (немесе) орналастыру аумағында (немесе заңнамасына сәйкес) жүзеге асырылатын мемлекеттің (мемлекеттердің) атауы немесе эмиссиялық бағалы қағаздарының шығарылуы және орналастырылуы жүргізілетін сауда-саттық ұйымдастырушылардың атауы, оған сәйкес эмиссиялық бағалы қағаздарының шығарылуы және (немесе) орналастырылуы жүргізілетін ережелер мен қағидалардың атауы;
шығарылатын және (немесе) орналастырылатын бағалы қағаздардың түрі, кепілгерді көрсетумен қамтамасыз етудің және кепілдіктердің болуы мен түрі, номиналды құны немесе орналастыру бағасы және сәйкестендіру коды (бар болса);
шығарылымның болжалған көлемі және валютасы;
осы бағалы қағазбен берілетін құқықтар;
осы бағалы қағаздар бойынша кірісті есептеу және төлеу тәртібі, төлеу мерзімділігі және Қазақстан Республикасы резиденті-ұйымының көзқарасы бойынша маңызды басқа мәліметтер;
3) Қазақстан Республикасы резиденті-ұйымының Заңның 22-1-бабының 1-тармағы 1), 3), 4) және 5) тармақшаларының талаптарын сақталуын растайтын Қазақстан Республикасы аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының анықтамасы;
4) борыштық эмиссиялық бағалы қағаздарды (оның ішінде туынды) шығару кезінде левередж шамасы есебінің қосымшасымен, облигациялар шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат алу үшін құжаттарды уәкілетті органға ұсыну алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша қаржылық (шоғырландырылған) есептілік;
5) үлестік, оның ішінде туынды эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару кезінде орналастырылған үлестік бағалы қағаздары санынан үлестік бағалы қағаздардың он және одан да көп пайызының меншік иесі болып табылатын тұлғалар тізімі өзгерген кезде борыштық бағалы қағаздар ұстаушыларында осы борыштық бағалы қағаздарын мерзімінен бұрын өтеуді және (немесе) сатып алуды талап ету құқығы туындау үшін негіздеме болып табылатын бұрын шығарылған бағалы қағаздар проспектілерінде талаптардың (ковенанттың) жоқ екенін растайтын құжат.
Қазақстан Республикасы резиденті-ұйымы Заңның 22-1-бабында және Қағидаларда белгіленген шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару және орналастыру кезінде көзделген талаптар сақталған жағдайда Қазақстан Республикасы резиденті-ұйымы бір мезгілде шығару және орналастыруға рұқсат алу үшін құжаттар ұсынады.
7. Қазақстан Республикасы резиденті-ұйымы эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруға рұқсат алуға құжаттарды ұсыну күніне шығарылымы тіркелген шет мемлекеттің аумағында орналастыруға рұқсат алу үшін Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес мәліметтерді ұсынады.
Қазақстан Республикасы резиденті-ұйымы оның бастамасы бойынша немесе оның қатысуымен және базалық активі осы Қазақстан Республикасы резиденті–ұйымы орналастыратын эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын туынды эмиссиялық бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат алу үшін Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа, тиісті шешім қабылданғаннан кейін отыз күн ішінде уәкілетті органға базалық активі Қазақстан Республикасы резиденті–ұйымының шет мемлекеттегі бағалы қағаздары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды орналастыру туралы шешім қабылдаған күндегі жағдай бойынша базалық активі болып табылатын орналастырылмаған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алуы жүзеге асырылатын бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесінде ашылған Қазақстан Республикасы резиденті–ұйымының жеке шотының жай-күйі туралы тіркеушінің анықтамасын ұсынады.
7-1. Қазақстан Республикасының резиденті-ұйым Қағидалардың 6-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген өтініш пен құжаттарды қағаз түрінде не "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық түрде ұсынады.
Құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық түрде ұсынған кезде құжаттар "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысына сәйкес өтініштің электрондық нысанына қоса тіркеледі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11534 тіркелген).
Ескерту. 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 109 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.8. Қазақстан Республикасының резидент ұйымы рұқсат алу үшiн ұсынған құжаттарын уәкiлеттi орган олар ұсынылған күннен бастап он бес күнтiзбелiк күн iшiнде қарайды.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы резиденті–ұйымы рұқсат алуға ұсынған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы резиденті-ұйымына Қағидалардың 2, 3, 4 және 5-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша шет мемлекеттің аумағында Қазақстан Республикасы резиденті–ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат береді.
2. Депозитарлық қолхаттар мен базалық активі Қазақстан Республикасы резиденттері–ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге бағалы қағаздарды шығару туралы хабарлама, сондай-ақ оларды орналастыру туралы есеп берудің тәртібі және талаптары
9. Депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасы резиденті–ұйымының (бұдан әрі – эмиссиялық бағалы қағаздарды ұстаушысы) эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге бағалы қағаздарды шығару және орналастыру арқылы депозитарлық қолхаттарды және (немесе) базалық активі Қазақстан Республикасы резиденті–ұйымының акциялары болып табылатын өзге бағалы қағаздарды шығару талабын белгілейтін құжатқа қосу туралы құжатына акционердің қол қою жолымен бағалы қағаздардың қайталама нарығында Қазақстан Республикасы резиденті–ұйымының бағалы қағаздарын өткізуді жоспарлап отырған тұлға тиісті шешім қабылданғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органға мыналарды көрсете отырып, ерікті нысанда жасалған хабарламаны ұсынады:
1) эмиссиялық бағалы қағаздары шығаруға жоспарланған депозитарлық қолхаттардың немесе өзге бағалы қағаздардың базалық активі болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденті–ұйымының атауы;
2) шығаруға жоспарланған депозитарлық қолхаттардың немесе өзге бағалы қағаздардың (хабарлама ұсынған күннің алдындағы айдың соңындағы жағдай бойынша ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында осы эмиссиялық бағалы қағаздарының түрі, ұлттық сәйкестендіру нөмірі, саны, бағасы) базалық активі болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденті–ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары туралы мәліметтер;
3) шығаруға жоспарланған депозитарлық қолхаттар немесе базалық активі Қазақстан Республикасы резиденті–ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге бағалы қағаздар (түрі, шығару мерзімі, заңнамаға сәйкес шығаруы жоспарланған мемлекет, шығарылым валютасы, шығарылым андеррайтерлері және эмиссиялық бағалы қағаздар ұстаушысы хабарлауға қажет деп санайтын шығарылымның өзге маңызды талаптары) туралы мәліметтер.
10. Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген хабарламасына мыналар қоса беріледі:
эмиссиялық бағалы қағаздарды ұстаушысы органының депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасы резиденті–ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге бағалы қағаздарды шығару туралы шешімінің көшірмесі (заңды тұлғалар үшін);
шығару туралы шешім қабылданған күндегі жағдай бойынша шығаруға жоспарланған депозитарлық қолхаттардың немесе өзге бағалы қағаздардың базалық активі болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздарының болуы туралы бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесінде не номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде ашылған эмиссиялық бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді-көшірме;
мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аударманың нотариат куәландырған қосымшасын қоса бере отырып, депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасы резиденті–ұйымының эмиссиялы бағалы қағаздары болып табылатын өзге бағалы қағаздарды шығару талаптарын белгілейтін құжаттың көшірмесі (егер осы құжат бұрын эмиссиялық бағалы қағаздары депозитарлық қолхаттардың немесе өзге бағалы қағаздардың базалық активі болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденті–ұйымымен уәкілетті органға берілмеген болса).
11. Уәкілетті орган хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде эмиссиялық бағалы қағаздарды ұстаушысына депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасы резиденті–ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге бағалы қағаздарды шығару туралы хабарламаны қарау нәтижелері туралы хат жібереді.
Эмиссиялық бағалы қағаздарды ұстаушысы ол депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасы резиденті–ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге бағалы қағаздарды шығару талаптарын белгілейтін құжатқа қосу туралы құжатқа қол қойған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде уәкілетті органға мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аударманың нотариат куәландырған қосымшасын қоса бере отырып, қосу туралы осы құжаттың көшірмесін береді.
12. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы резиденті емес ұйымы эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды аяқтау күнінен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде уәкілетті органға Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ақпаратты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы резиденті емес ұйымының Заңның 22-1-бабының 1-тармағындағы 2) тармақшасы және 5)тармақшасының үшінші абзацы талаптарын орындауын растайтын қор биржасының анықтамасын ұсынады.
13. Депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасы резиденті–ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында орналастыру қорытындылары туралы есепті Қазақстан Республикасы резиденті-ұйымы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұсынады.
3. Қорытынды ережелер
14. Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымы құжаттардың түпнұсқаларын немесе олардың көшірмелерін ұсынады, бұл ретте көшірмелер бірінші басшының қойылған қолымен және мөр бедерлемесімен куәландырылады. Құжаттың парақтары көп болған жағдайда әр парағы расталады не құжат тігіледі және тігістің түйініне және жартылай параққа желімделген қағаз пломбамен бекітіледі. Бірінші басшының қолы және мөр бедерлемесі жартылай қағаз пломбаға, жартылай құжаттың парағына түсуі тиіс.
15. Уәкілетті орган Заңның 22-1-бабының 7-тармағында көзделген негіздемелердің кез келгені бойынша Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымға шығаруға рұқсатты және (немесе) орналастыруға рұқсатты беруден бас тартады.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.Ескерту. 1-қосымшаның жоғары оң жақ бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 54 (01.06.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
Қазақстан Республикасы резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы
қағаздарын шет мемлекеттің аумағында орналастыруға
рұқсат алу үшін мәліметтер
1. Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының ұйымдық құқықтық нысаны көрсетілген атауы.
2. Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының және оның бағалы қағаздарының рейтингтік бағасы туралы мәліметтер.
3. Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымы бұрын шығарған эмиссиялық бағалы қағаздардың оларды шығарған елдердегі және басқа елдердегі сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда алаңдарында айналыста болуы туралы мәліметтер (биржаның атауы, листингтің санаты, Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымы бұрын шығарған эмиссиялық бағалы қағаздардың параметрлері).
4. Нөмірі мен тіркеу күнін көрсете отырып Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымы эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылымын тіркеген органның атауы.
5. Аумағында (немесе заңнамасына сәйкес) Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымы эмиссиялық бағалы қағаздардың орналастырылуы жүзеге асырылатын мемлекеттің (мемлекеттердің) атауы.
6. Қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылымы жүргізілген және орналастырылуы жүргізілетін сауда-саттықты ұйымдастырушылардың атауы.
7. Соған сәйкес Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздардың орналастырылуы жүргізілетін ережелер мен қағидалардың атауы.
8. Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздардың түрі.
9. Сәйкестендіру коды (бар болса).
10. Шығарылым валютасы және нысаны.
11. Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының жалпы көлемі, номиналды құны (бар болса).
12. Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында орналастыру құнын айқындау шарттары айналысқа жіберу және орналастыру мерзімі.
13. Осы Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары ұсынатын құқықтары.
14. Қамтамасыз етілген Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары бойынша қамтамасыз етудің түрін көрсету қажет (эмитенттің міндеттемесі қамтамасыз етілген эмитенттің кепіл мүлігі, кепілгерді көрсете отырып үшінші тұлғалардың кепілдіктері).
15. Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары бойынша сыйақыны есептеу және төлеу тәртібі, облигацияларды ұстаушылар өкілінің, төлем агентінің болуы, төлемнің мөлшері және мерзімділігі, сондай-ақ облигацияны ұстаушылар өздеріне тиесілі сыйақыны алатын мекен-жайлар, облигацияны өтеу тәртібі, оларды болжамды өтеу мерзімі.
16. Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарды ұстаушыларға эмитенттің қаржылық есептілігін ұсыну тәртібі.
17. Инвесторлар үшін маңызды болып табылатын өзге де мәліметтер (осы Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы бойынша міндеттемелерді өзіне алатын тұлғаны көрсетумен эмитентті көрсету мүмкіндігі, кіріс қандай валютада төленеді, осы Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелер жүргізуге қойылған шектеулері бар Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кірістерді төлеу туралы мәліметтер).
18. Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылым талаптары туралы ақпаратты алуға арналған мекенжайлар, дереккөздер, байланыс деректемелері.
Резидент-ұйымының
басшысы
(басшының орынбасары) (қолы)
Бірінші басшысы (ол болмаған кезде құжаттарға қол қойған адам) уәкілетті органға ұсынған құжаттардағы ақпараттың шынайылығын қамтамасыз етеді.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.09.21 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.Ескерту. 2-қосымшаның жоғары оң жақ бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 54 (01.06.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
Нысан
Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымның эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында орналастыруға рұқсат
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан
Республикасының резиденті-ұйымның
____________________________________________________________________
____________________________________ эмиссиялық бағалы қағаздарын
(Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымның толық атауы және
орналасқан жері)
__________________________________________________________ аумағында
(шет мемлекеттің, сауда-саттықты ұйымдастырушының атауы)
мынадай түрлерін
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(бағалы қағаздардың түрлері, жалпы шығарылым көлемі, бағалы
қағаздардың сәйкестендіру коды (бар болса))
орналастыруға рұқсат береді.
Уәкілетті органның
басшысы
(басшының орынбасары) (қолы)
Ескерту. 3-қосымшаның жоғары оң жақ бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 54 (01.06.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
Нысан
Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымның эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығаруға рұқсат
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан
Республикасының резиденті-ұйымның
____________________________________________________________________
______________________________________ эмиссиялық бағалы қағаздарын
(Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымның толық атауы және
орналасқан жері)
____________________________________________________________________
заңнамасына сәйкес
(шет мемлекеттің атауы)
мынадай түрлерін
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(бағалы қағаздардың түрлері, жалпы шығарылым көлемі, бағалы
қағаздардың сәйкестендіру коды (бар болса))
шығаруға рұқсат береді.
Уәкілетті органның
басшысы
(басшының орынбасары) (қолы)
Ескерту. 4-қосымшаның жоғары оң жақ бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 54 (01.06.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
Нысан
Акционерлік қоғамның бастамасы бойынша немесе оның қатысуымен шығарылатын және базалық активі Қазақстан Республикасының резиденті-ұйым орналастыратын эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылатын туынды эмиссиялық бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында орналастыруға рұқсат
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан
Республикасының резиденті-ұйымның
____________________________________________________________________
______________________________________ эмиссиялық бағалы қағаздарын
(Қазақстан Республикасының-резиденті ұйымның толық атауы және
орналасқан жері)
________________________________________________________ аумағында
(шет мемлекеттің, сауда-саттықты ұйымдастырушының атауы)
мынадай түрлерін
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(туынды бағалы қағаздардың түрі мен атауы, жалпы шығарылым көлемі, бағалы қағаздардың сәйкестендіру коды (бар болса)):
туынды бағалы қағаздардың базалық активі болып табылатын бағалы
қағаздардың түрі:
1) бағалы қағаздардың түрі
___________________________________________________________________;
2) бағалы қағаздар шығарылымы тіркелді (тіркеледі)
_________________________________________________________________;
(тіркеуші органның атауы, тіркелген күні, айы, жылы)
3) ұлттық сәйкестендіру нөмірі (бар болса)
_____________________________________________________ орналастыруға рұқсат береді.
Уәкілетті органның
басшысы
(басшының орынбасары) (қолы)
Ескерту. 5-қосымшаның жоғары оң жақ бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 54 (01.06.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
Нысан
Акционерлік қоғамның бастамасы бойынша немесе оның қатысуымен шығарылатын және базалық активі Қазақстан Республикасының резиденті-ұйым орналастыратын эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылатын туынды эмиссиялық бағалы қағаздарды шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығаруға рұқсат
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан
Республикасының резиденті-ұйымның
____________________________________________________________________
______________________________________ эмиссиялық бағалы қағаздарын
(Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымның толық атауы және
орналасқан жері)
_______________________________________________ заңнамасына сәйкес
(шет мемлекеттің атауы)
мынадай түрлерін
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(туынды бағалы қағаздардың түрі мен атауы, жалпы шығарылым көлемі,
бағалы қағаздардың сәйкестендіру коды (бар болса)):
туынды бағалы қағаздардың базалық активі болып табылатын бағалы
қағаздардың түрі:
1)бағалы қағаздардың түрі
___________________________________________________________________;
2) бағалы қағаздар шығарылымы тіркеледі
_________________________________________________________________;
(тіркеуші органның атауы, тіркелген күні, айы, жылы)
3) ұлттық сәйкестендіру нөмірі (бар болса)
____________________________________________ шығаруға рұқсат береді.
Уәкілетті органның басшысы
(басшының орынбасары) (қолы)
Ескерту. 6-қосымшаның жоғары оң жақ бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 54 (01.06.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
Нысан
Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру
қорытындысы бойынша ақпарат
1. Қазақстан Республикасы резиденті-ұйымының ұйымдық құқықтық нысаны көрсетілген атауы.
2. Эмиссиялық бағалы қағаздардың түрі, орналастырылған бағалы қағаздардың саны, тартылған ақша көлемі.
3. Бағалы қағаздарды орналастыру кезеңі.
4. Қазақстан Республикасы аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасында орналастыру үшін ұсынылған эмиссиялық бағалы қағаздардың саны және орналастыру бағасы, сыйақы мөлшерлемесі.
5. Қазақстан Республикасы аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасында орналастырылған эмиссиялық бағалы қағаздардың саны және орналастыру бағасы, сыйақы мөлшерлемесі, тартылған ақша көлемі.
6. Бағалы қағаздардың түрі және саны, базалық активі болып табылатын бағалы қағаздар эмитентінің атауы (туынды бағалы қағаздарды шығарған кезде).
7. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды бастаған күніне және аяқтаған күніне левередж шамасын есептеу.
Резидент-ұйымының
басшысы
(басшының орынбасары) (қолы)
Бірінші басшысы (ол болмаған кезде құжаттарға қол қойған адам) уәкілетті органға ұсынған құжаттардағы ақпараттың шынайылығын қамтамасыз етеді.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.09.21 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.Ескерту. 7-қосымшаның жоғары оң жақ бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 54 (01.06.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
Нысан
Депозитарлық қолхаттарды немесе Қазақстан Республикасының
резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары базалық активі
болып табылатын өзге бағалы қағаздарды орналастыру
қорытындылары туралы есеп
1. Ұйымдық құқықтық нысаны, орналасқан жері және тіркеу деректері көрсетілген резидент-ұйымының атауы.
2. Шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат алған күн не уәкілетті органның эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу нөмірі.
3. Бағалы қағаздар туралы мәліметтер:
депозитарлық қолхаттардың немесе Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары базалық активі болып табылатын өзге бағалы қағаздарды жалпы саны және түрі, номиналды құны және (немесе) орналастыру бағасы, купон және (немесе) дисконттың мөлшері (борыштық бағалы қағаздар үшін);
базалық активі болып табылатын орналастырылған өзге бағалы қағаздардың жалпы саны және түрі, олардың номиналды құны және (немесе) орналастыру бағасы (үлестік бағалы қағаздар үшін).
4. Есеп берілетін орналастыру мерзімі басталған күн және аяқталған күн.
5. Шет мемлекеттің аумағында орналастырылған бағалы қағаздардың саны, оның ішінде бағалы қағаздарды Қазақстан Республикасы аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасында орналастыру туралы ақпарат (сауда-саттықты ұйымдастырушы тізімінің санаты, облигацияларды орналастыру аяқталған күніне бағалы қағаздардың нарықтық құны, сауда-саттықтардағы ең жоғары баға әрі алғашқы және соңғы сауда-саттықтар күні, орналастырылған бағалы қағаздардың саны және тартылған ақшалардың сомасы).
6. Бағалы қағаздар шығарылымының андеррайтерлері туралы ақпарат (эмиссиялық консорциумдар).
7. Депозитарлық қолхаттарды немесе Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары базалық активі болып табылатын өзге бағалы қағаздарды орналастыруға құқықтарын растауды жүзеге асыратын есептік ұйымының атауы.
Есепке Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымының бірінші басшысы немесе оның орнындағы тұлға қол қояды және мөр бедерімен расталады. Есептің әрбір данасы бағалы қағаздарды орналастыру аяқталған күніне бағалы қағаздарды есепке алуды жүргізуші берген бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімінің көшірмесімен бірге тігіледі. Мөр бедерінің бір бөлігі қағаз пломбаға, бір бөлігі құжат парағында қойылады, бірінші басшының немесе оның орнындағы тұлғаның қолымен куәландырылады. Бірінші басшысы (ол болмаған кезде құжаттарға қол қойған адам) уәкілетті органға ұсынған құжаттардағы ақпараттың шынайылығын қамтамасыз етеді.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.09.21 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 70 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының күші жойылды деп танылған нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасы резидент ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге де бағалы қағаздарды шығару жөнінде хабардар ету, туынды бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары жөніндегі есепті беру, шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес туынды бағалы қағаздарды шығаруға немесе шет мемлекет аумағында туынды бағалы қағаздарды орналастыруға рұқсат беру ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 30 наурыздағы № 75 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4659 тіркелген).
2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы резиденті-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығаруға немесе орналастыруға рұқсат беру ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 30 шілдедегі № 270 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3827 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2005 жылғы 2 желтоқсанда № 224-225 (958-959) жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасы резидент ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге де бағалы қағаздарды шығару жөнінде хабардар ету, туынды бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары жөніндегі есепті беру, шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес туынды бағалы қағаздарды шығаруға немесе мемлекет аумағында туынды бағалы қағаздарды орналастыруға рұқсат беру ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 30 наурыздағы № 75 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2007 жылғы 25 маусымдағы № 170 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4836 тіркелген).
4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Кейбір нормативтік құқықтық актілерге бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 231 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5533 тіркелген).
5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2009 жылғы 7 шілдедегі № 142 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5738 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2009 жылғы 4 қыркүйекте № 134 (1731) жарияланған) 2-тармағы.
6. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығының мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2010 жылғы 1 наурыздағы № 18 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6134 тіркелген) 2 және 3-тармақтары.