Бағалы қағаздар рыногы туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі N 461 Заңы

Жаңартылған

МАЗМҰНЫ

      Ескерту. Мәтін бойынша "брокерлiк-дилерлік", "Брокерлiк-дилерлiк" деген сөздер "брокерлiк және дилерлiк", "Брокерлiк және дилерлiк" деген сөздермен ауыстырылсын, "брокер-дилер", "Брокер-дилер", "брокер-дилердiң", "Брокер-дилердiң" деген сөздер тиiсiнше "брокер және (немесе) дилер", "Брокер және (немесе) дилер", "брокердiң және (немесе) дилердiң", "Брокердiң және (немесе) дилердiң" деген сөздермен ауыстырылды - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      Осы Заң эмиссиялық бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының шығарылуы, орналастырылуы, айналыста болуы және өтелуi процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды, бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң құрылуы мен қызметi ерекшелiктерiн реттейдi, бағалы қағаздар рыногының қауiпсiз, ашық түрде және тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, инвесторлар мен бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтарын, бағалы қағаздар рыногы қатысушыларының адал бәсекесiн қорғау мақсатында бағалы қағаздар рыногын реттеу мен қадағалау тәртiбiн айқындайды.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңның мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) агенттік облигация - қаржы агенттігі шығаратын облигация;

      2) айырбасталатын бағалы қағаз - акционерлік қоғамның шығару проспектісінде айқындалған талаптармен және тәртіппен оның басқа түрдегі бағалы қағазына айырбасталуға жататын бағалы қағазы;

      3) андеррайтер - бағалы қағаздар рыногының брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар және эмитентке эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру жөнінде қызмет көрсететін кәсіби қатысушысы;

       4) бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау - бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің ұсыныс пен сұраныстың объективті арақатынасы нәтижесінде бағалы қағаздарға белгіленген бағадан жоғары немесе төмен баға белгілеуге және (немесе) ұстауға, бағалы қағазбен сауда-саттықтың көрінісін жасауға және (немесе) инсайдерлік ақпаратты пайдаланып мәміле жасауға бағытталған іс-әрекеттері;

      5) бағалы қағаз - мүліктік құқықтарды куәландыратын белгілі бір жазбалар мен басқа да белгілеулердің жиынтығы;

      6) бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы - өз қызметін бағалы қағаздар рыногында лицензия негізінде не заңнамалық актілерге сәйкес жүзеге асыратын және акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында жұмыс істейтін (клиенттердің есебін жүргізу құқығын берместен брокерді және (немесе) дилерді, тіркеушіні, трансфер-агентті қоспағанда) заңды тұлға;

      7) бағалы қағаздарды номиналды ұстау - номиналды ұстау шартына не осы Заңға сәйкес бағалы қағаздарды ұстаушылардың атынан және есебінен белгілі бір заңды іс-әрекеттерді жасау, сондай-ақ бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алу мен растау және осындай ұстаушылардың бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерін тіркеу;

      8) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесі - эмитент, эмиссиялық бағалы қағаздар және оларды ұстаушылар туралы мәліметтердің жиынтығы, ал белгілі бір уақыт кезінде эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша оларды ұстаушылардың құқықтарын сәйкестендіруді, бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ осы бағалы қағаздар бойынша айналысқа немесе құқықтарды жүзеге асыруға арналып тіркелген шектеулердің сипаты және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес өзге де мәліметтер;

      9) бағалы қағаздардың бағасын белгілеу - ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында белгілі бір уақыт кезінде бағалы қағаз бойынша сұраныстың және (немесе) ұсыныстың жарияланған бағасы;

      10) бағалы қағаздардың қайталама рыногы - орналастырылған
бағалы қағаздардың айналысы процесінде бағалы қағаздар рыногының
субъектілері арасында қалыптасатын құқықтық қатынастар;

       11) бағалы қағазды ұстаушы - бағалы қағаздар бойынша құқықтары бар, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдері жүйесінде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген, бағалы қағаздар бойынша құқықтарға ие тұлға, сондай-ақ пайларын ұстаушылар ортақ үлестік меншік құқығында инвестициялық пай қоры активтерінің құрамына кіретін бағалы қағаздар бойынша құқықтарды иеленетін инвестициялық пай қоры;

      12) базалық актив - стандартталған тауарлар партиясы, бағалы қағаздар, валюта, қаржы құралдары және сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарында айқындалған өзге де көрсеткіштер;

      13) бағалы қағаздардың бастапқы рыногы - эмитенттің бұрын қайталама бағалы қағаздар рыногында өзі сатып алған эмиссиялық бағалы қағаздарын бұдан әрі орналастыруын қоспағанда, эмитенттің (андеррайтердің немесе эмиссиялық консорциумның) жарияланған эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруы;

      14) биржадан тыс бағалы қағаздар рыногының баға белгілеу ұйымы - акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, осы сауда-саттықты ұйымдастырушы клиенттерінің арасында баға белгілеуді алмастыру жүйесін пайдалану мен қолдау арқылы сауда-саттықты ұйымдық және техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      15) брокер - клиенттің тапсырмасы бойынша, оның есебінен және мүдделерін көздеп, эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер жасайтын бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы;

      16) бұйрық - қаржы құралдарын ұстаушы (сатып алушы) өзіне тиесілі қаржы құралдарына немесе қаржы құралдарын сатып алуға арналған ақшаға қатысты белгілі бір іс-әрекетті жүзеге асыруды көрсете отырып, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысына табыс ететін құжат;

      17) делистинг - бағалы қағаздарды сауда-саттық ұйымдастырушының тізімінен уақытша немесе тұрақты шығарып тастау;

      18) депозитарийлік қолхат - осы депозитарийлік қолхаттың базалық активі болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың белгілі бір санына меншік құқығын растайтын туынды эмиссиялық бағалы қағаз;

      19) депозитарийлік қызмет - басқа номиналды ұстаушылар үшін бағалы қағаздарды номиналды ұстау қызметін көрсету және ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру жөніндегі қызмет;

      20) депозитке салу - орталық депозитарийдің өз клиенттерінің жеке шоттарындағы қаржы құралдарын есепке алуы;

      21) депонент - орталық депозитарийдің клиенті болып табылатын ұйым;

      22) дефолт - эмиссиялық бағалы қағаздар және өзге де қаржы құралдары бойынша міндеттемелердің орындалмауы;

      23) дилер - ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында және ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында оған тікелей кіру құқығымен өз мүдделерін көздеп және өз есебінен эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер жасайтын бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы;

      24) жарияланған эмиссиялық бағалы қағаздар - шығарылуын
уәкілетті орган тіркеген бағалы қағаздар;

      25) дара инвестор - институционалдық инвестор болып табылмайтын инвестор;

       РҚАО-ның ескертуі!
      2010 жылғы 1 қаңтарда 26) тармақшаға Қазақстан Республикасының 2008.10.23  N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз) Заңымен өзгерту енгізіледі.
      26) жеке шот - бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесінде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде бар, эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдары бойынша мәмілелерді тіркеу және құқықтарды есепке алу мақсатымен тіркелген тұлғаны бірыңғай сәйкестендіруге мүмкіндік беретін жазбалар жиынтығы;
       РҚАО-ның ескертуі!
      2010 жылғы 1 қаңтарда 26-1) тармақшамен Қазақстан Республикасының 2008.10.23  N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін   2-баптан қараңыз) Заңымен толықтырылады.

      27) жеке шоттан үзінді - орталық депозитарий, тіркеуші немесе номиналды ұстаушы беретін және тіркелген тұлғаның қаржы құралдары бойынша белгілі бір уақыт кезінде құқықтарын растайтын, бағалы қағаз болып табылмайтын құжат;

      27-1) инвестициялық жоба - инвестициялаудан белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған және инвестицияларды көздейтін, сондай-ақ белгілі бір уақыт мерзімі ішінде іске асырылатын және аяқталған сипаты бар кешенді іс-шаралар;

      28) инвестициялық портфель - бағалы қағаздар рыногы субъектісінің меншігіндегі немесе басқаруындағы әртүрлі қаржы құралдарының не Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес инвестициялық қор мүлкінің жиынтығы;

      29) инвестициялық портфельді немесе зейнетақы активтерін басқарушы - бағалы қағаздар рыногының азаматтық құқық объектілерін басқару жөніндегі қызметті өз атынан, клиенттің мүдделерін көздеп және соның есебінен жүзеге асыратын кәсіби қатысушысы;

      30) инсайдер - эмитенттің немесе оның аффилиирленген тұлғасының акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлесін) иеленуіне, эмитенттің немесе оның аффилиирленген тұлғасының басқару органдарына мүше болуына, эмитентпен немесе оның аффилиирленген тұлғасымен еңбек шартын немесе азаматтық-құқықтық шарт жасауына, оған мемлекеттік органның лауазымды тұлғасы ретінде берілген өкілеттіктерге байланысты инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізе алатын тұлға;

      31) инсайдерлік ақпарат - эмиссиялық бағалы қағаздар және олармен жасалатын мәмілелер туралы, сондай-ақ осы бағалы қағаздардың эмитенті және ол жүзеге асыратын қызмет туралы үшінші тұлғаларға белгісіз, жария етілуі осы бағалы қағаздардың немесе базалық активі осы бағалы қағаздар болып табылатын туынды бағалы қағаздардың нарықтағы бағасына елеулі түрде әсер етуі мүмкін кез келген ақпарат;

      32) институционалдық инвестор - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инвестицияларды жүзеге асыру мақсатымен қаражат тартушы заңды тұлға;

      33) инфрақұрылымдық облигация - эмитент міндеттемелерінің орындалуы мемлекет пен эмитент арасында мемлекетке берілетін объект құнына сәйкес сомада жасалған инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жөніндегі концессиялық келісім шеңберінде мемлекеттің кепілгерлігімен қамтамасыз етілген облигация;

      34) ипотекалық облигация - ипотекалық қарыз шарттары бойынша талап ету құқығы кепілімен (ипотекалық куәліктердің кепілін қоса алғанда), сондай-ақ тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін өзге де өтімділігі жоғары активтер кепілімен қамтамасыз етілген облигация;

      34-1) ислам арнайы қаржы компаниясы - осы Заңға сәйкес акционерлік қоғамның не жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған және ислам бағалы қағаздарын шығаруды жүзеге асыратын заңды тұлға;

      34-2) ислам арнайы қаржы компаниясы бөлген активтер - ислам арнайы қаржы компаниясы сатып алатын мүлік және талап ету құқықтары, олар бойынша түсімдер;

      34-3) ислам бағалы қағаздары - шығару талаптары исламдық қаржыландыру принциптеріне сәйкес келетін, материалдық активтердегі бөлінбейтін үлесті иелену құқығын және (немесе) оларды пайдаланудан түскен активтер мен табыстарға, нақты жобаларды қаржыландыру үшін осы бағалы қағаздар шығарылған қызметтерге немесе активтерге билік ету құқығын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаздар; V095669

      34-4) ислам бағалы қағаздарының номиналды құны - ислам бағалы қағаздарын оларды бастапқы орналастыру аясында ислам бағалы қағаздарын шығару проспектісінде белгіленген талаптар бойынша сатып алу кезінде инвестор төлейтін ислам бағалы қағаздары құнының ақшалай түрі;

      34-5) ислам бағалы қағаздарын өтеу - ұстаушыға тиесілі ислам бағалы қағаздары санының осы шығарылымдағы ислам бағалы қағаздарының жалпы саны қатынасына бара-бар үлеске сәйкес келетін ақша сомасын бөлінген активтер есебінен ислам бағалы қағаздарын шығару проспектісінде белгіленген мерзімдерде төлеу;

      34-6) ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың өкілі - эмитентпен жасалған шарттың негізінде ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың мүддесінде әрекет ететін ұйым;

      35) кастодиан - қаржы құралдары мен клиенттер ақшасының есебін алуды және олар бойынша құқықтарды растауды, клиенттердің құжаттық-қаржы құралдарының сақталуы жөнінде өзіне міндеттемелер қабылдай отырып, оларды сақтауды және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы;

      36) клиент - бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы көрсететін қызметтерді пайдаланатын немесе пайдаланғысы келетін тұлға;

      37) қазақстандық депозитарийлік қолхат - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздарының белгілі бір санына меншік құқығын растайтын туынды эмиссиялық бағалы қағаз;

      38) қамтамасыз етілген облигация - эмитент міндеттемелерін орындау эмитент мүлкінің кепілімен, банк кепілдігімен қамтамасыз етілген облигация;

      39) қаржы агенттігі - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экономиканың белгілі бір саласында мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға уәкілетті және осы мақсатпен Қазақстан Республикасының қаржы нарығында және (немесе) халықаралық қаржы нарығында қарыз алуды жүзеге асыратын ұлттық басқарушы холдинг және жалғыз акционері ұлттық басқарушы холдинг болып табылатын заңды тұлғалар, сондай-ақ банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым;

      40) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг - қаржы құралдарымен мәмілелер жасасу нәтижесінде жүзеге асырылатын есеп айырысуға қатысушы тараптардың өзара талаптары мен міндеттемелерінің есебі;

      41) қаржы құралдарын материалсыздандыру - құжаттық нысанда шығарылған қаржы құралдарымен куәландырылатын құқықтарды растау тәсілін осы құқықтарды орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі электрондық жазбалармен растау арқылы өзгерту;

      42) (алынып тасталды - 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен);

      43) қаржы нарығы - қаржы қызметін көрсету мен тұтынуға және қаржы құралдарының айналысына байланысты қатынастардың жиынтығы;

      44) қор биржасы - акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, осы сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесін пайдалана отырып, оларды тікелей жүргізу арқылы сауда-саттықты ұйымдық және техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      45) құжатсыз бағалы қағаз - құжатсыз нысанда (электрондық жазбалардың жиынтығы түрінде) шығарылған бағалы қағаз;

      46) құжаттық бағалы қағаздар - құжаттық нысанда шығарылған (қағаздағы немесе арнайы техникалық құралдарды пайдаланбай-ақ бағалы қағаздың мазмұнын тікелей оқуға болатын өзге де материалдық жеткізгіштегі) бағалы қағаздар;

      47) левередж - эмитенттің міндеттемелері мен өз капиталы мөлшерлерінің арақатынасы;

      48) листинг - қор биржасының бағалы қағаздар тізімінің санатына енгізу және сол санатта болу үшін қор биржасының ішкі құжаттарында бағалы қағаздарға және олардың эмитенттеріне арнайы (листингтік) талаптар белгіленіп, бағалы қағаздарды оған енгізу;

      49) лицензиат - уәкілетті орган берген лицензия негізінде бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

      50) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар - мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылмайтын акциялар, облигациялар және өзге де эмиссиялық бағалы қағаздар;

      51) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаз - қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болатын қарызға қатысы жөнінен ұстаушының құқықтарын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаз;

      52) мінсіз іскерлік бедел - кәсіпқойлықты, адалдықты, алынбаған немесе өтелмеген сотталғандығы жоқ екенін растайтын фактілердің болуы;

      53) мүдделер қақтығысы - бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары мен олардың клиенттерінің мүдделері бір-біріне сай келмейтін жағдай;

      54) номиналды ұстауды есепке алу жүйесі - номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушысының бағалы қағаздарды ұстаушылар және оларға тиесілі бағалы қағаздар туралы мәліметтері бар, уақыттың белгілі бір кезінде бағалы қағаздарды сәйкестендіруді, олармен жасалатын мәмілелерді тіркеуді қамтамасыз ететін есеп беру жүйесі, сондай-ақ осы бағалы қағаздарды айналысқа немесе олар бойынша құқықтарды жүзеге асыруға арналып тіркелген шектеулердің сипаты және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзге де мәліметтер;

      55) облигацияларды өтеу - эмитенттің орналастырылған облигацияларды сыйақы және облигацияның номиналды құнын төлеу (кейіннен сату мақсатынсыз) немесе оны облигациялар шығару проспектісінде белгіленген тәртіппен сол эмитенттің акциясына (акцияларына) айырбастау арқылы айналыстан алып қою жөніндегі іс-әрекеті;

      56) облигацияларды ұстаушылардың өкілі - эмитентпен жасалған шарт негізінде қайталама бағалы қағаздар рыногындағы инфрақұрылымдық, сондай-ақ ипотекалық және өзге де қамтамасыз етілген облигациялар айналысы, облигациялар бойынша сыйақы төлеу және оларды өтеу процесінде облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін көздеп іс-әрекет жасайтын ұйым;

      57) облигациялық бағдарлама - эмитент бірнеше облигациялар шығаруды, оның ішінде шығарылымның тиісті проспектісінде белгіленетін әртүрлі құрылыммен шығаруды жүзеге асыруға құқылы болатын шекте облигациялар шығару;

      58) облигацияның номиналды құны - облигация құнының ол шығарылған кезде белгіленген ақшалай көрінісі, оған купондық облигация бойынша процентпен көрсетілген сыйақы есептеледі, сондай-ақ облигацияны өтеген кезде оны ұстаушыға төленуге тиісті сома;

      59) оқшаулау - бағалы қағаздардың сақталуына кепілдік беру мақсатымен жүзеге асырылатын, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесінде және номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде бағалы қағаздармен жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеуге уақытша тыйым салу;

      60) (алынып тасталды - 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен);

       60-1) оригинатор - ислам банкі, ұлттық холдинг, ұлттық басқарушы холдинг, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз проценті ұлттық басқарушы холдингке (ұлттық басқарушы холдингтің келісімі болғанда) тиесілі, активтерін ислам арнайы қаржы компаниясына сатып алу-сату шартының негізінде беретін және (немесе) ислам арнайы қаржы компаниясының құрылтайшысы болып табылатын заңды тұлғалар;

      61) орналастырылған эмиссиялық бағалы қағаздар - бағалы қағаздардың бастапқы рыногында инвесторлар толық төлеген эмиссиялық бағалы қағаздар;

      62) орталық депозитарий - негізгі функциясы депозитарийлік қызметті жүзеге асыру болып табылатын мамандандырылған коммерциялық емес ұйым;

       62-1) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесі - депозитарлық қызметті жүзеге асыру кезінде орталық депозитарий қалыптастыратын мәліметтер жиынтығы;

      63) өзін-өзі реттейтін ұйым - бағалы қағаздар рыногында өз қызметінің бірыңғай ережелері мен стандарттарын белгілеу мақсатымен қауымдастық (одақ) нысанында бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары құрған заңды тұлға;

      64) өтініш беруші - бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алу мақсатымен уәкілетті органға құжаттарды табыс еткен заңды тұлға;

      65) пруденциялық нормативтер - уәкілетті орган белгілеген және лицензиат сақтауға тиіс нормалардың қаржылық көрсеткіштері;

      65-1) резервтік қор - қалыптастыру және пайдалану тәртібі ислам бағалы қағаздарын шығару проспектісінде айқындалатын ислам бағалы қағаздарын орналастырудан алынған ақшаны инвестициялау нәтижесінде туындаған залалдарды жабуға арналған қаражат;

      66) рейтинг - белгілі бір эмитенттің шамамен алғандағы кредит қабілетін немесе оның бағалы қағаздарының сапасы мен сенімділігін белгілейтін бағаның дара сандық және әріппен белгіленген көрсеткіші;

      67) сауда жүйесі - сауда-саттықты ұйымдастырушының материалдық-техникалық құралдарының, ішкі құжаттарының және осы сауда-саттықты ұйымдастырушының мүшелері арасында эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен мәмілелер жасауда пайдаланылатын өзге де қажетті активтері мен рәсімдерінің кешені;

      68) сауда-саттықты ұйымдастырушы - қор биржасы және биржадан тыс бағалы қағаздар рыногының баға белгілеу ұйымы;

      69) сауда-саттықты ұйымдастырушының тізімі - сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесіне айналысқа жіберуге рұқсат етілген қаржы құралдарының сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарына сәйкес және (немесе) Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес жасалған тізім;

      70) (алынып тасталды - 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен);

      71) төлем агенті - банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым;

      72) трансфер-агент - өз клиенттерінің арасында құжаттар (ақпараттар) қабылдау мен беру жөнінде қызмет көрсететін бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы;

      73) туынды бағалы қағаздар - осы туынды бағалы қағаздардың базалық активке қатынасы бойынша құқықтарды куәландыратын бағалы қағаз;

       74) тіркелген тұлға - бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының есепке алу жүйесінде ашылған жеке шоты бар тұлға;

      75) тіркеуші - бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін түзуді, сақтауды және жүргізуді жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы;

      76) уәкілетті орган - бағалы қағаздар рыногын реттеу мен
қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      77) ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногы - эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарының айналыс саласы, олармен жасалатын мәмілелер сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады;

      78) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногы - бағалы қағаздардың айналыс саласы, онда бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелер сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарында белгіленген талаптар сақталмай жүзеге асырылады;

      79) ұлттық сәйкестендіру нөмірі - эмиссиялық бағалы қағаздарды сәйкестендіру және есепке алуды жүйелеу мақсатымен оларға уәкілетті орган беретін әріптік-цифрлық код;

      80) (алынып тасталды - 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен);

      81) хеджирлеу — хеджирлеу объектісі бағасының немесе өзге де көрсеткішінің қолайсыз өзгеруі нәтижесінде туындайтын ықтимал залалды өтеу мақсатында жасалатын туынды қаржы құралдарымен операциялар. Бұл ретте хеджирлеу объектісі деп аталған активтер және (немесе) міндеттемелер, сондай-ақ аталған активтерге және (немесе) міндеттемелерге немесе күтілетін мәмілелерге байланысты ақша легі танылады;

      82) шетелдік мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаз - қарыз алушы шет мемлекеттің үкіметі болатын қарызға қатысты ұстаушының құқықтарын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаз не шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес мемлекеттік бағалы қағаздарға жатқызылған өзге де бағалы қағаз;

      83) шығарылым құрылымы - шығарылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың саны, олардың түрі, номиналды құны (облигациялар үшін) туралы мәліметтер;

      84) ішкі құжаттар - бағалы қағаздар рыногы субъектісінің, оның органдарының, құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдарының, өкілдіктерінің), қызметкерлерінің қызмет жағдайлары мен тәртібін, қызмет көрсетуін және оларға ақы төлеу тәртібін реттейтін құжаттар;

      85) эмиссиялық бағалы қағаздар - бір шығарылым шегінде біртекті белгілер мен реквизиттері болатын, осы шығарылым үшін бірыңғай жағдайлар негізінде орналастырылатын және айналысқа түсетін бағалы қағаздар;

      86) эмиссиялық бағалы қағаздар айналысы - қайталама бағалы қағаздар рыногында бағалы қағаздармен азаматтық-құқықтық мәмілелер жасасу;

      87) эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы - эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздардың азаматтық құқықтар объектісі ретінде пайда болуына бағытталған іс-әрекеті немесе орналастырылуы, айналыста болуы және өтелуі осы эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы проспектісіне сәйкес жүзеге асырылатын белгілі бір бағалы қағаздардың жиынтығы;

      88) эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы проспектісі - эмитент, оның қаржылық жай-күйі, сатылады деп болжанатын эмиссиялық бағалы қағаздар, шығарылымның көлемі, шығарылымдағы бағалы қағаздардың саны, олардың шығарылымы, орналастырылуы, айналыста болуы, дивидендтер (сыйақы) төлеу, өтеу рәсімі мен тәртібі туралы мәліметтер және инвестордың бағалы қағаздар сатып алу туралы шешіміне ықпал етуі мүмкін басқа да ақпарат бар құжат;

      89) эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының күшін жою - эмиссиялық бағалы қағаздың азаматтық құқықтар объектісі ретінде болуын тоқтату;

      90) эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру - бағалы қағаздарды бастапқы бағалы қағаздар рыногында сату;

      91) Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімі - уәкілетті орган түзетін эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымдары мен олардың эмитенттері туралы мәліметтердің жиынтығы;

      92) эмиссиялық консорциум - андеррайтерлердің эмитентке эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру жөнінде қызмет көрсету мақсатында бірлескен қызмет туралы шарт негізінде құрылған бірлестігі;

      93) эмитент - эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруды жүзеге асыратын тұлға.
      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының  2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2008.10.23  N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз), 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.02.13. N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      2-бап. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы
              туралы заңдары

      1. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актiлерiнен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
      3. Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, осы Заңның нормалары банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, инвестициялық қорлар, жинақтаушы зейнетақы қорлары шығаратын мемлекеттiк бағалы қағаздарды, эмиссиялық бағалы қағаздарды, өзге де қаржы құралдарын шығару, орналастыру, айналысқа жiберу және өтеу процесiнде туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылады.
       Ескерту. 2-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының  2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      3-бап. Бағалы қағаздар рыногын мемлекеттiк реттеу

      1. Бағалы қағаздар рыногын мемлекеттiк реттеудi Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      2. Уәкiлеттi орган :
      1) Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсе отырып, бағалы қағаздар рыногын қалыптастыру мен дамыту саласындағы басымдықтарды айқындайды;
      2) Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар рыногының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету және ұлттық бағалы қағаздар рыногының инфрақұрылымын қалыптастыру, бағалы қағаздар рыногында инвесторлардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк саясатты жүргiзедi;
      3) өз құзыретi шегiнде бағалы қағаздар рыногын мемлекеттiк реттеу мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайды;
      4) бағалы қағаздармен қаржы рыногының активтерiн таниды;
      5) мемлекеттiк емес бағалы қағаздардың, туынды бағалы қағаздардың шығарылуы, айналысқа түсуi мен өтелуi және олардың мемлекеттiк тiркелуi, мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздарды орналастыру мен өтеу, сондай-ақ оларды жою қорытындылары туралы есептердi қарау, оның ішінде Қазақстан Республикасының резидентi еместердiң және халықаралық ұйымдардың Қазақстан Республикасының аумағында шығарылуға және орналастырылуға жататын эмиссиялық бағалы қағаздарын мемлекеттiк тiркеу талаптары мен тәртiбiн белгiлейдi; V095669
      6) Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiн және бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi жүзеге асыруға берiлген лицензиялар мен рұқсаттардың тiзiлiмiн жүргiзедi;
      7) мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздардың орналастырылуын тоқтата тұрады және қайта жаңғыртады, мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздарды шығаруды жояды;
      7-1) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiне сәйкес мiндеттi түрде жариялануға тиiс бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң қызметi туралы ақпаратты жариялау үшiн пайдаланылуы мүмкiн бұқаралық ақпарат құралдарының түрлерi мен оларға қойылатын талаптарды айқындайды;
      8) бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызмет пен басқа да лицензияланатын қызмет түрлерiн жүзеге асыру ережелерiн, оның iшiнде бағалы қағаздармен мәмiлелер жасасу, осы мәмiлелердi есепке алу және олар бойынша есеп беру шарттары мен тәртiбiне қойылатын талаптарды айқындайды ;
      9) бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi кәсiби қызмет ретiнде мойындайды;
      10) бағалы қағаздар рыногындағы қызмет түрлерi бойынша лицензиялар берудiң талаптары мен тәртiбiн айқындайды ;
      11) лицензиаттардың қаржылық тұрақтылығының пруденциалдық нормативтерiнiң түрлерi мен өзге де көрсеткiштерiн немесе өлшемдерiн (нормативтерiн), олардың есеп айырысуының және есеп айырысу әдiстемесiнiң тәртiбiн белгiлейдi ; V085322 , V085325
      12) бағалы қағаздар рыногында қызмет түрлерi бойынша лицензиялар бередi, лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұрады, қайта жаңғыртады және лицензиялардан айырады;
      13) (алып тасталды)
      14) орталық депозитарийдiң және лицензиаттардың басшы қызметкерлерiнiң лауазымына кандидатураларды тағайындау үшiн келiсiм бередi;
      15) орталық депозитарийдiң және лицензиаттардың есеп беру   тәртiбiн және есептердiң нысандарын айқындайды ; V085324 , V085332 ,   V085325
      16) (алып тасталды)
      17) (алып тасталды)
      18) алып тасталды ;
      19) эмитенттердiң, орталық депозитарийдiң және  лицензиаттардың қызметiн қадағалауды жүзеге асырады, өз құзыретi шегiнде олардың қызметiне тексеру жүргiзедi;
      19-1) бағалы қағаздар рыногының субъектiлерiне анықталған кемшiлiктердi белгiленген мерзiмде жоюға бағытталған, орындауға мiндеттi түзету шараларын қолдану туралы ұйғарымдарды жiбередi;
      19-2) бағалы қағаздардың эмитенттерiне жарғыларда Қазақстан Республикасының заңдарына қайшылықтарды жою туралы орындауға мiндеттi ұйғарымдарды жiбередi;
      19-3) бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мақсатында сотқа жүгiнуге құқылы;
      20) алып тасталды ;
      21) бағалы қағаздар рыногының субъектiлерi туралы өзiнiң қолындағы мәлiметтердi пайдалана отырып (бағалы қағаздар рыногындағы қызметтiк, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi қоспағанда), бағалы қағаздар рыногының мәселелерi жөнiндегi ақпаратты, сондай-ақ олардың бағалы қағаздар рыногының субъектiлерiне қолданған шаралары туралы ақпаратты жариялайды;
      22) бағалы қағаздар рыногын реттеу жөнiнде қолданылатын шараларды үйлестiру, бағалы қағаздар рыногындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мен олардың жолын кесу мәселелерi және өзара мүдделiлiк туғызатын өзге де мәселелер бойынша бағалы қағаздар рыноктарын реттейтiн шетелдiк органдармен өзара iс-әрекет жасайды;
      22-1) қор биржасындағы сауда-саттықты тоқтата тұрудың және қалпына келтірудің шарттары мен тәртібін айқындайды;
      23) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағалы қағаздар рыногын мемлекеттiк реттеу жөнiндегi өзге де функциялар мен өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.07. N 577 , 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) , 2007 жылғы 19 ақпандағы N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      РҚАО-ның ескертуі!
      3-1-бапқа өзгерту қарастырылған - ҚР-ның 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      3-1-бап. Уәкілетті орган қолданатын ықпал етудің
                шектеулі шаралары және санкциялар

      1. Уәкілетті орган пруденциалдық нормативтердің және сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттердің бұзылғандығын, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің бұзылғандығын тапқан, бағалы қағаздар рыногының субъектілері лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттерін немесе әрекетсіздіктерін анықтаған жағдайларда уәкілетті орган бағалы қағаздар рыногының субъектілеріне ықпал етудің мынадай шектеулі шараларының бірін қолдануға:
      1) анықталған кемшіліктерді белгіленген мерзімде жою жөнінде орындалуы міндетті жазбаша нұсқама беруге;
      2) акционерлер алдына бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің басшы қызметкерлерін қызметінен шеттету туралы мәселе қоюға;
      3) міндеттеме-хат талап етуге;
      4) бағалы қағаздар рыногының субъектісімен жазбаша келісім жасауға құқылы.
      2. Бағалы қағаздар рыногы субъектісінің міндеттеме-хатында орын алған кемшіліктерді мойындау фактісі және бағалы қағаздар рыногы субъектісі басшылығының оларды қатаң айқындалған мерзімдерде жою және (немесе) жоспарланған іс-шаралардың тізбесін көрсете отырып, алдағы уақытта мұндай кемшіліктерді болдырмау жөніндегі кепілдігі болуға тиіс.
      3. Жазбаша келісім - бұл бағалы қағаздар рыногының субъектісі мен уәкілетті органның арасындағы анықталған кемшіліктерді шұғыл жою қажеттігі туралы және осыған байланысты бірінші кезектегі шараларды бекіту жөніндегі келісім.
      4. Жазбаша нұсқама - бағалы қағаздар рыногының субъектісіне белгіленген мерзімде анықталған кемшіліктерді жоюға бағытталған, орындалуға міндетті түзету шараларын қабылдау туралы нұсқау.
      Сотта уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағымдану оның орындалуын тоқтатпайды.
      5. Бағалы қағаздар рыногының субъектісі міндеттеме-хаттың, жазбаша нұсқаманың немесе жазбаша келісімнің осы құжатта көрсетілген мерзімде орындалғандығы туралы уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
      6. Ықпал етудің шектеулі шараларын қолдану тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді .
      7. Уәкілетті орган бағалы қағаздар рыногының субъектісіне оған бұрын қолданылған ықпал ету шараларына қарамастан санкция қолдануға құқылы.
      8. Уәкілетті орган санкция ретінде мынадай шаралар қолдануға:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айыппұл салуға және оны өндіртіп алуға;
      2) лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға;
      3) лицензиядан айыруға;
      4) бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің басқарушы қызметкерлерін тағайындауға уәкілетті органның келісімін қайтарып алуға құқылы.
      Ескерту. 3-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 19 ақпандағы N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      4-бап. Бағалы қағаздар рыногының объектiлерi

      1. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - ұйымдарының шығаруын осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi орган тiркеген мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздары;
      2) Қазақстан Республикасының резиденттерi емес ұйымдардың шығаруын уәкiлеттi орган тiркеген немесе Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында айналысқа жiберiлген мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздары;
      3) Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - ұйымдарының шығаруы шет мемлекеттiң заңдарына сәйкес тiркелген және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногына айналысқа жiберiлген мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздары;
      4) халықаралық қаржы ұйымдарының шығаруын уәкiлеттi орган тiркеген немесе уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында айналысқа жiберiлген эмиссиялық бағалы қағаздары;
      5) мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар;
      5-1) шетелдiк мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар;
      6) туынды бағалы қағаздар және өзге де қаржы құралдары Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногының объектiлерi болып табылады.
      2. Эмиссиялық бағалы қағаздардың түрлерi Азаматтық кодекспен , осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен айқындалады.
      Ескерту. 4-бапқа өзгертулер енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) , 2007 жылғы 19 ақпандағы N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      5-бап. Бағалы қағаздар рыногының субъектiлерi

      1. Жеке және институционалдық инвесторлар, эмитенттер, бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары, сауда-саттықты ұйымдастырушылар және өзiн-өзi реттейтiн ұйымдар бағалы қағаздар рыногының субъектiлерi болып табылады.
      2. Жеке инвесторлар эмиссиялық бағалы қағаздарға және өзге де қаржы құралдарына инвестицияны дербес немесе брокерлiк және дилерлiк қызметтi немесе инвестициялық портфельдi басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары көрсететiн қызметтi пайдалана отырып жүзеге асырады.
      3. Институционалдық инвесторлар инвестицияны, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, инвестициялық портфельдi немесе зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары көрсететiн қызметтi пайдалана отырып жүзеге асырады.
      4. (алып тасталды)
      Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

2-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды
мемлекеттік тіркеу

      6-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттiк
              тiзiлiмi

      1. Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзудiң талаптары мен тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi .
      2. Шығарылымы жойылған немесе Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiне олар туралы мәлiметтер енгiзiлмеген эмиссиялық бағалы қағаздар бағалы қағаздар рыногында мәмiлелердiң объeктici бола алмайды.
      3. Тiркелген эмиссиялық бағалы қағаздар мен олардың эмитенттерi туралы мәлiметтердi уәкiлеттi орган Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiне уәкiлеттi органның тиiстi шешiм қабылдаған күнiнен бастап бiр күн iшiнде енгiзедi.
      Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.07. N 577 Заңымен .

      7-бап. Мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар шығару

      1. Мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарудың, оларды тiркеудiң, орналастырудың, айналысқа жiберудiң және өтеудiң талаптары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
      2. Мемлекеттiк бағалы қағаздарға ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн беру тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi .

      8-бап. Мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар
              шығаруды мемлекеттiк тiркеу

      1. Мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеудi уәкiлеттi орган осы Заңда және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаппен және тәртiппен жүзеге асырады.
      2. Мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеу:
      1) табыс етiлген құжаттардың және олардың сараптамасының Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестiгiн қарауды;
      2) эмиссиялық бағалы қағаздарға ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн берудi және Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiне олар және эмитент туралы мәлiметтер енгiзудi;
      3) эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды және эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiн (айналыс мерзiмi он екі айдан аспайтын мерзiммен облигациялар шығаруды қоспағанда) мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктер берудi қамтиды.
      2-1. Инвестициялық пай қорларының пайларын шығаруды мемлекеттiк тiркеудiң шарттары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының жеке заң актiсiмен айқындалады.
      3. Уәкiлеттi орган мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығару туралы құжаттарды олар мемлекеттiк тiркеуге табыс етiлген күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде қарайды.
      Мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеуге қосымша құжаттар табыс етiлген жағдайда уәкiлеттi орган құжаттарды қарау мерзiмiн күнтiзбелiк отыз күннен аспайтын мерзiмге ұзартуға құқылы.
      4. Эмитент пен оның лауазымды адамдары уәкiлеттi органға мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеуге табыс етiлген құжаттарда дәйектемесiз мәлiметтер бергенi үшiн, сондай-ақ құжаттарды табыс ету мерзiмiн бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
      5. Уәкiлеттi органның мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздарды мақсатқа сай еместiк желеуiмен мемлекеттiк тiркеуден бас тартуға құқығы жоқ.
      Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.07. N 577 , 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      РҚАО-ның ескертуі!
      9-бапқа өзгерту қарастырылған - ҚР-ның 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      9-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсi

      1. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiнде:
      1) эмитент пен оның қызмет түрлерi туралы;
      2) эмитенттің жарғылық капиталындағы үлестің он және одан да көп процентіне иелік ететін ірі акционерлері және (немесе) қатысушылары туралы;
      3) басшы қызметкерлер, олардың лауазымдары туралы соңғы үш жылдағы мәлiметтер, сондай-ақ эмитенттiң орналастырылған акцияларының оларға тиесiлi саны (жарғылық капиталындағы үлестерiнiң мөлшерi) туралы мәлiметтер көрсетiле отырып, эмитент органдарының құрылымы туралы;
      4) баланстық құны көрсетiле отырып, эмитенттiң активтерi туралы, эмитенттiң өзi өндiретiн немесе тұтынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) жалпы құнының бес және одан да көп процентiн құрайтын көлемдегi тауарды (жұмысты, көрсетiлетiн қызметтердi) тұтынушылары және жеткiзiп берушiлерi туралы;
      5) эмитенттiң мүлкiн бағалау туралы (қамтамасыз етiлген облигациялар шығарған кезде);
      6) кредиторлардың (дебиторлардың) тiзбесi көрсетiле отырып, эмитент активтерiнiң баланстық құнының бес және одан да көп процентiн құрайтын кредиторлық және дебиторлық берешектер, оларды өтеу мерзiмдерi туралы;
      7) осы тармақтың 2) тармақшасында аталған тұлғаларды қоспағанда, эмитенттiң аффилиирленген тұлғалары туралы;
      8) жарияланған эмиссиялық бағалы қағаздардың саны, олардың түрi, төлеу тәсiлдерi, бағалы қағаздар бойынша кiрiс алу, оның iшiнде облигациялардың нақтылы құны, олардың айналыс мерзiмi және өтелу тәртiбi туралы;
      9) бағалы қағаздарды (айырбасталатын бағалы қағаздар шығарған кезде) айырбастау тәртiбi туралы;
      10) облигация ұстаушылардың өкiлi туралы (инфрақұрылымдық, сондай-ақ ипотекалық және өзге де қамтамасыз етiлген облигациялар шығарған кезде);
      11) төлем агентi туралы;
      12) эмитенттiң бағалы қағаздарын ұстаушылар тiзiлiмдерi жүйесiн жүргiзудi жүзеге асыратын тiркеушi туралы мәлiметтер болуға тиiс.
      1-1. Арнайы қаржы компаниясы секьюритилендіру туралы заңнамаға сәйкес шығаратын облигациялар шығару проспектiсiне қойылатын қосымша талаптар Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасымен белгіленеді.
      1-2. Ислам бағалы қағаздары проспектісіне қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
      Ислам бағалы қағаздарын шығару проспектісі исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңеспен келісілуге тиіс.
      Эмитенттің ислам бағалы қағаздарын ұстаушыларының құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіретін жағдайларда ислам бағалы қағаздарын шығарудың, орналастырудың, айналымға енгізудің және өтеудің шығарылым проспектісінде белгіленген талаптарын өзгертуге құқығы жоқ.
      2. Қоғам оларды сатып алу кезіндегі акциялардың құнын айқындау әдістемесі, сондай-ақ эмитенттің (жаңадан құрылған эмитенттердi қоспағанда) соңғы екi қаржы жылындағы аудиторлық есептермен расталған қаржылық есептiлiк және эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеуге құжаттар беру алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша қаржылық есептiлiк эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiнiң ажырамас бөлiгi болып табылады.
      Аяқталған қаржы жылының қаржылық есептілігінің аудиторлық есебі болмаған жағдайда ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 маусымына дейінгі кезеңде қоғам уәкілетті органға аяқталған соңғы жылдың алдындағы екі жылдың қаржылық есептілігін және аталған кезеңдегі қаржылық есептілігінің аудиторлық есебін ұсынады (аяқталған қаржылық жылдың аудиттік есебін және қаржылық есептілігін қоғам жылдық қаржылық есептілікті акционерлердің жалпы жиналысы бекіткен күннен бастап бір ай ішінде ұсынады).
      2-1. Тiзбесiн уәкiлеттi орган белгiлейтiн рейтинг агенттiктерiнiң бiрiнiң талап етiлетiн ең төмен рейтингi бар эмитенттiң эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiнiң мазмұнына қойылатын талаптарды уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      3. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiнiң құрылымы және оны жасау мен ресiмдеу тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
      4. Эмитент қоғамның акцияларды сатып алуы кезінде олардың құнын айқындау әдістемесі және осы баптың 1-тармағының 1)-3), 8)-12) тармақшаларында көрсетiлген мәлiметтер өзгерген жағдайда, эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiне өзгерiстер мен толықтыруларды уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген тәртiппен тiркеу үшiн олар туындаған (қоғамның тиiстi органдары шешiм қабылдаған) күннен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде уәкiлеттi органға беруге мiндеттi. Уәкiлеттi орган жарияланған акциялардың саны ұлғайған және (немесе) жарияланған акциялардың түрi өзгерген не облигациялардың саны кеміген кезде жарияланған акциялар (облигациялар) шығарылымының мемлекеттiк тiркеу куәлiгiн ауыстырады. Уәкiлеттi орган жарияланған акцияларды (облигацияларды) шығару проспектiсiне өзгерiстер мен толықтыруларды тiркеудi не жарияланған акциялар (облигациялар) шығарылымын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктi ауыстыруды күнтiзбелiк он бес күн iшiнде жүзеге асырады.
      Облигацияларды ұстаушылардың құқықтары мен мүдделерiне қысым жасалатын жағдайларда эмитенттiң шығару проспектiсiнде белгiленген облигациялар бойынша шығару, орналастыру, айналысқа жiберу, сыйақы төлеу және оларды өтеу талаптарын өзгертуге құқығы жоқ.
      5. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгiленген эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiне қойылатын талаптар агенттiк облигацияларын, айналым мерзiмi он екі айдан аспайтын облигациялар, облигациялық бағдарламалар және облигациялық бағдарламалар шегiнде шығарылатын облигациялар шығару проспектiсiне, сондай-ақ ислам бағалы қағаздарын шығару проспектілеріне қолданылмайды.
      6. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсi уәкiлеттi органға мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде табыс етiледi.
      Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.04.21 N 46 , 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.02.20 N 127 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.06.05 N 146 , 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23  N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.11.20  N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      10-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк
               тiркеуден бас тарту және олардың шығарылуын
               мемлекеттiк тiркеудi тоқтата тұру

      1. Эмитент шығару құжаттарын мемлекеттiк тiркеуге табыс ету талаптары мен тәртiбiн бұзған және құжаттарды қapaу процесiнде олардың Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген талаптарға сәйкес келмейтiндiгi анықталған жағдайда уәкiлеттi орган эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеуден бас тартуға құқылы.
      2. Егер табыс етiлген құжаттарды қарау процесiнде эмитент пен оның қызметi туралы қосымша мәлiметтер алу қажеттiгi туындаса, уәкiлеттi орган эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеудi тоқтата тұруға құқылы.
      Уәкiлеттi орган эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеудi эмитент қосымша мәлiметтердi табыс еткен күннен бастап қайта жаңғыртады.
      3. Эмитент уәкiлеттi органның эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеуден бас тарту туралы шешiмiне сот тәртiбiмен шағымдануға құқылы.
      Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.07. N 577 Заңымен .

      11-бап. Жарияланған акциялар шығаруды мемлекеттiк тiркеу

      1. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу туралы шешiмдi акционерлiк қоғамның құрылтай жиналысы (жалғыз құрылтайшысы) немесе акционерлердiң жалпы жиналысы (дауыс беретiн барлық акцияларды иеленушi акционер) қабылдайды.
      Акционерлiк қоғам жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеуге арналған құжаттарды:
      1) оны заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеген күннен бастап;
      2) жарияланған акциялар шығарылымын жарамсыз деп тану туралы сот шешiмi негiзiнде жарияланған акциялар шығарылымы жойылған жағдайда акционерлердiң жалпы жиналысы жарияланған акциялар шығарылымын тiркеу туралы шешiм қабылдаған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде ұсынуға мiндеттi.
      1-1. Уәкiлеттi орган акционерлiк қоғам заңды тұлға ретiнде тiркелген күннен бастап не сот шешiмi негiзiнде акционерлiк қоғамның жарияланған акциялар шығарылымы жойылған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеуден өткiзуге құқылы емес.
      Уәкiлеттi орган:
      1) акционерлiк қоғам заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн акционерлiк қоғам жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеуден өткiзу үшiн құжаттарды бермеген;
      2) акционерлiк қоғам заңды тұлға ретiнде тiркелген күннен бастап не соттың шешiмi негiзiнде акционерлiк қоғамның жарияланған акциялар шығарылымы жойылған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн уәкiлеттi орган жарияланған акциялар шығарылымын тiркемеген жағдайларда акционерлiк қоғамды тарату не қайта ұйымдастыру мақсатында сотқа жүгiнуге құқылы.
      2. Құрылтай жиналысының (жалғыз құрылтайшының) немесе акционерлердiң жалпы жиналысының (дауыс беретiн барлық акцияларды иеленушi акционердiң) жарияланған акциялар шығаруды мемлекеттiк тiркеу туралы шешiмiнде:
      1) эмитенттiң атауы және оның орналасқан жерi көрсетiле отырып, құрылтай жиналысының (акционерлердiң жалпы жиналысының) өткiзiлетiн орны мен күні;
      2) құрылтай жиналысына қатысқан құрылтайшылардың тiзiмi немесе акционерлiк қоғамның акционерлердiң жалпы жиналысына табыс етiлген дауыс берушi акцияларының саны туралы мәлiметтер;
      3) акциялардың түрлерi және олардың жалпы саны;
      4) құрылтайшылар арасында орналастырылатын акциялардың саны және олардың акцияларды төлеу тәртiбi;
      5) құрылтайшылар арасында орналастырылатын акциялардың нақтылы құны қамтылуға тиiс.
      Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының ережелерi жалғыз құрылтайшы құрған акционерлiк қоғамға және дауыс беретiн барлық акциялары бip акционерге тиесiлi акционерлiк қоғамға қатысты қолданылмайды.
      3. Жарияланған акциялар шығаруды мемлекеттiк тiркеу акционерлiк қоғам табыс еткен мынадай құжаттар:
      1) еркiн нысанда жазылған өтiнiш;
      2) құрылтай жиналысы (жалғыз құрылтайшы шешiмiнiң) жарияланған акциялар шығаруды мемлекеттiк тiркеу туралы немесе акционерлердiң жалпы жиналысының (дауыс беретiн барлық акцияларды иеленушi акционер шешiмiнiң) жарияланған акцияларды шығару проспектiсiне өзгерiстердi тiркеу туралы хаттамасының көшiрмесi;
      3) акционерлiк қоғам жарғысының көшiрмесi;
      4) акционерлiк қоғамды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң көшiрмесi;
      5) акционерлiк қоғамның статистикалық карточкасының көшiрмесi;
      6) акциялар шығару проспектiсiнiң екi данасы;
      7) акционерлiк қоғамның құрылтайшылары арасында орналастырылатын жарияланған акциялар төленгенiн растайтын құжаттар негiзiнде жүзеге асырылады .
      4. Табыс етiлген құжаттар Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкiлеттi орган жарияланған акциялар шығаруды мемлекеттiк тiркеудi акцияларға ұлттық бiрдейлендiру нөмiрiн (ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн) беру және акционерлiк қоғамға жарияланған акциялар шығаруды мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк пен жарияланған акциялар шығаруды мемлекеттiк тiркеу туралы уәкiлеттi орган белгi соққан акциялар шығару проспектiсiнiң бiр данасын беру (жiберу) арқылы жүзеге асырады.
      5. Жарияланған акцияларға ұлттық бiрдейлендiру нөмiрiн (ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн) беру тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi. Барлық жарияланған бiр түрдегi акциялардың бiрыңғай ұлттық бiрдейлендiру нөмiрi болады.
      6. Тiркеушi акционерлiк қоғам құрылтайшыларының (жалғыз құрылтайшысының) акциялар жөнiндегi құқықтарын тiркеудi жарияланған акциялар шығару мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн жүзеге асырады.
      7. Уәкiлеттi орган қоғам құрылтайшыларының акцияларды төлеу жөніндегі міндеттемелерінің орындалғанын растайтын жарияланған акцияларды орналастырудың қорытындылары туралы есепті бекiткеннен кейiн акционерлiк қоғам жарияланған акциялардың санын ұлғайту туралы шешiм қабылдауға құқылы.
      Ескерту. 11-бапқа өзгертулер енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.07. N 577 , 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007 жылғы 19 ақпандағы  N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      12-бап. Мемлекеттiк емес облигациялар шығаруды
               мемлекеттiк тiркеу

      1. Мемлекеттiк емес облигациялар шығаруды мемлекеттiк тiркеу үшiн эмитент уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды:
      1) еркiн нысанда жазылған өтiнiштi;
      2) эмиссиялық органның облигацияларды шығару, орналастыру, айналысқа жiберу және өтеу, облигацияларды орналастыру нәтижесiнде эмитент алған қаражатты пайдалану тәртiбi, облигациялардың шығарылу көлемi, саны мен түрi, облигациялардың нақтылы құны, облигациялар ұстаушылардың құқықтары туралы мәлiметтер бар облигациялар шығару туралы шешiмiнiң көшiрмесiн;
      3) облигациялар шығару проспектiсiнiң (облигациялық бағдарлама проспектiсiнiң) екi данасын;
      4) жарғының көшiрмесiн;
      5) заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелгенi (қайта тiркелгенi) туралы куәлiктiң көшiрмесiн;
      6) статистикалық карточканың көшiрмесiн;
      7) инфрақұрылымдық, сондай-ақ банк кепiлдiгiмен қамтамасыз етiлген облигациялар шығарылған жағдайда эмитенттiң мiндеттемелердi орындауды қамтамасыз еткенiн растайтын құжаттарды және облигациялар ұстаушылардың өкiлiмен жасалған шарттың көшiрмесiн;
      8) егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес эмитент акционерлерiнiң (қатысушыларының) жалпы жиналысының алдын ала шешiмiнсiз облигациялар шығаруды жүзеге асыру мүмкiн болмаса, акционерлердiң (қатысушылардың) жалпы жиналысы хаттамасының көшiрмесiн (хаттаманың үзiндiсiн) және акционерлердiң (қатысушылардың) облигациялар шығару туралы шешiм қабылданған жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлама жарияланған бұқаралық ақпарат құралы беттерiнiң көшiрмесiн табыс етуге мiндеттi.
      2. Облигацияларға ұлттық бiрдейлендiру нөмiрiн берудiң және мемлекеттiк емес облигацияларды мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк берудiң талаптары мен тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi. Облигациялық бағдарлама шегiнде облигацияларды әрбiр шығарудың өз ұлттық бiрдейлендiру нөмiрi болады.
      3. Құрылтайшылар (бірден-бір құрылтайшы) жарғылық капиталды төлегеннен кейін эмитент мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттарды ұсынуға құқылы.
      Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.04.21. N 46 , 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.02.20. N 127 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      РҚАО-ның ескертуі!
      13-бапқа өзгерту қарастырылған - ҚР-ның 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      13-бап. Облигациялық бағдарламаны және облигациялық
               бағдарлама шегiнде облигациялар шығаруды
               мемлекеттiк тiркеудiң ерекшелiктерi

      1. Облигациялық бағдарламаны мемлекеттiк тiркеудi уәкiлеттi орган облигациялық бағдарлама проспектiсiн алған күннен бастап күнтiзбелiк он төрт күн iшiнде жүзеге асырады.
      Облигациялық бағдарлама проспектiсiнiң және облигациялық бағдарлама шегiнде облигациялар шығарудың құрылымы мен мазмұны, сондай-ақ оларды ресiмдеу тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi .
      Облигациялық бағдарлама шегiнде облигациялардың алғашқы шығарылуын мемлекеттiк тiркеу эмитенттiң тiлегi бойынша осы облигациялық бағдарламаны мемлекеттiк тiркеумен бiр мезгiлде жүзеге асырылуы мүмкiн.
      2. Тiркелген облигациялық бағдарлама шегiнде облигациялар шығаруды мемлекеттiк тiркеу үшiн уәкiлеттi органға эмитент табыс еткен құжаттарды уәкiлеттi орган олар табыс етiлген күннен бастап күнтiзбелiк жетi күн iшiнде қарауға тиiс.
      3. Эмитент және облигациялық бағдарламаны немесе облигациялық бағдарлама шегiнде облигациялар шығаруды мемлекеттiк тiркеу үшiн эмитент табыс еткен құжаттар осы Заңның және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына сәйкес келген жағдайда, уәкiлеттi орган осындай мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырады және эмитентке облигациялық бағдарламаның немесе облигациялық бағдарлама шегiнде облигациялар шығарудың мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiк бередi.
      4. Эмитент және облигациялық бағдарламаны немесе облигациялық бағдарлама шегiнде облигациялар шығаруды мемлекеттiк тiркеу үшiн эмитент табыс еткен құжаттар Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда уәкiлеттi орган эмитентке мемлекеттiк тiркеуден бас тарту себебiн дәлелдей отырып жiбередi.
      Эмитeнт мемлекеттiк тiркеуден бас тарту себептерiн жойғаннан кейiн уәкiлеттi орган құжаттарды қарауды осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес жүзеге асырады.
      5. Уәкiлеттi орган мынадай жағдайда, егер:
      1) қор биржасында осы облигациялық бағдарлама шегiнде шығарылған облигациялар бойынша сауда-саттық тоқтатыла тұрса;
      2) осы облигациялық бағдарлама шегiнде шығарылған облигацияларға делистинг жүргiзiлсе;
      3) облигациялық бағдарлама шегiнде облигациялар шығаруды мемлекеттiк тiркеу нәтижесiнде айналыстағы облигациялар шығарылымының жалпы сомасы осындай облигациялық бағдарламаның тiркелген көлемiнен асып кетсе;
      4) облигациялық бағдарлама шегiнде облигациялар шығаруды мемлекеттiк тiркеу үшiн құжаттар табыс етiлген күнi эмитент осы Заңның 14-бабының 1-тармағында белгiленген талаптарға сай келмесе, эмитентке облигациялық бағдарлама шегiнде облигациялар шығаруды мемлекеттiк тiркеуден бас тартуға құқылы.

3-тарау. Облигациялар шығару мен олардың айналысының
ерекше талаптары

       РҚАО-ның ескертуі!
      14-бапқа өзгерту қарастырылған - ҚР-ның 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      14-бап. Облигациялық бағдарлама шегiнде облигациялар
               шығару

      1. Эмитент мынадай талаптарды сақтаған жағдайда ғана:
      1) дефолт фактiлерi болмаған;
      1-1) облигациялар шығару туралы шешім қабылдаған күні міндеттемелерді орындамау фактілері болмаған;
      2) соңғы үш жыл iшiнде қызметтi залал шекпей жүзеге асырған (арнайы қаржы компаниясын қоспағанда);
      3) облигациялық бағдарламалар шегiнде шығарылатын облигацияларды сауда-саттықты ұйымдастырушының тiзiмiне енгiзуге үмiткер эмитенттерге сауда-саттықты ұйымдастырушы қойған талаптарға сай келген жағдайларда облигациялық бағдарлама шегiнде облигациялар шығаруды жүзеге асыруға құқылы.
      Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларының талаптары инфрақұрылымдық облигациялар шығаруға қолданылмайды.
      Осы тармақтың талаптары ұлттық басқарушы холдингке және ол жалғыз акционері болып табылатын заңды тұлғаларға қолданылмайды.
      2. Эмитент облигациялық бағдарлама шегiнде құрылымы бойынша әртүрлi облигациялар шығаруды жүзеге асыруға құқылы.
      3. Облигациялық бағдарламалар шегiнде шығарылған облигацияларды мерзiмiнен бұрын өтеу талаптары мен тәртiбiне қойылатын талаптар, облигациялық бағдарлама шегiнде облигациялар шығаруды жүзеге асыратын эмитент орындауға тиiс ерекше талаптар мен шектеулер облигациялық бағдарлама проспектiсiмен белгiленедi.
      Ескерту. 14-бапқа өзгертулер енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.04.21. N 46 , 2006.02.20. N 127 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007 жылғы 19 ақпандағы  N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.02.13. N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      РҚАО-ның ескертуі!
      15-бапқа өзгерту қарастырылған - ҚР-ның 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      15-бап. Облигациялардың кейiнгi шығарылуы

      1. Егер облигациялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу үшiн құжаттарды уәкiлеттi органға табыс ету күнi эмитентте сыйақы төлеу немесе бұрын шығарылған облигацияларды өтеу жөнiндегi мiндеттемелерiн уақтылы орындамаған немесе орындамаған жағдайлар болмаса, өзi бұрын шығарған облигациялар бағалы қағаздардың қайталама рыногында айналыста болған кезде және ол, инфрақұрылымдық облигациялар эмитентiн қоспағанда, төмендегi талаптардың бiрiн сақтаған жағдайда:
      1) облигациялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу үшiн құжаттарды уәкiлеттi органға табыс ету күнi эмитентте уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген талаптарға сәйкес рейтинг агенттiктерiнiң бiреуi талап ететiн ең төменгi рейтингi болса;
      2) облигациялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу үшiн құжаттарды уәкiлеттi органға табыс ету алдындағы соңғы тоқсанның қорытындылары бойынша эмитенттiң левередж шамасы екеуден аспаса және жаңа шығарылымның барлық облигацияларын орналастыру нәтижесiнде көрсетiлген шамадан аспайтын болса;
      3) жаңадан шығарылған облигациялар ипотекалық облигациялар немесе Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес арнайы қаржы компаниясы шығаратын облигациялар болса, эмитент облигациялардың одан кейiнгi шығарылымын жүзеге асыруға құқылы.
      Осы тармақтың 2) тармақшасының талаптары ұлттық басқарушы холдингке және ол жалғыз акционері болып табылатын заңды тұлғаларға қолданылмайды.
      2. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерімен белгiленген талаптар сақталған жағдайда, өзi бұрын шығарған облигацияларды қайталама бағалы қағаздар рыногына айналысқа жiберген кезде облигациялардың кейiнгi шығарылуын жүзеге асыруға құқылы.
      Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.07. N 577 , 2005.04.21. N 46 , 2006.02.20. N 127 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.02.13. N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      16-бап. Айналыс мерзiмi он екі айдан аспайтын
                облигациялар шығару

      1. Айналыс мерзімі үш айдан аспайтын облигациялар шығарылымын бағалы қағаздары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген қор биржасы тізімінің санаттарына енгізілген эмитент жүзеге асыруға құқылы.
      Қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген), айналыс мерзімі үш айдан аспайтын облигацияларға қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
      2. Айналыс мерзiмi он екі айдан аспайтын облигацияларды орналастыру және айналысқа жiберу қор биржасының сауда жүйесiнде ғана жүзеге асырылады.
      3. Айналыс мерзiмi он екі айдан аспайтын облигациялар шығаруды мемлекеттiк тiркеудiң талаптары мен тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi .
      Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.07. N 577 , 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      17-бап. Айырбасталатын облигациялар шығару

      1. Акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған эмитент айырбасталатын облигациялар шығаруды жүзеге асыруға құқылы. Айырбасталатын облигациялар шығару мүмкiндiгi акционерлiк қоғамның жарғысында көзделуге тиiс.
      2. Облигацияларды акционерлiк қоғамның акцияларына айырбастау облигацияларды эмитенттiң акцияларына айырбастаудың облигациялар шығару проспектiсiнде белгiленген талаптары мен тәртiбiне сәйкес жүргiзiледi.

      18-бап. Қаржы агенттiгi. Агенттiк облигациялар шығару

      1. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi құрған банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға мынадай құжаттар:
      1) өтiнiш;
      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк инвестициялық саясатты iске асырудың талаптары мен тәртiбiн белгiлейтiн нормативтiк құқықтық актiлерi;
      3) өтiнiш берушiнiң мемлекеттiк инвестициялық саясатты iске асыру жөнiндегi қызметiнiң талаптары мен тәртiбiн белгiлейтiн және қарыз алудың, инвестициялық шешiмдердi iске асырудың, тәуекелдердi басқарудың ережелерi бар iшкi құжаттары;
      4) соңғы айдың аяғындағы жағдай бойынша қаржылық есептiлiк және қаржы агенттiгi үшiн уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленген пруденциалдық нормативтердiң есебi негiзiнде қаржы агенттiгi мәртебесiн бередi.
      Қаржы агенттiгi мәртебесiн беру үшiн табыс етiлген құжаттарды уәкiлеттi орган олар табыс етiлген күннен бастап он төрт күнтiзбелiк күн iшiнде қарайды.
      Қаржы агенттiгiн берудi уәкiлеттi орган табыс етiлген құжаттар бойынша өзiнiң ескертпелерi болмаған жағдайда жүзеге асырады.
      Қаржы агенттiгiнiң мәртебесiн жою талаптары мен тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi .
      1-1. Ұлттық басқарушы холдинг, жалғыз акционері ұлттық басқарушы холдинг болып табылатын заңды тұлғалар осы баптың 1-тармағының ережелерін қолданбастан қаржы агенттігінің мәртебесіне ие болады.
      2. Агенттiк облигациялар шығаруды мемлекеттiк тiркеу мақсатында уәкiлеттi органға қаржы агенттiгi табыс ететiн агенттiк облигацияларды шығарудың, айналысқа жiберудiң және өтеудiң талаптары мен тәртiбi, құжаттар тiзбесi және шығарылуын мемлекеттiк тiркеу тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.
       Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының  2009.02.13. N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) Заңымен.

      18-1-бап. Инфрақұрылымдық облигациялар шығарудың,
                 айналысы мен өтелуiнiң ерекшелiктерi

      1. Инфрақұрылымдық облигациялар шығарудың, айналысы мен өтелуiнiң, сондай-ақ оларды орналастыру мен өтеудiң қорытындылары туралы есептi табыс етудiң талаптары мен тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.
      2. Инфрақұрылымдық облигацияларды эмитент акциясына айырбастауға тыйым салынады.
      3. Инфрақұрылымдық облигациялардың айналысы мерзiмi iшiнде концессиялық келiсiмнiң талаптарын облигациялар ұстаушылардың құқықтары мен мүдделерiн кемсiтуге әкеп соқтыратындай етiп өзгертуге жол берiлмейдi не құрылымдық облигацияларды ұстаушылардың барлығының немесе олардың өкілінің келісімімен жол беріледі.
      Ескерту. 18-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2005.04.21 N 46 , өзгерту енгізілді - 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      19-бап. Облигацияларды ұстаушылардың өкiлi

      1. Инфрақұрылымдық, сондай-ақ ипотекалық және өзге де қамтамасыз етiлген облигациялардың шығарылуы мен айналысы кезiнде эмитент алдында облигацияларды ұстаушылардың мүдделерiн бiлдiрудi облигацияларды ұстаушылардың өкiлi (бұдан әрi - өкiл) жүзеге асырады.
      Өкiлдi таңдауды бағалы қағаздар рыногында кастодиандық және (немесе) брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушылар арасынан эмитент дербес жүзеге асырады.
      Өкiл эмитенттiң аффилиирленген тұлғасы болмауға тиiс.
      2. Облигацияларды ұстаушылардың мүдделерiн бiлдiру туралы эмитент пен өкiл арасында жасалатын шарттың мазмұнына қойылатын талаптар, сондай-ақ өкiлдiң өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату тәртiбi мен жағдайлары уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi .
      Ескерту. 19-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.04.21. N 46 Заңымен.

      20-бап. Өкiлдiң функциялары мен мiндеттерi

      1. Өкiл мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) эмитенттiң облигацияларды ұстаушылар алдындағы облигациялар шығару проспектiсiнде белгiленген мiндеттемелерiн орындауын бақылайды;
      2) эмитенттiң облигацияны ұстаушылар алдындағы мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз ету болып табылатын мүлiктiң жай-күйiн бақылайды;
      3) эмитентпен эмитенттiң облигацияларды ұстаушылар алдындағы мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз ету болып табылатын мүлiкке қатысты кепiл шартын жасасады;
      4) облигацияларды ұстаушылардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауға бағытталған шаралар қолданады;
      5) облигацияларды ұстаушыларға осы тармақтың 1)-4) тармақшаларына сәйкес өзiнiң iс-әрекеттерi туралы және мұндай iс-әрекеттiң нәтижелерi туралы хабарлайды.
      1-1. Инфрақұрылымдық облигацияларды ұстаушылардың өкiлi осы баптың 1-тармағында айқындалған функцияларымен қатар, жобаның уақтылы және сапалы iске асырылуының, сондай-ақ оның инфрақұрылымдық облигациялар шығарудың талаптарына сәйкес келуiнiң мониторингiн жүргiзедi.
      2. Өкiл облигацияларды ұстаушылардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында:
      1) облигацияларды ұстаушылардың құқықтары мен мүдделерін бұзуға әкеп соғуы мүмкiн мән-жайларды анықтауға және көрсетiлген мән-жайлар туралы оларға күнтiзбелiк үш күн iшiнде хабарлауға;
      2) эмитенттiң облигацияларды ұстаушылардың алдындағы мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз ету болып табылатын мүлiкке кепiл құқығын ресiмдеуге және тiркеуге байланысты құқықтық қатынастарда облигацияларды ұстаушылардың мүдделерiн бiлдiруге;
      3) Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленген тәртiппен эмитенттiң облигацияларды ұстаушылар алдындағы мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз ету болып табылатын мүлiктiң жай-күйiне бақылауды жүзеге асыруға;
      4) облигациялар бойынша сыйақының уақтылы төленуiн бақылауды жүзеге асыруға;
      5) уәкiлеттi орган мен облигацияларды ұстаушыларға эмитенттiң облигацияларды ұстаушылар алдындағы мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз ету болып табылатын мүлiктiң жай-күйi туралы хабарлауға;
      6) уәкiлеттi орган мен облигацияларды ұстаушыларға эмитентпен шартты бұзған күннен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде өзiнiң өкiл ретiндегi өкiлеттiктерiнiң тоқтатылғаны туралы хабарлауға;
      7) уәкiлеттi орган мен облигацияларды ұстаушыларға олардың сұратуы бойынша өзiнiң өкiл ретiндегi қызметiне қатысты ақпарат пен құжаттарды беруге;
      8) қызметтiк, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етпеуге;
      9) эмитент облигацияларды ұстаушылар алдындағы өз мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кепiлге салынған мүлiктi өткiзуге мiндеттi.
      3. Өкiлдiң осы баптың 1 және 2-тармақтарында айқындалған функциялар мен мiндеттердi орындау тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленедi .
      Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.04.21. N 46 Заңымен.

4-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру

      21-бап. Инвесторлардың эмиссиялық бағалы қағаздар
               шығару туралы ақпарат алуға құқығы

      1. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру кезiнде эмитент (андеррайтер, эмиссиялық консорциум) инвестордың бiрiншi талап етуi бойынша оған танысу үшiн эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектiсiн немесе оның көшiрмесiн беруге мiндеттi.
      2. Эмитент (андеррайтер, эмиссиялық консорциум) эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiнiң көшiрмесiн бергенi үшiн инвестордан оны дайындауға жұмсалған шығыс көлемiнен аспайтын мөлшерде ақы алуға құқылы.
      3. Инвестор эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсi көшiрмесiнiң уәкiлеттi органдағы проспектiсiне сәйкес келуiн тексеру туралы, ocы мақсатта мұндай көшiрменi уәкiлеттi органға бере отырып, уәкiлеттi органға өтiнiш жасауға құқылы.

      22-бап. Мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздарды
               орналастыру тәртiбi

      1. Мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленген шектеулер ескерiле отырып жүзеге асырылады.
      Эмитент (андеррайтер, эмиссиялық консорциум) эмиссиялық бағалы қағаздар орналастыруды ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында аукцион немесе жазылым жүргізу арқылы жүзеге асыруға құқылы.
      Эмиссиялық бағалы қағаздарды ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында орналастыру сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Эмитенттің тиiстi органы эмиссиялық бағалы қағаздарды инвесторлардың шек қойылмаған тобы арасында орналастыру туралы шешiм қабылдағаннан кейiн эмитент күнтiзбелiк он күн iшiнде мемлекеттік және орыс тiлдерiнде бұқаралық ақпарат құралдарында эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру туралы хабарлама жариялауға мiндеттi.
      Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру туралы хабарда:
      1) эмитенттiң толық атауы және орналасқан жерi;
      2) эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеу күнi, олардың түрi және орналастырылуға тиiстi саны;
      2-1) акционерлердің акцияларды артықшылықпен сатып алу құқығын iске асырудың мерзiмдерi мен тәртiбi туралы мәлiметтер;
      3) эмитенттiң бөлiмшелерi мен лауазымды адамдары, эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiмен немесе олар туралы өзге де ақпараттармен танысуға мүмкiн болатын андеррайтердiң (эмиссиялық консорциумның) атауы мен орналасқан жерi туралы мәлiметтер;
      4) эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру бағасы мен оларды төлеу туралы мәлiметтер болуға тиiс.
      3. Эмиссиялық бағалы қағаздарды ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында орналастыру эмитентке (андеррайтерге, эмиссиялық консорциумға) инвесторлар табыс еткен жазбаша өтiнiмдер негiзiнде аукцион өткiзу немесе жазылым жүргiзу арқылы жүзеге асырылады. Аукциондар немесе жазылуды өткізу шарттары мен тәртібі эмитенттің ішкі құжаттарымен белгіленеді және ол орналастырылатын эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алуға ниеті бар инвесторларға қойылатын талаптарды қамтуға тиіс.
      4. алып тасталды
      5. Эмитентке (андеррайтерге, эмиссиялық консорциумға) акцияларды орналастыру кезiнде оларды қайта сатып алу мiндеттемесiмен мәмiле жасауға тыйым салынады.
      6. Эмитент (андеррайтер, эмиссиялық консорциум) инвестор бағалы қағаздарға ақы төлеу жөнiндегi мiндеттемесiн орындаған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесiндегi инвестордың жеке шотына сатып алынған эмиссиялық бағалы қағаздарды аудару туралы бұйрықты тiркеушiге (нақтылы ұстаушыға) табыс етуге мiндеттi.
      Ескерту. 22-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.06.05 N 146 , 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      РҚАО-ның ескертуі!
      22-1-бапқа өзгерту қарастырылған - ҚР-ның 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       22-1-бап. Шет мемлекеттiң аумағында эмиссиялық бағалы
                  қағаздарды шығарудың және орналастырудың
                  шарттары мен тәртiбi

      1. Ұйым - Қазақстан Республикасының резидентi уәкiлеттi органның тиiстi рұқсаты болған кезде ғана мынадай негiзгi шарттар сақталған жағдайда шет мемлекеттiң аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды жүзеге асыруға құқылы:
      1) Қазақстан Республикасының осы резидентi бұрын шығарған эмиссиялық бағалы қағаздар Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын қор биржасының тiзiмiне енгiзiлген болса;
      2) шығарылымын уәкiлеттi орган тiркеген облигацияларды орналастыру кезiнде:
      осы облигациялар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген қор биржасы тізімінің санаттарына енгізілуге тиіс;
      осы облигацияларды шет мемлекет аумағында орналастыру басталғанға дейiн олар, тиiстi бағалы қағаздар рыногына тән ықтимал ерекшелiктер ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында сатып алуға ұсынылған болуға тиiс, ал ұсыну кезiндегi осы облигацияларды орналастыру бағасын айқындаудың шарты оларды шет мемлекет аумағында орналастыру кезiндегi шарттарымен бiрдей болу керек;
      3) шығарылымы шет мемлекеттiң заңдарына сәйкес тiркелген облигацияларды орналастыру кезiнде:
      осы облигациялар бойынша қор биржасының оларды уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген қор биржасы тізімінің санаттарына енгізуге келісімі алынуға тиіс;
      осы облигацияларды шет мемлекет аумағында орналастыру басталуымен бiр мезгiлде олар, тиiстi бағалы қағаздар рыногына тән ықтимал ерекшелiктер ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында сатып алу үшiн ұсынылуға тиiс, ал ұсыну кезiндегi осы облигацияларды орналастыру бағасын айқындаудың шарты оларды шет мемлекет аумағында орналастыру кезiндегi шарттарымен бiрдей болу керек;
      4) акцияларды, сондай-ақ акционерлік қоғамның бастамасы бойынша немесе оның қатысуымен шығарылатын және базалық активтері осы акционерлік қоғамның акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды орналастыру кезiнде:
      осы акциялар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген қор биржасы тізімінің санаттарына енгізілуге тиіс;
      қоғамның уәкілеттi органының акцияларды орналастыру туралы шешiмi осы акциялардың жалпы санының кемiнде жиырма процентi Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында сатып алуға ұсынылуға тиiс деген шартты қамтуы қажет. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында сатып алу үшiн ұсынылуға тиiс акциялардың саны, егер осындай сан осы акцияларды басым сатып алу құқығын iске асырудың нәтижесi болса, орналастырылатын акциялардың жалпы санының жиырма процентiнен кем болуы мүмкiн;
      5) алып тасталды .
      1-1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған  және (немесе) активтерінің кемінде үштен екі бөлігі Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылған заңды тұлғалар және (немесе) тиімді басқару орны (нақты басқару органдары) Қазақстан Республикасында орналасқан өзге де заңды тұлғалар осы Заңның мақсатында Қазақстан Республикасының резидент ұйымдары болып танылады.
      Заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметін жүргізу үшін негізгі басқару және қажетті стратегиялық коммерциялық шешімдер қабылдау жүзеге асырылатын орын тиімді басқару орны (нақты басқару органы) болып танылады.
      2. Ұйымның - Қазақстан Республикасы резидентiнiң шет мемлекеттiң заңдарына сәйкес облигацияларды немесе туынды бағалы қағаздарды шығаруы уәкiлеттi органның рұқсаты болған жағдайда жүргiзiледi.
      3. Ұйымға - Қазақстан Республикасының резидентiне шет мемлекеттiң аумағында эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруға немесе орналастыруға уәкiлеттi органның рұқсат беруiнiң шарты мен тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде айқындалады .
      Ескерту. 22-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2006.06.05 N 146 , 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      РҚАО-ның ескертуі!
      23-бапқа өзгерту қарастырылған - ҚР-ның 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      23-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздарға ақы төлеу

      1. Акцияларға ақы төлеудiң тәртiбi мен ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленедi.
      2. Облигацияларды төлеу ақшамен ғана жүзеге асырылады. Орналастырылатын облигацияны толық төлегенге дейін эмитент облигацияларды ұстаушылар тізілімі жүйесіндегі (номиналды ұстаушыны есепке алу жүйесіндегі) оны иеленушінің жеке шотына осы облигацияны есептеу туралы бұйрық беруге құқылы емес.
      2-1. Ислам бағалы қағаздарына төлем жасау тек қана ақшалай жүзеге асырылады. Эмитенттің орналастырылатын ислам бағалы қағаздарына толық төлем жасалғанға дейін осы ислам бағалы қағазын ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың тізілімі жүйесіндегі (номиналды ұстаушыны есепке алу жүйесіндегі) оны сатып алушының жеке шотына есепке жатқызу туралы бұйрық беруге құқығы жоқ.
      3. Облигацияларды жазылым жүргiзу арқылы орналастыру облигацияларды шығару проспектiсiнде белгiленген талаптар мен тәртiп бойынша жүзеге асырылады.
      Ескерту. 23-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан  Республикасының 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз), 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      24-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру
               қорытындылары туралы есеп

      1. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi қарап, бекiту үшiн эмитент уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды:
      1) эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi қарау жөнiндегi өтiнiштi;
      2) есептi айдың аяғындағы немесе эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру аяқталған күнгi жағдай бойынша қаржылық есептiлiктi;
      3) эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген талаптарға сәйкес жасалған және ресiмделген есептi табыс етедi.
      Эмитент мүлкiнiң кепiлдiгiмен қамтамасыз етiлген ипотекалық және басқа облигациялар шығарылған жағдайда, эмитент өз мiндеттемелерiнiң орындалуы қамтамасыз етiлгенiн растайтын құжаттарды табыс етедi.
      2. Эмитент уәкiлеттi органға эмиссиялық бағалы қағаздар толық орналастырылғанға дейiн әрбiр алты айдың қорытындылары бойынша (есептi жарты жылдық аяқталғаннан кейiн бiр ай iшiнде), сондай-ақ оларды толық орналастыру аяқталғаннан кейiн бір ай ішінде эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастырудың қорытындылары туралы есеп берiп отыруға мiндеттi.
      3. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi уәкiлеттi орган күнтiзбелiк он төрт күн iшiнде қарайды.
      Егер құжаттарды қарау барысында олардың Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келмеу фактiлерi анықталса, уәкiлеттi орган эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiтуден бас тартуға құқылы.
      Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiтуден бас тартқан жағдайда эмитент бас тартуды алған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде уәкiлеттi органға пысықталған есептi қайта табыс етуге мiндеттi.
      Ескерту. 24-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.07. N 577 Заңымен , 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      25-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды
               тоқтата тұpу

      1. Уәкiлеттi орган :
      1) эмитент эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi табыс етпеген;
      2) эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi қарау процесiнде есепте көрсетiлген мәлiметтердiң эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу үшiн табыс етiлген құжаттарға сәйкес еместiгi анықталған;
      3) эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару, орналастыру және өтеу шарттары бұзылған;
      4) сыйақы төлеу немесе бұрын шығарылған облигацияларды өтеу жөніндегі міндеттемелерді уақтылы орындамау немесе орындамау фактілері болған жағдайларда эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы шешім қабылдауға құқылы.
      2. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы шешiмдi уәкiлеттi орган эмитентке, сол бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмi жүйесiн жүргiзудi жүзеге асыратын тiркеушiге және орталық депозитарийге жiбередi.
      Тiркеушi және орталық депозитарий уәкiлеттi органның эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы шешiмiн алған кезден бастап осы бағалы қағаздарды орналастыру жөнiндегi мәмiлелердi тiркеудi тоқтата тұруға мiндетті.
      3. Эмитент уәкiлеттi органның эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы шешiмiн алған күннен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы хабарлама жариялауға және анықталған бұзушылықтарды уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде жоюға жәрдемдесетiн барлық iс-әрекеттi қолдануға мiндеттi. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды қайта жаңарту, анықталған бұзушылықтар жойылғаннан кейiн, уәкiлеттi органның жазбаша хабарламасы негiзiнде жүзеге асырылады.
      Ескерту. 25-бапқа өзгертулер енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007 жылғы 19 ақпандағы N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      26-бап. Инвесторларға эмиссиялық бағалы қағаздар
               орналастыруды тоқтата тұру туралы хабарлау

      1. Инвесторларға эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы хабарлауды эмитент:
      1) баспасөз басылымында тиiстi хабар жариялау;
      2) тiркеушiнiң көрсететiн қызметтерiн пайдалану арқылы тиiстi хабарды тарату жолымен жүргiзедi.
      2. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы хабарда:
      1) эмитенттiң толық атауы мен орналасқан жерi;
      2) эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеу күнi;
      3) уәкiлеттi органның эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру жөнiндегi шешiмi туралы мәлiметтер болуға тиiс.

      27-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк
               тiркеудi жарамсыз деп тану

      1. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеу сот тәртiбiмен жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
      2. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеудi жарамсыз деп тануға:
      1) эмитенттiң Қазақстан Республикасының заңдарын бұзуы;
      2) эмитенттi заңды тұлға ретінде мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыруға негiз болған құжаттардан дәйектемесiз ақпараттың табылуы;
      3) эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеу жүргiзуге негiз болған құжаттардан дәйектемесiз ақпараттың табылуы негiз болып табылады.
      3. Соттың эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттiк тiркеудi жарамсыз деп тануы уәкiлеттi органның эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын жоюы үшiн негiз болып табылады.
      Акционерлiк қоғам акциялар шығарылымы жойылған күннен бастап үш айдың iшiнде акциялардың жаңа шығарылымын тiркеу немесе қоғамды қайта ұйымдастыру не тарату туралы шешiм қабылдайды.
      Ескерту. 27-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

5-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздар айналысы

      28-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар айналысының тәртiбi

      1. Эмиссиялық бағалы қағаздардың қайталама бағалы қағаздар рыногындағы айналысы бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында осы бағалы қағаздармен азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасасуы арқылы жүзеге асырылады.
      2. Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмiлелер жасасудың және оларды бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесiнде немесе бағалы қағаздарды нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiнде тiркеудiң талаптары мен тәртiбi осы Заңға және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес белгiленедi.

      29-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар айналысын тоқтата
               тұру

      1. Уәкiлеттi орган осы Заңда және Қазақстан Республикасының:
      1) инвесторлардың эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алуы процесiнде олардың құқықтары мен мүдделерiн;
      2) эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмiлелер жасасудың талаптары мен тәртiбiн белгiлейтiн өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген талаптар бұзылған жағдайда, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесiнде және (немесе) бағалы қағаздарды нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiнде барлық немесе жекелеген жеке шоттардағы эмиссиялық бағалы қағаздардың бәрiн немесе бiр бөлiгiн оқшаулау арқылы эмиссиялық бағалы қағаздар айналысын тоқтата тұру туралы шешiм қабылдауға құқылы.
      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген негiздер бойынша эмиссиялық бағалы қағаздар айналысын тоқтата тұру туралы шешiм қабылданған жағдайда уәкiлеттi орган эмитентке және мәмiле жасасуға қатысатын (қатысқан) тұлғаларға анықталған бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқама жiбередi. Аталған тұлғалар анықталған тәртiп бұзушылықтарды уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде жоюға және нұсқаманың орындалғаны туралы не анықталған бұзушылықтарды жою мүмкiн еместiгi туралы уәкiлеттi органға жазбаша есеп беруге мiндеттi.
      3. Уәкiлеттi орган эмиссиялық бағалы қағаздар айналысын тоқтата тұру туралы шешiмдi эмитентке, тiркеушiге және орталық депозитарийге жiбередi.
      4. Тiркеушi және орталық депозитарий уәкiлеттi органның эмиссиялық бағалы қағаздардың айналысын тоқтата тұру туралы хабарламасын алған кезден бастап бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесiндегi және нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiндегi айналысы тоқтатыла тұрған бағалы қағаздармен мәмiлелердiң тiркелуiн тоқтата тұруға мiндеттi.
      5. Нақтылы ұстаушы орталық депозитарийдiң хабарламасын алған кезден бастап жиырма төрт сағаттың iшiнде өзiнiң клиентiн клиенттiң нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiндегi шоты бойынша бағалы қағаздармен мәмiле жасасуын тiркеудi тоқтата тұруы туралы жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi.
      6. Бұзушылықтар жойылғаннан кейiн бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесiндегi және бағалы қағаздарды нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiндегi бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеудi қайта жаңғырту уәкiлеттi органның эмитентке, тiркеушiге және орталық депозитарийге бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеудi қайта жаңғырту туралы шешiм қабылданған кезден бастап күнтiзбелiк үш күннен кешiктiрiлмей жiберiлген жазбаша хабарламасы негiзiнде жүзеге асырылады.

      30-бап. Акциялар шығарылымын жою

      1. Қайталама бағалы қағаздар рыногында айналыста жүрген акциялар шығарылымын жою туралы шешiмдi уәкiлеттi орган акционерлiк қоғам қайта ұйымдастырылған (осы акционерлiк қоғамға басқа заңды тұлғаны қосуды немесе осы акционерлiк қоғамнан жаңа акционерлiк қоғамды бөлiп шығаруды есептемегенде) жағдайда акционерлiк қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысының акциялар шығарылымын жою туралы шешiмiне немесе оның таратылуына байланысты, не осы Заңда белгіленген өзге де жағдайларда, сондай-ақ осы Заңның 27-бабына сәйкес сот шешiмi негiзiнде қабылдайды.
      2. Эмитент акциялар шығарылымын жою үшiн, уәкiлеттi органға:
      1) жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеудi жарамсыз деп тану немесе эмитенттi мәжбүрлеп тарату (қайта ұйымдастыру) туралы сот шешiмiнiң көшiрмесiн немесе акционерлiк қоғамның қайта ұйымдастырылуына немесе таратылуына байланысты жарияланған акциялар шығарылымын жою туралы акционерлiк қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысы хаттамасының (дауыс беретiн барлық акцияларды иеленушi акционер шешiмiнiң) көшiрмесiн;
      2) жарияланған акциялар шығаруды мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктi, жарияланған акциялар шығару проспектiсiн, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептердi және уәкiлеттi органның акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептердi бекiту туралы хабарламасын табыс етедi.
      2-1. Сот не атқарушы iс жүргiзу органдары жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеудi жарамсыз деп тану немесе мәжбүрлеп тарату туралы заңды күшiне енген сот шешiмiн табыс еткен жағдайда уәкiлеттi орган акциялар шығарылымын жою туралы шешiм қабылдайды және бұл жөнiнде эмитенттi хабардар етедi.
      3. Жарияланған акциялардың шығарылымын жоюдың талаптары мен тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi .
      4. Шығарылымына қатысты уәкiлеттi орган жою туралы шешiм қабылдаған акциялармен азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасасуға тыйым салынады.
      5. Эмитент уәкiлеттi органның акциялар шығарылымын жою туралы хабарламасын алған кезден бастап күнтiзбелiк жетi күн iшiнде бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде ақпарат жариялауға мiндеттi.
      6. Уәкілетті орган акциялар шығарылымын жою туралы шешімді эмитентке, тіркеушіге және орталық депозитарийге жібереді.
      Жарияланған акциялар шығарылымының жойылуына байланысты эмитенттің бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерін тіркеуді тоқтату тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.
      Ескерту. 30-бапқа өзгертулер енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007 жылғы 19 ақпандағы N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

       30-1-бап. Облигациялар шығарылымын жою

      1. Облигациялар шығарылымын жою туралы шешімді уәкілетті орган облигациялар шығарылымын жою туралы шешім қабылдаған эмитент органының шешімі негізінде осы шығарылымның бір де бір облигациясы орналастырылмаған жағдайда қабылдайды.
      2. Облигациялар шығарылымын жою тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді .
      Ескерту. 30-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының  2007 жылғы 19 ақпандағы N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      31-бап. Бағалы қағаздар бойынша кiрiс төлеу. Төлем
               агентi

      1. Қайталама бағалы қағаздар рыногындағы эмиссиялық бағалы қағаздар айналысы кезеңiнде эмитент Қазақстан Республикасының заңдарында және эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiнде белгiленген бағалы қағаздар бойынша кiрiс төлеу тәртiбiн сақтауға мiндеттi.
      2. Облигациялар бойынша кiрiс және облигациялардың нақтылы құны оларды өтеу кезiнде осы төлемдер жүзеге асырылатын кезеңнiң соңғы күнiнiң басындағы жағдай бойынша (бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзудi жүзеге асыратын тiркеушi орналасқан жердегi уақыт бойынша) оларды алуға құқығы бар тұлғаларға төленедi. 
      3. Эмиссиялық бағалы қағаздар және облигациялардың нақтылы құны бойынша кiрiс төлеудi оларды өтеу кезiнде эмитент дербес немесе төлем агентi көрсететiн қызметтi пайдалана отырып жүзеге асырады.
      4. Қазақстан Республикасының Yкiметi, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi немесе жергiлiктi атқарушы органдар шығарған мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кiрiс төлеудi жүзеге асырудың талаптары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
      5. Мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кiрiстi және мемлекеттiк емес облигацияларды өтеу кезiнде олардың нақтылы құнын төлеудi жүзеге асыру үшiн төлем агентiн сайлау туралы шешiмдi өз жарғысына сәйкес эмитенттiң органы қабылдайды.
      6. Төлем агентi көрсететiн қызметтердi пайдалану туралы шешiм қабылданған жағдайда эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiнде төлем агентi туралы мынадай мәлiметтер:
      1) төлем агентiнiң толық атауы;
      2) төлем агентiнiң және оның бағалы қағаздар бойынша кiрiс (облигациялардың нақтылы құнын) төлеудi жүзеге асыратын барлық филиалдарының орналасқан жерi, реквизиттерi болуға тиiс.
      7. Төлем агентi өзгерген жағдайда эмитент эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiне өзгерiстер енгiзуге және оларды тiркеу үшiн осындай өзгерiс жасалған күннен бастап күнтiзбелiк жетi күн iшiнде уәкiлеттi органға табыс етуге мiндеттi.
      8. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кiрiс және облигациялардың нақтылы құны оларды өтеу кезiнде эмитенттiң кiнәсiнен төленбеген, сондай-ақ толық төленбеген жағдайда эмитент бағалы қағаздарды ұстаушыларға негiзгi мiндеттеменiң сомасын және мерзiмi өткен әр күн үшiн ақшалай мiндеттеменi немесе оның тиiстi бөлiгiн орындау күнiндегi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландырудың ресми ставкасын негiзге ала отырып есептелген өсiмпұл төлеуге мiндеттi.
      9. Төлем агентi қызметiн жүзеге асырудың талаптары мен тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi .
      Ескерту. 31-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.07. N 577 Заңымен .

      32-бап. Мемлекеттiк емес облигацияларды өтеу
               қорытындылары туралы есеп

      1. Эмитент қарау және бекiту үшiн мемлекеттiк емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есептi уәкiлеттi органға облигацияларды шығару проспектiсiнде белгiленген өтеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн бiр ай iшiнде табыс етуге мiндеттi.
      2. Мемлекеттiк емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есептi қарау және бекiту үшiн эмитент уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды:
      1) облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есептi қарау туралы өтiнiштi;
      2) есептi айдың аяғындағы немесе облигацияны өтеу аяқталған күнгi жағдай бойынша қаржылық есептiлiктi;
      3) мемлекеттiк емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптарға сәйкес жасалып, ресiмделген есептi;
      4) тiркеушiнiң эмитент облигацияларын ұстаушылары тiзiлiмiн жабу туралы хабарламасын;
      5) эмитенттiң облигацияларды өтеу жөнiндегi өз мiндеттемелерiн орындағанын растайтын төлем агентiнiң немесе эмитенттiң (төлем агентiмен шарт болмаған жағдайда) хабарламасын табыс етедi.
      3. Мемлекеттiк емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есептi уәкiлеттi орган күнтiзбелiк он төрт күн iшiнде қарайды.

5-1-тарау. Ислам бағалы қағаздарын шығарудың және олардың
айналымының ерекшеліктері

       Ескерту. Заң 5-1-тараумен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       32-1-бап. Исламдық қаржыландырудың негізгі принциптері

      Мыналар исламдық қаржыландырудың негізгі принциптері болып табылады:
      1) эмитенттің ислам бағалы қағаздарын шығару кезінде ислам бағалы қағаздары құнының проценті түріндегі сыйақыны есептеп шығаруға, сондай-ақ ислам бағалы қағаздары бойынша табысқа кепілдік беруге құқығы жоқ;
      2) ислам бағалы қағаздарын шығару және орналастыру нәтижесінде алынған қаражат темекі, алкогольдік өнімдерді, қару-жарақ пен оқ-дәріні шығаруға және (немесе) саудалауға, құмар ойын бизнесімен байланысты қызметті, сондай-ақ исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес қаржыландыруға тыйым салған кәсіпкерлік қызметтің өзге де түрлерін қаржыландыруға бағытталмауға тиіс.
      Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес ислам бағалы қағаздары эмитентінің қызметіне қойылатын сақталуға міндетті өзге де талаптарды қосымша айқындауға құқылы.

       32-2-бап. Ислам бағалы қағаздарының түрлері

      1. Ислам бағалы қағаздарына:
      1) ислам инвестициялық қорларының акциялары мен пайлары;
      2) исламдық жалдау сертификаттары;
      3) исламдық қатысу сертификаттары;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ислам бағалы қағаздары болып танылған өзге де бағалы қағаздар жатады.
      2. Инвестициялық портфельді басқарушылар ислам инвестициялық қорлары пайларының эмитенттері болып табылады.
      Ислам арнайы қаржы компаниялары исламдық жалдау сертификаттары мен исламдық қатысу сертификаттарының эмитенттері болып табылады.

       32-3-бап. Исламдық жалдау сертификаттары

      1. Ислам арнайы қаржы компаниясы оларды шығару кезінде айналым мерзімін алдын ала белгілей отырып шығаратын, ұстаушылары жалдау (қаржы лизингі) шарты бойынша табыстар алу құқығын иеленетін ислам бағалы қағаздары исламдық жалдау сертификаттары болып табылады. V095669
      2. Исламдық жалдау сертификаттары оларды ұстаушыларға мынадай құқықтар:
      1) жалдау (қаржы лизингі) шарты бойынша табыстар алу;
      2) бөлінген активтерді құрайтын мүлік үлесіне сәйкес келетін, ұстаушыға тиесілі исламдық жалдау сертификаттары санының орналастырылған исламдық жалдау сертификаттарының жалпы санына бара-бар мөлшерінде ақша сомасын алу;
      3) эмитенттің (оригинатордың) қызметі туралы ақпарат алу, оның ішінде исламдық жалдау сертификаттарын шығару проспектісінде айқындалған тәртіп бойынша эмитенттің (оригинатордың) қаржылық есептілігімен танысу;
      4) қоғам тіркеушісінен немесе номиналды ұстаушыдан исламдық жалдау сертификаттарына ұстаушылардың меншік құқығын растайтын үзінді көшірмелер алу құқығын;
      5) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген өзге құқықтар береді.
      3. Ислам арнайы қаржы компаниясы исламдық жалдау сертификаттарын шығару, оларды орналастыру нәтижесінде алынған ақшаға мүлік сатып алу, сондай-ақ осы мүлікті жалдау (қаржы лизингі) шарты бойынша түскен төлемдерді исламдық жалдау сертификаттарын ұстаушыларға бөлу үшін құрылады.
      4. Исламдық жалдау сертификаттарының айналымы ислам арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтеріне кіретін мүлікті жалдау (қаржы лизингі) шартын жасасқаннан кейін мүмкін болады.
      5. Исламдық жалдау сертификаттарын шығару проспектісінде оригинатор ислам арнайы қаржы компаниясынан мүлікті сатып алған жағдайда исламдық жалдау сертификаттарын мерзімінен бұрын өтеу талаптары көзделуі мүмкін.
      6. Исламдық жалдау сертификаттарын шығарудың, орналастырудың, айналымға енгізудің және өтеудің өзге де талаптары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

       32-4-бап. Исламдық қатысу сертификаттары

      1. Ислам арнайы қаржы компаниясы бағалы қағаздарды шығару кезінде олардың айналым мерзімін алдын ала белгілей отырып, жаңа инвестициялық жобаны ұйымдастыру, қолда бар инвестициялық жобаны дамыту немесе қарапайым серіктестік шарты негізінде кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру үшін тартылған қаражатты пайдалану мақсатымен не акционерлік қоғамның немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында заңды тұлға құру арқылы шығарылатын ислам бағалы қағаздары исламдық қатысу сертификаттары болып табылады.
      2. Оригинатор инвестициялық жобаға мүлікті енгізу арқылы және (немесе) ислам арнайы қаржы компаниясына тиесілі акцияларды (қатысу үлестерін) сенімгерлікпен басқаруды жүзеге асыра отырып, инвестициялық жобаға қатысады.
      3. Исламдық қатысу сертификаттарының айналымы инвестициялық жобаны іске асыру басталғаннан кейін мүмкін болады. Исламдық қатысу сертификаттарын орналастыру нәтижесінде алынған қаражаттың кемінде он процентін инвестициялау инвестициялық жобаны іске асыруды бастау болып табылады. Эмитент инвестициялық жобаны іске асыру басталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде исламдық қатысу сертификаттарын ұстаушыларға исламдық қатысу сертификаттарын шығару проспектісінде көзделген бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлама жариялау жолымен оларды айналымға енгізу мүмкіндігі туралы хабарлауға міндетті.
      4. Инвестициялық жоба бойынша табыс ислам арнайы қаржы компаниясы мен оригинатор арасында исламдық қатысу сертификаттарын шығару проспектісі талаптарына сәйкес бөлінеді.
      5. Оригинатор исламдық қатысу сертификаттарын шығару проспектісінде белгіленген мөлшерде комиссиялық сыйақы алуға құқылы.
      6. Оригинатор исламдық қатысу сертификаттарын:
      1) исламдық қатысу сертификаттарын шығару проспектісінде белгіленген жағдайларда;
      2) исламдық қатысу сертификаттары бойынша дефолт жағдайында;
      3) ислам арнайы қаржы компаниясын тарату туралы шешім қабылданған жағдайда сатып алады.
      7. Инвестициялық жобаны іске асырушы заңды тұлға оригинатордың бастамасы бойынша таратылған жағдайда оригинатор исламдық қатысу сертификаттарын мерзімінен бұрын өтеуді жүзеге асыруға міндетті.
      8. Оригинатор таратылған жағдайда қарапайым серіктестік шарты өз қолданылуын тоқтатады. Осы инвестициялық жобаны құрайтын мүлікті исламдық қатысу сертификаттарын ұстаушылардың өкілі исламдық қатысу сертификаттарын ұстаушыларға аталған мүлікті өткізуден алынған ақшаны исламдық қатысу сертификаттарын шығару көлеміндегі үлестеріне сәйкес төлей отырып өткізуге тиіс.
      9. Исламдық қатысу сертификаттарын ұстаушылар исламдық қатысу сертификаттарын шығару талаптарында көзделген жағдайларда оригинатормен бірлесіп, қаржыландыруға арналған инвестициялық жобаларды іріктеу кезінде шешімдер қабылдауға құқылы.

       32-5-бап. Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі
                  кеңестің қызметі

      1. Ислам бағалы қағаздарын шығару және орналастыру нәтижесінде алынған қаражат есебінен қаржыландыру объектілерінің исламдық қаржыландыру принциптеріне сәйкестігін айқындауды:
      1) осы Заңның 32-2-бабы 1-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген ислам бағалы қағаздарына қатысты - Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгіленген тәртіппен тағайындалған ислам банкінің исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңесі немесе ұлттық холдингтің, ұлттық басқарушы холдингтің немесе дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз проценті ұлттық басқарушы холдингіне тиесілі заңды тұлғаның шешімі бойынша жеке шарттың негізінде тартылған исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес;
      2) осы Заңның 32-2-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ислам бағалы қағаздарына қатысты - ислам акционерлік инвестициялық қоры акционерлерінің жалпы жиналысының немесе басқару органдарының ұсынымы бойынша ислам пайлық инвестициялық қорының басқарушы компаниясының шешімі бойынша жеке шарттың негізінде тартылған исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес жүзеге асырады.
      Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес шешімдер қабылдауда тәуелсіз.
      2. Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес мәміле жасасу сатысындағы ислам бағалы қағаздарын орналастырудан алынған қаражат есебінен қаржыландыру жөніндегі мәмілені осы Заңның 32-1-бабында көрсетілген исламдық қаржыландыру принциптеріне сай емес деп таныған жағдайда, мұндай мәміле жасалмайды және орындалмайды.
      3. Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес ислам бағалы қағаздарын орналастырудан алынған қаражат есебінен қаржыландыру жөніндегі жасалған, бірақ орындалмаған немесе ішінара орындалған мәмілені осы Заңның 32-1-бабында көрсетілген исламдық қаржыландыру принциптеріне сай емес деп таныған жағдайда, мұндай мәміле оригинатордың не ислам инвестициялық қорының басқарушы компаниясының талабы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.

       32-6-бап. Ислам арнайы қаржы компаниясы

      1. Ислам арнайы қаржы компаниясын ислам арнайы қаржы компаниясына мүлік және (немесе) бөлінген активтер беретін оригинатор құрады.
      Ислам арнайы қаржы компаниясын құруға және оның қызметіне қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді .
      2. Ислам арнайы қаржы компаниясының жарғылық капиталы тек қана ақшадан құралады.
      3. Ислам бағалы қағаздарын бастапқы орналастыру кезіндегі олардың номиналды құны бір шығарылым шеңберіндегі барлық ислам бағалы қағаздары үшін бірдей болып табылады және ислам бағалы қағаздарын шығару проспектісінде айқындалады.
      4. Ислам арнайы қаржы компаниясының атауында "ислам арнайы қаржы компаниясы" деген сөздер жазылуға тиіс.
      5. Ислам бағалы қағаздарының бұған дейінгі шығарылымын өтеу аяқталғанға дейін ислам бағалы қағаздарын одан әрі шығаруға тыйым салынады.
      6. Ислам арнайы қаржы компаниясы жылдық қаржылық есептілік аудитін жүргізуге міндетті.
      7. Ислам арнайы қаржы компаниясын ерікті түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату ислам бағалы қағаздары шығарылымын өтеудің қорытындылары туралы есеп бекітілгеннен кейін уәкілетті органның   рұқсатымен жүзеге асырылуы мүмкін.
      Уәкілетті орган ислам арнайы қаржы компаниясының ислам арнайы қаржы компаниясын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға немесе таратуға рұқсат беру туралы өтінішінің негізінде шешім шығарады және ол жөнінде ислам арнайы қаржы компаниясын өтініш келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жазбаша түрде хабардар етеді. Уәкілетті орган ислам арнайы қаржы компаниясын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға немесе таратуға рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда бас тартудың негіздемесін көрсете отырып, ол жөнінде ислам арнайы қаржы компаниясын жазбаша түрде хабардар етеді.
      8. Ислам арнайы қаржы компаниясын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға немесе таратуға рұқсат беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады .
      9. Ислам арнайы қаржы компаниясы ислам бағалы қағаздары бойынша тиісті резервтік қорлар құруды қоса алғанда, бөлінген активтер бойынша түсімдерді өзі шығарған ислам бағалы қағаздары бойынша міндеттемелерін орындауға ғана пайдаланады.
      10. Бөлінген активтер ислам арнайы қаржы компаниясының меншікті қаражатынан бөлек есепке алынады.
      11. Осы Заңға сәйкес ислам арнайы қаржы компаниясының ислам бағалы қағаздарын шығару проспектісі мемлекеттік тіркелген күннен бастап ислам арнайы қаржы компаниясының ислам бағалы қағаздарының осы шығарылымын қамтамасыз ету болып табылатын бөлінген активтерге қатысты өндіріп алу ислам арнайы қаржы компаниясы бөлінген активтерден басқа, өзге де активтер есебінен міндеттемелерін орындағаннан кейін ғана қолданылуы мүмкін.
      12. Ислам арнайы қаржы компаниясы бухгалтерлік есепті жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен меншікті қаражаты мен бөлінген активтер бойынша қаржылық есептілікті бөлек табыс етеді. V095687
      13. Ислам арнайы қаржы компаниясының бухгалтерлік есепті жүзеге асыруының және қаржылық есептілікті жасауының тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде   белгіленеді .

       32-7-бап. Ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың өкілі.
                  Ислам бағалы қағаздарын ұстаушылар өкілінің
                  функциялары мен міндеттері

      1. Акцияларды қоспағанда, ислам бағалы қағаздарын шығару және олардың айналымы кезінде ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың өкілі ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың эмитент және үшінші тұлғалар алдындағы мүдделерін білдіруді жүзеге асырады.
      Эмитент бағалы қағаздар нарығында кастодиандық және (немесе) брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары қатарынан ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың өкілін таңдауды дербес жүзеге асырады.
      Ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың өкілі эмитенттің аффилиирленген тұлғасы болмауға тиіс.
      2. Эмитент пен ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың өкілі арасында жасалған ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптар, сондай-ақ ислам бағалы қағаздарын ұстаушылар өкілінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатудың тәртібі мен мән-жайлары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді .
      3. Ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың өкілі мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) эмитенттің ислам бағалы қағаздарын шығару проспектісінде белгіленген, ислам бағалы қағаздарын ұстаушылар алдындағы міндеттемелерді орындауын бақылайды;
      2) қаржыландыру объектілерінің ислам бағалы қағаздарын шығару талаптарына сәйкес келуін бақылайды;
      3) ислам бағалы қағаздарын ұстаушыларының құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған шаралар қабылдайды;
      4) ислам бағалы қағаздарын орналастырудан алынған қаражат есебінен сатып алынған мүлікке, ислам бағалы қағаздарын орналастырудан алынған қаражат есебінен қаржыландыру жөніндегі мәмілені жүзеге асыру бөлігінде эмитенттің қаржылық есептілігіне, сондай-ақ көрсетілген қаражат активтеріне инвестицияланған заңды тұлғаларға мониторингті жүзеге асырады;
      5) исламдық қатысу сертификаттарын шығару кезінде, егер бұл оларды шығару талаптарында көзделген болса, ислам арнайы қаржы компаниясының мүдделерін білдіреді;
      6) осы тармақтың 1)-4) тармақшаларына сәйкес ислам бағалы қағаздарын ұстаушыларға өзінің іс-әрекеттері туралы және осындай іс-әрекеттердің нәтижелері туралы хабарлайды.
      4. Ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың өкілі:
      1) ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына әкеп соғуы мүмкін мән-жайларды анықтауға және ислам бағалы қағаздарын ұстаушыларды аталған мән-жайлар туралы күнтізбелік үш күн ішінде хабардар етуге;
      2) уәкілетті органға және ислам бағалы қағаздарын ұстаушыларға ислам бағалы қағаздарын орналастырудан алынған қаражат есебінен сатып алынған мүліктің жай-күйі туралы хабарлауға;
      3) уәкілетті органды және ислам бағалы қағаздарын ұстаушыларды өкіл ретіндегі өз өкілеттіктерін тоқтатқаны туралы эмитентпен жасалған шарт бұзылған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде хабардар етуге;
      4) уәкілетті органға және ислам бағалы қағаздарын ұстаушыларға олардың сұратулары бойынша ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың өкілі ретінде өз қызметіне қатысты ақпарат пен құжаттар беруге;
      5) қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жарияламауға міндетті.
      5. Ислам бағалы қағаздарын ұстаушылар өкілінің осы баптың 3 және 4-тармақтарында белгіленген функциялар мен міндеттерді орындау тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

6-тарау. Туынды бағалы қағаздар айналысы

      Ескерту. 6-тараудың тақырыбы өзгерді - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      33-бап. Туынды бағалы қағаздармен мәмiлелер жасасу
              талаптары

      1. Нақтылы ұстаушылар бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында мәмiлелер жасасқан жағдайда туынды бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеудi және олар бойынша құқықтарды растауды осы Заңға және биржа қорының iшкi құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.
      2. Ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында туынды бағалы қағаздармен мәмiлелер жасасудың шарттары мен тәртiбi қор биржасының iшкi құжаттарында белгiленедi.
      Ескерту. Баптың тақырыбы өзгерді - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      34-бап. Эмитенттердiң - Қазақстан Республикасы
               резиденттерiнiң эмиссиялық бағалы қағаздары
               базалық активi болып табылатын депозитарийлiк
               қолхаттарды немесе өзге де бағалы қағаздарды
               шығару

      1. Базалық активі аталған ұйымдардың эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын, депозитарлық қолхаттарды немесе өзге де бағалы қағаздарды шығару және орналастыру арқылы Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының бағалы қағаздарын қайталама рынокта сатуды жоспарлаушы тұлға шығарылым туралы уәкілетті органды оның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен хабардар етуге міндетті.
      2. Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң эмиссиялық бағалы қағаздары базалық активi болып табылатын депозитарийлiк қолхаттарды немесе өзге де бағалы қағаздарды орналастыруды жүзеге асырған Қазақстан Республикасының резидент ұйымы орналастыру аяқталған күннен бастап бiр ай ішінде уәкiлеттi органға оның нормативтiк құқықтық актiсiнде көзделген тәртiппен орналастырудың қорытындылары туралы есеп бередi.
      3. Депозитарийлiк қолхаттар шығару ережесiнде орталық депозитарийге және уәкілетті органға оның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес депозитарийлiк қолхаттарды ұстаушылар туралы ақпарат беру тәртiбi болуға тиiс.
      Ескерту. 34-бап жаңа редакцияда, өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007 жылғы 19 ақпандағы N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      35-бап. Қазақстанның депозитарийлiк қолхаттарын шығару

      Қазақстанның депозитарийлiк қолхаттарын шығарудың, орналастырудың, айналысқа салудың және өтеудiң, қазақстанның депозитарийлiк қолхаттарын орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есеп берудiң талаптары мен тәртiбi, сондай-ақ қазақстанның депозитарийлiк қолхаттарының эмитент сақтауға тиiс талаптары уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi .

7-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу
және олар бойынша құқықтарды бастау

      36-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеу

       РҚАО-ның ескертуі!
      2010 жылғы 1 қаңтарда 36-бап Қазақстан Республикасының 2008.10.23  N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз) Заңымен жаңа редакцияда беріледі.

      1. Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмiлелер осы Заңға және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тiркелуге тиіс.
      2. алып тасталды .
      3. Ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында бағалы қағаздармен мәмiлелер жасасу кезiнде тiркеушi (нақтылы ұстаушы) мәмілені және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де құжаттарды тіркеуді мәмiлеге қатысушылардың қарсы бұйрықтары негiзiнде жүзеге асырады.
      4. Мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтарды тiркеудiң ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
      5. Егер осы мәмiленi тiркеу үшiн табыс етiлген құжаттар осы Заңның, уәкiлетті органның нормативтiк құқықтық актiсiнiң талаптарына және оның iшкi құжаттарына сәйкес келмесе, тiркеушi (нақтылы ұстаушы) эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмiленi тiркеуден бас тартуға мiндеттi.
      6. Ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу тәртiбi орталық депозитарийдiң және сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарымен белгiленедi.
      7. Ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында эмиссиялық бағалы қағаздармен бiр жақты мәмiле жасалған жағдайда оны тiркеу осы мәмiлеге қатысушының бұйрығы негiзiнде, оның сол эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқығын растайтын құжаттар қоса тiркеле отырып жүзеге асырылады.
      8. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша өзгерiстердi тiркеудi немесе құқықтарды тоқтатуды тiркеушi (нақтылы ұстаушы) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес барлық қажеттi реквизиттер бар атқарушы парақ негiзiнде жүзеге асырады.
      9. Осы Заңда немесе Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген негiздер болмаған жағдайда тiркеушiнiң (нақтылы ұстаушының) эмиссиялық бағалы қағаздарды ұстаушылардың жеке шоттары бойынша жазбаларды өз бетiнше енгiзуге құқығы жоқ.
      10. Жеке шоттар бойынша тiркеушiнiң (нақтылы ұстаушының) жазбалар енгiзуi үшiн негiз болып табылатын құжаттар (тiркелген тұлғаны бiрдейлендiретiн құжаттарды қоспағанда) бес жыл бойы сақталуға тиiс.
      Ескерту. 36-бапқа өзгертулер енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007 жылғы 19 ақпандағы N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      37-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтар
               кепiлiн тiркеу

      1. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтар кепiлiн тiркеудi тiркеушi (нақтылы ұстаушы) кепiл берушiнiң және кепiл ұстаушының кепiлге берiлетiн эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтары көрсетiле отырып жасалған сол мәмiленi тiркеу үшiн қажеттi барлық мәлiметтер бар бұйрығы негiзiнде жүзеге асырады.
      2. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтар кепiлiн тiркеу құқықтары кепiлге берiлген, кепiл ұстаушының пайдасына кепiл берушiнiң шотындағы бағалы қағаздарға ауыртпалық салу және кепiл ұстаушыға оның пайдасына бағалы қағаздарға ауыртпалық салу туралы жазба жасалатын жеке шот ашу (бұл болмаған жағдайда) арқылы жүзеге асырылады. Кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң тоқтатылуына байланысты эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтарды кепiлге беру тоқтатылған жағдайда бағалы қағаздардан ауыртпалықты алып тастауды тipкeушi (нақтылы ұстаушы) мәмiлеге қатысушылардың қарсы бұйрықтары негiзiнде жүзеге асырады.
      3. Кепiл берушi эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда мәмiленi тiркеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, кепiлге берiлген затты өндiрiп алу арқылы кепiлдiң тоқтатылғанын растайтын құжаттар негізiнде жүзеге асырылады.
      4. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кепiл құқықтарын тiркеудiң ерекшелiктерi ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногындағы осы бағалы қағаздармен мәмiле жасауға байланысты орталық депозитарийдiң және сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарымен белгiленедi.

      38-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтарды
               растау

       РҚАО-ның ескертуі!
      2010 жылғы 1 қаңтарда 38-бап Қазақстан Республикасының 2008.10.23  N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз) Заңымен жаңа редакцияда беріледі.

      1. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтарды растау бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесiндегi немесе орталық депозитарийдiң есепке алу жүйесiндегi бағалы қағаздарды ұстаушылардың жеке шотынан үзiндi табыс ету арқылы жүзеге асырылады.
      Үзiндiнi ресiмдеу мен беру тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен және тiркеушiнiң (нақтылы ұстаушының) iшкi құжаттарымен белгiленедi.
      2. Жеке шоттан үзiндi берудiң талаптары мен тәртiбi осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен белгiленедi.

      39-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмiленi тiркеу
               туралы бұйрық

      1. Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмiленi тiркеу туралы бұйрық (бұдан әрi осы бапта - бұйрық) жазбаша нысанда жасалып, бағалы қағазды ұстаушы немесе оның өкiлi қол қоюға және орындау үшiн тiркеушiге немесе нақтылы ұстаушыға берiлуге тиiс.
      2. Бұйрық Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қол қою туралы заңдарына сәйкес ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып, электронды түрде жасалуы және берiлуi мүмкiн.
      3. Бұйрықтың мазмұны, сондай-aқ оны тiркеушiнiң (нақтылы ұстаушының) тiркеу талаптары мен тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен және тiркеушiнiң (нақтылы ұстаушының) iшкi құжаттарымен белгiленедi.

       РҚАО-ның ескертуі!
      2010 жылғы 1 қаңтарда 4-тармақ Қазақстан Республикасының 2008.10.23  N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз) Заңымен алынып тасталады.
      4. Бұйрық орындауға қабылданған кезде тiркеушi (нақтылы ұстаушы) осы бұйрықты берген тұлғаның өкiлеттiгiн, сондай-ақ бұйрық нысанының белгiленген талаптарға сәйкес болуын тексеруге мiндеттi.
      Бұйрықты орындау кезiнде тiркеушi (нақтылы ұстаушы):
      1) алынған бұйрықты тiркеуге;
      2) бұйрықта көрсетiлген iс-әрекеттердi жасау мүмкiндiгiн тексеруге;
      3) бұйрықты орындаудан бас тарту үшiн негiз болмаған кезде онда көрсетiлген iс-әрекеттердi жасауға және бұйрықтың орындалғаны туралы есеп беруге;
      4) бұйрықты орындаудан бас тарту үшiн негiз болған кезде бас тарту негiзi бар құжат беруге мiндеттi.
      5. Eгep Қазақстан Республикасының заңдарында немесе нақтылы ұстаушымен жасалған шарт талаптарында бұйрықты орындаудың өзгеше мерзiмi көзделмесе, тiркеушi (нақтылы ұстаушы) қарсы бұйрық алған кезде күнтiзбелiк үш күннен аспайтын мерзiмде бұйрықтың орындалуын жүзеге асырады.

      40-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың жеке шоттары
               бойынша операцияларды тоқтата тұру. Эмиссиялық
               бағалы қағаздарды тәркiлеу

      1. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесiндегi немесе бағалы қағаздарды нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiндегi жеке шоттар бойынша жазба жасауды немесе эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеудi тоқтата тұру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осындай шешiм қабылдауға уәкiлеттi мемлекеттiк органның шешiмi негiзiнде жүргiзiледi.
      2. Эмиссиялық бағалы қағаздарды тәркiлеу заңды күшiне енген сот актiсi негiзiнде ғана жүргiзiлуi мүмкiн.

8-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық
және қызметтік құпия

      41-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық құпия

      1. Бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық құпияны мынадай (осы баптың 2-тармағында белгіленгендерді қоспағанда):
      1) бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесіндегі және нақтылы ұстауды есепке алу жүйесіндегі жеке шоттардағы акционерлік қоғамның жай акциялары мен оның жай акцияларына айналдырылған эмиссиялық бағалы қағаздарының қалдықтары мен қозғалысы туралы;
      2) бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесіндегі және нақтылы ұстауды есепке алу жүйесіндегі жеке шоттардағы, осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілгендерден басқа, эмиссиялық бағалы қағаздардың болу-болмауы және олардың иелері туралы, осы шоттардағы эмиссиялық бағалы қағаздардың қалдықтары мен қозғалысы туралы ақпарат құрайды.
      2. Мынадай:
      1) акционерлік қоғамның ірі акционерлеріне қатысты бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесіндегі және нақтылы ұстауды есепке алу жүйесіндегі жеке шоттардағы жай акциялардың қалдықтары мен қозғалысы туралы;
      2) осы Заңның 19-тарауына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ашуға жататын эмиссиялық бағалы қағаздар мен олардың ұстаушылары туралы;
      3) қор биржасының ережелеріне сәйкес оған берілуге тиіс эмиссиялық бағалы қағаздар мен олардың ұстаушылары туралы;
      4) осы бағалы қағаздар бойынша төлемдерді жүзеге асыру мақсатында ашуға жататын эмиссиялық бағалы қағаздар мен олардың ұстаушылары туралы ақпарат бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық құпияны құрамайды.
      Ескерту. 41-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының  2007 жылғы 19 ақпандағы N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      42-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы қызметтiк құпия

      1. Бағалы қағаздар рыногындағы қызметтiк құпия бағалы қағаздар рыногының субъектiлерiнiң қызметi туралы, шектелмеген тұлғалар тобы үшiн бiрдей жағдайларда жалпы қолжетiмдi болып табылмайтын мәлiметтердi қамтиды.
      2. Өзiнiң қызметтiк жағдайы немесе туыстық қатынастары, еңбек мiндеттерi немесе бағалы қағаздар рыногының субъектiсiмен немесе оның аффилиирленген тұлғасымен жасалған (оның iшiнде ауызша) шарт негiзiнде аталған ақпаратқа қол жеткiзуге мүмкiндiгi бар тұлға, оның iшiнде:
      1) бағалы қағаздар рыногының осы субъектiсiнiң басшы қызметкерiн;
      2) бағалы қағаздар рыногының осы субъектiсiнiң аталған ақпаратқа қол жеткiзе алатын кез келген қызметкерi;
      3) бағалы қағаздар рыногының субъектiсiне қызмет көрсететiн аудиторлық ұйым қызметкерi, бағалаушы және басқа тұлғалар;
      4) бағалы қағаздар рыногының осы субъектiсi сауда-саттықты ұйымдастырушының мүшесi немесе осы сауда-саттықты ұйымдастырушының тiзiмiне енгiзiлген бағалы қағаздардың эмитентi ретiнде өз қызметi туралы ақпарат беретiн сауда-саттықты ұйымдастырушының қызметкерi;
      5) эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды дайындауға, сондай-ақ оларды орналастыруға қатысатын ұйымның қызметкерi;
      6) клиенттiң тапсырмасы бойынша бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiле жасауды жүзеге асыратын лицензиаттың қызметкерi;
      7) мемлекеттiк орган мен өзiне берiлген өкiлеттiкке орай аталған ақпаратқа қол жеткiзе алатын өзiн-өзi реттейтiн ұйымның қызметкерi бағалы қағаздар рыногындағы қызметтiк құпияны құрайтын ақпараты бар тұлға болып табылады.
      Ескерту. 42-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.05.05. N 139 Заңымен.

      43-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық және
               қызметтiк құпияны ашу

      1. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық және қызметтiк құпияны құрайтын мәлiметтер жария етiлмеуге тиiс.
      2. Бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық құпияны құрайтын мәлiметтер өзi эмиссиялайтын бағалы қағаздарға қатысты - эмитентке және эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша оның құқықтарына қатысты - бағалы қағазды ұстаушыға не Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ресiмделген сенiмхат негiзiнде олардың өкiлдерiне берiлуі мүмкiн.
      Нақтылы ұстаушының коммерциялық құпияны құрайтын клиенттерi туралы мәлiметтерді табыс ету тәртiбi осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де Заң актілерінде айқындалады.
      3. Бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық және қызметтiк құпияны құрайтын мәлiметтер:
      1) өздері жүргiзiп жатқан қылмыстық iстер бойынша анықтау және алдын ала тергеу органдарына;
      2) соттың ұйғарымы, қаулысы негiзiнде өздерi жүргiзiп жатқан iстер бойынша соттарға;
      3) олардың құзыретi шегiнде тексеру жүргiзу туралы қаулы негiзiнде өздерi қарап жатқан материал бойынша прокуратура органдарына;
      4) сот орындаушысының атқарушылық iс жүргiзу органының мөрімен расталған және прокурор санкция берген қаулысы негізінде өздері жүргізіп жатқан атқарушылық iс жүргiзу бойынша атқарушылық іс жүргізу органдарына;
      5) тексерiлетiн тұлғаға салық салуға байланысты мәселелер бойынша салық органдарына;
      6) оның сұратуы бойынша уәкiлеттi органға;
      7) олар жүргiзiп жатқан мұрагерлiк iстер бойынша нотариустерге;
      8) олар жүргiзiп жатқан мұрагерлiк iстер бойынша шетелдiк консулдық мекемелерге берiлуге тиiс.
      4. Бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық және қызметтiк құпияны құрайтын мәлiметтердi осы баптың 3-тармағында аталған органдарға беру тәртiбi осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен белгiленедi.
      Ескерту. 43-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.06.22. N 147 Заңдарымен.

      44-бап. Бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушыларына
               қойылатын талаптар

      1. Бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы өзiнiң клиенттерiне қызмет көрсету процесiнде бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық және қызметтiк құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануды болғызбауға мүмкiндiк беретiн талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
      2. Бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық және қызметтiк құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға және табиғи баға белгiлеудi бұзу мен бағалы қағаздар рыногының тұрақсыздануына әкеп соғуы мүмкiн iс-әрекеттерге жол беруге құқылы емес.
      3. Бағалы қағаздар рыногы кәсiби қатысушысының iшкi құжаттарында бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық және қызметтiк құпияны құрайтын мәлiметтердiң сақталуын қамтамасыз ететiн және оларды кәсiби қатысушының, оның қызметкерлерiнiң немесе үшiншi тұлғалардың өз мүдделерiнде пайдалануына жол бермейтiн талаптар болуға тиiс.

9-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы қызметті
жүзеге асыру тәртібі

      45-бап. Бағалы қағаздар рыногының инфрақұрылымы

      1. Бағалы қағаздар рыногында уәкiлеттi органның лицензиялауына жататын мынадай қызмет түрлерi:
      1) брокерлiк;
      1-1) дилерлiк;
      2) бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесiн жүргiзу;
      3) инвестициялық портфельдi басқару;
      4) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару;
      5) кастодиандық;
      6) трансфер-агенттiк;
      7) (алып тасталды)
      8) бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауда ұйымдастыру жүзеге асырылады.
      2. Осы баптың 1-тармағының 1)-8) тармақшаларында аталған қызмет, сондай-ақ депозитарийлiк қызмет бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызмет болып табылады.
      3. Бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтiң белгiлi бiр түрiн немесе өзара қоса атқаратын түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар өзiнiң қызметiн үйлестiру мақсатында өзiн-өзi реттейтiн ұйым құрады.
      4. Бағалы қағаздар рыногындағы лицензиялауға жататын қызметтi жүзеге асыру тәртiбi осы Заңмен, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен , өзін-өзi peттeйтін ұйымдардың және лицензиаттардың ішкі құжаттарымен белгiленедi.
      Бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтiң түрлерiн қоса атқарудың талаптары мен тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi .
      4-1. Лицензиат бағалы қағаздар нарығындағы қызметті:
      бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру шарттары мен тәртібін;
      операцияларды жүргізудің жалпы шарттарын;
      лицензиат пен оның клиентінің құқықтары мен міндеттерін, олардың жауапкершілігін;
      Осы тармақта көзделген ішкі құжаттарды лицензиаттың директорлар кеңесі бекітуге тиіс.
      5. Клиенттердiң (депоненттердiң) ақшасы мен бағалы қағаздарын лицензиаттар және орталық депозитарий өздерiнiң активтерiнен бөлек есепке алады және олар банкрот болған немесе ерiктi түрде таратылған жағдайда тарату массасына енгiзiлмейдi.
      6. Бағалы қағаздар рыногында көрсеткен қызметтерi үшiн лицензиатқа клиенттiң сыйақы төлеуiнiң талаптары мен тәртiбi лицензиаттың iшкi құжаттарымен және (немесе) лицензиаттың өз клиентiмен жасалған шартымен белгiленедi.
      7. (алып тасталды)
      Ескерту. 45-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      46-бап. Өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) жарғылық
               капиталын қалыптастыру

      1. Өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) акцияларына төлем жасау тек қана ақшалай Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүзеге асырылады.
      Өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
      Заңды тұлға акцияға төленген ақы және (немесе) басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесi ретiнде енгiзiлген активтер сомасын шегере отырып, өз капиталы шегiнде өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) акцияларын төлеуге құқылы.
      2. Мәмiлелердiң нәтижесiнде пруденциалдық нормативтер және қаржылық тұрақтылықтың уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген өзге де көрсеткiштерi немесе өлшемдерi (нормативтерi) бұзылмайтын жағдайда, лицензиат акцияның он және одан да көп процентi тиесiлi акционерлерден өз акцияларын сатып алу жөнiнде мәмiлелер жасасуға құқылы.
      Ескерту. 46-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23  N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      47-бап. Өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) құрылтайшылары
               мен акционерлерi

      1. Жеке және заңды тұлғалар - Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резидентi еместер осы баптың 2-тармағында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген шектеулердi ескере отырып, өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) құрылтайшылары және акционерлерi бола алады.
      2. Мыналар:
      1) тiзбесiн уәкiлеттi орган белгiлейтiн оффшорлық аймақтарда тiркелген заңды тұлғалар;
      2) осы тармақтың 1) тармақшасында аталған заңды тұлғаларға қатысы бойынша аффилиирленген тұлғалар;
      3) осы тармақтың 1) тармақшасында аталған заңды тұлғалардың құрылтайшылары (қатысушылары, акционерлерi) болып табылатын тұлғалар өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) құрылтайшысы және акционерлерi бола алмайды.
      Қазақстан Республикасының резидентi емес заңды тұлға өзiнде уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiне сәйкес рейтинг агенттiктерiнiң бiрiнiң талап етiлетiн ең төмен рейтингi болған жағдайда зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асырғысы келетiн (жүзеге асыратын) өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) акцияларын сатып ала алады.

      47-1-бап. Лицензиат органдары

      Лицензиат (тіркеушіні, трансфер-агентті қоспағанда) міндетті түрде мынадай алқалы органдарды құрады:
      1) басқару органы;
      2) атқарушы орган;
      3) бақылаушы орган.
      Ескерту. 47-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз),  жаңа редакцияда - 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      48-бап. Өтiнiш берушiге қойылатын бiлiктiлiк талаптары

      1. Өтiнiш берушi лицензия алу үшiн мынадай бiлiктiлiк талаптарына сай болуға тиiс:
      1) өтініш берушінің директорлар кеңесі бекіткен, жуырдағы үш жылға арналған бизнес-жоспарының болуы. Бизнес-жоспарда мынадай мәселелер:
      лицензияны алу мақсаттары;
      қызметінің негізгі бағыттарының сипаттамасы және оған өтініш беруші бағдар жасаған нарық сегментіне шолу;
      қызмет шеңберіндегі көзделген қызмет көрсету, оларды бағалау тәртібі туралы ақпарат, сондай-ақ оларды сатудың шарттары мен көлемі бойынша жоспарлар;
      қызметіне байланысты негізгі тәуекелдер, оларды бағалау және меншікті капиталы есебінен өтеу тәсілдері, меншікті капиталының жеткіліктілік мәні, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау рәсімдері туралы ақпарат;
      қаржы жоспары, оның ішінде алғашқы үш қаржы (операциялық) жылындағы кірістер мен шығыстар болжамы, көрсетілген кезең ішінде жол берілетін залалдылық коэффициенттері;
      инвестициялық саясат, компания қызметін қаржыландыру көздері;
      өтініш берушінің ұйымдық құрылымы, корпоративтік басқару рәсімін іске асыру тәсілдерінің сипаттамасы, сондай-ақ мамандардың білім деңгейіне қойылатын талаптар көрсетілуге тиіс;
      2) уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес, бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi жүзеге асыруға қажеттi бағдарламалық-техникалық құралдары мен жабдықтары болуы;
      3) (алып тасталды)
      4) (алып тасталды)
      5) осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін ұйымдық құрылымның болуы;
      6) (алып тасталды)
      7) өтініш берушінің тексеру жүргізудің тәртібін, кезеңділігін және ішкі аудит қызметінің есебін жасау мерзімдерін айқындайтын ішкі аудит қызметі туралы ереженің болуы.
      2. (алып тасталды)
      3. алып тасталды .
      Ескерту. 48-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007 жылғы 19 ақпандағы N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз), 2008.10.23  N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін   2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      49-бап. Лицензиаттың сақтауға мiндеттi пруденциялық
               нормативтерi, қаржы тұрақтылығының өзге де
               көрсеткiштерi мен өлшемдерi (нормативтерi)

      1. Лицензиат бағалы қағаздар рыногындағы қызметтiң тиiстi түрiне қатысты уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген пруденциялық нормативтердi және қаржы тұрақтылығының өзге де көрсеткiштерi мен өлшемдерiн (нормативтерiн) сақтауға мiндеттi.
      2. Лицензиат уәкiлеттi органға пруденциялық нормативтердiң, қаржы тұрақтылығының өзге де көрсеткiштерi мен өлшемдерiнiң (нормативтерiнiң) сақталуын сипаттайтын көрсеткiштердiң есептерiн, уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiп пен мерзiмде табыс етуге мiндеттi.
      3. Пруденциялық нормативтердiң, сондай-ақ пруденциялық нормативтер мәнiнiң сақталуы мен есеп айырысу тәртiбiн сипаттайтын көрсеткiштердiң, лицензиат сақтауға тиiстi қаржы тұрақтылығының өзге де көрсеткiштерi мен өлшемдерiнiң (нормативтерiнiң) түрлерi бағалы қағаздар рыногындағы қызметтiң әр түрiне қатысты уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi . V085322 , V085325
      3-1. Лицензиат уәкілетті органның жазбаша нұсқамасында көрсетілген қаржылық және (немесе) өзге де есептіліктегі деректерді түзету жөніндегі талаптарды орындамаған кезде, пруденциалдық нормативтерді және басқа да міндетті нормалар мен лимиттерді есептеуді уәкілетті орган өздері түзеткен есептілік негізінде жүзеге асырады.
      4. Осы Заңның лицензиат сақтауға міндетті пруденциялық нормативтер, қаржылық тұрақтылықтың өзге де көрсеткіштері мен өлшемдері (нормативтері) туралы нормалары ұлттық басқарушы холдингке және дауыс беретін акцияларының жүз проценті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін заңды тұлғаларға қолданылмайды.
      Ескерту. 49-бапқа өзгертулер енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007 жылғы 19 ақпандағы N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.02.13. N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      50-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi лицензиялау

      1. Бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыру үшiн лицензиялар берудiң талаптары мен тәртiбi осы Заңмен және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
      2. Лицензия алу үшiн табыс етiлген құжаттарды уәкiлеттi орган қарайды және өтiнiш берушi мен ол табыс еткен құжаттар осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптарына сәйкес болған жағдайда Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттарды табыс еткен күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешiктiрмей лицензия бередi.
      Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген негiздемелер бойынша лицензия беруден бас тартуға құқылы.
      3. Егер лицензия алу үшiн табыс етiлген құжаттарды қарау процесiнде осы құжаттарда өтiнiш берушi, оның құрылтайшылары немесе олардың қызметi туралы дәйектемесiз мәлiметтер бар екенi анықталса, уәкiлеттi орган ол құжаттарды қapaу мepзiмiн тоқтата тұруға құқылы. Өтініш беруші ескертпелердi жойғаннан кейiн және құжаттарды тапсырғаннан кейiн олардың қарау мерзiмi қайта жаңғыртылады. Уәкiлеттi органның құжаттарды кейiнгi қарау мерзiмi күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс.
       Ескерту. 50-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.10.23  N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз) Заңымен.

      51-бап. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру.
              Лицензиядан айыру және қолданылуын тоқтату

      1. Уәкiлеттi орган мынадай:
      1) лицензия алу немесе лицензиаттың қызметi туралы есептi қарау үшiн табыс етiлген құжаттарда дәйектемесiз ақпарат анықталған;
      2) лицензия алу үшiн табыс етiлген құжаттардағы өзгерiстер туралы ақпарат берiлмеген;
      3) осы Заңда белгiленген бiлiктiлiк талаптары сақталмаған;
      4) бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi реттейтiн Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ лицензиаттың iшкi құжаттарын бұзған;
      5) уәкiлеттi органның ұйғарымын орындамаған;
      6) лицензияның қолданылуын ерiктi түрде тоқтата тұру туралы жазбаша өтiнiш болған;
      7) жүзеге асыруға лицензия берiлген қызметтi алты және одан да көп ай iшiнде лицензиат жүзеге асырмаған;
      8) бағалы қағаздар рыногындағы қызмет туралы мәлiметтердi мемлекеттiк органдарға табыс ету жөнiндегi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарды орындамаған;
      9) лицензиаттар үшiн тыйым салынған және шектелген қызметтердi жүзеге асырған;
      10) бағалы қағаздар нарығы лицензиаттарының басшы қызметкерлерін келісумен байланысты талаптар бұзылған жағдайларда лицензияның қолданылуын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқылы.
      2. Уәкiлеттi органнан лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы жазбаша хабарлама алғаннан кейiн бағалы қағаздар рыногындағы қызметтiң лицензияланатын түрiн жүзеге асыру заңсыз болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
      3. (алып тасталды)
      4. Уәкiлеттi орган:
      1) лицензияның қолданылуын тоқтата тұру себептерi жойылмаған;
      2) бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi реттейтiн Қазақстан Республикасының заңдары, сондай-ақ лицензиаттың iшкi құжаттары жүйелi түрде (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде үш рет және одан көп) бұзылған;
      3) уәкiлеттi органның ұйғарымдары жүйелi түрде (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде үш рет және одан көп) орындалмаған жағдайларда;
      4) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленген өзге де негiздер бойынша лицензиядан айыруға құқылы.
      5. Лицензияның қолданылуы Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгiленген негiздемелер бойынша тоқтатылады.
      6. Лицензиат уәкiлеттi органның лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе одан айыру туралы хабарламасын алғаннан кейiн оның клиенттер алдындағы мiндеттемелерiн орындау тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
      Ескерту. 51-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      52-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы қызмет туралы
               есептер

      1. Лицензиаттар және орталық депозитарий уәкiлеттi органға бағалы қағаздар рыногындағы қызмет туралы есептер беруге мiндеттi.
      2. Лицензиаттардың және орталық депозитарийдiң бағалы қағаздар рыногындағы қызметi туралы есептердi беру кезеңдiлiгi, есептердiң нысандары және оларды табыс ету тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi .
      3. Бағалы қағаздар рыногының субъектiсi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне оның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген нысандарда және мерзiмдерде статистикалық есептiлiк берiп отыруға мiндетті.
      Ескерту. 52-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      53-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi жүзеге
               асыруға шектеулер және тыйым салу

      1. Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жағдайларды қоспағанда, лицензиаттың қаржы рыногындағы қызметке жатпайтын кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға құқығы жоқ.
      2. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының бағалы қағаздар рыногындағы қызметi Қазақстан Республикасының осы ұйымдардың қызметiн реттейтiн заң актiлерiнiң талаптары ескерiле отырып жүзеге асырылады.

      54-бап. Өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы
               қызметкерлеріне қойылатын талаптар

      1. Оқшауланған бөлімшелердің бірінші басшыларын және бас бухгалтерлерін қоспағанда, өтініш берушінің (лицензиаттың) директорлар кеңесінің бірінші басшысы мен мүшелері, басқармасының бірінші басшысы (тіркеушінің атқарушы органының, трансфер-агенттің функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлға) мен мүшелері, бас бухгалтері, өтініш берушінің (лицензиаттың) құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және бағалы қағаздар нарығында мәмілелер жасауға негіз болатын құжаттарға қол қою құқығы бар өзге басшылары өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкерлері болып табылады.
      2. Мыналар:
      1) жоғары білімі жоқ;
      2) алып тасталды ;
      3) тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарында осы бапта белгіленген жұмыс стажы және (немесе) қаржылық қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу және (немесе) қаржы ұйымдарына аудит жүргізу бойынша қызмет көрсету саласындағы жұмыс стажы жоқ;
      4) мінсіз іскерлік беделі жоқ;
      5) уәкілетті органның қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешімі қабылданғанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымы директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқармасының бірінші басшысы (тіркеушінің атқарушы органының, трансфер-агенттің функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлға) және оның орынбасары, бас бухгалтері , ірі қатысушысы-жеке тұлғасы, ірі қатысушысы-заңды тұлғасының бірінші басшысы болған адамдар өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап уәкілетті органның қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешімі қабылданғаннан кейін бес жыл бойы қолданылады;
      6) өзге қаржы ұйымында басшы қызметкер лауазымында болған кезеңінде осы адамды басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарылып алынған адамдар өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алу туралы шешімді қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай бойы қолданылады.
      3. Өтініш берушінің (лицензиаттың) директорлар кеңесі құрамының кемінде отыз проценті тәуелсіз директорлар болуға тиіс.
       Басқарма мүшелерінің саны кемінде үш адам болуға тиіс.
      4. Осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген талапқа сәйкес келу үшін:
      1) өтініш берушінің (лицензиаттың) басқармасының бірінші басшысы (тіркеушінің атқарушы органының, трансфер-агенттің функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлға), бас бухгалтері лауазымдарына кандидаттар үшін кемінде үш жыл;
      2) өтініш берушінің (лицензиаттың) директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарма мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін кемінде екі жыл;
      3) өтініш берушінің (лицензиаттың) құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және бағалы қағаздар нарығында мәмілелер жасауға негіз болатын құжаттарға қол қою құқығы бар өзге басшылар лауазымдарына кандидаттар үшін кемінде бір жыл жұмыс стажы болуы қажет.
       Директорлар кеңесі мүшелерінің, сондай-ақ тек қана өтініш берушінің (лицензиаттың) қауіпсіздік мәселелеріне, әкімшілік-шаруашылық мәселелеріне жетекшілік ететін басқарма мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген жұмыс стажының болуы талап етілмейді.
      Осы тармақта айқындалған жұмыс стажына қаржы ұйымы бөлімшелеріндегі шаруашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты жұмыс кірмейді.
      5. Басшы қызметкер тағайындалған (сайланған) күннен бастап өз қызметін уәкілетті органның келісімінсіз күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзім ішінде атқаруға құқылы.
      Осы тармақта көрсетілген мерзім өткеннен кейін және құжаттардың толық пакеті уәкілетті органға келісуге табыс етілмеген жағдайда не уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайда, өтініш беруші (лицензиат) осы адаммен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
       Уәкілетті органның келісімінсіз өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкерінің міндеттерін осы тармақта белгіленген мерзімнен артық атқаруға (уақытша болмаған адамды ауыстыруға) тыйым салынады.
      6. Өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісім беру тәртібі, келісім алуға қажетті құжаттар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
      7. Уәкілетті орган өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартқан не ол өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымынан босатылған немесе оны осы өтініш берушідегі (лицензиаттағы) өзге лауазымға ауыстырған жағдайда, бұл адам оны тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартылғаннан не ол лауазымнан босатылғаннан не өзге лауазымға ауыстырылғаннан кейін кемінде күнтізбелік тоқсан күн өткен соң, бірақ қатарынан он екі ай ішінде екі реттен артық емес, осы өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымына қайтадан тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.
      8. Уәкілетті орган өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беруден қатарынан екі рет бас тартқан жағдайда, бұл адам өзін уәкілетті органның осы өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беруден екінші рет бас тарту туралы шешімі қабылданған күннен бастап қатарынан он екі ай өткеннен кейін өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымына тағайындала (сайлана) алады.
      8-1. Уәкілетті орган осы бапта көрсетілген тұлғаларды өтініш берушінің (лицензиаттың) аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейді деп тану үшін жеткілікті деректердің негізінде қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетуге құқылы.
      9. Уәкілетті орган өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) берген келісімін:
      1) келісім беруге негіз болған дәйектемесіз мәліметтер анықталған;
      2) басшы қызметкерге және (немесе) лицензиатқа уәкілетті органның санкцияларды жүйелі түрде (қатарынан соңғы он екі ай ішінде үш және одан астам рет) қолдану;
      3) уәкілетті орган осы бапта көрсетілген тұлғаларды өтініш берушінің (лицензиаттың) аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейді деп тану үшін жеткілікті деректердің негізінде қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету;
       4) алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы негіздері бойынша кері қайтарып алуға құқылы.
      Уәкілетті орган өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алған жағдайда, өтініш беруші (лицензиат) ол адаммен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
      10. (алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз) Заңымен).
       РҚАО-ның ескертуі!
       11. (алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз) Заңымен).
      Ескерту. 54-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2006.06.05 N 146 , 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз), 2007.05.15 N 253 , 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      55-бап. Ұйымдық құрылымға қойылатын талаптар

      1. Бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыруға екi және одан да көп лицензиясы бар лицензиаттың ұйымдық құрылымы қызметтiң әр түрi бойынша жекелеген бөлiмшелерден тұруға тиiс.
      2. Лицензиаттың бiр бөлiмше қызметкерлерiнiң функциялары мен мiндеттерiн орындауды екiншi бөлiмшенiң қызметкерлерiне жүктеуге құқығы жоқ.
      3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының талаптарын қолдану ерекшелiктерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.

      56-бап. Жосықсыз іс-қимылға тыйым салу. Бағалы қағаздар
               нарығында айла-шарғы жасау

      1. Бағалы қағаздар нарығы субъектілеріне:
      1) бағалы қағаздар нарығының басқа субъектілеріне олардың бағалы қағаздар нарығындағы іс-қимылын өзгерту мақсатында кез келген нысанда ықпал етуге;
      2) бағалы қағаздар нарығында қалыптасатын жағдайға ықпал ету мақсатында дәйексіз мәліметтер таратуға;
      3) бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында мәмілелер жасасуға тыйым салынады.
      Бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп танылған мәмілені жасасуға қатысқан тұлғалар осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде көзделген жауаптылықта болады.
      Бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған мәмілені сот мүдделі тұлғалардың талап-арызы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін.
      2. Ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілені бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тануды уәкілетті орган қор биржасының директорлар кеңесінің (егер мұндай мәміле оның сауда жүйесінде жасалған болса) сараптамалық қорытындысын қарау нәтижесі бойынша жүзеге асырады. V085476
      3. Ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тану мәселелері бойынша сараптамалық қорытындыны дайындау үшін қор биржасы директорлар кеңесінің комитетін құрады.
      Қор биржасының директорлар кеңесінің бағалы қағаздармен мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тану мәселесі жөніндегі комитеті (бұдан әрі осы бапта - сараптама комитеті) қор биржасының директорлар кеңесінің мүшелерінен, уәкілетті органның өкілдерінен, қор биржасының қызметкерлерінен және комитетте жұмыс істеуге қажетті кәсіби білімі бар өзге де сарапшылардан тұрады.
      Қор биржасының атқарушы органының басшысы сараптама комитетінің төрағасы бола алмайды.
      4. Сараптама комитетін жасақтау және оның жұмыс жасау тәртібі, сондай-ақ оның сандық құрамы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленеді.
      5. Айла-шарғы жасау мақсатында бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді анықтау тұрғысынан мониторинг жүргізуге және талдауға мынадай талаптардың кез келгеніне сәйкес келетін мәмілелер:
      1) бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмілелері бес жұмыс күні ішінде жасалған, олардың орындалуы осы мәмілелер тараптарындағы осындай бағалы қағаздар санының елеулі өзгеруіне алып келмеген мәмілелер (мәмілелер тараптарындағы бағалы қағаздардың бастапқы санының он және одан да көп процентке айырмашылығы бағалы қағаздар санының елеулі өзгеруі деп танылады);
      2) клиент екі немесе одан да көп брокерге беретін бір шығарылымдағы бағалы қағаздарды сатуға және сатып алуға қарсы бұйрықтардың негізінде жасалған бір не бірнеше мәміле;
      3) бағалы қағаздар нарығында осындай мәміле жасалғанға дейін қалыптасқан осы бағалы қағаздардың бағаларынан елеулі айырмашылығы бар алдын ала келісілген баға бойынша жасалған мәміле;
      4) инсайдерлік ақпаратты пайдаланып жасалған мәміле;
      5) сұраныстың және (немесе) ұсыныстың объективті арақатынасы нәтижесінде белгіленген бағалы қағаздар бағасынан жоғары немесе төмен баға белгілеуге және (немесе) ұстауға немесе бағалы қағазбен сауда-саттық көрінісін жасауға бағытталған мәміле жатқызылады.
      6. Ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп танудың тәртібі мен шарттары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленеді .
      Ескерту. 56-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз) Заңымен.

       56-1-бап. Инсайдерлік ақпаратқа билік етуді және оны
                  пайдалануды шектеу

      1. Инсайдерлік ақпаратқа осы Заңға сәйкес оны ашқан сәтке дейін коммерциялық құпияны құрайтын ақпарат жатады.
      Жалпыға бірдей қолжетімді ақпараттың негізінде жүргізілген эмитенттің бағалы қағаздардың құнын бағалау және (немесе) эмитенттің мүліктік жағдайын бағалау қамтылған ақпарат инсайдерлік ақпаратқа жатпайды.
      2. Инсайдерлер, сондай-ақ олардың аффилиирленген тұлғалары:
      1) инсайдерлік ақпаратты пайдалану арқылы өз мүдделерінде немесе үшінші тұлғалардың мүдделерінде бағалы қағаздармен мәмілелер жасауға;
      2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, инсайдерлік ақпаратты немесе оған негізделген ақпаратты үшінші тұлғаларға беруге немесе үшінші тұлғалар үшін қол жетерліктей жасауына;
      3) үшінші тұлғаларға инсайдерлік ақпаратқа негізделген бағалы қағаздармен мәмілелер жасасу туралы ұсынымдар беруге құқығы жоқ.
      Ескерту. 56-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 19 ақпандағы N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

10-тарау. Бағалы қағаздарын нақтылы ұстау

      57-бап. Бағалы қағаздарды нақтылы ұстауды жүзеге асыру
               тәртiбi

      1. Бағалы қағаздардың нақтылы ұстаушысы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығы бар орталық депозитарий, кастодиан және брокер және (немесе) дилер нақтылы ұстау қызметiн көрсетуге құқылы.
      2. Бағалы қағаздарды нақтылы ұстауды клиентпен жасалған, лицензиаттың нақтылы ұстауға берiлген бағалы қағаздарға қатысты құқықтарын белгiлейтiн шарттың талаптарына сәйкес лицензиат жүзеге асырады.
      3. Нақтылы ұстау ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргізу құқығы бар кастодиан және брокер және (немесе) дилер клиентпен нақтылы ұстау туралы шарт жасалғаннан кейiн күнтiзбелiк үш күн iшiнде клиентке нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiнде жеке шот және клиенттiң қосалқы шот ашу үшiн қажет барлық деректемелерiн ашып көрсете отырып, орталық депозитарийдiң есепке алу жүйесiндегi клиенттiң қосалқы шотын ашуға мiндеттi.
      Бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмi жүйесiнде нақтылы ұстауға берiлген мемлекеттiк емес бағалы қағаздарды есепке алу орталық депозитарийдiң жеке шоты бойынша жүзеге асырылады, оны ашуды орталық депозитарийдiң бұйрығы негiзiнде тiркеушi жүргiзедi.
      Нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiнде жеке шот ашу тәртiбi нақтылы ұстаушының iшкi құжаттарымен белгiленедi.
      4. Бағалы қағаздарды нақтылы ұстауды жүзеге асыру тәртiбi осы Заңның талаптарына және нақтылы ұстау туралы шарттың талаптарына сәйкес лицензиаттардың iшкi құжаттарымен белгiленедi.
      5. Номиналды ұстаушының міндеттемелері бойынша номиналды ұстаушының клиенттеріне тиесілі қаржы құралдарынан ақы өндіріп алуға жол берілмейді.
      Ескерту. 57-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      58-бап. Нақтылы ұстаушының мiндеттерi

      Нақтылы ұстаушы:
      1) клиенттiң жеке шотындағы қателiктер мен ақпаратты бұрмалаудың алдын алу мақсатымен тұрақты бақылауды жүзеге асыруға;
      2) нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiнде бар және клиенттiң жеке шоты бойынша өзгерiстер енгiзудiң ретiн белгiлеуге немесе қалпына келтiруге мүмкiндiк беретiн ақпаратты сақтауға;
      3) осы Заңда белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде клиенттiң жеке шоты бойынша өзгерiстер енгiзуге;
      4) нақтылы ұстау туралы жасалған шартқа сәйкес клиентке анық ақпарат беруге мiндеттi.

      59-бап. Нақтылы ұстаушының функциялары. Нақтылы
               ұстаушының функцияларын жүзеге асыруға
               байланысты тыйым салу

      1. Нақтылы ұстаушының функциялары:
      1) клиенттiң бағалы қағаздарын есепке алу және осы бағалы қағаздармен мәмiлелер жасасу кезiнде олардың болуын қамтамасыз ету;
      2) клиенттiң бағалы қағаздарымен жасаған мәмiлелерiн тiркеу;
      3) клиенттердiң бағалы қағаздар бойынша құқықтарын растау;
      4) нақтылы ұстауға берiлген бағалы қағаздармен мәмiлелер жасасу кезiнде клиенттердiң мүдделерiн бiлдiру;
      5) нақтылы ұстауға берiлген бағалы қағаздарға қатысты ақпаратты клиенттiң назарына жеткiзу;
      6) нақтылы ұстау туралы шартқа сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де функциялар болып табылады.
      2. Нақтылы ұстаушының:
      1) Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келмейтiн бағалы қағаздармен мәмiленi тiркеудi жүзеге асыруына;
       РҚАО-ның ескертуі!
      2010 жылғы 1 қаңтарда 2-тармақ 1-1) тармақшамен Қазақстан Республикасының 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін   2-баптан қараңыз) Заңымен толықтырылады.
      2) осы Заңда және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген жағдайларды қоспағанда, клиенттiң бұйрығынсыз бағалы қағаздармен мәмiленi тiркеудi жүзеге асыруына;
      3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, клиенттiң тиiстi жазбаша рұқсатынсыз оның ақшасы мен бағалы қағаздарын өз мүддесiне немесе үшiншi тұлғалардың мүддесiне пайдалануына тыйым салынады.
      3. Қазақстан Республикасының аумағында нақтылы ұстаушының:
      1) орталық депозитарийдi;
      2) шетелдiк бағалы қағаздарға немесе осы баптың 1-тармағында белгiленген функцияларды жүзеге асырушы шетелдiк ұйымдарға қатысты өзiнiң нақтылы ұстау қызметiн көрсеткен кезде, кастодиандарды қоспағанда, басқа нақтылы ұстаушыға өзiне нақтылы ұстауға берiлген бағалы қағаздарға қатысты нақтылы ұстау қызметiн көрсетуге құқығы жоқ.
       Ескерту. 59-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз) Заңымен.

      60-бап. Нақтылы ұстау туралы шарт

      1. Нақтылы ұстаушы мен оның клиентi арасындағы құқықтық қатынастар олардың арасында жасалған нақтылы ұстау туралы шартпен реттеледi. Нақтылы ұстау туралы шартқа Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес тапсырма шартының нормалары қолданылады.
      2. Нақтылы ұстау туралы шартты жасасар алдында нақтылы ұстаушы клиенттi өзiнiң нақтылы ұстаушы ретiндегi қызметтi орындау талаптарымен таныстыруға мiндеттi.
      3. Нақтылы ұстау туралы шартта:
      1) шарттың нысанасы;
      2) нақтылы ұстаушының клиенттiң жеке шоты туралы коммерциялық құпияны caқтaу жөнiндегі мiндеттемелерiн қоса алғанда, тараптардың құқықтары мен мiндеттерi;
      3) (алып тасталды)
      4) клиенттердiң нақтылы ұстауға берiлген бағалы қағаздар жөнiндегi құқықтарын растау тәртiбi;
      5) нақтылы ұстаушының көрсеткен қызметiне ақы төлеудiң мөлшерi мен тәртiбi;
      6) нақтылы ұстаушының клиент алдындағы есептiлiк нысаны және кезеңдiлiгi;
      7) тараптардың шарттың талаптарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi;
      8) бағалы қағаздар бойынша кiрiс алу талаптары мен тәртiбi болуға тиiс.
      Жоғарыда тiзiлiп көрсетiлген ережелерден бөлек шартта Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де талаптар болуы мүмкiн.
      Ескерту. 60-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      61-бап. Нақтылы ұстаудағы бағалы қағаздармен мәмiленi
               тiркеу

      1. Нақтылы ұстаудағы бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеудi нақтылы ұстаушы клиенттiң нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiндегi шоты және клиенттiң орталық депозитарийдiң есепке алу жүйесiндегi қосалқы шоты бойынша жүзеге асырады.
      2. Депоненттiң клиентi орталық депозитарийдiң есепке алу жүйесiндегi өзiнiң қосалқы шотының жай-күйi туралы үзiндi алуға құқылы.
      Нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiндегi жеке шоттан үзiндiде көрсетiлген бағалы қағаздардың саны, түрi туралы мәлiметтер орталық депозитарийдiң есепке алу жүйесiндегi қосалқы шоты бойынша сондай мәлiметтерге сәйкес келмеген жағдайда орталық депозитарийдiң есепке алу жүйесiнде көрсетiлген мәлiметтер басымдыққа ие болады.
      Орталық депозитарийдiң есепке алу жүйесiндегi қосалқы шоттан үзiндiнi табыс ету тәртiбi оның iшкi құжаттарымен белгiленедi.
      3. алып тасталды .
      Ескерту. 61-бапқа өзгертулер енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007 жылғы 19 ақпандағы N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      62-бап. Нақтылы ұстаушының ақпаратты ашуы

      1. Нақтылы ұстаушы тiркеушiнiң, орталық депозитарийдiң және эмитенттiң талап етуi бойынша, өзiнiң нақтылы ұстауындағы бағалы қағаздары бар клиенттер туралы мәлiметтердi табыс етуге мiндеттi.
      Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде аталған ақпаратты табыс ету тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi .
      2. (алып тасталды)
      Ескерту. 62-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

11-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы брокерлік және
дилерлік қызмет

      63-бап. Брокерлiк және (немесе) дилерлiк қызметтi
               жүзеге асыру тәртiбi

      1. Бағалы қағаздар рыногындағы брокерлiк қызмет және дилерлiк қызмет брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензия негiзiнде жүзеге асырылады.
      Брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензия нақтылы ұстаушы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығымен немесе клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығынсыз болуы мүмкiн.
      Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жағдайларда уәкiлеттi орган дилерлік қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензия беруге құқылы.
      2. Брокер және (немесе) дилер осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде, өзiн-өзi реттейтiн ұйымның iшкi құжаттарында белгiленген, эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер жасасу тәртiбiне қойылатын талаптарды сақтауға мiндеттi.
      3. Брокер мен оның клиенттерiнiң арасындағы қатынастар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген тапсырма немесе комиссия шартының нормалары қолданылатын брокерлiк қызмет көрсету туралы шарт негiзiнде туындайды.
      4. Нақтылы ұстаушы ретiндегi клиенттердiң шотын жүргiзу құқығы бар брокер және (немесе) дилердiң ұйымдық құрылымына мынадай құрылымдық бөлiмшелер:
      1) қаржы құралдарымен мәмiлелер жасасуды жүзеге асыратын сауда бөлiмшесi;
      2) қаржы құралдарымен мәмiлелердiң орындалуын, қаржы құралдарын және сол брокер және (немесе) дилер мен оның клиенттерiнiң ақшасын есепке алуды жүзеге асыратын есеп айырысу бөлiмшесi енуге тиiс.
      5. Нақтылы ұстаушы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығы бар брокер және (немесе) дилердiң сауда бөлiмшесi басшы қызметкерлерiнiң сол брокер және (немесе) дилердiң есеп айырысу бөлiмшесiнiң басшы қызметкерiнiң мiндеттерiн орындауға және керiсiнше жасауға құқығы жоқ.
      6. алып тасталды .
      Ескерту. 63-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.06.05. N 146 , 2007 жылғы 19 ақпандағы N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      64-бап. Брокер және (немесе) дилердiң мәмiлелер жасауы

      1. Брокер және (немесе) дилер клиенттiң бұйрығына сәйкес қаржы құралдарымен мәмiлелер жасайды. Клиенттердiң бұйрықтарының түрлерi, олардың мазмұны және ресiмделуi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен және брокер және (немесе) дилердiң iшкi құжаттарымен белгiленедi.
      2. Клиенттiң бұйрығын орындауды брокер және (немесе) дилер сол бұйрықта көрсетiлген мәмiле жacaу талаптарын сақтай отырып жүзеге асырады. Егер мәмiле жасау кезiнде мәмiленiң талаптарын өзгерту қажет болса, брокер және (немесе) дилер өз iс-әрекетiн клиентпен келiсiп алуға мiндеттi.
      Мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда брокер және (немесе) дилер мәмiленi өз мүддесiнен клиенттiң мүддесi басым екендiгiн негiзге ала отырып жасауға мiндеттi.
      2-1. Уәкілетті орган берген банкілік қарыз беру операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар брокер және (немесе) дилер уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен факторинг операцияларын (төленбеу тәуекелін қабылдай отырып, (тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) сатып алушыдан төлем талап ету құқықтарын сатып алуды) және форфейтинг операцияларын (сатушыға айналымсыз вексельді сатып алу арқылы тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алушының борыштық міндеттемесін төлеуді) жүзеге асыруға құқылы.
      3. Брокер және (немесе) дилер эмитентке андеррайтер ретiнде немесе эмиссиялық консорциум құрамында эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру жөнiнде қызмет көрсетуге құқылы.
      4. Эмиссиялық консорциумға қатысушылардың эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру жөнiндегi бiрлескен қызметiн жүзеге acырудың талаптары мен тәртiбi эмиссиялық консорциумға қатысушылар болып табылатын андеррайтерлердiң бiрлескен қызметi туралы шартта белгiленедi, онда мынадай мәлiметтер:
      1) эмиссиялық консорциумға қатысушылардың функциялары;
      2) эмиссиялық консорциумға қатысушылар арасындағы құқықтарды, мiндеттердi және жауапкершiлiктi бөлiсу;
      3) бiрлескен қызмет туралы шарттың қолданылу мерзiмi болуға тиiс.
      5. Эмитент пен андеррайтер (эмиссиялық консорциум) арасындағы қатынастар жазбаша нысанда жасалған шартпен реттеледi.
      6. Андеррайтер (эмиссиялық консорциум) эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды мынадай тәсiлдермен:
      1) андеррайтер (эмиссиялық консорциум) эмитенттен кейiннен басқа инвесторларға сату мақсатында барлық орналастырылатын эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алатын "қатаң мiндеттемелер" тәсiлiмен;
      2) андеррайтер (эмиссиялық консорциум) эмиссиялық бағалы қағаздарды инвесторларға ұсыну арқылы оларды орналастыру жөнiнде қолынан келгенше күш-жiгерiн жұмсауға мiндеттенетiн "ең үздiк күш салу" тәсiлiмен;
      3) эмитент пен андеррайтер (эмиссиялық консорциум) арасында жасалған шарт талаптарына сәйкес эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастырудың өзге де тәсiлдерiмен жүзеге асыруға құқылы.
      Ескерту. 64-бапқа өзгертулер енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 19 ақпандағы N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

12-тарау. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің
жүйесін жүргізу жөніндегі қызмет

      65-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң
               жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру
               тәртiбi

       РҚАО-ның ескертуі!
      2010 жылғы 1 қаңтарда 65-бап Қазақстан Республикасының 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз) Заңымен жаңа редакцияда жазылады.

      1. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзудi осы Заңға, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiне , тiркеушiнiң iшкi құжаттарына және эмитентпен жасалған шартқа сәйкес тiркеушi жүзеге асырады.
      Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу эмиссиялық бағалы қағаздарға қатысты мiндеттi болып табылады.
      2. Тiркеушi эмитенттiң, оның басшы қызметкерлерiнiң және дербес немесе аффилиирленген тұлғалармен бiрлесiп осы эмитенттiң дауыс беретiн акцияларының (үлесiнiң) он және одан да көп процентiн иеленетiн эмитент акционерлерiнiң (қатысушыларының) аффилиирленген тұлғасы болмауға тиiс.
      3. Бағалы қағаздарды ұстаушылар туралы мәлiметтер уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде және тiркеушiнiң iшкі құжаттарында белгiленген тәртiппен бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiне енгiзiлуге тиiс.
      4. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн құрайтын құжаттардың тізбесі, бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн қалыптастыру, сақтау мен жүргiзу тәртiбi, жеке шоттардан үзiндiлердiң нысандары және оларда көрсетiлетiн мәлiметтер тiзбесi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.
      5. Тіркеушінің лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған, одан айырған жағдайларда уәкілетті орган бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесін жүргізу жөнінде эмитент жаңа шарт жасасқан тіркеушіге оларды кейіннен беру үшін бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесін құрайтын деректердің резервтік көшірмелерін алып қоюға құқылы.
      Ескерту. 65-бапқа өзгертулер енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007 жылғы 19 ақпандағы N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      66-бап. Тiркеушiнiң функциялары

      Тiркеушiнiң функциялары:
      1) бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн қалыптастыру, жүргiзу және сақтау;
      2) тiркелген тұлғаға бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесінде жеке шот ашу;
      3) тiркелген тұлғаның жеке шоты бойынша бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеу;
      4) тiркелген тұлғаның бағалы қағаздары бойынша құқықтарын растау;
      5) бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн сайма-сай қалпында ұстау;
      6) қайталама бағалы қағаздар рыногында айналыста жүрген бағалы қағаздар санының уәкiлеттi орган тiркеген санына сәйкестiгiн бақылауды жүзеге асыру;
      7) бағалы қағаздарды ұстаушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда немесе эмитенттiң тапсырмасы бойынша эмитенттiң жалпы жиналысын өткiзуiне немесе эмитенттiң эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кiрiстi төлеуiне қатысты, сондай-ақ эмитенттiң бағалы қағаздарды шығаруына қатысты хабарлау;
      8) эмитенттiң сұратуы негiзiнде оған бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн құрайтын ақпарат табыс ету;
      9) осы Заңның 43-бабының 3-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн құрайтын мәлiметтер алуға құқығы бар мемлекеттiк органдарға ақпарат табыс ету;
      10) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiне сәйкес өзге де функциялар болып табылады.
      Ескерту. 66-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) ,  2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      67-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң
               жүйесiн жүргiзу жөнiндегi шарт

      1. Тiркеушiмен бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiнде шарт жасау туралы шешiмдi оның эмитенттiң жарғысында белгiленген құзыретiне сәйкес эмитенттiң органы қабылдайды. Осы шешiмде эмитенттiң атынан шарт жасасуға қатысуға және оған қол қоюға уәкiлдiк берiлген тұлға көрсетiлуге тиiс.
      2. Тiркеушi өзiнiң бағалы қағаздарын ұстаушылар тiзiлiмдерінiң жүйесiн жүргізуді жүзеге асыруға құқылы емес.
      Тiркеушi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу бойынша шарт жасасқан эмитенттiң бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзудi басқа тiркеушiге қайта тапсыруға құқылы емес.
      3. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiнде шарт жасасқан кезде эмитент тiркеушiге мынадай құжаттарды:
      1) эмитент органының тiркеушiнi таңдау және бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiнде шарт жасасу туралы шешiмiн;
      2) жарғының көшiрмесiн;
      3) эмитенттi заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәландыратын құжаттардың көшiрмелерiн;
      4) эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеу туралы куәландыратын құжаттардың көшiрмелерiн;
      5) бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн құрайтын ақпаратты алу және шарттың талаптарын орындау кезiнде құжаттарға қол қою құқығы бар эмитент өкiлдерiнiң қол қою үлгiлерiнiң эмитент мөрiнiң бедерi бар карточкасын табыс етуге мiндеттi. Бұл карточканы нотариат куәландыруға тиіс.
      4. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi шартты жасасқан кезде тiркеушi эмитентке танысу үшiн өзiнiң iшкi құжаттарын табыс етуге мiндеттi.
      5. Лицензияның қолданылуы бір айдан астам мерзімге тоқтатыла тұрған, сондай-ақ лицензиядан айырған жағдайда бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі шарт бұзылады.
      Ескерту. 67-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007 жылғы 19 ақпандағы N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      68-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң
               жүйесiн жүргiзу жөнiндегi шарт бұзылған
               жағдайда тiркеушiге қойылатын талаптар

      1. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi шарт бұзылған жағдайда бұрынғы тiркеушi эмитентпен жасалған шарттың бұзылған күнiнен бастап күнтiзбелiк жетi күн iшiнде бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмiн әзiрлеп, өткiзуге мiндеттi, ал жаңа тiркеушi шарт бұзылған күнi қалыптастырылған оны және осы эмитенттiң бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн құрайтын өзге де құжаттарды қабылдауға мiндеттi.
       РҚАО-ның ескертуі!
      2010 жылғы 1 қаңтарда 1-тармақтың 2-ші бөлігі Қазақстан Республикасының 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін   2-баптан қараңыз) Заңымен жаңа редакцияда жазылады.
      Аталған құжаттарды өткiзу тiркеушiлер өкiлдерiнiң қатысуымен қабылдау-өткiзу актiсiн жасау арқылы жүзеге асырылады. Жаңа тiркеушi қабылдау-өткiзу актiсiне қол қойылған кезден бастап күнтiзбелiк жетi күн iшiнде бұрынғы тiркеушiден қабылданған құжаттардағы мәлiметтердi эмитенттiң ол шарт жасасқан бағалы қағаздар тiзiлiмдерiнiң жүйесiне енгiзуге мiндеттi.
      2. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн құрайтын жаңа тіркеушіге өткізілуге тиісті құжаттар мен электрондық деректердiң құрамы, оларды тапсырудың талаптары мен тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.
      3. Шарттың қолданылуы тоқтатылған күннен кейiн тiркеушiнiң бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесiнiң жеке шоттарынан берген үзiндiлерi жарамсыз болады. Шарттың қолданылуы тоқтатылған күннен кейiн тiркеушiнiң бағалы қағаздарды ұстаушылардың бұйрықтарын орындау үшiн қабылдауға құқығы жоқ. Жаңа тiркеушi өзiне қабылдау-өткiзу актiсiмен берiлген құжаттарға сәйкес бұрынғы тiркеушiнiң бағалы қағаздар ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу күнiнде жасаған үзiндi мен өзге де құжаттардағы мәлiметтер үшiн жауапкершiлiк бұрынғы тiркеушiге жүктеледi.
      4. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi шарт бiр жақты бұзылған жағдайда құжаттар мен бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмiн қалыптастыру және жаңа тiркеушiге өткiзу шартты бұзуға бастамашы болушының есебiнен жүзеге асырылады.
      Тiркеушi лицензиясының қолданылуы тоқтатылған немесе одан айырылған жағдайда тiркеушi шартты бұзудың бастамашысы деп танылады.
      Ескерту. 68-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

13-тарау. Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі
қызмет. Зейнетақы активтерін инвестициялық
басқару жөніндегі қызмет

      69-бап. Инвестициялық портфельдi басқару жөнiндегi
               қызметтi немесе зейнетақы активтерiн
               инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi
               жүзеге асыру

      1. Инвестициялық портфельдi басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асырудың талаптары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi
      2. (алып тасталды)
      3. Инвестициялық портфельдi басқару немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызмет клиенттiң мүддесiн көздеп кiрiс алу мақсатымен жүзеге асырылады.
      4. Инвестициялық портфельдi немесе зейнетақы активтерiн басқарушылардың олар басқаратын қаржы құралдарына қатысты құқықтарын нақтылы ұстаушылар өздерiнiң iшкi құжаттарына сәйкес есепке алады.
      Ескерту. 69-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.07. N 577 Заңымен .

      70-бап. Инвестициялық портфельдi немесе зейнетақы
               активтерiн басқарушылардың функциялары

      1. Инвестициялық портфельдi немесе зейнетақы активтерiн басқарушылардың функциялары:
      1) ақшаны эмиссиялық бағалы қағаздарға және уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актiсiнің талаптарына сәйкес өзге де қаржы құралдарына инвестициялау туралы шешiмдер қабылдау;
      2) қабылданған инвестициялық шешiмдердi орындау мақсатында инвестициялық портфельдi басқару және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару процесiнде бағалы қағаздар рыногының субъектiлерiмен өзара iс-қимыл жасау;
      3) уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде және олардың iшкi құжаттарында белгiленген тәртiппен эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен жасалатын мәмiлелердiң есебiн жүргiзу;
      4) инвестициялық портфельдi басқару немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi шарттың талаптарын орындау болып табылады.
      2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, инвестициялық портфельдi немесе зейнетақы активтерiн басқарушылар эмиссиялық бағалы қағаздар мен басқаруындағы өзге де қаржы құралдарына қатысты пайдалану және билiк ету жөнiндегi құқығын жүзеге асыруға құқылы.

      71-бап.
      Ескерту. 71-бап алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2004.07.07. N 577 Заңымен .

      72-бап. Инвестициялық шешiмдер қабылдау

      Клиенттердiң инвестициялық портфелiне қатысты инвестициялық шешiмдер қабылдауды инвестициялық портфельдi немесе зейнетақы активтерiн басқарушылардың құрамында кемінде үш адам болатын инвестициялық комитет жүзеге асырады. Қызметкерлердi инвестициялық комитеттiң құрамына сайлауды басқарушылардың атқарушы органы жүзеге асырады. Инвестициялық комитеттiң шешiмдерi оның отырысына қатысушы қызметкерлердiң көпшiлiк дауысымен қабылданады және жазбаша түрде ресiмделедi. Инвестициялық комитет мүшелерінің кемінде жартысы инвестициялық портфельді немесе зейнетақы активтерін басқаратын басшы қызметкерлер болуға тиіс.
      Ескерту. 72-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

14-тарау. Кастодиандық қызмет

      73-бап. Кастодиандық қызметтi жүзеге асыру тәртiбi

      1. Бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметтi кастодиандық қызмет пен сейфтiк операцияларға лицензиялары бар банктер жүзеге асырады.
      2. Кастодиан өзiнiң қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарына және клиентпен жасалған кастодиандық қызмет көрсету жөнiндегi шартқа сәйкес жүзеге асырады.
      3. Кастодианның шетелдік клиенттерге қызметтер көрсету жағдайларын қоспағанда, кастодиан өз клиентінің аффилиирленген тұлғасы болмауға тиіс.
      4. Кастодианға кастодиандық қызмет көрсету жөнiндегi шартқа сәйкес клиент берген ақша мен қаржы құралдары кастодиандық қызмет объектiлерi болып табылады.
      5. (алып тасталды)
      Ескерту. 73-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.07. N 577 , 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін   2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      74-бап. Кастодианның функциялары мен мiндеттерi

      1. Кастодиан мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) ақшаға, эмиссиялық бағалы қағаздарға және кастодиандық қызмет көрсетуге берiлген өзге де қаржы құралдарына қатысты клиентке шоттар ашу;
      2) ақшаны, эмиссиялық бағалы қағаздарды және кастодиандық қызмет көрсетуге берiлген өзге де қаржы құралдарын есепке алуды қамтамасыз ету;
      3) нақтылы ұстауды жүзеге асыру;
      4) эмиссиялық бағалы қағаздармен және кастодиандық қызмет көрсетуге берiлген өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер бойынша төлем агентiнiң функциясын атқару;
      5) клиенттiң эмиссиялық бағалы қағаздарымен мәмiлелердi тiркеу және осы бағалы қағаздар бойынша оның құқықтарын растау;
      6) эмиссиялық бағалы қағаздар және кастодиандық қызмет көрсетуге берiлген өзге де қаржы құралдары бойынша кiрiс алу және оны клиенттiң шотына есептеу;
      7) эмитенттiң тапсырмасы бойынша клиентке ақпарат беру;
      8) клиентке кастодиандық қызмет көрсету жөнiндегi шартта көзделген өзге де қызметтер көрсету;
      9) құжатты бағалы қағаздарды және құжатты нысанда шығарылған өзге де қаржы құралдарын сақтау.
      2. Кастодиан:
      1) кастодиандық қызмет көрсету жөнiндегi шарттың талаптарын, сондай-ақ клиенттiң бұйрықтарын олардың мазмұнына сәйкес орындауға;
      2) эмиссиялық бағалы қағаздардың және өз активтерiне қатысты кастодиандық қызмет көрсетуге берiлген өзге де қаржы құралдарының бөлек сақталуы мен есепке алынуын қамтамасыз етуге;
      3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарға сәйкес, клиенттердiң шоттарын жүргiзу технологиясын сақтауға;
      4) клиентке тұрақты негiзде немесе оның талап етуi бойынша шоттарының жай-күйi туралы есеп беруге;
      5) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметтiк, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етпеуге мiндеттi.

      75-бап. Кастодиандық қызмет көрсету жөнiндегi шарт

      1. Кастодиан мен оның клиентi арасындағы қатынастар кастодиандық қызмет көрсету жөнiндегi шарт негiзiнде туындайды, оған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген сақтау және тапсырма шартының нормалары қолданылады.
      2. Кастодиан кастодиандық қызмет көрсету жөнiндегi шартты жасасу кезiнде клиенттi өзiнiң iшкi құжаттарымен таныстыруға мiндеттi.
      3. Кастодиандық қызмет көрсету жөнiндегi шартта:
      1) клиентке кастодиандық қызмет көрсету жөнiнде қызметтер ұсыну тәртiбi;
      2) кастодианның және оның клиентiнiң құқықтары мен мiндеттерi;
      3) кастодианның қызметiне ақы төлеу тәртiбi;
      4) кастодианның кастодиандық қызмет көрсетуге берiлген бағалы қағаздары бойынша кiрiс алуының талаптары мен тәртiбi және оны клиенттiң шотына есептеу;
      5) кастодиандық қызмет көрсету жөнiндегi шартты бұзу тәртiбi;
      6) тараптардың жауапкершiлiгi;
      7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де талаптар болуға тиiс.

15-тарау. Трансфер-агенттік қызмет

      76-бап. Трансфер-агенттiк қызметтi жүзеге асырудың
               талаптары мен тәртiбi

      1. Бағалы қағаздар рыногында трансфер-агенттiк қызмет трансфер-агент клиенттерiнiң арасындағы құжаттарды (ақпаратты) қабылдау және беру мақсатында жүзеге асырылады.
      2. Бағалы қағаздар рыногында трансфер-агенттiк қызметтi жүзеге асырудың талаптары мен тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен және лицензиаттың iшкi құжаттарымен белгiленедi .

      77-бап. Трансфер-агенттiң функциялары

      1. Трансфер-агент мынадай функцияларды:
      1) өзi тапсыру үшiн алған құжаттарды тiркеу және есепке алу;
      2) клиенттерге берiлген құжаттарды тiркеу және есепке алу;
      3) трансфер-агенттiк қызметтi жүзеге асырған кезде қолданылатын электрондық деректер базасының сақталуын қамтамасыз ету;
      4) трансфер-агенттiк қызметтi жүзеге асырған кезде қолданылатын электрондық жүйелердi жұмысқа қабiлеттi жағдайда ұстау;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      2. Трансфер-агент пен оның клиенттерi арасындағы қатынастар трансфер-агенттiк қызмет көрсету жөнiндегi шарт негiзiнде туындайды, оған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген тапсырма шартының нормалары қолданылады.

16-тарау. Орталық депозитарий

      78-бап. Орталық депозитарий қызметiнiң негiзгi
               принциптерi

      1. Орталық депозитарий коммерциялық емес ұйым болып табылады. Орталық депозитарийдiң акциялары бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары және халықаралық қаржы ұйымдары арасында орналастырылады.
      1-1. Мына тұлғалар:
      1) тiзбесiн уәкiлеттi орган белгiлейтiн оффшорлық аймақтарда тiркелген заңды тұлғалар;
      2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген заңды тұлғаларға қатысы бойынша аффилиирленген тұлғалар;
      3) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген заңды тұлғалардың құрылтайшылары (қатысушылары, акционерлерi) болып табылатын тұлғалар орталық депозитарийдiң құрылтайшылары және акционерлерi бола алмайды.
      2. Бағалы қағаздар рыногының бағалы қағаздарды нақтылы ұстаушылар болып табылатын кәсiби қатысушылары, сондай-ақ шетелдiк депозитарийлер мен кастодиандар орталық депозитарийдiң депоненттерi болып табылады.
      3. Бағалы қағаздар рыногында орталық депозитарийлiк қызметтi жүзеге асырудың талаптары мен тәртiбi осы Заңмен, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен және iшкi құжаттармен - орталық депозитарийдiң ережелер жинағымен белгiленедi.
      Орталық депозитарий Қазақстан Республикасы аумағында депозитарлық қызметтi жүзеге асыратын бiрден-бiр ұйым болып табылады.
      Ескерту. 78-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      79-бап. Орталық депозитарийдi басқару

      1. Орталық депозитарийдiң органдары, олардың функциялары мен өкiлеттiктерi, олардың шешiмдерiн қалыптастыру және қабылдау тәртiбi осы Заңмен, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен , орталық депозитарийдiң жарғысымен және оның iшкi құжаттарымен белгiленедi.
      1-1. Орталық депозитарийдiң басшы қызметкерлерi осы Заңның 54-бабында белгiленген талаптарға сай болуға тиiс.
      2. Орталық депозитарийдiң директорлар кеңесiнiң құрамына уәкiлеттi органның өкiлi тұрақты негiзде дауыс беру құқығымен кiредi.
      Ескерту. 79-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      80-бап. Орталық депозитарийдiң қызметiн жүзеге асыру
               тәртiбi

      1. Орталық депозитарий депозитарийлiк қызметтi жүзеге асыру процесiнде:
      1) депоненттерге қаржы құралдарын нақтылы ұстау қызметiн көрсетедi;
      2) ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында жасалған мәмiлелер және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында оның депоненттерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес тиісті лицензиясыз брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын өзге тұлғалардың қатысуымен (депоненттердiң өздерiнiң арасында; бiр тараптан депонент және екiншi тараптан басқа депоненттiң клиентi арасында; әртүрлi екi депоненттің клиенттерi арасында) жасалған мәмiлелер бойынша қаржы құралдарындағы есеп айырысуларды жүзеге асырады;
      3) мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарға Қазақстан Республикасының заңдарына және өзiнiң ережелер жинағына сәйкес депозитарийлiк қызмет көрсетудi жүзеге асырады;
      4) консультациялық, ақпараттық және Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа да қызмет түрлерiн көрсетедi;
      5) қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер бойынша қаржы құралдарындағы және (немесе) ақшадағы клиринг қызметін көрсетеді.
      2. Орталық депозитарий банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға лицензиялары болған кезде:
      1) брокерлер мен дилерлер арасындағы есеп айырысуды жүзеге асыратын орталықтандырылған ұйымның функцияларын;
      2) қаржы құралдары бойынша кірісті төлеу жөніндегі және оларды өтеу кезінде төлем агентінің функцияларын орындауды;
      3) депонентке эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер бойынша ақша аударымдарын жүзеге асыруға, сондай-ақ кiрiстi төлеу және қаржы құралдарын өтеу кезiнде ақша алуға арналған банк шоттарын ашуды жүзеге асырады.
      4) алып тасталды .
       РҚАО-ның ескертуі!
      2010 жылғы 1 қаңтарда 3-тармақ Қазақстан Республикасының 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз) Заңымен жаңа редакцияда жазылады.
      3. Орталық депозитарий бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзудi жүзеге асыруға арналған лицензия негiзiнде бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзуге құқылы.
      4. Орталық депозитарий қаржы рыногындағы қызметке жатпайтын кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға құқылы емес.
      Орталық депозитарийдiң қызметiн жүзеге асырудың шарттары мен тәртiбi осы Заңда, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде және iшкi құжаттарда - орталық депозитарийдiң ережелер жинағында белгiленедi.
      Ескерту. 80-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007 жылғы 19 ақпандағы N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      81-бап. Орталық депозитарийдiң ережелер жинағы

      1. Орталық депозитарийдiң ережелер жинағы орталық депозитарийдiң бағалы қағаздар рыногының субъектiлерiмен қарым-қатынасын айқындайды.
      Орталық депозитарийдің ережелер жинағын сақтау орталық депозитарийдің қызметтерін пайдаланатын барлық субъектілер үшін міндетті болып табылады.
      Орталық депозитарийдің ережелер жинағын орталық депозитарийдің директорлар кеңесі бекітеді және ол уәкілетті органмен келісіледі.
      2. Орталық депозитарийдiң ережелер жинағында:
      1) эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелердi тiркеу ережелерi;
       РҚАО-ның ескертуі!
      2010 жылғы 1 қаңтарда 2-тармақ 1-1) тармақшамен Қазақстан Республикасының 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін   2-баптан қараңыз) Заңымен толықтырылады.
      2) эмиссиялық бағалы қағаздарды және өзге де қаржы құралдарын есепке алу ережелерi;
      3) құжатты нысанда шығарылған бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарын сақтауды және материалсыздандыруды жүзеге асыру ережелерi;
      4) клиринг қызметiн жүзеге асыру тәртiбi;
      5) депоненттерге есептiлiк табыс ету тәртiбi;
      6) бағалы қағаздар рыногының субъектiлерiмен өзара iс-қимыл тәртiбi;
      7) алып тасталды ;
      8) депоненттер мен оның клиенттерiнiң ақшасын есепке алу тәртiбi;
      9) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де ережелер болуға тиiс.
      Ескерту. 81-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан  Республикасының 2007 жылғы 19 ақпандағы N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      82-бап. Орталық депозитарийдiң қызметiн шектеу

      1. Орталық депозитарий:
      1) Қазақстан Республикасының заңдарына және орталық депозитарийдiң ережелер жинағына сәйкес өз функцияларын орындауды басқа да тұлғаларға беруге;
      2) өз депоненттерiнiң, сауда-саттықты ұйымдастырушының тиісті бұйрықтары немесе уәкілетті органның тиісті шешімі болмаса да қаржы құралдарымен мәмiлелердi тiркеудi жүзеге асыруға;
       РҚАО-ның ескертуі!
      2010 жылғы 1 қаңтарда 1-тармақ 2-1) тармақшамен Қазақстан Республикасының 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін   2-баптан қараңыз) Заңымен толықтырылады.
      3) депонент (оның клиентi) туралы, депоненттiң (оның клиентiнiң) жеке шотында (қосалқы шотында) ескерiлетiн қаржы құралдары туралы коммерциялық құпияны, қызметтік құпияны жария етуге;
      4) депоненттер мен олардың клиенттерiнiң құқықтарын және мүдделерiн бұзатын iс-әрекеттер жасауға құқылы емес.
      2. Уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген жағдайларды қоспағанда, орталық депозитарий заңды тұлғаларды құруға және оның қызметiне қатысуға құқылы емес.
       Ескерту. 82-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан  Республикасының 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін   2-баптан қараңыз) Заңымен.

17-тарау. Сауда-саттықты ұйымдастырушы

      83-бап. Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымы

      1. Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi .
      2. Сауда-cаттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде қаржы құралдарымен жасалған мәмілелерге мониторинг жүргізуді және талдауды жүзеге асыру мақсатында сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесiнде жасалатын мәмiлелердi қадағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшесi кiруге тиіс.
      Сауда-саттықты ұйымдастырушының аталған құрылымдық бөлiмшесiнiң қызметiн жүзеге асыру тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi .
       Ескерту. 83-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан  Республикасының 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін   2-баптан қараңыз) Заңымен.

      84-бап. Сауда-саттықты ұйымдастырушыны басқару

      1. Сауда-саттықты ұйымдастырушының органдары, олардың функциялары және өкілеттіктері, олардың шешімдерді қалыптастыру және қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен , сауда-саттықты ұйымдастырушының жарғысымен және оның ішкі құжаттарымен айқындалады.
      2. Акциялардың мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға тиесілі заңды тұлға акционері болып табылатын жағдайды қоспағанда, сауда-саттықты ұйымдастырушының әрбір акционерінің оның аффилиирленген тұлғаларымен бірлескен үлесі орналастырылған акциялардың жалпы санының жиырма процентінен аспауға тиіс.
      3. Акциялардың мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға тиесілі акционер заңды тұлғаның үлесі сауда-саттықты ұйымдастырушының дауыс беретін акциялары жалпы санының жиырма бес процентінен аспауға тиіс.
      Сауда-саттықты ұйымдастырушының әрбір акционері, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, "бір акция - бір дауыс" принципі бойынша дауыс береді.
      4. Сауда-саттықты ұйымдастырушының директорлар кеңесінің құрамына уәкілетті органның өкілі тұрақты негізде дауыс беру құқығымен кіреді.
      Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңы болып белгіленген қор биржасы директорлар кеңесінің құрамына Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның өкілі де тұрақты негізде дауыс беру құқығымен кіреді.
      5. Листинг, делистинг мәселелері бойынша шешім қабылданған немесе бағалы қағаздар тізімінің санаттары алмасқан кезде:
      1) аталған шешімге сәйкес бағалы қағаздары қор биржасының тізіміне енгізілетін, осы тізімнен шығарылатын немесе осы тізімнің өзге санатына ауыстырылатын эмитенттің (бұдан әрі осы тармақта - мүдделі эмитент);
      2) мүдделі эмитентке қатысты оның еншілес ұйымдары немесе тәуелді акционерлік қоғамдары болып табылатын ұйымдардың;
      3) өздеріне қатысты мүдделі эмитент оның еншілес ұйымы немесе тәуелді акционерлік қоғамы болып табылатын ұйымдардың;
      4) үшінші ұйымға қатысты оның мүдделі эмитентпен бірге еншілес ұйымдары немесе тәуелді акционерлік қоғамдары болатын ұйымдардың өкілдері болып табылатын , құзыретіне көрсетілген мәселелерді қарау кіретін қор биржасы органы мүшелерінің (бұдан әрі осы бапта - листинг комиссиясы) дауыс беруге құқығы жоқ.
      Листинг комиссиясының құрамына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді. Листинг комиссиясының құрамына тұрақты негізде дауыс беру құқығымен уәкілетті органның өкілі кіреді.
      Ескерту. 84-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.07.21 N 309 , өзгерту енгізілді - 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      85-бап. Сауда-саттықты ұйымдастырушының ережелерi

      1. Сауда-саттықты ұйымдастырушының ережелерiн оның атқарушы органы әзiрлейдi, уәкiлеттi органмен келiсiледi және сауда-саттық ұйымдастырушының директорлар кеңесi бекiтедi.
      2. Сауда-саттықты ұйымдастырушының ережелерi сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесiне айналысқа жiберiлген қаржы құралдарымен мәмiлелердi жасаған кезде сауда-саттықты ұйымдастырушы мүшелерiнiң қызметiн, сондай-ақ сауда-саттықты ұйымдастырушы мен оның мүшелерi (клиенттерi) арасында туындайтын құқықтық қатынасты реттейдi.
      3. Сауда-саттықты ұйымдастырушының ережелерi сауда-саттықты ұйымдастырушының функциясына кiретiн мәселелердi реттейтiн сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарын қамтиды.
      4. Қор биржасының ережелерi:
      1) қор биржасындағы мүшелiк санатын, қор биржасының мүшелiгiне кiру талаптары мен тәртiбiн, қор биржасы мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн, қор биржасында мүшелiктi тоқтата тұрудың және тоқтатудың талаптары мен тәртiбiн;
      2) қор биржасының тiзiмiне бағалы қағаздарын енгiзу жорамалданып отырған және енгiзiлген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды;
      3) қор биржасының тiзiмiне бағалы қағаздарды енгiзудiң, оларды осы тiзiмнен және тiзiм санатының ауысымынан алып тастаудың талаптары мен тәртiбiн;
      4) бағалы қағаздары қор биржасының тiзiмiне (соның iшiнде ақпаратты жариялау бойынша) енгiзiлген эмитенттердiң мiндеттерi мен жауапкершiлiгiн;
      5) бағалы қағаздармен биржалық сауда-саттық өткiзу тәртiбiн;
      6) қаржы құралдарымен биржалық сауда-саттықта жасалған мәмiлелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру тәртiбiн;
      6-1) қор биржасындағы сауда-саттықты тоқтата тұрудың және қайта бастаудың шарттары мен тәртібін;
      7) алып тасталды ;
      8) қор биржасының сауда жүйесiнде айналысқа жiберiлген қаржы құралдарын бағалаудың әдiстемесiн;
      9) биржалық сауда ережелерiн бұзғаны үшiн қор биржасы мүшелерiнiң жауапкершiлiгiн, қор биржасы өндiрiп алатын айыппұлдар төлеудiң мөлшерi мен тәртiбiн;
      10) қаржы құралдарымен мәмiлелердi жүзеге асыру барысында пайда болатын дау-жанжалды шешу тәртiбiн айқындауға тиiс.
      Ескерту. 85-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 19 ақпандағы N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      86-бап. Қор биржасының мүшелерi

      1. Бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, бағалы қағаздардан басқа, өзге қаржы құралдарымен мәмiлелердi жүзеге асыру құқығы бар өзге де заңды тұлғалар қор биржасының мүшелерi болып табылады.
      2. Қор биржасында бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушыларының кемiнде он мүшесi болуға тиiс.
      3. Қор биржасының мүшелерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптарға сай келетiн шетелдiк заңды тұлғалар болуы мүмкiн.
      4. Қор биржасының мүшелiгiне кандидаттарға қойылатын талаптар, мүшелiкке қабылдау, мүшелiктi тоқтата тұру және одан айыру тәртiбi, сондай-ақ қор биржасы мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттемелерi Қор биржасының ережелерiнде белгiленедi.
      5. Қор биржасының мүшелерi мәмiлелердi жасау осы мүшелер үшiн қор биржасының ережелерiнде жол берiлетiн қаржы құралдарының түрлерi бойынша сауда-саттыққа қатысуға құқылы.

      87-бап. Сауда-саттықты ұйымдастырушының қызметiн
               қаржыландыру

      1. (алып тасталды)
      2. Сауда-саттықты ұйымдастырушы мынадай жағдайларда:
      1) сауда-саттықты ұйымдастырушының мүшелiгiне кiргенi үшiн;
      2) сауда-саттықты ұйымдастырушының мүлкiн пайдаланғаны үшiн;
      3) бағалы қағаздар листингi үшiн және олардың сауда-саттықты ұйымдастырушысының тiзiмiнде болғаны үшiн;
      4) мәмiлелердi тiркеу және ресiмдеу үшiн;
      5) ақпараттық қызмет көрсеткенi үшiн;
      6) сауда-саттықты ұйымдастырушының ережелерiмен көзделген өзге де жағдайларда ақшалай жарналар мен алымдар алады.
      Ескерту. 87-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      88-бап. Қор биржасының қызметi

      1. Қор биржасы Қазақстан Республикасының заңдарына және қор биржасының iшкi құжаттарына сәйкес бағалы қағаздарға қарағанда, өзге қаржы құралдарымен сауда-саттық ұйымдастыруға және өткiзуге құқылы.
      2. Қор биржасы мынадай:
      1) сауда жүйелерiн пайдалану және қолдау;
      2) қор биржасының тiзiмiне бағалы қағаздары енгiзуге жорамалданып отырған немесе енгiзiлген эмитенттерге, сондай-ақ қор биржасында айналысқа жiберiлетiн (жiберiлген) бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарына талап қою;
      3) қор биржасында айналысқа жiберiлген бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәміле жасасу мақсатында сауда жүйесiне кіруге өз мүшелерiне мүмкiндiк беру;
      4) қор биржасында айналысқа жiберiлген бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдары бойынша тұрақты сауда-саттық ұйымдастыру және өткiзу;
      4-1) қор биржасының сауда жүйесінде бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерге мониторингті және талдауды жүзеге асыру;
      4-2) ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тану мәселелері бойынша сараптамалық қорытынды дайындау;
      5) қор биржасында айналысқа жiберiлген бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру және жүзеге acыру, не осындай есеп aйырысуды жүзеге асыру үшiн қажет ақпаратты әзiрлеу;
      6) өз мүшелерiне ұйымдық, консультациялық, ақпараттық және өзге де қызметтер көрсету;
      7) бағалы қағаздар рыногы және өзге де қаржы құралдары мәселелерi бойынша талдамалық зерттеулер жүргiзу;
      8) Қазақстан Республикасының банк заңдарында белгiленген тәртiппен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыру;
      8-1) қор биржасындағы сауда-саттықты тоқтата тұрудың және қайта бастаудың шарттары мен тәртібін айқындау функцияларын;
      9) қор биржасының iшкi құжаттарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      Ескерту. 88-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 19 ақпандағы N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз), 2007.07.21. N 309 , 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      89-бап. Қор биржасының тiзiмi

      1. Бағалы қағаздарды қор биржасының тiзiмiне енгiзудiң талаптары мен тәртiбi оның ережелерiмен белгiленедi.
      Уәкiлеттi орган эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жiберiлетiн (жiберiлген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тiзiмiнiң жекелеген санаттарына талаптар белгiлейдi .
      Қаржы құралдарын қаржы орталығының арнайы сауда алаңының сауда-саттық ұйымдастырушысының тiзiмiне енгiзу және одан алып тастау шарттары мен тәртiбi Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi және уәкiлеттi органмен келiсiледi.
      1-1. Акциялары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген қор биржасы тізімінің санатына енгiзiлген эмитенттер, сондай ақ оларға рұқсат беруге бастамашы болғандар орналастырылған және еркiн айналыстағы акциялардың қор биржасының ережелерiнде белгiленген ең төменгi көлемiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
      2. Эмиссиялық бағалы қағаздары қор биржасының тiзiмiне енгiзiлген эмитенттер, сондай-ақ сол бағалы қағаздарға рұқсат етудiң бастамашылары осы Заңда, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде және эмитенттiң қызметi мен қор биржасының тiзiмiне енгiзiлетiн (енгiзiлген) бағалы қағаздар туралы ақпаратты ашу жөнiндегi қор биржасының ережелерiнде белгiленген талаптарды сақтауға мiндеттi.
      3. Егер эмитенттер белгiленген талаптарды орындамаса, қор биржасы және (немесе) Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган құқық бұзушылықтарды жою жөнiнде өз ережелерiне сәйкес шаралар қолдануға құқылы.
      4. (алынып тасталды - 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен).
      Ескерту. 89-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.06.05. N 146 , 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін   2-баптан қараңыз), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      90-бап. Биржадан тыс рыноктың баға белгiлейтiн
               ұйымының қызметi

      1. Биржадан тыс рыноктың баға белгiлейтiн ұйымының (бұдан әрi - баға белгiлейтiн ұйым) негiзгi мақсаты оның клиенттерi арасындағы бағалы қағаздарға баға белгiлеудiң алмасу жүйесiн ұйымдастыру болып табылады.
      Бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары ғана баға белгiлейтiн ұйымның клиенттерi бола алады.
      Егер бұған Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаса, баға белгiлейтiн ұйым да уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiне және баға белгiлейтiн ұйымның iшкi құжаттарына сәйкес бағалы қағаздардан басқа, өзге қаржы құралдарымен баға белгiлеудiң алмасуын ұйымдастыруға құқылы.
      2. Баға белгiлейтiн ұйым мынадай:
      1) бағалы қағаздарға баға белгiлеудiң алмасу жүйесiн (бұдан әрi - ақпараттық жүйе) пайдалану және қолдау;
      2) баға белгiлейтiн ұйымның айналысына жiберiлген бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер жасасу мақсатында ақпараттық жүйеге кiруге өз клиенттерiне мүмкiндiк бepу;
      3) баға белгiлейтiн ұйымның клиенттерi арасында бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарының бағасын белгiлеумен тұрақты алмасып отыруды ұйымдастыру;
      4) баға белгiлейтiн ұйымның клиенттерi арасында бағалы қағаздар және өзге де қаржы құралдарымен мәмiле жасасу туралы хабарлама алмасуды ұйымдастыру;
      5) өз клиенттерiне баға белгiлейтiн ұйымында айналысқа жiберiлген бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiле жасасу үшiн қажеттi ақпараттар беру функцияларын;
      6) осы Заңда, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде және баға белгiлейтiн ұйымның iшкi құжаттарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      3. (алынып тасталды - 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен).
       Ескерту. 90-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

18-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы өзін-өзі
реттейтін ұйымдар және өзара сақтандыру қоғамдары

      Ескерту. 18-тараудың атауы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 19 ақпандағы N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      91-бап. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мiндеттерi

       Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның негiзгi мiндетi өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асырудың бiрыңғай жағдайларын жасауды қамтамасыз ету болып табылады.
      Ескерту. 91-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      92-бап. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның құқықтық жағдайы

      1. Өзiн-өзi реттейтiн ұйым мәртебесiн заңды тұлғаға бағалы қағаздар рыногында белгiлi бiр қызмет түрiн жүзеге асыратын лицензиаттардың кемінде 30 проценті осы заңды тұлғаның мүшелерi екенiн растайтын құжаттар негiзiнде уәкiлеттi орган бередi.
      Заңды тұлға осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде белгiленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда өзiн-өзi реттейтiн ұйым мәртебесiнен айрылады.
      Заңды тұлғаға өзiн-өзi реттейтiн ұйым мәртебесiн беру және оны жою тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленеді .
      2. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның атауында осы ұйым мүшелерiнiң негiзгi қызметiнiң түрiн көрсететiн, сондай-ақ "Қауымдастық", "Одақ" немесе "бiрлестiк" деген сөздер болуға тиiс.
      Ескерту. 92-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) ,  2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      93-бап. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның функциялары

      1. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның функциялары:
      1) уәкiлеттi органға бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейтiн нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары, нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар беру;
      2) бағалы қағаздар рыногында өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелерi арасында туындайтын дауларды және мүшелерi мен олардың клиенттерi арасындағы дауларды қарау;
      3) бағалы қағаздар рыногында қызметтi жүзеге асыруға ниет бiлдiрген адамдарға оқу бағдарламаларын әзiрлеу және оларды оқытуды жүргiзу;
      4) өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiнiң кәсiби қызметiнiң бiрыңғай ережелерi мен стандарттарын белгiлеу;
      5) өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiнiң рейтингтерiн жасау және жариялау;
      6) өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiнiң қызметiне тексеру жүргiзу;
      6-1) уәкiлеттi органға өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшесiнiң лицензиясын тоқтата тұру және одан айыру туралы өтiнiштер жiберу;
      7) бағалы қағаздар рыногында өз мүшелерiнiң қызметiн бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының заңдары мен өзiн-өзi реттейтiн ұйымның iшкi құжаттарын бұзуға жол берген өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiне өзiнiң iшкi құжаттарында белгiленген ықпал ету шараларын қолдану болып табылады.
      2. Өзiн-өзi реттейтiн ұйым өз мүшелерiнен, коммерциялық, қызметтiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда, олардың бағалы қағаздар рыногындағы қызметi туралы ақпарат табыс етудi талап етуге құқылы.
      3. Өзiн-өзi реттейтiн ұйым өз мүшелерiнiң қызметi мәселелерi бойынша уәкiлеттi орган беретiн ақпаратты өзiнiң мүшелерiне жеткiзiп отыруға мiндеттi.
      Ескерту. 93-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      94-бап. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның iшкi құжаттары

      1. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның iшкi құжаттары:
      1) өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелерi қызметiнiң ережелерi мен стандарттарын;
      2) өзiн-өзi реттейтiн ұйымның өз мүшелерiнiң қызметiне қатысты бақылау iс-шараларын жүргiзу ережелерiн;
      3) өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелерi арасындағы дауларды шешу ережелерiн;
      4) өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелiгiне қабылдау, мүшелiктi тоқтата тұру және өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелiгiнен шығару ережесiн;
      5) өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiнiң кәсiби этика ережелерiн;
      6) (алып тасталды)
      7) өзiн-өзi реттейтiн ұйымның бөлiмшелерi, комитеттерi, филиалдары мен өкiлдiктерi қызметiнiң тәртiбiн белгiлеуге тиiс.
      2. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның iшкi құжаттарын өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiнiң кеңесi әзiрлейдi және оны өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiнiң жалпы жиналысы бекiтедi.
      Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның iшкi құжаттары өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелерi үшiн оның мүшелерiнiң жалпы жиналысы белгiлеген күннен бастап мiндеттi болады.
      Ескерту. 94-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      95-бап.
      Ескерту. 95-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      96-бап.
      Ескерту. 96-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      97-бап. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның уәкiлеттi органмен
               өзара қатынастары

      1. Осы Заңда және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкiлеттi органның өзiн-өзi реттейтiн ұйымның қызметiне араласуға құқығы жоқ.
      2. Өзiн-өзi реттейтiн ұйым өз мүшесiнiң Қазақстан Республикасының заңдарын, өзiн-өзi реттейтiн ұйымның iшкi құжаттарын бұзғаны туралы, сондай-ақ өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiне қатысты қолданылған ықпал ету шаралары туралы ақпаратты уәкiлеттi органның назарына жеткiзуге мiндеттi.
      3. Уәкiлеттi орган өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiнiң және оның клиенттерінің мүдделерi қозғалатын нормативтiк құқықтық актіні әзiрлеу кезiнде өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мамандарын тартады.

      98-бап. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелiгiне қабылдау
               тәртiбi

      1. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелiгiне қабылдау тәртiбi өзiн-өзi реттейтiн ұйымның iшкi құжаттарымен белгiленедi.
      2. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелiгiне қабылдау туралы өтiнiш оның өзiн-өзi реттейтiн ұйымға түскен кезiнен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде қаралады. Өтiнiшке тiзбесi өзiн-өзi реттейтiн ұйымның iшкi құжаттарында айқындалатын құжаттар қоса тiркеледi. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелiгiне қабылдау туралы шешiмдi өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiнiң кеңесi қабылдайды.
      3. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелiгiне қабылдаудан бас тарту туралы шешiм жөнiнде сотқа шағым жасалуы мүмкiн.

      99-бап. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымға мүшелiктiң тоқтатылуы

      1. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелiгiнен шығару өзiн-өзi реттейтiн ұйымның iшкi құжаттарына сәйкес мынадай жағдайларда:
      1) өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшесiнiң өтiнiшi бойынша;
      2) өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшесін бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясынан айырған немесе лицензияның қолданылуы тоқтатылған;
      3) өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшесi Қазақстан Республикасының заңдарын және өзiн-өзi реттейтiн ұйымның iшкi құжаттарын бұзған жағдайларда жүзеге асырылады.
      2. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелiгiнен шығаруға өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерi кеңесiнiң мүшелiктен шығару туралы шешiмiнiң көшiрмесi берiлген күннен бастап бiр ай мерзiмде сотқа шағым жасалуы мүмкiн.
      Ескерту. 99-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      100-бап. Өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерi клиенттерiнiң
                құқықтары мен мүдделерiн қорғау

      1. Өзiн-өзi реттейтiн ұйым өз мүшелерi клиенттерiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғауды олардың өтiнiштерiн қарау арқылы жүзеге асырады. Өзiн-өзi реттейтiн ұйым клиенттердiң өтiнiштерiн қарау қорытындылары бойынша және негiздемелер болған жағдайда өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшесiне қатысты ықпал ету шараларын қолданады.
      2. Өтiнiштi қараудан заңсыз бас тартуға өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшесiнiң клиентi уәкiлеттi органға шағым жасай алады.
      Ескерту. 100-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      100-1-бап. Бағалы қағаздар рыногының кәсіби
                қатысушыларының жауапкершілігін өзара
                сақтандыру қоғамдары

      1. Инвесторларға бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары келтірген залалдарды өтеуді қамтамасыз ету мақсатында бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен өзара сақтандыру қоғамдарын құруға құқылы.
      2. Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының өзара сақтандыру қоғамдарын құрудың және олардың жұмысының ерекшеліктері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді .
      Ескерту. 100-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 19 ақпандағы N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

19-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы ақпарат

      101-бап. Эмитенттiң бастапқы бағалы қағаздар рыногында
                эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру
                процесiнде ақпаратты ашып көрсетуi

      1. Инвесторлардың шектелмеген тобының арасында орналастырылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың эмитентi кез келген мүдделi тұлғалардың алдында:
      1) эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiнде бар;
      1-1) акционерлік қоғамның бағалы қағаздарының аукциондары мен оған жазылудың шарттарын және өткізу тәртібін белгілейтін ішкі құжатта қамтылған;
      2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкiлеттi органға табыс етiлетiн есептерде бар;
      3) қаржылық есептiлiкке енгiзiлген ақпаратты;
      4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес немесе сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарына сәйкес (eгep осы бағалы қағаздар сауда-саттықты ұйымдастырушының тiзiмiне енгiзiлсе) немесе осы эмитенттiң iшкi құжаттарына сәйкес ашып көрсетуге жататын өзге де ақпаратты ашып көрсетуге мiндеттi.
      2. Эмитент ақпаратты ашып көрсетудi:
      1) уәкiлеттi органға осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес инвесторлардың (акционерлердiң) мүдделерiн қозғайды деп танылған ақпаратты табыс ету;
      2) егер эмитенттiң бағалы қағаздары сауда-саттықты ұйымдастырушының тiзiмiне енгiзiлсе, сауда-саттықты ұйымдастырушыға осы сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарына сәйкес ақпаратты табыс ету;
      3) бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат жариялау арқылы жүзеге асырады.
      3. Бағалы қағаздарды ұйымдастырушылар үшiн ақпаратты эмитент бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзудi жүзеге асыратын тiркеушi арқылы таратуды жүзеге асыруға құқылы.
      Ескерту. 101-бапқа өзгертулер енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007 жылғы 19 ақпандағы N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      102-бап. Эмитенттiң қайталама бағалы қағаздар рыногында
                эмиссиялық бағалы қағаздар айналысы процесiнде
                ақпаратты ашып көрсетуi

      1. Эмитент эмиссиялық бағалы қағаздардың айналысы кезеңiнде уәкiлеттi органның және бағалы қағаздарды ұстаушылардың алдында бағалы қағаздарды ұстаушыларының мүдделерi қозғалатын өз қызметiндегi өзгерiстер туралы ақпаратты ашып көрсетуге мiндеттi.
      2. Мыналар:
      1) эмитент органдары құрамының өзгерiстерi;
      2) эмитенттiң дауыс беретiн акцияларының он және одан да көп процентiн (үлесiн) иеленетiн акционерлер (қатысушылар) құрамының өзгерiстерi;
      3) эмитенттiң, оның еншiлес ұйымдарының және тәуелдi акционерлiк қоғамдарының қайта ұйымдастырылуы немесе таратылуы;
      4) эмитенттiң мүлкiне тыйым салынуы;
      5) эмитент лицензиясының алынуы, тоқтатыла тұруы немесе одан айыру;
      6) эмитент акционерлерiнiң (қатысушыларының) жалпы жиналысының шешiмi;
      7) эмитент әрбiр осындай ұйым акцияларының он және одан да көп процентiн (үлесiн, пайын) иеленетiн ұйымдар тiзiмiндегi өзгерiстер эмитент қызметiндегi бағалы қағаздарды ұстаушылардың мүдделерi қозғалатын өзгерiстер деп танылады.
      3. Эмитент өзгерiстер туындаған кезден бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде бұл туралы ақпаратты уәкiлеттi органға табыс етуге мiндеттi.
      4. Осы баптың 2-тармағындағы өзгерiстердi эмитент олар туындаған кезден бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат жариялау арқылы бағалы қағаздарды ұстаушылардың назарына жеткiзедi.
      Ескерту. 102-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      103-бап. Лицензиаттың ақпаратты ашып көрсетуi

      Лицензиат:
      1) шартқа сәйкес өз клиентiнiң aлдындa оның құқықтары мен мүдделерi қозғалатын ақпаратты ашып көрсетуге;
      2) бағалы қағаздармен мәмiлелер жасау жөнiндегi бұйрықты қабылдау кезiнде клиенттiң бағалы қағаздар және олардың эмитентi туралы қолда бар барлық ақпаратпен (бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық және қызметтiк құпияны құрайтын ақпараттарды қоспағанда) танысуына мүмкiндiк беруге;
      3) өзiнiң клиентiн осы клиенттiң бұйрығы бойынша қаржы құралдарымен мәмiлелер жасасу процесiнде мүдделер қақтығысының туындау мүмкiндiктерi және фактiлерi туралы хабардар етуге;
      4) өзiнiң клиентiн қаржы құралдарымен жасалады деп жорамалданып отырған мәмiлелерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектеулер мен ерекше талаптар туралы хабардар етуге;
      5) өзiнiң клиентiне оның бұйрығын орындаудан бас тартылу себептерiн түсiндiруге;
      6) уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының заңдарында ашып көрсету мiндеттi болып белгiленген қаржы құралдарымен жасалған мәмiлелер туралы ақпаратты, сондай-ақ өз бұйрықтары бойынша осындай мәмiлелер жасалған клиенттер туралы ақпаратты табыс етуге;
      7) эмитенттерден алынған және таратуға арналған ақпаратты клиенттердiң назарына жеткiзуге;
      8) клиенттердiң алдында лицензиат қызметiне қатысты ақпаратты уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген көлемде және тәртiппен ашып көрсетуге;
      9) лицензияны алу кезiнде табыс етiлетiн құжаттарға өзгерiстер мен толықтыруларды уәкiлеттi органның назарына жеткiзуге мiндеттi.

      104-бап. Сауда-саттықты ұйымдастырушының ақпаратты ашып
                көрсетуi

      1. Сауда-саттықты ұйымдастырушы кез келген мүдделi тұлғаның алдында өзiнiң тiзiмiне енгiзiлген бағалы қағаздар және олардың эмитенттерi туралы өзiнде бар мәлiметтердi (бағалы қағаздар рыногында қызметтiк және коммерциялық құпияны құрайтын ақпараттарды қоспағанда) ашып көрсетуге мiндеттi.
      2. Сауда-саттықты ұйымдастырушы осы баптың 1-тармағына сәйкес ашып көрсетуге тиiс ақпаратты ол Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заң актiсiне сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында және (немесе) сауда-саттықты ұйымдастырушы үшiн қолжетiмдi әдiстермен таратады.
      3. Сауда-саттықты ұйымдастырушының осы баптың 1-тармағына сәйкес ашып көрсетуге жататын ақпаратты осы сауда-саттықты ұйымдастырушы мүшелерiнiң арасында тарату тәртiбi және өзiндегi аталған ақпарат бар құжаттардың көшiрмелерiн мүдделi тұлғаларға табыс ету тәртiбi сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарымен белгiленедi.
      Ескерту. 104-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      105-бап. Инвестордың және тiркелген тұлғаның ақпаратты
                жария етуi

      1. Тiркелген тұлға тiркеушiге (нақтылы ұстаушыға) бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiндегi және нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiндегi өз деректерiнiң өзгерiстерi туралы мұндай өзгерiстер туындаған кезден бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде хабарлауға мiндеттi.
      2. Тiркеушi (нақтылы ұстаушы) бағалы қағаздарды ұстаушылардан бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiндегi және нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiндегi деректердiң өзгерiстерi туралы мәлiметтер алмауы немесе уақтылы алмауы салдарынан келтiрiлген шығын үшiн бағалы қағаздарды ұстаушылардың алдында жауапты болмайды.
      3. Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде инвестордың (бағалы қағазды ұстаушының) эмиссиялық бағалы қағаздарға инвестицияларды жүзеге асыру кезiнде өзi және өзiнiң аффилиирленген тұлғалары туралы ақпаратты мемлекеттiк органдардың алдында ашып көрсетуге мiндеттi екенi белгiленуi мүмкiн.

      106-бап. Уәкiлеттi органның ақпаратты ашып көрсетуi

       Уәкiлеттi орган :
      1) эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiлерiнде;
      1-1) шет мемлекеттердің бағалы қағаздар рыногын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарының сауалы бойынша бағалы қағазды ұстаушылар туралы;
      2) эмитенттердiң Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкiлеттi органға табыс ететiн есептерiнде бар;
      3) бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi жүзеге асыруға лицензиялар (рұқсаттар) беру немесе одан айыру, осындай лицензиялардың (рұқсаттардың) қолданылуын тоқтата тұру, қайта жаңғырту және тоқтату туралы, сондай-ақ мұндай оқиғалардың себептері туралы ақпаратты өзінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес атап көрсетуге тиіс.
      4) алып тасталды .
      5) алып тасталды.
      Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының ақпарат алмасу көзделетін халықаралық шарттары негізінде бағалы қағаздар рыногындағы қызметтік және коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді береді.
      Ескерту. 106-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2007 жылғы 19 ақпандағы N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      107-бап. Уәкiлеттi органның және Қазақстан Республикасы
                Ұлттық Банкiнiң ақпарат алу құқығы

      Уәкiлеттi органға жүктелген функцияларды сапалы және уақтылы орындауды қамтамасыз ету мақсатында ол эмитенттен, лицензиаттан және өзiн-өзi реттейтiн ұйымнан қажеттi (оның iшiнде бағалы қағаздар рыногында коммерциялық және қызметтiк құпияны құрайтын) ақпаратты өз құзыретi шегiнде алуға құқылы. Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, алынған мәлiметтер жария етiлмеуге тиiс.
      Осы Заңда белгiленген, жарияланған акциялар шығарылымын тiркеу мерзiмдерiнiң сақталуын бақылау мақсатында әдiлет органдары уәкiлеттi органға оның сауалы бойынша акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында тiркелген заңды тұлғалар туралы ақпарат бередi.
      Ақша-кредит статистикасын қалыптастыру, экономикалық жағдайды талдау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi өз құзыретi шегiнде бағалы қағаздар рыногының субъектiлерiнен қажеттi ақпарат алуға құқылы.
      Ескерту. 107-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

20-тарау. Бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің қызметін
бақылау

      108-бап. Бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң
                қызметiн тексеру

      1. Уәкілетті орган эмитенттердің, лицензиаттардың, орталық депозитарийдің, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметін лицензиясыз жүзеге асыратын өзін-өзі реттейтін ұйымдардың және заңды тұлғалардың қызметін тексеруді жүзеге асыруға құқылы.
      2. алып тасталды - 2006.01.31. N 125 Заңымен.
      3. Тексеруге:
      1) инвесторлардың өтiнiш жасауы;
      2) бағалы қағаздарды ұстаушылардың өтiнiш жасауы;
      3) бағалы қағаздар рыногының және өзiн-өзi реттейтiн ұйымдардың кәсiби қатысушыларының өтiнiш жасауы;
      4) тексерудiң жүргiзiлгенi туралы немесе уәкiлеттi орган қызметкерлерiнiң тексеруге қатысқаны туралы сот ұйғарымы, прокурордың немесе анықтау және алдын ала тергеу органының қаулысы;
      5) эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеу, эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру және (немесе) өтеу қорытындылары туралы есептiлiктi қарау және бекiту үшiн эмитент табыс еткен құжаттарды қарау процесiнде құжаттардағы немесе мәлiметтердегi ақпараттың уәкiлеттi орган анықтаған сәйкессiздiктерi;
      6) лицензиаттардың қызметi туралы есептердi қарау процесiнде уәкiлеттi орган анықтаған сәйкессiздiктер;
      7) бағалы қағаздар рыногында коммерциялық және қызметтiк құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалана отырып, эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер жасау туралы мәлiметтердiң болуы;
      8) бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасы заңдарын бұзуының уәкiлеттi органға мәлiм болған өзге де фактiлерi негiздеме болып табылады.
      4. Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкiлеттi орган күнтiзбелiк жыл iшiнде бiр рет өз бастамасы бойынша бағалы қағаздар рыногының субъектiлерiне тексеру жүргiзуге құқылы.
      Ескерту. 108-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.01.31. N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін   2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      109-бап. Бағалы қағаздар рыногының субъектiсiне тексеру
                жүргiзу тәртiбi

       Ескерту. 109-бап алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      110-бап. Эмитенттiң қызметiн бақылау

      Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру, айналысқа жiберу және өтеу процесінде бақылау функцияларын жүзеге асыру үшiн уәкiлеттi орган эмитентке мынадай мәселелер:
      1) эмитент органының эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару немесе орналастыру, опциондар жасасу туралы қабылдаған шешiмдерiнiң Қазақстан Республикасының заңдарына және эмитенттің жарғысына сәйкестiгi;
      2) эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кiрiс төлеуi және эмитенттiң эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектілерiне сәйкес бағалы қағаздарды ұстаушылар алдындағы өзге де мiндеттемелерiн орындауы;
      3) эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеу үшiн құжаттарды және оларды орналастыру және (немесе) өтеу қорытындылары туралы есептердi табыс ету;
      4) уәкiлеттi органға және бағалы қағаздарды ұстаушыларға өз қызметiндегi өзгерiстер туралы ақпаратты табыс ету жөнiндегi талаптарды орындау;
      5) Қазақстан Республикасы заңдарының iрi мәмiлелер және мүдделiлiк бар мәмiлелер жасасу туралы талаптарын орындау;
      6) шығарылуы жойылған, эмитент ерiктi түрде қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда, бастапқы инвестицияларды қайтару кезiнде бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтары мен мүдделерiн сақтау;
      7) (алып тасталды)
      8) бұқаралық ақпарат құралдарында эмитенттiң қызметi туралы мәлiметтер жариялау мәселелерi бойынша тексеру жүргiзуге құқылы.
      Ескерту. 110-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      111-бап. Лицензиаттың қызметiн бақылау

      Уәкiлеттi орган бақылау функцияларын жүзеге асыру үшiн лицензиатқа мынадай мәселелер:
      1) бағалы қағаздар рыногында жүзеге асырылатын қызметтiң Қазақстан Республикасының заңдарына, өзiн-өзi реттейтiн ұйымның және лицензиаттың iшкi құжаттарына сәйкестiгі;
      2) лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыру процесiнде клиенттердiң құқықтары мен мүдделерін сақтау;
      3) лицензиаттың қаржылық тұрақтылығының пруденциялық нормативтерін және өзге де көрсеткіштерін немесе өлшемдерін (нормативтерін) сақтау;
      4) ерiктi түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату;
      5) лицензияны ерікті түрде қайтаруына байланысты лицензияның қолданылуын тоқтату мәселелері бойынша тексеру жүргізуге құқылы.
       Ескерту. 111-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз) Заңымен.

      112-бап. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның қызметiн бақылау

      Өзiн-өзi реттейтiн ұйымға қатысты бақылау функцияларын жүзеге асыру үшiн уәкiлеттi орган :
      1) өзін-өзi реттейтiн ұйымның қызметi туралы, сондай-ақ оның мүшелерiнiң қызметi туралы ақпарат табыс етудi талап етуге;
      2) өзiн-өзi реттейтiн ұйымға орындалуы мiндеттi ұйғарымдар жiберуге және олардың орындалуы туралы есеп табыс етудi талап етуге құқылы.

21-тарау. Қорытынды ережелер

      113-бап. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар
                рыногы туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық

      Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.     

      113-1-бап. Акциялар эмиссиясы осы Заң қолданысқа
                  енгiзiлгенге дейiн тiркелген акционерлiк
                  қоғамдарда акциялар шығарылымын мемлекеттiк
                  тiркеудi жарамсыз деп не акциялар эмиссиясы
                  жасалмады деп танудың салдарлары

      1. Акциялар эмиссиясы осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн тiркелген акционерлiк қоғамдарда акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеудi жарамсыз деп таныған жағдайда осы акционерлiк қоғам акцияларының барлық эмиссиясы жойылуға тиiс.
      2. Осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн қоғамның акциялар эмиссиясы жасалмады деп танылған жағдайда қоғам акцияларының эмиссиясы жасалмады деп тану туралы шешiм негiзiнде бұл эмиссия жойылуға тиiс.
      Ескерту. 113-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       113-2-бап. Нақтылы ұстаушының клиенттері туралы
                  ақпаратты ашу

      Нақтылы ұстаушы "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне бағалы қағаздар нарығы және акционерлік қоғамдардың мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған нақтылы ұстау туралы шартқа сәйкес нақтылы ұстаушыға өзі туралы мәліметтерді ашуға құқық бермеген клиенттің орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі тиісті қосалқы шотын ашу үшін міндетті түрде қажет болатын деректемелерін оларды орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі тиісті қосалқы шотта көрсету үшін орталық депозитарийге ұсынуға міндетті.
      Ескерту. 113-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 19 ақпандағы N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      114-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

      1. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      1) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 1997 жылғы 5 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 5, 52-құжат; N 12, 184-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 15-16, 238-құжат; 2003 жылғы 23 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2003 жылғы 21 мамырда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне бағалы қағаздар рыногы және акционерлiк қоғамдар мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2003 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2003 жылғы 10 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне ипотекалық кредиттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы );
      2) "Қазақстан Республикасында бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу туралы" 1997 жылғы 5 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 5, 53-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 17-18, 224-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 15-16, 238-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 10, 49-құжат; 2003 жылғы 23 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2003 жылғы 21 мамырда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне бағалы қағаздар рыногы және акционерлiк қоғамдар мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2003 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы ).

      Қазақстан Республикасының
      Президентi