Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді, сондай-ақ жыл қорытындылары бойынша атқарушылық орган мүшелері сыйақысының жиынтық мөлшері тура

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 72 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 16 сәуірде № 7578 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 26 қаулысымен

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Облыстар, Алматы және Астана қалалары халыққа қызмет көрсету орталықтарының азаматтық қызметшілерін аттестациядан өткізу шарттарын және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 10 қарашадағы № 341 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 7332 тіркелген, 2012 жылғы 24 қаңтардағы № 27-32 (27104) «Егемен Қазақстан» және 2012 жылғы 24 қаңтардағы № 27 «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті (Б.Ш. Әбішев):
      1) осы бұйрықтың көшірмесін белгіленген тәртіппен Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінен алу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;
      2) осы бұйрықтың ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

      Министр                                 А. Жұмағалиев