Жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 76 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 12 сәуірде № 7570 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы 196 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 196 (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Жинақтаушы зейнетақы қорлары және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар осы қаулы қолданысқа енгізілген күнінен бастап үш ай ішінде өз қызметін осы қаулыға сәйкес келтірсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                     Г. Марченко

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы № 76
қаулысына қосымша   

Қазақстан Республикасының күші жойылды деп танылатын
нормативтік құқықтық актілерінің
тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорлары және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2009 жылғы 7 шілдедегі № 135 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5755 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілері жинағында 2009 жылғы № 9 жарияланған).
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 5 тамыздағы № 189 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5794 тіркелген) қосымшасының 7-тармағы.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2010 жылғы 29 наурыздағы № 49 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6204 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2010 жылғы 3 қарашада № 456 (26299) жарияланған) қосымшасының 12-тармағы.
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2010 жылғы 4 қазандағы № 150 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6632 тіркелген) 1-тармағы.

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы 
№ 76 қаулысымен    
бекітілді      

Жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін
инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған
тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін
қалыптастыру қағидалары

      Осы Жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" (бұдан әрі – Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң), 2003 жылғы 2 шілдедегі "Бағалы қағаздар рыногы туралы" (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) заңдарына сәйкес әзірленді және жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрі – Қор) және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – Ұйым) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыруының тәртібін белгілейді.

1. Жалпы ережелер

      1. Қордың (Ұйымның) директорлар кеңесі және басқармасы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің Қағидаларға сәйкестігін қамтамасыз етеді және Қор (Ұйым) бөлімшелерінің және қызметкерлерінің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылауды жүзеге асыру саласында өздеріне жүктелген міндеттерді орындауы үшін жағдай жасайды.

2. Қағидаларда қолданылатын ұғымдар:

      1) ашық валюталық позиция – Қордың (Ұйымның) жекелеген шет мемлекеті (шет мемлекеттер тобының) валютасындағы талаптарының (міндеттемелерінің) Қордың (Ұйымның) сол шетел валютасындағы міндеттемелерінен (талаптарынан) асып кетуі;
      2) баға тәуекелі – қаржы нарықтарында қаржы құралдарының нарықтық құнына әсер ететін жағдайлар өзгерген жағдайда туындайтын қаржы құралдары құнының өзгеруі салдарынан шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі;
      3) бедел тәуекелі – қоғамның жағымсыз пікірі немесе Қорға (Ұйымға) деген сенімнің төмендеуі салдарынан шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі;
      4) бэк-тестинг – Қор (Ұйым) бойынша тарихи деректерді пайдалана отырып, және есептелген нәтижелерді көрсетілген операцияларды жасаудың ағымдағы (нақты) нәтижелерімен салыстыра отырып тәуекелдерді өлшеу рәсімдерінің тиімділігін тексеру әдістері;
      5) валюталық нетто-позиция – Қордың (Ұйымның) барлық шетел валюталары бойынша ұзақ позицияларының жиынтық сомасының және барлық шетел валюталары бойынша қысқа позицияларының жиынтық сомасының арасындағы айырма;
      6) валюталық тәуекел – Қор (Ұйым) қызметін жүзеге асырған кезде шетел валюталары бағамдарының өзгеруіне байланысты шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі. Шығыстардың (шығындардың) қауіптілігі валюталар бойынша құндылығын көрсетудегі позицияларды асыра бағалаудан туындайды;
      7) гэп-позиция – Қордың (Ұйымның) зейнетақы (меншікті) өтімді активтерінің және орындалу мерзімдеріне қарай зейнетақы (меншікті) өтімді активтері бойынша міндеттемелерінің арасындағы айырма;
      8) ел (трансферт) тәуекелі – шет мемлекетінің немесе шет мемлекеті резидентінің міндеттемелер бойынша төлем қабілетсіздігі немесе жауап беру ниетінің болмауы салдарынан шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі;
      9) корпоративтік басқару – ұйымның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, оның акционерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған және акционерлерге ұйымның қызметіне тиімді бақылау мен мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін ұйымның жоғарғы органының, басқару органының, атқарушы органының және өзге де органдарының арасындағы өзара қарым-қатынастар кешені болып табылатын ұйымды стратегиялық және тактикалық басқару жүйесі;
      10) кредиттік тәуекел – бағалы қағаз шығарылымы талаптарында белгіленген мерзімде эмитенттің инвесторға тиесілі негізгі борышты және сыйақыны төлемеуі салдарынан шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі, оған әріптестің своптар, опциондар және кредиттік тәуекелдерге ұшырағыш өзге қаржы құралдары бойынша міндеттемелерін орындамауына байланысты және осы бағалы қағаздар және қаржы құралдары бойынша есеп айырысуларды реттеу кезеңінде пайда болатын шығындар тәуекелі де кіреді;
      11) қарсы әріптес – Қордың (Ұйымның) зейнетақы және (немесе) меншікті активтері есебінен қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелерді жасау барысында Қорға (Ұйымға) қызмет көрсететін, аумағында осы заңды тұлға заңды тұлға ретінде тіркелген мемлекеттің заңнамасына сәйкес алынған, қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға құқық беретін лицензиясы не рұқсаты бар заңды тұлға;
      12) қор тәуекелі – қаржы құралының нарықтық құнының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдары бойынша тәуекел;
      13) құқықтық тәуекел – Қордың (Ұйымның) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуы не Қор (Ұйым) практикасының өздерінің ішкі құжаттарына сәйкес келмеуі салдарынан, ал Қазақстан Республикасының резиденті еместерімен қарым-қатынасында – басқа мемлекеттер заңнамасының талаптарын бұзуы салдарынан шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі;
      14) меншікті активтерді инвестициялау саясаты – инвестициялау объектілерінің тізбесін, Қордың (Ұйымның) зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық қызметінің мақсаттарын, стратегияларын, талаптарын және шектеулерін, меншікті активтерді хеджирлеу және әртараптандыру талаптарын айқындайтын құжат;
      15) мүдделер қайшылығын басқару – Қордың (Ұйымның) лауазымды тұлғасының немесе қызметкерінің мүдделері оның шешімдер қабылдауының және міндеттерін атқаруының әділдігіне және тәуелсіздігіне әсер етуі, сондай-ақ оның Қор салымшыларының (алушыларының) және (немесе) Қор (Ұйым) акционерлерінің мүдделерінде әрекет жасау міндеттемесіне қайшы келуі мүмкін жағдайларына жол бермеу тетіктерін құру;
      16) нарықтық тәуекел – қаржы нарықтарының қолайсыз қозғалыстарына байланысты шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі. Нарықтық тәуекелдің макроэкономикалық негізі бар, яғни қаржы жүйесінің макроэкономикалық көрсеткіштері нарықтық тәуекелдердің дерек көзі болып табылады;
      17) операциялық тәуекел - ішкі процестерді жүзеге асыру, ақпараттық технологиялар мен жүйелердің жұмыс істеуі барысында қызметкерлер тарапынан жол берілген кемшіліктердің немесе қателіктердің нәтижесінде шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі, оған:
      жауапкершілікті бөлуді, есеп беру және басқару құрылымын қоса алғанда Қордың (Ұйымның) анық емес және тиімсіз ұйымдық құрылымына;
      ақпараттық технологиялар саласындағы тиімсіз стратегияларға, саясатқа және (немесе) стандарттарға, программалық қамтамасыз етуді пайдаланудағы кемшіліктерге;
      шындыққа сай келмейтін ақпаратқа не оны тиісінше пайдаланбауға;
      қызметкерлерді тиімді басқармауға және (немесе) Қордың (Ұйымның) білікті емес штатына;
      Қордың (Ұйымның) қызметін жүзеге асыру үдерісінің құрылуы тиімділігінің жеткіліксіз болуына не ішкі қағидаларын сақтауды бақылаудың нашар болуына;
      Қордың (Ұйымның) қызметіне сыртқы ықпал етудің күтпеген немесе бақыланбайтын факторларына;
      Қордың (Ұйымның) қызметін реттейтін ішкі құжаттарында (қағидаларында) кемшіліктердің немесе қателердің болуына;
      Қор (Ұйым) қызметкерлерінің клиенттік базасының тарылыуына, клиенттердің және (немесе) қарсы әріптестердің Қорға (Ұйымға) деген сенімсіздігіне немесе теріс қабылдауына әкелген кәсіби емес әрекеттеріне байланысты тәуекелдерді қамтитын сыртқы оқиғалардың салдарынан шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі;
      18) өтімділікті жоғалту тәуекелі - Қордың (Ұйымның) өз міндеттемелерін ықтимал орындамауына не уақтылы орындамауына байланысты тәуекел. Бағалы қағаздардың активтер ретінде өтімділігін жоғалту тәуекелі олардың, төмен шығасыларымен және қолайлы бағалар бойынша тез сатылу қабілетімен айқындалады;
      19) пайыздық тәуекел - сыйақы мөлшерлемелерінің қолайсыз өзгеруі салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі, оған:
      орналастырған активтер мен тартылған міндеттемелерді (белгіленген сыйақы мөлшерлемелері болған кезде) қайтару және өтеу мерзімдерінің сәйкессіздігінен шығыстардың (шығындардың) пайда болуына;
      өзге тең жағдайларда ұқсас бағалық сипаттамасы болатын құралдардың бір қатары бойынша алынатын және төленетін сыйақыны есептеу мен түзетудің түрлі әдістерін қолдануға байланысты тәуекелдер (негізгі тәуекел) кіреді;
      20) стресс-тестинг – Қордың (Ұйымның) қаржылық жай-күйіне ерекше, бірақ Қордың (Ұйымның) қызметіне әсер етуі мүмкін ықтимал оқиғалардың нақты әсер етуін өлшеу әдістері;
      21) тәуекелдерді басқару жүйесі - төрт негізгі элемент: тәуекелді бағалау, тәуекелді өлшеу, тәуекелді бақылау және тәуекел мониторингі кіретін үдеріс;
      22) форс-мажор жағдайы - төтенше және еңсерілмейтін (осы жағдайлар кезінде) оқиға (дүлей күш);
      23) ішкі аудит қызметі – Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасына сәйкес құрылған, негізгі функциясы Қордың (Ұйымның) қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жасау болып табылатын Қордың (Ұйымның) бөлімшесі;
      24) ішкі бақылау жүйесі – Қордың (Ұйымның) рентабельдіктің және Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) нормативтік құқықтық актілерін, Қордың (Ұйымның) саясатын, ішкі ережелерді және рәсімдерді сақтауға, Қордың (Ұйымның) шығындар тәуекелін немесе бедел тәуекелін төмендетуге ықпал ететін қаржылық және басқару есептілігінің сенімді жүйесін қолдаудың ұзақ мерзімді мақсаттарын іске асыруын қамтамасыз ететін ішкі бақылаудың рәсімдері мен саясатының жиынтығын білдіретін тәуекелдерді басқару жүйесінің элементі;
      25) ішкі құжаттар – Қордың (Ұйымның), олардың органдары, құрылымдық бөлімшелері (филиалдары, өкілдіктері), қызметкерлері қызметінің талаптарын және тәртібін реттейтін құжаттар;
      26) "stop-loss" лимиттері - қаржы құралдарымен операциялар бойынша шығындардың рұқсат етілетін шекті деңгейі;
      27) "take profit" лимиттері - қаржы құралдарымен операциялар бойынша кірістердің рұқсат етілетін шекті деңгейі;
      28) VAR (Value at Risk) моделі - белгілі бір уақыт кезеңі ішінде белгілі бір ықтималдық дәрежесімен инвестициялық портфельдің белгілі позициялары бойынша барынша жоғары ықтимал шығындарды сипаттайды.
      3. Қорлар мен Ұйымдар жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылғы 1 шілдеден кешіктірмей Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысанда тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптарды орындауды бағалау жөніндегі есепті ұсынады, оған:
      1) тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптардың толық тізбесі;
      2) тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкес келуді (сәйкес келмеуді) дербес бағалау;
      3) тәуекелдерді басқару жүйесінде кемшіліктер анықталған жағдайда түзетілуі тиіс кемшілікті көрсете отырып, кемшілікті жою үшін қажетті іс-шаралар, жауапты адамдар және іс-шараларды орындаудың нақты мерзімдері көрсетілген оларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары кіреді.
      Қордың (Ұйымның) Қағидалар талаптарының орындалуына жүргізген бағалауының барабарлығын Комитет айқындайды.
      4. Баға тәуекелі, пайыздық тәуекел, валюталық тәуекел және өтімділік тәуекелі бойынша стресс-тестинг Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес екі айда кемінде бір рет, инвестициялық басқаруға берілген зейнетақы активтері бойынша, инвестициялық портфельдің әрбір түрі бойынша, меншікті активтер бойынша инвестициялық портфелі бойынша есептеледі.
      5. Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес ресімделген стресс-тестинг нәтижелері әрбір жұп айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірілмей Комитетке беріледі.
      Қағидалардың 3-қосымшасы бойынша ақпарат Комитетке есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

2. Тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуына негізгі талаптар

      6. Қорда (Ұйымда) тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуы Қор (Ұйым) қызметінің корпоративтік басқару, лицензияланатын қызмет түрі шегінде операциялар жүргізу практикасының, активтер мен міндеттемелерді басқару практикасының болуы, ақпараттық жүйелердің және басқару ақпараты жүйелерінің жұмыс істеуі жөніндегі талаптарға сәйкес келуін көздейді.
      7. Қордың тәуекелдерді басқару жүйесі оның қызметінің мына бағыттарын қамтиды:
      1) зейнетақы қызметтерін көрсету нарығының негізгі көрсеткіштеріне тұрақты түрде талдау жүргізу және макро - және микроэкономикалық факторлардың ықпал етуін ескере отырып, олардың өзгерістерін болжау;
      2) Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес ішкі рәсімдерді және құжаттарды әзірлеу және бекіту;
      3) мыналарды:
      есепке алудың дәйектілігін және жеке зейнетақы шоттарды ашудың және салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына қаражаттың келіп түсудің, төлемдер мен жинақталған зейнетақы қаражаты аударымдарының уақтылы болуын қамтамасыз ететін рәсімдерді;
      салымшылардың (алушылардың) шағымдары мен өтініштерінің мәні бойынша белгіленген мерзімде қаралуына кепілдік беретін рәсімдерді;
      салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражаты аударымдарының және төлемдерінің уақтылы жүзеге асырылуына кепілдік беретін рәсімдерді;
      салымшыларға (алушыларға), сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартын жасасуға ниеттенген адамдарға жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істеуі және зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметі мәселелері бойынша ақысыз консультациялық қызметтер көрсету бойынша рәсімдерді;
      зейнетақы активтерін есепке алудың Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру және бухгалтерлік есеп туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз ететін рәсімдерін;
      комиссиялық сыйақының дұрыс есептелуін тексеруді жүзеге асыру тәртібін;
      Қорда салымшылармен (алушылармен) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарды жасасу жөніндегі қызметтің ұйымдастырылуын бақылау рәсімдерін;
      салымшыларға (алушыларға), сондай-ақ Қормен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартын жасасуға ниеттенген адамдарға жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істеуі және зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметі мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсету жөніндегі функциялары жүктелген Қор қызметкерлерінің қызметін бақылау рәсімдерін қамтитын салымшылармен (алушылармен) жұмыс істеуді ұйымдастыру тәртібін белгілеу және олардың жинақталған зейнетақы қаражатын есепке алу;
      4) Қорды басқарудың ұйымдық-функционалдық құрылымын құру;
      5) Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес зейнетақы активтері бойынша инвестициялық декларацияларды және меншікті активтерді инвестициялау саясатын әзірлеу және бекіту;
      6) Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес Қордың мүдделі органдарына және бөлімшелеріне шешім қабылдау үшін қажетті ақпаратты беру, сондай-ақ Қордың зейнетақы және меншікті активтерін Ұйымға инвестициялық басқаруға тапсырған кезде – Қор мен Ұйымның арасында ақпарат алмасу тәртібі;
      7) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы және зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында және меншікті активтерді инвестициялау саясатында белгіленген талаптардың сақталуының мониторингі;
      8) Қордағы іс жүзінде бар және әлеуетті мүдделер қайшылығын басқару.
      8. Ұйымның тәуекелдерді басқару жүйесі оның қызметінің мына бағыттарын қамтиды:
      1) зейнетақы қызметтері нарығын және бағалы қағаздар нарығын қоса алғанда қаржы нарығы көрсеткіштерінің болжамды мәндерін ескере отырып, инвестициялық мүмкіндіктерге тұрақты түрде талдау жүргізу және осы талдаудың негізінде инвестициялық шешімдерді қабылдау үшін ұсынымдар дайындау;
      2) Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес ішкі рәсімдер мен құжаттарды әзірлеу және бекіту;
      3) инвестициялау лимиттерін, шығындардың ең жоғары шекті мөлшерін, "stop-loss", "take-profit" және гэп-позиция лимиттерін белгілеу;
      4) Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес Ұйымның меншікті активтерін инвестициялау саясатын әзірлеу және бекіту, зейнетақы активтері бойынша инвестициялық декларацияларды әзірлеуге қатысу;
      5) Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес инвестициялық басқаруға алынған активтерге қатысты инвестициялық шешімдер қабылдау;
      6) Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес меншікті активтерге қатысты инвестициялық шешімдер қабылдау;
      7) инвестициялау барысында Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы және зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында, зейнетақы активтері жөніндегі инвестициялық декларацияда және меншікті активтерді инвестициялау саясатында белгіленген талаптардың сақталуының мониторингі;
      8) инвестициялық басқаруға қабылданған активтері есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельдің ықтимал шығындарға ұшырағыштығына стресс-тестинг жүргізу;
      9) меншікті активтері есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельдің ықтимал шығындарға ұшырағыштығына стресс-тестинг жүргізу;
      10) Ұйымды басқарудың ұйымдық-функционалдық құрылымын құру;
      11) Ұйымның мүдделі органдарына және құрылымдық бөлімшелеріне шешім қабылдау үшін қажетті ақпаратты беру, сондай-ақ Қормен ақпарат алмасу тәртібі;
      12) Ұйымдағы іс жүзінде бар және әлеуетті мүдделер қайшылығын басқару.
      9. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның негізінде зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын Қордың тәуекелдерді басқару жүйесі Қағидалардың 7-тармағында және 8-тармағының 3)5)6)7)8)9) тармақшаларында аталған оның қызметінің бағыттарын қамтиды.
      Қордың меншікті активтерін инвестициялауға қатысты шешімдерді дербес қабылдайтын Қордың тәуекелдерді басқару жүйесі Қағидалардың 7-тармағында және 8-тармағының 1)3)6)9) тармақшаларында аталған оның қызметінің бағыттарын қамтиды.
      Қордың (Ұйымның) тәуекелдерді басқару жүйесі Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес Қордың (Ұйымның) зейнетақы активтерін және меншікті активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметін ұйымдастыру бойынша, Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес Қордың (ұйымның) инвестициялық қызметі барысындағы тәуекелдер мониторингін ұйымдастыру бойынша, Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес тәуекелдерді басқару жүйесін қолдау үшін пайдаланылатын бағдарламалық – техникалық қамтамасыз ету бойынша бағыттарын қосымша қамтиды.

3. Ішкі бақылауды ұйымдастыру

      10. Қорда (Ұйымда) ішкі бақылау жүйесі:
      1) Қордың (Ұйымның) активтерін басқарудың тиімділігі мен рентабельділігін тексеру және ықтимал шығындарды анықтау арқылы Қор (Ұйым) қызметінің операциялық және қаржылық тиімділігін қамтамасыз ету;
      2) Қордың (Ұйымның) қаржылық есептілігінің дұрыс және сапалы жасалуын тексеру арқылы қаржылық және басқарушылық ақпараттың сенімділігін, толықтығын және уақтылы жасалуын қамтамасыз ету;
      3) Қордың (Ұйымның) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын, Қордың (Ұйымның) ішкі саясаты мен рәсімдерін анықтайтын құжаттарды тексеру арқылы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау үшін құрылады.
      11. Ішкі бақылау жүйесі өзара байланысы бар бес элементтен тұрады:
      1) басқарушылық бақылау;
      2) тәуекелді анықтау және бағалау;
      3) өкілеттіктерді бақылауды және бөлуді жүзеге асыру;
      4) ақпарат және өзара іс-әрекет;
       5) мониторинг жүргізу және кемшіліктерді түзету.
      12. Ішкі бақылау жүйесінің жұмыс істеуі мынадай үш кезеңнен үздіксіз кезекпен өту принципі бойынша өтуі тиіс:
      1) ішкі құжаттарына рәсімдерді қосу арқылы Қордың (Ұйымның ішкі бақылау жүйесін (тиімділікті бағалау нәтижелерін ескере отырып) қалыптастыру;
      2) жұмыста Қордың (Ұйымның) ішкі құжаттарында айқындалған ішкі бақылау жүйесінің рәсімдерін пайдалану;
      3) ішкі бақылау жүйесінің тиімділігіне бағалау жүргізу.
      13. Ішкі бақылау жүйесіне:
      1) Қордың (Ұйымның) директорлар кеңесіне және басқармасына қаржылық қызметтің жоспарлы көрсеткіштерін қоса бере отырып, Қордың (Ұйымның) қаржылық қызметінің ағымдағы нәтижелері туралы есептерді беру арқылы қойылған мақсаттар мен міндеттерге Қордың (Ұйымның) қол жеткізуін тексеру;
      2) бөлімше жетекшісінің жоспарлы көрсеткіштерден ауытқулардың болуына жүргізген мониторингті қамтитын бөлімше қызметінің нәтижелерін тұрақты бақылауы және осындай ауытқулардың себептерін анықтау;
      3) Қордың (Ұйымның) басшы қызметкерлерінің жоспарлы көрсеткіштерден ауытқуларды және жоспарлы көрсеткіштердің орындалмау себептерін қамтитын бөлімшелер қызметінің нәтижелері туралы Қордың (Ұйымның) бөлімшелері басшыларының стандартты есептерін тексеруі;
      4) Қордың (Ұйымның) лицензияланатын қызметінің түрлері аясында жүзеге асырылатын операцияларын екі деңгейлі бақылау;
      5) Қордың (Ұйымның) материалдық активтеріне қол жетімділікті шектеу;
      6) белгіленген лимиттердің сақталуын және анықталған сәйкессіздіктерді жою жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын тексеру;
      7) міндетті авторизацияны талап ететін операциялар тізбесіне қойылатын талаптарды белгілеу;
      8) Қордың (Ұйымның) қызметіне байланысты операцияларды жасау талаптарын және тәуекелдерді басқару модельдерін қолдану нәтижелерін тексеру;
      9) Қордың (Ұйымның) есебінде және есептілігінде жүргізілген операциялардың уақтылы, дұрыс, толық және нақты көрсетілуін тексеру;
      10) Қордың (Ұйымның) қызметтерін қылмыстық мақсаттарда, заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстау) және терроризмді қаржыландыру мақсаттарында пайдалануды болдырмау кіреді.
      14. Ішкі аудит қызметі директорлар кеңесінің ішкі бақылау жүйесінің жай-күйін объективті бағалау мен оларды жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды беру жолымен ішкі бақылаудың тепе-тең жүйесінің болуын және қызмет істеуін қамтамасыз ету функцияларын жүзеге асыру кезінде туындайтын міндеттерді шешу мақсатында құрылады.
      Ішкі аудиттің мақсаты Қор (Ұйым) қызметінің барлық аспектілері бойынша ішкі бақылау жүйелерінің және тәуекелдерді басқарудың тепе-теңдігі мен тиімділігін бағалау, Қордың (Ұйымның) ішкі қағидалары мен рәсімдерінің сақталуын, ішкі және сыртқы аудиторлар ұсынымдарының, қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруға қатысты белгіленген Комитеттің ықпал ету шаралары мен Ұлттық Банк талаптарының орындалуын бақылау, Қор (Ұйым) бөлімшелерінің және қызметкерлерінің өздеріне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау барысы туралы уақтылы әрі дәйекті ақпарат беруін, сондай-ақ жұмысты жақсарту жөніндегі пәрменді әрі тиімді ұсынымдар беруін қамтамасыз ету болып табылады.
      15. Ішкі аудит қызметінің басшысы мен қызметкерлерін Қордың (Ұйымның) директорлар кеңесі тағайындайды және тексерілетін Қор (Ұйым) бөлімшелерінің, сондай-ақ олардың филиалдары мен өкілдіктерінің қызметіне байланысты барлық қажетті, оның ішінде коммерциялық және (немесе) өзге де Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын құпияны құрайтын құжаттарға қол жеткізе алады.
      16. Ішкі аудит қызметінің басшысы мен қызметкерлерінің:
      1) жоғары білімі;
      2) Қордың (Ұйымның) қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі;
      3) қаржы қызметтерін көрсету немесе реттеу саласында бір жылдан артық еңбек өтілі (тәжірибесі) бар, сондай-ақ экономикалық қызмет саласында жасалынған қылмысы үшін, сонымен бірге сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттығы жоқ болуы тиіс.
      17. Ішкі аудит қызметі лицензияланатын қызмет түрлерін жүзеге асыруға тартылған бөлімшелердің қызметін алты айда кем дегенде бір рет кезеңділікпен тексеруді жүзеге асырады.
      Ішкі аудит қызметі Қордың (Ұйымның) инвестициялық комитетінің, Қордың (Ұйымның) филиалдары мен өкілдіктерінің, сондай-ақ қызметтің лицензияланатын түрлерін жүзеге асыруға тартылған бөлімшелердің қызметтерін жылына кем дегенде бір рет кезеңділікпен тексереді.
      Тексеру жоспарын Қордың (Ұйымның) директорлар кеңесі бекітеді.
      18. Ішкі аудит қызметінің негізгі функциялары:
      1) Қордың (Ұйымның) бөлімшелерін, филиалдары мен өкілдіктерін, сондай-ақ инвестициялық комитетін тексеру;
      2) Қордың (Ұйымның) директорлар кеңесіне, басқармасына орын алған кемшіліктер жөніндегі тұжырымдарды қамтитын тексеру нәтижелері бойынша есептерді және Қордың (Ұйымның) қызметін жақсарту жөніндегі ұсынымдарды дайындау;
      3) анықталған тәуекелдер деңгейін төмендетуді немесе бөлімше басшысының және (немесе) басқару органдарының Қор (Ұйым) үшін анықталған тәуекелдердің жарамдылығы туралы шешім қабылдауын құжаттауды қамтамасыз ететін Қор (Ұйым) бөлімшелерінің тексеру нәтижелері бойынша Қордың (Ұйымның) бөлімшелері мен органдары қабылдаған іс-шаралардың тиімділігіне бақылау жасау;
      4) ішкі және сыртқы аудиттер жүргізілуі тиіс Қордың (Ұйымның) операцияларындағы тәуекелдің саласын анықтау;
      5) Қордың (Ұйымның) басшылығына және сыртқы пайдаланушыларға берілетін қаржылық ақпараттың дәйектілігін және дәлдігін қамтамасыз ету мәніне Қордың (Ұйымның) ішкі бақылау жасау рәсімдерін бағалау;
      6) Қордың (Ұйымның) ішкі құжаттарында көзделген басқа да функциялар болып табылады.
      19. Ішкі аудит қызметі жүргізетін тексерулер барысында мынадай мәселелер қаралуы тиіс:
      1) ішкі бақылаудың процесстері мен рәсімдерін тексеру, олардың тиімділігін бағалау;
      2) тәуекелдерді бағалау әдіснамасын және тәуекелдерді басқару рәсімдерін (операцияларды жасаудың әдістемелерін, бағдарламаларын, қағидаларын, тәртіптерін және рәсімдерін) қолданудың және тиімділігінің толықтығын тексеру;
      3) деректер базасының тұтастығына және оларды рұқсатсыз қол жеткізуден қорғауға, күтпеген жағдайлар туындағанда іс-қимыл жоспарларының болуына бақылау жасаумен қатар, автоматтандырылған ақпараттық жүйелер жұмысының тиімділігін тексеру;
      4) бухгалтерлік есеп пен есептіліктің дәйектілігін, толықтығын, объективтілігін және уақтылығын, сондай-ақ ақпарат пен есептілікті жинаудың және берудің сенімділігі мен уақтылығын тексеру;
      5) Қордың (Ұйымның) лицензияланатын қызметінің түрлері шеңберінде Қор (Ұйым) берген кез келген мәліметтер мен ақпараттардың дәйектілігін, толықтығын, объективтілігін және уақтылығын тексеру;
      6) Қор (Ұйым) мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету үшін қолданылатын тәсілдерді (әдістерді) тексеру;
      7) Қордың (Ұйымның) лицензияланатын қызметінің түрлері шеңберінде жасалатын барлық операциялар түрлерінің экономикалық мақсатқа лайықтылығын және тиімділігін бағалау;
      8) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мақсатында құрылған жүйелерді тексеру;
      9) Қордың (Ұйымның) қызметкерлерін басқару қызметінің жұмысын бағалау;
      10) күн сайынғы баланстарды өңдеудің дұрыстығы;
      11) есеп саясатының халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келуі;
      12) Қордың (Ұйымның) зейнетақы және (немесе) меншікті активтерімен заңсыз айла-шарғылар жасау фактілерінің болуы;
      13) Қордың (Ұйымның) меншікті және зейнетақы активтерін есепке алудың дұрыстығы;
      14) өзге де мәселелер.
      20. Ішкі аудит жүргізу барысында пайдаланылуы міндетті бағалау жүйесі бағалаудың мынадай нұсқаларын қамтиды:
      1) "Маңызды жағдай":
      ішкі аудит нәтижелері бойынша ішкі рәсімдердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының өрескел бұзушылықтары анықталды;
      процесс тұтастығына зиян келтіруі мүмкін жоғары тәуекелді жою жөнінде жедел әрі тиімді түзету шарасы талап етіледі;
      бөлімшелерді қайта құрылымдау талап етіледі;
      2) "Тәуекелдің жабылуы жеткіліксіз":
      ішкі аудит нәтижелері бойынша ішкі рәсімдерді, сондай-ақ қолданыстағы заңнама талаптарын бұзу анықталды;
      анықталған жөнсіздіктерді ішкі аудит қызметі белгілеген түзету шараларын міндетті түрде орындау арқылы жоюға болады;
      3) "Жалпы бақылауға алынған":
      нәтижелер әдеттегі іскерлік операциялар барысында жойылуы мүмкін шамалы кемшіліктерді көрсетеді;
      кейбір кейінгі түзету шаралары ұсынылады;
      4) "Барлық аспектілер бойынша жақсы":
      тәуекел мен жабу арасындағы дұрыс тепе-теңдік;
      нәтижелер тек шамалы кемшіліктерді немесе олардың толық жоқ екендігін көрсетеді;
      шамалы түзету шаралары талап етіледі немесе мүлдем талап етілмейді.
      21. Қордың (Ұйымның) директорлар кеңесі мен басқармасы ішкі аудит қызметінің есептерін талдайды және ішкі аудит қызметі анықтаған жөнсіздіктерді Қордың (Ұйымның) кейінгі қызметінде жол бермеу жөніндегі іс-шараларды қабылдайды.
      Қағидалардың осы тармағының бірінші абзацында көрсетілген шаралар Қордың (Ұйымның) директорлар кеңесі мен басқармасының шешімдері (қаулылары) түрінде ресімделеді.
      22. Қордың (Ұйымның) басқармасы ішкі аудит қызметі ұсынымдарының орындалуына жедел бақылау жасайды және Қордың (Ұйымның) директорлар кеңесінің алдында осындай бақылаудың нәтижелері туралы есеп береді.
      23. Қордың (Ұйымның) ішкі аудит қызметінің есептері Комитетке оның сұрау салуы бойынша беріледі.

Жинақтаушы зейнетақы қорлары
және зейнетақы активтерін
инвестициялық басқаруды  
жүзеге асыратын ұйымдар үшін
тәуекелдерді басқару және
ішкі бақылау жүйелерін 
қалыптастыру қағидаларына
1-қосымша        

Нысан

Тәуекелдерді басқару жүйелеріне қойылатын талаптардың
орындалуын бағалау бойынша есеп

"____________________________________"
(ұйымның атауы)
"_____" жылға

Қағидалардың тиісті абзацын, тармақшасын, тармағын көрсету

Талапқа сәйкестігін бағалау

Анықталған кемшіліктер

Кемшіліктерді жою бойынша қажетті іс-шаралар, жауапты тұлғалар және іс-шаралардың орындалу мерзімі

Жауапты орындаушылар

1






      Тәуекелдерді басқару жүйелеріне қойылатын талаптардың сәйкестігін бағалау: _________
      Кестені толтыру бойынша түсініктеме:
      Тәуекелдерді басқару жүйелеріне қойылатын талаптардың сәйкестігін бағалау мынадай белгілердің үш балдық жүйесі бойынша жүзеге асыру қажет: талапқа сай, ішінара талапқа сай, талапқа сай емес.
      1. "Талапқа сай" бағалау ұйымның тәуекелдерді басқару жүйелеріне қойылатын талаптардың белгілерін қандай да бір маңызды кемшіліксіз орындауы кезінде шығарылады.
      2. "Ішінара талапқа сай" бағалау ұйымның тәуекелдерді басқару жүйелеріне қойылатын талаптардың белгілерін қандай да бір елеулі кемшіліксіз орындауы кезінде шығарылады.
      3. "Талапқа сай емес" бағалау ұйыммен тәуекелдерді басқару жүйелеріне қойылатын талаптардың белгілерін орындамаған кезде шығарылады.
      4. Егер тәуекелдерді басқару жүйелеріне қойылатын жеке талаптар ұйымға қатысты қолданылмайтын жағдайда, осы белгілерге талаптардың сәйкестігі жүзеге асырылмайды және тиісті жазбамен "қолданылмайды" белгіленеді.

      Ұйымның бірінші басшысы (не оның орнындағы тұлға)

      ____________ _________________
          қолы           күні

      Тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшысы

      ____________ __________________
          қолы           күні

      Ішкі аудит қызметінің басшысы

      ____________ __________________
           қолы          күні

Жинақтаушы зейнетақы қорлары
және зейнетақы активтерін
инвестициялық басқаруды
жүзеге асыратын ұйымдар үшін
тәуекелдерді басқару және
ішкі бақылау жүйелерін
қалыптастыру қағидаларына
2-қосымша      

1-Нысан

Баға тәуекелі бойынша стресс-тестинг

Қаржы құралдарының санаты

Қаржы құралының ағымдағы құны (теңгемен)

Қаржы құралының ағымдағы құнының төмендеу сценарийі

Таңдалған сценарий бойынша шығын (теңгемен)

0%-5%

5%-10%

10%-20%

20%-30%

30% астам

1

2

3

4

5

6

7

8

























































Жиынтығы шығын


      1-бағанда нарықтық бағасы бар қаржы құралдары көрсетіледі. Бұл ретте қаржы құралдары қаржы құралдарының түрлері бойынша және экономика секторы бойынша топтастырылады.
      3, 4, 5, 6, 7-бағандарда қаржы құралдарының әр санаты бойынша тек бір жорамалданған сценарий таңдалады.
      Таңдалған сценарийдің қысқаша негіздемесі:

      Қордың (Ұйымның) бірінші басшысы
      (не оның орнындағы тұлға)
      ________________ _______________
            қолы             күні

2-нысан

Пайыздық тәуекел бойынша стресс-тестинг

Борыштық бағалы қағазды өтеуге дейінгі мерзім

Қаржы құралының ағымдағы құны

Купонды сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің төмендеу сценарийі

Таңдалған сценарий бойынша шығын (теңгемен)

0%-2%

2%-4%

4%-6%

6% астам

1

2

3

4

5

6

7

6 айдан кем емес







6-12 ай







12-18 ай







18-24 ай







24 айдан астам







Борыштық бағалы қағазды өтеуге дейінгі мерзім


      3, 4, 5, 6-бағандарда бір санаттың қаржы құралдары бірнеше сценарийлерге ұшырауы мүмкін.
      Таңдалған сценарийдің қысқаша негіздемесі:

      Қордың (Ұйымның) бірінші басшысы
      (не оның орнындағы тұлға)
      ________________ ______________
            қолы            күні

3-нысан

Валюталық тәуекел бойынша стресс-тестинг

Шетел валютасы

Осы шетел валютасына номинирленген қаржы құралдарының ағымдағы құны (теңгемен)

Шетел валютасына қатысты теңгені нығайту сценарийі

Таңдалған сценарий бойынша шығын (теңгемен)

1%-3%

3%-5%

5%-7%

7%-13%

13%-20%

20% астам





































Жиынтығы шығын


      Таңдалған сценарийдің қысқаша негіздемесі:
      Қордың (Ұйымның) бірінші басшысы
      (не оның орнындағы тұлға)
      ________________ ______________
            қолы             күні

4-нысан

Өтімділік тәуекелі бойынша стресс-тестинг

Өтімді активтің атауы

Активтерден % түскен түсімді қоспағанда төлемдер, аударымдар, өсімпұл мен айыппұлдар

0%-1%

1%-2%

2%-3%

3%-4%

4%-5%

5%-6%

6%-7%

7%-8%

8%-10%

Өтімді активтердің жеткіліктілігі










      Қордың (Ұйымның) меншікті активтері бойынша өтімділік тәуекелі бойынша стресс-тестингті жүзеге асыру кезінде Қордың (Ұйымның) өтімді активтерінің тізбесі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтердiң нормативтiк мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2009 жылғы 5 тамыздағы № 180 қаулысында (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5789 тіркелген) (бұдан әрі - № 180 қаулысы), "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2009 жылғы 5 тамыздағы №  181 қаулысында (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5793 тіркелген) (бұдан әрі - № 181 қаулысы) белгіленген.
      Зейнетақы активтері бойынша өтімділік тәуекелі бойынша стресс-тестингті жүзеге асыру кезінде өтімді активтердің есебіне мыналар енгізіледі:
      1) банктердегі инвестициялық және ағымдағы шоттардағы ақша;
      2) екі жылдан аспайтын өтеу мерзімі бар Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;
      3) "ВВВ-"-тен төмен емес рейтингі бар шетел мемлекеттерінің мемлекеттік бағалы қағаздары;
      4) "ВВВ-"-тен төмен емес рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары;
      5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарының кепілдігімен кемінде 7 күн өтеу мерзімі бар "Кері РЕПО" операциялары;
      6) тазартылған қымбат металлдар;
      7) екінші деңгейдегі банктердегі салымдар;
      8) қазақстандық эмитенттерінің акцияларына GDR;
      9) "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің төмен емес бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісімен шетел эмитенттерінің акцияларына GDR және ADR;
      10) "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-"-тен төмен емес рейтингілік бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар Қазақстан Республикасының резиденті - эмитенттердің бағалы қағаздары;
      11) "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "А-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес – эмитенттердің бағалы қағаздары.
      Таңдалған сценарий негіздемесінің қысқаша талдауы:
      Қордың (Ұйымның) бірінші басшысы (не оның орнындағы тұлға)
      ____________ __________________
            қолы        күні

      Ескерту:
      Стресс-тестинг Қордың зейнетақы активтері бойынша және Қордың және (немесе) Ұйымның меншікті активтері бойынша жеке жүргізіледі.

Жинақтаушы зейнетақы қорлары
және зейнетақы активтерін
инвестициялық басқаруды
жүзеге асыратын ұйымдар үшін
тәуекелдерді басқару және
ішкі бақылау жүйелерін
қалыптастыру қағидаларына
3-қосымша      

Зейнетақы және меншікті активтер бойынша шығындардың жол
берiлетiн барынша жоғары мөлшерiн сақтау (пайдалану)
туралы есеп

"__________________________________________________"
(ұйымның атауы)
__________________ бастап ____________ дейiнгi кезең

Шығынның жол берілетін барынша жоғары мөлшерінің түрі (ШЖЖМ)

Жиынтық ШЖЖМ

Белгiленген ШЖЖМ

Нақты болған шығындар

Ел бойынша




Валюта бойынша




Экономика секторы бойынша




Эмитент бойынша




Қаржы құралының түрі бойынша




Жиынтығы




      Ұйымның бірінші басшысы (не оның орнындағы адам)
      ___________________________ _________________
                  қолы                   күні

      Тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшенің басшысы
      ___________________________ _________________
                  қолы                  күні

      Ішкі аудит қызметінің басшысы
      ___________________________ _________________
                  қолы                  күні

      Ескерту:
      Есеп меншікті және зейнетақы активтері бойынша жеке беріледі.

Жинақтаушы зейнетақы қорлары
және зейнетақы активтерін
инвестициялық басқаруды
жүзеге асыратын ұйымдар үшін
тәуекелдерді басқару және
ішкі бақылау жүйелерін
қалыптастыру қағидаларына
4-қосымша       

Қордың (Ұйымның) ішкі құжаттары

      1. Қордың (Ұйымның) ішкі құжаттарына:
      1) Қорды (Ұйымның) ұйымдық-функционалдық құрылымы туралы ереже;
      2) ұзақ мерзімді кезеңге стратегиялық жоспарлау және жылдық бюджетті (қаржылық жоспарды) қысқа мерзімді және орта мерзімді кезеңдерге жасау тәртібі;
      3) Қордың (Ұйымның) корпоративтік стратегиясы;
      4) Қордың (Ұйымның) есеп саясаты;
      5) Қордың зейнетақы қағидалары;
      6) Қордың (Ұйымның) меншікті активтерін инвестициялаудың ішкі қағидалары;
      7) Қордың (Ұйымның) меншікті активтерін инвестициялау саясаты;
      8) Қордың (Ұйымның) тәуекелдерді басқару саясаты;
      9) қарсы әріптестерге талдау және мониторинг жүргізу рәсімдері;
      10) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары;
      11) қаржылық қызметтер көрсеткені үшін комиссиялық сыйақыны есептеу және өндіріп алу қағидалары;
      12) ішкі аудит жүргізу рәсімдері;
      13) ішкі бақылауды жүзеге асыру рәсімдері;
      14) іс жүзінде бар және әлеуетті мүдделер қайшылығын басқару саясаты;
      15) ішкі есеп жүйесінің журналдарын жүргізу қағидалары;
      16) Қор (Ұйым) жасаған операцияларды бухгалтерлік есепте көрсету тәртібі;
      17)қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулық;
      18) Қордың (Ұйымның) директорлар кеңесі белгілеген өзге құжаттар.
      2. Қағидалардың осы қосымшасының 1-тармағында көрсетілген Қордың (Ұйымның) осы ішкі құжаттары жеке құжат ретінде жасалады не Қордың (Ұйымның) басқа ішкі құжаттарының құрамына енгізіледі және Қордың (Ұйымның) басқармасы бекітетін Қағидалардың осы қосымшасының 1-тармағының 1) және 16) тармақшаларында көзделген ішкі құжаттарды қоспағанда, Қорда (Ұйымда) тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын Қордың (Ұйымның) бөлімшесі келіскеннен кейін оны Қордың (Ұйымның) директорлар кеңесі бекітеді.
      3. Қорды (Ұйымды) басқарудың ұйымдық-функционалдық құрылымы туралы қағидалары:
      1) функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін органдардың құрылымын;
      2) органдардың, филиалдар мен өкілдіктердің, құрылымдық бөлімшелердің, қызметкерлердің арасындағы өзара әрекеттесу тәртібінің сипаттамасын;
      3) функцияларының, міндеттерінің және өкілеттіктерінің сипаттамасын, сондай-ақ Қордың және (немесе) Ұйымның жоғарғы органына және басқару органына есептілігін және ақпарат беру нысандарын және мерзімдерін қамтитын органдар ("Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Акционерлік қоғамдар туралы заң) және Қордың (Ұйымның) жарғысына сәйкес бекітілуі директорлар кеңесінің немесе акционерлердің жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылған органдар туралы ережені қоспағанда), құрылымдық бөлімшелер туралы ереже. Қордың (Ұйымның) жоғарғы органына және басқару органына ұсынылатын ақпараттың тізбесі Қордың (Ұйымның) органдарына олардың өз функционалдық міндеттерін тиісінше орындау үшін жеткілікті болатын ақпарат көлемін ұсыну қажеттігін ескере отырып жасалады;
      4) қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтары;
      5) қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруға екі және одан көп лицензиясы бар Қордың (Ұйымның) ұйымдық құрылымында әрбір қызмет түрі бойынша жеке бөлімшелердің болуын және бір бөлімшенің қызметкерлеріне басқа бөлімше қызметкерлерінің функциялары мен міндеттерін орындауды жүктеуге жол бермеуді;
      6) Қордың (Ұйымның) тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшесінің және ішкі аудит қызметінің қызметкерлеріне басқа бөлімшелерінің функцияларын жүктеуге жол бермеуді;
      7) есепті кезең ішінде құрылымдық бөлімшелер мен қызметкерлер қызметінің тиімділігін бағалау тәртібі, оның ішінде өздеріне жүктелген функцияларды және міндеттерді орындамағаны (сапасыз орындағаны немесе уақтылы орындамағаны) үшін шаралар қабылдауды айқындайды.
      4. Ұзақ мерзімді кезеңге стратегиялық жоспарлаудың және қысқа мерзімді және орта мерзімді кезеңдерге жылдық бюджетті (қаржылық жоспарды) жасау тәртібі, сондай-ақ Қордың (Ұйымның) корпоративтік стратегиясы Қордың (Ұйымның) қызметіне ықпал ететін объективтік макро және микроэкономикалық факторларды ескеру мақсатында жасалады және қайта қаралады.
      Корпоративтік стратегия Қор (Ұйым) қызметінің қысқа мерзімді (бір жылға дейінгі), орта мерзімді (бір жылдан үш жылға дейінгі) және ұзақ мерзімді мақсаттарын, маркетингтік жоспарларын айқындайды.
      5. Қордың (Ұйымның) есеп саясаты Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасының, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына қайшы келмейтін бөлігінде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес жасалады.
      6. Қордың зейнетақы қағидалары Қордың және салымшылардың (алушылардың) арасында туындайтын құқықтық қатынастар ерекшеліктерін белгілейді және оған:
      1) Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 29-бабының 1-тармағында көрсетілген мәліметтер;
      2) мыналар:
      салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына қаражаттың уақтылы келіп түсуін және есепке алудың дәйектілігін қамтамасыз ету;
      салымшылардың (алушылардың) шағымдары мен өтініштерін қарау нәтижелері бойынша салымшыға (алушыға) жіберген жауабының мазмұнына қойылатын талаптарды және оларды қарау мерзімін көрсете отырып, салымшылардың (алушылардың) шағымдары мен өтініштерін қарау;
      салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражаты аударымдарының және төлемдерінің уақтылы жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
      зейнетақы активтері есебінің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына қайшы келмейтін бөлігінде Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасының, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына және қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес келуін қамтамасыз ету;
      зейнетақы активтерін есепке алудың және зейнетақы активтерін уақтылы инвестициялаудың Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасының талаптарына сәйкес келуіне мониторинг жүргізуін қамтамасыз ету;
      комиссиялық сыйақының дұрыс есептелуін тексеру;
      Қордың, салымшы (алушы) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу үшін өтініш жасаған оның филиалдарының және (немесе) өзге бөлімшелерінің (өкілдіктерінен басқа) орналасқан жерін көрсете отырып, Қорда салымшылармен (алушылармен) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар жасасу қызметінің ұйымдастырылуын бақылау;
      салымшыларға (алушыларға), сондай-ақ зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартын жасасуға ниеттенген адамдарға жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істеуі және зейнетақы активтерін инвестициялық басқару қызметі мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсету функциялары жүктелген Қор қызметкерлерінің қызметін бақылау бойынша рәсімдерді қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, салымшылармен (алушылармен) жұмыс жүргізуді ұйымдастыру және олардың жинақталған зейнетақы қаражатын есепке алу тәртібі;
      3) Қор зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қызметі барысында пайдаланатын құжаттардың үлгі нысандары кіреді.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2012 № 374 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      7. Қордың (Ұйымның) ішкі инвестициялау қағидалары зейнетақы және (немесе) меншікті активтерді инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру талаптары мен тәртібін, зейнетақы және (немесе) меншікті активтерді басқарушының құқықтары мен міндеттерін, зейнетақы және (немесе) меншікті активтерді инвестициялық басқару жөніндегі қызмет барысында пайдаланылатын құжаттардың үлгі нысандарын белгілейді және оған:
      1) Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес инвестициялық декларацияларды әзірлеу;
      2) Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес Қордың (Ұйымның) меншікті активтерін инвестициялау саясатын әзірлеу;
      3) Қордың (Ұйымның) зейнетақы және (немесе) меншікті активтеріне қатысты инвестициялық шешімдер қабылдау үшін:
      ұсынымдар беруге уәкілетті тұлғалар лауазымдарының тізбесін;
      зейнетақы активтерінің есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельдердің түрлері бойынша және (немесе) меншікті активтері есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельдің ахуалын талдауды жүзеге асыру тәртібін;
      инвестициялауды жүзеге асыру болжанатын қаржы құралдарының болуын, айналыста болу талаптарын және кірістілігін талдау тәртібін;
      инвестициялауды жүзеге асыру болжанатын қаржы құралдарымен байланысты тәуекелдерді талдау тәртібін;
      № 180 қаулыда, № 181 қаулыда, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 5 тамыздағы № 189 қаулысында (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5794 тіркелген) (бұдан әрі - № 189 қаулысы), "Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 26 қыркүйектегі № 215 қаулысында (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5810 тіркелген) (бұдан әрі - № 215 қаулысы) белгіленген әртараптандыру нормаларын сақтауды талдау тәртібін;
      ұсынымдар беру үшін маңызды факторларын талдау тәртібін көздейтін ұсынымдарды әзірлеу;
      4) Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес Қордың (Ұйымның) зейнетақы және (немесе) меншікті активтеріне қатысты инвестициялық шешімдерді қабылдауға уәкілетті инвестициялық комитет жұмысының сипаттамасы, отырыстарды өткізу және қорытындыларды рәсімдеудің кезеңділігі қамтылған инвестициялық шешімдерді қабылдау;
      5) инвестициялық шешімдерді дайындау, қабылдау және орындау барысында Қордың (Ұйымның) органдары мен құрылымдық бөлімшелерінің өзара әрекеттесуі, Қор зейнетақы және (немесе) меншікті активтерін Ұйымға инвестициялық басқаруға табыстаған жағдайда – инвестициялық шешімдерді дайындау, қабылдау және орындау барысында Ұйымның және Қордың құрылымдық бөлімшелерінің өзара әрекеттесуі рәсімдері;
      6) зейнетақы және (немесе) меншікті активтердің қатысуы бар мәміле жасау болжанатын делдалмен (брокермен) (ондай бар болған кезде) өзара әрекеттесу, зейнетақы және (немесе) меншікті активтердің қатысуы бар мәмілелерді жасауды бақылау, активтердің құрамын және қозғалысын, жасалған мәмілелердің ішкі есебін және құжат айналымын салыстырып тексеру үдерістерінің сипаттамасы, сондай-ақ зейнетақы және (немесе) меншікті активтердің қатысуы бар мәмілелерді бақылауды жүзеге асыратын басшы қызметкерлер лауазымдарының тізбесі бар зейнетақы және (немесе) меншікті активтердің қатысуы бар мәмілелер жасау және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
      7) Комитеттің, Қордың (Ұйымның) тиісті органдарының, зейнетақы және (немесе) меншікті активтерін инвестициялық басқаруға берген Қорлардың (Ұйым үшін) алдында зейнетақы және (немесе) меншікті активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметтің нәтижесі бойынша есептілікті дайындау бойынша рәсімдердің сипаттамасы кіреді.
      8. Қордың (Ұйымның) меншікті активтерін инвестициялау саясаты Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес әзірленеді және бекітіледі.
      9. Қордың (Ұйымның) тәуекелдерді басқару саясаты мыналарды белгілейді:
      1) Қордың (Ұйымның) директорлар кеңесінің, басқармасының мүшелерінің және жауапты қызметкерлерінің тәуекелдерді басқару жөніндегі өкілеттіктері мен функционалдық міндеттерін;
      2) білімінің және жұмыс стажының болуы жөніндегі талаптарды қоса алғанда, бірақ олармен шектелместен, Қордың (Ұйымның) басшы қызметкерлеріне, сондай-ақ тәуекелдерді басқаруды және қаржы нарығындағы лицензияланатын қызмет түрлерін жүзеге асыратын бөлімшелер қызметкерлеріне қойылатын біліктілік талаптарын;
      3) Қордың (Ұйымның) ағымдағы қаржылық жай-күйі мен қызметі және кредиттік, пайыздық, валюталық, ел (трансферт), бедел тәуекелдерін, өтімділікті жоғалту тәуекелін және өзге де белгіленген тәуекелдерді сәйкестендіретін және өлшейтін, тәуекелдерге ұшырау дәрежесін, олардың белгіленген лимиттер шегінде сақталуын анықтайтын басқару есептілігінің белгілі бір нысандары түрінде қабылданған тәуекелдер туралы ақпарат форматын;
      4) Қордың (Ұйымның) ұйымдастыру құрылымының құрамында Қордың (Ұйымның) қызметінің өзге түрлерін жүзеге асыруға қатыспайтын тәуекелдерді басқару жөніндегі жеке бөлімшенің болуын;
      5) лицензияланатын қызмет түріне тән тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, мониторингі және бақылау жасау рәсімдерін, оның ішінде:
      болжанатын тәуекел (VAR-модель) бойынша қаржы құралдарын бағалаудың халықаралық практикасын пайдаланумен тәуекелдерді бағалау әдістемесін;
      туынды қаржы құралдарымен жасалатын операцияларға тән тәуекелдерді қоса алғанда, тәуекелдерді өлшеу тәртібін, пайдаланылатын тәуекелді өлшеу модельдерінің сипаттамасын;
      қаржы құралының құнына әсер ететін тәуекелдерді ескере отырып, оның құнын белгілеу рәсімдерін;
      6) бақылау жасауды жүзеге асыруға жауапты тұлғалар лауазымдарының тізбесін көрсете отырып, зейнетақы және (немесе) меншікті активтерге қатысты белгіленген инвестициялау лимиттерінің орындалуына бақылау жасауды жүзеге асыру тәртібін;
      7) бақылау жасауды жүзеге асыруға жауапты тұлғалар лауазымдарының тізбесін көрсете отырып, шығындардың жол берілетін барынша жоғары мөлшерлерінің сақталуына бақылау жасауды жүзеге асыру тәртібін;
      8) бақылау жасауды жүзеге асыруға жауапты тұлғалар лауазымдарының тізбесін көрсете отырып, "stop-loss", "take-profit" лимиттерін белгілеу және орындауға бақылау жасау қағидаларын;
      9) орта және ұзақ мерзімді болашақта инвестициялық рентабельдіктің тұрақты көрсеткіштерін қолдау мақсатында инвестициялық портфельдердің түрлері бойынша құрылымдау рәсімдерін;
      10) қаржы құралдарын сатып алудан (сатудан) болатын шамадан тыс шығыстардың алдын алу және көрсетілген тәртіптің орындалуына бақылау жасауды жүзеге асыру тәртібін;
      11) зейнетақы және (немесе) меншікті активтерді инвестициялаумен байланысты тәуекелдер үдеген жағдайда, инвестициялық декларацияларға өзгерістер енгізуге бастамашы болу және инвестициялау лимиттерін, шығындардың жол берілетін барынша жоғары мөлшерін, "stop-loss" және "take-profit" лимиттерін қайта қарау тәртібін;
      12) тізбесі Қордың (Ұйымның) ішкі құжаттарында анықталатын лицензияланатын қызмет түрлері аясында жүзеге асырылатын операцияларды бақылаудың екі деңгейін:
      операцияны орындайтын қызметкер - бірінші деңгей, операцияны орындайтын қызметкерге бақылау жасайтын тікелей басшы - екінші деңгей;
      операцияны орындайтын бөлімшенің қызметкері (басшысы) - бірінші деңгей, осы операцияны орындауды бақылайтын өзге бөлімшенің қызметкері (тікелей басшы) - екінші деңгей;
      13) зейнетақы және (немесе) меншікті активтер есебінен мәмілелерді жасау және мәмілелерді жасау және жасалған мәмілелерді есепте көрсету жөніндегі функционалдық міндеттерді бөлуге негізделген зейнетақы және (немесе) меншікті активтерді есепке алу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын бөлімшелердің қызметіне бақылау жасау жүйесін. Бақылау жасау жүйесі:
      тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшенің жасалуы жоспарланып отырған мәмілелер өлшемдерінің инвестициялау лимиттеріне сәйкес келуін бақылау жөніндегі функциясын белгілеуді;
      құқықтық қамтамасыз ету функциясын жүзеге асыратын бөлімшенің жасалатын мәмілелер бойынша шарттардың жобаларына құқықтық сараптама жүргізу жөніндегі функциясын белгілеуді;
      зейнетақы және (немесе) меншікті активтер есебінен сатып алынған қаржы құралдарын есепке алуды жүзеге асыратын бөлімшенің орындалған мәмілелер өлшемдерінің инвестициялық шешімдердің талаптарына сәйкес келуін бақылау жөніндегі функциясын белгілеуді;
      зейнетақы және (немесе) меншікті активтер есебінен мәмілелер жасауды жүзеге асыратын бөлімшенің тек қана инвестициялық шешімде көрсетілген өлшемдерінің сәйкес мәмілелер жасау жөніндегі функциясын белгілеуді;
      ішкі аудит қызметінің Қор (Ұйым) бөлімшелерінің оларға бақылау жүйесі аясында жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауына бақылау жасау жөніндегі функциясын белгілеуді;
      бақылау жүйесіне қатысушылардың арасындағы сөз байласу мүмкіндігін шектейтін шаралардың болуын көздейді;
      14) инвестициялық шешімдерді орындауға байланысты транзакциялық шығыстарға талдау жасауды қоса алғанда, тұрақты түрде мониторинг жасау және қабылданған инвестициялық шешімдердің тиімділігін анықтау рәсімдерін;
      15) мыналарды белгілейтін Қордың (Ұйымның) операциялық (ағымдағы) қызметін және бухгалтерлік есепті жүзеге асыру тәртібін:
      Қордың (Ұйымның) операциялық (ағымдағы) қызметін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін бөлімшелерді, олардың функцияларын, міндеттері мен өкілеттіктерін;
      операцияларды жүргізудің техникалық тәртібін;
      Қордың (Ұйымның) операцияларын бухгалтерлік есепке алу жүйесін;
      Қордың (Ұйымның) құжат айналымы және іс қағаздарын жүргізу жүйесін;
      Қордың (Ұйымның) операциялық (ағымдағы) қызметін жүзеге асыру тәртібін бұзу тәуекелдерін болдырмау рәсімдерін:
      қаржы құралдарымен жасалған операцияларды дұрыс жүргізбеу және есепте дұрыс көрсетпеу мүмкіндігін шектеуді;
      қызметкерлердің функцияларын бөлуді және алаяқтық пен қателерді болдырмау мақсатында қызметкерлердің бухгалтерлік жазбаны жүргізу барысына қатысуы (басқаруы) үшін шектеулі рұқсатты белгілеуді қамтамасыз етуді;
      электронды өңдеу жүйесінің үзіліссіз жұмыс істеуін және деректерді электронды өңдеу жүйесін бақылауды жүзеге асыратын және деректерді өңдеу мәселелеріне жауапты тұлғаларда жұмыс бейіне сәйкес келетін біліктілігі мен тәжірибесінің болуын қамтамасыз етуді;
      компьютерлік және телекоммуникация жүйелеріне рұқсатсыз кіруді болдырмауға бағытталған және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесінде автоматтандырылған жүйеге кіру және шығу кезінде рұқсат деңгейін тексеру жүйесінің болуын болжайтын және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесінің маңызды кілттерді, оның ішінде деректердің ақпараттық базаларына электрондық кілттерді бақылау жөніндегі жауапкершілігін белгілеуді;
      жоспарлы, оның ішінде төтенше жағдайлар кезінде мыналарды көздейтін деректер базаларының ақпараттық жүйесінің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың орындалуына бағытталған:
      ақпараттық деректер базаларының техникалық кешендеріне арналған, өрт қауіпсіздігі және сейсмикалық тұрақтылық талаптарына жауап беретін оқшау үй-жайлардың, автономды электр қоректенудің, резервтік компьютерлердің және желілік коммуникациялардың, жүйелік маңызды бағдарламалық файлдардың және деректер файлдарының резервті көшірмелерін тұрақты түрде қалыптастырудың болуын;
      төтенше жағдайлар пайда болған жағдайда өкілеттіктер беруді және жауапкершілігі;
      төтенше жағдайлар басталған кезде жүйе жұмысында төтенше іркіліс болған жағдайда компьютерлік орталыққа арналған ережелер мен басшылықты көздейтін іс-әрекеттерді анықтауды;
      жабдықтарды тұрақты түрде инспекциялау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесінің жұмыс туралы есептерді тексеруінің көмегімен іркілістерді болдырмауды;
      деректерді электронды өңдеу жүйесін жоспарлау, әзірлеу және оның жұмыс істеу тәртібін белгілеуді айқындайды.
      10. Қордың (Ұйымның) қарсы әріптестерге талдау және мониторинг жүргізу рәсімдері нақты қауіптерді сәйкестендіру мақсатында әрбір қарсы әріптес туралы маңызды ақпарат алу үшін Қордың (Ұйымның) қарсы әріптестерге олармен іскерлік қарым-қатынастарды орнатқанға дейін (шарт жасасқанға дейін) және одан әрі өзара іс-әрекет жасау барысында кешенді түрде тексеру жүргізуіне бағытталған шаралар кешенін белгілейді.
      Қордың (Ұйымның) өз қарсы әріптестерін кешенді түрде тексеруіне мынадай шараларды жүзеге асыру кіреді:
      1) болжанатын іскерлік қарым-қатынастардың мақсаттары мен сипатын белгілеу;
      2) әлеуетті немесе нақты қарсы әріптес болып табылатын тұлғаны сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тіркеу;
      3) қарсы әріптестің қаржылық жай-күйіне тұрақты негізде мониторинг жүргізу және оның Қордың (Ұйымның) алдындағы міндеттемелер бойынша жауап беру қабілетін анықтау.
      11. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ережелеріне бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық, қызметтік құпияны, жинақталған зейнетақы қаражаты құпиясын құрайтын мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету және оларды Қордың (Ұйымның), олардың қызметкерлерінің немесе үшінші тұлғалардың жеке мүдделерінде пайдалануына жол бермеу жөніндегі рәсімдер кіреді.
      Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары:
      1) коммерциялық құпияға, сондай-ақ жинақталған зейнетақы қаражаты құпиясына жататын Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңмен, Акционерлік қоғамдар туралы заңмен, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңмен қорғалатын ақпарат тізбесін;
      2) Қағидалардың осы қосымшасының 11-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат бар құжаттарды жасау, ресімдеу, тіркеу, есепке алу және сақтау тәртібін;
      3) осы ақпаратқа рұқсаты бар тұлғалардың лауазымдарын көрсете отырып, Қағидалардың осы қосымшасының 11-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпаратқа рұқсат беру тәртібін;
      4) мыналарды көздейтін Қағидалардың осы қосымшасының 11- тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпараттың жария болуын және ақпараттық деректердің бұрмалануын болдырмау тетіктерін:
      шектеулі рұқсаты бар ақпараттық деректер тізбесін;
      рұқсат алу тәртібін;
      ақпараттық деректерге рұқсатты, ақпараттық деректерге рұқсаты бар тұлғалар лауазымдарының тізбесін бақылау тәртібін;
      5) ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесінің автоматтандырылған деректер базасын басқару терминалдарын пайдаланушыларға мониторинг жасауды және оларды сәйкестендіруді жүзеге асыруы және пайдаланушының жеке басын бірегейлендіруге мүмкіндік беретін жүйемен қамтамасыз етуі арқылы автоматтандырылған деректер базасын басқару терминалдарын рұқсатсыз пайдалануды болдырмау жөніндегі іс-шараларды белгілейді.
      12. Қордың (Ұйымның) қаржылық қызметті көрсеткені үшін комиссиялық сыйақыны есептеу және өндіріп алу қағидалары:
      1) Қордың (Ұйымның) комиссиялық сыйақысының шекті шамасын;
      2) комиссиялық сыйақысы шамасын өзгерту тәртібін және жиілігін;
      3) салымшылар (алушылар) үшін комиссиялық сыйақысы шамасының өзгеруі жөніндегі ақпарат жарияланатын мерзімді баспа басылымдары туралы мәліметтерді;
      4) комиссиялық сыйақыны өндіріп алу тәртібін;
      5) Қордың (Ұйымның) алатын комиссиялық сыйақыларына шектеулер енгізу талаптарын белгілейді.
      13. Ішкі аудитті жүзеге асыру рәсімдері:
      1) ішкі аудит қызметінің құрамын, оның функцияларын, міндеттері мен өкілеттіктерін;
      2) ішкі аудитті жүзеге асыратын қызметкерлерге қойылатын талаптарды;
      3) ішкі аудиттің мәнін және объектісін;
      4) ішкі аудит қызметінің тексеру жүргізу ауқымын және жиілігін;
      5) ішкі аудитті жүргізу кезінде міндетті түрде пайдаланылатын бағалау жүйесін;
      6) ішкі аудитті жүргізу жоспарын жасауға қойылатын талаптарды;
      7) ішкі аудит қызметінің тексеру нәтижелері туралы есепті Қордың (Ұйымның) директорлар кеңесі мен басқармасына ұсыну мерзімдерін және нысанын белгілейді.
      14. Ішкі бақылауды жүзеге асыру рәсімдері:
      1) ішкі бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлерге қойылатын талаптарды;
      2) ішкі бақылаудың мәнін және объектісін;
      15. Іс жүзіндегі және әлеуетті мүдделер қайшылығын басқару саясатына:
      1) Қордың (Ұйымның) лауазымды тұлғасының немесе қызметкерінің мүдделері олардың шешімдер қабылдауының және міндеттерін атқаруының объективтілігі мен тәуелсіздігіне ықпал етуі, сондай-ақ олардың Қор салымшыларының (алушыларының) және (немесе) Қор (Ұйым) акционерлерінің мүдделерінде әрекет жасау міндеттемесімен қайшы келуі ықтимал жағдайларды анықтау;
      2) Қағидалардың осы қосымшасының 15-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайлар туындаған кезде Қордың (Ұйымның) лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері қызметінің қағидаттары;
      3) Қордың (Ұйымның) органдарының, бөлімшелерінің, лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің қызметі барысында Қағидалардың осы қосымшасының 15-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайларды анықтау және сипаттау мақсатында мәліметтерді жинауды, сақтауды және оларға мониторинг жасауды жүзеге асыру тәртібі;
      4) Қағидалардың осы қосымшасының 15-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайлар туындаған кезде Қордың (Ұйымның) лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің шешімдерді қабылдауға қатысу құқығын шектеуді қоса алғанда, қабылданатын шешімдердің тәуелсіздігі мен объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған, Қор (Ұйым) органдарының шешімдерді қабылдау рәсімдері кіреді.
      16. Ішкі есепке алу жүйесінің журналдарын жүргізу қағидаларына:
      1) журналдардың саны және атауы;
      2) журналдарды толтыру тәртібі мен кезеңділігі;
      3) журналдардың уақтылы және дұрыс толтырылуына бақылау жасауды жүзеге асыратын басшы қызметкерлер лауазымдарының тізбесі кіреді.
      17. Қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулыққа:
      1) өрт қауіпсіздігі бойынша негізгі талаптар;
      2) төтенше жағдайлар басталған кезде Қор (Ұйым) қызметкерлері іс-әрекеттерінің сипаттамасы;
      3) Қор (Ұйым) қызметкерлерінің бағдарламалық-техникалық кешендерді және өзге де жабдықтарды пайдалану тәртібі;
      4) Қордың (Ұйымның) үй-жайларын оларды жабу алдында қарау жүйелілігі кіреді.

Жинақтаушы зейнетақы қорлары
және зейнетақы активтерін
инвестициялық басқаруды
жүзеге асыратын ұйымдар үшін
тәуекелдерді басқару және
ішкі бақылау жүйелерін
қалыптастыру қағидаларына
5-қосымша      

Инвестициялық декларациялар және Қордың (Ұйымның) меншікті
активтерін инвестициялау саясаты

      1. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды қамтамасыз ету мақсатында мыналар кіретін, бірақ олармен шектелмейтін, инвестициялық портфельдің әр түрі үшін инвестициялық декларациялар әзірленеді:
      1) зейнетақы активтерін инвестициялаудың мақсаттары мен стратегиясы;
      2) инвестициялау объектілерінің сипаттамасы мен тізбесі;
      3) қаржы құралдарының түрлері және валюталық нетто-позиция үлесі бойынша зейнетақы активтерін инвестициялау лимиттері;
      4) инвестициялық қызметке қатысты белгіленген талаптар мен шектеулер;
      5) хеджирлеу құралдарының тізбесін және сипаттамасын көрсете отырып, зейнетақы активтерін хеджирлеу және әртараптандыру талаптары;
      6) инвестициялық қызметке байланысты негізгі тәуекелдер туралы ақпарат;
      7) комиссиялық сыйақыны өндіріп алу саясаты.
      2. Қордың директорлар кеңесі инвестициялық декларацияларды және оларға барлық өзгерістер мен толықтыруларды:
      1) Қор зейнетақы активтерін дербес басқарған жағдайда – Қордың инвестициялық комитетімен;
      2) Қор мен Ұйымның арасында зейнетақы активтерін инвестициялық басқару туралы шарт болған жағдайда – Ұйымның инвестициялық комитетімен келісілгеннен кейін бекітеді.
      Инвестициялық декларациялар және оларға барлық өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында он бес мың данадан кем емес таралыммен таралатын мерзімді баспа басылымдарында жарияланады және (немесе) Қордың Интернет-ресурсында орналастырылады.
      3. Қордың (Ұйымның) меншікті активтерін инвестициялық басқаруды қамтамасыз ету мақсатында мыналар кіретін, бірақ олармен шектелмейтін, Қордың (Ұйымның) меншікті активтерін инвестициялау саясаты әзірленеді:
      1) меншікті активтерді инвестициялаудың мақсаттары мен стратегиясы;
      2) инвестициялау объектілерінің сипаттамасы мен тізбесі;
      3) қаржы құралдарының түрлері және валюталық нетто-позиция үлесі бойынша меншікті активтерді инвестициялау лимиттері;
      4) инвестициялық қызметке қатысты белгіленген талаптар мен шектеулер;
      5) хеджирлеу құралдарының тізбесін және сипаттамасын көрсете отырып, меншікті активтерді хеджирлеу және әртараптандыру талаптары;
      6) инвестициялық қызметке байланысты негізгі тәуекелдер туралы ақпарат;
      7) меншікті активтер есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфель бойынша шығындардың жол берілетін ең көп жиынтық мөлшері.
      4. Қордың директорлар кеңесі Қордың меншікті активтерін инвестициялау саясатын және оған барлық өзгерістер мен толықтыруларды:
      1) Қордың басқармасымен;
      2) Қордың меншікті активтерін дербес басқарған жағдайда – Қордың инвестициялық комитетімен немесе Қор мен Ұйымның арасында Қордың меншікті активтерін инвестициялық басқару туралы шарт болған жағдайда – Ұйымның инвестициялық комитетімен келісілгеннен кейін бекітеді.
      5. Ұйымның директорлар кеңесі Ұйымның меншікті активтерді инвестициялау саясатын және оған барлық өзгерістер мен толықтыруларды Ұйымның басқармасымен және инвестициялық комитетімен келісілгеннен кейін бекітеді.

Жинақтаушы зейнетақы қорлары
және зейнетақы активтерін
инвестициялық басқаруды
жүзеге асыратын ұйымдар үшін
тәуекелдерді басқару және
ішкі бақылау жүйелерін
қалыптастыру қағидаларына
6-қосымша     

Ақпарат алмасу жүйесін ұйымдастыру

      1. Қордың (Ұйымның) директорлар кеңесі өз функцияларын жүзеге асыру үшін:
      1) Қордың (Ұйымның) зейнетақы және (немесе) меншікті активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын бөлімшеcінен:
      тоқсан сайынғы негізде - Қордың (Ұйымның) инвестициялық қызметін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын ақпаратты талдау қорытындылары туралы жиынтық есепті;
      алты айда бір реттен кем емес - қабылданған инвестициялық шешімдер туралы есепті алады;
      2) Қордың (Ұйымның) тәуекелдердi басқаруды жүзеге асыратын бөлiмшеciнен:
      Қордың (Ұйымның) ішкі құжаттарында белгiленген нысан бойынша тоқсан сайынғы негiзде - белгiленген лимиттердi сақтау (пайдалану) туралы ақпаратты;
      әрбір екі ай сайын - Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес стресс-тестингтердің және бэк-тестингтердің нәтижелерін алады;
      Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес тоқсан сайынғы негiзде - шығындардың жол берiлетiн барынша жоғары мөлшерлерiн сақтау (пайдалану) туралы ақпаратты;
      3) Қордың (Ұйымның) бюджетті талдауды және жоспарлауды жүзеге асыратын бөлімшеcінен - Қордың (Ұйымның) қаржылық-шаруашылық қызметінің ағымдағы қорытындылары туралы есепті өткен есепті кезеңнің осындай кезеңімен және қызметтің жоспарланған көрсеткіштерімен салыстыра отырып тоқсан сайынғы негізде алады;
      4) ішкі аудит қызметінен - Қордың (Ұйымның) қызметін жақсарту бойынша орын алған кемшіліктер мен ұсынымдар туралы тұжырымдарды қамтитын тексерулердің нәтижелері жөніндегі есептерді осы есептердің дайындалу шамасына қарай алады;
      5) Қордың (Ұйымның) басқармасынан - Қордың (Ұйымның) қызметін жақсарту бойынша ішкі аудит қызметі ұсынымдарының орындалуына бақылау жасаудың нәтижелері туралы есепті тоқсан сайынғы негізде алады.
      Директорлар кеңесіне берілетін ақпарат директорлар кеңесі отырысының күн тәртібіне енгізіледі немесе директорлар кеңесінің мүшелеріне Қордың (Ұйымның) бірінші басшысының немесе оның орнындағы тұлғаның қойған қолымен және Қордың (Ұйымның) мөрімен куәландырылған ілеспе хатпен жіберіледі.
      2. Қордың (Ұйымның) басқармасы өз функцияларын жүзеге асыру үшін:
      1) Қордың (Ұйымның) талдамалық қызметтерді жүзеге асыратын бөлімшесінен – Қордың (Ұйымның) меншікті активтерінің есебінен Қордың (Ұйымның) инвестициялық қызметін жүзеге асыру кезінде пайдаланатын ақпаратты талдау нәтижелері туралы жиынтық есепті тоқсан сайынғы негізде алады;
      2) Қордың (Ұйымның) тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшесінен – Қордың (Ұйымның) меншікті активтерінің есебінен Қордың (Ұйымның) инвестициялық қызметін жүзеге асыру кезінде белгіленген лимиттерді және шығындардың жол берілетін барынша жоғары мөлшерлерін сақтау (пайдалану) туралы ақпаратты Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес тоқсан сайынғы негізде алады;
      3) Қордың (Ұйымның) бюджетті талдауды және жоспарлауды жүзеге асыратын бөлімшесінен – Қордың (Ұйымның) қаржылық-шаруашылық қызметінің ағымдағы қорытындылары туралы есепті өткен есепті кезеңнің осындай кезеңімен және қызметтің жоспарланған көрсеткіштерімен салыстыра отырып тоқсан сайынғы негізде алады;
      4) Қордың (Ұйымның) кірістерін (шығыстарын) бақылайтын Қордың (Ұйымның) бөлімшесінен – Қордың (Ұйымның) кірістері (шығыстары) туралы ай сайынғы есептерін, аумақтық және қызметтік бөлімшелер қызметтерінің түрлері бойынша динамиканы қоса алғанда, қаржылық қызметтің жоспарлы көрсеткіштерін қоса бере отырып тоқсан сайынғы негізде;
      5) ішкі аудит қызметінен – Қордың (Ұйымның) қызметін жақсарту бойынша орын алған кемшіліктер мен ұсынымдар туралы тұжырымдарды қамтитын тексерулердің нәтижелері жөніндегі есептерді осы есептердің дайындалу шамасына қарай алады;
      6) зейнетақы және (немесе) меншікті активтерді инвестициялық басқаруды және тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардан – қарсы әріптестердің қызметі туралы жағымсыз ақпараттың табылуы жөніндегі есепті қарсы әріптестердің қызметі туралы жағымсыз ақпаратты анықталуы шамасына қарай алады;
      7) Қордың (Ұйымның) ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесінен тоқсанына бір рет мыналар:
      аппараттық-бағдарламалық техникалық кешендердің жай-күйі;
      есепті кезеңде анықталған техникалық проблемалар;
      Қордың (Ұйымның) ішкі рәсімдеріне анықталған сәйкессіздіктер;
      проблемалар мен сәйкессіздіктердің қайта туындауын жою және болдырмау үшін қабылданған іс-шаралар туралы ақпаратты алады;
      8) Қордың (Ұйымның) инвестициялық қызметті және тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшелерінен – бөлімшелердің не қызметкерлердің инвестициялаудың белгіленген лимиттерін бұзуы туралы ақпаратты ақпараттың пайда болуына қарай алады;
      9) Қордың (Ұйымның) барлық бөлімшелерінен:
      бөлімшелердің не қызметкерлердің Қазақстан Республикасы заңнамасының белгіленген талаптарын және Қордың (Ұйымның) ішкі құжаттарын бұзуы туралы ақпаратты – ақпараттың туындау шамасына қарай;
      жөнсіздіктерді өз бетімен анықтау және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шаралар туралы есептерді ақпараттың туындауына қарай алады;
      10) Қордың (Ұйымның) зейнетақы және (немесе) меншікті активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын бөлімшесінен – қабылданған инвестициялық шешімдер туралы есепті кем дегенде алты айда бір рет алады;
      3. Қордың (Ұйымның) инвестициялық комитеті өз функцияларын жүзеге асыру үшін:
      1) зейнетақы және (немесе) меншікті активтерді инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын бөлімшеден:
      қалыптасып отырған геосаяси жағдайға, инвестициялау валютасына және экономика секторына қарай инвестициялау нарықтарының тартымдылық дәрежесі бойынша макроэкономикалық талдауды жарты жылдықта кем дегенде бір рет;
      эмитенттің қаржылық жай-күйін талдауды, қабылданған міндеттемелерге жауап беру қабілетін, осы эмитенттің қаржы құралдарына инвестициялауға байланысты тәуекелдерді қоса алғанда, эмитенттерге және олар шығарған (берген) қаржы құралдарына жасалған талдауды – тоқсанына кем дегенде бір рет;
      портфельдің құрылымы, кірістіліктің өзгеру динамикасы туралы мәліметтерді қамтитын инвестициялық портфельді талдауды, шығынды позицияларды талдауды, портфельдің құрылымын оңтайландыру жөніндегі ұсыныстарды – тоқсанына кем дегенде бір рет;
      зейнетақы жарналары мен төлемдері мөлшерлерінің, сондай-ақ Қордың міндеттемелерді орындау мерзімдері бойынша олардың құрылымының болжамы (салымшылардың санаттары бойынша бөлінген салымшылардың жынысы, жасы, зейнетақы төлемдерінің саны мен сомасы туралы ақпаратты қамтитын салымшылардың құрылымына жасалған талдау негізінде) кіретін талдау – тоқсанына кем дегенде бір рет;
      салымшылар (алушылар) және қарсы агенттер алдындағы міндеттемелерді өтеуге қажетті өтімді активтерді жұмылдыру қабілетінің өзгеруін ескере отырып, меншікті және зейнетақы активтері бойынша гэп-позициялар лимиттерінің сақталуына жасалатын шолуды, оның ішінде шетел валютасындағы міндеттемелерді өтеуге қажетті шетел валютасындағы өтімді активтерді қалыптастыру қабілетінің мониторингін қамтитын ақша ағындарын (өтімділікті) басқару жөніндегі ақпаратты – күн сайынғы негізде;
      қарсы әріптестердің қызметі туралы жағымсыз ақпараттың анықталғаны жөніндегі есепті анықталуына қарай;
      эмитенттің қаржылық жай-күйінің мониторингін, сондай-ақ эмитенттің қаржы құралдарының құнына немесе оның өз міндеттемелерін орындау қабілетіне әсерін тигізетін ақпараттың пайда болуы туралы есептерді – тоқсанына кем дегенде бір рет алады;
      2) талдамалық функцияларды жүзеге асыратын бөлімшеден – ұсынымдарды және де тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшеден – қаржы құралдарымен жасалынған операциялар бойынша мынадай лимиттерді белгілеу (қайта қарау) бойынша қорытындыларды:
      Қордың (Ұйымның) зейнетақы активтерінің есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельдердің түрлері бойынша немесе меншікті активтерінің есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфель бойынша шығындардың жиынтық жол берілетін барынша жоғары мөлшері шегінде анықталатын шығындардың жол берілетін барынша жоғары мөлшерін (ел, валюта, экономика секторы, қаржы құралының түрлері бойынша) – тоқсанына кем дегенде бір рет;
      бір эмитенттің қаржы құралдарына инвестициялау мөлшері бойынша, сондай-ақ осы эмитенттің қаржы құралдарына инвестициялаумен байланысты тәуекелдерді және осы тәуекелдердің № 180 қаулыда, № 181 қаулыда, № 189 қаулыда және № 215 қаулыда белгіленген пруденциалдық нормативтердің мәніне ықпалын көрсете отырып, осы эмитенттің қаржы құралдарының түрлері бойынша, директорлар кеңесі бекіткен қаржы құралдарымен операцияларды жасауға бөлінген лимиттер шегіндегі, сондай-ақ № 180 қаулыда, № 181 қаулыда, № 189 қаулыда және № 215 қаулыда белгіленген лимиттер шегіндегі лимиттер – тоқсанына кем дегенде бір рет;
      "stop - loss" және "take - profit" лимиттері – айына кем дегенде бір рет;
      тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімше жүргізетін талдау негізінде гэп-позициялар лимиттері тоқсанына – кем дегенде бiр рет алады;
      3) Қордың (Ұйымның) тәуекелдердi басқаруды жүзеге асыратын бөлiмшесiнен:
      белгiленген лимиттердi сақтау (пайдалану) туралы ақпаратты - Қордың (Ұйымның) ішкі құжаттарында белгiленген нысан бойынша апта сайынғы негiзде;
      Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес стресс-тестинг нәтижелері- екі ай сайын;
      зейнетақы және меншікті активтер бойынша шығындардың жол берiлетiн барынша жоғары мөлшерiн сақтау (пайдалану) туралы ақпаратты – Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес апта сайынғы негiзде;
      зейнетақы және меншікті активтер бойынша белгіленген "stop - loss" және "take - profit" лимиттерiн сақтау (пайдалану) туралы ақпаратты - осы Қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес апта сайынғы негiзде;
      кредиттік, пайыздық, валюта, қор тәуекелдеріне ұшырағыштығы туралы, зейнетақы активтерінің есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельдердің түрлері және (немесе) меншікті активтердің есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфель бойынша өтімділікті жоғалту тәуекелі жөніндегі қорытындыны – ай сайынғы негiзде;
      қарсы әріптестердің қызметі туралы жағымсыз ақпарат анықталғаны жөніндегі есепті анықталуына қарай алады;
      4) қаржы құралдарымен мәмілелерді жасауды жүзеге асыратын бөлімшеден - инвестициялық шешімдерді орындау туралы ақпаратты – апта сайынғы негізде алады.
      4. Ішкі аудит қызметі Қордың (Ұйымның) барлық бөлімшелерінен, филиалдарынан, өкілдіктерінен, инвестициялық комитетінен және қызметкерлерінен өз қызметтерін ішкі аудит қызметінің сұратуларында көрсетілген мерзімде жүзеге асыруға қажетті кез келген құжаттарды және ақпаратты алады.
      5. Қордың (Ұйымның) тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшесі өз функцияларын жүзеге асыру үшін Қордың (Ұйымның) барлық бөлімшелерінен және қызметкерлерінен өз қызметтерін тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшелердің сұратуларында көрсетілген мерзімде өз функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар мен ақпаратты алады, сондай-ақ тұрақты негізде:
      1) инвестиция портфелінің құрылымын талдауға жауапты бөлімшеден:
      белгiленген лимиттердi сақтау (пайдалану) туралы ақпаратты – Қордың (Ұйымның) ішкі құжаттарында белгiленген нысан бойынша күн сайынғы негiзде;
      зейнетақы және меншікті активтер бойынша шығындардың жол берiлетiн барынша жоғары мөлшерiн сақтау (пайдалану) туралы ақпаратты –Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес апта сайынғы негiзде;
      зейнетақы және меншікті активтер бойынша белгіленген "stop - loss" және "take - profit" лимиттерiн сақтау (пайдалану) туралы ақпаратты – Қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес апта сайынғы негiзде;
      2) Қордың (Ұйымның) зейнетақы және (немесе) меншікті активтерді инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын бөлімшесінен:
      Қордың (Ұйымның) инвестициялық қызметті жүзеге асыруы кезінде пайдаланылатын ақпараттың талдау қорытындылары туралы жиынтық есеп - тоқсанда кем дегенде бір рет;
      зейнетақы активтері есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельдердің түрлері және (немесе) меншікті активтер есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфель бойынша кредиттік, пайыздық, валюталық және қаржы тәуекелдеріне ұшырағыштығы туралы қорытындыны дайындауға қажетті мәліметтер;
      3) Қордың (Ұйымның) зейнетақы және (немесе) меншікті активтердің есебінен сатып алынған қаржы құралдарын есептеуге жауапты бөлімшелерінен:
      тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті;
      портфельдің құрылымы туралы ақпаратты - күн сайынғы негiзде;
      зейнетақы және (немесе) меншікті активтердің есебінен инвестициялық қызметтің нәтижесінде алынған кірістер мен шығындарды күн сайынғы есептеу.
      6. Қордың (Ұйымның) бөлімшелері арасындағы ақпараттық алмасу Қордың (Ұйымның) ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
      7. Қор және Қордың өз зейнетақы және (немесе) меншікті активтерін инвестициялық басқаруға берген Ұйым екеуі арасындағы ақпарат алмасуы зейнетақы және (немесе) меншікті активтерді инвестициялық басқару жөніндегі шартқа сәйкес жүзеге асырылады.

Жинақтаушы зейнетақы қорлары
және зейнетақы активтерін
инвестициялық басқаруды
жүзеге асыратын ұйымдар үшін
тәуекелдерді басқару және
ішкі бақылау жүйелерін
қалыптастыру қағидаларына
7-қосымша      

Инвестициялық комитеттің қызметін ұйымдастыру

      1. Зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімдер қабылдауды құрамына мыналар:
      1) Қордың (Ұйымның) басшы қызметкерлері;
      2) Қордың (Ұйымның) тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшесінің басшысы;
      3) егер Қор зейнетақы активтерін Ұйымның инвестициялық басқаруына берген жағдайда, Қордың өкілі;
      4) Қорға (Ұйымға) қатысы бойынша үлестес заңды тұлғалардың бір уақытта басшы қызметкерлері не ірі акционерлері болып табылмайтын Қордың (Ұйымның) қызметкерлері кіретін Қордың (Ұйымның) инвестициялық комитеті жүзеге асырады.
      2. Қордың меншікті активтері Ұйымның инвестициялық басқаруына берілген жағдайда, Қордың меншікті активтеріне қатысты инвестициялық шешімдер қабылдауды Қордың не Ұйымның инвестициялық комитеті жүзеге асырады.
      Ұйымның инвестициялық комитеті Ұйымның меншікті активтеріне қатысты инвестициялық шешімдер қабылдауды жүзеге асырады.
      Қордың (Ұйымның) меншікті активтеріне қатысты инвестициялық шешімдер қабылдайтын инвестициялық комитеттің құрамына:
      1) Қордың (Ұйымның) басшы қызметкерлері;
      2) Қордың (Ұйымның) тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшесінің басшысы;
      3) егер Қордың меншікті активтері Ұйымның инвестициялық басқаруына берілген жағдайда, Қордың өкілі;
      4) Қордың (Ұйымның) бас бухгалтері не Қордың (Ұйымның) есепке алу және жоспарлау функцияларын жүзеге асыратын бөлімшелерге жетекшілік ететін басшы қызметкері;
      5) Қорға (Ұйымға) қатысы бойынша үлестес заңды тұлғалардың бір уақытта басшы қызметкерлері не ірі акционерлері болып табылмайтын Қордың (Ұйымның) қызметкерлері кіреді.
      3. Инвестициялық комитет мүшелерінің кемінде жартысы Қордың (Ұйымның) басшы қызметкерлерінің оларды тағайындауға (сайлауға) Комитеттің келісімін алған Қордың (Ұйымның) басшы қызметкерлері болып табылуы тиіс.
      4. Қордың (Ұйымның) инвестициялық комитеті Қағидалардың осы қосымшасының 2 және 3-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келетін Қордың (Ұйымның) зейнетақы және (немесе) меншікті активтеріне қатысты инвестициялық шешімдер қабылдау жөніндегі функцияларды қоса атқарылады.
      5. Инвестициялық комитет отырысын өткізу қорытындылары бойынша міндетті түрде мыналарды:
      отырыста қаралатын мәселелер тізбесін;
      инвестициялық шешімді қабылдау үшін инвестициялық комитетке ұсынылған құжаттар тізбесін;
      қаржы құралдарының атауын, сондай-ақ олармен мәмілелерді жасау талаптарын көрсете отырып, осы отырыста қабылданған инвестициялық шешімдердің өлшемдерін;
      отырыста қаралатын әрбір мәселе бойынша дауыс беру қорытындыларын;
      инвестициялық комитет мүшелерінің негіздемелері бар пікірлерін, соның ішінде олардың қабылданған шешіммен келіспеуін және қабылданған инвестициялық шешімнен өзгеше (шешім қабылдау кезінде білдірілген) пікірдің болуын;
      Қағидалардың 4-қосымшасының 15-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайлардың туындағаны туралы мәліметтерді көрсете отырып, хаттама жасалады.
      6. Хаттамаға инвестициялық комитеттің отырысқа қатысып отырған барлық мүшелері қол қояды және ол инвестициялық комитет қабылдаған инвестициялық шешімдермен бірге сақталады.
      7. Қаржы құралдарымен жасалатын бір және сол сияқты бірнеше мәмілелерге қатысты инвестициялық шешім қабылданады.
      8. Қаржы құралдарымен мәміле жасау үшін инвестициялық шешімде:
      1) инвестициялық шешімнің қабылданған күні және нөмірі;
      2) инвестициялық шешім қабылдауға негіз болған ұсынымның берілген күні және нөмірі;
      3) жасалуы тиіс мәміле түрі;
      4) зейнетақы активтерінің есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельдің түрі туралы мәлімет;
      5) мәміле жасалуы тиіс қаржы құралын сәйкестендіргіш;
      6) жасалуы тиіс мәміленің көлемі, бағасы және сомасы (көлемінің, бағасының және сомасының диапазоны);
      7) мәмілені жасау мерзімдері;
      8) мәміленің жасалуы болжанатын нарықтың түріне (алғашқы немесе қайталама, ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған, халықаралық нарықтар) сілтеме;
      9) көмегі арқылы мәміленің жасалуы болжанатын делдалдың (брокердің) атауы (мұндай бар болса);
      10) зейнетақы активтері есебінен мәміле жасау болжанатын Қордың атауы (зейнетақы активтері есебінен инвестициялық шешімдер үшін) не инвестициялық шешімнің Қордың (Ұйымның) меншікті активтеріне қатысты қабылданатынына сілтеме;
      11) инвестициялық комитет мүшелерінің біреуінде инвестициялық шешімнің қабылдануына (қабылданбауына) қатысты ерекше пікірдің болуына сілтеме;
      12) инвестициялық шешімді қабылдаған тұлғалардың атқаратын лауазымдары көрсетіле отырып, қойған қолдары қамтылады.
      9. Хеджирлеу құралдарымен мәміле жасау үшін инвестициялық шешімде Қағидалардың осы қосымшасының 8-тармағының 1)2)3)7)8)9)10)11) тармақшаларында көрсетілген мәліметтермен қатар:
      1) хеджирлеу құралын оның түрін, жасалу мерзімін, көлемін, құнын (сыйлықақысын) көрсете отырып, хеджирлеу операциясының жасалуы жоспарланатын нарықты және осы құралдың басқа да сипаттамаларын (талаптарын) жан-жақты сипаттау;
      2) осы хеджирлеу құралын қолданудан күтілетін нәтижелер;
      3) хеджирлеу (базистік актив) объектісі тәуекелінің түрін (пайыздық, баға, валюталық және тағы басқалар), сондай-ақ оны бағалау әдісін көрсете отырып тәуекелді бағалау;
      4) қажетті деректемелері (сәйкестендіру нөмірі, саны, құны, көлемі, валютасы) көрсетілген хеджирлеу объектісі;
      5) осы операцияны жасау хеджирлеу объектісі бойынша ықтимал шығындардың (алынбаған кіріс) мөлшерін төмендетуге алып келетінін растайтын есеп айырысу мәліметтері қамтылады.
      10. Қабылданған инвестициялық шешім Қордың (Ұйымның) қаржы құралдарымен мәмілелердің жасалуын жүзеге асыратын бөлімшесінің не Қормен (Ұйыммен) жасалған шарт негізінде қаржы құралдарымен мәмілелерді жасау қызметтерін көрсететін ұйымның орындалуына беріледі.

Жинақтаушы зейнетақы қорлары
және зейнетақы активтерін
инвестициялық басқаруды
жүзеге асыратын ұйымдар үшін
тәуекелдерді басқару және
ішкі бақылау жүйелерін
қалыптастыру қағидаларына
8-қосымша        

Қордың (Ұйымның) зейнетақы активтерін және меншікті активтерін
инвестициялық басқару жөніндегі қызметті ұйымдастыру

      1. Қордың (Ұйымның) зейнетақы активтерін және (немесе) меншікті активтерін тиімді инвестициялық басқаруды қамтамасыз ету мақсатында Қордың (Ұйымның) зейнетақы және (немесе) меншікті активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын Қордың (Ұйымның) жауапты бөлімшелері:
      1) жартыжылда кем дегенде бір рет:
      қалыптасып отырған геосаяси жағдайларына, инвестициялау валютасына және экономика секторына қарай инвестициялау нарықтарының тартымдылық дәрежесі бойынша макроэкономикалық талдау жасауды;
      2) тоқсанына кем дегенде бір рет:
      эмитенттердің қаржылық жай-күйін талдауды, қабылданған міндеттемелер бойынша жауап беру қабілетін, осы эмитенттің қаржы құралдарына инвестициялауға байланысты тәуекелдерді және осы тәуекелдердің № 180 қаулыда, № 181 қаулыда, № 189 қаулыда және № 215 қаулыда Қор (Ұйым) үшін белгілеген пруденциалдық нормативтердің және өзге де нормалар мен лимиттердің мәндеріне әсерін қоса алғанда, эмитенттерді және олар шығарған (берген) қаржы құралдарына талдау жасауды;
      портфельдердің құрылымы, кірістіліктің өзгеру динамикасы туралы мәліметтерді қамтитын инвестициялық портфельдердің түрлері бойынша талдау, шығынды позицияларға және портфельдің құрылымын оңтайландыру жөніндегі ұсыныстарға талдау жасауды;
      зейнетақы жарналары мен төлемдері мөлшерлерінің болжамы бар, сондай-ақ Қор міндеттемелерінің оларды орындау мерзімдері бойынша құрылымын (салымшылардың санаттары бойынша бөлінген салымшылардың жынысы, жасы, зейнетақы төлемдерінің саны мен сомасы туралы ақпарат кіретін, салымшылардың құрылымын талдау негізінде) талдау жасауды жүргізеді.
      Ұйым оған Қордың зейнетақы және (немесе) меншікті активтері инвестициялық басқаруға берілген жағдайда осы тармақтың 2) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген көрсеткіштерге талдау жасауды Қор ұсынатын мәліметтер негізінде жүзеге асырады;
      3) күн сайынғы негізде:
      салымшылардың (алушылардың) және қарсы агенттердің алдындағы міндеттемелерді өтеу үшін қажетті өтімді активтерді жұмылдыру қабілетінің өзгеруін ескере отырып, меншікті және зейнетақы активтері бойынша гэп-позициялар лимиттерінің сақталуын шолу, оның ішінде шетел валютасындағы міндеттемелерді өтеу үшін қажетті шетел валютасындағы өтімді активтерді қалыптастыру қабілетінің мониторингі кіретін ақша ағындарын (өтімділікті) басқаруды жүргізеді.
      2. Қордың (Ұйымның) жауапты бөлімшелері Қағидалардың осы қосымшасының 1-тармағында көрсетілген талдамалық зерттеулердің негізінде осындай ұсынымдарды беруге негіздеме болған факторлардың толық тізбесі бар ұсынымдарды әзірлейді.
      3. Ұсынымдар:
      1) корпоративтік стратегияны, инвестициялық декларацияларды және меншікті активтерді инвестициялау саясатын әзірлеу, сондай-ақ көрсетілген құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
      2) инвестициялау лимиттерін белгілеу мен қайта қарау;
      3) шығындардың жол берілетін барынша жоғары мөлшерін белгілеу мен қайта қарау;
      4) Қордың (Ұйымның) зейнетақы және (немесе) меншікті активтері есебінен мәмілелер жасау туралы инвестициялық шешімдерді қабылдау кезінде беріледі.
      4. Ұсынымда мынадай мәліметтер болады:
      1) ұсынымның нөмірі және берілген күні;
      2) зейнетақы активтері есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельдің түрі;
      3) Қордың (Ұйымның) ұсынымды дайындаған жауапты бөлімшесі туралы мәліметтер;
      4) ұсыным беру үшін пайдаланылған ақпарат көздерінің тізбесі (сипаттамасы);
      5) ұсыным беру үшін пайдаланылған ақпаратты талдау нәтижелері және ұсынылатын шешімдер нұсқалары;
      6) ұсыным берген тұлғалардың атқаратын лауазымдарын көрсете отырып қойылған қолдары;
      7) Қордың (Ұйымның) ішкі құжаттарында белгіленген өзге де ақпарат.
      5. Қағидалардың осы қосымшасының 4-тармағында көрсетілген мәліметтерге қосымша Қордың (Ұйымның) зейнетақы және (немесе) меншікті активтері есебінен мәмілелер жасау туралы инвестициялық шешімдерді қабылдау кезінде берілетін ұсынымда:
      1) мыналар туралы ақпаратты қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, ұсыным беру үшін пайдаланылған ақпаратты талдау нәтижелері:
      жасалатын мәміленің зейнетақы және (немесе) меншікті активтер бойынша кірістердің болжанатын өзгерісіне әсері;
      осы қаржы құралын сатып алумен байланысты тәуекелдер;
      жасалатын мәміленің № 180 қаулымен, № 181 қаулымен, № 189 қаулымен және № 215 қаулымен белгілеген пруденциалдық нормативтер мәндерінің өзгерісіне әсері;
      2) ұсынылатын инвестициялық шешімнің нұсқалары;
      3) қаржы құралының түрін, көлемін, бағалар диапазонын, кірістілік деңгейін және басқа сипаттамаларын (талаптарын) көрсете отырып осы құралдың сипаттамасы;
      4) инвестициялық декларацияларға (Қордың (Ұйымның) меншікті активтерін инвестициялау саясатына) сәйкес мәміле жасауға ұсынылатын қорытындының мақсаты болады.
      6. Ұсынымдар оларды дайындауға негіздеме болған барлық құжаттармен бірге сақталады.
      7. Қордың (Ұйымның) тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшесі:
      1) қаржы құралдарымен операциялар бойынша, оның ішінде қаржы құралдары нарығында ("stop-loss") бағалардың күрт ауытқуымен байланысты шамадан тыс шығындарды болдырмау жөніндегі жедел рәсімдерді, сондай-ақ тиісті кірістілікті қаржы құралдары бойынша бағалардың шекті деңгейлерін белгілейді, ол деңгейлерге жеткеннен кейін қаржы құралының нарықтық құнының ("take-profit") төмендеу ықтималдылығы жоғарлайды. "Stop-loss" және "take-profit" лимиттері белсенді нарық жұмыс істейтін қаржы құралдары үшін, сондай-ақ тізбесін Қордың (Ұйымның) инвестициялық комитеті белгілейтін өзге де құралдары үшін белгіленеді;
      2) зейнетақы және (немесе) меншікті активтерді инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын бөлімшемен бірлесіп, қаржы құралдары нарығының ауқымы мен динамикасына және қаржы құралының өтімділігіне сәйкес лимиттерді және шығындардың жол берілетін барынша жоғары мөлшерін қайта қарауға бастамашы болады;
      3) зейнетақы активтері есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельдердің және (немесе) меншікті активтер бойынша қалыптастырылған инвестициялық портфельдің түрлері бойынша кредиттік, пайыздық, валюталық және қор тәуекелдеріне ұшырауы туралы қорытынды дайындайды және осы қорытындыны инвестициялық комитетке ұсынады.
      8. Қордың (Ұйымның) тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшесінің Қағидалардың осы қосымшасының 7-тармағының 3) тармақшасына сәйкес дайындалған қорытындысында мыналар туралы ақпаратты қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, мынадай мәліметтер болады:
      жасалатын мәміленің директорлар кеңесі және инвестициялық комитет белгілеген лимиттердің сақталуына әсері;
      № 180 қаулымен, № 181 қаулымен, № 189 қаулымен және № 215 қаулымен белгілеген пруденциалдық нормативтер мәндерінің ықтимал өзгеруі;
      осы қаржы құралын сатып алуға байланысты тәуекелдер.
      9. Қордың директорлар кеңесі талдау функцияларын жүзеге асыратын бөлімшенің ұсынымдары және тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшенің қорытындысы негізінде:
      1) Қордың (Ұйымның) зейнетақы және (немесе) меншікті активтерін инвестициялаудың басым бағыттарын белгілейді;
      2) Қордың инвестициялық портфельдері және (немесе) меншікті активтерінің түрлері бойынша жиынтықтағы зейнетақы активтері есебінен инвестициялаудың мынадай лимиттерін белгілейді және жылына кем дегенде бір рет қайта қарайды:
      белгілі бір мемлекеттің резиденті болып табылатын эмитенттердің қаржы құралдарына инвестициялау лимиттері ("елге лимит");
      қызметінің негізгі түрі экономиканың белгілі бір секторына байланысты эмитенттердің қаржы құралдарына инвестициялау лимиттері;
      3) Қордың зейнетақы активтері және (немесе) меншікті активтері бойынша инвестициялық портфельдердің түрлері бойынша инвестициялау лимиттерін белгілейді және жылына кем дегенде бір рет қайта қарайды:
      қаржы құралдарының түрлері бойынша инвестициялау лимиттері;
      валюталық нетто-позиция лимиті;
      инвестициялық портфель бойынша шығындардың жиынтық жол берілетін барынша жоғары мөлшері.
      10. Ұйымның директорлар кеңесі талдау функцияларын жүзеге асыратын бөлімшенің ұсынымдары және тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшенің қорытындысы негізінде Ұйымның меншікті активтерін инвестициялаудың басым бағыттарын белгілейді, Қағидалардың осы қосымшасының 9-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген Ұйымның меншікті активтері есебінен инвестициялау лимиттерін белгілейді және жылына кем дегенде бір рет қайта қарайды.
      11. Қордың (Ұйымның) инвестициялық комитеті талдау функцияларын жүзеге асыратын бөлімшенің ұсынымдары және тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшенің қорытындысы негізінде инвестициялық шешімдер қабылдайды, тоқсанда кем дегенде бір рет:
      1) Қордың зейнетақы активтеріне (жиынтықта инвестициялық портфельдердің барлық түрлері бойынша) және (немесе) меншікті активтеріне қатысты немесе Ұйымның (Ұйымның меншікті активтеріне қатысты) директорлар кеңесі бекіткен лимиттер шегінде қаржы құралдарымен операциялар бойынша мынадай лимиттерді:
      бір эмитенттің қаржы құралдарына инвестициялау мөлшері бойынша, сондай-ақ осы эмитенттің қаржы құралдарының түрлері бойынша лимиттерді;
      қаржы құралдары үшін "stop-loss" лимиттерін;
      қаржы құралдары үшін "take-profit" лимиттерін;
      2) Қордың инвестициялық портфельдерінің түрлері бойынша зейнетақы активтеріне немесе Ұйымның (Ұйымның меншікті активтеріне қатысты) директорлар кеңесі бекіткен лимиттер шегінде қаржы құралдарымен операциялар бойынша мынадай лимиттерді:
      қаржы құралдары номинирленген валюталар бойынша инвестициялау лимиттерін;
      шығындардың жол берілетін барынша жоғары мөлшерін (елі, валютасы, экономика секторы, қаржы құралдарының түрлері және эмитент бойынша);
      тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімше тоқсан сайын жүргізетін зейнетақы және меншікті активтер бойынша гэп-позицияларды талдау негізінде гэп-позициялар лимиттерін;
      3) "stop-loss" және "take-profit" лимиттері белгіленетін қаржы құралдарының тізбесін белгілейді және қайта қарайды.
      12. Зейнетақы активтері және (немесе) меншікті активтер есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельдердің түрлері бойынша шығындардың жол берілетін барынша жоғары мөлшерін (елі, валютасы, экономика секторы, қаржы құралының түрлері, жеке қаржы құралы бойынша және эмитент бойынша):
      1) зейнетақы және (немесе) меншікті активтерді дербес басқаруды жүзеге асыратын Қор бойынша шығындардың жиынтық жол берілетін барынша жоғары мөлшері шеңберінде Қордың тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшесі белгілейді және Қордың инвестициялық комитеті бекітеді;
      2) Қордың зейнетақы және (немесе) меншікті активтерін Ұйымға инвестициялық басқаруға берген Қор бойынша шығындардың жиынтық жол берілетін барынша жоғары мөлшері шеңберінде Ұйымның тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшесі белгілейді және Ұйымның инвестициялық комитеті бекітеді.
      13. Зейнетақы активтері есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельдердің түрлері бойынша шығындардың жиынтық жол берілетін барынша жоғары мөлшері мынадай формула бойынша анықталады:
      ШЖБЖМ (жиынт.) ЗА бойынша <= ЗА болжам *(К2 болжам -120%*(К2 болжам жүйе бойынша*0,7)), мұнда:
      ШЖБЖМ (жиынт.) ЗА бойынша - есептеу күнінде зейнетақы активтері есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельдердің түрлері бойынша шығындардың жиынтық жол берілетін барынша жоғары мөлшері;
      ЗА болжам - келесі есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша инвестициялық портфельдің әрбір түрі бойынша зейнетақы активтері мөлшерінің болжамды мәні;
      К2 болжам - инвестициялық портфельдің әрбір түрі бойынша пайыздың абсолютті мәні ретінде көрінген, келесі есепті кезеңнің соңындағы 60 (алпыс) ай ішінде Қордың К2 мөлшерінің болжамды мәні;
      К2 болжам жүйе бойынша - инвестициялық портфельдің әрбір түрі бойынша жүйе бойынша пайыздың абсолютті мәні ретінде көрінген, келесі есепті кезеңнің соңындағы 60 (алпыс) ай ішінде бүкіл жинақтаушы зейнетақы жүйесі бойынша К2 орташа мөлшерленген мөлшерінің болжамды мәні;
      К2 болжам жүйе бойынша * 0,7 - инвестициялық портфельдің әрбір түрі бойынша пайыздың абсолютті мәні ретінде көрінген К2 болжамды мәні, бұл кезде Қор инвестициялық портфельдің әрбір түрі бойынша нақты өтеуді бастайды.
      14. Қордың (Ұйымның) меншікті активтері есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфель бойынша шығындардың жиынтық жол берілетін барынша жоғары мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:
      ШЖБЖМ(жиынт.) МА <= 80%* (МКболжам-МКнорматив), мұнда:
      ШЖБЖМ(жиынт.) МА - Қордың (Ұйымның) меншікті активтері есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфель бойынша шығындардың жиынтық жол берілетін барынша жоғары мөлшері;
      МКболжам - келесі есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша Қордың (Ұйымның) меншікті капиталы мөлшерінің болжамды мәні;
      МКболжам = ӨАболжам - Мболжам;
      ӨАболжам - өтімді активтер мөлшерінің болжамды мәні;
      Мболжам - міндеттемелер мөлшерінің болжамды мәні;
      МКнорматив = ВПА * К1 мұнда:
      МЗА - соңғы есепті күндегі тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген зейнетақы активтері;
      К1 - Ұйымның және зейнетақы активтерi осы Ұйымның инвестициялық басқаруындағы Қордың арасында жасалған меншiктi капитал жеткiлiктiлiгiнің жиынтық коэффициентін сақтау туралы шартпен белгіленетін меншiктi капитал жеткiлiктiлiгiнің барынша төмен деңгейі;
      МКнорматив - меншікті капитал жеткіліктілігі жөніндегі ең төмен талап орындалатын меншікті капиталдың есептелетін мөлшері.
      15. Қордың (Ұйымның) зейнетақы активтері немесе меншікті активтері есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельдердің түрлері бойынша жиынтық шығындар зейнетақы активтері есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельдердің түрлері және (немесе) меншікті активтер есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфель бойынша шығындардың жиынтық жол берілетін барынша жоғары мөлшерінен аспауы тиіс.
      Қор (Ұйым) нақты шығындар шығындардың жиынтық жол берілетін барынша жоғары мөлшерінің мәнінен немесе ел, валюта, экономика секторы, қаржы құралының түрлері бойынша, эмитент бөлігінде асқан жағдайда талдау жүргізеді және жасалған талдау нәтижелеріне байланысты тиісті түзету шараларын жүзеге асырады не шығындардың жол берілетін барынша жоғары мөлшерінің мәнін қайта қарайды.

Жинақтаушы зейнетақы қорлары
және зейнетақы активтерін
инвестициялық басқаруды
жүзеге асыратын ұйымдар үшін
тәуекелдерді басқару және
ішкі бақылау жүйелерін
қалыптастыру қағидаларына
9-қосымша      

Қордың (Ұйымның) инвестициялық қызметі барысындағы тәуекелдерге мониторинг жүргізуді ұйымдастыру

      1. Қордың (Ұйымның) тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшесі Қордың (Ұйымның) қызметіне тұрақты мониторинг жүргізуді іске асырады, тұрақты негізде тәуекелдерді бағалауды жүргізеді және тәуекелдердің деңгейін төмендету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады, атап айтқанда:
      1) тәуекелдерді талдауға және бағалауға қажетті ақпараттарды жинау барысын ұйымдастырады;
      2) әдіснаманы әзірлейді және жетілдіреді және тәуекелдерді талдау мен бағалау барысын ұйымдастырады;
      3) тәуекелдерді басқару әдістерін, оның ішінде зейнетақы және (немесе) меншікті активтер есебінен сатып алынған қаржы құралдарын хеджирлеу қағидаттарын әзірлейді;
      4) тәуекелдердің деңгейін төмендету жөніндегі іс-шараларды жоспарлайды және оған бастамашылық етеді;
      5) тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылайды;
      6) мыналарға:
      Қордың (Ұйымның) баланстық есептеріне, сондай-ақ меншікті және (немесе) зейнетақы активтері бойынша кірістері мен шығындарына;
      өтімділіктің төмендеуіне, қаржы құралдарына бағалардың өзгеруіне;
      зейнетақы активтерінің есебінен құрылған инвестициялық портфельдердің және (немесе) меншікті активтердің есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельдің түрлеріне байланысты тәуекелдер деңгейінің өзгеруіне талдау жүргізеді;
      меншікті және (немесе) зейнетақы активтеріне мынадай факторлардың рентабельділігі мен өтімділігінің ықпал етуін болжайды:
      ел тәуекелі;
      валюта тәуекелі;
      қаржы құралдарын мерзімінен бұрын өтеу тәуекелі;
      эмитент рейтингінің өзгеру тәуекелі;
      7) әлеуетті және ықтимал тәуекелдерді білдіретін ішкі және сыртқы экономикалық факторларды сәйкестендіреді және талдайды, олардың Қордың (Ұйымның) қаржылық көрсеткіштеріне әсерінің деңгейін бағалайды;
      8) Қордың (Ұйымның) жауапты бөлімшелерінің тәуекелдерді жүргізілетін операциялардың түрлері бойынша, белгіленген лимиттерді қаржы құралдарымен жасалатын операциялар бойынша, шығындардың жол берілетін барынша жоғары мөлшерін, "stop-loss", "take-profit" лимиттерін, гэп-позицияға лимиттерді және № 180 қаулыда, № 181 қаулыда, № 189 қаулыда және № 215 қаулыда белгіленген инвестициялық портфельдердің түрлерін әртараптандыру бойынша нормаларды бөлу саясатын орындауын бақылайды.
      2. Қордың (Ұйымның) жауапты бөлімшелері инвестициялық қызметтің, инвестициялық портфельдердің түрлері бойынша кірістердің (шығыстардың) нәтижелеріне мониторинг жүргізу мақсатында мынадай іс-әрекеттерді жүзеге асырады:
      1) Қордың (Ұйымның) зейнетақы және (немесе) меншікті активтер есебінен сатып алынған қаржы құралдарын есептеуге жауапты бөлімшесі:
      күн сайын зейнетақы және (немесе) меншікті активтер есебінен инвестициялық қызметтің нәтижесінде алынған кірістер мен шығындарды есептеуді жүзеге асырады және тиісті ақпаратты тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшеге береді;
      қаржы құралының нарықтық құны болмаған жағдайда халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қаржы құралының құнсыздануына жүргізілген тест нәтижелерін қолданады;
      2) тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімше қаржы құралдары бойынша әділ бағаны анықтау дұрыстығына мониторинг жүргізуді іске асырады.
      3. Тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімше мыналар арқылы инвестициялық портфельдердің түрлері бойынша өтімділікке мониторинг жүргізеді:
      1) сатып алуға ұсынылатын хеджирлеу құралдарын өтеу мерзімдері бойынша қорытынды шығару үшін активтер мен міндеттемелерді өтеу мерзімдерінің күн сайынғы кестесін пайдалану;
      2) сыйақы мөлшерлемелерінің өзгеруіне сезімтал активтер мен міндеттемелер жөніндегі дюрация көрсеткіштерінің тұрақты мониторингін жүргізу;
      3) қаржы құралдарымен жасалатын операциялар бойынша өтімділікті жоғалту тәуекелін, валюта тәуекелін қадағалау;
      4) валюта бағамдарының өзгерістеріне сезімталдықты анықтау үшін валюта құралдарының құнын бағалау жүргізілетін ашық валюта позицияларына немесе модельдеріне талдау жүргізу;
      5) валюта бағамдарының өзгеруін талдау үшін қосалқы жүйелерді пайдалану.
      Тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімше инвестициялық комитетті позиция бойынша өтімділікті жоғалту тәуекелі, динамикадағы валюта тәуекелі жөнінде және сатып алу (сату) операцияларының түрлері бойынша хабардар етеді және де активтер мен міндеттемелерді басқару саясатына сәйкес туынды қаржы құралдарының көмегімен валюта тәуекелін хеджирлеу құралдарын пайдалануға не белгіленген лимиттердің мөлшерін өзгертуге бастамашылық етеді.
      4. Портфельдің құрылымын талдауға жауапты бөлімше ақша ағынын және активтер мен міндеттемелерді өтеу мерзімдерін бақылауды мыналар арқылы жүргізеді:
      ақша ағыны графигінің және активтер мен міндеттемелерді өтеу мерзімдері графигінің көмегі арқылы қажетті ақшаны бақылау;
      VAR моделіне енгізілетін рұқсат етулерді ескере отырып, өтеу мерзімдері бойынша кірістілік деңгейлерін анықтау;
      гэп-позициялар лимитінің сақталуына мониторинг жүргізу.
      5. Тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімше пайыздық тәуекелдерді бағалауға арналған деректерді жинау мен талдау жүйесіне ие және пайыздық тәуекелге жүргізілетін мониторингті, пайыздық тәуекелдің негізгі көздерін (өтеу мерзімдеріндегі ерекшеліктер, қарыз капиталының нарықтық мөлшерлемесі, кіріктірме опциондар) жүзеге асырады.
      6. Тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімше:
      1) тәуекелді бағалау моделінің және ағымдағы бағаны нарықтық бағаға сәйкес келтіру негізінде қаржы құралдарының құнына бағалау жүргізеді, оның ішінде Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес 1-нысаны бойынша баға тәуекелі бойынша стресс-тестингті жүзеге асырады;
      2) бэк-тестинг өткізеді, атап айтқанда Қор (Ұйым) жөніндегі тарихи деректерді пайдалана отырып және стресс-тестингті жүргізу нәтижесінде есептелген қорытындыларды қаржы құралдарымен операцияларды жасаудың ағымдағы (нақты) нәтижелерінің қорытындыларымен салыстыру арқылы тәуекелдерді өлшеу рәсімдерінің тиімділігін тексеруді жүзеге асырады;
      3) директорлар кеңесіне және қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға қатысты инвестициялық шешімдерді қабылдау кезінде тәуекелді бағалаудың және тұрақты стресс-тестингтердің нәтижелерін пайдаланатын инвестициялық комитетке стресс-тестингтер мен бэк-тестингтердің нәтижелерін береді.
      7. Қордың (Ұйымның) инвестициялық қызметіндегі құқықтық тәуекелдердің мониторингiн қамтамасыз ету мынадай iс-әрекеттердi жүргiзу арқылы жүзеге асырылады:
      1) тәуекелдердi басқаруды жүзеге асыратын бөлiмше Қағидалардың 4-қосымшасының 7-тармағы 3) тармақшасының алтыншы абзацында айқындалған әртараптандыру нормаларын жауапты бөлiмшелердiң орындауын тұрақты негiзде бақылайды;
      2) құқықтық қамтамасыз ету функциясын жүзеге асыратын бөлiмше:
      шарттардың жобаларына және шарттарға байланысты құжаттарға, Қордың (Ұйымның) iшкi құжаттарының, оның iшiнде қаржы құралдарымен операцияларды жүргiзуге қатысты құжаттардың жобаларына құқықтық сараптама жүргізу арқылы Қор (Ұйым) қызметiнiң Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуіне бақылау жасайды;
      қызметкерлерді Қордың (Ұйымның) қызметiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістермен тұрақты негiзде таныстыруды қамтамасыз етеді;
      3) Қордың (Ұйымның) басқармасы анықтайтын жауапты құрылымдық бөлімшелер:
      Қордың (Ұйымның) қызметiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгеріске байланысты қосымша тәуекелдердің пайда болу мүмкіндігін бағалайды;
      қызметкерлерді Қордың (Ұйымның) iшкi құжаттарымен таныстыруды жүзеге асырады;
      Қордың шарттық қатынастарды сақтауын қамтамасыз етеді және қарсы әріптестердің өз міндеттемелерін сақтауына бақылау жасайды.
      8. Сауда бөлімшесі ұсынатын ақпаратты ескергенде, зейнетақы және (немесе) меншікті активтерді инвестициялық басқаруды және тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшелер қарсы әріптестердің қаржылық есептілігін, құқық белгілеуші құжаттарын, қарсы әріптестің қабылданған міндеттемелерді орындау қабілеттілігіне әсер ететін басқа да ақпаратты зерделеу арқылы оларға тұрақты негізде талдау және мониторинг өткізеді және қарсы әріптестердің қызметі туралы жағымсыз ақпарат анықталған жағдайда Қордың (Ұйымның) басқармасына және Қордың (Ұйымның) инвестициялық комитетіне есеп дайындайды.
      9. Қордың (Ұйымның) зейнетақы және (немесе) меншікті активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын бөлімшесі эмитенттің қаржылық жай-күйіне, эмитенттің қаржы құралдарының құнына әсер ететін ақпараттың пайда болуына немесе олардың өз міндеттемелерін орындау мүмкіндігіне тұрақты негізде мониторинг жүргізеді. Ақпарат инвестициялық комитетке тоқсанына кем дегенде бір рет беріледі.

Жинақтаушы зейнетақы қорлары
және зейнетақы активтерін
инвестициялық басқаруды
жүзеге асыратын ұйымдар үшін
тәуекелдерді басқару және
ішкі бақылау жүйелерін
қалыптастыру қағидаларына
10-қосымша      

Тәуекелдерді басқару жүйелерін қолдау үшін пайдаланылатын
бағдарламалық-техникалық қамтамасыз ету

      1. Қордың (Ұйымның) қызметінің мынадай түрлері автоматтандырылуы тиіс:
      1) бухгалтерлік есеп және Қордың меншікті және зейнетақы активтері бойынша бөлек жүзеге асырылатын қаржылық және өзге де есептілікті жасау;
      2) зейнетақы активтерінің есебінен инвестициялық портфельдердің түрлері бойынша басқару (қаржы құралдарымен операциялар жүргізу, жүргізілген операциялар бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру, инвестициялау лимиттерін бақылау, ішкі есеп жүйесінің журналдарын жүргізу);
      3) тәуекелдерді басқару жүйесінің жұмыс істеуіне қажетті ақпараттарды жинау;
      4) нақты уақыт режиміндегі тәуекелдерді бақылау мүмкіндігін қамтамасыз ету арқылы инвестициялық портфель ұшыраған тәуекелдерді басқару.
      2. Қордың (Ұйымның) ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі нақты жүйелік проблемаларды есепке алуды жүргізеді, оларды ескере отырып проблемалардың қайта туындауының алдын алу мақсатында мынадай іс-шараларды өткізу арқылы қауіпсіздік шараларын әзірлеу бойынша шұғыл шаралар қолданылады:
      1) техникалық проблемаларды есепке алу парағын толтыру және ол бойынша есептілікті жүргізу;
      2) проблемалардың туындау себептерін қадағалау, ол туралы ақпараттық жүйенің дайындаушысына хабарлау және олардың қайта туындауын алдын алу үшін түзету шараларын қабылдау;
      3) автоматтандырылған деректер базасының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін техникалық кешендерді тоқсанында кем дегенде бір рет тексеру жүргізу;
      4) автоматтандырылған деректер базасын басқару терминалдарын пайдаланушыларға мониторинг жасауды және оларды бірегейлендіруді, оның ішінде пайдаланушының қызметтік міндеттеріне олардың сәйкес келу мәніне жүргізілген операциялардың түрлерін және көлемін бақылауды жүзеге асыру.

Жинақтаушы зейнетақы қорлары
және зейнетақы активтерін
инвестициялық басқаруды
жүзеге асыратын ұйымдар үшін
тәуекелдерді басқару және
ішкі бақылау жүйелерін
қалыптастыру қағидаларына
11-қосымша      

Зейнетақы және меншікті активтер бойынша белгіленген
"stop - loss" және "take - profit"
лимиттерiн сақтау (пайдалану) туралы есеп
"____________________________________"
(ұйымның атауы)
__________________ бастап ____________ дейiнгi кезең үшін

Қаржы құралы

Белгіленген "stop - loss" лимиті

Белгіленген "take -profit" лимиті

Лимиттен асып кеткен жағдайда ұшыраған шығындар

Лимиттен асып кеткен жағдайда қолданылған шаралар





















Жиынтығы





      Ұйымның бірінші басшысы (не оның орнындағы адам)
      ___________________________ ___________
                  қолы               күні

      Тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшенің басшысы
      ___________________________ ___________
            қолы                     күні

      Ішкі аудит қызметінің басшысы
      ___________________________ ___________
               қолы                  күні

      Ескерту:
      Есеп меншікті және зейнетақы активтері бойынша жеке беріледі.";
      "Лимиттен асып кеткен жағдайда ұшыраған шығындар" деген бағанда алынған кірістер ескерілген шығындар көрсетіледі.