Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 58 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 11 сәуірде № 7555 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 254 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 272 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының немесе сақтандыру холдингінің белгілеріне ие тұлғаларға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру холдингіне, сондай-ақ сақтандыру тобының құрамына кіретін заңды тұлғаларға мәжбүрлеу шараларын қолдану қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Ірі қатысушы белгісін иеленетін тұлғаларға, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына мәжбүрлеу шараларын қолдану ережесін бекіту туралы" 2008 жылғы 28 қарашадағы № 185 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5469 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Г. Марченко


  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 90 қаулысымен бекітілген

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының немесе сақтандыру холдингінің белгілеріне ие тұлғаларға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру холдингіне, сондай-ақ сақтандыру тобының құрамына кіретін заңды тұлғаларға мәжбүрлеу шараларын қолдану қағидалары

      Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының немесе сақтандыру холдингінің белгілеріне ие тұлғаларға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру холдингіне, сондай-ақ сақтандыру тобының құрамына кіретін заңды тұлғаларға мәжбүрлеу шараларын қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы (бұдан әрі - Заң), "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) ірі қатысушының немесе сақтандыру холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының белгілеріне ие тұлғаларға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушыларына, сондай-ақ сақтандыру тобының құрамына кіретін заңды тұлғаларға қатысты мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртібін белгілейді.

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тұрақты қызметін қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті орган Заңның 53-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайлар болған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингінің белгілеріне ие тұлғаларға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру холдингіне, сондай-ақ сақтандыру тобының құрамына кіретін заңды тұлғаларға Заңның 53-1-бабының 2-тармағында көзделген мәжбүрлеу шараларын қолданады.

      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингінің белгілеріне ие тұлға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі және сақтандыру тобының құрамына кіретін заңды тұлғалар уәкілетті органның оған мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы жазбаша хабарламасын алғаннан кейін күнтізбелік он күннің ішінде уәкілетті органға растайтын құжаттарды қоса бере отырып, іс-шаралар жоспарының әрбір тармағы бойынша орындау мерзімдерін, іс-шаралар жоспарының орындалуына жауапты лауазымды тұлғаларды көрсете отырып уәкілетті органның талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұсынады.

      3. Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын қарайды және іс-шаралар жоспарын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингінің белгілеріне ие тұлғаға, немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына, сақтандыру холдингіне және сақтандыру тобының құрамына кіретін заңды тұлғаға өз қорытындысын береді.

      Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарымен келіспеген жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингінің белгілеріне ие тұлғаға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына, сақтандыру холдингіне және сақтандыру тобының құрамына кіретін заңды тұлғаларға белгілі мерзімдерде нақты іс-шараларды орындау туралы нұсқау жібереді.

      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингінің белгілеріне ие тұлға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі және сақтандыру тобының құрамына кіретін заңды тұлғалар іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімдерде іс-шаралардың орындалуы туралы есепті уәкілетті органға береді.

      Егер іс-шаралар жоспарын орындаудың белгіленген мерзімі бір айдан асып кеткен жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингінің белгілеріне ие тұлға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі және сақтандыру тобының құрамына кіретін заңды тұлғалар оның кезең-кезеңімен орындалуы туралы уәкілетті органға ай сайын хабарлайды.

      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының немесе сақтандыру холдингінің белгілеріне ие тұлғаның, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының, сақтандыру холдингінің және сақтандыру тобының құрамына кіретін заңды тұлғаның уәкілетті органның талаптарын орындау мерзімінің басталуы олардың жазбаша хабарламаны алған күн болып саналады.