"Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамын Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңы ретінде белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік Қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 74 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 23 желтоқсандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4494 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 17 шілдедегі № 139 қаулысымен

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлықтары жөніндегі комиссияның ұсынысын қарай отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1.   Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы 2006 жылғы Қазақстан
Республикасының мемлекеттік сыйлықтары мыналарға берілсін:
      Күләш Ахметоваға, ақын - "Құт" өлеңдер жинағы үшін;
      Сайын Мұратбековке, жазушы - "Жабайы алма" романы үшін;
      Алдан Смайылға, жазушы - "Тамұқтан келген адам" романы үшін;
      Есенғали Раушановқа, ақын - "Періштелер мен құстар" өлеңдер жинағы үшін;
      Мыңжасар Маңғытаевқа, сазгер - "Атамекен" кантатасы, "Қайдасың арман", "Тұнжыр көктем" романстары, "Тұлпар" симфониялық поэмасы, "Отырар шайқасы" поэмасынан "Мөлдір махаббат" дуэті үшін;
      Ескендір Хасанғалиевқа, сазгер - 2001 - 2005 жылдардағы концерттік бағдарламалары, "Ескірмеген махаббат", "Атамекен" авторлық ән кештері үшін;
      Юрий Исаакович Александровқа, қоюшы-режиссер; Вячеслав Александрович Окуневке, қоюшы-суретші; Базарғали Әжіұлы Жаманбаевқа, бас хормейстер; Талғат Пердебекұлы Күзенбаевқа, Абылай хан партиясын орындаушы; Шахимардан Қайдарұлы Әбіловке, Бұхар жырау партиясын орындаушы - "Абылай хан" операсы үшін.

      2. 2006 жылға арналған Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының ақшалай сыйақысы
2000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.

       Қазақстан Республикасының
      Пермьер-Министрі