Орталық депозитарийдің есептерді ұсыну ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 252 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 18 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3072. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының 2015 жылғы 17 шілдедегі № 130 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 17.07.2015 № 130 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 2-тармағының 15) тармақшасына, 52-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді:
      1. Осы қаулының 1-қосымшасына қоса берілетін Орталық депозитарийдің есептерді ұсыну ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап осы қаулының 2-қосымшасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
      4. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің барлық мүдделі бөлімшелеріне және орталық депозитарийге жіберсін.
      5. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық
ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға

Қазақстан Республикасының    
Қаржы нарығын және қаржы     
ұйымдарын реттеу мен қадағалау  
жөніндегі агенттігі Басқармасының
"Орталық депозитарийдің есептерді
ұсыну ережесін бекіту туралы"  
2004 жылғы 21 тамыздағы     
N 252 қаулысына 1-қосымша   

Орталық депозитарийдің есептерді ұсыну ережесі

      Осы Ереже орталық депозитарийдің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне (бұдан әрі – уәкілетті орган) есептер ұсыну тәртібі мен нысандарын белгілейді.
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 64 (қолданысқа 2013.01.01 бастап енгізіледі) Қаулысымен.

      1. Орталық депозитарий тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей, уәкілетті органға есепті тоқсанның мынадай есептерді ұсынады:
      1) осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес орталық депозитарийдің депоненттері туралы есеп;
      2) орталық депозитарийде номиналды ұстауда тұрған бағалы қағаздар және осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес олармен жасалған операциялар туралы есеп;
      3) осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес орталық депозитарийде номиналды ұстауда тұрған инвестициялық корлардың пайларын (акцияларын) ұстаушылар саны туралы мәліметтер.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 64 (қолданысқа 2013.01.01 бастап енгізіледі) Қаулысымен.

      2. Осы Ереженің 2-қосымшасының нысаны бойынша есеп номиналды ұстаудағы бағалы қағаздардың әр түрі бойынша толтырылады.

      3. Есептер ұсынылатын деректердің құпиялылығын және түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографикалық қорғау құралдары бар ақпараттың жеткізілуіне кепілдік беретін көлік жүйесін пайдалана отырып, электрондық тасымалдағышта ұсынылады.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.06.25 N 173 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      4. Уәкілетті орган есептерді қараған кезде орталық депозитарийден есептерде көрсетілген ақпараттарды тексеру үшін қажетті мәліметтер мен құжаттарға сұрату жасай алады.

      5. Орталық депозитарий және оның лауазымды тұлғалары есептерді бермегені, уақтылы бермегені немесе есептерде шынайы емес мәліметтерді бергені үшін Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауап береді.

      6. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен шешіледі.

                                           Орталық депозитарий   
                                        есептерін ұсыну ережесіне
                                                1-қосымша        

           _______________________ жағдай бойынша
        орталық депозитарий депоненттері туралы есеп

___________________________________________________________________
Р/с|Депо.|Лицензия.|    Күні   |Кезең соңындағы номиналды ұстаушы
N |нент |лардың   |___________| жүйесіндегі депоненттің қосалқы
   |атауы|түрлері  |Номи.|Номи.|       шоттарының саны
   |     |және де. |налды|налды|___________________________________
   |     |ректеме. |ұс.  |ұс.  |Бар.|Қазақ.|Қазақ.|Қазақ. |Қазақ.
   |     |лері (ше.|таушы|таушы|лығы|стан  |стан  |стан   |стан
   |     |телдік   |шар. |шар. |    |Респу.|Респу.|Респу. |Респу.
   |     |депонент.|тын  |тын  |    |блика.|блика.|блика. |блика.
   |     |тер үшін |жасау|бұзу |    |сының |сының |сының  |сының
   |     |елдердің |     |     |    |жинақ.|инвес.|екінші |сақтан.
   |     |атаулары)|     |     |    |таушы |тиция.|деңге. |дыру
   |     |         |     |     |    |зейне.|лық   |йдегі  |(қайта
   |     |         |     |     |    |тақы  |қор.  |банк.  |сақтан.
   |     |         |     |     |    |қор.  |лары  |тері   |дыру)
   |     |         |     |     |    |лары  |(ИҚ   |(меншік|ұйымдары
   |     |         |     |     |    |(зей. |актив.|иеле.  |(меншік
   |     |         |     |     |    |нетақы|тері) |рінің) |иеле.
   |     |         |     |     |    |актив.|      |       |рінің)
   |     |         |     |     |    |тері) |      |       |
___________________________________________________________________
1    2         3      4     5     6     7      8       9     10
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

Кестенің жалғасы
___________________________________________________________________
    Кезең соңындағы номиналды ұстаушы жүйесіндегі депоненттің
                    қосалқы шоттарының саны
___________________________________________________________________
Қазақ. |Қазақ.|Қазақ.|Қазақ.|Қазақ.|Қазақ.|Қазақ.|Қазақ.|Ақпарат
стан   |стан  |стан  |стан  |стан  |стан  |стан  |стан  |ашылмаған
Респу. |Респу.|Респу.|Респу.|Респу.|Респу.|Респу.|Респу.|бағалы
блика. |блика.|блика.|блика.|блика.|блика.|блика.|блика.|қағаздар
сының  |сының |сының |сының |сының |сының |сының |сының |ұстаушы.
брокер-|қаржы |рези. |рези. |рези. |рези. |рези. |рези. |лары
дилер. |рыно. |дент. |дент  |дент. |дент. |дент  |дент  |
лері   |гының |тері- |емес. |тері- |тері- |емес. |емес. |
(банк  |басқа |номи. |тері- |басқа |жеке  |тері- |тері- |
емес   |лицен.|налды |номи. |заңды |тұлға.|басқа |жеке  |
меншік |зиат. |ұстау.|налды |тұл.  |лары  |заңды |тұлға.|
иеле.  |тары  |шылары|ұстау.|ғалары|      |тұл.  |лары  |
рінің) |(мен. |      |шылары|      |      |ғалары|      |
       |шік   |      |      |      |      |      |      |
       |иеле. |      |      |      |      |      |      |
       |рі)   |      |      |      |      |      |      |
___________________________________________________________________
   11     12     13     14      15     16    17    18       19
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      Депоненттер санының жиынтығы: _____

                                          Орталық депозитарий   
                                       есептерін ұсыну ережесіне
                                              2-қосымша        

    ________________ бастап _______________ дейінгі кезең
   аралығындағы орталық депозитарийдің номиналды ұстауында
  болған бағалы қағаздар және солармен жасалған операциялар
                       туралы есеп

___________________________________________________________________
N| Бағалы |Бағалы|Орталық |Кезең   |Номиналды  |Номиналды ұстаудан
|қағаздар|қағаз.|депози. |аяғында |ұстауға    |шығарылған бағалы
|эмитен. |дың   |тарий   |орталық |қабылданған|қағаздар саны (оның
| тінің  |біре. |номи.   |депози. |бағалы қа. |ішінде жою, өтеу
| атауы  |гей.  |налды   |тарий   |ғаздар саны|кезінде), дана
|        |лен.  |ұстауды |жүйесі  |           |
|        |діру  |жүзеге  |есебін. |           |
|        |нөмірі|асыратын|дегі    |           |
|        |      |тіркеу. |бағалы  |           |
|        |      |шінің,  |қағаздар|           |
|        |      |касто.  |қалдығы,|           |
|        |      |дианның |  дана  |           |
|        |      |немесе  |        |           |
|        |      |басқа   |        |           |
|        |      |ұйымның |        |           |
|        |      |атауы   |        |           |
___________________________________________________________________
1     2        3      4        5          6              7
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Жиынтығы     х        х
___________________________________________________________________

Кестенің жалғасы
___________________________________________________________________
Бір жеке шоттан екіншісіне аударым|Қосалқы шоттар бойынша аударым
жасалған бағалы қағаздардың саны, |жасалған бағалы қағаздар саны
               дана                |(жеке шоттар арасындағы бағалы
___________________________________|қағаздарды аудару операцияларын
Бар.|Бастапқы рынок| Қосалқы рынок |        ескермей), дана
лығы|______________|_______________|_______________________________
    |Бағалы|Бағалы |Бағалы |Бағалы |Бар.| Бастапқы   |  Қосалқы
    |қағаз.|қағазд.|қағазд.|қағазд.|лығы|   рынок    |    рынок
    |дардың|ұйым.  |ұйым.  |ұйым.  |    |____________|_____________
    |ұйым. |дасты. |дасты. |дасты. |    |Ба.  |Бағалы|Бағалы|Бағалы
    |дасты.|рылма. |рылған |рылма. |    |ғалы |қа.   |қа.   |қа.
    |рылған|ған    |рыногы |ған    |    |қа.  |ғазд. |ғазд. |ғазд.
    |рыногы|рыногы |       |рыногы |    |ғазд.|ұйым. |ұйым. |ұйым.
    |      |       |       |       |    |ұйым.|дас.  |дас.  |дас.
    |      |       |       |       |    |дас. |тырыл.|тыры. |тырыл.
    |      |       |       |       |    |тыры.|маған |лған  |маған
    |      |       |       |       |    |лған |рыногы|рыногы|рыногы
    |      |       |       |       |    |ры.  |      |      |
    |      |       |       |       |    |ногы |      |      |
___________________________________________________________________
  8     9       10      11      12   13    14     15    16     17
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      Шығарылған санының жиынтығы: _______
      Орталық депозитарий номиналды ұстауды жүзеге асыратын тіркеушілердің, кастодиандардың және басқа ұйымдардың жалпы саны:______

                                  Орталық депозитарийдің есептерді
                                     ұсыну ережесіне 3-қосымша

       РҚАО-ның ескертуі!
      3-қосымша 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.01.26 N 7 Қаулысымен.

          20___жылғы "___"______________ жағдай бойынша/
      жеке шоттардың бірыңғай жүйесін жүргізу бойынша қызметтің
                    қорытындылары жөніндегі есеп

N

Тіркеушінің атауы

Жеке шоттардың бірыңғай жүйесін жүргізуге шарт жасасу күні

Эмитенттің атауы 1

Бағалы қағаздың ұлттық сәйкестендіру нөмірі

Эмитенттің бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілім жүйесінде ашылған жеке шоттарының саны 2







      Ескерту:
       1 Эмитенттің атауы көрсетіледі, оның ішінде акциялардың (облигациялардың) эмитенті болып табылатын акционерлік қоғамның, облигациялардың эмитенті болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атауы, инвестициялық пай қорының және оның басқарушы компаниясының атауы.
       2 Осы эмитенттің бағалы қағаздарының әр түрі бөлігінде әр эмитент бойынша жеке шоттардың саны көрсетіледі (жай акциялар, артықшылығы бар акциялар, облигациялар, пайлар.).".

                                      Орталық депозитарийдің 
есептерді ұсыну ережесіне
3-қосымша       

       Ескерту. 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.01.26 N 7, өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 64 (қолданысқа 2013.01.01 бастап енгізіледі) Қаулыларымен.

       20___жылғы "___"______________ жағдай бойынша орталық
      депозитарийдің номиналды ұстауында болған инвестициялық
   қорлардың пай (акциялар) ұстаушыларының саны туралы мәліметтер

N

Инвестициялық қордың атауы

Басқарушы компанияның атауы

Кастодианның атауы

Пайдың (акцияның) ұлттық сәйкестендіру нөмірі

1





2





...





Инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарын ұстаушылардың жалпы жиынтық саны:





Пай ұстаушылардың жиынтық саны:





Акциялар ұстаушылардың жиынтық саны:





кестенің жалғасы

Инвестициялық қорлардың пайларын (акцияларын) ұстаушылардың жалпы саны

Инвестициялық қорлардың пайларын (акцияларын) ұстаушылардың саны

Жеке тұлғалардың

Заңды тұлғалардың

резиденттердің

резидент еместердің

резиденттердің

резидент еместердің






















Қазақстан Республикасының    
Қаржы нарығын және қаржы     
ұйымдарын реттеу мен қадағалау  
жөніндегі агенттігі Басқармасының
"Орталық депозитарийдің есептерді
ұсыну ережесін бекіту туралы"  
2004 жылғы 21 тамыздағы     
N 252 қаулысына 2-қосымша   

Қазақстан Республикасының күші жойылды деп танылған
нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

      Мынадай нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын:
      1) Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының есеп беруін ұсыну тәртібі туралы" нұсқаулығын бекіту туралы" 1996 жылғы 22-қазандағы N 118 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркелу тізілімінде N 238 тіркелген, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы бойынша нормативтік құқықтық және нормативтік актілер жинағында 2001 жылғы сәуірде жарияланған, 4-том);
      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының есеп беруін ұсыну тәртібі туралы" 1996 жылғы 22-қазандағы N 118 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2002 жылғы 2-қыркүйектегі N 356 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркелу тізілімінде N 1990 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2002 жылғы 4-17 қарашада жарияланған, N 23);
      3) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1865 тіркелген, Агенттік Басқармасының "Сауда-саттық ұйымдастырушылардың есеп беру ережесін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 238 тіркелген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссияның "Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының есеп беру тәртібі туралы" Нұсқаулықты бекіту жөнінде" 1996 жылғы 22 қазандағы N 118 қаулысына, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1865 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының және бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың апта және ай сайынғы есепті ұсыну тәртібі туралы" 2002 жылғы 13 сәуірдегі N 130 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2004 жылғы 15 наурыздағы N 77 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркелу тізілімінде N 2817 тіркелген);
      4) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2124 тіркелген, Агенттік Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 238 тіркелген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының есеп беру тәртібі туралы" нұсқаулықты бекіту жөнінде" 1996 жылғы 22 қазандағы N 118 қаулысына және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2124 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 18 желтоқсандағы N 486 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 116 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркелу тізілімінде N 2854 тіркелген).