Қазақстан Республикасында Бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу туралы

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздағы N 78 Заңы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 2 шілдедегі N 461 Заңымен

      "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. 1997 жылы даярлау, қайта даярлау және әскери бiлiмдерiн жетiлдiру жөнiндегi оқу жиындарына запастағы солдаттар мен сержанттар 3500 адам санында шақырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерiмен оқу жиындарын өткiзудiң мерзiмдерi мен уақытын келiссiн.
      3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi оқу жиындарын өткiзу шығыстарын 1997 жылы қорғанысқа көзделген бюджеттiк қаражат шегiнде қарастырсын.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi