"Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 17-1-бабына сәйкес қаулы етемін:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң құрылымы бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратын, оның филиалдарын және өкілдігін қоса алғанда жалпы штат саны 2161 бірлік болып бекітілсін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 17.08.2022 № 985 Жарлығымен.3. Қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр Жарлықтарының күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы Жарлық 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы
ЕРЕЖЕ
Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 12.12.2018 № 803 Жарлығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Қазақстан Ұлттық Банкі) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеуді және жүргізуді, төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесетін, валюталық реттеу мен валюталық бақылауды, статистикалық қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ өз құзыреті шегінде қаржы нарығын, қаржы ұйымдарын және өзге де тұлғаларды және Қазақстан Республикасының қаржылық заңнамасы саласындағы мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 11.11.2019 № 203 Жарлығымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).2. Қазақстан Ұлттық Банкі өзінің филиалдарымен, өкілдіктерімен және ұйымдарымен бірге тікелей бағыну схемасындағы біртұтас орталықтандырылған құрылымды құрайды.
3. Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады, Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді, өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ережеге (бұдан әрі – Ереже) сәйкес жүзеге асырады.
4. Қазақстан Ұлттық Банкі республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік тілде өзінің атауы жазылған мөрі, мөртабандары, сондай-ақ өзінің эмблемасы және белгіленген үлгідегі бланкілері болады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалдары (бұдан әрі – филиал) Қазақстан Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесінің шешімімен ашылады, оған есеп береді және өз қызметін Қазақстан Ұлттық Банкі белгілеген өкілеттіктер шегінде жүзеге асырады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесі бекітетін филиалдың құрылымына құқықтық мәртебесі мен өкілеттіктері Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалы туралы ережеде айқындалатын бөлімдер мен басқа да бөлімшелер кіруі мүмкін.
Филиал өз қызметінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының, Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті мен Директорлар кеңесінің қаулыларын, Қазақстан Ұлттық Банкінің бұйрықтарын, өкімдерін, Ережені және Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалы туралы ережені басшылыққа алады.
Филиалды ашу және жабу тәртібі, оның өкілеттіктері, міндеттері мен функциялары Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалы туралы ережеде және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
Филиалдың қызметіне басшылықты Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы лауазымға тағайындайтын (лауазымнан босататын) оның директоры жүзеге асырады.
Филиалдың директоры өз қызметін филиал туралы ереже және Қазақстан Ұлттық Банкінің сенімхаты негізінде жүзеге асырады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің өкілдіктері Қазақстан Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесінің шешімімен Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тыс жерлерде де ашылады және Қазақстан Ұлттық Банкі белгілеген өкілеттіктер шегінде Қазақстан Ұлттық Банкінің мүдделерін қорғауды және білдіруді жүзеге асырады.
Өкілдіктерді ашу, жабу тәртібі, олардың өкілеттіктері және құқықтық мәртебесі Қазақстан Ұлттық Банкінің өкілдіктері туралы ережелерде айқындалады.
Өкілдіктің қызметіне басшылықты Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы лауазымға тағайындайтын (лауазымнан босататын) өкілдік басшысы жүзеге асырады.
Өкілдік басшысы өз қызметін өкілдік туралы ереже және Қазақстан Ұлттық Банкінің сенімхаты негізінде жүзеге асырады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің ішкі қызметіне байланысты өзге мәселелер Қазақстан Ұлттық Банкінің жұмыс регламентінде, құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерде және Қазақстан Ұлттық Банкінің өзге де құқықтық актілерінде белгіленеді.
Қазақстан Ұлттық Банкінің ұйымдары республикалық заңды тұлғалар болып табылады, республикалық мемлекеттік кәсіпорындар нысанында құрылады, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге жатады және Қазақстан Ұлттық Банкінің бірыңғай орталықтандырылған құрылымына кіреді.
Қазақстан Ұлттық Банкі өзі құратын ұйымдарға қатысты олардың құрылтайшысы және олардың қызметін реттеу және аталған ұйымдардың құқықтық мәртебесін өзгерту туралы шешімдер қабылдау бойынша өкілеттіктерді қоса алғанда, оларға қатысты республикалық меншік құқығы субъектісі функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады.
Қазақстан Ұлттық Банкі өзі құратын ұйымдардың қызметінің мәнін және мақсаттарын, сондай-ақ олардың түрін (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы) дербес айқындайды, олардың жарғыларын, оларға өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді.
Ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту, жарғылық капиталын ұлғайту не азайту, тарату және иелігінен шығару туралы шешімді Қазақстан Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесі қабылдайды.
Ұйымдарды және олардың органдарын құру, қайта ұйымдастыру, тарату тәртібі, олардың қызметінің мәні мен мақсаттары, құқықтық мәртебесі мен жарғылық құзыреті Қазақстан Республикасының заңнамасында, ұйымдардың жарғыларында, Ережеде және Қазақстан Ұлттық Банкінің құқықтық актілерінде айқындалады.
Ұйымның жарғысын Қазақстан Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесі бекітеді.
Қазақстан Ұлттық Банкі филиалдарының, өкілдіктерінің және ұйымдарының өз мөрі және белгіленген үлгідегі бланкілері болады.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 18.02.2021 № 514 Жарлығымен.5. Қазақстан Ұлттық Банкі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастар жасайды.
6. Қазақстан Ұлттық Банкінің, егер ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастар жасауға құқығы бар.
7. Қазақстан Ұлттық Банкі өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының бұйрықтарымен, Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының, Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитетінің, Директорлар кеңесінің қаулыларымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 18.02.2021 № 514 Жарлығымен.8. Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымын және жалпы штат санын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
9. Қазақстан Ұлттық Банкі орталық аппаратының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Z05T8F6, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 57А ғимараты.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 06.10.2022 № 1037 Жарлығымен.10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" республикалық мемлекеттік мекемесі.
11. Ереже Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
Қазақстан Ұлттық Банкі мүлкінің түрі – республикалық мемлекеттік мүлік.
13. Қазақстан Ұлттық Банкі ақылы негізде банктік операциялар және басқа да қызметтер жүргізуге құқылы. Көрсететін қызметтерінің түрлері мен ақысының мөлшерлерін Қазақстан Ұлттық Банкі дербес айқындайды.
Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын, өзге қорлар мен ұйымдардың активтерін басқару бойынша көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметіне және бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органға көрсетілетін банктік және өзге де қызметтер үшін ақы алмайды.
Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 11.11.2019 № 203 Жарлығымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).2-тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Қазақстан Ұлттық Банкінің миссиясы:
Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету.
15. Міндеттері:
1) мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу;
2) төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
3) валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;
4) қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
5) ақша-кредит статистикасы, қаржы нарығы статистикасы және сыртқы сектор статистикасы саласында статистикалық қызметті жүзеге асыру;
6) Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де міндеттер.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 11.11.2019 № 203 Жарлығымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).16. Функциялары:
Қазақстан Ұлттық Банкі:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақша-кредит саясатын әзірлейді және жүргізеді;
2) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарады;
3) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының жалғыз эмитенті болып табылады және Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақша айналысын ұйымдастырады;
4) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды тасымалдауды, сақтауды және инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады, банкноттардың, монеталардың және құндылықтардың резервтiк мемлекеттік қорларын құрады;
5) қызметін Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғалардың және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың үй-жайларды орналастыруға қойылатын талаптарды сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
6) банкаралық ақша аударымдары жүйесін, банкаралық клиринг жүйесін және пайдаланушылар арасында Қазақстан теңгесімен ақша аударымдарын жүргізуді қамтамасыз ететін басқа да төлем жүйелерін реттейді және қадағалауды (оверсайт) жүзеге асырады;
7) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақша төлемдерi мен аударымдарын реттеу мақсатында банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар және кәсіпкерлік қызмет субъектілері банк шоттары бойынша жүзеге асыратын төлемдердің кезектiлiгiн Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң келiсімі бойынша белгiлейді;
8) Қазақстан Республикасында валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асырады;
8-1) ұйымдық-құқықтық нысанға қойылатын талаптарды, құрылтайшыларға (қатысушыларға) қойылатын талаптарды, оның ішінде олардың жарғылық капиталға салымдарының шығу көздерін ашуды, жарғылық капиталдың мөлшеріне және оны қалыптастыру тәртібіне, сондай-ақ банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың үй-жайына, техникалық құралдарына, жабдығына және қызметкерлеріне қойылатын талаптарды қамтитын, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді;
9) шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді басқаруды қамтамасыз етеді;
10) бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін тазартылған алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асырады;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда бағалы металдардың және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының сынамаларына (үлгілеріне) бақылау сынақтарын жүзеге асырады;
12) меншік иелері қаржы ұйымдары, бағалы металдармен және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларымен экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асыруға құқығы бар өзге де тұлғалар болып табылатын, олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда, бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының сынамаларын (үлгілерін) сақтауды және сынауды жүзеге асырады;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (келіп түскен) бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды тасымалдауды, қабылдауды, есепке алуды, сақтауды жүзеге асырады;
14) дербес және (немесе) Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарымен бірлесіп, олардың құзыреті шеңберінде жүйелік тәуекелдерді реттеуді жүзеге асырады;
15) Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің тұрақтылығы, Қазақстан Ұлттық Банкінің екінші деңгейдегі банктерге қарыз беруі, оның ішінде соңғы сатыдағы қарыздар беру мәселелері бойынша қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен, оның ішінде ақпараттық жүйелерге өзара қолжетімділік арқылы ақпарат алмасуды жүзеге асырады;
16) Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңестің жұмыс органының функцияларын жүзеге асырады, өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңестің функцияларына жататын мәселелер бойынша ұсыныстар қалыптастырады;
17) қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу мақсатында:
қаржы жүйесінің тұрақтылығына әсер ететін макроэкономикалық және макроқаржылық факторларға тұрақты мониторингтеу жүргізеді;
макропруденциялық саясатты қалыптастырады;
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Ұлттық Банк туралы заң) және Қазақстан Ұлттық Банкінің және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның бірлескен нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен және шарттарда соңғы сатыдағы қарыздар береді;
Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгілеген тәртіппен, шарттарда және мерзімдерде екінші деңгейдегі банктермен туынды қаржы құралдарымен операциялар жүргізеді;
18) Ұлттық Банк туралы заңда және Қазақстан Ұлттық Банкінің құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен және шарттарда қарыздар береді;
19) қаржы ұйымдарының сыртқы борышын реттеуге қатысады;
20) статистикалық әдіснама әзірлейді және қолма-қол ақша айналысы, ақша-кредит статистикасы және қаржы нарығы статистикасы, төлем балансы, сыртқы борыш, халықаралық инвестициялық позиция, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі бастапқы статистикалық деректердің тізбесін, нысандарын, мерзімдері мен оларды ұсыну тәртібін айқындайды;
21) статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізеді, сондай-ақ өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласында бақылауды жүзеге асырады;
22) қаржы нарығына шолу жасау, ақша-кредит статистикасы және қаржы нарығы статистикасы, төлем балансы, халықаралық инвестициялық позиция және сыртқы борыш жөніндегі статистикалық ақпаратты қалыптастырады және таратады, төлем балансын болжамдық бағалауды әзірлеуге қатысады;
23) валюталық реттеу, ақша-кредит статистикасы және қаржы нарығы статистикасы, қолма-қол ақша айналысы, төлемдер мен төлем жүйелері, қаржылық тұрақтылық, қаржы ұйымдарын және олардың үлестес тұлғаларын, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымды, кредиттік бюроларды, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды және коллекторлық агенттіктерді реттеу, бақылау және қадағалау мәселелері бойынша әкімшілік деректерді жинауды және өңдеуді жүзеге асырады;
24) құзыреті шегінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын және өзге де адамдарды реттеуді, сондай-ақ Ұлттық Банк туралы заңға, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын және Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласында бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
25) мыналарға:
өз қызметін айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғаларға – қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына;
айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғалардың банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауына лицензия береді, (беруден бас тартады), қайта ресімдейді, тоқтата тұрады және лицензиясынан айырады;
26) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын ескере отырып, Қазақстан Ұлттық Банкіне арналған бухгалтерлік есеп саясаты мен әдістерін айқындайды;
27) қызметін Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарын, бухгалтерлік есепті жүргізуді автоматтандыру қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заңнамасының талаптарын сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
28) қызметін Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғалардың және төлем ұйымдарының Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар туралы ақпаратты тіркеу, сақтау және беру, клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру, қаржы мониторингіне жататын операцияларды тоқтата тұру және оларды жүргізуден бас тарту, өз қызметі процесінде алынған құжаттарды қорғау бөлігінде сақтауын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ішкі бақылауды ұйымдастыруын және іске асыруын бақылауды жүзеге асырады;
29) құзыреті шегінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жүргізетін тексерілетін субъектілердің қызметін тексеруге қатысады;
30) өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша валюталық операцияларды жүзеге асыратын және қаржы ұйымдары болып табылмайтын резиденттерге және бейрезиденттерге, төлем жүйелері операторларына, төлем жүйелерінің операциялық орталықтарына, сондай-ақ банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып табылмайтын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерге шектеулі ықпал ету шараларын, қызметін Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғаларға, айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларға қадағалап ден қою шараларын, сол сияқты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген санкцияларды және өзге де шараларды қолданады;
31) төлем қызметтеріне байланысты қызметті жүзеге асыру мақсатында төлем ұйымдарына және (немесе) қаржы ұйымдары болып табылмайтын өзге де заңды тұлғаларға қатысты ерекше реттеу режимін енгізеді және құзыреті шегінде олардың қызметін реттейді;
32) Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісу бойынша оның мемлекетттік борышына қызмет көрсетуге қатысады және Қазақстан Ұлттық Банкінің мемлекеттік борышына қызмет көрсетеді;
33) Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайтын тізбеге және тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілейді және жариялайды;
34) мемлекеттік емес сыртқы қарыздар бойынша шарттарға мониторингтеуді жүзеге асырады;
35) сұраныс пен ұсыныс көздерінің, сондай-ақ шетел валютасын ішкі валюта нарығында пайдалану бағыттарына мониторингтеуді жүзеге асырады;
36) банк қызметiн, бағалы қағаздар нарығындағы кәсiптік қызметті және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де қызметті тиiстi лицензиялар алмай-ақ жүзеге асырады;
37) Қазақстан Ұлттық Банкiнің клиенттеріне банктік қызмет көрсетуді жүзеге асырады;
38) Қазақстан Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалатын және мерзімді баспа басылымдарында жарияланатын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарт негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiкпен басқаруды жүзеге асырады;
39) Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының Үкiметімен немесе заңды тұлғалармен жасайтын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарттар негiзiнде активтердi сенiмгерлiкпен басқаруды жүзеге асырады. Қазақстан Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалатын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарттар мерзімді баспа басылымдарында жарияланады;
40) Қазақстан Ұлттық Банкі мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарт негізінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асырады;
41) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтеріне қатысты кастодиан функцияларын жүзеге асырады;
42) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес өзінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтер ұсынады;
43) мемлекеттік органдар мен қаржы ұйымдары үшiн кадрлар даярлауға және қайта даярлауға қатысады;
44) Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын тәртіппен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады;
45) банктік сәйкестендіру кодтарын береді, күшін жояды және оның пайдаланылуын айқындайды, банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кодтарын және банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар филиалдарының кодтарын береді және күшін жояды, олардың құрылымын белгілейді, сондай-ақ Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың анықтамалығын қалыптастырады және жүргізеді;
46) Қазақстан Ұлттық Банкінің консультативтік-кеңесші органдарын құрады;
47) кредиттік тарихтардың дерекқорында қамтылған ақпараттың толықтығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекет қатысатын кредиттік бюроға кредиттік тарих субъектілері туралы ақпарат береді;
48) Қазақстан Ұлттық Банкіне бекітілген мүлікті иеліктен шығару және пайдалануға беру тәртібін айқындайды;
49) Қазақстан Ұлттық Банкі акционері (қатысушысы, сенімгерлік басқарушысы) болып табылатын мемлекеттің бақылауындағы акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және ол құрған мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеуді, бекітуді, оларды іске асыруды мониторингтеу және бағалау тәртібін айқындайды;
50) Қазақстан Ұлттық Банкінің бюджет қаражаты (шығыстар сметасы) есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер жүргізетін қызметтік, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкерді оқыту, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы іссапарлар кезіндегі өтемақы төлемдерінің мөлшерлерін және тәртібін айқындайды;
51) Қазақстан Ұлттық Банкі қызметінің негізгі бағыттары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүзеге асырады;
52) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қаржылық көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру жөніндегі іс-шараларды жүргізеді;
53) Қазақстан Ұлттық Банкінің қаржылық және операциялық тәуекелдерін басқару жүйесінің болуын және өзектілендіруді қамтамасыз етеді;
54) Қазақстан Республикасының халықаралық шарты, құпия ақпарат алмасуды көздейтін шарт негізінде және соларға сәйкес құзыреті шегінде басқа мемлекеттердің орталық банктерімен, бақылау және қадағалау органдарымен, халықаралық және өзге де ұйымдармен ынтымақтастық жасайды және құпиялылықты сақтай отырып, бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны, банктік құпияны, сақтандыру құпиясын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшін қажет ақпаратпен алмасуға құқылы.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген өзге де ұйымдар деп банктік сектор қызметін, бағалы қағаздар нарығын және сақтандыру нарығын реттеудің бірыңғай стандарттарын әзірлеу мақсатында құрылған басқа мемлекеттер орталық банктерінің, бақылау және қадағалау органдарының бірлестіктері түсініледі;
55) Ұлттық Банк туралы заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 11.11.2019 № 203 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 06.10.2022 № 1037 Жарлықтарымен.17. Қазақстан Ұлттық Банкінің құқықтары мен міндеттері:
Қазақстан Ұлттық Банкі өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) өз құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағындағы қаржы ұйымдарының, басқа да жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және қабылдауға;
2) кез келген жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты, оның ішінде қызметтік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді сұратуға және өтеусіз алуға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктер шегінде тексерулер және бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарын жүргізуге;
4) Қазақстан Ұлттық Банкінің ішкі қызметін, сондай-ақ ол құрылтайшы (уәкілетті орган) не акционер болып табылатын заңды тұлғалардың қызметін жүзеге асыруға байланысты қатынастарды реттейтін нормативтік және нормативтік емес құқықтық актілерді қабылдауға;
5) Ұлттық Банк туралы заңда, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Қазақстан Ұлттық Банкінің міндеттері:
1) мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеуді және жүргізуді қамтамасыз ету;
2) қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
3) ақша-кредит статистикасы, қаржы нарығының статистикасы және сыртқы сектор статистикасы саласында статистикалық қызметті жүзеге асыру;
4) Қазақстан Ұлттық Банкі орталық аппаратының бөлімшелеріне, филиалдарына, өкілдіктеріне және ұйымдарына, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкі жалғыз акционері болып табылатын акционерлік қоғамдарға ішкі аудитті және қызметін тексеруді жүзеге асыру;
5) Ұлттық Банк туралы заңда, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де міндеттер.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 11.11.2019 № 203 Жарлығымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).3-тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру
18. Қазақстан Ұлттық Банкін басқаруды Төраға жүзеге асырады, ол Қазақстан Ұлттық Банкіне жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауапкершілікте болады.
19. Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасын Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының келісуімен 6 жылдық мерзімге лауазымға тағайындайды және оны лауазымынан Қазақстан Республикасының Президенті босатады.
20. Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
21. Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының өкілеттіктері:
1) Ұлттық Банк туралы заңда және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы үшін Ережеде келісілген өкiлеттiктердi қоспағанда, Қазақстан Ұлттық Банкi қызметiнің барлық мәселелері бойынша жедел және атқарушы-өкiмдік шешімдер қабылдайды;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің тағайындауы үшін Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы орынбасарларының кандидатураларын ұсынады;
3) Қазақстан Ұлттық Банкінен сайланған Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқарма мүшелерін тағайындайды және босатады;
4) Қазақстан Ұлттық Банкі лауазымдарының бекітілген номенклатурасына сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкінің лауазымды тұлғаларын тағайындайды және оларды жұмыстан босатады, көзге түскен қызметкерлерді көтермелейді, тәртіптік жаза қолданады;
5) өз құзыреті шегінде Қазақстан Ұлттық Банкінің атынан республикада және шетелдерде өкілдік етеді;
6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілері, Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының, Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитетінің және Директорлар кеңесінің қаулылары негізінде және (немесе) оларды орындау үшін Қазақстан Ұлттық Банкі қызметінің мәселелері бойынша бұйрықтар мен өкімдер шығарады, Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының, Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитетінің және Директорлар кеңесінің қаулыларына қол қояды;
7) Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының, Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитетінің және Директорлар кеңесінің отырыстарын жүргізеді;
8) Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасарлары арасында міндеттерді бөледі, өз орынбасарларының және Қазақстан Ұлттық Банкінің орталық аппараты бөлімшелері, филиалдары, өкілдіктері мен ұйымдары басшыларының тапсырылған жұмыс учаскесіндегі істің жай-күйі үшін жауаптылық дәрежесін белгілейді;
9) Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті мен Директорлар кеңесінің құрамын бекітеді;
10) Қазақстан Ұлттық Банкі лауазымдарының номенклатурасын бекітеді;
11) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен Қазақстан Ұлттық Банкінің жалпы штат саны негізінде Қазақстан Ұлттық Банкі орталық аппаратының, филиалдарының, өкілдіктерінің штат кестелерін бекітеді;
12) ішкі аудит бөлімшесі туралы ережені қоспағанда, Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалдары, өкілдіктері, орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
13) ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімшесінің істелген жұмысы туралы жыл сайынғы есебін қарайды;
14) алып тасталды – ҚР Президентінің 29.12.2021 № 722 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.15) Қазақстан Ұлттық Банкінің атынан шарттар (келісімдер, келісімшарттар) жасасады;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкінің барлық мүлкі мен қаражатына билік етеді, Қазақстан Ұлттық Банкі атынан сенімхат береді, міндеттемелерге қол қою және сенімхаттар беру тәртібін белгілейді;
17) алып тасталды - ҚР Президентінің 11.11.2019 № 203 Жарлығымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).18) Қазақстан Ұлттық Банкінің орталық аппараты бөлімшелерін, филиалдарын, өкілдіктерін және ұйымдарын, сондай-ақ жалғыз акционері Қазақстан Ұлттық Банкі болып табылатын акционерлік қоғамдарды тексеру нәтижелерін және ішкі аудит нәтижелерін қарайды.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы не Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қаралуы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкінің құзыретіне жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі істер бойынша әкімшілік жаза қолдану туралы шешім қабылдайды.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы, Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті мен Директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне жатпайтын кез келген мәселе бойынша шешім қабылдауға, сондай-ақ өз құзыретіне кіретін жекелеген мәселелерді шешуді өзінің орынбасарларына, Қазақстан Ұлттық Банкінің орталық аппараты құрылымдық бөлімшелерінің, филиалдарының және өкілдіктерінің басшыларына тапсыруға құқылы.
Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының және оның орынбасарларының лауазымдық жалақыларының мөлшерлерін Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі бойынша Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасы бекітеді.
Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының өкілеттіктерін орындауды ол болмаған кезеңде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның орнындағы адам жүзеге асырады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде шаралар қабылдауға міндетті және осы міндетті орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін заңда белгіленген жауаптылықта болады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметкерлерін жұмысқа қабылдаған және лауазымын өсірген кезде гендерлік баланстың сақталуын қамтамасыз етеді.
Ескерту. 21-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 11.11.2019 № 203 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.02.2021 № 514; 29.12.2021 № 722 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.22. Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы өзінің орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындайды.
Төрағаның орынбасарлары Қазақстан Ұлттық Банкінің атынан сенімхатсыз өкілдік етеді, өз құзыреті шегінде құжаттарға қол қояды, өз құзыреті шегінде сенімхаттарды береді, оның ішінде соттарда істер қаралған кезде Қазақстан Ұлттық Банкі қызметкерлерінің қатысуы үшін сенімхаттарды береді. Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасарлары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және өздеріне бөлінген функционалдық міндеттері негізінде мәселелерді қарайды және шешімдер қабылдайды.
Қазақстан Ұлттық Банкінің орталық аппараты бөлімшелерінің басшылары өз қызметін Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының бұйрығымен бекітілетін осы бөлімшелер туралы ережелер негізінде жүзеге асырады.
23. Басқарма, Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитет және Директорлар кеңесі Қазақстан Ұлттық Банкінің органдары болып табылады.
Басқарма Қазақстан Ұлттық Банкінің жоғары органы болып табылады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы Ұлттық Банк туралы заңның 15-бабында көзделген функциялардан басқа:
1) Қазақстан Ұлттық Банкінің акционерлік қоғамдарының жарғылық капиталын ұлғайтуға және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің жарғылық капиталын ұлғайтуға не азайтуға, сондай-ақ акционерлік қоғамдардың акцияларын, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына қатысу үлестерін сатып алуға не иеліктен шығаруға келісім береді;
2) Қазақстан Ұлттық Банкі берген қарыздар бойынша банктердің және басқа ұйымдардың Қазақстан Ұлттық Банкінің алдындағы берешегін қайта құрылымдау шарттарын айқындайды;
3) Қазақстан Ұлттық Банкінің соңғы сатыдағы қарыздар бойынша талаптарын соттан тыс тәртіппен қанағаттандыру мәселелері бойынша шешімдерді қарайды және қабылдайды;
4) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымы негізінде Қазақстан Ұлттық Банкінің орталық аппараты бөлімшелерінің, филиалдарының және өкілдіктерінің атаулары бар тізбесін, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкі ұйымдарының жалпы штат санын бекітеді;
5) жарғылық және (немесе) резервтік капиталдарды қалыптастыруға жіберілетін, бөлінбеген таза кіріс мөлшерін белгілейді;
6) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақы мөлшерін жыл сайын бекітеді;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жарғысымен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлері (жалғыз акционері) жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылатын мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
8) Қазақстан Ұлттық Банкі заңды тұлғалармен жасайтын сенімгерлік басқару туралы шарттар негізінде активтерді сенімгерлік басқаруға қабылдау туралы шешім қабылдайды;
9) Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның аумақтық филиалдарының ғимараттарында өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды бекітеді;
9-1) Қазақстан Ұлттық Банкінің бюджеті (шығыстар сметасы) есебінен Қазақстан Ұлттық Банкі қызметінің басым бағыттары бойынша зерттеулерді жүргізу үшін гранттар ұсыну қағидаларын бекітеді;
10) Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының құзыретіне жатқызылған, Ұлттық Банк туралы заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы Ұлттық Банк туралы заңда, Қазақстан Республикасының өзге заңдарында және Ережеде айқындалған Қазақстан Ұлттық Банкінің құзыретіне кіретін кез келген мәселені қарауға және сол бойынша шешім қабылдауға құқылы.
Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының отырыстары Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес қажеттілігіне қарай өткізіледі. Басқарма отырыстарын Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы, ол болмаған жағдайда оның орнындағы адам жүргізеді.
Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының жұмыс тәртібі оның регламентінде айқындалады.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 11.11.2019 № 203 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 18.02.2021 № 514 Жарлықтарымен.23-1. Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті ақша-кредит саясаты мәселелері бойынша шешімдер қабылдайтын орган болып табылады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті:
1) базалық мөлшерлемені белгілейді;
2) ақша-кредит саясатының негізгі операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін белгілейді;
3) Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының айрықша құзыретіне жатпайтын ақша-кредит саясатының өзге де мәселелері бойынша шешімдер қабылдайды.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитетінің құрамына Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы, оның ақша-кредит саясаты, монетарлық операциялар, қаржылық тұрақтылық мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарлары, функцияларына ақша-кредит саясаты, монетарлық операциялар, қаржылық тұрақтылық мәселелері кіретін Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымдық бөлімшелерінің, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының шешімі бойынша Қазақстан Ұлттық Банкінің өзге де бөлімшелерінің басшылары кіреді.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитетінің құрамына Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметшілері болып табылмайтын, Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы бекітетін талаптарға сәйкес келетін адамдар енгізілуі мүмкін.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитетінің құрамы мен жұмыс регламентін Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы бекітеді.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитетінің отырыстарында Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы төрағалық етеді.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитетінің отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды.
Ескерту. 23-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Президентінің 18.02.2021 № 514 Жарлығымен.24. Қазақстан Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесі Қазақстан Ұлттық Банкінің жедел басқару органы болып табылады және Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы мен Төрағасының (немесе оның орынбасарларының) құзыретіне кіретін мәселелерді қоспағанда, Қазақстан Ұлттық Банкінің құзырындағы мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
Директорлар кеңесінің құрамына Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы, оның орынбасарлары, Қазақстан Ұлттық Банкі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары кіреді. Қазақстан Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің құрамын Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы бекітеді.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесінің отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ айына кемінде бір рет өткізіледі. Директорлар кеңесінің отырыстарын Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы, ал ол болмаған жағдайда, оның орнындағы адам жүргізеді.
Директорлар кеңесі өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды. Директорлар кеңесінің жұмыс тәртібі оның регламентінде айқындалады.
Қазақстан Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің өкілеттіктері:
1) Қазақстан Ұлттық Банкінің орталық аппараты бөлімшелерінің, оның филиалдары мен өкілдіктерінің құрылымын, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкі ұйымдарының жарғыларын бекітеді;
2) Қазақстан Ұлттық Банкінің ішкі аудит және қауіпсіздік бөлімшелерінің есептерін қоспағанда, орталық аппараты бөлімшелерінің, филиалдарының және өкілдіктерінің істелген жұмысы туралы есептерін тыңдайды;
3) Қазақстан Ұлттық Банкінің ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру, атауын және құқықтық мәртебесін өзгерту, жарғылық капиталын ұлғайту не азайту, тарату және иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;
4) Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалдары мен өкілдіктерін ашу және жабу туралы шешім қабылдайды;
5) Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының қарауына енгізілетін мәселелерді қажеттілігіне қарай алдын ала қарайды;
6) Қазақстан Ұлттық Банкінің еншілес ұйымдары үшін:
тізбесін, нысандарын және мерзімдерін қоса алғанда, қаржылық есептілікті ұсыну тәртібін;
бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелері жөніндегі құқықтық актілерді;
бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын;
Қазақстан Ұлттық Банкінің еншілес ұйымдарының бірыңғай есеп саясатын қолдану тәртібін;
еншілес ұйымдардың мүлкін түгендеу тәртібін;
еншілес ұйымдардың қаржылық есептілігі деректерінің айқындығы мен дәйектілігіне байланысты мәселелер жөніндегі өзге де актілерді бекітеді;
7) алып тасталды - ҚР Президентінің 11.11.2019 № 203 Жарлығымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).8) Қазақстан Ұлттық Банкіндегі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;
9) Қазақстан Ұлттық Банкіндегі банктік шот нөмірінің құрылымын айқындайды;
10) Қазақстан Ұлттық Банкі құрған мемлекеттік кәсіпорындар шығаратын және өткізетін тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бағасын келіседі немесе белгілейді;
11) мыналарды:
Қазақстан Ұлттық Банкінің чек кітапшасының құнын;
жүйенің операциялық күнін ұзарту және ақша төлемі мен аударымдары жүзеге асырылмаған кезде банкаралық ақша аударымы жүйесін пайдаланушыдан алынатын төлем мөлшерін;
12) мыналарды:
Қазақстан Ұлттық Банкінің техникалық қызметшілері лауазымдарының тізбесін;
Қазақстан Ұлттық Банкінің ішкі қызметінің, оның ішінде Қазақстан Ұлттық Банкіне бекітілген мүлікті пайдалануға байланысты, бюджетті (шығыстар сметасын) жасау және пайдалану, монетарлық қызмет, клиенттерге қызмет көрсету, қолма-қол ақша айналысын және эмиссиялық-кассалық операцияларды ұйымдастыру, құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету, еңбек қатынастарымен және еңбекке тікелей байланысты қатынастармен және Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының айрықша құзыретіне жатқызылмаған өзге де мәселелерге байланысты мәселелер жөніндегі актілерді;
Қазақстан Ұлттық Банкінің бухгалтерлік есебін жүргізу, жеке және шоғырландырылған қаржылық есептілігін, оның ішінде Қазақстан Ұлттық Банкінің бухгалтерлік есебінің үлгі шот жоспарын жасау тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есептілігін, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының бухгалтерлік есебінің үлгі шот жоспарын жасау тәртібін;
Қазақстан Ұлттық Банкінің төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде төлем және өзге де құжаттарды қолдануы, Қазақстан Ұлттық Банкінің операциялық күнін ұйымдастыру және басқару, Қазақстан Ұлттық Банкінің және (немесе) оның еншілес ұйымының төлем жүйелерінде төлем құжаттарын қабылдау және өңдеу, сондай-ақ чек кітапшаларын дайындау, есепке алу, сақтау және беру мәселелері жөніндегі актілерді;
Қазақстан Ұлттық Банкі мемлекеттік кәсіпорындарының бизнес-жоспарларын, даму жоспарларын және олардың орындалуы туралы есептерді, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкі мемлекеттік кәсіпорындарының аудиторлық ұйым растаған жылдық қаржылық есептілігін;
бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін мемлекеттің тазартылған алтынды сатып алуға басым құқығын іске асыру шеңберінде сатып алынатын тазартылған құйма алтын бағасына дисконттың мөлшерлемелерін (сапасы үшін шегерімдер және жеңілдік);
Қазақстан Ұлттық Банкі ұсынатын қызметтер үшін ақы түрлерін және мөлшерлерін;
Қазақстан Ұлттық Банкі құрған мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісін бөлу қағидаларын;
Қазақстан Ұлттық Банкі құрған мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін бизнес-жоспарлау жөніндегі қағидаларды;
Қазақстан Ұлттық Банкі қызметкерлерінің қызметтік іссапарлары туралы қағидаларды;
соңғы сатыдағы қарыз бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында кепілге берілетін активтердің құнына дисконт мөлшерлерін бекітеді.
13) алып тасталды - ҚР Президентінің 11.11.2019 № 203 Жарлығымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).Қазақстан Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесі Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының айрықша құзыретіне жатпайтын кез келген өзге де мәселені қарауға және ол бойынша шешім қабылдауға құқылы.
Ескерту. 24-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Президентінің 23.04.2019 № 31; 11.11.2019 № 203 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.02.2021 № 514; 15.08.2023 № 305 Жарлықтарымен.4-тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің мүлкі
25. Қазақстан Ұлттық Банкі өз балансындағы мүлікті Қазақстан Ұлттық Банкінің құқықтық актілерінде айқындалатын тәртіппен иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын Қазақстан Республикасының атынан дербес жүзеге асырады.
26. Қазақстан Ұлттық Банкінің капиталы және резервтері жарғылық және резервтік капиталдардан, қайта бағалау шоттарынан, провизиялардан (резервтерден) тұрады. Жарғылық және резервтік капиталдарды, қайта бағалау шоттарын, провизияларды (резервтерді) қалыптастыру Ұлттық Банк туралы заңға сәйкес жүзеге асырылады.
5-тарау. Қазақстан Ұлттық Банкін қайта ұйымдастыру және тарату
27. Қазақстан Ұлттық Банкін қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
28. Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының тиісті заңын қабылдау арқылы таратылуы мүмкін. Қазақстан Ұлттық Банкі таратылған жағдайда, оның мүлкі Қазақстан Республикасының тиісті заңында көрсетілген құқықтық мирасқорына беріледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
ҚҰРЫЛЫМЫ
Ескерту. Құрылым жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 23.04.2019 № 31; өзгерістер енгізілді – ҚР Президентінің 06.10.2022 № 1037; 15.08.2023 № 305 Жарлықтарымен.
1. Орталық аппарат:
1) департаменттер;
2) басқармалар
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары:
1) орталық филиал (Астана қаласы);
2) республикалық маңызы бар қалаларда – Алматы мен Шымкент;
3) Қазақстан Республикасының облыстық маңызы бар қалаларында;
4) Алматы қаласындағы кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымдары:
1) алып тасталды - ҚР Президентінің 15.08.2023 № 305 Жарлығымен.2) "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
3) "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өкілдіктері
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1271 Жарлығымен БЕКIТIЛГЕН |
Қазақстан Республикасы Президентiнiң күшi жойылды деп танылған кейбiр Жарлықтарының тiзбесi
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 188 Жарлығы .
2. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 188 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 20 мамырдағы N 400 Жарлығы .
3. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 188 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 18 сәуiрдегi N 587 Жарлығы .
4. "Қаржы рыногын мемлекеттiк реттеудiң бiрыңғай жүйесiн ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 11 шiлдедегi N 654 Жарлығының 4-тармағы.
5. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 188 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 21 тамыздағы N 668 Жарлығы .
6. "Қазақстан Республикасының қаржы нарығын мемлекеттiк реттеудiң бiрыңғай жүйесiн ұйымдастыру мәселелерi" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 17 мамырдағы N 872 Жарлығының 3-тармағы.
7. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 188 Жарлығына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 15 тамыздағы N 924 Жарлығы .
8. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 188 Жарлығына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1009 Жарлығы .