Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұжымдық инвестициялау және жинақтаушы зейнетақы қорлары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 20 қарашадағы N 88-IV Заңы

      Астанада 2008 жылғы 15 мамырда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен "SOS KINDERDORF INTERNATIONAL" SOS балалар ауылдарын құру жөніндегі халықаралық қоғам арасындағы шартқа толықтыру енгізу туралы хаттама ратификациялансын.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
"SOS KINDERDORF INTERNATIONAL" SOS балалар ауылдарын
құру жөніндегі халықаралық қоғам арасындағы шартқа
толықтыру енгізу туралы хаттама

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен "SOS KINDERDORF INTERNATIONAL" SOS балалар ауылдарын құру жөніндегі халықаралық қоғам Қазақстан Республикасының Үкіметі мен "SOS KINDERDORF INTERNATIONAL" SOS балалар ауылдарын құру жөніндегі халықаралық қоғам арасындағы шартқа (бұдан әрі - Шарт) мынадай толықтыру енгізуге келісті:

1-бап

      Шарттың 2-бабының 2.9-тармағындағы "қамтамасыз етуге міндеттенеді." деген сөздер "қамтамасыз етуге;" деген сөздермен ауыстырылып, аталған бап мынадай редакциядағы 2.10-тармақпен толықтырылсын:
      "2.10. Егер ол қажет болса, жергілікті бюджеттердің жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап-бағуға арналған қаражаты есебінен SOS балалар ауылдарының шығындарын ішінара немесе толық өтеуді қамтамасыз етуге міндеттенеді.".

2-бап

      Осы Хаттама Шарттың ажырамас бөлігі болып табылып, ратификациялануға тиіс және Шарттың 5.2-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді.

      2008 жылғы 15 мамырда Астана қаласында әрқайсысы қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды, бұл ретте барлық мәтіндердің күші бірдей.
      Осы Хаттаманың мәтінін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.

       Қазақстан Республикасының      "SOS KINDERDORF INTERNATIONAL"
      Үкіметі үшін                   SOS балалар ауылдарын құру
                                     жөніндегі халықаралық қоғамы
                                     үшін

      2008 жылғы 15 мамыр            2008 жылғы 15 мамыр

       2008 жылғы 15 мамырда Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен "SOS KINDERDORF INTERNATIONAL" SOS балалар ауылдарын құру жөніндегі халықаралық қоғам арасындағы шартқа толықтырулар енгізу туралы хаттаманың бұл көшірмесінің дәлдігін куәландырамын.

      Қазақстан Республикасы
      Сыртқы істер министрлігі
      Халықаралық-құқық
      департаментінің кеңесшісі               Д. Сүлейменов

       РҚАО-ның ескертуі: Әрі қарай Хаттаманың ағылшын тіліндегі мәтіні берілген.