Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 97-IV Заңы

       1-бап . Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім), (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат;  N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., N 2-3, 23-құжат; N 5-6, 50-құжат; N 11-12, 178-құжат; N 17-18, 224, 225-құжаттар; N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 20, 727, 731-құжаттар; N 23, 916-құжат; 2000 ж., N 18, 336-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 11, 56, 57, 66-құжаттар; N 15, 139-құжат; N 19-20, 146-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 56-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 10, 31-құжат; N 14, 58-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 4-құжат; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 13, 85-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20, 21-құжаттар; N 4, 28-құжат; N 16, 131-құжат; N 18, 143-құжат; N 20, 153-құжат; 2008 ж., N 12, 52-құжат; N 13-14, 58-құжат):
       105-баптың 3-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3-1. Мемлекеттік мекеменің шарттық міндеттемелерді қабылдауы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.".

      2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20, 23-құжаттар; N 4, 28, 33-құжаттар; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 13, 99-құжат; N 15, 106-құжат; N 16, 131-құжат; N 17, 136, 139, 140-құжаттар; N 18, 143, 144-құжаттар; N 19, 146, 147-құжаттар; N 20, 152-құжат; N 24, 180-құжат; 2008 ж., N 6-7, 27-құжат; N 12, 48, 51-құжаттар; N 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; N 15-16, 62-құжат; 2008 жылғы 25 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұжымдық инвестициялау және жинақтаушы зейнетақы қорлары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы ):
      1) 176-бапта :
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "176-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып
                кредит алу не оны пайдалану";

      бірінші бөліктің екінші абзацындағы "айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі" деген сөздер "елу айлық есептік көрсеткіш" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөліктің екінші абзацындағы "айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі" деген сөздер "жүз айлық есептік көрсеткіш" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 177-бапта :
      177-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "177-бап. Республикалық және жергілікті бюджеттерге түсімдерді
                уақтылы, толық есепке жатқызбау";

      бірінші бөліктің екінші абзацындағы "айлық есептік көрсеткіштің елуден төрт жүзге дейінгі" деген сөздер "жүз айлық есептік көрсеткіш" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөліктің екінші абзацындағы "айлық есептік көрсеткіштің жиырма бестен жетпіске дейінгі" деген сөздер "жетпіс айлық есептік көрсеткіш" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші бөлік алып тасталсын;

      3) 177-1 , 177-2-баптар алып тасталсын;

      4) 177-3-баптың екінші абзацындағы "айлық есептік көрсеткіштің елуден екі жүзге дейінгі" деген сөздер "екі жүз айлық есептік көрсеткіш" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 177-4-баптың екінші абзацындағы "айлық есептік көрсеткіштің елуден төрт жүзге дейінгі" деген сөздер "төрт жүз айлық есептік көрсеткіш" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 177-5-бапта :
      бірінші бөліктің екінші абзацындағы "айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырма беске дейінгі" деген сөздер "жиырма бес айлық есептік көрсеткіш" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөліктің екінші абзацындағы "айлық есептік көрсеткіштің жиырма бестен елуге дейінгі" деген сөздер "елу айлық есептік көрсеткіш" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 178-бапта :
      бірінші бөліктің бесінші абзацындағы "айлық есептік көрсеткіштің жүзге дейінгі" деген сөздер "жүз айлық есептік көрсеткіш" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөліктің екінші абзацындағы "айлық есептік көрсеткіштің жүзден екі жүзге дейінгі" деген сөздер "екі жүз айлық есептік көрсеткіш" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 179-бапта :
      бірінші бөліктің алтыншы абзацындағы "айлық есептік көрсеткіштің жүзге дейінгі", "айлық есептік көрсеткіштің екі жүзге дейінгі", "айлық есептік көрсеткіштің бес жүзге дейінгі" деген сөздер тиісінше "жүз айлық есептік көрсеткіш", "екі жүз айлық есептік көрсеткіш", "бес жүз айлық есептік көрсеткіш" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөліктің екінші абзацындағы "айлық есептік көрсеткіштің екі жүзге дейінгі", "айлық есептік көрсеткіштің төрт жүзге дейінгі", "айлық есептік көрсеткіштің бір мыңға дейінгі" деген сөздер тиісінше "екі жүз айлық есептік көрсеткіш", "төрт жүз айлық есептік көрсеткіш", "бір мың айлық есептік көрсеткіш" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 179-2-бапта :
      бірінші бөліктің екінші абзацындағы "айлық есептік көрсеткіштің жүзден екі жүзге дейінгі" деген сөздер "екі жүз айлық есептік көрсеткіш" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөліктің екінші абзацындағы "айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден үш жүзге дейінгі" деген сөздер "үш жүз айлық есептік көрсеткіш" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 204-бапта :
      бірінші бөліктің екінші абзацындағы "айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі" деген сөздер "елу айлық есептік көрсеткіш" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөліктің екінші абзацындағы "айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі" деген сөздер "жүз айлық есептік көрсеткіш" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 541-баптың бірінші бөлігіндегі "177-1, 177-2," деген цифрлар алып тасталсын;

      12) 632-баптағы "317-1-бабы" деген сөздер "177-3, 177-4, 177-5,
317-1-баптары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 636-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының жиырма бесінші және қырық жетінші абзацтарындағы "177, 177-1, 177-2," деген цифрлар алып тасталсын.

      3. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 1, 1-құжат; N 20, 152-құжат):
      1) 17-бапта :
      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "8-1) жергілікті атқарушы атқарушы органдардың қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру жөніндегі қызметіне Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы бұзылған жағдайда оларды тоқтата тұру және жою құқығымен бақылауды жүзеге асырады;";
      13) тармақшадағы "лауазымды адамдарының" және "ұйымдастыру және" деген сөздер алып тасталсын;

      2) 20-бап мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1) өз құзыреті шегінде қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар береді;";

      3) 48-бапта :
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы I санат объектілеріне - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган, II, III және IV санат объектілеріне - облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары жүргізеді.";
      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын I санат объектілерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлуді Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен критерийлерге сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.";

      4) 51-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысына қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның сараптама бөлімшелерінің, тиісті аумақтағы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары не облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының сараптама бөлімшесінің басшысы өз құзыреті шегінде қол қояды.";

      5) 52-бапта :
      2-тармақ алып тасталсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу кезінде сараптама бөлімшелерінің басшылары тәуелсіз болады және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес іс-әрекет жасайды.
      Сараптама бөлімшелері басшыларының тәуелсіздігі қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және жергілікті атқарушы органдар бекітетін, оларды тағайындау және қызметтен босату тәртібі мен Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де шарттарды қамтитын олар туралы ережелермен қамтамасыз етіледі.";

      6) 54-бап "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган" деген сөздерден кейін ", облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары" деген сөздермен
толықтырылсын;

      7) 69-баптың 1-тармағындағы "қоршаған ортаны қорғау саласындағы
уәкілетті органнан" деген сөздер алып тасталсын;

      8) 71-бапта :
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты I санат объектілеріне - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органнан, II санат объектілеріне - облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарынан, III санат объектілеріне - оңайлатылған схема бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарынан, IV санат объектілеріне хабарлау декларациясының негізінде облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарынан алады.";
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру үшін I санат объектілерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлуді Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен критерийлерге сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.";

      9) 72-бапта :
      1-тармақтағы "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға" деген сөздер "рұқсат беретін органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;

      10) 74-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Рұқсат беретін орган өтінім тіркелген кезден бастап бір айдан аспайтын мерзімде өтінімді табыс етілген материалдардың толықтығы және осы Кодекстің талаптарына сәйкестігі тұрғысында қарайды. Осы мерзімнің ішінде табыс етілген өтінім бойынша қосымша құжаттар сұратылып алынуы мүмкін.
      Осы мерзім өткеннен кейін өтінім қарауға қабылданады не табыс етілген материалдардың жеткіліксіздігі салдарынан және (немесе) оның осы Кодекстің талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты қабылданбайды.
      Өтінім қабылданбаған жағдайда табиғат пайдаланушыға қабылданбаудың себептері дәлелді түрде негізделіп, бас тарту жіберіледі.
      3. Қабылданған өтінімдерді рұқсат беретін орган өтінім тіркелген күннен бастап төрт айдан аспайтын мерзімде қарайды. Қарау қорытындылары бойынша қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беріледі.";

      11) 77-бапта :
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Рұқсат беретін органның рұқсатты тоқтата тұруы немесе жоюы осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген жағдайлар туындаған кезден бастап бір ай мерзім ішінде табиғат пайдаланушыға қабылданған шешімнің себептері және (немесе) оларды жою мерзімдері туралы жазбаша түрде хабарлама беру арқылы жүзеге асырылады. Хабарламаны алу арнайы табиғат пайдалану құқығын жүзеге асыруды тоқтатуға әкеп соғады.
      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы баптың 7 және 8-тармақтарында көрсетілген жағдайлар анықталған кезден бастап бір ай мерзім ішінде жергілікті атқарушы органдар берген қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты табиғат пайдаланушыға және жергілікті атқарушы органға қабылданған шешімнің себептері және (немесе) оларды жою мерзімдері туралы жазбаша түрде хабарлама беру арқылы тоқтата тұрады және жояды.";
      мынадай мазмұндағы 7, 8, 9 және 10-тармақтармен толықтырылсын:
      "7. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қоршаған ортаға эмиссияларға жергілікті атқарушы органдар берген рұқсаттың қолданысын:
      1) жергілікті атқарушы органдар қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұза отырып берген;
      2) жергілікті атқарушы органдар қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты тоқтата тұру жөнінде белгіленген тәртіппен шаралар қолданбаған жағдайларда тоқтата тұрады.
      8. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қоршаған ортаға эмиссияларға жергілікті атқарушы органдар берген рұқсаттың қолданысын жергілікті атқарушы органдар қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты белгіленген тәртіппен жою жөнінде шаралар қолданбаған жағдайда жояды.
      9. Осы баптың 7 және 8-тармақтарында көрсетілген қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру және жою осы бапта көзделген тәртіппен, рұқсаттың қолданысымен шектелген мерзімдерде жүзеге асырылады.
      10. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беруден бас тартуға байланысты даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралады.";

      12) 78-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "78-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты қайта
               ресімдеу тәртібі

      1. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты қайта ресімдеу табиғат пайдаланушы атауын немесе ұйымдастыру-құқықтық нысанын өзгерткен, қайта ұйымдастырылған жағдайда және қоршаған ортаға ауыртпалықты арттыруға әкеп соқпайтын өзге де жағдайларда жүзеге асырылады.
      2. Рұқсатты қайта ресімдеу мына құжаттар болған кезде жүзеге асырылады:
      1) рұқсатты қайта ресімдеуге өтінім;
      2) заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік;
      3) салық төлеушінің куәлігі;
      4) статистикалық карточка.";

      13) 79-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Кешенді экологиялық рұқсаттарды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган береді.";

      14) 86-баптың 6-тармағының 2) тармақшасы "алып қою" деген сөздерден кейін ", қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат" деген сөздермен толықтырылсын;

      15) 169-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы "уәкілетті орган" деген сөздерден кейін "немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары" деген сөздермен толықтырылсын;

      16) 324-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      "6. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органына табиғат пайдаланушылар 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін табыс еткен материалдар бойынша қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты II, III және IV санат объектілері үшін табыс етілген материалдар толық болған және олар осы Кодекстің талаптарына сәйкес болған жағдайда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органы қарайды және береді және олар берілген мерзім ішінде қолданыста болады.".

      4. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 9, 65-құжат; N 19, 147-құжат; N 20, 152-құжат; N 24, 178-құжат):
       323-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы "жергілікті мемлекеттік органға" деген сөздер "уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне" деген сөздермен ауыстырылсын.

      5. "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" 1996 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 11-12, 263-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 1999 ж., N 4, 101-құжат; 2002 ж., N 6, 145-құжат; 2003 ж., N 14, 112-құжат; 2004 ж., N 11-12, 67-құжат; N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 8, 52-құжат; N 20, 152-құжат; 2008 ж., N 6-7, 27-құжат):
      1) 11-бап мынадай мазмұндағы он төртінші абзацпен толықтырылсын:
      "- халықты және ұйымдарды қажетті қауіпсіздік, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шаралар туралы хабардар етеді;";

      2) 13-бапта :
      үшінші бөліктің төртінші абзацы алып тасталсын;
      төртінші бөлік алып тасталсын.

      6. "Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы" 1997 жылғы 27 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 6, 69-құжат; 1998 ж., N 24, 436-құжат; 2000 ж., N 8, 187-құжат; 2004 ж., N 11-12, 67-құжат; N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 8, 52-құжат; N 9, 67-құжат; N 20, 152-құжат; 2008 ж., N 6-7, 27-құжат):
      1) 7-бапта :
      1-тармақтың екінші абзацы "жедел-құтқару" деген сөздерден кейін ", медициналық" деген сөзбен толықтырылсын;
      2-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;

      2) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-бап. Авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларының
              құрамы мен құрылымы

      Авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларының құрамы мен құрылымын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.";

      3) 10-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларын тіркеуді (есепке алуды) уәкілетті орган өзі белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.";

      4) 13-баптың 3-тармағы алып тасталсын;

      5) 14-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын;

      6) 25-баптың 5-тармағындағы "және жергілікті" деген сөздер алып тасталсын;

      7) 27-баптың 1-тармағындағы "және жергілікті" деген сөздер алып тасталсын.

      7. "Азаматтық қорғаныс туралы" 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 9, 93-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 1999 ж., N 4, 101-құжат; 2000 ж., N 6, 142-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 16, 104-құжат; 2007 ж., N 10, 69-құжат; 2008 ж., N 6-7, 27-құжат):
      1) 5-бапта :
      бірінші бөліктегі "шаралар" деген сөз "Азаматтық қорғаныс іс-шаралары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      "Халықты, аумақтар мен шаруашылық жүргізу объектілерін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында:
      1) уәкілетті орган:
      халықты және аумақтарды табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жөніндегі перспективалық және ағымдағы жоспарларды және оларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларын әзірлеуді, сондай-ақ оны Азаматтық қорғаныстың тиісті бастықтарына бекітуге беруді;
      шаруашылық жүргізу объектілерін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жөніндегі перспективалық және ағымдағы жоспарларды және оларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларын бекітуді;
      шаруашылық жүргізу объектілерінің жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру және төтенше жағдайларда олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін бекітуді;
      төтенше жағдайлар зардаптарының алдын алу және жою жөніндегі күштер мен құралдарды жасауды, даярлауды және оларды қолдануға әзірлік жағдайында ұстауды, зардап шеккендерге көмек көрсетуді;
      мониторинг жүйесін ұйымдастыруды, халықты, аумақтар мен шаруашылық жүргізу объектілерін техногендік авариялар, ықтимал су тасқындары, селдер, көшкіндер мен басқа да қауіпті экзогенді құбылыстар туралы құлақтандыруды;
      2) жергілікті атқарушы органдар:
      ықтимал су тасқындарын, селдерді, көшкіндерді және басқа да қауіпті экзогенді құбылыстарды ескере отырып, аумақтарда құрылыс салуды жоспарлауды;
      төтенше жағдайлар кезінде баспанасыз қалған халық үшін уақытша тұрғын үй резервін жасауды;
      тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету объектілерінде азық-түліктің, дәрі-дәрмектің және материалдық-техникалық құралдардың қорларын жасауды;
      3) ұйымдар:
      шаруашылық жүргізу объектілерін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жөніндегі перспективалық және ағымдағы жоспарларды және оларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларын әзірлеуді;
      шаруашылық жүргізу объектілерінің жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру және төтенше жағдайларда олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлеуді;
      төтенше жағдайлар зардаптарының алдын алу және жою жөніндегі күштер мен құралдарды жасауды, даярлауды және оларды қолдануға әзірлік жағдайында ұстауды, зардап шеккендерге көмек көрсетуді;
      мониторинг жүйесін, персоналды, шаруашылық жүргізу субъектілерін және халықты техногендік авариялар туралы құлақтандыруды ұйымдастыруды;
      ықтимал су тасқындарын, селдерді, көшкіндерді және басқа да қауіпті экзогенді құбылыстарды ескере отырып аумақтарда құрылыс салуды жоспарлауды;
      тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету объектілерінде азық-түліктің, дәрі-дәрмектің және материалдық-техникалық құралдардың қорларын жасауды жүргізеді.";

      2) 6-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Жер сілкінісінің зардаптарын жою мақсатында:
      1) уәкілетті органның басшысы:
      құтқару жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға;
      жер сілкінісінің күші, қираған жерлер, шығындар мен оның зардаптарын жою жөнінде қолданылып жатқан шаралар туралы ақпарат жинауды және оны жоғары тұрған органдар мен халыққа беруді жүзеге асыруға;
      2) орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары:
      жер сілкінісінің зардаптарын жоюды, құтқару және шұғыл жұмыстар жүргізуді, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетуді және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жөніндегі басқа да іс-шараларды ұйымдастыруға;
      қираған жерлер, шығындар мен жер сілкінісінің зардаптарын жою жөнінде қолданылып жатқан шаралар туралы ақпарат жинауды және оны уәкілетті органға беруді жүзеге асыруға;
      3) ұйымдардың басшылары:
      жер сілкінісінің зардаптарын жоюды, құтқару және шұғыл жұмыстар жүргізуді, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетуді және қызметкерлердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жөніндегі басқа да іс-шараларды ұйымдастыруға міндетті.";

      3) 14-баптың 1-тармағының үшінші бөлігіндегі "Жергілікті атқарушы органдардың" деген сөздер "Төтенше жағдайларды жою басшысының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 19-бапта :
      жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының, облыстардың, қалалардың, аудандардың бейбіт және соғыс уақытындағы Азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлейді, оны Азаматтық қорғаныстың тиісті бастықтарына бекітуге табыс етеді және оларды іске асыру жөніндегі басшылықты жүзеге асырады;";
      мынадай мазмұндағы он алтыншы және он жетінші абзацтармен толықтырылсын:
      "қазіргі заманғы зақымдау құралдары қолданылған кезде ұйым басшыларын және халықты одан қорғану тәсілдерін және төтенше жағдайлар кезінде іс-қимылдар жасауға үйретуді ұйымдастырады;
      халықты құлақтандырудың және байланыстың республикалық жүйесін дереу пайдалануға, оны жарақтандыру мен дамытуға тұрақты дайындық жасайды және оны қамтамасыз етеді.";

      5) 22-баптың екінші бөлігінде:
      екінші, төртінші және алтыншы абзацтар алып тасталсын;
      алтыншы абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылып, сегізінші абзац алып тасталсын:
      "кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастырады және жүргізеді, эвакуациялық іс-шаралардың жүргізілуін қамтамасыз етеді;".

      8. "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 2-3, 25-құжат; 2001 ж., N 20, 258-құжат; 2002 ж., N 5, 50-құжат; 2004 ж., N 5, 29-құжат; N 13, 74-құжат; 2005 ж., N 17-18, 73-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 24, 148-құжат, 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 12, 86-құжат; N 13, 100-құжат; N 19, 147-құжат; 2008 ж., N 13-14, 55-құжат):
       3-баптың 3-тармағында:
       1-2) тармақша алып тасталсын;
       1-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1-3) мемлекеттік қызмет көрсету стандарты - мемлекеттік қызмет көрсету процесінің, нысанының, мазмұны мен нәтижесінің сипаттамасын қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық акт;".

      9. "Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., N 20, 379-құжат; 2004 ж., N 5, 29-құжат; 2007 ж., N 12, 86-құжат; N 19, 147-құжат):
      1) 1-бапта :
      2-2, 2-3 және 2-5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "2-2. Мемлекеттік қызмет көрсету - Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген функциялар мен өкілеттіктерге негізделген, бюджет қаражаты есебінен және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қаржыландырылатын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын қамтамасыз етуге, заңды мүдделерін қорғауға және қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған мемлекеттік қызметтер стандарттарына сәйкес жүзеге асырылатын қызмет.
      2-3. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты - мемлекеттік қызмет көрсету процесінің, нысанының, мазмұны мен нәтижесінің сипаттамаларын қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық акт.";
      "2-5. Мемлекеттік қызметтер көрсету тізілімі - мемлекеттік қызметтер көрсетуді алушыларды, олардың көрсетілуін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдарды және ұйымдарды көрсете отырып, республикалық және жергілікті деңгейде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үнемі жаңартылып отыратын тізбесін және басқа да сипаттамаларды қамтитын нормативтік құқықтық акт.";
      2-4-тармақ алып тасталсын;

      2) 9-1-бапта :
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-1-бап. Регламент және стандарт";

       2-тармақтағы "стандарты мен регламентін" деген сөздер "стандартын" деген сөзбен ауыстырылып, 3-тармақтағы "мен регламенті" деген сөздер алып тасталсын;

      3) 15-1-бапта :
      тақырыптағы "көрсетуді жүзеге асыру" деген сөздер "көрсету" деген сөзбен ауыстырылсын;
       1-тармақтағы "Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру аясында қызметтер ұсынатын мемлекеттік" деген сөздер "Мемлекеттік" деген сөзбен ауыстырылсын;
       2-тармақтағы "стандарты мен регламентінің" деген сөздер "стандартының" деген сөзбен ауыстырылсын.

      10. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 3, 17-құжат, N 9, 86-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 103-құжат; 2004 ж., N 10, 56-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 142-құжат; N 24, 144-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 13, 86, 87-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 99-құжат; N 18, 113-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 14-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 17, 139-құжат; N 20, 152-құжат):
      1) 27-баптың 1-тармағында:
      1) тармақша "әзірлейді" деген сөзден кейін "және әлеуметтік-экономикалық даму мен бюджеттік параметрлердің болжамын мақұлдайды" деген сөздермен толықтырылсын;
      1-1) тармақша алып тасталсын;
      1-2) тармақшадағы "тиісті қаржы жылына арналған" деген сөздер алып тасталсын;
      1-5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1-5) облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органның стратегиялық жоспарын бекітеді;";
      1-6) тармақша алып тасталсын;
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "9) өз құзыреті шегінде II, III және IV санат объектілерінің мемлекеттік экологиялық сараптамасын ұйымдастырады, табиғат пайдаланушыларға II, III және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар береді, табиғат қорғау іс-шараларын жүргізеді, табиғат пайдалануды реттейді;";
      14-1) тармақшадағы "халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын және", "басқа да" деген сөздер алып тасталсын;

      2) 31-баптың 1-тармағында:
      1) тармақша алып тасталсын;
      1-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1-1) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуын қамтамасыз етеді;";
      1-4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1-4) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органның стратегиялық жоспарын бекітеді;";
      1-5) тармақша алып тасталсын.

      11. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 17-18, 243-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 6, 10-құжат; N 7-8, 19-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 15, 95-құжат; N 23, 144-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 18-құжат; N 16, 129-құжат):
       64-баптың 4-тармағының 1) тармақшасындағы "мемлекеттік инвестициялар", "мемлекеттік инвестициялардың" деген сөздер тиісінше "бюджеттік инвестициялар", "бюджеттік инвестициялардың" деген сөздермен ауыстырылсын.

      12. "Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы" 2002 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 7-8, 77-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 20, 152-құжат; 2008 ж., N 6-7, 27-құжат):
      1) 7-бап мынадай мазмұндағы 28) тармақшамен толықтырылсын:
      "28) халықты және ұйымдарды қауіпті өндірістік объектілердегі авариялардың алдын алу және оларды жою шаралары туралы хабардар етеді.";

      2) 9-баптың 3) тармақшасы алып тасталсын.

      13. "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 21, 176-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 15, 92-құжат; 2007 ж., N 19, 147-құжат; N 20, 152-құжат):
      1) 4-баптың 1-тармағында:
      1) тармақшадағы "және көліктегі" деген сөздер ", көліктегі және тиісті аумақтардағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақша алып тасталсын;

      2) 6-баптың 2) тармақшасындағы "және жергілікті" деген сөздер алып тасталсын;

      3) 7-2-бапта :
      тақырыптағы және бірінші абзацтағы "және көліктегі" деген сөздер ", көліктегі және тиісті аумақтардағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асырады;";
      4) тармақша "темір жол" деген сөздердің алдынан "автомобиль, теңіз," деген сөздермен толықтырылсын;
      6) тармақшадағы "іске асыруға қатысады" деген сөздер "іске асырады" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 16), 17), 18), 19), 20), 21) және 22) тармақшалармен толықтырылсын:
      "16) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету жөнінде шешімдер қабылдайды және тиісті аумақта олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
      17) тиісті аумақта жұқпалы аурулардың профилактикасы жөнінде іс-шаралар ұйымдастыру мен өткізуді бақылауды жүзеге асырады;
      18) өнімге, тауарларға, процестерге және көрсетілетін қызметтерге өңірлік стандарттарды қарайды және келіседі, сондай-ақ өз құзыреті шегінде тиісті аумақта міндетті лицензиялануға жататын қызмет түрлеріне қорытындылар береді;
      19) тиісті аумақта санитарлық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесі құжаттарының, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, есепке алудың және есептілік нысандарының жобаларын әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      20) тиісті аумақта санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары зертханаларының санитарлық ережелерге сәйкестігін аттестаттауды жүргізеді;
      21) тиісті аумақта халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады;
      22) тиісті аумақта профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялайтын) препараттардың сақталуын, тасымалдануын және пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады.";

      4) 8-бап алып тасталсын.

      5) 10-бапта :
      1-тармақта:
      төртінші абзацтағы "көліктегі" деген сөз "Мемлекеттік шекарадағы, көліктегі және тиісті аумақтардағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бесінші, алтыншы абзацтар алып тасталсын;
      3-тармақ алып тасталсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Мемлекеттік шекарадағы, көліктегі және тиісті аумақтардағы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлерді Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.";

      6) 25-баптың 2-тармағындағы "мен облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары" деген сөздер алып тасталып, "санитарлық-карантиндік бақылауды" деген сөздерден кейін "тиісті аумақтарда" деген сөздермен толықтырылсын.

      14. "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 10, 55-құжат; N 21-22, 160-құжат; 2004 ж., N 23, 140-құжат; 2005 ж., N 14, 58-құжат; 2006 ж., N 10, 52-құжат; N 16, 99-құжат; 2007 ж., N 4, 28, 33-құжаттар; N 9, 67-құжат, N 20, 153-құжат; 2008 ж., N 13-14, 56-құжат; 2008 жылғы 24 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 23 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы ):
       34-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
      "7. Ұлттық холдингтердің және ұлттық басқарушы холдингтің жарғылық капиталын ұлғайту кезінде акциялардың қосымша эмиссиясын төлеуді Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік органдар жүргізуі мүмкін.".

      15. "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 14, 119-құжат; 2004 ж., N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 24-құжат; N 14, 58-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 4, 28-құжат; N 9, 67-құжат; N 17, 141-құжат; 2008 ж., N 15-16, 64-құжат; 2008 жылғы 24 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 23 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы , 2008 жылғы 25 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұжымдық инвестициялау және жинақтаушы зейнетақы қорлары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы ):
       18-1-баптың 3-тармағы "не құрылымдық облигацияларды ұстаушылардың барлығының немесе олардың өкілінің келісімімен жол беріледі" деген сөздермен толықтырылсын.

      16. "Дәрілік заттар туралы" 2004 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 2, 8-құжат; N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 15, 92-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 19, 147-құжат; N 20, 152-құжат):
      1) 8-баптың 2-тармағы 4) тармақшасының үшінші абзацындағы "сатып алуды жүзеге асырады" деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      "профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялайтын) препараттарды сатып алуды жүзеге асырады;";

      2) 27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Жергілікті атқарушы органдар сатып алатын профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялайтын) препараттардың сақталуы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның қоймаларында жүзеге асырылады.".

      17. "Концессиялар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., N 14, 88-құжат; 2008 ж., N 15-16, 64-құжат):
      1) 9-бапта :
      1) тармақшада:
      екінші абзацтағы "талдау мен" деген сөздер алып тасталсын;
      үшінші абзацтағы "бағалау мен" деген сөздер алып тасталсын;
      бесінші абзацтағы "жобаларды" деген сөз "өтінімдерді" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) концессия объектісінің, концессиялық жобаның құнын және концессионер қызметін мемлекеттік қолдаудың жиынтық құнын айқындау әдістемесін бекітеді.";

      2) 10-бап мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      "7) мемлекеттік меншікте тұрған концессия объектілерін концессионерге иеленуге және пайдалануға берудің тәртібін айқындайды.";

      3) 14-баптың 2-1-тармағының бірінші бөлігіндегі "концессиялық жобаның" деген сөздер "концессия объектісінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 17-баптың 1-тармағында:
       5) тармақшада :
      "жеңіп шыққан концессия жобасын" деген сөздер "жеңіп шыққан концессия өтінімін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "жобаларды" деген сөз "өтінімдерді" деген сөзбен ауыстырылсын;
       7) тармақшадағы "конкурстық өтінімдерді, оның ішінде концессиялық жобалар мен концессия шартын" деген сөздер "концессиялық өтінімдерді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 18-бапта :
      1-тармақтың 5) тармақшасындағы "болуға;" деген сөз "болуға тиіс." деген сөздермен ауыстырылып, 6) тармақшасы алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Егер концессионер концессия жобасын іске асыру мақсатында бірнеше жеке немесе заңды тұлғалар құрған жаңа заңды тұлға болып табылса, онда заңды тұлғалар осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген талаптарға сәйкес келуге тиіс.";
       2-тармақтың үшінші бөлігі "ықтимал концессионердің" деген сөздердің алдынан "концессия жобасын іске асыру мақсатында бірнеше жеке немесе заңды тұлғалар құрған жаңа заңды тұлға ықтимал концессионер болып табылатын жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 19-баптың 4-тармағының бірінші бөлігіндегі "жобаларды" деген сөз "өтінімдерді" деген сөзбен ауыстырылсын;

      7) 20-бапта :
      1-тармақтың екінші бөлігіндегі "жобаларды" деген сөз "өтінімдерді" деген сөзбен ауыстырылсын;
       3-тармақтағы "концессиялық жобасы" деген сөздер "концессиялық өтінімі" деген сөздермен ауыстырылсын;
       4-тармақтың үшінші бөлігіндегі "концессиялық жобаның" деген сөздер "концессиялық өтінімнің" деген сөздермен ауыстырылсын.

      18. "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 4, 32-құжат; 2008 жылғы 24 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 23 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы ):
      1) 15-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігінің көлемі, оны жасау нысандары мен тәртібі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленеді.";

      2) 20-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен басқа, мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленеді.".

      19. "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 17, 135-құжат; 2008 ж., N 13-14, 58-құжат; 2008 жылғы 22 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
       37-баптың 5-тармағында:
       2) тармақшадағы "тауарларды" деген сөз "активтер мен басқа да тауарларды" деген сөздермен ауыстырылсын;
       4) тармақшадағы "Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда," деген сөздер алып тасталсын.

       2-бап . Осы Заң 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 3, 4-тармақтарын, 5-тармағының 2) тармақшасының үшінші абзацын, 6, 7, 10, 13, 16-тармақтарын, 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 5-тармағының 1) тармақшасын және 2) тармақшасының екінші абзацын, 12-тармағын және 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 18-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев