Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.09.2018 № 217 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 3-тармағына және "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 9 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Төлем агентінің қызметін жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.09.2018 № 217 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне және "Қазақстан Қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ететін болсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Қазақстан Республикасы | |
Ұлттық Банкі Басқармасының | |
2003 жылғы 2 желтоқсандағы | |
№ 409 қаулысымен бекітілді |
Ескерту. Ереженің оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.09.2018 № 217 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Төлем агентінің қызметін жүзеге асыру қағидалары
Ескерту. Ереженің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.09.2018 № 217 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Төлем агентінің қызметін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығында төлем агентінің қызметін жүзеге асыру талаптары мен тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.10.2022 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Эмитент эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кіріс төлеуді дербес немесе төлем агентінің қызмет көрсетуі туралы жасалған шартқа (бұдан әрі – шарт) сәйкес, Қағидалардың 4-1-тармағының талаптарын ескерумен, төлем агенті көрсететін қызметті пайдалана отырып жүзеге асырады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.10.2022 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Төлем агенті туралы мәліметтер эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде болады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.09.2018 № 217 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. 2-тарау. Төлем агентінің эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кірісті және оларды
өтеу кезінде облигациялардың нақтылы құнын төлеуі
4. Бағалы қағаздарды ұстаушыларға эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кірісті және оларды өтеу кезінде облигациялардың нақтылы құнын төлеуді эмитент шартта көрсетілген төлем агентінің банк шотына (бұдан әрі - төлем агентінің шоты) қажетті ақша сомасын аудару және бір мезгілде төлем агентіне бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізімін жіберу арқылы жүзеге асырады.
4-1. Орталық депозитарий осындай облигацияларды өтеу мерзімі аяқталатын күнге дейін екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде эмитенттер "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) 31-бабының 3-1-тармағының үшінші бөлігін ескере отырып, соңғы купондық сыйақыны қоса алғанда, облигацияларды өтеуге (мерзімінен бұрын өтеуге) аударған ақшаны облигациялардың әрбір ұстаушысына төленуге тиісті сома туралы ақпараты бар эмитент ұсынған облигацияларды ұстаушылардың тізіміне сәйкес, орталық депозитарийде облигацияларды өтеуге (мерзімінен бұрын өтеуге) арналған шотқа аударады.
Ескерту. Қағида 4-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.10.2022 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.5. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кірісті және оларды өтеу кезінде облигациялардың нақтылы құнын төлеу үшін төлем агентіне ұсынылатын бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізімінде мынадай мәліметтер болады:
1) бағалы қағаздарды ұстаушының толық атауы (жеке тұлғаның аты-жөні, бар болса - әкесінің аты);
2) бағалы қағаздарды ұстаушының орналасқан жері (тұрғылықты жері) және почталық мекен-жайы;
3) бағалы қағаздарды ұстаушыға тиесілі бағалы қағаздардың түрі және саны;
4) халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN коды);
5) бағалы қағаздарды ұстаушының жеке бірегейлендіру коды, бағалы қағаздарды ұстаушының шоты ашылған банктің атауы және банктік бірегейлендіру коды (заңды тұлға үшін);
6) жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлға үшін), бизнес-сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлға үшін);
7) бағалы қағаздарды ұстаушының салықтық мәртебесі (Қазақстан Республикасының резиденті, резидент емесі);
8) экономика секторының коды (заңды тұлға үшін);
9) кірісті төлеудің мақсаты (акциялар бойынша дивидендтерді төлеу, облигациялар бойынша сыйақы немесе облигацияларды өтеу);
10) әрбір бағалы қағаздарды ұстаушыға төленуге тиіс ақша сомасы.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.05.28 N 155 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.09.2018 № 217 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.6. Төлем агенті бағалы қағаздарды ұстаушыларға эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кірісті және оларды өтеу кезінде облигациялардың нақтылы құнын төлеуді Қазақстан Республикасының заңдарына, өзінің ішкі құжаттарына және шарттың талаптарына сәйкес жүзеге асырады.
7. Орталық депозитарий облигациялар шығарылымының талаптарында белгіленген өтеу мерзімі аяқталғаннан кейін бір ай ішінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17920 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 307 қаулысымен бекітілген, Орталық депозитарийдің қызметін жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 32-бабына сәйкес мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарлама жібереді.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.10.2022 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.7-1. Төлем агенті эмитент сыйақыны және (немесе) облигациялардың номиналды құнын төлеу бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған, сондай-ақ шектеулерді (ковенант) бұзған фактілер туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күннен кешіктірмей, төлем агенті эмитентпен жасалған шарт бойынша өзінің функцияларын жүзеге асыру және өзінің құқықтарын іске асыру аясында қолданған шараларды көрсете отырып, уәкілетті органды және облигация ұстаушыларды хабардар етеді.
Ескерту. Ереже 7-1-тармақ толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.04.29 N 89 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.8. Төлем агенті эмитентке талап етілмеген ақша сомасын қайтаруды Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 31-бабының 3-1-тармағының талаптарын ескерумен шарттың талаптарына сәйкес жүзеге асырады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.10.2022 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3-тарау. Қорытынды ережелер
9. Эмитент шынайы емес мәліметтері бар бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізімін ұсынған жағдайда, төлем агенті эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кірісті және оларды өтеу кезінде облигациялардың нақтылы құнын уақтылы төлемегені үшін жауапкершілік атқармайды.
10. Эмитенттің төлем агентінің қызмет көрсетуіне ақы төлеуі эмитенттің есебінен жүзеге асырылады.
11. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.09.2018 № 217 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.