Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне кәсiпкерлiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы N 125 Заңы

       1-бап.  Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексiне  (Жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат;
N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж. N 1-2, 8-құжат; N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., N 2-3, 23-құжат; N 5-6, 50-құжат; N 11-12, 178-құжат; N 17-18, 224, 225-құжаттар; N 23, 429-құжат; 1999 ж.,
N 20, 727, 731-құжаттар; N 23, 916-құжат; 2000 ж., N 18, 336-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 11, 56, 57, 66-құжаттар;
N 15, 139-құжат; N 19-20, 146-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 56-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 10, 31-құжат; N 14, 58-құжат; 2006 жылғы 5 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2005 жылғы 30 желтоқсанда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне лицензиялау және шоғырландырылған қадағалау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2005 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңы ):

      21-бапта:
      2-тармақтағы "осы Кодекстiң 53-бабында" деген сөздер "осы баптың 4 және 5-тармақтарында көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып, заңды тұлғалар үшiн" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтың бiрiншi абзацындағы "әкiмшiге," деген сөз алып тасталсын.

      2. 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Қылмыстық кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат, N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 10, 106-құжат; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 15, 137-құжат; N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат, N 17, 97-құжат; N 23, 139-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; 2005 жылғы 1 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және 2005 жылғы 26 қарашада "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне зияткерлiк меншiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2005 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының  Заңы ):

      208-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "208-бап. Акцизделетiн тауарларды акциздiк маркалармен
                және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен
                таңбалаудың тәртiбi мен ережелерiн бұзу, акциздiк
                маркаларды және (немесе) есепке алу-бақылау
                маркаларын қолдан жасау және пайдалану";

      бiрiншi бөлiкте "акциздiк алым маркасымен" деген сөздер "акциздiк маркалармен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екiншi бөлiкте "Акциздiк алымның көрiнеу жалған маркаларын" деген сөздер "Көрiнеу жалған акциздiк маркаларды және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат;  N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат, 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18 72-құжат; 2005 жылғы 3 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және 2005 жылғы 29 қарашада "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2005 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының  Заңы ; 2005 жылғы 1 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және 2005 жылғы 26 қарашада "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне зияткерлiк меншiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2005 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының  Заңы ; 2006 жылғы 5 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2005 жылғы 30 желтоқсанда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне лицензиялау және шоғырландырылған қадағалау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2005 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңы ):

      214-баптағы "акциздiк маркалармен" деген сөздер "акциздiк маркалармен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының  кодексiне  (Салық кодексi) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар;  N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133, 139-құжаттар; N 21-22, 160-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 14, 82-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; 2005 жылғы 3 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және 2005 жылғы 29 қарашада "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2005 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының  Заңы ; 2005 жылғы 1 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және 2005 жылғы 26 қарашада "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне зияткерлiк меншiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2005 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының  Заңы ; 2006 жылғы 5 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2005 жылғы 30 желтоқсанда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне лицензиялау және шоғырландырылған қадағалау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2005 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңы ):
       (Ескерту. 4-тармақ (8), 9), 10), 11), 12), және 42) тармақшалардан басқасы), 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі - осы Заңның 2-бабын қараңыз см.  статью 2 ).  

      1) 3-баптың 2-тармағындағы "желтоқсанынан" деген сөз "қарашасынан" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 92-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      "6. Қазақстан Республикасының жеке кәсiпкерлiк туралы  заңына  сәйкес салық төлеушiнiң жеке кәсiпкерлер субъектiлерi бiрлестiгiне тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда қызметкерлердiң орташа есеппен бiр жылдағы тiзiмдiк саны негiзiнде бiр қызметкерге белгiленген бiр айлық есептiк көрсеткiш шегiнде төлеген жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүшелiк жарналары шегерiмге жатады.";

      3) 147-бапта:
      2-тармақтағы "15-iне" деген цифр "20-сына" деген цифрмен ауыстырылсын;

      3-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын салық агенттерiнiң жеке табыс салығын төлеу тәртiбi мен мерзiмдерi осы Кодекстiң 377-1-бабында белгiленген.";

      4) 148-бапта:
      1-тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi "15-iнен" деген цифр "20-сынан" деген цифрмен ауыстырылсын;

      2-тармақ мынадай мазмұндағы жаңа абзацпен толықтырылсын:
      "Оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын салық агенттерiнiң жеке табыс салығы бойынша есептi табыс етуi осы Кодекстiң 377-1-бабына сәйкес жүргiзiледі.";

      5) 223-баптың 1-тармағының 2) тармақшасында:
      екiншi абзацтағы "не толық емес мерзiмдiк декларациялау рәсiмiн қолдана отырып" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Тауарларды мерзiмдiк декларациялау рәсiмiн қолдана отырып экспорт режимiнде шығарған жағдайда, кедендiк ресiмдеудi жүргiзген кеден органының белгiсi бар толық кедендiк жүк декларациясы да экспортты растаушы болып табылады.";

      6) 235-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы "тауар берушi" деген сөздердiң алдынан "шот-фактура жазылған күнге қосылған құн салығын төлеушi болып табылатын" деген сөздермен толықтырылсын;

      7) 247-баптың 1 және 2-тармақтарындағы "15-iнен" деген цифр "20-сынан" деген цифрмен ауыстырылсын;

      8) 259-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы "акциз маркаларының" деген сөздерден кейiн ", есепке алу-бақылау маркаларының" деген сөздермен толықтырылсын;

      9) 260-баптың 6-тармағы "акциз маркалары" деген сөздерден кейiн ", есепке алу-бақылау маркалары" деген сөздермен толықтырылсын;

      10) 264-бапта:
      тақырыбы "Акциз маркаларының" деген сөздерден кейiн ", есепке алу-бақылау маркаларының" деген сөздермен толықтырылсын;

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары бүлiнген, жоғалған кезде акциз мәлiмделген ассортимент мөлшерiнде төленедi.
      Осы Кодекстiң 549-бабына сәйкес алкоголь өнiмiн таңбалауға арналған бүлiнген немесе жоғалған (оның iшiнде ұрланған) есепке алу-бақылау маркалары бойынша акциздi есептеу маркада көрсетiлген сауыттың (ыдыстың) көлемiне қолданылатын белгiленген ставкалар негiзге алынып жүргiзiледi.";

      2-тармақ "акциз маркалары", "акциздiк маркаларын" деген сөздерден кейiн тиiсiнше ", есепке алу-бақылау маркалары", ", есепке алу-бақылау маркаларын" деген сөздермен толықтырылсын;

      11) 271-бап мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
      "8. Шарап материалын қоспағанда, осы Кодекстiң 257-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында белгiленген акцизделетiн тауарларға акциз есепке алу-бақылау маркаларын алғанға дейiн немесе сол күнi төленедi.";

      12) 277-баптың 2-тармағының бiрiншi бөлiгi "акциздiк маркаларын" деген сөздерден кейiн ", есепке алу-бақылау маркаларын" деген сөздермен толықтырылсын;

      13) 316-баптың 1-тармағының бiрiншi абзацы "(14-17)," деген цифрлардан кейiн "22-1)," деген цифрлармен толықтырылсын;

      14) 318-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Жұмыс орнын ауыстырған кезде жеке тұлға бұрынғы жұмыс орнынан аталған жеке тұлғаға кiрiстер төлеуге төлеушiнiң шығыстар сомасы туралы және осы шығыстардан төленген салық сомасы туралы есептi жаңа жұмыс орнына табыс етуге тиiс.";

      15) 319 және 322-баптардың 1-тармағындағы "15-iнен" деген цифр "20-сынан" деген цифрмен ауыстырылсын;

      16) 359-баптың 2-тармағының үшiншi бөлiгiндегi "3)-5)-тармақшаларында" деген сөздер "5) тармақшасында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17) 374-бапта:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Дара кәсiпкер патент алу үшiн кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жерi бойынша салық органына:
      1) уәкілеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша патент алуға өтiнiштi;
      2) дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктi;
      3) бюджетке патент құнының, жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарының және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына сақтандыру аударымдарының төленгенiн растайтын құжаттарды;
      4) дара кәсiпкер лицензиялауға жататын қызметтi жүзеге асырған жағдайда мұндай қызметтi жүзеге асыруға құқық беретiн лицензияны табыс етедi. Бұл орайда патент лицензияның қолданылу мерзiмiнен аспайтын мерзiмге берiледi.
      Патент алуға өтiнiштi электронды түрде беретiн салық төлеушiлер осы тармақтың 2) - 4) тармақшаларында тiзiп көрсетiлген құжаттарды табыс етпейдi.
      Кезектi патенттi алу үшiн патент алуға өтiнiш алдыңғы патенттiң қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн табыс етiледi.
      Дара кәсiпкер жолаушыларды және багажды автомобильмен тасымалдау жөнiндегi қызметтi жүзеге асырған жағдайда, ол патент алуға берген өтiнiшiнде тасымалдау түрiн (тұрақты немесе тұрақты емес тасымалдаулар) көрсетуге мiндеттi. Автомобильмен тасымалдаулар түрiнiң Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген талаптарға сәйкес келуiн бақылауды автомобиль көлiгi саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Салық органдары осы баптың 4-тармағында көрсетiлген құжаттар болған кезде патент берудi бiр күн iшiнде жүргiзедi.";

      18) 375-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар сомасы әлеуметтiк салық сомасынан асып кеткен кезде әлеуметтiк салық сомасы нөлге тең болады.";

      19) 377-бапта:
      7-тармақтағы "тоқсан сайын, есептi салық кезеңiнен кейiнгi айдың 10-ынан" деген сөздер "есептi салық кезеңiнен кейiнгi айдың 20-сынан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8-тармақта:
      бiрiншi бөлiктегi "15-iнен" деген цифр "25-iнен" деген цифрмен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар сомасы әлеуметтiк салық сомасынан асып кеткен кезде әлеуметтiк салық сомасы нөлге тең болады.";

      20) мынадай мазмұндағы 377-1-баппен толықтырылсын:

      "377-1-бап. Жекелеген салық түрлерiн және жинақтаушы
                  зейнетақы қорларына мiндетті зейнетақы
                  жарналарын, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру
                  қорына әлеуметтiк аударымдарды төлеу
                  ерекшелiктерi және олар бойынша есептiлiктi табыс
                  ету

      1. Салық төлеушi оңайлатылған декларация тапсыру үшiн белгiленген мерзiмдерде:
      1) төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығы бойынша есептi;
      2) жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндетті зейнетақы жарналары бойынша есептiлiктi;
      3) Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша есептi табыс етедi.
      2. Төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығы, жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар сомаларын төлеу салық есептiлiгi кезеңiнен кейiнгi айдың 25-iнен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
      3. Жалдамалы қызметкерлердiң еңбегiн пайдаланбайтын жеке кәсiпкерлер жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша есептердi табыс етпейді.";

      21) 380-баптың 3-тармағында:
      1-тармақшадағы "20" деген цифрлар "25" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      2) тармақшада:
      бiрiншi абзацтағы "20" деген цифр "25" деген цифрмен ауыстырылсын;

      екiншi абзацта:
      бiрiншi сөйлемдегi "бiрыңғай жер салығы бойынша" деген сөздер "бiрыңғай жер салығын төлеушiлерге арналған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екiншi және үшiншi сөйлемдердегi "20" деген цифр "25" деген цифрмен ауыстырылсын;

      22) 382-бапта:
      1-тармақта:
      "15" деген цифр "20" деген цифрмен ауыстырылсын;

      "бiрыңғай жер салығы мен әлеуметтiк салық бойынша" деген сөздер "бiрыңғай жер салығын төлеушiлерге арналған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтың бiрiншi абзацындағы "15" деген цифр "20" деген цифрмен ауыстырылсын;

      23) 383-баптың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларындағы "20" деген цифрлар "25" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      24) 384-бапта:
      бiрiншi абзацтағы "бiрыңғай жер салығы мен әлеуметтiк салық бойынша декларация табыс ету" деген сөздер "бiрыңғай жер салығын төлеушiлерге арналған декларацияны беру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) және 5) тармақшалар алып тасталып, 4) тармақшадағы "декларацияны;" деген сөз "декларацияны табыс етедi." деген сөздермен ауыстырылсын;

      25) 387-баптың 2-тармағының 7) тармақшасы мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Патент алуға өтiнiштi электронды түрде беретiн салық төлеушiлер осы тармақтың 1), 2), 5) және 6) тармақшаларында тiзiп көрсетiлген құжаттарды табыс етпейдi.";

      26) 388-баптың 5-тармағындағы "15" деген цифр "20" деген цифрмен ауыстырылсын;

      27) 390-баптың 3-тармағындағы, 4-тармағының 1) және 2) тармақшаларындағы "15" деген цифр "20" деген цифрмен ауыстырылсын;

      28) 397-баптың 3-тармағындағы "осы өзгерiстер туындаған кезден бастап он жұмыс күнi iшiнде" деген сөздер алып тасталсын;

      29) 407-баптың 2-тармағындағы "байланыс саласындағы" деген сөздер алып тасталсын;

      30) 448-бапта:
      4-тармақтағы "Төлемақы төлеушiлер" деген сөздер "Осы баптың 4-1 және 4-2-тармақтарында аталғандарды қоспағанда, төлемақы төлеушiлер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "4-1. Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғалар үшiн арнайы салық режимiн қолданатын салық төлеушiлер төлем сомаларын осы Кодекстiң  389-бабында  белгiленген тәртiппен төлейдi.
      4-2. Дара кәсiпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғалар төлем сомаларын салықтың есептiлiк кезеңiнiң 20 ақпанынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде төлейдi.";

      5-тармақтағы "Төлеудiң белгiленген" деген сөздер "Осы баптың 4-тармағында көрсетiлген төлеушiлер үшiн төлеудiң белгiленген" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      "5-1. Осы баптың 4-2-тармағында айқындалған төлеушiлер жер учаскесiн осы Кодекстiң  450-бабының  2-1-тармағында белгiленген мерзiмнен кейiн алған жағдайда, төлемдi уақытша өтеулi жер учаскесiн пайдалануға алған айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде төлейдi.";

      6-тармақтағы "Мемлекет өтемiн" деген сөздер "Осы баптың 4-тармағында көрсетiлген төлеушiлер үшiн мемлекет өтемiн" деген сөздермен ауыстырылсын;

      31) 450-бапта:
      1-тармақтағы "есебi мен" деген сөздер "есебiн және (немесе)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "15" деген цифр "20" деген цифрмен ауыстырылсын;

      3-тармақтағы "декларацияны" деген сөзден кейiн ", дара кәсiпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғаларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      4-тармақ мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Осы тармақтың ережелерi төлеушiлерге - дара кәсiпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғаларға қолданылмайды.";

      32) 458-бапта:
      2-тармақтағы "15-iнен" деген цифр "20-сынан" деген цифрмен ауыстырылсын;

      3-тармақтағы "су үшiн" деген сөздер алып тасталсын;

      4-тармақтағы "15" деген цифр "20" деген цифрмен ауыстырылсын;

      33) 459-баптың 3-тармағындағы "рұқсат бойынша ластау" деген сөздерден кейiн ", жылжымалы көздерден шығатын ластағыш заттар шығарындыларын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      34) 463-бапта:
      2-тармақтың екiншi сөйлемiндегi "рұқсат" деген сөз "рұқсат ету құжаты салықтың есептiлiк кезеңiнiң 20 наурызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы жаңа 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Рұқсат ету құжатын осы Кодекстiң  465-бабының  2-1-тармағында белгiленген мерзiмнен кейiн алған кезде лимиттi сатып алу қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган беретiн рұқсат ету құжатын алған айдан кейiнгi айдың 20-нан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде жүргiзiледi.";

      35) 465-бапта:
      2-тармақтағы "4-тармағында" деген сөз "2-1 және 4-тармақтарында" деген сөздермен, "15-iнен" деген цифр "20-сынан" деген цифрмен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "2-1. Төлемақы көлемi аз (жылдық жиынтық көлемде алғанда 100 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi) ұйымдар ағымдағы төлем сомаларының есебiн салықтың есептiлiк кезеңiнiң 20 наурызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде табыс етедi.
      2-2. Рұқсат ету құжаты осы баптың 2-1-тармағында белгiленген мерзiмнен кейiн рәсiмделген жағдайда, аталған төлеушiлер ағымдағы төлем сомаларының есебiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган беретiн рұқсат ету құжатын алған айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей табыс етедi.";

      4-тармақтағы "15" деген цифр "20" деген цифрмен ауыстырылсын;

      36) 484-баптың 2-тармағындағы "15" деген цифр "20" деген цифрмен ауыстырылсын;

      37) 484-6-баптың 2-тармағындағы "15" деген цифр "20" деген цифрмен ауыстырылсын;

      38) 517-баптың 2-тармағының 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "11) уәкiлеттi және жергiлiктi атқарушы органдарға бақылау жасау нысандарында жүзеге асырылады.";

      39) 533-баптың 5-тармағының 3) тармақшасындағы "лицензияның," деген сөз алып тасталсын;

      40) 534-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн тақырыптық салықтық тексеру жылына бiр реттен артық жүргiзiлмейдi.";

      41) 546-баптың 1-тармағы екiншi бөлiгiнiң 1) тармақшасының үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "егер дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктi бұрын алмаған салық төлеушi дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен кезден берi алты ай өтпеген болса;";

      42) 549-бапта:
      1-тармақтағы "акциз маркаларымен және" деген сөздер алып тасталсын;

      2-тармақтың бiрiншi және екiншi бөлiктерiндегi "Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген акцизделетiн тауарларды акциздiк маркалармен және есепке алу-бақылау маркаларымен" деген сөздер "Осы баптың 1-тармағына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      43) 550-баптың 1-тармағы "тәртiппен" деген сөзден кейiн "және мерзiмде" деген сөздермен толықтырылсын;

      44) 551-бап "бақылау жасауды" деген сөздерден кейiн "уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен және мерзiмде" деген сөздермен толықтырылсын.

      5. 2003 жылғы 5 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының  Кеден кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж.,
N 7-8, 40-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 18, 106-құжат; 2005 ж.,  N 11, 43-құжат; 2005 жылғы 3 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және 2005 жылғы 29 қарашада "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2005 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының  Заңы ):

      1) 432-баптағы "кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен" деген сөздер алып тасталсын;

      2) 459-баптың 1-тармағының үшiншi сөйлемi алып тасталсын.

      6. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Жер кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж.,
N 13, 99-құжат; N 9, 26-құжат):

      1) 13-баптың 8) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 43-баптың 3-тармағының үшiншi бөлiгі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жер учаскесiне құқық беру туралы өтiнiш түскен кезiнен бастап екi айға дейiнгi мерзiмде қаралады, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне жер учаскесiне құқық беру туралы өтiнiш үш апталық мерзiмде қаралады.";

      3) 44-баптың 7-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн, құрылысқа арналған жер учаскесiнiң нысаналы мақсаты қызмет түрлерiне қарамастан, үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету ретiнде белгiленедi.";

      4) 145-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "145-бап. Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды
                ұйымдастыру және оны жүзеге асыру тәртiбi

      1. Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды жер ресурстарын пайдалану жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган мен оның аумақтық органдары, сондай-ақ өзге де уәкiлеттi органдар өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады.
      2. Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын өзге де мемлекеттiк органдар мыналар:
      қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган;
      санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттiк органдары;
      сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган;
      ауыл, орман, аңшылық және балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, су ресурстарын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi орган;
      жер қойнауын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган болып табылады.
      3. Жер заңнамасының сақталуын мемлекеттiк бақылау тексерулер арқылы жүргiзiледi, олар жоспарлы (жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган мен оның аумақтық органдары жоспарлаған және бекiткен) және жоспардан тыс (жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуы туралы өтiнiштерде және өзге де ақпаратта жазылған фактiлер бойынша жеке адамдардың өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға, қоғамдық тәртiпке, ұлттық қауiпсiздiкке төнген қауiп-қатердi дереу жоюды талап ететiн қалыптасқан әлеуметтiк-экономикалық жағдайға, Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылық белгiлерiнiң тiкелей анықталуына байланысты, сондай-ақ жоспарлы тексеру нәтижесiнде анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуын бақылау мақсатында тағайындалатын) болып бөлiнедi.
      Мемлекеттiк бақылау жерге түгендеу жүргiзу, тексеру, жердi пайдаланумен байланысты схемалар мен жобаларды әзiрлеу, жердiң мемлекеттiк кадастрын және мониторингiн жүргiзу кезiнде де жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру рәсiмi мемлекеттiк орган шығаратын тексерудi тағайындау туралы актi және тексеру басталғанға дейiн құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметтi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын уәкiлеттi органда тiркелетiн жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi қызметiн тексеру карточкасы негiзiнде жүргiзiледi.
      Минералдық шикiзатты, пайдалы қазбалар мен табиғи ресурстарды әзiрлеу, өндiру, қайта өңдеу, ауыл шаруашылық өнiмiн өндiру, тұрмыстық және өнеркәсiптiк қалдықтарды қайта өңдеу, кәдеге жарату және көму жөнiндегi қызмет, гидротехникалық, гидромелиорациялық және мелиорациялық қызмет, құрылыс жұмыстары орындалатын, минералдық шикiзатты және оны қайта өңдеу өнiмдерiн тасымалдау объектiлерi орналасқан жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына жоспарлы тексеру жүргiзу арқылы мемлекеттiк бақылау жылына кемiнде бiр рет жүзеге асырылады.
      Қызметтiң басқа түрлерi орындалатын жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына жоспарлы тексеру жүргізу арқылы мемлекеттiк бақылау кемiнде екi жылда бiр рет жүзеге асырылады.
      Жоспарлы тексеру жүргiзу мерзiмi күнтiзбелiк он күндi құрайды, арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргiзу қажет болатын ерекше жағдайларда, сондай-ақ тексерудiң елеулi көлемiне байланысты мемлекеттiк бақылау органының басшысы (не оны ауыстыратын адам) тексеру жүргiзу мерзiмiн күнтiзбелiк он күнге дейiн ұзарта алады.
      Жоспардан тыс тексеру жүргiзу мерзiмi жоспарлы тексеру жүргiзу мерзiмiнен аспауға тиiс.
      Тексеру жүргiзудiң басталуы тексерiлетiн кәсiпкерлiк субъектiсiне тексеру тағайындау туралы актi тапсырылған кезден бастап есептеледi.
      5. Тексеру арқылы мемлекеттiк бақылау жер учаскелерiнiң меншiк иелерiнiң, жердi пайдаланушылардың қатысуымен, ал олар бас тартқан жағдайда олардың қатысуынсыз жүргiзiледi, бұл туралы тексеру нәтижелерi бойынша жасалған құжаттарда тиiстi белгi жасалады.
      Анықталған жер заңнамасын бұзушылықтар бұл жұмыстарды жүргiзген мамандар қол қоятын далалық тексеру сызбасы қоса берiлетiн актiмен ресiмделедi және ол осы мәселенi қарау құзыретiне жататын органға берiледi.
      Уәкiлеттi органдар анықталған жер заңнамасын бұзушылықтарды Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасында айқындалған тәртiппен өз функцияларына сәйкес қарайды.
      6. Жердi пайдалану және қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың әкiмшiлiк жаза қолдану туралы шешiмiне осы Кодекстiң  148-бабының  3-тармағына сәйкес шағым жасауға болады.
      7. Жердi пайдалану және қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзушылықтардың iс жүзiнде жойылуын, сондай-ақ жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың нұсқаулары мен ұйғарымдарын жер учаскелерiнiң меншiк иелерiнiң және жер пайдаланушылардың орындауын бақылауды жүзеге асырады.".

      7. 2003 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Орман кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж.,
N 16, 140-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):

      1) 4-бап мынадай мазмұндағы 57-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "57-1) орман қорын күзету, қорғау, оларды пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласындағы тексеру (бұдан әрi - тексеру) - орман қорын күзету, қорғау, оны пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның және оның аумақтық органдары лауазымды адамдарының, орман иеленушiлердiң, орман пайдаланушылардың және өзге де шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң Қазақстан Республикасының орман қорын күзету, қорғау, оны пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауын айқындау мақсатында жасайтын iс-әрекетi;";

      2) 13-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы және 2-тармағының 3) тармақшасындағы "өсiруге" деген сөзден кейiн "тексерулер арқылы" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 19-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Орман қорын күзету, қорғау, оны пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласындағы мемлекеттiк бақылауды уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары:
      1) орман қорын күзету, қорғау, оларды пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласындағы келеңсiз салдарды растайтын мемлекеттiк орман қорын ғылыми зерттеулер мен мониторинг нәтижелерi бойынша;
      2) уәкiлеттi және аумақтық органдардың жұмыс жоспарына сәйкес жылына бiр реттен аспайтындай етiп;
      3) мемлекеттiк орман қорындағы орман өрттерi фактiлерi бойынша;
      4) жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi бойынша;
      5) жоспарлы тексеру нәтижесiнде анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуын нұсқамаларда көрсетiлген мерзiмде бақылау мақсатында жүзеге асырады.";

      4) 21-бапта:
      1-тармақтың 1) тармақшасындағы "қадағалауды" деген сөз "бақылауды" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) және 5-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      "1-1) орман қорының сандық және сапалық өзгерiстерiн, орманның санитарлық жай-күйiн, ормандағы ағаштардың патологиялық жағдайын;";

      "5-1) кеспеағаш аймағын бөлiп беру бойынша жұмыстарды тексерудi;";

      5) мынадай мазмұндағы 21-1-баппен толықтырылсын:

      "21-1-бап. Орман қорының жай-күйiне, оны күзетуге, қорғауға,
                 пайдалануға, ормандарды молықтыруға және орман
                 өсiруге мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын
                 уәкiлеттi органның және аумақтық органдардың
                 лауазымды адамдарының тексеру актiлерi

      1. Қазақстан Республикасының орман қорын күзету, қорғау, оны пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласындағы заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтарына байланысты жүргiзiлген мемлекеттiк бақылаудың нәтижесi бойынша орман қорының жай-күйiне, күзетуге, қорғауға, оны пайдалануға, ормандарды молықтыруға және орман өсiруге мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган мен аумақтық органдардың лауазымды адамдары мына актiлердi:
      1) тексеру жүргiзу нәтижелерi жөнiндегi актiнi;
      2) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттаманы;
      3) Қазақстан Республикасының орман қорын күзету, қорғау, оны пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласындағы заңнамасының талаптарының бұзылуын жою туралы нұсқаманы;
      4) мынадай:
      Қазақстан Республикасының орман қорын күзету, қорғау, оны пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласындағы заңнамасы бұзылған жағдайда кiнәлi адамдарды әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тарту туралы;
      сот шешімі шығарылғанға дейiн уақытша сақтау үшiн алынған орман ресурстарын, көлiк құралдарын, оларды алу құралдарын алып қою туралы қаулыларды шығарады.";

      6) 110-баптың 5) тармақшасындағы "ауруларын орман патологиялық қадағалау және оларға қарсы күрес" деген сөздер "ауруларының және оларға қарсы күрестiң орман патологиялық мониторингiн" деген сөздермен ауыстырылсын.

      8. 2003 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Су кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж.,
N 17, 141-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 27-1) және 43-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "27-1) мемлекеттiк бақылау - заңдылықтың сақталуын тексеру, заңнаманы бұзушылықтың себептерi мен жағдайларын анықтау және жою, жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтiру, нормативтiк құқықтық актiлердi дәл және бiркелкi қолдану және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес нормативтiк құқықтық актiлердiң мiндеттi талаптарын орындау кезiнде уәкiлеттi мемлекеттiк органдар қабылдайтын шаралар жүйесi;";

      43-1) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы тексеру - су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның және (немесе) өңiрлiк және аумақтық органдардың лауазымды тұлғасының немесе лауазымды тұлғаларының кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң су қорын пайдалану және қорғау саласындағы заңнаманың талаптарын сақтауын айқындау мақсатында жасайтын iс-әрекетi;";

      2) 48-бап мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
      "3. Уәкiлеттi органның мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру кезiндегi басты мiндеттерi:
      1) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын барлық министрлiктермен, агенттiктермен, ведомстволармен өзара iс-қимыл жасауды және қызметiн үйлестiрудi;
      2) шаруашылық және өзге де қызметтiң әсерiнен судың жай-күйiн және өзгеруiн қадағалауды, сондай-ақ су қорғау iс-шараларының орындалуын тексерудi;
      3) су қорын пайдалану мен оны есепке алудың белгiленген тәртiбiн;
      4) суларды қорғау жөнiндегi мiндеттердiң орындалуын;
      5) су объектiлерiне зиянды әсер етудiң алдын алуды және жоюды;
      6) барлық жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы су заңнамасының талаптарын сақтауын бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.
      4. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылау мынадай түрлерге бөлiнедi:
      1) су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану ережелерiнiң, олардың жұмысының белгiленген режимiнiң сақталуын бақылау;
      2) су пайдаланушылар мен кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының су заңнамасын, трансшекаралық суларды пайдалану мен қорғауды регламенттейтiн Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарды сақтауын инспекторлық тексеру.
      Тексерудiң түрлерi:
      жоспарлы тексеру - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген кезеңдiлiкке сәйкес жүргiзiлетiн, бақылаушы орган алдын ала жоспарлаған тексеру;
      жоспардан тыс тексеру - жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуы туралы өтiнiштерде және өзге де ақпаратта жазылған фактiлер бойынша жеке адамдардың өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға, қоғамдық тәртiпке, ұлттық қауiпсiздiкке төнген қауiп-қатердi дереу жоюды талап ететiн қалыптасқан әлеуметтiк-экономикалық жағдайға, Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылық белгiлерiнiң тiкелей анықталуына байланысты, сондай-ақ жоспарлы тексеру нәтижесiнде анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуын бақылау мақсатында тағайындалатын тексеру;
      кешендi тексеру - уәкiлеттi орган су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдармен бiрлесiп жүргiзетiн тексеру;
      қарсы тексеру - тексеру жүргiзу кезiнде бақылаушы органдарда үшiншi тұлғаларға байланысты қосымша ақпарат алу қажеттiгi туындаған жағдайда осы тұлғаларға қатысты жүргiзiлетiн тексеру.";

      3) 49-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган және оның бассейндiк су шаруашылығы басқармасы:
      1) су қорғау аймақтары мен белдеулерi шекараларын, олардағы және ерекше қорғалатын су объектiлерiндегi шаруашылық қызметiнiң белгiленген режимiнiң сақталуын;
      2) трансшекаралық сулар туралы халықаралық келiсiмдердiң шарттары мен талаптарының орындалуын;
      3) су объектiлерi бойынша су пайдаланудың және су бөлудiң белгiленген нормалары мен ережелерiнiң, лимиттерiнiң, сондай-ақ су пайдалану режимiнiң сақталуын;
      4) су тарту құрылыстарын, су шаруашылық жүйелерiн және су қоймаларын пайдалану ережелерiнiң сақталуын;
      5) су объектiлерiнен алынатын су мен оларға ағызылатын су мөлшерiне бастапқы есеп жүргiзудiң, су сапасын айқындаудың дұрыстығын, суды пайдалану мен ағызуды есепке алуға арналған жабдықтар мен аппаратуралардың болуын, жарамды жай-күйiн және мемлекеттiк аттестаттау мерзiмдерiнiң сақталуын, су пайдаланушылардың белгiленген есептiлiк мерзiмдерiн сақтауын;
      6) жеке және заңды тұлғалардың арнайы су пайдалануға берiлген лицензияларды және рұқсаттарда белгiленген шарттар мен талаптарды, сондай-ақ судың зиянды әсерiне (топан су, су басу, су алу, жағалауларды бұзу және басқа да зиянды құбылыстар) қарсы күрес жөнiндегi iс-шараларды орындауын;
      7) су объектiлерiн оқшау және бiрлесiп пайдалануға берудiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiбiнiң сақталуын;
      8) су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингiн жүргiзудiң және су объектiлерiн пайдалану мен қорғау бөлiгiнде жер бетi және жер асты суларын мемлекеттiк есепке алуды жүзеге асырудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiбiнiң сақталуын;
      9) белгiленген тәртiппен бекiтiлген құжаттаманың болуын және оның экономика салаларының объектiлерiн салуға, жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға су объектiлерiн, су қорғау аймақтары мен белдеулерiн пайдалану мен қорғауға байланысты өзге де қызметiне сай келуiн;
      10) су объектiлерiн өз бетiмен пайдалануға, су қорғау аймақтары мен су объектiлерi белдеулерiнiң аумақтарында өз бетiмен құрылыс салуға жол берiлмеуiн;
      11) суды ұтымды пайдалану мен қорғау саласындағы ғылым мен техника жетiстiктерiнiң және озық тәжiрибенiң, су тұтынудың үлесiн азайту жөнiндегi iс-шаралардың кәсiпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда енгiзiлуiн бақылауды жүзеге асырады.
      Қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсiп қауiпсiздiгi, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, ветеринария саласындағы уәкiлеттi органдар, карантиндiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган және жергiлiктi атқарушы органдар:
      1) өз құзыретiне сәйкес су қорын пайдалану мен қорғау саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
      2) су қорының сапалық және сандық жай-күйiнiң өзгеруiн тексерудi және сараптама жүргiзудi ұйымдастырады;
      3) су заңнамасының бұзылуын жою шараларын қабылдайды;
      4) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мәселелерге қатысты нормативтiк құқықтық құжаттар дайындауға қатысады;
      5) су объектiлерiне белгiленген талаптарды бұза отырып жүргiзiлген ағынды су ағызуды тоқтата тұру және оған тыйым салу туралы, сондай-ақ су объектiлерiнiң жай-күйiне терiс әсер ететiн жекелеген өндiрiс объектiлерiнiң, цехтар мен кәсiпорындардың қызметiне тыйым салу туралы белгiленген тәртiппен ұсыныстар енгiзедi.";

      4) мынадай мазмұндағы 49-1, 49-2 және 49-3-баптармен толықтырылсын:

      "49-1-бап. Су қорын пайдалану және қорғау саласында
                 мемлекеттiк бақылауды ұйымдастырудың және
                 жүргiзудiң тәртiбi

      1. Су қорын пайдалану мен қорғау саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың қызметiн ұйымдастыру, жоспарлау, өзара iс-қимыл жасау және үйлестiру мақсатында осы Кодекстiң  49-бабында  аталған мемлекеттiк органдардың аумақтық органдары тиiстi бассейннiң су шаруашылық басқармаларымен бiрлесiп, жыл сайын, жоспарланатын жыл алдындағы жылдың 15 желтоқсанынан бастап жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының су заңнамасын сақтауы бойынша тексерулер жүргiзудiң жылдық жоспарларын әзiрлейдi. Қажет болған кезде тексеру жүргiзудiң жоспарлары түзетiледi.
      Бiр жылға арналған тексерулердiң келiсiлген жоспарлары жоғары тұрған мемлекеттiк органдарға жоспарланған жылдың 15 қаңтарына дейiн бекiтуге берiледi.
      Бiр жылға арнап бекiтiлген тексерулердiң келiсiлген жоспары жоспарлы тексерулердi жүргiзуге негіз болып табылады.
      2. Су қорғау iс-шараларын әзiрлеу және сақтау мәселелерi бойынша жеке және заңды тұлғалармен өзара iс-қимыл жасасуды ұйымдастыру мақсатында уәкiлеттi орган:
      1) оларды бассейндiк кеңестердiң жұмысына қатысуға тартады;
      2) бассейндiк кеңестердiң мәжiлiстерiнде су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы өзектi мәселелердi қарайды.
      Мемлекеттiк бақылау су объектiлерiн пайдалануға, су қорының мемлекеттiк кадастры мен мониторингiн жүргiзуге байланысты схемалар мен жобаларды дайындау кезiнде де жүзеге асырылады.
      3. Бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бiрлескен кешендi тексерулердi жоспарлауы мүмкiн.
      4. Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiмен белгiленбеген тексерулердiң өзге де түрлерiн жүргiзуге тыйым салынады.
      5. Тексеру бақылаушы орган шығаратын тексеру тағайындау туралы актiнiң негiзiнде жүргiзiледi.
      Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн тексерудiң алдында уәкiлеттi орган шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiне тексеру тағайындау туралы актi шығарады.
      6. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiне тексерудi тағайындау туралы актiнi тексеру жүргiзушi лауазымды адам дара кәсiпкерге, заңды тұлғаның (филиалының немесе өкiлдiгiнiң) басшысына немесе өзге де лауазымды адамына, қызметтiк куәлiктi көрсете отырып табыс етедi.
      Тексерудi су заңнамасының сақталуына тексерудi тағайындау туралы актiде көрсетiлген лауазымды адамдар (тұлғалар) ғана жүргiзедi.
      Қазақстан Республикасының су заңнамасының сақталуына тексеру тағайындау туралы бiр актiнiң негiзiнде тек бiр ғана тексеру жүргiзуге болады.
      7. Жеке және заңды тұлғаларды тексерудi уәкiлеттi орган мiндеттi түрде Қазақстан Республикасының су заңнамасының сақталуын тексеру актiсiн жасай отырып жүргiзедi.
      Тексеру актiсi тексерiлетiн кәсiпкерлiк субъектiсi өкiлiнiң қатысуымен жасалуға тиiс.
      Тексеру актiсiнiң кiрiспесiнде тексерiлетiн объектiнiң негiзгi сипаттамалары, шаруашылық қызметiнiң түрi, рұқсат, нормалау және өзге де құжаттарының болуы, бөлiнген лимиттер көлемi, алынған судың және ағызылған ағынды судың көлемi, су қорғау iс-шараларының бар болуы және олардың орындалу барысы, айналымдық және қайталап сумен жабдықтау жүйесiнiң болуы мен оның көлемi және басқа да қажеттi мәлiметтер көрсетiлуге тиiс.
      Жоғарыда атап көрсетiлген деректер жазылғаннан кейiн тексеру актiсiнде анықталған Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзушылықтар тиiстi нормативтiк құқықтық актiлердiң баптарына сiлтеме жасала отырып көрсетiледi.

      49-2-бап. Қазақстан Республикасының су заңнамасын
                бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау

      1. Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру кезiнде уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзудың алдын алу, анықтау мен жою және кiнәлiлердi жауапкершiлiкке тарту шараларын қабылдайды.
      Тексеру барысында Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзушылық анықталған жағдайда, тексеру актiсiнiң негiзiнде мемлекеттiк инспектор (оған берiлген құқықтар шегiнде) бұзушылықтың ауырлығына қарай бұзушыға бiр немесе бiр уақытта бiрнеше ықпал ету шараларын қолдану туралы шешiм қабылдайды:
      1) су ресурстарын пайдалану және оларды қорғау ережелерiнiң анықталған бұзушылықтарын жою жөнiнде нұсқама шығарады;
      2) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасайды;
      3) әкiмшiлiк жазаға тарту туралы қаулы шығарады;
      4) кiнәлi тұлғаларға Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзудан келтiрiлген зиянды өтеу туралы талаптар қояды;
      5) Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзғаны үшiн қылмыстық жауапкершiлiкке тарту туралы мәселенi шешу үшiн құқық қорғау органдарына тиiстi материалдарды жiбередi.

      49-3-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласында мемлекеттiк
                бақылаудың мерзiмдерi мен кезеңдiлiгi

      Тексерудiң ұзақтығы күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс. Арнайы зерттеулер (сынақтар), тексерудiң көлемдiлiгiне, сараптамалар жүргiзу қажеттiгiне байланысты ерекше жағдайларда уәкiлеттi органның басшысы немесе оны ауыстыратын адам тексеру жүргiзудiң мерзiмдерiн ұзартуы мүмкiн, бiрақ ол бiр айдан аспауға тиiс.
      Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметтi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын уәкiлеттi орган хабардар етiле отырып, тексерудi тоқтата тұру туралы акт шығару арқылы тексеру белгiлi бiр уақыт кезеңiне не белгiсiз уақытқа тоқтатыла тұруы мүмкiн. Белгiсiз уақытқа уақытша тоқтатылған тексерудi уәкiлеттi орган құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметтi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын уәкiлеттi органды хабардар ете отырып, тексерудi қайта бастау туралы акт шығару арқылы қайта бастайды. Тексеру жүргiзудiң мерзiмiн есептеу оны қайта бастаған күннен бастап жалғастырылады.";

      5) 51-баптың 1-тармағының 7) тармақшасындағы "беруге құқығы бар." деген сөздер "беруге;" деген сөзбен ауыстырылып, тармақ мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-1) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы қатынастарды регламенттейтiн заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзуге құқығы бар.";

      6) 53-баптың 1-тармағындағы ", ал жер асты сулары бойынша - жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөнiндегi уәкiлеттi орган" деген сөздер алып тасталсын.

      9. 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының  Бюджет кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж.,
N  8-9, 53-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж,. N 14, 55-құжат; 2005 жылғы 1 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және 2005 жылғы 26 қарашада "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне зияткерлiк меншiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2005 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының  Заңы ):

      50-баптың 1-тармағының 11) тармақшасы мынадай мазмұндағы сегізiншi абзацпен толықтырылсын:
      "шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн қолдау;".

      10. "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" 1994 жылғы 21 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 186-құжат; 1998 ж., N 24, 447-құжат; 2001 ж., N 23, 309, 321-құжаттар; N 24, 338-құжат; 2003 ж., N 10, 54-құжат; 2004 ж., N 18, 110-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 15, 63-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы жетiншi және сегiзiншi бөлiктермен толықтырылсын:
      "Мемлекеттiк көлiктiк бақылау (бұдан әрi - көлiктiк бақылау) - жеке және заңды тұлғалардың көлiк қызметтерi нарығының жұмыс iстеуiн, олардың сапасын, жеке адамдардың өмiрi мен денсаулығының, көлiк процестерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi реттейтiн Қазақстан Республикасының көлiк заңнамасын сақтауын тексеру мақсатында уәкiлеттi мемлекеттiк орган және өзге де мемлекеттiк органдар жүргiзетiн iс-шаралар жиынтығы.
      Тексеру - бақылау функцияларын жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының көлiк туралы заңнамасын сақтауын айқындау мақсатында жасайтын iс-әрекетi.";

      2) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "25-бап. Көлiктiк бақылау

      Көлiк құралдарын пайдалану кезiнде Қазақстан Республикасының көлiк туралы заңнамасының, қозғалыс қауiпсiздiгi мен экология жөнiндегi талаптардың сақталуына көлiктiк бақылауды уәкiлеттi орган және өзге де мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады.
      Уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асыратын көлiктiк бақылау:
      1) жолаушылар мен жүктердi, оның iшiнде қауiптi жүктердi тасымалдау ережелерiнiң сақталуын бақылауды;
      2) темiр жол көлiгiндегi, оның iшiнде магистральдық, стансалық және кiре берiс темiр жолдарындағы қозғалыс қауiпсiздiгінiң қамтамасыз етiлуiн бақылауды;
      3) темiр жол қозғалыс құрамының мемлекеттiк тiркелуiн бақылауды;
      4) кеме қатынасы және теңiзде жүзу қауiпсiздiгiнiң қамтамасыз етiлуiн бақылауды;
      5) халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезiнде рұқсат беру жүйесi талаптарының сақталуын бақылауды;
      6) көлiктiк қызмет көрсету саласында лицензиялық ережелер мен нормалардың сақталуын бақылауды;
      7) сауда мақсатында теңiзде жүзу үшiн пайдаланылатын кемелердiң мемлекеттiк тiркелуiн бақылауды;
      8) теңiз кемелерi мен олардың сыныптамасына техникалық бақылауды;
      9) лоцмандық қызметтiң және iшкi су көлiгiндегi өзге де қызметтердiң iшкi су жолдарында жүзу ережелерiн сақтауын бақылауды;
      10) техникалық пайдалану ережелерi мен кемелердегi қызмет жарғысының сақталуын бақылауды;
      11) теңiз жолдарының, лоцмандық қызметтiң және өзге де теңiз қызметтерiнiң жай-күйiн бақылауды;
      12) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасуын бақылауды;
      13) Қазақстан Республикасының кеме қатынасы су жолдарын жеке және заңды тұлғалардың пайдалану мерзiмiн бақылауды;
      14) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының өтуiн бақылауды;
      15) автокөлiк құралдарын жүргiзушiлердiң жолаушылар мен жүктердi, оның iшiнде қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде белгiленген еңбек және демалыс режимiн сақтауын бақылауды;
      16) автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналып рұқсат етiлген параметрлерiнiң сақталуын бақылауды;
      17) жолаушылар мен жүктердi, оның iшiнде қауiптi жүктердi тасымалдау саласында автокөлiк құралдарын пайдалану кезiнде шығарындыдағы ластаушы заттар құрамы нормативтерiнiң сақталуын бақылауды қамтиды.
      Уәкiлеттi органның лауазымды адамдары көлiктiк бақылауды жүзеге асыру кезiнде нысандық киiм киiп, талап ету бойынша қызметтiк куәлiгiн көрсетуге тиiс.
      Уәкiлеттi мемлекеттiк орган орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен өзара iс-қимыл жасайды, бiрлескен бақылау шараларын қабылдайды, өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етедi.
      Мемлекеттiк органдар уәкiлеттi мемлекеттiк органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көлiк саласындағы қауiпсiздiктiң қамтамасыз етiлуiне көлiктiк бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттердi орындауда жәрдем көрсетуге мiндеттi;
      18) Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде ұшудың негiзгi ережелерiне сәйкес азаматтық авиация саласына жататын жеке және заңды тұлғалардың әуе кемелерiмен ұшуларды орындауын бақылауды;
      19) азаматтық авиация ұйымдарының авиация қызметкерлерiнiң кәсiби дайындығы және денсаулық жағдайы мәселелерi бойынша белгiленген талаптар мен нормаларды қамтамасыз етуiн бақылауды;
      20) азаматтық авиация ұйымдарының азаматтық әуе кемелерiнiң ұшу жарамдығы нормаларын қадағалап отыруын бақылауды;
      21) авиациялық техниканың және оған жерде қызмет көрсететiн құралдардың ұшу және техникалық пайдалану талаптарына сәйкес болуын бақылауды;
      22) аэродромдар (вертодромдар) объектiлерiнiң және ұшу-қону алаңдарының күтiп ұсталуын бақылауды;
      23) азаматтық авиация аэродромы ауданында объектiлердi таңбалаудың жүзеге асырылуын бақылауды;
      24) халықаралық әуе тасымалының жүзеге асырылуын бақылауды;
      25) авиациялық қауiпсiздiктiң қамтамасыз етiлуiн бақылауды;
      26) тасымалдаушылардың магистральды темiржол желiсiнiң қызмет көрсетулерiне кемсiтiлмеген қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз етуге бақылауды;
      27) тасымалдаушылардың, жүк жөнелтушiлердiң, контрагенттердiң және басқа да тұлғалардың бәсеке кiрме жолдары жоқ кiрме жолдардың қызмет көрсетулерiне кемсiтiлмеген қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз етуге бақылауды;
      28) жеке және заңды тұлғалардың темiржол көлiгiнiң жұмыс iстеу тәртiбiн айқындайтын нормативтiк құқықтық актiлердi, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын сақтауын, оларды бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу жөнiнде шаралар қолданылуын бақылауды қамтиды.";

      3) мынадай мазмұндағы 25-1 және 25-2-баптармен толықтырылсын:

      "25-1-бап. Тексерудi жүзеге асырудың кезеңдiлiгi мен түрлерi

      1. Тексерудiң түрлерi:
      жоспарлы - алдыңғы тексерулерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген уақыт аралығы ескерiлiп жүргiзiлетiн, уәкiлеттi мемлекеттiк орган алдын ала жоспарлаған тексеру;
      жоспардан тыс - жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуы туралы өтiнiштерде және өзге де ақпаратта жазылған фактiлер бойынша жеке адамдардың өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға, қоғамдық тәртiпке, ұлттық қауiпсiздiкке төнген қауiп-қатердi дереу жоюды талап ететiн қалыптасқан әлеуметтiк-экономикалық жағдайға, Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылық белгiлерiнiң тiкелей анықталуына байланысты, сондай-ақ жоспарлы тексеру нәтижесiнде анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуын бақылау мақсатында тағайындалатын тексеру;
      қарсы - егер тексеру жүргiзген кезде мемлекеттiк органдарда үшiншi тұлғаларға байланысты қосымша ақпарат алу қажеттiгi туындаған жағдайда осы тұлғаларға қатысты жүргiзiлетiн тексеру;
      рейдтiк - көлiк қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және лицензия, тiркеу және өзге де рұқсат құжаттарының болуы, сондай-ақ мемлекеттiк органның бақылау объектiсi болып табылатын бақылау құралдарын қолданудың дұрыстығы нысанасына жүргiзiлетiн тексеру.
      2. Тексеру жүргiзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, тасымалдаушының және көлiк кәсiпорнының қызметiн кiдiртпеуге тиiс.
      Уәкiлеттi мемлекеттiк орган заңды тұлғаның өзiне тексеру жүргiзiлу-жүргiзiлмеуiне қарамастан, заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерiн тексеруге құқылы.

      25-2-бап. Тексеру жүргiзудiң мерзiмдерi

      1. Тексерулер жүргiзу мерзiмi, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, акт табыс етiлген кезден бастан күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс.
      2. Құрылымдық бөлiмшесi бар заңды тұлғаға тексеру жүргiзу кезiнде уәкiлеттi мемлекеттiк орган тексеру жүргiзу мерзiмiн күнтiзбелiк он бес күнге дейiн ұзартуы мүмкiн.
      3. Арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргiзу қажет болған ерекше жағдайларда, сондай-ақ тексерудiң елеулi көлемiне байланысты мемлекеттiк бақылау органының басшысы (не оны ауыстыратын адам) тексеру жүргiзу мерзiмiн құрылымдық бөлiмшесi жоқ заңды тұлғалар үшiн күнтiзбелiк жиырма күнге дейiн және құрылымдық бөлiмшесi бар заңды тұлғалар үшiн күнтiзбелiк отыз күнге дейiн ұзартуы мүмкiн.
      4. Тексеру жүргiзу мерзiмiн мемлекеттiк орган тасымалдаушыға уәкiлеттi органның құжаттарды ұсыну туралы талаптарын табыс ету мен тасымалдаушының тексеру жүргiзу кезiнде сұратылған құжаттарды ұсыну кездерi уақыт кезеңiнде, сондай-ақ уәкiлеттi мемлекеттiк органның сауалы бойынша мәлiметтер мен құжаттар алу кезiнде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық есептiлiктi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органды хабардар ете отырып, тексеру жүргiзу мерзiмiн тоқтата тұру немесе жаңғырту туралы акт шығару арқылы тоқтата тұрады немесе жаңғыртады.
      5. Көлiк саласындағы шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жылына бiр реттен жиi тексерiлуге жатпайды.".

      11. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 15, 281-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 5, 58-құжат; N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж.,
N 11-12, 176-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 9, 86-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 5, 31-құжат;
N 10, 51-құжат; N 11, 56, 67-құжаттар; N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 15, 86-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 140-құжат; 2005 ж., N 7-8, 24-құжат; N 14, 58-құжат):

      1) 41-баптың бiрiншi бөлiгiнiң төртiншi абзацындағы "инспекциялау (тексеру)" деген сөздер "тексеру" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 44-бапта:
      атауындағы "инспекциялау (тексеру)" деген сөздер "тексеру" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мәтiндегi "инспекциялауды", "инспекция", "инспекциялаушы органға", "инспекциялау", "Инспекциялауды" деген сөздер тиiсiнше "тексерудi", "тексеру", "тексерушi органға", "тексеру", "тексерудi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақтың екiншi бөлiгiндегi "уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес" деген сөздер алып тасталсын;

      3) 48-баптың 1-тармағының н) тармақшасындағы "инспекция" деген сөз "тексеру" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4) 74-4-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы "тарату комиссияларының" деген сөздердiң алдынан "Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен" деген сөздермен толықтырылсын.

      12. "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж,.
N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; 1998 ж., N 17-18, 225-құжат; N 23, 416-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 8, 233, 247-құжаттар; N 23, 920-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 13-14, 174-құжат;
N 17-18, 245-құжат; N 20, 257-құжат; N 23, 309-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 12, 82-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат;
N 24, 155-құжат):

      1) 2-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 8-1), 8-2) және 8-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      "8-1) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымын мемлекеттiк бақылау;
      8-2) азаматтық және қызметтiк қаруды және оның оқ-дәрiлерiн мемлекеттiк бақылау;
      8-3) күзет қызметiн, сондай-ақ күзет дабылы құралдарын монтаждауды, орнатуды және техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын субъектiлердiң қызметiн мемлекеттiк бақылау;";

      2) мынадай мазмұндағы 11-1 және 11-2-баптармен толықтырылсын:

      "11-1-бап. Iшкi iстер органдарының жеке және заңды
                 тұлғалардың қызметiн мемлекеттiк бақылауы

      1. Жеке және заңды тұлғалардың қызметiн мемлекеттiк бақылау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тексеру жүргiзу арқылы жүзеге асырылады.
      2. Iшкi iстер органдарының лауазымды адамдары тексерудi жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауы мақсатында жүзеге асырады.
      3. Тексерулер мынадай түрлерге бөлiнедi:
      жоспарлы - алдыңғы тексерулерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген уақыт аралығы ескерiлiп жүргiзiлетiн, уәкiлеттi орган алдын ала жоспарлаған тексеру;
      жоспардан тыс - жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуы туралы өтiнiштерде және өзге де ақпаратта жазылған фактiлер бойынша жеке адамдардың өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға, қоғамдық тәртiпке, ұлттық қауiпсiздiкке төнген қауiп-қатердi дереу жоюды талап ететiн қалыптасқан әлеуметтiк-экономикалық жағдайға, Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылық белгiлерiнiң тiкелей анықталуына байланысты, сондай-ақ жоспарлы тексеру нәтижесiнде анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуын бақылау мақсатында тағайындалатын тексеру;
      қарсы - тексерiлетiн кәсiпкерлiк субъектiсi шарттық мiндеттемелерi не өзге де құқықтық қатынастары болған жеке немесе заңды тұлғаға қатысты ұсынылған ақпараттың дұрыстығын қайта тексеру не қосымша ақпарат алу мақсатында iшкi iстер органы жоспардан тыс тәртiппен жүргiзетiн тексеру;
      рейдтiк - iшкi iстер органдары айналымын бақылауды жүзеге асыратын құралдар мен заттардың айналымы саласында нормативтiк құқықтық актiлердiң жекелеген талаптарын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң сақтауы мәселелерi бойынша бiрнеше субъектiлердiң қызметiн бiр мезгiлде қамтитын тексеру.
      4. Тексерулердi жүргiзу үшiн негiздемелер:
      1) басқа мемлекеттiк органдардан келiп түскен материалдар;
      2) азаматтық және қызметтiк қару-жарақ пен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдардың, жарылғыш заттардың, түрлi-түстi бейнелеудегi көбейту-көшiру техникасының, улы, радиоактивтi, психотроптық заттардың, есiрткi құралдары мен прекурсорлардың айналымы саласында жұмыс iстейтiн жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ штемпель-граверлiк кәсiпорындардың қызметiн мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi iшкi iстер органдарының жұмыс жоспары болып табылады.
      5. Күзет қызметiн, күзет дабылы құралдарын жобалауды, монтаждауды, жөнге келтiрудi және оларға техникалық қызмет көрсетудi, азаматтық және қызметтiк қару-жарақ пен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдардың, жарылғыш заттардың, түрлi-түстi бейнелеудегi көбейту-көшiру техникасының, улы, радиоактивтiк, психотроптық заттардың, есiрткi құралдары мен прекурсорлардың айналымымен байланысты қызметтi жүзеге асыратын кәсiпкерлiк субъектiлерi, сондай-ақ штемпель-граверлiк кәсiпорындар жедел-алдын алу iс-шараларын жүргiзу кезеңiнде iшкi iстер органы жүргiзетiн тексерулердi қоспағанда, әрi кеткенде үш айда бiр рет тексерiледi.
      6. Тексерулер iшкi iстер органының тексеру тағайындау туралы актiсiнiң негiзiнде жүргiзiледi.
      Тексеру тағайындау туралы актiде:
      1) актiнiң нөмiрi мен күнi;
      2) мемлекеттiк органның атауы;
      3) тексеру жүргiзуге уәкiлеттi адамның (адамдардың) тегi, аты, әкесiнiң аты және лауазымы;
      4) тексерiлетiн кәсiпкерлiк субъектiсiнiң атауы немесе тексеру жүргiзу тағайындалған жеке кәсiпкердiң тегi, аты, әкесiнiң аты, оның орналасқан жерi, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
      5) тағайындалған тексерудiң нысанасы;
      6) тексеру басталған және аяқталған күн;
      7) тексеру жүргiзудiң құқықтық негiздерi, оның iшiнде мiндеттi талаптары тексерiлуге тиiс нормативтiк құқықтық актiлер;
      8) тексерiлетiн кезең;
      9) актiге қол қоюға уәкiлеттi адамның қолы және мемлекеттiк органның мөрi көрсетiледi.
      7. Тексеру тағайындау туралы акт құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында өз құзыретi шегiнде статистикалық қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк органда мiндеттi түрде тiркеледi.
      8. Кәсiпкерлiк субъектiлерi шетелдiк жұмыс күшiн тарту ережелерiнiң сақталуы бөлiгiнде алдағы тексеру туралы хабардар етiлмейдi.
      9. Тексеру үшiн объектiге келген iшкi iстер органдарының қызметкерлерi:
      1) құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында өз құзыретi шегiнде статистикалық қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк басқару органында тiркелгенi туралы белгiсi бар, тексеру тағайындау туралы актiнi;
      2) қызметтiк куәлiктi;
      3) қажет болған жағдайда, құзыреттi органның режимдiк объектiлерге кiруге рұқсатын;
      4) iшкi iстер органының басшысы бекiткен тексеру жоспарын;
      5) объектiге кiру үшiн қажет болатын медициналық рұқсатты көрсетуге мiндеттi.
      10. Тексерiлетiн жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне тексеру тағайындау туралы актiнi тапсырған кез тексерудiң басталуы болып есептеледi.
      11. Тексеру тағайындау туралы актiнi қабылдаудан бас тартылған немесе iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң тексеру жүргiзуге қажеттi материалдарды пайдалануына кедергi келтiрiлген жағдайда хаттама жасалады. Хаттамаға iшкi iстер органының қызметкерi және кәсiпкерлiк субъектiсiнiң басшысы не өзге лауазымды адамы қол қояды.
      Тексеру тағайындау туралы актiнi алудан бас тарту тексерудiң күшiн жою үшiн негiз болып табылмайды.
      12. Тексерудi тексеру тағайындау туралы актiде көрсетiлген iшкi iстер органының қызметкерi (қызметкерлерi) ғана жүргізе алады.
      13. Тексеру жүргiзу мерзiмi күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс, арнайы зерттеулер (сынаулар) мен сараптамалар жүргізу қажет болған ерекше жағдайларда, сондай-ақ тексерудiң көлемi елеулi болуына байланысты iшкi iстер органының басшысы (не оны ауыстыратын адам) тексеру жүргiзу мерзiмiн ұзартуы мүмкiн, бiрақ бұл күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс.
      Тексеру жүргiзу мерзiмiнiң барысы тоқтата тұру туралы акт шығару арқылы, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметтi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын уәкiлеттi органды хабардар ете отырып, белгiлi уақыт кезеңiне не белгiсiз уақытқа тоқтатыла тұруы мүмкiн.
      Белгiсiз уақытқа тоқтатыла тұрған тексеру, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметтi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын уәкiлеттi органды хабардар ете отырып, тексеру жүргiзу мерзiмiн қайта бастау туралы акт шығару арқылы қайта басталады. Тексеру жүргiзу мерзiмiнiң барысы тексерудi қайта бастау туралы акт шығарылған күннен бастап жалғасады.
      Тексеру тағайындау туралы бiр акт негiзiнде бiр ғана тексеру жүргізіледі.
      14. Тексеру тағайындау туралы акт тек қана бiр жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне ресiмделедi.
      15. Зерттеулер (сынаулар), сараптамалар жүргiзу үшiн өнiм үлгiлерiн (сынамалар) iрiктеп алу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
      16. Тексеру нәтижелерi бойынша тексеру жүргiзген iшкi iстер органының қызметкерi екi дана етiп тексеру нәтижелерi туралы акт жасайды.
      Тексеру нәтижелерi туралы актiде:
      1) актiнiң жасалған күнi, уақыты және орны;
      2) тексеру жүргiзген iшкi iстер органы бөлiмшесiнiң атауы;
      3) тексеру жүргiзуге негіз болған тексеру тағайындау туралы актiнiң күнi мен нөмiрi;
      4) тексеру жүргiзген адамның (адамдардың) тегi, аты, әкесiнiң аты және лауазымы;
      5) тексерiлетiн кәсiпкерлiк субъектiсiнiң атауы немесе тексеру жүргiзу кезiнде қатысқан дара кәсiпкердiң тегi, аты, әкесiнiң аты, заңды тұлға өкiлiнiң немесе дара кәсiпкер өкiлiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты, лауазымы;
      6) тексеру жүргiзу күнi, орны және мерзiмi;
      7) тексеру нәтижелерi туралы, оның iшiнде анықталған бұзушылықтар, олардың сипаты туралы мәлiметтер;
      8) дара кәсiпкердiң немесе заңды тұлға өкiлiнiң, сондай-ақ тексеру жүргiзу кезiнде қатысқан адамдардың актiмен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны, олардың қолы немесе қол қоюдан бас тартуы туралы мәлiметтер;
      9) тексеру жүргiзген лауазымды адамның (адамдардың) қолы көрсетiледi.
      Тексеру нәтижелерi туралы актiге өнiмнiң үлгiлерiн (сынамаларын) iрiктеп алу, қоршаған орта объектiлерiн зерттеу туралы актiлер, жүргiзiлген зерттеулер (сынаулар) мен сараптамалардың хаттамалары (қорытындылары) және тексеру нәтижелерiмен байланысты басқа да құжаттар немесе олардың көшiрмелерi қоса берiлуi мүмкiн.
      17. Тексеру жүргiзу нәтижелерi туралы актiнiң нысанын Iшкi iстер министрлiгi белгiлейдi.
      18. Тексеру нәтижелерi бойынша ескертпелер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда кәсiпкерлiк субъектiсiнiң басшысы немесе дара кәсiпкер немесе олардың өкiлдерi оларды жазбаша түрде жазып көрсетедi.
      Ескертпелер және (немесе) қарсылықтар тексеру нәтижелерi туралы актiге қоса тiркелуi мүмкiн, ол туралы тиiстi белгi жасалады.
      19. Кәсiпкерлiк субъектiсiндегi құжаттардың түпнұсқасын қоспағанда, тексеру нәтижелерi туралы актiнiң бiр данасы қосымшаларының көшiрмелерiмен қоса танысу және анықталған кемшiлiктердi жою жөнiнде шаралар қабылдау және өзге де iс-әрекеттер жасау үшiн кәсiпкерлiк субъектiсiнiң басшысына немесе дара кәсiпкерге немесе олардың өкiлдерiне тапсырылады.

      11-2-бап. Жоспардан тыс тексерулер

      Уәкiлеттi лауазымды адам бұзушылық жасалған кезде оны тiкелей анықтаған және дәлелдердi бекiту үшiн шұғыл iс-қимылдар жүргiзу қажет болған жағдайда тексеру тағайындау туралы акт келесi жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық есептiлiктi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын мемлекеттiк органның аумақтық органдарына табыс етiледi.". 

      13. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 182-құжат; 1999 ж., N 11, 357-құжат; N 21, 787-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; 2004 ж., N 22, 131-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 16, 70-құжат):

      мынадай мазмұндағы 70-2-баппен толықтырылсын:

      "70-2-бап. Жер қойнауын пайдаланушылардың келiсiм-шарт
                 талаптарын сақтау мәселелерi бойынша тексерулер

      Құзыреттi орган жер қойнауын пайдаланушыны алдын ала хабардар ете отырып, жер қойнауын пайдаланушының келiсiм-шарт талаптарын сақтауын бақылау мақсатында тексеру жүргiзуге құқылы.
      Жер қойнауын пайдаланушыларды тексерудi құзыреттi орган жеке немесе басқа мемлекеттiк органдарды тарта отырып жүргiзуi мүмкiн.".

      14. "Өрт қауiпсiздiгi туралы" 1996 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 18, 368-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 1999 ж., N 20, 728-құжат; N 23, 931-құжат; 2000 ж., N 6, 142-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 14, 112-құжат; N 24, 177-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):

      1) 1-бапта:
      1) төртiншi абзац жаңа редакцияда жазылсын:
      "мемлекеттiк өрт бақылау - өрт қауiпсiздiгi талаптарының сақталуын бақылау және оларды бұзушылықтың алдын алу мақсатында өртке қарсы қызмет органдарының лауазымды тұлғалары жүзеге асыратын қызмет түрi;";

      тоғызыншы абзацтағы "күштер мен құралдардың" деген сөздер "өрт сөндiру органының және оның облыстардағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) филиалдарының күштерi мен құралдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы он бесiншi абзацпен толықтырылсын:
      "уәкiлеттi орган - өрт қауiпсiздiгi саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган).";

      2) 4-баптың екiншi бөлiгiндегi "және бақылайтын" деген сөздер алып тасталсын;

      3) 2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мемлекеттiк органдардың өрт қауiпсiздiгi саласындағы құзыретi";

      4) 5-бапта:
      атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi";

      екiншi абзацтағы "бiрыңғай" деген сөз алып тасталып, "әзiрлейдi" деген сөзден кейiн "және оларды iске асыруды қамтамасыз етедi;" деген сөздермен толықтырылсын;

      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "өрттi және оның салдарын мемлекеттiк есепке алу тәртiбiн айқындайды;";

      мынадай мазмұндағы он бiрiншi абзацпен толықтырылсын:
      "өртке қарсы қызмет мiндетті түрде құрылатын ұйымдар мен объектiлердiң тiзбесiн бекiтедi.";

      5) 6-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "6-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi";

      бiрiншi бөлiк алып тасталсын;

      екiншi бөлiкте:
      3) тармақшадағы "қадағалауын" деген сөз "бақылауын" деген сөзбен ауыстырылсын;

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) өрт қауiпсiздiгi саласындағы сертификаттауды жүзеге асырады;";

      мынадай мазмұндағы 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:
      "10) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi жүзеге асыруды бақылайды;
      11) объектiлер құрылысына өрт қауiпсiздiгiнiң талаптарын белгiлейтiн стандарттардың, нормалар мен ережелердiң жобаларын келiседi.";

      6) 9 және 9-1-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-бап. Өртке қарсы қызмет органдарының мәртебесi және
              олардың мiндеттерi

      Өртке қарсы қызмет органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өрттiң алдын алуды, өрт қауiпсiздiгi жағдайын бақылауды және өрт сөндiрудi жүзеге асыратын арнайы мемлекеттiк орган болып табылады.
      Өртке қарсы қызмет органдарының құрамына: басқару органы, күштер мен құралдар, оның iшiнде өрттiң алдын алуды және оны сөндiрудi ұйымдастыруға, бiрiншi кезектегi авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзуге арналған өртке қарсы құрамалар, сондай-ақ белгiленген тәртiппен құрылған өрт-техникалық оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерi кiредi.
      Өртке қарсы қызмет органдарының тулары болады, олардың сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.

      9-1-бап. Өртке қарсы қызмет органдарының құзыретi

      Өртке қарсы қызмет органдары:
      1) мемлекеттiк органдарда, ұйымдарда, кәсiпорындарда және тұрғын үйлерде өрт қауiпсiздiгi мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
      2) өрт қауiпсiздiгi ережелерiн әзiрлейдi және бекiтедi;
      3) жеке және заңды тұлғаларға өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге байланысты жұмыстар жүргiзуге және қызметтер көрсетуге лицензиялар бередi;
      4) өрт және өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзу туралы iстер бойынша анықтауды жүзеге асырады;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құзыреттер шегiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi жүзеге асырады;
      6) өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiн жұмылдыру дайындығы және бейбiт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар туындаған кезде жұмылдыру, олардың жұмысының орнықтылығын арттыру жөнiнде шаралар әзiрлейдi, өртке қарсы қызмет органдарының жұмылдыруға ұдайы дайын болуын қамтамасыз етедi;
      7) азаматтарға, кәсiпорындардың басшыларына анықталған бұзушылықтарды жою және өрттi болдырмау жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу туралы нұсқамалар бередi;
      8) елдi мекендерде және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан объектiлерде өрт сөндiру бөлiмшелерiнiң өртке қарсы күреске дайындығын бақылауды жүзеге асырады;
      9) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын стратегиялық, аса маңызды мемлекеттiк объектiлердi, мемлекет меншiгiндегi тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерiн өрттен қорғау жөнiндегi қызметтi қамтамасыз етедi.
      Ұйымдардың, жекелеген өндiрiстердiң, өндiрiстiк учаскелердiң, агрегаттардың жұмысын iшiнара немесе толық тоқтата тұруды, субъектiлер өрт қауiпсiздiгiнiң нормалары мен ережелерiн бұза отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ ұйымдарды, объектiнi, құрылыстарды, ғимараттарды салу, қайта жаңарту, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезiнде жобаларда көзделген өрт қауiпсiздiгiнiң талаптары орындалмағанда ғимараттарды, құрылыстарды, электр желiлерiн, жылыту аспаптарын пайдалануға және өрт шығу қаупi бар жұмыстарды жүргiзуге тыйым салуды уәкiлеттi органның және облыстардағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) аумақтық өртке қарсы қызмет органдарының өтiнiшi бойынша сот жүргiзедi.
      Субъектiнiң жұмысын iшiнара немесе толық тоқтату немесе оған тыйым салу туралы талап-арызды уәкiлеттi орган және облыстардағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) аумақтық өртке қарсы қызмет органдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен және негiздерде сотқа жiбередi.
      Қазақстан Республикасының дипломатиялық мекемелерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетелдегi өкiлдiктерiнiң өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етiлуiн бақылау, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.";

      7) 9-2 және 9-3-баптар алып тасталсын;

      8) мынадай мазмұндағы 9-5, 9-6 және 9-7-баптармен толықтырылсын:

      "9-5-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк бақылау

      Уәкiлеттi орган өрт қауiпсiздігі саласында жүзеге асыратын мемлекеттiк бақылау Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi саласындағы заңнамасының талаптарын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң сақтауын айқындау мақсатында жүргiзiлетiн тексерулер түрiнде орындалады.
      Мемлекеттiк мекемелердiң және басқа да кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiн тексеру үшiн негiздеме болып табылатын өртке қарсы қызмет органының құжаты тексеру тағайындау туралы нұсқама болып табылады.
      Тексерулер мынадай түрлерге бөлiнедi:
      жоспарлы - алдыңғы тексерулерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген уақыт аралығы ескерiлiп өткiзiлетiн, өртке қарсы қызмет органы жоспарлаған тексеру;
      жоспардан тыс - жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуы туралы өтiнiштерде және өзге де ақпаратта жазылған фактiлер бойынша жеке адамдардың өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға, қоғамдық тәртiпке, ұлттық қауiпсiздiкке төнген қауіп-қатердi дереу жоюды талап ететiн қалыптасқан әлеуметтiк-экономикалық жағдайға, Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылық белгiлерiнiң тiкелей анықталуына байланысты, сондай-ақ жоспарлы тексеру нәтижесiнде анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуын бақылау мақсатында тағайындалатын тексеру;
      қарсы - тексерiлетiн кәсiпкерлiк субъектiсiнiң шарттық мiндеттемелерi не өзге де құқықтық қатынастары болған жеке немесе заңды тұлғаға қатысты ұсынылған ақпараттың дұрыстығын қайта тексеру не қосымша ақпарат алу мақсатында өртке қарсы орган жоспардан тыс тәртiппен жүргiзетiн тексеру;
      рейдтiк - бiрнеше кәсiпкерлiк субъектiсiнiң өрт қауiпсiздiгi саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң жекелеген талаптарын сақтауы мәселелерi бойынша олардың қызметiн бiр уақытта қамтитын тексеру.

      9-6-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы нормативтiк құқықтық
               актiлердiң орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртiбi

      1. Елдi мекендердiң, сондай-ақ меншiк нысандарына қарамастан,
барлық ұйымдардың өрт қауiпсiздiгi саласындағы нормаларды, ережелер мен стандарттарды сақтауы бақылануға жатады.
      2. Өртке қарсы қызмет органдары құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкiлеттi органға жоспарлы тексеру жүргiзудiң жылдық жоспарын ұсынады. Әр айдың соңында меншiк нысандарына қарамастан барлық ұйымдардың қызметiне тексерулер тағайындау туралы актiлерiне және тексерудi есепке алу карточкаларына салыстыру жүргiзiледi.
      3. Жоспардан тыс, қарсы, рейдтiк тексерулер жүргiзу кезiнде тексеру тағайындау туралы акт шығарылып, тексерулердi есепке алу карточкасы жасалады және ол шығарылған күнi тексерiлетiн субъектiнiң орналасқан жерi бойынша немесе кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру орны бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық есептiлiктi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын уәкiлеттi органға тiркеу үшiн табыс етiледi.
      Тексеру азаматтардың денсаулығы мен өмiрiне және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерiне төнген қауiп-қатердi дереу жоюды талап ететiн қалыптасқан әлеуметтiк-экономикалық жағдайға байланысты туындаған ерекше жағдайларда, мезгiлiнен тыс уақытта тексеру жүргiзу кезiнде, сондай-ақ бұзушылықтардың жасалуы бiрден байқалған және дәлелдердi бекiту үшiн жедел iс-әрекеттер жүргiзу қажет болған жағдайларда тексерудi тағайындау туралы актi мен ақпараттық есеп құжаттары тексеру жүргiзу басталғаннан кейiнгi келесi жұмыс күнi iшiнде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкiлеттi органға ұсынылады.
      4. Ұйымдар өздерiнiң өрт қауiпсiздiгi деңгейi бойынша 1, 2, 3 және 4-топтар объектiлерiне бөлiнедi. Аудандағы объектiлер есебiн өртке қарсы қызмет органы жүргiзедi.
      5. 1-топтағы объектiлерге: жалпы құрылыс алаңы 3500 шаршы метрден асатын iрi өнеркәсiп орындары және республикалық ғылыми-зерттеу ұйымдары; электр станциялары; әуежайлар; теңiз сауда порттары; театрлар, спорт сарайлары, басқа да мәдени-ойын-сауық ұйымдары, медицина ұйымдары мен сыйымдылығы 800 және одан да көп орынды қонақ үйлер; жалпы алаңы 2500 шаршы метрден асатын сауда объектiлерi; мұражайлар, сурет галереялары; жалпы алаңы 2500 шаршы метрден асатын кiтапханалар; мұнай базалары мен жалпы сыйымдылығы 2000 текше метрден асатын мұнай өнiмдерiнiң қоймалары; газ қоймалары мен сыйымдылығы 1000 текше метрден асатын газ құю станциялары жатады.
      Бұл объектiлердi өртке қарсы қызмет органдары кемiнде бес жылда бiр рет кешендi тексередi және жыл сайын кешендi тексеру кезеңiнде айқындалған өрт қауiпсiздiгі саласындағы нормаларды, ережелер мен стандарттарды бұзушылықтарды жоюдың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
      6. 2-топтағы объектiлерге: бiрiншi топқа енбеген өнеркәсiп орындары мен ғылыми-зерттеу ұйымдары; балық және өзен порттары; 50 бiрлiктен астам техникасы бар автокәсiпорындар; темiр жол станциялары, локомотивтiк, вагон, вагон жөндеу, рефрижератор, жөндеу-жабдықтау деполары; атқарушы және өкiлдi органдардың ғимараттары; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен екiншi деңгейдегi банктер; ауысымда 800 және одан да көп оқушылар, студенттер, тыңдаушылар саны бар оқу мекемелерi; бiрiншi топқа енбеген театрлар, спорт сарайлары, басқа да мәдени-ойын-сауық ұйымдары; алаңының көлемiне қарамастан дiни мекемелер; жалпы алаңы 1000-нан 2500 шаршы метрге дейiнгi сауда объектiлерi; мұражайлар, сурет галереялары және жалпы алаңы 1000-нан 2500 шаршы метрге дейiнгi кiтапханалар, сыйымдылығы 400-ден 800 адамға дейiнгi медицина ұйымдары мен қонақ үйлер; құрылыстары 1500 шаршы метрден астам жалпы алаңы бар ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы объектiлерi мен құс фабрикалары жатады.
      Бұл объектiлердi өртке қарсы қызмет органдары екi жылда бiр рет кешендi тексередi және жыл сайын кешендi тексеру кезеңiнде айқындалған өрт қауiпсiздiгi саласындағы нормаларды, ережелер мен стандарттарды бұзушылықтарды жоюдың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
      7. 3-топтағы объектiлерге: екiншi топқа енбеген бiлiм беру ұйымдары; ғылыми-зерттеу және жобалау институттары; кемiнде 50 бiрлiк техника саны бар автокәсiпорындар; жалпы алаңы 1500 шаршы метрден аз ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы объектiлерi мен құс фабрикалары; балалар, әкiмшiлiк ғимараттары, жатақханалар, байланыс ұйымдары, коммуналдық және тұрмыстық қызмет көрсету кәсiпорындары; түтiн тарту жүйесi көзделген тұрғын үйлер, тамақтану мекемелерi, ойын мекемелерi, дәрiханалар, почталар, байланыстың сөйлесу пункттерi, телеграфтар, банк бөлiмдерi, көркемсурет шеберханалары, 150 шаршы метрден астам алаңы бар салтанат залдары; бiрiншi және екiншi топтарға енбеген мұражайлар мен сурет галереялары, медицина ұйымдары мен қонақ үйлер, сауда объектiлерi, кiтапханалар жатады.
      Бұл топтың объектiлерiн өртке қарсы қызмет органдары жылына бiр рет тексередi.
      8. 4-топтағы объектiлерге: ашық автотұрақтар мен жеке гараждар; бiр қабатты жер үстi және жер асты гараждары; автомобильдерге май құю стансалары, саяжай және бау-бақша шаруашылығы қоғамдары; оқшау тұрған, дара және топтастырылған үйлер; сауда павильондары, жөндеу шеберханалары, дүңгiршiктер, қабылдау пункттерi мен валюта айырбастау пункттерi, тауарларды сатуға арналған, оның iшiнде базарлар аумақтарында орналасқан контейнерлер; жеке тұрған және тұрғын үйлер мен құрылыстарға жапсарлас (қабаттас) салынған 150 шаршы метрге дейiнгi алаңы бар сауда, тұрмыстық қызмет көрсету, тамақтандыру кәсiпорындары, ойын орындары, дене шынықтыру-сауықтыру кешендерi, дәрiханалар, медициналық кабинеттер, банк бөлiмдерi, көркемсурет шеберханалары, салтанат залдары, мұражайлар, көрме залдары, офистер, аудио-бейне жазба және прокат пункттерi, диспетчерлiк пункттер мен басқа да шағын объектiлер жатады.
      Бұл топтағы объектiлердi өртке қарсы қызмет объектiлерi жылына бiр рет тексередi.
      9. Салынып жатқан объектiлердi өртке қарсы қызмет органдары олардың жобалау-сметалық құжаттамасының және орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының өрт қауiпсiздiгi талаптарына сәйкестiгiне жалпы негiздерде тексередi, бiрақ ол жылына бiр реттен кем болмауға тиiс.

      9-7-бап. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң өрт қауiпсiздiгi
               саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi орындауын
               бақылауды жүзеге асыру тәртiбi

      Тексеру тағайындау туралы акт өртке қарсы қызмет органының шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiне тексеру жүргiзу үшiн негiз болатын құжат болып табылады.
      Өртке қарсы қызмет органдары шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн тексерудi, олардың қандай объектiлер тобына жататынына қарай, басқа объектiлердегi сияқты кезеңдiлiкте жүргiзедi.
      Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн тексерудiң ұзақтығы бес тәулiктен аспауға тиiс.
      Тексеру жүргiзу кезiнде өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағын кәсiпкерлiк субъектiсiне тексеру жүргiзу туралы негiздеменi көрсетуге мiндеттi.
      Өртке қарсы қызмет органдары лауазымды тұлғаларының еркiн кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырудың мүмкiн болмауына әкеп соғатын iс-әрекеттерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.";

      9) 16-бапта:
      мынадай мазмұндағы екiншi және үшiншi бөлiктермен толықтырылсын:
      "Ел қоныстанған аумақтарда, стратегиялық, аса маңызды мемлекеттiк объектiлерде және мемлекеттiк меншiктегi тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерiнде өрт сөндiрудi мемлекеттiк өрт сөндiру мекемелерi және оның облыстардағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) филиалдары жүзеге асырады.
      Басқа объектiлердегi өрттi сөндiрудi меншiк нысандарына қарамастан салалық өрт сөндiру қызметтерi немесе ерiктi өртке қарсы құрамалар жүзеге асырады.";

      үшiншi бөлiктiң екiншi сөйлемi алып тасталсын;

      жетiншi бөлiктегi "Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан аумақтық" және ", мемлекеттiк өрт сөндiру мекемелерiнiң" деген сөздер алып тасталсын;

      сегiзiншi бөлiктегi "мемлекеттiк өрт сөндiру мекемелерiнiң" деген сөздер "мемлекеттiк өрт сөндiру мекемелерi филиалдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы он екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Өрт сөндiру кезiнде өртке қарсы қызмет қызметкерлерiнiң:
      1) өрт сөндiру үшiн өртке қарсы қызметтiң күштерi мен құралдарын, көлiк және басқа да материалдық-техникалық құралдарды тартуға;
      2) өрттi сөндiру және жою жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу кезiнде цехтар мен объектiлердiң жұмысын тоқтатуға, қажет болғанда қауiптi аймақтан адамдарды және материалдық бағалы заттарды көшiруге нұсқау беруге;
      3) өрт кезiнде азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында олардың жекелеген учаскелерге, аумақтарға, ғимараттардың үй-жайларына кiрулерiн шектеуге немесе оған уақытша тыйым салуға;
      4) өрт кезiнде азаматтардың жеке қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында және азаматтарды құтқаруға, оттың таралуын болдырмауға және өрттi жоюға бағытталған шараларды қабылдау үшiн азаматтардың тұрғын үй және өзге де үй-жайларына, ұйымдарына, оларға тиесiлi жер учаскелерiне, дипломатиялық иммунитетi бар шет мемлекеттердiң және халықаралық ұйымдардың өкiлдiктерiнен басқа аумақтар мен үй-жайларға кедергісiз кiруге;
      5) қажет болған жағдайларда жабық есiктер мен терезелердi, сондай-ақ адамдарды құтқару мен өрт сөндiруде кедергi болатын құрылыстарды бұзып ашуға;
      6) адамдарды құтқару үшiн және аса қажет болған жағдайда өрттi сөндiру және жою кезiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен, меншiк нысанына қарамастан ұйымдардың байланыс құралдарын, мүлкiн және өзге де материалдық құралдарын, көлiктi, егер залал келтiрiлген болса, оны иелерiне өтеу арқылы пайдалануға құқылы.";

      10) 21-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "атқарушы" деген сөз "уәкiлеттi" деген сөзбен ауыстырылсын;

      11) 22-баптың екiншi бөлiгiндегi екiншi сөйлем алып тасталсын.

      15. "Банкроттық туралы" 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 1-2, 7-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж.,
N 14, 198-құжат; N 17-18, 225-құжат; 2000 ж., N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж.,
N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 4, 26-құжат; N 11, 67-құжат; 2004 ж.,
N 6, 42-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 14, 57-құжат):

      1) 1-бапта:
      мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "15-1) дәрменсiз борышкердi оңалту, заңды тұлғаны банкрот деп тану және оны тарату рәсiмдерiнiң, сондай-ақ таратудың соттан тыс рәсiмдерiнiң мониторингі (бұдан әрi - мониторинг) - кредиторлардың мүдделерiн қорғау, экономикадағы шаруашылық тәуекелдердiң деңгейiн тиiмсiз өндiрiстердi жою немесе қалпына келтiру арқылы азайту мақсатында төлем қабiлетi жоқ ұйымдардың қаржылық-экономикалық жай-күйiн жүйелi түрде талдау, қаржылық-экономикалық сауықтыру шараларын уақытында қолдану процесi;";

      26) тармақшадағы "(банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда)" деген сөздер "(банктердi, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) мынадай мазмұндағы 10-2 және 10-3-баптармен толықтырылсын:

      "10-2-бап. Банкроттық рәсiмдерiнiң жүргiзiлуiн және дәрменсiз
                 борышкердiң соттан тыс таратылуын бақылау

      1. Уәкiлеттi органның банкроттық рәсiмiнiң жүргiзiлуiн, сондай-ақ дәрменсiз борышкердi таратудың соттан тыс рәсiмiн бақылауының нысанасы тараптардың Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасын сақтауы болып табылады.
      2. Бақылаудың мақсаттары осы Заңда белгiленген құқықтарды қорғау және тараптардың банкроттық рәсiмдерiнiң, сондай-ақ дәрменсiз борышкердi таратудың соттан тыс рәсiмiнiң мiндеттерiн орындауын қамтамасыз ету болып табылады.
      3. Осы баптың мақсаттары үшiн банкроттық рәсiмiнiң тараптары, сондай-ақ дәрменсiз борышкердi таратудың соттан тыс рәсiмi деп кредиторлар, борышкер, мүлiк иесi немесе ол уәкiлеттiк берген орган, кредиторлар комитетi, конкурстық және оңалтушы басқарушылар түсiнiледi.
      4. Банкроттық рәсiмдерiнiң жүргiзiлуiн, сондай-ақ дәрменсiз борышкердi таратудың соттан тыс рәсiмiн бақылау мынадай нысандарда жүзеге асырылады:
      1) төлем қабiлетi жоқ борышкерлердiң мүлкi мен iстерiн басқаруға лицензиясы бар тұлғалардың банкроттық рәсiмдерiнде тiркелу есебi;
      2) төлем қабiлетi жоқ және дәрменсiз ұйымдардың мониторингi;
      3) камералдық бақылау;
      4) банкроттық рәсiмiнде, сондай-ақ дәрменсiз борышкердi таратудың соттан тыс рәсiмiнде тараптардың Қазақстан Республикасының банкроттық саласындағы заңнамасын сақтауын бақылау;
      5) оңалтушы және конкурстық басқарушылардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгiленген банкроттық рәсiмiн, сондай-ақ дәрменсiз борышкердi таратудың соттан тыс рәсiмiн сақтауын тексеру.
      Оңалтушы және конкурстық басқарушылардың банкроттық рәсiмiн, сондай-ақ дәрменсiз борышкердi таратудың соттан тыс рәсiмiн сақтауын тексеру шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн бақылау болып табылмайды;
      6) борышкердiң конкурстық массасын конкурстық сауда-саттықта сату кезiнде жариялылықтың, бәсекелестiктiң сақталуын бақылау.

      10-3-бап. Оңалтушы және конкурстық басқарушылардың
                банкроттық рәсiмiн, сондай-ақ дәрменсiз борышкердi
                таратудың соттан тыс рәсiмiн сақтауын тексеру

      1. Тексеру уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық органдарының нұсқамасы негiзiнде үш ай мерзiмдiк тексерiлетiн кезеңде бiр реттен жиi жүргiзiлмейдi.
      2. Тексеру жүргiзу үшiн мынадай деректемелер жазылған нұсқама негiздеме болып табылады:
      1) уәкiлеттi органда тiркелген күнi мен нөмiрi;
      2) нұсқаманы берген уәкiлеттi органның атауы;
      3) борышкердiң толық атауы және тiркеу нөмiрi;
      4) тексерушi адамдардың лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты.
      Нұсқамаға уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық органының бiрiншi басшысы не оны ауыстыратын адам қол қоюға және елтаңбалы мөрмен куәландыруға тиiс.
      3. Бiр нұсқаманың негiзiнде бiр тексеру ғана жүргiзiле алады.
      4. Оңалтушы және конкурстық басқарушылар борышкердiң аумағына немесе үй-жайына зерттеу жүргiзу үшiн тексерушi адамдарды жiберуге, сондай-ақ кез келген сұратылған ақпаратты беруге мiндеттi.
      5. Уәкiлеттi органның тексерулерге басқа да мемлекеттiк органдардың қызметкерлерiн тартуға құқығы бар.
      6. Тексеру аяқталғаннан кейiн тексерудiң нәтижелерi туралы акт жасалады, ол нөмiрленiп, тiгiлiп және уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық органының мөрi басылып тексеру актiлерiн тiркеудiң арнайы журналында тiркеледi.
      7. Тексеру актiсiнде көрсетiлген нәтижелер негiзiнде, банкроттық саласындағы құқықтық актiлердi бұзушылықтар анықталған жағдайда, уәкiлеттiк орган қолданыстағы Қазақстан Республикасының банкроттық саласындағы заңнамасын бұзылушылықтарды жою мерзiмiн көрсете отырып, нұсқама шығарады.".

      16. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 2, 186-құжат; 1998 ж., N 24, 437-құжат; 1999 ж., N 8, 237-құжат; N 23, 925-құжат; 2001 ж., N 17-18, 245-құжат; N 20, 257-құжат; 2002 ж.,
N 1, 1-құжат; N 23-24, 198-құжат; 2003 ж., N 1-2, 9-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 139-құжат; N 21-22, 160-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., N 7-8, 19-құжат; N 11, 39-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар):

      45-3-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы "қызметiне" деген сөзден кейiн "Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен" деген сөздермен толықтырылсын.

      17. "Қоршаған ортаны қорғау туралы" 1997 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 17-18, 213-құжат; 1998 ж., N 24, 443-құжат; 1999 ж., N 11, 357-құжат; N 23, 931-құжат; 2001 ж.,
N 13-14, 171-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2004 ж., N 10, 57-құжат; N 23, 137, 142-құжаттар; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; N 14, 57-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы қырық төртiншi, қырық бесiншi, қырық алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
      "қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылау - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның табиғат пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау заңнамасын, қоршаған орта сапасының нормативтерiн және экологиялық талаптарды сақтауын бақылау жөнiндегі қызметi;
      өндiрiстiк экологиялық бақылау - табиғат пайдаланушының қоршаған ортаны қорғау саласындағы мониторинг, есеп, есептiлiк және өзге де iшкi әкiмшiлiк шараларды қамтитын нормативтiк-құқықтық талаптарды сақталуын бақылау үшiн қабылдайтын шаралар жүйесi;
      табиғат пайдаланушы - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган берген табиғат пайдалануға рұқсаттың негiзiнде қоршаған ортаға ластайтын заттарды шығаруға және тастауға, өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын орналастыруға құқығы бар субъект.";

      2) 3-бап мынадай мазмұндағы сегізiншi және тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:
      "мемлекеттiк органдардың қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру кезiндегi өзара iс-қимылы, қызметiнiң үйлестiрiлуi, заңдылығы және жариялылығы;
      шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерi жағдайында өндiрiстiк экологиялық бақылауды жүзеге асырудың мiндеттiлiгi;";

      3) 8-бап мынадай мазмұндағы 8-1), 8-2), 8-3), 8-4), 12-1) және 12-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "8-1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi өзге де мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiредi;
      8-2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды ұйымдастыру мен жүргiзуге қатысты құжаттардың (тексерудi тағайындау туралы акт, хаттама, нұсқама) нысандарын әзiрлейдi және бекiтедi;
      8-3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылау органдары жүйесiнде зертханалық-талдамалық бақылау жұмысының қызметiн жетiлдiредi;
      8-4) қоршаған ортаның жай-күйiне әсер ететiн қызмет туралы ақпаратты, соның iшiнде зертханалық-талдамалық деректердi жинау мен талдауды жүзеге асырады;";

      "12-1) жер қойнауын қорғау жөнiндегi экологиялық талаптардың, ережелер мен нормалардың сақталуына, жер қойнауын пайдаланудың барлық кезеңдерiнде келiсiм-шарт талаптарының орындалуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
      12-2) өндiрiстiк экологиялық бақылау туралы үлгi ереженi бекiтедi.";

      4) 77-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган өз құзыретi шегiнде қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану туралы заңнаманы бұзушылықтың алдын алу, анықтау, жою, сондай-ақ заң бұзушы адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа тарту мақсатында жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 1-1, 1-2, 1-3, 1-4 және 1-5-тармақтармен толықтырылсын:
      "1-1. Мемлекеттiк бақылауды ұйымдастыру мемлекеттiк органдармен, табиғат пайдаланушылармен және жұртшылықпен тығыз өзара iс-қимыл, оның iшiнде:
      1) баға өлшемдерiн қолдану мен бақылау және құқық қолдану жұмыстарын жетiлдiру;
      2) табиғат пайдаланушылардың қоршаған ортаға интенсивтi әсер ететiн қызметiнiң экологиялық нәтижелiлiгiн бағалау;
      3) тексерiлетiн объектiлер бойынша перспективалық, жылдық, жедел жұмыс жоспарларын әзiрлеу және зертханалық-талдау деректерiн және қоршаған ортаның жай-күйi, оның шаруашылық қызметiнiң ықпалынан өзгеруi туралы өзге де ақпаратты жинау арқылы жүзеге асырылатын қоршаған ортаға терiс әсердi азайту және жою жөнiндегi шаралар кешенiн қамтиды. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның зертханалық-талдамалық бақылау қызметiнiң деректерi қоршаған ортаны ластау көздерiнiң сапасын анықтау үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес олардан сынамалар алу жолымен алынуы мүмкiн.
      1-2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылау:
      1) мемлекеттiк және ведомстволық статистикалық есептiлiк және табиғи ресурстарды есепке алудың материалдарын, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның зертханалық-талдамалық бақылау қызметiнiң табиғатты пайдалану объектiлерiнiң жай-күйi туралы деректерiн, сондай-ақ шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң табиғат қорғау қызметi және тексеру барысында анықталған бұзушылықтар туралы деректерiн талдау;
      2) тексерудi ұйымдастыру және жүргiзу;
      3) экологиялық құқық бұзушылықтардың туындауын болғызбауға бағытталған шараларды қоса алғанда, заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету үшiн құқықтық құралдарды пайдалануға негiзделген құқық қолдану арқылы жүзеге асырылады.
      1-3. Тексерудiң түрлерi:
      жоспарлы - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жоспарлаған және алдыңғы тексерулерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген уақыт аралығы ескерiлiп жүргiзiлетiн тексеру;
      жоспардан тыс - жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуы туралы өтiнiштерде және өзге де ақпаратта жазылған фактiлер бойынша жеке адамдардың өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға, қоғамдық тәртiпке, ұлттық қауiпсiздiкке төнген қауiп-қатердi дереу жоюды талап ететiн қалыптасқан әлеуметтiк-экономикалық жағдайға, Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылық белгiлерiнiң тiкелей анықталуына байланысты, сондай-ақ жоспарлы тексеру нәтижесiнде анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуын бақылау мақсатында тағайындалатын тексеру;
      қарсы - тексеру жүргізу кезiнде үшiншi тұлғаларға қатысты қосымша ақпарат алу қажеттiгi туындаған жағдайда осы тұлғаларға қатысты жүргiзiлетiн тексеру;
      рейдтiк - қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды қорғау саласындағы жекелеген нормативтiк құқықтық талаптарды сақтау мәселелерi бойынша бiрнеше шаруашылық жүргiзушi субъектiнi бiр мезгiлде тексеру;
      кешендi - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы реттеу, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын басқа мемлекеттiк органдармен бiрлесе отырып жүргiзетiн тексеру.
      Өзге тексеру түрлерiн жүргiзуге тыйым салынады.
      1-4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган шығаратын тексерудi тағайындау туралы акт құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметтi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын мемлекеттiк органда мiндеттi түрде тiркеледi. Төтенше экологиялық жағдайларға дереу назар аудару қажет болған жағдайда тексеру тағайындау туралы акт негiзiнде тексеру басталады, ол кейiннен белгiленген тәртiппен тiркелуге тиiс.
      1-5. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдары өз құзыретi шегiнде тексеру нәтижелерi бойынша мынадай актiлер шығарады:
      1) Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды қорғау саласындағы заңнамасының сақталуын тексеру актiсi;
      2) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама;
      3) нұсқама;
      4) әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы.
      Кәсiпкерлiк субъектiсiнiң басшысы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою жөнiндегi нұсқаманың орындалуы туралы ақпаратты нұсқаманы орындау мерзiмi аяқталған соң жетi күннен кешiктiрмей беруге тиiс.";

      2-тармақта:
      үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру және тиiмдi пайдалану жөнiндегi бағдарламалардың, жоспарлар мен шаралардың орындалуын, қоршаған ортаны қорғау туралы заңнаманың, оның сапа нормативтерi мен экологиялық талаптарының орындалуын, тазарту құрылыстары мен басқа да залалсыздандыратын құрылғылардың жұмысын, оларды бақылау құралдарын тексеруге;";

      төртiншi абзац "табиғи ресурстарды пайдалану" деген сөздердiң алдынан "қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн жүзеге асыруға арналған лицензияның, жергiлiктi атқарушы органдардың табиғи ресурстарды пайдалануға беру туралы шешiмдерiнiң, мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындыларының болуын," деген сөздермен толықтырылсын.

      18. "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 1997 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 17-18, 215-құжат; 1999 ж., N 11, 357-құжат; 2001 ж., N 3, 20-құжат; N 24, 338-құжат; 2004 ж., N 10, 57-құжат; N 23, 142-құжат):

      1) 7-баптың 1-тармағының жетiншi абзацы алып тасталсын;

      2) 10-баптың жетiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "мынадай жағдайларда:
      қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар өзге де мемлекеттiк органдар бекiткен тексерулердiң жоспарларына сәйкес;
      жоғары тұрған мемлекеттiк органдардың тапсырмасы бойынша;
      жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарында жазылған расталған фактiлер бойынша;
      жоспарлы тексеру нәтижесiнде анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуын бақылау мақсатында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы күзет қызметiн құрады және мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;";

      3) 11-баптың 2-тармағының екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "мынадай жағдайларда:
      облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдарының тексеру жоспарларына сәйкес;
      жоғары тұрған мемлекеттiк органдардың тапсырмасы бойынша;
      жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарында жазылған расталған фактiлер бойынша;
      жоспарлы iс-шаралар жүргiзу нәтижесiнде анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуын бақылау мақсатында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;";

      4) 25-баптың 1-тармағының бесiншi абзацындағы "қадағалауды" деген сөз "мониторингiн" деген сөзбен ауыстырылсын;

      5) 22-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

"22-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы
мемлекеттiк бақылау";

      6) 81-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "81-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы
               мемлекеттiк бақылау

      1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк бақылауды өз құзыретi шегiнде:
      ерекше қорғалатын аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган;
      облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары;
      қарамағында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар өзге де орталық атқарушы органдар жүргiзедi.
      2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасына сәйкес ерекше қорғалатын аумақтар саласындағы мемлекеттiк инспекторлар құқығын иеленедi.
      3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк бақылау тексерулер жүргiзу арқылы жүзеге асырылады.
      4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы тексеру - ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың осы аумақтардың мемлекеттiк табиғи-қорық қорын пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауын айқындау мақсатында жасайтын iс-әрекетi.
      5. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар өздерiнiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша басқа да мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасайды.";

      7) 82-бап алып тасталсын.

      19. "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының  Заңы  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 2-3, 25-құжат; 2001 ж., N 20, 258-құжат; 2002 ж., N 5, 50-құжат; 2004 ж., N 5, 29-құжат; N 13, 74-құжат; 2005 ж., N 20, 258-құжат; 2002 ж., N 5, 50-құжат; 2004 ж., N 5, 29-құжат; N 13, 74-құжат; 2005 ж., N 17-18, 73-құжат):

       (Ескерту. 1-баптың 19-тармағы 2006 жылғы 1 шілдеден бастап  қолданысқа енгізіледі - осы Заңның  2-бабын  қараңыз).  

      1) 14-баптың 3-тармағында:
      екiншi бөлiктегi "нормативтiк" деген сөзден кейiн "құқықтық" деген сөзбен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Заңнан туындайтын нормативтiк құқықтық актiлердi ресiмдеу мен келiсудiң тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.";

      2) мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:

      "14-1-бап. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн
                 қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердi
                 әзiрлеудiң және қабылдаудың ерекшелiктерi

      1. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын сараптамалық қорытынды алу үшiн сараптама кеңестерi арқылы жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiктерiне жiбередi.
      2. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiнiң жобасына түсiндiрме жазбада нормативтiк құқықтық актiнiң қолданысқа енгiзiлуiне байланысты жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi шығындарының азайғанын және (немесе) ұлғайғанын растайтын есеп нәтижелерi қамтылуға тиiс.
      3. Сараптамалық қорытынды жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiктерi мүшелерiнiң ортақ пiкiрiн бiлдiредi, ұсыныс сипатында болады және нормативтiк құқықтық актiнiң жобасына оны мемлекеттiк орган қабылдағанға дейiн мiндеттi қосымша болып табылады.
      4. Мемлекеттiк орган сараптамалық қорытындымен келiскен ретте нормативтiк құқықтық актiнiң жобасына тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзедi.
      Мемлекеттiк орган сараптамалық қорытындымен келiспеген жағдайда жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiгiне сараптамалық қорытындымен келiспеу себептерiн негiздеп, жауап жiбередi.
      5. Жеке кәсiпкердiң мүддесiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiнi қолданысқа енгiзудiң мерзiмдерi жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарға байланысты жүзеге асыруға дайындалуы үшiн қажеттi мерзiмдердi негiзге ала отырып белгiленуге тиiс.
      Нормативтiк құқықтық актiнi қолданысқа енгiзудiң тәртiбi мен мерзiмдерi жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне залал келтiрмеуге тиiс.
      6. Осы бапта көзделген рәсiмдер жеке кәсiпкердiң мүддесiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiнi қабылдаудың мiндеттi шарты болып табылады.
      7. Жеке кәсiпкердiң мүддесiне қатысты нормативтiк құқықтық актiнiң жобалары оларды тиiстi органда немесе Сараптама кеңесiнiң отырысында қарағанға дейiн, көпшiлiктiң қолы жетiмдi телекоммуникациялық жүйелердегi WEB-сайттарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында мiндеттi түрде жариялануға (таратылуға) тиiс.";

      3) 27-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Жоғары деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiнiң күшi жойылды деп танылған кезде, оны iске асыру үшiн қабылданған төменгi деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлердiң де күшi жойылды деп танылуға тиiс.
      Бұл талап жоғары деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiден төменгi деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлердi iске асыру үшiн қабылданған жекелеген нормалар алып тасталған жағдайларда да қолданылады.";

      4) 30-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Нормативтiк құқықтық актiлер мәтiндерiнiң кейiннен ресми жариялануының белгiленген тәртiбiнiң сақталуын бақылауды әдiлет органдары жүзеге асырады.";

      5) 36-бапта:
      2-тармақта:
      4) тармақшадағы ", ал әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге тиiстiлерi - мемлекеттiк тiркеуден кейiн" деген сөздер алып тасталсын;

      5) тармақшадағы "азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты" деген сөздер "әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге тиiстi," деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 38-бапта:
      1-тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi "ведомствоаралық сипаттағы немесе" деген сөздер алып тасталсын;

      7) 40-бапта:
      3-тармақтағы "мемлекеттiк тiркеу және (немесе) жариялау" деген сөздер "жариялау" деген сөзбен ауыстырылсын;

      8) 43-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) заңнан туындайтын нормативтiк құқықтық актiлердiң тұрақты мониторингiн жүргiзу;";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      "6) өздерi қабылдаған және (немесе) әзiрлеушi болып табылатын заңнан туындайтын нормативтiк құқықтық актiлерге қатысты - заңнан туындайтын тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдаған және (немесе) оларды әзiрлеушiлер болып табылатын уәкiлетті органдар.";

      9) 43-1-баппен толықтырылсын:

      "43-1-бап. Заңнан туындайтын нормативтiк құқықтық актiлердiң
                 мониторингi

      1. Уәкiлеттi органдар өздерi қабылдаған және (немесе) әзiрлеушi болып табылатын заңнан туындайтын нормативтiк құқықтық актiлердiң Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетiн және ескiрген құқықтық нормаларын анықтау, оларды iске асырудың тиiмдiлiгін бағалау үшiн олардың тұрақты мониторингiн жүзеге асыруға және оларға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу және олардың күшi жойылды деп тану жөнiндегi шараларды уақтылы қабылдауға мiндеттi.
      2. Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлердiң мониторингiн жүргiзу ережесiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.";

      10) 44-баптың 4-тармағы "нормативтiк" деген сөзден кейiн "құқықтық" деген сөзбен толықтырылсын.

      20. "Жауапкершiлiгі шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктер туралы" 1998 жылғы 22 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 5-6; 49-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; 2005 ж., N 14, 58-құжат) өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:

      43-баптың 2-тармағының 10) тармақшасындағы "бiр ауыздан қабылданатын" деген сөздер алып тасталсын.

      21. "Жосықсыз бәсеке туралы" 1998 жылғы 9 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 9-10, 84-құжат; 2000 ж., N 21, 397-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):

      мынадай мазмұндағы 5-1-баппен толықтырылсын:

      "5-1-бап. Қазақстан Республикасының жосықсыз бәсеке туралы
                заңнамасының сақталуына тексеру жүргiзу

      1. Нарық субъектiлерiнiң, мемлекеттiк органдардың (бұдан әрi - тексерiлетiн субъектiлер) Қазақстан Республикасының жосықсыз бәсеке туралы заңнамасын сақтауы монополияға қарсы орган жүргiзетiн тексерудiң нысанасы болып табылады.
      2. Монополияға қарсы орган жүзеге асыратын тексеру жоспарлы және жоспардан тыс болып бөлiнуi мүмкiн.
      Жоспарлы тексерулер тексерiлетiн субъектiлердiң Қазақстан Республикасының жосықсыз бәсеке туралы заңнамасын сақтауына байланысты мәселелердiң барлық кешенiн қамтиды және жылына бiр реттен жиi жүргiзiлмейдi.
      Жоспарлы тексерулер тексерiлетiн субъектiнiң орналасқан жерi бойынша немесе оның құрылымдық бөлiмшесiнiң орналасқан жерi бойынша жүргiзiлуi мүмкiн.
      Монополияға қарсы органның басшысы жыл сайын бекiтетiн органның жұмыс жоспары жоспарлы тексеру жүргiзуге негiз болып табылады. Жоспарда тексеру жүргiзiлуi мүмкiн субъектiлердiң тiзбесi және тексеру жүргізiлетiн кезең қамтылуға тиiс.
      Жоспардан тыс тексеру - монополияға қарсы органның жоспарында көзделмеген тексеру және Қазақстан Республикасының жосықсыз бәсеке туралы заңнамасының бұзылуы туралы монополияға қарсы органға келiп түскен не жеке анықталған ақпаратты растау үшiн жүргiзiледi.
      3. Жоспардан тыс тексеру жүргiзуге мыналар негiз болып табылады:
      жеке және заңды тұлғалардың жосықсыз бәсекенiң нәтижесiнде өздерiнiң құқықтары бұзылғандығы туралы өтiнiшi;
      Қазақстан Республикасының жосықсыз бәсеке туралы заңнамасының бұзылуы туралы басқа да мемлекеттiк органдардан келiп түскен материалдар;
      монополияға қарсы органның тауар нарығын талдау, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламалары және өзге де мәлiметтер негiзiндегi жеке бастамасы;
      монополияға қарсы органның Қазақстан Республикасының жосықсыз бәсеке туралы заңнамасының бұзылуы мәселелерi бойынша зерттеу жүргiзуiнiң нәтижесi.
      4. Тексеру жүргiзу үшiн монополияға қарсы орган монополияға қарсы органның басшысы қол қойған, мөрмен куәландырған және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық есептiлiктi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын уәкiлеттi органда тiркелген қатаң есептiлiк бланкiсiндегi нұсқаманы қабылдап, тексерудi тағайындау туралы бұйрық шығарады және тексеру жүргiзу бағдарламасын бекiтедi.
      Тексеру жүргiзу туралы нұсқама екi данада жасалып, олар тiркеу үшiн құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық есептiліктi өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын уәкiлетті органға табыс етiледi. Тiркеу туралы белгiсi бар бiр данасы iстiң материалдарына тiркеледi.
      Нұсқаманың құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық есептiлiктi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын уәкiлеттi органда тiркелгенi туралы белгiсi бар көшiрмесi, сондай-ақ тексеру бағдарламасы тексеру жүргiзiлетiн күнi тексерiлетiн субъектiнiң басшысына тапсырылады.
      Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық есептiлiктi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын уәкiлеттi органда тiркелгенi туралы белгiсi жоқ тексерiлетiн субъектiге тапсырылатын тексеру жүргiзiлгенi туралы нұсқаманың көшiрмесi жарамсыз болып табылады.
      Тексеру тағайындау туралы нұсқамада көрсетiлген лауазымды адам (адамдар) ғана тексеру жүргiзе алады.
      5. Тексеру жүргiзудiң бағдарламасы мен мерзiмдерi
      тексеру жүргiзудiң мерзiмдерiн;
      тексеру жүргiзудiң негiзгi мiндеттерi мен мақсаттарын, оларды iске асырудың рәсiмiн;
      тексеру барысында анықталуға тиiстi мәселелердiң тiзбесi мен мән-жайлардың ауқымын;
      тексеру жүргiзу кестесiн;
      тексерiлетiн субъектiнiң ерекшелiгiне сәйкес өзге де ақпаратты қамтуға тиiс.
      6. Тексеру жүргiзудiң мерзiмi алда тұрған жұмыстардың ауқымы мен қойылған мiндеттер ескерiле отырып белгiленедi және ол тексеру жүргiзу туралы нұсқаманы құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық есептiлiктi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын уәкiлеттi органда тiркеген кезден бастап күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс.
      Тексерiлетін субъект қызметiнiң ерекшелiктеріне және тексеру жұмысының ауқымдылығына байланысты тексеру заңда белгiленген мерзiмде аяқталмайтын жағдайларда, монополияға қарсы органның тексеру жүргiзуге жауапты лауазымды адамы монополияға қарсы органның басшысына жасалған жұмыстың нәтижелерi жазылған қызметтiк жазбаны және тексерудi ұзарту қажеттiгi туралы негiздеменi ұсынады.
      Монополияға қарсы органның басшысы тексеру жүргiзудiң мерзiмiн ұзарту туралы бұйрық шығаруға құқылы. Монополияға қарсы органның басшысы тексеру жүргiзу туралы нұсқамаға және тексеру бағдарламасына тексерудi ұзарту туралы белгi қояды.
      Тексеру жүргiзу мерзiмiн ұзарту күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс.
      Тексеру жүргiзу мерзiмiн ұзарту туралы бұйрықтың көшiрмесi тiркелген күнi тексерiлетiн субъектiнiң басшысына тапсырылады.
      Тексеру нәтижелерi туралы анықтаманы тексерiлетiн субъектiге тапсырған күн тексеру жүргiзудiң мерзiмi аяқталған күн деп есептеледi, бiрақ ол тексеру жүргiзу туралы нұсқамада көрсетiлген тексерудi аяқтау мерзiмiнен кешiктiрiлмеуге тиiс.
      7. Монополияға қарсы органның лауазымды адамының тексеру жүргiзген кезде:
      1) тексерiлетiн субъектiнiң аумағына және үй-жайына кедергiсiз кiруге;
      2) тексеру нысанына сәйкес тексерiлетiн субъектiнiң автоматтандырылған деректер базасына (ақпараттық жүйесiне) қол жеткiзуге;
      3) тексерiлетiн субъектiнiң басшыларынан, лауазымды адамдарынан және басқа да қызметкерлерiнен тексеруге қатысты қажеттi ақпаратты, құжаттар мен олардың көшiрмелерiн, тексеру барысында туындайтын мәселелер бойынша ауызша және жазбаша түрде түсiнiктемелердi сұратуға және алуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылықтарға куә адамдар болған жағдайда олардан ауызша және жазбаша түрде түсiнiктемелер алуға құқығы бар.
      Тексерiлетiн субъектiнiң басшысы және лауазымды адамдары тексеру жүргiзуге жауапты монополияға қарсы органның лауазымды адамының ауызша сауалы бойынша ақпаратты, құжаттарды немесе олардың көшiрмелерiн беруден бас тартқан жағдайда, оған тиiсiнше жазбаша сауал табыс етiледi. Жазбаша сауалды тексерiлетiн субъектiнiң басшысына тапсыру мүмкiн болмаған жағдайда, ол тексерiлетiн субъектi басшысының атына жеткiзiлгенi туралы хабардар ететiн тапсырыс хатпен почта байланысы арқылы жiберiледi.
      8. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ақпаратты басқа мемлекеттiк органға беру жағдайларын қоспағанда, тексеру барысында монополияға қарсы орган алған тексерiлетiн субъект туралы кез келген ақпарат таратылуға жатпайды.
      9. Тексеру жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасының жосықсыз бәсеке туралы заңнамасының бұзылғандығы анықталған жағдайда монополияға қарсы органның лауазымды адамы осы Заңға және Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес тексерiлетiн субъектiге қатысты тиiстi тексеру аяқталғанға дейiн шаралар қолдануға құқылы.
      10. Тексеру нәтижелерi анықтамамен рәсiмделедi, онда барлық тексерiлетiн мәселелер бойынша талдау, тұжырымдар мен ұсыныстар жазылуға тиiс және ол екi данада жасалып, оның бiреуi тексерiлетiн субъектiнiң басшысына тапсырылады.
      Тексеру нәтижелерi тексерiлген деректер мен фактiлердiң негiзiнде анықтамаға жазылады, олар тиiстi құжаттармен расталады. Құжаттармен расталмаған тұжырымдарды, ұсыныстар мен деректердi анықтамаға енгiзуге жол берiлмейдi.
      Тексеру нәтижелерi бойынша Қазақстан Республикасының жосықсыз бәсеке туралы заңнамасы бұзылмаған жағдайда анықтамаға тиiсiнше жазба жасалады.
      Тексеру нәтижелерi бойынша ескертпелер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда тексерiлетiн субъектiнiң басшысы оларды жазбаша түрде жазып көрсетедi.
      Ескертпелер және (немесе) қарсылықтар тексеру жүргiзудiң нәтижелерi туралы анықтамаға қоса берiледi, ол туралы тиiсiнше белгi соғылады.
      Тексерiлетiн субъектiнiң басшысы тексерудiң нәтижелерi туралы анықтамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, монополияға қарсы органның тексеру жүргiзуге жауапты лауазымды адамы анықтамаға тиiстi жазба жасайды.
      Тексеру жүргiзу аяқталғаннан кейiн монополияға қарсы органның тексеру жүргiзуге жауапты лауазымды адамы анықтаманың екiншi данасын тексерiлетiн субъектiнiң басшысына тапсырады.
      Анықтаманы тексерiлетiн субъектiнiң басшысына тапсыру мүмкiн болмаған жағдайда, анықтама тексерiлетiн субъектiнiң басшының атына почта арқылы тапсырылғандығы хабарланатын тапсырыс хатпен жiберiледi.
      11. Тексеру жүргiзу кезiнде тексерiлетiн субъектiнiң құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған жағдайда, тексерiлетiн субъектi монополияға қарсы органның әрекетiне (әрекетсiздiгіне) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен шағым жасауға құқылы.
      12. Монополияға қарсы органның лауазымды адамының тексеру жүргiзу кезiндегi заңсыз әрекетi (әрекетсiздiгi) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.".

      22. "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 16, 214-құжат; 1999 ж., N 19, 646-құжат, 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; 2002 ж., N 23-24, 193-құжат; 2004 ж., N 14, 82-құжат; N 23, 142-құжат):

      мынадай мазмұндағы 18-5 - 18-7-баптармен толықтырылсын:

      "18-5-бап. Табиғи монополиялар субъектiлерiн тексеру

      1. Уәкiлеттi орган жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектiлерiн тексеру жоспарлы және жоспардан тыс болуы мүмкiн.
      2. Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қаржы-шаруашылық қызметiн жоспарлы тексерудi уәкiлеттi мемлекеттiк орган жылына бiр реттен жиi жүргiзбейдi. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылмайтын табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қаржы-шаруашылық қызметiн жоспарлы тексерудi уәкiлеттi орган үш жылда бiр реттен жиi жүргiзбейдi.
      3. Жыл сайын уәкiлеттi органның басшысы бекiтетiн уәкiлеттi органның жұмыс жоспары жоспарлы тексеру жүргiзуге негiз болып табылады. Жоспарда тексерулер жүргiзiлетiн табиғи монополиялар субъектiлерiнiң тiзбесi және оларды жүргiзу кезеңi қамтылуға тиiс.
      4. Уәкiлеттi органның табиғи монополия субъектiлерiне жоспардан тыс тексерулер жүргiзуге мыналар негiз болады:
      1) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жолданымдарында жазылған расталған фактiлер;
      2) мемлекеттiк органдардың ақпараты;
      3) құқық қорғау органдарының хабарламалары;
      4) басқа мемлекеттiк органдармен бiрлескен тексерулер;
      5) уәкiлеттi органның өз бастамасы;
      6) бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламалары.
      5. Осы баптың 4-тармағында көзделген негiздер туындаған күннен бастап күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей, уәкiлеттi орган:
      1) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзушылық фактiлерiне тексеру жүргiзу туралы шешiм қабылдайды;
      2) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзушылық фактiлерiне тексеру жүргiзуден бас тартады.

      18-6-бап. Табиғи монополиялар субъектiлерiне тексеру
                жүргiзудiң тәртiбi

      1. Табиғи монополиялар субъектiлерiн тексеру уәкiлеттi орган тексеру жүргiзу туралы шешiм қабылдағаннан кейiн жүргiзiледi. Уәкiлеттi органның тексеру жүргiзу туралы шешiмiнде:
      1) уәкiлеттi органның атауы, тексеру тағайындау жөнiнде өкiлеттiгi бар адамның тегi, аты, әкесiнiң аты және лауазымы мен оның қолы;
      2) тексерулер тағайындау туралы актiнiң шығарылған күнi мен уәкiлеттi органның журналы бойынша тiркеу нөмiрi;
      3) тексерудi жүзеге асыратын лауазымды адамның тегi мен аты-жөнi;
      4) салық төлеушi - табиғи монополия субъектiсiнiң атауы, тұрған жерi және тiркеу нөмiрi;
      5) тексеру түрi;
      6) тексеру мәселесi;
      7) тексеру жүргізу мерзiмi;
      8) тексеру тағайындаудың негiздемесi;
      9) табиғи монополия субъектiсiнiң құжаттарын белгiлi бiр уақыт мерзiмiнде зерделеу қажет болған жағдайда тексерiлетiн кезеңi;
      10) табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiн өткен жылғы (өткен жыл деп тексеру жүргiзу кезiндегi күнтiзбелiк жыл түсiнiледi) жүргiзiлген тексерулерi туралы ақпарат;
      11) табиғи монополия субъектiсiне тексеру жүргiзудiң негiзгi мiндеттерi мен мақсаттары көрсетiлген тексеру бағдарламасы, табиғи монополия субъектiсiн тексеру барысында анықталуға тиiстi мәселелер тiзбесi мен жағдаяттар аясы қамтылуға тиiс.
      2. Уәкiлеттi органның тексеру жүргiзу туралы шешiмiне басшы қол қояды және ол уәкiлеттi органның мөрiмен расталады.
      3. Табиғи монополиялар субъектiлерiне тексеру жүргiзу кезiнде уәкiлеттi органның лауазымды тұлғасы табиғи монополиялар субъектiсiнiң басшысына немесе оны ауыстырушыға уәкiлеттi органның тексеру жүргiзу туралы шешiмiн және қызметтiк куәлiгiн көрсетуге мiндеттi.
      4. Тексеру жүргiзу туралы шешiмдi және қызметтiк куәлiктi көрсеткен кезде табиғи монополиялар субъектiсi уәкiлеттi органның лауазымды адамын өздерiне тиесiлi аумаққа немесе үй-жайға жiберуге және тексерiлетiн табиғи монополиялар субъектiсiнiң лауазымды адамдарынан, басшылары мен басқа да қызметкерлерiнен тексеру жүргiзу үшiн қажеттi ақпаратты, құжаттарды сұрату және оларды алу мен тексеру барысында пайда болатын мәселелер бойынша ауызша және жазбаша түрде түсiндiрмелер алу мүмкiндiгiмен қамтамасыз етуге мiндеттi.
      5. Табиғи монополиялар субъектiлерiне тексеру жүргiзетiн уәкiлетті органның лауазымды тұлғасының тиiстi аумаққа немесе үй-жайға енуiне кедергi жасалған және ақпараттарды, құжаттар мен түсiнiктемелердi бермеген кезде Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен әкiмшiлiк iс қозғалады.
      6. Табиғи монополия субъектiсiне тексеру жүргізу мерзiмi алда тұрған жұмыстардың және қойылған мiндеттердiң көлемiн ескере отырып белгiленедi, бiрақ күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс.
      Мән-жайларды қосымша тексеру қажет болған жағдайда, тексеру мерзiмi уәкiлеттi органның шешiмiмен күнтiзбелiк отыз күнге ұзартылуы мүмкін.
      Табиғи монополия субъектiсiн тексеру мерзiмiн ұзартуды тексеру жүргiзетiн уәкiлеттi органның басшысы жүргiзедi.
      7. Тексеру табиғи монополия субъектiсiн тексеру қорытындылары туралы анықтаманы жасаумен аяқталады.
      Тексеру қорытындылары туралы анықтамаға табиғи монополия субъектiсiн тексерудi жүзеге асыратын лауазымды адам және тексерiлетiн табиғи монополия субъектiсiнiң басшысы немесе оны ауыстыратын адам қол қояды.
      8. Тексерiлетiн табиғи монополия субъектiсiнiң басшы немесе оны ауыстыратын адам ерекше пiкiрлерiн жазбаша түрде бiлдiруге құқылы, ол тексеру қорытындысы туралы анықтамаға қоса берiледi.
      9. Тексерiлетiн табиғи монополия субъектiсiнiң басшысы немесе оны ауыстыратын адам тексеру қорытындылары туралы анықтамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, табиғи монополия субъектiсiн тексерудi жүзеге асыратын лауазымды тұлға тексеру қорытындысы туралы анықтамаға тиiстi жазба енгiзедi.
      10. Тексеру қорытындылары туралы анықтаманың екiншi данасы табиғи монополия субъектiсiн тексеру аяқталған соң қол қойғызып алу арқылы табиғи монополия субъектiсiнiң басшысына немесе оны ауыстыратын адамға, ал олар болмаған жағдайда - тексерiлетiн табиғи монополия субъектiсiнiң кеңсесiне, анықтаманы қабылдап алған табиғи монополия субъектiсi қызметкерiнiң тегiн және лауазымын көрсете отырып, қол қойғызу арқылы тапсырылады. Тексеру қорытындылары туралы анықтаманы беру не кеңсеге тапсыру мүмкiн болмаған жағдайда тексеру қорытындылары туралы анықтама табиғи монополия субъектiсiне почта арқылы тапсырылғандығы хабарланатын тапсырыс хатпен жiберiледi.
      11. Табиғи монополия субъектiсiн тексерудiң нәтижелерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн.

      18-7-бап. Табиғи монополия субъектiсiн тексеру нәтижелерi
                бойынша уәкiлеттi органның шешiмi

      Уәкiлеттi орган табиғи монополия субъектiсiн тексеру қорытындылары туралы анықтаманы қарау нәтижелерi бойынша:
      1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғауға негiздердiң жоқтығы туралы қорытынды жасайды;
      2) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғайды;
      3) табиғи монополия субъектiсiне Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзушылықтардың анықталған фактiлерiн жою туралы нұсқама шығарады;
      4) материалдарды қылмыстық iс қозғау туралы мәселенi қарау үшiн құқық қорғау органдарына бередi;
      5) материалдарды қарау және тиiстi шаралар қабылдау үшiн өзге де мемлекеттiк органдарға бередi.".

      23. "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" 1998 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 16, 220-құжат; 2001 ж., N 23, 318-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):

      11-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-бап. Уәкiлеттi органның асыл тұқымды мал шаруашылығы
               жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары";

      1 және 2-тармақтардағы "асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы", "мемлекеттiк" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында тексеру жүргiзу мерзiмi жиырмаға дейiн күнтiзбелiк күндi құрайды, қажет болған жағдайда тексеру мерзiмi тағы да күнтiзбелiк он күнге ұзартылуы мүмкiн.".

      24. "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 24, 435-құжат; 2001 ж., N 21-22, 286-құжат; 2003 ж., N 10, 53-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):

      1) 18-баптың 1-тармағының 8) тармақшасындағы "сақтауы жөнiнде мемлекеттiк инспекция" деген сөздер "сақтауына тексеру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) мынадай мазмұндағы 18-1-баппен толықтырылсын:

      "18-1-бап. Мемлекеттiк бақылау

      1. Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырудың нысаны тексеру болып табылады.
      2. Тексерудiң түрлерi:
      жоспарлы - уәкiлеттi орган алдын ала жоспарлаған, үш жылда бiр рет жүргiзiлетiн тексеру;
      жоспардан тыс - уәкiлеттi орган жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi бойынша жүргiзетiн тексеру.
      3. Тексеру жүргiзу мерзiмi нұсқама берiлген кезден бастап күнтiзбелiк он бес күннен аспауға тиiс.
      4. Уәкiлеттi органның басқа мемлекеттiк органдардың қызметкерлерiн тексерулерге тартуға құқығы бар.".

      25. "Тауарлардың импорты жағдайында iшкi рынокты қорғау шаралары туралы" 1998 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 24, 446-құжат; 1999 ж., N 21, 763-құжат; 2005 ж., N 11, 40-құжат):

      5-баптың 1-тармағындағы "бақылауды" деген сөз "мониторингтi" деген сөзбен ауыстырылсын.

      26. "Өсiмдiктердiң карантинi туралы" 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 2-3, 34-құжат; N 23, 931-құжат; 2002 ж., N 4, 30-құжат, 2003 ж., N 15, 121-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):

      1) 1-бапта:
      9-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "9-2) өсiмдiктер карантинi жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - Қазақстан Республикасының аумағында өсiмдiктер карантинi саласындағы мемлекеттiк реттеудi және мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган және шекаралық пункттері мен шекарадағы постылары бар оның аумақтық органдары;";

      2) 4-баптың 1) тармақшасы "сақтап тұру" деген сөздерден кейiн "және мүлiктi сақтау" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

      1. Уәкiлетті орган:
      1) өсiмдiктер карантинi саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеп, iске асырады;
      2) өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк iс-шаралар белгiленiп, жүзеге асырылатын карантиндiк объектiлер тiзбесiн айқындайды;
      3) Қазақстан Республикасында және басқа да елдерде карантиндi объектiлердiң болуы мен таралуы, оларға қарсы күрес жөнiндегi шаралар мен iс-шаралар туралы деректер базасын құрады және мүдделi тұлғаларға ақпарат бередi;
      4) өсiмдiктер карантинi саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзудi ұйымдастырады, үйлестiредi және бақылайды;
      5) өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар туралы ереженi бекiтедi;
      6) карантиндi объектiлер залалдаған залалсыздандыруға немесе қайта өңдеуге жатпайтын карантинге жатқызылған өнiмдердi (жүктердi) алып қою және жою жөнiндегi ережелердi бекiтедi;
      7) өз құзыретi шегiнде өсiмдiктер карантинi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi бекiтедi;
      8) карантиндiк iс-шараларды жүзеге асырудың тәртiбi мен тәсiлдерiн регламенттейтiн әдiстердi, әдiстеменi, ұсынымдарды бекiтедi;
      9) ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бiрлесiп, халықаралық нормалар талаптары мен ұсынымдарды ескере отырып, фитосанитарлық тәуекелдi бағалаудың ғылыми принциптерi негiзiнде карантиндiк шараларды әзiрлейдi және оларды жеке және заңды тұлғалардың орындауын тұрақты бақылауды жүзеге асырады;
      10) Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi бас мемлекеттiк инспектор лауазымына орналасуға бiлiктiлiк талаптарын белгiлейдi;
      11) карантиндi объектiлердiң таралу ошақтарын анықтау, оқшаулау, жою және карантинге жатқызылған өнiмдердi залалсыздандыру жөнiндегi iс-шаралардың жүргiзiлуiн ұйымдастырады;
      12) карантинге жатқызылған өнiмдер транзитiнiң шарттарын айқындайды;
      13) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен пестицидтердi (улы химикаттарды) мемлекеттiк сатып алуды, оларды сақтау, тасымалдау, карантиндiк объектiлердiң таралу ошақтарын оқшаулау мен жою үшiн қолдану жөнiндегi жұмыстар мен қызмет көрсетудi ұйымдастырады және жүргiзедi;
      14) карантиндiк объектiлердiң таралу ошақтарын оқшаулау және жою үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен пестицидтердiң (улы химикаттардың) қорын құрады;
      15) карантиндiк объектiлердiң таралу ошақтарын оқшаулау және жою үшiн бюджет қаражаты есебiнен сатып алынған пестицидтердi (улы химикаттарды) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша бөледi;
      16) өсiмдiктер карантинi жөнiндегi шекаралық пункттер мен постыларда карантинге жатқызылған әкелiнетiн өнiмдi тұрақты бастапқы карантиндiк тексерудi, қажет болғанда үлгiлерiн, көлiк құралдарын, қол жүгi мен багажды iрiктеу арқылы олардың зертханалық сараптамасын, әкелiнетiн және транзиттiк карантинге жатқызылған өнiмге карантиндiк құжаттарды тексеруді жүргiзеді;
      17) карантинге жатқызылған әкелiнетiн өнiм келiп түсетiн соңғы пункттерде осы өнiмдi тұрақты қайтадан карантиндiк тексерудi, қажет болғанда аумақтың фитосанитариялық сипаттамасы мен оның шыққан жерiн, баратын пунктiн, сондай-ақ карантиндi объектiлерден бос жатқан немесе олар аз таралған аймақтарды ескере отырып, үлгiлерiн iрiктеу арқылы оның зертханалық сараптамасын, карантиндiк құжаттарды тексерудi жүргiзедi;
      18) карантинге жатқызылған әкетiлетiн өнiмдi тиеп-жөнелту орындарында тұрақты карантиндiк тексерудi, қажет болғанда үлгiлерiн iрiктеу арқылы зертханалық сараптамасын және фитосанитариялық сертификаттауды жүргiзедi;
      19) өсiмдiктер карантинi жөнiндегi шекаралық пункттер мен постыларда әкетiлетiн және транзиттiк карантинге жатқызылған өнiмнiң карантиндiк құжаттарының болуын және дұрыс ресiмделуiн тұрақты тексерудi жүргiзедi;
      20) республика базарлары мен кәсiпорындарында карантинге жатқызылған өнiмдердi тұрақты тексерудi, қажет болғанда үлгiлерiн iрiктеу арқылы оның зертханалық сараптамасын, карантиндiк құжаттарды тексерудi жүргiзедi;
      21) өсiмдiк тектi өнiмдердi өсiретiн, дайындайтын, жинайтын, өңдейтiн және өткiзетiн ұйымдардың, базарлардың, шаруа (фермер), үй жанындағы және саяжай қожалықтарының аумағы мен үй-жайларына, ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысанына қарамастан, ауыл шаруашылығына, орманға, суға және басқа да мақсатқа арналған жерлерге тұрақты талғамалы бақылау тексерулерiн жүргiзедi;
      22) карантиндi объектiлердiң таралу ошақтарын анықтау, оқшаулау және жою жөнiндегі іс-шараларды уақтылы және тиiмдi жүргiзу жөнiндегi жұмыс барысына тұрақты бақылау жүргiзедi;
      23) анықталған Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi жөнiндегi заңнамасын бұзушылықтарды жою, карантинге жатқызылған өнiмдердi, сондай-ақ көлiк құралдарын залалсыздандыру жөнiндегi iс-шараларды орындау туралы нұсқама бередi және олардың орындалуын бақылайды;
      24) жерсiндiру-карантиндiк көшеттiктерде импорттық себу материалдары мен отырғызылатын материалдардың карантиндi объектiлерден және бөтен тектi түрлерден жасырын залалданған-залалданбағанын тексеру жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастырады және бақылайды;
      25) карантинге жатқызылған өнiмге фитосанитариялық, карантиндiк сертификаттар және импорттық карантиндiк рұқсаттар бередi;
      26) Қазақстан Республикасының Үкiметiне және жергілiктi атқарушы органдарға карантиндiк режимдi енгiзе отырып, карантиндi аймақты белгiлеу немесе оның күшiн жою туралы ұсыныстар енгiзедi, сондай-ақ осы аймақтарда мiндеттi iс-шараларды жүргiзу тәртiбiн әзiрлейдi;
      27) карантиндi аймақтарда мiндеттi iс-шаралардың орындалуына тұрақты бақылау жүргiзедi;
      28) халықаралық нормалар мен талаптардың өсiмдiктер карантинi саласында жасалған келiсiмдерге сәйкес орындалуын қамтамасыз етедi;
      29) халықаралық ұйымдарда өсiмдiктер карантинi мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiредi.
      2. Тиiстi уәкiлеттi органның басшысы Қазақстан Республикасының Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы, ал оның орынбасары - Қазақстан Республикасының Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторының орынбасары болып табылады.
      Уәкiлеттi органның облыстық, (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумақтық органдарының басшылары тиiстi облыстар мен қалалардың өсiмдiктер карантинi жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары болып табылады.
      Уәкiлеттi органның және оның аумақтық органдарының өсiмдiктер карантинi бойынша бақылауды тiкелей жүзеге асыратын өзге де лауазымды адамдары өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар болып табылады.
      3. Уәкiлеттi орган өз қызметiн шекаралық, кедендiк, құқық қорғау және басқа да мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимылда жүзеге асырады.
      4. Уәкiлеттi органның өз өкiлеттiктерi шегiнде қабылдаған шешiмi лауазымды тұлғалардың, жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi болып табылады.
      5. Мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдары уәкiлеттi органның өзiне жүктелген мiндеттердi шешуiне жәрдемдесуге мiндеттi.";

      4) 7-1-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) тексеруге келiп түсетiн импорттық, себу материалдары мен отырғызылатын материалдардағы жасырын залалдануды анықтайды.";

      2-тармақта:
      бiрiншi абзацтағы "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар" деген сөздер "Өсiмдiктер карантинiн қамтамасыз ету жөнiндегi республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) карантиндi объектiлердiң ошақтарын анықтайды және олардың таралу шекараларын айқындайды;";

      5) 9-1-бап мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша тиiстi аумақтарда карантиндiк режимдi енгiзе отырып, карантиндi аймақты белгiлеу немесе оның күшiн жою туралы шешiм қабылдайды.";

      6) 10-бап мынадай мазмұндағы екiншi және үшiншi бөлiктермен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының аумағына карантиндi объектiлердi әкелудiң алдын алу, олардың таралу қаупi бар ошақтарын уақтылы анықтау, оқшаулау және жою мақсатында карантинге жатқызылған өнiмдердi тұрақты карантиндiк тексерудi, үлгiлерiн iрiктей отырып, оның зертханалық сараптамасын, iрiктеу арқылы бақылау тексерулерiн, карантин құжаттарын тексеруді жүргiзу және карантиндік іс-шаралардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру өсiмдiк және азық-түлiк ресурстарын қорғауға, карантиндi объектiлерге қарсы күреске арналған бюджет қаражатының болжанбаған шығыстарын болдырмауға, сондай-ақ отандық өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiгiн арттыруға бағытталған.
      Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк бақылау мен карантиндiк шараларды жүргiзу адамдардың өсiмдiктер карантинi бойынша бақылау объектiлерiне жатқызылған мүлкiн сақтауға бағытталған және тексеру белгiлеу туралы актi шығарусыз жүзеге асырылады.";

      7) 13-бапта:
      тақырыбындағы "әкелу мен әкету" деген сөздер "әкелу, әкету, транзиттеу, iшкi мемлекеттiк тасымалдау, тексеру және залалсыздандыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақ мынадай мазмұндағы төртiншi, бесiншi, алтыншы және жетiншi бөлiктермен толықтырылсын:
      "Жеке және заңды тұлғалар импорттық карантиндiк рұқсаттар алу үшiн карантинге жатқызылған өнiмдi әкелуге дейiн күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрмей немесе оның Қазақстан Республикасы арқылы транзитiн жүзеге асыруға дейiн күнтiзбелiк бес күн iшiнде уәкiлеттi органға мынадай мәлiметтер:
      1) карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасына әкелудiң (транзиттеу) мақсаты және әкелiнетiн жүктi өлшеп орау тәсiлi мен буып-түю түрiн көрсете отырып, жекелеген әрбiр түрi бойынша оның саны;
      2) өнiмнiң пайдаланылу мақсаты мен орны (мекен-жайы, ал транзиттiк жүктер үшiн - бағыты мен баратын елi);
      3) карантинге жатқызылған өнiмдер импорты немесе транзитi болжанатын экспорттаушы елдердiң атауы, сондай-ақ карантинге жатқызылған өнiмдер шыққан елдiң атауы;
      4) карантинге жатқызылған өнiмнiң болжамды жету мерзiмдерi немесе транзиттiк тасымал мерзiмдерi;
      5) карантинге жатқызылған өнiм сол арқылы Қазақстан Республикасына әкелiнетiн шекаралық пункттiң (постының) атауы көрсетiлген өтiнiм бередi.
      Өтiнiш берушi карантинге жатқызылған өнiмдi әкелуге (транзиттеуге) импорттық карантиндiк рұқсат алуға өтiнiмде өз есебiнен карантиндiк шараларды орындауға кепiлдiк бередi.
      Импорттық карантинге жатқызылған өнiм Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жабық немесе изотермиялық, ақаусыз және пломбаланған контейнерлерде, герметикалық орамаларда, вагондарда, автофургондарда, авторефрижераторларда және басқа да көлiк құралдарында тасымалданады.
      Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан шетелдiк дипломатиялық өкiлдiктердiң, консульдық мекемелердiң, халықаралық ұйымдар өкiлдiктерiнiң, сондай-ақ артықшылықтар мен иммунитеттi пайдаланушы тұлғалардың карантинге жатқызылған өнiмдi әкелуi Қазақстан Республикасының заңдарына немесе Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес жүргiзiледi.";

      4-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктермен толықтырылсын:
      "Жеке және заңды тұлғалар фитосанитариялық сертификат алу үшiн өсiмдiктер карантинi жөнiндегi аумақтық органдарға жүктi тиеп-жөнелтудiң болжамды мерзiмiнен он бес тәулiк бұрын мынадай мәлiметтердi:
      1) карантинге жатқызылған өнiмнiң атауы мен санын;
      2) импортқа шығарушы елдiң атауын және карантинге жатқызылған өнiм баратын мекен-жайды;
      3) импорттық карантиндiк рұқсатта немесе экспортталатын карантинге жатқызылған өнiмге арналған шартта көрсетiлген импортқа шығарушы елдiң өсiмдiктер карантинi бойынша ұлттық қызметiнiң өсiмдiктер карантинi саласындағы талабын;
      4) карантинге жатқызылған өнiмдi тиеп-жөнелту мерзiмi мен орнын;
      5) сол арқылы жүктi әкелу болжанатын импортқа шығарушы елдiң шекаралық пунктiнiң атауын көрсетiп өтiнiм бередi.
      Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар карантинге жатқызылған әкелiнетiн өнiмнiң карантиндiк жай-күйiн жүктi тиеп-жөнелтудiң бастапқы орындарында және экспорттық партияларды қайта тиеу (қалыптастыру) кезiнде теңiз және өзен порттарында (айлақтарында), әуежайларда, темiржол станцияларында, почта байланысы кәсiпорындарында, базарларда, автовокзалдарда (автостанцияларда) және өзге де объектiлерде қайтадан белгiлейдi. Қайта тиеусiз әкету кезiнде шекаралық пунктте және постыда тиеп-жөнелту орнында берiлген фитосанитариялық сертификаттың дұрыс ресiмделуiн бақылау ғана жүзеге асырылады.
      Фитосанитариялық сертификатты карантинге жатқызылған өнiмде карантиндiк объектiлердiң бар-жоғын тексерген өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспектор бередi және өзiнiң жеке қолымен және белгiленген үлгiдегi мөрмен (мөртабанмен) куәландырады. Фитосанитариялық сертификат карантинге жатқызылған өнiмнiң әрбiр партиясына берiледi және оның карантиндiк жай-күйiн куәландыруға, жүргiзiлген залалсыздандыру, осы өнiмдi жеткiзу жөнiндегi басқа да қосымша карантиндiк талаптарды орындау туралы мәлiметтерi болуға тиiс.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      "4-1. Карантинге жатқызылған өнiмдi облысаралық тасымалдау аумақтық органның өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы беретiн карантиндiк сертификаттар болған кезде жүзеге асырылады.
      Карантиндiк сертификатты алу үшiн жеке және заңды тұлғалар өсiмдiктер карантинi жөнiндегi аумақтық органға өтiнiм бередi, сондай-ақ карантиндiк жай-күйдi айқындау үшiн өнiмдi өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторға жүктi жөнелтудiң болжамды мерзiмiнен бес күн бұрын бередi.
      Өтiнiмде карантинге жатқызылған өнiмнiң атауы, баратын пунктi және пайдалану мақсаты көрсетiледi.
      Карантинге жатқызылған өнiмдi жүретiн жолында немесе баратын пунктiнде басқа мекен-жайға жiберу осы операциялар аумағында жүзеге асырылатын өсiмдiктер карантинi жөнiндегi аумақтық органның рұқсаты бойынша жүргiзiледi.
      Қазақстан Республикасының карантиндi аймағынан әкетiлетiн карантинге жатқызылған өнiмдi жүру жолында басқа мекен-жайға жiберуге тыйым салынады.
      Әкелiнетiн карантинге жатқызылған өнiм жүктiң баратын пунктiнде қайтадан карантиндiк тексеруге жатады.";

      5-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi - он бiрiншi бөлiктермен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн карантинге жатқызылған өнiм, карантинге жатқызылған өнiм тасымалданатын көлiк өсiмдiктер карантинi бойынша бақылауға және қажет болғанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы шекаралық өткiзу пункттерiнде карантиндiк тексеруге, сондай-ақ тиiстi актiлер ресiмделе отырып, жүк баратын жерде карантиндiк тексеруге жатады.
      Шекаралық пункттiң және постының өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы жүк иелерiне Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi туралы заңнамасын түсiндiредi, импорттық карантиндiк рұқсаттың және экспорттаушы елдiң ұлттық карантиндiк қызметiнiң фитосанитариялық сертификатының болуын тексередi, көлiкке, карантинге жатқызылған өнiмге (жүкке), ыдысқа сырттай тексеру жүргiзедi. Карантиндiк зиянкестердi, өсiмдiк аурулары мен арамшөптердi анықтау мақсатында карантинге жатқызылған өнiмнен үлгiлердi iрiктеп алып, оларға сол жерде тексеру жүргiзедi. Қажет болғанда үлгiлер мен объектiлер Республикалық карантиндiк зертханаға объектiлердiң карантиндiк түрлерге жататынын растау үшiн берiледi.
      Егер жүк тасымалдаушы карантинге жатқызылған өнiмдi карантиндiк бақылауға көрсетуден бас тартқан жағдайда бұл өнiм оның иесiнiң қаражаты есебiнен экспорттаушы елге қайтаруға жатады, ол туралы өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспектор Қазақстан Республикасының аумақтық, шекара және кеден органдарын хабардар етедi.
      Карантиндi объектiлер табылған карантинге жатқызылған өнiм қайтаруға, карантиндiк арамшөптерден залалсыздандыруға, тазартуға немесе техникалық қайта өңдеуге жатады. Карантинге жатқызылған өнiмдi залалсыздандыруға, тазартуға немесе қайта өңдеуге байланысты шығыстарды жүк иелерi төлейдi.
      Ерекше ғылыми немесе өзге де құндылығы бар карантиндi объектiлер залалдаған тұқымдар мен отырғызылатын материал солардың иелерiнiң өтiнiштерi бойынша жерсiндiру-карантиндiк көшеттiктерге тексеру үшiн берiлуi мүмкiн. Карантиндi объектiлерден залалдануы жойылғаннан кейiн тұқымдар мен отырғызылатын материал иесiне қайтарылады.
      Карантинге жатқызылған өнiмдi алып қоюды (оның iшiнде, почталық жөнелтiлiмдерден, қол жүгiнен және багаждан) өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспектор жүзеге асырады, ол туралы алып қою актiсi жасалады.
      Карантинге жатқызылған өнiм карантиндiк тексеруден өткiзiлгеннен кейiн және қажеттi карантиндiк iс-шаралар жүргiзiлген соң өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспектор баратын пунктiне әкелуге немесе транзиттеуге рұқсат бере отырып, iлеспе тауар-көлiк құжаттарына карантиндiк бақылаудан өткенi туралы белгіленген үлгiдегi мөртабан басады және жүк иесiне карантиндiк тексеру актiсiн бередi.
      Шекарада карантинге жатқызылған өнiммен (жүктермен) жүк операцияларын (әкелiнген жүктi басқа көлiк құралдарына қайта тиеудi) жүк иелерi өсiмдiктер карантинi жөнiндегi бақылау және мiндеттi карантиндiк тексеру жүргiзiлгеннен кейiн өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспектордың рұқсаты бойынша жүргiзедi.
      Өсiмдiктер карантинi жөнiндегі шекаралық пункттер мен постыларда карантиндiк тексеруден өткiзiлген әкелiнетiн карантинге жатқызылған өнiмдер (жүктер), сондай-ақ көлiк құралдары карантинге жатқызылған өнiм жеткiзiлетiн соңғы пунктте карантиндiк тексеруге жатады.
      Карантинге жатқызылған өнiмдердi және көлiк құралдарын тексерудi, жүктi баратын пунктiнде талдау мен сараптама жасау үшiн үлгiлердi iрiктеп алуды кейiннен зиянкестердiң түрлiк құрамын, өсiмдiк аурулары мен арамшөптердi анықтау үшiн сараптама жүргiзе отырып, аумақтық органның өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары жүзеге асырады, олардың нәтижелерi бойынша осы өнiмдердi пайдаланудың шарттары туралы жазбасы бар тексеру актiсi жасалады. Қажет болғанда карантинге жатқызылған өнiмге талдау жасау және объектiлердiң түрлiк құрамына сараптама жүргiзу үшiн жабдықталған зертханасы бар ұйымдар мен өсiмдiктер карантинi жөнiндегi бiлiктi кадрлар тартылуы мүмкiн.";

      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      "6. Карантиндi объектiлерден залалданған көлiк құралдары мен карантинге жатқызылған өнiмдер, импорттық карантиндiк рұқсат бойынша залалсыздандыру көзделген өнiмдер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторының ұйғарымы бойынша карантиндiк тұрғыдан ықтимал қаупi бар көлiк құралдары мен карантинге жатқызылған өнiмдер залалсыздандыруға жатады.
      Импорттық карантиндiк рұқсат бойынша, сондай-ақ уәкiлеттi органның және шекаралық пункттерi мен шекарадағы постылары бар оның аумақтық органдарының өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторларының нұсқамалары бойынша, карантиндiк тексерудiң нәтижелерi бойынша көзделген карантинге жатқызылған өнiмдердi залалсыздандыруды жүк иелерi өсiмдiктер карантинiн қамтамасыз ету жөнiндегi республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың фумигациялық отрядтарымен шарт жасасу негiзiнде жүргiзедi.
      Шекаралық пункттер мен шекарадағы постыларда карантинге жатқызылған өнiмдерде карантиндiк объектiлер анықталған кезде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде фумигациялық камераларда, штабельдерде, кемелер мен баржалардың трюмдерiнде, вагондарда, контейнерлерде және көлiктiң басқа да түрлерiнде залалсыздандыру жөнiндегi жұмыстар жүргiзiледi.
      Көлiк құралдарының барлық түрлерi импорттық карантинге жатқызылған өнiмдердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының карантиндi аймақтарынан әкелiнетiн өнiмдердi тасымалдаудан кейiн өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар белгiлеген жерлерде өнiмдердiң қалдықтары жойыла отырып, мiндеттi тазартуға, ал қажет болған жағдайда фумигациялауға жатады.
      Көлiк құралдары мен жүктердi фумигациялауға дайындауды фумигациялық отрядтар мамандарының басқаруымен жүк иелерi немесе көлiк ұйымдары орындайды.
      Карантинге жатқызылған өнiмдi залалсыздандыру шетел мемлекеттерiнде жүргiзiлген кезде фумигациялық отрядтардың мамандары әкелiнетiн өнiмде фумиганттар қалдықтарының бар-жоғын тексередi.";

      8) мынадай мазмұндағы 13-1-баппен толықтырылсын:

      "13-1-бап. Карантиндi объектiлердi анықтау тәртiбi

      1. Карантиндi объектiлердi уақтылы анықтау, олардың таралу ошақтарының шекараларын айқындау мақсатында жер және орман алқаптары, ауыл шаруашылығы, әсемдiк, дәрiлiк және басқа да дақылдардың егiстiктерi мен көшеттерi, үйлер, ғимараттар, контейнерлер, қоймалар, өзге де объектiлер және карантинге жатқызылған өнiмдi шығарумен, өңдеумен, сақтаумен, тасымалдаумен және өткiзумен байланысты кәсiпорындардың аумақтары және карантиндi объектiлердi жұқтыру мен тарату көзi болуы мүмкiн өзге де объектiлер жүйелi түрде тексеруге жатады.
      Бұл жұмыстарды орындауды уәкiлеттi органның және оның аумақтық органдарының өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторларының нұсқамалары бойынша жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ шарт жасасу негiзiнде өсiмдiктер карантинiн қамтамасыз ету жөнiндегi республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар қамтамасыз етедi.
      2. Зерттеу нәтижелерi, сондай-ақ бұл ретте, анықталған зиянкестер, өсiмдiк ауруларының қоздырғыштары мен арамшөптер осы объектiлердiң карантиндiк түрлерге тиiстiлiгiн айқындау және растау үшiн өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторларға жiберiледi. Объектiлер анықталмаған жағдайда өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар карантиндiк түрлерге тиiстiлiгiн растау үшiн оларды республикалық карантиндiк зертханаға жiбередi.
      Аумақтық органдардың өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары аталған объектiлерге бақылау тексерулерiн жүргiзедi. Тексеру нәтижелерi өсiмдiктер карантинi бойынша бақылау жүргiзiлгенi туралы актiмен ресiмделедi.";

      9) 14-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгiндегi "қайтарылуға," деген сөзден кейiн "тазартуға," деген сөзбен толықтырылсын.

      27. "Бiлiм туралы" 1999 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 13, 429-құжат; N 23, 927-құжат; 2001 ж.,
N 13-14, 173-құжат; N 24, 338-құжат; 2004 ж., N 18, 111-құжат;
N 23, 142-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 28-3) тармақшамен толықтырылсын:
      "28-3) тексеру - бiлiм беру ұйымдарының Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы заңнамасын сақтауын анықтау мақсатында жасалатын бақылау функцияларын жүзеге асыратын уәкiлеттi органның iс-әрекетi;";

      2) 35-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "35-1-бап. Қазақстан Республикасының бiлiм туралы
                 заңнамасының сақталуын бақылау

      1. Бiлiм беру ұйымдарының Қазақстан Республикасының бiлiм туралы заңнамасын сақтауын бақылау уәкiлеттi органдардың тексерулерi нысанында жүзеге асырылады.
      2. Тексерулер мынадай түрлерге бөлiнедi:
      жоспарлы - алдыңғы тексерулерге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген уақыт аралықтары ескерiлiп жүргiзiлетiн уәкiлеттi орган жоспарлаған тексеру;
      жоспардан тыс - жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiне дереу ден қою мақсатында тағайындалатын тексеру;
      қарсы - тексеру жүргiзу кезiнде бақылаушы органдарда үшiншi тұлғаларға байланысты қосымша ақпарат алу қажеттiгi туындаған жағдайда осы тұлғаларға қатысты жүргiзiлетiн тексеру.
      3. Жоспарлы тексеру мемлекеттiк аттестаттаулар аралығында бiр рет жүргізіледі.
      4. Қазақстан Республикасының аумағында құрылған халықаралық және шетелдiк бiлiм беру ұйымдары мен олардың филиалдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тексерiледi.
      5. Бiлiм беру ұйымдарын тексеру уәкiлеттi органның тексеру жүргiзу туралы шешiмiнiң негiзiнде жүргiзiледi.
      6. Тексеру жүргiзу үшiн комиссия құрылады. Комиссияның құрамын, тексеру жүргiзу мерзiмiн, объектiсiн, тексерудiң нысанасын уәкiлеттi орган бекiтедi. Тексеруге бiлiм беру және ғылыми ұйымдардың мамандары тартылуы мүмкiн.
      7. Тексеру ұзақтығы жетi күннен аспауға тиiс. Негiздi себептер болған кезде тексеру мерзiмдерi ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол он күннен аспауға тиiс.
      8. Тексерушi адамдар тексеру жүргiзу кезiнде кез келген қажеттi ақпарат сұратуға, тексеру нысанасына қатысы бар құжаттардың түпнұсқаларымен танысуға құқылы.
      9. Тексеру жүргiзу тексеру қорытындылары туралы анықтама жазумен аяқталады. Тексеру қорытындылары туралы анықтамаға жазылған фактiлердiң дұрыстығын растайтын құжаттар қоса берiледi.
      10. Комиссия әзiрлеген тексеру қорытындылары туралы анықтамамен тексерiлген ұйымның басшысы танысуға, оған өз қолын қойып, ұйымның мөрiн басуға тиiс. Бұл ретте ол тексеру нәтижелерiмен тұтастай немесе жекелеген позициялар бойынша келiспейтiнi туралы жазба жасауға құқылы.
      Бiлiм беру ұйымының басшысы немесе басшының мiндетiн атқарушы адам анықтамаға қол қоюдан бас тартқан немесе басшының немесе оның мiндетiн атқарушы адамның қолын қойғызу мүмкiндiгi болмаған жағдайда комиссия төрағасы анықтамада тиiстi жазба жасайды.
      Анықтаманың бiр данасы тексерiлген ұйымда қалады.".

      28. "Демпингке қарсы шаралар туралы" 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 19, 654-құжат):

      5-баптың тақырыбындағы "бақылауды" деген сөз "реттеудi" деген сөзбен ауыстырылсын.

      29. "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 21, 771-құжат; 2001 ж., N 10, 122-құжат; 2003 ж., N 24, 175-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат):

      мынадай мазмұндағы 4-5-баппен толықтырылсын:

      "4-5-бап. Мемлекеттiк бақылау

      1. Мемлекеттiк бақылаудың мақсаты жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету болып табылады.
      2. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары жүзеге асыратын бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттiк бақылау мыналарды:
      1) осы Заңда көзделген талаптарды сақтау жөнiндегi бақылауды;
      2) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылатын жарнамаға қатысты бақылауды қамтиды.
      3. Уәкiлеттi орган, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары жүзеге асыратын бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттiк бақылау тексеру нысанында орындалады.
      4. Тексерудiң түрлерi:
      жоспарлы - алдыңғы тексерулерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген уақыт аралықтары ескерiлiп жүргiзiлетiн мемлекеттiк орган жоспарлаған тексеру;
      жоспардан тыс - жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiне дереу ден қоюды талап ететiн қалыптасқан әлеуметтiк-экономикалық жағдайға байланысты тағайындалатын тексеру;
      рейдтiк - лицензияның, тiркеу және өзге де рұқсат ету құжаттарының болуын, сондай-ақ мемлекеттiк органның бақылау объектiсi болып табылатын бақылау жабдығының дұрыс қолданылуын тексеру.
      5. Тексеру жүргiзудiң мерзiмi нұсқама берiлген кезден бастап күнтiзбелiк он бес күннен аспауға тиiс.".

      30. "Дене шынықтыру және спорт туралы" 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 24, 1065-құжат; 2003 ж., N 15, 129-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):

      мынадай мазмұндағы 24-2-баппен толықтырылсын:

      "24-2-бап. Мемлекеттiк бақылау

      1. Мемлекеттiк бақылауды дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган спорт объектiлерiн пайдалану, оларға техникалық қызмет көрсету жөнiндегi стандарттардың, ережелер мен нормалардың сақталу нысанасына тексеру жүргiзу арқылы жүзеге асырады.
      2. Мемлекеттiк бақылауды жүргiзуге анонимдi өтiнiштердi қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi немесе ресми хабарламалардың басқа да нысандары, сондай-ақ заң бұзушылықты жоюға және дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi органның лауазымды адамдары берген нұсқамаларды орындауға бағытталған iс-шараларды жүргiзу негiз болып табылады.
      3. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн тексеру жылына бiр реттен жиi болмайтындай етiп жүргiзiледi.".

      31. "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" 1999 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 24, 1068-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; 2003 ж., N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 24, 149-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы жиырма жетiншi абзацпен толықтырылсын:
      "еңбек туралы заңнаманың сақталуын тексеру (бұдан әрi - тексеру) - еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган немесе оның аумақтық бөлiмшелерi жүзеге асыратын жұмыс берушiнiң немесе қызметкердiң Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасын орындауын тексеру;";

      2) мынадай мазмұндағы 102-1-баппен толықтырылсын:

      "102-1-бап. Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасын
                  сақтау жөнiндегi тексеру, олардың түрлерi мен
                  нысандары

      1. Тексерулер жоспарлы және жоспардан тыс болып бөлiнедi.
      Жоспарлы - алдыңғы тексерулерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген уақыт аралықтары ескерiлiп жүргiзiлетiн мемлекеттiк орган жоспарлаған тексеру.
      2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жоспарлы тексеру бiр жеке немесе заңды тұлғаға қатысты жылына бiр реттен аспайтындай, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiсiне қатысты үш жылда бiр реттен жиi болмайтындай етiп жүргiзiлуi мүмкiн.
      3. Жоспардан тыс тексерулердi еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган немесе оның аумақтық бөлiмшесi жеке немесе заңды тұлғалар, мемлекеттiк органдар жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының мiндеттi талаптарын бұзғаны туралы өтiнiштер жасаған, сондай-ақ осындай бұзушылық белгiлерiнiң болуы туралы куәландыратын құжаттармен және өзге де дәлелдемелермен расталатын өзге ақпарат алынған жағдайда жүргiзедi.
      Анонимдi өтiнiштер жоспардан тыс тексеру жүргiзуге негiз бола алмайды.
      4. Тексеру ұзақтығы күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс. Арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргiзу қажет болған ерекше жағдайларда, сондай-ақ тексеру көлемi ауқымды болған кезде мемлекеттiк бақылау органының басшысы (не оны ауыстыратын адам) тексеру жүргiзу мерзiмiн құрылымдық бөлiмшесi жоқ заңды тұлғалар үшiн күнтiзбелiк жиырма күнге дейiн, ал құрылымдық бөлiмшесi бар заңды тұлғалар үшiн күнтiзбелiк отыз күнге дейiн ұзартуы мүмкiн.".

      32. "Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы" 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., N 7, 165-құжат; 2004 ж., N 11-12, 62-құжат; N 23, 142-құжат):

      24-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк бақылау:
      жылына бiр реттен жиi болмайтын жоспарлы тексеру;
      Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша, сондай-ақ бұрын анықталған бұзушылықтарды жою нысанасындағы жоспардан тыс тексеру түрiнде жүзеге асырылады.
      Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк бақылау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қарсы, рейдтiк тексерулер түрiнде де жүзеге асырылады.".

      33. "Сақтандыру қызметi туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., N 22, 406-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; N 12, 85-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; 2005 ж., N 14, 55, 58-құжаттар):

      1) 43-баптың 14) тармақшасындағы "инспекциялау (тексеру)" деген сөздер "тексеру" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 44-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "44-бап. Тексеру";

      1-тармақта:
      "инспекциялауды (тексерудi)" деген сөздер "тексерудi" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен" деген сөздер алып тасталсын;

      3) 73-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы "тарату комиссияларының" деген сөздердiң алдынан "Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен" деген сөздермен толықтырылсын.

      34. "Бәсекелестiк және монополистiк қызметтi шектеу туралы" 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 2, 13-құжат):

      мынадай мазмұндағы 2-1-тараумен толықтырылсын:

"2-1-тарау. Қазақстан Республикасының бәсекелестiк және
монополиялық қызметтi шектеу туралы заңнамасының
сақталуы нысанасына тексеру жүргiзу

      16-1-бап. Қазақстан Республикасының бәсекелестiк және
                монополиялық қызметтi шектеу туралы заңнамасының
                сақталуын тексерулердiң түрлерi мен нысанасы

      1. Монополияға қарсы орган жүргiзетiн тексерулердiң нысанасы нарық субъектiлерiнiң, мемлекеттiк органдардың (бұдан әрi - тексерiлетiн субъектiлер) Қазақстан Республикасының бәсекелестiк және монополиялық қызметтi шектеу туралы заңнамасын сақтауы болып табылады.
      2. Қазақстан Республикасының бәсекелестiк және монополиялық қызметтi шектеу туралы заңнамасының сақталуы нысанасына монополияға қарсы орган жүзеге асыратын тексеру жоспарлы және жоспардан тыс болуы мүмкiн.

      16-2-бап. Жоспарлы тексеру

      1. Жоспарлы тексеру тексерiлетiн субъектiлердiң Қазақстан Республикасының бәсекелестiк және монополиялық қызметтi шектеу туралы заңнамасын сақтауына байланысты мәселелердiң бүкiл кешенiн қамтиды.
      2. Жоспарлы тексеру жылына бiр реттен жиi болмайтындай етiп жүргiзiледi.
      3. Жоспарлы тексеру тексерiлетiн субъектiнiң орналасқан жерi бойынша немесе оның құрылымдық бөлiмшесiнiң орналасқан жерi бойынша жүргiзiлуi мүмкiн.
      4. Монополияға қарсы органның басшысы жыл сайын бекiтетiн жұмыс жоспары жоспарлы тексеру жүргiзуге негiз болып табылады. Жоспарда өздерiне қатысты тексеру жүргiзiлу көзделiп отырған тексерiлетiн субъектiлердiң тiзбесi және тексеру жүргiзiлетiн кезең қамтылуға тиiс.

      16-3-бап. Жоспардан тыс тексеру

      1. Монополияға қарсы органның жоспарында көзделмеген және Қазақстан Республикасының бәсекелестiк және монополиялық қызметті шектеу туралы заңнамасын бұзушылық туралы монополияға қарсы органға келiп түскен не дербес анықталған ақпаратты тексеру немесе анықтау үшiн жүргiзiлетiн тексеру жоспардан тыс тексеру болып табылады.
      2. Жоспардан тыс тексеру жүргiзуге:
      1) жеке және заңды тұлғалардың монополиялық қызметiнiң нәтижесiнде өз құқықтарының бұзылғаны туралы өтiнiштерi;
      2) Қазақстан Республикасының бәсекелестiк және монополиялық қызметтi шектеу туралы заңнамасын бұзушылық туралы басқа мемлекеттiк органдардан келiп түскен материалдар;
      3) монополияға қарсы органның тауар нарықтарын талдау, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламалары және өзге де мәлiметтер негiзiндегi жеке бастамасы;
      4) Қазақстан Республикасының бәсекелестiк және монополиялық қызметтi шектеу туралы заңнамасын бұзушылық мәселелерi бойынша монополияға қарсы органның тексеру жүргiзуiнiң нәтижесi негiз болады.

      16-4-бап. Тексерудi ұйымдастырудың және жүргiзудiң
                ерекшелiктерi

      1. Тексеру жүргiзу үшiн монополияға қарсы орган монополияға қарсы органның басшысы қол қойған, мөрмен куәландырылған және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметтi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын мемлекеттiк органда тiркелген қатаң есептiлiк бланкiсiндегi нұсқаманы қабылдап, тексерудi тағайындау туралы бұйрық шығарады және тексеру жүргiзу бағдарламасын бекiтедi.
      2. Тексеру жүргізу туралы нұсқама екi данада жасалып, олар тiркеу үшiн құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын мемлекеттiк органға берiледi. Тiркеу туралы белгiсi бар бiр данасы iстiң материалдарына қоса тiркеледi.
      3. Нұсқаманың құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметтi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын мемлекеттiк органда тiркелгенi туралы белгiсi бар көшiрмесi, сондай-ақ тексеру бағдарламасы тексеру жүргiзiлетiн күнi тексерiлетiн субъектiнiң басшысына берiледi.
      Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметтi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын мемлекеттiк органда тiркелгенi туралы белгiсi жоқ тексерiлетiн субъектiге берiлген тексеру жүргiзу туралы нұсқаманың көшiрмесi жарамсыз болып табылады.
      Тексерудi тағайындау туралы нұсқамада көрсетiлген лауазымды адам (адамдар) ғана тексеру жүргiзе алады.

      16-5-бап. Тексеру жүргiзудiң бағдарламасы мен мерзiмдерi

      1. Тексеру бағдарламасында:
      1) тексеру жүргiзудiң мерзiмi;
      2) тексеру жүргiзудiң негiзгi мiндеттерi мен мақсаттары, оларды iске асыру рәсiмi;
      3) тексеру барысында анықталуға тиiс мәселелер тiзбесi мен мән-жайлар ауқымы;
      4) тексеру жүргiзудiң кестесi;
      5) тексерiлетiн субъектi қызметiнiң ерекшелiгiне сәйкес өзге де ақпарат қамтылуға тиiс.
      2. Тексеру жүргiзудiң мерзiмi алдағы жұмыстардың көлемi мен алға қойылған мiндеттер ескерiлiп белгiленедi және тексеру жүргiзу туралы нұсқама құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті өз құзыреті шегiнде жүзеге асыратын мемлекеттiк органда тiркелген кезден бастап күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс.
      3. Тексерiлетiн субъектi қызметiнiң ерекшелiгіне және жұмыс көлемiнiң ауқымдылығына байланысты тексерудiң заңда белгiленген мерзiмде аяқталуы мүмкiн болмаған жағдайларда монополияға қарсы органның тексеру жүргiзуге жауапты лауазымды адамы монополияға қарсы органның басшысына атқарылған жұмыстың нәтижелерi және тексеру жүргiзудiң мерзiмiн ұзарту қажеттiгi туралы негiздемелер жазылған қызметтiк жазбаны табыс етедi.
      4. Монополияға қарсы органның басшысы тексеру жүргiзудiң мерзiмiн ұзарту туралы бұйрық шығаруға құқылы. Монополияға қарсы органның басшысы тексеру жүргiзу туралы нұсқамаға және тексеру бағдарламасына тексеру мерзiмiн ұзарту туралы белгiнi енгізедi.
      Тексеру жүргiзу мерзiмiн ұзарту күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс.
      5. Тексеру жүргiзу мерзiмiн ұзарту туралы бұйрықтың көшiрмесi тiркелген күнi тексерiлетiн субъектiнiң басшысына берiледi.
      6. Тексерiлетiн субъектiге тексеру нәтижелерi туралы анықтама тапсырылған күн тексеру мерзiмiнiң аяқталуы болып есептеледi, бiрақ ол тексеру жүргiзу туралы нұсқамада көрсетiлген тексерудi аяқтау мерзiмiнен кешiктiрiлмеуге тиiс.

      16-6-бап. Монополияға қарсы органның тексеру жүргiзу кезiндегi
                құқықтары

      1. Монополияға қарсы органның лауазымды адамының тексеру жүргiзген кезде:
      1) тексерiлетiн субъектiнiң аумағына және үй-жайына кедергiсiз кiруге;
      2) тексеру нысанасына сәйкес тексерiлетiн субъектiнiң автоматтандырылған деректер базасына (ақпараттық жүйесiне) қол жеткiзуге;
      3) тексерiлетiн субъектiнiң басшыларынан, лауазымды адамдарынан және басқа да қызметкерлерiнен тексеруге қатысты қажеттi ақпаратты, құжаттар мен олардың көшiрмелерiн, тексеру барысында туындайтын мәселелер бойынша ауызша және жазбаша түрде түсiнiктемелердi сұратуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылықтарға куә адамдар болған жағдайда олардан ауызша және жазбаша түрде түсiндiрмелер алуға құқылы.
      2. Тексерiлетiн субъектiнiң басшысы және лауазымды адамдары тексеру жүргiзуге жауапты монополияға қарсы органның лауазымды адамының ауызша сауалы бойынша ақпаратты, құжаттарды немесе олардың көшiрмелерiн беруден бас тартқан жағдайда оған тиiсiнше жазбаша сауал табыс етiледi. Жазбаша сауалды тексерiлетiн субъектiнiң басшысына табыс ету мүмкiн болмаған жағдайда ол тексерiлетiн субъектi басшысының атына жеткiзiлгенi туралы хабар берiлетiн тапсырыс хатпен пошта байланысы арқылы жiберiледi.
      3. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ақпаратты басқа мемлекеттiк органға беру жағдайларын қоспағанда, тексеру барысында монополияға қарсы орган алған тексерiлетiн субъектi туралы ақпарат таратуға жатпайды.
      4. Тексерудi жүзеге асыратын монополияға қарсы органның лауазымды адамдарына тексеру нысанасына жатпайтын талаптар қоюға және өтiнiш жасауға тыйым салынады.

      16-7-бап. Тексеру нәтижелерi

      1. Тексеру жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасының бәсекелестiк және монополиялық қызметтi шектеу туралы заңнамасын бұзушылық анықталған жағдайда монополияға қарсы органның лауазымды адамы тексеру аяқталғанға дейiн тексерiлетiн субъектiге қатысты осы Заңға және Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес монополияға қарсы ден қоюдың қажеттi шараларын қолдануға құқылы.
      2. Тексеру нәтижелерi анықтамамен ресiмделедi, онда барлық тексерiлетiн мәселелер бойынша талдау, қорытындылар мен ұсыныстар қамтылуға тиiс және ол екi данада жасалып, бiреуi тексерiлетiн субъектiнiң басшысына берiледi.
      3. Тексеру нәтижелерi тексерiлген деректер мен фактiлердiң негiзiнде анықтамаға жазылады, олар тиiстi құжаттармен расталады. Құжаттармен расталмаған қорытындылардың, ұсыныстардың және деректердiң анықтамаға енгiзiлуiне жол берiлмейдi.
      4. Қазақстан Республикасының бәсекелестiк және монополиялық қызметтi шектеу туралы заңнамасын бұзушылық болмаған жағдайда тексеру нәтижелерi бойынша анықтамаға тиiстi жазба жасалады.
      5. Тексеру нәтижелерi бойынша ескертпелер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда тексерiлетiн субъектiнiң басшысы оларды жазбаша түрде жазып көрсетедi.
      Ескертпелер және (немесе) қарсылықтар тексеру жүргiзудiң нәтижелерi туралы анықтамаға қоса берiледi, ол туралы тиiстi белгi жасалады.
      6. Тексерiлетiн субъектiнiң басшысы тексеру жүргiзудiң нәтижелерi туралы анықтамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда монополияға қарсы органның тексеру жүргiзуге жауапты лауазымды адамы анықтамаға тиiстi жазба енгiзедi.
      7. Монополияға қарсы органның тексеру жүргiзуге жауапты лауазымды адамы анықтаманың екiншi данасын тексеру жүргiзу аяқталғаннан кейiн тексерiлетiн субъектiнiң басшысына тапсырады.
      Анықтаманы тексерiлетiн субъектiнiң басшысына тапсыру мүмкiн болмаған жағдайда анықтама тексерiлетiн субъектi басшысының атына жеткiзiлгенi туралы хабар берiлетiн тапсырыс хатпен пошта байланысы арқылы жiберiледi.

      16-8-бап. Тексерудi жүзеге асыратын монополияға қарсы
                органның лауазымды адамдарының әрекеттерiне
                (әрекетсiздiктерiне) шағым жасаудың тәртiбi

      1. Тексеру жүргiзу кезiнде тексерiлетiн субъектiлердiң құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған жағдайда тексерiлетiн субъект монополияға қарсы органның әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шағым жасауға құқылы.
      2. Монополияға қарсы органның лауазымды адамдарының тексеру жүргiзу кезiндегi заңсыз әрекеттерi (әрекетсiздiктерi) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соқтырады.".

      35. "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 3, 18-құжат; 2004 ж., N 2, 10-құжат; 2005 ж., N 7-8, 19-құжат; N 17-18, 76-құжат):

      мынадай мазмұндағы 22-1-баппен толықтырылсын:

      "22-1-бап. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту
                 туралы заңнамасының сақталуын тексерулер жолымен
                 бақылау, олардың түрлерi мен нысандары

      1. Тексерулер мынадай түрлерге бөлiнедi:
      жоспарлы - алдыңғы тексерулерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген уақыт аралықтары ескерiлiп жүргiзiлетiн мемлекеттiк орган жоспарлаған тексеру;
      жоспардан тыс - қоғамдық тәртiпке, халықтың денсаулығына, қоршаған ортаға, ұлттық қауiпсiздiкке төнген қауiп-қатердi дереу жоюды талап ететiн, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiне дереу ден қоюды талап ететiн қалыптасқан әлеуметтiк-экономикалық жағдайға байланысты тағайындалатын тексеру.
      2. Жоспарлы тексеру бiр жеке немесе заңды тұлғаға қатысты жылына бiр реттен аспайтындай етiп, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiсiне қатысты - шетелдiк жұмыс күшiн тарту рұқсаттарында айтылған шарттарды орындау жөнiндегi тексерудi қоспағанда, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, үш жылда бiр реттен жиi болмайтындай етiп жүргiзiлуi мүмкiн.
      3. Жоспардан тыс тексерулердi орталық атқарушы орган немесе оның аумақтық бөлiмшесi жеке немесе заңды тұлғалар, мемлекеттiк органдар жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасының мiндеттi талаптарын бұзғаны туралы өтiнiштер жасаған, сондай-ақ осындай бұзушылық белгiлерiнiң болуы туралы куәландыратын құжаттармен және өзге де дәлелдемелермен расталатын өзге де ақпарат алынған жағдайда жүргiзедi.
      Анонимдi өтiнiштер жоспардан тыс тексеру жүргiзу үшiн негiз бола алмайды.
      4. Тексеру ұзақтығы күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс. Арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргiзу қажет болған ерекше жағдайларда, сондай-ақ тексеру көлемi ауқымды болуына байланысты мемлекеттiк органның басшысы (не оны ауыстыратын адам) тексеру жүргiзу мерзiмiн құрылымдық бөлiмшесi жоқ заңды тұлғалар үшiн күнтiзбелiк жиырма күнге дейiнгi мерзiмге және құрылымдық бөлiмшесi бар заңды тұлғалар үшiн күнтiзбелiк отыз күнге дейiнгi мерзiмге ұзартуы мүмкiн.".

      36. "Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 13-14, 175-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; 2003 ж., N 23, 168-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):

      1) 11-баптың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "12) туристiк қызмет субъектiлерiне және облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдарына туристiк қызмет субъектiлерiнiң жұмысын ұйымдастыруға байланысты мәселелерде әдiстемелiк және консультациялық көмек көрсетедi;";

      2) мынадай мазмұндағы 28-1-баппен толықтырылсын:

      "28-1-бап. Қазақстан Республикасының туристiк қызмет туралы
                 заңнамасының орындалуын бақылау

      1. Уәкiлеттi орган тексерулер және (немесе) құжаттар сұрату арқылы туризм саласында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының туристiк қызмет саласындағы заңнамасын орындауына бақылауды жүзеге асырады.
      2. Туристiк қызмет субъектiлерiн тексеру жоспарлы (жоспарланған және уәкiлеттi орган бекiткен) және жоспардан тыс (өтiнiштерде жазылған расталған фактiлер бойынша дереу ден қоюды талап ететiн қалыптасқан жағдайға сәйкес тағайындалатын) болып бөлiнедi.
      3. Жоспарлы тексерулер жылына бiр реттен жиi болмайтындай етiп жүргiзiледi.".

      37. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" 2001 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 17-18, 243-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 6, 10-құжат; N 7-8, 19-құжат):

      1) 19-баптың 6) тармақшасындағы "сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асырудың," деген сөздер алып тасталсын;

      2) 31-бапта:
      2-тармақтың 3) тармақшасындағы "азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы уәкiлеттi орталық атқарушы орган" деген сөздер "халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығы саласындағы уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақ алып тасталсын;

      3) мынадай мазмұндағы 31-1-баппен толықтырылсын:

      "31-1-бап. Сәулет-құрылыс бақылауы

      1. Белгiленген тексеру мерзiмi туралы хабарлама тапсырысшыға (меншiк иесiне), авторлық қадағалау тобына және осы құрылыс объектiсi бойынша мердiгерге (бас мердiгерге) тексеру басталғанға дейiн бес күннен кешiктiрiлмей жiберiледi.
      2. Тапсырысшы (меншiк иесi) және мердiгер (бас мердiгер) мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау органы немесе мемлекеттiк құрылыс инспекторы сұратқан осы объект жөнiндегi жобалау және атқару техникалық құжаттамасын, сондай-ақ тиiстi жобалар бойынша сараптама қорытындысын ұсынады.
      3. Мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау органы (мемлекеттiк құрылыс инспекторы) объектiлердi тексеру барысында:
      1) бекiтiлген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларының, жобалар сараптамасының оң қорытындысының, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге тиiстi рұқсаттың болуын;
      2) лицензияланатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң тиiстi түрлерiн жүзеге асыру құқығына лицензияның болуын;
      3) орындалған (орындалатын) құрылыс-монтаж жұмыстарының, қолданылатын құрылыс материалдары (бұйымдары, конструкциялары) мен жабдықтардың бекiтiлген жобалау шешiмдерiне және мемлекеттiк (мемлекетаралық), оның iшiнде тiреу және қоршау конструкцияларының берiктiгін, орнықтылығын, сенiмдiлiгiн және ғимараттарды (құрылыстарды) пайдалану сапасын қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтерге сәйкестiгiн;
      4) мердiгердiң (бас мердiгердiң) құрылыс сапасын өзiндiк өндiрiстiк бақылаудың барлық түрлерi мен нысандарын (кiру, операциялық, қабылдау, зертханалық, геодезиялық және тағы басқа) ұйымдастыруын және жүзеге асыруын;
      5) атқару құжаттамаларының уақтылы және дұрыс ресiмделуiн;
      6) мемлекеттiк қабылдау комиссиялары пайдалануға қабылдайтын объектiлер құрылысы кезiнде тапсырыс берушiлердiң (меншiк иелерiнiң) техникалық қадағалауды ұйымдастыруы мен жүзеге асыруын анықтайды.
      4. Құрылыс сапасына жүргiзiлген тексерудiң нәтижелерi бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген нысандағы анықталған ақаулар жазылған анықтама және объектiлер ведомосы жасалып, олар жұмысы тексерiлген мердiгерге (бас мердiгерге), сондай-ақ тапсырысшыға (меншiк иесiне) берiледi.
      5. Сәулет-құрылыс бақылауының мемлекеттiк органдарының немесе мемлекеттiк құрылыс инспекторларының нұсқамаларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағым жасалуы.
      6. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн тексеру объектiнi пайдалануға берудi, төтенше жағдайлардың туындауын, қылмыстық iс қозғалуын, шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң өзi өтiнiш беруiн, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өтiнiштерiнде жазылған, анонимдi өтiнiштерден басқа, расталған фактiлердi қоспағанда, үш жылда бiр реттен жиi болмайтындай етiп жүзеге асырылады.";

      4) 32-баптың 4-тармағында:
      2) тармақшадағы "жобалау-iздену" деген сөздердiң алдынан "осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетiлгендердi қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      3) тармақшадағы "жеке тұлғалар" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне жататын заңды тұлғалар" деген сөздермен толықтырылсын.

      38. "Темiр жол көлiгi туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 23, 315-құжат; 2003 ж., N 10, 54-құжат; 2004 ж., N 18, 110-құжат; N 23, 142-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 2-1) және 28-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      "2-1) мемлекеттiк көлiктiк бақылау (бұдан әрi - көлiктiк бақылау) - жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының темiр жол көлiгі саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру мақсатында уәкiлеттi орган жүргiзетiн iс-шаралар жиынтығы;";

      "28-1) тексеру - кәсiпкерлiк субъектiлерінің Қазақстан Республикасының темiр жол саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауын анықтау мақсатында жасалатын бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың iс-әрекетi;";

      2) 14-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 26-1) және 26-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "26-1) жеке және заңды тұлғалардың темiр жол көлiгiнiң жұмыс iстеу тәртiбiн айқындайтын нормативтiк құқықтық актiлердi, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын сақтауын мемлекеттiк бақылау және оларды бұзушылықты анықтау мен жолын кесу жөнiндегi шараларды қолдану;
      26-2) көлiк қызметтерiн көрсету саласындағы лицензиялық ережелердiң сақталуын мемлекеттiк бақылау;";

      3) мынадай мазмұндағы 66-1 және 66-2-баптармен толықтырылсын:

      "66-1-бап. Тасымалдаушылардың жолаушылар, багаж және
                 жүк-багаж тасымалдау ережелерiн сақтауын бақылауды
                 жүзеге асыру ережелерi

      Тасымалдаушылардың уәкiлеттi орган белгiлеген жолаушылар, багаж және жүк-багаж тасымалдау ережелерiн сақтауын бақылауды жүзеге асыру ережелерiнде:
      1) жолаушылардың поездарда жол жүру ережелерiн сақтауы;
      2) қол жүгiн және багажды алып жүру тәртiбi мен шарттарын сақтау;
      3) тасымалдаушылардың жүк-багажды алып жүру тәртiбiн сақтауы;
      4) жол жүру құжаттарын (билеттердi) сату, олардың қолданылу мерзiмiн ұзарту және билет кассаларының жұмысын ұйымдастыру тәртiбiн сақтау;
      5) тасымалдаушылардың жолаушылар вагонының белгiленген санатын, оның iшiнде жайлылық деңгейi бойынша санатын сақтауы;
      6) жолаушылар поездары мен вокзалдарда жолаушыларға шұғыл медициналық көмек көрсетудi қоса алғанда, мiндеттi түрде көрсетiлетiн қызметтер тiзбесiн сақтау;
      7) жолаушының жол жүру жағдайының өзгеру, поездарда төсек-орын жабдықтарын беру және басқа қызметтер көрсету тәртiбiн сақтауы;
      8) тасымалдаушылардың багажды, жүк-багажды қабылдау және беру шарттары мен тәртiбiн сақтауы;
      9) тасымалдау құжаттарының белгiленген нысандарының және оларды ресiмдеу тәртiбiнiң сақталуы;
      10) тасымалдаушылардың тасымалдауға рұқсат етiлетiн жануарларды алып жүру тәртiбiн, оларды тасымалдау шарттарын сақтауы;
      11) тасымалдаушылардың жол бойында багажды және жүк-багажды беру тәртiбiн сақтауы;
      12) тасымалдаушылардың багажды және жүк-багажды сақтау, ұстап қалу, беру тәртiбiн сақтауы;
      13) тасымалдаушылардың қауiптi заттарды тасымалдау шарттарын сақтауы;
      14) пайдаланылмаған жол жүру құжаттары үшiн төлемдердi қайтару тәртiбiнiң сақталуы;
      15) кәмелетке толмаған балалардың жол жүру ережелерiн сақтауы;
      16) бақылаушы органның лауазымды адамдарының әкiмшiлiк құқық бұзушылықты анықтауы және олардың жолын кесу;
      17) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де шарттардың сақталуы айқындалады.

      66-2-бап. Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау
                ережелерiн тексерудi жүргiзудiң тәртiбi

      1. Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау ережелерiнiң сақталуы бойынша тасымалдаушыларды тексерудi қызметтiк куәлiктерiн және тексеру жүргiзу үшiн берiлген нұсқаманы көрсете отырып, уәкiлеттi органның лауазымды адамдары жүзеге асырады.
      2. Тексеру аяқталғаннан кейiн тексеру актiсi жасалады, бұзушылық анықталған жағдайда оларды жою туралы нұсқама берiледi.";

      4) мынадай мазмұндағы 10-1-тараумен толықтырылсын:

"10-1-тарау. Темiр жол көлiгi саласындағы көлiктiк бақылауды
жүзеге асыру

      88-1-бап. Көлiктiк бақылауды жүргiзудiң нысанасы мен мақсаты

      1. Көлiктiк бақылау жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының темiр жол көлiгi саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын қызметiне жүргiзiледi.
      2. Көлiктiк бақылауды жүргiзудiң мақсаты Қазақстан Республикасының темiр жол көлiгi саласындағы заңнамасының темiр жол көлiгiн қауiпсiз пайдалану және оның тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарын сақтау болып табылады.
      3. Уәкiлеттi орган орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен өзара iс-қимыл жасасады, бiрлескен бақылау шараларын қабылдайды, өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етедi.
      Мемлекеттiк органдар уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес темiр жол көлiгi саласында қауiпсiздiктiң қамтамасыз етiлуiне көлiктiк бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттердi орындауда жәрдемдесуге мiндеттi.

      88-2-бап. Тексерулердi жүзеге асырудың кезеңдiлiгі мен түрлерi

      1. Тексерудiң түрлерi:
      жоспарлы - алдыңғы тексерулерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген уақыт аралықтары ескерiлiп жүргiзiлетiн, мемлекеттiк орган жоспарлаған тексеру;
      жоспардан тыс - жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзушылық туралы өтiнiштерде және өзге де ақпараттарда жазылған фактiлер бойынша жеке тұлғалардың өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға, қоғамдық тәртiпке, ұлттық қауiпсiздiкке төнген қауiп-қатердi дереу жоюды талап ететiн қалыптасқан әлеуметтiк-экономикалық жағдайға, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық белгiлерiнiң тiкелей анықталуына байланысты, сондай-ақ жоспарлы тексеру нәтижесiнде анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуын бақылау мақсатында тағайындалатын тексеру;
      қарсы - тексеру жүргiзу кезiнде мемлекеттiк органдарда үшiншi тұлғаларға байланысты қосымша ақпарат алу қажеттiгi туындаған жағдайда осы тұлғаларға қатысты жүргiзiлетiн тексеру;
      рейдтiк - көлiк жүрiсi қауiпсiздiгiнiң қамтамасыз етiлуi немесе жеке және заңды тұлғалардың нормативтiк құқықтық актiлер талаптарын сақтауы нысанасында тексеру.
      Тексерудi тағайындау туралы актiнiң негiзiнде тексеру жүргiзiлiп, оның нәтижелерi тексеру жүргiзу туралы актiмен, қажет болғанда анықталған бұзушылықтарды жоюға нұсқама берумен ресiмделедi.
      2. Тексеру жүргiзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, тасымалдаушының және көлiк кәсiпорнының қызметiн тоқтатпауға тиiс.
      Уәкiлеттi орган заңды тұлғаның өзiн тексерудi жүргiзуге қарамастан, заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерiн тексеруге құқылы.

      88-3-бап. Тексеру жүргiзу мерзiмдерi

      1. Тексеру жүргiзу мерзiмi актi тапсырылған кезден бастап күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс.
      2. Құрылымдық бөлiмшесi бар заңды тұлғаны тексерудi жүргiзу кезiнде уәкiлеттi орган тексеру жүргiзу мерзiмiн күнтiзбелiк он күнге дейiн ұзартуы мүмкiн.
      3. Арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргiзу қажет болған ерекше жағдайларда, сондай-ақ тексеру көлемi ауқымды болуына байланысты мемлекеттiк органның басшысы (не оны ауыстыратын адам) тексеру жүргiзу мерзiмiн құрылымдық бөлiмшесi жоқ заңды тұлғалар үшiн күнтiзбелiк жиырма күнге дейiн және құрылымдық бөлiмшесi бар заңды тұлғалар үшiн күнтiзбелiк отыз күнге дейiн ұзартуы мүмкiн.
      4. Тексеру жүргiзу мерзiмiн мемлекеттiк орган тасымалдаушыға уәкiлеттi органның құжаттарды ұсыну туралы талаптарын табыс ету мен тасымалдаушының тексеру жүргiзу кезiнде сұратылған құжаттарды ұсыну кездерi аралығындағы уақыт кезеңiнде, сондай-ақ уәкiлеттi органның сауалы бойынша мәлiметтер мен құжаттар алу кезiнде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметтi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын мемлекеттiк органды хабардар ете отырып, тексеру жүргiзу мерзiмiн тоқтата тұру немесе жаңғырту туралы актi шығару арқылы тоқтата тұрады немесе жаңғыртады.
      5. Темiр жол саласындағы шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жылына бiр реттен жиi болмайтындай етiп тексерiлуге тиiс.

      88-4-бап. Уәкiлеттi органның құқықтары

      Уәкiлеттi орган алға қойылған мiндеттердi iске асыру үшiн:
      1) жеке және заңды тұлғалардан уәкiлеттi органның құзыретiне кiретiн барлық мәселелер бойынша қажеттi ақпараттар, материалдар, анықтамалық деректер сұратуға;
      2) темiр жол көлiгiнде тасымалдау және басқа да қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметiн олардың:
      темiр жол желiсiнiң станциялық және магистралдық жолдар мен темiр жолдағы кiрме жолдарды күтiп-ұстауды;
      жылжымалы құрамды күтiп-ұстауды, пайдалануды және жөндеудi;
      жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдаудың белгiленген ережелерiн, сондай-ақ жүктердi тасымалдау ережелерiн;
      темiр жол көлiгiнде жүру қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған техникалық құралдарды күтiп-ұстауды, пайдалануды және жөндеудi;
      жасанды құрылыстарды, сондай-ақ темір жол өткелдерiн күтіп-ұстауды, пайдалануды және жөндеудi сақтау бөлiгiнде тексеруге;
      3) бiлiктiлiк талаптарының және лицензиялаудың белгiленген нормалары мен ережелерiнiң сақталуын тексеруге;
      4) өз құзыретi шегiнде тексеру нәтижелерi бойынша актi жасауға және көлiктiң жұмыс iстеу тәртiбiн айқындайтын Қазақстан Республикасы заңдарының және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң, стандарттардың және нормалардың талаптарын бұзушылық анықталғанда оларды жою туралы нұсқамалар енгiзуге;
      5) хаттамалар толтыруға, Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзудi жүзеге асыруға;
      6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен және жағдайларда жеке тұлғаны әкiмшiлiк ұстауды, көлiк құралын ұстап-кiдiртудi жүзеге асыруға, жеке тексерудi және жеке тұлғаның өзiмен бiрге алып жүретiн заттарын тексерiп қарауды, көлiк құралдарын тексерiп қарауды жүргiзуге;
      7) өз құзыретi шегiнде заңды тұлғаға тиесiлi аумақты, үй-жайларды, тауарларды, өзге де мүлiктi қарап шығуға, сондай-ақ тиiстi құжаттарды тексеруге;
      8) уәкiлеттi органның құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша сараптамаларға қатысу үшiн тиiстi мамандарды тартуға;
      9) мемлекеттiк органдарға көлiк оқиғаларының, көлiктi пайдалану ережелерiн бұзушылықтың алдын алу жөнiндегi шаралар туралы ұсыныстар енгiзуге;
      10) жүру қауiпсiздiгi мен қоршаған ортаны қорғаудың белгiленген талаптарына жай-күйi сай келмейтiн магистралдық темiр жол желiсiнiң, темiр жолдар мен жылжымалы құрамның объектiлерiн, сондай-ақ жолаушыларды, жүктердi және қауiптi жүктердi тасымалдау кезiнде пайдалануды тоқтата тұруға және тоқтатуға құқылы.

      88-5-бап. Актiлердiң нысандары

      Тексеру жүргiзуге, жүргiзiлген тексеру нәтижелерiн ресiмдеуге арналған актiлердiң, жүру қауiпсiздiгiн бұзушылық жағдайларын есепке алу жөнiндегi қажеттi есеп құжаттарының, анықталған бұзушылықты жоюға нұсқамалардың нысандарын уәкiлеттi орган белгiлейдi.".

      39. "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 2, 16-құжат; 2004 ж., N 20, 116-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 11, 36-құжат):

      1) 4-баптың 3-тармағының 15) тармақшасындағы "жүзеге асыру жатады." деген сөздер "жүзеге асыру;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 16) - 47) тармақшалармен толықтырылсын:
      "16) порттың теңiз әкiмшiлiгi арқылы жүзеге асырылатын теңiзде жүзу қауiпсiздiгiнiң қамтамасыз етiлуiн бақылау;
      17) шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кемелердiң каботажды жүзеге асыруына рұқсаттар беру;
      18) уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң пайдаланудағы, қысқы тоқтап тұрудағы, жөндеудегi теңiз кемелерiн, сондай-ақ жасалып жатқан кемелердi тексерiп қарауды жүргiзуiн бақылау;
      19) порттың теңiз әкiмшiлiгi жүргiзетiн, теңiз кемелерiнiң қатысуымен болған авариялық жағдайларды сыныптауды, тексеру жүргiзудi және есепке алуды бақылау;
      20) кеме экипажын жинақтауға қойылатын талаптардың сақталуын бақылау;
      21) кеменiң атауы (немесе оған атау беруден бас тарту) туралы шешiм қабылдау;
      22) Қазақстан Республикасының кеме құрылысы және кеме жөндеу ұйымдарын техникалық қадағалау мен куәландыруды жүргiзу;
      23) теңiз порттарының, жағалаудағы объектiлердiң, гидротехникалық құрылыстардың, жасанды аралдардың қызметiн бақылау;
      24) Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнiң, бербоут-чартер тiзiлiмiнiң және кеме кiтабының жүргiзiлуiн бақылау;
      25) Қазақстан Республикасының теңiз порттарының арасындағы қатынастардағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңды иелiгiндегi жүк тиеу портынан (пунктiнен) жүк түсiру портына (пунктiне) дейiнгi тасымалдаулар мен сүйретулердi бақылау;
      26) су көлiгiндегi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен өзара iс-қимыл жасасу;
      27) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен теңiз порттарын жобалауға, салуға және қайта жаңартуға келiсiм беру;
      28) кемеде кеме құжаттарының болуын тексеру;
      29) кемелерге кеме құжаттарын және мемлекеттiк борт нөмiрлерiн беру;
      30) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде немесе кеме кiтабында мемлекеттiк тiркеуге жататын кемелердiң командалық құрамындағы адамдарды дипломдауды бақылау, сондай-ақ теңiзшi паспорттарын беру;
      31) шағын көлемдi кемелердi басқару құқығын беретiн куәлiктер беру;
      32) жеке және заңды тұлғалардың су көлiгiнiң жұмыс iстеу тәртiбiн айқындайтын нормативтiк құқықтық актiлердi, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын сақтауын мемлекеттiк бақылау, оларды бұзушылықты анықтау және жолын кесу жөнiндегі шараларды қабылдау;
      33) уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi сауда мақсатында теңiзде жүзуге пайдаланатын кемелердiң мемлекеттiк тiркелуiне мемлекеттiк бақылау;
      34) тасымалдаушы тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасуын мемлекеттiк бақылау;
      35) сыныптау органдарының теңiз кемелерiне техникалық қадағалау жүргiзуiн және оларды сыныптауын мемлекеттiк бақылау;
      36) кемелер iшкi су жолдарында пайдаланатын байланыс саласындағы ережелердiң, нормалар мен стандарттардың орындалуын мемлекеттiк бақылау;
      37) жеке және заңды тұлғалардан уәкiлеттi органның құзыретiне кiретiн барлық мәселелер бойынша қажеттi ақпарат, материалдар, анықтамалық деректер сұрату;
      38) су көлiгiнде тасымалдау және басқа да қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметiн олардың Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауына қатысты тексеру;
      39) лицензиялаудың бiлiктiлiк талаптарының сақталуын тексеру;
      40) тексеру нәтижелерi бойынша өз құзыретi шегiнде актiлер жасау және су көлiгiнiң жұмыс iстеу тәртiбiн айқындайтын Қазақстан Республикасының заңнамасын, стандарттар мен нормаларды бұзушылық анықталғанда оларды жою туралы нұсқамалар енгiзу;
      41) хаттамалар жасау, Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзудi жүзеге асыру;
      42) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен және жағдайларда теңiз және шағын көлемдi кемелердi әкiмшiлiк ұстауды жүзеге асыру, теңiз және шағын көлемдi кемелердi тексерiп қарауды жүргізу;
      43) заңды тұлғаға тиесiлi, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралы немесе тiкелей объектiсi болған, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде не заңды тұлғаға тиесiлi аумақты, үй-жайларды, көлiк құралдарын, тауарларды, өзге мүлiктер мен заттарды тексерiп қарауды жүргiзу кезiнде табылған құжаттарды, тауарларды, өзге де мүлiктер мен заттарды алып қоюды жүзеге асыру;
      44) өз құзыретi шегiнде заңды тұлғаға тиесiлi аумақты, тауарларды, өзге де мүлiктердi қарап шығу, сондай-ақ тиiстi құжаттарды тексеру;
      45) уәкiлеттi органның құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша сараптамаларға қатыстыру үшiн тиiстi мамандарды тарту;
      46) мемлекеттiк органдарға көлiк оқиғаларының, су көлiгiн пайдалану ережелерiн бұзушылықтың алдын алу жөнiндегi шаралар туралы ұсыныстар енгiзу;
      47) кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөнiндегi курстарды ұйымдастыру, оларды аттестаттауды жүзеге асыру жатады.";

      2) 14-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Кеме құжаттары нысандарының тiзбесiн, оларды жүргiзу тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.
      Кемеде мынадай кеме құжаттары:
      1) теңiз кемесiнiң Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығы туралы куәлiк;
      2) кемеге меншiк құқығы туралы куәлiк;
      3) жүзуге жарамдылығы туралы куәлiк;
      4) жолаушы куәлiгi (жолаушы кемелерi үшiн);
      5) өлшем куәлiгi;
      6) жүк маркасы туралы куәлiк;
      7) мұнаймен ластануды болдырмау туралы куәлiк;
      8) ағынды сулармен ластануды болдырмау туралы куәлiк;
      9) қоқыспен ластануды болдырмау туралы куәлiк;
      10) сыныптау куәлiгi;
      11) кеме рөлi;
      12) кеме журналы;
      13) машина журналы (механикалық двигателi бар кемелер үшiн);
      14) санитарлық журнал;
      15) ағынды суларға қатысты операциялар журналы;
      16) қоқысқа қатысты операциялар журналы;
      17) мұнай танкерлерi болып табылмайтын кемелер үшiн мұнай операциялары журналы;
      18) мұнай танкерлерi үшiн мұнай операциялары журналы;
      19) жүзу құқығы туралы кеме санитарлық куәлiгi;
      20) кеме билетi (кемелердiң кейбiр санаттары үшiн);
      21) бербоут-чартер шарттарында жалға алынған шетелдiк теңiз кемесiне Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлiк;
      22) кемеге (жасалып жатқан кемеге) құқықты мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк;
      23) кеменiң Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығы туралы уақытша куәлiк;
      24) кеме тiзiлiмiнiң сауалнамасы;
      25) қысқы тоқтап тұрудағы кемелердi орналастыру жоспары және бекiту тәсiлдерi;
      26) авариялық жағдайды тексеру туралы актi (авариялық жағдайды тексеру кезiнде);
      27) кеменi куәландыру актiлерi;
      28) кеме құрылысы және кеме жөндеу зауыттарын тану туралы куәлiк;
      29) кемелердi және порттық құрылыстарды күзету жөнiндегi халықаралық талаптарға сәйкес кемелердi күзету жөнiндегi құжаттар;
      30) кеме жүргiзушiлерiнiң, кеме электромеханиктерiнiң, кеме радиомамандарының және кеме механиктерiнiң дипломдары;
      31) кеме командасы адамдарының бiлiктiлiк куәлiктерi;
      32) теңiзге батқан мүлiктi көтерiп шығаруға, портта құрылыс, гидротехникалық және өзге де жұмыстарды жүргiзуге рұқсат ету құжатының нысаны болуға тиiс.".

      40. "Атмосфералық ауаны қорғау туралы" 2002 жылғы 11 наурыздағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 5, 54-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):

      1) 22-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Мемлекеттiк бақылауды ұйымдастыру:
      1) атмосфералық ауаға қарқынды әсер ететiн табиғат пайдаланушылар қызметiнiң экологиялық нәтижелiлiгiн бағалау;
      2) тексерiлетiн объектiлер бойынша перспективалық, жылдық, жедел жұмыс жоспарларын әзiрлеу және зертханалық-талдау деректерiн және атмосфералық ауаға әсер ету, шаруашылық қызметi ықпалынан оның өзгеруi туралы өзге де ақпараттар жинау жолымен мемлекеттiк органдардың, табиғат пайдаланушылардың арасындағы өзара тығыз қарым-қатынаста жүзеге асырылатын атмосфералық ауаға терiс әсер етудi азайту мен жою жөнiндегi шаралар кешенiн қамтиды.
      Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органының, оның аумақтық бөлiмшелерiнiң зертханалық-талдау бақылауы қызметтерiнiң деректерi атмосфералық ауаның сапасын айқындау үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оны ластайтын көздерден сынамалар алу жолымен алынуы мүмкін.";

      мынадай мазмұндағы 3 - 6-тармақтармен толықтырылсын:
      "3. Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылау:
      1) мемлекеттiк және ведомстволық статистикалық есептiлiк материалдарын, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органының, оның аумақтық бөлiмшелерiнiң зертханалық-талдау бақылауы қызметiнiң атмосфералық ауаға әсер ету туралы деректерiн, сондай-ақ кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң табиғат қорғау қызметi және тексерулер барысында анықталған бұзушылықтарды жоюы туралы мәлiметтердi талдау;
      2) тексерулердi ұйымдастыру мен жүргiзу жолымен жүзеге асырылады.
      4. Тексерудiң түрлерi:
      жоспарлы - Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы, оның аумақтық бөлiмшелерi жоспарлаған және алдыңғы тексерулерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген уақыт аралықтары ескерiлiп жүргiзiлетiн тексеру;
      жоспардан тыс - жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзушылық туралы өтiнiштерде және өзге де ақпараттарда жазылған фактiлер бойынша жеке тұлғалардың өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға, қоғамдық тәртiпке, ұлттық қауiпсiздiкке төнген қауiп-қатердi дереу жоюды талап ететiн қалыптасқан әлеуметтiк-экономикалық жағдайға, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық белгiлерiнiң тiкелей анықталуына байланысты, сондай-ақ жоспарлы тексеру нәтижесiнде анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуын бақылау мақсатында тағайындалатын тексеру;
      қарсы - тексеру жүргiзу кезiнде үшiншi тұлғаларға байланысты қосымша ақпарат алу қажеттiгi туындаған жағдайда осы тұлғаларға қатысты жүргiзiлетiн тексеру;
      рейдтiк - атмосфералық ауаны қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң жекелеген талаптарын сақтау мәселелерi бойынша бiрмезгiлде бiрнеше субъектiлердi тексеру;
      кешендi - Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы, оның аумақтық бөлiмшелерi қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды қорғау саласындағы бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын басқа да мемлекеттiк органдармен бiрлесiп жүргiзетiн тексеру.
      Тексерулердiң өзге түрлерiн жүргiзуге тыйым салынады.
      5. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы, оның аумақтық бөлiмшелерi шығаратын тексеру тағайындау туралы акт құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметтi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын мемлекеттiк органда мiндеттi түрде тiркеледi.
      6. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органының, оның аумақтық бөлiмшелерiнiң лауазымды адамдары тексеру нәтижелерi бойынша өз құзыретi шегiнде мынадай актiлердi:
      1) Қазақстан Республикасының атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңнамасының сақталуын тексеру актiсiн;
      2) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы;
      3) нұсқаманы;
      4) әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны шығарады.
      Кәсiпкерлiк субъектiнiң басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты жою туралы нұсқаманың орындалғаны туралы ақпаратты нұсқаманы орындау мерзiмi өткеннен кейiн жетi күннен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органына, оның аумақтық бөлiмшелерiне табыс етуге тиiс.";

      2) 24-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы "табиғи" деген сөздiң алдынан "Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес қажеттi лицензиялардың, мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысының бар-жоғын," деген сөздермен толықтырылсын.

      41. "Әдiлет органдары туралы" 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 6, 67-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; N 24, 154-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат):

      1) мынадай мазмұндағы 22-1-баппен толықтырылсын:

      "22-1-бап. Зияткерлiк меншiк құқықтарын қорғау саласындағы
                 тексерулердi ұйымдастыру тәртiбi

      1. Зияткерлiк меншiк құқықтарын қорғау саласында тексерулер жүргiзудi ұйымдастыру осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Тексерулер жүргiзудiң тәртiбi мен мерзiмдерi Қазақстан Республикасының жеке кәсiпкерлiк туралы заңымен реттеледi.
      3. Тексерудiң түрлерi:
      жоспарлы - алдыңғы тексерулерге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген уақыт аралықтары ескерiлiп жүргiзiлетiн әдiлет органдары алдын-ала жоспарлаған тексеру;
      жоспардан тыс - жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзушылық туралы өтiнiштер және өзге де ақпараттар, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық белгiлерiнiң тiкелей анықталуымен байланысты, сондай-ақ жоспарлы тексеру нәтижесiнде анықталған бұзушылықты жою туралы талаптардың орындалуын бақылау мақсатында әдiлет органдары жүргiзетiн тексеру;
      рейдтiк - зияткерлiк меншiк құқықтарын қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң жекелеген талаптарын сақтау мәселелерi бойынша бiрмезгiлде бiрнеше кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiн қамтитын тексеру;
      қарсы - тексерiлетiн субъектiнiң шарттық мiндеттемелерi не өзге де құқықтық қатынастары болған жеке немесе заңды тұлғаға қатысты ұсынылған ақпараттың дұрыстығын қайта тексеру не қосымша ақпарат алу мақсатында әдiлет органдары жоспардан тыс тәртiппен жүргізетiн тексеру.
      Осы Заңда белгiленбеген өзге де тексеру түрлерiн жүргiзуге тыйым салынады.
      4. Тексерулер жүргiзуге:
      1) әдiлет органдарының уәкiлеттi лауазымды адамының құқық бұзушылық жасау фактiсiн тiкелей анықтауы;
      2) құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ басқа да мемлекеттiк органдардан келiп түскен материалдар;
      3) жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалар;
      4) әдiлет органдарының зияткерлiк меншiк құқықтарын қорғау саласындағы жұмыс жоспары негiз болып табылады.
      5. Уәкiлеттi лауазымды адам бұзушылықты тiкелей оны жасау кезiнде анықтаған және дәлелдемелердi бекiту үшiн шұғыл iс-әрекеттер жүргiзу қажет болған жағдайларда тексеру тағайындау туралы акт құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметтi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын мемлекеттiк органға келесi жұмыс күнi iшiнде табыс етiледi.";

      2) 23-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      "9) нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялау саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуы бойынша нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтiндерiн кейiннен жариялауды жүзеге асыратын тұлғалардың қызметiн тексерудi жүзеге асыру.";

      3) мынадай мазмұндағы 24-2-баппен толықтырылсын:

      "24-2-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң ресми мәтiндерiн
                 кейiннен жариялау саласында мемлекеттiк бақылауды
                 жүзеге асырудың түрлерi мен тәртiбi

      1. Нормативтiк құқықтық актiлердiң ресми мәтiндерiн кейiннен жариялау саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды әдiлет органдары нормативтiк құқықтық актiлердiң ресми мәтiндерiн кейiннен жариялауды жүзеге асыратын тұлғалардың қызметiн тексерудi жүргiзу жолымен жүзеге асырады.
      2. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн тексерулердi жүргiзудiң тәртiбi мен мерзiмдерi Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.
      3. Тексерудiң түрлерi:
      жоспарлы - алдыңғы тексерулерге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген уақыт аралықтары ескерiлiп жүргiзiлетiн әдiлет органдары алдын-ала жоспарлаған тексеру;
      жоспардан тыс - нормативтiк құқықтық актiлердiң ресми мәтiндерiн кейiннен жариялау саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық туралы өтiнiштер және өзге де ақпараттар, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық белгiлерiнiң тiкелей анықталуымен байланысты, сондай-ақ жоспарлы тексеру нәтижесiнде анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуын бақылау мақсатында әдiлет органдары жүргiзетiн тексеру.
      4. Тексерiлетiн бiр субъектiге қатысты жоспарлы тексеру жылына бiр реттен аспайтындай етiп жүргiзiлуi тиiс.
      Әдiлет органдарының жоспарлы тексерулер жүргiзу жөнiндегi жұмыс жоспарларын Әдiлет министрi бекiтедi. Жоспарда тексеру жүргiзу көзделiп отырған нормативтiк құқықтық актiлердiң ресми мәтiндерiн кейiннен жариялауды жүзеге асыратын тұлғалардың тiзбесi және тексеру жүргiзудiң кезеңi қамтылуға тиiс.
      5. Нормативтiк құқықтық актiлердiң ресми мәтiндерiн кейiннен жариялау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық анықталған жағдайда әдiлет органдары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғайды.".

      42. "Қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiк туралы" 2002 жылғы 3 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 7-8, 77-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):

      1) мәтiндегi "мен қадағалау" деген сөздер алып тасталып, "бақылау мен қадағалауды" деген сөздер "бақылауды" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 1-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi орган - өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган).";

      3) 4-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарының сақталуын мемлекеттiк бақылауды, сондай-ақ өндiрiстiк қадағалауды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзумен қамтамасыз етiледi.";

      4) 6-бапта:
      тақырыбындағы "өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы" деген сөздер алып тасталсын;

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және iске асыруды қамтамасыз етедi;";

      2) тармақшадағы "қабылдайды" деген сөз "бекiтедi" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) уәкiлеттi органның ведомстволары жанында екi немесе бiрнеше әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде арнайы бақылау функцияларын жүзеге асыратын аумақтық бөлiмшелер құрады.";

      5) 7-бапта:
      бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Уәкiлеттi орган:";

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз етедi;";

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының қызметiн үйлестiредi;";

      2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) меншiк нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан барлық ұйымдардағы қауiптi объектiлерде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
      3) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы, оның iшiнде мамандандырылған мемлекеттiк ғылыми-зерттеу ұйымдарын тарту арқылы салааралық нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi, аталған нормативтiк құқықтық актiлердi бекiтедi немесе келiседi;";

      мынадай мазмұндағы 15) және 16) тармақшалармен толықтырылсын:
      "15) мүдделi орталық атқарушы органдармен бiрлесе отырып, олардың құзыретi шегiнде авариялардың себептерiн тексерудi жүргiзедi;
      16) халықты және ұйымдарды өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң жай-күйi туралы хабарландырудың тәртiбiн белгiлейдi.";

      6) 11-баптың 9), 11), 13) және 15) тармақшаларындағы "мемлекеттiк", "өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы" деген сөздер алып тасталсын;

      7) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-бап. Қауiптi өндiрiстiк объектiлердiң қызметкерлерiн
               өнеркәсiптiк қауiпсiздiк мәселелерi бойынша кәсiби
               даярлау, қайта даярлау, олардың бiлiктiлiгiн арттыру

      1. Қауiптi өндiрiстiк объектiлердiң қызметкерлерiн өнеркәсiптiк қауiпсiздiк мәселелерi бойынша кәсiби даярлау, қайта даярлау, олардың бiлiктiлiгiн арттыру қауiптi өндiрiстiк объектiлерi бар қауiптi өндiрiстiк объектiлердiң иелерiне жүктеледi.
      2. Даярлау, қайта даярлау, бiлiктiлiгiн арттыру бағдарламалары уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiмен келiсiлуге тиiс.
      3. Емтихан комиссиясын:
      жоғары және орта кәсiптiк бiлiмi бар мамандар үшiн - уәкiлеттi органның өкiлi;
      жұмысшы мамандықтары үшiн - уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң өкiлi басқарады.
      4. Жұмысты қауiпсiз орындау ережелерiн оқытудың жыл сайынғы бағдарламасының ұзақтығы қырық сағаттан аз болмауға және оны уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi бекiтуге тиiс.
      5. Қауiптi өндiрiстiк объектiлерде жұмыспен қамтылған барлық адамдардың бiлiмi тексерiлуге тиiс.
      6. Емтихан қабылдау жөнiндегi комиссия бiлiмi тексерiлуден өткен адамдардан құралуға тиiс. Комиссияның құрамын қауiптi объектiнiң иесi айқындайды, ол уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiмен келiсiледi.
      7. Қауiптi өндiрiстiк объектiлердiң қызметкерлерiн оқыту және олардан емтихан қабылдау уәкiлеттi орган аккредиттеген оқу ұйымында жүргiзiлуi мүмкiн.
      8. Комиссия құрамы үш адамнан артық болуы керек.
      9. Емтихан билеттерiн уәкiлеттi орган бекiтедi.
      10. Бiлiмдi тексеру нәтижелерi хаттамамен ресiмделедi. Бiлiмдi тексеру хаттамасы үш жыл бойы сақталады.
      11. Емтихан тапсырған адамдарға емтихан комиссиясының төрағасы қол қойған куәлiк берiледi.
      12. Куәлiк онда көрсетiлген мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қолданылады.
      13. Емтиханды қайтадан тапсыра алмаған адамдар жұмысқа жiберiлмейдi.
      14. Мерзiмi өткен куәлiгі бар адамдар жұмысқа жiберiлгеннен кейiн бiр ай iшiнде емтихан тапсыруға тиiс.
      15. Оқытуды ұйымдастыру жөнiндегi, соның iшiнде емтихан комиссиясы мүшелерiнiң еңбегiне ақы төлеу жөнiндегi барлық шығыстар қауiптi өндiрiстiк объектiнiң иесiне жүктеледi.";

      8) мынадай мазмұндағы 4-1-тараумен толықтырылсын:

"4-1-тарау. Инциденттердiң, авариялардың себептерiн тексеру және
есепке алу

      14-1-бап. Қауiптi өндiрiстiк объектi иесiнiң iс-әрекетi

      1. Қауiптi өндiрiстiк объектiнiң иесi қауiптi өндiрiстiк объектiде қолданылатын техникалық құрылғылар жұмыс iстемей қалған немесе олар зақымданған, технологиялық процесс режимiнен ауытқыған (бұдан әрi - инцидент) кезде:
      үш тәулiк iшiнде уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiн хабардар етедi;
      инциденттi тексерудi жүргiзедi;
      инциденттердi болғызбау жөнiндегi iс-шараларды әзiрлейдi және жүзеге асырады;
      болған инциденттердiң есебiн жүргiзедi.
      2. Авария болған кезде:
      болған авария туралы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiне, жергiлiктi атқарушы органға дереу хабарлайды;
      хабарлама алған орган инстанция бойынша жоғары тұрған органдарды болған авария туралы хабардар етедi;
      аварияның себептерiн тексеру жөнiндегi комиссияға аталған комиссияның өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруы үшiн қажеттi барлық ақпаратты табыс етедi;
      комиссия жұмысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн iс-шараларды жүзеге асырады.

      14-2-бап. Аварияларды тексеру жөнiндегi комиссия

      1. Қауiптілігi декларациялануға тиiс объектiлердегi аварияны уәкiлеттi орган басшысының бұйрығымен тағайындалатын комиссия тексередi.
      2. Қалған аварияларды уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi басшысының бұйрығымен тағайындалатын комиссия тексередi.
      3. Уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң өкiлi аварияларды тексеру жөнiндегi комиссияның төрағасы болып тағайындалады.
      4. Комиссияның құрамына қауiптi өндiрiстiк объектi иесiнiң өкiлi кiредi.

      14-3-бап. Комиссияның құқықтары

      1. Комиссия төрағасы аварияны тексеруге қатысты мәселелер бойынша сараптама тағайындауға құқылы.
      2. Сараптама комиссиясы аварияны тексеру жөнiндегi комиссия төрағасының өкiмiмен тағайындалады. Сараптамалық қорытындыны қажет ететiн мәселелер жазбаша нысанда қойылады. Сараптама комиссиясының барлық мүшелерi қол қойған материалдар аварияны тексеру жөнiндегi комиссияға комиссия төрағасы белгiлеген мерзiмде табыс етiледi.
      3. Тексеру барысында аварияны тексеру жөнiндегi комиссияның болған оқиғаны көрген адамдардан, лауазымды адамдардан және басқа да адамдардан жазбаша және ауызша түсiнiктеме алуға құқығы бар.

      14-4-бап. Тексерудiң мiндеттерi

      Комиссия тексеру барысында аварияның алдында болған мән-жайларды анықтайды, оның себептерiн, техникалық құрылғыларды пайдалану талаптарын, технологиялық процестердi бұзудың сипатын, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi бұзушылықтарды айқындайды, олардың салдарларын жою және мұндай авариялардың алдын алу жөнiндегi iс-шараларды белгiлейдi, материалдық залалды анықтайды.

      14-5-бап. Тексеру материалдары

      Аварияны тексеру материалдарына:
      1) аварияның себептерiн тексеру үшiн комиссия тағайындау (құру) туралы бұйрық;
      2) аварияның себептерiн тексеру актiсi, оған:
      авария болған жердi қарау хаттамасы, жоспарлар, сызбалар, фото-суреттер;
      авария орнының эскизi;
      комиссия төрағасының техникалық сараптама тағайындау туралы өкiмi және аварияны тексеру жөнiндегi комиссия шығарған басқа да өкiмдер;
      сараптама комиссиясының аварияның себептерi туралы қорытындысы, зертханалық және басқа да зерттеулердiң, эксперименттердiң, талдаулардың нәтижелерi қоса берiледi;
      3) авариялық-құтқару қызметi қызметкерлерiнiң (егер олар аварияны жою үшiн шақырылған болса) баянхаттары;
      4) аварияға қатысы бар адамдарды, сондай-ақ өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарын сақтауға жауапты лауазымды адамдардан жауап алу хаттамалары мен олардың түсiнiктемелерi;
      5) қызмет көрсететiн персоналды өнеркәсiптiк қауiпсiздiк бойынша оқыту, олардың бiлiмiн тексеру, нұсқама алуы туралы анықтамалар;
      6) аварияның мән-жайы мен себептерiн сипаттайтын басқа да материалдар кiредi.
      Тексеру материалдарын техникалық ресiмдеу қауiптi өндiрiстiк объектiнiң иесiне жүктеледi, ол аварияны тексеру аяқталғаннан кейiн бес күннен кешiктiрмей:
      1) декларацияланған объектiдегi авария жөнiндегi материалды - уәкiлеттi органға;
      2) қалған авариялар жөнiндегi материалдарды - уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiне жiбередi.
      Комиссияның шешiмi бойынша аварияның себептерiн тексеру материалдары объект орналасқан жердегi сотқа жiберiлуi мүмкiн.

      14-6-бап. Тексеру қорытындылары

      1. Объект иесi аварияның себептерiн тексерудiң нәтижелерi бойынша он күн iшiнде бұйрық шығарады.
      Бұйрықта аварияның мән-жайы мен себептерi туралы комиссияның қорытындылары жариялануға, оның салдарын жою жөнiндегi шаралар, сондай-ақ мұндай авариялардың алдын алу жөнiндегi және кiнәлi адамдарды жауапқа тарту туралы шаралар белгiленуге тиiс.
      2. Объект иесi аварияны тексеру нәтижелерi бойынша ұсынылған iс-шаралардың орындалу мерзiмi туралы жазбаша хабарламаны уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiне табыс етедi.
      3. Егер авария техникалық құрылғылардың конструкциялық кемшiлiктерiнен болса, қауiптi объект иесi оны әзiрлеушiге рекламация, ал уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiне оның көшiрмесiн жiбередi.

      14-7-бап. Аварияларды тексеру жөнiндегi шығыстар

      Аварияны тексеруге байланысты барлық шығыстарды қауiптi өндiрiстiк объектiнiң иесi көтередi.";

      9) 5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

"5-тарау. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк
бақылау";

      10) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-бап. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк
               бақылау

      1. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк бақылауды кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасы өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы заңнамасының талаптарын орындауы мақсатында уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:
      Қазақстан Республикасының Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторы;
      Қазақстан Республикасының Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторының орынбасарлары - уәкiлеттi орган басшысының орынбасарлары;
      Қазақстан Республикасының өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары - уәкiлеттi органның барлық санаттағы мамандары;
      облыстар мен қалалардың өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары - уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары;
      облыстар мен қалалардың өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторларының орынбасарлары - уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi басшыларының орынбасарлары;
      облыстар мен қалалардың өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары - уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң мамандары жатады.
      2. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың:
      1) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлер талаптарының орындалуын тексеру үшiн қажеттi құжаттармен танысуға;
      2) анықталған өнеркәсiптiк қауiпсiздiк жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар беруге;
      3) адамдардың өмiрi мен денсаулығына нақты қауiп төндiретiн бұзушылықтар кезiндегi ерекше жағдайларда, талап арызды сотқа белгiленген мерзiмде мiндеттi түрде табыс ете отырып, үш күннен аспайтын мерзiмге субъектiнiң қызметiне тыйым салуға құқығы бар. Бұл орайда қызметке тыйым салу актiсi сот шешiмi шығарылғанға дейiн қолданылады.".

      43. "Өсiмдiктердi қорғау туралы" 2002 жылғы 3 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 13-14, 140-құжат; 2004 ж., N 17, 98-құжат;
N 23, 142-құжат):

      1) 6-бапта:
      1-тармақтың 21) тармақшасындағы "қатысу енедi." деген сөздер "қатысу;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 23) тармақшамен толықтырылсын:
      "23) фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шаралардың жүргiзiлуiн;
      пестицидтердi (улы химикаттарды) сақтауды, тасымалдауды және қолдануды;
      фитосанитариялық есепке алу мен есептiлiктi жүргiзу және табыс етудi;
      пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу және өндiру сынақтарын жүргiзудi;
      пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыруды және арнаулы сақтау орындарының (көмiндiлердiң) жай-күйiн;
      лицензиялық ережелердiң сақталуын бақылау енедi.";

      2) 7-баптың 1-тармағының үшiншi бөлiгiнде "Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi функцияларды" деген сөздер "Фитосанитариялық бақылауды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 3 және 4-тараулар мынадай редакцияда жазылсын:

"3-тарау. Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi талаптар

      11-бап. Фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық
              iс-шаралар

      Қолайлы фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз ету мақсатында қызметi мемлекеттiк фитосанитариялық бақылау объектiлерiмен байланысты жеке және заңды тұлғалар өз аумақтарында фитосанитариялық мониторингтi жүзеге асыруға және зиян тигiзудiң экономикалық шегiнен көп зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдер анықталған жағдайда фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзуге мiндеттi.

      12-бап. Пестицидтердi сақтау, тасымалдау және қолдану

      1. Пестицидтердi сақтау, тасымалдау және қолдану пестицидтердiң (улы химикаттардың) адам денсаулығына және қоршаған ортаға зиянды әсерiнiң болмауын қамтамасыз ететiн жағдайларда жүзеге асырылуға тиiс.
      2. Пестицидтердi (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдану жағдайларына қойылатын мiндеттi талаптарды мемлекеттiк экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық және көлiктiк бақылау органдарымен келiсiм бойынша уәкiлеттi орган белгiлейдi.

      13-бап. Фитосанитариялық есепке алу және есептiлiк

      1. Қызметi мемлекеттiк фитосанитариялық бақылау объектiлерiмен байланысты жеке және заңды тұлғалар фитосанитариялық есепке алуды жүргiзедi және уәкiлеттi органға фитосанитариялық есептiлiктi табыс етедi.
      2. Фитосанитариялық есептiлiктiң түрлерiн, нысандарын және оларды табыс ету мерзiмдерiн уәкiлеттi орган айқындайды.

      14-бап. Пестицидтердi мемлекеттiк тiркеу

      Пестицидтердi (улы химикаттарды) мемлекеттiк тiркеу уәкiлеттi орган тiркеу және өндiру сынақтарының қорытындылары бойынша мемлекеттiк экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен келiсе отырып белгiлеген тәртiппен жүргiзiледi.
      Мемлекеттiк тiркеуден өткен пестицидтердi (улы химикаттарды) қолдануға рұқсат етiледi және олар уәкiлеттi орган жүргiзетiн тiзiмге енгiзiледi.
      Мемлекеттiк тiркеуден өтпеген пестицидтердi, сондай-ақ тiркеу, өндiрiстiк сынақтар мен ғылыми зерттеулер үшiн әкелiнетiн тәжiрибелiк үлгiлердi қоспағанда, тiркелмеген пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру үшiн бастапқы компоненттердi өндiруге (формуляциялауға), әкелуге, сақтауға, тасымалдауға, өткiзуге және қолдануға тыйым салынады. Тiркеу, өндiру сынақтары мен ғылыми зерттеулер үшiн әкелiнетiн пестицидтердiң (улы химикаттардың) мөлшерiн уәкiлеттi орган айқындайды.

      14-1-бап. Пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыру

      1. Тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтер мен олардың ыдыстары залалсыздандырылуға жатады. Пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыру тәртiбiн уәкiлеттi орган мемлекеттiк экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен келiсе отырып айқындайды.
      2. Пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыру үшiн арнаулы сақтау орындары (көмiндiлер) пайдаланылады.
      3. Арнаулы сақтау орындарын (көмiндiлердi) салуға, сондай-ақ пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыруға рұқсатты мемлекеттiк экологиялық бақылау органы бередi.
      4. Аймақтарда арнаулы сақтау орындарын (көмiндiлердi) орналастырудың орындылығын және олардың санын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары уәкiлеттi органмен және мемлекеттiк экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен келiсе отырып айқындайды.

      14-2-бап. Пестицидтердiң (улы химикаттардың) запасы

      1. Пестицидтердiң (улы химикаттардың) запасы дегенiмiз пестицидтердiң (улы химикаттардың) ұдайы жаңартылып отыратын белгiлi бiр көлемi және ол уәкiлеттi органның қарауындағы (билiгiндегi) мемлекеттiк меншiк болып табылады.
      2. Пестицидтердiң (улы химикаттардың) запасы ерекше қауiптi зиянды организмдердiң тосыннан жаппай таралуын жоюға арналған және қалыптасқан фитосанитариялық ахуалды ескере отырып, фитосанитариялық мониторинг негiзiнде бюджет қаражаты есебiнен сатып алынған пестицидтер (улы химикаттар) көлемiнен қалыптастырылады.
      3. Пестицидтердiң (улы химикаттардың) түрлерi бойынша запастың нормативiн және оларды пайдалану тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.

      14-3-бап. Фитосанитариялық нормативтер

      1. Фитосанитариялық нормативтер фитосанитариялық ахуалды өсiмдiк шаруашылығы өнiмiне, ауыл шаруашылығы мақсатындағы объектiлерге қауiпсiздiгi тұрғысынан сипаттайтын көрсеткiштердiң жол берiлетiн сандық және (немесе) сапалық мәнiн айқындайды.
      2. Фитосанитариялық нормативтер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн зерттеулер негiзiнде белгiленедi.
      3. Фитосанитариялық нормативтер фитосанитариялық iс-шаралар көлемiн объективтi және негiздеп жоспарлауды жүргiзу, сондай-ақ зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң жаппай көбею, таралу және оларды жою мүмкiндiгiн болжау үшiн негiз болып табылады.
      4. Фитосанитариялық нормативтер өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың мемлекеттiк фитосанитариялық бақылауды жүргiзуi үшiн негiз болып табылады.

      14-4-бап. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы ғылыми зерттеулердi
                және өсiмдiктердi қорғау жөнiндегі мамандарды
                даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi
                қызметтi үйлестiру

      1. Уәкiлеттi орган өсiмдiктердi қорғау саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзудi ұйымдастырады, үйлестiредi және бақылайды, фитосанитариялық iс-шараларды жүзеге асырудың тәртiбi мен тәсiлдерiн регламенттейтiн зерттеулер нәтижесiнде әзiрленген әдiстердi, әдiстемелердi, ұсыныстарды бекiтедi.
      2. Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мамандарды даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi оқыту бағдарламалары (оқу бағдарламалары) уәкiлеттi органмен келiсiлуге тиiс.

      14-5-бап. Қызметi мемлекеттiк фитосанитариялық бақылау
                объектiлерiне байланысты жеке және заңды тұлғалардың
                мiндеттерi

      Қызметi мемлекеттiк фитосанитариялық бақылау объектiлерiне байланысты жеке және заңды тұлғалар:
      1) фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзуге және зиянды организмдердiң зиян тигiзудiң экономикалық шегiнен көп дамуы мен таралуына жол бермеуге;
      2) пестицидтердi (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдану ережелерiн сақтауға;
      3) фитосанитариялық есепке алуды жүргiзуге және уәкiлеттi органға есептiлiктi табыс етуге;
      4) пестицидтердiң (улы химикаттардың) тiркеу және өндiру сынақтарын ережелерге сәйкес жүргiзуге;
      5) пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыруға және арнаулы сақтау орындарын (көмiндiлердi) тиiстi жағдайда ұстауға;
      6) қызметтiң лицензияланатын түрлерiне қойылатын талаптарды сақтауға;
      7) Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңнамасына сәйкес өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың ұйғарымдарын орындауға;
      8) өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi инспекторларға олардың Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңнамасын орындауына жәрдемдесуге мiндеттi.

4-тарау. Мемлекеттiк фитосанитариялық бақылау

      15-бап. Мемлекеттiк фитосанитарлық бақылауға жататын
              объектiлер

      Мемлекеттiк фитосанитариялық бақылауға жататын объектiлер:
      1) зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң тiршiлiк ететiн орындары болып табылатын ауыл шаруашылығына арналған объектiлер, автомобиль жолдарының, темiр жолдардың бөлiнген белдеулерi мен күзет аймақтары және өзге де аумақтар, сондай-ақ өсiмдiктен алынатын өнiм;
      2) зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдер;
      3) фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзу үшiн пайдаланылатын арнаулы техника мен пестицидтер (улы химикаттар);
      4) арнаулы сақтау орындары (көмiндiлер) болып табылады.

      16-бап. Мемлекеттiк фитосанитариялық бақылауды жүзеге
              асыратын лауазымды адамдар

      1. Мемлекеттiк фитосанитариялық бақылауды тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары жүзеге асырады.
      2. Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың:
      1) Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңнамасын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын тексеру мақсатында олардың фитосанитариялық бақылау объектiлерiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен кедергiсiз кiруге;
      2) жеке және заңды тұлғаларға анықталған Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар шығаруға;
      3) айрықша жағдайларда үш күннен аспайтын мерзiмде мiндеттi түрде сотқа талап-арыз бере отырып, аталған мерзiмге жеке кәсiпкерлердiң және заңды тұлғалардың қызметiн сот шешiмiнсiз тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға құқығы бар. Бұл ретте, тыйым салу немесе тоқтата тұру туралы акт сот шешiмi шығарылғанға дейiн қолданылады;
      4) Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңнамасы бұзылған жағдайда жеке және заңды тұлғаларды Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк жауапқа тартуға құқығы бар.
      3. Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың iс-әрекеттерiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағым жасауға болады.

      17-бап. Мемлекеттiк фитосанитариялық бақылаудың мiндеттерi

      Мемлекеттiк фитосанитариялық бақылау:
      1) фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шаралардың жүргiзiлуiне;
      2) пестицидтердi сақтауға, тасымалдауға және қолдануға;
      3) фитосанитарлық есепке алу мен есептiлiктiң жүргiзiлуiне және табыс етiлуiне;
      4) пестицидтердiң (улы химикаттардың) тiркеу және өндiру сынақтарының жүргiзiлуiне;
      5) пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыру мен арнаулы сақтау орындарының (көмiндiлердiң) жай-күйiне;
      6) лицензиялық ережелердiң сақталуына бақылаудан тұрады.

      18-бап. Фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық
              iс-шаралардың жүргiзiлуiн бақылау

      1. Фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шаралардың жүргiзiлуiн бақылау зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң тiршiлiк ететiн орындары болып табылатын ауыл шаруашылығына арналған объектiлерде, автомобиль жолдарының, темiр жолдардың бөлiнген белдеулерi мен күзет аймақтарында және өзге де аумақтарда, сондай-ақ өсiмдiктен алынатын өнiмдерде зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң болуын анықтау мақсатында жүзеге асырылады.
      2. Фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шаралардың жүргiзiлуiн бақылау жылына үш реттен аспайтын кезеңдiлiкпен және ұзақтығы екi күннен асырылмай, зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң дамуы мен таралуының оңтайлы мерзiмдерi басталған кезеңде жүргiзiледi.

      19-бап. Пестицидтердi (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау
              және қолдануды бақылау

      Пестицидтердi (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдануды бақылау пестицидтердi (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдану шарттарының технология мен қауiпсiздiктiң мiндеттi талаптарына сәйкестiгi нысанында тексеру жүргiзу кезеңiнде жүзеге асырылады.

      19-1-бап. Фитосанитариялық есепке алу мен есептiлiктiң
                жүргiзiлуiн және табыс етiлуiн бақылау

      1. Фитосанитариялық есептiлiктi табыс етудiң толықтылығы мен уақтылылығы тұрғысында фитосанитариялық есепке алу мен есептiлiктiң жүргiзiлуiн және табыс етiлуiн бақылау ұдайы жүзеге асырылады.
      2. Фитосанитариялық есепке алу мен есептiлiктiң жүргiзiлуiн және табыс етiлуiн бақылау есептiлiктi табыс етудiң белгiленген мерзiмдерiнде үш реттен аспайтын кезеңдiлiкпен және ұзақтығы екi күннен асырылмай жүзеге асырылады.

      19-2-бап. Пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу және өндiру
                сынақтарының жүргiзiлуiн бақылау

      1. Пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу және өндiру сынақтарының жүргiзiлуiн бақылау әдiстемелiк орындылығын айқындау үшiн жүргiзiледi.
      2. Тiркеу және өндiру сынақтарын жүргiзу тәртiбiн мемлекеттiк экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарының келiсiмi бойынша уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      3. Тiркеу және өндiру сынақтарының жүргiзiлуiн бақылау оларды жүргiзу кезеңiнде екi реттен аспайтын кезеңдiлiкпен және ұзақтығы екi күннен асырылмай жүзеге асырылады.

      19-3-бап. Пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыруды
                және арнаулы сақтау орындарының (көмiндiлердiң)
                жай-күйiн бақылау

      1. Пестицидтердi залалсыздандыруды бақылау фитосанитариялық бақылауға жататын объектiлерде тыйым салынған, жарамсыз жағдайға келген пестицидтер мен пестицидтердiң ыдыстарын, сондай-ақ арнаулы сақтау орындарының (көмiндiлердiң) жай-күйiн анықтау үшiн жүзеге асырылады.
      2. Пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыру тәртiбiн, сондай-ақ арнаулы сақтау орындарын (көмiндiлердi) тиiстi жағдайда ұстау шарттарын мемлекеттiк экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарының келiсiмi бойынша уәкiлеттi орган анықтайды.
      3. Пестицидтердi залалсыздандыруды бақылау жылына екi реттен көп емес кезеңдiлiкпен және екi күннен көп емес ұзақтылықпен дала жұмыстары аяқталғаннан соң жүзеге асырылады.

      19-4-бап. Лицензиялық ережелердiң сақталуын бақылау

      1. Лицензиялық ережелердiң сақталуын бақылау лицензияланатын қызметтi жүзеге асыру кезеңiнде, лицензиат пен ол жүзеге асыратын қызметтiң лицензияда көзделген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгі мәнiнде жүргізіледі.
      2. Лицензиялық ережелердiң сақталуын бақылау лицензияланатын қызметтi жүзеге асыру кезеңiнде жылына екi реттен аспайтын кезеңдiлiкпен және ұзақтығы екi күннен асырылмай жүзеге асырылады.

      19-5-бап. Мемлекеттiк фитосанитариялық бақылауды аяқтау нысаны

      1. Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспектор мемлекеттiк фитосанитариялық бақылауды жүзеге асырудың нәтижелерi бойынша тексеру актiсiн жасайды.
      2. Тексеру актiсi үш (Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда - төрт) данада жасалады және оған тексеру жүргiзген тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы қол қояды.
      Актiнiң бiрiншi данасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметтi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын мемлекеттiк органға және оның аумақтық органдарына тапсырылады, екiншi данасы тексерiлген жеке немесе заңды тұлғаға қол қойғызылып, берiледi, үшiншiсi тексерген өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторда қалады, ал төртiншiсi мемлекеттiк инспектордың ұйғарымы орындалмаған жағдайда, сотқа талап-арыз ұсыну үшiн тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторға жолданады.
      Тексерiлген субъектi тексеру актiсiн қабылдаудан бас тартқан жағдайда, акт хабардар етiлетiн тапсырыс хатпен жолданады.
      3. Тексеру актiсi нөмiрленген, тiгiлген және уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң мөрiмен бекiтiлген болуға тиiс арнайы тiркеу журналында тiркеледi.
      4. Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi заңнамасын бұзушылық анықталған жағдайда, өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспектор өз құзыретi шегiнде тексеру нәтижесi бойынша анықталған бұзушылықтардың сипаттамасына байланысты, бұзушылықтарды жою жөнiндегi ұйғарым жасайды, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы қаулы шығарады немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасайды және сотқа талап жолдайды.
      5. Анықталған бұзушылық болмаған жағдайда тексеру актiсiне тиiстi белгi қойылады.".

      44. "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 15, 148-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат):

      1) 14-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Адамдардың өмiрi мен денсаулығына және олардың мемлекеттiк ветеринариялық бақылау объектiлерiне жататын мүлкiн сақтауға бағытталған мемлекеттiк ветеринариялық бақылау тексеру тағайындау туралы актi шығарылмай жүзеге асырылады.";

      2) мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:

      "14-1-бап. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк
                 ветеринариялық бақылауды жүзеге асыру тәртiбi

      1. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының орындалуын тексеру мақсатында мемлекеттiк ветеринариялық бақылау:
      1) базарларда - жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөптi және жемшөптiк қоспаларды сату орындарын қоса алғанда, арнайы жабдықталған сауда орындарында;
      2) жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты өндiру, дайындау (сою), сақтау, өңдеу және өткiзу жөнiндегі ұйымдарда;
      3) мынадай қызмет түрлерiн:
      ветеринариялық емдеу-алдын алуды;
      ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндiру мен өткiзудi;
      ветеринариялық мақсаттарға арналған биологиялық препараттарды, зоогигиеналық құралдар мен зооветеринариялық мақсаттағы атрибуттарды өткiзу;
      базарлардағы ветеринариялық-санитарлық сараптаманы жүзеге асыратын тұлғаларда;
      4) мемлекеттiк монополияға жатқызылған қызметтi жүзеге асыру мақсатында құрылған республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарда;
      5) шекаралық және кедендiк пункттерде (Мемлекеттiк шекара арқылы өткiзу пункттерiнде) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы мемлекеттiк ветеринариялық бақылау бақылайтын жүктердiң орнын ауыстыру кезiнде;
      6) мемлекеттiк ветеринариялық бақылау бақылайтын жүктердi тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсiру кезiнде;
      7) жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкiн көлiк құралдарының барлық түрлерiнде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлерi бойынша;
      8) тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруты өтетiн мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
      9) мемлекеттiк ветеринариялық бақылау бақылайтын жүктердi өсiретiн, сақтайтын, өңдейтiн, өткiзетiн немесе пайдаланатын, сондай-ақ ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндiрiстiк үй-жайларында және қызметiне;
      10) мемлекеттiк ветеринариялық бақылау бақылайтын жүктердi ұстауға, өсiруге, пайдалануға, өндiруге, дайындауға (союға), сақтауға, өңдеу мен өткiзуге байланысты мемлекеттiк ветеринариялық бақылау объектiлерiн орналастыру, салу, қайта жаңғырту және пайдалануға беру кезiнде, сондай-ақ оларды тасымалдау кезiнде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына жүзеге асырылады.
      2. Осы баптың 1-тармағының 1) - 10) тармақшаларында көрсетiлген объектiлердегi мемлекеттiк ветеринариялық бақылау тиiстi аумақтардың мемлекеттiк ветеринариялық инспекторларының мемлекеттiк ветеринариялық бақылау бақылайтын жүктердi ветеринариялық-санитариялық зерттеу жолымен, олардың iлеспе ветеринариялық құжаттарға сәйкестiгiн тексерудi қоса алғанда, тексеруi түрiнде жүзеге асырылады.
      3. Базарларда, жануарларды өсiру, дайындау (сою), сақтау, пайдалану, өңдеу және өткiзу жөнiндегi ұйымдарда, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты шекаралық және кедендiк пункттерде (Мемлекеттiк шекара арқылы өткiзу пункттерiнде) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы мемлекеттiк ветеринариялық бақылауға жататын жүктердiң орнын ауыстыру кезiнде жануарлардың жұқпалы ауруларының белең алуын болғызбау, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының аумағын жануарлардың аса қауiптi және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау жөнiндегi ветеринариялық-санитариялық ережелер мен нормативтер талаптарының орындалуын мемлекеттік ветеринариялық бақылау күн сайын жүзеге асырылады.
      4. Жеке және заңды тұлғалардың қызметiнде Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының сақталуы жөнiндегi тексерудi жүргiзу ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң, ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың ветеринариялық бөлiмшелерi басшыларының шешiмi бойынша жылына кемiнде екi рет жүзеге асырылады.
      5. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының нормаларының сақталуын тексеру нәтижелерi бойынша тексерушi мемлекеттiк ветеринариялық инспектор, тиiстi мемлекеттiк органдардың объектiлерiн мемлекеттiк ветеринариялық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар бөлiмшелерiнiң ветеринариялық инспекторларын қоспағанда, тексеру актiсiн жасайды.
      6. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда мемлекеттiк ветеринариялық инспектор тексеру нәтижелерi бойынша өз құзыретi шегiнде айқындалған бұзушылықтардың сипатына қарай әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы ұйғарым жасайды, әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы шығарады.
      7. Тексеру аяқталғанда қандай да бiр бұзушылықтар айқындалмаған жағдайда, бұл туралы тексеру актiсiнде тиiстi жазба жасалады.
      8. Тексеру актiсiне тексеру барысында алынған құжаттардың қажеттi көшiрмелерi мен басқа да материалдар қоса берiледi.
      9. Тексеру актiсi үш (Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда - төрт) данада жасалады және оған тексеру жүргiзген тиiстi аумақтың мемлекеттік ветеринариялық инспекторы қол қояды.
      Актiнiң бiрiншi данасын тексерушi мемлекеттiк ветеринариялық инспектор құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкiлеттi органға және оның аумақтық органдарына тапсырады, ал екiншi данасы тексерiлген адамға қол қойғызылып, берiледi, үшiншiсi - тексерушi мемлекеттiк ветеринариялық инспекторда қалады, ал төртiншiсi - сотқа талап-арыз беру үшiн тиiстi аумақтың ветеринариялық инспекторына берiледi. Тексерiлген адам актiнi қабылдаудан бас тартқан жағдайда актiнiң тиiстi данасы поштамен жiберiледi.
      10. Тексеру актiсi нөмiрленген, тiгiлген және ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшелерiнiң, ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың ветеринариялық бөлiмшелерiнiң мөрiмен бекiтiлген болуға тиiс арнайы тексеру актiлерiн тiркеу журналында тiркеледi.".

      45. "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 17, 154-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 19-құжат):

      52-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "52-бап. Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы
               заңнамасының сақталуына бақылау жасау

      1. Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңнамасының сақталуына бақылау жасау баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге бағытталған және оны уәкiлеттi мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құзыретi шегiнде жүзеге асырады.
      2. Жеке және заңды тұлғалардың баланың құқықтарын iске асыруға бағытталған қызметi бақылау объектiсi болып табылады.
      3. Бақылау тексерулер (жоспарлы, жоспардан тыс) түрiнде жүзеге асырылады.
      4. Жоспарлы тексерулер уәкiлеттi мемлекеттiк органдар бекiтетiн кестелерге сәйкес жылына бiр рет кезеңдiлiкпен жүзеге асырылады.
      Жоспардан тыс тексерулер баланың қорғалатын құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзу қаупiн дереу жоюды талап ететiн, сондай-ақ азаматтардың өтiнiштерiне дереу назар аударуды талап ететiн жағдайларда жүзеге асырылады.
      Тексерудi жүргiзу мерзiмi бес күннен аспауға тиiс.".

      46. "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 21, 176-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат):

      1) мынадай мазмұндағы 10-1-баппен толықтырылсын:

      "10-1-бап. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң
                 лауазымды адамдарының мемлекеттiк
                 санитарлық-эпидемиологиялық бақылау
                 объектiлерiне тексеру жүргiзуi

      1. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң лауазымды адамдары мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық бақылау объектiсiнде тексерудiң мынадай түрлерiн жүргiзедi:
      1) жоспарлы - мемлекеттiк орган жоспарлаған, алдыңғы тексерулерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген уақыт аралығы ескерiлiп жүргiзiлетiн тексеру;
      2) жоспардан тыс - жеке адамдардың өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға төнген қауiптi дереу жоюды талап ететiн қалыптасқан әлеуметтiк экономикалық жағдайға, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуы туралы жолданымдарда және өзге де ақпараттарда жазылған фактiлер бойынша, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылу белгiлерiнiң тiкелей анықталуына байланысты, сондай-ақ жоспарлы тексеру нәтижесiнде анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуына бақылау жасау мақсатында тағайындалатын тексеру;
      3) рейдтiк - Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелерi бойынша бiрнеше кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiн бiр мезгiлде қамтитын тексеру.
      2. Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық бақылау объектiсiн тексеру жүргiзу мерзiмi, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, актiнi табыс еткен кезден бастап отыз күнтiзбелiк күннен аспауға тиiс.
      3. Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық бақылау объектiсiн тексеруге:
      1) мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органының Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңнамасы нормаларының сақталуын тексеру жөнiндегi жұмыс жоспары;
      2) Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңнамасы талаптарын бұзушылықтарды жою және санитарлық-iндетке қарсы iс-шараларды жүргiзу туралы нұсқамалардың орындалуына бақылау жасау;
      3) объектiнiң халықтың денсаулығына және санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығына қауiп төндiруi және жұқпалы, паразиттiк, кәсiби аурулар мен уланулардың пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкiн қызметiне байланысты авариялық жағдайлар;
      4) халық арасында жұқпалы, паразиттiк, кәсiби аурулар мен уланулардың туындауы және таралуы;
      5) топтық және жаппай жұқпалы, паразиттiк, кәсiби аурулар мен уланулардың, оның iшiнде этиологиясы белгiсiз аурулардың туындауы мен таралуы;
      6) объектiнi пайдалануға, қолайсыз санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға және сапасы төмен өнiмдi анықтауға байланысты өтiнiштер негiздеме болуы мүмкiн.
      4. Осы Заңның  10-бабы  1-тармағының екiншi және үшiншi абзацтарында көрсетiлген санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң лауазымды адамдары мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық бақылау объектiлерiн тексерудi осы баптың 3-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген негiздемелер бойынша жүргiзедi.
      5. Осы Заңның  10-бабы  1-тармағының төртiншi, бесiншi және алтыншы абзацтарында көрсетiлген санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң лауазымды адамдары мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық бақылау объектiлерiн тексерудi осы баптың 3-тармағында көзделген негiздемелер бойынша жүргiзедi.";

      2) 11-бапта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңнамасы нормаларының орындалуын тексеру мақсатында кәсiпкерлiк субъектiлерiн - тоқсанына бiр рет, объектiнiң эпидемиологиялық маңыздылығына қарай - айына бiр рет, сондай-ақ кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылмайтын мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық бақылау объектiлерiн денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген бару жиiлiгiне сәйкес кедергiсiз (қызмет куәлiгiн көрсетiп) тексеруге;";

      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Халықтың денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiретiн iндет, жұқпалы аурулар мен тағамнан улану, сондай-ақ төтенше жағдайлар пайда болған жағдайларда алдын ала хабарландырылмай және тексеру тағайындау туралы актi құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметтi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын мемлекеттiк органда тiркелмей, кейiннен тексеру жүргiзу басталғаннан кейiнгi келесi жұмыс күнiнiң iшiнде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметтi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын мемлекеттiк органға тексеру тағайындау туралы актiнi табыс ете отырып, объектiлерге кезектен тыс тексеру жүргiзiледi.";

      3) 13-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы "тоқтата тұру" деген сөздерден кейiн ", адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiптi деп танылған жағдайда халықтың, сондай-ақ шаруашылық қызметiнде пайдалану мен қолдануға арналған өнiмдердi әкелуге, өндiруге, қолдануға және сатуға тыйым салу, шикiзаттың жаңа түрлерiн, өнiмдердi, технологиялық жабдықты, процестердi, аспаптарды өндiруге, қолдануға және сатуға тыйым салу" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 22-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      "6. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жарамсыздығы сөзсiз тамақ өнiмдерi, азық-түлiк шикiзаты болған жағдайда жүргiзiлмейдi.
      Халықтың денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiретiн iндет, жұқпалы аурулар мен тағамнан улану, сондай-ақ төтенше жағдайлар пайда болған жағдайда алдын ала хабарландырылмай және тексеру тағайындау туралы актi құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметтi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын мемлекеттiк органда тiркелмей, кейiннен тексеру жүргiзу басталғаннан кейiнгi келесi жұмыс күнiнiң iшiнде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметтi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын мемлекеттiк органға тексеру тағайындау туралы актiнi табыс ете отырып, объектiлерге кезектен тыс тексеру жүргiзiледi.".

      47. "Инвестициялар туралы" 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 1-2, 4-құжат; 2005 ж., N 9, 26-құжат):

      1) 1-бапта:
      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "10) инвестициялар жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын, инвестициялық преференциялар беруге арналған келiсiм-шарттар жасасу және олардың орындалуын бақылау жөнiндегi мемлекеттiк орган;";

      мынадай мазмұндағы 12) - 14) тармақшалармен толықтырылсын:
      "12) жұмыс бағдарламасы - инвестициялық жобаны iске асыру жөнiндегi жұмыстардың күнтiзбелiк кестесiн белгiлейтiн келiсiм-шартқа қосымша;
      13) жабдықтар - инвестициялық жобаның технологиялық процесiнде пайдалануға арналған және өз құнын өндiрiлген өнiмнiң (жұмыстардың, қызметтердiң) өзiндiк құнына ауыстыратын, механизмдердi, машиналарды, құрылғыларды, аспаптарды қоса алғанда, әкелiнетiн негiзгі құралдар;
      14) жинақтауыштар - жабдықтың конструкциялық тұтастығын жинақтап құрайтын құрамдас бөлiктер.";

      2) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-бап. Мемлекеттiк органдардың инвесторлар қызметiн
              бақылауды жүзеге асыруы

      1. Инвесторлардың қызметiн бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарымен осындай құқық берiлген мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.
      2. Инвесторлардың қызметiн бақылауды жүзеге асырудың тәртiбi мен мерзiмдерi Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.";

      3) 18-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Мемлекеттiк заттай гранттарды осы Заңда белгiленген тәртiппен уәкiлеттi орган мемлекеттiк мүлiктi және (немесе) жер ресурстарын басқару саласындағы тиiстi мемлекеттiк органдармен, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдармен келiсiм бойынша инвестициялық мiндеттемелер келiсiм-шартқа сәйкес орындалған жағдайда, кейiннен меншiкке не жер пайдалануға өтеусiз бере отырып, уақытша өтеусiз пайдалануға не уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен бередi.";

      4) 21-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Келiсiм-шарттың қолданыс мерзiмi инвестициялық преференциялардың қолданыс мерзiмiмен айқындалады. Жұмыс бағдарламасы бойынша жұмыстарды аяқтау мерзiмi келiсiм-шарттың қолданыс мерзiмi аяқталғанға дейiн кемiнде үш ай бұрын бiтуге тиiс.";

      5) 21-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "21-1-бап. Келiсiм-шарт талаптарының сақталуын бақылау

      1. Келiсiм-шарт талаптарының сақталуын бақылауды уәкiлеттi орган мынадай нысандарда:
      1) камералдық бақылау - уәкiлеттi орган осы баптың 2-тармағына сәйкес ұсынылған есептерді зерделеу және талдау негiзiнде жүзеге асыратын бақылау;
      2) инвестициялық қызмет объектiсiне бара отырып, оның iшiнде, жұмыс бағдарламасын және келiсiм-шарт талаптарын орындау жөнiндегi құжаттарды қарау арқылы жүзеге асырады.
      2. Келiсiм-шарт жасасқаннан кейiн Қазақстан Республикасының келiсiм-шарт жасасқан заңды тұлғасы уәкiлеттi органға:
      1) жұмыс бағдарламасы қолданыста болған кезде статистика жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша:
      жиырма бесiншi маусымнан кешiктiрмей жұмыс бағдарламасын орындау туралы аралық есептi;
      жиырма бесiншi қаңтардан кешiктiрмей жұмыс бағдарламасына сәйкес сатып алынған тiркелген активтердiң таратып көрсетiлген түсiндiрiлiмiмен бiрге жұмыс бағдарламасын орындау туралы жылдық есептi;
      2) тiркелген активтер пайдаланылуға берiлгеннен кейiн бiр айдың iшiнде тiркелген активтердiң пайдаланылуға берiлгенiн растайтын құжатты;
      3) жұмыс бағдарламасы бойынша жұмыстарды аяқтау мерзiмi өткеннен кейiн бiр ай iшiнде аудиторлық есеппен расталған:
      жұмыс бағдарламасын орындау туралы есептi;
      инвестициялық қызметтiң нәтижелерi бойынша кiрiстер мен шығыстар туралы есептi;
      жұмыс бағдарламасына сәйкес сатып алынған тiркелген активтердiң таратып көрсетiлген түсiндiрiлiмiн табыс етедi.
      Аудиторлық есеп жұмыс бағдарламасының бүкiл қолданыс кезеңiндегi қаржы-шаруашылық қызметтiң нәтижелерiн талдауды қамтуға тиiс.
      3. Жұмыс бағдарламасына өзгерiстер тараптардың келiсiмi бойынша жылына бiр рет енгiзiле алады.
      4. Инвестициялық қызмет объектiлерiне бара отырып тексеру уәкiлеттi органның шешiмi негiзiнде жұмыс бағдарламасы бойынша жұмыстар аяқталған мерзiм өткеннен кейiн үш ай iшiнде жүргiзiледi.
      Инвестициялық қызмет объектiсiне бара отырып кезектен тыс тексеру уәкiлеттi органның шешiмi бойынша:
      1) камералдық бақылау нәтижелерi бойынша келiсiм-шарт талаптарының бұзылуы айқындалған жағдайларда;
      2) құқық қорғау органдарының өтiнiшi бойынша жүргiзiледi.
      5. Тексеру нәтижелерi бойынша уәкiлеттi органның өкiлi мен келiсiм-шарт жасасқан заңды тұлғаның басшысы келiсiм-шарттың жұмыс бағдарламасының орындалуының ағымдағы ахуалы актiсiне қол қояды.
      6. Келiсiм-шарттың жұмыс бағдарламасы орындалмаған немесе дұрыс орындалмаған жағдайда уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының келiсiм-шарт жасасқан заңды тұлғасына бұзушылықтарды көрсете отырып, жазбаша түрде хабарлама жiбередi және бұзушылықтарды жою үшiн үш айдан артық емес мерзiмдi белгiлейдi.
      7. Келiсiм-шарттың бұзылуы туралы ақпарат мемлекеттiң экономикалық мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету мақсатында мыналарға:
      1) тиiстi шаралар қабылдау үшiн мемлекет алдындағы салық мiндеттемелерiнiң орындалуына салық бақылауды қамтамасыз ететiн уәкiлеттi мемлекеттiк органға және қажет болған жағдайда өзге де мемлекеттiк органдарға;
      2) оларға сәйкес мемлекеттiк заттай грант берiлген келiсiм-шарттар бойынша - мемлекет алдындағы салық мiндеттемелерiнiң орындалуына салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн уәкiлеттi мемлекеттiк органға, мемлекеттiк мүлiктi және (немесе) жер ресурстарын басқару саласындағы мемлекеттiк органдарға, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдарға жiберiледi.
      8. Қазақстан Республикасының келiсiм-шарт жасасқан заңды тұлғасының келiсiм-шарттың қолданысы барысында:
      1) берiлген мемлекеттiк заттай гранттың, сондай-ақ жұмыс бағдарламасына сәйкес сатып алынған мүлiктiң нысаналы бағытын өзгертуге;
      2) берiлген мемлекеттiк заттай грантты, сондай-ақ жұмыс бағдарламасына сәйкес сатып алынған мүлiктi оқшаулауға құқығы жоқ.".

         48. "Тұқым шаруашылығы туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 3, 16-құжат; 2004 ж. N 23, 142-құжат):

      9-бапта:
      2-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтетiн бiлiктiлiк талаптарына сәйкес жүргiзiлетiн тұқым шаруашылығы субъектiлерiн алғашқы аттестаттауды;
      аттестаттаудың жарамдылығы мерзiмiнiң аяқталуына байланысты тұқым шаруашылығы субъектiлерiн қайта аттестаттауды:
      бiрегей тұқымдарды өндiрушiлер үшiн - бес жылда бiр рет;
      элиталық тұқым өсiру шаруашылықтары үшiн - екi жылда бiр рет;
      тұқым өсiру шаруашылықтары үшiн - үш жылда бiр рет;
      тұқым сапасын сараптау жөнiндегi зертханалар үшiн - үш жылда бiр рет;
      байқаудан өткiзушiлер мен тұқым сарапшылары үшiн - үш жылда бiр рет;
      тұқым шаруашылығы субъектiлерiн бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiк нысанында аттестаттаудан кейiнгi жыл сайынғы тексерудi қамтитын тұқым шаруашылығы субъектiлерiн аттестаттауды;";

      3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектiлерiнiң қызметiн олардың тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi нысанында бақылау;
      4) тұқымды өндiрудi, дайындауды, сақтауды, өткiзудi, тасымалдауды және пайдалануды бақылау;";

      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сорттарын мемлекеттiк сынауды бақылау.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Сорттық және тұқымдық бақылау:
      1) тұқымды өндiру, өңдеу, сақтау, өткiзу және пайдалану жөнiндегi iс-шаралардың жүзеге асырылуын мынадай:
      тұқым себу;
      ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң вегетациясы;
      жинау;
      тұқым құю;
      тұқым сақтау;
      өткiзу (тұқымдардың өткiзуге дайындалған және өткiзiлген партияларын, оның iшiнде экспорт және импорт кезiнде, олардың сапасының растаушы құжаттарға сәйкестiгiне тексеру) кезеңдерiнде тұқым шаруашылығы ережелерi мен нормаларын сақтау нысанында бақылауды қамтиды.
      Белгiленген тәртiппен аттестатталған тұқым өндiрушiлердiң тұқым өндiруiн бақылау, ол мынадай кезеңдердi қамтиды:
      тұқым себуге дайындалған егiстiктердi тексеру - тұқым себудiң алдында жылына бiр рет;
      вегетация кезеңiнде сорттық егiстердi тексеру - жылына үш рет;
      сорттық және гибридтiк егiстердi байқау және егiстiк зерттеудi бақылау - байқау кезеңiнде бiр рет;
      тұқымдарды жинау (жинап алу), тасымалдау, өңдеу (тазарту) және сақтауды, тұқым қоймаларының дайындығын бақылау - бақылаудың әрбiр түрi бойынша жылына екi рет.";
      2) аттестатталған тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханалардың тұқымдардың сорттық және себу сапасына сараптама жүргiзуiн, олардың тұқым шаруашылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер мен стандарттарды сақтауын:
      тұқым сапасын сараптау кезеңiнде жылына екi рет, сондай-ақ бақылау тәртiбiмен тұқым сапасын сараптау жөнiндегi қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде;
      тұқым өндiрушiлерге шағым жасалған, сондай-ақ аттестатталған тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханалар берген тұқымдарды сорттық және себу сапасына зерттеулердiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайдағы бақылауды;
      3) аттестатталған байқаудан өткiзушiлердiң жұмысын байқаудан өткiзу кезеңiнде, сондай-ақ тұқым өндiрушiлердi олардың осы Заңның 14-бабының 2-тармағының нормаларын сақтауы нысанында тексерудi;
      4) тұқым шаруашылығы субъектiлерiнiң тұқым шаруашылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi, стандарттар мен өзге де нормативтiк құжаттарды сақтауын бақылауды қамтиды.".

      49. "Ақпараттандыру туралы" 2003 жылғы 8 мамырдағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 10, 52-құжат; 2004 ж. N 23, 142-құжат):

      20-баптың 2-тармағындағы ", сондай-ақ бұл талаптардың сақталуын бақылау тәртiбiн" деген сөздер алып тасталсын.

      50. "Денсаулық сақтау жүйесi туралы" 2003 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 11, 70-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):

      мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:

      "7-1-бап. Көрсетiлетiн медициналық қызметтiң сапасын
                мемлекеттiк бақылау

      1. Көрсетiлетiн медициналық қызметтiң сапасын мемлекеттiк бақылауды денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдары денсаулық сақтау субъектiлерiнiң сапалы медициналық көмек көрсету саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi сақтауын айқындау мақсатында жүзеге асырады.
      2. Сапалы медициналық көмек көрсету саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:
      1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен халыққа медициналық көмек көрсету жүзеге асырылатын объектiлерге Қазақстан Республикасының медициналық көмек көрсету туралы заңнамасы нормаларының денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетiн белгiленген стандарттарға сәйкес орындалуын тексеру мақсатында кедергiсiз (қызмет куәлiгiн көрсетiп) баруға;
      2) денсаулық сақтау субъектiлерiне Қазақстан Республикасының сапалы медициналық көмек көрсету саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар беруге;
      3) денсаулық сақтау субъектiлерiнен халыққа медициналық көмек көрсету мәселелерi жөнiндегi қажеттi ақпараттарды сұратуға және алуға;
      4) көрсетiлетiн медициналық қызметтiң сапасына бақылау жүргiзу үшiн қажеттi құжаттардың көшiрмелерiн түсiруге;
      5) медициналық қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензия мен аккредиттеу туралы куәлiктi тоқтата тұру және оларды қайтарып алу туралы ұсыныстар беруге;
      6) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және Қазақстан Республикасының сапалы медициналық көмек көрсету саласындағы заңнамасын бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жаза қолдануға құқылы.
      3. Сапалы медициналық көмек көрсету саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар шығарған шешiмдер денсаулық сақтау субъектiлерiнiң орындауына мiндеттi және оларға жоғары тұрған органда немесе сот тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн.".

      51. "Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы" 2003 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 14, 102-құжат):

      6-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы "органға жүктеледi." деген сөздер "органға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) Мемлекеттiк шекарадан өткiзу пункттерiндегi көлiктiк бақылау органдарына жүктеледi.".

      52. "Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы" 2003 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 14, 104-құжат):

      6-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Көлiк құралдары иелерiнiң осы Заңда белгiленген көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу жөнiндегi мiндеттердi орындауын мемлекеттiк бақылауды Мемлекеттiк шекарадан өткiзу пункттерiнде көлiктiк бақылау органдары жүзеге асырады.".

      53. "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 14, 119-құжат; 2004 ж., N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 24-құжат; N 14, 58-құжат):

      108-баптың 2-тармағы алып тасталсын.

      54. "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 15, 132-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 16, 91-құжат; 2005 ж., N 14, 55-құжат):

      1) 9-бапта:
      1-тармақтың 8) тармақшасындағы ", тексеру жүргiзудiң тәртiбiн айқындайды" деген сөздер алып тасталсын;

      2-тармақтың бесiншi абзацындағы "инспекциялау (тексеру)" деген сөздер "тексеру" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) мынадай мазмұндағы 13-1-баппен толықтырылсын:

      "13-1-бап. Қаржылық ұйымдарды және олардың аффилиирленген
                 тұлғаларын, бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi
                 жүзеге асыратын заңды тұлғаларды, бағалы қағаздар
                 эмитенттерiн, банктердiң тарату комиссияларын,
                 сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын,
                 жинақтаушы зейнетақы қорларын тексерудi
                 ұйымдастыру және жүргiзу тәртiбiнiң ерекшелiктерi

      1. Қаржылық ұйымдарды және олардың аффилиирленген тұлғаларын, бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғаларды, бағалы қағаздар эмитенттерiн, банктердiң тарату комиссияларын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, жинақтаушы зейнетақы қорларын (бұдан әрi - ұйымдар) тексерудi уәкiлеттi орган дербес не басқа мемлекеттiк органдар мен ұйымдарды тарту арқылы жүргiзедi.
      2. Ұйымдардың қызметтерiн тексеру мынадай түрлерге бөлiнедi:
      1) кешендi тексеру - уәкiлеттi органның тексеру жоспарларына сәйкес жылына бiр реттен жиi емес;
      2) таңдаулы тексеру - жеке және заңды тұлғалардың өтiнiш жасауына байланысты ұйымдар қызметiнiң жекелеген мәселелерi бойынша, сондай-ақ уәкiлеттi орган бақылау және қадағалау функцияларын орындау шеңберiнде Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын бұзушылықтарды анықтаған жағдайда;
      3) рейдтiк тексеру - бiрнеше ұйымдардың қызметiн олардың Қазақстан Республикасы заңнамасының жекелеген талаптарын сақтауы мәселелерi бойынша бiр мезгiлде қамтитын тексеру.
      3. Уәкiлеттi орган ұйымды алдағы тексеру туралы жазбаша хабардар етедi. Уәкiлеттi органның алдағы тексеру туралы хабарламасында тексерiлетiн ұйым тексеру жүргiзу басталарда тексеру тобына беруге мiндеттi құжаттардың тiзбесi көрсетiледi.
      Хабарламаның екi данасы ұйымға берiледi, оның бiреуi ұйымның хабарламаны алғаны туралы белгi қойылып, уәкiлеттi органға қайтарылады.
      Тексеру алдын ала хабарландырылмай да жүргiзiлуi мүмкiн.
      4. Ұйым тексеру басталғаннан кейiнгi келесi күннен кешiктiрмей тексеру тобы жетекшiсiнiң атына мынадай:
      1) тексеру жүргiзудi қамтамасыз етуге жауапты басшы туралы және оны ауыстыратын адам туралы;
      2) ұйымның қажеттi құжаттарды (мәлiметтердi) әзiрлеуге, оларды уақытында тексеру тобына беруге және тексеру тобынан аралық есептердi алуға жауапты мамандары туралы деректердi қамтитын хатты табыс етедi.
      5. Уәкiлеттi орган қажет болғанда тексеру жүргiзу мерзiмiн ұзартуы мүмкiн, бұл жөнiнде ұйымға жазбаша хабарлама жiберiледi.
      Хабарламаның екi данасы ұйымға берiледi, оның бiреуi хабарламаны алғандығы туралы белгi қойылып уәкiлеттi органға қайтарылады.
      6. Ұйым тексеру тобына уәкiлеттi орган тексеруге берген тапсырмада көрсетiлген мәселелер бойынша жәрдем көрсетуге, сондай-ақ кез келген лауазымды адамдар мен қызметкерлерден жауап алу мүмкiндiгiн және ақпаратты тексеру үшiн қажеттi кез келген көздерге қол жетiмдiлiктi қамтамасыз етуге мiндеттi.
      7. Ұйым тексеру тобына жұмыс жасау үшiн жеке үй-жай және өз әкiмшiлiк ғимараттарына кiруге рұқсат бередi, өз қызметкерлерiнiң тексеру тобы мүшелерiнiң сұрақтарына түсiнiктемелер (ауызша және жазбаша) беруiн, ұйымның қызметiне қатысты ақпараттарға, оның iшiнде автоматтандырылған жүйелер мен деректер базасына қол жеткiзудi қамтамасыз етедi, тексеру тобына қажеттi құжаттардың көшiрмелерiн түсiруге мүмкiндiк бередi, сондай-ақ тексеру тобына тексерудi уақтылы аяқтауға көмек көрсетедi.
      8. Тексеру тобы ұйымға қарау үшiн берiлетiн аралық есептер жасауы мүмкiн.
      Аралық есептерге тексеру тобының орындаушысы мен жетекшiсi қол қояды.
      9. Аралық есептiң мазмұнында ескертулер бар болған жағдайда ұйым аралық есептi алған күннен бастап төрт жұмыс күнi өткенде өздерiнiң жазбаша қарсылықтарын табыс етедi.
      Аралық есептерде жазылған қорытындылар алдын ала болып табылады және ұйымнан алынған келiспеушiлiктер мен қосымша, оның iшiнде үшiншi тұлғалардан алынған ақпарат ескерiлiп, тексеру нәтижелерi туралы жиынтық есепте қайта қаралуы мүмкiн.
      10. Тексеру тобы ұйымнан барлық қажеттi құжатты, оның iшiнде олардың көшiрмелерiн тексеру нәтижелерi туралы аралық және жиынтық есепке қосу үшiн алады.
      Тексеру тобының жетекшiсi ұйымның басшысына көрсетiлген мерзiмдерде орындалуға тиiс жазбаша сауалдар жiбередi.
      11. Тексеру тобының мүшелерi тексеру жүргiзу кезiнде ұйымнан алған құжаттардың сақталуын және олардағы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етедi.
      12. Тексеру аяқталғаннан кейiн отыз күнтiзбелiк күн iшiнде ұйымның бiрiншi басшысының атына тексеру жетекшiсi мен оның тiкелей басшысы қол қойған тексеру нәтижелерi туралы қорытынды есептiң екi данасы жiберiледi.
      13. Басшы (орынбасар) не ұйымды тексерудi жүргiзудi қамтамасыз етуге жауапты басшы тексеру нәтижелерi туралы қорытынды есептiң бiрiншi данасын қабылдап алады, есептiң екiншi данасының әрбiр парағына қол қояды, оның соңғы парағына лауазымын, тегiн, атын, әкесiнiң атын көрсете отырып, алған күнi туралы белгi қояды және тексеру нәтижелерi туралы қорытынды есептi алғаннан кейiнгi келесi күннен кешіктiрмей оны уәкiлеттi органға жiбередi. Тексеру нәтижелерi туралы қорытынды есепте жазылған тексеру нәтижелерiн ұйым ұйымның атқарушы және басқа басқару органдарына мәлiмет үшiн жеткiзедi.
      14. Тексеру нәтижелерi туралы қорытынды есепте жазылған тексеру нәтижелерi бойынша келiспеушiлiктер болған кезде ұйым тексеру нәтижелерi туралы қорытынды есептi алған күннен бастап он күнтiзбелiк күн iшiнде оларды уәкiлеттi органға жазбаша түрде табыс етедi.
      15. Тексеру нәтижелерi туралы қорытынды есепте жазылған ұйымды тексерудiң нәтижелерi уәкiлеттi орган басшысының немесе оның орынбасарының, уәкiлеттi органның бөлiмшесi басшысының немесе оның орынбасарының төрағалық етуiмен өткiзiлетiн мәжiлiсте ұйым басшыларын шақыра отырып қаралуы мүмкiн.
      16. Мәжiлiс нәтижелерi мәжiлiс төрағасы қол қоятын хаттамамен ресiмделедi және қол қойылған күннен бастап бес күнтiзбелiк күн iшiнде ұйым басшысына танысуға жiберiледi. Ұйым келiспеушiлiгi болған жағдайда мәжiлiс хаттамасын алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде оны уәкiлеттi органға жазбаша түрде бередi.
      Уәкiлеттi орган ұйымның хаттамамен қарсылықтарымен келiспеген кезде соңғы шешiмдi уәкiлеттi органның басшысы немесе оның орынбасары қабылдайды.
      17. Тексеру нәтижелерi тек қана уәкiлеттi органның өз функцияларын орындауы мақсатында пайдалануға жатады.
      18. Тексеру нәтижелерi туралы қорытынды есептi ұйым өзiнiң қаржылық дәулеттiлiгiн растау үшiн жарнамалық немесе өзге де мақсатта пайдалана алмайды, сондай-ақ ол үшiншi тұлғаларға, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкiлеттi органның келiсiмiнсiз берiлмейдi.
      19. Ұйым уәкiлеттi органға табыс еткен қаржылық және өзге де есептiлiктiң құжаттық деректерi мен тексеру нәтижелерi туралы қорытынды есепте келтiрiлген мәлiметтерiнде алшақтық болған жағдайда, ұйым уәкiлеттi органның нұсқамасы бойынша өз есептiлiгiн қорытынды есептiң нәтижелерiне, оның iшiнде алдыңғы есеп күндерiне сәйкес келтiредi.
      20. Ұйым жоспарланған шаралары және тексеру кезiнде анықталған бұзушылықтар мен кемшiлiктердi жою жөнiндегi жауапты орындаушылары көрсетiлген iс-шаралар жоспарын уәкiлетті орган белгiлеген мерзiмде келiсуге ұсынады.
      Ұйым iс-шаралар жоспарын уәкiлеттi органмен келiскеннен кейiн бұзушылықтар мен кемшiлiктердi жою туралы есептердi не iс-шаралар жоспары бойынша өзiне алған мiндеттердiң орындалмау себептерi туралы түсiнiктердi табыс етедi.
      21. Ұйым тексерудi белгiленген мерзiмдерде жүргiзуге мүмкiндiк болмауына әкеп соқтырған, құжаттарды, ақпараттарды тексеру топтарының сұрауларында көрсетiлген мерзiмдерде беруден бас тартқан, осы баптың 7 және 10-тармақтарының шарттарын орындамаған жағдайда, тексеру жетекшiсiнiң шешiмi бойынша бұл жөнiнде уәкiлеттi органның басшысы немесе оның орынбасары жазбаша хабардар етiлгеннен кейiн тексеру тоқтатылуы мүмкiн.
      22. Уәкiлеттi органның қызметкерлерiне ұйымның қызметiн тексеру барысында алынған мәлiметтердi жария етуге не үшiншi тұлғаларға беруге тыйым салынады.
      23. Тексерудi жүзеге асыратын тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына ұйым қызметiн тексеру барысында алынған және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi жария еткенi үшiн жауапты болады.".

      55. "Автомобиль көлiгi туралы" 2003 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 15, 134-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 19-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 9-1) және 21-1) тармақшаларымен толықтырылсын:
      "9-1) мемлекеттiк көлiктiк бақылау (бұдан әрi - көлiктiк бақылау) - жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi саласындағы заңнамасы талаптарын сақтауын тексеру мақсатында уәкiлеттi орган жүргiзетiн iс-шаралардың жиынтығы;";

      "21-1) тексеру - шаруашылық субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi саласындағы заңнамасы талаптарын сақтауын айқындау мақсатында жасалатын бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың iс-әрекетi;";

      2) мынадай мазмұндағы 2-1-тараумен толықтырылсын:

"2-1-тарау. Автомобиль көлiгi саласындағы көлiктiк бақылауды
жүзеге асыру

      19-1-бап. Көлiктiк бақылау жүргiзудiң мәнi мен мақсаты

      1. Көлiктiк бақылау жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгі саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын қызметке жүргiзiледi.
      2. Көлiктiк бақылау жүргiзудiң мақсаты Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.
      3. Уәкiлеттi орган орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен өзара iс-қимыл жасайды, бiрлескен бақылау шараларын қабылдайды, өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етедi.

      19-2-бап. Автомобиль көлiгi саласындағы көлiктiк бақылаудың
                түрлерi

      1. Көлiктiк бақылау мына түрлерге бөлiнедi:
      1) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлiк құралдарының өтуiн бақылау;
      2) автомобиль көлiгiндегi шаруашылық субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi саласындағы заңнамасын, Қазақстан Республикасы ратификациялаған, автомобиль көлiгiнiң жұмыс iстеу тәртiбiн айқындайтын халықаралық шарттарды, сондай-ақ автокөлiк қызметтерiн көрсету саласындағы лицензиялық ережелердi сақтауын инспекторлық тексерулер.
      Тексеру түрлерi:
      жоспарлы - уәкiлеттi орган жоспарлаған, алдыңғы тексерулерге қарай Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген уақыт аралығы ескерiлiп жүргiзiлетiн тексеру;
      жоспардан тыс - қоғамдық тәртiпке, халықтың денсаулығына, қоршаған ортаға, ұлттық қауiпсiздiкке төнген қауiптi жедел жоюды талап ететiн, сондай-ақ шағымдарға, өтiнiштер мен арыздарға шұғыл назар аударуды талап ететiн қалыптасқан әлеуметтiк-экономикалық ахуалға байланысты тағайындалатын тексеру;
      қарсы - тексеру жүргiзген кезде мемлекеттiк органдарда көрсетiлген тұлғаларға байланысты қосымша ақпарат алу қажеттiгi туындаған жағдайда үшiншi тұлғаларға қатысты жүргiзiлетiн тексеру;
      рейдтiк - бiрнеше шаруашылық субъектiлерiнiң қызметiн олардың Қазақстан Республикасы заңнамасының жекелеген талаптарын сақтауы мәселелерi бойынша бiр мезгiлде қамтитын тексеру.
      2. Тексеру жүргiзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, тасымалдаушының және көлiк кәсiпорнының қызметiн тоқтатпауға тиiс.
      Уәкiлеттi орган заңды тұлғаның өзiне тексеру жүргiзiлу-жүргiзiлмеуiне қарамастан заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерiн тексеруге құқылы.

      19-3-бап. Көлiктiк бақылау жүргiзудiң мерзiмдерi мен
                кезеңдiлiгi

      1. Тексерулердi жүргiзу мерзiмдерi акт табыс етiлген сәттен бастап отыз жұмыс күнiнен аспауға тиiс.
      2. Құрылымдық бөлiмшесi бар заңды тұлғаға тексеру жүргiзу кезiнде уәкiлеттi мемлекеттiк орган тексеру жүргiзу мерзiмiн он жұмыс күнiне дейiн ұзартуы мүмкiн.
      3. Арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргiзу қажет болған, сондай-ақ тексеру көлемiнiң бiрталай болуына байланысты ерекше жағдайларда мемлекеттiк органның басшысы (немесе оны ауыстыратын адам) тексеру жүргiзу мерзiмiн құрылымдық бөлiмшесi жоқ заңды тұлға үшiн жиырма жұмыс күнiне дейiн және құрылымдық бөлiмшесi бар заңды тұлға үшiн отыз жұмыс күнiне дейiн ұзартуы мүмкiн.
      4. Тексеру жүргiзу мерзiмiн мемлекеттiк орган уәкiлеттi органның құжаттарды табыс ету туралы талаптары тасымалдаушыға табыс етiлген және тасымалдаушы тексеру жүргiзу кезiнде сұратылған құжаттарды табыс еткен кездер арасындағы уақыт кезеңiнде, сондай-ақ уәкiлеттi органның сауал салуы бойынша мәлiметтер мен құжаттарды алу кезiнде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметтi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын мемлекеттiк органды хабардар ете отырып, тексеру жүргiзу мерзiмiн тоқтату немесе жаңғырту туралы акт шығару жолымен тоқтатады және жаңғыртады.
      5. Автомобиль көлiгi саласындағы шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгедей көзделмесе, жылына бiр реттен жиi емес тексеруге жатады.
      6. Автомобиль көлiгiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларды бiрлескен рейдтiк тексерулер тексерулердiң бекiтiлген жоспарына сәйкес айына бiр реттен көп емес жүргiзiледi.

      19-4-бап. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк
                құралдарының жүрiп-тұруын көлiктiк бақылау

      1. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп-тұруын көлiктiк бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткiзу пункттерiнде және Қазақстан Республикасының аумағындағы көлiктiк бақылау посттарында жүзеге асырылады.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткiзу пункттерi мен көлiктiк бақылау посттары күрделi ғимараттармен және құрылыстармен жабдықталуға, деректердi жинау, беру және шоғырландыру үшiн бақылау, байланыс техникалық құралдарымен, қазiргi заманғы телекоммуникациялық және компьютерлiк жабдықтармен жарақталуға тиiс. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткiзу пункттерi мен Қазақстан Республикасының аумағында көлiктiк бақылау посттары қажет болған жағдайда шлагбаумдармен жабдықталады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткiзу пункттерi мен Қазақстан Республикасының аумағындағы көлiктiк бақылау посттарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

      19-5-бап. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк
                құралдарының жүрiп-тұруына көлiктiк бақылау
                жүргiзудiң нысандары

      1. Қазақстан Республикасында халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асыру кезiнде рұқсат беру жүйесiнiң талаптарын орындауды көлiктiк бақылау посттарында мыналарды:
      1) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп-тұруына рұқсат беру құжаттарының болуын;
      2) Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары бойынша бөлiнбейтiн жүктi тасымалдайтын iрi көлемдi және ауыр салмақты автокөлiк құралдарының жүруiне арнайы рұқсаттың болуын;
      3) жол жүру маршрутының халықаралық қатынастары үшiн белгiленгенге сәйкестiгiн;
      4) рұқсат алмай жүрiп-тұру жүйесi әрекет ететiн мемлекеттерде тiркелген автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына кiруiн тiркеу талондарының болуын;
      5) автокөлiк құралдары кiрген кезде өткiзу пункттерiнде берiлетiн бақылаудан өту талондарының болуын тексеру арқылы жүргiзiледi.
      2. Тасымалдаушылардың автокөлiк құралдары жүргiзушiлерiнiң еңбегi мен тынығуы режимiн сақтауын көлiктi бақылау посттарда жүргiзушiнiң еңбегi мен тынығуы режимiнiң бақылау қондырғысының (тахограф) болуын және оны пайдаланылуын тексеру, сондай-ақ экипаждың еңбегi мен тынығуы режимiн бақылаудың тiркеу парақтарын жүргiзу жолымен жүргiзiледi.
      3. Iрi көлемдi және ауыр салмақты көлiк құралдарының жүрiп-тұруын көлiктiк бақылау көлiк құралдарының нақты салмақ және көлем өлшемдерiн тексеру және олардың Қазақстан Республикасының аумағында белгiленген рұқсат етiлген өлшемдерден асуы шамасын айқындау жолымен стационарлық үлгiдегi салмақ өлшеу жабдығын немесе көшпелi ұтқыр таразыны, өлшеу құралы мен көлем рамкаларын қолдана отырып жүргiзiледi.

      19-6-бап. Тексеруге жататын негiзгi құжаттар

      1. Шаруашылық субъектiлерiн тексерудi жүргiзу кезiнде уәкiлеттi органның лауазымды адамдары құрылтай құжаттарымен және мына:
      1) мамандар мен жүргiзушiлердiң кәсiптiк бiлiктiлiгiн растайтын;
      2) белгiленген маршруттар бойынша тұрақты жолаушы тасымалын жүзеге асыру үшiн қажеттi (куәлiктермен, қозғалыс кестелерiмен, маршруттар сызбаларымен, автовокзалдармен және автостанциялармен жасасқан шарттармен, паспорттармен, келiсiм-шарттармен, лицензиялармен);
      3) қауiптi жүктердi тасымалдау (тиiстi уәкiлеттi орган берген нақты қауіпті жүкпен қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензия (рұқсат), қауiптi жүктi тасымалдау маршрутының бланкiсi, авариялық карточкалар, жүргiзушiлер мен мамандарды даярлау туралы куәлiктер, жүргiзушiнi қауiптi жүктердi тасымалдауға жiберу туралы куәлiк, автокөлiк құралының қауiптi жүктi тасымалдауға рұқсаты);
      4) тиiстi автокөлiк құралдарына арналған (белгiленген нысандардағы жол парақтары мен тауар-көлiктiк құжаттармен, билеттiк-есепке алу парақтары және оларды есепке алу журналдарымен) құжаттармен танысады.
      2. Тексеру жүргiзу кезiнде қажеттi құжаттардың болуы және олардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестiгi айқындалады.
      3. Автомобиль көлiгiндегi шаруашылық субъектiлерiн тексерудi жүргiзу кезiнде өз құзыретi шегiнде тексерудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органның лауазымды адамдары:
      1) жылжымалы құрамның, жөндеу және өндiрiстiк базаның, техникалық құралдардың, тиеу-түсiру тетiктерiнiң, бақылау-өлшеу аппаратураларының, жабдықталған  қызметтiк үй-жайдың (меншiктi жөндеу және өндiрiстiк базасы жоқ және басқа кәсiпорындармен тиiстi жұмыс түрлерiн орындауға шарт жасасқан кәсiпорындар бұған жатпайды) болуы мен олардың жай-күйiн, сондай-ақ автомобиль көлiгiндегi шаруашылық субъектiлерiнiң экологиялық талаптар мен жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптардың нормаларын сақтауын;
      2) автокөлiк құралдарының техникалық пайдаланылуының белгiленген талаптарға сәйкестiгiн;
      3) автокөлiк құралдарын рейс алдында техникалық байқауды және жүргiзушiлердi рейс алдында (ауысым алдында) медициналық байқауды жүргiзуге арналған қызметтер мен бiлiктi қызметкерлердiң не мұндай қызметтi жүзеге асыратын тиiстi ұйымдармен шарттардың болуын және олардың сәйкестiгiн;
      4) жолаушыларды және багажды тасымалдауды немесе автовокзалдар (автостанциялар) жүйесiндегi жұмыстарды жүзеге асыру кезiнде автомобиль көлiгiмен жолаушыларды және багажды тасымалдау ережелерi талаптарының орындалуын;
      5) автомобиль көлiгiмен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде белгiленген талаптардың, оның iшiнде автокөлiк құралдарына қойылатын салмақтық және көлемдiк өлшемдерi жөнiндегi талаптардың орындалуын;
      6) Қазақстан Республикасында халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезiнде, жолаушылардың, багаж бен жүктердiң халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асыру кезiнде рұқсат беру жүйесiн қолдану жөнiндегi ережелер талаптарының орындалуын;
      7) жүргiзушiлердiң белгiленген еңбек және тынығу режимiн сақтауы, оның iшiнде жүргiзушiлердiң еңбегi мен тынығуы режимiн тiркеудiң бақылау қондырғыларымен (тахографтармен) жабдықталуға жататын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тасымал түрлерiн жүзеге асыратын автобустарда, жүк, оның iшiнде мамандандырылған (жүктердiң белгiлi бiр түрлерiн тасымалдауға арналған) автомобильдерде тахографтардың болуын;
      8) автокөлiк құралдарымен қауiптi жүктердi тасымалдау ережелерi, олардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүрiп-тұруы талаптарының және қауiптi жүкті тасымалдайтын жүргiзушiлер мен автокөлiк құралдарына қойылатын бiлiктiлiк талаптарының орындалуын;
      9) автокөлiк құралдарын жолаушыларды және тамақ өнiмдерiн, сондай-ақ тасымалдау кезiнде санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының қорытындысы талап етiлетiн жүктердi халықаралық тасымалдауға жiберу туралы аталған мемлекеттiк органдардың қорытындысы болуы жөнiндегi талаптардың орындалуын;
      10) бақылау-өткiзу пункттерiнде қажеттi құжаттама мен аспаптардың болуын;
      11) жүргiзушiлер құрамы үшiн жол-көлiк оқиғалары мен жол жүрiсi ережелерiн бұзу туралы ақпараттың әдiстерi және жеделдiгiн, жүргiзiлген нұсқаманы, жол-көлiк оқиғаларының алдын алу жөнiндегi iс-шаралар жоспарларын тiркеу жөнiндегi журналдардың болуын тексередi.

      19-7-бап. Көлiктiк бақылауды жүзеге асыру кезiндегi
                уәкiлеттi органның құзыретi

      Уәкiлеттi органның лауазымды адамдары мынадай бақылау функцияларын жүзеге асырады:
      1) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының автомобиль көлігi саласындағы заңнамасын, автомобиль көлiгiнiң жұмыс iстеу тәртiбiн айқындайтын Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды сақтауын бақылау, оларды бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу жөнiндегi шараларды қабылдау;
      2) автокөлiк қызметтерiн көрсету саласындағы лицензиялық ережелердiң сақталуын бақылау;
      3) Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық автомобиль тасымалын ұйымдастыру кезiнде рұқсат беру жүйесi талаптарының орындалуын бақылау;
      4) тасымалдаушылардың жолаушылар мен багаж тасымалы ережесiн сақтауын бақылау, автобус салондарында жүк тасымалдауға жол бермеу;
      5) тасымалдаушылардың халықаралық қатынастарда тез бұзылатын жүктердi тасымалдауды орындайтын қозғалмалы құрамға қойылатын талаптарды сақтауын бақылау;
      6) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп-тұруын, оның iшiнде отандық және шетелдiк тасымалдаушылардың Қазақстан Республикасының аумағында белгiленген автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген көлемдiк және салмақтық өлшемдерiн сақтауын бақылау;
      7) Қазақстан Республикасының тасымалдаушылары мен шетел мемлекеттерi тасымалдаушыларының Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңнамасын сақтауын бақылау;
      8) Қазақстан Республикасының тасымалдаушылары мен шетел мемлекеттерi тасымалдаушыларының автокөлiк құралдары жүргiзушiлерiнiң еңбегi мен тынығуы режимiн сақтауын бақылау;
      9) автокөлiк құралдары жабдығының автокөлiк құралында тахографтың болуы және оның ақаусыздығы тұрғысынан халықаралық шарттар талаптарына сәйкестiгiн, сондай-ақ орнатылған жанармай бактарының жасаушы заводтың талаптарына сәйкестiгiн бақылау;
      10) халықаралық және облысаралық қатынастағы жолаушыларды автомобильмен тұрақты тасымалдауға рұқсаттың болуын тексеру, жүру маршруты мен кестесiнiң сақталуын, сондай-ақ жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдау кезiнде жолаушылар тiзiмiнiң болуын бақылау;
      11) шетелдiк тасымалдаушылардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша каботаждық тасымалды жүзеге асыруын айқындау және оның жолын кесу;
      12) шетелдiк көлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына белгiленбеген өткiзу пункттерi арқылы кiруi фактiсiн айқындау;
      13) шетелдiк автокөлiк құралдарының уақытша кiруiн тiркеу және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық автомобиль тасымалы саласындағы рұқсатсыз жүйе қолданылатын мемлекеттерде тiркелген автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына кiруiн тiркеу талондарын беру;
      14) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңына сәйкес лицензиялауға жататын автокөлiк қызметтерiн көрсету саласындағы жекелеген қызмет түрлерiн лицензиялау;
      15) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттiң тасымалдаушыларына Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүрiп-тұруына және Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекет аумағы бойынша жүрiп-тұруына рұқсат беру;
      16) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ауыр салмақты және iрi көлемдi көлiк құралдарының (шетелдiктердi қоса алғанда) жүрiп-тұруына арнайы рұқсат беру;
      17) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткiзу пункттерiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын кесiп өту кезiнде отандық және шетелдiк автокөлiк құралдарының бақылаудан өту талонын беру;
      18) халықаралық қатынаста және Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiн даярлау жөнiндегi курстарды ұйымдастыру;
      19) халықаралық қатынаста және Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарымен қауiптi жүктердi тасымалдауға жүргiзушiнi жiберу туралы куәлiк беру;
      20) транзиттiк әлеуеттi қолдану туралы ақпаратты жинау, автокөлiк құралдары жүрiсiнiң жиiлiгiн есепке алу, белгiленген нысандағы есеп беру құжаттары түрiнде жинақталған ақпаратты берудi ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      21) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен автомобиль көлiктерiнде және автожолдарда қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасау.

      19-8-бап. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша
                жүрiп-тұруға рұқсат ету құжаттарын беру тәртiбi

      1. Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) кiру (шығу), халықаралық қатынастағы жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитi рұқсат беру құжаты - жүруге берiлген рұқсат негiзiнде жүргiзiледi.
      2. Егер шетелдiк автокөлiк құралы тiркелген мемлекетпен Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық автомобиль тасымалдары саласында рұқсатсыз жүйе қолданылса, осы шетелдiк автокөлiк құралының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүрiп-тұруы Қазақстан Республикасының аумағына кiрген кезде көлiктiк бақылау посттарында берiлетiн шетелдiк автокөлiк құралының Қазақстан Республикасының аумағына кiруiн тiркеу талоны негiзiнде жүзеге асырылады.
      3. Үшiншi елдiң аумағындағы шығу пунктiнен Қазақстан Республикасының аумағындағы бару пунктiне дейiн немесе Қазақстан Республикасының аумағындағы шығу пунктiнен үшiншi елдiң аумағындағы бару пунктiне дейiн жолаушыларды және (немесе) жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүрiп-тұруына рұқсат беру құжаты - шетелдiк тасымалдаушылардың үшiншi елден Қазақстан Республикасының аумағына немесе Қазақстан Республикасының аумағынан үшiншi елге тасымалдауды орындауға берiлген рұқсат негiзiнде жол берiледi.
      4. Уәкiлеттi орган шетелдiк мемлекеттердiң құзыреттi органдарымен рұқсат беру құжаттарының бланкiлерiмен тепе-тең айырбас жүргiзуi мүмкін.
      5. Халықаралық қатынаста Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитпен тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдiк тасымалдаушы Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүрiп-тұруға  рұқсат сұраған жағдайда уәкiлеттi орган оған Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген ставкалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп-тұрғаны үшiн алым сомасы төленгеннен кейiн мұндай рұқсатты бередi.
      Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттiк рейстен керi бағытта қайтып бара жатқан шетелдiк жүк автокөлiк құралы Қазақстан Республикасының аумағында жолшыбай тиелген кезде Қазақстан Республикасының аумағынан шығу құқығын куәландыру үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген ставкалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп-тұрғаны үшiн алым сомасы төленгеннен кейiн уәкiлеттi орган беретiн жүрiп-тұруға қосымша рұқсаттың болуы қажет.

      19-9-бап. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша шетелдiк
                автокөлiк құралдарының жүрiп-түру тәртiбi

      1. Қазақстан Республикасы мен шетелдiк мемлекеттер арасындағы жүктердiң, жолаушылардың және багаждың халықаралық автомобиль тасымалы халықаралық автомобиль өткiзу пункттерi арқылы жүзеге асырылуға тиiс.
      Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру үшiн қажеттi рұқсат беру және басқа да құжаттар автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiнде болуға және уәкiлеттi мемлекеттiк органның лауазымды адамдарының талабы бойынша көрсетiлуге тиiс.
      2. Шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан екi пункт арасында жолаушылар мен жүктердi тасуына жол берiлмейдi.
      Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жолаушыларды транзиттiк тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдiк автокөлiк құралдарына Қазақстан Республикасының аумағында жолаушыларды отырғызуды және (немесе) түсiрудi жүргiзуге тыйым салынады.
      Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушылар өз мемлекетiнiң тiркеу және айыру белгiлерi бар автокөлiк құралдарын пайдалануы тиiс.
      Бұл ретте тiркемелерде немесе жартылай тiркемелерде басқа мемлекеттiк тiркеу және айырма белгiсi болуы мүмкiн.

      19-10-бап. Отандық автокөлiк құралдарының Қазақстан
                 Республикасының аумағынан шығу және оларға
                 шетелдiк рұқсаттарды беру тәртiбi

      1. Отандық автокөлiк құралдары рұқсат беру бланкiлерiмен алмасу жүргiзiлген шетелдiк мемлекеттерге барған жағдайда тасымалдаушы бұрын берiлген өтiнiмдер негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген ставкалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп-тұрғаны үшiн алым сомасы төленгеннен кейiн уәкiлеттi орган беретiн тиiстi шетелдiк рұқсат беру құжаттарын ала алады.
      Әрбiр автокөлiк құралына жеке рұқсат беру құжаты берiледi.
      2. Пайдаланылған шетелдiк рұқсат беру құжаттары бұрын оларды берген органға қайтарылуға жатады.
      3. Тасымалдаушының оған берiлген шетелдiк рұқсат беру құжаттарын басқа тасымалдаушыға беруiне жол берiлмейдi.
      Егер бөлiнген шетелдiк рұқсат беру құжаттарының саны тасымалдаушылар берген өтiнiмдердiң жалпы санынан аз болған жағдайда шетелдiк рұқсат беру құжаттарының бланкiлерiн тасымалдаушылар арасында бөлу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
      Отандық тасымалдаушыларға мәлiмденгеннен тыс шетелдiк рұқсат беру құжаттарын беру басқа отандық тасымалдаушылар өздерi мәлiмдеген шетелдiк рұқсат беру құжаттарының осы түрiнен бас тартқан жағдайда жүргізілуі мүмкiн.
      Отандық тасымалдаушылардың жолаушыларды және багажды тұрақты халықаралық тасымалдауына рұқсат беру құжаттарын беру Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      19-11-бап. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша отандық
                 және шетелдiк iрi көлемдi және (немесе) ауыр
                 салмақты автокөлiк құралдарының жүрiп-тұруына
                 арналған арнайы рұқсаттарды беру тәртiбi

      1. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша отандық және шетелдiк iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарының жүрiп-тұруына рұқсат беру құжатының - ауыр салмақты және (немесе) iрi көлемдi автокөлiк құралдарының жүрiп-тұруына берiлген арнайы рұқсаттың (бұдан әрi - арнайы рұқсат) негiзiнде жүзеге асырылады.
      2. Арнайы рұқсатты уәкiлеттi орган жүру маршрутын белгiлегеннен және Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген ставкалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп-тұрғаны үшiн алым сомасы төленгеннен кейiн бередi.
      3. Егер жүгi бар немесе жүксiз автокөлiк құралы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары бойынша жүруге арналған автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген өлшемдерiнен көлемi, салмағы және (немесе) осьтiк жүктемесi бойынша артық болса, арнайы рұқсат осы автокөлiк құралы бөлiнбейтiн, мақсатын өзгертпей, тым көп шығындарсыз немесе олардың бұзылу қаупінсiз екi немесе одан да көп бөлiктерге бөлуге келмейтiн жүктердi тасымалдаған жағдайда ғана берiледi.
      Бөлiнетiн жүгi бар iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүрiп-тұруы айқындалған жағдайда оны тасымалдаушы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары бойынша қозғалуға арналған автокөлiк құралдарының рұқсат етілген өлшемдерiне сәйкес келтiру үшiн автокөлiк құралынан жүктi түсiргенде және маршруттың нақты жүрiп өтiлген бөлiгi үшiн iрi көлемдi және ауыр салмақты көлiк құралының жүрiп-тұрғаны үшiн алым сомасын төленгенде тасымал арнайы рұқсат берiлмей жаңғыртылуы мүмкiн.".

      56. "Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы" 2003 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 24, 179-құжат):

      5-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласындағы мемлекеттiк бақылауды туроператордың және (немесе) турагенттiң туроператордың немесе турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасуын растайтын құжаттарды сұрату жолымен облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) атқарушы орган жүзеге асырады. Туроператордың және (немесе) турагенттiң сұратылған құжаттарды отыз күн iшiнде бермеуi лицензияның қолданысын тоқтата тұруға негiз болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.".

      57. "Дәрiлiк заттар туралы" 2004 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 2, 8-құжат; N 23, 142-құжат):

      1) 14-бапта:
      тақырыбындағы "қызмет түрлерiн" деген сөздер "қызметтi" деген сөзбен ауыстырылсын;

      1-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Лицензиялауға мыналар жатады:";

      2) мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:

      "14-1-бап. Дәрiлiк заттар айналысы саласындағы
                 мемлекеттiк бақылау

      1. Дәрiлiк заттар айналымы саласындағы мемлекеттiк бақылауды дәрiлiк заттар айналымы саласындағы субъектiлердiң Қазақстан Республикасында дәрiлiк заттар айналымын регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi, ережелер мен нормаларды сақтауын белгiлеу мақсатында уәкiлеттi органның лауазымды адамдары жүзеге асырады.
      2. Мемлекеттiк бақылау:
      1) дәрiлiк заттардың қауiпсiздiгiн, тиiмдiлiгiн және сапасын қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ анонимдiк хабарларды қоспағанда, өтiнiштерде жазылған, оның iшiнде халықтың денсаулығы мен ұлттық қауiпсiздiкке қауiптi дереу жоюды талап ететiн расталған фактiлер бойынша тексерулер;
      2) бұзушылықтарды жоюға және уәкiлеттi органның лауазымды адамдары берген нұсқамаларды орындауға бағытталған iс-шараларды жүргiзу жолымен жүзеге асырылады.
      Бақылаушы органның шешiм қабылдауы үшiн қажеттi қосымша ақпарат алу мақсатында үшiншi тұлғаларға қатысты тексеру жүргiзуге рұқсат етiледi.".

      58. "Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы" 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 5, 26-құжат):

      1) 5-баптың 1-тармағы "уәкiлеттi орган" деген сөздерден кейiн "мен оның аумақтық органдары" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) мынадай мазмұндағы 5-1-баппен толықтырылсын:

      "5-1-бап. Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру
                саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру
                тәртiбi

      Өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық органы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру мақсатында:
      1) агенттен өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан сақтанушылардың тиiстi аумақтағы сақтандырылған өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң түрлерi көрсетiлген тiзбесiн сұратады;
      2) өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан сақтанушылар тiзбесiне кiрмеген өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлерге сақтандыру шартының жасалғанын растау қажеттiгi туралы хабарлама жолдайды;
      3) өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушi бiр ай iшiнде өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шартының жасалғанын растамаған жағдайда, осы өндiрушiге тексеру тағайындау туралы нұсқама шығарады;
      4) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасайды және Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк жаза қолданады;";

      3) 10-баптың 2-тармағында:
      бiрiншi бөлiктiң үшiншi абзацы "гидрометеорологиялық" деген сөздiң алдынан "өтiнiш жасалған күннен бастап бiр күндiк мерзiмде сақтанушыға тегiн берiлетiн," деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы үшiншi - бесiншi бөлiктермен толықтырылсын:
      "Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шартын жасасу нысанында жоспарлы тексеру жүргiзу арқылы мемлекеттiк бақылау жылына бiр рет жүзеге асырылады.
      Жоспарлы тексерудi жүргiзу мерзiмi отыз күнтiзбелiк күндi құрайды.
      Тексеру тағайындау туралы актi тексерiлетiн кәсiпкерлiк субъектiсiне берiлген сәт тексеру жүргiзудiң басталуы болып саналады.".

      59. "Сауда қызметiн реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 6, 44-құжат):

      1) 8-баптың 2) тармақшасындағы "қызметiн бақылауды" деген сөздер "қызметiн реттеудi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 33-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "33-бап. Сауда қызметiн жүзеге асыруды бақылау

      1. Қазақстан Республикасының аумағында сауда қызметiнiң жүзеге асырылуын бақылауды республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы сауда қызметi субъектiлерiнiң нормативтiк құқықтық актiлердi, сауда қызметi субъектiлерiне қойылатын талаптарды сақтауын анықтау мақсатында тексерулер, сауда қызметi субъектiлерiнен құжаттар сұрату жолымен жүргiзедi.
      2. Сауда қызметi субъектiлерiн тексерулер жоспарлы (тиiстi мемлекеттiк орган жоспарлаған және бекiткен тексеру) және жоспардан тыс (өтiнiштерде жазылған расталған фактiлерге жедел назар аударуды талап ететiн, қалыптасқан жағдайға сәйкес тағайындалатын тексеру) болып бөлiнедi.
      3. Жоспарлы тексерулер жылына бiр реттен жиi жүргiзiлмейдi.".

      60. "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 14, 81-құжат):

      1) 2-бап мынадай мазмұндағы 33-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "33-1) радиобақылау - радиосәуле таратуларды техникалық бақылауды орындау арқылы бөгеуiлдерiнiң деңгейi жол берiлетiндей радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың пайдаланылуын, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларға инспекция жасауды, радиобөгеуiл көздерiнiң әсерiн, радиожиiлiктердi пайдалану тәртiбiн, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың сәуле тарату өлшемдерiнiң стандарттары мен нормаларын бұзылушылықтарды анықтауды және олардың жолын кесудi қамтамасыз ететiн шаралар жүйесi;";

      2) 8-бапта:
      1-тармақта:
      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "8) өз құзыретi шегiнде байланыс саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi, оның iшiнде радиоэлектрондық құралдарды, жоғары жиiлiктi құрылғыларды тiркеу және пайдалану, сондай-ақ оларды шет елдерден әкелу тәртiбiн, байланыс қызметтерiн көрсету ережесiн және Қазақстан Республикасының бiрыңғай телекоммуникациялар желiсiн, Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерiн құру тұжырымдамаларын әзiрлеу және қабылдау;";

      мынадай мазмұндағы 8-1) және 8-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "8-1) радиобақылауды жүзеге асыру және байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиілік спектрiн пайдалануына және байланыс қызметтерiн көрсететiн лицензиаттардың лицензия талаптарын сақтауына тексеру жүргiзу;
      8-2) радиобақылауды, байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиiлiк спектрiн пайдалануын және байланыс қызметтерiн көрсететiн лицензиаттардың лицензия талаптарын сақтауын тексерудi жүргiзуге қатысты құжаттардың (хаттаманың, нұсқаманың, тексеру тағайындау туралы актiлердiң) нысандарын әзiрлеу және бекiту;";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 9-1), 9-2), 9-3), 9-4) және 9-5) тармақшалармен толықтырылсын:
      "9-1) радиобақылауды жүзеге асыру және байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиiлiк спектрiн пайдалануына және байланыс қызметтерiн көрсететiн лицензиаттардың лицензия талаптарын сақтауына тексеру жүргiзу;
      9-2) лицензиаттардың Қазақстан Республикасының аумағында лицензия талаптарын сақтауын бақылау;
      9-3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес телекоммуникациялар желiлерi мен құрылғылары құрылыстарының және почта байланысының техникалық нормалар мен оларды техникалық пайдалануды ұйымдастыру жөнiндегi талаптарға сәйкестiгiн тексеру;
      9-4) Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жүрген радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды анықтау және олардың жолын кесу;
      9-5) почта желiсi объектiлерiн пайдалануды ұйымдастыру және байланыс қызметiн пайдаланушыларға қызмет көрсету жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын сақтауды қамтамасыз ету;";

      3) мынадай мазмұндағы 5-1-тараумен толықтырылсын:

"5-1-тарау. Қазақстан Республикасының аумағында байланыс
және радиобақылау саласындағы қызметтi жүзеге
асыратын жеке және заңды тұлғаларға тексеру
жүргiзу тәртiбi

      28-1-бап. Байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке
                және заңды тұлғаларды тексерудiң түрлерi

      Байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды тексеру жоспарлы, жоспардан тыс және рейдтiк болып бөлiнедi.
      Жоспарлы - алдыңғы тексерулерге қатысты заңдарда белгіленген уақыт аралығы ескерiлiп жүргiзiлетiн алдын-ала жоспарлаған тексеру;
      Жоспардан тыс - қоғамдық тәртiпке, халықтың денсаулығына және ұлттық қауiпсiздiкке төнген қатердi дереу жоюды талап ететiн, сондай-ақ өтiнiштерге жедел назар аударуды талап ететiн, қалыптасқан әлеуметтiк-экономикалық жағдайға байланысты тағайындалатын тексеру;
      Рейдтiк - бiрнеше жеке және заңды тұлғалардың қызметiн олардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауы мәселелерi бойынша бiр мезгiлде қамтитын тексеру.

      28-2-бап. Байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын
                жеке және заңды тұлғаларға тексерудi
                ұйымдастыру мен жүргiзу тәртiбi

      1. Жоспарлы тексеру уәкiлеттi органның басшысы не оны ауыстыратын адам бекiткен тексеру жүргiзудiң жоспар-кестесiне сәйкес жүргiзiледi.
      2. Уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнде есепте тұрған жеке және заңды тұлғаларға тексеру жүргiзудiң жоспар-кестесiн уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттiк органдардан түскен өтiнiштердi ескере отырып, сондай-ақ лицензиаттардың лицензия талаптарын және Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын бiрнеше рет бұзуын ескере отырып, әр тоқсанға жасайды және уәкiлеттi органның қарауына әрi бекiтуiне жiбередi.
      3. Жоспарлы тексерудiң кезеңдiлiгi жылына бiр реттi (шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi - жеке және заңды тұлғаларға үш жылда бiр реттен жиi емес) құрайды.
      4. Жоспардан тыс және рейдтiк тексерулер байланыс немесе байланыс операторларының қызметiн пайдаланушылардың өтiнiштерi бойынша, сондай-ақ лицензиясыз қызмет, радиожиiлiк спектрiн және радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды рұқсат құжаттарынсыз пайдалану және радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдаланудың техникалық нормаларын бұзушылықтар анықталған жағдайда жүргiзiлуi мүмкiн.

      28-3-бап. Байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын
                жеке және заңды тұлғаларға тексеру жүргiзудi
                ұйымдастыру

      1. Тексеру жүргiзу үшiн тексеру тағайындау туралы актi шығарылады, онда:
      1) бақылау органының атауы, тексеру тағайындау жөнiндегi өкiлеттiгi бар тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты, лауазымы және оның қолы;
      2) бақылау органының журналы бойынша тексеру тағайындау туралы актiнiң күнi және тiркеу нөмiрi;
      3) тексерудi жүзеге асыратын лауазымды адамның тегi, аты, әкесiнiң аты;
      4) жеке және заңды тұлғаның атауы, орналасқан жерi және салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
      5) тексерудiң түрi;
      6) тексерудiң мәселесi;
      7) тексеру жүргiзу мерзiмi;
      8) тексеру тағайындаудың негiздемесi;
      9) егер заңды тұлғаның (филиалдың немесе өкiлеттiктiң) немесе жеке кәсiпкердiң белгiлi бiр уақыт кезеңiндегi құжаттарын зерделеу қажет болған жағдайда тексерiлетiн кезең;
      10) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiне бұрын жүргiзiлген тексерулер туралы мәлiметтер қамтылуға тиiс.
      2. Тексеру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тексерудi тағайындау туралы актi тiркелгеннен кейiн жүргiзiледi.
      3. Тексеру тағайындау туралы актiде көрсетiлген тексеру жүргiзу мерзiмi қойылған мiндеттер мен алдағы жұмыстардың көлемi ескерiле отырып белгiленедi, бiрақ ол күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленгеннен басқа жағдайларда, күнтiзбелiк он бес күннен аспауға тиiс.
      4. Негiздi себептерi болғанда тексеру жүргiзу мерзiмi ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол отыз күнтiзбелiк күннен аспауға тиiс, бұл ретте уәкiлеттi органның тексеру жүргiзетiн лауазымды адамы бұл туралы жиырма төрт сағаттың iшiнде жеке және заңды тұлғаны хабардар етедi.
      5. Тексеру жүргiзу кезiнде мыналар:
      1) негiзгi қорларға иелiк ету және пайдалану құқығын пайдалана отырып жүзеге асырылатын лицензияланатын қызмет;
      2) техникалық байланыс құралдарына қызмет көрсететiн бiлiктi персоналдың болуы;
      3) жеке және заңды тұлғаларда лицензияланатын байланыс қызметтерiн көрсетуге лицензияларының, сондай-ақ радиожиiлiк спектрiн, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалануға рұқсаттарының болуы;
      4) лицензияны қолдану талаптарының сақталуы;
      5) тексерiлетiн тұлғалардың байланыс желiлерiн, тораптарын және объектiлерiн техникалық пайдалануды ұйымдастыру жөнiндегi нормативтiк техникалық құжаттамалардың талаптарын және техника қауiпсiздiгi талаптарын сақтауы;
      6) тексерiлетiн тұлғалардың байланыс құралдарын техникалық пайдалану тәртiбiн айқындайтын нормативтiк құқықтық актiлердi сақтауы;
      7) тексерiлетiн объектiлерде қолданылатын техникалық байланыс құралдарына сәйкестiк сертификаттарының болуы;
      8) радиоэлектрондық құралдардың нақты санының уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнде тiркелген радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың санымен сәйкес келуi;
      9) байланыс құралдарының, объектiлерi мен құрылыстарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелуi және Қазақстан Республикасының аумағында радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалану талаптарының орындалуы;
      10) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың пайдалану-техникалық сипаттамасының радиожиiлiк спектрiн пайдалану рұқсатында көрсетiлген деректерге сәйкестiгi;
      11) байланыс объектiлерi мен құрылыстарына санитарлық паспорттардың және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау саласындағы мемлекеттiк органның қорытындысының болуы;
      12) байланыс операторының коммутациялық жабдықтары құрамында арнайы жедел iздестiру iс-шараларын өткiзу үшiн құралдардың болуын тексеру анықталады.
      6. Почта байланысы операторын тексеру почта байланысын пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызмет көрсетiлуiн тексерудi қамтиды.

      28-4-бап. Байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын
                жеке және заңды тұлғаларды тексерудi жүргiзу
                тәртiбi

      1. Материалдық залал келтiруге әкеп соқтыруы мүмкiн, технологиялық процестердегi ерiксiз тоқтап қалулар мен үзiлiстердi болғызбау мақсатында жоспарлы тексерудiң басталуынан кемiнде екi апта бұрын тексерiлетiн тұлға алдағы тексеру туралы жазбаша хабарланады. Мұндай хабарлама алған соң тексерiлетiн жеке және заңды тұлғалар алдағы тексеруге қатысу үшiн өзiнiң тексеру нәтижелерi бойынша жасалған құжаттарға қол қоюға уәкiлеттiк берiлген өкiлiн жiбередi.
      2. Тексеру мынадай кезеңдерден тұрады:
      1) iстiң мән-жайын алдын ала зерделеу;
      2) тексеру жүргiзу;
      3) тексеру жүргiзу кезiнде алынған нәтижелердi талдау және жинақтау, қорытындыларды шығару, тиiстi құжаттарды ресiмдеу;
      4) тексерiлген тұлғаны тексеру нәтижелерi туралы хабарландыру;
      5) жұмыс қорытындысын шығару;
      6) егер бұзушылықтар анықталса, ондай фактiлер бойынша шаралар қабылдау.
      3. Тексерудi жүзеге асырған кезде лауазымды адамдар:
      1) тексерiлетiн тұлғаға қызмет куәлігі мен тексеру тағайындау туралы актiнi көрсетуге;
      2) тексеру процесiнде тексерiлетiн тұлғаның құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiруге;
      3) лицензиялар мен радиожиiлiк спектрiн пайдалану талаптарын бұзуға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтауға және өз өкiлеттiгi шегiнде оларды жою шараларын қабылдауға мiндеттi.
      4. Тексеру жүргiзу кезiнде байланыс саласындағы лицензияланатын қызметтi жүзеге асыратын тексерiлетiн тұлғалар, уәкiлеттi органның лауазымды адамдарының талаптары бойынша лицензияның түпнұсқасын қосымшасымен немесе олардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерiн және радиожиiлiк спектрiн (радиожиiлiк спектрi пайдаланылған жағдайда) пайдалануға рұқсат қағазының түпнұсқасын, сондай-ақ жүзеге асырылатын қызметтiң лицензиялық талаптарға сәйкестiгiн растайтын өзге де құжаттарды көрсетедi.
      5. Тексеру нәтижесi бойынша тексеру нәтижесi туралы актi жасалады, онда мыналар көрсетiледi:
      1) тексеру өткiзiлген жер, акт жасалған күн;
      2) тексерудiң түрi;
      3) тексеру жүргiзген адамның (адамдардың) тегi, аты, әкесiнiң аты, лауазымы;
      4) тексеру объектiсi;
      5) тексеру тағайындау туралы актiнiң деректемелерi;
      6) алдыңғы тексеру туралы және бұрын анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шаралар туралы мәлiметтер (тек шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi - жеке және заңды тұлғалар үшiн);
      7) тексеру жүргiзiлген мерзiм;
      8) тексеру нәтижелерi;
      9) анықталған бұзушылықтарды жою бойынша ұсыныстар;
      10) тексерiлетiн жеке және заңды тұлғалардың тексеру нәтижелерiне шағым жасау құқығы;
      11) тексеру жүргiзген лауазымды адамдардың қолдары.
      6. Тексеру нәтижелерi туралы акт екi данада жасалады. Бiр данасы тексеру жүргiзуге қатысқан тексерiлетiн тұлғаның өкiлiне берiледi, екiншi данасы тексеру жүргiзетiн уәкiлеттi органның лауазымды адамында қалады.
      7. Тексеру нәтижелерi туралы акт жасаған кезiнде уәкiлеттi органның лауазымды тұлғасы:
      1) анықталған бұзушылықтар фактiлерiн тиiстi нормативтiк құқықтық актiлерге сiлтеме жасай отырып, дәйектi, объективтi, нақты және толықтай сипаттауға;
      2) тексеру нәтижелерi туралы актiнiң мәтiнiнде актiнiң қосымшаларында көрiнiс табуға тиiс, анықтамалық деректер, қосымша фактiлер, қайталанатын бiртектi бұзушылықтарды тiзбелеу болмауы керек;
      3) анықталған бұзушылықтар туралы тек қана нақты, негiзделген және құжаттамамен расталған деректердi ғана көрсетуге мiндеттi.
      8. Тексеру нәтижелерi туралы актiге құжаттамамен расталмаған әртүрлi қорытындыларды, ұсыныстар мен деректердi енгiзуге жол берiлмейдi.
      9. Тексеру нәтижелерi туралы актiге, тексеру аяқталғаннан кейiн бiрден тексерудi жүргiзген лауазымды адам мен тексерiлген тұлғаның осы тексерудi жүргiзуге қатысқан өкiлi қол қояды.
      Тексерiлетiн тұлға өкiлiнiң тарапынан тексеру нәтижелерi туралы актi бойынша қарсылықтар немесе ескертпелер болған жағдайда ол өзi қол қояр алдында бұл туралы ескертпе жасайды және жазбаша түсiндiрменi қоса бередi. Тексерiлген тұлғаның өкiлi тексеру нәтижелерi туралы актiге қол қоюдан бас тартқан жағдайда, актiде тиiстi жазба жасалады.
      10. Тексерудi жүзеге асыру барысында лицензия талаптарын және Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасы талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда уәкiлеттi органның лауазымды адамы:
      1) тексерiлетiн тұлғаға анықталған кемшiлiктердi жою мерзiмiн белгiлей отырып, оларды жою туралы нұсқама беруге;
      2) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға;
      3) радиоэлектрондық құралды және жоғары жиiлiктi құрылғыны пайдалану құқығына рұқсат болмаған жағдайда, оларды ажыратып тастауға;
      4) егер аталған қызмет лицензияланатын болса, онда уәкiлеттi органның алдында жабдықтардың техникалық сипаттамасы стандарттарға толығымен сәйкес келтiрiлгенге дейiн немесе радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн берешек өтелгенге дейiн алты айға дейiнгi мерзiмге лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы өтiнiш жасауға;
      5) егер лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың себептерi жойылмаса, уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензияны керi қайтарып алу туралы өтiнiш жасауға құқылы.
      11. Тексеру нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы уәкiлеттi органның тексеру жүргiзген лауазымды адамы екi данада жасайды. Нұсқаманың бiрiншi данасы тексерiлетiн тұлғаның тексеруге қатысқан өкiлiне берiледi, екiншiсi тексеру жүргiзген уәкiлеттi органда қалады.
      12. Тексерiлетiн тұлға анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетiлген мерзiм iшiнде бұзушылықтарды жояды және бұл туралы тексеру жүргiзген уәкiлеттi органға жазбаша түрде хабарлайды.
      13. Бұзушылықтар жойылғаны туралы жазбаша жауап алғаннан кейiн немесе ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзiмде берiлмеген жағдайда, уәкiлеттi органның лауазымды адамы жеке немесе заңды тұлғаны анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау нысанына тексерудi жүзеге асырады.
      14. Тексеру тағайындау туралы актiде көрсетiлген тексеру аяқталған мерзiмнен кешiктiрiлмей, сол тексеру жүргiзуге қатысқан тексерiлген тұлғаның өкiлiне тексеру нәтижелерi туралы акт берiлген күн тексерудiң аяқталған күнi болып есептеледi.

      28-5-бап. Радиобақылауды жүргiзу тәртiбi

      1. Азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың сәуле таратуын радиобақылау радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың техникалық құжаттамасын және өлшемдерiне рұқсаттарын (құжаттамалық бақылау) тексеру, сондай-ақ олардың жұмыс режимдерiн бақылау-өлшеу аппаратурасы мен радиотехникалық бақылау құралдарының көмегiмен тексеру (аспаптық бақылау) жолымен жүзеге асырылады.
      Радиобақылауды уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi уәкiлеттi органның басшысы не оны ауыстыратын адам бекiткен радиобақылау жоспар-кестелерiне сәйкес жүргiзедi.
      Радиобақылаудың жоспар-кестесiн аумақтық бөлiмшелер әрбiр тоқсанға жасайды.
      Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдаланушылар жол берген бұзушылықтар анықталған кезде уәкiлеттi орган оларға бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жiбередi.
      Азаматтық мақсаттағы тiркелген радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың жұмысында бөгеуiл туындаған жағдайда:
      1) бөгеуiл жасалып отырған радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың иелерi радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың техникалық өлшемдерiнiң, соның iшiнде қабылдау құрылғыларының таңдау немесе қорғаныш қасиеттерiнiң нормалар мен стандарттарға сәйкестiгiне көз жеткiзуi қажет. Егер олар нормаларға сәйкес болмаса, радиоэлектрондық құралдардың иелерi сипаттамалардың нормаларға сәйкес келтiрiлуi жөнiнде шаралар қабылдауға немесе радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды ауыстыруға тиiс. Басқа радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың сәуле таратуы салдарынан бөгеуiл туындаған кезде бөгеуiл жасалып отырған радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың иелерi уәкiлеттi органға жүгiнедi;
      2) уәкiлеттi орган бөгеуiлдердiң көздерiн және сипатын, олардың туындау себептерiн анықтау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады және оларды жою шараларын қабылдайды;
      3) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың белгiленген өлшемдерiнiң және (немесе) жұмыс режимiнiң бұзылуы, олардың қабылдау құрылғыларының таңдау немесе қорғаныш қасиеттерінің нашарлауы қатар құрған радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың өзара әсерiне негiзделген интермодуляциялық сипаттағы бөгеуiлдер салдарынан болғанда уәкiлеттi орган бөгеуiлдердi жою жөнiнде нұсқама немесе ұсыным бередi;
      4) тағайындалған жиiлiктердегi бөгеуiлдердi жою мүмкiн болмаған кезде уәкiлеттi орган радиожиiлiктердi жаңадан тағайындауды жүргiзедi;
      5) қапияда болған, өнеркәсiптiк немесе технологиялық сипаттағы бөгеуiлдер болғанда уәкiлеттi орган бөгеуiл көзiн анықтау және оларды жою жөнiнде шаралар қабылдайды.
      2. Шет мемлекеттердiң байланыс әкiмшiлiктерiнен Қазақстан Республикасының аумағындағы көздерден болған радиобөгеуiлдерге шағымдар түскен кезде уәкiлеттi орган халықаралық келiсiмге сәйкес осы шағымдардың құқықтық негiзiн анықтайды, егер шағымдар негiзделген болса, бөгеуiлдердiң себептерiн белгiлейдi және оларды жою жөнiнде шаралар қабылдайды.
      3. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларға басқа мемлекеттердiң аумағында орналасқан көздерден бөгеуiл жасалып отырған жағдайда, уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылар иелерiнiң мүдделерiн қорғау мақсатында халықаралық келiсiмге сәйкес бөгеуiлдердi жою жөнiнде шаралар қабылдайды.
      4. Радиобөгеуiлдер мен тиiстi рұқсаты жоқ радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың қолданысын анықтау және олардың жолын кесу жөнiндегi iс-шараларды уәкiлеттi орган жүргiзедi.

      28-6-бап. Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi
                құрылғылар иелерiнiң құқықтары

      Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылар иелерi:
      1) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларға тағайындалған радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) берiлген рұқсат талаптарына сай қызметтi жүзеге асыру үшiн пайдаланады;
      2) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларға тағайындалған радиожиiлiктегi (радиожиiлiк арнасындағы) бөгеулердi жою үшiн уәкiлеттi органға жүгiнедi;
      3) лауазымды адамдардың, уәкiлеттi органның әрекетiне (әрекетсiздiгiне), шешiмiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағым жасайды.

      28-7-бап. Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi
                құрылғылар иелерiнiң мiндеттерi

      Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылар иелерi:
      1) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың техникалық сипаттамалары мен пайдалану жағдайларының рұқсатта жазылған талаптарға, сондай-ақ белгiленген ережелер мен нормаларға сай келуiн қамтамасыз етедi;
      2) қызмет куәлiгiн көрсеткен кезде уәкiлеттi органның лауазымды адамдарының радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларға қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз етедi;
      3) уәкiлеттi органның радиоэлектрондық құралдардың радиожиiлiктерiн (радиоарналарын) пайдалануды тоқтата тұру (соның iшiнде, уақытша тыйым салуды енгiзу салдарынан) немесе тоқтату туралы, соның iшiнде радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдаланушыларға берiлген рұқсат талаптарын бұзушылықты жою жөнiндегi нұсқаманы орындайды.".

      61. "Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 15, 87-құжат):

      1) 4-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы "инспекциялау (тексерулер)" деген сөздер "тексерулер" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 5-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы "және инспекциялаудың" деген сөздер алып тасталсын.

      62. "Iшкi су көлiгi туралы" 2004 жылғы 6 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 15, 88-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 5-1), 13-1) және 18-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      "5-1) мемлекеттiк көлiктiк бақылау (бұдан әрi - көлiктiк бақылау) - уәкiлеттi органның заңды және жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының iшкi су көлiгi саласындағы заңнамасы талаптарын сақтауын тексеру мақсатында жүргiзетiн iс-шараларының жиынтығы;";

      "13-1) қарап шығу - уәкiлеттi органның объектiнi қауiпсiз пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестiгі нысанында тексеруi;";

      "18-1) тексеру - бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың, кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының iшкi су көлiгi саласындағы заңнамасы талаптарын сақтауын айқындау мақсатында жасайтын iс-әрекетi;";

      2) 7-бапта:
      1-тармақтағы "және қадағалау" деген сөздер алып тасталсын;

      3-тармақтағы "және қадағалауды" деген сөздер алып тасталсын;

      3) 9-бапта:
      1-тармақтың 18) тармақшасындағы "қадағалауды" деген сөз "бақылауды" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2-тармақтың 6) тармақшасындағы "қадағалауды" деген сөз "бақылауды" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4) 16-баптағы "қадағалау" деген сөз "бақылау" деген сөзбен ауыстырылсын;

      5) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "17-бап. Кемелердi пайдалану қауiпсiздiгiн бақылау

      Iшкi су жолдарында iшкi суда жүзiп жүрген өздiгiнен жүзетiн және өздiгiнен жүзбейтiн кемелердiң, iшкi су жолдарында пайдаланылатын жолаушылар, серуендiк, спорттық және құйып тасымалдау кемелерiнiң, паромды өткелдер мен басқа да жүзу объектiлерiнiң, оның iшiнде шағын көлемдi флоттық пайдаланылу қауiпсiздігін, олардың қозғалтқыштарының түрiне, бас қозғалтқыштарының қуатына және мұндай кемелердiң сыйымдылығына қарамастан, бақылауды уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi:
      1) уәкiлеттi орган бекiткен ережелерге сәйкес iшкi су жолдарында кемелер, соның iшiнде шағын көлемдi кемелер ұшыраған көлiк оқиғаларын тексеру, сыныптау және есепке алуды жүргiзу;
      2) кеме қатынасының су жолдарын және навигациялық жабдықтар құралдарын тиiсiнше күтiп ұстауды бақылау;
      3) кемелердiң (соның iшiнде шағын көлемдi кемелердiң), салдардың және iшкi су жолдарында орналасқан өзге де жүзу объектiлерi мен құрылғыларының уәкiлеттi орган белгiлеген кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету талаптарына сай болуын қарап шығуды жүргiзу;
      4) кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету талаптарына сай келмейтiн кемелердi (соның iшiнде шағын көлемдi кемелердi), салдарды және өзге де жүзу объектiлерiн ұстап алу;
      5) кеме қатынасы қауiпсiздiгiне, адамдардың өмiрi мен денсаулығына, жүктердiң сақталуына қауiп төнген кезде кемелердiң (соның iшiнде шағын көлемдi кемелердiң), салдардың және өзге де жүзу объектiлерiнiң қозғалысын тоқтата тұру және оған тыйым салу;
      6) кеме иелерiнiң, кеме экипаждары мүшелерiнiң, iшкi су жолдарындағы кеме қатынасын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының iшкi су көлiгi туралы заңнамасына сәйкес кемелердi пайдалану қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету талаптарын орындауын бақылау;
      7) кемелердi (соның iшiнде шағын көлемдi кемелердi) мемлекеттiк тiркеу және кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу ережелерiне сәйкес жүзеге асырылатын тиiстi құжаттарды беру;
      8) уәкiлеттi орган бекiткен кемелердiң командалық құрамының адамдарын аттестаттау ережелерiне сәйкес жүргiзiлетiн кемелердiң командалық құрамының адамдарын аттестаттау. Кемелердiң командалық құрамының адамдарын аттестаттау әрбiр үш жыл аяқталғанда жүргiзiледi. Тиiстi мамандық бойынша оқу орнын кезектi аттестаттау жылында аяқтаған, сондай-ақ сол жылы диплом беруден өткен адамдар аттестаттаудан босатылады;
      9) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен кемелер экипаждары мүшелерiне диплом беру ережелерiне сәйкес жүргiзiлетiн кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру. Диплом беруге тиiстi бiлiмi бар, аумақтық бөлiмшеге мынадай құжаттарды:
      еркiн нысандағы өтiнiштi;
      жеке куәлiгiн немесе паспортын;
      жоғары немесе орта кәсiптiк бiлiм туралы құжатты (дипломды);
      жүзу өтiлiн растайтын құжат;
      медициналық комиссияның кемедегi жұмысқа жарамдылығы туралы қорытындысын табыс еткен адамдар жiберiледi.
      Диплом берудi жүргiзу туралы өтiнiштi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi отыз күн iшiнде қарайды.
      Табыс етiлген құжаттар кемелер экипаждарының мүшелерiне диплом беру ережелерiнiң талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, бұл жөнiнде құжаттар табыс етiлген күннен бастап жетi күннен кешiктiрмей құжаттарды табыс еткен адамға хабарлайды.
      10) анықталған iшкi су көлiгiнiң (соның iшiнде шағын көлемдi кемелердiң) жұмыс iстеуiн айқындайтын Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар беру;
      11) Қазақстан Республикасының кеме қатынасының су жолдарын жеке және заңды тұлғалардың пайдалану мерзiмдерiн бақылау;
      12) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын тасымалдаушының жасасуын бақылау;
      13) жеке және заңды тұлғалардың iшкi су көлiгi қызметiн жүзеге асыру кезiнде лицензиялық ережелердi сақтауын бақылау;
      14) кемелердi, соның iшiнде шағын көлемдi кемелердi және шағын көлемдi кемелерге арналған база-тұрақтарды техникалық бақылауды жүргiзу;
      15) өз құзыретiнiң шегiнде Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      16) шағын көлемдi кемелерге мемлекеттiк борттық нөмiрлер беру;
      17) тұрақты мекен-жайы өзгерген, тиесiлiгi (иесi) өзгерген, қайта жабдықтау салдарынан кеменiң техникалық деректерi өзгерген жағдайларда шағын көлемдi кемелердi қайта тiркеудi жүргiзу;
      18) шағын көлемдi кемелердiң кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөнiндегi курстарды, оларды аттестаттауды ұйымдастыру;
      19) шағын көлемдi кемелердi басқару құқығына куәлiктер беру;
      20) шағын көлемдi кемелерге арналған база-тұрақтарды мемлекеттiк есепке алуды және оларды пайдалануға рұқсат берудi жүргiзу;
      21) тиiстi мамандарды шағын көлемдi көлiк мәселелерi жөнiндегi сараптамаларға қатысуға тарту;
      22) алкогольдiк, есiрткiлiк және уытты мас күйiнде болған шағын көлемдi кемелердiң кеме жүргiзушiлерiн басқарудан шеттету және оларды медициналық куәландыруға жiберу;
      23) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзудi жүзеге асыру;
      24) паромды өткелдердi мемлекеттiк тiркеудi, есепке алуды, сондай-ақ пайдалануға жарамдылығын техникалық куәландыруды жүргiзу арқылы жүзеге асырады.";

      6) мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын:

      "17-1-бап. Уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң
                 кемелердi қарап шығуды жүргiзуi

      1. Кемелердi қарап шығу кеменiң (оның мемлекеттiк тiркелген орнына қатыссыз) және экипаждың кемелердi пайдаланудың қауiпсiздiгiн регламенттейтiн Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкестiгiн анықтау мақсатында жүргiзiледi. Кемелердi қарап шығу капитанның немесе бiрiншi штурманның (капитанның аға көмекшiсiнiң) және шағын көлемдi кеменiң кеме жүргiзушiсiнiң қатысуымен тұрақта да, қозғалыс кезiнде де жүргiзiлуi мүмкiн.
      Iшкi суларда жүзетiн кемелердi қарап шығу навигацияаралық кезеңнен кейiн, ал "өзен - теңiз" жүзу кемелерiн - теңiзде пайдаланғаннан кейiн, олар iшкi су жолдарына кiрген кезде жүргiзiледi.
      Кемелердi бақылап қарап шығу навигация кезеңiнде екi айда бiр реттен жиi емес немесе көлiк оқиғасы болған кезде жүргiзiледi.
      2. Өздiгiнен жүзетiн кемелердi қарап шығу кезiнде мыналар тексеруге жатады:
      1) осы Заңның  23-бабында  көрсетiлген кеме құжаттары (болуы, жарамдылық мерзiмдерi, оларды жүргiзу тәртiбi);
      2) штат кестесi мен кеменi пайдалану режимi мен экипаждың жұмысы туралы кеме иесiнiң бұйрығы (немесе басқа құжат);
      3) iшкi су жолдарының навигациялық карталары;
      4) вахталық, штурмандық, жалпы кеме қызметтерiн, адамдарды құтқаруды ұйымдастыру жөнiндегi кеме iшi құжаттамасы (саны, жүргiзу сапасы):
      вахталар кестесi;
      дабылдар бойынша кесте және экипаж мүшелерiнiң жеке карточкалары;
      ауа-райы болжамдарының журналы (тiгiнi);
      жол ақпараттарының және кеме жүргiзушiлерге берiлген хабарламалар журналы (тiгiнi);
      магниттiк компастың девиациясының кестесi;
      кеменiң маневр элементтерiнiң кестесi;
      адамның борт сыртына құлауы кезiндегi маневрлеу сызбасы;
      радиолокациялық станцияның көлеңкелi секторларының сызбасы;
      5) Мемлекеттiк тудың, мұржадағы марканың, кеменiң атауының (нөмiрiнiң) және борттарда тiркеу нөмiрлерiнiң, корпустағы жүк маркасының болуы мен жай-күйi;
      6) кеменiң (құрамның) жүзу ауданының разряды мен жағдайына, құрамдарды қалыптастырудың және жолдар габариттерiнiң үлгілiк сызбаларына сәйкестiгi;
      7) жолаушылар сыйымдылығы және жүк көтергiштiк, борттың су бетiндегi биiктiгi (жүк маркасы бойынша) нормаларын сақтау, кеменi басқару постынан көрудi қамтамасыз ету;
      8) жарықтық, көрiнетiн және дыбыстық белгi берудiң болуы мен iс-әрекетi;
      9) навигациялық, штурмандық және электрлi радионавигациялық приборлардың өзен кеме қатынасы нормалары бойынша болуы мен iс-әрекетi;
      10) ұжымдық және жеке құтқару құралдары, пиротехникалар, авариялық жабдықтау санының кеме қатынасы тiркелiмi нормаларына сәйкестiгi, олардың маркировкаларының, орналасуы мен сақталуының дұрыстығы;
      11) экипаждың штаттық кестеге және iшкi және аралас "өзен - теңiз" жүзу көлiктiк кемелерi экипажының ең аз құрамы туралы ережеге сәйкес жасақталуы;
      12) командалық және қатардағы құрамда тиiстi лауазымдарға орналасу құқығына дипломдарының (бiлiктiлiк куәлiктерiнiң), дипломдарға бақылау талондарының, аттестаттау туралы анықтамаларының болуы;
      13) ағымдағы және алдыңғы рейстерде (вахталық журналдағы жазбалар бойынша) құрамдарды қалыптастырудың үлгілік сызбаларын, жолаушылар сыйымдылығы мен жүк көтеру нормаларын, тiркеу құжаттарында көрсетiлген жүзу ауданы мен шарттары бойынша шектеулердi, вахталарды атқару режимiн, оқу дабылдарын және басқару құрылғысы iстен шыққандағы iс-әрекет бойынша жаттығулар жүргiзудiң кезеңдiгiн сақтауы;
      14) экипаж мүшелерiнiң басқару құрылғысы iстен шыққан кезде дабыл бойынша iс-әрекет етудi бiлуi мен игеруi;
      15) ағымдағы навигацияда аумақтық бөлiмшелер қызметкерлерiнiң ұйғарымдарының орындалуы тексерiледi.
      3. Қарап шығу нәтижелерi бойынша уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң қызметкерi анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтардың тiзбесiн және ескертулердi жою мерзiмдерiн көрсете отырып акт жасайды. Кеме құжаттары болмаған кезде және жүзу қауiпсiздiгiне қауiп төнген жағдайларда уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң қызметкерi кеменiң (құрамның) қозғалысына тыйым салу туралы шешiм қабылдайды, бұл туралы кеменiң капитаны кеме иесiне хабарлайды.
      Қарап шығу актiсi екi данада жасалады және оған уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң қызметкерi мен капитан (немесе капитанның аға көмекшісі) қол қояды. Капитан (капитанның аға көмекшiсi) қол қоюдан бас тартқан жағдайда актiде бас тартудың мәлiмделген себептерi көрсетiле отырып жазба жасалады.
      Актiнiң бiрiншi данасы кемеде, екiншiсi - уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнде кеме iсiнде сақталады.
      Уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң кеменi қарап шығуды жүргiзген қызметкерлерi кеменi қарап шығу жөнiндегi актiдегi жазбалардың дұрыстығына жауапты болады.";

      7) 18-баптағы "қадағалау" деген сөз "бақылау" деген сөзбен, 19-баптың 3-тармағындағы, 20-баптың 8-тармағындағы "қадағалауды" деген сөз "бақылауды" деген сөзбен ауыстырылсын;

      8) 23-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде немесе кеме кiтабында тiркелген және iшкi су жолдарымен кеме қатынасын жүзеге асыратын кемеде олардың нысандарын, оларды беру және жүргiзу тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейтiн мынадай кеме құжаттары болуға тиiс:
      1) кеменiң Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығын және кемеге меншiк құқығын растайтын кеме куәлiгi;
      2) шетелдiк кемеге (жалға алынған шетел кемелерiнiң тiзiлiмiнде тiркелген кемелер үшiн) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзуге уақытша құқық беру туралы куәлiк;
      3) кеменiң жүзуге жарамдылығы туралы, оның сыныбы немесе сыныптау куәлiгi көрсетiлген куәлiгi;
      4) өздiгiнен жүзетiн кемелер үшiн кеме журналы (вахталық журнал);
      5) кеме рөлi (өздiгiнен жүзетiн кемелер үшiн) - кеме капитаны жасаған кеме экипажы мүшелерiнiң тiзiмi;
      6) радиожурнал (егер кемеде кеме радиостанциясы бар болса);
      7) кеме станциясының рұқсаты (егер кемеде кеме радиостанциясы бар болса);
      8) машина журналы (механикалық қозғағышы бар кемелер үшiн);
      9) кеменi қарап шығудың бiрыңғай кiтабы;
      10) санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды және кемеге санитарлық паспорт;
      11) өрт қауiпсiздiгi куәлiгi (қарап шығу актiсi);
      12) кеменiң мұнаймен, қалдық сулармен және қоқыспен ластануын болғызбау туралы куәлiк;
      13) кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлiк.";

      9) 24-баптың 3-тармағының 2) тармақшасындағы "тұлғаларының;" деген сөз "тұлғалардың меншiгiндегi кемелерге берiледi." деген сөздермен ауыстырылып, 3) тармақшасы алып тасталсын;

      10) 45-баптың 5 тармағындағы "қадағалауды" деген сөз "бақылауды" деген сөзбен, 7-тармағындағы "қадағалау" деген сөз "бақылау" деген сөзбен ауыстырылсын;

      11) 46-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгiндегi "және қадағалануға" деген сөздер алып тасталсын.

      63. "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 17, 102-құжат):

      1) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-бап. Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау мен бақылау

      1. Энергетикалық қадағалау мен бақылау жөнiндегi мемлекеттiк орган электр энергетикасы саласындағы қадағалау мен бақылауды жүзеге асырады.
      2. Энергетикалық қадағалау мен бақылау жөнiндегi мемлекеттiк орган:
      1) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң техникалық талаптарының орындалуын;
      2) электр станциялары энергетикалық жабдықтарының, электр және жылу желiлерiнiң, сондай-ақ тұтынушылардың электр мен жылу пайдалану құрылғыларының пайдаланылуы мен олардың техникалық жай-күйiн;
      3) электр энергетикасы саласындағы лицензияланатын қызмет түрлерiне қойылатын талаптардың орындалуын қадағалауды жүзеге асырады.
      3. Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау мен бақылау тексеру жолымен жүзеге асырылады.
      4. Электр энергетикасы объектiлерiн тексеру жоспарлы және жоспардан тыс болуы мүмкiн.
      5. Уәкiлеттi орган бекiткен жұмыс жоспары тексерудiң негiзi болып табылады. Жұмыс жоспары өздерiне қатысты тексеру жүргiзу көзделiп отырған объектiлер тiзбесiн және тексеру жүргiзу кезеңiн қамтуға тиiс.
      6. Жоспарлы тексеру алдыңғы тексерулерге қатысты жұмыс жоспары заңдарда белгiленген уақыт аралықтарын ескере отырып жүргiзiлетiн, алдын ала жоспарланған iс-шара болып табылады.
      7. Жоспардан тыс тексеру мынадай жағдайларда:
      1) электр энергетикасы объектiлерiндегi авариялық технологиялық бұзушылықтар саны өткен кезеңмен салыстырғанда өскен жағдайда;
      2) мемлекеттiк энергетикалық қадағалау мен бақылау жөнiндегi органға келiп түскен жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың өтiнiштерi бойынша жүргiзiледi.
      8. Электр энергетикасы объектiсiнiң басшысына анықталған бұзушылықтарды жою үшiн орындау мерзiмi мен орындалуына жауапты тұлғалар көрсетiлген белгiленген үлгiдегi нұсқама берiледi немесе объект басшылығы анықталған бұзушылықтарды жою жөнiндегi iс-шаралар жоспарын оған негiздегі әзiрлейтiн акт жасайды, ол мемлекеттiк энергетикалық қадағалау мен бақылау жөнiндегi органға табыс етiледi.
      9. Энергетикалық қадағалау мен бақылау:
      1) электр және жылу энергиясының сапасы жөнiндегi техникалық талаптардың сақталуына;
      2) өз құзыретi шегiнде электр және жылу энергиясын пайдалану ережелерiнiң сақталуына;
      3) электр және жылу энергиясының ұтымды және үнемдi пайдаланылуына, оны өндiру, беру, тұтыну режимдерiн оңтайландыруға;
      4) электр станцияларының, электр және жылу желiлерiнiң күзгi-қысқы жағдайлардағы жұмысқа дайындығына жүргiзiледi.
      10. Энергетикалық қадағалау мен бақылау жөнiндегi мемлекеттiк орган:
      1) электр энергетикасы кәсiпорындарының объектiлер мен жабдықтардың қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындығын бағалау жөнiндегі комиссияларына қатысады;
      2) электр станцияларының, жылу және электр желiлерiнiң жұмысындағы Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикасы жүйесiн бiрнеше бөлiктерге бөлуге, электр және жылу энергиясын тұтынушыларды жаппай шектеуге, iрi электр жабдығын бүлдiруге әкеп соққан iрi технологиялық бұзушылықтарды тексерудiң есебiн жүргiзедi.
      11. Энергетикалық қадағалау мен бақылау жөнiндегi мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:
      1) электр және энергия құрылғыларына қол жеткiзуге;
      2) электр станциялары энергетикалық жабдықтарының, электр және жылу желiлерiнiң, сондай-ақ тұтынушылардың электр жабдықтарының техникалық жай-күйiн кезең-кезеңмен тексерудi жүзеге асыруға;
      3) электр және энергия құрылғыларының техникалық жай-күйi мен пайдалану қауiпсiздiгiне бақылауды жүзеге асыру үшiн электр және жылу энергиясын өндiрудi, беру мен бөлудi және оларды қайта сату мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының техникалық пайдалану ережелерi мен қауiпсiздiк ережелерiн бiлуiне бiлiктiлiк тексерулерiн ұйымдастыруға;
      4) энергетикалық объектiлерде электр және жылу энергиясын қауiпсiз және ұтымды өндiру, беру, бөлу мен пайдалану бойынша энергетикалық сараптама жүргізуді ұйымдастыруға, энергияны үнемдеу саясатының орындалуын бақылауға, заңды тұлғалардың энергетикалық тиiмдiлiгiн зерттеуге;
      5) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеудi жүзеге асыруға;
      6) қадағалауындағы энергетикалық жабдыққа зерттеу жүргiзу, энергетикалық ұйымдарды кешендi тексеру кезiнде және электр станцияларының, электр және жылу желiлерiнiң энергетикалық жабдықтарының жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарды тексеру кезiнде сарапшыларды тартуға;
      7) энергияны үнемдеу бағдарламаларын, нормативтiк-әдiстемелiк актiлерiн, құқықтық және экономикалық тетiктерiн әзiрлеудi ұйымдастыруға;
      8) ұйымдардың меншiк иелерiне аварияларға, жазатайым жағдайлар мен электр энергетикасы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң өзге де техникалық талаптарын өрескел бұзуға жол берген кiнәлi тұлғаларды тәртiптiк жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгiзуге немесе Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын бұзуға кiнәлi тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкiмшiлiк және қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы материалдарды тиiстi мемлекеттiк органдарға жiберуге құқылы.";

      2) 19-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы "Мемэнергияқадағалау" деген сөз "мемлекеттiк энергетикалық қадағалау мен бақылау жөнiндегi органның" деген сөздермен ауыстырылсын.

      64. "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 18, 107-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 25-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "25-1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы тексеру (бұдан әрi - тексеру) - жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi және (немесе) аумақтық органдардың лауазымды адамының немесе лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын анықтау мақсатында жасалатын iс-әрекетi;";

      2) 9-баптың 1-тармағында:
      13) тармақшадағы "әкелуге және әкетуге" деген сөздер "әкелу және әкету тәртiбiн айқындайды және оған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "15-1) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын анықтау мақсатында жануарлар дүниесiн пайдаланушылардың қызметiн тексередi;";

      3) 27-баптың 2-тармағы 9) тармақшасындағы "жүргiзуге мiндеттi." деген сөздер "жүргiзуге;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
      "10) осы Заңның  49-бабына  сәйкес жүргiзiлетiн, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын мемлекеттiк бақылау мақсатында тексерудi жүзеге асыруға кедергi жасамауға мiндеттi.";

      4) 49-бапта:
      1-тармақ "мақсатында" деген сөзден кейiн "тексеру жүргiзу жолымен" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары:
      1) тексерулердiң жылдық жоспары бойынша жылына бiр реттен көп емес;
      2) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзу фактiлерi туралы жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi бойынша, олардың түсуiне қарай;
      3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы келеңсiз салдарларды растайтын ғылыми зерттеулер мен жануарлар дүниесiнiң мониторингi нәтижелерi бойынша, олардың айқындалуына қарай, оларды жою жөнiндегi ұсынымдарды ескере отырып;
      4) жоспарлы iс-шаралар нәтижесiнде анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың нұсқамада көрсетiлген мерзiмде орындалуын бақылау мақсатында жүзеге асырады.";

      5) 53-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) тексеру актiсi;".

      65. "Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы" 2004 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 3-4, 17-құжат):

      мынадай мазмұндағы 25-1-баппен толықтырылсын:

      "25-1-бап. Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi
                 және еңбектi қорғау туралы заңнамасын сақтау
                 жөнiндегi тексерулер, олардың түрлерi мен
                 нысандары

      1. Тексерулер мынадай түрлерге бөлiнедi:
      1) жоспарлы - мемлекеттiк орган жоспарлаған, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген, алдыңғы тексерулерге қатысты уақыт аралығы ескерiлiп жүргiзiлетiн тексеру;
      2) жоспардан тыс - қоғамдық тәртiпке, халықтың денсаулығына, қоршаған ортаға, ұлттық қауiпсiздiкке төнген қатердi дереу жоюды талап ететiн, сондай-ақ өтiнiштерге жедел назар аударуды талап ететiн, қалыптасқан әлеуметтiк-экономикалық жағдайға байланысты тағайындалатын тексеру.
      2. Жоспарлы тексеру, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгедей көзделмесе, бiр жеке немесе заңды тұлғаға қатысты жылына бiр реттен, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiсiне қатысты үш жылда бiр реттен жиi болмауға тиiс.
      3. Жоспардан тыс тексерудi еңбек қауiпсiздiгi және еңбекті қорғау жөнiндегi уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық бөлiмшесi жеке немесе заңды тұлғалардың, соның iшiнде мемлекеттiк органдардың өтiнiшi болған, сондай-ақ құжаттармен расталатын өзге де ақпарат алынған жағдайда жүргiзiледi.
      Анонимдiк өтiнiштер жоспардан тыс тексеру жүргiзу үшiн негiз болмайды.
      4. Тексерудiң ұзақтығы күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс. Ерекше жағдайларда, арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргiзу қажет болған кезде, сондай-ақ тексеру көлемi елеулi болғанда мемлекеттiк органның басшысы (не оның орнындағы адам) тексеру жүргiзу мерзiмiн құрылымдық бөлiмшесi жоқ заңды тұлға үшiн күнтiзбелiк жиырма күнге дейiнгi мерзiмге және құрылымдық бөлiмшесi бар заңды тұлға үшiн күнтiзбелiк отыз күнге дейiнгi мерзiмге ұзартуы мүмкiн.".

      66. "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 21, 124-құжат):

      39-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттiк бақылау:
      жылына бiр реттен жиi емес жоспарлы тексеру;
      Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша, сондай-ақ бұрын анықталған бұзушылықтар нысанында жоспардан тыс тексеру түрiнде жүзеге асырылады.
      Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттiк бақылау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қарсы, рейдтiк тексерулер түрiнде де жүзеге асырылады.".

       2-бап.  Осы Заң, 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн осы Заңның 1-бабының 4-тармағын (8), 9), 10), 11), 12) және 42) тармақшалардан басқа) және 2006 жылғы 1 шiлдеден бастан қолданысқа енгiзiлетiн 19-тармағын қоспағанда, ресми жарияланған күнiнен бастан қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi