Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына және қор биржасының листингтік комиссиясының құрамына қойылатын талаптар туралы және Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауд

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқарамасының 2008 жылғы 28 қарашадағы N 195 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 19 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5495 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 249 қаулысымен

      "Арна Медиа" ұлттық ақпараттық холдингі", "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі", "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" акционерлік қоғамдарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 шілдедегі N 668 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылыми министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес қоғамның директорлар кеңесінің құрамына лауазымды тұлғалардың сайлануын қамтамасыз етсін;
      2) екі ай мерзімде екі тәуелсіз директордың кандидатурасы бойынша ұсыныс енгізсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.05.2013 № 530 Қаулысымен.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2008 жылғы 28 қарашадағы
№ 1102 қаулысына    
қосымша        

«Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамына сайланатын лауазымды тұлғалар

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.03.2014 N 257 қаулысымен.

Әбдіқалықова
Гүлшара Наушақызы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары

Сәрінжіпов
Аслан Бәкенұлы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

Балықбаев
Такир Оспанұлы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі

Құсайынов
Марат Әпсеметұлы

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі

Сағадиев
Ерлан Кенжеғалиұлы

Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі

Өтепов
Эдуард Карлович

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы