Білікті инвесторлардың қаражаты есебінен ғана сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 79 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 16 наурызда № 7471 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 27 шілдедегі № 228 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.07.27 № 228 (2012.08.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Брокерлік және дилерлік қызметті немесе инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру лицензияларына ие бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының қызметтерін пайдалану арқылы білікті инвесторлардың қаражаты есебінен ғана сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының мынадай тізбесі белгіленсін:
      1) шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған және қызметін Қазақстан Республикасының не шет мемлекеттің аумағында жүзеге асыратын қор биржасында айналысқа түсетін бағалы қағаздар тізіміне енгізілмеген Қазақстан Республикасының резиденттері емес ұйымдардың бағалы қағаздары және (немесе) өзге де қаржы құралдары;
      2) инвестициялық тәуекелі бар инвестициялық қорлардың акциялары және (немесе) пайлары;
      3) қызметін Қазақстан Республикасының не шет мемлекеттің аумағында жүзеге асыратын қор және (немесе) тауар биржаларында айналысқа түспейтін туынды бағалы қағаздар және (немесе) өзге де туынды қаржы құралдары.
      2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген бағалы қағаздар және (немесе) өзге де қаржы құралдары ұстаушылардың шоттарына Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес мұраға алу, сыйға беру немесе ақы төлеусіз берудің өзге де нысандары тәртібімен аударылған кездегі, сондай-ақ сот актілері негізінде берілетін атқару парағын орындау кезіндегі жағдайларды қоспағанда, номиналды ұстаушы және (немесе) тіркеуші білікті инвесторлардың қаражаты есебінен ғана сатып алуға рұқсат етілген бағалы қағаздарды және (немесе) өзге де қаржы құралдарын білікті инвесторлар болып табылмайтын ұстаушылардың жеке шоттарына аударуды жүзеге асырмайды.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Г. Марченко