Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбекті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы N 253 Заңы

       1-бап . Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 10, 106-құжат; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 15, 137-құжат; N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 21-22, 87-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 12, 72-құжат; N 15, 92-құжат; 2007 ж., N 1, 2-құжат; N 4, 33-құжат; N 5-6, 40-құжат):

      1) 148-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "148-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын
                бұзу";

      бірінші бөлікте:
      "Қызметкерді жеке пиғылмен жұмыстан заңсыз босату" деген сөздер "Қызметкермен еңбек шартын заңсыз тоқтату" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "еңбек туралы заңдарды" деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Әйелмен оның жүктілігі себебі бойынша еңбек шартын жасасудан негізсіз бас тарту немесе онымен еңбек шартын негізсіз тоқтату немесе үш жасқа дейінгі балалары бар әйелмен осы себептер бойынша еңбек шартын жасасудан негізсіз бас тарту немесе онымен еңбек шартын негізсіз тоқтату, сол сияқты мүгедекпен оның мүгедектігі себебі бойынша не кәмелетке толмағанмен оның кәмелетке толмағандығы себебі бойынша еңбек шартын жасасудан негізсіз бас тарту немесе еңбек шартын негізсіз тоқтату -";

      2) мынадай мазмұндағы 150-1-баппен толықтырылсын:

      "150-1-бап. Қызметкерлер өкілдерінің заңды қызметіне
                  кедергі келтіру

      Қызметкерлер өкілдерінің заңды қызметіне лауазымды адамның қызмет бабын пайдаланып кедергі келтіруі, сол сияқты олардың құқықтары мен заңды мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соққан лауазымды адамның өзінің қызмет бабын пайдалана отырып олардың заңды қызметіне араласуы -
      жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бір айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салуға не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.".

      2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 24, 337-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; N 8, 189-құжат; N 18, 339-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 23-24, 192-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 23, 139, 142-құжаттар; N 24, 154-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; 2006 ж., N 11, 55-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 5-6, 40-құжат):

      1) бүкіл мәтін бойынша "еңбек заңдарында", "Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарымен", "Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарына", "Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарында", "еңбек туралы заңдарға", "еңбек туралы заңда" деген сөздер тиісінше "Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында", "Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен", "Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 125-баптың 3-тармағындағы "Жұмысқа қабылдаудың, жұмыстан босатудың және басқа жұмысқа көшірудің ережелерін" деген сөздер "Еңбек шартын жасасу мен тоқтатуды және басқа жұмысқа көшіруді" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 16-17, 642-құжат; N 23, 929-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 7-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 14, 103-құжат; N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 3-4, 16-құжат; N 5, 25-құжат; N 6, 42-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 21-22, 87-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 4, 24, 25-құжаттар; N 8, 45-құжат; N 11, 55-құжат; N 13, 85-құжат; 2007 ж., N 3, 21-құжат;№4, 28-құжат; N 5-6, 37-құжат):

      1) 493-баптың 2-тармағындағы "еңбек туралы заң актілерінде" деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 573-баптың 3-тармағындағы "еңбек туралы заң актілерінде" деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 742-баптың 2-тармағы 2) тармақшасындағы ", оның ішінде келісім-шарт бойынша" деген сөздер алып тасталсын;

      4) 921-баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде:
      "(келісім-шарттың)" деген сөздер алып тасталсын;

      "жұмыстарды қауіпсіз жүргізу үшін" деген сөздер "жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 1040-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) зейнетақы төлемдеріне, жәрдемақылар мен Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының және Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңдарының негізінде басқа да төлемдер алу құқығы;".

      4. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу  кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 18, 644-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 21-22, 281-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 10, 49-құжат; N 14, 109-құжат; N 15, 138-құжат; 2004 ж., N 5, 25-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 140-құжат; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 13, 53-құжат; N 24, 123-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72-құжат; N 13, 86-құжат; 2007 ж., N 3, 20-құжат; N 4, 28-құжат):

      237-баптың 4) тармақшасындағы "туралы шешімдер дереу орындалуға тиіс." деген сөздер "туралы;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы жаңа 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) ереуілді заңсыз деп тану туралы шешімдер дереу орындалуға тиіс.".

      5. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20, 23-құжаттар; N 4, 28, 33-құжаттар; N 5-6, 40-құжат):

      1) 87-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "87-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу

      1. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген іс-әрекеттерді (әрекетсіздікті) қоспағанда, жұмыс берушінің немесе лауазымды адамның Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзуы -
      айлық есептік көрсеткіштің оннан отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік) -
      айлық есептік көрсеткіштің жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Жұмыс берушінің жалақыны толық көлемде және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген мерзімдерде төлемеуі, сол сияқты төлемді кідірту кезеңіне өсімақыны есептемеуі және төлемеуі -
      айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік) -
      айлық есептік көрсеткіштің жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескертулер.
      1. Осы Кодексте жұмыс беруші деп басшысы (әкімшілігі) өкілдік ететін заңды тұлға не қызметкермен еңбек қатынастарында тұратын жеке тұлға танылады.
      2. Егер атқарушы органдардың және өзге де ұйымдардың басшылары басқаратын ұйымдар жалақыны төлеуге қаражат беруді (аударуды) кідіртсе, оларды осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде аталған лауазымды адамдар деп түсіну керек.";

      2) 89-баптың бірінші және үшінші бөліктеріндегі "еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау туралы заңнаманы", "еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау туралы заңнаманың" деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын", "Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 90-баптың екінші абзацындағы "бестен жиырмаға дейінгі" деген сөздер "екі жүзден бес жүзге дейінгі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 91-баптың екінші абзацындағы "оннан жиырма беске дейінгі" деген сөздер "екі жүзден бес жүзге дейінгі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 92-баптың екінші абзацындағы "оннан жиырма беске дейінгі" деген сөздер "екі жүзден бес жүзге дейінгі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 93-баптың екінші абзацындағы "бестен онға дейінгі" деген сөздер "елуден жүзге дейінгі" деген сөздермен ауыстырылсын.

      6. 2001 жылғы 12 маусымдағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының  Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133, 139-құжаттар; N 21-22, 160-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 14, 82-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 4, 5-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45, 46-құжаттар; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 77, 79-құжаттар; N 13, 85-құжат; N 16, 97, 98, 103-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20-құжат; N 4, 33-құжат; N 5-6, 37, 40-құжаттар):

      1) 10-баптың 25-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "25-1) қызметкер - жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және тікелей еңбек шарты бойынша жұмысты орындайтын жеке адам;";

      2) 178-баптың 14) тармақшасындағы "жеке", "(келісім-шарт)" деген сөздер алып тасталсын;

      3) 187-1-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасындағы "жеке", "(келісім-шарт, келісім)" деген сөздер алып тасталсын;

      2-тармақтағы "жеке", "(келісім-шартта)" деген сөздер алып тасталсын;

      4) 191-бапта:
      3-тармақтың 2) тармақшасындағы "жеке", "(келісім-шартта, келісімде)" деген сөздер алып тасталсын;

      5-тармақтың үшінші бөлігіндегі "жеке", "(келісім-шарттың)" деген сөздер алып тасталсын;

      5) 316-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы "жеке" деген сөз алып тасталсын;

      6) 527-баптың 5-тармағының 2) тармақшасындағы "жеке" деген сөз алып тасталсын.

      7. 2003 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының  Кеден кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж.,  N 7-8, 40-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 18, 106-құжат; 2005 ж., N 11, 43-құжат; N 21-22, 86-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 11, 55-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 3-құжат; N 2, 14, 18-құжаттар; N 3, 20-құжат; N 4, 33-құжат):

      1) 407-баптың 1-тармағының екінші бөлігінде:
      "жеке" деген сөз алып тасталсын;

      "заңдарына" деген сөз "еңбек заңнамасына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 505-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Кеден органдарында қызмет атқару тәртібі осы Кодекспен, осы Кодекске қайшы келмейтін бөлігінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледі.".

      8. "Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы" 1992 жылғы 15 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., N 4, 84-құжат; 1995 ж., N 20, 120, 121-құжаттар; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 13-14, 205-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 13, 53-құжат):

      1) 20-бапта:
      "жұмысшы немесе қызметші" деген сөздер "қызметкер" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "еңбек туралы заңдар" деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "жұмысшылары мен қызметшілеріне" деген сөздер "қызметкерлерімен" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 21-баптағы "жұмысшыларымен және қызметшілерімен", "азаматтарға" деген сөздер тиісінше "қызметкерлерімен", "қызметкерлерге" деген сөздермен ауыстырылсын.

      9. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі туралы" 1993 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., N 1, 3-құжат; 1995 ж., N 8, 56-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 14, 275-құжат; 2002 ж., N 16, 147-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):

      1) 5-1-баптың 2-тармағындағы "қызметшілерінің" деген сөз "азаматтық қызметшілерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 9-баптың бірінші бөлігіндегі "жеке" деген сөз алып тасталсын;

      3) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-бап. Шекара қызметіндегі қызметкерлердің еңбек
               шарты бойынша жұмыс істеуі

      Шекара қызметіндегі қызметкерлер мен азаматтық қызметшілердің еңбек шарты бойынша жұмыс істеуі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі.".

      10. "Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1993 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., N 2, 32-құжат; N 18, 429-құжат; 1995 ж., N 20, 120-құжат; N 22, 133-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; 1999 ж., N 8, 247-құжат; N 23, 920-құжат; 2001 ж., N 20, 257-құжат; 2003 ж., N 15, 135-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):

      15-баптың үшінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына" деген сөздермен ауыстырылсын.

      11. "Кәсіптік одақтар туралы" 1993 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., N 8, 200-құжат; 1995 ж., N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 16, 147-құжат):

      1) 7-баптағы "Еңбекшілердің жұмысқа қабылдануын, жұмыста жоғарылауын, сондай-ақ жұмыстан босатылуын олардың" деген сөздер "Қызметкердің жұмысқа қабылдануын, жұмыста жоғарылауын, сондай-ақ жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзуды оның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 10-бапта:
      бірінші бөлікте:
      алтыншы абзацтағы "кәсіподақтар, еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі заңдарды" деген сөздер "кәсіподақтар туралы заңнамасын, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жетінші абзацтағы "зейнетақы заңдарының, еңбек қорғау және кәсіподақтар туралы заңдардың" деген сөздер "зейнетақы заңнамасының, кәсіподақтар туралы заңнаманың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 11-баптың бірінші бөлігіндегі "Еңбекшілердің" деген сөз "Қызметкерлердің" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4) 12-баптың екінші бөлігіндегі "еңбекшілердің" деген сөз "қызметкерлердің" деген сөзбен ауыстырылсын;

      5) 14-баптың бірінші және екінші бөліктеріндегі "еңбекшілерді", "еңбекшілер" деген сөздер тиісінше "қызметкерлерді", "қызметкерлер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "20-бап. Бастауыш кәсіподақ ұйымдары кәсіподақ
               комитеттерінің өкілеттіктері

      Бастауыш кәсіподақ ұйымдары кәсіподақ комитеттерінің өкілеттіктері осы Заңмен, кәсіптік одақтардың жарғыларымен, салалық, өңірлік келісімдермен және ұйымдардың ұжымдық шарттарымен белгіленеді.
      Бастауыш кәсіподақ ұйымдары кәсіподақ комитеттерінің құқықтары, кәсіптік одақтың мүшесі болып табылатын қызметкерлермен жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен реттеледі.
      Келісімдерге және ұжымдық шарттарға сәйкес кәсіподақ комитеттері мен жұмыс берушілер ұйымдардағы басқа да әлеуметтік-еңбектік, экономикалық мәселелерді шешуі мүмкін.".

      12. "АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу туралы" 1994 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., N 16-17, 212-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 23, 921-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 15, 93-құжат; 2007 ж., N 5-6, 40-құжат):

      1) 7-бапта:
      2-тармақ алып тасталсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышын жұқтырған немесе ЖҚТБ-мен ауыратын адамдармен еңбек шартын тоқтатуға және оны жасасудан, мектеп жасына дейінгі балалар мекемелеріне және оқу орындарына қабылдаудан бас тартуға, сондай-ақ олардың өзге де құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіруге, сол сияқты олардың туысқандары мен жақындарының тұрғын үй және өзге де құқықтарына қысым жасауға жол берілмейді.";

      2) 12-баптың 2-тармағындағы "Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 13-баптағы "аталған жәрдемақыны алуға құқығы" деген сөздер "өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтету құқығы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      13. "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 9-10, 66-құжат; N 24, 164-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 12, 183-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 22, 789-құжат; N 23, 916-құжат; 2001 ж., N 10, 126-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 11, 71-құжат; 2004 ж., N 11-12, 65-құжат; 2006 ж., N 12, 71-құжат; N 15, 95-құжат; 2007 ж., N 4, 33-құжат):

      9-бапта:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Мемлекеттік басқару органы кәсіпорынның басшысымен қатынасты Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек шартын жасасу арқылы ресімдейді.
      Еңбек шартында, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген талаптардан басқа, кәсіпорын басшысының таза табыстың белгіленген бөлігін бюджетке уақтылы аудармағаны және қаржы-шаруашылық есептілігі туралы мәліметтерді уақтылы табыс етпегені үшін жауапкершілігі айқындалады.";

      7-тармақтағы "қызметкерлерді кәсіпорынға жұмысқа қабылдайды және оларды жұмыстан шығарады" деген сөздер "қызметкерді кәсіпорынға жұмысқа қабылдайды және онымен еңбек шартын бұзады" деген сөздермен ауыстырылсын.

      14. "Мұнай туралы" 1995 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 11, 76-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 11, 150-құжат; 1999 ж., N 21, 787-құжат; 2003 ж., N 6, 34-құжат; N 11, 56-құжат; 2004 ж., N 22, 131-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 16, 70-құжат; 2006 ж., N 16, 99-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 22-құжат):

      56-баптағы "заңдарымен" деген сөз "еңбек заңнамасымен" деген сөздермен ауыстырылсын.

      15. "Өндірістік кооператив туралы" 1995 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 20, 119-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 14, 274-құжат; 1997 ж., N 12, 183-құжат; N 13-14, 205-құжат; 2001 ж., N 17-18, 242-құжат; 2003 ж., N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; 2006 ж., N 8, 45-құжат):

      23-бапта:
      1-тармақтағы "жеке еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндердің еңбек жағдайлары - Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарымен" деген сөздер "еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндердің еңбек жағдайлары - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақта:
      бірінші бөліктегі "(контрактында)" деген сөз алып тасталсын;

      екінші бөліктегі "еңбек туралы заңдарда" деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8-тармақта:
      екінші бөліктегі "еңбек заңдарында" деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөліктегі "еңбек туралы заңдарда" деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында" деген сөздермен ауыстырылсын.

      16. "Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы" 1995 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 22, 139-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 12, 184, 190-құжаттар; 1998 ж., N 11-12, 174-құжат; N 24, 436-құжат; 2001 ж., N 20, 257-құжат; 2002 ж., N 15, 147-құжат; 2004 ж., N 1, 2-құжат; N 23, 142-құжат):

      6-бапта:
      1-тармақтағы "әскери қызметшілерден, жұмысшылар мен қызметшілерден" деген сөздер "әскери қызметшілер мен қызметкерлерден" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Республикалық ұлан қызметкерлерінің еңбек қызметі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледі.".

      17. "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 23, 148-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 23, 321-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 15, 147-құжат; 2003 ж., N 10, 54-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат):

      34-баптың үшінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына" деген сөздермен ауыстырылсын.

      18. "Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; 1998 ж., N 17-18, 225-құжат; N 23, 416-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 8, 233, 247-құжаттар; N 23, 920-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 13-14, 174-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 20, 257-құжат; N 23, 309-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 12, 82-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; N 24, 154, 155-құжаттар; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20-құжат):

      1) 18-баптың 1-тармағындағы "еңбек туралы заңдарға" деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 20-баптың 4-тармағында:
      бірінші бөлігіндегі "еңбек заңдары" деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ішкі істер органдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледі.";

      3) 27-баптың 4-тармағындағы "тиісті еңбек заңдарына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына" деген сөздермен ауыстырылсын.

      19. "Прокуратура туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 24, 156-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 12, 184-құжат; 1998 ж., N 15, 208-құжат; 1999 ж., N 8, 247-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 142-құжат; 2001 ж., N 20, 257-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):

      52-бапта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) прокуратура органдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары осы Заңда, Прокуратура органдарында қызметтен өту туралы ережеде, сондай-ақ, осы Заңға қайшы келмейтін бөлігінде мемлекеттік қызмет туралы заңнамада көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі;";

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) прокуратура органдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледі.".

      20. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 10, 108-құжат; N 12, 184-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 8, 233-құжат; N 23, 920-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 20, 257-құжат; 2002 ж., N 6, 72-құжат; N 17, 155-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):

      1) орыс тіліндегі мәтін өзгертілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      2) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "21-бап. Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері

      1. Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің еңбек жағдайлары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледі.
      2. Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерін әлеуметтік қорғау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қамтамасыз етіледі.".

      21. "Қоғамдық бірлестіктер туралы" 1996 жылғы 31 мамырдағы Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 234-құжат; 2000 ж., N 3-4, 63-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 13, 53-құжат):

      1) 4-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қоғамдық бірлестіктер аппараттарының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы, Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнамасы қолданылады.";

      2) 22-баптағы "заңдарында көзделген" деген сөздер "заңдарында белгіленген" деген сөздермен ауыстырылсын.

      22. "Өрт қауіпсіздігі туралы" 1996 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 18, 368-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 1999 ж., N 20, 728-құжат; N 23, 931-құжат; 2000 ж., N 6, 142-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 14, 112-құжат; N 24, 177-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат):

      1) 1-баптың екінші абзацындағы "жеке" деген сөз алып тасталсын;

      2) 10-1-баптың үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары осы Заңда және өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген, ішкі істер органдары қызметкерлері үшін белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі.
      Өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледі.".

      23. "Банкроттық туралы" 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 1-2, 7-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 14, 198-құжат; N 17-18, 225-құжат; 2000 ж., N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 4, 26-құжат; N 11, 67-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 14, 57-құжат; 2006 ж., N 1, 4-құжат; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 13, 86-құжат; N 15, 95-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 14, 18-құжаттар):

      70-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) банкроттың қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес алдағы уақытта еңбек шартының тоқтатылатыны туралы хабарлайды;".

      24. "Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы" 1997 жылғы 27 наурыздағы Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 6, 69-құжат; 1998 ж., N 24, 436-құжат; 2000 ж., N 8, 187-құжат; 2004 ж., N 11-12, 67-құжат; N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат):

      1) 9-баптың 4-тармағында:
      "(келісім-шарт)" деген сөздер алып тасталсын;

      "жұмысқа қабылдау мен жұмыстан шығару" деген сөздер "еңбек шартын жасасу мен тоқтату" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 23-баптың 6-тармағының бірінші бөлігіндегі "(келісім-шарт)" деген сөздер алып тасталсын;

      3) 24-баптың 2-тармағындағы "(келісім-шарттың)" деген сөздер алып тасталсын;

      4) 26-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "26-бап. Кәсіби авариялық-құтқару қызметі мен
               құрамалары құтқарушыларына еңбекақы төлеу

      1. Кәсіби авариялық-құтқару қызметі мен құрамалары құтқарушыларына еңбекақы төлеу Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құрамалары құтқарушыларының мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.";

      5) 31-бапта:
      "(келісім-шарт)" деген сөздер алып тасталсын.

      25. "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 8, 84-құжат; 1999 ж., N 13, 431-құжат; N 23, 921-құжат; 2001 ж., N 15-16, 228-құжат; 2002 ж., N 6, 71-құжат; 2003 ж., N 11, 67-құжат; 2004 ж., N 14, 82-құжат; N 17, 101-құжат; N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 16, 103-құжат):

      1) 2-баптың жетінші абзацындағы "мерзімді", "(келісім-шарт)", "(келісім-шарты)" деген сөздер алып тасталсын;

      2) 13-баптың 5-тармағының үшінші бөлігіндегі "Мерзімді еңбек шарты (келісім-шарт)" деген сөздер "Еңбек шарты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 86-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы "мерзімді", "(келісім-шарт)" деген сөздер алып тасталсын;

      4) 112-баптың бірінші бөлігіндегі "мерзімді еңбек келісімімен (келісім-шартпен)" деген сөздер "еңбек шартымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 114-баптың 1-тармағында:
      "Мерзімді еңбек шарты (келісім-шарт)" деген сөздер "Еңбек шарты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктегі "(келісім-шарт)" деген сөздер алып тасталсын;

      6) 115-баптың 2-тармағының 6) тармақшасындағы "(келісім-шарттың)" деген сөздер алып тасталсын;

      7) 118-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы "шарттан (келісім-шарттан)" деген сөздер "еңбек шартынан" деген сөздермен ауыстырылсын.

      26. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 12, 186-құжат; 1998 ж., N 24, 437-құжат; 1999 ж., N 8, 237-құжат; N 23, 925-құжат; 2001 ж., N 17-18, 245-құжат; N 20, 257-құжат; 2002 ж., N 1, 1-құжат; N 23-24, 198-құжат; 2003 ж., N 1-2, 9-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 139-құжат; N 21-22, 160-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., N 7-8, 19-құжат; N 11, 39-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 8, 45-құжат; N 12, 69-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20-құжат; N 4, 28, 30-құжаттар):

      1) 11-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы "(келісім-шарт)" деген сөздер алып тасталсын;

      2) 40-бапта:
      5-тармақтың екінші бөлігіндегі "жеке" деген сөз алып тасталсын;
      9-тармақтың екінші бөлігіндегі "жеке" деген сөз алып тасталсын;
      10-тармақтағы "жеке" деген сөз алып тасталсын.

      27. "Сот сараптамасы туралы" 1997 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 21, 276-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 21-22, 281-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 10, 32-құжат; 2006 ж., N 13, 86-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат):

      24-баптың 2-тармағы алып тасталсын.

      28. "Адвокаттық қызмет туралы" 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 22, 328-құжат; 2001 ж., N 15-16, 236-құжат; 2003 ж., N 11, 65-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат):

      8-баптың 2-тармағындағы "(келісім-шартының)" деген сөз алып тасталсын.

      29. "Шаруа (фермер) қожалығы туралы" 1998 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 2-3, 26-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 26-құжат; N 24, 178-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 15, 95-құжат):

      1) 13-бапта:
      1-тармақтағы "жалдау (еңбек келісімі немесе шарты, келісім-шарты)" деген сөздер "еңбек шарты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "еңбек туралы заңдарымен" деген сөздер "еңбек заңнамасымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтағы "жалданып" деген сөз "еңбек шарты бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) орыс тіліндегі мәтін өзгертілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.

      30. "Неке және отбасы туралы" 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 23, 430-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 11, 5-құжат; 2007 ж., N 3, 20-құжат):

      110-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы "еңбек туралы заңдарда" деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында" деген сөздермен ауыстырылсын.

      31. "Мемлекеттік құпиялар туралы" 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 4, 102-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; 2002 ж., N 15, 147-құжат; 2004 ж., N 6, 41-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат):

      1) 29-баптың 1-тармағының үшінші бөлігіндегі "(келісім-шартында)", "(келісім-шартын)" деген сөздер алып тасталсын;

      2) 31-бапта:
      1-тармақтың екінші абзацындағы "(келісім-шартында)" деген сөздер алып тасталсын;

      4-тармақтағы "(келісім-шартын)" деген сөздер алып тасталсын;

      3) 32-баптың екінші бөлігінің екінші абзацындағы "(келісім-шартында)" деген сөздер алып тасталсын;

      4) 33-баптың 3-тармағындағы "(келісім-шарт)" деген сөздер алып тасталсын;

      5) 37-баптағы "заңдарында көзделген тәртіппен" деген сөздер "заңдарына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын.

      32. "Қылмыстың жасалуына сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудың тәртібі мен шарттары туралы" 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 6, 190-құжат; 2001 ж., N 17-18, 245-құжат; 2002 ж., N 15, 147-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; N 24, 154-құжат):

      40-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы "еңбек туралы заңдарда" деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында" деген сөздермен ауыстырылсын.

      33. "Білім туралы" 1999 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 13, 429-құжат; N 23, 927-құжат; 2001 ж., N 13-14, 173-құжат; N 24, 338-құжат; 2004 ж., N 18, 111-құжат; N 24, 142-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 12, 71-құжат; N 15, 92-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат):

      1) 1-баптың 39-1) тармақшасындағы "жеке" деген сөз алып тасталсын;

      2) 40-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.";

      2-тармақ алып тасталсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Мемлекеттік білім беру ұйымдары өздеріндегі бар қаражат шегінде, сондай-ақ кәсіпкерлік қызмет есебінен сыйлықақылар мен ынталандыру сипатындағы өзге де төлемдердің мөлшерлерін дербес айқындай алады.";

      3) 42-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қызметкер мен білім беру ұйымының еңбек қатынастары еңбек шартымен реттеледі. Еңбек шартының талаптары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына қайшы келмеуге тиіс.".

      34. "Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы" 1999 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 21, 770-құжат; 2006 ж., N 8, 45-құжат):

      48-баптың 2-тармағындағы "(келісім-шарты)" деген сөз алып тасталсын.

      35. "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 21, 773-құжат; 2001 ж., N 13-14, 170-құжат; 2003 ж., N 4, 24-құжат; N 18, 142-құжат; 2005 ж., N 14, 61-құжат):

      27-баптың 1-тармағында:
      1-1) тармақшадағы "мерзімді" деген сөз алып тасталсын;

      2) тармақшадағы "келісім-шарт" деген сөздер "еңбек шарты" деген сөздермен ауыстырылсын.

      36. "Ауылшаруашылық серіктестіктері және олардың қауымдастықтары (одақтары) туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., N 23, 413-құжат; 2006 ж., N 8, 45-құжат):

      26-бапта:
      2-тармақтың екінші бөлігіндегі "жеке" деген сөз алып тасталсын;

      6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ауылшаруашылық серіктестіктерінің штаттағы қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы, Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнамасы қолданылады.".

      37. "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 1, 8-құжат; N 24, 338-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 10, 56-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; 2006 ж., N 8, 45-құжат; N 15, 95-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат):

      39-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Коммерциялық емес ұйымның еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін штаттағы қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы және Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнамасы қолданылады.".

      38. "Астық туралы" 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 2, 12-құжат; N 15-16, 232-құжат; 2003 ж., N 19-20, 148-құжат; 2004 ж., N 23, 242-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20-құжат):

      31-баптың 4-тармағы алып тасталсын.

      39. "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 3, 18-құжат; 2004 ж., N 2, 10-құжат; 2005 ж., N 7-8, 19-құжат; N 17-18, 76-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 10, 52-құжат; 2007 ж., N 2, 14, 18-құжаттар; N 3, 20-құжат):

      1) 1-баптың 14) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 5-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы алып тасталсын;

      3) 9-баптың 1-тармағының 1) тармақшасында: "жеке" деген сөз алып тасталсын;

      "еңбек туралы заңдарға" деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 13-бап алып тасталсын;

      5) 18-баптың 2-тармағындағы "еңбек туралы заңдардың" деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 20-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдарға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы, Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнамасы қолданылады.".

      40. "Тұтыну кооперативі туралы" 2001 жылғы 8 мамырдағы Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 10, 138-құжат; 2006 ж., N 8, 45-құжат; N 13, 85-құжат):

      4-баптың 4-тармағындағы "жеке еңбек шарты" деген сөздер "еңбек шарты" деген сөздермен ауыстырылсын.

      41. "Темір жол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 23, 315-құжат; 2003 ж., N 10, 54-құжат; 2004 ж., N 18, 110-құжат; N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 13, 87-құжат; N 14, 89-құжат; N 16, 99-құжат; N 24, 148-құжат):

      1) 22-баптың 1-тармағында:
      "Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарымен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "жеке" деген сөз алып тасталсын;

      2) 23-баптың 1-тармағының бірінші абзацындағы "Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарында" деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында" деген сөздермен ауыстырылсын.

      42. "Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы" 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 23, 320-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; 2006 ж., N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат):

      15-баптың 6-тармағындағы "Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарымен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен" деген сөздермен ауыстырылсын.

      43. "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 2, 16-құжат; 2004 ж., N 20, 116-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 11, 36-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 24, 148-құжат):

      1) бүкіл мәтін бойынша:
      "Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарымен", "Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарына", "Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарында", "Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдары" деген сөздер тиісінше "Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен", "Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына", "Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында", "Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "жеке еңбек шартының", "жеке еңбек шарты", "жеке еңбек шартын" деген сөздер тиісінше "еңбек шартының", "еңбек шарты", "еңбек шартын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 26-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "26-бап. Кемедегі еңбек қатынастары

      Кеме экипажының мүшелерімен еңбек шартын жасасу тәртібі, олардың құқықтары мен міндеттері, еңбек және ақы төлеу шарттары, сондай-ақ олармен еңбек шартын тоқтатудың тәртібі мен негіздері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен және осы Заңмен айқындалады.".

      44. "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 5, 51-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 9, 49-құжат):

      27-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "27-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының еңбек
               қатынастарын реттеу

      Дипломатиялық қызмет персоналының еңбек қатынастары осы Заңда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледі.".

      45. "Әділет органдары туралы" 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 6, 67-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; N 24, 154-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 13, 86-құжат; 2007 ж., N 2, 14, 18-құжаттар; N 5-6, 40-құжат):

      1) 25-баптағы "Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасымен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 28-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "28-бап. Еңбекті құқықтық реттеу

      Әділет органдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары осы Заңда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледі.".

      46. "Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" 2002 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 13-14, 145-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 14, 62-құжат):

      13-бапта:
      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қаржы полициясы органдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары осы Заңда, Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Қаржы полициясы органдарында қызмет өткеру туралы ережеде, сондай-ақ, осы Заңға қайшы келмейтін бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі.";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қаржы полициясы органдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледі.";

      10-тармақтағы "Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына" деген сөздермен ауыстырылсын.

      47. "Саяси партиялар туралы" 2002 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 16, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 13, 53-құжат):

      4-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Саяси партиялардың тұрақты жұмыс істейтін органдарында қызмет атқаратын адамдарға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы, Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнамасы қолданылады.".

      48. "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 17, 154-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 19-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат):

      16-баптың 3-тармағындағы "Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарымен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында" деген сөздермен ауыстырылсын.

      49. "Төтенше жағдай туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 3, 18-құжат; 2006 ж., N 2, 14-құжат):

      16-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының еңбекті қорғау туралы заңдарының" деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының" деген сөздермен ауыстырылсын.

      50. "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 10, 55-құжат; N 21-22, 160-құжат; 2004 ж., N 23, 140-құжат; 2005 ж., N 14, 58-құжат; 2006 ж., N 10, 52-құжат; N 16, 99-құжат; 2007 ж., N 4, 28, 33-құжаттар):

      59-баптың 2-тармағының үшінші бөлігіндегі "жеке" деген сөз алып тасталсын.

      51. "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2003 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 11, 70-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 15, 92-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат):

      1) 51-баптың 3-тармағының екінші абзацы алып тасталсын;

      2) 52-баптың 3-тармағындағы "заңнамасымен" деген сөздің алдынан "еңбек" деген сөзбен толықтырылсын.

      52. "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 14, 119-құжат; 2004 ж., N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 24-құжат; N 14, 58-құжат; N 23, 104-құжат; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 4, 28-құжат):

      54-баптың 5-тармағының екінші бөлігіндегі "жеке" деген сөз алып тасталсын.

      53. "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 15, 88-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 23, 141-құжат; N 24, 148-құжат):

      1) 36-баптың 2-тармағының 2-тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарында" деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 37-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Кеме экипажының мүшелерімен еңбек шартын жасасу тәртібі, олардың құқықтары мен міндеттері, еңбек және ақы төлеу шарттары, сондай-ақ олармен еңбек шартын тоқтатудың тәртібі мен негіздері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен және осы Заңмен айқындалады.";

      3-тармақтың 1) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 38-бапта:
      1-тармақта:
      3) тармақшадағы "Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) тармақшадағы "жеке" деген сөз алып тасталсын;

      2-тармақтағы "жеке" деген сөз алып тасталсын.

      54. "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 18, 105-құжат):

      16-баптағы "Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына" деген сөздермен ауыстырылсын.

      55. "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., N 1-2, 1-құжат):

      20-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының еңбек және мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына" деген сөздермен ауыстырылсын.

      56. "Әскери полиция органдары туралы" 2005 жылғы 21 ақпандағы Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., N 5, 4-құжат):

      13-баптың 4-тармағындағы "Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасымен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен" деген сөздермен ауыстырылсын.

      57. "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., N 14, 60-құжат):

      1) 5-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет және еңбек туралы заңнамасына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 26-баптың 2-тармағындағы "өтемақы" деген сөз "өтемақы төлемдері" деген сөздермен ауыстырылсын.

       2-бап . Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті