Банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы мәліметтер нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 625 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 22 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5502 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 119 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 02.02.2018 № 119 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейінгі күнтізбелік он күн ішінде қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 08.07.2016 № 360 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 581-бабы 12) және 12-1) тарамақшаларына, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы

      31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 6-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 08.07.2016 № 360 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы мәліметтер нысаны;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, тексерілетін жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтер нысаны;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      3) тармақша 01.01.2026 дейін қолданылады - ҚР Қаржы министрінің м.а. 08.07.2016 № 360 бұйрығымен.

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы туралы, активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынуға міндетті жеке тұлғаларға берілген кредиттер туралы мәліметтер бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 08.07.2016 № 360 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1-1. Мыналар:

      1) сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, тексерілетін жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтердің нысаны, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады;

      2) сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы туралы, активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынуға міндетті жеке тұлғаларға берілген кредиттер туралы мәліметтердің нысаны, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.

      Ескерту. Бұйрық 1-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 31.03.2017 № 213 бұйрығымен.

      2. Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар сұрау салуды жолдаған мемлекеттік кірістер органына сұрау салуды алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген нысан бойынша мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 31.03.2015 № 242 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. "Әрекетсiз заңды тұлғаға қатысты мәлiметтердi беру үшiн банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға сұрау салуды жiберу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2005 жылғы 26 қыркүйектегі N 433 Бұйрығының күші жойылды деп тану (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3900 болып тіркелген, 2005 жылдың 22 желтоқсанында N 239(973) "Юридическая газета" газетінде жарияланған).

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ерғожин Д.Е.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

      5. Осы бұйрық 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа еңгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы Министрі Б. Жәмішев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы нарығын және қаржы

      ұйымдарын реттеу мен қадағалау

      агентігінің Төрайымы

      Е.Л. Бахмутова ______________

      2008 жылғы 29 желтоқсан



  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2008 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 625 бұйрығына
1-қосымша

      Нысан

Банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы 20__ жылғы "__"_____ бастап 20__ жылғы "__"_____аралығындағы кезең үшін мәліметтер

      Ескерту. Нысан жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 08.07.2016 № 360 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

р/с №

Салық төлеуші ЖСН/БСН

Банктің, банк шоттары ашылған оның құрылымдық бөлімшелерінің деректемелері атауы

Банк шотының түрі

Шот валютасы

Шот нөмірі атауы

Кезеңнің басындағы банк шотындағыақша қалдығы

Салық төлеушінің банк шоттарындағы ақшаның қозғалысы

Кезеңнің соңындағы банк шотындағы ақша қалдығы

Банк шотына ақшаның түсуі

Банк шотынан ақшаның аударылуы

Күні

Төлем сомасы

Ақшаны жөнелтушi

Ақша жіберуші банк деректемелері

Төлемнің мақсаты

Күні

Төлем сомасы

Бенефициар

Бенефициар банктің деректемелері

Төлемнің мақсаты

(БСН/ЖСН)

атауы

(БСН/ЖСН)

БЖК

атауы

(БСН/ЖСН)

атауы

(БСН/ЖСН)

БЖК

атауы

(БСН/ЖСН)

атауы

(БСН/ЖСН)

БЖК

атауы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

      *Мәліметтер "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 581-бабы 12) тармақшасына сәйкес ұсынылады.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2008 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 625 бұйрығына
2-қосымша

      Нысан

20__ жылғы "__"_____ бастап 20__ жылғы "__"_____ аралығындағы кезең үшін сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, тексерілетін жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтер*

      Ескерту. Бұйрық 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің м.а. 08.07.2016 № 360 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

р/с №

Жеке тұлға

Кредит берілген банктің, оның құрылымдық бөлімшелерінің деректемелері

Кредит берілген күні

Кредит берілу туралы келісім шарттын нөмірі **

Шот нөмірі

Шот валютасы

Берілген кредит сомасы

Кезең басындағыкредит сомасының қалдығы ***

Негізгі қарыздың төлеген сомасы

Төленген сыйақы сомасы

Кезең соңындағы кредит сомасының қалдығы ****

Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)

Тегі, аты, әкесінін аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)

Бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН)

БЖК

атауы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15
















      *Мәліметтер "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 581-бабы 12) тармақшасына сәйкес тексерілетін жеке тұлғалар бөлігінде бөлек ұсынылады.

      **Мәліметтер шарттар бөлігінде бөлек ұсынылады.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2008 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 625 бұйрығына
3-қосымша

      Нысан

20__ жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары туралы, сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынуға міндетті жеке тұлғаларға берілген кредиттер туралы мәліметтер*

      Ескерту. Бұйрық 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің м.а. 08.07.2016 № 360 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Жеке тұлға

Банктің, банк шоттары ашылған оның құрылымдық бөлімшелерінің деректемелері атауы

Банк шотының түрі

Шот валютасы

Шот нөмірі

Кезең соңындағы банк шотындағы ақша қалдығы

Кредит берілген банктің, оның құрылымдық бөлімшелерінің деректемелері

Кредит берілген күні

Кредит берілу туралы келісім шарттын нөмірі **

Шот нөмірі

Кредитвалютасы

Берілген кредит сомасы

Төленген негізгі қарыздың сомасы

Төлеген сыйақы сомасы

Кезең соңындағы кредит сомасының қалдығы ****

Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)

Тегі, аты, әкесінін аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)

Бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН)

БЖК

атауы

Бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН)

БЖК

атауы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21






















      *Мәліметтер "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 6-2 тармағына сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынуға міндетті жеке тұлғалар бөлігінде бөлек ұсынылады.

      ** Мәліметтер шарттар бөлігінде бөлек ұсынылады.

      Ескертпе: Осы қосымшаны толтыру кезінде 9 және 19-бағандарда мемлекеттік кірістер органдарының сұрау салуында көрсетілген күнгі сома қалдығы көрсетіледі.