Мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды мемлекеттік материалдық резервтер бойынша уәкілетті мемлекеттік орган жазып берген шығаруға құжаттардың тізілімін беру ережесін, нысаны мен мерзімін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 12 желтоқсандағы N 595 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 29 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5425 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 686 бұйрығымен

      Нормативтік қаулыны "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы заңының талаптарына сәйкестендіру қажеттілігіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

қаулы етеді:

      1. "Сот тәжiрибесiнде азаматтардың және заңды тұлғалардың ар-намысы мен абыройын және iскерлiк беделдiлiгiн қорғау жөнiндегi заңдылықты қолдану туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы N 6 нормативтік қаулысына (1998 жылғы 15 мамырдағы және 2004 жылғы 18 маусымдағы өзгерістерімен бірге) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      бүкіл мәтін бойынша "ҚР" деген сөздер алып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының Төрағасы                             Қ. Мәми

      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының судьясы,
      жалпы отырыс хатшысы                              Ж. Бәйішев