Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін есепке алу-бақылау таңбаларымен және акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1349 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2015 жылғы 23 шілдедегі № 573 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 10.08.2015 № 636 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қолдану үшін қажетті рейтингтік ұйымдардың (рейтингтердің тиісті мәнін көрсете отырып), қор және тауар биржаларының, аудиторлық ұйымдардың тізбелері, сондай-ақ олардың ұсынатын құжаттарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы N 1292 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 48, 594-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      атауындағы және 1-тармақтағы "рейтингтік ұйымдардың (рейтингтердің тиісті мәнін көрсете отырып)," деген сөздер алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қолдану үшін қажетті рейтингтік ұйымдардың (рейтингтердің тиісті мәнін көрсете отырып), қор және тауар биржаларының, аудиторлық ұйымдардың тізбелерінде, сондай-ақ олардың ұсынатын құжаттарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарда:
      атауындағы "рейтингтік ұйымдардың (рейтингтердің тиісті мәнін көрсете отырып)," деген сөздер алынып тасталсын;
      1 және 5-тармақтар алынып тасталсын;
      2-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      "Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының арнаулы сауда алаңы ретінде анықталған қор биржасы;";
      3-тармақ мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:
      "Еуразиялық сауда жүйесі" тауар биржасы" акционерлік қоғамы.".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов