Бухгалтерлік есепті жүргізу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің 2007 жылғы 22 маусымдағы N 221 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2007 жылғы 11 шілдеде нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4802 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 ақпандағы № 104 бұйрығымен

      "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы  Заңына ,»"Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы"» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225  қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотының»"Павлодарэнергосервис"» акционерлік қоғамының пайдасына шығарылған 2003 жылғы 4 қарашадағы шешімін орындау үшін 2007 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Үкіметінің соттар шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға көзделген резервінен 122200569,82 теңге (бір жүз жиырма екі миллион екі жүз мың бес жүз алпыс тоғыз теңге сексен екі тиын) бөлінсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі