Тәуекел көрсеткіштерін, тәуекелдерді айқындау өлшемдерін және салық төлеушілерді тәуекел санаттарына жатқызу өлшемдерін айқындау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы N 645 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 15 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 5488 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2009 жылғы 25 қарашадағы № 514 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 25.07.2013 № 365 бұйрығымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 557-бап 3-тармақтың 3)-тармақшасына сәйкес, атқарушылық іс жүргізу органдары және салық қызмет органдарының өзара тиімді іс-әрекет жасау мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қосаберілген Салық қызметі органдарының және атқарушылық іс жүргізу органдары өзара іс-әрекет жасау ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Салық комитеті (Д.Е.Ерғожин) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамсыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді және 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

       Қазақстан Республикасы           Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрі                   Жоғарғы Соты жанындағы
                                       Соттық әкімшіліктендіру
                                       комитетінің
                                       Төрағасы
      _____________ Б.Б. Жәмішев       ___________ И.К. Елекеев
      2008 ж. 30 желтоқсан N 631        2008 ж. 30 желтоқсан N 823

Қазақстан Республикасы     
Қаржы министрінің       
2008 ж. 30 желтоқсандағы N 631
және Қазақстан Республикасы  
Жоғарғы Соты жанындағы     
Соттық әкімшіліктендіру комитеті
Төрағасының          
2008 ж. 30 желтоқсандағы N 823
бірлескен бұйрығымен     
Бекітілген          

Салық қызметі органдарының және атқарушылық іс жүргізу
органдары өзара іс-әрекет жасау ережесі

      1. Осы Ереже "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі), "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, салық қызмет органдарының және атқарушылық іс жүргізу органдары өзара іс-әрекет жасау тәртібін белгілейді.
      2. Атқарушылық іс жүргізу органдары сот санкциясы бар атқарушы құжаттарды орындаунда, ал сот санкциясы жоқ заңды күшіне енген сот актілері негізінде жазылған атқарушы құжаттар бойынша, салық төлеуші туралы салық қызметі органдарына мынадай мәліметтерді алуі туралы сұрау салу жібереді:
      1) жеке тұлғалар бойынша:
      салық төлеушінің тіркеу нөмірі, сәйкестендіру нөмірі (бар болса);
      тұрғылықты жері;
      заңды тұлғаның құрылтайшысы, басшысы ретінде тіркеуі;
      2) жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалар бойынша:
      толық атауы;
      салық төлеушінің тіркеу нөмірі, сәйкестендіру нөмірі (бар болса);
      заңды мекен-жайы;
      құрылтайшылары, басшылары;
      банк шоттары;
      банктік деректемелері;
      салық төлеуші мәртебесі туралы ақпарат (әрекет етеді, әрекет етпейді).
      3. Салық қызметі органдары атқарушылық іс жүргізу органдарының сұрау салуын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте орындалуы тиіс.
      Сұрау салуға және жауапқа уәкілетті органдардың бірінші басшысы немесе оны алмастыратын тұлға, аумақтық органдарда бастық немесе оны алмастыратын тұлға қол қояды.
      4. 2-тармақта көзделген ақпарат алмасу электронды түрде және (немесе) қағаз тасығышта жүргізіледі.