Қазақстан Республикасының радиожиілiк спектрiн пайдаланудың кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 21 тамыз N 932. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 860 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 860 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да міндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне (Салық кодексi) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:

      1. Қоса берiліп отырған:

      1) Ескерту 1) тармақшасы алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.01.19. N 19 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен;

      1-1) Радиожиiлiк спектрiн пайдалана отырып, байланыс саласындағы қызметтердi көрсету жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырғаны үшiн төленетiн бiр жолғы төлем мөлшерiн белгiлеу ережесi; <*>

      2) Ескерту 2) тармақшасы алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.01.19. N 19 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен;
      3) Ескерту 3) тармақшасы алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.01.19. N 19 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен;
      4) Ескерту 4) тармақшасы алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.01.19. N 19 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.10.01. N 1016 , 2009.01.19. N 19 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулыларымен .

      2. "Қазақстан Республикасының радиожиілік ресурсын (спектрiн) пайдалану үшін республикалық бюджетке ақы төлеу ережесiн және ставкаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2001 жылғы 15 маусымдағы N 825 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 23, 235-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 21 тамыздағы
N 932 қаулысымен
бекiтiлген

Теледидар және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат беру ережесi

      Ескерту Ереже алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.01.19. N 19 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2002 жылғы 21 шілдедегі
N 932 қаулысымен
бекітілген

Радиожиiлiк спектрiн пайдалана отырып, байланыс
саласындағы қызметтердi көрсету жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырғаны үшiн төленетiн бір жолғы төлем мөлшерiн белгілеу ережесi

      Ескерту. Ережемен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.01. N 1016 қаулысымен .

      1. Радиожиілiк спектрiн пайдалана отырып, байланыс саласындағы қызметтердi көрсету жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырғаны үшiн бiр жолғы төлем (бұдан әрi - бiр жолғы төлем) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес байланыс саласындағы уәкілеттi орган өткiзетiн конкурс (аукцион) қорытындылары бойынша анықталады.

      2. Радиожиілiк спектрiнiң номиналдары (белдеулерi, диапазондары) (бұдан әрi - радиожиілiк спектрiнiң номиналдары) үшін бастапқы бағаны конкурс (аукцион) өткiзу жөнiндегi комиссия анықтайды, бiрақ Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн радиобайланыстың тиiстi түрiнiң радиожиілiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төленетін төлемнiң жылдық ставкасынан кем болмауы керек.

      3. Конкурс өткiзiлетiн жағдайда бiр жолғы төлем бастапқы бағаны құрайды.

      4. Аукцион өткiзiлген кезде бiр жолғы төлемнiң мөлшерi байланыс саласындағы уәкілеттi орган бөлген, радиожиiлiк спектрiнiң номиналдарына қатысушы ұсынған неғұрлым жоғары баға негiзiнде анықталады.

      5. Бiр жолғы төлемдi конкурс (аукцион) жеңiмпазы қорытынды шешiм шығарылғаннан кейiн он күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей салық төлеушiнiң тiркеу есебiнiң орны бойынша мемлекеттік бюджетке төлейдi.

      Қазақстан Республикасы Yкiметiнің

      2002 жылғы 21 тамыздағы

      N 932 қаулысымен

      бекiтілген

      Радиожиiлік спектрін пайдаланғаны үшін

      ақы төлеудің жылдық ставкалары

      Ескерту. Жылдық ставкасы алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.01.19. N 19 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 21 тамыздағы
N 932 қаулысымен
бекiтiлген

      Теледидар және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік

      спектрiн пайдалануға рұқсат бергенi үшiн алынатын алым ставкалары

      Ескерту. Алым ставкасы алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.01.19. N 19 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 21 тамыздағы
N 932 қаулысымен
бекiтiлген

      Радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиiлiктi

      құрылғыларды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алынатын алым ставкалары

      Ескерту. Алым ставкасы алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.01.19. N 19 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.