Міндетті зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған (қоса есептелген) және аударылған сомалары, әлеуметтік аударымдардың есептелген және аударылған сомалары бойынша есепті тапсыру нысаны мен Ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 603 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 29 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5428 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 21 бұйрығымен

      "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы Заңына , "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың атынан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының құрметіне ресми қабылдау кезінде концерттік бағдарлама өткізуге 2008 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 13741256 (он үш миллион жеті жүз қырық бір мың екі жүз елу алты) теңге бөлінсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов