Агенттiң кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы әкімінің нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы N 38 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 20 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5559 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 28 желтоқсандағы № 588 бұйрығымен

       Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 28.12.2013 № 588 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудiң) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Агенттiң кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы өкімінің нысаны бекітілсін.
      2. "Міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешекті өтеу есебіне қолма-қол ақшаны алып қою туралы акті нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2005 жылғы 27 шілдедегі № 344 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3814 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде 2005 жылы қазанда № 19, 160-қ. жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ерғожин Д.Е.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді және 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Министр                                    Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы  
Қаржы министрiнiң    
2009 жылғы 30 қаңтардағы
№ 38 бұйрығымен бекітілген

Агенттiң кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкімі

"___"_____________20__ж.                                      №____
      (жазба күнi)

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-4-бабы 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудiң) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесіне сәйкес ___________________________________________________
                              (салық органының атауы)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
         (агенттің аты-жөні, атауы, СТН, сәйкестендіру нөмірі
____________________________________________________________________
                (ЖСН/БСН) (болған жағдайда), мекен-жайы)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
кассасы бойынша барлық шығыс операцияларын (жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешектерді өтеу операцияларын қоспағанда) тоқтата тұрады
      Агент осы өкімді алған сәттен бастап келіп түскен қолма-қол ақшаның барлығын келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жинақтаушы зейнетақы қорына аударуға тиіс.
      Агенттің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру кейіннен оларды салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектерді өтеу үшін банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға ақша өткізу бойынша операциялардан басқа кассадағы қолма-қол ақша шығыс операцияларының барлығына қолданылады.
      Салық қызметі органдарының және олардың лауазымды тұлғаларыныңзаңды талаптары орындалмаған жағдайда, Сізге Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жазаларға тарту шаралары қолданылады.
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Сіз салық қызметі органдарының лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) салық қызметінің жоғары тұрған органына немесе сотқа шағымдануға құқылысыз.

Салық органының Басшысы
(Басшысының орынбасары)______________________________________________
                                   (аты-жөні, қолы, мөрі)

Өкімді алды _________________________________________________________
                      (агенттің аты-жөні, қолы (мөрі), күні)

Өкім агентке
тапсырылды  _________________________________________________________
             (салық органы лауазымды тұлғасының аты-жөні, қолы, күні)

Өкім агентке
жіберілді   _________________________________________________________
             (салық органы лауазымды тұлғасының аты-жөні, қолы, күні)