Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы

Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі N 1488-ХІІ Заңы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 288-VІ Заңымен

      Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР 26.12.2019 № 288-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
     

     

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.07.21 N 307 Заңымен.
      Ескерту. Мәтiнде "бөлiм" деген сөздiң алдындағы "I - IX" деген цифрлар тиiсiнше "1 - 9" деген цифрлармен ауыстырылды - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша: "бөлім" деген сөз "-тарау"; "тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның", "тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган", "тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органды", "тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен", "тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға", "Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның", "Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздер тиісінше "уәкілетті органның", "уәкілетті орган", "уәкілетті органды", "уәкілетті органмен", "уәкілетті органға", "Уәкілетті органның", "Уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2007.07.21 N 307 Заңымен.
      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)", "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздер тиісінше "облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың", "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 28.10.2015 № 368-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Осы Заң тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мақсаттарды, міндеттер мен құқықтық негіздерді айқындайды.

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР 2007.07.21 N 307 Заңымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңдары

      Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

      Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2007.07.21 N 307 Заңдарымен.

2-бап. Осы Заңның мақсаты

      Осы Заңның мақсаты:

      1) тарихи-мәдени мұра объектілерін, оларды қорғауды және пайдалануды айқындау;

      2) тарихи-мәдени мұра объектілеріне тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесін бекіту;

      3) жеке және заңды тұлғалардың тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау саласындағы құқықтары мен міндеттерін регламенттеу;

      4) мемлекеттік органдардың тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау саласындағы құзыретінің аражігін ажырату;

      5) тарихи-мәдени мұра объектілеріне залал келтіргені үшін жауапкершілік шараларын белгілеу болып табылады.

      Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.07.21 N 307 Заңымен.

3-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) алдын-ала есепке алу тізімі - тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесін беру мақсатында анықталған тарихи-мәдени мұра объектілерінің тізімі;

      2) ансамбльдер - оқшауландырылған немесе біріктірілген ескерткіштердің, фортификация, сарай, тұрғын үй, қоғам, әкімшілік, сауда, өндіріс, ғылым, оқу мақсатындағы құрылғылар мен құрылыстардың, сондай-ақ діни мақсаттағы ескерткіштер мен құрылыстардың топтары, оның ішінде тарихи қалыптасқан аумақтарда оқшауланған қоныстардың тарихи жоспарлануы мен құрылысының фрагменттері;

      3) археология ескерткіштері - тұрақтар, қалашықтар, қорғандар, ежелгі қоныстардың, бекіністердің, өндірістердің, арналардың, жолдардың қалдықтары, ежелгі қорымдар, тас мүсіндер, жартастағы бейнелер мен жазбалар, ежелгі елді мекендердің тарихи мәдени қабатының учаскелері және ежелгі адамның өмірі мен қызметінің іздері бар өзге де орындар;

      4) қала құрылысы мен сәулет ескерткіштері - сәулет ансамбльдері мен кешендері, тарихи орталықтар, орамдар, алаңдар, көшелер, қалалар мен басқа да елді мекендердің ежелгі жоспарлануы мен құрылысының қалдықтары; азаматтық, тұрғын үй, өнеркәсіптік, әскери, ғибадат ету сәулетінің, халық сәулетшілігінің құрылыстары, сондай-ақ олармен байланысты монументтік, сәндік-қолданбалы және бақ-саяжай өнерінің туындылары, табиғат ландшафты;

      5) қорғау міндеттемесі - тарих және мәдениет ескерткішінің осы құжатты ресімдеу кезіндегі жай-күйі және меншік иесінің немесе пайдаланушының тарих және мәдениет ескерткішін күтіп-ұстау шарттары тіркелетін құжат;

      5-1) мемориалдық тақта – ғимараттар мен құрылыстардың қасбетіне орналастырылатын, аса көрнекті тұлғалар және айрықша оқиғалар туралы ақпаратты қамтитын мәрмәрдан, граниттен, металдан немесе басқа да материалдардан жасалған тақта;

      5-2) монументті өнердің жаңа құрылыстары – аса көрнекті тұлғаларды, маңызды тарихи оқиғаларды мәңгі есте қалдыру үшін орнатылатын монументті өнер туындылары (ескерткіштер, стелалар, бюсттер);

      5-3) музей-қорық – тарихи-мәдени мұра объектілерін және мәдени құндылықтарды сақтау, зерделеу және көпшілікке көрсету үшін құрылған мәдениет ұйымы;

      6) тарих және мәдениет ескерткіштері - Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген, халықтың өткен тарихымен, қоғам мен мемлекеттің дамуымен байланысты, адам жасаған немесе адам мен табиғаттың бірлескен туындысы болып табылатын жекелеген кесендер, ғимараттар, құрылыстар мен ансамбльдер, тарихи-мәдени ландшафттар және басқа да көрікті жерлер;

      7) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі археологиялық жұмыстар - археология ескерткіштеріне археологиялық қазба, барлау және сараптамалар жасау жолымен дала зерттеулерін жүргізу;

      8) алып тасталды - ҚР 05.05.2017 № 60-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      9) тарих және мәдениет ескерткішін пайдаланушы - осы Заңға сәйкес тарих және мәдениет ескерткіштерін оның меншік иесімен жасалған шарт негізінде пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға;

      10) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстары - тарих және мәдениет ескерткіштерінде жүргізілетін археологиялық жұмыстарды қоспағанда, өндірістік, ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарының барлық түрлері;

      11) тарихи-мәдени мұра объектілері - тарихи оқиғалар нәтижесінде пайда болған, тарих, археология, сәулет, қала құрылысы, өнер, ғылым мен техника, эстетика, этнология немесе антропология, әлеуметтік мәдениет тұрғысынан құнды болып табылатын, олармен байланысты бейнелеу, мүсін, қолданбалы өнер, ғылым мен техника туындылары және материалдық мәдениеттің өзге де заттары бар жылжымайтын мүлік объектілері;

      12) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган (уәкілетті орган) - тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      13) тарихи-мәдени сараптама - тарихи-мәдени мұра объектісінің тарихи-мәдени маңызын және сақталу дәрежесін белгілеуге бағытталған ұйымдастырушылық, талдау және практикалық іс-шаралардың жиынтығын қамтитын қорытынды;

      14) тарихи-сәулет тірек жоспары - тарихи, ғылыми, көркемдік және мәдени құндылық болып табылатын тарих пен мәдениет ескерткіштерінің және жаңадан анықталған объектілердің орналасуын тіркейтін құжат.

      Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.07.21 N 307 Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2015 № 368-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.05.2017 № 60-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

4-бап. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің түрлері, оларды қорғау және пайдалану

      1. Тарих және мәдениет ескерткіштері мынадай түрлерге бөлінеді:

      1) қала құрылысы және сәулет ескерткіштері;

      2) археология ескерткіштері;

      3) ансамбльдер.

      2. Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және пайдалану:

      1) тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтауға, зерттеуге және насихаттауға;

      2) тарихи-мәдени мұра объектілеріне тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесін бекітуге;

      3) жоюдан, тағылық актілерінен, өңін айналдырудан, жалған дәріптеуден, бұрмалаудан, орынсыз өзгерістер енгізуден, тарихи түпмәтіннен үзіп тастаудан қорғауды қамтамасыз етуге;

      4) археологиялық және ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу жолымен қайта түлетуге және сақтауға;

      5) олардың сақталуы қамтамасыз етілетін нормаларға сәйкес күтіп-ұсталуына;

      6) этномәдени ортаны қайта түлету процесінде, сондай-ақ ғылыми және тәрбиелік мақсаттарда пайдалануға бағытталған шаралар жүйесін қамтиды.

      Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.07.21 N 307 Заңымен.

5-бап. Тарихи-мәдени мұра объектiлерiнiң мәртебесi

      Тарихи-мәдени мұра объектiлерi тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесiн осы Заңда белгiленген тәртiппен өздерi тарих және мәдениет ескерткіші деп танылған кезден бастап иеленедi.

      Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгiзу туралы шешiм қабылдау үшiн құжаттар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен ұсынылады.

      Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн тарих және мәдениет ескерткiштерi деп тану оларды мiндеттi түрде ресми жариялануға тиiстi халықаралық, республикалық және жергiлiктi маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінде бекiту арқылы баянды етiледi. Археология ескерткіштері олар анықталған кезден бастап тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесін алады.

      Қазақстан Республикасындағы тарих және мәдениет ескерткiштерi, осы Заңда көзделген тәртiппен мiндеттi түрде қорғалуға және сақталуға жатады, оларды пайдаланудың, оларды меншiктену құқығын өзгертудiң және оларды мәртебеден айырудың ерекше құқықтық режимi болады.

      Тарих және мәдениет ескерткiшiн мәртебесiнен айыруға және Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығарып тастауға объект толық түгел жойылған және (немесе) тарихи-мәдени мәнін жоғалтқан жағдайда ғана жол беріледі.

      Жаңадан анықталған тарихи-мәдени мұра объектілері алдын ала есепке алу тізіміне енгізіледі және олар өздерінің мәртебесi туралы түпкiлiктi шешiм қабылданғанға дейiн, осы Заңға сәйкес тарих және мәдениет ескерткiштерiмен бiрдей қорғалуы тиiс.

      Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - ҚР 2004.12.20 N 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.07.21 N 307; 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

6-бап. Тарихи-мәдени мұра объектілерінің түрлері

      Ескерту. 6-бап алынып тасталды - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

7-бап. Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау, сақтау және пайдалану жөніндегі құзыреті

      Қазақстан Республикасы тиісті мемлекеттік органдардың атынан тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғауды, сақтауды және пайдалануды қамтамасыз етеді.

      Халықаралық шарттарға сәйкес:

      1) Қазақстан Республикасының меншігі болып табылатын, бірақ басқа мемлекеттердің аумақтарында орналасқан;

      2) басқа мемлекеттердің меншігі болып табылатын, бірақ Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан;

      3) басқа мемлекеттердің меншігі болып табылатын, солардың аумақтарында орналасқан, бірақ тарихи тұрғыдан Қазақстан Республикасымен байланысты тарихи және мәдени ескерткіштер де қорғалуға, сақталуға және пайдаланылуға жатады.

      Қазақстан Республикасы өзінен тыс жерде орналасқан және Қазақстан халқының тарихи-мәдени игілігі деп танылған тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау, есепке алуды ұйымдастыру, сақтау және тарихи отанына қайтару жөнінде шаралар қолданады.

      Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.07.21 N 307 Заңымен.

2-тарау. Тарихи-мәдени мұра объектілеріне меншік
құқығын жүзеге асырудың ерекшеліктері

8-бап. Меншік қатынастарын реттеу

      Тарих және мәдениет ескерткіштеріне меншік қатынастары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен реттеледі. Тарих және мәдениет ескерткіштеріне меншік құқығын жүзеге асырудың ерекшеліктері осы заңмен белгіленеді.

      Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2007.07.21 N 307 Заңдарымен.

9-бап. Меншік құқығының объектілері

      Осы Заңда белгіленген тәртіппен тарих және мәдениет ескерткіштері деп танылған тарихи-мәдени мұра объектілері тарих және мәдениет ескерткіштеріне меншік құқығының объектілері болып табылады.

      Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.07.21 N 307 Заңымен.

10-бап. Меншік құқығының субъектілері

      Қазақстан Республикасы, жеке және заңды тұлғалар тарихи-мәдени мұра объектілеріне меншік құқығының субъектілері болып табылады.

      Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.07.21 N 307 Заңымен.

11-бап. Тарих және мәдениет ескерткіштеріне мемлекеттік меншік

      Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және басқа субъектілерге тиесілі емес тарих және мәдениет ескерткіштері Қазақстан Республикасының ерекше меншігі болып табылады.

      Қазақстан Республикасы қазақ халқының және Қазақстан Республикасында тұратын басқа да халықтардың тарихи-мәдени мұрасын құрайтын тарихи-мәдени құндылығы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне меншік құқығын олардың меншік иелерімен жасалған шарттар бойынша сатып алуы мүмкін.

      Қазақстан Республикасы атынан халықаралық және республикалық маңызы бар ескерткіштерге меншік иесі өкілеттігін тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган, ал жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiне - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары жүзеге асырады.

      Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2007.07.21 N 307 Заңдарымен.

12-бап. Меншік субъектілерінің құқықтары

      Меншік иесіне тарих және мәдениет ескерткіштеріне өз бетімен құрту құқығын қоспағанда, меншік иесінің оларды меншік объектілері ретінде иеленуге, пайдалануға және оларға билік етуге құқығы бар.

      Меншігінде тарих және мәдениет ескерткіші бар азамат, егер меншік объектісі өзіне мұрагерлік құқығы арқылы тиесілі болса және шығу тегі немесе мазмұны жағынан мұра етіп қалдырған адамның жеке басымен немесе меншік иесінің ата-бабасымен байланысты болса, ол ескерткіштің мазмұнын елу жыл мерзiмге дейiн жария етпеуді немесе зерттеу мен жария көрсетуге жол бермеуді талап етуге қақылы.

      Меншік иесі тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалану және іске қосу нәтижесінде пайда табуға (табыс алуға) құқылы, бұл құқық оларды қорғау жөніндегі міндеттемелермен шектеледі.

      Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2007.07.21 № 307 Заңдарымен.

13-бап. Меншік иелерінің міндеттері

      Тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң меншiк иелерi оларды сақтау жөнiндегi қызметтi жүзеге асырады және:

      1) тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң сақталуын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдануға;

      2) алынып тасталды - ҚР 2007.07.21 № 307 Заңымен.

      3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарын меншік құқықтарының болуы мүмкін немесе болған өзгерістері туралы хабардар етуге;

      4) алынып тасталды - ҚР 2007.07.21 № 307 Заңымен.

      5) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуді уәкілетті органмен келісуге;

      5-1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы хабарлама жіберуге;

      6) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен жасалған арнайы шарттарда белгіленген тәртіп пен шекте тарих және мәдениет ескерткiшiне ғылыми, мәдени және өзге де мақсаттарда қол жеткiзудi қамтамасыз етуге мiндеттi.

      Тарихи және мәдени ескерткіштердің меншік иелері мен оларды пайдаланушылардың міндеттемелері облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары беретін қорғау міндеттемесінде тіркеледі.

      Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген міндеттемелер тарихи және мәдени ескерткіштерді пайдаланушыларға да бірдей дәрежеде қатысты.

      Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда - ҚР 2004.12.20 N 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.07.21 N 307; 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

14-бап. Күтімсіз ұсталатын тарих және мәдениет ескерткіштерін алып қою

      Тарих және мәдениет ескерткіштерінің меншік иесі осы ескерткіштерді күтіп ұстамай, бұл олардың өз маңызын жоғалту қаупін төндіретін жағдайларда, мемлекет мұндай ескерткіштерді меншік иесінен сот шешімі бойынша сатып алу арқылы алып қояды немесе олар, осы бапта көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, жария сауда-саттықта сатылады.

      Меншік иесінен жеке меншігіндегі оның тұрғын үйі немесе тұрғын жайы болып табылатын тарих және мәдениет ескерткішін алып қою оған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзге тұрғын жай берілмей және шарт бойынша тиісті өтемақы төленбей жүзеге асырылмайды.

      Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

15-бап. Ескерткішке меншік құқығын сатып алу кезіндегі артықшылықтар

      Жалпы үлестік меншіктегі тарих және мәдениет ескерткішінің бір бөлігінің меншік иелерінде осы ескерткіштің басқа бөліктерін меншігіне сатып алуға артықшылық құқығы бар.

      Тарих және мәдениет ескерткішінің басқа бөліктерін сатып алудың осы баптың бірінші тармағында көзделген артықшылық құқығы сатып алушы меншігінің ескерткіш мәртебесі болмаған ретте де қолданылады.

      Тарих және мәдениет ескерткіштерін жария сатқан кезде, осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде айтылған реттерді қоспағанда, мемлекеттің оларды нарық (аукцион) бағасы бойынша артықшылықпен сатып алуға құқығы бар.

      Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.07.21 N 307 Заңымен.

3-тарау. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау саласындағы
мемлекеттік басқару

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР 2007.07.21 N 307 Заңымен.

16-бап. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау, сақтау және пайдалану саласындағы лауазымды адамдар және мемлекеттік басқару органдарының жүйесі

      Қазақстан Республикасындағы тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау, сақтау және пайдалану саласындағы мемлекеттiк басқаруды:

      1) Қазақстан Республикасының Президенті;

      2) Қазақстан Республикасының Үкіметі;

      3) уәкiлеттi орган;

      4) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары жүзеге асырады.

      Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

17-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы құзыреті

      Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;

      2) уәкілетті орган туралы ережені бекітеді;

      3) Ұлттық пантеон туралы ережені әзірлейді және бекітеді;

      4) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

      Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

18-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының құзыретi

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары:

      1) тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтауды, есепке алуды, қорғауды, пайдалануды және тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді;

      2) алынып тасталды - ҚР 2007.07.21 N 307 Заңымен.

      3) тиiстi аумақтардың экономикалық және әлеуметтiк даму жоспарларында жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін есепке алуды, қорғауды және оларда ғылыми-реставрациялау жұмыстарын ұйымдастыру жөнiндегi iс-шараларды көздейдi;

      4) мемлекет меншігі болып табылатын, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру туралы мәселені шешеді;

      5) алынып тасталды - ҚР 2007.07.21 N 307 Заңымен.

      6) уәкiлеттi органмен келiсе отырып, қалаларды және басқа да елдi мекендердi жоспарлау, салу және қайта құру жобаларын әзiрлеу және бекiту кезiнде барлық санаттағы тарих және мәдениет ескерткiштерiн анықтау, зерделеу, сақтау жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын, тарихи-сәулет тiрек жоспарларын және карта-схемаларды жасауды қамтамасыз етедi;

      7) тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау мiндеттемелерiн ресiмдейдi және оларды меншiк иелерi мен пайдаланушылардың орындауын бақылайды;

      8) Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау және пайдалану туралы заңдарын бұзған жеке және заңды тұлғаларды жауапкершiлiкке тарту туралы өтiнiш жасайды;

      9) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi өкiлдi органына тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау жөнiнде комиссиялар құру туралы ұсыныстар енгізедi;

      10) тарихи-мәдени мұра объектiлерiн анықтау, есепке алу, қорғау жөнiнде жұмыс жүргiзедi;

      10-1) монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату жөніндегі жұмысты жүргізеді;

      10-2) мемориалдық тақта орнату жөніндегі жұмысты жүргізеді;

      11) тарих және мәдениет ескерткiштерi мен оларды қорғау аймақтары бойынша жұмыстардың барлық түрлерiне ғылыми-жобалық құжаттаманы, жоспарлау, салу және қайта жөндеу жобаларын қарайды және келiседi;

      12) мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсе отырып, тарих және мәдениет ескерткiштерi мен тарих және мәдениет ескерткiштерiмен байланысты қоршаған орта объектiлерiн қорғау мен пайдалануды жүзеге асырады;

      13) тиісті аумақтарда жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің пайдаланылу және күтіп-ұстау тәртібін, сондай-ақ оларда археологиялық және ғылыми-реставрациялау жұмыстарының орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      14) тарих және мәдениет ескерткіштерінің меншік иелеріне және пайдаланушыларына олардың осы Заңды бұзғаны туралы нұсқамалар береді;

      15) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негіздерде және тәртіппен әкімшілік ықпал етудің өзге де шараларын қолданады;

      16) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

      17) тарихи-мәдени мұра объектiлерiн жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерi деп таниды және тарихи-мәдени сараптама қорытындысының негізінде жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне қосады;

      18) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішін мәртебесінен айырады және тарихи-мәдени сараптама қорытындысының және осы Заңның 5-бабының бесінші бөлігі талаптарының негізінде жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығарып тастайды.

      Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары өз аумағында:

      1) жеке және заңды тұлғалардың тарих және мәдениет ескерткiштерiн қамқорлыққа алуын ұйымдастыруға жәрдемдеседi;

      2) жұртшылықты тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау және насихаттау жөнiнде iс-шараларды жүргiзуге тартады;

      3) Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы заңдарының сақталуын қамтамасыз етедi;

      4) уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша, тарих және мәдениет ескерткiштерiне қауiп төндiретiн құрылыс және өзге де жұмыстарды тоқтата тұру, сондай-ақ оларға тыйым салу туралы мәселенi шешедi;

      5) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарына немесе уәкiлеттi органға өздерiнiң құзыретi шегiнде, тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң бүлiнуiн, құлау қаупiн жою жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;

      6) тарихи-мәдени сараптама негізінде тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғалатындығын жариялау туралы ұсыныстар енгізеді;

      7) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - ҚР 2004.12.20 N 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді), өзгерістер енгізілді - 2007.07.21 N 307, 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.10.2015 № 368-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

19-бап. Уәкілетті органның құзыреті

      Уәкілетті орган:

      1) тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      2) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі археологиялық және ғылыми-реставрациялау жұмыстарының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      3) тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және пайдалану мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;

      4) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;

      4-1) мемлекеттік меншіктегі тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарының орындалуын бағалау нормативтерін бекітеді;

      5) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      6) халықаралық және республикалық маңызы бар, мемлекеттік меншік болып табылатын тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беруді келіседі;

      7) тарихи-мәдени сараптама жүргізудің ережелерін бекітеді;

      8) тарих және мәдениет ескерткіштері бар қалалар мен басқа елді мекендерді жоспарлау, салу және реконструкциялау жобаларын келіседі;

      9) Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді;

      10) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануды және оларды күтіп-ұстау тәртібін мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      11) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негіздерде және тәртіппен әкімшілік ықпал етудің өзге де шараларын қолданады;

      12) монументті өнердің жаңа құрылыстарының орнатылуын бақылауды жүзеге асырады;

      13) тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарын, құрылыс салуды реттеу аймақтарын және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарын айқындаудың тәртібін және пайдалану режимін әзірлейді және бекітеді;

      14) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      14-1) мемлекеттік меншіктегі тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемесін белгілейді;

      14-2) тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және күтіп-ұстау қағидаларын бекітеді;

      14-3) тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, мәртебе беру және мәртебесінен айыру қағидаларын бекітеді;

      14-4) тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау міндеттемелерін беру қағидаларын бекітеді;

      14-5) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;

      14-6) тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру қағидаларын бекітеді;

      14-7) республикалық маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекiтедi;

      14-8) республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiшiн мәртебесiнен айырады және тарихи-мәдени сараптама қорытындысының және осы Заңның 5-бабының бесінші бөлігі талаптарының негізінде, уәкілетті органның арнайы комиссиясымен келісу бойынша республикалық маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығарады;

      14-9) тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу қағидаларын бекітеді;

      14-10) монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату қағидаларын бекітеді;

      14-11) монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату жөнінде комиссия құрады және ол туралы ережені бекітеді;

      14-12) мемориалдық тақталарды орнатудың өлшемшарттары мен қағидаларын бекітеді;

      15) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.07.21 N 307 Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 N 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 № 368-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.05.2017 № 60-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

20-бап. Қазақстан Республикасының архивтердi және құжаттаманы мемлекеттiк басқару органының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану саласындағы құзыретi

      Ескерту. 20-бап алынып тасталды - ҚР 2007.07.21 N 307 Заңымен.

20-1-бап. Мемлекеттік бақылау

      1. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылаудың мақсаты Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы заңнамасын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз ету болып табылады.

      2. Уәкілетті орган жүзеге асыратын тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау:

      1) барлық санаттағы тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланудың жай-күйін және олардың күтіп-ұсталу тәртібін;

      2) монументті өнердің жаңа құрылыстарының орнатылуын;

      3) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      4) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі археологиялық және ғылыми-реставрациялау жұмыстарының орындалуын бақылауды қамтиды.

      3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асыратын тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау:

      1) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланудың жай-күйін және оларды күтіп-ұстау тәртібін мемлекеттік бақылауды;

      2) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі археологиялық және ғылыми-реставрациялау жұмыстарының орындалуын мемлекеттік бақылауды қамтиды.

      4. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексерулер және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырады.

      5. Алып тасталды - ҚР 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен .

      6. Алып тасталды - ҚР 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен .

      7. Алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 20-1-баппен толықтырылды - ҚР 2007.07.21. N 307 , өзгерістер енгізілді - 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 № 368-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

4-тарау. Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану
саласын қаржыландыру

      Ескерту. 4-тарау алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2007.07.21. N 307 Заңымен.

21-бап.

      Ескерту. 21-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

5-тарау. Жеке және заңды тұлғалардың тарихи-мәдени мұра
объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі
іс-шараларды жүзеге асыруға қатысуы

      Ескерту. 5-тараудың атауы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.07.21. N 307 Заңымен.

22-бап. Жеке және заңды тұлғалардың тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға қатысуы

      Жеке және заңды тұлғалар тарих және мәдениет ескерткіштерін насихаттау мен танымал етуге қатысады, тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау, сақтау және пайдалану жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруда облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына жәрдемдеседі.

      Жеке және заңды тұлғалар тарих және мәдениет ескерткіштерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында оларға қамқоршылық жұмыстарын белгілеуге құқылы.

      Ескерту. 22-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.07.21. N 307 Заңымен.

23-бап. Қазақ тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі шараларды жүзеге асыруға қатысуы

      Ескерту. 23-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2007.07.21. N 307 Заңымен.

24-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының тарихи-мәдени мұраны қорғауға және пайдалануға қатысуы

      Ескерту. 23-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2007.07.21. N 307 Заңымен.

6-тарау. Тарих және мәдениет ескерткіштерін
мемлекеттік есепке алу

25-бап.

      Ескерту. 25-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

26-бап. Тарих және мәдениет ескерткіштерін халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар ескерткіштер санаттарына жатқызу

      Тарих және мәдениет ескерткiштерiн есепке алуды және қорғауды тиiмдi ұйымдастыру мақсатында ескерткiштер мынадай санаттарға бөлiнедi:

      1) ЮНЕСКО-ның Дүниежүзiлiк Мәдени және Табиғи Мұра тiзiмiне енген халықаралық маңызы бар тарихи, ғылыми, сәулеттiк, көркемдiк, мемориалдық тұрғыдан құнды тарих және мәдениет ескерткiштерi;

      2) бүкiл елiмiздiң тарихы мен мәдениетi үшiн айрықша маңызы бар, тарихи, ғылыми, сәулет, көркемдiк және мемориалдық тұрғыдан құнды республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерi;

      3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) тарихы мен мәдениетi үшiн айрықша маңызы бар, тарихи, ғылыми, сәулет, көркемдiк және мемориалдық тұрғыдан құнды жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерi.

      Ескерту. 26-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

27-бап. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізімін бекіту тәртібі

      ЮНЕСКО-ның Дүниежүзiлiк Мәдени және Табиғи Мұра тiзiмiне енгiзу үшiн ұсынылатын тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметi ұсынады.

      Республикалық маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін уәкiлеттi орган бекiтедi.

      Жергiлiктi маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін уәкiлеттi органның келiсуiмен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары бекiтедi.

      Ескерту. 27-бап жаңа редакцияда - ҚР 2004.12.20. N 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.07.21. N 307; 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

28-бап. Уәкiлеттi органның арнаулы комиссиясын құрудың тәртiбi және оның құрамы

      Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн тарих және мәдениет ескерткiштерi деп тану туралы, сондай-ақ оларды мәртебесiнен айыру туралы қорытындыны әзiрлеу үшiн уәкiлеттi орган арнайы комиссия құрады, оның құрамына ғалымдар, мамандар, мәдениет пен өнер қайраткерлерi, шығармашылық одақтар мен өзге де қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi енеді.

      Ескерту. 28-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), өзгерту енгізілді - 2007.07.21. N 307 Заңдарымен.

7-тарау. Тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалану
тәртібі

      Ескерту. 7-тараудың атауы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.07.21. N 307 Заңымен.

29-бап. Тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалану

      Тарих және мәдениет ескерткіштері Қазақстан халықтарының рухани және дәстүрлерін түлету және дамыту мақсатында, сондай-ақ ғылыми және тәрбиелік мақсатта пайдаланылады.

      Қалалар мен басқа да елдi мекендердiң тарих және мәдениет ескерткiштерiн пайдалану режимi тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау және пайдалану ережелерiне сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары бекiтетiн оларды қорғау аймағы жобаларында айқындалады.

      Ескерту. 29-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2007.07.21. N 307 Заңдарымен.

30-бап. Тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға берудің тәртібі мен шарттары

      1. Жеке және заңды тұлғаларға тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру ғылыми, мәдени-ағарту, туристік мақсаттар үшін жүзеге асырылады.

      2. Жергілікті маңызы бар, коммуналдық меншік болып табылатын тарих және мәдениет ескерткіштері облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының шешімі бойынша пайдалануға беріледі.

      Жергілікті маңызы бар, республикалық меншік болып табылатын тарих және мәдениет ескерткіштері уәкілетті органның келісуімен мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның шешімі бойынша пайдалануға беріледі.

      Халықаралық және республикалық маңызы бар, коммуналдық меншік болып табылатын тарих және мәдениет ескерткіштері уәкілетті органның келісуімен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының шешімі бойынша пайдалануға беріледі.

      Халықаралық және республикалық маңызы бар, республикалық меншік болып табылатын тарих және мәдениет ескерткіштері уәкілетті органның келісуімен мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның шешімі бойынша пайдалануға беріледі.

      Ескерту. 30-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.10.2015 № 368-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

31-бап. Музейлердің, кітапханалардың, архивтердің, оқу орындарының, басқа да мекемелер мен ұйымдардың өздері пайдаланып отырған тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғалуы мен сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі қызметі

      Ескерту. 31-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2007.07.21. N 307 Заңымен.

32-бап. Тарих және мәдениет ескерткішін пайдалану құқығынан айыру

      Тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланып отырған жеке және заңды тұлғалар тарих және мәдениет ескерткіштерін сипаты мен мақсатына сәйкес пайдалану жөніндегі міндеттерін бұзып, соның салдарынан тарих және мәдениет ескерткішіне жойылу немесе бүліну қатері төнген жағдайда, олар пайдалану құқығынан айрылады.

      Тарих және мәдениет ескерткiштерiн оның санатына қарай пайдалану құқығынан айыру, егер тарих және мәдениет ескерткiшiн қорғау міндеттемесінде өзгеше көзделмесе, тарих және мәдениет ескерткiштерiн меншiк иесiнiң немесе уәкiлеттi органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының өтiнiшi негiзiнде соттың шешiмiмен ғана жүзеге асырылады.

      Ескерту. 32-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2007.07.21. N 307 Заңдарымен.

33-бап. Пайдалануға берілген жерлерде тұрған тарих және мәдениет ескерткіштерінің сақталуын қамтамасыз ету

      Жеке және заңды тұлғалар өздеріне пайдалануға берілген жерлерде тұрған тарих және мәдениет ескерткіштерінің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.

      Ескерту. 33-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.07.21. N 307 Заңымен.

34-бап. Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстары

      1. Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстарына:

      1) ғылыми зерттеу - тарих және мәдениет ескерткішін сақтау жөнінде жобалау-сметалық құжаттама жасау және қажетті жұмыстар жүргізу мақсатында оның сапасын және сақталу деңгейін зерделеуге, бағалауға бағытталған іс-шаралар кешені;

      2) консервациялау - тарих және мәдениет ескерткішін одан әрі бұзылудан сақтайтын және ескерткіштің тарихи қалыптасқан келбетін өзгертпей оның конструкциялық бөліктері мен сәндік элементтерін бекітуді және қорғауды қамтамасыз ететін іс-шаралар кешені. Ескерткіштің бүтін сақталуын қамтамасыз ететін іс-шаралардан тұратын аварияға қарсы жұмыстар да консервациялауға жатады;

      3) реставрациялау - тарих және мәдениет ескерткішін құндылығы жоқ және ескерткіштің келбетін бұзатын қабаттардан тазарту жолымен оның тарихи, сәулеттік-көркемдік келбетінің сақталуы мен ашылуын, ғылыми негізделген деректер арқылы ғимараттың, ансамбльдің, кешеннің жоғалған элементтерінің орнын толтыруды қамтамасыз ететін іс-шаралар кешені;

      4) қайтадан жасау - жеткілікті ғылыми деректері мен тарих және мәдениет ескерткішінің айрықша тарихи, ғылыми, көркемдік немесе өзге де мәдени маңызы болған кезде жоғалған тарих және мәдениет ескерткішін қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар кешені;

      5) жөндеу - тарих және мәдениет ескерткішінің техникалық жай-күйін оның келбетін өзгертпей, кезеңдік жұмыстар жүргізу жолымен күтіп-ұстау жөніндегі іс-шаралар кешені;

      6) бейімдеу - тарих және мәдениет ескерткішінің тарихи, көркемдік құндылығына және сақталуына нұқсан келтірмей, оның қазіргі заманға сай пайдаланылуы үшін жағдай жасау мақсатында жүргізілетін іс-шаралар кешені.

      2. Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстары - уәкілетті органның бақылауымен, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстары облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының бақылауымен жүзеге асырылады.

      3. Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстары бюджет қаражаты, инвестициялар тарту есебінен, сондай-ақ тарих және мәдениет ескерткіштерінің меншік иелері мен пайдаланушыларының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      4. Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жеке және заңды тұлғалар лицензия негізінде жүзеге асырады.

      Ескерту. 34-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.07.21. N 307 Заңымен.

35-бап. Тарих және мәдениет ескерткіштері бар қалалар мен басқа да елді мекендерді жоспарлаудың, салудың және қайта салудың жобаларын уәкiлеттi органмен келісу

      Қалалар мен басқа да елді мекендерді жоспарлаудың, салудың және қайта салудың жобалары, сондай-ақ тарих және мәдениет ескерткіштері бар жерді пайдалану карталары уәкiлеттi органмен келісілуге тиіс.

      Ескерту. 35-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

36-бап. Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау аймақтары

      1. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен қорғау аймақтары, құрылыс салуды реттеу аймақтары және қорғалатын табиғат ландшафты аймақтары белгіленеді.

      2. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтары мен қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарының шекараларын тиісті жергілікті атқарушы органдардың ұсынуы бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді органдары (мәслихаттар) бекітеді және олар тиісті жердің тарих және мәдениет ескерткіштері мен жаңадан анықталған объектілердің орналасуы тіркелетін тарихи-сәулет тірек жоспарына және карта-схемасына енгізіледі.

      3. Уәкілетті орган көзделген аймақтардың шегінде Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негіздерде және тәртіппен әкімшілік ықпал ету шараларын қолдануы мүмкін.

      Ескерту. 36-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.07.21 N 307 Заңымен.

37-бап. Музей-қорықтар

      Тарихи-мәдени мұра объектілері және мәдени құндылықтар шоғырланған жерлерде музей-қорықтар құрылуы мүмкін, олардың қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 37-бап жаңа редакцияда - ҚР 05.05.2017 № 60-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

38-бап. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің орнын ауыстыруға және оларды өзгертуге тыйым салу

      1. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің орнын ауыстыруға және оларды өзгертуге тыйым салынады.

      Тарих және мәдениет ескерткішінің жетпіс процентінен астамы бұзылған не оның тарихи-мәдени құндылығы жоғалған, не орнын ауыстыру оның сақталу жағдайын жақсартатын болған жағдайда:

      1) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен;

      2) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ұсынуы бойынша уәкілетті органның шешімімен уәкілетті органның арнайы комиссиясымен келісе отырып тарихи-мәдени сараптама қорытындысы негізінде ғана олардың орнын ауыстыруға және өзгертуге жол беріледі.

      2. Мұндай шешім алған жеке және заңды тұлғалар ескерткіштің орнын ауыстыруды немесе оларды өзгертуді жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шарттардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті, ал уәкілетті орган тарих және мәдениет ескерткішін ғылыми зерделеу және тіркеу бойынша жұмыстар жүргізуге міндетті.

      3. Аталған жұмыстарды жүзеге асыруға байланысты шығыстар тарих және мәдениет ескерткішінің орнын ауыстыруға немесе оларды өзгертуге шешім алған жеке және заңды тұлғалардың есебінен жүргізіледі.

      Ескерту. 38-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.07.21 N 307 Заңымен.

39-бап. Аумақты игеру кезінде тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету

      1. Аумақтарды игеру кезінде жер учаскелері бөліп берілгенге дейін тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау жөнінде зерттеу жұмыстары жүргізілуге тиіс.

      2. Тарихи, ғылыми, көркемдік және өзге де мәдени құндылығы бар объектілер табылған жағдайда, жеке және заңды тұлғалар одан әрі жұмыс жүргізуді тоқтата тұрып, бұл туралы уәкілетті органға хабарлауға міндетті.

      3. Тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталып тұруына қатер төндіруі мүмкін жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады.

      Ескерту. 39-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.07.21 N 307 Заңымен.

40-бап. Археологиялық ескерткіштерде қазба және барлау жұмыстарын жүргізу

      Археологиялық ескерткіштерде қазба және барлау жұмыстарын жүргізуге лицензиясы бар болған жағдайда ғана жол беріледі.

      Қазақстан Республикасының аумағында тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарына лицензияны облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарымен келiсiм бойынша уәкiлеттi орган береді.

      Қазақстан аумағындағы археологиялық зерттеулер нәтижесінде Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің жеке және заңды тұлғалары алған барлық материалдар мен олжалар ғылыми тіркелгеннен және өңделгеннен кейін уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының мемлекеттік музейлеріне беріледі. Оларды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкетуге тыйым салынады.

      Ескерту. 40-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді), 2007.07.21 N 307; 28.10.2015 № 368-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

41-бап. Тарих және мәдениет ескерткіштерін әкелу және әкету

      Ескерту. 41-бап алып тасталды - ҚР 28.10.2015 № 368-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

8-тарау. Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра
объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі заңдарын бұзғаны
үшін жауапкершілік және олардың орындалуын бақылау

42-бап. Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау жөніндегі заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік

      Ескерту. 42-баптың тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР 2007.07.21 N 307 Заңымен.

      Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұраларды қорғау туралы заңдарының бұзылуына кінәлілігі әрекетінен немесе әрекетсіздігінен көрінген тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

      Тарих және мәдениет ескерткішіне немесе оның қорғау аймағына зиян келтірген жеке және заңды тұлғалар тарих және мәдениет ескерткішін немесе оның қорғау аймағын қалпына келтiруге, ал бұл мүмкін болмаған кезде келтiрiлген залалды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтеуге мiндеттi.

      Ескерту. 42-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді), 2007.07.21 N 307; 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

43-бап. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын бақылау

      Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын бақылауды:

      1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары;

      2) уәкілетті орган жүзеге асырады.

      Ескерту. 43-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.07.21 N 307 Заңымен.

9-тарау.

      Ескерту. 9-бөлім алынып тасталды - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

Қазақстан Республикасының
Президенті