Жедел тәртіппен жүргізілетін жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 наурыздағы N 428 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 683 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.10.2018 № 683 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.07.18. N 820 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 456-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған жедел тәртіппен жүргізілетін жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.07.18. N 820 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 30 наурыздағы
N 428 қаулысымен
бекітілген

Жедел тәртіппен жүргізілетін жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкалары

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.07.18. N 820 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      Ескерту. Алым ставкаларына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.12.09 № 1338 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Р/с

N

Тіркеу іс-әрекеттерінің түрлері

Айлық есептік көрсеткіштердегі ставкалар

жеке тұлғалар үшін

заңды тұлғалар үшін

1

2

3

4

1.

Мыналарға меншік, шаруашылық жүргізу, жедел басқару, сенімгерлік басқару, кепіл, рента, пайдалану (сервитуттардан басқа) құқығы пайда болуын тіркегені үшін:



1)

пәтерге, жеке тұрғын үйге (шаруашылық құрылыстарымен және басқа да осыған ұқсас объектілерімен бірге), шаруашылық құрылыстарға;

5

15

2)

көп пәтерлі тұрғын үйге (шаруашылық құрылыстары және басқа да осыған ұқсас объектілерімен бірге), тұрғын үйдегі тұрғын емес үй-жайға, тұрғын емес құрылысқа;

15

20

3)

гараждарға;

4

8

4)

мыналарды қамтитын тұрғын емес мақсаттағы мүліктік кешендерге (ғимараттар, құрылыстар, құрылғылар):




бір объект;

20

30


екіден беске дейінгі жеке тұрған объектілер;

22

32


алтыдан онға дейінгі жеке тұрған объектілер;

30

40


оннан астам жеке тұрған объектілер.

35

45

2.

Жер учаскесіне меншік, жерді пайдалану құқығын, өзге де құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) тіркегені үшін.

5

15

3.

Ипотекалық куәлік беруді және оны кейіннен басқа иелерге беруді тіркегені үшін.

5

15

4.

Құқық иесі деректерінің, жылжымайтын мүлік объектісінің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгерістерін тіркегені үшін.

5

15

5.

Жылжымайтын мүліктің апатқа ұшырауына (бүлінуіне) немесе оған құқықтан бас тартылуына байланысты және ауысу құқығына байланысты емес өзге де жағдайларда жылжымайтын мүлікке құқықты тоқтатуды тіркегені үшін.

5

15

6.

Құқығының үшінші тұлғаға ауысуына байланысты емес ауыртпалықты тоқтатуды тіркегені үшін, оның ішінде жылжымайтын мүлік ипотекасын тоқтатуды тіркегені үшін.

5

15

7.

Міндеттемелері ипотекамен қамтамасыз етілген банктік қарыз шарты бойынша талаптарды басқаға беруді тіркегені үшін.

5

15

8.

Құқықтың пайда болуының негізі болып табылатын шарт талабының (кұқық ауыртпалығы) немесе өзге де заңдық фактілердің өзгеруі нәтижесінде құқықтың өзгеруін немесе құқықтың ауыртпалығын тіркегені үшін.

5

15

9.

Жылжымайтын мүлікке өзге құқықтарды, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке құқық ауыртпалықтарын тіркегені үшін.

5

15

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 30 наурыздағы
N 428 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 16 мамырдағы N 454 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 19, 200-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 16 мамырдағы N 454 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 қыркүйектегі N 891 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 34, 462-құжат).

      3. "Жүйелі тіркеуді жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қыркүйектегі N 799 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 34, 375-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 16 мамырдағы N 454 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 қазандағы N 959 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 41, 457-құжат).