Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 593 Заңы.

     

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "су тоғандарындағы (учаскелеріндегі)", "су тоғандарында (учаскелерінде)", "су тоғандарын (учаскелерін)", "су тоғандарының (учаскелерінің)", "су тоғандары (учаскелері)", "су тоғандарына (учаскелеріне)" деген сөздер тиісінше "су айдындарындағы және (немесе) учаскелеріндегі", "су айдындарында және (немесе) учаскелерінде", "су айдындарын және (немесе) учаскелерін", "су айдындарының және (немесе) учаскелерінің", "су айдындары және (немесе) учаскелері", "су айдындарына және (немесе) учаскелеріне" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "мемлекеттік бақылауды" және "мемлекеттік бақылау" деген сөздерден кейін тиісінше "және қадағалауды" және "және қадағалау" деген сөздермен толықтырылды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "ақпараттық жүйесінде", "ақпараттық жүйелер", "ақпараттық жүйелерге" деген сөздер тиісінше "цифрлық жүйесінде", "цифрлық жүйелер", "цифрлық жүйелерге" деген сөздермен ауыстырылды – ҚР 09.01.2026 № 256-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. Кіріспе алып тасталды – ҚР 19.06.2026 № 317-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      2) аншлаг – аңшылық шаруашылықтардың, өсімді молайту учаскелері мен тыныштық аймақтарының, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің атауы мен шекараларын, сондай-ақ аңшылыққа және балық аулауға тыйым салынған мерзімдер мен орындарды көрсететін маңдайша жазу;

      2-1) аң-құс өсіру – аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда өсіру;

      3) аңшы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аң аулауға құқық алған жеке тұлға;

      3-1) аңшы иттер – аңшылықта пайдаланылатын қазақы және басқа да ит тұқымдары;

      4) аңшы куәлігі – жеке тұлғаның аң аулау құқығын куәландыратын белгіленген нысандағы құжат;

      5) аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қоры – жануарлар дүниесін пайдаланушыларға бекітіліп берілмеген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері;

      6) аңшылыққа қойылатын ең төменгі талап (бұдан әрі - аңшылық минимумы) – оқыту бағдарламасының Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының, аңшы куәлігін беру үшін білу міндетті шарт болып табылатын аң аулау кезіндегі қауіпсіздік техникасының мәселелерін қарастыратын арнайы қысқаша курсы;

      7) алып тасталды – ҚР 03.01.2023 № 185-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      8) аңшылық олжа – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мекендеу ортасынан алынған жануар (балық ресурстары мен басқа да су жануарларынан басқа), олардың бөліктері мен дериваттары;

      9) аңшылық шаруашылығы – аңшылық алқаптарда жануарлар дүниесі объектілерін орнықты пайдалану, жануарлар дүниесінің мекендеу ортасын сақтау, оларды қорғау және өсімін молайту жөніндегі шаруашылық қызметтің түрі;

      10) аңшылық шаруашылығының санаты – аңшылық шаруашылықтарына шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру негізінде берілетін, аңшылық алқаптары өнімділігінің, күзет және өсімін молайту іс-шаралары сипатының белгілері бойынша аңшылық шаруашылықтарының жіктемелік бөліну бірлігі;

      11) аңшылық шаруашылығы субъектісі – бекітіліп берілген аңшылық алқаптарда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аңшылық шаруашылығын жүргізетін жеке немесе заңды тұлға;

      12) аңшылық шаруашылығының ішкі регламенті – жеке тұлғаның аңшылық шаруашылығы аумағында аң аулауды жүргізу тәртібін белгілейтін, жануарларды ұстап алу нормасын, көрсетілетін қызметтердің баға прейскурантын қамтитын құжат;

      13) аушы жыртқыш құс – аң аулауда пайдаланылатын қыран, сұңқар, қаршыға және жыртқыш құстардың басқа да түрлері;

      14) балық аулау – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау;

      15) балық аулаушы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әуесқойлық (спорттық) балық аулау құқығын алған жеке тұлға;

      16) балық аулау олжасы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мекендеу ортасынан алынған балық ресурстары мен басқа да су жануарлары объектісі, олардың бөліктері мен дериваттары;

      16-1) балық қабылдау пункті – балық шаруашылығы субъектісі арнайы жабдықтаған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ауланған балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қабылдауға, өлшеуге, есепке алуға, уақытша сақтауға және өткізуге арналған орын;

      16-2) балық өсіру материалы – су айдындарына жіберілетін балық құртшабақтары (дернәсілдер, шабақтар және жасына қарай балықтардың басқа да топтары);

      16-3) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған рұқсат – жеке және заңды тұлғаларға балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға, сондай-ақ ауланған балықтар мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде балық аулау олжаларын әкетуге және өткізуге құқық беретін, белгіленген нысандағы құжат;

      17) балықтардың көбею кезеңі – белгілі бір балық түрінің уылдырық шашатын уақыт кезеңі;

      18) балықтың қайда ауланғаны туралы анықтама – балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган белгілеген, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған рұқсат негізінде балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде ауланған немесе балық өсіру шаруашылықтарында өсірілген балық ресурстары мен басқа да су жануарларының шығу тегін растайтын құжат;

      19) балықтарды қорғау құрылғысы – балық ресурстары мен басқа да су жануарларының су тарту және ағызу құрылыстарына түсуін болғызбауға арналған құрылғы;

      20) балықтардың қырылуы – балық ресурстарының және басқа да су жануарларының су айдынының және (немесе) учаскесінің гидрохимиялық және өзге де режимінің бұзылуынан туындаған жаппай қырылуы;

      21) балықтың қырылу қаупі бар су айдыны және (немесе) учаскесі – балық шаруашылығының балық әлсін-әлсін қырылуға ұшырайтын су айдыны және (немесе) учаскесі;

      22) балықтардың өріс аударуы - балықтардың бір мекендеу ортасынан екінші ортаға жаппай ауысуы;

      23) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      24) балық ресурстары және басқа да су жануарлары – сулы ортада мекендейтін барлық жануардың жалпы жиынтығы, оның ішінде өсімдіктерді қоспағанда, су биологиялық ресурстары;

      25) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын мемлекеттік басқарудың бассейндік принципі (бұдан әрі - бассейндік принцип) – балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган әкімшілік-аумақтық бөлінісіне қарамастан қолданатын, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының өсімін молайту мен өріс аудару ерекшеліктері ескерілген, балық шаруашылығы су айдындарындағы және (немесе) учаскелеріндегі балық ресурстарын және басқа да су жануарларын басқарудың біртұтас жүйесі;

      26) балық шаруашылығы – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғаумен, өсімін молайтумен, балық аулаумен, сондай-ақ қайта өңдеумен және өткізумен байланысты шаруашылық қызмет түрі;

      26-1) балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттіктері шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      27) балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелерін паспорттау – балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп бергенге дейін жүргізілетін, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің шекараларын, олардың алаңын, жай-күйін, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының түрлік құрамын белгілеу жөніндегі іс-шаралар кешені;

      28) балық шаруашылығы субъектісі – қызметінің негізгі бағыты балық шаруашылығын жүргізу болып табылатын жеке және заңды тұлға;

      28-1) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      29) алып тасталды - ҚР 15.06.2017 № 73-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      30) балықшы – бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде өзінің еңбек міндеттемелеріне қарай балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды жүзеге асыратын балық шаруашылығы субъектісінің қызметкері;

      31) балықшы куәлігі – жеке тұлғаның балықшы функцияларын жүзеге асыру құқығын куәландыратын, балық шаруашылығы субъектісі берген, белгіленген нысандағы құжат;

      32) биологиялық негіздеме – жануарлар дүниесін пайдалануға, жануарлар дүниесі объектілерінің жол берілетін аулау мөлшерін анықтауға, сондай-ақ жануарлар дүниесінің объектілері мен олардың мекендеу ортасына ықпал етуге қабілетті қызметке арналған ғылыми негізделген қорытынды;

      32-1) бірлескен су биологиялық ресурстары – басқаруды Каспий теңізінің жағалауында орналасқан мемлекеттер бірлесіп жүзеге асыратын су биологиялық ресурстары;

      33) дериват – жануардың туынды түрі мен одан және оның туынды түрінен өндірілген өнім;

      34) алып тасталды – ҚР 19.06.2026 № 317-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      35) жануарлар – құрғақта, суда, атмосферада және топырақта табиғи еркіндік жағдайында болатын жабайы жануарлар (сүтқоректілер, құстар, бауырымен жорғалаушылар, қосмекенділер, балықтар, моллюскалар, жәндіктер және тағы басқалары);

      36) жануардың бөлігі (бұдан әрі – бөлік) – жануардың түрін танып білуге мүмкіндік беретін оның денесінің бір бөлігі;

      37) жануарларды будандастыру – шаруашылықта пайдалы озық белгілері немесе қасиеттері бар дара нұсқаларды алу мақсатында жануарлардың алуан түрлерінің немесе тұқымдарының дара нұсқаларын шағылыстыру;

      38) жануарлар дүниесі – Қазақстан Республикасының аумағын тұрақты немесе уақытша мекендейтін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құрлықтағы қайраңының және айрықша экономикалық аймағының табиғи ресурстарына жататын жануарлар жиынтығы;

      38-1) жануарлар дүниесі мониторингі – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару және биологиялық әртүрлілікті сақтау мақсатында жануарлар дүниесі объектілерінің жай-күйі мен динамикасын байқау, бағалау және болжау жүйесі;

      39) жануарлар дүниесі объектілерін алу – жануарларды ғылыми-зерттеу мақсатында ен салу, сақиналау және сынамалар алу үшін аулап, оларды кейіннен мекендеу ортасына шығаруды қоспағанда, тіршілік циклінің барлық сатысында табиғи еркіндік жағдайында мекендейтін жануарларды, сондай-ақ олардың бөліктері мен дериваттарын мекендеу ортасынан жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсаттың немесе балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған рұқсаттың негізінде алу (ұстап алу, аулау, атып алу, жинау, соғып алу);

      40) жануарлар дүниесі объектілерін қолдан өсіру – жануарлар түрлерін еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстау және өсіру;

      41) жануарлар дүниесін қорғау – жануарлар дүниесін, олар мекендейтін ортаны және биологиялық сан алуандықты сақтауға, жануарлар дүниесі объектілерін орнықты пайдалану мен өсімін молайтуға бағытталған қызмет, сондай-ақ жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен оларға қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар кешені;

      42) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның және балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның, олардың ведомстволарының және олардың аумақтық бөлімшелерінің өз құзыреттері шегінде тексерілетін субъектілерді олардың қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеру және байқау жөніндегі қызметі, оны жүзеге асыру барысында және оның нәтижелері бойынша жедел ден қоюсыз құқық шектеу сипатындағы шаралар қолданылуы мүмкін;

      43) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік қадағалау – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның және балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның, олардың ведомстволарының және олардың аумақтық бөлімшелерінің өз құзыреттері шегінде тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру және байқау жөніндегі қызметі, оны жүзеге асыру барысында және оның нәтижелері бойынша құқық шектеу сипатындағы шаралар, оның ішінде жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкін;

      44) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында, қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласында басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттіктері шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      45) жануарлар дүниесін орнықты пайдалану – жануарлар дүниесі объектілерін жануарлар дүниесінің түрлік сан алуандығының таусылуына әкеп соқпайтын және оның өсімін молайту мен қазіргі және келешек ұрпақтың қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілетін сақтап қалатын тәсілдер арқылы пайдалану;

      46) жануарлар дүниесін пайдалану – жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын және пайдалы қасиеттерін мекендеу ортасынан айырып немесе айырмай пайдалану;

      47) жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсат – жеке және заңды тұлғаларға жануарлар дүниесін (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда) пайдалануға, сондай-ақ жануарлар дүниесінің (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда) ұстап алынған объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде аңшылық олжаларын әкетуге және өткізуге құқық беретін, белгіленген нысандағы құжат;

      48) жануарлар дүниесін пайдаланушылар – осы Заңға сәйкес жануарлар дүниесін пайдалану құқығы берілген жеке және заңды тұлғалар;

      49) жануарлар дүниесі үшін болмай қоймайтын зиян – жануарлар дүниесіне немесе оның мекендеу ортасына табиғи-климаттық және антропогендік әсер ету салдарынан пайда болатын факторлардың қолайсыз әсерінен келтірілген және (немесе) келтірілетін, алдын алу шараларымен болдырмау мүмкін емес қалдықты зиян;

      50) жануарлар дүниесінің биологиялық сан алуандығы – жануарлар дүниесі объектілерінің бір түр шеңберіндегі, түрлер арасындағы сан алуандығы және экологиялық жүйелердің сан алуандығы;

      51) жануарлар дүниесінің мекендеу ортасы – жануарлар дүниесінің объектілері табиғи еркіндік жағдайында мекендейтін табиғи орта;

      52) жануарлар дүниесінің мекендеу ортасын қорғау – табиғи еркіндік жағдайында жануарлар дүниесі объектілерінің орнықты тіршілік ету және өсімін молайту шарттарын сақтауға немесе қалпына келтіруге бағытталған қызмет;

      53) жануарлар дүниесі объектісі – жануарлардың дара нұсқасы немесе популяциясы;

      54) жануарларды интродукциялау – жануарлар түрлері дара нұсқаларының ареалдардан (таралу аясынан) тысқары, бұл түрлер бұрын мекендемеген, олар үшін жаңа орындарға әдейі тарату немесе олардың кездейсоқ таралуы;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      54-1), 54-2) тармақшалармен толықтыру көзделген – ҚР 19.06.2026 № 317-VIII (16.02.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      55) жануарларды реинтродукциялау – жануарлар түрлері дара нұсқаларын бұрынғы мекендеу орталарына әдейі ауыстыру;

      55-1) жануарлар түрлері бойынша немесе түрлерінің тобы бойынша іс-қимыл жоспары – бағалы, сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін немесе жануарлар түрлерінің топтарын сақтауға немесе қалпына келтіруге, ұтымды пайдалануға бағытталған перспективалық іс-шаралар жоспары;

      56) жануарлар түрлерінің өсімін молайту – жануарлар түрлерінің табиғи жағдайларда табиғи көбеюі және оларды жасанды өсіру;

      57) алып тасталды - ҚР 15.06.2017 № 73-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      58) жолдама – бекітіліп берілген аңшылық алқаптарға және (немесе) балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне жануарлар дүниесі объектілерін ұстап алу мақсатында бару үшін жеке тұлғаға берілетін құжат (біржолғы немесе маусымдық);

      58-1) заңсыз, хабарлаусыз және реттеусіз кәсіпшілік – жеке және заңды тұлғалардың су биологиялық ресурстарын олардың табиғи мекендеу ортасынан алу жөніндегі құқыққа сыйымсыз және (немесе) регламенттелмеген қызметі;

      59) зоологиялық коллекция – жануарлар дүниесі объектілері тұлыптарының, жұмыртқаларының, криоконсервіленген жыныс клеткаларының, препараттары мен бөліктерінің, оның ішінде зоопарктердің, зообақтардың, цирктердің, зоологиялық питомниктердің, аквариумдердің, океанариумдердің жабайы жануарлардың ғылыми, мәдени-ағартушылық, оқу-тәрбиелік және эстетикалық құндылығы бар жинағы;

      59-1) ихтиологиялық байқаулар – балық шаруашылығы су айдыны ихтиофаунасының жай-күйі туралы деректерді жинау және зерделеу;

      60) ихтиофауна – қандай да бір су айдынындағы немесе оның бөлігіндегі балықтар және дөңгелекауыздылар түрлерінің жиынтығы;

      60-1) кәсіпшілік – мақсаты су биологиялық ресурстарын олардың табиғи мекендеу ортасынан алу болып табылатын, жеке және заңды тұлғалардың қызметі;

      60-2) кәсіпшілік күш-жігер – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауға тікелей бағытталған өндірістік операциялардың, оның ішінде кәсіпшілік балық аулауды жүргізу үшін бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде аулау құралдары мен техникалық құралдарының, жүзу құралдарының, балықшылардың жол берілетін санын қамтитын көлемі;

      61) кәсіпшілік қор – дербес кәсіпшілік маңызы бар популяция немесе уақыт жағынан орнықты, оның кеңістіктегі оқшауланған бөлігі;

      62) кездейсоқ ауланым – рұқсаттарда көрсетілмеген балықтар мен басқа да су жануарлары түрлерінің дара нұсқалары және (немесе) белгіленген кәсіпшілік мөлшерден кішірек балық түсетін ауланымның бір бөлігі;

      62-1) кинологиялық қызмет – қазақы тұқымды иттерді машықтандыруға, баулуға, айтақтауға және оларды практикалық пайдалануға, оның ішінде спортта және аң аулауда пайдалануға өзге де даярлауға, қазақы тұқымды иттерді пайдалана отырып, зоотехникалық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге, қазақы ит тұқымдарымен жұмыс істеу бойынша сарапшыларды оқытуға және мамандарды даярлауға байланысты қызмет.

      Қазақы тұқымды иттерді машықтандыру, баулу, айтақтау және оларды практикалық пайдалануға өзге де даярлау деп қазақы тұқымды иттерді жұмысқа қалыптастыру мен үйретуді және (немесе) аң аулауға, спортқа және далалық сынақтарға даярлауды түсінген жөн;

      62-2) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      62-3) киік дериваттарының айналымы – киік дериваттары саудасы жүйесінің операторы жүзеге асыратын, киік дериваттарын өткізуді қоспағанда, оларды мекендеу ортасынан алу, жинау (өлген киіктердің өлекселерінен дериваттар жинауды қоса алғанда), сақтау, есепке алу;

      63) криоконсервіленген жыныс клеткалары – жануарлардың жыныс клеткаларының (гаметаларының), эмбриондары мен әртүрлі тіндерінің оларды одан әрі ұрпақ алу, геномдар бөліп шығару мақсатында немесе басқа да ғылыми зерттеулер үшін пайдалану мүмкіндігін беретін төмен температуралық жағдайда және өзге де консервациялау нысанында тұрған үлгілері;

      63-1) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      63-2) Қазақстан Республикасының балық аулау аймағы (бұдан әрі – балық аулау аймағы) – халықаралық құқықтың қағидаттары мен нормалары ескеріле отырып, Мемлекеттік шекарадан (аумақтық сулардың сыртқы шегінен) бастап өлшенетін, ені он теңіз милі болатын, шегінде Қазақстан Республикасы су биологиялық ресурстары кәсіпшілігіне айрықша құқыққа ие болатын теңіз белдеуі;

      63-3) қазақы ит тұқымдары – ежелгі тұқымдар – қазақы ит тұқымдарының бекітілген стандартына сәйкес келетін қазақы тазы мен қазақы төбет;

      63-4) қазақы ит тұқымдарының стандарты – қазақы тұқымды иттердің сыртқы тұрпаттық-бітімдік сипаттары мен пайдаланушылық қасиеттері бойынша сипаттамасы;

      63-5) Қазақы тұқымды иттердің бірыңғай тұқым-тегі кітабы (бұдан әрі – Бірыңғай тұқым-тегі кітабы) – шығу тегі, тұқымдылығы, сыртқы тұрпаттық-бітімдік сипаттамалары мен өзге де қасиеттері туралы мәліметтер көрсетілген қазақы тұқымды иттер туралы деректер жинағы;

      63-6) қазақы тұқымды иттің шығу тегі туралы куәлік (бұдан әрі – шығу тегі туралы куәлік) – оның тұқым-тегі туралы мәліметтерді қамтитын құжат;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      64) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 19.06.2026 № 317-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      64) қорықшы – бекітіліп берілген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жануарлар дүниесін қорғауды жүзеге асыратын қорықшылық қызметтің арнайы уәкілеттік берілген тұлғасы;

      65) қорықшы куәлігі – қорықшының құқықтарын куәландыратын, белгіленген нысандағы құжат;

      66) қорықшылық қызмет – аңшылық және балық шаруашылығы субъектілерінің бекітіліп берілген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жануарлар дүниесін қорғау функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      66-1) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 19.06.2026 № 317-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      67) қыстау шұңқыры – қысқы кезеңде балықтардың су айдыны түбінің шұңқырларында жаппай жинақталатын орны;

      67-1) ортақ су кеңістігі – балық аулау аймақтарының сыртқы шегінен тыс орналасқан және Каспий теңізінің жағалауында орналасқан мемлекеттердің пайдалануындағы Каспий теңізі акваториясының бір бөлігі;

      68) өзен (теңіз, көл) бассейні – су айрықтарымен шектелген, олардан су өзенге (теңізге, көлге) ағып келетін жерүсті бетінің және топырақтың қалың қабатының бөлігі;

      69) рекреациалық балық аулау аймағы – әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы орган белгіленген тәртіппен айқындайтын балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің және оған іргелес жағалау белдеуінің учаскесі;

      70) сервитут – аңшылық және балық шаруашылықтарының мұқтаждары үшін бөгде біреудің жер учаскесі мен су объектісін, оның ішінде бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін шектеулі түрде мақсатты пайдалану құқығы;

      71) су айдындарына балық жіберу – өз өсімін өзі молайтатын популяцияларды жасау, балықтардың бағалы, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін сақтау және (немесе) тауарлы өнім алу мақсатында су айдындарына және (немесе) учаскелерге балық өсіру материалы мен балықтар жіберу;

      71-1) су биологиялық ресурстары – аумақтық суларда, балық аулау аймағында және ортақ су кеңістігінде мекендейтін балықтар, моллюскалар, шаян тәрізділер, сүтқоректілер және су жануарлары мен өсімдіктерінің басқа да түрлері;

      71-2) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      72) су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау – су айдындарының балық өнімділігін сақтауға және арттыруға, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының мекендеу және көбею жағдайларын жақсартуға бағытталған іс-шаралар кешені;

      73) сүзу – жағалау аймағында, сол сияқты ашық су кеңістігінде де балық аулау мақсатында сүзетін аулау құралдарымен (жылымдармен) су айдындары акваториясының белгілі бір бөлігін сүзу жолымен жүзеге асырылатын кешенді процесс;

      73-1) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      73-2) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      73-3) тұқымы таза қазақы тұқымды ит – қазақы ит тұқымдарының бекітілген стандартына сәйкес келетін және сол тұқымға жататын тегінің кемінде үздіксіз үш буыны туралы мәліметтер қамтылған шығу тегі туралы куәлігі бар қазақы тазы немесе қазақы төбет тұқымдас ит;

      74) тыныштық аймағы – жануарлар дүниесін сақтау немесе қалпына келтіру үшін ерекше маңызы бар, аңшылық шаруашылығы субъектісі айқындайтын, оның шеңберінде (тұрақты немесе уақытша) шаруашылық қызметтің жекелеген түрлері мен нысандарына тыйым салынған немесе регламенттелген аумақ;

      75) мамандандырылған ұйымдар – жануарлар дүниесін қорғауды, өсімін молайтуды және орнықты пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мекемелер және жануарлар дүниесін қорғауды, өсімін молайтуды және орнықты пайдалануды, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтауды және өсімін молайтуды қамтамасыз ету жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорындар;

      76) уылдырық шашу – балықтардың жетілген уылдырықты шашу процесі және оның кейіннен ұрықтануы;

      77) уылдырық шашатын орын – балықтардың уылдырық шашатын орны;

      78) ұйық (ұйықтық учаске) – су айдынының және оған іргелес жағалау белдеуінің шектеулі су акваториясы бар, өзеннің және өзге де ағынды су айдынының кәсіпшілік балық аулау мұқтажына арналып, бейімделген учаскесі;

      78-1) фермерлік аңшылық шаруашылығы – жеке меншіктегі жануарларды аңшылық мақсатында қолдан өсіруге маманданатын аңшылық шаруашылығы;

      79) шаруашылықаралық аңшылық ісін ұйымдастыру – жобаланатын аңшылық шаруашылығы үшін аңшылық шаруашылығының шекарасы мен санаттарын айқындау, оның алаңын есептеу, жануарлар дүниесі мен ол мекендейтін ортаның жай-күйін, жануарларды есепке алу әдістемелерін, жануарларды есепке алудың бақылау маршруттары мен алаңқайларын айқындау;

      80) алып тасталды – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 23.02.2021 № 11-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 01.04.2021 № 26-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.04.2021 № 34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2023 № 185-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.06.2025 № 194-VIII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 19.06.2026 № 317-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.07.2026 № 340-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-бап. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңдары

      1. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

      2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

2-1-бап. Осы Заңның мақсаттары мен міндеттері

      1. Осы Заңның мақсаттары:

      1) жануарлар дүниесін және оның биологиялық әртүрлілігін сақтау жағдайларын қамтамасыз ету;

      2) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеу;

      3) адамның экологиялық, экономикалық, эстетикалық және өзге де қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жануарлар дүниесі объектілерін орнықты пайдалану.

      2. Осы Заңның міндеттері:

      1) жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту жөніндегі шаралар жүйесін қамтамасыз ету;

      2) жануарлар дүниесі объектілерін орнықты және ұтымды пайдалану үшін жағдай жасау;

      3) халықтың жануарлар дүниесін және оның биологиялық әртүрлілігін сақтауға деген саналы және жауапты көзқарасын қалыптастыру.

      Ескерту. 2-1-баппен толықтырылды – ҚР 19.06.2026 № 317-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3-бап. Жануарлар дүниесінің санаттары

      1. Жануарлар дүниесі мақсатты пайдалану жағынан мынадай санаттарға бөлінеді:

      1) жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлері;

      2) жануарлардың аң аулау объектілері болып табылатын түрлері;

      3) жануарлардың балық аулау объектілері болып табылатын түрлері;

      4) жануарлардың өзге де шаруашылық мақсаттарда (аң аулау мен балық аулаудан басқа) пайдаланылатын түрлері;

      5) жануарлардың шаруашылық мақсаттарда пайдаланылмайтын, бірақ экологиялық, мәдени және өзге де құндылығы бар түрлері;

      6) жануарлардың халықтың денсаулығын сақтау, ауыл шаруашылығы және басқа да үй жануарларын аурудан алдын ала қорғау, қоршаған ортаға зиян келтірілуін болдырмау, ауыл шаруашылығы қызметіне айтарлықтай зиян келтіру қаупінің алдын алу мақсатында саны реттелуге тиіс түрлері.

      2. Жануарлар түрлерін санаттарға жатқызу және оларды бір санаттан басқасына ауыстыру жануарлар дүниесінің түрлік саналуандығын сақтау, оларды қорғау, өсімін молайту және орнықты пайдалану мақсатында биологиялық негіздеме негізінде ведомствоаралық зоологиялық комиссияның ұсынымы бойынша жүргізіледі.

      Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

4-бап. Жануарлар дүниесіне және жануарлар дүниесіобъектілеріне меншік

      1. Жануарлар дүниесі Қазақстан халқына тиесілі. Қазақстан халқының атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады. Бұл ретте мемлекеттің меншік құқығын жүзеге асыруы Қазақстан халқының мүддесі үшін мемлекеттік меншік режимі арқылы іске асырылады.

      2. Мекендейтін ортадан осы Заңда белгіленген тәртіппен алынған, сондай-ақ еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда өсіріліп, ұсталатын жануарлар дүниесінің объектілері оларды аулаған, өсіретін және ұстайтын жеке және заңды тұлғалардың меншігі болып табылады.

      Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5-бап. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы қатынастар субъектілері

      Ескерту. 5-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 03.01.2023 № 185-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік органдар жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы қатынастар субъектілері болып табылады.

      Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 03.01.2023 № 185-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2-тарау. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласын мемлекеттік басқару

6-бап. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы мемлекеттік басқарудың негізгі қағидаттары

      Ескерту. 6-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 03.01.2023 № 185-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік басқарудың негізгі қағидаттары мыналар:

      1) жануарлар дүниесінің қорғалуын, өсімін молайтуды және орнықты пайдаланылуын қамтамасыз ету;

      2) жануарлар дүниесін ізгілік принциптеріне сәйкес жануарларға қатал қарауға жол бермейтін тәсілдермен пайдалану;

      3) бекіре тұқымдас балықтарды табиғи мекендеу ортасынан алу, оларды сатып алу, өңдеу және олардың уылдырығын және мемлекеттік монополияға жатқызылған өнімнің басқа түрлерін өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, жануарлар дүниесінің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметтің жануарлар дүниесі объектілерін пайдалану жөніндегі қызметпен қоса атқарылуына жол бермеу;

      4) жануарлар дүниесін пайдалану құқығын жерді, суларды, өсімдік дүниесін және басқа табиғи ресурстарды пайдалану құқығынан бөлу;

      5) жануарлар дүниесін арнайы пайдаланудың ақылы болуы;

      6) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңдарын бұзғаны үшін жауапкершіліктен бұлтартпау;

      7) азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің жануарлар дүниесі объектілерін қорғау, өсімін молайту және орнықты пайдалану саласындағы міндеттерді шешуге қатысуы болып табылады.

      2. Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы мемлекеттік басқарудың негізгі қағидаттары мыналар:

      1) қазақы ит тұқымдарын сақтауды және өсімін молайтуды қамтамасыз ету;

      2) қазақы ит тұқымдарының таза тұқымдылығын қорғау болып табылады.

      Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2023 № 185-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

6-1-бап. Жануарлар дүниесін қорғауды, өсімін молайтуды және орнықты пайдалануды, қазақы ит тұқымдарын сақтауды және өсімін молайтуды қамтамасыз ету жүйесі

      Ескерту. 6-1-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 03.01.2023 № 185-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Жануарлар дүниесін қорғауды, өсімін молайтуды және орнықты пайдалануды қамтамасыз ету жүйесіне:

      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;

      2) аумақтық бөлімшелерімен бірге ведомствосын қоса алғанда, уәкілетті орган;

      2-1) аумақтық бөлімшелері бар ведомствосын қоса алғанда, балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган;

      3) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және орнықты пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдар;

      4) жергілікті мемлекеттік басқару органдары;

      5) мамандандырылған ұйымдар;

      6) алып тасталды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      7) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және орнықты пайдалану саласындағы ғылыми ұйымдар;

      8) аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілері;

      9) аңшылардың және аңшылық шаруашылық субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары, сондай-ақ балықшылардың және балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері кіреді.

      2. Қазақы ит тұқымдарын сақтауды және өсімін молайтуды қамтамасыз ету жүйесіне:

      1) уәкілетті орган, уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері;

      2) қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдар;

      3) Қазақы ит тұқымдарының ұлттық орталығы;

      4) кинологиялық қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар кіреді.

      Ескерту. Заң 6-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2023 № 185-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

6-2-бап. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару органдары мен лауазымды адамдар

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару органдарына және лауазымды адамдарға Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, аумақтық бөлімшелерімен бірге ведомстволарын қоса алғанда, уәкілетті орган мен балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган жатады.

      Ескерту. Заң 6-2-баппен толықтырылды - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), өзгерістер енгізілді - 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

7-бап. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік басқарудың ерекшеліктері

      Балық ресурстарының және басқа су жануарларының пайдаланылуын мемлекеттік есепке алу, кадастры, мониторингі және бақылау, сондай-ақ олардың зерттелуі, қорғалуы мен өсімін молайту мемлекеттік басқарудың біртұтас жүйесін құрайды және балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде бассейндік принцип бойынша, сондай-ақ балық өсіру шаруашылықтарында жүзеге асырылады.

      Балықтар мен басқа да су жануарларының мемлекеттік мониторингі жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.

      Балықтар мен басқа да су жануарларының мемлекеттік мониторингі заңсыз пайда болған балықтар мен басқа да су жануарларын уақтылы анықтау және олардың өткізілуін болғызбау мақсатында ауланған, сатып алынған, қолдан өсірілген балықтар немесе басқа да су жануарлары, балықтар мен басқа да су жануарларының көтерме және бөлшек саудада өткізілуі, экспорты және импорты туралы ақпаратты жинауды және уақтылы өңдеуді қамтамасыз етуге қабілетті жүйені білдіреді.

      Балық шаруашылығы субъектілері балықтар мен басқа да су жануарларын мониторингтеудің цифрлық жүйесінде тіркеледі және оған балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен деректер мен мәліметтерді енгізеді.

      Балықтар мен басқа да су жануарларының мемлекеттік мониторингін балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган балықтар мен басқа да су жануарларының мониторингі қағидаларына сәйкес жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып жүзеге асырады.

      Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.06.2025 № 194-VIII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

8-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы құзыреті

      Ескерту. 8-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 03.01.2023 № 185-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және оның іске асырылуын қамтамасыз етеді;

      2) жануарлар дүниесін иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асырады;

      3) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      4) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      5) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      6) үйреншікті мекендеу ортасынан ауланған бекіре тұқымдас балық түрлерінің дара нұсқаларын тірі күйінде және олардың ұрықтандырылған уылдырығын Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкету туралы шешім қабылдайды;

      7) жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою туралы шешім қабылдайды;

      8) жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тізбесін бекітеді және оларды басқа санаттарға ауыстырады;

      9) еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда өсетін жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің, олардың бөліктерінің және дериваттарының халықаралық саудасына шектеулер енгізеді;

      10) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

      11) алып тасталды – ҚР 19.06.2026 № 317-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      12) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2023 № 185-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2026 № 317-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

9-бап. Уәкілетті органның, аумақтық бөлімшелерімен бірге ведомствосының және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарының құзыреті

      Ескерту. 9-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 03.01.2023 № 185-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      1. Уәкілетті орган:

      1) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады және салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;

      2) алып тасталды – ҚР 19.06.2026 № 317-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      3) осы Заңның мақсаттары мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;

      3-1) "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізілетін қазақы тұқымды иттерді есепке алуды жүргізу мониторингін жүзеге асырады;

      3-2) алып тасталды – ҚР 19.06.2026 № 317-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      4) алып тасталды – ҚР 19.06.2026 № 317-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      5) алып тасталды – ҚР 19.06.2026 № 317-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      5-1) бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптар тізбесін айқындайды, сондай-ақ талаптарды нақты бұзушылықтарға қатысты осы шараның қолданылу мерзімін көрсете отырып, жедел ден қою шарасының нақты түрін (қажет болған кезде) айқындайды.

      Бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптардың тізбесіне Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабына сәйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын талаптар енгізіледі;

      6) алып тасталды – ҚР 19.06.2026 № 317-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      7) жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін және Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерлерін айқындау әдістемелерін әзірлейді және бекітеді;

      8) аңшы және қорықшы куәліктерінің нысанын және оны беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      9) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан жабайы тірі жануарларды, оның ішінде сирек кездесетіндерін және құрып кету қаупі төнгендерін әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжатын) береді;

      10) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күшін қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсаттар беруді жүзеге асырады;

      11) алып тасталды – ҚР 19.06.2026 № 317-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      12) алып тасталды – ҚР 19.06.2026 № 317-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      13) аңшылық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарының үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;

      13-1) жануарлар түрлері бойынша немесе түрлерінің тобы бойынша іс-қимыл жоспарларын әзірлеп, бекітеді;

      14) алып тасталды – ҚР 19.06.2026 № 317-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      15) алып тасталды – ҚР 19.06.2026 № 317-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      16) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      17) алып тасталды – ҚР 19.06.2026 № 317-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      18) халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың тізімдерін әзірлейді және бекітеді;

      19) жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін жүргізуді ұйымдастырады;

      20) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      20-1) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      21) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      22) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      23) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      24) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      25) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын айқындау мақсатында жануарлар дүниесін пайдаланушылардың қызметін тексереді;

      26) алып тасталды – ҚР 19.06.2026 № 317-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      26-1) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану мәселелері бойынша сотқа талап қою дайындайды және ұсынады;

      27) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

      28) алып тасталды – ҚР 19.06.2026 № 317-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      29) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      30) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      30-1) алып тасталды – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      31) алып тасталды – ҚР 19.06.2026 № 317-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      32) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      33) алып тасталды – ҚР 19.06.2026 № 317-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      34) алып тасталды – ҚР 19.06.2026 № 317-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      35) Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;

      36) алып тасталды – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      37) алып тасталды – ҚР 19.06.2026 № 317-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      38) алып тасталды – ҚР 19.06.2026 № 317-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      39) алып тасталды – ҚР 19.06.2026 № 317-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      40) аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу қағидаларын әзірлейді, оларды аккредиттеуді жүргізеді;

      41) алып тасталды – ҚР 19.06.2026 № 317-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      42) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады;

      43) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      44) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      45) су айдындарын халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарға жатқызу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      46) алып тасталды – ҚР 19.06.2026 № 317-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      47) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      47-1) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      47-2) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      47-3) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      47-4) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      48) алып тасталды – ҚР 19.06.2026 № 317-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      49) жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуды белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      50) алып тасталды – ҚР 19.06.2026 № 317-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      51) алып тасталды – ҚР 19.06.2026 № 317-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      52) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкімшілік органның рұқсаттар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      53) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      54) алып тасталды - ҚР 15.06.2017 № 73-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      55) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      56) жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      57) аң аулау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      58) аңшылық шаруашылығын жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      59) алып тасталды – ҚР 19.06.2026 № 317-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      60) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      61) алып тасталды – ҚР 19.06.2026 № 317-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      62) жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды енгізу туралы шешім қабылдайды, тиісті ғылыми ұйымдар берген биологиялық негіздеме негізінде оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілейді;

      63) алып тасталды – ҚР 19.06.2026 № 317-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      64) алып тасталды – ҚР 19.06.2026 № 317-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      65) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      65-1) алып тасталды – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      65-2) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      66) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      67) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      68) алып тасталды – ҚР 19.06.2026 № 317-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      69) жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін және Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін жануарлардың түрлерін еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау, өсіру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      70) алып тасталды – ҚР 19.06.2026 № 317-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      71) алып тасталды – ҚР 19.06.2026 № 317-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      72) алып тасталды - ҚР 15.06.2017 № 73-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      73) алып тасталды - ҚР 15.06.2017 № 73-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      74) алып тасталды – ҚР 19.06.2026 № 317-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      75) жануарларды интродукциялауға, реинтродукциялауға және будандастыруға рұқсат береді;

      76) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;

      76-1) алып тасталды – ҚР 19.06.2026 № 317-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      77) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      77-1) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      77-2) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      77-3) алып тасталды – ҚР 19.06.2026 № 317-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      77-4) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      77-5) алып тасталды – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      77-6) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      77-7) алып тасталды – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      77-8) сирек кездесетіндерден және жойылып кету қаупі төнгендерден басқа жануарларды эпизоотияны болғызбау мақсатында пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      77-9) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      77-10) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      77-11) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан жабайы тірі жануарларды, оның ішінде сирек кездесетіндерін және құрып кету қаупі төнгендерін экспорттауға лицензия береді;

      77-12) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      77-13) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      77-14) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      77-16) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      77-17) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      77-18) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      77-19) киік дериваттарын сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және қадағалау қағидаларын әзірлеп, бекітеді;

      78) осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Аумақтық бөлімшелерімен бірге ведомство өз қызметін уәкілетті орган белгілеген құзырет шегінде жүзеге асырады.

      2. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдарының құзыреті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.

      Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.04.2021 № 34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2021 № 75-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2023 № 185-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2026 № 317-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.07.2026 № 340-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

9-1-бап. Балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның, оның аумақтық бөлімшелері бар ведомствосының құзыреті

      Балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган:

      1) өз құзыреті шегінде стратегиялық, реттеушілік, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады;

      2) мемлекеттің Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары және мемлекеттің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;

      3) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;

      5) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормалар мен нормативтерді әзірлейді және бекітеді;

      6) бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптардың тізбесін айқындайды, сондай-ақ талаптардың нақты бұзылуына қатысты жедел ден қою шарасының нақты түрін, осы шараны қолдану мерзімін (қажет болған кезде) көрсете отырып айқындайды.

      Бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптардың тізбесіне Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабына сәйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын талаптар енгізіледі;

      7) балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін және Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянды өтеу мөлшерін айқындау, сондай-ақ шаруашылық қызмет салдарынан балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянның орнын толтыру мөлшерін есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      8) Үшінші елдермен саудада Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің әкелуіне немесе әкетуіне тыйым салулар немесе шектеулер қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген жабайы тірі жануарларды (балықтарды және басқа да су жануарларын), оның ішінде сирек кездесетіндері мен жойылып кету қаупі төнгендерін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге арналған қорытындыны (рұқсат беру құжатын) береді;

      9) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін балықтардың және басқа да су жануарларының түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсаттар беруді жүзеге асырады;

      10) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға биологиялық негіздеме дайындау тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      11) қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      12) екі және одан көп облыста орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында ғылыми зерттеулер мен жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады және (немесе) қамтамасыз етеді;

      13) балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      14) ішкі және сыртқы нарықтарда сауда жасау үшін бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын таңбалау тәртібін және сыртқы нарықта бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығымен сауда жасауға арналған таңба нысанын әзірлеп, бекітеді және ішкі нарықта саудалауға таңба беруді жүзеге асырады;

      15) интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру мақсатында аулауды, өсімін молайту мақсатында аулауды, балықтың қырылу қаупі бар су айдындарында және (немесе) учаскелерде аулауды жүзеге асырады және (немесе) ұйымдастырады, сондай-ақ бақылау үшін аулауды жүзеге асырады;

      16) екі және одан көп облыста орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулау мақсатында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын, сондай-ақ сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарлар түрлерін пайдалануға рұқсаттар береді;

      17) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын айқындау мақсатында жануарлар дүниесін (балық ресурстары және басқа да су жануарлары бөлігінде) пайдаланушылардың қызметін тексереді;

      18) балық ресурстары мен басқа да су жануарлары бөлігінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;

      19) балықтардың қырылуына сөзсіз алып келетін қырылу қаупі туындаған және су объектілеріне немесе олардың бөліктеріне ағымдағы балық шаруашылығы мелиорациясын жүргізу жолымен мұндай қатердің бетін қайтару мүмкін болмаған жағдайларда ғылыми ұсынымдар негізінде балықтарды мелиорациялық аулау туралы шешім қабылдайды;

      20) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды (балықтар мен басқа да су жануарларын) қолдан өсіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады;

      21) су айдындарына балық жіберу, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясы жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      22) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      23) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін балықтар мен басқа да су жануарларының түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкімшілік органның рұқсаттар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      24) балық аулау объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      25) балық аулау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      26) балық шаруашылығын жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      27) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған рұқсаттарды беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      28) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды енгізу туралы шешім қабылдайды, тиісті ғылыми ұйымдар берген биологиялық негіздеме негізінде оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілейді;

      29) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;

      30) балықтардың және басқа да су жануарларының сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін, оның ішінде Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін түрлерін еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау, көбейту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      31) балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорында балық ресурстары мен басқа да су жануарларының өсімін молайтуды және оларды мемлекеттік есепке алуды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

      32) жергілікті атқарушы органдарға балық ресурстары және басқа да су жануарлары бөлігінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;

      33) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы аккредиттелген ғылыми ұйымдардың ұсынымы бойынша тыйым салудың жалпы ұзақтығын өзгертпестен, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюға тыйым салу мерзімін табиғи-климаттық жағдайларға байланысты қайсыбір жағына күнтізбелік он бес күнге ауыстыру туралы шешім қабылдайды;

      34) халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізеді;

      35) эпизоотияны болғызбау мақсатында сирек кездесетіндерден және жойылып кету қаупі төнгендерден басқа, балықтар мен басқа да су жануарларын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      36) балықтар мен басқа да су жануарларын мониторингтеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      37) балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық өсіруді жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне ауыстыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      38) Үшінші елдермен саудада Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің әкелуіне немесе әкетуіне тыйым салулар немесе шектеулер қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген жабайы тірі жануарларды (балықтарды және басқа да су жануарларын), оның ішінде сирек кездесетіндері мен жойылып кету қаупі төнгендерін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан экспорттауға арналған лицензияны береді;

      39) балық шаруашылығын жүргізуге шарттар жасайды;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      40) тармақша 2018 жылғы 12 тамызда жасалған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция күшіне енген күннен бастап қолданысқа енгізіледі – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII Заңымен.

      40) балық аулау аймағында және ортақ су кеңістігінде су биологиялық ресурстарын аулау мақсатында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсат береді;

      41) халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру және (немесе) бекітіп беру мерзімдерін ұзарту жөнінде шешімдер қабылдайды;

      42) балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық өсіруді жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне ауыстыру жөнінде шешімдер қабылдайды;

      43) су тарту және су ағызу құрылысжайларының балықтарды қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарды әзірлеп, бекітеді және оларды орнатуды келіседі;

      44) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ведомство және оның аумақтық бөлімшелері өз қызметін балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган белгілеген құзырет шегінде жүзеге асырады.

      Ескерту. 9-1-баппен толықтырылды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

10-бап. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару органдарының құзыреті

      1. Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді органдары:

      1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      2) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар басшыларының есептерін қарайды;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      2. Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары:

      1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      1-1) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      1-2) балықтың қырылу қаупі бар су айдындарында және (немесе) учаскелерінде аулауды жүзеге асырады және (немесе) ұйымдастырады;

      2) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі өздеріне ведомстволық бағыныстағы органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіру мен бақылауды жүзеге асырады;

      2-1) аңшылық алқаптардың резервтік қорындағы жануарлар дүниесінің өсімін молайтуды, сондай-ақ оны мемлекеттік есепке алуды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

      3) алып тасталды – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      3-1) жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін бекітеді;

      4) жануарлар дүниесін пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен аңшылық алқаптарды бекітіп беру мен аңшылық шаруашылығының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдайды;

      4-1) алып тасталды – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      5) алып тасталды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      5-1) жануарларға ауырып қалған, бекітіліп берілмеген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде олардың қырылу қаупі төнген жағдайда оларға көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;

      5-2) аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшін жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптарды бекітіп беру бойынша конкурстар өткізеді;

      5-3) алып тасталды – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5-4) жануарларды, оның ішінде жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру жөніндегі, сондай-ақ қолдан өсіру жөніндегі қызметті ұйымдастырады;

      5-5) аңшылық алқаптарының резервтік қорында жануарлар дүниесін қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

      5-6) балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорын қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

      5-7) ғылыми зерттеулер негізінде балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттауды жүргізеді;

      5-8) рекреациялық балық аулау аймағын белгілейді;

      5-9) балық шаруашылығы учаскелерінің шекараларын белгілейді, ұйықтарды (ұйықтық учаскелерді) ашады және жабады;

      5-10) екі және одан да көп облыс аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулау, сондай-ақ сирек кездесетін және құрып бара жатқан жануарлар түрін қоспағанда, жануарлар әлемін пайдалануға рұқсат немесе балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсат береді;

      5-11) облыс аумағында жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер мен жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады және (немесе) қамтамасыз етеді;

      5-12) резервтік қордың балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балықтардың қырылу қаупі туындаған жағдайларда балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің шешімі негізінде мелиорациялық балық аулауды ұйымдастырады;

      5-13) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      5-14) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      5-15) балық өнімдерін қайта өңдеуді субсидиялауды жүзеге асырады;

      5-16) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      5-17) Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасында белгіленген ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда аң аулауды қоспағанда, уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша өңірдің табиғи-климаттық жағдайларына қарай маусымның жалпы ұзақтығын сақтай отырып, аң аулау қағидаларында белгіленген аң аулаудың басталу және аяқталу мерзімдерін неғұрлым ерте және (немесе) неғұрлым кеш мерзімдерге (күнтізбелік он бес күнге дейін) ауыстыру туралы шешім қабылдайды;

      6) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2021 № 75-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 12.06.2025 № 194-VIII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 17.07.2025 № 213-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.06.2026 № 317-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

11-бап. Жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алу, оның мемлекеттік кадастры мен мониторингі

      Жануарлар дүниесін қорғауды, өсімін молайтуды және пайдалануды қамтамасыз ету үшін жануарлар түрлерінің жай-күйі мен географиялық таралуы туралы, олардың саны, жүйелі байқау нәтижелері, оларды шаруашылықтағы пайдалану көлемдері туралы мәліметтер жиынтығын және басқа да қажетті деректерді құрайтын жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алу, оның мемлекеттік кадастры мен мониторингі жүргізіледі.

      Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

11-1-бап. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік монополия

      1. Өсімін молайту мақсатында аулауды және ғылыми-зерттеу үшін аулауды қоспағанда, бекіре тұқымдас балық түрлерін үйреншікті мекендеу ортасынан алып қою, оларды сатып алу, қайта өңдеу және олардың уылдырығы мен өнімінің басқа да түрлерін өткізу жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны тек қана мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырады.

      1-1. Бекіре тұқымдас балық түрлерінің өсімін қолдан молайту мен балық өсіру материалын және олардан өсімін молайту мақсатында жыныстық өнімдер алынғаннан кейін бекіре тұқымдас балық түрлерінің дара нұсқаларын тірі күйінде өткізу жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік монополия субъектісінің қызметімен технологиялық тұрғыдан байланысты қызметке жатады.

      2. Өнімді мемлекеттік монополия субъектісінен сатып алған жеке және заңды тұлғалар оны одан әрі қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыруға құқылы.

      3. Бекіре тұқымдас балық түрлері кездейсоқ ауланған жағдайларда, сондай-ақ бекіре тұқымдас балық түрлерімен бірге иесіз балық аулау құралдары табылған кезде тіршілік етуге қабілетті дара нұсқалары үйреншікті мекендеу ортасына жіберілуге немесе мемлекеттік тапсырыс шеңберінде бекіре тұқымдас балық түрлерінің құртшабақтарын өсіруді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындарға берілуге тиіс, ал тіршілік етуге қабілетсіз (өлі) дара нұсқалары үйреншікті мекендеу ортасына жіберілуге тиіс.

      4. Бекіре тұқымдас балық түрлерін өсімін молайту мақсатында және ғылыми-зерттеу үшін аулау кезінде үйреншікті мекендеу ортасынан алып қою балық аулау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      5. Мемлекеттік монополия субъектісі өткізетін өнімнің бағасын монополияға қарсы органмен келісу бойынша балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

      Ескерту. Заң 11-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

11-2-бап. Киік дериваттарының айналымы және оларды өткізу

      1. Киік дериваттары уәкілетті орган айқындаған тәртіппен сәйкестендіру құралдарымен таңбаланады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-тармақтың екінші бөлігі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі – ҚР 08.07.2026 № 340-VIII Заңымен (мәтін алып тасталды).

      Киік дериваттарын таңбалау және олардың айналымын бақылау мақсаттары үшін киік дериваттары деп киіктің мүйіздері және солардан және (немесе) олардың туынды түрінен өндірілген өнім түсініледі.

      2. Осы Заңның 22-бабына сәйкес жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін алуды қоспағанда, табиғи мекендеу ортасынан алынған киік дериваттарын өткізу жөніндегі қызметті тек қана киік дериваттарымен сауда жүйесінің операторы жүзеге асырады.

      Ескерту. 2-тарау 11-2-баппен толықтыру – ҚР 08.07.2026 № 340-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3-тарау. Жануарлар дүниесін қорғау

12-бап. Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегінегізгі талаптар

      1. Жануарлар дүниесінің жай-күйіне, мекендейтін ортасына, көбею жағдайларына және жануарлардың өріс аудару жолдарына әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін болатын қызмет жануарлар дүниесінің, олар мекендейтін ортаның сақталуы мен өсімін молайтуды және келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды өтеуді қамтамасыз етудің талаптары, оның ішінде экологиялық талаптар сақтала отырып жүзеге асырылуға тиіс.

      2. Жануарлар дүниесінің жай-күйіне және олар мекендейтін ортаға әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін қызметті жүзеге асыру кезінде мынадай негізгі талаптардың сақталуы қамтамасыз етілуге тиіс:

      1) жануарлар дүниесінің табиғи еркіндік жағдайындағы биологиялық сан алуандығы мен үйірлік тұтастығын сақтау;

      2) жануарлар дүниесінің объектілері мекендейтін ортаны, олардың көбею жағдайларын, өріс аудару жолдарын және шоғырлану орындарын сақтау;

      3) жануарлар дүниесі объектілерін ғылыми негізделген тұрғыдан ұтымды пайдалану және олардың өсімін молайту;

      4) табиғаттағы биологиялық тепе-теңдікті сақтау мақсатында жануарлар дүниесі объектілерінің санын реттеу;

      5) жануарлар түрлерін, оның ішінде бағалы, сирек кездесетіндері мен құрып кету қаупі төнгендерін жасанды өсіруді қоса алғанда, кейіннен оларды мекендеу ортасына шығара отырып, жануарлар дүниесінің өсімін молайту.

      3. Алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.01.09 № 213, 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

13-бап. Жануарлар дүниесін қорғау

      Жануарлар дүниесін қорғау:

      1) жануарлар дүниесі объектілерін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі қағидаларды, нормалар мен нормативтерді белгілеу және сақтау;

      2) жануарлар дүниесін пайдалануға шектеулер мен тыйым салулар белгілеу;

      3) жануарлардың бағалы, сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін қорғау;

      4) жануарлар дүниесін пайдаланудың белгіленген ережелерін бұзуды болдырмау;

      5) жануарлар мекендейтін ортаны қорғауды, олардың көбею жағдайларын, өріс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын ұйымдастыру;

      6) жануарлар дүниесін пайдаланушыларға жануарлар дүниесі объектілерін қорғау жөніндегі міндеттерді жүктей отырып, аумақтарды, акваторияларды бекітіп беру;

      7) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру;

      8) жануарлар түрлерін жасанды түрде өсіру;

      9) жануарлар ауырған жағдайда, дүлей зілзала кезінде және басқа себептер салдарынан қырылу қаупі төнген жағдайларда оларға көмек көрсету;

      10) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру;

      11) жануарлар дүниесі объектілерін қорғау және орнықты пайдалану идеяларын насихаттау;

      12) жеке және заңды тұлғалардың жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі қызметін ынталандыру;

      13) азаматтарды жануарлар дүниесіне ізгілікті және ұқыпты қарау рухында тәрбиелеу;

      14) жануарлар дүниесі объектілерінің санын реттеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2026 № 317-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

14-бап. Жануарлар дүниесін сақтау және өсімін молайту мақсатында оны пайдалануға шектеулер мен тыйым салулар белгілеу

      1. Жануарлар дүниесі объектілерін сақтау және өсімін молайту мақсатында:

      1) жануарлар дүниесін пайдалану мерзімдерін шектеу;

      2) аулау әдістеріне, тәсілдеріне және құрал түрлеріне тыйым салу;

      3) жануарлар дүниесі объектілерін алу нормаларын өзгерту;

      4) жануарлар дүниесін пайдаланушылардың санын шектеу;

      5) жануарлар әлемін пайдалану орындарын шектеу;

      6) заңсыз, хабарлаусыз, реттеусіз кәсіпшілікке, сондай-ақ су биологиялық ресурстарынан дайындалған өнімнің заңсыз айналымына қарсы күрес бойынша шаралар белгіленеді.

      2. Шектеулер мен тыйым салулар белгілеуге:

      1) жануарлар популяциясының жыныс-жас құрылымының бұзылуы;

      2) жануарлар санының азаюы;

      3) мекендеу ортасының нашарлауы;

      4) жануарлардың өріс аударуы мен көбеюі кезеңінде олар жаппай шоғырланатын жерлерде тыным алу аймақтарын құру қажеттігі;

      5) гидрометеорологиялық жағдайларға қарай балықтардың уылдырық шашуы үшін жағдайларды қамтамасыз ету қажеттігі негіз болып табылады.

      3. Жануарлар дүниесі объектілерін сақтау мақсатында:

      1) өсімдіктерді жоюға және жануарлар мекендейтін ортаның жағдайларын нашарлататын өзге де іс-әрекеттерге;

      2) жануарлар үйірімен мекендейтін жерді периметрі бойынша олардың індері орналасқан жерге жиырма метр жақын немесе оларды алдын ала басқа жерге көшірмей жыртуға;

      3) уәкілетті органның рұқсатынсыз жануарлардың паналау орындары мен ұяларын бұзуға және бүлдіруге, жұмыртқаларын жинауға;

      4) суда жүзетін құстардың жаппай ұя салуы көрсетілген және балықтардың көбеюі кезеңінде олар уылдырық шашатын жерлерде катерлердің, моторлы қайықтардың және басқа да жүзу құралдарының двигательдерін іске қосып жүзуге;

      5) ұшақтардың, тікұшақтардың және өзге де ұшу аппараттарының итбалықтар, тұяқты жабайы жануарлар мен топтасып ұшатын құстар жаппай мекендейтін аумақтардың үстінен бір километр төмен биіктікте ұшып өтуіне;

      6) жануарлардың мекендеу ортасын жоюға, жемшөптік өсімдіктер егістіктерін, қорғау екпелерін, сортаң топырақтарды, жануарларға арналған астауларды, сілтеме белгілерді, аң аулау және балық аулау шаруашылығын жүргізуге арналған құрылыстарды бүлдіруге;

      7) жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімінсіз алып қоюға;

      8) жануарлар дүниесі объектілерін белгіленген лимиттен артық және жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсаттарда, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған рұқсаттарда немесе жолдамаларда көрсетілген мерзімдерден тыс, сондай-ақ тыныштық аймақтары мен өсімді молайту учаскелерінде аулауға;

      9) жануарлар дүниесі объектілерін аң аулау мен балық аулау ережелерінде көзделмеген жануарларды аулау құралдарының, әдістерінің және тәсілдерінің түрлерін қолдана отырып аулауға;

      10) жарылғыш құрылғыларды, улы химикаттарды және басқа да химиялық препараттарды қолдана отырып (дала кеміргіштерін жою кезінде, сондай-ақ жануарлардың құтыру індеті мен басқа да аурулары жағдайларында улы химикаттарды қолдануды қоспағанда) жануарлар дүниесі объектілерін аулауға;

      11) уәкілетті органның немесе балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның рұқсатынсыз жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге;

      12) балық қыстайтын шұңқырлардың, уылдырық шашатын жерлердің, балық шаруашылығы учаскелерінің және балық аулауға тыйым салынған жерлердің шекараларын белгілейтін бағандарды, жүзбелі таным белгілерін және аншлагтарды жоюға немесе бүлдіруге;

      13) балықтарды қорғау құрылғыларынсыз, сондай-ақ белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін су жинау және ағызу құрылыстарын пайдалануға тыйым салынады.

      4. Жануарлар дүниесі объектілерін сақтау мақсатында шектеулер мен тыйым салулар жануарлардың мекендеу ортасы ареалдарының (таралу облыстарының) географиялық, климаттық ерекшеліктері ескеріле отырып енгізіледі.

      Ескерту. 14-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), ҚР 2011.07.15 № 461-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.02.2021 № 11-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

15-бап. Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін қорғау

      1. Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлері "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізіледі.

      2. Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін қорғауды мемлекет жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалар жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін қорғау жөнінде шаралар қолдануға міндетті.

      3. Жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қоюға айрықша жағдайларда биологиялық негіздеме негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша:

      1) ғылыми, өсімін молайту, коммерциялық мақсаттарда арнайы жасалған жағдайларда өсіру, сондай-ақ кейіннен мекендеу ортасына жіберу;

      2) алып тасталды – ҚР 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3) ғылыми зерттеулер;

      4) селекциялау;

      5) ұлттық аңшылық түрлерін дамыту үшін жол беріледі.

      4. Мыналарға:

      1) жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің қырылуына;

      2) осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлері санының азаюына немесе мекендеу ортасын бұзуға әкеп соғатын іс-әрекеттерге жол берілмейді.

      5. Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін, олардың бөліктері мен дериваттарын бағып-қағу, тасымалдау, сату, сатуға қою және сатып алу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

16-бап. Пестицидтерді, улы химикаттарды, минералдық тыңайтқыштар мен басқа да препараттарды қолдану кезінде жануарларды қорғау

      Ескерту. 16-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Пестицидтерді, улы химикаттарды, минералдық тыңайтқыштарды және басқа препараттарды қолдану, сақтау және тасымалдау жануарлар дүниесі мен олар мекендейтін ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс.

      Жануарлар дүниесін қорғау мақсатында пестицидтерді, улы химикаттарды, минералдық тыңайтқыштарды және басқа препараттарды қолданудың шектеулі рұқсат етілген нормалары белгіленеді.

      Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

17-бап. Шаруашылық және өзге де қызметті жобалау мен жүзеге асыру кезінде жануарлар мекендейтін ортаны, олардың көбею жағдайларын, өріс аудару жолдарын және шоғырланған жерлерін сақтау жөніндегі іс-шаралар

      1. Елді мекендерді, кәсіпорындарды, құрылыстар мен басқа да объектілерді орналастыру, жобалау және салу, өндірістік процестерді жүзеге асыру мен көлік құралдарын пайдалану, қолданыстағы технологиялық процестерді жетілдіру және олардың жаңаларын енгізу, пайдаланылмаған, жағалау маңындағы, батпақты, бұта басқан аумақтарды шаруашылық айналымына енгізу, жерді мелиорациялау, орман ресурстарын және су объектілерін пайдалану, геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізу, пайдалы қазбаларды өндіру, ауыл шаруашылығы жануарлары жайылатын және оларды айдап өтетін жерлерді белгілеу, туристік маршруттар әзірлеу мен халықтың жаппай демалатын орындарын ұйымдастыру кезінде жануарлар дүниесі объектілері мекендейтін ортаны және олардың көбею жағдайларын, жануарлардың өріс аудару жолдары мен шоғырланған жерлерін сақтау жөніндегі іс-шаралар көзделуге және жүзеге асырылуға, сондай-ақ жабайы жануарлар мекендейтін орта ретінде ерекше құнды болып табылатын учаскелерге ешкімнің қол сұқпауы қамтамасыз етілуге тиіс.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 19.06.2026 № 317-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2. Темір жол, тас жол, құбыр тарту және басқа көлік магистральдарын, электр беру және байланыс желілерін, су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларды пайдалану, орналастыру, жобалау және салу кезінде жануарлар мекендейтін ортаны, олардың көбею жағдайларын, өріс аудару жолдары мен шоғырланған жерлерін сақтауды қамтамасыз ететін іс-шаралар әзірленіп, жүзеге асырылуға тиіс.

      3. Шаруашылық және осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген өзге де қызметті жүзеге асыратын субъектілер:

      1) өз құзыреттері шегінде уәкілетті органмен немесе балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша техникалық-экономикалық негіздеме мен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу кезінде осы Заңның 12-бабы 2-тармағының 2) және 5) тармақшалары талаптарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға арналған қаражатты көздеуге;

      2) балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосымен жасалған шарт негізінде балық шаруашылығы су айдындарына балық өсіру материалын жіберуді, уылдырық шашатын орындарды қалпына келтіруді, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясын, өсім молайту кешенінің инфрақұрылымын салуды немесе балық ресурстары мен басқа да су жануарларының өсімін молайту жөніндегі қолданыстағы кешендерді реконструкциялауды, ғылыми зерттеулерді, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген балықтар мен басқа да су жануарларын қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруды, сондай-ақ өзендердің жайылмасы мен теңіз ортасында (рифтер) жасанды уылдырық шашу орындарын жасауды көздейтін іс-шараларды орындау арқылы, балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган бекіткен әдістемеге сәйкес айқындалатын мөлшерде өтеудің орнын толтыруға міндетті.

      Балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының шешімі бойынша осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыратын субъектілер құрылыс салуды, реконструкциялауды (жаңғыртуды) және оны материалдық-техникалық жабдықтауды қаржыландыру үшін өсімді молайту кешенінің мемлекеттік кәсіпорындарының шоттарына қаражат аудару арқылы осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген зиянның өтемақысын өтейді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      4, 5-тармақтармен толықтыру көзделген – ҚР 19.06.2026 № 317-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. 17-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.01.25 № 548-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.04.2025 № 179-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

18-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жануарлар дүниесін қорғау

      Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жануарлар дүниесін қорғау Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

18-1-бап. Балық шаруашылығының ерекше құнды су айдындары және (немесе) учаскелері

      Ескерту. Заң 18-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; алып тасталды - ҚР 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

19-бап. Жануарлар түрлерін жасанды түрде өсіру

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Жануарлар түрлерін жасанды түрде өсіру:

      1) жануарлар түрлерін, оның ішінде бағалы, сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін сақтау және санын арттыру;

      2) ғылыми зерттеулер;

      3) жануарлар түрлерін интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру;

      4) жануарлар түрлерін кәсіпкерлік қызметте пайдалану мақсатында жүзеге асырылады.

      2. Жануарлардың бағалы, сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін сақтау және олардың санын көбейту мақсатында оларды кейіннен мекендеу ортасына шығара отырып, жасанды түрде өсіру бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздердің есебінен жүзеге асырылады.

      2-1. Бекіре тұқымдас балық түрлерін қолдан өсіру мақсаттары үшін өсімін молайту кешенінің мемлекеттік тапсырысты орындайтын мемлекеттік кәсіпорындары кездейсоқ ауланым ретінде алынған балықтарды балықтардың уылдырық шашуын гормондық демеу препараттарын өндіру, сондай-ақ оларды ұстауға азық өндіру үшін пайдалануы мүмкін.

      2-2. Алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2-3. Мемлекеттік тапсырысты орындайтын өсімді молайту кешенінің мемлекеттік кәсіпорындары балық шаруашылығы субъектілерімен өсімді молайту мақсатында аулау жөнінде қызметтер көрсетуге шарттар жасасуға құқылы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 19.06.2026 № 317-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3. Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның I қосымшасына түрлері енгізілген жануарлар, олар еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда өсірілген және әкімшілік органында тіркелген жағдайларда ғана саудалау нысанасы бола алады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3-1-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 19.06.2026 № 317-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3-1. Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның II қосымшасына енгізілген, еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда өсірілген жануарлар түрлері әкімшілік органында тіркелген жағдайларда ғана саудалау нысанасы бола алады.

      3-2. Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция жөніндегі әкімшілік органды Конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіру туралы қызметтің басталғандығы туралы хабардар ету кезінде:

      1) жануарларды импорттау жағдайында – әкімшілік органның әкелуге берілген рұқсатының нөмірі мен күні;

      2) жануарлардың отандық шығу тегі болған жағдайда – балықтың қайда ауланғаны туралы анықтаманың нөмірі мен күні көрсетіледі не сатып алу-сату шарты әкімшілік органда тіркелу нөмірі мен күні көрсетіле отырып қоса беріледі.

      4. Жануарлар түрлерін қолдан өсіру жеке және заңды тұлғалардың қаражаты мен Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен кәсіпкерлік қызмет мақсатында жүзеге асырылады.

      5. Қазақстан Республикасында ішкі және сыртқы рынокта сату үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын бірыңғай таңбалау жүйесі белгіленеді.

      Бекіре тұқымдас балықтардың таңбаланбаған уылдырығын өткізуге жол берілмейді.

      6. Үйреншікті мекендеу ортасынан ауланған бекіре тұқымдас балық түрлерінің дара нұсқаларын тірі күйінде және олардың ұрықтандырылған уылдырығын Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкету Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      Ескерту. 19-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

20-бап. Жануарлар түрлерін интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру, жануарларды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету

      Жануарлар түрлерін интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру, жануарларды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - ҚР 15.06.2017 № 73-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

20-1-бап. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын жерсіндіру

      Ескерту. 20-1-бап алып тасталды - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

21-бап. Жаппай ауыру, дүлей зілзала кезінде және басқа себептер салдарынан қырылу қаупі төнген жағдайларда жануарларға көмек көрсету

      1. Бекітіліп берілген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жаппай ауыру, дүлей зілзала кезінде және басқа себептер салдарынан қырылу қаупі төнген жағдайларда жануарларға көмек көрсетуді аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілері және Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары, ал басқа алқаптар мен су айдындарында - Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады. Аумақтың және оқиғаның маңыздылығына қарай аталған жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық ұйымдар көмек көрсетуі мүмкін.

      1-1. Теңізде және сақтық аймағында мұнай төгілген жағдайда жануарларға көмек көрсету жиынтық экологиялық пайданы талдау негізінде жүзеге асырылады.

      2. Қырылу қаупі бар су айдындарынан және (немесе) учаскелерінен балық аулауды қоспағанда, дүлей зілзала аудандарындағы, сондай-ақ қырылу қаупі төнген жануарларды аулауға жол берілмейді.

      3. Балықтардың сөзсіз қырылуына әкеп соғатын қырылу қаупі туындаған және су объектілерін немесе оның бөліктерін ағымдағы балық шаруашылық мелиорациялауды жүргізу жолымен мұндай қауіпті болдырмау мүмкін болмаған жағдайларда балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган немесе аумақтық бөлімшелерімен бірге ведомство ғылыми ұсынымдар негізінде балықтарды мелиорациялық аулау туралы шешім қабылдауға құқылы.

      4. Балықтың жаппай қырылуы анықталған кезде балық ресурстарын және басқа да су жануарларын құтқару жөніндегі барлық шаралар, оның ішінде балықтарды мелиорациялық аулау да қолданылуға тиіс.

      5. Балықтар мен басқа да су жануарларының жаппай қырылу қаупін болғызбау, сондай-ақ қырылып қалу салдарын жою үшін көмек көрсету балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 21-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.04.2025 № 179-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.06.2025 № 194-VIII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

22-бап. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер

      1. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер:

      1) жануарлар дүниесінің жай-күйін бағалау;

      2) жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің жай-күйін ұдайы зерделеу;

      3) індетті жағдайды ұдайы зерделеу;

      4) халықаралық ғылыми-зерттеу бағдарламаларына қатысу;

      5) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормалар мен нормативтерді негіздеу және ғылыми ұсынымдарды әзірлеу;

      6) биологиялық саналуандылықты сақтау, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі шараларды негіздеу;

      7) жануарлар дүниесі объектілерін қорғаудың, өсімін молайтудың және пайдаланудың құқықтық және экономикалық тетіктерін әзірлеу;

      8) жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алу және оның кадастры, шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттау;

      9) жануарларды ен салу, сақиналау және сынамалар алу арқылы кейіннен мекендеу ортасына шығара отырып, олардың өріс аудару жолдарын, генетикасын және ауруларын зерделеу мақсатында жүзеге асырылады.

      2. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен жыл сайын жүзеге асырылады.

      3. Бекітіліп берілген аңшылық алқаптардағы жануарлар дүниесінің жай-күйін жыл сайын бағалау олар бекітіліп берілген жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Бекітіп берілген жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарындағы және (немесе) учаскелеріндегі балық ресурстары мен басқа да су жануарларының жай-күйін бағалау олар бекітіліп берілген жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебінен үш жылда бір рет жүзеге асырылады.

      4. Жануарлар дүниесін (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда) ғылыми-зерттеу мақсаттарда пайдалану уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган рұқсат етілген аң аулау құралдарын көрсете отырып, жануарлар дүниесін пайдалануға берген рұқсаттар негізінде жылдың кез келген уақытында және рұқсат етілген аң аулау құралдарымен жүзеге асырылады.

      Жануарлар дүниесі объектілерін (балық аулау объектілерін қоспағанда) ғылыми зерттеулер үшін алып қою квотасын уәкілетті орган ғылыми-зерттеу бағдарламалары мен биологиялық негіздемелер негізінде уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен белгілейді.

      4-1. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын ғылыми-зерттеу мақсатында пайдалану жылдың кез келген уақытында және балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган берген балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған рұқсат негізінде рұқсат етілген аулау құралдарымен жүзеге асырылады.

      Балық аулау объектілерін ғылыми зерттеулер үшін алып қою квотасын балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган бекіткен балық ресурстары мен басқа да су жануарларын алып қою лимиті шегінде балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері белгілейді.

      5. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулерді ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері ретінде аккредиттелген заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жүргізеді.

      Ескерту. 22-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.04.2021 № 34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2026 № 317-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

22-1-бап. Ихтиологиялық байқаулар

      1. Ихтиологиялық байқауларды балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері жүргізеді.

      2. Ихтиологиялық байқаулардың негізгі бағыттары: балық шаруашылығы су айдындарының жай-күйін бақылау; бақылау үшін аулауды жүргізу; ихтиофаунаның жай-күйі туралы биологиялық материалдарды жинау; өріс аудару жолдарын, уылдырық шашу мерзімдерін және су айдындарына кәсіпшілік жүктемені зерделеу; балық құртшабақтарының кездейсоқ ауланымын, уылдырық шашатын орындарды және қыстау шұңқырларын айқындау; гидрометеорологиялық жағдайларға қарай уылдырық шашу кезеңіндегі тыйым салу мерзімдерін ауыстыруды қоса алғанда, балық аулау режимін реттеу бойынша, балық аулау құралдары бойынша, балық өсіру-мелиорациялық жұмыстарды және су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар тұжырымдау; балықтың қырылу қаупі бар су айдындарын есепке алу және балықтардың қырылуының профилактикасы және оны жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру; су тарту, ағызу құрылыстарын қарап-тексеру және балықтарды қорғау құрылғылары болмаған кезде балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген зиянды айқындау болып табылады.

      3. Ихтиологиялық байқаулардың деректері балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғауды, өсімін молайтуды және орнықты пайдалануды ұйымдастыру жөнінде ұсынымдар дайындау үшін қолданылады.

      Ескерту. 3-тарау 22-1-баппен толықтырылды - ҚР 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

4-тарау. Жануарлар дүниесін пайдалану

23-бап. Жануарлар дүниесін пайдалану

      1. Жануарлар дүниесін пайдалану жалпы және арнайы пайдалану тәртібімен жүзеге асырылады.

      2. Жануарлар дүниесінің объектілері Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес пайдалануға беріледі.

      3. Реинтродукциялау мақсатында аулауды қоспағанда, жануарлар дүниесін арнайы пайдалануға жануарлар дүниесі объектілерін, олардың тіршілік ету өнімдерін және жануарлар дериваттарын мекендеу ортасынан алып қоя отырып пайдалану жатады.

      4. Жануарлар дүниесін жалпы пайдалануға жануарлар дүниесі объектілерін, сондай-ақ олардың пайдалы қасиеттерін мекендейтін ортасынан алмай пайдалану жатады.

      5. Жануарлар дүниесін мемлекеттік орман қорының аумағында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда пайдалану Қазақстан Республикасының орман заңнамасы мен Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласы заңнамасының талаптары ескеріле отырып жүзеге асырылады.

      5-1. Фермерлік аңшылық шаруашылықтарында еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда өсірілген және ұсталатын жануарларды пайдалануды олардың иеленушілері айқындайды.

      6. Жануарлар дүниесі объектілерін биологиялық қару ретінде пайдалануға тыйым салынады.

      Ескерту. 23-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.07.2026 № 340-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

24-бап. Жануарлар дүниесін пайдаланудың түрлері

      Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар дүниесін пайдаланудың мынадай түрлеріне жол беріледі:

      1) аң аулау;

      2) судағы омыртқасыз жануарлар мен теңіз сүтқоректілерін алып қоюды қоса алғанда, балық аулау;

      3) аң аулау мен балық аулау объектілеріне жатпайтын жануарларды шаруашылық мақсаттарда пайдалану;

      4) жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ эпизоотияны болғызбау мақсатында пайдалану;

      5) жануарлардың пайдалы қасиеттерін, тіршілік ету өнімдерін және киік дериваттарының айналымын қоса алғанда, жануарлар дериваттарын пайдалану;

      6) жануарлар түрлерінің өсімін молайту мақсаттарында пайдалану.

      Ескерту. 24-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.07.2026 № 340-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

25-бап. Жануарлар дүниесін пайдалану мерзімдері

      1. Жануарлар дүниесін жалпы пайдалану үшін пайдалану мерзімдері белгіленбейді.

      2. Жануарлар дүниесін арнайы пайдалану үшін:

      1) аңшылық шаруашылығын жүргізу кезінде - он жылдан қырық тоғыз жылға дейінгі;

      2) балық шаруашылығын жүргізу кезінде – бес жылдан қырық тоғыз жылға дейінгі, ал қырылу қаупі бар су айдындарында және (немесе) учаскелерінде – бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімдер белгіленеді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген мерзімдер құрамына уәкілетті органның немесе аумақтық бөлімшелерімен бірге ведомствоның, облыстың жергілікті атқарушы органының, ғылыми ұйымдардың және аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарының өкілдері енгізілетін конкурстық комиссия шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру, аңшылық алқаптарды бекітіп беруге арналған конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары, аңшылық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспары негізінде айқындайтын аңшылық алқаптарды бекітіп беру кезеңіне байланысты белгілейді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген мерзімдерді балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшелері балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттау негізінде белгілейді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде тізбеленбеген жануарлар дүниесін пайдалану түрлеріне арналған жануарлар дүниесін пайдалану мерзімдері бір жылдан аспайды.

      Ескерту. 25-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

26-бап. Жануарлар дүниесін пайдалануға беру

      1. Жануарлар дүниесі арнайы пайдалануға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен берілетін жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсаттар және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдалануға арналған рұқсаттар негізінде беріледі.

      1-1. Алынып тасталды - ҚР 15.07.2011 № 461-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1-2. Рұқсат беруден:

      1) өтінімде көрсетілген мәліметтерді толық көлемде бермеген;

      2) өтінімде көрсетілген мәліметтер дұрыс болмаған жағдайларда бас тартылады.

      3) алып тасталды - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1-3. Аулаған жері туралы анықтаманы өтініш беруші балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсатын берген кезде балықтар мен басқа да су жануарларының ауланған жері бойынша балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері өтініш келіп түскен кезден бастап екі жұмыс күні ішінде береді.

      Балықтың қайда ауланғаны туралы анықтаманы жазуға балық ресурстары мен басқа да су жануарларын алып қоюға бөлінген квота, балықтың нақты ауланғанын растайтын құжаттар шегінде, мелиорациялық аулау шеңберінде рұқсат етіледі.

      2. Жануарлар дүниесін жалпы пайдалану, оның ішінде бір балықшы бір шыққанда бес килограмға дейін алып шыға отырып, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорында әуесқойлық (спорттық) балық аулау қандай да бір рұқсатсыз жүзеге асырылады.

      Ескерту. 26-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.01.09 № 213, 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), ҚР 2011.07.15 № 461-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.04.2021 № 34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.06.2025 № 194-VIII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

27-бап. Жануарлар дүниесін пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері

      1. Жануарлар дүниесін пайдаланушылар арнайы пайдалану кезінде:

      1) жануарлар дүниесінің өздеріне рұқсат етілген түрлерін ғана пайдалануды жүзеге асыруға;

      2) жануарлар дүниесі объектілерін оларды беру шарттарына сәйкес пайдалануға;

      3) ауланған жануарлар дүниесі объектілерін, оның ішінде аң аулау және балық аулау олжаларын және бұл ретте алынған өнімді меншіктенуге, сондай-ақ оларды тасымалдауға және сатуға;

      4) алып тасталды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      5) жануарлар дүниесін пайдалану үшін жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасуға;

      6) белгіленген сервитутқа сәйкес аңшылық және балық шаруашылықтарының мұқтаждарына арналған уақытша құрылыстар салуға;

      6-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормаларға және қағидаларға сәйкес қорықшыларды қызметтік қарумен қамтамасыз етуге;

      7) аң-құс өсіруді жүзеге асыруға және аң-құс (еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда) өсіру үшін бөлінген аумақта әуесқойлық (спорттық) аң аулауды жүргізуге, сондай-ақ аң-құс өсіру нәтижесінде өсімі молайған жануарларды өз бетінше пайдалануға;

      8) "Аквашаруашылық туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарға сәйкес болған кезде балық аулауды жүргізу үшін өздеріне бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) олардың учаскелерін балық өсіруді жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) олардың учаскелеріне ауыстыруға;

      9) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      10) өздеріне бекітіліп берілген аңшылық алқаптарда жануарлардың жекелеген түрлерін аулау мерзімдерін қысқарту немесе аулауды толық жабу туралы шешім қабылдауға құқығы бар.

      2. Жануарлар дүниесін пайдаланушылар арнайы пайдалану кезінде:

      1) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын сақтауға;

      2) жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгіленген тәртіппен уақтылы төлемдер жасауға;

      3) алып тасталды – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      4) алып тасталды - ҚР 15.06.2017 № 73-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      5) дүлей зілзалалардың еңсерілмейтін салдарынан ластану жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Экология кодексінде көзделген экологиялық талаптарды сақтау арқылы жануарлар мекендейтін ортаның нашарлауына жол бермеуге;

      6) жануарлар дүниесін халық пен қоршаған ортаға қауіпсіз, табиғи үйірлер тұтастығының бұзылуына және жануарларға қатысты қатыгездікке жол берілмейтін тәсілдермен пайдалануға;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      7) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 19.06.2026 № 317-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      7) аңшылық шаруашылығы субъектілері үшін жануарлар дүниесінің пайдаланылған объектілерінің санын жыл сайын есепке алуды жүргізуге және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен есептілікті табыс етуге;

      7-1) уәкілетті органға мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітілген әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарға сәйкес әкімшілік деректерді ұсынуға;

      7-2) балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітілген әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарға сәйкес әкімшілік деректерді ұсынуға;

      8) жануарлар дүниесі объектілерін, оның ішінде сирек кездесетін және құрып кету қауіпі төнгендерін қорғау мен олардың өсімін молайтуды қамтамасыз етуге және олардың санының табиғи ауытқудан тыс азаюына жол бермеуге;

      9) аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерін дамыту жоспарларына сәйкес жануарлар дүниесі объектілерінің өсімін молайтуды қамтамасыз ететін қажетті іс-шараларды жүргізуге;

      10) осы Заңның 49-бабына сәйкес жүргізілетін, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау және қадағалау мақсатында тексеруді жүзеге асыруға кедергі жасамауға;

      11) мыналарды жүзеге асыру үшін:

      бақылау үшін аулауды – балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне;

      ғылыми-зерттеу үшін аулауды - жеке және заңды тұлғаларға;

      әуесқойлық (спорттық) балық аулауды – жеке адамдарға;

      әуесқойлық (спорттық) аң аулауды – жеке адамдарға сервитут беруге;

      12) ғылыми ұсынымдар негізінде бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесінде ағымдағы балық шаруашылығы мелиорациясын жүргізуге;

      13) аншлагтар орнатуға;

      14) әрбір балық қабылдау пунктінде, бригадада немесе звенода балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналын (кәсіпшілік журналын) жүргізуге және балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері лауазымды адамдарының талабы бойынша оны ұсынуға;

      15) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде ведомствоның аумақтық бөлімшесіне жеке және заңды тұлғалармен жануарлар дүниесін пайдалануға жасалған шарттар туралы, оның ішінде оларды бұзу туралы ақпарат жіберуге;

      16) балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімде, оған балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулап алу, су айдынындағы кәсіпшілік жағдай, уәкілетті орган бекіткен нысандарға сәйкес берілген жолқұжаттар туралы мәліметтер беруге;

      17) қоршаған ортаға эмиссияны жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес экологиялық рұқсат алуға;

      18) қорықшыларды көлік, байланыс құралдарымен, айырым белгілері бар арнайы киіммен, қорықшының төс белгісімен, қорықшының куәлігімен қамтамасыз етуге;

      19) өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға;

      20) жеке тұлғаларға олардың ауызша, жазбаша немесе электрондық өтініштері бойынша қағаз немесе электрондық түрде әуесқойлық (спорттық) аң аулауға және әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жолдама беруге;

      21) аңшылық шаруашылығының ішкі регламентін бекітуге;

      22) зоологиялық коллекцияны жасау туралы уәкілетті органның ведомствосына хабарлауға;

      23) кәсіпшілік күш-жігер нормативтерін сақтауға;

      24) бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскесіне ғылыми ұйымның ұсынымдары негізінде балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарларына сәйкес балық жіберуді жүргізуге міндетті.

      25) алып тасталды – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Өтініш берушілер уәкілетті органның немесе балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосына хабарламалар беруді "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен қызметтің немесе әрекеттердің жүзеге асырылуы басталғанға дейін кемінде он жұмыс күні бұрын жүзеге асырады.

      3. Жануарлар дүниесін пайдаланушылар жалпы пайдалану кезінде жануарлар дүниесі объектілерін өздерінің мәдени және эстетикалық қажеттерін қанағаттандыру үшін пайдалануға құқығы бар.

      4. Жануарлар дүниесін пайдаланушылар жалпы пайдалану кезінде:

      1) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңдарының талаптарын сақтауға;

      2) дүлей зілзалалардың еңсерілмейтін салдарынан ластану жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Экология кодексінде көзделген экологиялық талаптарды сақтау арқылы жануарлар мекендейтін ортаның нашарлауына жол бермеуге;

      2-1) өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға;

      3) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі өзге де талаптарды орындауға міндетті.

      5. Жануарлар дүниесін пайдаланушылардың қызметіне мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар мен ұйымдар тарапынан заңсыз араласуға тыйым салынады.

      Ескерту. 27-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.01.31 № 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.12.03 № 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.06.2025 № 194-VIII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 19.06.2026 № 317-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

28-бап. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы

      1. Жануарлар дүниесін жалпы пайдалану ақысыз жүзеге асырылады.

      2. Жануарлар дүниесін арнайы пайдалану Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес ақылы негізде жүзеге асырылады.

29-бап. Жануарлар дүниесін пайдалану үшін лимиттер мен квоталар

      1. Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимиті - жануарлар дүниесі объектілерін олардың табиғи өсімі мен саны сақталатын жағдайда алып қоюдың жол берілетін шекті көлемі.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-тармақтың екінші бөлігіне өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 19.06.2026 № 317-VIII (16.02.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимиті жануарлар дүниесі объектілерінің санын есепке алу, оларды және олар мекендейтін ортаны мониторингтеу, ғылыми зерттеулер материалдарының негізінде дайындалған биологиялық негіздемеге сәйкес айқындалады және оны уәкілетті орган немесе балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган құзыреті шегінде бекітеді.

      Бірнеше мемлекеттердің аумақтары бойымен өріс аударатын немесе мемлекетаралық маңызы бар су айдындарын мекендейтін жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимиті халықаралық шарттардың негізінде, ал олар болмаған жағдайда - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалады.

      Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын алып қою лимиті тиісті жылдың 1 қаңтарынан бастап 31 желтоқсаны кезеңіне белгіленеді.

      Аулау объектісі болып табылатын жануарлар түрлерін алып қою лимиті ағымдағы жылдың 15 ақпанынан бастап келесі жылдың 15 ақпанына дейінгі кезеңге белгіленеді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-1-тармақпен толықтыру көзделген – ҚР 19.06.2026 № 317-VIII (16.02.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2. Жануарлар дүниесін пайдаланушылар үшін аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары белгілейтін, балық аулау объектілерін қоспағанда, аң аулау объектісі болып табылатын жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимитінің бір бөлігі аң аулау объектісі болып табылатын жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квотасы болып табылады.

      Балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері белгілейтін балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою лимитінің бөлігі балық аулау объектілерін алып қою квотасы болып табылады.

      Балықтың жаппай қырылуына қарсы іс-шара ретінде немесе көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығында ихтиофаунаны алмастыру үшін жүзеге асырылатын мелиорациялық аулау жолымен алып қойылған балықтың көлемі балық аулаудың жалпы лимитіне кірмейді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3-тармақпен толықтыру көзделген – ҚР 19.06.2026 № 317-VIII (16.02.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. 29-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.04.2021 № 34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.06.2025 № 194-VIII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

30-бап. Жануарлар дүниесін пайдалану құқығын тоқтатудың негіздері

      Жануарлар дүниесін пайдалану құқығы:

      1) алып тасталды - ҚР 15.06.2017 № 73-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      2) жануарлар дүниесін пайдалану мерзімі өтіп кеткен;

      3) жануарлар дүниесін пайдаланушының қызметі тоқтатылған;

      4) аңшылық шаруашылығын жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, олардың өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын, сондай-ақ аңшылық шаруашылығын немесе балық шаруашылығын жүргізу шарттарының талаптарын жүйелі түрде бұзған;

      4-1) балық шаруашылығын жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптары жүйелі түрде өрескел бұзылған жағдайларда тоқтатылады.

      Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын өрескел бұзуға республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің елу еселенген мөлшерінен асатын мөлшерде балық ресурстарына залал келтірген бұзушылықтар жатады;

      5) алып тасталды - ҚР 15.06.2017 № 73-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      6) жануарлар дүниесін арнайы пайдалануға арналған рұқсаттардан айырылған жағдайларда тоқтатылады.

      7) алып тасталды - ҚР 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. 30-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2026 № 317-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

31-бап. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормалар мен нормативтер

      1. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормалар мен нормативтерде жануарлар дүниесінің, мекендеу ортасының сақталуын және оның орнықты пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін қажетті көрсеткіштердің жол берілетін шекті сандық және сапалық мәні айқындалады.

      2. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормалар мен нормативтер ғылыми зерттеулер негізінде белгіленеді және шаруашылық пен өзге де қызметті жоспарлау және жүргізу, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы іc-шараларды жүргізу кезінде міндетті болып табылады.

      Ескерту. 31-бап жаңа редакцияда - ҚР 15.06.2017 № 73-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

5-тарау. Aң аулау

32-бап. Аң аулау ұғымы және түрлері

      1. Аң аулау - аң аулау объектісі болып табылатын жануарлар түрлерін мекендейтін ортасынан алуды жүзеге асыру арқылы жануарлар дүниесін арнайы пайдалану түрі.

      Жануарлар дүниесі объектілерін аулау мақсатында іздеу, ізін кесу және ізіне түсу, аулауға әрекет жасау, аңшылық алқаптарда және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда қабынан шығарылған аңшылық қаруы және басқа да аң аулау құралдары немесе аң аулаудан алған өнімдері бар, қарғыбауы алынған аң аулайтын иттері мен аушы жыртқыш құстары бар адамдардың жүруі аң аулауға теңестіріледі.

      2. Аң аулау:

      1) кәсіпшілік аң аулау;

      2) әуесқойлық (спорттық) аң аулау, оның ішінде ұлттық аң аулау болып бөлінеді.

      3. Кәсіпшілік аң аулау - аң аулау объектісі болып табылатын жануарлар түрлерін кәсіпкерлік қызмет мақсатында аулау.

      4. Әуесқойлық (спорттық) аң аулау - аң аулау объектісі болып табылатын жануарлар түрлерін спорттық, эстетикалық қажеттіктерін қанағаттандыру мақсатында және ауланған өнімді жеке тұтыну үшін аулау.

      Ұлттық аң аулау – әуесқойлық (спорттық) аң аулау объектісі болып табылатын жануар түрлерін аушы жыртқыш құстар мен қазақы тұқымды иттерді пайдалана отырып, қару-жарақсыз аулау.

      5. Егер уәкілетті орган өзгеше белгілемесе, аң аулау бекітіліп берілген аңшылық алқаптарда жүргізіледі.

      Ескерту. 32-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2023 № 185-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.06.2026 № 317-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

33-бап. Аң аулау құқығы

      1. Аң аулау құқығы жеке тұлғаларға:

      1) егер аң аулау атыс қаруы қолданыла отырып жүргізілетін болса, жиырма бір жасқа толған;

      2) егер аң аулау аңшылық ережелерінде рұқсат етілген басқа да аңшылық құралдарының түрлері, аңшылық иттер мен аушы жыртқыш құстар қолданыла отырып жүргізілетін болса, он төрт жасқа толған;

      3) аңшы куәлігі болған;

      4) жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсат немесе жолдама алған жағдайда беріледі.

      2. Шетелдіктер үшін Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау құқығы аңшылық шаруашылығы субъектісімен жасасқан аң аулауды ұйымдастыру шартының және жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат алуының, сондай-ақ ішкі істер органдарынан аңшылық атыс қаруын және оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсатының негізінде туындайды.

      Ескерту. 33-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

33-1-бап. Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері

      1. Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктері жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың мүддесін қорғау үшін құрылады.

      2. Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктері коммерциялық емес ұйымдар болып табылады. Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктері өздерінің құрылымдық бөлімшелерін (филиалдары мен өкілдіктерін) құруға құқылы.

      Аңшылар мен аңшылық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы уәкілетті орган, балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен аккредиттелуге жатады. Аңшылар мен аңшылық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығын аккредиттеуді уәкілетті орган, балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган олардың берген өтініштері негізінде және олардың меншікті қаражаты есебінен жүргізеді.

      Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері қызметі Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.

      3. Аңшылар және аңшылық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы:

      1) аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің аңшылық шаруашылығын, аңшылық ит өсіруді, аң-құстарды өсіруді дамыту жөніндегі қызметін үйлестіруді;

      2) аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің мүддесін мемлекеттік органдар мен ұйымдарда, сондай-ақ мемлекеттік емес және халықаралық ұйымдарда білдіруді;

      3) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді және басқа да құжаттарды дайындауға қатысуды;

      4) жануарлар дүниесі объектілерінің мониторингіне және есебін алуға қатысуды;

      5) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар әлемі объектілерін алып қою квоталарын бөлуді;

      6) аң аулауда пайдаланылатын аушы жыртқыш құстардың есебін және тіркеуін жүргізуді;

      7) электрондық нысанда, оның ішінде өз филиалдары мен өкілдіктері арқылы аңшы куәліктерін беруді, уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне белгіленген нысан бойынша берілген аңшы куәліктері туралы есептілікті ұсынуды;

      8) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      9) бекітіп берілген аңшылық алқаптарында аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерінің санын есепке алуды жүргізуге қатысуды, аңшылық шаруашылығының субъектілері ұсынған деректерді талдау мен жалпылауды және жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимитін дайындау үшін уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне ұсынымдар енгізуді;

      10) жануарлар дүниесінің өсімін молайтуды ұйымдастыруды;

      11) аңшылық алқаптарды бекітіп беру жөніндегі конкурстық комиссияларға қатысуды;

      12) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      13) аушы жыртқыш құстар мен аңшылық иттерді пайдалана отырып, аң аулаудың ұлттық түрлерін дамытуды ұйымдастыруды;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      13-1) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 19.06.2026 № 317-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      14) Жарғыда көзделген және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметті жүзеге асырады.

      Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы берген аңшылық минимумын тапсырғаны туралы құжат аңшы куәлігін беруге негіз болып табылады.

      4. Балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілер қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы мынадай қызмет түрлерін:

      1) балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің балық шаруашылығын, аквашаруашылықты, балық ресурстары мен басқа да су жануарларының өсімін молайтуды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды дамыту жөніндегі қызметін үйлестіруді;

      2) балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің мүддесін мемлекеттік органдар мен ұйымдарда, сондай-ақ мемлекеттік емес және халықаралық ұйымдарда білдіруді;

      3) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді және басқа да құжаттарды дайындауға қатысуды;

      4) жануарлар дүниесі объектілерінің мониторингіне және есебін алуға қатысуды;

      5) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      6) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      7) балық шаруашылығын дамытуға бөлінетін субсидияларды бөлуге қатысуы;

      8) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде балық ресурстары және басқа да су жануарларының жаппай ауыруы, олардың қырылу қаупі, балықтардың қырылу қаупі жағдайларында, сондай-ақ жас балықтарды құтқаруды ұйымдастыруға көмектесуге қатысуды;

      9) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      9-1) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 19.06.2026 № 317-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      10) Жарғыда көзделген және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қызметті жүзеге асырады.

      Ескерту. Заң 33-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2026 № 317-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

5-1-тарау. Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту

      Ескерту. 5-1-тараумен толықтырылды – ҚР 03.01.2023 № 185-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

33-2-бап. Қазақы ит тұқымдарының ұлттық орталығы

      1. Қазақы ит тұқымдарының ұлттық орталығы (бұдан әрі – Ұлттық орталық) қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін уәкілетті орган айқындаған мамандандырылған ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

      2. Ұлттық орталықтың міндеттері мыналар болып табылады:

      1) қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту жөніндегі қызметті жүзеге асыру;

      2) қазақы ит тұқымдарымен жұмыс істеу бойынша, оның ішінде кинологиялық қызмет бойынша сарапшыларды оқыту және мамандарды даярлау;

      3) шығу тегі туралы куәлік бере отырып, тұқымы таза қазақы тұқымды иттерді асырау және өсіру;

      4) уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес Бірыңғай тұқым-тегі кітабын жүргізу;

      5) кинологиялық қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалармен бірлесіп, қазақы ит тұқымдарының стандарттарын әзірлеу;

      6) қазақы тұқымды иттердің сынақтарын, көрмелерін, байқауларын, әртүрлі дәрежедегі жарыстарын ұйымдастыру және өткізу;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметті жүзеге асыру.

33-3-бап. Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері

      Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы мемлекеттік реттеу:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласында іргелі және қолданбалы сипаттағы ғылыми зерттеулер, қазақы ит тұқымдарын сақтау, дамыту және пайдалану бойынша селекция жүргізу;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы селекциялық жетістіктерге сынақтар мен байқаулар жүргізу;

      3) "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қазақы тұқымды иттерді есепке алуды жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

33-4-бап. Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы қызметті қаржыландыру

      1. Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы қызметті, оның ішінде Ұлттық орталықты қаржыландыру бюджет қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен мемлекеттік қолдау арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мыналарға:

      1) қазақы ит тұқымдарын сақтауға және өсімін молайтуға;

      2) қазақы ит тұқымдарының таза тұқымдылығын қорғауға бағытталған іс-шараларды қаржыландыру мемлекеттік қолдаудың негізгі нысаны болып табылады.

33-5-бап. Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы ғылыми зерттеулер

      Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы ғылыми зерттеулерді Қазақстан Республикасының ғылыми ұйымдары жүзеге асырады.

      Ғылыми ұйымдар уәкілетті органмен, Ұлттық орталықпен, сондай-ақ кинологиялық қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалармен бірлесіп, қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы мемлекеттік ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзірлеуді жүзеге асырады.

6-тарау. Балық аулау

34-бап. Балық аулау түрлері

      1. Балық аулау мынадай түрлерге бөлінеді:

      1) кәсіпшілік балық аулау;

      2) әуесқойлық (спорттық) балық аулау;

      3) ғылыми-зерттеу үшін аулау;

      4) бақылау үшін аулау;

      5) мелиорациялық аулау;

      6) өсімін молайту мақсатында аулау;

      7) алып тасталды - ҚР 15.06.2017 № 73-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      2. Кәсіпшілік балық аулау – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын бір мезгілде көп мөлшерде аулауға мүмкіндік беретін аулау құралдарымен балық ресурстарын және басқа да су жануарларын олардың табиғи мекендеу ортасынан алуды қамтамасыз ететін кешенді процесс.

      Кәсіпшілік балық аулау кәсіпкерлік қызмет мақсатында жүзеге асырылады.

      Кәсіпшілік балық аулау жағалауда және теңізде аулау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

      Жағалауда аулау – бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жүзеге асырылатын балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.

      Теңізде аулау – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын бекітіліп берілген учаскелер шегінен тыс су айдындарының (теңіздердің, көлдердің) ашық бөлігінде, сондай-ақ балық аулау аймағында және ортақ су кеңістігінде жүзеге асырылатын аулау.

      Жергілікті атқарушы орган белгілейтін рекреациялық балық аулау аймақтарында кәсіпшілік балық аулауға жол берілмейді.

      Бірлескен су биологиялық ресурстарының кәсіпшілігі аумақтық суларда, балық аулау аймағында және ортақ су кеңістігінде жүзеге асырылады.

      3. Әуесқойлық (спорттық) балық аулау – бір-бірлеп аулауға ғана (кәсіпшілік емес аулау құралдары) мүмкіндік беретін аулау құралдарымен жүзеге асырылатын, спорттық және эстетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру, спорттық жарыстарды өткізу мақсатында, сондай-ақ аулап алынған өнімді жеке тұтыну үшін балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.

      Әуесқойлық (спорттық) балық аулау ауланған балықты кейіннен тірі күйінде табиғи мекендеу ортасына қайтадан жіберумен жүзеге асырылуы мүмкін.

      4. Ғылыми-зерттеу үшін аулау – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатында балық ресурстары мен басқа да су жануарларын аулау.

      Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын алып қою лимитінен тыс ғылыми-зерттеу үшін аулауға бұрын жануарлар дүниесінің жай-күйін бағалау жүргізілмеген су айдындарында жол беріледі.

      5. Бақылау үшін аулау – ихтиофаунаның жай-күйін бақылау, балық ресурстарын және басқа да су жануарларының өсімін молайту тиімділігін, шабақтардың өнімділігін, су айдындарының балық өнімділігін айқындау мақсатында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.

      Көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметі үшін пайдаланылатын балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде бақылау үшін аулау балық аулау қағидаларына сәйкес аквашаруашылық саласындағы балық өсіру-биологиялық негіздемеде көрсетілген өсірілетін балықтардың көлемін және түрлік құрамның сәйкестігін айқындау мақсатында жүзеге асырылады.

      6. Мелиорациялық аулау – жаппай аулауды, арзан бағаланатын балықтар түрлерін аулауды, қырылу қаупі бар су айдындарындағы және (немесе) учаскелеріндегі аулауды қоса алғанда, су айдындарының балық өнімділігін арттыруға, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын сақтауға және олардың мекендеу әрі көбею жағдайларын жақсартуға бағытталған балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.

      Жаппай аулау - су айдынындағы балық ресурстарының және басқа да су жануарларының бүкіл кәсіпшілік қорын алып қою немесе балықтардың жеке түрлерінің кәсіпшілік қорын немесе экологиялық тобын алып қою. Жаппай аулау мелиорациялық аулау ретінде және ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін, сондай-ақ көл-тауар шаруашылық қызметін жүргізу кезінде аквашаруашылық саласындағы балық өсіру-биологиялық негіздеме негізінде ихтиофаунаны алмастыру мақсатында қолданылуы мүмкін.

      7. Өсімін молайту мақсатында аулау - балық ресурстарының және басқа да су жануарларының өсімін молайту мақсатында оларды аулау.

      8. Алып тасталды - ҚР 15.06.2017 № 73-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      9. Балық аулауды жүзеге асыру тәртібі балық аулау қағидаларында айқындалады.

      Ескерту. 34-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.02.2021 № 11-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 30.04.2021 № 34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

35-бап. Балық аулау құқығы

      1. Кәсіпшілік балық аулау құқығы жеке және заңды тұлғаларға:

      1) балық ресурстары және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсаты;

      2) балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесімен балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт болған кезде беріледі.

      2. Ғылыми-зерттеу және мелиорациялық аулау, сондай-ақ өсімін молайту мақсатында аулау құқығын жеке және заңды тұлғалар – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған рұқсаты, ал әуесқойлық (спорттық) балық аулау үшін балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған рұқсаты немесе жолдамасы болған кезде иеленеді.

      3. Бақылау үшін аулауды балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған рұқсатсыз балық аулау қағидаларында айқындалған тәртіппен жүзеге асырады.

      Ескерту. 35-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

36-бап. Қолдан жасалған су айдындарында және сумен қамтамасыз ету циклі тұйықталған балық өсіру шаруашылықтарында балық шаруашылығы қызметін реттеу ерекшеліктері

      Ескерту. 36-бап алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

7-тарау. Аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргізу

37-бап. Аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізу құқығын беру және тоқтату

      Ескерту. 37-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 15.06.2017 № 73-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Аңшылық шаруашылығын жүргізу құқығы облыстың жергілікті атқарушы органының аңшылық алқаптарды бекітіп беру туралы шешімі, сондай-ақ уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі мен жануарлар дүниесін пайдаланушы арасында жасалатын аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт негізінде Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына беріледі.

      Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп бере отырып, балық шаруашылығын жүргізу құқығы балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық бөлімшесінің балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру туралы шешімі, сондай-ақ балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі мен жануарлар дүниесін пайдаланушы арасында жасалатын балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт негізінде Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына беріледі.

      2. Аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілері жануарлар дүниесі объектілерін квота шегінде алып қою құқығын жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсат алған сәттен бастап, ал басқа жеке және заңды тұлғалар - аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінен жолдама алғаннан кейін немесе солармен аң аулау шартын жасасқаннан кейін алады.

      2-1. Аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттар:

      1) аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуден өз еркімен бас тартқан;

      2) аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттардың қолданыс мерзімі аяқталған;

      3) осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, аңшылық, балық шаруашылықтары субъектілерінің қызметі тоқтатылған;

      4) аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттардың талаптары жүйелі түрде бұзылған;

      5) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптары жүйелі түрде бұзылған;

      6) аңшылық алқаптар немесе балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бекітіп берілген жер учаскелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен мемлекеттік мұқтаж үшін алып қойылған жағдайларда тоқтатылады.

      3. Алып тасталды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      4. Аңшылық немесе балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт жасалған жеке тұлға қайтыс болған жағдайда, аңшылық алқапты немесе балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен мұраға қалады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      5-тармақпен толықтыру көзделген – ҚР 19.06.2026 № 317-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. 37-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2026 № 317-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

38-бап. Аңшылық алқаптар

      1. Аңшылық алқаптар - аң аулау және аңшылық шаруашылығын жүргізу жүзеге асырылатын немесе асырылуы мүмкін, аң аулау объектісі болып табылатын жануарлар түрлерінің мекендеу ортасы болатын аумақтар мен акваториялар.

      Сулы-батпақты алқаптар осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген белгілерге сәйкес келген жағдайда аңшылық алқаптар құрамына енгізілуі мүмкін.

      2. Аумақтар мен акваторияларды аңшылық алқаптарға жатқызу, олардың шекараларын айқындау, тиісті сервитуттар мен аңшылық шаруашылығының санаттарын белгілеу шаруашылықаралық аңшылық ісін ұйымдастыру нәтижелерінің негізінде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      3. Аңшылық алқаптарда жануарлар дүниесі объектілерін пайдалануға байланысты емес шаруашылық қызмет жануарлар дүниесі объектілерінің және олар мекендейтін ортаның сақталуын қамтамасыз ететін әдістермен және тәсілдермен жүргізілуге тиіс.

      4. Аңшылық алқаптары бар жерлер мен акваторияларды иелену, пайдалану және оларға билік ету құқығы аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін пайдалану құқығын бермейді.

      5. Мына жағдайларда:

      1) аңшы куәлігінсіз;

      2) атыс қаруын сақтау мен пайдалану құқығын беретін ішкі істер органдары рұқсатынсыз атыс қаруын қолданып;

      3) аң аулауды жүргізу мақсатында уақытша әкелінгендерді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркеместен аушы жыртқыш құстарды және аңшы иттерді қолданып;

      4) аң аулау ережелерінде қолданылуы көзделмеген аулау құралдарын пайдаланып;

      5) аңшылық шаруашылығы субъектісімен шарт жасаспай кәсіпшілік мақсатта;

      6) егер уәкілетті орган өзгеше белгілемесе, аңшылық алқаптардың резервтік қорында;

      7) елді мекендердің жерлерінде, сондай-ақ олармен іргелес аумақтарда аң аулау ережелеріне сәйкес аңшылық атыс қаруын қолдану қауіпсіздігі қамтамасыз етілмейтін қашықтықта;

      8) уәкілетті органның рұқсатынсыз өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жерлерінде;

      9) күйзелісті және дәрменсіз жағдайдағы жануарларды (дауылдан, су тасқынынан, өрттен бас сауғалағандарды, су тоғандарынан өту кезінде, көктайғақ кезінде, аштықтан әлсірегендерді, жусанды паналаған суда жүзетін құстарды);

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      10) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 19.06.2026 № 317-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      10) қозғалтқышы іске қосылған авиа-, авто-, мотокөлік құралдарын, қарда жүретін техниканы, шағын көлемді кемелерді, түнде көру аспаптарын, лазерлік нысана көрсеткіштерді, жарық беру және дыбыс шығару аспаптарын қолдана отырып, әуесқойлық (спорттық) мақсатта;

      11) алкогольден немесе есірткіден масаң болу немесе өзге түрде улану жағдайларында;

      12) егін орағы аяқталғанға дейін ауыл шаруашылығы дақылдары егілген жерлерде;

      13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен табиғатты пайдаланудың жекелеген түрлеріне жол берілетін аумақты қоспағанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда;

      14) өзен құндызына, кәмшатқа, күзенге, ондатраға атыс қаруын қолданып;

      15) аңшылық иттерді құтқару үшін індерді қазуды қоспағанда, жануарлардың тұрағын бұзып және зақымдап;

      16) өзен құндызы тұрғызған бөгетті бұзып;

      17) пневматикалық, лақтыратын қаруды қолданып (жануарлар дүниесі объектілерін қозғалтпауға және егуге байланысты ғылыми-зерттеу және профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін садақтар мен арбалеттерді пайдаланудан басқа);

      18) сауыт бұзатын, өртегіш немесе жарғыш қуаты, ауыртпалық орталығы ауыстырылған оқтары бар патрондарды қолданып;

      19) тегіс ұңғылы аңшылық мылтығына қолдан жасалған ойық жиналмалы (қосалқыларды) ұңғыны қолданып;

      20) бос жерлерді, су бетіндегі өсімдіктерді жағумен, басқа да өсімдіктерді түбірімен қопарып және жойып;

      21) өздігінен атылатын қаруларды, қысқыштарды, қаусырмаларды, қапсырмаларды, кескіштерді қолданып; тұзақтар құрып, аулау орларын қазып; адам байқамайтын айқындаушы белгілерінсіз ірі қақпандарды, шатырларды, бастырмаларды, ілмектерді, найзаларды, құс желімін орнату жолымен, түтін салып, жылтыр мұзға, қатқыл мұзға, терең қарға және топырағы жабысқақ сортаңға, шабылған қамысқа айдап шығарып, қоңыр аюды, тұяқты жануарларды және құстарды аулау кезінде қақпанды қолданып, қоршауға алып, тағамен аулап;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      22) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 19.06.2026 № 317-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      22) торларды қолданып; су құю арқылы іннен шығарып (уәкілетті органның ведомствосымен келісу бойынша жануарларды интродукциялау, реинтродукциялау, будандастыру немесе еріксіз ұстау үшін оларды аулауды қоспағанда);

      23) дала кеміргіштерін құрту кезінде, сондай-ақ жануарлардың құтыру эпизоотиясы және басқа да аурулары болған жағдайларда улы химикаттар және басқа да химиялық препараттар қолдануды қоспағанда, жарғыш құрылғыларды, улы химикаттарды және басқа да химиялық препараттарды қолданып;

      24) жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсатта немесе жолдамада көрсетілген жануарлар санынан асырып;

      25) жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсатта немесе жолдамада көрсетілмеген жануарлардың басқа түрлерін;

      26) аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамасынсыз;

      27) алып тасталды – ҚР 30.04.2021 № 34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      28) еркекүйрекке көктемгі аң аулау кезінде еліктіруші үйрексіз немесе тұлыпсыз;

      29) тұяқты жануарларды және қоңыр аюды аулау кезінде қорықшының немесе жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспектордың еріп жүруінсіз;

      30) әуесқойлық (спорттық) мақсатта суырға калибрі бес бүтін оннан алты миллиметрлік бүйірден (сақиналы) тұтандырғыш патронды ойықты қару қолданып;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      31) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 19.06.2026 № 317-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      31) тыныштық сақтау аймақтарында және өсімін молайту учаскелерінде аң аулауға тыйым салынады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      32) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 19.06.2026 № 317-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. 38-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.04.2021 № 34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

39-бап. Балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері

      1. Балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері - балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау, өсіру және көбейту үшін пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін не олардың қорларының өсімін молайту үшін маңызы бар су айдындары не олардың бөліктері (өзендер және оларға теңестірілген каналдар, көлдер, сулы-батпақты алқаптар, су қоймалары және басқа да ішкі су айдындары, аумақтық сулар), сондай-ақ теңіз сулары.

      Заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына кіретін су айдындарында балық аулау және балық өсіру "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.

      2. Балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері маңызы жағынан халықаралық, республикалық және жергілікті болып бөлінеді.

      3. Халықаралық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне Қазақстан Республикасының және онымен шектес мемлекеттердің аумақтарында орналасқан су тоғандары жатады.

      Республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне екі және одан да көп облыстардың аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері жатады.

      Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне жергілікті атқарушы орган бекіткен тізбеге енгізілген қалған барлық балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері жатады.

      3-1. Көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері "Аквашаруашылық туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен беріледі.

      4. Балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде:

      1) елді мекендердің, балық қабылдау пункттерінің жанына бакендер орнату үшін, аялдауды және аса қажет жағдайды қоспағанда, балық аулауға тыйым салынған жерлерде су көлігінің тоқтауына;

      2) балық аулайтын түрлі құралдарды бір балық шаруашылығы су айдындарынан және (немесе) учаскелерінен басқаларына арнайы өңдеусіз апаруға;

      3) алып тасталды – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      4) су тоғандарында немесе оған тікелей жақын жерде балық аулау ережелерінде қолдану көзделмеген балық аулау құралдарымен болуға;

      5) осы Заңның 11-1-бабының 3-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, балықтарды ноқталарында сақтауға, жүзу құралдарынан және балық аулау құралдарынан шыққан өлі және ауру балықты суға және жағалау белдеуіне лақтырып тастауға;

      6) балық аулау қағидаларында белгіленген кәсіпшілік өлшемнен кем мөлшерде балық аулауға, қабылдауға, сатып алуға-сатуға, тасымалдауға және сақтауға;

      7) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      8) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      9) жеке және заңды тұлғаларға түрін көрсетпестен тапсыруды және қабылдауды жүзеге асыруға;

      10) екі және одан да көп аумен (құлыптаудағы) сүзуді бір мезгілде жүргізуге, сондай-ақ алдыңғы ауды жағалауға толық лақтырғанға дейін ауды сүзуді бастауға;

      11) балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық аулауға тыйым салынған кезеңде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған жерлерде балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесімен келісусіз қозғалтқыштары қосылған су көлігінің барлық түрлерінің жүруіне;

      12) санитариялық күзет аймақтары мен акваториялар шегінде балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсатсыз және балық аулау қағидаларында көзделген құжаттарды ресімдеусіз жеке және заңды тұлғалардың балық ресурстарын және басқа да су жануарларын сатып алуына және өткізуіне тыйым салынады.

      "Аквашаруашылық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүргізу үшін аквашаруашылық субъектілеріне белгіленген тәртіппен берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) және 5) тармақшаларында көзделген әрекеттерге тыйым салынады.

      5. Мына жағдайларда:

      1) су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлардың, шлюздердің және көпірлердің жанында, көлдерді өзара және негізгі өзенмен жалғастыратын тармақтарда, мелиорациялық жүйелердің жеткізу арналары мен бұрылыстарында, балық аулау ережелерінде белгіленген шекаралардан тыс өзендер мен каналдардың сағалары алдында;

      2) балық аулау ережелерінде көзделмеген балық аулау құралдарымен;

      3) тиісті ғылыми ұйымдар берген биологиялық негіздеменің негізінде балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган  белгілейтін мерзімдерде және орындарда қысқы кезеңде балықтардың қыстайтын шұңқырларында, уылдырық шашу кезінде уылдырық шашатын жерлерде және өзге де учаскелерде;

      4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тіркелмеген және тіркеу нөмірлері көрсетілмеген жүзу құралдарымен;

      5) балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдалануға арналған рұқсатқа сәйкес ұйымның атауы және балық аулау құралдарының өлшемдері көрсетілген жапсырмалары жоқ кәсіпшілік балық аулаудың балық аулау құралдарымен;

      6) теңізде және өзендерде бекіре балықтарды аулауға арналған құрылған аулау құралдарымен;

      7) алкогольден немесе есірткіден масаң болу немесе өзге түрде улану жағдайларында;

      8) балық аулау ережелерімен, шектеулермен және тыйымдармен жол берілмейтін тәсілдермен;

      9) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      10) аулау құралдары өзеннің немесе өзен тармағы енінің үштен екіден астамын қамтып;

      11) құрмалы аулау құралдарын шахматтық тәртіппен, вентерлер мен секреттерді өзендер мен бастаулардың, құятын каналдардың сағасынан бес жүз метр радиуста орнатумен;

      12) кәсіпшілік балық аулауды жүзеге асыру кезінде бөгеттерден, шлюздер мен көпірлерден бес жүз метрден жақын қашықтықта;

      13) тиісті ғылыми ұйымдар берген биологиялық негіздеменің негізінде балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган белгілейтін орындарда және мерзімдерде балық ресурстарының және басқа да су жануарларының көбеюі кезеңінде олардың шоғырлану орындары мен өрістеу жолдарында;

      14) жарғыш құрылғыларды, улы химикаттарды және басқа да химиялық препараттарды, сондай-ақ атыс қаруын қолданып;

      15) балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның рұқсатынсыз кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерін қолдануға рұқсат берілген тізбеге енгізілмеген балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерін қолданумен балық аулауға тыйым салынады.

      Ескерту. 39-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), ҚР 2011.07.15 № 461-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.04.2025 № 179-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.06.2025 № 194-VIII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

39-1-бап. Сулы-батпақты алқаптар

      1. Сулы-батпақты алқаптар – табиғи (тереңдігі судың қайтуы кезінде алты метрден аспайтын теңіз суларын қоспағанда) және сирек кездесетіндерін әрі құрып кету қаупі төнгендерін қоса алғанда, су маңындағы жануарлар түрлерінің жаппай мекендейтін, ұя салатын, өсімін молайтатын орны болып табылатын жасанды акваторийлер.

      2. Сулы-батпақты алқаптар маңызы бойынша халықаралық және республикалық болып бөлінеді.

      3. Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарға халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың тізіміне енгізілген алқаптар жатады.

      4. Республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың тізіміне енгізілген барлық қалған алқаптар жатады.

      5. Сулы-батпақты алқаптарда, сирек кездесетіндерін және құрып кету қаупі төнгендерін қоса алғанда, жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту жөніндегі шаралар көзделеді.

      6. Сулы-батпақты алқаптарды сақтауды қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті орган даму жоспарын бекітеді.

      Ескерту. Заң 39-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

39-2-бап. Балық шаруашылығы технологиялық су айдындары

      Ескерту. 39-2-бап алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

40-бап. Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру тәртібі

      1. Аңшылық алқаптар конкурс қорытындысы бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының шешімімен бекітіп беріледі.

      Балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бассейндік қағидат ескеріле отырып, конкурс қорытындысы бойынша балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының және (немесе) аумақтық бөлімшенің шешімімен бекітіп беріледі.

      Аңшылық алқаптарды бекітіп беру жөніндегі конкурсты конкурс өткізу қағидаларына сәйкес құрылған, құрамына уәкілетті органның немесе аумақтық бөлімшелерімен бірге ведомствоның, облыстың жергілікті атқарушы органының, ғылыми ұйымдардың және аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастықтарының өкілдері енгізілетін комиссия мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталын пайдалана отырып, конкурс өткізу қағидаларында айқындалған тәртіппен электрондық нысанда өткізеді.

      Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурс мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы пайдаланыла отырып, конкурс өткізу қағидаларында айқындалған тәртіппен электрондық нысанда өткізіледі.

      Конкурсқа шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттау негізінде бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргізу үшін перспективасы бар деп танылатын резервтік қордың аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері қойылады. Пайдаланушының аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беруге конкурсқа қатысқан кезде берген міндеттемелері аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттардың міндетті талаптары болып табылады.

      Балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган балық шаруашылығын жүргізу үшін конкурсқа шығарылатын резервтік балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізімін қалыптастырады, ол балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және мерзімдерде су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі бассейндік су инспекциясымен келісілгеннен кейін балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.

      Жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке меншігіндегі немесе уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелерінде толық орналасқан жергілікті маңызы бар аңшылық алқаптар белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда олардың өтінімі бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының шешімімен конкурс өткізілместен оларға бекітіп беріледі.

      Ащы-тұзды балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қоспағанда, жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке меншігіндегі немесе уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелерінде толық орналасқан жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда олардың өтінімі бойынша балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің шешімімен конкурс өткізілместен оларға бекітіліп беріледі.

      Бекітіп беру мерзімі аяқталатын балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері шарт міндеттемелеріне және балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарына сәйкес келген жағдайда олар бұрын бекітіліп берілген тұлғалардың өтінімі бойынша конкурс өткізілместен шартты ұзарту арқылы беріледі.

      Бекітіп беру мерзімі өтіп бара жатқан аңшылық алқаптар біліктілік талаптарына сәйкес келген және шарт міндеттемелерін орындаған жағдайда, бұрын шартты ұзарту арқылы бекітіп берілген тұлғалардың өтінімі бойынша конкурс өткізілместен беріледі. Бұл ретте шартты ұзартуға өтінім аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттың қолданылу мерзімі өткенге дейін күнтізбелік алпыс күн бұрын беріледі.

      Жергілікті маңызы бар, балықтың қырылу қаупі бар су айдындары және (немесе) учаскелері өздері бекітіліп берілген тұлғалар қабылдаған шаралардың нәтижесінде қырылу қаупі белгілерін жоғалтса, бекітіп берілу мерзімі өткен соң біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда олардың өтінімі бойынша конкурс өткізілместен бес жылдан қырық тоғыз жылға дейінгі мерзімге балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық бөлімшелерінің шешімімен конкурс өткізбестен беріледі.

      Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде өсімді молайту мақсаттары үшін өсімді молайту кешенінің мемлекеттік кәсіпорындарына балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері, ұйықтар (ұйықтық учаскелер) қырық тоғыз жылға дейінгі мерзімге балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық бөлімшелерінің шешімімен конкурс өткізілместен бекітіп берілуі мүмкін.

      2. Бекітіп беру:

      1) аңшылық алқаптар үшін аңшылық шаруашылығын жүргізу мақсатында – он жылдан қырық тоғыз жылға дейінгі;

      2) балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін балық шаруашылығын жүргізу мақсатында – бес жылдан қырық тоғыз жылға дейінгі;

      3) жергілікті маңызы бар, қырылу қаупі бар су айдындары және (немесе) учаскелері үшін балық шаруашылығын жүргізу мақсатында – бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімді құрайды.

      4) алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2-1. Балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін бекітіп беру балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскесіне жатқызылған су объектісінде немесе оның бір бөлігінде балық шаруашылығын жүргізу құқығын бүкіл су объектісін, оның бір бөлігін (бөліктерін) пайдалану және оған билік ету құқығы берілмей, сондай-ақ Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес арнаулы су пайдалануға рұқсатты талап ететін су ресурстарын алып қою құқығынсыз беру болып табылады.

      3. Бұрын ұйымдастырылған аңшылық және балық шаруашылықтары шекараларындағы аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері алдыңғы шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастырудың және балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерін паспорттаудың материалдары негізінде беріледі.

      4. Жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы мүдделі жеке және заңды тұлғаларға, оның ішінде аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері аумағына немесе акваториясына кіретін учаскелерде аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргізу және аң аулау мен балық аулауды жүзеге асыру мақсаттарында сервитут беруді қамтамасыз етуге міндетті.

      5. Балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт бойынша құқықтар мен міндеттемелерді үшінші тұлғаларға беруге және (немесе) басқаға беруге жол берілмейді, бұған бірігу, қосылу немесе қайта құру нысанында заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру және (немесе) осындай құқықтар мен міндеттемелердің мұрагерлік бойынша әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен үшінші тұлғаға ауысуы жағдайлары кірмейді.

      Ескерту. 40-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.04.2025 № 179-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.03.2026 № 270-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2026 № 317-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

40-1-бап. Балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру тәртібі

      Ескерту. 40-1-бап алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

41-бап. Аң аулау мен балық аулау объектілеріне жатпайтын жануарларды шаруашылық мақсаттарда пайдалану

      Аң аулау мен балық аулау объектілеріне жатпайтын жануарларды, сондай-ақ олардың пайдалы қасиеттері мен тіршілік ету өнімдерін шаруашылық мақсаттарда пайдалану жалпы пайдалану тәртібімен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 41-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

42-бап. Жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік және эстетикалық мақсаттарда, оның ішінде зоологиялық коллекциялар жинау үшін пайдалану

      Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнгеннен басқа жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік және эстетикалық мақсаттарда, оның ішінде зоологиялық коллекциялар жинау үшін пайдалану уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

42-1-бап. Жануарларды эпизоотияны болғызбау мақсатында пайдалану

      Сирек кездесетіндерден және жойылып кету қаупі төнгендерден басқа жануарларды эпизоотияны болғызбау мақсатында пайдалану уәкілетті орган және балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 7-тарау 42-1-баппен толықтырылды - ҚР 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

43-бап. Мамандандырылған ұйымдар

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мынадай мамандандырылған ұйымдарды:

      1) жануарлар дүниесін қорғауды, өсімін молайтуды және орнықты пайдалануды қамтамасыз ету, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды;

      2) жануарлар дүниесін қорғауды, өсімін молайтуды және орнықты пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мекемелерді құрады.

      2. Жергілікті атқарушы органдар жануарлар дүниесін қорғауды, өсімін молайтуды және орнықты пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мекемелерді – мамандандырылған ұйымдарды құрады.

      Ескерту. 43-бап жаңа редакцияда – ҚР 03.01.2023 № 185-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

43-1-бап. Жануарлар түрлерінің өсімін молайту

      Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар түрлерінің өсімін молайтуды жеке және заңды тұлғалар жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы аккредиттелген ғылыми ұйымдардың ұсынымдары негізінде, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайда – жануарларды қолдан өсіру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама негізінде де жүзеге асырады.

      Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының өсімін молайтуды жеке және заңды тұлғалар, балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми ұйымдардың ұсынымдары негізінде, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайда – балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қолдан өсіру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама негізінде де жүзеге асырады.

      Ескерту. Заң 43-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР 19.06.2026 № 317-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

43-2-бап. Балық шаруашылығын субсидиялау

      Ескерту. 43-2-бап алып тасталды – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

8-тарау. Жануарлар түрлерінің санын реттеу

      Ескерту. 8-тараудың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

44-бап. Жануарлар түрлерінің санын реттеудің мақсаттары

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Жануарлар түрлерінің санын реттеу:

      1) халықтың денсаулығын сақтау;

      2) ауыл шаруашылығы мен үй жануарлары ауруларын болдырмау;

      3) экономикаға зиян келтіруді болдырмау;

      4) биологиялық тепе-теңдікті сақтау мақсатында жүзеге асырылады.

      Ескерту. 44-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

45-бап. Жануарлар дүниесі түрлерінің санын реттеудің негіздері

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Жануарлар дүниесі түрлерінің санын реттеудің негіздері:

      1) халықтың, ауыл шаруашылығы мен үй жануарларының жұқтырушылары жануарлар дүниесінің объектілері болып табылатын ауруларды жұқтыру немесе онымен ауыру қатерінің туындауы;

      2) экономикаға елеулі зиян келтіру қатерінің туындауы;

      3) жануарлардың жекелеген түрлері санының азаюына және басқа жағымсыз салдарларға әкеп соққан жануарлар дүниесі мекендейтін ортада қалыптасқан табиғи баланстың бұзылуы;

      4) балықтардың жаппай қырылуына әкеп соғуы мүмкін су айдындарының және (немесе) учаскелерінің гидрохимиялық және өзге де режимдерінің бұзылу қаупінің туындауы болып табылады.

      Жануарлар түрлерінің санын реттеу биологиялық негіздемеге сәйкес жүргізіледі.

      Ескерту. 45-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

46-бап. Жануарлар түрлерінің санын реттеудің тәртібі

      Ескерту. 46-бап алып тасталды - ҚР 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

9-тарау. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және тұрақты пайдалану жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру және экономикалық ынталандыру

47-бап. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және тұрақты пайдалану жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру

      1. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және орнықты пайдалану іс-шараларын бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Бекітіліп берілген аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және орнықты пайдалану жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінің қаражаты есебінен жүргізіледі.

      3. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және орнықты пайдалану жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қоғамдық қорлар құрылуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздер тартылуы мүмкін.

      4. Киік дериваттарымен сауда жүйесінің операторы өзінің банктік шотына киік дериваттарын өткізуден түскен ақшаны:

      1) жануарлар дүниесін қорғауды, өсімін молайтуды және орнықты пайдалануды, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтауды және өсімін молайтуды қамтамасыз ету жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін қаржыландыруға;

      2) жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін сақтауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды қаржыландыруға;

      3) уәкілетті органның, оның аумақтық бөлімшелері бар ведомствосының мамандарын даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды қаржыландыруға бағыттайды.

      Осы тармақта көзделген құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші қолданылмайды.

      Ескерту. 47-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 08.07.2026 № 340-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

48-бап. Жануарлар дүниесін қорғауды, өсімін молайтуды және орнықты пайдалануды экономикалық ынталандыру

      Жануарлар дүниесін қорғауды, өсімін молайтуды және орнықты пайдалануды экономикалық ынталандыру (жеңілдіктер, преференциялар беру және мемлекеттік қолдау) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

10-тарау. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы бақылау және қадағалау

      Ескерту. 10-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

49-бап. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау

      1. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.

      2. Тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

      4. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды уәкілетті орган және балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган, ведомстволар және олардың аумақтық бөлімшелері өздерінің қызметі бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді салыстыру арқылы жүргізеді.

      5. Тексерілетін субъектілер бақылау және қадағалау субъектілері болып табылады.

      6. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау және қадағалау субъектілеріне беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.

      7. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау бақылау және қадағалау субъектілері ұсынатын есепті, сондай-ақ бақылау және қадағалау субъектісінің қызметі туралы басқа да мәліметтерді талдау арқылы жүргізіледі.

      8. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бақылау және қадағалау субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда, бұзушылықтар анықталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бұзушылықтарды жою туралы ұсыным ресімделеді және жіберіледі.

      9. Бұзушылықтарды жою туралы ұсыным бақылау және қадағалау субъектісіне қол қойғызып, жеке өзіне немесе жөнелту және алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.

      10. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген бұзушылықтарды жою туралы ұсыным мынадай жағдайларда:

      1) қолма-қол – ұсынымға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;

      2) поштамен – тапсырысты хатпен;

      3) электрондық тәсілмен – уәкілетті орган немесе балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган, ведомстволар немесе олардың аумақтық бөлімшелері сұрау салған кезде хатта көрсетілген бақылау және қадағалау субъектісінің электрондық мекенжайына жөнелтілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.

      11. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.

      12. Бақылау және қадағалау субъектісі бұзушылықтарды жою туралы ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген уәкілетті органға немесе балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға, ведомстволарға және олардың аумақтық бөлімшелеріне ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.

      13. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу арқылы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға алып келеді.

      14. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау тоқсанына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.

      Ескерту. 49-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

49-1-бап. Жануарлар дүниесі объектілерін санкцияланбаған алып қоюды болғызбау бөлігінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау

      1. Жануарлар дүниесі объектілерін санкцияланбаған алып қоюды болғызбау бөлігінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау бақылау және қадағалау субъектілерін хабардар етпей тексеру нысанында жүзеге асырылады.

      2. Тексеру жануарлар дүниесі объектілерін санкцияланбаған алып қоюды болғызбау мақсатында бақылау және қадағалау субъектілерінің қызметін зерттеп-қарау арқылы Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының сақталуы тұрғысынан жүргізіледі.

      Тексеруді:

      балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде – балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшелері;

      аңшылық алқаптарда – орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшелері жүргізеді.

      3. Балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық бөлімшесінің балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамы:

      1) балықшы куәлігінің бар-жоғын;

      2) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсаттың бар-жоғын, сондай-ақ ауланған балықтың саны мен түрінің құрамының балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған рұқсатқа сәйкестігін;

      3) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналының) бар-жоғын және оған енгізілген деректердің балықтардың көлемі мен түрінің құрамы бойынша сәйкестігін;

      4) аулау құралдары мен балық аулау тәсілдерін қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерінің тізбесіне, балық аулау қағидаларына және балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған рұқсатқа сәйкестігі тұрғысынан;

      5) жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйымдардың сақталуын;

      6) балықтардың кәсіпшілік өлшемінің және балық түрлері бойынша кездейсоқ аулаудың сақталуын;

      7) жолдаманың бар-жоғын тексереді.

      4. Уәкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық бөлімшесінің аңшылық алқаптарда тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамы:

      1) аңшы куәлігінің бар-жоғын;

      2) жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсаттың және жолдаманың бар-жоғын;

      3) азаматтық қару мен оның патрондарын сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсаттың бар-жоғын;

      4) аушы жыртқыш құс немесе аңшы иттер паспортының бар-жоғын;

      5) аңшылық шаруашылығы субъектісімен жануарлар дүниесін пайдалануға арналған шарттың бар-жоғын;

      6) жануарларды аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналының) бар-жоғын;

      7) саны реттелуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға арналған рұқсаттардың бар-жоғын;

      8) жануарларды аулау құралдарын, әдістері мен тәсілдерін, олардың жыныстық-жас құрамын аң аулау қағидаларына сәйкестігі тұрғысынан;

      9) жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйымдардың сақталуын тексереді.

      5. Тексеру жүргізуге келген лауазымды адам бақылау және қадағалау субъектісіне қызметтік куәлігін не сәйкестендіру картасын көрсетеді.

      6. Бақылау және қадағалау субъектісіне қатысты тексеру жүргізу мерзімі жиырма төрт сағаттан аспауға тиіс.

      7. Тексеруді жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық құрамы бар бұзушылық фактілері анықталған кезде бақылау және қадағалау субъектісі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылады.

      8. Тексеру жүргізу кезінде лауазымды адамдардың:

      1) осы баптың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсеткен кезде бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруге;

      2) аудио, фото- және бейнетүсірілімді жүзеге асыруға құқығы бар.

      9. Тексеру жүргізу кезінде лауазымды адам:

      1) егер құжаттар мен мәліметтер тексеру объектілері болып табылмаса немесе тексерудің нысанасына жатпаса, оларды беруді талап етуге;

      2) тексеру жүргізу нәтижесінде алынған ақпаратты жария етуге және (немесе) таратуға;

      3) тексерудің нысанасына жатпайтын талаптар қоюға және өтініштер жасауға құқылы емес.

      10. Лауазымды адамдар тексеру жүргізу кезінде:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, бақылау және қадағалау субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;

      2) тексеруді осы бапта белгіленген тәртіп негізінде және оған қатаң сәйкестікте жүргізуге;

      3) осы Заңға сәйкес жедел ден қою шараларын қолдануға;

      4) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарын бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу жөніндегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген өкілеттіктерді уақтылы және толық көлемде орындауға;

      5) бақылау және қадағалау субъектісінің не оның уәкілетті өкілінің тексеру жүргізу кезінде қатысуына кедергі жасамауға, тексерудің нысанасына қатысты мәселелер бойынша түсіндірмелер беруге;

      6) бақылау және қадағалау субъектісіне тексерудің нысанасына қатысты қажетті ақпаратты беруге;

      7) тексеру жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.

      11. Бақылау және қадағалау субъектілері тексерудің жүзеге асырылуы кезінде:

      1) осы баптың 5-тармағында көзделген құжаттар болмаған жағдайда, тексеру жүргізуге келген лауазымды адамдарды тексеруге жібермеуге;

      2) егер құжаттар мен мәліметтер тексерудің нысанасына жатпаса, оларды ұсынбауға;

      3) тексеруді жүзеге асыру процесін, сондай-ақ лауазымды адамның тексеру шеңберінде жүргізетін жекелеген әрекеттерін лауазымды адамның қызметіне кедергі келтірмей, аудио- және бейнетехника құралдарының көмегімен тіркеп-белгілеуге;

      4) лауазымды адамдардың шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған лауазымды адамға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағым жасауға құқылы.

      12. Бақылау және қадағалау субъектілері:

      1) осы бапқа сәйкес жүргізілетін жануарлар дүниесі объектілерін санкцияланбаған алып қоюды болғызбау жөніндегі тексерулерді жүзеге асыруға кедергі жасамауға;

      2) осы баптың 5-тармағының талаптары сақталған кезде тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдардың бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге міндетті.

      Ескерту. 49-1-баппен толықтырылды – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

49-2-бап. Жедел ден қою шаралары және оларды қолдану тәртібі

      1. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы лауазымды адамдар бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға тікелей қатер төндіретін қызметін немесе оның жекелеген түрлерін, өнімін (тауарын), көрсетілетін қызметін анықтаған жағдайларда жедел ден қою шараларын қолданады.

      2. Бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) тексеруді, бақылау және қадағалау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) оларды жүргізу нәтижелері бойынша қолданылатын әсер ету тәсілдері жедел ден қою шаралары болып табылады, олардың түрлері осы Заңда көзделген.

      3. Жедел ден қою шараларына мыналар жатады:

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 129-бабы 4-тармағының 6) тармақшасына сәйкес мемлекеттік бақылау және қадағалау шеңберінде:

      1) қылмыс құрамы не қылмыстық теріс қылық белгілері бар, жануарлар дүниесі объектілерін санкцияланбаған алып қоюды жасаған адамдарды ұстау, құқық қорғау органдарына жеткізу;

      2) жеке және заңды тұлғалардан заңсыз ауланған жануарлар дүниесі объектілерін, оларды аулау құралдарын, сондай-ақ жүзу және көлік құралдарын құқық қорғау органдарына беру үшін алып қою;

      бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру шеңберінде – бақылау және қадағалау субъектісінің қызметін немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру.

      4. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 129 және 143-баптарына сәйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылады.

      5. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы лауазымды адамдар мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды бұзушылықтар анықталған кезде уәкілетті орган немесе балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулы ресімдейді.

      Жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 153-бабына сәйкес ресімделеді және бақылау және қадағалау субъектісіне табыс етіледі.

      Мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 129-бабы 4-тармағының 6) тармақшасы негізінде қадағалау актісі ресімделгеннен кейін жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы лауазымды адам жедел ден қою шарасын тікелей қолдануды жүзеге асырады.

      6. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулы қолма-қол табыс етілген кезде оны қабылдаудан бас тартылған жағдайда, оған тиісті жазба енгізіледі және жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулыны қабылдаудан бас тарту фактісін тіркейтін бейнежазу жүзеге асырылады.

      Жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулы бақылау және қадағалау субъектісінің заңды мекенжайына, тұрған жеріне немесе нақты мекенжайына оның табыс етілгені туралы хабарламасы бар хатпен жіберіледі.

      7. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулыны алудан бас тарту оны орындамауға негіз болып табылмайды.

      8. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүзеге асыру барысында және (немесе) олардың нәтижелері бойынша анықталған, жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды бұзушылықтар тексеру нәтижелері туралы актіде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетіледі.

      9. Бақылау және қадағалау субъектісі жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтарды Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген мерзімде жоюға міндетті.

      10. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген талаптарды бұзушылықтардың жойылу мерзімдері өткеннен кейін жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын, талаптардың анықталған бұзушылықтарының жойылғанын бақылау бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

      Жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулының қолданысы бақылау және қадағалау органы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы 5-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актінің негізінде, жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтардың жойылғанын растаған жағдайда тоқтатылады.

      11. Жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайда, бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылданады.

      12. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көзделген мерзімдер өткенге дейін бақылау және қадағалау субъектісі бұзушылықтың жойылу фактісін дәлелдейтін материалдарды қоса бере отырып, талаптарды анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ақпарат ұсынылған жағдайда осы баптың 10-тармағының екінші бөлігіне сәйкес жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

      13. Бақылау және қадағалау субъектісі жедел ден қою шараларын қолдануға алып келген мемлекеттік бақылау нәтижелерімен келіспеген жағдайда, жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулыны жарамсыз деп тану және оның күшін жою туралы шағым бере алады.

      Шағым Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 29-тарауында көзделген тәртіппен жоғары тұрған мемлекеттік органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа беріледі.

      Шағым беру жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулының орындалуын тоқтата тұрмайды.

      14. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулыны жарамсыз деп тануға және оның күшін жоюға мыналар негіз болып табылады:

      1) жедел ден қою шараларын қолдануға негіздің болмауы;

      2) осы шараға сәйкес келмейтін негіз бойынша жедел ден қою шарасын қолдану;

      3) уәкілетті орган немесе балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының немесе олардың аумақтық бөлімшелерінің өз құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша жедел ден қою шараларын қолдануы.

      15. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы ақпарат өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған тәртіппен жіберіледі.

      Ескерту. 49-2-баппен толықтырылды – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

49-3-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы қызметін мемлекеттік бақылау

      1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының (бұдан әрі – тексерілетін мемлекеттік орган) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы қызметін мемлекеттік бақылау осы бапқа сәйкес мерзімдік, жоспардан тыс тексерулер және қашықтан бақылау нысанында жүзеге асырылады.

      2. Мерзімдік тексеру уәкілетті орган немесе балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган тексеру жүргізу жылының алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан және ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 маусымынан кешіктірмей әзірлеген және бекіткен жартыжылдық жоспарлар негізінде жүргізіледі.

      Мерзімдік тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарында мыналар қамтылады:

      1) жоспардың бекітілген күні мен нөмірі;

      2) мемлекеттік органның атауы;

      3) тексерілетін мемлекеттік органның атауы, оның тұрған жері;

      4) тексерудің нысанасы;

      5) тексеру жүргізу мерзімдері;

      6) жоспарға қол қоюға уәкілеттік берілген адамның қолтаңбасы.

      Мерзімдік тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспары мерзімдік тексеру жүргізу туралы хабарлама болып табылады және тексеру жүргізу жылының алдындағы жылдың 10 желтоқсанынан және ағымдағы күнтізбелік жылдың 10 маусымынан кешіктірілмей уәкілетті органның немесе балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосы мен олардың аумақтық бөлімшелерінің интернет-ресурсында орналастырылады.

      Мерзімдік тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тексерілетін мемлекеттік орган таратылған, қайта ұйымдастырылған, оның атауы өзгерген, сондай-ақ табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай туындаған, төтенше жағдай режимі енгізілген, эпидемияның, карантиндік объектілер мен аса қауіпті зиянды организмдер ошақтарының, инфекциялық, паразиттік аурулардың таралуы, уланулар, радиациялық авариялар және солармен байланысты шектеулер туындаған немесе олардың туындау қатері төнген жағдайларда жүзеге асырылады.

      Осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген жағдайлар бсталған кезде мерзімдік тексеру ұзартылуы не тоқтатыла тұруы мүмкін.

      Мерзімдік тексерулер жүргізу мерзімдері алдағы жұмыстардың көлемі, сондай-ақ қойылған міндеттер ескеріле отырып белгіленеді және он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартыла отырып, он бес жұмыс күнінен аспауға тиіс. Мерзімдік тексеру жүргізу мерзімі мерзімдік тексеруді жүргізу тоқтатыла тұрған кезде үзіледі және мерзімдік тексеру қайта басталған кезден бастап жалғасады.

      Мерзімдік тексерулер жүргізу мерзімі бір рет қана ұзартылуы мүмкін. Ұзарту уәкілетті органның ведомствосы немесе балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосы басшылығының немесе олардың аумақтық бөлімшелері басшыларының шешімімен жүзеге асырылады. Мерзімдік тексерулерді жүргізу мерзімдерін ұзарту тексерілетін мемлекеттік орган хабардар етіле отырып, мерзімдік тексеру мерзімін ұзарту туралы қосымша бұйрықпен ресімделеді, онда тексеруді тағайындау туралы алдыңғы бұйрықтың күні мен нөмірі және ұзарту себептері көрсетіледі. Мерзімдік тексеру мерзімін ұзарту туралы хабарламаны уәкілетті органның ведомствосы немесе балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосы немесе олардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары табыс етілгені туралы хабарламамен ұзартылғанға дейін бір жұмыс күні бұрын тексерілетін мемлекеттік органға табыс етеді.

      3. Мерзімдік тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын қалыптастыру үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:

      1) есептілік пен мәліметтер мониторингінің, оның ішінде автоматтандырылған цифрлық жүйелер арқылы алынған нәтижелері;

      2) уәкілетті орган ведомствосының немесе балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының және (немесе) олардың аумақтық бөлімшелерінің сұрау салуы бойынша мемлекеттік органдар ұсынған мәліметтерді талдау нәтижелері;

      3) алдыңғы мемлекеттік бақылау мен өзге де тексерулердің нәтижелері;

      4) қашықтан бақылау нәтижелері.

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарын талдау және іріктеу кезінде мерзімдік тексерулердің жартыжылдық жоспарларын қалыптастыру үшін өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғандағы деректер пайдаланылуы мүмкін.

      4. Тексеруді тағайындау туралы бұйрықтың негізінде тексерілетін мемлекеттік органға бару арқылы тексеру жүргізіледі, онда мыналар көрсетіледі:

      1) бұйрықтың күні мен нөмірі;

      2) мемлекеттік органның атауы;

      3) тексеру жүргізуге уәкілеттік берілген адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;

      4) тексеру жүргізуге тартылатын мамандар, консультанттар және сарапшылар туралы мәліметтер;

      5) тексерілетін мемлекеттік органның атауы, оның тұрған жері;

      6) тағайындалған тексерудің нысанасы;

      7) тексеру түрі;

      8) тексеру жүргізу мерзімдері;

      9) тексеру жүргізу негіздері;

      10) тексерілетін кезең;

      11) тексерілетін мемлекеттік органның құқықтары мен міндеттері;

      12) тексерілетін мемлекеттік орган басшысының не оның уәкілетті адамының бұйрықты алғаны туралы немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы;

      13) бұйрыққа қол қоюға уәкілеттік берілген адамның қолтаңбасы.

      Мерзімдік тексерулерді тағайындау, ұзарту, тоқтата тұру және қайта бастау туралы бұйрықтарға уәкілетті орган ведомствосының немесе балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының басшылығы немесе олардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары қол қояды.

      Тексерілетін мемлекеттік органға тексеруді тағайындау туралы акт табыс етілген күн тексеру жүргізудің басталуы болып есептеледі.

      5. Жоспардан тыс тексеруге мыналар негіз болып табылады:

      1) тексеру және (немесе) қашықтан бақылау нәтижелері бойынша қорытындыда көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуын бақылау;

      2) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары;

      3) жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтірудің нақты фактілері бойынша не нұқсан келтіру қатері туралы прокуратураның талабы;

      4) жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтірудің нақты фактілері бойынша, сондай-ақ жойылмауы жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіруге алып келетін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша мемлекеттік органдардың жолданымдары.

      Уәкілетті органның ведомствосы немесе балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосы немесе олардың аумақтық бөлімшелері тексерілетін мемлекеттік органды тексеру жүргізу нысанасын көрсете отырып, жоспардан тыс тексеру жүргізудің басталатыны туралы оның басталғанынан кемінде бір тәулік бұрын хабардар етуге міндетті.

      6. Жоспардан тыс тексеру жүргізу мерзімі он жұмыс күніне дейін ұзартыла отырып, он жұмыс күнінен аспайтын мерзімді құрауға тиіс.

      Жоспардан тыс тексеру жүргізу мерзімі бір рет қана ұзартылуы мүмкін. Ұзарту уәкілетті органның ведомствосы немесе балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосы басшылығының немесе олардың аумақтық бөлімшелері басшыларының шешімімен жүзеге асырылады. Жоспардан тыс тексеру жүргізу мерзімдерін ұзарту тексерілетін мемлекеттік органды хабардар ете отырып, жоспардан тыс тексеру мерзімін ұзарту туралы қосымша бұйрықпен ресімделеді, онда тексеруді тағайындау туралы алдыңғы бұйрықтың күні мен нөмірі және ұзарту себептері көрсетіледі. Жоспардан тыс тексеру мерзімдерін ұзарту туралы хабарламаны уәкілетті органның немесе балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосы немесе олардың аумақтық бөлімшелері табыс етілгені туралы хабарламамен ұзартылғанға дейін бір жұмыс күні бұрын табыс етеді.

      7. Жоспардан тыс тексерулер анонимдік жолданымдар болған жағдайда жүргізілмейді.

      8. Қашықтан бақылау тексерілетін мемлекеттік органға бармай мынадай әрекеттер жасау арқылы жылына бір рет жүргізіледі:

      1) тексерілетін мемлекеттік органның қызметін мониторингтеу;

      2) тексерудің нысанасына қатысты қажетті ақпаратты беру туралы сұрау салу;

      3) тексерудің нысанасына қатысты қажетті ақпаратты алу мақсатында тексерілетін мемлекеттік органның басшысын не оның уәкілетті адамын шақыру.

      Қашықтан бақылау жүргізу мерзімі он жұмыс күнінен аспауға тиіс. Қашықтан бақылау жүргізу аяқталған күні тексерілетін мемлекеттік органға қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытынды (бұзушылықтар болған кезде) жіберіледі.

      9. Қашықтан бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда үш данада қорытынды жасалады, онда мыналар көрсетіледі:

      1) қорытындының жасалған күні, нөмірі мен орны;

      2) мемлекеттік органның атауы;

      3) тексерілетін мемлекеттік органның атауы, оның тұрған жері;

      4) қашықтан бақылау жүргізудің негізі мен нысанасы;

      5) қашықтан бақылау жүргізудің кезеңі мен мерзімдері;

      6) анықталған бұзушылықтар және талаптарды орындау және бұзушылықтарға жол берген адамдарға қатысты шаралар қабылдау мерзімін көрсете отырып, оларды жою туралы талаптар.

      Бұл ретте анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптарды орындау мерзімі қорытынды табыс етілген күннен бастап кемінде он жұмыс күнін құрайды;

      7) қашықтан бақылау жүргізген лауазымды адамның қолтаңбасы.

      Қашықтан бақылау нәтижелері бойынша қорытындының бір данасы табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты пошта жөнелтілімі нысанында не тексерілетін мемлекеттік органның электрондық поштасының мекенжайы бойынша электрондық құжат арқылы немесе өзге де қолжетімді тәсілмен тексерілетін мемлекеттік органға жіберіледі. Екінші данасы уәкілетті органның ведомствосында немесе балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосында немесе олардың аумақтық бөлімшелерінде қалады, үшінші данасы электрондық нысанда өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға тапсырылады.

      Қашықтан бақылау нәтижелері бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда, тексерілетін мемлекеттік орган оларды жазбаша түрде жазады және оны қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытынды табыс етілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның ведомствосына немесе о балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосына немесе олардың аумақтық бөлімшелеріне жібереді.

      Уәкілетті органның немесе балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосы немесе олардың аумақтық бөлімшелері өз құзыреттері шегінде тексерілетін мемлекеттік органның ескертулерін және (немесе) қарсылықтарын он жұмыс күні ішінде қарауға және уәжді жауап беруге тиіс.

      10. Тексеру нәтижелері бойынша үш данада қорытынды жасалады.

      Тексеру нәтижелері туралы қорытындыда мыналар көрсетіледі:

      1) қорытындының жасалған күні, нөмірі мен орны;

      2) мемлекеттік органның атауы;

      3) тексеру жүргізген адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (егер олар жеке басты куәландыратын құжаттарда көрсетілсе) және лауазымдары;

      4) тексеру жүргізуге тартылатын мамандар, консультанттар мен сарапшылар туралы мәліметтер;

      5) тексерілетін мемлекеттік органның атауы, оның тұрған жері;

      6) тексеруді жүргізудің негізі мен нысанасы;

      7) тексеру түрі;

      8) тексеру жүргізу кезеңі;

      9) тексеру жүргізу мерзімі;

      10) анықталған бұзушылықтар және талаптарды орындау және (немесе) бұзушылықтарға жол берген адамдарға қатысты шаралар қабылдау мерзімін көрсете отырып, оларды жою туралы талаптар;

      11) тексеру жүргізу кезінде қатысқан адамдардың қорытындымен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мәліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тартқаны туралы жазба;

      12) тексеру жүргізген лауазымды адамдардың қолтаңбасы.

      Тексеру нәтижелері туралы қорытындыға болған кезде тексеру нәтижелеріне байланысты құжаттар немесе олардың көшірмелері қоса беріледі.

      11. Тексеру нәтижелері туралы қорытындының бірінші данасы электрондық нысанда өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға тапсырылады, екінші данасы анықталған бұзушылықтармен танысу және оларды жою жөнінде шаралар және басқа да әрекеттер қабылдау үшін тексерілетін мемлекеттік органға (басшыға не оның уәкілетті адамына) қағаз жеткізгіште қол қойғыза отырып немесе электрондық нысанда табыс етіледі, үшінші данасы уәкілетті органның ведомствосында немесе балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосында немесе олардың аумақтық бөлімшелерінде қалады.

      Тексеру нәтижелері бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда, тексерілетін мемлекеттік орган оларды жазбаша түрде жазады және оны тексеру нәтижелері туралы қорытынды табыс етілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның немесе балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосына немесе олардың аумақтық бөлімшелеріне жібереді. Тексеру жүргізген лауазымды адам тексеру нәтижелері туралы қорытындыға тиісті жазба жасайды.

      Уәкілетті органның немесе балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосы немесе олардың аумақтық бөлімшелері өз құзыреттері шегінде тексерілетін мемлекеттік органның ескертулерін және (немесе) қарсылықтарын он жұмыс күні ішінде қарауға және уәжді жауап беруге тиіс.

      12. Тексеру жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылықтар болмаған жағдайда, тексеру нәтижелері туралы қорытындыда тиісті жазба жасалады.

      13. Тексеруді тағайындау туралы бұйрықта (тексеру мерзімін ұзарту туралы қосымша бұйрық болған кезде, сонда) көрсетілген тексерудің аяқталу мерзімінен кешіктірмей тексерілетін мемлекеттік органға тексеру нәтижелері туралы қорытынды табыс етілген күн тексеру мерзімінің аяқталуы деп есептеледі.

      14. Тексеру немесе қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытындыда көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптар тексерілетін мемлекеттік органдардың орындауы үшін міндетті болып табылады.

      Тексеру немесе қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытындыда көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін тексерілетін мемлекеттік орган тексеру немесе қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытындыда белгіленген мерзім ішінде уәкілетті органның немесе балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосына және (немесе) олардың аумақтық бөлімшелеріне анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.

      Тексерілетін мемлекеттік орган анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпаратты белгіленген мерзімде ұсынбаған немесе толық ұсынбаған жағдайларда, уәкілетті органның немесе балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосы және (немесе) олардың аумақтық бөлімшелері жоспардан тыс тексеруді тағайындайды.

      Тексерілетін мемлекеттік орган анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ұсынылған ақпаратқа бұзушылықтардың жойылу фактісін дәлелдейтін материалдарды қоса береді. Бұл жағдайда жоспардан тыс тексеру жүргізу талап етілмейді.

      15. Уәкілетті орган ведомствосының немесе балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының және (немесе) олардың аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының тексеру жүргізу кезінде:

      1) тексерілетін мемлекеттік органның аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруге;

      2) тексеру немесе қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытындыға қоса тіркеу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін, сондай-ақ тексерудің нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорларға (цифрлық жүйелерге) қолжетімділік алуға;

      3) мамандарды, консультанттар мен сарапшыларды тартуға;

      4) аудио -, фото- және бейнетүсірілімді жүзеге асыруға;

      5) осы бапта көрсетілген жағдайларда тексеруді ұзартуға, тоқтата тұруға және қайта бастауға құқығы бар.

      16. Уәкілетті органның немесе балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның тексеру жүргізуге келген лауазымды адамдары тексерілетін мемлекеттік органға:

      1) тексеруді тағайындау туралы бұйрықты;

      2) қызметтік куәлігін (сәйкестендіру картасын) көрсетуге міндетті.

      17. Тексерілетін мемлекеттік органдар не олардың уәкілетті өкілдері тексеру жүргізілген кезде:

      1) егер құжаттар мен мәліметтер жүргізілетін тексерудің немесе қашықтан бақылаудың нысанасына жатпаса, оларды ұсынбауға;

      2) тексеру немесе қашықтан бақылау нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша қосымша уақыт және (немесе) қаржы шығындары қажет болған жағдайда үш жұмыс күнінен кешіктірмей бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы өтінішпен уәкілетті органның ведомствосына немесе балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосына немесе олардың аумақтық бөлімшелеріне жүгінуге;

      3) тексеру немесе қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытындыға, сондай-ақ уәкілетті орган ведомствосының немесе балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының немесе олардың аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;

      4) уәкілетті орган ведомствосының немесе балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының немесе олардың аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының тексерілетін мемлекеттік органның қызметін шектейтін, заңға негізделмеген тыйымдарын орындамауға;

      5) тексеруді немесе қашықтан бақылауды жүзеге асыру процесін, сондай-ақ лауазымды адамның тексеру немесе қашықтан бақылау шеңберінде жүргізетін жекелеген әрекеттерін лауазымды адамның қызметіне кедергі келтірмей аудио- және бейнетехника құралдарының көмегімен тіркеп-белгілеуге құқылы.

      18. Тексерілетін мемлекеттік органдар не олардың уәкілетті өкілдері тексеру жүргізілген кезде:

      1) уәкілетті орган ведомствосының немесе балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының немесе олардың аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының тексерілетін мемлекеттік органның аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;

      2) коммерциялық, салықтық не Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпияны қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, уәкілетті орган ведомствосының немесе балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының лауазымды адамдарына тексеру немесе қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытындыға қоса тіркеу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін, сондай-ақ тексеру немесе қашықтан бақылау нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорларға (цифрлық жүйелерге) қолжетімділікті ұсынуға;

      3) тексеруді тағайындау туралы бұйрықты тексеру басталған күні және жүргізілген тексерудің немесе қашықтан бақылаудың нәтижелері туралы қорытындыны олар аяқталған күні алғаны туралы белгі жасауға;

      4) егер осы Заңда не Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше көзделмесе, тексеру немесе қашықтан бақылау жүргізу кезеңінде тексерілетін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол бермеуге;

      5) басшының не оның уәкілетті адамының тексерілетін мемлекеттік органның тұрған жерінде тексерудің тағайындалған мерзімдерінде болуын қамтамасыз етуге міндетті.

      19. Егер тексеру жүргізу нәтижесінде тексерілетін мемлекеттік органның жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы талаптарды бұзу фактісі анықталса, әкімшілік құқық бұзушылық құрамының белгілерін көрсететін жеткілікті деректер болған кезде уәкілетті орган ведомствосының немесе балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының немесе олардың аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары өкілеттіктері шегінде бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылдайды.

      Уәкілетті орган ведомствосының немесе балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының немесе олардың аумақтық бөлімшелерінің тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамының тексеру жүргізу үшін қажетті материалдарға қол жеткізуіне кедергі келтірілген не анық емес ақпарат ұсынылған, бұзушылықтарды жою туралы заңды талаптар орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайларда бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылданады.

      Ескерту. 49-3-баппен толықтырылды – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

50-бап. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау объектілері

      Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау объектілері:

      1) жануарлар дүниесі және олар мекендейтін орта;

      2) жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін және Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін жануарлардың түрлерін еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау, өсіру шарттары;

      3) жануарлар дүниесі объектілерін аулау құралдары, әдістері және (немесе) тәсілдері;

      4) жануарлар дүниесінің ауланған өнімі;

      5) жануарлар дүниесін пайдалану құқығын растайтын құжаттама (аңшы және (немесе) балықшы куәлігі, аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттар, аң аулауға арналған шарт, жануарлар дүниесін пайдалануға арналған шарт, рұқсат және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдалануға арналған рұқсат, жолдама, кәсіпшілік журнал);

      6) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі қызмет;

      7) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтік құжаттама;

      8) жануарлар дүниесіне және олар мекендейтін ортаға әсер ететін қызмет болып табылады.

      Ескерту. 50-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.04.2021 № 34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

51-бап. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар

      1. Уәкілетті орган ведомствосының басшысы лауазымы бойынша бір мезгілде Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы болып табылады.

      Балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының басшысы лауазымы бойынша бір мезгілде Қазақстан Республикасының балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы болып табылады.

      2. Уәкілетті орган ведомствосы басшысының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерімен айналысатын орынбасарлары лауазымы бойынша бір мезгілде Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасарлары болып табылады.

      Балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосы басшысының балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерімен айналысатын орынбасарлары лауазымы бойынша бір мезгілде Қазақстан Республикасының балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасарлары болып табылады.

      3. Уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің басшысы лауазымы бойынша бір мезгілде тиісті облыстың жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы болып табылады.

      Балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің басшысы лауазымы бойынша бір мезгілде тиісті облыстың (бассейннің) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы болып табылады.

      4. Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі басшысының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерімен айналысатын орынбасарлары лауазымы бойынша бір мезгілде тиісті облыстың жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасарлары болып табылады.

      Балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесі басшысының балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерімен айналысатын орынбасарлары лауазымы бойынша бір мезгілде тиісті облыстың (бассейннің) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасарлары болып табылады.

      5. Уәкілетті орган ведомствосы құрылымдық бөлімшелерінің жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерімен айналысатын басшылары лауазымы бойынша бір мезгілде Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі аға мемлекеттік инспекторлары, ал уәкілетті орган ведомствосының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерімен айналысатын мамандары Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары болып табылады.

      Балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосы құрылымдық бөлімшелерінің балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерімен айналысатын басшылары – лауазымы бойынша бір мезгілде Қазақстан Республикасының балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау жөніндегі аға мемлекеттік инспекторлары, ал балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерімен айналысатын мамандары Қазақстан Республикасының балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары болып табылады.

      6. Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері құрылымдық бөлімшелерінің жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерімен айналысатын басшылары лауазымы бойынша бір мезгілде тиісті облыстың жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі аға мемлекеттік инспекторлары, ал жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерімен айналысатын мамандары тиісті облыстың жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары болып табылады.

      Балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері құрылымдық бөлімшелерінің балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерімен айналысатын басшылары – лауазымы бойынша бір мезгілде тиісті облыстың (бассейннің) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау жөніндегі аға мемлекеттік инспекторлары, ал балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында реттеу, бақылау және қадағалау мәселелерімен айналысатын мамандар тиісті облыстың (бассейннің) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары болып табылады.

      Ескерту. 51-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

52-бап. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары мен міндеттері

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      1. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың:

      1) объектілерге Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан бақылау мақсатында баруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жануарлар дүниесін пайдаланушылардың қызметі туралы ақпарат алуға;

      2) осы Заңда берілген өкілеттіктер шегінде актілер шығаруға;

      3) тексеру материалдарын құқық қорғау органдарына іс жүргізу шешімін қабылдау үшін беруге;

      4) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      5) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуы салдарынан келтірілген зиянның көлемін анықтауға және осының негізінде кінәлі тұлғаларға осы зиянды ерікті түрде өтеу туралы талап қоюға не сотқа талап-арыз беруге;

      6) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға;

      7) аңшылық алқаптардың, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің аумақтарында және олардың жағалау белдеуінде, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және олардан шыққан кезде көлік және жүзу құралдарын тоқтатуға, оларды жете тексеруге;

      7-1) су жинау және ағызу құрылыстарын балықтарды қорғау құрылғыларының бар-жоғына және олардың белгіленген талаптарға сәйкестігіне қарап-тексеруді жүзеге асыруға;

      7-2) аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде, жағалау белдеуінде болған және олардан шыққан кезде адамдардың жануарлар дүниесін пайдалану құқығына арналған құжаттарын тексеруге;

      8) жануарлар дүниесі объектілерін заңсыз аулау құралдарын және жүзу, көлік құралдарын сот шешім шығарғанға дейін уақытша сақтау мақсатында және (немесе) жедел ден қою шеңберінде құқық қорғау органдарына беру үшін алып қоюға;

      9) заңсыз ауланған жануарлар дүниесі объектілерін, олардың дериваттарын және олардың тіршілік ету өнімдерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алып қоюға;

      10) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұза отырып пайдаланылған атыс қаруын сот шешім шығарғанға дейін уақытша сақтау үшін алып қоюға;

      11) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен арнаулы құралдар мен қызметтік қаруды сақтауға, алып жүруге және қолдануға;

      12) жануарлар дүниесі объектілерін заңсыз алып қоюды жасаған адамдарды ұстауға, құқық қорғау органдарына жеткізуге құқығы бар.

      2. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:

      1) аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргізу ережелерінің сақталуына;

      2) аң аулау және балық аулау ережелерінің сақталуына;

      3) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      4) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      5) жануарлар дүниесін пайдалану үшін белгіленген шектеулер мен тыйым салулардың сақталуына;

      6) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі іс-шаралардың орындалуына;

      7) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды, будандастыруды жүзеге асыру тәртібінің сақталуына;

      8) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормалар мен нормативтердің сақталуына;

      8-1) жеке және заңды тұлғалардың аңшылық және балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт талаптарын орындауына;

      8-2) жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін және Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін жануарлардың түрлерін еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау, өсіру, сондай-ақ зоологиялық коллекцияларды жасау тәртібінің сақталуына;

      9) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңдарының өзге де талаптарының орындалуына бақылау жасауға міндетті.

      3. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар айырым белгілері бар нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етіледі.

      Ескерту. 52-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 № 188-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.04.2021 № 34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2026 № 317-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

52-1-бап. Арнаулы құралдар мен қызметтік қаруды қолдану

      1. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар және жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғаудың лауазымды адамдары арнаулы құралдармен қамтамасыз етіледі, олардың тізбесін уәкілетті орган айқындайды.

      2. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар, жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғаудың лауазымды адамдары және қорықшылар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметтік қарумен қамтамасыз етіледі.

      3. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың және жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғаудың лауазымды адамдарының арнаулы құралдарды:

      1) қызметтік міндеттерін атқару кезінде құқық бұзушыларды, қарсылық көрсететін немесе өздеріне қасақана кедергі келтіретін өзге де адамдарды ұстау;

      2) қызметтік міндеттерін атқаруға кедергі келтіретін көлік және жүзу құралдарын тоқтату үшін қолдануға құқығы бар.

      4. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың, жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғаудың лауазымды адамдарының және қорықшылардың қызметтік қаруды:

      1) әрекеттері өздерінің өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретін адамдардың қарулы шабуылына тойтарыс беру;

      2) егер адам талаптарға бағынбаса және азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірсе, аңшылық алқаптар, балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері аумақтарында және олардың жағалау белдеуінде, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және олардан шығу кезінде көлік және жүзу құралдарын зақымдау арқылы оларды тоқтату және ұстау;

      3) жануарлардың шабуылынан қорғану және дабыл сигналдарын беру немесе көмек шақыру үшін қолдануға құқығы бар.

      5. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар, жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғаудың лауазымды адамдары және қорықшылар арнаулы құралдар мен қызметтік қаруды қолдану кезінде:

      1) осы баптың 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайлардан басқа, қызметтік қаруды қолдану ниеті туралы ескерту жасауға (дауыстап ескерту және ескерту ретінде жоғарыға қарай оқ ату);

      2) қызметтік қаруды қолдануды кешіктіру жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамның, жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғаудың лауазымды адамының және қорықшының өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретін не ауыр зардаптарға алып келуі мүмкін жағдайлардан басқа, талаптарды орындау үшін жеткілікті уақыт беруге;

      3) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамның, жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғаудың лауазымды адамының және қорықшының қызметтік қаруды қолдануға мәжбүр болатын жағдайларда, қалыптасқан жағдай мен қол жеткізілуі тиіс мақсатты негізге алып, оны қолдану мүмкіндігін барынша азайта отырып, ұстамдылық танытуға;

      4) арнаулы құралдар мен қызметтік қаруды қолданудан зардап шеккен адамға дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетуге, ал қажет болған жағдайда оны медициналық ұйымға жеткізуге;

      5) айналадағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдауға міндетті.

      6. Әйелдер, мүгедектік белгілері анық адамдар, жасы белгілі немесе анық көрініп тұрған кәмелетке толмағандар қаруланып шабуыл жасаған немесе жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамның, жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғаудың лауазымды адамының және қорықшының өмірі мен денсаулығына олардың тарапынан нақты қауіп төнген жағдайларды қоспағанда, оларға қатысты арнаулы құралдар мен қызметтік қаруды қолдануға тыйым салынады.

      7. Қызметтік қару мен арнаулы құралдарды қолдану дене жарақатын салуға, сондай-ақ адамдардың қаза болуына немесе ауыр зардаптарға алып келген әрбір жағдай туралы оқиға болған жердегі тікелей басшылар, прокуратура және ішкі істер органдары жиырма төрт сағаттан кешіктірілмей хабардар етіледі.

      Ескерту. 52-1-баппен толықтырылды – ҚР 19.06.2026 № 317-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

53-бап. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган ведомствосы немесе балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының және олардың аумақтық бөлімшелері лауазымды адамдарының актілері

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      1. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтарына қарай мемлекеттік бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша ықпал етудің құқықтық шараларын қолдану мақсатында жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган ведомствосының немесе балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының және олардың аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары мынадай актілер:

      1) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама;

      1-1) тексеру актісі;

      2) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықты жою туралы нұсқама;

      3) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзған жағдайда кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы қаулы;

      4) жануарлар дүниесі объектілерін заңсыз аулау құралдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұза отырып пайдаланылған атыс қаруын, аулау құралдарының тыйым салынған түрлерін және заңсыз ауланған жануарлар дүниесі объектілерін, олардың дериваттары мен тіршілік ету өнімдерін, жүзу және көлік құралдарын сот шешімі шығарылғанға дейін уақытша сақтау үшін алып қою туралы хаттама шығарады.

      2. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган ведомствосы немесе балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының және олардың аумақтық бөлімшелері лауазымды адамдарының актілері жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.

      Ескерту. 53-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.01.31 № 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2026 № 317-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

54-бап. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган ведомствосының немесе балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының және олардың аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарын құқықтық және әлеуметтік қорғау

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган ведомствосының немесе балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының және олардың аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық және әлеуметтік қорғалуға тиіс.

      Ескерту. 54-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

55-бап. Жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғау

      1. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғау (бұдан әрі - жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғау) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану мәселелерін қадағалайтын жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың қызметкерлерінен құралады.

      2. Жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғауға өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін:

      1) жеке және заңды тұлғалардың аң және (немесе) балық аулау құқығын беретін құжаттарын тексеру;

      2) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыру;

      3) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес көлік құралдарын тоқтату және жете тексеру, өзге де объектілер мен орындарды, ал қажет болған кезде - ұсталған адамдардың жеке заттарын жете тексеру;

      5) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) кию және қызметтік қару алып жүру;

      6-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен арнаулы құралдар мен қызметтік қаруды сақтау, алып жүру және қолдану;

      7) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында құқық бұзушылықтар жасаған адамдарды ұстау және құқық қорғау органдарына жеткізу;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұза отырып пайдаланылған атыс қаруы мен аулау құралдарын, аулау құралдарының тыйым салынған түрлерін, заңсыз ауланған жануарлар дүниесі объектілерін, олардың дериваттарын, сондай-ақ олардың тіршілік ету өнімдерін алып қою және олардың одан әрі тиесілі болуы туралы мәселені шешу құқығы беріледі.

      3. Жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғау:

      1) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы құқық бұзушылықтарды болдырмауға және олардың жолын кесуге;

      2) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзу фактілері бойынша ақпаратты, талап қою мен өзге де материалдарды уәкілетті органға, балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға және құқық қорғау органдарына, сотқа жіберуге;

      3) алып тасталды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      4) алып тасталды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      5) заңсыз, хабарлаусыз, реттеусіз кәсіпшілікке, сондай-ақ су биологиялық ресурстарынан дайындалған өнімнің заңсыз айналымына қарсы күрес бойынша шаралар қабылдауға міндетті.

      4. Алып тасталды – ҚР 19.06.2026 № 317-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5. Жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғаудың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен айырым белгілері бар нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етіледі.

      6. Жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғау қызметі уәкілетті орган бекіткен Жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғау туралы ережемен айқындалады.

      Ескерту. 55-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.02.2021 № 11-VII (2018 жылғы 12 тамызда жасалған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция күшіне енген күннен бастап қолданысқа енгізіледі); 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2026 № 317-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

56-бап. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі өндірістік бақылау

      1. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі өндірістік бақылау - бекітіп берілген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жануарлар дүниесін қорғау функциясын жүзеге асыратын аңшылық шаруашылығы мен балық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметі.

      2. Қорықшының:

      1) кейіннен уәкілетті орган ведомствосының немесе балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне міндетті түрде беру үшін Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметтік қаруды сақтауға, алып жүруге және қолдануға;

      2-1) айырым белгілері бар арнаулы киім киюге;

      3) жеке және заңды тұлғалардың аң аулауға және балық аулауға құқық беретін құжаттарын тексеруге;

      4) аң аулау қағидаларын бұзғаны үшін атыс қаруын кейіннен ішкі істер органдарына міндетті түрде беру үшін алып қоюға;

      5) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұза отырып пайдаланылған аулау құралдарын, заңсыз аулап алынған аң аулау және балық аулау өнімдерін, тыйым салынған аулауға арналған қару түрлерін кейіннен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторға, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторға немесе Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлеріне беру үшін алып қоюға;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      6) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 19.06.2026 № 317-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      6) бекітіліп берілген аңшылық алқабының, балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің аумағында және оның жағалау белдеуінде олардан шығу кезінде көлік және жүзу құралдарын тоқтатуға құқығы бар.

      3. Қорықшы:

      1) бекітіліп берілген аңшылық алқаптарында және балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жануарлар дүниесін қорғауды қамтамасыз етуге;

      2) аң аулау және балық аулау қағидаларын, аңшылық шаруашылығының ішкі регламентін, өрт қауіпсіздігі қағидаларын, сондай-ақ тыныштық аймақтарында және өсімді молайту учаскелерінде жануарлар дүниесін пайдалануға қойылған шектеулер мен тыйым салуларды бұзушылықтардың жолын кесуге;

      3) жеке және заңды тұлғалардан жануарлардың қырылуына және олар мекендеу ортасының бұзылуына әкеп соқтыратын әрекеттерді тоқтатуды талап етуге;

      4) жануарлар дүниесі объектілерінің мекендеу ортасын, олардың көбею жағдайларын және шоғырлану орындарын сақтау жөнінде шаралар қолдануға;

      5) жануарлар дүниесіне ұқыпты және ізгілікті қарау насихатын жүргізуге;

      6) жануарлар ауырған және дүлей зілзала кезінде қырылу қаупі төнген жағдайларда жануарлар дүниесі объектілеріне көмек көрсету жөнінде шаралар қолдануға;

      7) аншлагтардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.

      Ескерту. 56-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.04.2021 № 34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2026 № 317-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

57-бап. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы қоғамдық бақылау

      Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы қоғамдық бақылау "Қоғамдық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 57-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.10.2023 № 31-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

11-тарау. Қорытынды ережелер

58-бап. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

      Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

      Ескерту. 56-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

59-бап. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы дауларды шешу

      Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледі.

60-бап. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастық

      Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастық Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

61-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

      1. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      2. Мыналардың:

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 1993 жылғы 21 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., № 18, 439-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 11, 357-құжат; 2001 ж., № 3, 20-құжат; № 24, 338-құжат);

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңын қолданысқа енгізу тәртібі туралы" 1993 жылғы 21 қазандағы Қаулысының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., № 18, 440-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті