Өндiрiстiк кооператив туралы

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 5 қазандағы N 2486 Заңы

      Өндiрiстiк кооператив туралы

      

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР 2001.07.12 N 241 Заңымен.
       Ескерту. Кіріспе алып тасталды - ҚР 29.10.2015 № 373-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. Бүкiл мәтiн бойынша "Жарлықты", "Жарлыққа", "Жарлықтың" "Жарлықта", "Жарлық" деген сөздер тиiсiнше "Заңды", "Заңға", "Заңның", "Заңда", "Заң" деген сөздермен ауыстырылды - Қазақстан Республикасының 2001.07.12. № 241 Заңымен.

1-бап. Өндiрiстiк кооператив ұғымы

      1. Азаматтардың бiрлескен кәсiпкерлiк қызмет үшiн мүшелiк негiзде, олардың жеке еңбегiмен қатысуына және мүшелерiнiң мүлiктiк жарналарын (пайларын) бiрiктiруiне негiзделген ерiктi бiрлестiгi өндiрiстiк кооператив болып танылады.

      2. Өндiрiстiк кооператив коммерциялық ұйым болып табылады.

      3. Өндiрiстiк кооператив заңды тұлға болып табылады.

1-1-бап. Өндiрiстiк кооперативтердi құрудың және оның қызметiнiң негiзгi принциптерi

      Өндiрiстiк кооперативтер мынадай принциптер негiзiнде жұмыс iстейдi:

      мүшелiкке кiру мен шығудың еркiндiгi;

      мүлiктiк (пайлық) жарна енгізу мiндеттiлiгi;

      басқарудың демократиялылығы;

      өзара көмек және оның мүшелерi үшiн экономикалық тиiмдiлiктi қамтамасыз ету;

      өндiрiстiк кооперативтiң қызметi туралы ақпаратқа қол жететiндiгi.

      Ескерту. 1-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.07.12. № 241 Заңымен.

2-бап. Өндiрiстiк кооперативтердiң қызметi

      1. Өндiрiстiк кооператив жеке кәсiпкерлiк үшiн заң актiлерiмен тыйым салынбаған кәсiпкерлiк қызметтiң кез-келген түрiн жүзеге асыруға хақылы.

      2. Мемлекеттiк лицензиялау қолданылатын қызметтi өндiрiстiк кооператив лицензиясы бар болған жағдайда жүзеге асырады.

      3. Өндiрiстiк кооперативтiң мақсаты мен мәнiн жарғы анықтайды.

      4. Арнайы заңмен реттелетiн қызметтi жүзеге асыру үстiнде өндiрiстiк кооперативтер, сол сияқты осы Заңды да басшылыққа алады.

      Кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерiн арнайы реттейтiн заң актiлерiнiң нормалары осы Заңның нормаларына қайшы келген жағдайда заң актiлерiнiң нормалары қолданылады.

      Ескерту. 2-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2001.07.12 № 241 Заңымен.

2-1-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

      1. Осы Заңның күші өндірістік кооперативтердің қызметін реттейтін қатынастарға, олардың құрылуының, қызметінің, қайта ұйымдастырылуының және таратылуының ұйымдастыру, экономикалық және әлеуметтік шарттарына, мүшелерінің құқықтары мен міндеттеріне, басқару және бақылау органдарының өкілеттіктері мен жауапкершілігіне қолданылады.

      2. Осы Заңның күші "Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы"

      Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын өндірістік кооператив нысанында құрылатын ауыл шаруашылығы кооперативінің құқықтық жағдайын, сондай-ақ оның мүшелерінің құқықтық жағдайын, құқықтары мен міндеттерін реттеу жөніндегі қатынастарға қолданылмайды.

      Ескерту. 1-тарау 2-1-баппен толықтырылды - ҚР 29.10.2015 № 373-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

2-тарау. Өндiрiстiк кооперативтi құру

3-бап. Өндiрiстiк кооперативтi құру тәртiбi

      1. Өндiрiстiк кооператив құрылтайшы-жеке тұлғалардың жалпы жиналысының шешiмiмен құрылады.

      Егер өндiрiстiк кооперативтiң құрылтайшысы (мүшесi) шетел азаматы болған жағдайда мұндай кооперативтiң ұйымдастырылуы мен қызметiне Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып, осы Заңның күшi қолданылады.

      2. Өндiрiстiк кооперативтiң құрылтайшылары екеуден кем болмауға тиiс.

      3. Өндiрiстiк кооператив құрылғаннан кейiн құрылтайшылар кооператив мүшелерi болады және өндiрiстiк кооперативтiң басқа мүшелерiмен бiрдей құқықтар мен мiндеттердi иеленедi.

      Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2001.07.12 N 241 Заңымен; 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

4-бап. Өндiрiстiк кооперативтiң құрылтай құжаттары

      Өндiрiстiк кооператив өз қызметiн құрылтай шарты мен жарғының негiзiнде жүзеге асырады.

      Өндiрiстiк кооперативтiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын шағын, орта және ірі кәсiпкерлiк субъектiлерi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Үкiметi мазмұнын белгiлейтiн үлгi жарғының негiзiнде жүзеге асыра алады.

      Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.06.19 N 132, 2004.03.18 N 537, 2008.07.04 N 54-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

5-бап. Өндiрiстiк кооперативтiң құрылтай шарты

      1. Өндiрiстiк кооперативтiң құрылтай шартында мыналар болуға тиіс:

      1) өндiрiстiк кооперативтi құру туралы шешiм, оның фирмалық атауы және орналасқан жерi;

      2) кооператив мүшелерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты, туған күнi мен туған жерi, сондай-ақ тұрғылықты жерi көрсетiлген дербес құрамы;

      3) кооперативтi құру жөнiндегi iс-әрекет тәртiбi;

      4) құрылтайшылардың кооператив меншiгiне беретiн мүлiктiк жарналарының құрамы мен мөлшерi туралы мәлiметтер;

      5) iс-әрекетi кооперативтi құру және тiркеу үшiн қажеттi кооперативтiң лауазымды тұлғаларын тағайындау (сайлау) туралы шешiм;

      6) кооперативтi құру және оның жұмысын ұйымдастыру мәселелерiн шешуге байланысты аталған тұлғалардың өкiлеттiктерiн белгiлеу;

      7) кооперативтiң жарғысын бекiту;

      8) таза табыс пен шығынды бөлу тәртiбi;

      9) құрылтайшылардың кооперативтен шығу тәртiбi.

      Өндiрiстiк кооперативтiң құрылтай шартына құрылтайшылардың шешiмi бойынша осы Заңға қайшы келмейтiн басқа да талаптар енгiзiлуi мүмкiн.

      2. Құрылтай шартына құрылтайшылардың бәрi қол қояды.

      3. Өндiрiстiк кооперативтiң құрылтай шарты коммерциялық құпия болып табылатын құжаттар құрамына кiредi әрi мемлекеттiк және өзге де ресми органдарға, сондай-ақ үшiншi тұлғаларға тек қана кооперативтiң атқарушы органының шешiмi бойынша не заң актiлерiнде белгiленген жағдайда ұсынылуға тиiс.

      Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.12. N 241, 2004.03.18. N 537 Заңдарымен.

6-бап. Өндiрiстiк кооперативтiң жарғысы

      1. Өндiрiстiк кооперативтiң жарғысында:

      1) кооперативтiң фирмалық атауы;

      2) кооператив орналасқан жер;

      3) өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң қабылдану, шығу және оларды шығару тәртiбi, олардың құқықтары мен мiндеттерi;

      4) кооперативтiң басқару және бақылау органдарының құрамы мен құзыретi туралы ережелердi қалыптастыру және олардың шешiмдер қабылдау соның iшiнде бiрауыздан немесе басым көпшiлiк дауыспен шешiм қабылданатын мәселелер бойынша шешiмдер қабылдау тәртiбi;

      5) өндiрiстiк кооперативтiң әрбiр мүшесi пайының мөлшерi, өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң мүлiктiк жарнасының құрамы мен оны енгізу тәртiбi және олардың жарна енгізу жөнiндегi мiндеттемелердi бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi;

      6) кооператив мүшелерiнiң кооператив қызметiне жеке еңбегiмен қатысу сипаты мен тәртiбi және олардың жеке еңбегiмен қатысу жөнiндегi мiндеттемелерiн бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi;

      7) кооператив пен оның мүшелерi, кооперативтiң атқарушы органы мен қызметкерлердiң еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар;

      8) кооперативтiң таза табысы мен шығындарын бөлу тәртiбi;

      9) кооперативтi қайта ұйымдастыру мен тарату тәртiбi туралы мәлiметтер болуға тиiс.

      Өндiрiстiк кооперативтiң жарғысында осы Заңға қайшы келмейтiн басқа да ережелердiң болуы мүмкiн.

      2. Кооперативтiң фирмалық атауында оның аты, сондай-ақ "өндiрiстiк кооператив" деген сөздер болуға тиiс.

      3. Жарғы құрылтайшылардың жалпы жиналысында бекiтiледi.

      Жарғы бiрауыздан бекiтiлуге тиiс.

      Жарғыға өзгерiс осы Заңның 15-бабында көзделген тәртiппен кооператив мүшелерi жалпы жиналысының шешiмiмен енгiзiледi.

      Жарғыға кооператив басқармасының төрағасы (кооператив төрағасы) қол қояды.

      4. Өндiрiстiк кооперативтiң жарғысы мемлекеттiк немесе өзге де ресми органдарға, сондай-ақ кооперативтен шарттық қатынасы бар не онымен осындай қатынасқа енуге тiлек бiлдiрушiлердiң талап етуi бойынша ұсынылады.

      Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.12. N 241 Заңымен.

7-бап. Кооператив мүшесiнiң мүлiктiк жарнасы

      1. Өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң мүлiктiк жарналары бастапқы капиталды қалыптастырады және кооператив қызметiн құру мен ұйымдастыруға, сондай-ақ шығындарды жабуға арналады.

      2. Мүлiктiк жарналардың құрамы мен мөлшерi, сондай-ақ оларды енгiзу тәртiбi, жолдары мен мерзiмi құрылтай шартында немесе жарғыда белгiленедi.

      3. Кооперативтiң жалпы жиналысының шешiмi бойынша кооператив мүшесiнiң қосымша мүлiктiк жарналарды енгiзуi көзделуi мүмкiн. Бұл туралы шешiм осы Заңның 15-бабында белгiленген тәртiппен қабылданады.

      4. Жаңадан қабылданатын мүшенiң мүлiктiк кiру жарнасы оның кооперативпен келiсiмiнде белгiленедi және кооператив мүшелерi жалпы жиналысының хаттамасында көрсетiледi.

      5. Кооперативтiң әрбiр мүшесiне оның мүлiктiк кiру жарнасының мөлшерi мен түрiн куәландыратын құжат берiледi.

      6. Кооперативке енгiзiлетiн мүлiктiк жарна - ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүлiктiк құқықтар, соның iшiнде жер пайдалану құқығы, санаткерлiк меншiк нәтижелерiне құқығы мен өзге де мүлiк болуы мүмкiн.

      Кооператив мүшелерiнiң мүлiктiк жарнасын ақшалай бағалау тек қана кооператив құрылтайшыларының арасындағы келiсiм бойынша жүргiзiле алмайды және ол тәуелсiз аудиттен өтуге тиiс. Кооператив мүшелерiнiң мүлiктiк жарнасы тек ақшадан ғана тұрған жағдайда тәуелсiз аудит жүргiзiлмейдi.

      Өндiрiстiк кооперативтi қайта тiркеген кезде оның мүшесiнiң мүлiктiк жарнасын ақшалай бағалау кооперативтiң бухгалтерлiк құжаттарымен не аудиторлық есеппен расталуы мүмкiн.

      7. Кооператив мүшесi мүлiктi кооперативке жарна ретiнде тек қана пайдалануға берген жағдайда, жарнаның мөлшерi кооператив мүшелерiнiң келiсiмiнде белгiленген кезең үшiн есептелген осы мүлiктiң пайдаланылғаны үшiн төленетiн жал төлемiне қарай анықталады.

      Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1996.07.15. N 30, 1997.07.11. N 154, 2001.07.12. N 241, 2006.05.05. N 139 Заңдарымен.

3-тарау. Өндiрiстiк кооперативке мүшелiк

8-бап. Өндiрiстiк кооператив мүшелерi

      1. Кооператив мүшелерi екеуден кем болмауға тиiс.

      2. Өндiрiстiк кооперативке жасы он алтыға толған, кооператив мүшесi болуға тiлек бiлдiрген және оның қызметiне жеке еңбегiмен қатысуға қабiлеттi кез-келген жеке тұлға мүше бола алады.

      3. Кооперативке мүше болып кiру үшiн негiзгi жұмыс немесе оқу орны бойынша әкiмшiлiктiң (заңды тұлға органының) келiсiмi талап етiлмейдi.

      Кәмелетке толмаған азаматтардың кооперативке мүше болып кiруi үшiн олардың ата-анасының, асырап алушылардың немесе қамқоршыларының келiсiмi талап етiледi.

9-бап. Өндiрiстiк кооператив мүшесiнiң құқықтары

      1. Өндiрiстiк кооператив мүшесiнiң:

      1) осы Заңда және кооперативтiң құрылтай құжаттарында белгiленген тәртiппен кооператив iстерiн басқаруға, сондай-ақ кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысының жұмысына бiр дауыс құқығымен қатысуға;

      2) Кооперативтiң басқару органдарына сайлауға және сайлануға, кооператив қызметiн жақсарту, оның органдары мен лауазымды тұлғаларының жұмысындағы кемшiлiктердi жою туралы ұсыныстар енгiзуге;

      3) кооперативтiң қызметi туралы толық ақпарат алуға, соның iшiнде кооперативтiң бухгалтерлiк және басқа құжаттамаларымен танысуға;

      4) кооператив алған таза табысты бөлуге қатысуға;

      5) егер құрылтай құжаттарында өзгеше тәртiп көзделмесе, кооператив қызметiне өз еңбегiмен қатысуына сәйкес оның мүшелерi арасында бөлiнуге тиiстi таза табыстан үлесiн алуға;

      6) кооперативтегi өз еңбегi үшiн жалақы түрiнде немесе кооператив белгiлеген өзге де түрде ақы алуға;

      7) кооператив өзiнiң мүшелерi үшiн көздейтiн жеңiлдiктер мен артықшылықтарды, соның iшiнде өздерi өндiрген тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) бiрiншi кезекте алуға қатысты бөлiгiнде пайдалануға, кооператив мүлкiн тұтынуға, кооперативтен әлеуметтiк көмек алуға;

      8) демалуға, сондай-ақ жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын алуға;

      9) әлеуметтiк қамсыздандыруға;

      10) белгiленген тәртiппен кооперативтен шығуға құқығы бар.

      2. Кооператив мүшесiнiң осы Заңда, өзге де заң актiлерi мен кооперативтiң құрылтай құжаттарында көзделген басқа да құқықтары болуы мүмкiн.

      3. Өндiрiстiк кооператив мүшесi үшiн осы Заң мен басқа да заң актiлерiнде көзделген құқықтардан бас тартудың немесе оларды шектеудiң, соның iшiнде кооператив мүшелерiнiң келiсiмi бойынша, маңызсыз.

      Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2001.07.12. N 241 Заңымен; 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

10-бап. Өндiрiстiк кооператив мүшесiнiң мiндеттерi

      1. Өндiрiстiк кооперативтiң мүшесi:

      1) кооперативтiң құрылтай құжаттарында көзделген талаптарды сақтауға;

      2) жалпы жиналыстың, кооперативтiң сайланбалы басқару органдарының өз құзыретiне сәйкес қабылдаған шешiмдерiн орындауға;

      3) кооперативтiң құрылтай құжаттарында көзделген тәртiппен, жолмен және мөлшерде кооператив мүлкiне мүлiктiк жарна енгiзуге;

      4) кооператив қызметiне жеке еңбегiмен қатысуды жүзеге асыруға;

      5) кооператив мiндеттемелерi бойынша мөлшерi мен тәртiбi осы Заңда белгiленген мөлшерде және тәртiппен қосымша (жәрдемақылық) жауапкершiлiкте болуға;

      6) өндiрiстiк және еңбек тәртiбiн, еңбектi қорғау ережелерi мен қауiпсiздiк техникасын сақтауға;

      7) кооператив өзiнiң коммерциялық құпиясы деп жариялаған мәлiметтердi таратпауға мiндеттi.

      2. Кооператив мүшесiнiң осы Заңда, басқа да заң актiлерi мен құрылтай құжаттарында көзделген өзге де мiндеттерi болуы мүмкiн.

10-1-бап. Өндірістік кооперативтің ақпарат беруі

      Өндірістік кооперативтің атқарушы органы сотта корпоративтік дау бойынша іс қозғалғаны туралы кооператив мүшелерін хабардар етуге міндетті.

      Кооператив мүшелеріне сотта корпоративтік дау бойынша іс қозғалғаны туралы ақпарат кооператив мүшелерінің жалпы жиналысының шешімінде көзделген тәртіппен (егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе), өндірістік кооператив соттың тиісті хабарламасын немесе корпоративтік дау бойынша азаматтық іске шақыруды алған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірілмей берілуге тиіс.

      Ескерту. 10-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2008.07.05 N 58-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

11-бап. Өндiрiстiк кооперативке мүшелiктiң тоқтатылуы және оның мүшелерi құрамындағы өзгерiстер

      1. Кооператив мүшесi кооператив басқармасының төрағасына (кооператив төрағасына) шығуынан екi апта бұрын бұл жайында жазбаша түрде ескерте отырып, өз қалауы бойынша кооперативтен шығуға хақылы. Ескертудiң бұдан ұзағырақ мерзiмi құрылтай құжаттарында көзделуi мүмкiн, бiрақ ол екi айдан аспауға тиiс. Өндiрiстiк кооперативтiң мүшесi осы мерзiмдер өткеннен кейiн кооперативтен шыққан болып есептеледi.

      2. Кооператив мүшесi жалпы жиналыстың шешiмi бойынша одан мынадай:

      1) өзiне кооператив жарғысымен жүктелген мiндеттердi ұдайы атқармаған немесе ойдағыдай атқармаған жағдайда;

      2) осыған ұқсас кооперативке мүше болуына байланысты;

      3) құрылтай құжаттарында көзделген басқа да жағдайларда шығарылуы мүмкiн.

      Өндiрiстiк кооперативтiң мүшелiгiнен шығару туралы шешiмге сотқа шағым жасалуы мүмкiн.

      3. Кооперативке мүшелiк мынадай:

      1) кооператив мүшесi қайтыс болған, оны өлдi деп хабарлаған, ол хабарсыз жоқ болып кеттi деп танылған;

      2) кооператив мүшесi өз пайын осы баптың 5-тармағында көзделген тәртiппен басқа адамға берген;

      3) кредит берушi (кредит берушiлер) кооператив мүшесiнiң пайына айып өндiрiп алған;

      3-1) кооператив мүшесi өндiрiстiк кооперативтiң қызметiне жеке еңбегiмен қатысудан бас тартқан жағдайда тоқтатылады.

      4. Егер кооператив жарғысында өзгеше көзделмесе, кооператив мүшесi қайтыс болған жағдайда, оның мұрагерлерi кооператив мүшелiгiне қабылдануы мүмкiн.

      5. Егер кооперативтiң құрылтай құжаттарында не заңнамалық актілерде өзгеше көзделмесе, кооператив мүшесi өз пайын немесе оның бiр бөлiгiн кооперативтiң басқа мүшесiне (мүшелерiне) сатуға немесе өзгеше түрде беруге хақылы.

      Пайды (оның бiр бөлiгiн) кооперативтiң мүшесi болып табылмайтын азаматқа беруге, егер заңнамалық актілерде өзгеше көзделмесе, кооператив мүшелерiнiң келiсiмiмен ғана жол берiледi. Бұл ретте, осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, кооперативтiң басқа мүшелерi осы пайды (оның бiр бөлiгiн) сатып алуға басым құқықты иеленедi.

      6. Кооператив мүшесi болып табылмайтын тұлғаға осы бапта белгiленген тәртiппен пай немесе оның бiр бөлiгi берілсе және ол кооперативке кiруге тiлек бiлдiрсе, мүшелiкке қабылдануға тиiс.

      7. Зейнет жасына жеткен кооператив мүшелерi кооператив жарғысында көзделген шартпен кооперативке мүшелiгiн сақтап қала алады.

      8. Кооперативке жаңа мүшелер қабылдау осы Заңның 15-бабында көзделген тәртiппен кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысында жүргiзiледi.

      Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.12. N 241, 2007.08.07. N 321 Заңдарымен.

12-бап. Өндiрiстiк кооператив мүшесiнiң пайынан айып өндiрiп алу

      1. Кооператив мүшесiнiң пайынан оның жеке борышы бойынша айып өндiрiп алуға оның осы борышын өтеу үшiн басқа мүлкi жетiспеген жағдайда ғана жол берiледi.

      2. Пайынан айып өндiрiп алынған ретте кооператив өзiнiң борышқор мүшесiнiң пайына сәйкес кооператив мүлкiндегi үлесiн бөлiп бередi. Үлестiң мөлшерi кредит берушiнiң (кредит берушiлердiң) талабы келiп түскен күнгi бухгалтерлiк есеп мәлiметтерi бойынша анықталады.

      Үлес ақшалай немесе заттай түрде бөлiнедi.

13-бап. Өндiрiстiк кооперативке мүшелiктiң өзгеруiнiң салдары

      1. Кооператив мүшесi өз қалауы бойынша кооперативтен шыққан, сондай-ақ одан шығарылған жағдайда (осы Заңның 11-бабының 1 және 2-тармақтары), кооператив мүшесiне оның пайы төленуге немесе берiлуге, сондай-ақ жарғыда көзделген басқа да төлемдер жасалуға тиiс.

      Кооперативтен шығатын мүшеге пайын немесе басқа мүлiктi беру қаржы жылы аяқталып, кооперативтiң бухгалтерлiк балансы бекiтiлгеннен кейiн жүргiзiледi.

      Кооперативтен шыққан мүшенiң кооперативпен келiсiм бойынша пайдың құнын төлеу заттай түрде мүлiктi берумен алмастырылуы мүмкiн.

      Кооперативтен шығатын мүшеге, сондай-ақ кооперативтiң осы жылы алған пайдасынан оған тиесiлi бөлiгi оның бұл жылы кооперативте болған кезеңi үшiн төленедi.

      2. Кооператив қызметiне жеке еңбегiмен қатысқаны үшiн төлемдер кооперативке мүшелiк тоқтатылған күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде жасалады.

      3. Кооператив қызметiне жеке еңбегiмен қатысуы жөнiндегi мiндеттемесiн бұзғаны үшiн кооператив мүшесi одан шығарылған жағдайда кооперативтiң аталған мүшесi, ол осы кооперативте жұмыс iстемеген кезеңде алынған пайданы бөлiсуге қатыспайды.

      4. Егер кооперативтiң құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, шығатын мүшенiң кооперативке берген мүлкi сыйақысыз қайтарылады.

      4-1. Кооператив мүшесi одан шыққан кезде құқығы (соның iшiнде шартты жер үлесiне құқығы) өндiрiстiк кооперативке жарна ретiнде берiлген жер учаскесiн нақтылы бөлiп шығару Қазақстан Республикасының жер заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

      5. Қайтыс болған кооператив мүшесiнiң мұрагерi кооперативке кiруден бас тартқан не мұрагердi қабылдаудан кооператив бас тартқан ретте оған қайтыс болған кооператив мүшесiнiң пайына сәйкес мүлiктегi үлесi, сондай-ақ кооперативтiң таза табысының қайтыс болған адамға тиесiлi бөлiгi және кооператив қызметiне жеке еңбегiмен қатысқаны үшiн сыйақы төленедi.

      6. Кооператив мүшесi (мүшелерi) кооперативтен шыққан мүшенiң пайын немесе пайының бiр бөлiгiн сатып алған ретте сатып алушының кооператив мүлкiндегi үлесi оның пайының ұлғаюына шамалас артады.

      7. Кооперативтен шыққан мүшеге немесе оның мұрагерлерiне кооператив пай төлегенде немесе бергенде, сондай-ақ кооператив мүшесiнiң пайынан оның жеке борышы бойынша кредит берушiлер айып өндiрiп алған ретте қалған кооператив мүшелерiнiң үлестерi шығу күнiне белгiленген олардың пайларының мөлшерiне сәйкес ұлғаяды.

      8. Кооперативке мүлiктiк жарнасын енгiзу арқылы жаңа мүшенi қабылдаған ретте кооператив мүшелерiнiң оның мүлкiндегi үлестерiнiң жаңа мөлшерi белгiленедi.

      Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.12. N 241, 2003.12.29. N 512 Заңдарымен .

14-бап. Өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң кооператив мiндеттемелерi бойынша жауапкершiлiгi

      1. Кооператив мүшелерiнiң кооператив мiндеттемелерi бойынша қосымша (жәрдемақылық) жауапкершiлiгi болады.

      2. Кооператив құрылғаннан кейiн пайдың берiлуi немесе пайға мұрагерлiк ету тәртiбiмен оған кiрген кооператив мүшесi өзi кооперативке кiргенге дейiн пайда болған мiндеттемелер бойынша да басқа мүшелермен бiрдей жауап бередi.

      3. Кооператив құрылғаннан кейiн кiрген кооператив мүшесi өзi кооперативке кiргеннен кейiн пайда болған мiндеттемелер бойынша жауап бередi.

      4. Кооперативтен пайын басқа мүшеге немесе үшiншi бiр тұлғаға беру тәртiбiмен шыққан оның мүшесi, кредит берушi (кредит берушiлер) оның үлесiнен айып өндiрiп алған жағдайда, сондай-ақ қайтыс болған мүшенiң кооператив мүшелiгiне қабылдаудан бас тартылған мұрагерi кооператив мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.

      5. Кооператив мүшесiнiң кооператив мiндеттемелерi бойынша қосымша (жәрдемақылық) жауапкершiлiгiнiң шектi мөлшерi құрылтай құжаттарында белгiленедi, бiрақ ол кооператив мүшесiнiң пайы құнының мөлшерiнен төмен болмауға тиiс. Кооператив мүшелерi арасында жауапкершiлiктi бөлу олардың пайларының мөлшерiне сәйкес жүргiзiледi.

4-тарау. Өндiрiстiк кооперативтi басқару

15-бап. Өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысы

      1. Кооперативтiң жоғары органы оның мүшелерiнiң жалпы жиналысы болып табылады.

      Мүшелерiнiң саны 100-ден асатын кооперативтерде құрылтай құжаттарымен жоғары органның функцияларын уәкiлдер жиналысына беру көзделуi мүмкiн.

      2. Кооператив мүшелерi жалпы жиналысының ерекше құзыретiне мыналар жатады:

      1) кооператив жарғысын өзгерту;

      1-1) кооператив қызметiнiң негiзгi бағыттарын айқындау;

      2) атқарушы орган, тексерушi органдар мен байқаушы кеңесiн құру және олардың мүшелерiн керi шақырып алу;

      3) кооператив қорлары мен резервтерiнiң түрлерi мен мөлшерiн және олардың пайдаланылу бағыттарын анықтау;

      4) кооперативтiң iшкi еңбек тәртiбi ережелерiн, лауазымды адамдарының, оның мүшелерi мен қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу туралы ережелерді және кооперативтің басқа да актілерін қабылдау және өзгерту;

      5) кооперативтiң филиалдары мен өкiлдiктерiн, шаруашылық серiктестiктерiн құру және оларға мүше ретiнде кiру;

      6) қосымша пай жарналарын енгiзу туралы мәселенi шешу;

      7) кооператив мүшелiгiне қабылдау және шығару;

      8) кооперативтiң жылдық есептерi мен бухгалтерлiк баланстарын бекiту, оның пайдасын және шығынын бөлу;

      9) кооперативтi қайта құру мен тарату туралы шешiм;

      10) тексеру комиссиясының есебiн бекiту;

      11) кооператив басқармасының (кооператив төрағасының) есебiн тыңдау.

      3. Кооперативтiң құрылтай құжаттарымен жалпы жиналыстың ерекше құзыретiне сол сияқты басқа мәселелердi шешу де жатқызылуы мүмкiн.

      4. Жалпы жиналыс өзiнiң ерекше құзыретiне жатқызылған мәселелердi кооперативтiң атқарушы органының шешуiне бере алмайды.

      5. Кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысы кезектi және кезектен тыс болуы мүмкiн.

      6. Кезектi жалпы жиналыс кооператив басқармасы (кооператив төрағасы) белгiлеген мерзiмде, бiрақ қаржы жылы аяқталғаннан кейiн үш айдан кешiктiрiлмей өткiзiледi.

      Кооператив мүшелерiнiң кезектi жалпы жиналысы:

      1) кооперативтiң жылдық есебi мен бухгалтерлiк баланстарын, оның пайдасын және шығынын бөлудi бекiтедi;

      2) тексеру комиссиясының есебiн бекiтедi;

      3) кооператив басқармасының (кооператив төрағасының) есебiн тыңдайды;

      4) осы баптың 8-тармағына сәйкес қарауға ұсынылған кооператив қызметiнiң басқа да мәселелерiн шешедi.

      7. Кезектен тыс жалпы жиналыс кооператив басқармасының (кооператив төрағасының) өз бастамасымен, байқаушы кеңесiнiң шешiмiмен, тексеру комиссиясының талап етуiмен, сондай-ақ кооператив мүшелерiнiң кемiнде жиырма процентiнiң талап етуiмен шақырылады.

      Кезектен тыс жалпы жиналысты шақыру туралы басқармаға қойылған талап оның мәлiмделген күнiнен бастап жиырма күн iшiнде орындалуға тиiс. Олай болмаған жағдайда кезектен тыс жалпы жиналысты шақыру туралы талапты қойған кооператив мүшелерi жиналысты өздерi шақыруға хақылы.

      8. Кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысының болатын күнi, орны, уақыты және күн тәртiбi туралы басқарма төрағасы (кооператив төрағасы) кооператив мүшелерiне жиналыс өткiзiлерден кемiнде жиырма күн бұрын жазбаша хабарлайды.

      Егер тиiстi кворум болған жағдайда жиналысқа қатысқан кооператив мүшелерi бiрауыздан өзге шешiм қабылдамаса, жалпы жиналыстың күн тәртiбiне өзгерiстер енгiзуге және оған енгiзiлмеген мәселелер бойынша шешiмдер қабылдауға хақы жоқ. Егер кворум болмағандықтан жалпы жиналысты өткiзу мерзiмi ауыстырылған болса, оны қайта шақыру нақ осы тәртiппен жүзеге асырылады.

      9. Егер жалпы жиналысқа кооператив мүшелерiнiң немесе олардың сенiмдi өкiлдерiнiң жартысынан астамы қатысса ол құқылы деп саналады.

      10. Жалпы жиналыстың жұмыс регламентi мен дауыс беру тәртiбiн (ашық немесе жасырын) кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысы белгiлейдi.

      11. Жалпы жиналыс шешiмдер қабылдаған кезде кооперативтiң әрбiр мүшесi өз пайының мөлшерiне қарамастан бiр дауысқа ие болады.

      12. Егер жалпы жиналыстың шешiмi үшiн жиналысқа қатысқан кооператив мүшелерiнiң немесе олардың сенiм бiлдiрген адамдарының жартысынан астамы дауыс берсе, ол қабылданды деп саналады.

      Осы баптың 2-тармағының 1), 6), 7) және 9)-тармақшаларында көзделген мәселелер жөнiндегi шешiм үшiн кооператив мүшелерiнiң үштен екi бөлiгi дауыс берсе, ол қабылданды деп есептеледi.

      Кооперативтi шаруашылық серiктестiк етiп өзгерту нысанында қайта құру бiрауыздан қабылданған шешiм негiзiнде жүргiзiледi.

      13. Кооператив жарғысында бiрауыздан немесе көпшiлiк дауыспен шешiм қабылданатын мәселелер белгiленуi мүмкiн.

      14. Кооперативтен шығару туралы мәселесi қаралатын кооператив мүшесi дауыс беруге қатыспайды.

      Ескерту. 15-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2001.07.12. N 241 Заңымен; 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

16-бап. Өндiрiстiк кооперативтiң байқаушы кеңесi

      1. Өндiрiстiк кооперативте оның атқарушы органының қызметiн бақылауды жүзеге асыратын байқаушы кеңес құрылуы мүмкiн.

      Тек кооператив мүшелерi ғана байқаушы кеңестiң мүшелерi бола алады.

      2. Байқаушы кеңестiң мүшелерi кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысында сайланады. Байқаушы кеңестiң саны, жұмыс iстеу мерзiмi және құзыретi кооператив жарғысымен белгiленедi. Байқаушы кеңестiң мүшесi осымен бiр мезгiлде басқарма мүшесi немесе кооператив төрағасы бола алмайды.

      3. Кооператив жарғысында байқаушы кеңестiң құзыретiне кооператив басқармасының (кооператив төрағасының) есебiн дүркiн-дүркiн тыңдау, атқарушы аппараттың лауазымды тұлғаларын тағайындауға келiсiм беру, жарғыда белгiленген мөлшерден асатын сомаға жасалған мәмiлелердi күнiлгерi мақұлдау, кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысы шешiмдерiнiң орындалуын бақылауды жүзеге асыру жатқызылуы мүмкiн.

      4. Байқаушы кеңес өзiнiң ерекше құзыретiне жатқызылған мәселелердi кооперативтiң атқарушы органының шешуiне бере алмайды.

      5. Байқаушы кеңес мүшелерiнiң өндiрiстiк кооператив атынан iс-әрекет жасауға хақы жоқ.

      Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.02.2017 № 49-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

17-бап. Өндiрiстiк кооперативтiң тексеру комиссиясы

      1. Кооперативте оның атқарушы органының қаржы қызметiн бақылауды жүзеге асыратын тексеру комиссиясы құрылуы мүмкiн. Тек кооператив мүшелерi ғана тексеру комиссиясының мүшелерi бола алады. Тексеру комиссиясының мүшелерi кооперативтiң байқаушы кеңесiнiң және атқарушы органының мүшелерi бола алмайды.

      2. Тексеру комиссиясының мүшелерi кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысында сайланады. Тексеру комиссиясының саны, жұмыс iстеу мерзiмi мен құзыретi кооператив жарғысында белгiленедi. Кооперативтiң құрылтай құжаттары тексеру комиссиясының орнына кооперативтiң тексерушiсiн сайлауды көздеуi мүмкiн.

      3. Кооперативтiң тексеру комиссиясы (тексерушiсi) кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысына кооперативтiң жылдық есептерi мен бухгалтерлiк баланстарының растығы туралы қорытынды бередi.

      4. Тексеру комиссиясы кооперативтiң жалпы жиналысының, байқаушы кеңесiнiң тапсыруымен, өз бастамасы немесе кооператив мүшелерiнiң кемiнде он процентiнiң талап етуi бойынша тексерiстердi жүзеге асыра алады.

      5. Тексеру комиссиясы кооперативтiң қаржылық құжаттамасымен танысуға хақылы.

      6. (алып тасталды)
      7. (алып тасталды)
      Ескерту. 17-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2001.07.12. N 241; 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

17-1-бап. Өндiрiстiк кооперативтiң аудитi

      1. Кооператив өндiрiстiк кооперативтiң жылдық қаржылық есептiлiгiнiң, сондай-ақ оның ағымдағы iсiнiң жай-жағдайы дұрыстығын тексеру және растау үшiн, кооперативпен, оның атқарушы, бақылаушы және өзге органдарының мүшелерiмен немесе кооператив мүшелерiмен мүлiктiк мүдделер арқылы байланысы жоқ аудиторлық ұйымды өзiнiң жарғысында белгiленген жағдайларда және тәртiппен тартуға құқылы.

      2. Кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын өндiрiстiк кооперативтер үшiн жылдық қаржылық есептiлiкке аудиттi мiндеттi түрде жүргiзу заң актiлерiмен белгiленуi мүмкiн.

      3. Өндiрiстiк кооперативтiң қаржылық қызметiне аудит байқаушы кеңесiнiң, тексеру комиссиясының (ревизордың), сондай-ақ кооператив мүшелерiнің кемiнде он процентiнiң талабы бойынша жүргiзiлуi мүмкiн. Соңғы жағдайда осындай тексеру жүргiзудi талап еткен кооператив мүшелерi аудиторлық ұйымның қызметiне ақы төлейдi.

      4. Егер өндiрiстiк кооперативтің атқарушы органы кооперативтiң қаржылық есептілігiне аудит жүргiзуден жалтарса, ал аудит мiндеттi болса не оны жүргiзудi өндiрiстiк кооперативтiң мүшесi талап етсе, аудит мүдделi адамның не өндiрiстiк кооператив мүшесiнің өтiнiшi бойынша қабылданған сот шешiмiмен тағайындалуы мүмкiн.

      Ескерту. 17-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.07.12. N 241, өзгерту енгізілді - 2006.05.05. N 139 Заңдарымен.

18-бап. Өндiрiстiк кооперативтiң атқарушы органдары

      1. Кооперативтің басқармасы немесе төрағасы кооперативтiң атқарушы органы болып табылады.

      2. Кооператив басқармасының оның мүшелерiнiң жалпы жиналысы басқарма мүшелерi iшiнен сайлаған басқарма төрағасы басқарады.

      3. Кооператив басқармасының мүшелерi (кооператив төрағасы) кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысында сайланады.

      Басқарма мүшелерiнiң саны, сондай-ақ басқарма (басқарма төрағасы) сайланатын мерзiм кооператив жарғысында белгiленедi.

      Тек кооператив мүшелерi ғана басқарма мүшелерi (кооператив төрағасы) бола алады.

      Басқарма мүшесi (кооператив төрағасы) осымен бiр мезгiлде байқаушы кеңестiң мүшесi бола алмайды.

      4. Кооператив басқармасы (кооператив төрағасы) кооператив қызметiне ағымдық басшылықты жүзеге асырады және байқаушы кеңес пен кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысына есеп бередi.

      5. Кооператив басқармасының (кооператив төрағасының) құзыретiне осы Заңмен және кооперативтiң құрылтай құжаттарымен кооперативтiң жалпы жиналысының немесе байқаушы кеңесiнiң ерекше құзыретiне жатқызылмаған кооператив қызметiнiң барлық мәселелерiн шешу жатады.

      6. Басқарма өзiнiң шешiмiн кемiнде үш айда бiр рет өткiзiлетiн отырыстарында қабылдайды.

      Егер басқарманың отырысына оның мүшелерiнiң жартысынан астамы қатысса, ол құқылы болып саналады.

      Басқарма отырысында мәселелер дауыс беру арқылы шешiледi. Егер басқарманың шешiмi үшiн оның отырысқа қатысқан мүшелерiнiң жартысынан астамы дауыс берсе, ол қабылданды деп саналады. Егер "жақтап" және "қарсы" берiлген дауыстар тең бөлiнген жағдайда басқарма төрағасының даусы шешушi дауыс болып саналады.

      Кооператив жарғысында көпшiлiк дауыспен немесе бiрауыздан шешiм қабылданатын мәселелер тобы көзделуi мүмкiн.

      7. Басқарма төрағасы (кооператив төрағасы) кооператив атынан сенiмхатсыз iс-әрекет жасайды; кооператив мүлкiне осы Заңда көрсетiлген шекте иелiк етедi әрi кооперативтiң атынан сенiмхаттар, соның iшiнде қайта сенiп тапсыру құқығымен, бередi; банктер мен басқа да кредит берушi ұйымдарда кооперативтiң шоттарын ашады; жалданбалы жұмыскерлердi жұмысқа қабылдап, жұмыстан шығаруды жүзеге асырады; өз құзыретi шегiнде бұйрықтар шығарады әрi кооператив мүшелерi мен жалданбалы қызметкерлердiң орындалуына мiндеттi нұсқаулар бередi.

      Ескерту. 18-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2001.07.12. N 241 Заңымен; 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

18-1-бап. Банкроттық және оңалту рәсімінде өндірістік кооператив iстерiн басқару

      Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамалық актісінде белгіленген тәртіппен өндірістік кооператив банкрот деп танылған немесе оңалту рәсімі қолданылған және уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушы тағайындалған жағдайларда, оны басқару бойынша барлық өкілеттіктер тиісінше уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушыға өтеді.

      Ескерту. 4-тарау 18-1-баппен толықтырылды - ҚР 07.03.2014 N 177-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

19-бап. Кооперативтiң басқару органдарының шешiмдерi мен iс-әрекетiне шағым жасау

      1. Кооперативтiң атқарушы органының шешiмдерi мен iс-әрекетiне кооператив мүшелерi мен жалданбалы жұмысшылар байқаушы кеңеске шағым жасай алады, ол кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысы осы мәселенi қарағанға дейiн шағым жасалған актiлердi тоқтата тұруға хақылы.

      2. Басқарма төрағасының шешiмдерi мен iс-әрекетiне кооператив басқармасына шағым жасауға болады, ол шағым жасалған актiлердi жоюға хақылы.

      3. Кооперативтiң атқарушы аппараты лауазымды тұлғаларының шешiмдерi мен iс-әрекетiне кооператив басқармасына (кооператив төрағасына) шағым жасауға болады, ол шағым жасалған актiнi жоюға хақылы.

      4. Кооператив басқармасының кез-келген органдары мен атқарушы аппараты лауазымды тұлғаларының шешiмдерiне кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысына шағым жасауға болады, ол шағым жасалған кез-келген актiнi жоюға хақылы.

      5. Кооперативтiң басқару органдарының шешiмдерiне сотқа шағым жасауға болады.

      Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.02.2017 № 49-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

5-тарау. Өндiрiстiк кооператив қызметiнiң
экономикалық негiздерi

20-бап. Өндiрiстiк кооперативтiң мүлкi

      1. Өндiрiстiк кооператив мүлкiн құрайтын көздер мыналар:

      1) кооператив мүшелерiнiң мүлiктiк жарналары;

      2) оның қызметiнен алынған табыстар;

      3) заң актiлерiмен тыйым салынбаған өзге де көздер болып табылады.

      2. Өндiрiстiк кооперативтiң меншiгiндегi мүлiк кооператив жарғысына сәйкес оның мүшелерiнiң пайларына бөлiнедi.

      Пай өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң кооператив мүлкiндегi үлесi болып табылады.

      3. Кооператив мүшелерiнiң кооператив мүлкiндегi үлестерi процент түрiнде есептеледi.

      4. Өндiрiстiк кооператив таратылған (осы Заңның 25-бабы) немесе кооператив мүшесi одан шыққан жағдайда (осы Заңның 11-бабы), кооператив мүшесiнiң пайына сәйкес кооператив мүлкiндегi үлесiн бөлiп алуға құқығы бар.

21-бап. Өндiрiстiк кооперативтiң қорлары

      1. Кооперативтiң құрылтай құжаттарында кредит берушiлердiң мүдделерiне кепiлдiк беретiн кооператив мүлкiнiң ең төменгi мөлшерiн белгiлейтiн кооперативтiң жарғылық қорын құру көзделуi мүмкiн.

      Жарғылық қордың мөлшерi мен оны құру тәртiбi кооператив жарғысында белгiленедi.

      Егер кооператив заң актiлерiнде осындай қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарда белгiлi мөлшердегi жарғылық қордың болуы көзделетiн қызметтi жүзеге асырса, кооператив оны құруға және заң актiлерiнде көзделген тәртiппен пайдалануға мiндеттi.

      2. Кооператив жыл сайынғы пайдасынан аударымдар жасаудың есебiнен резервтiк қор құра алады, ол кооперативтiң кредит берушiлер алдындағы мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз етуге және көзделмеген шығыстарды өтеуге арналады.

      Резервтiк қордың мөлшерi мен оны құру тәртiбi кооператив жарғысында белгiленедi.

      Егер кооператив заң актiлерiнде осындай қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарда белгiлi мөлшердегi резервтiк қордың болуы көзделетiн қызметтi жүзеге асырса, кооператив оны құруға және заң актiлерiнде көзделген тәртiппен пайдалануға мiндеттi.

      3. Кооператив өзiнiң өндiрiстiк-шаруашылық қызметi мен әлеуметтiк дамуына өзге де ақшадай және материалдық қорлар құруға хақылы.

      Мұндай қорлар тiзбесi, оларды құру және жұмсау тәртiбi кооператив жарғысында белгiленедi.

22-бап. Өндiрiстiк кооперативтiң таза табысы мен шығынын бөлу

      1. Өндiрiстiк кооперативтiң таза табысы жыл қорытындысы бойынша анықталады. Салықтар мен басқа да мiндеттi төлемдер төленгеннен кейiн қалған таза табыс кооперативтiң толық қарамағында қалады және оның мүшелерiнiң жалпы жиналысы мен кооперативтiң құрылтай құжаттарында көрсетiлген мақсаттарға бөлiнедi.

      2. Егер кооператив жарғысында өзгеше тәртіп көзделмесе, жалпы жиналыс белгiлеген мөлшерде таза табыс кооператив мүшелерiнiң арасында олардың еңбегiмен қатысуына қарай бөлiнедi.

      3. Кооператив мүшелерiнiң қайсыбiрiн таза табысты бөлуге қатысудан және шығынды өтеуден шеттететiн кооператив мүшелерiнiң келiсiмдерi немесе оның құрылтай құжаттарының ережелерi маңызсыз болып танылады.

      4. Кооперативтiң өз мүлкiмен өтелмеген шығыны осы Заңның 14-бабына сәйкес оның мүшелерiнiң арасында бөлiнедi.

      Ескерту. 22-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2001.07.12. № 241; 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

23-бап. Өндiрiстiк кооперативтердегi еңбек қатынастары

      1. Кооператив мүшелерiнiң еңбек жағдайлары осы Заңмен және кооперативтiң құрылтай құжаттарымен, ал кооперативте еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндердің еңбек жағдайлары - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледi.

      2. (алып тасталды)

      3. Кооператив мүшелерiнiң кооператив қызметiне жеке еңбегiмен қатысқаны үшiн берiлетiн сыйақының мөлшерi жалпы жиналыстың шешiмiмен белгiленедi.

      Егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, жұмыскерлердiң еңбегiне ақы төлеудiң мөлшерi, соның iшiнде лауазымдық жалақылары мен тарифтiк ставкаларын қоса алғанда, кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысының шешiмiмен белгiленедi.

      Барлық жағдайларда кооперативтегi жұмыскерлердiң жалақысының ең төменгi мөлшерi заң актiлерiмен белгiленген жалақының ең төменгi деңгейiнен кем болмауға тиiс.

      Кооператив мүшелерi мен оның жұмысшыларының жеке табысының ең жоғары мөлшерiне шек қойылмайды.

      4. (алып тасталды)

      5. Кооперативте жұмыс iстеген уақыт еңбек стажына қосылады.

      6. Кооператив төрағасына, басқарма мүшелерiне, байқаушы кеңесi мен тексеру комиссиясының мүшелерiне тәртiптiк жазалар, соның iшiнде қызметтен босатуды қоса, тек қана кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысының шешiмiмен қолданылады, ал оның өзге басшы қызметкерлерiне, сондай-ақ кооператив басқармасы (төрағасы) қолданады.

      7. Кооперативтегi жұмыс күнiнiң ұзақтығы мен тәртiбi, демалыстарды, қосымша демалыстарды қоса, демалыс күндерiн, беру және басқа еңбек шарттары еңбек заңдарына сәйкес кооперативтiң iшкi еңбек тәртiбiнiң ережелерiнде, сондай-ақ еңбек шартында белгiленедi.

      Жыл сайынғы демалыс уақытының ұзақтығын қоса, демалыс уақытының ұзақтығы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында қызметкерлердiң тиiстi санаттары үшiн белгiленген ең төменгi мөлшерден кем болмауға тиiс.

      Кооператив заңда белгiленген ережелер мен нормаларды басшылыққа ала отырып, еңбектi қорғауды, техникалық қауiпсiздiктi, өндiрiстiк тазалық пен санитарияны қамтамасыз ету шараларын жүзеге асырады.

      8. Кооператив мүшелерi және оның жұмыскерлерi сақтандыруға және әлеуметтiк қамсыздандыруға жатады.

      Жүктi әйелдерге (кооператив мүшелерiне және жұмыскерлерге) бұрынғы жұмыс орнындағы орташа жалақысы сақтала отырып неғұрлым жеңiл жұмыс берiледi. Жүктi болуға, бала тууға және баланы бағып-күтуге байланысты берiлетiн демалыс, сондай-ақ жүктi әйелдер мен жас балалары бар әйелдер үшiн басқа да кепiлдiктер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген тәртiппен берiледi.

      Кооператив өзiнiң 18 жастан аспаған мүшелерi және қызметкерлерi үшiн қысқартылған жұмыс күнiн және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген басқа да кепiлдiктердi белгiлейдi.

      Жалпы жиналыстың шешiмiмен кооператив өз табысы есебiнен мүшелерiн әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiнде қосымша жеңiлдiктердi енгiзуге хақылы.

      Ескерту. 23-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.12. № 241 Заңымен, 2007.05.15. № 253 Заңымен.

6-тарау. Өндiрiстiк кооперативтi қайта құру
және тарату

24-бап. Өндiрiстiк кооперативтi қайта құру

      1. Өндiрiстiк кооператив өзiнiң құрылтай құжаттарында және осы Заңда белгiленген тәртiп бойынша кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысының шешiмi бойынша ерiктi түрде қайта құрылуы мүмкiн.

      Кооперативтер бiрiккен және қосылған жағдайда қайта құрылатын кооператив мүшелерi пайларының мөлшерi сақталады.

      2. Өндiрiстiк кооператив оның мүшелерiнiң бiрауызды шешiмi бойынша шаруашылық серiктестiктер болып қайта құрылуы мүмкiн.

      3. Өндiрiстiк кооперативтiң қайта құрылуының өзге негiздерi мен тәртiбi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi мен басқа да заң актiлерiнде белгiленедi.

25-бап. Өндiрiстiк кооперативтiң таратылуы

      1. Өндiрiстiк кооператив осы Заңда және оның құрылтай құжаттарында белгiленген тәртiппен кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысының шешiмi бойынша ерiктi түрде таратылуы мүмкiн.

      2. Егер кооперативтiң басқа мүшелерiнiң одан шығуының нәтижесiнде жалғыз мүшесi қалса, онда ол алты ай iшiнде не жаңа мүшелер қабылдап, кооперативтi сақтап қалуға, не оны Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес бiр адам құра алатын шаруашылық серiктестiк етiп қайта құруға хақылы. Осы талаптар орындалмаған ретте алты ай мерзiм өткеннен кейiн кооператив таратылуға тиiс.

      3. Өндiрiстiк кооперативтi таратудың өзге негiздерi мен тәртiбi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi мен басқа да заң актiлерiнде белгiленедi.

      4. Кредит берушiлердiң талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн таратылатын кооперативтiң қалған мүлкi кооператив мүшелерiнiң арасында олардың пайларына сәйкес бөлiнедi.

7-тарау . <*>

      Ескерту. 7-тарау алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2001.07.12. № 241 Заңымен.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi