Қайтарылуға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын айқындау ережесін және нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарлар өткізуді, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді тұрақты өткізуге жатқызу өлшемдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы N 373 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 922 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 922 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 272-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.03.2015 № 132 қаулысымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Қайтарылуға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын айқындау ережесі;

      2) Нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарлар өткізуді, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді тұрақты өткізуге жатқызу өлшемдері бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 20 наурыздағы
N 373 қаулысымен
бекітілген

Қайтарылуға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын айқындау ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қайтаруға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын айқындау ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 272-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.03.2015 № 132 қаулысымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Ереже қайтарылуға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын (бұдан әрі - ҚҚС) айқындау тәртібін белгілейді:

      1) Салық кодексінің 272-бабының 3-тармағында белгіленген шарттар орындалмаған жағдайда нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдарға байланысты;

      2) мыналар:

      тауарлар импорты кезінде төленген;

      осы Кодекстің 241-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында ҚҚС төлеуші болып табылмайтын және қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде төленген;

      ҚҚС-ның асып түсуін қайтару туралы талап көрсетіле отырып, ҚҚС жөніндегі декларация табыс етілген салық кезеңінің соңында қолда бар пайдалануға берілетін негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, сатып алынған биологиялық активтер бойынша есепке жатқызылған ҚҚС сомасы шегінде.

2. Қайтарылуға жататын ҚҚС-ның асып кеткен сомасын айқындау тәртібі

      3. Есепке жатқызылатын ҚҚС сомасы мен декларация бойынша қалыптасқан есептелген ҚҚС сомасы арасындағы оң айырма ҚҚС-ның асып кеткен сомасы болып табылады.

      4. Қайтарылуға жататын ҚҚС-ның асып кеткен сомасын айқындау мынадай кезектілікте жүргізіледі:

      1) ҚҚС-ның асып кетуін қайтару талап етілетін есепті салық кезеңі үшін ҚҚС-ның асып кету сомасы белгіленеді. Осы тармақшаға сәйкес айқындалған ҚҚС-ның асып кеткен сомасына осы Ереженің 3 және (немесе) 4-тарауының ережелері қолданылады;

      2) осы тармақтың 1) тармақшасы қолданылғаннан кейін, егер есепті салық кезеңінің соңына өспелі қорытындымен ҚҚС-ның асып кету сомасында алдағы салық кезеңдері үшін қайтарылуға жататын және ұсынылған ҚҚС-ның асып кету сомасы болса, онда бұл сомаға осы Ереженің 3 және (немесе) 4-тарауының ережелері де қолданылады.

3. Салық кодексінің 272-бабының 3-тармағында белгіленген шарттар орындалмаған жағдайда нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдарға байланысты қайтарылуға жататын ҚҚС-ның асып кеткен сомасын айқындау тәртібі

      5. Декларация бойынша қалыптасқан ҚҚС-ның асып кеткен сомасы олар бойынша салық тексеруі аяқталған күнде жеткізушімен өзара есеп айырысулардың дұрыстығын растау үшін қарсы тексерулер жүргізуге сұрау салуларға жауаптар алынбаған және (немесе) егер тексерілетін салық төлеушінің жеткізушісі бұрын жіберілген сұрау салулар бойынша қарсы тексерулер жүргізу кезінде анықталған бұзушылықтарды жоймаған және (немесе) алынған бұрын жіберілген сұрау салулар бойынша мониторингке жататын ірі салық төлеуші бойынша ҚҚС сомасының дұрыстығы расталмағаны туралы уәкілетті органның алынған жауаптары негізінде ҚҚС сомасына кемітіледі.

      Қайтарылуға жататын ҚҚС-ның асып кеткен сомасын айқындау үшін бухгалтерлік және салықтық есеп деректері бойынша нөлдік ставкамен салық салынатын өткізу бойынша айналым мақсаты үшін пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша есепке жатқызылған ҚҚС сомасы есептеледі.

      6. "Халықаралық тасымалдарды жүзеге асыру кезінде қайтарылуға жататын ҚҚС-тің асып кеткен сомасы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 49, 49-1 -баптарына сәйкес ҚҚС-тің асып кетуін қайтару туралы салықтық өтініш берілген және (немесе) есепке жатқызу әдісімен төленген ҚҚС сомасына азайтылған, ҚҚС бойынша декларацияда ҚҚС-тің асып кетуін қайтару туралы талапта көрсетілген салық кезеңіндегі есепке жатқызылған ҚҚС сомасына жалпы көлемдегі халықаралық тасымалдаудың физикалық көлемінің үлес салмағын қолдану жолымен есептеледі.

      Бұл ретте осы тармақтың бірінші абзацында белгіленген тәртіппен айқындалған ҚҚС сомасы ол бойынша салықтық тексеру аяқталған күнге өнім берушілермен өзара есеп айырысулардың дұрыстығын растау үшін қарсы тексерулер жүргізуге жіберілген сұрау салуларға жауаптар алынбаған және (немесе) егер тексерілетін салық төлеушінің өнім берушісі бұрын жіберілген сұрау салулар бойынша қарсы тексерулер жүргізу кезінде анықталған бұзушылықтарды жоймаса және (немесе) бұрын жіберілген сұрау салулар бойынша мониторингке жататын ірі салық төлеуші бойынша ҚҚС сомасының дұрыстығы расталмағаны туралы уәкілетті органның алынған жауаптары негізінде ҚҚС сомасына кемітіледі.

      Есеп қайтаруға жататын асып кеткен ҚҚС сомасы айқындалатын салық кезеңінің деректері бойынша жүргізіледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.06.30 № 739 (2009 жылғы 31 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      7. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 13.03.2015 № 132 қаулысымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

4. Салық кодексінің 272-бабының 1-тармағы 1) тармақшасының екінші бөлігінде көзделген қайтарылуға жататын ҚҚС-ның асып кеткен сомасын айқындау тәртібі

      8. Қайтарылуға жататын ҚҚС-ның асып кеткен сомасын айқындау мынадай кезектілікте жүргізіледі:

      1) тауарлар импортына ҚҚС төлеуге байланысты есепке жатқызылған ҚҚС сомасы айқындалады.

      Бұл ретте осы тармақшаға сәйкес айқындалатын ҚҚС сомасы нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар мақсатында пайдаланылған осы тауарлар бойынша бұрын айқынадалған және ескерілген импортқа ҚҚС сомасына кемітіледі;

      2) егер ҚҚС-ның асып кеткен сомасы осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген сомалар шегерілгеннен кейін жеткілікті болған жағдайда Салық кодексінің 241-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында ҚҚС төлеуші болып табылмайтын және қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместен жұмыстар, қызмет көрсетулер сатып алған кезде резидент емес үшін ҚҚС төлеуге байланысты есепке жатқызылған ҚҚС сомасы айқындалады.

      Бұл ретте осы тармақшаға сәйкес айқындалатын ҚҚС сомасы нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар мақсатында пайдаланылған осы жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша бұрын айқындалған және ескерілген резидент емес үшін ҚҚС сомасына кемітіледі;

      3) егер ҚҚС-ның асып кеткен сомасы осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген сома шегерілгеннен кейін жеткілікті болған жағдайда, ҚҚС бойынша декларация табыс етілген салық кезеңінің соңында бар негізгі құралдарды пайдалануға енгізу, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, сатып алынған биологиялық активтер бойынша есепке жатқызылған ҚҚС сомасы айқындалады.

      Бұл ретте осы тармақшаға сәйкес айқындалатын ҚҚС сомасы нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар мақсатында пайдаланылған осы негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, биологиялық активтер бойынша бұрын айқындалған және ескерілген ҚҚС сомасына кемітіледі.

      9. Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар болған кезде осы Ереженің 8-тармағына сәйкес қайтарылуға жататын ҚҚС-ның асып кеткен сомасын айқындау осы Ереженің 3-тарауына сәйкес қайтарылуға жататын ҚҚС-ның асып кеткен сомасы айқындалғаннан кейін жүзеге асырылады.

      10. Қайтарылуға жататын ҚҚС-ның асып кетуі ҚҚС асып кетуін қайтаруға қорытынды жасалған күнге және ол үшін жасалған декларацияда кейінгі салық кезеңдері үшін декларацияларда көрсетілген бюджетке төленуі тиіс ҚҚС-ның сомасын шегере отырып, ҚҚС асып кетуін қайтару туралы талап көрсетілген декларацияда салық кезеңінің соңына қайтаруға жатпайтын ҚҚС-ның асып кеткен сомасы алынып тасталатын ҚҚС төлеушінің дербес шоты бойынша артық төлеу сомасынан асып кетпеуі тиіс.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 20 наурыздағы
N 373 қаулысымен
бекітілген

Нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарлар өткізуді, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді тұрақты өткізуге жатқызу өлшемдері

      Ескерту. Өлшемдерге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.10.18 № 1322 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.03.2015 № 132 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      Нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарларды өткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтерді көрсетуді тұрақты өткізуге жатқызу өлшемдері "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 272-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      1. Әрбір тоқсанда бір реттен сиретпей қатарынан үш салық кезеңі бойы жүзеге асырылатын, нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тұрақты өткізуге жатады. Бұл ретте, көрсетілген салық кезеңдерінің әрқайсысында осындай өткізу тұрақты өткізу болып танылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.01.2016 N 29 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін қалыптасқан айналымдар бойынша нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарлар өткізуді, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді тұрақты өткізуге нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар жасалған және ол бойынша қайтарылуға жататын ҚҚС-ның асып кеткен сомасы айқындалатын салық кезеңі алдындағы екі келесі тоқсан ішінде тоқсанына кемінде бір рет (ҚҚС бойынша салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылатын салық төлеушілер үшін) немесе келесі алты ай ішінде айына кемінде бір рет (ҚҚС бойынша салық кезеңі күнтізбелік ай болып табылатын салық төлеушілер үшін) жүзеге асырылатын нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарлар өткізуді, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді өткізулер жатады.

      Осы тармақтың мақсаты үшін нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарлар өткізуді, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді тұрақты өткізуге сондай-ақ осындай тауарларды өндіру бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіммен айқындалған, Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуға ерекше маңызы бар негізгі құралдарды пайдалануға енгізгеннен кейін жүргізілген тауарларды экспортқа өткізу де жатады.