Мұнай туралы

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 маусымдағы N 2350 Заңы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 291-IV Заңымен

МАЗМҰНЫ

      Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2010.06.25 № 291-IV Заңымен.

      Ескерту. Актінің нысаны мен тақырыбы мына редакцияда берілді: "Мұнай туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, кіріспе алып тасталды, бүкіл мәтін бойынша сөздер алмастырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.01 N 2 Заңымен (күшіне ену тәртібін 2 баптан қараңыз).

1-тарау. Жалпы ережелер

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      1) аффилиирленген тұлғалар - жер қойнауын пайдаланушының еншiлес ұйымдары және Қазақстан Республикасында мұнай операцияларын жүргiзуге мердiгер болып табылатын ұйымның жарғылық капиталында акциялар пакетi немесе қатысу үлесi бар ұйымдар;

      2) барлау - мұнай iздеумен және барлаумен байланысты кез келген операциялар және олар:
      геологиялық-геофизикалық зерттеулердi;
      құрылымдық бұрғылауды;
      iздеу және барлау ұңғымаларын бұрғылауды, сондай-ақ барлаудағы кен орнын сынамалы пайдалануды қамтиды;

      3) блок - мұнай операцияларын жүргiзу үшiн мердiгерге беруге арналған және блоктардың арнайы дайындалған картасында блок ретiнде белгiленген жер қойнауының учаскесi;

      4) жағалау жиегi - су объектiсi жағалауының судың барынша көтерiлуi (судың толуы) нәтижесiнде пайда болатын жиегi;

      5) жағалау маңындағы мемлекеттер - Каспий және Арал теңiздерi (көлдерi) алабында iргелес және қарама-қарсы жатқан мемлекеттер;

      6) жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган - геологиялық зерттеу, жер қойнауын ұтымды және кешендi пайдалану саласындағы реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;

      7) келiсiм-шарт - мердiгер мен құзыреттi орган арасында мұнай операцияларын жүргiзуге арналған шарт;

      8) келiсiм-шарттық аумақ - мердiгер келiсiм-шартта айқындалған мұнай операцияларын жүргiзуге құқылы, геологиялық және (немесе) тау-кендiк бөлумен айқындалатын аумақ;

      9) кен орны - кез келген тұрпатты геологиялық резервуардағы көмiрсутектерiнiң бiр немесе бiрнеше табиғи шоғырлары;

      10) кен орындарын әзiрлеудiң оң тәжiрибесi - мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде ұтымды, қауiпсiз, тиiмдi және қажеттi болып саналатын мұнай операцияларын жүргiзудiң жалпы қабылданған әлемдiк практикасы;

      11) кен орындарын сынамалы пайдалану - қабаттардың геологиялық-физикалық сипаттамасы, тереңдегi көмiрсутектердiң жағдайлары, ұңғымалардың өнiмдiлiгi туралы бар ақпаратты нақтылау және қосымша ақпарат алу жөнiндегі жұмыстар, мұнай мен газ алудың жаңа немесе бұрыннан белгiлi технологияларын сынау;

      12) коммерциялық табу - келiсiм-шарт аумағында әзiрлеу үшiн рентабельдi бiр немесе бiрнеше кен орнын табу;

      13) құзыреттi орган - Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын және мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде мемлекеттiк реттеумен, келiсiм-шарттар жасаумен және орындаумен байланысты құқықтарды жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының атынан әрекет ететiн мемлекеттiк орган;

      14) магистральдық құбыр - мұнайды мердiгердiң құбырынан көлiктiң басқа түрiне аудару, өңдеу немесе тұтыну орнына дейiн тасымалдауға арналған желiлiк бөлiктен және онымен iргелес жатқан жер үстi объектiлерiнен, коммуникациялардан, телебасқару мен байланыстан тұратын инженерлiк құрылыс. Құрастырмалы коллектор режимiнде жұмыс iстейтiн құбыр магистральдық құбырға жатпайды;

      15) мердiгер - құзыреттi органмен мұнай операцияларын жүргiзуге келiсiм-шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға;

      16) мұнай - шикi мұнай, газ конденсаты және табиғи газ, сондай-ақ шикi мұнай, табиғи газ тазартылғаннан кейiн және жанатын тақтатастарды немесе шайырлы құмдарды өңдегеннен кейiн алынған көмiрсутектерi;

      17) мұнай-газ құбырлары - мұнай тасымалдауға арналған құбырлар, оның iшiнде магистральдық құбырлар, құрастырмалы коллектор режимiнде жұмыс iстейтiн құбырлар, сондай-ақ құбырлар жүйесi не оның жекелеген бөлiктерi арқылы тасымалданатын заттарды тазарту, айыру және сұйылту жөнiндегi жабдықтар мен тетiктер, бақылау және оқшаулау жүйелерi, электрлi-химиялық қорғаныс жүйелерi мен осындай құбырларға қызмет көрсетуге арналған өзге де жабдықтар;

      18) мұнай-газ құбырларын салу және (немесе) пайдалану - құрлықта, өзендерде, көлдерде, теңiзде және басқа да iшкi су айдындарында мұнай-газ құбырларын салу, төсеу және пайдалану мақсатында жүргiзiлетiн кез келген жұмыстар (операциялар);

      19) мұнайдағы iлеспе компоненттер - мұнай мен қабатты су құрамындағы технологиялық бөлiп алуды талап ететiн пайдалы қазбалар мен әртүрлi қосындылар;

      20) мұнай мен газдың жер асты қоймалары мен резервуарларын салу және (немесе) пайдалану - жер асты мұнай және газ қоймалары мен резервуарларын салумен және (немесе) пайдаланумен байланысты кез келген жұмыстар;

      21) мұнай операциялары - құрлықта, өзендердiң, көлдердiң және басқа да iшкi су айдындарының шектерiнде жүргiзiлетiн барлау, өндiру, жер асты қоймалары мен мұнай резервуарларын салу және (немесе) пайдалану жөнiндегi жұмыстар, сондай-ақ теңiздегi мұнай операциялары;

      22) мұнай операцияларын жүргiзу жөнiндегi ұлттық компания (бұдан әрi - ұлттық компания ) - Yкiмет шешiмi бойынша құрылған,  ұлттық басқарушы холдинг жалғыз акционерi болып табылатын, осы Заңда белгiленген жағдайларда мұнай операцияларын жүзеге асыратын акционерлiк қоғам;

      23) оператор - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыреттi органның жазбаша хабарламасы бойынша мердiгерлер құратын немесе белгiлейтiн, келiсiм-шартты орындауға байланысты қызметтi жедел басқаруды және есепке алу-есеп беру операцияларын жүзеге асыратын заңды тұлға, оның iс-әрекетi үшiн мердiгер мемлекет алдында мүлiктiк жауапкершiлiкте болады;

      24) өндiру - мұнайды жер үстiне шығарумен байланысты кез келген операциялар және соның iшiнде:
      жер асты және жер үстi өнеркәсiптiк жабдықтары мен құрылыстарын салу мен пайдалануды, оның iшiнде мұнайды өндiру орнынан мердiгердiң құбырынан магистральдық құбырға және (немесе) көлiктiң басқа түрiне аудару орнына дейiн тасымалдау үшiн; P081335
      мұнайды жер үстiне шығаруды, пайдалану ұңғымаларында жұмыс процесiн ұйымдастыруды және демеп отыруды;
      мұнайды өңдеудi және механикалық қоспалар мен қабаттағы судан тазартуды;
      мұнайдан iлеспе құрамдарды алуды, сондай-ақ табиғи газды және iлеспе газды кәдеге жаратуды;
      жер асты қабаттарында бұрғылау шөгiндiсiн кәдеге жаратуды қамтиды;

      25) сақтық аймағы - Қазақстан Республикасының аумағында теңiз жағалауы жиегiнен құрлыққа қарай бес километрге созылып жатқан аймақ;

      26) стратегиялық серiктес - мердiгердi таңдау үшiн, ұлттық компания мен құзыреттi орган арасындағы тiкелей келiссөздердiң қорытындылары бойынша жасалған келiсiм-шарттар жөнiндегi жобаларды iске асыру жөнiнде немесе Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өлшемдер негiзiнде ұлттық компания құзыреттi органмен келiсе отырып таңдаған немесе айқындаған қазақстандық немесе шетелдiк заңды тұлға (олардың бiрлестiктерi);

      27) табиғи газ - майлы газдан сұйық көмiрсутектерiн сығымдаудан немесе айырудан кейiн қалатын, майлы газды, құрғақ газды, iлеспе газды қоса алғанда, қалыпты атмосфералық температурада және қысымда газ тектес фазада болатын көмiрсутектерi және сұйық немесе газ тектес көмiрсутектерiмен бiрге алынған көмiрсутектi емес газ;

      28) табиғи және iлеспе газды кәдеге жарату - табиғи және iлеспе газды технологиялық қажеттiктер үшiн пайдалану және (немесе) оны тауарлы өнiмге дейiн дайындау мақсатында оны кен орнында кәсiпшiлiк жинауды қамтамасыз ету;

      29) теңiз - Каспий және Арал теңiздерiнiң қазақстандық бөлiгi шегiндегi су айдыны мен қабаты, сондай-ақ Каспий және Арал теңiздерiнiң (көлдерiнiң) түбi;

      30) теңiзде қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi ең үздiк тәжiрибе - теңiзде мұнай операцияларын жүргiзуде теңiздi ластаудың ең төменгi деңгейiн жасайтын не теңiздi ластауды толығымен болғызбайтын жалпы қабылданған халықаралық практика;

      31) теңiздегi мұнай операциялары - теңiзде жүзеге асырылатын барлау, өндiру;

      32) теңiздi ластау - адамдардың денсаулығына, теңiздiң биологиялық ресурстарына және теңiздiң экожүйесiне зиян келтiретiн не зиян келтiруге қабiлеттi, теңiзде немесе оның жағалауында жұмысты жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға кедергiлер жасайтын немесе зиян не залал келтiретiн немесе келтiруге қабiлеттi материалдардың, заттардың, энергияның, шудың, тербелiстердiң теңiз аясына келiп түсуi, сондай-ақ сәулелер мен өрiстердiң алуан үлгiлерiнiң пайда болуы;

      33) теңiз ғылыми зерттеулерi - теңiзде мұнай операцияларын жүргiзуге және олардың салдарларын зерделеуге байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстары;

      34) теңiздiк қорғау аймақтары немесе қауiпсiздiк аймақтары - Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын, адамдардың, теңiздiң биологиялық ресурстарының, қоршаған ортаның қауiпсiздiгiн, сондай-ақ кеме қатынасын, балық аулауды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың теңiздегi басқа да қызметтерiн қамтамасыз ету мақсатында теңiз құрылыстарының айналасында белгiленетiн аймақтар;

      35) теңiздiк құрылыстар - жасанды аралдарды, бөгеттердi, қондырғыларды, жылжымайтын және жүзбелi жабдықтарды қоса алғанда, теңiзде мұнай операцияларын жүргізуге арналған жасанды құрылыстар;

      36) шекара маңындағы кен орны - Қазақстан Республикасы аумағының шектерiнде немесе бiр бөлiгi, сондай-ақ басқа не iргелес немесе қарама-қарсы жатқан мемлекеттiң заңдық құзырындағы аумақта немесе теңiзде орналасқан кен орны;

      37) шикi мұнай - табиғи газдан табиғи сұйылу жолымен пайда болған дистиллят және конденсат атауымен белгiлi сұйық көмiрсутектерiн қоса алғанда, қалыпты атмосфералық температура мен қысым кезiнде үлес салмағына қарамастан жер қойнауынан сұйық күйiнде алынатын кез келген көмiрсутектерi;

      38) iшкi су айдындары - көлдер, жасанды су қоймалары және басқа да жер үстi су объектiлерi.
      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.12.29 N 209 , өзгерту енгізілді - 2007.01.12 N 226 , 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      2-бап. Заңды қолдану саласы

      1. Осы Заң Қазақстан Республикасының қарамағындағы аумақта, соның iшiнде теңiздегi және ішкi су тоғандарындағы аумақта мұнай операцияларын жүргiзген кезде туындайтын қарым-қатынастарды реттейдi, сондай-ақ адам өмiрi мен денсаулығы және қоршаған орта үшiн мұнайға және оның өмiрлiк циклiнiң процестерiне қойылатын техникалық реттеу саласындағы қауiпсiздiктiң (бұдан әрi - қауiпсiздiк) жалпы талаптарын белгiлейдi.

      2. Осы Заң Қазақстан Республикасының "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Заңымен және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiмен ұштастырылып қолданылады.

      3. Осы Заң пен Қазақстан Республикасының басқа заң актiлерi арасында мұнай операцияларын реттеуге қатысты қайшылықтар болған жағдайда осы Заңның нормалары қолданылады.

      4. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартпен осы Заңда баяндалғаннан өзге ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

      5. Осы Заң күшiне енгiзiлгенге дейiн берiлген лицензиялар мен жасалған контрактiлер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының соларға байланысты барлық актiлерi өз күшiн сақтайды.

      5-1. Мұнай операцияларын жүргiзу жөнiндегi қатынастарға жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңдардың принциптерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Заңымен белгiленген терминдер мен анықтамалар қолданылады.
      Ескерту. 2-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.08.11. N 467 , 2004.12.01. N 2 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.12.29. N 209 Заңдарымен.

      3-бап. Мұнайға меншiк құқығы

      1. Қазақстан Республикасының жер қойнауындағы табиғи жайылған мұнайдың бәрi де тек қана Қазақстан Республикасының меншiгi болып табылады.

      2. Жер бетiне шығарылған мұнайдың меншiк иесi контрактiмен айқындалады.
      Жер бетiне шығарылған мұнайға иелiк ету құқығы, егер контрактiде өзгеше көзделмеген болса, меншiк иесiне берiледi.

      3. Сақтау үшiн жер қойнауына қайтарылған мұнай жер бетiне шығарылған мұнай ретiнде қарастырылады және оның меншiк иесi контрактiмен айқындалады.

      4-бап. Мұнай операцияларын жүргiзудiң жариялылығы

      Мұнай операцияларын жүргiзуге және келiсiм-шарттың талаптарына қатысты ақпаратты беру "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргiзiледi.
      Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2004.12.01. N 2 Заңымен (күшіне ену тәртібін 2 баптан қараңыз).

2-тарау. Мемлекеттiк басқару органдарының мұнай операцияларын жүргiзу саласындағы құзыры

      5-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыры

      Қазақстан Республикасының Үкiметi:

      1) мұнай ресурстарын пайдаланудың, ұдайы өндiру мен одан әрi ұлғайту қарқынының стратегиясын әзiрлейдi;

      2) жер қойнауын пайдалану мен оны қорғау ережелерiн , мұнай мен газ кен орындарын игерудiң бiрыңғай ережелерiн белгiлейдi;

      3) мұнай қорларының республикалық балансын жасауды бақылайды, жер қойнауының (блоктарының) зерттеуiне мемлекеттiк есеп жүргiзудi ұйымдастырады;

      4) мұнайдың стратегиялық қорларын қалыптастыруды және олардың республика аумағында орналастырылу есебiн жүргiзудi қамтамасыз етедi;

      5) ұлттық қауiпсiздiктi, қоршаған ортаны қорғауды, халықтың қауiпсiздiгiн және болашақ ұрпақтың мүддесiн қамтамасыз ету мақсатында жекелеген учаскелер жер қойнауын пайдалануға шектеулер енгiзедi, сондай-ақ кен орындарын игерудi тоқтатады;

      6) баға саясатын белгiлейдi;

      6-1) мұнай экспортын реттейдi, оның iшiнде акциздердiң, кедендiк, қорғау, демпингке қарсы және өтем баждарының ставкаларын, мұнай экспортына квоталарды бекiту (өзгерту) жолымен реттейдi;

      6-2) мұнайды көлiктiң әр түрлерiмен тасымалдауға сандық шектеулер (квоталар) белгiлейдi;

      6-3) мұнай өндiрудiң және оның айналымының бiртұтас деректер базасын жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi ;

      6-4) мұнай өндiрудiң, сақтаудың және оның айналымының технологиялық процесiне қойылатын қауiпсiздiк талаптарының сақталуын бақылау жүйесiн ұйымдастырады;

      6-5) жағалау жиегiнiң нақты орналасқан жерiн айқындау тәртiбiн бекiтедi ;
      7) (алынып тасталды)
      8) (алынып тасталды)

      9) мұнай операциялары саласында Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен өзiне берiлген өзге де өкiлеттiктi жүзеге асырады;
      9-1) (алынып тасталды)

      10) конкурсқа, оның iшiнде ұлттық компанияның үлестiк қатысуымен, қойылуға жататын блоктардың тiзбесiн бекiтедi ;

      11) мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу ережелерiн бекiтеді ;

      12) мердігердің құқықтары мен міндеттерін мұнай операцияларын жүргізуге келісім-шарт бойынша беруге рұқсат беру немесе одан бас тарту тәртiбін белгiлейдi;

      13) мұнайға және оның өмiрлiк циклiнiң процестерiне техникалық регламенттердi бекiтедi.
      Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.08.11. N 467 , 2003.04.07. N 403 (бұл өзгеріс 2003 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді), 2004.12.01. N 2 (күшіне ену тәртібін 2 баптан қараңыз), 2005.10.14. N 79 , 2006.12.29. N 209 Заңдарымен.

      6-бап. Құзырлы органның функциялары

      1. Құзырлы органның функцияларына:

      1) контрактiнiң шарттары туралы мердiгермен келiссөздер жүргiзу және мердiгермен бiрлесе отырып контрактiнiң жобасын әзiрлеу;

      1-1) тiкелей келiссөздер негiзiнде мұнай операцияларын жүргiзу құқығын беру;

      2) контрактiлiк құжаттардың жобаларына сараптама жүргiзудi ұйымдастыру;

      3) келiсiм-шартқа қол қою және оны тiркеу;

      3-1) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген өкiлеттiктерге сәйкес келiсiм-шарттарда Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiру;
      4) (алынып тасталды)
      5) (алынып тасталды)

      6) контрактiнiң орындалу барысы туралы Үкiметке жыл сайын есеп берiп отыру;

      6-1) Қазақстан Республикасының Үкiметiне конкурсқа қойылатын, оның iшiнде ұлттық компанияның үлестiк қатысуымен қойылатын блоктардың тiзбесi бойынша ұсыныстар әзiрлеу;

      7) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсыруы бойынша контрактiнi орындау, мұнайды экспорттау үшiн олардың аумағында труба құбырларын салу мен пайдалану, тасымалдаудың басқа да құралдарын жасау мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiн басқа мемлекеттердiң тиiстi органдарымен келiссөздер жүргiзу және келiсiмдер жасасу енедi.

      7-1) барлауға, өндiруге, бiрлесiп барлау мен өндiруге арналған жер қойнауын пайдалану Құқығын беруге конкурсты әзiрлеу мен ұйымдастыруды жүзеге асырады;

      7-2) осы Заңға және Қазақстан Республикасының "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Заңының 14 және 15-баптарына сәйкес мұнай операцияларын жүргiзуге арналған құқықтарды беруге рұқсат етедi;

      7-3) мұнай операцияларын жүргiзуге арналған келiсiм-шарттар талаптарының сақталуына мониторингтi және бақылауды жүзеге асырады;

      7-4) кен орнын әзiрлеу жобасына сәйкес мұнай өндiрудi, сондай-ақ оның айналымын мемлекеттiк реттеудi жүзеге асырады.

      8) әрбiр жер қойнауын пайдаланушының бiрдей қол жеткiзу принциптерiне сүйенiп, магистральдық құбырлар мен темiр жол эстакадаларының қуатын пайдалануды бекiтедi.
      Бұл ретте өздерiнiң ресурстарын тасымалдау үшiн балама техникалық мүмкiндiгi жоқ (автокөлiктен басқа) жер қойнауын пайдаланушылар нақты үлгiдегi (түрдегi) көлiк жүйесiне кiрудiң басым құқығын пайдаланады;

      9) жер қойнауын пайдаланушылар үшiн техникалық-экономикалық негiздемеде қабылданған мұнай өткiзудiң есептеу бағалары шегiнде, келiсiм-шартқа қол қою кезiндегi техникалық-экономикалық негiздеменiң экономикалық көрсеткiштерiн негiзге ала отырып, Қазақстан Республикасының iшкi нарығына қайта өңдеу үшiн шикi мұнай жеткiзу көлемiн анықтайды;

      10) осындай қажеттiлiк болған жағдайда iшкi нарықтың жанар-жағар май материалдарына мұқтаждығын жабуға қажеттi көлемде, Қазақстан Республикасының iшкi нарығында қайта өңдеуге арналған мұнайдың көлемiн графиктермен (жылдық және ай сайынғы) белгiлейдi.

      11) мұнай-газ саласындағы нормативтiк-техникалық құжаттарды әзiрлеу және бекiту;

      12) мұнай операцияларын жүргiзу және мұнай тасымалдау саласында адам өмiрi мен денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтiретiн тәуекелдерге талдау жасау және оларды бағалау;

      13) мұнайға және оның өмiрлiк циклiнiң процестерiне қойылатын техникалық регламенттердi әзiрлеу;

      14) техникалық регламенттерде белгiленген, мұнайға және оның өмiрлiк циклiнiң процестерiне қойылатын талаптардың орындалуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру енедi.

      2. Құзырлы орган:
      1) Қазақстан Республикасының мүддесiн сақтауды қамтамасыз етуге;

      2) кен орындарының қорына мемлекеттiк сараптама жүргiзiп, өнеркәсiптiк санаттар қорларының бар екенi расталғаннан кейiн ғана өндiруге арналған конкурс өткiзуге және келiсiм-шарттар жасауға мiндеттi.
      Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.08.11. N 467 , 2003.04.07. N 403 , (бұл өзгеріс 2003 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді), 2004.12.01. N 2 Заңымен (күшіне ену тәртібін 2 баптан қараңыз), 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2005.10.14. N 79 , 2006.12.29. N 209 Заңдарымен.

       6-1-бап. Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi
               уәкілетті органның құзыреті

      Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлетті органның құзыретіне:

      1) геологиялық және тау-кендік бөлуге дайындау және беру;

      2) барлауды немесе өндiрудi жүзеге асыру жұмыстарының бағдарламасын келісу;

      3) жылдық жұмыс бағдарламасына мердігер ұсынған өзгерістерді келiсу;

      4) жылдық жұмыс бағдарламаларын келісу кiредi.
      Ескерту. 6-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының  2005.10.14. N 79 Заңымен.

       6-2-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілеттi
               органның құзыреті

      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретіне:

      1) жер қойнауын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      2) мұнай операцияларын жүргізу, мұнай-газ құбырларын салу және пайдалану кезiнде аварияларды және өзге де қауіпті жағдайларды болғызбау жөнiндегі іс-шаралар бағдарламаларын келісу;

      3) жер қойнауын пайдалану объектілерiн консервациялауды және жоюды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кiреді.
      Ескерту. 6-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының  2005.10.14. N 79 Заңымен.

      7-бап. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың,
             астананың) атқарушы органдардың құзыретi

      Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдар:

      1) контракт жасалғаннан кейiн Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарына сәйкес мердiгерге жер бөлiгiн бередi;

      2) өңiрдiң экономикалық және экологиялық ерекшелiктерiн ескере отырып, өңiрдiң тиiстi аумағында Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласын дамытудың мемлекеттiк бағдарламасының iске асырылуына қатысуға құқылы;

      3) өздерiне заң актiлерiмен берiлген құзыры шегiнде мұнай операцияларын жүргiзу үшiн бөлiнген жер және су учаскелерiнiң қорғалуына, экологиялық қауiпсiздiк ережелерiнiң сақталуына, археологиялық ескерткiштер мен басқа да тарихи-мәдени мұра объектiлерiнiң қорғалуына бақылауды жүзеге асырады;

      4) халық әлеуметтiк-экономикалық және экологиялық мүдделерiн сақтаумен байланысты мәселелердi шешу үшiн мердiгермен келiссөздер жүргiзуге қатысады.
      Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.01. N 2 Заңымен (күшіне ену тәртібін 2 баптан қараңыз), 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

      7-1-бап. Ұлттық компанияның мiндеттерi

      Ұлттық компанияның мiндеттерi:

      1) ұдайы өндiру қарқынын пайдалану және мұнай ресурстарын одан әрi арттыру стратегиясын әзiрлеуге қатысу;

      2) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен және келiсiм-шартта бекiтiлген өкiлеттiктер шегiнде ұлттық компанияның үлестiк қатысуын көздейтiн мердігерлермен жасалған келісім-шарттарда мемлекет мүддесiн бiлдiру;

      2-1) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша келiсiм-шарттарда үлестiк қатысу арқылы конкурс жеңiмпаздарымен бiрлесiп мұнай операцияларын жүргiзу;

      2-2) оларға тiкелей келiсiм негiзiнде ұсынылған блоктарда мұнай операцияларын жүргiзу;

      2-3) мұнай-газ саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты iске асыруға қатысу;

      3) Қазақстан Республикасының аумағында, Каспий және Арал теңіздерi секторын қоса алғанда, мұнай операцияларына конкурстар ұйымдастыруға қатысу;

      4) Қазақстан Республикасының мұнай-газ операцияларын жүзеге асыру жөнiндегi халықаралық және iшкi жобаларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қатысу.

      5) Қазақстан Республикасының көмiрсутегi шикiзатын тасымалдау жөнiндегi халықаралық және iшкi жобаларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қатысу;

      6) келiсiм-шарттардың орындалу барысы туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жыл сайынғы есептерiн әзiрлеуге қатысу;

      7) көмiрсутегiн барлау, әзiрлеу, өндiру, өңдеу, сату, тасымалдау, мұнай-газ құбырлары мен мұнай-газ кәсiпшiлiгi инфрақұрылымын жобалау, салу, пайдалану мәселелерi жөнiндегi корпоративтiк басқаруды және мониторингтi жүзеге асыру болып табылады.
      Ұлттық компания мердiгер болып табылатын келiсiм-шарттар бойынша Қазақстан Республикасының пайдасына қол қою бонусын төлеу, сондай-ақ бiрлескен қызмет туралы шартта өзгеше көзделмесе, барлауды қаржыландыруды оның стратегиялық серiктесi жүргiзедi.
      Құзыреттi орган жосықсыз мердiгермен барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiм-шартты бұзған кезде ұлттық компания келiсiм-шарттық аумақты өз қарамағына алады. Құзыреттi орган келiсiм-шартты бұзған кезде көрсетiлген аумақтағы бұрынғы мердiгердiң мүлкi, ғимараттары, жабдықтары белгiленген тәртiппен республиканың меншiгiне өтедi.
      Ұлттық компания және құзыреттi орган бұрын қолданылған келiсiм-шартқа белгiленген тәртiппен қажеттi өзгерiстер енгiзедi.
      Ұлттық компания келiсiм-шарттарда мiндеттi үлестiк қатысумен мемлекеттiк мүдделердi бiлдiру мақсатында операторды құру кезеңiнде оператордың жарғылық капиталының кем дегенде елу процентiн иеленуге тиiс.
      Ескерту. Жаңа 7-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.08.11. N 467 , өзгерту енгізілді - 2004.12.01.  N 2 Заңдарымен (күшіне ену тәртібін 2 баптан қараңыз).

       7-2-бап. Ұлттық компанияның үлестiк қатысу арқылы мұнай
                операцияларын жүргiзуi

      1. Ұлттық компанияның келiсiм-шарттарға үлестiк қатысу арқылы конкурс жеңiмпаздарымен бiрлесiп мұнай операцияларын жүргiзуi кезiнде ұлттық компания мұнай операцияларын жүргiзу құқықтарының бiрлескен иегерi ретiнде жүредi. Мұндай мердiгерлердiң өзара құқықтары мен мiндеттерi, сондай-ақ құзыреттi органға қатысты құқықтары мен мiндеттерi контрактiде айқындалады.

      2. Ұлттық компания "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын еншiлес ұйымға беруге құқылы.
      Ескерту. Жаңа 7-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.01. N 2 Заңымен (күшіне ену тәртібін 2 баптан қараңыз).

                             3-тарау .
      Ескерту. 3-тарау және 8-14-баптар алып тасталды және жаңа 3-1-тараумен толықтырылды - Қазақстан  Республикасының 1999.08.11. N 467 Заңымен.

3-1-тарау. Мұнай операцияларын жүргiзуге арналған құқық

      8-1-бап. Мұнай операцияларын жүргiзуге арналған құқықтың
               пайда болуы

      1. Мұнай операцияларын жүргiзуге арналған құқық:

      1) Осы Заңға сәйкес мұнай операцияларын жүргiзуге арналған құқықты беру;

      2) Осы Заңмен белгiленген шектерде мұнай операцияларын жүргiзуге арналған құқықты беру;

      3) әмбебап құқық мирасқорлығы тәртiбiмен мұнай операцияларын жүргiзуге арналған құқықтың ауысуы арқылы пайда болады.

      2. Жер қойнауын пайдалану Құқығының пайда болуы үшiн белгiленген заңдардың нормалары осы Заңмен өзгеше белгiленген жағдайларды қоспағанда, мұнай операцияларын жүргiзуге арналған құқықтың пайда болуымен тең дәрежеде қолданылады.

      8-2-бап. Мұнай операцияларын жүргiзуге арналған
               құқықты беру

      1. Барлау, өндiру, бiрлескен барлау мен өндiру жөнiндегi мұнай операцияларын жүргiзуге, жер асты мұнай қоймалары мен резервуарларын салуға және (немесе) пайдалануға арналған құқық "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен берiледi.
      2. алып тасталды

      3. Теңiз түбiн онда мұнай операцияларын жүргiзу үшiн пайдалануға арналған құқық жер ресурстарын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлетті органның рұқсаты арқылы берiледi.

      4. Мұнайгаз құбырларын пайдалануға арналған құқық табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның тиiстi лицензиясы арқылы берiледi.
      Ескерту. 8-2-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.01 N 2 (күшіне ену тәртібін 2 баптан қараңыз), 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2007.07.27 N 316 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.12.29 N 116-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      8-3-бап. Мұнай операцияларын жүргiзуге арналған
               құқықтарды беру

      1. Барлау, өндiру, бiрлесiп барлау жүргiзу мен өндiруге арналған, сондай-ақ жер асты қоймалары мен мұнай резервуарларын салуға және пайдалануға арналған құқықтарды беруге контрактiге тиiстi өзгерiстер енгiзу арқылы, Қазақстан Республикасының "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Заңымен белгiленген тәртiпте жол берiледi.

      2. Теңiзде мұнайгаз құбырларын Салуға және оларды пайдалануға арналған құқықты беруге жол берiлмейдi.

                           4-тарау.
      Ескерту. 4-тарау және 15-24-баптар алып тасталды - Қазақстан Республикасының 1999.08.11. N 467 Заңымен.

5-тарау. Контрактiлер

      25-бап. Контрактiлердiң түрлерi

      1. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу үшiн келiсiм-шарттардың мынадай түрлерi қолданылады:

      1) (алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен);

      2) концессия туралы;

      3) мердiгерлiк және өтемдi қызметтер көрсету (сервистiк келiсiм-шарт) туралы.
      Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi нақты операциялардың талаптарына және басқа мән-жайларына байланысты келiсiм-шарттардың аралас және өзге де түрлерiне жол берiледi.
      Келiсiм-шартты жасасу, орындау, өзгерту немесе тоқтату тәртiбi осы Заңға және Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес жүргiзiледi.

      2. Нақты мұнай операцияларының шарттарына және басқа жағдайларға қарай контрактiлердiң құрастырылған және өзге де нысандарына рұқсат етiледi.
      Ескерту. 25-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.08.11 N 467 , 2004.12.01 N 2 (күшіне ену тәртібін 2 баптан қараңыз), 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      26-бап. Контрактiнiң қолданылу шарты мен мерзiмi

      1. Барлау жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған келiсiм-шарт алты жылға дейiнгi мерзiмге жасалады. Мердiгердiң контрактiнiң қолданылу мерзiмiн контрактiде және жұмыс бағдарламасында айқындалған мiндеттемелердi мердiгер орындаған жағдайда ұзартуға құқығы бар. Контрактiнiң қолданылу мерзiмi әрбiр кезеңi екi жылға дейiн ұзақтықпен екi рет ұзартылуы мүмкiн. Мұнай табылған жағдайда мердiгердiң контрактiнiң қолданылу мерзiмiн коммерциялық табуды бағалау үшiн қажеттi кезеңге ұзартуға құқығы бар. Егер мердiгер келiсiм-шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн үш айдан кешiктiрмей құзыреттi органға өтiнiш жасаса, барлау жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған келiсiм-шарттың мерзiмi ұзартылуы мүмкiн.

      2. Өндiру жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған келiсiм-шарт жиырма бес жылға дейiнгi мерзiмге жасалады. Кен орындарында қоры жүз миллион тоннадан асатын шикi мұнайды және (немесе) жүз миллиард текше метрден асатын табиғи газды алуға арналған өндiру жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған келiсiм-шарт қырық бес жылға дейiнгi мерзiмге жасалуы мүмкiн. Егер мердiгер мерзiмдi ұзартуға келiсiм-шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн он екi айдан кешiктiрмей өтiнiш жасаса, мердiгер мен құзыреттi органның өзара келiсiмi бойынша өндiру жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған келiсiм-шарттың мерзiмi ұзартылуы мүмкiн.

      3. Бiрлескен барлау мен өндiру жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған келiсiм-шарт ұзартудың мүмкiн мерзiмдерi ескерiле отырып, барлау мен өндiру мерзiмiн қамтитын мерзiмге жасалады. Бұл ретте мерзiмдердi ұзартуға осы баптың 1 және 2-тармақтарымен белгiленген ережелер қолданылады.

      4. Контрактiнiң қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiм ол құзыреттi органға келiп түскен күннен бастап 3 айдан кешiктiрiлмей қаралуы тиiс. Құзыреттi орган оң шешiм қабылдаған жағдайда контрактiге тиiстi өзгерiстер енгiзiледi.

      5. Контракт шарттары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келуi тиiс. Келiсiм-шарт талаптарының конкурстық ұсыныс талаптарымен салыстырғанда Қазақстан Республикасына қатысты тиiмдiлiгi аз болуы мүмкiн емес.

      6. Келiсiм-шарттың талаптары тараптардың өзара келiсiмiмен айқындалады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.
      7. алып тасталды
      Ескерту. 26-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.08.11. N 467 , өзгерту енгізілді - 2004.12.01. N 2 Заңдарымен (күшіне ену тәртібін 2 баптан қараңыз).

      26-1-бап. Контрактiнiң қолданылуының аумақтық аясы

      1. Қазақстан Республикасының аумағы, блоктардың шекарасы Қазақстан Республикасының шекарасымен түйісетін жағдайларды қоспағанда, тiк бұрыш нысанындағы блоктарға бөлiнедi. Әрбiр блогының өзiнiң реттiк нөмiрi және географиялық координаттары бар блоктардың картасын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi .

      2. Контракт аумағы өзiне бiр блокты немесе бiр-бiрiмен аралас, сондай-ақ бөлек-бөлек блоктар жүйесiн қамтиды. Контракт аумағы ретiнде бөлiнетiн блок (блоктар) белгiлi бiр тереңдiкпен шектелiне алады (шектелiнуi мүмкiн). Теңiзде мұнай операцияларын жүргiзуге арналған құқықты беру кезiнде контракт аумағы оның шекараларының географиялық координаттары көрсетiле отырып, контрактiде көрсетiлген қызметке рұқсат етiлетiн шектердегi теңiз табанының алаңымен айқындалады.

      3. Егер мұнай операцияларының процесiнде кен орындары жерлерiнiң географиялық шекаралары контракт аумағының шегiнен шығып кеткендiгi анықталса, онда оны кеңейту туралы мәселенi құзыреттi орган қосымша шешуi тиiс.

      4. Контракт аумағын қайтарудың тәртiбi контрактiде айқындалады.

       5. Контракт аумағының бөлiктерiн қайтару контракт аумағынан қайтарылатын бөлiктердi қоспағанда, геологиялық бөлудi қайта ресiмдеу жолымен жүзеге асырылады. Аумақтарды қайтаруға байланысты ресiмделетiн геологиялық бөлудi жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкілеттi орган дайындайды және бередi.
     Ескерту. Жаңа 26-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.08.11. N 467 , 2005.10.14. N 79 Заңдарымен.

      27-бап. Келiсiм-шартты жасасу, өзгерту мен тоқтату және
              мұнай операцияларын тоқтата тұру

      Келiсiм-шартты жасасу, өзгерту және тоқтату, сондай-ақ мұнай операцияларын тоқтата тұру "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 27-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.08.11. N 467 , бап жаңа редакцияда -  2004.12.01. N 2 Заңдарымен (күшіне ену тәртібін 2 баптан қараңыз).

      28-бап.
      Ескерту. 28-бап алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 1999.08.11. N 467 Заңымен.

      28-1-бап.
      Ескерту. 28-1-бап алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2004.12.01. N 2 Заңымен (күшіне ену тәртібін 2 баптан қараңыз).

      29-бап.
      Ескерту. 29-бап алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2004.12.01. N 2 Заңымен (күшіне ену тәртібін 2 баптан қараңыз).

6-тарау. Мұнай операцияларын жүргiзу

      30-бап. Мұнай операцияларын жүргiзудiң шарттары

      1. Мұнай операцияларын жүзеге асырушы мердiгер мұнай операцияларын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, сондай-ақ контрактiде айқындалған тәртiп пен шарттарда жүргiзуге мiндеттi. Көмiрсутегi шикiзатының кен орындарын барлау және әзiрлеу бекiтiлген техникалық жобаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Барлау мен өндiрудi және бiрлескен барлау мен өндiрудi жүзеге асыратын мердiгер барлау мен өндiру жөнiндегi операцияларды келiсiм-шарттарға сәйкес жүргiзуге мiндеттi.

      3. Мердiгер барлау мен өндiрудi жүргiзу кезiнде кен орындарын әзiрлеудiң оң тәжiрибесiн басшылыққа aлуғa мiндеттi.

      4. Барлауды жүзеге асыратын мердiгер кен орындарын, егер ол келiсiм-шартта көзделсе, сынамалы пайдалануды жүргiзуге құқығы бар.

      5. Кен орнындағы мұнайдың қоры, сондай-ақ мұнайдың алыну деңгейi Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясында мемлекеттiк сараптауға және бекiтуге жатады.
      Ескерту. 30-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.08.11. N 467 , өзгеріс енгізілді - 2004.12.01. N 2 Заңымен (күшіне ену тәртібін 2 баптан қараңыз), 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.

      30-1-бап. Жұмыс бағдарламасы және жылдық жұмыс
                 бағдарламасы

      1. (алынып тасталды)
      2. (алынып тасталды)

      3. Жұмыс бағдарламасы контрактiге қосымша болып табылады және контрактiнiң қолданылуының бүкiл кезеңi iшiнде барлау жүргiзудiң және (немесе) өндiрудiң шарттарын айқындайды.

      4. Барлау мен өндiрудi жүзеге асыруға арналған жылдық жұмыс бағдарламасы контракт айқындайтын тәртiп пен мерзiмде жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегі уәкiлеттi органмен мiндеттi түрде келiсiлуi тиiс. Егер контрактiде өзгеше белгiленбесе, жылдық жұмыс жоспары әрбiр күнтiзбелiк жылдың контракт жасалған айынан кейiнгi айының 30-нан кешiктiрiлмей бекiтiлуi тиiс. Жылдық жұмыс жоспарына барлау мен өндiру бағдарламалары кiредi, жүргiзiлетiн iс-шаралар мен жұмыстарды барлау мен өндiру процесiнде мердiгер жүзеге асыратын осындай жұмыстарды орындау мен қажеттi жабдықты сатып алуға байланысты шығыстарды егжей-тегжейлi айқындайды, сондай-ақ осы жұмыс бағдарламасы бекiтiлетiн күнтiзбелiк жылдағы өндiрудiң ең төмен және ең жоғары деңгейлерiн белгiлейдi.

      5. Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілеттi орган құзыреттi органға жылдық жұмыс бағдарламаларын келiсу хаттамаларының көшiрмелерiн осындай бағдарламалар бекiтiлген күннен бастап екi апта мерзiмде бередi.

      6. Құзыреттi орган мердiгерден өзiнiң бастамашылығы бойынша не жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның қорытындысының негiзiнде, жылдық бағдарламасының жобасы кен орындарын игерудiң оң практикасына сәйкес келмейдi не жер қойнауын пайдалану принциптерiн бұзуға әкеп соғады не адамдардың өмiрi мен денсаулығы не орта үшiн қолайсыз зардаптардың тәуекелiн негiзсiз өсiруге байланысты деген талаппен жылдық жұмыс бағдарламасының жобасын өзгертудi талап етуге құқылы. Егер мердiгер  құзыреттi органның талаптарымен келiспесе, ал құзыреттi орган өзiнiң талаптарын қайтарып алуға келiспесе, мердiгер дауды осы Заңның 58-бабына сәйкес шешудi талап етуге құқылы.

      7. Жылдық жұмыс бағдарламасына мердiгер ұсынған кез келген өзгерiс жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен мiндеттi түрде келiсiлуi тиiс.
      Ескерту. Жаңа 30-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.08.11. N 467 , 2004.12.01. N 2 (күшіне ену тәртібін 2 баптан қараңыз), 2005.10.14. N 79 Заңдарымен.

      30-2-бап. Мұнай операцияларын жүргiзу процесiнде
                авариялар мен өзге де қауiптi жағдайларды
                болдырмау жөнiндегi iс-шаралар

      1. Мұнай операцияларын осы Заңға сәйкес жүзеге асыратын мердiгер кен орындарын игерудiң оң практикасын және Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа ала отырып, адамдардың өмiрi мен денсаулығына және қоршаған ортаға, сондай-ақ мұнай операцияларын жүргiзу процесiнде меншiктi жоюға қатер төндiретiн авариялар мен өзге де қауiптi жағдайларды болғызбау мақсатында қолданыстағы нормалардың сақталуын қамтамасыз етуге және барлық қажеттi шараларды қабылдауға мiндеттi.

      2. Мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердiгер мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде авариялар мен өзге де қауiптi жағдайларды болдырмау жөнiндегi iс-шаралар бағдарламасын әзiрлеуге және оны жылдық жұмыс бағдарламасымен бiрге барлау жүргiзу мен өндiру кезiнде не жыл сайын, мұнайгаз құбырларының құрылысын Салу және оны пайдалану кезiнде, сондай-ақ мұнайдың жер асты сақтау қоймалары мен резервуарларын Салуда және оны пайдалану кезiнде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлетті органда келiсуге мiндеттi.
      Ескерту. Жаңа 30-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.08.11. N 467 , өзгеріс енгізілді - 2004.12.20.  N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2005.10.14. N 79 , 2006.12.29. N 209 Заңдарымен.

      30-3-бап. Кен орнын бағалау

      1. Егер барлау жүргiзушi мердiгер кен орнын ашқан жағдайда осы мердiгер бұл туралы құзыреттi органға және жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органға хабарлауға, кен орнын бағалау жүргiзуге және контрактіде белгiленген тәртiп пен шарттарда оның коммерциялық немесе коммерциялық емес мәнi туралы қорытынды әзiрлеуге мiндеттi.

      2. Егер контрактiде өзгеше белгiленбесе, мердiгер құзыреттi орган мен жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органға кен орнының ашылуы туралы осындай ашылу кезiнен бастап он күннiң iшiнде хабарлауға және кен орнын алдын ала бағалау жүргiзуге кiрiсуге мiндеттi.
      Ескерту. Жаңа 30-3-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.08.11. N 467 , өзгерту енгізілді - 2004.12.01.  N 2 (күшіне ену тәртібін 2 баптан қараңыз), 2005.10.14. N 79 Заңдарымен.

      30-4-бап. Табиғи газды барлау және өндiру

      1. Табиғи газды коммерциялық табу жағдайында мердiгер кен орнына өндiрудiң басталуы қандай деңгейдi талап етсе, сондай шамада, контрактiде өзгеше белгiленбеген жағдайда барлауды жүзеге асыруға мiндеттi.

      2. Табылған кен орнынан табиғи газды беру бойынша мәмiле жасалғанға дейiн құзыреттi органның табиғи газды өндiрудi талап етуге құқығы жоқ, ал мердiгер бастауға мiндеттi емес. Бұл ретте контрактiнiң қолданылу мерзiмi табиғи газ табылған кен орнынан, егер контрактiде өзгеше көзделмесе, табиғи газды беру бойынша тиiстi мәмiлелер жасау кезiне дейiн үзiледi.

      3. Егер мердiгер табиғи газды беру бойынша бiр жыл iшiнде мәмiлелер жасамаған болса, құзыреттi орган үшiншi тұлғаның мердiгермен мәмiле жасауға келiсуi жағдайында мердiгерден ақылға сыйымды жағдайда үшiншi тұлғамен, оның iшiнде берiлетiн газды кейiн қайта сату мақсатында отандық не шетелдiк тұтынушыларға газды беру жөнiнде шарт жасауын талап етуге құқылы. Егер мердiгер және құзыреттi орган белгiлеген мұндай үшiншi тұлға осы мәселе бойынша келiсiмге келе алмайтын болса, олар бұл дауды сот тәртiбiмен шешудi талап етуге құқылы.

      4. Табиғи газды өндiру кезiнде адам өмiрi мен денсаулығы және қоршаған орта үшiн қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн талаптар мен нормалар орындалуға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келетiн өлшеу жабдықтары мен құралдары қолданылуға тиiс.
      Ескерту. Жаңа 30-4-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.08.11. N 467 , өзгеріс енгізілді - 2004.12.01.  N 2 (күшіне ену тәртібін 2 баптан қараңыз), 2006.12.29. N 209 Заңдарымен.

      30-5-бап. Iлеспе және (немесе) табиғи газды кәдеге
                жарату, жағу

      1. Iлеспе және (немесе) табиғи газды кәдеге жаратпайынша, мұнай-газ кен орындарын өнеркәсiптiк әзiрлеуге тыйым салынады.

      2. Авариялық жағдайды және халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға төнетiн қауiптi қоспағанда, iлеспе және (немесе) табиғи газды алау етiп жағуға тыйым салынады.

      2-1. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының күшi 2004 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жер қойнауын пайдалануға жасалған келiсiмшарттар бойынша мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердiгерлерге, егер iлеспе және (немесе) табиғи газды кәдеге жарату жөнiндегi бағдарламалар 2004 жылғы 1 желтоқсанға дейiн мемлекеттiк органда бекiтілген (келісiлген) болса немесе 2006 жылғы 1 шiлдеге дейiн құзыреттi органда және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органда келісiлген болса, оларды iске асыру мерзiмдерi аяқталғанға дейiн қолданылмайды.
      Бұл peттe iлеспе және (немесе) табиғи газды кәдеге жарату жөнiндегi бағдарламаны iске асырудың белгiленген мерзiмдерi орындалған жағдайда жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның рұқсаты және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша не авариялық жағдайда және халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға қауiп төнген жағдайда iлеспе және (немесе) табиғи газды алау етiп жағуға жол берiледi.

      3. Ұңғымаларды сынау кезiнде iлеспе және (немесе) табиғи газды және кен орындарын сынамалы пайдалану кезiнде iлеспе газды үш жылдан аспайтындай жалпы мерзiммен жағуға жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның рұқсатымен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша ерекше жағдайларда жол берiледi.

      4. Ілеспе және (немесе) табиғи газ жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкілетті органның рұқсатынсыз және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның келiсiмiнсiз жағылған жағдайда, осы баптың 3-тармағына сәйкес мердiгер жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органға және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілеттi органға мұндай жағу туралы он күн ішінде жазбаша хабарлауға мiндетті. Мұндай хабарлама iлеспе және (немесе) табиғи газды жағудың себептерi мен жағылған газдың көлемi туралы мәлiметтердi қамтуға тиiс.
      Ескерту. Жаңа 30-5-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.08.11. N 467 , бап жаңа редакцияда -  2004.12.01.  N 2 (күшіне ену тәртібін 2 баптан қараңыз), 2005.10.14. N 79 , 2007.01.12. N 226 Заңдарымен.

      30-6-бап. Мердiгердiң барлау жүргiзу мен өндiру
                нәтижесiнде орын алған шығыстарын өтеу

      1. Мердiгердiң барлау мен өндiру процесiнде шеккен шығындары контрактiде көзделген тәртiп пен жағдайларда өтелуге тиiс.

      2. Егер контрактпен өзгеше белгiленбесе, мердiгердiң барлау процесiнде шеккен шығындарын өтеу өндiру басталғаннан кейiн ғана мердiгерге меншiгiне шығындарды өтеу үшiн өндiрiлетiн мұнайдың үлесiн беру есебiнен жүргiзiледi.

      3. Егер контрактiде өзгеше белгiленбесе, мердiгер өндiрiлген мұнайдың 50 процентi құнынан аспайтын көлемде өзiнiң шығыстарын күнтiзбелiк жылда өтеудi талап етуге құқығы жоқ. Бұл ретте шығындарды өтеуге бөлiнетiн мұнайдың құны салық заңдарымен белгiленген амортизациялық аударымдардың ставкасынан аспайды. Күнтiзбелiк жылда өтелмеген шығындар өтеу үшiн келесi күнтiзбелiк жылға ауыстырылады.
      Ескерту. Жаңа 30-6-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.08.11. N 467 Заңымен.

      30-7-бап. Мердiгердiң жабдық пен өзге мүлiкке меншiгi

      1. Барлау жүргiзу мен өндiру үшiн мердiгер пайдаланған жабдық пен өзге мүлiкке, ақшаны, бағалы қағаздар мен басқа да өндiрiстiк емес мүлiктi қоспағанда меншiк құқығының көшу, сондай-ақ мұндай көшудiң өтем мәселелерi контрактiде белгiленедi.

      2. Жабдық пен мүлiкке меншiк құқығының Қазақстан Республикасына көшуiне қарамастан, контракт аумағынан мұндай жабдық пен мүлiктi жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның немесе құзыреттi органның талап етуi бойынша контрактiнiң қолданылу мерзiмi iшiнде сондай-ақ мұндай жабдықтың немесе мүлiктiң басқа жер қойнауын пайдаланушыға берiлген жағдайларын қоспағанда, құзыреттi органның нұсқауына сәйкес, не контрактiде өзгеше белгiленген кезде, контрактiнiң қолданылу мерзiмi өткен кезден бастап бiр жылдың iшiнде мұндай мүлiк пен жабдықты контракт аумағында өзiнiң есебiнен бөлшектеу не әкету мiндеттiлiгi мердiгерде сақталады.

      3. Мұндай жабдық пен мүлiктiң тиесiлiлiгiне қарамастан контракт аумағынан жабдық пен өзге мүлiктi бөлшектеу мен әкетудi мердiгер адамдардың өмiрi, денсаулығы және қоршаған орта үшiн қауiпсiз тәсiлмен Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына және құзыреттi органның нұсқауларына сәйкес жүзеге асыруға тиіс.
      Ескерту. Жаңа 30-7-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.08.11. N 467 , 2005.10.14. N 79 Заңдарымен.

      30-8-бап. Шекара маңындағы кен орындарында барлау мен
                өндiрудiң ерекшелiгi

      1. Егер жүргiзiлетiн барлаудың немесе өндiрудiң нәтижесiнде мердiгер кен орны шекара маңындағы кен орны болып табылатындығын анықтаған жағдайда мұндай мердiгер бұл туралы құзыреттi органға  дереу хабарлауға мiндеттi.

      2. Аумағында не құқықтық құзыретiнде осы шекара маңындағы кен орнының бiр бөлiгi бар мемлекетпен Қазақстан Республикасының тиiстi халықаралық келiсiмдерi болмаған жағдайда, құзыреттi орган шекара маңындағы кен орнында мұндай мемлекетпен тиiстi келiсiмге қол жеткiзгенге дейiн барлау мен өндiрудi тоқтата тұруды талап етуге құқылы. Бұл ретте контракт құзыреттi орган жүргiзiлген барлау мен өндiрудi қайта бастауға рұқсат бергенге дейiн өзiнiң қолданылуын үзген болып есептеледi.

      3. Осы Заңның және Қазақстан Республикасының жер қойнауы туралы  заңдарының нормалары шекара маңындағы кен орнында барлау мен  өндiру жөнiндегi қатынастарға Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шартқа қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады.
      Ескерту. Жаңа 30-8-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.08.11. N 467 Заңымен.

      30-9-бап. Сақтық аймағының шектерiнде мұнай
                операцияларын жүргiзу

      1. Сақтық аймағының шектерiнде мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердiгер осы мұнай операцияларын теңiз суының деңгейi көтерiлген жағдайда теңiздiң ластануын болдырмайтындай не барынша төмендететiндей етiп жүргiзуге мiндеттi.

      2. Сақтық аймағының шектерiнде мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердiгер мұнай операцияларын жүргiзудің және теңiз суының деңгейi көтерiлуiнің нәтижесiнде теңiз Ластанған жағдайда қоршаған ортаға не басқа жеке немесе заңды тұлғаларға келтiрiлген залал үшiн жауапкершiлiкте болады.

      3. Сақтық аймағының шектерiнде мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердiгер теңiздiң ластануын болдырмау жөнiнде арнаулы бағдарламаларды әзiрлеуге және мұндай бағдарламаларды осы Заңның 30-2-бабында белгiленген тәртiппен бекiтуге мiндеттi. Мұндай бағдарламалар теңiз аясын қорғаудың тиiстi дәрежесiмен барлау және өндiру объектiлерiн жедел консервациялау бағдарламасын, су басқан аймақтан сақталған мұнайды, материалдарды, бұрғылау ерiтiндiлерiн және қоршаған ортаға, теңiз бен өзге шаруашылық қызметiн дұрыс пайдалануға зиян келтiруге қабiлеттi өзге де заттарды әкетудi, сондай-ақ теңiз Ластанған жағдайда суды бөгеу мен тазалау жөнiндегi бағдарламаларды қамтуы тиiс.

      4. Теңiз Ластанған жағдайда осы бапқа сәйкес мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердiгер қолданған ластанудың алдын алу жөнiндегi шараларына қарамастан, мұндай мердiгер өзiнiң қолы жететiн барлық құралдармен теңiздiң ластануының зардаптарын жою не қауiптiлiгiн төмендету үшiн барлық мүмкiн шараларды қолдануға мiндеттi.
      Ескерту. 30-9-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.08.11. N 467 , өзгерту енгізілді - 2004.12.01. N 2 (күшіне ену тәртібін 2 баптан қараңыз) Заңымен.

      31-бап. Кен орнында бiрыңғай объект ретiнде барлау және
               өндiру

      1. Егер барлауды, өндiрудi немесе бiрлесiп барлау мен өндiрудi жүзеге асыратын мердiгер контракт аумағындағы кен орнының, сондай-ақ контракт аумағының шегiнен тысқары аумаққа iргелес орналасқандығын анықтаса, бұл мердiгер құзыреттi органға одан әрi барлау жүргiзу және өндiру үшiн табылған кен орнының мүмкiн болатын шекараларының шектерiнде контракт аумағын кеңейту мақсатында дереу өтiнiш жасауға мiндеттi.

      2. Келiсiм-шарттық аумақты өзгерту келiсiм-шартқа, оның iшiнде геологиялық және (немесе) тау-кендiк бөлуге, тиiстi өзгерiстер енгiзу арқылы жүзеге асырылады.

      3. Егер осы баптың 1-тармағында белгiленген кен орнының қандай да болсын бөлiгi басқа мердiгердiң контракт аумағының шегiнде болған жағдайда, осы мердiгерлер өздерiнiң таңдауы бойынша:
      1) осы кен орнында барлау жүргiзу және (немесе) өндiру құқығына ие тек бiр ғана мердiгер немесе бiр контрактiнiң негiзiнде iшiнара Құқыққа ие бiрнеше мердiгер қалатындай етiп жер қойнауын пайдалану Құқығын беру кезiнде белгiленген беру рәсiмдерiн сақтай отырып барлау жүргiзу және (немесе) өндiруге арналған өздерiнiң құқықтарын беруге;
      2) кен орнына, бiрыңғай тұтас нәрсе ретiнде, бiрлесiп барлау жүргiзу мен өндiру туралы шарт жасасуға, мұндай шарт туралы құзыреттi органмен алдын ала келiсуге мiндеттi.

      4. Мердiгерлер осы баптың 3-тармағын сақтамаған жағдайда, құзыреттi орган бiрыңғай объект ретiнде, кен орнында бiрлесiп барлау мен өндiру туралы мердiгерлердi шарт жасасуға сот тәртiбiмен мәжбүр етуге құқылы. Бiрлесiп барлау мен өндiру не өндiру туралы шартты жасау кезiнде бүкiл кен орны үшiн жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органдармен мiндеттi түрде келiсуге жататын жұмыстардың бiрыңғай жұмыс және жылдық бағдарламаларын әзiрлейдi.

      5. Бiрлесiп барлау мен өндiрудi жүзеге асыратын мердiгерлер өздерiне контрактпен, сондай-ақ жұмыс және жылдық жұмыс бағдарламаларымен жүктелген мiндеттердi орындау бойынша ортақ жауапкершiлiкте болады.
      Ескерту. 31-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.08.11. N 467 , өзгеріс енгізілді - 2004.12.01. N 2 (күшіне ену тәртібін 2 баптан қараңыз), 2005.10.14. N 79 Заңдарымен.

      31-1-бап. Мұнай операцияларын жүргiзу және мұнай
               тасымалдау кезiндегi қауiпсiздiк талаптары

      1. Мұнай операцияларын жүргiзу және мұнай тасымалдау кезiнде қауiпсiздiк белгiленген нормаларды сақтау, адам өмiрi мен денсаулығын және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық iс-шаралар кешенiн орындау, жерүстi және жерасты құрылыстары мен жабдықтарын салу мен пайдаланудың қауiпсiз шарттарын жасау, сондай-ақ ықтимал аварияларды болғызбау арқылы қамтамасыз етiлуге тиiс. P081335

      2. Мұнай, сондай-ақ оның өмiрлiк циклiнiң процестерi техникалық реттеу объектiлерi болып табылады.

      3. Мұнай операцияларын жүргiзу және мұнай тасымалдау кезiнде мердiгер пайдаланатын жабдық және өзге де мүлiк техникалық регламенттерде белгiленген қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келуге тиiс.

      4. Мұнайды төгу және құю режимi, сақтау және тасымалдау құралдарының конструкциясы және оларды пайдалану шарттары мұнайға және оның өмiрлiк циклiнiң процестерiне қатысты техникалық регламенттерде белгiленген өрт қауiпсiздiгi нормаларына сәйкес келуге тиiс.

      5. Мұнай өңдеу зауыттарына өңдеу үшiн жеткiзiлетiн мұнай осы Заңда және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген қауiпсiздiк нормаларына сәйкес келуге тиiс.

      6. Мұнай тасымалдау әуе, темiржол , құбыр, теңiз, өзен және автомобиль көлiктерiнде қолданылатын ережелерге сәйкес жүзеге асырылуға және мұнайдың сақталуын қамтамасыз етуге тиiс.
      Ескерту. 31-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.12.29. N 209 Заңымен.

      32-бап.

      33-бап.

      34-бап.
      Ескерту. 32, 33, 34-баптар алып тасталды - Қазақстан Республикасының 1999.08.11. N 467 Заңымен.

      35-бап. Қазақстан Республикасының мұнай сатып алу құқығы

      Қазақстан Республикасының мердiгерден әлемдiк нарық бағасынан аспайтын баға бойынша мұнай сатып алуға бiрiншi кезекте құқығы бар. Сатып алынатын мұнайдың шектi көлемi, баға белгiлеу тәртiбi мен төлем түрi мердiгермен жасалатын жеке келiсiмде ескерiледi.
      Ескерту. 35-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 226 Заңымен.

      36-бап. Мұнайды уақытша алып қою және оның өтемi

      1. Соғыс, табиғи зiлзала жағдайында немесе төтенше жағдайлар туралы заңдарда көзделген өзге де реттерде Қазақстан Республикасының Үкiметi жер қойнауын пайдаланушыға тиесiлi мұнайдың бiр бөлiгiн немесе бәрiн меншiк құқығымен немесе шаруашылық жүргiзу құқығымен уақытша алып қою құқығына ие болады. Уақытша алып қою сондай төтенше жағдайлар кезiнде Қазақстан Республикасының мұқтажын қамтамасыз ету үшiн қажеттi мөлшерде жүзеге асырылады. Бұл ретте уақытша алып қою олардың меншiк нысаны мен қай мемлекетке жататындығына қарамастан барлық жер қойнауын пайдаланушылардан нақты өндiрiлген мұнай деңгейiне қарай бiрдей тепе-теңдiкте жүргiзiледi.

      2. Қазақстан Республикасы уақытша алынған мұнай үшiн шетелдiк жер қойнауын пайдаланушыға еркiн айналыстағы валютамен, ал ұлттық жер қойнауын пайдаланушыға ұлттық валютамен уақытша алып қойған күнi қолданылған әлемдiк нарықтық баға бойынша заттай немесе оның құнын төлеу арқылы өтеуге кепiлдiк бередi.

6-1-тарау. Теңiзде және iшкi су қоймаларында мұнай
операцияларын жүргiзу

      Ескерту. 6-1-тараумен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.08.11. N 467 Заңымен.

      36-1-бап. Теңiзде және iшкi су қоймаларында мұнай
                операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттары

      1. Теңiзде мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердiгер осы операцияларды әдетте теңiздiң нақты учаскесiнде жүзеге асырылатын теңiз кеме қатынасына, балық аулауға және өзге де заңды қызметке кедергi және зиян келтiрмейтiндей етiп жүзеге асыруға тиiс. Бұл ретте теңiздi осындай заңды түрде пайдалануды жүзеге асыратын мердiгерлер өз кезегiнде теңiз қорғаныш аймағының немесе қауiпсiздiк аймағының режимiн сақтауға тиiс.

      2. Теңiзде мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердiгерлер теңiзде қоршаған ортаны қорғаудың ең таңдаулы практикасын басшылыққа алуға мiндеттi.

      3. Теңiзде мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердiгер теңiзде жүргiзiлген мұнай операцияларының нәтижесiнде пайда болған теңiздiң ластануы жағдайында қоршаған ортаға және жеке немесе заңды тұлғаларға келтірілген зиян мен залал үшiн, мұндай тұлғаның кiнәсінің болу-болмауына қарамастан, жауапкершiлiкте болады.

      4. Теңiзде мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердiгер теңiздiң ластануын болдырмау жөнiндегi арнаулы бағдарламаларды әзiрлеуге және мұндай бағдарламаларды осы Заңның 30-2-бабында белгiленген тәртiппен бекiтуге мiндеттi. Мұндай бағдарламаларда жүргiзілетiн мұнай операцияларына iшкi бақылау, қызметкерлердi оқыту, скважиналарды бақылауға алу жөнiндегi iс-шаралар, авариялық және өзге де қауiптi жағдайлар пайда болған және теңiз Ластанған жағдайда қажеттi жабдықтармен және материалдармен қамтамасыз етудi не сондай-ақ теңiзде аварияларды және олардың зардаптарын жоюға маманданған өзге де ұйымдарды тартуды қамтуға тиiс.

      5. Теңiз Ластанған жағдайда теңiзде мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердiгер авариялар мен өзге де қауiптi жағдайларды болдырмау жөнiндегi арнаулы бағдарламаларға сәйкес қолданған алдын алу шараларына қарамастан, мұндай мердiгер бұл үшiн өзiнiң қолы жететiн барлық құралдармен теңiздiң ластануын жою не оның деңгейiн төмендету үшiн барлық мүмкiн болатын шараларды қолдануға мiндеттi.

      6. Теңiзде мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердiгер өзiнiң есебiнен мұндай тұлғаның меншiгiндегi не пайдалануындағы теңiз құрылыстарына инспекциялар жүргiзу үшiн мемлекеттiк органдардың өкiлдерiн, мұндай мемлекеттiк органдардың өкiлдерi Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес осы инспекцияларды жүргiзуге өкiлеттi болған жағдайда тасымалдауды ұйымдастыруға мiндеттi. Теңiз құрылыстарында мемлекеттiк органдар өкiлдерiнiң инспекцияларын жүргiзу Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен жүзеге асырылады және ол теңiзде мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердiгердiң қалыпты қызметiне кедергi келтiрмеуге тиiс.

      7. Теңiзде мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердiгердiң мемлекеттiк органның жазбаша рұқсатын алмай теңiз құрылысын салуды немесе орналастыруды бастауға құқығы жоқ. Рұқсатты алу үшiн мұндай мердiгер мемлекеттiк органға теңiз құрылысының жоспарланған орналастырылуына не құрылысының басталуына дейiн өтiнiш жасауға мiндеттi. Өтiнiште жоспарланған теңiз құрылысының не осындай теңiз құрылысын салу жөнiндегi жүргiзiлетiн жұмыстардың сипаты, мерзiмi мен орналасқан жерi болуы тиiс. мемлекеттiк орган теңiзде мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердiгердiң өтiнiшiн қарауға және өтiнiш берген сәттен бастап 30 күннен кешiктiрмей тиiстi шешiм қабылдауға мiндеттi.

      7-1. Теңiздегi жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеу үшiн жұмыстар орындауды және (немесе) қызметтер көрсетудi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға осы бапта белгiленген нормалар қолданылады.

      8. Iшкi су қоймаларындағы мұнай операцияларына теңiздегi мұнай операциялары үшiн белгiленген осы Заңның ережелерi қолданылады.
      Ескерту. 36-1-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.01. N 2 Заңымен (күшіне ену тәртібін 2 баптан қараңыз).

      36-2-бап. Теңiзде барлау жүргiзу мен өндiру шарттары

      1. Теңiзде барлауды жүзеге асыратын мердiгер iздестiру және барлау скважиналарын бұрғылауға контракт аумағының барлық қажеттi геофизикалық және сейсмологиялық зерттеулер жүргiзiлген жағдайда ғана құқылы.

      2. Мердiгердiң iздестiру, барлау, пайдалану скважиналарын немесе өзге де скважинаны бұрғылауды, бұрын бұрғыланған скважина бақылаудан алынған кезiнде, мұндай скважинаны бақылауға алуға өзге әдiстердi қолдану мүмкiн емес не қалыптасқан мән-жайларда тиiмсiз болып табылатын қысымды шығарып тастауға арналған тығындау скважинасын бұрғылауды қоспағанда, құзыреттi органның жазбаша рұқсаты болмай бастауға құқығы жоқ. Бұл ретте мердiгер құзыреттi органға мұндай тығындау скважинасын бұрғылаудың басталуы туралы осындай тығындау скважинасын бұрғылау туралы шешiм қабылдауға әсер еткен нақты мән-жайлар мен себептердi көрсете отырып қисынды мерзiмде жазбаша хабарлауға мiндеттi.

      3. Құзыреттi орган скважинаны бұрғылауға мердiгерде не оның тартқан қосалқы мердiгерiнде бұрғылау жұмыстарын жүргiзуге арналған тиiстi лицензия болған кезде, мердiгерге жылдық жұмыс бағдарламасы және авариялар мен өзге де қауiптi жағдайларды болдырмау жөнiндегi арнаулы бағдарлама жүктелген жұмыстарды орындау фактiсiн белгiлейтiн теңiз құрылысы жөнiндегi тиiстi инспекцияның қорытындысы болғанда, мердiгердiң осы скважинаны бұрғылауы кезiнде пайда болатын тәуекелдi мiндеттi сақтандыру жөнiндегi мiндеттемелердi сақтау фактiсi, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлетті органның мұндай ұңғыманы бұрғылаудың жобасы бойынша мемлекеттiк экологиялық сараптамасының оң қорытындысы болғанда және мемлекеттiк орган берген теңiз құрылысын салуға не орналастыруға рұқсаты болған кезiнде рұқсат бередi. Өтiнiшке мұндай өтiнiште көрсетiлген фактiлердi растайтын тиiстi құжаттар қоса тiркелуге тиiс.

      4. Құзыреттi органның жазбаша рұқсаты болмаса iшкi қабаттық қысымды ұстап тұру үшiн iлеспе және табиғи газды айдауға тыйым салынады. Құзыреттi орган мұндай рұқсатты iшкi қабаттық қысымды ұстаудың өзге де әдiстерi тиiмсiз болған жағдайда және мұндай айдау қоршаған орта мен адам өмiрi үшiн қауiпсiздiктiң жеткiлiктi деңгейiн иеленсе, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның мұндай айдауды сипаттайтын жоба бойынша берген мемлекеттік экологиялық сараптамасының оң қорытындысы болған кезде беруге құқылы.

      5. Теңiзде барлау мен өндiрудi жүзеге асыратын мердiгердiң теңiз құрылысында, не 30 минуттық қол жетерлiк шектерiнде теңiздi тазалау жөнiндегi жұмыстар Жүргiзу үшiн қажеттi мөлшердегi тиiстi жабдығы, материалдары мен заттары болуға мiндеттi. Материалдарға, заттарға, олардың санына және оларға қол жетiмдiлiгiне нормативтер мен талаптарды өздерiнiң құзыретiне сәйкес мемлекеттiк органдар белгiлейдi.

      6. Теңiздегі авариялық және өзге де қауiптi жағдайларды болдырмаудың осы Заңға сәйкес бекiтiлетiн бағдарламалары барлау жүргiзу мен өндiру кезiнде теңiздiң ластануы салдарынан теңiздi дереу оқшаулау және тазалау жөнiндегi шараларды қамтуға тиiс.
      Ескерту. 36-2-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.01. N 2 (күшіне ену тәртібін 2 баптан қараңыз), 2005.10.14. N 79 Заңдарымен.

      36-3-бап. Теңiзде мұнайгаз құбырларын салу және
                 пайдалану

      1. Теңiзде мұнайгаз құбырларын салуды және оны пайдалануды жүзеге асыратын мердiгер мұнайгаз құбырларының құрылысын, монтажын немесе оны төсеу жөнiндегi жұмысты мемлекеттiк органның жазбаша рұқсаты болмай бастауға құқығы жоқ. Мұндай рұқсат осы Заңның 36-1-бабының 7-тармағымен белгiленген жалпы тәртiпте берiледi.

      2. Теңiзде мұнайгаз құбырларын салуды және пайдалануды жүзеге асыратын мердiгердiң табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның лицензиясы болмай бастауға құқығы жоқ. Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган лицензия беру туралы шешiмдi осы тұлғаның өтiнiшiнiң негiзiнде өтiнiш берiлген кезден бастап 30 күннен кешiктiрмей мұнайгаз құбыры жөнiндегi тиiстi инспекцияның қорытындысы болған, осы мердiгердің тәуекелдi мiндеттi сақтандыру жөнiндегi мiндетiн сақтау фактiсi, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiлген мұнай-газ құбырында авариялар мен өзге де қауiптi жағдайларды болдырмау жөнiндегi бағдарламасы болған жағдайда қабылдайды.

      3. Теңiзде мұнай-газ құбырларын салу және пайдалану кезiнде адамның өмiрi мен денсаулығы және қоршаған орта үшiн жүргiзiлетiн операциялардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi талаптар мен нормалардың сақталуы қамтамасыз етiлуге тиiс.
      Ескерту. 36-3-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.01 N 2 (күшіне ену тәртібін 2 баптан қараңыз), 2005.10.14 N 79 , 2006.12.29 N 209 , 2007.01.12 N  222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2007.07.27 N 316 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.12.29 N 116-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      36-4-бап. Теңiзде мұнай сақтау қоймалары мен
                резервуарларын Салу және оны пайдалану

      1. Теңiзде мұнай сақтау қоймалары мен резервуарларын салуға және оны пайдалануға тыйым салынды.

      2. Мұнайды уақытша сақтауды (20 күннен аспайтын) қоспағанда, мұндай мұнайды танкерлермен теңiз құрылыстарынан тiкелей тасымалдау кезiнде теңiз құрылыстарында мұнайды сақтау мен қоймада ұстауға тыйым салынады.

      36-5-бап. Жасанды аралдар, бөгеттер, құрылыстар мен
                қондырғылар

      1. Қазақстан Республикасының Yкiметi теңiзде мұнай операцияларын жүргiзуге, ғылыми зерттеулер мен басқа да мақсаттарға арналған жасанды аралдарды, бөгеттердi, құрылыстар мен қондырғыларды қоршаған орта мен биоресурстардың қорғалуы мен сақталуы жағдайында салуға, пайдалануға және iске қосуға рұқсат беру мен реттеуде ерекше құқыққа ие.

      2. Мұндай жасанды аралдардың, бөгеттердiң, құрылыстар мен қондырғылардың төңiрегiне қауiпсiздiк аймақтары орнатылады, олар оның сыртқы шегiнiң әрбiр нүктесiнен бастап 500 метр арақашықтыққа созылып жатады. Аралдар, бөгеттер, құрылыстар мен қондырғылар, сондай-ақ оларды қоршаған қауiпсiздiк аймақтары халықаралық кеме қатынасы мен балық шаруашылығы үшiн елеулi мәнi бар әдеттегi теңiз жолдарына кедергi болмайтын жерлерде орналасады.

      3. Жасанды аралдарды, бөгеттердi, құрылыстар мен қондырғыларды ұстау мен пайдалануға жауапты ұйымдар олардың күзетiлуiн, сондай-ақ олардың орналасқан жерi туралы Ескерту бойынша тиiстi құралдардың болуын қамтамасыз етуге тиiс.

      4. Жасанды аралдар, бөгеттер, құрылыстар мен қондырғылар, егер олар шаруашылық немесе өзге мақсаттарға пайдаланылмайтын болса, адамдардың қауiпсiздiгiне қатер, кеме қатынасына немесе балық шаруашылығына кедергi келтiрмейтiндей дәрежеге дейiн бөлшектелуге тиiс.

      5. Жасанды аралдарды, бөгеттердi, құрылыстар мен қондырғыларды жасау, пайдалану және iске қосу Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде жасанды аралдарды, бөгеттердi, құрылыстар мен қондырғыларды монтаждауға, пайдалану мен iске қосуға рұқсат берудiң тәртiбi мен шарттары туралы ережеге сәйкес жүргiзiледi.

      36-6-бап. Теңiзде мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде
                қалдықтарды теңiзге тастау мен көму

      1. Теңiзде мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде қалдықтарды теңiзге тастауға және теңiз түбiне көмуге тыйым салынады.

      2. Теңiзге техникалық суларды ағызу мемлекеттiк бақылаушы органдардың рұқсатымен және бақылауымен ғана оларды белгiленген нормативтерге дейiн тазалау жағдайында жүзеге асырылады.
      Ескерту. 36-6-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.01. N 2 Заңымен (күшіне ену тәртібін 2 баптан қараңыз).

       36-7-бап. Теңiз ғылыми зерттеулерi

      1. Теңiз ғылыми зерттеулерi Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң рұқсатымен ғана жүргiзiледi. Теңiз ғылыми зерттеулерiн жүргiзудiң тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi .

      2. Теңiз ғылыми зерттеулерiн қазақстандық та, сондай-ақ шетелдiк те заңды және жеке тұлғалар, шетелдiк мемлекеттiк және құзыреттi халықаралық ұйымдар жүзеге асыра алады.

      3. Теңiз ғылыми зерттеулерiн жүргiзу кезiнде мынадай принциптер сақталуы тиiс:
      1) теңiз ғылыми зерттеулерi теңiздi заңды түрде пайдалануды жүзеге асыратын басқа тұлғаларға өзiн-өзi ақтамайтын кедергiлер жасамауы тиiс;
      2) теңiз ғылыми зерттеулерi табиғат қорғау шараларын сақтай отырып ғылыми әдiстермен және құралдармен тиісті түрде жүргiзіледі;
      3) теңiз ғылыми зерттеулерi процесiнде жиналған барлық деректер олар өңделген және талданған соң Қазақстан Республикасына берiлуге және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң алдын ала рұқсатынсыз еркiн таратылмауға және жарияланбауға тиiс.

      37-бап. Мұнай операцияларының жүргiзiлуiне мемлекеттiк
              бақылау

      Мұнай операцияларының жүргiзiлуiне мемлекеттiк бақылауды Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес мемлекеттiк органдар (өздерiнiң құзыры шегiнде) жүзеге асырады. Бұл органдардың тексеру жүргiзетiн қызметкерлерi коммерциялық құпияны сақтауды қамтамасыз етуге мiндеттi.

      38-бап. Мұнай өндiрудi бақылау

      Егер мердiгер өндiрудi негiзсiз бастамай отырса немесе кен орнының геологиялық мүмкiндiгiн ескере отырып мұнайды жеткiлiксiз деңгейде өндiретiн болса, құзыреттi орган жазбаша хабарлар ету арқылы мердiгерге белгiлi бiр мерзiмде кен орындарын игерудiң Оңтайлы тәжiрибесiмен негiзделген мөлшерде өндiрудi қамтамасыз ететiн шаралар қолдану қажеттiгiн атап көрсетуi мүмкiн. Хабарлама белгiленген мерзiмде орындалмаған ретте құзыреттi орган осы Заңның 27-бабына сәйкес контрактiнi бұзуға құқылы.
      Ескерту. 38-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.08.11. N 467 , 2004.12.01. N 2 Заңымен (күшіне ену тәртібін 2 баптан қараңыз).

       39-бап. Өндiрiлген мұнайды өлшеу

      1. Контрактi аумағында өндiрiлген мұнайды өлшеу мен салмақтауды Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен әдiске сәйкес мердiгер жүргiзедi.

      2. Мердiгер белгiленген тәртiппен уақыттың белгiлi бiр кезеңi сайын Құзырлы орган өкiлiнiң қатысуымен мұнайды салмақтау мен өлшеу үшiн пайдаланылатын жабдықтар мен аспаптарды жүйелi түрде сынақтан өткiзiп отырады.

      3. Егер сынаған немесе тексерiп қараған кезде жабдықтар немесе аспаптар ақаулы болып шығып, оның бұзылу мерзiмiн анықтау мүмкiн болмаған жағдайда, ақаулық мерзiмi бұрынғы өлшеген кезден бастап ақау анықталған күнге дейiнгi уақыттың жартысы ретiнде белгiленедi.

7-тарау. Мердiгердiң құқықтары мен мiндеттерi

      40-бап. Мердiгердiң құқықтары

      Мердiгер:
      1) егер мұның өзi контрактiде көзделсе, контрактi аумағында мұнай операцияларын айрықша негiзде жүргiзу;
      2) контрактi аумағында жұмыстардың қалыпты жүргiзiлуiн жүзеге асыруға қажеттi өндiрiстiк және әлеуметтiк сала объектiлерiн салуға, сондай-ақ контрактi аумағында да, сол сияқты одан тысқары жерлерде де иелерiмен уағдаластық бойынша жалпы пайдаланымдағы объектiлер мен коммуникацияларды пайдалану;
      3) мұнай операцияларын жүргiзуге байланысты жұмыстардың жекелеген түрлерiн орындау үшiн көбiне Қазақстан Республикасы ұйымдары арасынан қосалқы мердiгерлердi тарту;
      4) осы Заңның 35 және 36-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында да, сондай-ақ одан тысқары жерлерде де мұнайдың (өнiмдердiң) және ілеспе құрамдардың үлесiне, соның iшiнде жекелеген скважиналарды жүргiзу және сынақпен пайдалануға беру кезiнде алынған өзiне тиесiлi үлесiне иелiк ету;
      5) контрактiнiң қолданылу мерзiмiн осы Заңның 26-бабында белгiленген мерзiмдерден әрi ұзарту туралы келiссөздердi бiрiншi кезекте жүзеге асыру;
      6) өз құқықтарының бәрiнен немесе бiр бөлiгiнен бас тартуға және контрактiде белгiленген шарттармен контрактi аумағында да, сол сияқты республикада да өз қызметiн тоқтату құқығына ие болады.
      Ескерту. 40-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.08.11. N 467 , 2004.12.01. N 2 (күшіне ену тәртібін 2 баптан қараңыз) Заңдарымен.

       41-бап. Мердiгердiң мiндеттерi

      Контрактiнi жүзеге асыру барысында мердiгер:
      1) халықаралық iс-тәжiрибеде қабылданған стандарттарға негiзделген мұнай операцияларын жүргiзудiң неғұрлым тиiмдi әдiстерi мен технологияларын таңдап алуға;
      2) контрактi аумағын контрактiде көзделген мақсаттарға ғана пайдалануға;
      3) мұнай операцияларын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзуге және мұнайдың өмiрлiк циклi процестерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн талаптарды сақтауға;
      4) басқа мердігерлердің контрактi аумағында еркiн жүруiне, жалпы пайдаланудағы объектiлер мен коммуникацияларды пайдалануына немесе, егер бұл қауiпсiздiктiң ерекше жағдайларына байланысты болмаса және мұндай қызмет мұнай операцияларын жүргiзуге бөгет жасамаса, жұмыстың кез келген түрiн, соның iшiнде мұнайды қоспағанда, басқа табиғи ресурстарды барлауына, игеруi мен өндiруiне кедергi келтiрмеуге;
      5) қызметкерлер мен халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн мұнай операцияларын жүргiзуге арналып белгiленген тәртiппен бекiтiлген технологиялық схемалар мен жобаларды ұстануға;
      6) Қазақстан Республикасында өндiрiлген жабдықтарды, материалдарды және дайын өнiмдi, олар техникалық регламенттерге сәйкес келген жағдайда, мiндеттi түрде пайдалануға;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптар сақталған жағдайда, мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету үшiн әуе, темiр жол, су және басқа да көлiк түрлерiн пайдалануды қоса алғанда, қазақстандық ұйымдарды мiндеттi түрде тартуға;
      8) келiсiм-шартта айқындалған көлемде келiсiм-шарт бойынша тартылған қазақстандық қызметкерлердi даярлау және қайта даярлау бойынша оқытуды қаржыландыруды жүзеге асыруға;
      9) құзыреттi органға жұмыс бағдарламасын iске асыру туралы ақпаратты бepугe;
      10) өздерiнiң қызмет мiндеттерiн орындаған кезде Қазақстан Республикасының бақылау органдарына қажеттi құжаттарды, ақпаратты кедергiсiз беруге және жұмыс орындарына жiберуге;
      11) егер мұнай операцияларының мазмұны туралы ақпарат беру қажеттiгi туған жағдайда, егер контрактiде өзгеше белгiленбесе, бұл ақпаратты тараптардың жалпы келiсiмiмен ғана үшiншi бiр адамға беруге;
      12) контрактi аумағындағы қызметтiң нәтижесi бойынша геологиялық және геофизикалық ақпаратты жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлетті органға түсiруге;
      13) салықтар мен өзге мiндеттi төлемдердi дер кезiнде төлеп тұруға;
      14) контрактiге сәйкес әлеуметтiк инфрақұрылымды дамытуға қатысуға;
      15) мәдени-тарихи маңызы бар объектiлер сақтауға;
      16) өзiнiң шаруашылық қызметiнiң ұзақ мерзiмдi экологиялық және экономикалық түйiндерiне болжам жасауға;
      17) мұнай операцияларын жүргiзу салдарынан бұзылған жер учаскелерi мен басқа да табиғи объектiлердi өз есебiнен Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес одан әрi пайдалануға жарамды күйiне жеткiзiп, қалпына келтiруге мiндеттi.
      Ескерту. 41-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.08.11. N 467 , 2004.12.01. N 2 Заңымен (күшіне ену тәртібін 2 баптан қараңыз), 2005.10.14. N 79 , 2006.12.29. N 209 Заңдарымен.

8-тарау. Арналы труба құбыры көлiгi

      42-бап. Арналы труба құбырына меншiк құқығы

      1. Арналы труба құбыры бөлiнбейтiн технологиялық жүйе болып табылады және ол мемлекеттiк меншiкте де, сондай-ақ өзге меншiкте де болуы мүмкiн.

      2. Арналы труба құбырын басқаруды, егер контрактiде өзгеше көзделмесе, оны меншiктенушi жүзеге асырады.

      43-бап. Арналы труба құбырын пайдалану

      1. Арналы труба құбыры объектiлерiн пайдалану Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен Арналы труба құбырын Техникалық пайдалану, оның қауiпсiздiгi мен қорғалуы туралы ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
      Барлық мемлекеттiк органдар, кәсiпорындар, жердi пайдаланушылар, лауазымды адамдар мен азаматтар Арналы труба құбыры иесiмен өзара iс-қимыл жасаған кезде аталған ережелер орындау үшiн мiндеттi болып табылады.

      2. Энергиямен жабдықтайтын кәсiпорындардың Арналы труба құбыры иесiмен келiспей энергия тұтынудың белгiленген лимиттерiн шектеу жөнiнде режимдiк шаралар жүргiзуiне тыйым салынады.

      3. Арналы труба құбырының иесi облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдардың және басқа да мүдделi кәсiпорындар мен ұйымдардың келiсуi бойынша Арналы труба құбыры объектiлерiн қауiпсiз пайдалану шарттарын қамтамасыз ету, мүмкiн болатын аварияларды, төтенше жағдайларды және олардың зардаптарын жою жөнiндегi бiрлескен шараларды әзiрлейдi.

      4. Арналы труба құбырының иесi оны техникалық пайдалану, қауiпсiздiк және қорғау ережелерiн сақтауға жауапты болады.

      5. Арналы труба құбырының күзетiлетiн аймағында оның иесiмен келiспей жұмыс пен iс-қимылдың кез келген түрiн атқаруына тыйым салынады.

      6. Қауіпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн құрылыс нормаларымен және ережелерiмен белгiленген ең жақын қашықтық шегiнде Арналы труба құбырына қатысы жоқ қандай да болсын объектiлердi салуға тыйым салынады.
      Ескерту. 43-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

      44-бап. Арналы труба құбыры иесiнiң жергiлiктi өкiлдi
              және атқарушы органдармен және жүк
              жөнелтушiлермен өзара қарым-қатынасы

      1. Мұнайды айдау, сақтау мен бөлу процестерiне байланысты Арналы труба құбырының жедел өндiрiстiк қызметiне жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың араласуға құқығы жоқ.

      2. Арналы труба құбырының авариялық қызметiнiң қызметкерлерi, авариялық және арнайы техника басқа жұмыстарға тартыла алмайды.

      3. Арналы труба құбырының өткiзу қабiлетiнiң резервi болған жағдайда оның иесiнiң жүк жөнелтушiге мұнайды тасымалдаудан бас тартуға құқығы жоқ. Бұл ретте жүктi жөнелтушiлердiң бiркелкi тарифтер бойынша көлiк қызметiнiң көрсетiлуiне тең құқығы болады.

      45-бап. Су асты труба құбырлары мен кабельдерiн
              орнату мен пайдалану

      Су асты труба құбырлары мен кабельдерiн орнату, тарту мен пайдалану мұнай айналымы саласындағы техникалық регламенттерге сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 45-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.12.29. N 209 Заңымен.

9-тарау. Қоршаған ортаны қорғау, халықтың және
қызметкерлердiң қауiпсiздiгi

      Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.01. N 2 Заңымен (күшіне ену тәртібін 2 баптан қараңыз).

      46-бап. Табиғатты қорғау шараларының мәртебесi

      Табиғатты қорғау шараларын орындау және халық пен қызметкерлердiң денсаулығын сақтау қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылады әрi бүкiл мұнай операцияларын болжау (жоспарлау), жобалау және оларды жүргiзу жөнiндегi шаруашылық қызметiн жүзеге асыру үшiн мiндеттi шарт болып табылады.

      47-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптама

      Теңiзде мұнай операцияларын жүргiзуге арналған келiсiм-шарт жасау үшiн қажеттi экологиялық негiздеме белгiленген қызметтiң қоршаған ортаға әсер етуiн (ҚОӘБ) мiндеттi түрде бағалай отырып нұсқалық негiзде орындалған, мұнай операцияларының экологиялық-экономикалық негiздемесiне мемлекеттiк экологиялық сараптама жасаудың оң қорытындысы болып табылады.
      Ескерту. 47-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2004.12.01. N 2 Заңымен (күшіне ену тәртібін 2 баптан қараңыз).

       48-бап. Мониторинг

      Қоршаған ортаға келеңсiз әсердi жою мен оны азайту жөнiндегi шараларды қолдану және мұнай операцияларын экологиялық жағынан қауiпсiз жүргiзудi қамтамасыз ету мақсатында мұнай операциялары басталғанға дейiн және олардың бүкiл кезеңiнде жер қойнауын пайдаланушы табиғатта болып жатқан өзгерiстер мен жүргiзiлген шаруашылық қызметiнiң оған әсер ету сипаты туралы жедел кешендi ақпарат алу жүйесiн - мониторинг құруға тиiс.
      Ескерту. 48-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.01. N 2 Заңымен (күшіне ену тәртібін 2 баптан қараңыз).

      49-бап. Теңiзде, ішкi су тоғандарында, төтенше
              экологиялық жағдайлар аймақтарында және
              табиғаттың ерекше қорғалатын объектiлерiнде
              мұнай операцияларын жүргiзу

      1. Теңiзде, ішкi су тоғандарында, төтенше экологиялық жағдайлар аймақтарында және табиғат пен мәдениеттiң ерекше қорғалатын объектiлерiнде мұнай операцияларын жүргiзу мүмкiндiгi туралы жалпы шешiмдi мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысы негiзiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қабылдайды.

      2. Теңiзде, ішкi су тоғандарында, төтенше экологиялық жағдайлар аймақтарында және табиғат пен мәдениеттiң ерекше қорғалатын объектiлерiнде мұнай операцияларын жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi .

      3. Кен орындарын пайдаланған кезде теңiздің қорықтық бөлiгiнде мұнай тасымалдау табиғат қорғау туралы заңдарда белгiленген талаптар сақталған жағдайда труба құбырлары арқылы жүзеге асырылады.

10-тарау. Коммерциялық шарттар

      50-бап. Валюталық операциялар

      Мердiгер мен қосалқы мердiгердiң валюталық операцияларды  жүзеге асыру тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.

      51-бап. Кедендік рәсім

      Кедендік рәсім кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 51-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      52-бап. Салықтар мен төлемдер

      Мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде мердiгер Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес салықтар мен өзге де мiндеттi төлемдердi төлеушi болып табылады.

11-тарау. Құқықтық шарттар

      53-бап. Келiсiм-шарт бойынша құқықтар мен мiндеттердi,
              акциялардың үлестерiн (пакеттерiн) беру

      1. Мердiгердiң келiсiм-шарт бойынша өзiнiң құқықтары мен мiндеттерінің барлығын немесе бiр бөлігін басқа жеке немесе заңды тұлғаға беруі, сондай-ақ мұнай операцияларын жүргiзуге арналған келiсiм-шарт бойынша мердігер болып табылатын заңды тұлғадағы қатысу үлесiн (акциялар пакетін) иелiктен айыруы құзыреттi органның жазбаша рұқсатымен ғана жүргiзiлуi мүмкін. Құзыреттi орган мердiгерге келiсiм-шарт бойынша құқықтар мен мiндеттердi беруге рұқсат беруден Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілеген тәртiппен бас тартуға, сондай-ақ мердiгер болып табылатын тұлғаның жарғылық капиталдағы қатысу үлесiн (акциялар пакетiн) иелiктен айыруына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негiздер бойынша рұқсат бермеуге құқылы.
      Аффилиирленген тұлғалармен мәмілелерге қатысты да осы шарттың сақталуы мiндеттi.

      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiне сәйкес құқықтар мен мiндеттердi беруге байланысты жұмсалатын шығындар мердiгерге жүктеледi.

      3. Мердiгер контрактiге қандай болса да қатысуын сақтап отырған кезде ол және құқықтары мен мiндеттерi берiлетiн адам контрактi бойынша бiрдей жауапкершiлiкте болады.
      Ескерту. 53-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.01. N 2 (күшіне ену тәртібін 2 баптан қараңыз), 2005.10.14.  N 79 Заңдарымен.

        53-1-бап. Қолданылатын құқық

      1. Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын мұнай операцияларын жүргiзу жөнiндегi қатынастарға, сондай-ақ теңiздегi мұнай операцияларына тек қана Қазақстан Республикасының құқығы қолданылады.

      2. Құзыреттi органмен жасалатын контрактiлерде шетелдiк құқықты қолдану туралы шарт белгiленбейдi.

      3. Шекара маңындағы кен орындарында жүргiзiлетiн теңiздегi барлау және өндiру, бiрлесiп барлау және өндiру жөнiндегi мұнай операцияларын жүргiзу жөнiндегi қатынастарға, егер ол Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында тiкелей көзделген болса, Қазақстан Республикасына қарама-қарсы немесе шектес жатқан мемлекеттiң құқығы қолданылады.
      Ескерту. Жаңа 53-1-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.08.11. N 467 , 2004.12.01. N 2 Заңдарымен (күшіне ену тәртібін 2 баптан қараңыз).

        54-бап. Жер қойнауы туралы ақпаратқа меншiк құқығы

      Жер қойнауы туралы ақпаратты меншiктену құқығы Қазақстан Республикасының "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Заңына сәйкес белгiленедi.
      Ескерту. 54-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.08.11. N 467 Заңымен.

      55-бап. Сақтандыру

      1. Мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердiгерлер сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін заңнамалық актілерге сәйкес:
      1) қоршаған ортаға келтiрiлген залалдың зардаптарын жою жөнiндегi шығындарды қосқанда, қоршаған ортаның ластануына;
      2) үшiншi адамдар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiкке байланысты жауапкершiлiк тәуекелдiгiн сақтандыруға мiндеттi.

      2. Мердiгерлер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметкерлердi өндiрiстегi бақытсыз жағдайлар мен кәсiби аурулардан сақтандыруға мiндеттi.

      3. Сақтандыру Қазақстан Республикасының сақтандыру заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

      3-1. Теңiзде барлау мен өндiрудi жүзеге асыратын мердiгерлер мүлiктiк тәуекел мен жауапкершiлiк тәуекелiн:
      1) скважинаны бақылауға алу жөнiндегi шығыстары;
      2) скважина бақылаудан шыққан жағдайда, қайта бұрғылау операциялары бойынша шығыстары;
      3) теңiздiң ластануы жағдайында тазалау және оқшаулау жөнiндегi шығыстары;
      4) теңiзде авариялық жағдайлар мен олардың зардаптарын жою бойынша мамандандырылған компанияларды тарту жөнiндегi шығыстары бойынша сақтандыру өтеуiн қамтамасыз ететiндей түрде сақтандыруға мiндеттi.
      Ескерту. 55-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.06.13. N 122 -I, 1999.08.11. N 467 (3-1 тармақ 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енгізіледі), 2007.05.07. N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      56-бап. Еңбектегi құқық қатынастары

      Мердiгерде жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбекке ақы төлеу шарттары, жұмыс iстеу мен тынығу режимi, әлеуметтiк қамсыздандырылуы мен әлеуметтiк сақтандырылуы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледi.
      Ескерту. 56-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.05.15. N 253 Заңымен.

      57-бап. Мердiгер құқықтарының кепiлдiктерi

      Мердiгерге оның құқықтары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қорғалатынына кепiлдiк берiледi. Мердiгердiң жағдайын нашарлататын заңдардың өзгертулерi мен толықтырулары, ондай өзгертулер мен толықтыруларға дейiн жасалған контрактiлерге қолданылмайды.
      Осы баппен белгiленген кепiлдiктер қорғаныс қабiлетiн қамтамасыз ету, ұлттық қауiпсiздiк саласындағы, экологиялық қауіпсiздiк, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының өзгерiсiне қолданылмайды.
      Ескерту. 57-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.08.11. N 467 Заңымен.

      58-бап. Дауларды шешу

      1. Келiсiм-шартты орындаумен, өзгертумен және тоқтатумен байланысты даулар келiссөздер жүргiзу арқылы не дауларды шешудiң келiсiм-шартта бұрын келiсiлген рәсiмдерiне сәйкес шешiледi.

      2. Егер келiсiм-шартты орындаумен, өзгертумен және тоқтатумен байланысты дауларды осы баптың 1-тармағына сәйкес шешу мүмкiн болмаса, онда тараптар дауды шешу үшiн:
      1) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес сотқа;
      2) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заң актiсiне сәйкес халықаралық төрелiкке бере алады.
      Ескерту. 58-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.08.11. N 467 , 2004.12.01. N 2 Заңдарымен (күшіне ену тәртібін 2 баптан қараңыз).

       59-бап. Осы Заңды күшiне енгiзу тәртiбi

      Осы Заң 1995 жылғы 1 шiлдеден бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi