Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі N 833 Қаулысы.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.06.2015 № 446 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім), Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім), "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі), Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне, Қазақстан Республикасының "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы", "Нотариат туралы", "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" және "Бағалы металдар мен асыл тастар туралы" заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.10.2022 № 850 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса берiлiп отырған Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидалары бекiтiлсiн.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.06.2015 № 446 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      2. Мыналар:

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті және оның аумақтық органдары – республикалық меншікке;

      аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары коммуналдық меншікке жекелеген негіздер бойынша айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.06.2015 № 446 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      3. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.04.21. N 372 қаулысымен.

      4. "Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне түскен мүлiктi есепке алу және одан әрi пайдалану, соның iшiнде сату ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 28 қыркүйектегi N 1467 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 41, 476-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2002 жылғы 26 шілдедегі
№ 833 қаулысымен
бекітілген

Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.06.2015 № 446 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2020 № 947 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Осы Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті (бұдан әрі – мүлік) есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалар сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарға қолданылмайды.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті және оның аумақтық органдары (бұдан әрі — уәкілетті орган) осы Қағидаларда айқындалатын тәртіппен республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мынадай мүлікті:

      1) тәркіленген мүлікті;

      2) сот актілерінің негізінде мемлекет кірісіне айналдырылған заттай айғақтарды (бұдан әрі – заттай айғақтар);

      3) мәдени құндылықтарға жататын заттардан тұратын көмбелерді (бұдан әрі – көмбелер);

      4) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 216-бабының 1-тармағында көрсетілген, мемлекеттік қызметшілер және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес өзіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдайтын өзге де адамдар, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері берген сыйлықтарды (бұдан әрі ‒ сыйлықтар);

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық меншікке өтеусіз өткен, оның ішінде мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар мен көлік құралдарын есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1166 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.11.2016 № 717 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 947 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.04.2022 № 208 қаулыларымен.

      4. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен) мынадай мүлікті:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесіз деп танылған;

      2) мемлекетке мұрагерлiк құқығы бойынша өткен, сондай-ақ қайтыс болған адамнан мұрагерлiкке қалған;

      3) олжаларды;

      4) қараусыз қалған жануарларды;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткен, оның ішінде мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар мен көлік құралдарын;

      6) мәдени құндылықтарға жататын заттарды қамтымайтын көмбелерді (көмбедегі үлесті);

      7) тәркіленген мүлікті;

      8) сот актілерінің негізінде мемлекет кірісіне айналдырылған заттай айғақтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 21.11.2016 № 717 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдарына олар белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысанда мүлік туралы мәліметтерді ұсынады.

2-тарау. Мүлікті есепке алу және сақтау

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2020 № 947 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Мүлiктi есепке алу:

      1) тиiстi сот актілерi;

      2) нотариус беретiн мемлекеттiң мұрагерлiкке құқығы туралы куәлiк;

      3) кедендiк декларациялау аяқталғаннан кейiн мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік рәсіміне сәйкес мәлiмделген тауарларға арналған декларация;

      4) мемлекет меншiгiнiң құқығы туындағанын растайтын өзге де құжаттар негiзінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 21.11.2016 № 717 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Мүлiк осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актiсi негiзiнде беріледi. Мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актiсi (бұдан әрi – тiзiмдеу актiсi) онда көрсетiлген тараптардың саны бойынша жасалады.

      Тізімдеу актісі бірдей және (немесе) біртекті мүлік бойынша мәліметтерді қамтиды, мүліктің атауы, сандық және сапалық көрсеткіштері, сондай-ақ өлшем бірлігі көрсетіледі.

      Бірдей мүлікке өздеріне тән негізгі белгілері: физикалық сипаттамалары бірдей мүлік жатады.

      Егер қалған жағынан бұл мүлік осы тармақтың талаптарына сәйкес келсе, сыртқы түріндегі болмашы алшақтықтар мүлікті бірдей деп танымауға негіз болып табылмайды.

      Біртекті мүлікке сипаттамалары бірдей болмаса да, ұқсас немесе бірдей функцияларды орындауға және өзара алмастыруға мүмкіндік беретін ұқсас компоненттерден тұратын мүлік жатады.

      Бірдей немесе біртекті мүлікке мынадай мүлік жатқызылмайды: жылжымайтын мүлік, көлік құралдары, арнайы техника.

      Бір тiзiмдеу актiсiнде қамтылатын берілетін мүліктің атауы бесеуден аспайды.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.12.2019 № 1031 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7-1. Сот орындаушыларынан немесе мүлікті алып қойған (беретін) органдардан (тұлғалардан) мүлікті есепке алуды уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органдар оны нақты қайта есептеу (қайта өлшеу) қорытындылары бойынша жүзеге асырады.

      Ескерту. Қағида 7-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 30.12.2019 № 1031 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Тәркіленген мүлікті, заттай айғақтарды, сондай-ақ бұрын мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларды алып қойған (берген) сот орындаушылары немесе органдар (тұлғалар) уәкілетті органды немесе жергілікті атқарушы органды мүлікті беру күні, орны және уақыты туралы олардың орындалуына дейін кемінде бес жұмыс күні қалғанда осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып және өзге де (алып қою актілері, сот сараптамасының актілері, атқару парақтары және басқалары) құжаттар болған кезде жазбаша хабардар етеді.

      Тәркіленген мүлікті, заттай айғақтарды, сондай-ақ бұрын мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды уәкілетті органға немесе жергілікті атқарушы органға беру мүлікті сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді берушілердің қатысуымен, уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның тізімдеу актісін жасай отырып, мынадай мерзімде:

      сот орындаушыларынан – "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде;

      мүлікті алып қойған органдардан – заңды күшіне енген тиісті сот актісін алған күннен бастап екі ай ішінде;

      мүлікті беретін тұлғадан (декларант) – кедендік декларация тіркелген күннен бастап екі ай ішінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.04.2022 № 208 қаулысымен.

      9. Тізімдеме актілерін есепке алу үшін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүлікті тізімдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актілерін есепке алу кітабы (бұдан әрі – есепке алу кітабы) жүргізіледі. 

      Есепке алу кітабын уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган мемлекеттік мүлік тізілімінде электрондық форматта жүргізеді. Есепке алу кітабында тізімдеме актілері олардың түсуіне қарай тіркеледі.

      Уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның басшысы есепке алу кітабын жүргізуге жауапты қызметкерді айқындайды.

      Есепке алу кітабындағы жазбалар әрбір оқиға: тізімдеме актісіне қол қою, бағалау туралы есеп алу немесе қабылдау-беру актісіне қол қою орын алған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізіледі және есепке алу кітабын жүргізуге жауапты қызметкердің электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталады.

      Мемлекеттік мүлік тізілімінде техникалық іркіліс болған жағдайда уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган қағаз форматтағы есепке алу кітабына жазуды анық және қатесіз жүргізеді. Қағаз форматтағы есепке алу кітабы нөмірленуге, тігілуге және уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның мөрімен бекітілуге тиіс.

      Уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган техникалық іркіліс жойылған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей қағаз форматтағы есепке алу кітабындағы жазбаларды мемлекеттік мүлік тізіліміне енгізеді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.07.2024 № 564 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Тізімдеу актісі есепке алу кітабына енгізілгеннен кейін мемлекеттік мүлік тізілімінде әр жазбаға мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша түгендеу карточкасы ашылады.

      Түгендеу карточкасының тақырыбы мүліктің кімге берілгені, мүлікті беру күні туралы мәліметтерді қамтиды. Мүлікті сатқан кезде түгендеу карточкасында бюджетпен немесе Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорымен есеп айырысу мерзімдері, төлем құжатының (құжаттарының) нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Мүлік бір тізімдеу актісі бойынша бірнеше ұйымға берілген жағдайда, түгендеу карточкалары әр ұйымға жеке ашылады.

      Түгендеу карточкасының нөмірі тізімдеу актісінің нөмірінен (мүлік бірнеше ұйымға берілген жағдайда, реттік нөмірден) бөлшек белгісі арқылы бүтін цифрларды қосу жолымен қалыптастырылады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2019 № 1031 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.05.2023 № 385 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. Жергілікті атқарушы орган иесіз жылжымайтын затты есепке алған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін бұл затты коммуналдық меншікке түсті деп тану туралы талаппен сотқа жүгінеді.

      12. Мүлікті сақтау Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (Ерекше бөлім) белгіленген талаптарға сәйкес жүргізіледі.

      Республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды уәкілетті орган жүргізеді.

      Коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган жүргізеді.

      Республикалық (коммуналдық) меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті сақтау бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдауды уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.04.2022 № 208 қаулысымен.

      12-1. Уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның теңгерімінде стандарттарда, техникалық шарттарда, технологиялық нұсқаулықтарда, сақтау жөніндегі нұсқаулықтарда, тауарлардың жекелеген түрлерiн сақтау қағидаларында, қойма үшiн мiндеттi өзге де арнайы нормативтiк құжаттарда белгiленген сақтау талаптарына (режимiне) сәйкес келетін қойма үй-жайлары бар болса, уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган мүлікті осы үй-жайларда сақтау жұмысын ұйымдастырады.

      Ескерту. Қағида 12-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 16.07.2024 № 564 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      13. Республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті тасымалдау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды уәкілетті орган жүргізеді.

      Коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті тасымалдау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган жүргізеді.

      Мүлікті тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

3-тарау. Мүлікті бағалау

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2020 № 947 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      14. Мүлікті одан әрі пайдалану, оның ішінде өткізу немесе беру үшін бағалау "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізіледі.

      Республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті бағалау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды уәкілетті орган жүргізеді.

      Коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті бағалау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган жүргізеді. Бағалаушыны таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.04.2022 № 208 қаулысымен.

      14-1. Бағалаушыға бағалау жүргізу үшін қажетті құжаттаманы, толық және дұрыс ақпаратты, қажетті түсініктемелерді беруді және бағалау объектісіне қолжетімділікті қамтамасыз етуді уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган мүлікті тізімдеу актісі бойынша есепке қабылдап алған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде жүзеге асырады.

      Уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган мен бағалаушы арасында мүлікті бағалау жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт болмаған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген іс-шаралар мүлікті бағалау жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.

      Ескерту. Қағида 14-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 26.06.2018 № 379 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      15. Ақша мен төлем құжаттары бағалаушыны тартпай-ақ атаулы құны бойынша бағаланады.

4-тарау. Мүлікті одан әрі пайдалану

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2020 № 947 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      16. Мүлікті одан әрі пайдалану (республикалық немесе коммуналдық мүліктің құрамына беру, оның ішінде балалар үйлеріне, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерге (ұйымдарға), балабақшаларға, мектептерге, медициналық-әлеуметтік мекемелерге не арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге өтеусіз беру, өткізу немесе жою) туралы шешімді уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган қабылдайды.

      Мүлікті одан әрі пайдалану туралы мәселелерді қарау үшін уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрады, оның құрамына уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның өкілдері, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының келісімімен жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің, сондай-ақ қажет болған кезде санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің, мемлекеттік кірістер органдарының және басқа да мүдделі ұйымдардың өкілдері кіреді.

      Комиссия туралы ережені уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган әзірлейді және бекітеді.

      Комиссия мүшелерінің саны кемінде 5 адамнан тұрады. Комиссияның төрағасы уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның өкілі болады. Хатшы комиссияның мүшесі болып табылмайды.

      Комиссияның шешімдері қатысып отырған комиссия мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады, ұсынымдық сипатта болады және хаттамамен ресімделеді. Дауыстар тең болған кезде төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Комиссияның шешімдері уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган үшін ұсынымдық сипатта болады.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.10.2022 № 850 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      17. Мүлікті одан әрі пайдалану (республикалық немесе коммуналдық мүліктің құрамына беру, оның ішінде балалар үйлеріне, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерге (ұйымдарға), балабақшаларға, мектептерге, медициналық-әлеуметтік мекемелерге не арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге өтеусіз беру, өткізу немесе жою) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.10.2022 № 850 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      18. Тарихи, ғылыми, көркемдік немесе мәдени құндылығы болуы ықтимал мүлікті Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы" және "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" заңдарына сәйкес құрылатын тарихи-мәдени мұра мәселелері жөніндегі арнайы комиссия және ұлттық мәдени игілік объектілерінің айрықша режимі жөніндегі сараптама комиссиясы қарайды.

      Тарихи, ғылыми, көркемдік немесе мәдени құндылыққа жатқызылған мүлiкті тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органмен келiсім бойынша мемлекеттік музейлерге өтеусiз беруге болады.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.07.2024 № 564 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      19. Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгіне айналдырылған (түскен) бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды тасымалдау, қабылдау, есепке алу, бағалау, сақтау және өткізу тәртiбiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiмен келісу бойынша мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган белгiлейді.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 07.06.2016 № 338 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      19-1. Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен қабылдап алған бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағалы металдардағы активтеріне аффинаждалған алтынның құймаларын есепке жатқыза отырып аффинаждауға жатады.

      Ескерту. Қағида 19-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 07.06.2016 № 338 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      19-2. Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын аффинаждалған алтын құймалары етіп аффинаждалған беру және оларды аффинаждалғаннан кейін алу тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды.

      Аффинаждалған алтын құймаларының құны бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын қайта өңдеуге байланысты шығындар шегеріле отырып, бюджетке аударылады.

      Ескерту. Қағида 19-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 07.06.2016 № 338 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      20. Ақша түрiндегі мүлiк бюджет кiрiсiне немесе Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына есептелінеді. Шетел валютасы операция жасалған күнi белгiленген валюта айырбастаудың ресми бағамы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң филиалдары арқылы бюджет кiрiсiне немесе Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына есепке жатқызылады. Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған, айырбасталмайтын шетел валютасын қабылдау, сақтау, өткізу тәртібін, сондай-ақ оларды өткізуден түскен ақшаны бюджетке немесе Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына есептеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейдi.

      Ақша түрiндегi мүлiктi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және оның филиалдарына берудi осындай мүлiктi алған орган мүлiктiң сомасы, берілу уақыты және алушысы көрсетілген беру туралы хабарламаны уәкiлетті органға жiбере отырып жүргiзедi.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.05.2023 № 385 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      21. Мемлекеттік мүліктің құрамына түскен салымдар (депозиттер) сомасын банктер толық көлемде номиналды түрде бюджеттің кiрiсiне немесе Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына аударады.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.05.2023 № 385 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      22. Осы Қағидалар лотерея билеттерi, түбіртектер немесе өзге де құжаттар бойынша ақшалай ұтыс түрiндегі мүлiкке қолданылады. Лотерея билеттерi, түбіртектер және өзге де құжаттар бойынша заттай ұтыстың құнын лотерея операторы болып табылатын тұлға бюджет кірісіне есептейді.

      Лотерея билеттерiн, түбіртектерді немесе өзге де құжаттарды беру тізімдеме актісі бойынша жүргізіледі, онда лотереяның атауы, лотерея операторының атауы, тираждың нөмірі мен атауы (болған кезде), жүлде қорының ұтыс ойынын өткізу күні мен орны (болған кезде), лотерея билетінің, түбіртектің немесе өзге де құжаттың нөмірі және ұтыс мөлшері көрсетіледі.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.08.2016 № 455 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      23. "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабында көрсетілген жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) тұрғын үйлер мемлекеттік тұрғын үй қорына қосылады.

      Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне түскен тұрғын үйлерді одан әрі пайдалану тәртібі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.04.2022 № 208 қаулысымен.
      24. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 30.12.2020 № 947 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      25. Мемлекеттік қызметшілер немесе "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес өзіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдайтын өзге де адамдар және олардың отбасы мүшелері сыйға тартушының пайдасына әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін алған сыйлықтар, егер мұндай әрекеттер көрсетілген адамдардың қызметтік өкілеттіктеріне кірсе немесе олар лауазымдық жағдайына орай осындай әрекеттерге (әрекетсіздікке) ықпал етсе, не көрсетілген адамдар мен олардың отбасы мүшелеріне айтылмай келіп түскен сыйлықтар, сондай-ақ жұмыстағы жетістіктері және басқа да сіңірген еңбегі үшін табыс етілетін сыйлықтарды қоспағанда, оларға және олардың отбасы мүшелеріне хаттамалық және басқа да ресми іс-шаралар кезінде берілген (табыс етілген) сыйлықтар мемлекетке берілген сыйлықтар болып есептеледі және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен және мерзімдерде сатып алу не сатып алудан бас тарту туралы жазбаша хабарламамен қоса, тізімдеу актісі бойынша оларды уәкілетті органға өтеусіз беру арқылы мемлекеттік мүліктің құрамына түседі.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.04.2022 № 208 қаулысымен.

      26. Бағалы металдардан жасалған сыйлықтарды сараптауды және оларды өткізілгенге дейін сақтауды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2020 № 947 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      26-1. Сыйлықты уәкілетті органға берген адам жоғары тұрған лауазымды адамды хабардар ете отырып, оны "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған құны бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен жасалатын сатып алу-сату шарты негізінде сатып алуға құқылы.

      Ескерту. 26-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1166 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.04.2022 № 208 қаулысымен.

      26-2. Сыйлықты сатып алу уәкілетті орган сыйлықты алған адамнан хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде уәкілетті орган мен сыйлықты алған адам арасындағы сатып алу-сату шарты бойынша жүзеге асырылады.

      Тапсырылған сыйлықты беру "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған, сатып алу-сату шартында көрсетілген сыйлықтың құнын толық төлегеннен кейін уәкілетті орган мен сыйлықты тапсырған адам арасында қабылдау-беру актісіне қол қою арқылы жүргізіледі.

      Ескерту. 26-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1166 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.04.2022 № 208 қаулысымен.

      27. Сыйлықты тапсырған адам сатып алудан жазбаша бас тартқаннан кейін ғана уәкілетті орган сыйлықты үшінші тұлғаларға өткізуге құқылы.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2020 № 947 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      27-1. Сыйлықтарды сатудан түскен ақша республикалық бюджетке аударылады.

      Ескерту. 4-тарау 27-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 30.12.2020 № 947 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      28. "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабында көрсетілген жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) жер учаскелері мемлекеттік жер қорына қосылады.

      Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған жер учаскелерін одан әрі пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының Жер кодексімен реттеледі.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.04.2022 № 208 қаулысымен.

5-тарау. Ең төменгі бағамен өткізілмеген мүлікті пайдалану және жою тәртібі

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2020 № 947 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      29. Ең төменгі бағамен өткізілмеген мүлікті пайдалану және жою мынадай тәртіппен жүзеге асырылады.

      Комиссия белгілеген ең төменгі бағамен өткізілмеген, пайдалануға жарамды мүлік балалар үйлеріне, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерге (ұйымдарға), балабақшаларға, мектептерге, медициналық-әлеуметтік мекемелерге не арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге (бұдан әрі – әлеуметтік қызмет субъектілері) өтеусіз беріледі.

      Мүлік туралы ақпаратты шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде уәкілетті орган не жергілікті атқарушы орган мүлікті есепке алу және өткізу бойынша электрондық сервиске бірыңғай қолжетімділік нүктесі болып табылатын www.e-qazyna.kz мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналасқан интернет-ресурста (бұдан әрі – тізілім веб-порталы) жариялайды.

      Мүлікті өтеусіз алуға өтінім тізілім веб-порталында хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде әлеуметтік қызмет субъектілерінен тізілім веб-порталында қабылданады.

      Мүлікті өтеусіз алу өтініміне әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша қызметті жүзеге асыруды растайтын құжаттардың сканерленген көшірмелері қоса беріледі.

      Мүлікті өтеусіз алуға өтінімдерді уәкілетті орган не жергілікті атқарушы орган қарайды. Мүлікті алуға ниетті бірнеше өтінім беруші болған кезде өз өтінімдерін бұрын берген тұлғаларға басымдық беріледі.

      Мүлікті өтеусіз алуға өтінімді уәкілетті орган не жергілікті атқарушы орган қарайды, олар өтінімдерді ашу күнінен бастап үш күн мерзімде тізілімнің веб-порталында өтінімдері қанағаттандырылған әлеуметтік қызметтердің субъектілері туралы ақпаратты жариялайды. Мүлікті алуға ниетті бірнеше өтінім беруші болған кезде өз өтінімдерін бұрын берген тұлғалар артықшылықты пайдаланады.

      Мүлік уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның шешімі негізінде әлеуметтік қызмет субъектілеріне беріледі.

      Мүлікті мемлекет меншігіне ақысыз өткізген кезде уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган әлеуметтік қызмет субъектілері арасында қабылдап алу-беру (тапсыру актісі) актісі үш дана мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылдап алу-беру (тапсыру актісі) актісін ресімдеуге қатысушы тараптардың әрқайсысына бір данадан жасалады.

      Ескерту. 29-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.12.2019 № 1031 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.10.2022 № 850 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.07.2024 № 564 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      30. Одан әрі қарай пайдалануға жатпайтын мүлік және талап етілмеген, ең төменгі бағамен сатылмаған мүлік уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның шешімімен жойылады.

      Республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті жою жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды уәкілетті орган жүргізеді.

      Коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті жою жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган жүргізеді.

      Мүлікті жою жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      31. Сапасы мен қауiпсiздiгiне нормативтiк құжаттарда қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін азық-түлiк шикiзатын, тамақ өнiмдерiн, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар мен нормаларға және гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтiн, сәйкестендіру құрылғыларынсыз өткізілетін темекi бұйымдарын және құрамында шығарылған елі белгісіз темекi бар басқа да бұйымдарды, сондай-ақ тасымалдауға, сақтауға, өткізуге, санитариялық-эпидемиологиялық сараптама мен сертификаттауды жүргiзуге байланысты шығындары өздерінің бағалау құнынан асып түсетiн тауарлардың шамалы партияларын және өзге де мүлiктi Қазақстан Респубикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган құратын комиссия жояды.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 217-бабына сәйкес қажет болған жағдайларда комиссияның құрамына санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдар мен басқа да мүдделі ұйымдардың өзге де мамандары тартылады.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.04.2022 № 208 қаулысымен.

6-тарау. Қорытынды ережелер

      Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2020 № 947 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      32. Мүлікті есепке алуға, бағалауға, сақтауға, тасымалдауға, қайта жіберуге, оны өткізуді ұйымдастыруға және одан әрі пайдалану жөніндегі өзге де шығындарға байланысты шығыстар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.04.2022 № 208 қаулысымен.

      33. Сот мүліктің мемлекет меншігіне түсуіне негіз болған актінің күшін жойған (тиісті бөлігін өзгерткен) кезде уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органдар мүлікті заттай қайтаруды жүргізеді. Егер мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өткізілген жағдайда оның құнын өтеу Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес оны өткізуден алынған қаражат шегінде тиісті бюджет қаражаты немесе Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен жүргізіледі.

      Залал Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 9-бабының 4-тармағына сәйкес өтелуге жатады.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.05.2023 № 385 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      34. Осы Қағидалардың 3 және 4-тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша мемлекетке өткен мүлікті заңды және жеке тұлғаларға уақытша пайдалануға беруге тыйым салынады.

      35. Уәкілетті органның және жергілікті атқарушы органның лауазымды тұлғаларына осы Қағидалардың ережелерін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жауапкершілік жүктеледі.

  Жекелеген негiздер бойынша
мемлекет меншiгiне
айналдырылған (түскен) мүлiктi
есепке алу, сақтау, бағалау және
одан әрi пайдалану
қағидаларына
1-қосымша

      1-нысан

Мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актісі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.05.2023 № 385 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      20__ жылғы "___" ___________ ________________
(жасалған күнi) (акт жасалған жер)

      Мына құрамдағы комиссия:

      уәкiлеттi орган (жергілікті атқарушы орган)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (уәкiлетті органның немесе жергілікті атқарушы органның атауы, мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________;

      ________________________________________________________________ өкiлi
(жауапты жұмыскердiң лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ______________________________________________________________________
сот орындаушысы

      (әділет органының атауы, мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі, жұмыскердің лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ________________________________________________________________өкiлі
(мүлікті беретін тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мүлікті алып қойған (беретін) органның атауы, мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      ______________________________________________________________________;
(жұмыскердiң лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      __________________________________________________________________ өкiлі

      (мүлiк уақытша жауапты сақтауда тұрған ұйымның атауы, мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      _____________________________________________________________________;
(жұмыскердiң лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      _________________________________________________________________ өкiлі

      (мүлiктi қабылдаушы ұйымның атауы, мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      _____________________________________________________________________;
(жұмыскердiң лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      _________________________________________________________ бағалаушысы

      (ұйымның атауы, мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі, лицензияның күнi және нөмiрi)

      ______________________________________________________________________

      (мүлiкті бағалауды жүзеге асыратын адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ______________________________________________________________________

      (мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі, лицензияның күнi және нөмiрi)

      ______________________________________________ тиесілі төмендегі мүлікті

      Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларының негiзiнде иеленуші

      _____________________________________________________________________

      (сот актілерінің негізінде тәркіленген (оның ішінде заттай дәлелдемелер) немесе иесіз деп таныған мүлiктiң бұрынғы иесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе ұйымның атауы, мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      ______________________________________________________________________

      (соттың атауы, мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі, сот шешiмiнiң нөмiрi, күнi)

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      (соттың атауы, мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі, сот шешiмiнiң нөмiрi, күнi)

      ______________________________________________________________________

      (ұйымның атауы, мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе мүлiкті берген тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі),

      немесе мемлекет меншiгіне өтеусiз өткен мүлікті ____________________________

      (мүлікті берген ұйымның атауы, мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      кедендік декларацияға сәйкес "мемлекет пайдасына бас тарту" кедендік рәсімімен орналастырылған мүлікті, оның ішінде тауарлар мен көлiк құралдарын берген

      ______________________________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органының атауы, мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі, тауарларға арналған кедендік декларацияның күнi мен нөмiрi)

      немесе нотариустың куәлiгiне сәйкес ______________________________________

      ______________________________________________________________________

      (нотариустың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі, куәлiгiнiң нөмiрi, күнi),

      мұрагерлiк құқық бойынша мемлекетке өткен деп танылған, сыйлықтар сондай-ақ құны мемлекет кiрiсiне түсетiн мемлекет меншiгі құқығының туындағанын куәландыратын басқа да құжаттардың негiзінде өзге де мүлiкті

      ______________________________________________________________________

      (мүлікті берген ұйымның атауы, мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      тізімдеуді және қабылдауды жүргізді.

Мүлiктi тiзімдеу және бағалау

Р/c

Әрбiр зат толық сипатталған мүлiктiң атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Мүлiктi қабылдау кезiнде бiрлiгін алдын ала бағалау, теңге*

Барлық сомасы, теңге

Есепке қабылдау үшін негіз болып табылатын құжатта көрсетілген

Қайта есептеу (қайта өлшеу) қорытындылары бойынша нақтысы

1

2

3

4

5

6

7

      Жиыны (жазумен):______________________________________________

      _______________________________________________________________________

      бюджетке немесе Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына аударуға жататын жиыны

      _______________________________________________________________________

      Осы акт ____ данада жасалды.

      Комиссия мүшелерi:

      _________________________________ _____________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      _________________________________ _____________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      _________________________________ _____________________________________

      (бағалаушы сарапшының қолы және мөрi (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ______ жылғы "___" ___________ иеленушінiң қолы ____________________

      Осы актіде көрсетiлген мүлiктi жауапты сақтауға қабылдап алдым. Сақтауға қабылданған мүлiктiң жойылғаны, жасырылғаны, жоғалғаны, ауыстырылғаны немесе бүлiнгенi үшiн Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 425-бабы бойынша қылмыстық және материалдық жауапкершiлiк туралы ескертiлдi.

      ______ жылғы "___" ____________ қолы _______________________

      ______________________________________________________________________

      (ұйымның атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі, мекенжайы немесе мүлiкті қабылдаған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      Ескертпе

      * Бұл баған мүлiкті уәкiлетті органға (жергілікті атқарушы органға) берушi ұйым алдын ала бағалау жүргізген жағдайда толтырылады.

  Жекелеген негiздер бойынша
мемлекет меншiгiне
айналдырылған (түскен) мүлiктi
есепке алу, сақтау, бағалау және
одан әрi пайдалану
қағидаларына
2-қосымша

      2-нысан

20 __ жылы мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актiлерiн есепке алу кітабы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.07.2024 № 564 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Р/с №

Жазба жүргізілген күн

Мүлікті тізімдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актісінің нөмірі және күні

Жазба жүргізудің негіздемесі (құжаттың атауы, нөмірі және күні)

Бұрынғы иелерінің атауы немесе өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Мүліктің атауы (санаты)

Мүлікті тізімдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актісі бойынша мүліктің құны (бар болса), теңге

Мүліктің бағалау құны, теңге

Мүлікті тізімдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актісі кімге және қашан жіберілді

Мүлік кімге және қашан берілген не сатылған (шешімінің, шарттың, мүлікті қабылдау-беру актісінің № және күні)

Мүлік үшін соңғы есеп айырысу күні

Нақты түскен сома, теңге

бюджетке

Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13