Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы

Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2828 Заңы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 291-IV Заңымен

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының Z933600_ 1-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сақтандыру туралы" Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру мақсатында қаулы етемiн:
      1. "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегi Заңының 24-бабы мынадай редакцияда берiлсiн (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 15, 201-құжат):

     "24-бап. Сақтандыру
     Мiндеттi сақтандыруға жолаушылар темiр жол, әуе, теңiз, су,
мемлекетаралық және облысаралық автомобиль көлiгiмен сапарға шыққан
кездерiнде олардың алдындағы тасымалдаушының жауапкершiлiгi мен
автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi
жатады".
     2. Осы Жарлық 1996 жылдың 1 шiлдесiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
         Президентi