Сақтандыру қызметі туралы

Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы N 126 Заңы

Жаңартылған

МАЗМҰНЫ

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      Ескерту. Мәтiндегi "уәкiлеттi мемлекеттiк органның", "уәкiлеттi мемлекеттiк органға", "уәкiлеттi мемлекеттiк орган" деген сөздер тиiсiнше "уәкiлеттi органның", "уәкiлеттi органға", "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2003.07.10 N 483 Заңымен.

      1-бап. Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және
              сақтандыру қызметі туралы заңнамасы

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      1. Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметі туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
      2. Осы Заңмен тікелей реттелген қатынастарды қоспағанда, сақтандырудан туындайтын және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінің қолданылатын аясына жататын қатынастар осы актілермен реттеледі.
      3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
      Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

      2-бап. Осы Заңмен реттелетін қатынастар

      1. Осы Заң кәсіпкерлiк қызмет түрі ретінде сақтандыруды жүзеге асырудың негізгi ережелерін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, сақтандыру брокерлерiн құру, лицензиялау, реттеу, олардың қызметiн тоқтату ерекшелiктерiн, өзге де жеке және заңды тұлғалардың сақтандыру рыногындағы қызметiнің талаптарын, сақтандыру рыногын мемлекеттік реттеу міндеттерін және сақтандыру қызметін қадағалауды қамтамасыз ету принциптерін белгілейді.
      2. Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның (бұдан әрi - уәкiлеттi органның) және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрi - Ұлттық Банк) осы Заңға сәйкес қабылдайтын нормативтік құқықтық актілерi сақтандыру рыногының барлық қатысушылары үшін мiндеттi болады.
      Ескерту. 2-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2003.07.10 N 483 Заңымен.

      3-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) аджастер - функциясына сақтандыру төлемі бойынша өтінішті қарау және сақтандыру жағдайынан болған залалды бағалау кіретін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкері;
      1-1) актуарий - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қажетті төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығының қажетті деңгейін қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер мөлшерінің, сақтандыру сыйлықақысы ставкаларының экономикалық-математикалық есептеулерін жүргізуге байланысты қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жүргізіп жатқан және жүргізуді жоспарлап отырған сақтандыру түрлерінің пайдалылығы мен табыстылығын бағалауды жүргізетін, уәкілетті органның лицензиясы бар жеке тұлға;
      1-2) актуарийлер бірлестігі - өз мүшелерінің мүддесін қорғауды және олардың кәсіби қызметтеріне жағдай жасауды қамтамасыз ету үшін қоғамдық бірлестік нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым;
      1-3) андеррайтер - функциясына сақтандыруға қабылданатын сақтандыру тәуекелдерін бағалау және сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының талаптарын айқындау кіретін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкері;
      2) ассистанс – сақтандыру ұйымдарының, заңды тұлғалардың сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) саяхатта не тұрғылықты жерінен алыста жүрген уақытта қиын жағдайға душар болғанда сақтандыру жағдайының басталуы салдарынан оған техникалық, медициналық жәрдемдесу арқылы ақшалай және (немесе) табиғи-заттай нысанда көмек көрсетуі;
      3) бақылау – заңды тұлғаның шешімдерін айқындау мүмкіндігі, ол мынадай:
      бір тұлға заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының елу процентінен астамын дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп тікелей немесе жанама иеленетін не заңды тұлғаның акцияларының елу процентінен астамымен дербес дауыс беру мүмкіндігі болатын;
      бір тұлғада заңды тұлғаның басқару органы немесе атқарушы органы құрамының кемінде жартысын дербес сайлау мүмкіндігі болған;
      Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясының қаржылық есептілігін қоспағанда, заңды тұлғаның қаржылық есептілігі аудиторлық есепке сәйкес басқа заңды тұлғаның қаржылық есептілігіне қосылған;
      бір тұлғаның дербес не бір немесе бірнеше тұлғалармен бірлесіп, шартқа (растайтын құжаттарға) орай немесе уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайларда өзгеше түрде заңды тұлғаның шешімдерін айқындау мүмкіндігі болатын жағдайлардың бірі болған кезде туындайды;
      4) бас ұйым – басқа заңды тұлғаға бақылау жасайтын заңды тұлға;
      5) еншілес ұйым – өзіне қатысты басқа заңды тұлға бақылау жасайтын заңды тұлға;
      6) заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін жанама иелену не акцияларын иелену (олармен дауыс беру) – заңды тұлғаның, заңды тұлғаның ірі қатысушысының немесе басқа заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) иелену (олармен дауыс беру) арқылы бірлесіп заңды тұлғаның ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалардың шешімдерін айқындау мүмкіндігі;
      7) заңды тұлғаның ірі қатысушысы – заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акцияларының он немесе одан көп процентін тікелей немесе жанама иеленетін (мемлекет немесе ұлттық басқарушы холдинг осындай иелік етуші болып табылатын жағдайларды қоспағанда) жеке немесе заңды тұлға;
      8) капиталға қомақты қатысу – дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жиырма және одан да көп процентін тікелей немесе жанама, дербес немесе, бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп иелену не акциялардың жиырма және одан да көп процентімен дауыс беру мүмкіндігінің болуы;
      9) қайта сақтандыру – өздерінің арасында жасалған қайта сақтандыру шартына сәйкес бір жағынан қайта сақтанушының сақтандыру тәуекелдерінің бәрін немесе бір бөлігін қайта сақтандыруға беруіне және екінші жағынан осы тәуекелдерді қайта сақтандыру ұйымының қабылдауына байланысты туындайтын қызмет және соған байланысты қатынастар;
      10) қайта сақтандыру ұйымы (қайта сақтандырушы) – уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде қайта сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
      11) қайта сақтанушы (цедент) – өзі қабылдаған сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға беруді жүзеге асыратын сақтандыру немесе қайта сақтандыру ұйымы;
      12) мінсіз іскерлік бедел – кәсіпқойлықты, адалдықты, алынбаған немесе өтелмеген сотталғандығы жоқ екенін растайтын фактілердің болуы;
      13) ортақ сақтандыру – бір мезгілде бірнеше сақтандыру ұйымдарымен сақтандыру шарты бойынша сақтандыру тәуекелдерін қабылдап, олардың жауапкершілігін өздерінің арасында жасалған ортақ сақтандыру шартына сәйкес бөлуге байланысты туындайтын қызмет және соған байланысты қатынастар;
      14) өздігінен ұстап қалу – жауаптылық көлемінің бір бөлігі, соның шегінде сақтандырушы немесе қайта сақтанушы (цедент) сақтандыру немесе қайта сақтандыру шартына сәйкес өз есебінен жауапты болады;
      15) пруденциялық нормативтер – уәкілетті орган белгілейтін және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтауы үшін міндетті нормативтер;
      16) сақтандыру агенті – сақтандыру агенттерінің тізіліміне енген және тапсырыс шарты негізінде бір немесе бірнеше сақтандыру ұйымдарының атынан және олардың тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      17) сақтандыру брокері – сақтанушының тапсыруы бойынша сақтандырушымен сақтандыру шарттарын жасасуға және орындауға байланысты қатынастарда сақтанушының атынан өкілдік ететін немесе өз атынан сақтандыру немесе қайта сақтандыру шарттарын жасасуға байланысты қызмет көрсету жөніндегі делдалдық қызметті, сондай-ақ сақтандыру және қайта сақтандыру мәселелері бойынша консультациялық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
      18) сақтандыру ережелері – сақтандыру ұйымының белгілі бір сақтандыру түрі бойынша сақтандыруды жүзеге асыру талаптарын айқындайтын құжаты;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      18-1) тармақша 2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі - (ҚР 2010.07.15 № 338-IV Заңының 2-бабын қараңыз).
      18-1) сақтандыру есебі - дерекқорда бар ақпаратты толық немесе ішінара беру нысаны;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      18-2) тармақша 2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі - (ҚР 2010.07.15 № 338-IV Заңының 2-бабын қараңыз).
      18-2) сақтандыру жөніндегі бірыңғай дерекқор (бұдан әрі - дерекқор) – сақтандырушы, сақтанушы, сақтандырылушы және пайда алушы туралы ақпараттың жиынтығы (оның ішінде электрондық нысанда);
      19) сақтандыру қызметінің субъектілері – сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдары;
      20) сақтандыру нарығына кәсіби қатысушылар – өз қызметін уәкілетті органның тиісті лицензиялары негізінде жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, актуарий;
      21) сақтандыру омбудсманы – сақтандыру нарығына қатысушылар арасындағы өзара қатынастарды реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға;
      22) сақтандыру портфелі – сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының, сондай-ақ олар бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) жиынтығы;
      23) сақтандыру резервтері – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша актуарий есептеулері негізінде бағаланатын міндеттемелері;
      23-1) сақтандыру тәуекелі – сақтандыру жағдайының басталу ықтималдылығы;
      23-2) сақтандыру тобы – банк конгломераты болып табылмайтын, сақтандыру холдингінен, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан, сондай-ақ сақтандыру холдингінің еншілес ұйымдарынан және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымдарынан және (немесе) сақтандыру холдингі және (немесе) оның еншілес ұйымдары капиталына қомақты қатысатын ұйымдардан тұратын заңды тұлғалар тобы.
      Сақтандыру тобының құрамына ұлттық басқарушы холдинг, Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру холдингі, сондай-ақ еншілес ұйымдар және Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру холдингі капиталына қомақты қатысатын, Қазақстан Республикасының резиденттері емес болып табылатын ұйымдар кірмейді.  
      24) сақтандыру ұйымы – сақтандыру шарттарын жасасу және орындау қызметін уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде жүзеге асыратын заңды тұлға;
      25) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын жанама иелену (олармен дауыс беру) – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының, сақтандыру холдингінің немесе заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталына қатысу үлестерін) иелену арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бірлескен ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі болып табылатын тұлғалардың шешімдерін айқындау мүмкіндігі;
      25-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің бірлестігі - өз мүшелерінің мүддесін қорғауды қамтамасыз ету және олардың кәсіби қызметін үйлестіру үшін қауымдастық (одақ) нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым;
      26) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы – уәкілетті органның жазбаша келісіміне сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының он немесе одан да көп процентін тікелей немесе жанама иелене алатын немесе:
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акцияларының он немесе одан да көп пайызымен тікелей немесе жанама дауыс беру;
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қабылдайтын шешімдерге шартқа орай не уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын тәртіппен өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігіне ие жеке немесе заңды тұлға (мұндай иеленуші мемлекет немесе ұлттық басқарушы холдинг болып табылатын жағдайларды, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда);
      26-1) сақтандыру холдингi – уәкiлеттi органның жазбаша келiсiмiне сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алған акцияларды шегере отырып) жиырма бес немесе одан да көп пайызын тiкелей немесе жанама иелене алатын немесе:
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретiн акцияларының жиырма бес немесе одан да көп пайызымен тiкелей немесе жанама дауыс беру;
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қабылдайтын шешiмдердi шартқа орай не өзгеше түрде анықтау немесе бақылау жасау мүмкiндiгiне ие заңды тұлға (мемлекет немесе ұлттық басқарушы холдинг осындай иеленуші болып табылатын жағдайларды, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда);
      27) сатып алу сомасы – жинақтаушы сақтандыру шартының қолданылу мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде сақтанушының алуына құқығы бар ақша сомасы;
      28) сюрвейер - функциясына сақтандыруға қабылданатын сақтандыру объектісін алдын ала тексеріп қарау мен бағалау кіретін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкері не ақылы қызмет көрсету шартына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қызмет көрсететін заңды тұлға;
      29) тәуелсіз актуарий – осы Заңның талаптарына сәйкес келетін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарийдің есептеулерін бағалауды жүргізу үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы тартатын жеке тұлға;
      29-1) үлестес тұлғалар – шешімді тікелей және (немесе) жанама түрде айқындауға және (немесе) бір-бірінің (тұлғалардың бірінің) қабылдайтын шешімдеріне, оның ішінде жасасқан мәміле күшіне қарай ықпал етуге мүмкіндігі бар жеке немесе заңды тұлғалар (өздеріне берілген өкілеттіктер шеңберінде бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды және ұлттық басқарушы холдингті қоспағанда). Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің құрамында ұлттық басқарушы холдингтің болуы тұлғаларды бір-біріне қатысты үлестес деп айқындау үшін негіз болып табылмайды.
      30) ішкі резервтік қор – сақтанушылардан инвестициялау мақсаттары үшін алынған сақтандыру сыйлықақысы және басқару нәтижесінде келтірілген сақтандырушының шығыстарын ескере отырып, оларды инвестициялаудан алынған кіріс (залалдар) бөлігінің есебінен уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес сақтандырушы қалыптастыратын ақша сомасы.
      Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен, өзгеріс  енгізілді - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 N 539-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      4-бап. Сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi

      1. Сақтандыру дегенiмiз, сақтандыру ұйымы өз активтерi есебiнен жүзеге асыратын сақтандыру төлемi арқылы сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүліктік мүдделерін қорғауға байланысты қатынастар кешенi.
      2. Сақтандыру қызметi - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға байланысты, Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес уәкiлеттi органның лицензиясы негiзiнде жүзеге асырылатын қызметi, сондай-ақ өзара сақтандыру қоғамдарының сақтандыру шарттарын жасасуға және орындауға байланысты, Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актiсiне сәйкес лицензиясыз жүзеге асырылатын қызметi.
      Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.07.05 N 164, 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

      5-бап. Шетелдiк жеке және заңды тұлғалар мен
              азаматтығы жоқ адамдарды сақтандыру

      1. Шетелдiк азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдiк заңды тұлғалар, оның iшiнде өз қызметiн Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратындар сақтандыру арқылы қорғалу құқығын Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен бiрдей пайдаланады.
      2. Алынып тасталды - ҚР 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      5-1-бап. Қазақстан Республикасының резиденттері емес
                сақтандыру ұйымдарының сақтандыруы

      1. Заңды тұлғаның немесе оның оқшауланған бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мүліктік мүдделерін және Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын жеке тұлғаның мүліктік мүдделерін сақтандыруды тек сақтандыру ұйымы - Қазақстан Республикасының резиденті ғана жүзеге асыра алады.
      2. Қазақстан Республикасының резиденттері емес сақтандыру ұйымдарымен, жұмыс істеу, оқу, емделу немесе демалу мақсатында Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерде уақытша болатын жеке тұлғалармен - Қазақстан Республикасының резиденттерімен осы тұлғалардың тек Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерде уақытша болу кезеңіне ғана сақтандыру шарттарын жасасуға және оларды орындауға жол беріледі.
      3. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға:
      1) жеке және заңды тұлғалардан - Қазақстан Республикасының резиденттерінен Қазақстан Республикасының резиденті еместердің пайдасына сақтандыру сыйлықақыларын (жарналарын) төлеуге;
      2) жеке және заңды тұлғалардың - Қазақстан Республикасының резиденттерінің пайдасына сақтандыру шарттары бойынша Қазақстан Республикасының резиденті еместерден алынатын сақтандыру төлемдерін жүзеге асырумен байланысты төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыруға тыйым салынады.
      Ескерту. 5-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

2-тарау. САҚТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТIН ҰЙЫМДАСТЫРУ

      6-бап. Сақтандыру салалары, сыныптары және түрлерi

      1. Сақтандыру қызметiн ұйымдастыру және мемлекеттiк реттеу мен лицензиялауды жүзеге асыру үшiн сақтандыру салаларға, сыныптар мен түрлерге бөлiнедi. Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметi "өмiрдi сақтандыру" саласы және "жалпы сақтандыру" саласы бойынша жүзеге асырылады.
      2. "Өмiрдi сақтандыру" саласы ерiктi сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:
      1) өмiрдi сақтандыру;
      2) аннуитеттiк сақтандыру;
      3) (алынып тасталды - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен);
      4) (алынып тасталды - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен);
      3. "Жалпы сақтандыру" саласы ерiктi сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:
      1) жазатайым жағдайлардан сақтандыру;
      2) ауырған жағдайдан сақтандыру;
      3) автомобиль көлiгiн сақтандыру;
      4) темiр жол көлiгiн сақтандыру;
      5) әуе көлiгiн сақтандыру;
      6) су көлiгiн сақтандыру;
      7) жүктердi сақтандыру;
      8) осы тармақтың 3)-7) тармақшаларында аталған сыныптарды қоспағанда, мүлiктi залалдан сақтандыру;
      9) автомобиль көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;
      10) әуе көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;
      11) су көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;
      12) осы тармақтың 9)-11) тармақшаларында аталған сыныптарды қоспағанда, азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру;
      13) заемдарды сақтандыру;
      14) ипотеканы сақтандыру;
      15) кепілдіктер мен кепілгерліктерді сақтандыру;
      15-1) осы тармақтың 13), 14), 15) және 16) тармақшаларында көрсетілген сыныптарды қоспағанда, қаржы ұйымдарының шығындарын сақтандыру;
      16) басқа да қаржы шығындарынан сақтандыру;
      17) сот шығыстарынан сақтандыру;
      18) титулдық сақтандыру.
      4. Ерiктi сақтандыру нысанындағы сақтандырудың жекелеген сыныбын (түрін) жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар, оның ішінде сақтандырудың жекелеген сыныптары (түрлері) шеңберіндегі пруденциалдық нормативтер уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
      5. Сақтандыру түрi, сақтандыру ұйымы сақтанушыға сақтандыру шартын жасау арқылы сақтандырудың бiр немесе бiрнеше сыныбы шегiнде әзiрлейтiн және беретiн сақтандыру өнiмi болып табылады.
      6. Мазмұны мен талаптары Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрін реттейтін заңнамалық актісімен айқындалатын міндетті сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың жекелеген сыныбы болып табылады.
      Ескерту. 6-бапқа өзгертулер енгізілді - ҚР 2003.07.10 N 483, 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз),  2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

      7-бап. Сақтандыру сыныптарының мазмұны

      1. Өмiрдi сақтандыру сақтандырылушы қайтыс болған немесе ол сақтандыру мерзiмi бiткенге дейiн не сақтандыру шартында белгiленген жасқа дейiн өмiр сүрген жағдайда сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды көздейтiн сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.
      2. Аннуитеттiк сақтандыру сақтандырылушы белгiлi бiр жасқа жеткен, еңбек ету қабiлетiн (жасына байланысты, мүгедектiгiне байланысты, науқастығына байланысты) жоғалтқан, асыраушысы қайтыс болған, жұмыссыз қалған жағдайларда немесе сақтандырылушының жеке табыстарының кемуiне немесе одан айрылуына әкелiп соққан өзге де жағдайларда зейнетақы немесе рента түрiнде шартта белгіленген мерзім ішінде немесе өмір бойы кезең-кезеңiмен сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн жинақтаушы сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады. Аннуитеттiк сақтандыру шарттары бойынша кезең-кезеңiмен сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру жағдайы сақтандыру төлемдерiнің мөлшерін айқындаумен, нақтылаумен және растаумен байланысты емес.
      2-1. Алынып тасталды - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
      2-2. Алынып тасталды - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
      3. Жазатайым жағдайдан сақтандыру, осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында аталған сақтандыру тәуекелдерін қоспағанда, сақтандырылушы жазатайым жағдайдың, кәсіби аурудың салдарынан қайтыс болған, еңбек ету (жалпы немесе кәсіптiк жағынан) қабiлетiн (толық немесе iшiнара) жоғалтқан немесе сақтандырылушының денсаулығына өзге де зиян келтiрiлген жағдайларда оның шығыстарын тіркелген сомада және (немесе) iшiнара немесе толық өтемi мөлшерiнде сақтандыру төлемiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнің жиынтығы болып табылады.
      Жазатайым жағдай дегеніміз - адамның ерік-жігеріне қарамастан басталған, сақтандырылушының организміне сырттан оның денсаулығына зиян келуіне, мертігуіне не өліміне әкеліп соққан механикалық, электрлік, химиялық немесе термикалық әсер етуі салдарынан кенеттен болған, қысқа мерзімді оқиға (жағдай).
      4. Ауырған жағдайдан сақтандыру осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында аталған сақтандыру сыныптарын қоспағанда, сақтандырылушының ауруына және денсаулығының өзге де бұзылуына байланысты оның шығыстарын тіркелген сомада және (немесе) iшiнара немесе толық өтемi мөлшерiнде сақтандыру төлемiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнің жиынтығы болып табылады.
      5. Осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 3)-6) тармақшаларында тізбеленген көлiк құралдарын сақтандыру көлiк құралын иеленуге, пайдалануға, оған билiк етуге байланысты тұлғалардың мүлiктiк мүдделерiне айдап әкетуді немесе ұрлауды қоса алғанда, сондай-ақ оның зақымдануы немесе жойылуы салдарынан келтiрiлген залалды iшiнара немесе толық өтемi мөлшерiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнің жиынтығы болып табылады.
      6. Жүктердi сақтандыру жүктi, оның ішінде багажды, тауарларды және өнімнің басқа да барлық түрлерін қоса алғанда, иеленуге, пайдалануға, оған билiк етуге байланысты тұлғаның мүлiктiк мүдделерiне тасымалдау әдiсiне қарамастан, оның зақымдануы, жойылуы, жоғалып кетуi салдарынан келтiрiлген залалды iшiнара немесе толық өтемi мөлшерiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнің жиынтығы болып табылады.
      7. Мүлiктi сақтандыру мүлiктi иеленуге, пайдалануға, оған билiк етуге байланысты тұлғаның мүлiктiк мүдделерiне осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 3)-7) тармақшаларында тізбеленген мүлiктi қоспағанда, оның зақымдануы немесе жойылуы, ұрлануы салдарынан келтiрiлген залалды iшiнара немесе толық өтемі мөлшерiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнің жиынтығы болып табылады.
      8. Осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 9)-11) тармақшаларында көзделген көлiк құралдары иелерiнің азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін қоса алғанда, үшiншi тұлғаларға өзі көлiк құралын пайдалануға байланысты келтiрген залалды өтеу мiндетіне байланысты тұлғаның мүлiктiк мүдделерiне келтiрiлген залалды iшiнара немесе толық өтемі мөлшерiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнің жиынтығы болып табылады.
      9. Азаматтық-құқықтық жауапкершiлiкті сақтандыру осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 9)-11) тармақшаларында аталғандарды қоспағанда, барлық тәуекелдерді сақтандыру салдарынан үшiншi тұлғаларға келтiрілген залалды өтеу мiндетiне байланысты тұлғаның мүлiктiк мүдделерiне келтiрiлген залалды iшiнара немесе толық өтемі мөлшерiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнің жиынтығы болып табылады.
      10. Заемдарды сақтандыру сақтанушының, (заемшының) кредитор алдындағы міндеттемелерін орындамауы салдарынан кредиторға шығын келтірілуі кезінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
      11. Ипотекалық сақтандыру ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша кепілдік мүлік болып табылатын тұрғын үйдің нарықтық құны төмендеген жағдайда заемшының ипотекалық тұрғын үй заемы шарты бойынша міндеттемелерді орындамауы салдарынан кредитордың мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрі болып табылады.
      12. Кепілдіктер мен кепілдемелерді сақтандыру берілген кепілдіктер мен кепілдемелерді орындау міндеті салдарынан кепілдік немесе кепілдеме берген тұлғаның мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнің жиынтығы болып табылады.
      13. Басқа да қаржы шығындарынан сақтандыру осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 12)-15) тармақшаларында аталған сақтандыру тәуекелдерін қоспағанда, қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыру нәтижесінде жұмыстан айырылу, кірісті жоғалту, қолайсыз табиғи құбылыстар, үздіксіз, болжанбаған шығыстар, нарықтық құнын жоғалту және басқа да шығындар салдарынан шығын келтірілу кезінде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнің жиынтығы болып табылады.
      14. Сот шығыстарын сақтандыру сақтанушының (сақтандырылушының) соттың істі қарауына байланысты олардың көтерген шығыстары салдарынан шығындануы кезінде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнің жиынтығы болып табылады.
      15. Осы баптың 11-13-тармақтарында аталған тәуекелдерді сақтандыру шарттары бойынша сақтанушының өзінің ғана тәуекелі және оның пайдасына ғана шешілетін тәуекел сақтандырылуы мүмкін.
      16. Қаржы ұйымдарының шығындарын сақтандыру, осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 13), 14), 15) және 16) тармақшаларында көрсетілген сыныптарды қоспағанда, қаржы ұйымдарының қаржылық қызметтер көрсетуі нәтижесіндегі шығындарды ішінара немесе толық өтеу мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді.
      17. Титулдық сақтандыру мүлікке меншік құқығын тоқтатқан жағдайда, сақтанушының мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды ішінара немесе толық өтеу мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді.
      Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

      8-бап. Сақтандыру салалары мен сыныптарын бiрiктiру

      1. Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру ұйымының қызметi "өмiрдi сақтандыру" саласы бойынша лицензия немесе "жалпы сақтандыру" саласы бойынша лицензия негiзiнде сақтандырудың лицензияда көрсетiлген тиiстi сыныптары шегiнде жүзеге асырылады.
      2. "Жалпы сақтандыру" саласындағы қызметтi:
      1) "өмiрдi сақтандыру" саласындағы қызметпен бiрiктiруге;
      2) жинақтаушы сақтандыру нысанында жүзеге асыруға болмайды.
      3. Осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларында аталған сақтандыру сыныптары шегiндегi тәуекелдердi сақтандыруды қоспағанда, "өмiрдi сақтандыру" саласындағы қызметтi "жалпы сақтандыру" саласындағы қызметпен, сондай-ақ сақтандырудың міндетті нысанындағы тиісті сыныптарды бiрiктiре алмайды.

      4. Сақтандыру ұйымы, өзiнде сақтандырудың тиiстi сыныптары көрсетiлген және осы Заңда белгiленетiн сақтандыру сыныптарын бiрiктiру жөнiндегi шектеулер ескерiлген лицензия болған жағдайда, сақтандырудың екi және одан көп сыныптарының белгiлерi мен мазмұнын ұштастыратын сақтандыру түрiн әзiрлеуге құқылы.
      5. (алып тасталды)
      Ескерту. 8-бапқа өзгертулер енгізілді - ҚР 2003.07.10 N 483, 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      9-бап. Қайта сақтандыру жөніндегі қызмет

      1. Қазақстан Республикасының аумағында қайта сақтандыруды жүзеге асыру жөніндегі қызмет осы Заңда көзделген тәртіппен лицензиялануға тиіс.
      2. Сақтандыру ұйымы қайта сақтандыру жөніндегі лицензиясыз сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға беруді жүзеге асырады.
      3. Сақтандыру ұйымы қайта сақтандыру жөніндегі лицензия болғанда ғана сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға қабылдауға құқылы.
      4. "Жалпы сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы тек қана "жалпы сақтандыру" саласында сақтандырудың барлық сыныптары бойынша қайта сақтандыру жөнiнде лицензия алуға және қызметтi жүзеге асыруға құқылы.
      5. "Өмірді сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы осы Заңның 8-бабының 3-тармағында көзделген сыныптарды біріктіруді ескере отырып, "өмірді сақтандыру" саласында сақтандырудың барлық сыныптары бойынша қайта сақтандыру жөнiнде лицензия алуға және қызметтi жүзеге асыруға құқылы.
      6. Қайта сақтандыруды қайта сақтандыру жөнiндегi лицензия негiзiнде қызметтің ерекше түрi ретінде жүзеге асыратын қайта сақтандыру ұйымы "өмiрдi сақтандыру" және "жалпы сақтандыру" салаларында сақтандырудың барлық сыныптары бойынша қайта сақтандыруды жүзеге асыруға құқылы.
      7. Сақтандыру ұйымын құру, оның қызметiн лицензиялау, реттеу және тоқтату бөлігіндегі осы Заңның нормалары қайта сақтандыруды қызметтiң ерекше түрi ретiнде жүзеге асыратын қайта сақтандыру ұйымдарын құру, олардың қызметiн лицензиялау, реттеу және тоқтату талаптарына қолданылады.
      8. Алынып тасталды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
      Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда жазылды - ҚР 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2006.07.05 N 164, 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

3-тарау. САҚТАНДЫРУ РЫНОГЫ

      10-бап. Сақтандыру рыногының қатысушылары

      Қазақстан Республикасы сақтандыру нарығының қатысушылары:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы;
      2) сақтандыру брокерi;
      3) сақтандыру агентi;
      4) сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы;
      5) актуарий;
      РҚАО-ның ескертуі!
      6) тармақша 2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі (ҚР 2010.06.30 N 298-IV Заңының 2-бабын қараңыз).
      6) тәуелсіз актуарий;
      7) тәуелсіз бағалаушы;
      8) андеррайтер;
      9) аджастер;
      10) сюрвейер;
      11) сақтандыру омбудсманы;
      12) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлерінің бірлестігі;
      13) актуарийлер бірлестігі;
      14) сақтандырумен байланысты кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын өзге де жеке және заңды тұлғалар болып табылады.
      Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      10-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен
                сақтандыру брокерлері бірлестігінің,
                актуарийлер бірлестігінің өкілеттіктері

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері бірлестігінің, актуарийлер бірлестігінің өкілеттіктеріне:
      1) сақтандыру нарығында өз қызметін жүзеге асыру кезінде өз мүшелерінің өзара іс-әрекетін қамтамасыз ету;
      2) ішкі құжаттарды әзірлеу;
      3) сақтандыру нарығына қатысушыларды оқытуды өткізу;
      4) мүшелерінің арасында туындайтын дауларды қарау;
      5) өз мүшелерінің мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген талаптарды сақтандыру нарығына кәсіби қатысушылардың ықтимал бұзушылықтары туралы мәліметтерді уәкілетті органға жіберу;
      7) құрылтай құжаттарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру жатады.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері бірлестігі, актуарийлер бірлестігі өз мүшелерінің кәсіби қызметінің мәселелері бойынша уәкілетті орган беретін ақпаратты өз мүшелерінің назарына жеткізуге міндетті.
      Ескерту. Заң 10-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      10-2-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен
                сақтандыру брокерлері бірлестігінің,
                актуарийлер бірлестігінің ішкі құжаттары

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері бірлестігі, актуарийлер бірлестігі мынадай ішкі құжаттарды:
      1) сақтандыру нарығындағы қызмет стандарттарын;
      2) кәсіби әдеп кодексін;
      3) дауларды шешу тәртібін;
      4) жарғыда көзделген өзге де құжаттарды қабылдайды.
      Ішкі құжаттарды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері бірлестіктерін, актуарийлер бірлестіктерін басқарудың жоғары органы бекітеді және олар өз мүшелерінің орындауы үшін міндетті болып табылады.
      Ескерту. Заң 10-2-баппен толықтырылды - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      11-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметi

      1. Сақтандыру қызметi сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жүзеге асыратын кәсiпкерлiк қызметтiң негiзгi түрi болып табылады.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру қызметiнен басқа қызметтiң мынадай түрлерiн:
      1) осы Заңда белгіленген шектеулерді ескере отырып, инвестициялық қызметтi;
      2) тиiстi жинақтаушы сақтандыру шартында көзделген сатып алу сомасы шегiнде өзiнiң сақтанушыларына қарыз берудi "өмірді сақтандыру" саласында қызметті жүзеге асыратын (сақтандыру ұйымы үшін);
      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметiн автоматтандыру үшiн пайдаланылатын арнаулы бағдарламалық қамтамасыз етудi сатуды;
      4) ақпарат берiлiмдерiнiң кез келген түрлерiнде сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi жөнiнде арнаулы әдебиет сатуды;
      5) өз мұқтаждары үшiн сатып алынған (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшiн) немесе оның қарамағына сақтандыру шарттарын жасасуға байланысты келiп түскен (сақтандыру ұйымы үшiн) мүлiктi сатуды немесе жалға берудi;
      6) сақтандыру қызметiне байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызмет көрсетудi;
      7) сақтандыру (қайта сақтандыру) саласында мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру мақсатында оқытуды ұйымдастыру мен жүргiзудi;
      8) сақтандыру агентi ретiнде сақтандыру делдалы болуды;
      9) осы Заңның 52-бабының 1-тармағында аталған қызметтi;
      10) (алынып тасталды - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен);
      11) сақтандыру ұйымдары арасындағы не сақтандыру ұйымдары мен ассистанс қызметін көрсететін өзге де заңды тұлғалар арасындағы бірлескен қызмет туралы шарттың негізінде жүзеге асырылатын ассистансты;
      12) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген қызметті жүзеге асыруға құқылы.
      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кәсiпкерлiк қызмет ретiнде осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделмеген мәмiлелердi жүзеге асыруы мен операцияларды жүргiзуiне тыйым салынады.
      3-1. Сақтандыру ұйымы өзінде:
      1) ірі қатысушы – жеке тұлға немесе сақтандыру холдингі;
      2) астанада, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда филиалдары және (немесе) сақтандыру агенттері болмаған кезде мазмұны мен шарттары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен айқындалатын міндетті сақтандыру түрлерін жүзеге асыруға құқылы емес.
      Осы тармақтың бірінші бөлігі 1) тармақшасының талабы орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке тиесілі немесе сенімгерлік басқаруға берілген сақтандыру ұйымдарына қолданылмайды.
      4. Сақтандыру ұйымдары, сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретiн ұйым құруға құқылы. Сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретiн ұйымның құрылу тәртiбi мен қызметi Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.
      Сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретiн ұйымға сақтандыру ұйымдарының міндетті қатысуы осы Заңда немесе Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінде көзделеді.
      Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2003.06.11 N 436, 2003.07.10 N 483, 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      11-1. Сақтандыру қызметін жүзеге асырудың жалпы талаптары

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру қызметін (қайта сақтандыру жөніндегі қызметті) жүзеге асыру құқығына лицензиясы, сақтандыруды белгілі бір түрі бойынша жүзеге асырудың жалпы талаптарын айқындайтын сақтандыру қағидалары және ішкі қағидалары болғанда ғана сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқылы.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ішкі қағидалары:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бөлімшелерінің құрылымын, міндеттерін, функциялары мен өкілеттіктерін;
      2) ішкі аудит қызметінің және тұрақты жұмыс істейтін басқа да органдардың құрылымын, мүшелерінің санын, міндеттерін, функциялары мен өкілеттіктерін;
      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының техникалық (сақтандыру), инвестициялық, кредиттік, операциялық, нарықтық және басқа да тәуекелдерді басқару жөніндегі саясатын ашып көрсететін тәуекелдерді басқару жүйесін;
      4) құрылымдық бөлімшелер басшыларының құқықтары мен міндеттерін;
      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лауазымды адамдары мен қызметкерлері ұйымның атынан және ұйымның есебінен мәмілелерді жүзеге асырған кезде солардың өкілеттіктерін;
      6) сақтанушылардың (сақтандырылушылардың), жәбірленушілердің (пайда алушылардың) және олардың өкілдерінің жазбаша және ауызша өтініштерін, сондай-ақ сақтандыру жағдайлары мәселелері бойынша келіп түсетін өтініштер мен құжаттарды тіркеу тәртібін;
      7) сақтандыру жағдайларының мәселелері жөніндегі өтініштер мен құжаттар бойынша оларды қарау және сақтанушыларға (сақтандырылушыларға), жәбірленушілерге (пайда алушыларға) және олардың өкілдеріне жауап беру тәртібі мен мерзімдерін;
      8) сақтандыру төлемін жүзеге асыру мерзімдерін көрсете отырып, сақтандыру төлемі туралы шешімді қабылдау немесе одан бас тартудың дәлелді негіздемесін ұсыну рәсімін;
      9) сақтандыру тәуекелдерін (оның ішінде сақтандыруға қабылданатын мүлікті) және сақтандыру жағдайы бойынша залалдың мөлшерін бағалау тәртібін;
      10) андеррайтердің, аджастердің және сюрвейердің өкілеттіктерін айқындауға тиіс.
      3. Сақтандыру қағидаларын және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ішкі қағидаларын директорлар кеңесі бекітеді.
      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өз штатында актуарийі болмаса, сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқылы емес.
      РҚАО-ның ескертуі!
      Осы абзац 2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі (ҚР 2010.06.30 N 298-IV Заңының 2-бабын қараңыз).
      Тәуелсіз актуарий ретінде тартылатын жағдайларды қоспағанда, актуарий өз қызметін басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында қоса атқаруға құқылы емес.
      РҚАО-ның ескертуі!
      5-тармақ 2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі (ҚР 2010.06.30 N 298-IV Заңының 2-бабын қараңыз).
      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарийдің осы Заңда белгіленген қызметін тексеру үшін тәуелсіз актуарийді тартады.
      Осы тармақтың талаптары аудиторлық ұйым міндетті аудит жүргізген кезде тәуелсіз актуарийді тартқан жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қолданылмайды.
      РҚАО-ның ескертуі!
      6-тармақ 2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі (ҚР 2010.06.30 N 298-IV Заңының 2-бабын қараңыз).
      6. Тәуелсіз актуарий мынадай талаптарға сай болуға тиіс:
      1) тексерілетін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкері болмауы;
      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қызметін жүзеге асыратын сақтандыру саласында кемінде екі жыл актуарийлік қызмет тәжірибесінің болуы;
      3) уәкілетті органның актуарийлік қызметке арналған лицензиясы болуы немесе тізбесі мен талаптарын уәкілетті орган белгілейтін актуарийлердің халықаралық қауымдастығының мүшесі болуы.
      РҚАО-ның ескертуі!
      7-тармақ 2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі (ҚР 2010.06.30 N 298-IV Заңының 2-бабын қараңыз).
      7. Тәуелсіз актуарий сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарийдің қызметін тексеру барысында алынған мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
      8. Сақтандыру ұйымының сақтандыру, оның ішінде сақтандыру нарығына қатысушылармен өзара қарым-қатынастағы қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
      Ескерту. 11-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      12-бап. Өмірді сақтандыру жөнiндегi қызметтi жүзеге
               асырудың ерекшелiктерi

      1. Жинақтаушы сақтандыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарын ескере отырып, өзiнiң сақтанушыларына сатып алу сомасы шегiнде қарыз беруге құқылы.
      2. Сақтандыру ұйымы аннуитеттік сақтандыру шартының қолданысы кезеңінде актуарийдiң қорытындысы негiзiнде уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген тәртiппен тұрақты сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн ұлғайтуға құқылы.
      РҚАО-ның ескертуі!
      3-тармақ 2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі (ҚР 2010.06.30 N 298-IV Заңының 2-бабын қараңыз).
      3. Жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы «Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» немесе «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес аннуитеттік сақтандыру шарттарын жасасқанға дейін сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретiн ұйыммен қатысу шартын жасасуға және аталған ұйымды құру және оның қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңында айқындалған тәртіппен оның акционері болуға міндетті.
      4. Сақтандыру ұйымы сақтанушы инвестицияларға қатысқан, сондай-ақ сақтандырушының пайдасы жағдайында сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруды көздейтін осы Заңның 6-бабының 2-тармағында көрсетілген сақтандыру сыныптары шеңберінде сақтандыру түрлерін әзірлеуге құқылы.
      5. Сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу тәртібі мен ерекшеліктері, сондай-ақ сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу жағдайларын көздейтін сақтандыру шартының мазмұнына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
      Сақтанушының инвестицияларға қатысу жағдайларын көздейтін сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтандыру ұйымы ішкі резервтік қордың орнын толтыратын активтерді уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен және жағдайларда инвестициялық портфельді басқаратын инвестициялық басқармаға беруге міндетті.
      Ішкі резервтік қордың активтерін есепке алуды және сақтауды инвестициялық портфельді басқарушымен жасалған кастодиандық шартқа сәйкес кастодиан жүзеге асырады.
      Ішкі резервтік қордың қаражатын осы Заңда көзделмеген мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді.
      Сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысумен байланысты төлемдерді есепке жазу - аяқталған қаржы жылының қорытындысы бойынша жүргізіледі.
      6. Жинақталған сомаларды есепке ала отырып, сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысуына байланысты төлемдерді жүзеге асыру:
      1) сақтандыру төлемі құрамында сақтандыру жағдайы басталған;
      2) сақтандыру төлемі құрамында жинақтаушы сақтандыру мерзімі аяқталған;
      3) сатып алу сомасы құрамындағы сақтандыру шарты мерзімінен бұрын бұзылған жағдайларда жүргізіледі.
      Сақтанушының акционерлермен (жалғыз акционермен) және (немесе) сақтандыру ұйымының аффилиирленген тұлғаларымен сақтандырушының пайдасына қатысу жағдайларын көздейтін сақтандыру шартын жасасуға жол берілмейді.
      Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      13-бап. Ортақ сақтандыру жөнiндегi қызмет

      1. Сақтандыру пулын жасау арқылы тәуекелдерді сақтандыруды жүзеге асыру кезінде ортақ сақтандыру шарты жетекші сақтандыру ұйымының функциялары мен өкілеттіктерін өзіне қабылдайтын сақтандыру ұйымының талаптары негізінде жасалады.
      2. Лицензиясында тиiстi сақтандыру сыныбы көрсетiлмеген сақтандыру ұйымының ортақ сақтандыру iсiне қатысуына тыйым салынады.
      Ескерту. Заң 13-баппен толықтырылды - ҚР 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      14-бап. Лицензиясыз қызметке тыйым салу

      1. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның тиiстi лицензиясы жоқ бiрде-бiр тұлғаның:
      1) өз атынан сақтандыру, қайта сақтандыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға, негiзгi немесе Қосымша қызмет түрi ретiнде сақтандыру брокерiнiң, актуарийдiң қызметiн көрсетуге;
      2) өзiнiң атауында, құжаттарда, хабарландырулар мен жарнамада "сақтандыру", "қайта сақтандыру", "сақтандыру ұйымы", "қайта сақтандыру ұйымы", "сақтандыру брокерi" деген сөздердi немесе оның өз атынан сақтандыру немесе қайта сақтандыру операцияларын жүзеге асыруды бiлдiретiн не сақтандыру брокерi, актуарий ретiнде көрiнетiн туынды сөздердi (сөз тiркестерiн) кез келген тілде пайдалануға құқығы жоқ.
      2. Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актісінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті органның лицензиясынсыз сақтандыру қызметін жүзеге асыруға тыйым салынады.
      Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.05.05 N 139, 2006.07.05 N 164, 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

      15-бап. Шекарааралық сақтандыру (қайта сақтандыру)

      1. Сақтандыру ұйымының басқа мемлекеттiң аумағында сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға байланысты сақтандыру трансшекаралық сақтандыру болып табылады.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзі қайта сақтандыруға қабылдаған сақтандыру тәуекелдерін беруі пруденциялық нормативтерді есептеу тәртібіне қойылатын талаптар ескеріліп жүзеге асырылады.
      3. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге шығатын автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру шартын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының резидентi емес сақтандыру ұйымының атынан сақтандыру шартын жасасу жөнiндегi делдалдық қызметке жол берiлмейдi.
      4. Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының резидентi емес сақтандыру ұйымының атынан Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге шығатын автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру шарттарын жасасу жөнiндегi делдалдық қызметтi тиiстi сақтандыру сыныбы көрсетiлген уәкiлеттi мемлекеттiк органның лицензиясы бар Қазақстан Республикасының резиденттерi - сақтандыру ұйымдары және аталған Қазақстан Республикасының резидентi емес сақтандыру ұйымымен жасалған тиiстi шарты болған жағдайда Қазақстан Республикасының резиденттерi - сақтандыру брокерлерi жүзеге асыра алады.
      5. Алынып тасталды - ҚР 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      Ескерту. 15-бапқа өзгертулер енгізілді - ҚР 2003.07.10 N 483, 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      15-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының
                 жеңілдікті жағдайлар жасауына тыйым салу

      Ескерту. Заң 15-1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғаларына жеңілдікті жағдайлар жасауына тыйым салынады.
      2. Жеңілдікті жағдайлар жасау:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғасымен мәмілеге келуді немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзінің табиғаты, мақсаты, ерекшеліктері мен тәуекелі бойынша аффилиирленген тұлға болып табылмайтын клиенттермен оның мүддесі үшін мәмілеге келмеуін;
      2) сақтандыру тарифін төмендетіп қолдануды не басқа сақтанушыларға қарағанда жоғары сақтандыру төлемін жүзеге асыруды білдіреді.
      3. Алып тасталды - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғасымен мәміле осы баптың 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесінің шешімі бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғаларына берілген (орналастырылған) активтерге қатысты талап құқықтарынан бас тарту кейіннен акционерлердің жалпы жиналысын хабардар ету арқылы жүзеге асырылады.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғасы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және:
      өзі;
      өзінің кез келген жақын туыстарының бірі немесе оның жұбайы (зайыбы);
      өзі немесе жақын туыстарының бірі, оның жұбайы (зайыбы) лауазымды адамы немесе ірі қатысушысы болып табылатын кез келген заңды тұлға арасындағы кез келген мәмілені қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға қатыспауға тиіс.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғасы арасындағы кез келген мәміле бойынша директорлар кеңесінің шешімі оның барлық шарттарын директорлар кеңесі қарағаннан кейін ғана қабылдануы мүмкін.
      4-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын иеленетін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы – жеке тұлға немесе сақтандыру холдингі осы Заңның 26-бабында белгіленген тиісті мәртебені алу шеңберінде ұсынған бизнес-жоспарды қарайды.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушының (сақтандыру холдингінің) бизнес-жоспарын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының даму стратегиясына (даму жоспарына) енгізу не енгізбеу туралы тиісті шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы директорлар кеңесінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушының (сақтандыру холдингінің) бизнес-жоспарын қарау нәтижелері туралы хабарлауға міндетті.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының даму стратегиясының (даму жоспарының) сақталуын қамтамасыз етеді.
      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғаларымен жасалатын барлық мәмілелер туралы ақпаратты уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген нысандар бойынша беруге міндетті.
      6. Осы баптың талаптары:
      1) мынадай шарттардың бірі:
      тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингінің, сондай-ақ сақтандыру холдингінде, сақтандыру холдингінің белгілерін иеленген тұлғада шыққан елдің қаржылық қадағалау органының аталған Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалар шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауының болуы;
      тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен, бірақ Қазақстан Республикасына берілген шетел валютасындағы тәуелсіз рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингінің, сондай-ақ уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органының арасында ақпарат алмасу туралы келісімнің болуы орындалған кезде сақтандыру холдингі, сақтандыру холдингінің белгілерін иеленген тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместерін;
      2) банк конгломераттарының құрамына кіретін банк холдингтері болып табылатын сақтандыру холдингтерін қоспағанда, сақтандыру холдингтеріне қолданылады.
       Ескерту. Заң 15-1-баппен толықтырылды - ҚР 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгеріс енгізілді - 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      16-бап. Сақтандыру ұйымына сақтанушыларға ақпарат беру
               жөнiнде қойылатын талаптар

      1. Тұрақты жұмыс iстейтiн органының орналасқан жерi өзгерген, атауы өзгерген жағдайда сақтандыру ұйымы бұл жөнiнде өзiнiң сақтанушыларына республикалық екi газетте хабарландыру жариялау арқылы бiр айдан кешiктiрмей хабарлауға мiндеттi.
      Өзiнiң оқшауланған бөлiмшесiнiң орналасқан жерi өзгерген жағдайда сақтандыру ұйымы бұл жөнiнде өзiнiң сақтанушыларына тиiстi екi облыстық газетте хабарландыру жариялау арқылы бiр айдан кешiктiрмей хабарлауға мiндеттi.
      2. Сақтандыру ұйымы сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензияның тиiстi түрде куәландырылған көшiрмесiн оны көрiп, танысуға болатын жерге орналастыруға мiндеттi.
      2-1. Сақтандыру ұйымы сақтандыру қызметін жүзеге асыру шеңберінде қызметтер көрсеткені үшін сақтандыру сыныптары бойынша және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес сақтандыру тарифтерінің мөлшері туралы ақпаратты интернет-ресурста немесе клиенттердің көруі үшін қолжетімді жерде орналастыруға және жаңартылған күйде ұстауға мiндеттi.
      3. Сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтанушының сақтандыру ұйымынан оның қызметiнiң пайдалары мен шығындары туралы бухгалтерлік баланс пен есептен тұратын жылдық қаржы есебiн және аудиторлық ұйым куәландырған аудиторлық есептi, сондай-ақ сақтандыру құпиясын, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрамайтын өзге де ақпаратты сұратып алуға құқығы бар.
      Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2003.07.10 N 483, 2006.05.05 N 139, 2009.07.11 N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      16-1-бап. Сақтандыру брокерін құру

      1. Сақтандыру брокерінің ұйымдық-құқықтық нысаны жауапкершілігі шектеулі серіктестік не акционерлік қоғам болып табылады.
      2. Сақтандыру брокерінің атауы "сақтандыру брокері" деген сөздерден немесе осы сөздерден туындайтын сөздерден құралуға тиіс.
      3. Сақтандыру брокеріне өз атауында "ұлттық", "орталық", "бюджеттік", "республикалық" деген сөздерді пайдалануға тыйым салынады.
      4. Бұрын құрылған сақтандыру брокерлерінің, соның ішінде Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру брокерлерінің атауларымен аралас дәрежеге дейінгі бірегей немесе ұқсас белгілерді атауы ретінде пайдалануға жол берілмейді. Осы тыйым салу еншілес сақтандыру брокері өзінің бас ұйымының атауын пайдаланған жағдайда қолданылмайды.
      5. Сақтандыру брокерін мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жүргізіледі.
      Ескерту. Заң 16-1-баппен толықтырылды - ҚР 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      16-2-бап. Сақтандыру брокерінің құрылтайшыларына
                 қойылатын талаптар

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе оның қызметкерлерінің сақтандыру брокерін құруына немесе оның қызметіне қатысуына тыйым салынады.
      2. Сақтандыру брокерінің құрылтайшылары мен қызметкерлеріне бір мезгілде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында қызмет атқаруға болмайды.
      Ескерту. Заң 16-2-баппен толықтырылды - ҚР 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      16-3-бап. Сақтандыру брокерінің жарғылық капиталын
                 қалыптастыру

      1. Сақтандыру брокерінің құрылтайшылары, қатысушылары не акционерлері сатып алынатын қатысу үлестерін не акцияларды ұлттық валютадағы ақшамен ғана төлеуге міндетті.
      2. Құрылатын сақтандыру брокерінің жарғылық капиталының ең аз мөлшерін оның құрылтайшылары оны мемлекеттік тіркеу сәтіне дейін толық төлеуге тиіс.
      3. Жарғылық капиталдың ең аз мөлшеріне және сақтандыру брокері қызметінің өзге де шарттарына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
      Ескерту. Заң 16-3-баппен толықтырылды - ҚР 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

4-тарау. САҚТАНДЫРУ ДЕЛДАЛДЫҒЫ

      17-бап. Сақтандыру брокерінің қызметі және оған
               қойылатын талаптар

      1. Сақтандыру брокерінің қызметі ерекше қызмет түрі болып табылады және уәкілетті органның лицензиялауына жатады. V074731
      Сақтандыру брокерінің сақтандыру агенті қызметін жүзеге асыруына тыйым салынады.
      2. Сақтандыру брокері мынадай брокерлік қызмет түрлерін: V042715
      1) өз атынан және сақтанушының тапсырмасы бойынша сақтандыру шарттарын немесе өз атынан және цеденттің тапсырмасы бойынша қайта сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті;
      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) мәселелері бойынша консультация беру қызметін;
      3) сақтандыруға (қайта сақтандыруға) жеке және заңды тұлғаларды іздеу мен тартуды;
      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары көрсететін қызметтерге және қаржылық жағдайына салыстырма талдау жасауды;
      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары көрсететін қызметтерге салыстырма талдау жасау мақсатында сақтандыру объектілері туралы ақпарат жинауды;
      6) клиенттердің тапсырмасы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын, сақтандырушыларды (қайта сақтандырушыларды) таңдау өлшемдерін әзірлеу, сақтандыру тәуекелдерін анықтау жөніндегі сараптамалық қызметтер көрсетуді;
      7) сақтанушының (цеденттің) тапсырмасы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасасуға қажетті құжаттарды дайындау және (немесе) ресімдеуді, сақтандыру мәселелері бойынша ақпарат жинауды;
      8) сақтанушының (цеденттің) тапсырмасы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын ресімдеуді;
      9) сақтанушымен (цедентпен) тиісті келісім болғанда, оларды кейіннен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына аудару үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтанушылардан (цеденттерден) сақтандыру сыйлықақыларын жинауды;
      10) клиенттердің тапсырмасы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) немесе ортақ сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру тәуекелдерін орналастыруды;
      11) сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасасу, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру, сақтандыру жағдайы басталғанда шағымдарды қарау кезіндегі құжаттардың, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасуға байланысты басқа да құжаттардың дұрыс және уақтылы ресімделуін қамтамасыз етуді;
      12) консультация өткізуді және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушының (цеденттің), пайда алушының сақтандыру төлемін алуына жәрдемдесуді;
      13) берілген өкілеттіктерге сәйкес сақтандыру төлемін алуға қажетті құжаттарды ресімдеуді;
      14) сақтанушының (цеденттің) тапсырмасы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарынан сақтандыру төлемдерін оларды кейіннен сақтанушыға (цедентке), пайда алушыға беру үшін жинауды;
      15) мүдделі тұлғалардың тапсырмасы бойынша сақтандыру жағдайы туындаған кезде шығынды қарау және реттеу жөніндегі құжаттар дайындауды;
      16) залалды бағалау және сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындау жөніндегі сарапшылар қызметін ұйымдастыруды жүзеге асырады.
      3. Сақтандыру брокері өз қызметін жүзеге асыру кезінде сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының тарапы болып табылмайды.
      4. Сақтандыру брокерінің негізгі құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі сақтандыру брокері қызметін жүзеге асырудың ішкі ережелерінде айқындалуға тиіс.
      5. Сақтандыру брокеріне ол осы баптың 2-тармағында аталған брокерлік қызметті сақтанушының (цеденттің) мүддесінде жүзеге асырғаны үшін кез келген сыйақыны тек қана сақтанушы (цедент) төлеуге тиіс.
      6. Егер сақтандыру брокері және (немесе) оның үлестес тұлғасы бір сақтандыру тәуекелі бойынша сақтандыру және қайта сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асырған жағдайда сақтандыру брокеріне және (немесе) оның үлестес тұлғасына сыйақыны сақтанушы төлейді.
      Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      18-бап. Сақтандыру агентiнiң делдалдық қызметi және оған
               қойылатын талаптар

      1. Сақтандыру агентiнiң сақтандыру нарығында делдалдық қызметтi жүзеге асыруға өкiлеттiгi осы Заңның және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптары ескеріле отырып, тапсырма шартында айқындалады.
      Сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агентінің арасында жасалатын тапсырма шартына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
      Сақтандыру агентi сақтандыру ұйымы өкілеттік берген іс-әрекеттерді өзі жасайды және оларды жасауды өзге адамға қайта сенім білдіріп тапсыруға құқылы емес.
      Сақтандыру агентінде өкiлеттiктер болмаған жағдайда оның сақтандыру агентi ретiндегi қызметiне жол берiлмейдi.
      2. Сақтандыру ұйымы өзiнiң атынан және оның тапсырысы бойынша сақтандыру агентi жасасқан сақтандыру шарты бойынша мiндеттемелердi орындауға міндетті.
      Сақтандыру ұйымы сақтандыру агентiнің мынадай іс-әрекеттерді жасағаны:
      1) сақтандыру шарттарын жасасқаны, сондай-ақ сақтандыру агентінің белгіленген өкілеттіктерден тыс іс-әрекеттер жасағаны;
      2) уәкілетті органның лицензиясы жоқ сақтандыру ұйымының сақтандыру сыныптары мен түрлері бойынша сақтандыру шарттарын жасасқаны;
      3) сақтандыру шартын жасасу талаптары бойынша сақтанушыны әдейі шатастырғаны;
      4) сақтандыру шартын және олардың негізінде сақтандыру шарты жасалатын құжаттарды ресімдеу жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарды сақтамағаны;
      5) Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасының талаптарын өзге де бұзушылықтары үшін жауаптылықта болады.
      Сақтандыру ұйымы сақтандыру агентiнің Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген делдалдық қызметті жүзеге асыруына байланысты емес іс-әрекеті үшін жауаптылықта болмайды.
      3. Сақтандыру агентi сақтауға мiндеттi шарттар, оның iшiнде сақтандыру есептілігі бланкiлерiнiң есебiн жүргiзу мен сақтау, қолма-қол ақшамен жұмыс істеу мәселелерi жөнiндегi шарттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары ескерiле отырып, сақтандыру ұйымының iшкi құжаттарында белгiленедi.
      РҚАО-ның ескертуі!
      4-тармақ 2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі (ҚР 2010.06.30 N 298-IV Заңының 2-бабын қараңыз).
      4. Сақтандыру агентiне сақтандыру ұйымының атынан және оның тапсырмасы бойынша сақтандыру шарттарын жасасу кезінде сақтандыру сыйлықақысын төлеуге сақтанушыдан төлемді қолма-қол ақшамен қабылдауға тыйым салынады.
      Осы шектеу сақтандыру агентiнің Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келетін адамдардан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу бекеттерінде сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеуге төлемді қолма-қол ақшамен қабылдауына қолданылмайды.
      5. Сақтандыру агентiне тапсырма шарты бойынша оған тиесілі сыйақыны сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақыларынан ұстап қалуына тыйым салынады.
      6. Осы Заңның 18-2-бабында көзделген өкілеттіктер шегінде бір сақтандыру шарты бойынша екі немесе одан да көп сақтандыру агентінің делдалдық қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.
      7. Сақтандырушының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес сақтандыру шарттарын жасасу бойынша делдалдық қызмет көрсеткені үшін сақтандыру агентіне төлейтін комиссиялық сыйақының мөлшері:
      жеке тұлға үшін – осы шарт бойынша төленуге жататын есепке жазылған сыйлықақы мөлшерінің он пайызынан;
      заңды тұлға үшін – осы шарт бойынша төленуге жататын есепке жазылған сыйлықақы мөлшерінің он бес пайызынан аспауға тиіс.
      8. Комиссиялық сыйақының құрамына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру агентіне қатысты шығыстарының барлық түрлері, оның ішінде жалға алуға ақы төлеу жөніндегі шығыстары, сыйақылардың кез келген түрлері, сондай-ақ кез келген мүлікті немесе материалдық пайданы беру кіреді.
      Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      18-1-бап. Сақтандыру агентінің делдалдық қызметін
                жүзеге асыратын адамдарға, сондай-ақ олардың
                есебін жүргізу және оқыту тәртібіне қойылатын
                талаптар

      1. Мыналар:
      1) кәмелеттік жасқа толмаған;
      2) сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз не әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;
      3) орта білімі жоқ;
      4) осы баптың 4-тармағында көзделген талаптарға сәйкес оқытудан өтпеген;
      5) еңбек шарты негізінде сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерінің қызметкері болып табылатын;
      6) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
      7) бұрын уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын мәжбүрлеп сатып алулицензиядан айыру, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдағанға дейінгі бір жылдан аспайтын кезеңде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің не өзге де қаржы ұйымының не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған басқа да заңды тұлғаның басшы қызметкері лауазымын атқарған жеке тұлға сақтандыру агентінің делдалдық қызметін жүзеге асыруға құқылы емес. Аталған талап уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, лицензиядан айыру, мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдағаннан не заңды тұлғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банкрот деп танығаннан кейін бес жыл бойы қолданылады;
      8) біліктілігінің жеткіліксіздігі салдарынан қызметкер атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеген жағдайда сақтандыру брокерінің, сақтандыру агентінің - заңды тұлғаның бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған, бұрын сақтандыру брокерінің, сақтандыру агентінің - заңды тұлғаның қызметкері болған жеке тұлға сақтандыру агентінің делдалдық қызметін жүзеге асыруға құқылы емес. Аталған талап сақтандыру брокерінің, сақтандыру агентінің - заңды тұлғаның бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған күннен бастап бес жыл бойы қолданылады.
      2. Сақтандыру ұйымы сақтандыру агенттерінің тізілімін жүргізуге және оны сақтандыру қызметтерін тұтынушылардың шолу жасауы мен танысуы үшін (интернет-ресурстарды қоса алғанда) қолжетімді жерге орналастыруға міндетті.
      Сақтандыру агентінің делдалдық қызметін жүзеге асыратын адамдардың осы баптың 1-тармағының талаптарына сәйкестігі және оқытудың ең қысқа бағдарламасы бойынша емтихандар тапсырғанын растайтын құжаттың болуы сақтандыру агенттерінің тізіліміне енгізуге негіз болып табылады.
      Заңды тұлға болып табылатын сақтандыру агенті осы баптың 1-тармағының талаптарына сәйкес сақтандыру шарттарын жасасу лауазымдық міндеттеріне кіретін қызметкерлерді міндетті түрде көрсете отырып және оларда оқытудың ең қысқа бағдарламасы бойынша емтихандар тапсырғанын растайтын құжаттары болған кезде сақтандыру агенттерінің тізіліміне енгізілуге жатады.
      Лауазымдық міндеттеріне сақтандыру шарттарын жасасу кіретін сақтандыру агенті – заңды тұлға қызметкерлерінің саны екі адамнан кем болмауға тиіс.
      3. Сақтандыру ұйымы сақтандыру агентінің делдалдық қызметін жүзеге асыратын адамдардың тізілімін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен және мерзімде уәкілетті органға табыс етуге міндетті.
      4. Оқуды ұйымдастыруды және оқытудың ең қысқа бағдарламасы бойынша емтихандар тапсырғанын растайтын тиісті құжат беруді сақтандыру ұйымы жүзеге асырады.
      Оқытудың ең қысқа бағдарламасын және оқытуды жүргізудің тәртібіне қойылатын талаптарды уәкілетті орган белгілейді.
      Сақтандыру ұйымы сақтандыру агентіне басқа сақтандыру ұйымы берген оқытудың ең қысқа бағдарламасы бойынша емтихандар тапсырғанын растайтын құжатты танымауға құқылы.
      5. Сақтандыру агенттерінің тізілімінен шығаруға:
      1) сақтандыру агентінің қатарынан он екі ай ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бірнеше рет бұзғандығының анықталғаны туралы сақтандыру ұйымы шығарған уәкілетті органның жазбаша нұсқамасы;
      2) тапсырма шартының талаптарынан туындайтын міндеттерді сақтандыру агентінің орындамағанын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына қайшы келетін сақтандыру шарттарын жасасқанын сақтандыру ұйымының анықтауы;
      3) сақтандыру агентінің делдалдық қызметін жүзеге асыратын адамның осы баптың 1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеуін уәкілетті органның, сақтандыру ұйымының анықтауы негіз болып табылады.
      Сақтандыру агенті осы тармақта көзделген негіздер бойынша сақтандыру агенттерінің тізілімінен шығарылған жағдайда, аталған адамға ол шығарылған сәттен бастап бес жыл бойы сақтандыру агентінің қызметін жүзеге асыруға тыйым салынады.
      Ескерту. 18-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      18-2-бап. Сақтандыру агентінің құқықтары мен міндеттері

      1. Сақтандыру агенті өз қызметінде:
      1) осы Заңның 18 және 18-1-баптарында көзделген шектеулерді ескере отырып, бір немесе бірнеше сақтандыру ұйымдарының атынан және оның тапсырмасы бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыруға;
      2) сақтандыру ұйымынан лицензиясының бар екендігі және қаржылық есептілік деректері туралы дұрыс ақпарат алуға;
      3) сақтандыру бойынша консультативтік қызметті жүзеге асыруға;
      4) өзінің делдалдық қызметін қолма-қол ақшасыз төлеммен жүзеге асырғаны үшін сақтандыру ұйымынан сыйақы алуға құқылы.
      2. Сақтандыру агенті өз қызметінде:
      1) сақтанушыға тапсырма шартын, сондай-ақ:
      оның жеке басын куәландыратын;
      сақтандыру агенттерінің тізілімінде оның деректерінің бар екендігін растайтын құжаттарды көрсетуге;
      2) сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған сақтандыру ұйымы лицензиясының көшірмесін қоса алғанда, өзі сақтандыру агенті болып табылатын сақтандыру ұйымы туралы ақпарат беруге;
      3) жасасатын сақтандыру шарты бойынша сақтандыру қағидаларымен сақтанушыны таныстыруға және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 828-бабында көзделген жағдайларда қағидалардың көшірмесін беруге;
      4) ақпарат және, бар болса, - жасасатын сақтандыру шарты бойынша барлық қажетті құжаттарды беруге;
      5) сақтандыру шартын жасасу кезінде құжаттарды дұрыс және уақтылы ресімдеуді қамтамасыз етуге;
      6) делдалдық қызметті жүзеге асыру кезінде алынған ақпараттың жабықтығын қамтамасыз етуге міндетті.
      Ескерту. 4-тарау 18-2-баппен толықтырылды - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

5-тарау. АКТУАРИЙЛІК ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ АУДИТ

      19-бап. Актуарийлiк қызмет

      1. Актуарийлiк қызметтi жүзеге асыруға уәкiлеттi мемлекеттiк орган берген лицензиясы бар жеке адам актуарий болуға құқылы.
      2. Актуарийлiк қызмет осы Заңға және уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес, сондай-ақ актуарийлiк қызметтi жүзеге асырудың халықаралық принциптерi (стандарттары) ескерiле отырып жүзеге асырылуға тиiс.
      3. Актуарийлiк есептеулер мынадай негiздер бойынша:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бастамасы бойынша - бастамашылық актуарийлiк есептеулер;
      2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда - мiндеттi актуарийлiк есептеулер жүргiзiледi.
      4. Актуарийлiк есептеулер жүргiзу кезiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мiндеттi актуарийлiк есептеулер мен қорытындыларды жасау және дайындау үшiн қажеттi, актуарий талап еткен қолда бар құжаттар мен мәлiметтердiң бәрiн беруге мiндеттi.
      5. Актуарий өзi жасаған актуарийлiк есептеулер мен қорытындылардың дұрыстығы мен дәлдiгiне Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен жауап бередi.
      6. Актуарий, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру резервтерiн қалыптастыру жөнiндегi талаптарды сақтамағандығы туралы өзi анықтаған фактiлердi уәкiлеттi мемлекеттiк органға дереу хабарлауға мiндеттi.
      7. Тәуелсіз актуарий сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарий жүргізген есептердің дұрыстығын тексеру нәтижесін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімде уәкілетті органға жібереді.
      Ескерту. 19-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.07.26 N 313 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.07.15 № 338-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      20-бап. Аудит

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аудитін Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес аудит жүргізуге құқығы бар аудиторлық ұйым жүргізеді.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру холдингі және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымдар, сондай-ақ сақтандыру тобына кіретін ұйымдар өз қызметiнiң аудитiн қатарынан жетi жылдан астам - бiр аудиторлық ұйымда не қатарынан бес жылдан астам - аудиторлық ұйымда жұмыс iстейтiн аудиторда жүргiзуге құқылы емес.
      Осы тармақтың талабы банк конгломератының құрамына кіретін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қолданылмайды.
      3. Сақтандыру тобына бас ұйым және Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын оның еншілес ұйымдары ретінде кіретін ұйымдардың аудитін белгілі бір аудиторлық ұйым жүзеге асырады. Сақтандыру тобының құрамына кіретін бас ұйымның және Қазақстан Республикасының резиденттері емес оның еншілес ұйымдарының аудитін, осындай аудит жүргізу олар резидент болып табылатын ел заңнамасының талаптарына қайшы келмейтін жағдайларда, белгілі бір аудиторлық ұйым жүзеге асыруға тиіс.
      РҚАО-ның ескертуі!
      4-тармақ 2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі (ҚР 2010.06.30 N 298-IV Заңының 2-бабын қараңыз).
      4. Аудиторлық ұйым сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аудитін тәуелсіз актуарийді тарту арқылы жүргізуге құқылы.
      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының құрамына кіретін басқа да заңды тұлғалардың қаржылық есептілігінің аудиторлық есебі коммерциялық құпияны құрамайды.
      6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз құрылымында қызметі лицензиялауға жатпайтын ішкі аудит қызметі (аудитор) болуы міндетті.
      7. Ішкі аудит жүргізу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын ескере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиісті ішкі құжаттарында айқындалады.
      8. Қаржы жылының қорытындылары бойынша аудит жүргізу сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру холдингтері және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымдар, сақтандыру брокерлері үшін міндетті. Аудиторлық ұйымның жүргізілген аудит туралы есебі мен ұсынымдарының көшірмелерін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру холдингтері, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымдар мен аудиторлық ұйымдар осы құжаттарды алған күннен бастап немесе оларды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, сақтандыру холдингтеріне және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымдарға берген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органға табыс етуге тиіс.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы аудиторлық есептің көшірмесін алғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының капиталында қомақты қатысуы бар басқа заңды тұлғаға табыс етуге міндетті.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру холдингінің шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін аудиторлық ұйым растауға тиіс.
      9. Өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын, Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру холдингі аудиторлық есептің көшірмесін және аудиторлық ұйымның ұсынымдарын өзі осы құжаттарды қазақ немесе орыс тілдерінде алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органға табыс етеді.
      Өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру холдингінің шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін өзі орналасқан елдегі қаржы ұйымдарына аудит жүргізуге құқылы аудиторлық ұйым растауға тиіс.
      10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру холдингі және сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйым аудиторлық есепте көрсетілген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының қаржылық жағдайына әсер ететін бұзушылықтарды аталған тұлғалар аудиторлық есепті алған күннен бастап үш ай ішінде жоймаған жағдайда, уәкілетті орган бұзушылықтар жойылғанға дейін:
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты осы Заңның 54-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасы негізінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лицензиясының қолданысын тоқтата тұруға;
      сақтандыру холдингіне, сақтандыру холдингінің құрамына кіретін ұйымға қатысты осы Заңның 53-1-бабының 2-тармағында көзделген шараларды қолдануға құқылы.
      Осы есепті алған күннен бастап бір жыл ішінде бұзушылықтар жойылмаған жағдайда уәкілетті орган:
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты - осы Заңның 55-бабы 1-тармағының 1) тармақшасы негізінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиядан айыруға;
      сақтандыру холдингіне қатысты - осы Заңның 53-1-бабының 3-тармағында көзделген шараларды қолдануға құқылы.
      Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

6-тарау. САҚТАНДЫРУ (ҚАЙТА САҚТАНДЫРУ) ҰЙЫМДАРЫН ҚҰРУ

      21-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының
               құрылтайшылары мен акционерлерi

      1. Жеке және заңды тұлғалар - Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резидент еместерi осы Заңда және уәкілетті мемлекеттiк органның өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген талаптарды ескере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының құрылтайшылары және акционерлерi бола алады.
      2. Мемлекет Қазақстан Республикасының Үкiметi және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арқылы ғана сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшысы және акционерi бола алады.
      Ұлттық басқарушы холдингті қоспағанда, жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң немесе орналастырылған акцияларының елу процентiнен астамы мемлекетке тиесiлi ұйымдар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының құрылтайшылары және акционерлерi бола алмайды.
      3. (алып тасталды)
      РҚАО-ның ескертпесі!
      15-тармақ 2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі.
      4. Тізбесін уәкілетті орган белгілейтін, оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының резиденттері - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының дауыс беретін акцияларын тікелей немесе жанама түрде иелене алмайды және (немесе) пайдалана алмайды және (немесе) оларға билік ете алмайды.
      Аталған шектеу рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төменгі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резиденттері емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының еншілес ұйымдары болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қолданылмайды.
      Рейтингтік агенттіктердің тізбесі және талап етілетін ең төменгі рейтинг уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
      5. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысатын акционер (Қазақстан Республикасының резидент банкі болып табылатын акционерді қоспағанда) өтініш табыс етеді, онда, егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында мұндай акционерлердің (қатысушылардың) тіркелген елі туралы ақпарат жоқ болған жағдайда, оның акционерлерінің (қатысушыларының) осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің талаптарын орындауы туралы көрсетеді.
      Аталған өтінішті табыс етпеген акционер акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға жіберілмейді.
      Өтініште көрсетілген ақпараттың дәйексіз екені анықталған не осы баптың 4-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген талаптарды бұзу анықталған кезде:
      1) егер дауыс беретін акциялардың көпшілігі (өтінішті табыс еткен акционердің дауыс беретін акциялары ескерілмей) шешімді жақтап дауыс берсе, онда акционерлердің жалпы жиналысының шешімі осы акционердің дауыстары ескерілмей қабылданған болып есептеледі;
      2) егер өтінішті табыс еткен акционердің дауысы шешуші болса, онда бұл мән-жай Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органның не өзге де мүдделі тұлғалардың талабы бойынша акционерлердің жалпы жиналысының шешімін жарамсыз деп тануға негіз болып табылады.
      Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.07.07 N 178, 2007.07.26 N 313 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      22-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құқықтық
               мәртебесi

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық ұйым болып табылады және өз қызметiн осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырады.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құқықтық мәртебесi заңды тұлғаның әдiлет органдарында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ретiнде мемлекеттiк тiркелуiмен және сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиясының болуымен айқындалады.
      Ескерту. 22-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      23-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өз жарғысында жазылған атауды өз атауы ретiнде пайдаланады.
      2. "Жалпы сақтандыру" саласындағы қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының толық атауында мiндеттi түрде "сақтандыру" деген сөз немесе содан туындаған сөз болуға тиiс.
      3. "Өмiрдi сақтандыру" саласындағы қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының толық атауында мiндеттi түрде "өмiрдi сақтандыру" деген сөздер немесе содан туындаған сөздер болуға тиiс.
      4. Тек қана қайта сақтандыру қызметiн жүзеге асыратын қайта сақтандыру ұйымының толық атауында мiндеттi түрде "қайта сақтандыру" деген сөздер немесе содан туындаған сөз болуға тиiс.
      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз атауында "ұлттық", "орталық", "бюджеттiк", "республикалық" деген сөздердi пайдалануына тыйым салынады.
      6. Атау ретiнде бұрынғы құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, оның iшiнде Қазақстан Республикасының резидентi емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының атауындағы белгiлермен бiрдей немесе онымен араластыру дәрежесiне дейiн соған ұқсас сөздердi белгi атауы ретiнде пайдалануға жол берiлмейдi. Мұндай тыйым салу, еншiлес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары негiзгi ұйымның атауын пайдаланған жағдайда қолданылмайды.

      24-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының органдары

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мiндеттi түрде мынадай алқалық органдар құрады:
      1) директорлар кеңесi - басқару органы;
      2) басқарма - атқарушы орган;
      3) iшкi аудит қызметi - бақылау органы.
      Жалпы сақтандыру" саласында қызметті жүзеге асыратын жаңадан құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уәкілетті органның лицензиясын алған кезден бастап екі жыл ішінде, ал "өмірді сақтандыру" саласында - үш жыл ішінде бір аудиторы болуы мүмкін.
      2. Қазақстан Республикасының заңдарында акционерлiк қоғамның тек қана директорлар кеңесiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелерге қосымша, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесi аудиторлық ұйымның аудиторлық есебiнiң, ішкі аудит қызметінің немесе актуарийдiң негiзiнде белгiленген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабiлеттiлiгi жөнiндегi заң талаптарының бұзылуына байланысты мәселелердi қарауға құзыреттi.
      Ескерту. 24-бапқа өзгертулер енгізілді - ҚР 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.05.05 N 139, 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      25-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық
               капиталын қалыптастыру

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын қайта ұйымдастыру кезінде оның акцияларына ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, орналастырған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларына ақы тек қана Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ақшамен төленуге тиіс.
      2. Заңды тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құрған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын меншікті оң капиталы болған ретте ғана сатып алады. Бұл шектеу жинақтаушы зейнетақы қорларына (зейнетақы активтері есебінен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алатын) және инвестициялық қорларға қолданылмайды.
      3. алып тасталды.
      4. Құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталының ең аз мөлшерiн оның құрылтайшылары оны мемлекеттiк тiркеуден өткiзген кезге дейiн толық төлеуге тиiс.
      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкiлеттi мемлекеттiк органның келiсiмiмен ғана акционерлерден меншiктi акцияларын сатып алуға, мәмiле жасау нәтижесiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабiлетi мәселелерiне қатысты заң талаптары бұзылмайтын жағдайда құқылы.
      Ескерту. 25-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2003.05.16 N 416, 2003.07.10 N 483, 2005.0708 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      26-бап. Сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру)
               ұйымына ірі қатысушы

      1. Бірде-бір тұлға уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алмай дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының он немесе одан көп пайызын тікелей немесе жанама түрде иелене, пайдалана және (немесе) оларға билік ете алмайды, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қабылдайтын шешімдерге сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының он немесе одан көп пайызы мөлшерінде бақылау жасай алмайды немесе ықпал ету мүмкіндігі болмайды. Бұл талап мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларға қолданылмайды.
      Қазақстан Республикасының резиденттері емес заңды тұлғалар рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төмен рейтингі болған кезде сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісімін ала алады. Талап етілетін ең төмен рейтинг және рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған акцияларының он немесе одан көп пайызын тікелей иеленетін немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызымен дауыс беру мүмкіндігі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы болып табылатын, талап етілетін ең төмен рейтингі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғаның акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену (олармен дауыс беру) арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған акцияларының он немесе одан көп пайызын жанама түрде иеленуді немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін  акцияларының он немесе одан көп пайызымен жанама түрде дауыс беруді көздейтін Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғасы үшін аталған рейтингтің болуы талап етілмейді.
      Өзінің орналасқан елінде шоғырландырылған қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы ғана сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып) акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын тікелей иеленетін немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызымен тікелей дауыс беру мүмкіндігі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру холдингі болып табылуы мүмкін.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім беру, келісімді кері қайтарып алу қағидаларын, аталған келісімді алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптарды уәкілетті орган айқындайды.
      3. Мыналарды:
      мемлекетті немесе ұлттық басқарушы холдингті;
      сақтандыру холдингін;
      жанама түрде иелену сақтандыру холдингі арқылы жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, өзге қаржы ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып) немесе дауыс беретін акцияларының жиырма бестен кем пайызына тікелей немесе жанама түрде иелік ететін жеке тұлға – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушыны қоспағанда, бірде-бір тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып) немесе дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызына дербес немесе басқа тұлғалармен бірлесіп тікелей немесе жанама түрде иелене алмайды.
      Сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушының мәртебесін алу жөніндегі талаптар аталған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы (сақтандыру холдингі) мәртебесі бар басқа қаржы ұйымы акцияларын иелену (дауыс беру, шешімдерді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге  шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігінің болуы) арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын жанама түрде иеленуші (дауыс беру, шешімдерді айқындау және (немесе) шарт негізінде немесе қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал етуге мүмкіндігі бар) деп танылатын тұлғаға қолданылмайды.
      Сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушының мәртебесін алу жөніндегі талаптар өзінің орналасқан елінде шоғырландырылған қадағалауға жататын және аталған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы (сақтандыру холдингі) мәртебесі бар басқа қаржы ұйымының – Қазақстан Республикасының резидент емесінің акцияларын иелену (дауыс беру, шешімдерді айқындау және (немесе) шарт негізінде немесе өзге де тәсілмен қабылданатын шешімге әсер ету мүмкіндігінің болуы) арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларына жанама түрде иеленуші (дауыс беру, шешімдерді айқындау және (немесе) шарт негізінде немесе өзге де тәсілмен қабылданатын шешімге әсер етуге мүмкіндігі бар) тұлғаға қолданылмайды.
      Сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісім беруі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы үшін айқындалған шарттарда және тәртіппен жүзеге асырылады.
      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы болғысы келетін тұлға келісім алу үшін уәкілетті органға осы баптың 6, 7, 8, 9 және 10-тармақтарында айқындалған құжаттар мен мәліметтерді қоса бере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін иелену туралы өтінішті ұсынуға міндетті.
      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушылар – жеке тұлғалар өздеріне меншік құқығында тиесілі мүліктің құнынан аспайтын мөлшерде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларына ақы төлейді. Бұл ретте мүліктің құны сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бұрын сатып алған және сатып алатын акцияларының жиынтық құнынан кем болмауға тиіс.
      6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін жеке тұлға мынадай құжаттарды:
      1) растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, акцияларды сатып алуға пайдаланылатын ақша көздері мен қаражаттардың сипаттамасын қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын, оның ішінде бұрын сатып алынғандарын сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді табыс етеді.
      Мыналар:
      кәсіпкерлік, еңбек немесе басқа да ақы төленетін қызметтен алынған кірістер;
      өтініш берушінің құжаттамамен расталған ақшалай жинағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алуға пайдаланылатын ақша көзі болып табылады.
      Осы тармақшаның екінші бөлігінде аталған көздерге қосымша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сатып алатын акцияларының құнынан жиырма бес пайыздан аспайтын мөлшердегі сыйға тарту, ұтыс, өтеусіз алынған мүлікті сатудан түскен кіріс түрінде алынған ақша пайдаланылуы мүмкін.
      Сыйға тарту түрінде алынған мүлік есебінен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алған жағдайда өтініш беруші сыйға тартушы туралы және сыйға тартушыда аталған мүліктің пайда болу көздері туралы мәліметтерді ұсынады;
      2) өтініш берушінің мүдделерін білдіру тапсырылған өтініш берушінің өкіліне (ол бар болғанда) берілген сенімхатты;
      3) өзі ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың тізімін және олардың құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін;
      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайының ықтимал нашарлауы жағдайларында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын қайта капиталдандыру жоспарын;
      5) растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса тіркей отырып, мінсіз іскерлік бедел туралы мәліметтерді;
      6) кірістері мен мүлкі туралы мәліметтерді, сондай-ақ уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысанға сәйкес өтініш берушінің барлық міндеттемелері бойынша берешегі туралы ақпаратты;
      7) білімі туралы, еңбек қызметі туралы мәліметтерді қоса алғанда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш беруші туралы қысқаша деректерді;
      8) Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлғаның тұратын елінің тиісті мемлекеттік органының Қазақстан Республикасының резиденті – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алуға осы ел заңнамасында рұқсат етілгені туралы жазбаша растауын не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының аталған құрылтайшы мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіні туралы  өтінішін табыс етеді.
      7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы мынадай құжаттарды:
      1) өтініш берушінің жоғары органының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу туралы шешімінің көшірмелерін;
      2) заңды тұлға акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) он немесе одан көп пайызына ие, сондай-ақ шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде осы заңды тұлғаның шешімдерін айқындауға немесе бақылауға алуға мүмкіндігі бар тұлғалар (дербес немесе басқа тұлғалармен бірлесіп) туралы мәліметтер мен растайтын құжаттарды;
      3) өтініш берушінің үлестес тұлғаларының тізімін;
      4) осы баптың 6-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында аталған мәліметтер мен құжаттарды;
      5) оның басшы қызметкерлерінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді;
      6) құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін, өтініш берушінің ірі қатысушылары, сондай-ақ өтініш берушінің ірі қатысушыларының ірі қатысушылары туралы қысқаша деректерді;
      7) білімі туралы, еңбек қызметі туралы мәліметтерді қоса алғанда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш берушінің басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректерді;
      8) аяқталған соңғы екі қаржы жылының аудиторлық ұйым куәландырған жылдық қаржылық есептілігін, сондай-ақ тиісті өтінішті ұсынар алдында аяқталған соңғы тоқсанның қаржылық есептілігін;
      9) өтініш берушінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мәртебесін алғаннан кейінгі болжамды есеп айырысу балансын қоса алғанда, ірі қатысушы мәртебесін алудың қаржылық салдарын талдауды, іс-шаралар жоспары мен ұйымдық құрылымды қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерін сату, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын қайта ұйымдастыру немесе оның қызметіне немесе оны басқаруға айтарлықтай өзгерістер енгізу жөніндегі жоспарлар мен ұсыныстарды, егер олар бар болса, табыс етеді.
      8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға мынадай құжаттарды:
      1) осы баптың 6-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында және 7-тармағының 1), 2), 3), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;
      2) осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі берген заңды тұлғаның кредиттік рейтингі туралы мәліметтерді ұсынады.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы осы тармақта аталған құжаттарға қосымша өтініш берушінің орналасқан елінің қаржылық қадағалау органынан өтініш беруші осы елдің заңнамасы шеңберінде қаржылық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті екендігі туралы жазбаша растама не өтініш беруші орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының мұндай рұқсат осы елдің заңнамасы бойынша талап етілмейтіндігі туралы өтініш береді.
      9. Сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы мынадай құжаттарды:
      1) осы баптың 8-тармағында аталған мәліметтер мен құжаттарды;
      2) өтініш беруші орналасқан елдің қаржылық қадағалау органынан алынатын, Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымының шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауды;
      3) өтініш беруші орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымының сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге жазбаша рұқсатын (келісімін) не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының аталған мемлекеттің заңнамасы бойынша осындай рұқсат (келісім) талап етілмейтіні туралы өтініш береді.
      10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып) акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын иелену үлесімен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін иеленгісі келетін жеке тұлғалар, сондай-ақ сақтандыру холдингі мәртебесін иеленгісі келетін заңды тұлғалар осы бапта аталған құжаттар мен мәліметтерге қосымша, уәкілетті орган оған қойылатын талаптарды белгілейтін таяудағы бес жылға арналған бизнес-жоспарды ұсынады.
      11. Жиынтығында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып) он немесе одан көп пайызын иеленетін немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларының он немесе одан көп пайызымен тікелей немесе жанама түрде дауыс беруге мүмкіндігі бар және:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шешімдеріне өздерінің арасында жасалған шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде бірлесіп ықпал ететін;
      2) жеке алғанда немесе өзара бір-біріне ірі қатысушылар болып табылатын;
      3) олардың біреуі лауазымды тұлға немесе басқа тұлғаның өкілі болып табылатын;
      4) олардың біреуі өздерінің арасында жасалған шартқа сәйкес басқа тұлғаға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу мүмкіндігін берген;
      5) жақын туыстар немесе ерлі-зайыптылар болып келетін;
      6) олардың біреуі өзіне сыйға берілген ақша немесе өтеусіз алынған мүлік есебінен басқа тұлғаға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу мүмкіндігін берген тұлғалар бірлесіп сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы болып табылатын тұлғалар деп танылады.
      Егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының банк заңнамасының талаптарына сәйкес банк конгломератына кірген жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес шоғырландырылған қадағалауға жатады.
      12. Сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін алу үшін осы баптың талаптарына сәйкес берілген өтініш бойынша шешімді уәкілетті орган өтініш берілгеннен кейін үш ай ішінде қабылдауға тиіс.
      Уәкілетті орган өз шешімінің нәтижелері туралы өтініш берушіге жазбаша хабарлама беруге міндетті, бұл ретте тиісті мәртебені иеленуге келісімді беруден бас тартқан жағдайда жазбаша хабарламада бас тартудың негіздері көрсетіледі.
      13. Уәкілетті орган келісім беруге негіз болған дәйексіз мәліметтер анықталған немесе өтініш беруші ірі қатысушы немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иелену нәтижесінде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының талаптарын бұзған немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушылар немесе сақтандыру холдингі осы Заңның талаптарын сақтамаған жағдайда осы бапқа сәйкес берілген келісімді кері қайтарып алуға құқылы. Бұл жағдайда мұндай шара қолданылатын тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акцияларының өзіне тиесілі санын алты ай ішінде осы бапта белгіленгеннен төмен деңгейге дейін азайтуға міндетті.
      Осы бапқа сәйкес берілген келісім кері қайтарып алынған тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын үшінші тұлғаға сенімгерлік басқаруға беруге құқылы емес.
      Уәкілетті орган оларға қатысты тиісті келісімді қайтарып алу туралы шешім қабылдаған тұлғалар осы тармақтың талаптарын орындамаған жағдайда уәкілетті орган осы тұлғаларға уәкілетті органның талаптарын орындату үшін сотқа жүгінуге құқылы.
      14. Егер тұлға уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алмай сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы белгілеріне сай бола бастаған жағдайда, ол осы баптың ережелеріне сәйкес уәкілетті органның жазбаша келісімін алғанға дейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшылығына немесе саясатына ықпал етуге бағытталған қандай да бір әрекет жасауға және (немесе) осындай акциялар бойынша дауыс беруге құқылы емес.
      Аталған жағдайда сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы белгілеріне сай болған тұлға сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы белгілеріне сай екені белгілі болған кезден бастап күнтізбелік он күн ішінде уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
      Тиісті мәртебені алу туралы өтініш оған өзінің сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы белгілеріне сай екені белгілі болған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер осы тұлға аталған мерзімде акцияларын иеліктен шығарғысы келмесе ғана, уәкілетті органға беріледі. Акцияларды иеліктен шығару туралы шешім қабылдағаны туралы ақпарат осындай шешім қабылданған күннен бастап дереу уәкілетті органға беріледі.
      15. Жиынтығында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып) немесе дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызы тиесілі және:
      1) акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру немесе директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналысын шақырудан бас тартқан жағдайда оны шақыру туралы сотқа талап-арызбен жүгіну;
      2) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне қосымша мәселелер енгізу;
      3) директорлар кеңесінің отырысын шақыру;
      4) өз есебінен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына аудит өткізу мәселелері бойынша акционерлердің шешім қабылдауын көздейтін, олардың арасында жасалған келісім негізінде әрекет ететін акционерлер сақтандыру холдингтері, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушылар болып табылмайды.
      16. Жиынтығында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып) акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын иеленетін немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызымен тікелей немесе жанама түрде дауыс беруге мүмкіндігі бар және:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шешімдеріне өздерінің арасында жасалған шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде бірлесіп ықпал ететін;
      2) жеке алғанда немесе өзара бір-біріне ірі қатысушылар болып табылатын;
      3) олардың біреуі басқа тұлғаның өкілі болып табылатын;
      4) олардың біреуі өздерінің арасында жасалған шартқа сәйкес басқа тұлғаға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу мүмкіндігін берген тұлғалар бірлесіп сақтандыру холдингі болып табылатын тұлғалар деп танылады.
      17. Уәкілетті орган осы тұлғаның сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы белгілеріне сай екенін көрсететін мәліметтер болған кезде жеке және заңды тұлғалардан ақпарат беруді талап етуге құқылы. Ақпарат оны иеленуші кез келген тұлғадан, сондай-ақ осы тұлғаның бақылауында болатын ұйымдардан талап етілуі мүмкін.
      18. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы, сақтандыру холдингі шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде растайтын құжаттарды табыс ете отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының оған тиесілі акциялары санының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып) акцияларының санына және (немесе) ол тікелей немесе жанама түрде иеленетін немесе өзінің тікелей немесе жанама түрде дауыс беру мүмкіндігі бар дауыс беретін акцияларының санына пайыздық арақатынасының өзгеруі туралы уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушыға, сақтандыру холдингіне тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акциялары саны сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып) акцияларының санына және (немесе) дауыс беретін акцияларының санына қатысты ұлғаю жағына (пайыздық немесе абсолюттік мәнде) өзгерген жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы, сақтандыру холдингі уәкілетті органға растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көздері туралы ақпарат ұсынуға тиіс. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушылар – жеке тұлғалар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу үшін пайдаланатын қаражат көздері осы баптың 6-тармағының 1) тармақшасында айқындалған.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушыға, сақтандыру холдингіне тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акциялары санының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып) акцияларының санына және (немесе) дауыс беретін акцияларының санына пайыздық арақатынасы он немесе жиырма бес пайыздан кем болатындай санға дейін өзгерген жағдайда, уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушының, сақтандыру холдингінің өтініші бойынша не аталған фактіні өз бетінше анықтаған жағдайда осы факт анықталған күннен бастап екі ай ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім беру үшін көзделген тәртіппен бұрын берілген жазбаша келісімнің күші жойылды деп тану туралы шешім қабылдайды.
      19. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру холдингі оларға тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің акциялары (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері) санының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып) акцияларының санына және (немесе) дауыс беретін акцияларының санына пайыздық арақатынасын көрсете отырып, есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірмей тоқсан сайын өзінің барлық ірі қатысушыларының немесе сақтандыру холдингтерінің (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін) тізімін уәкілетті органға беруге міндетті.
      20. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін және (немесе) орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып) акцияларының он немесе одан көп пайызын иеленетін акционерлер құрамының өзгергені туралы өзі осындай фактіні анықтаған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
      21. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушылардың, сақтандыру холдингінің, сондай-ақ сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушының белгілеріне сәйкес келетін жеке және заңды тұлғалардың мәліметтерді, сондай-ақ осы баптың 14 – 20-тармақтарына сәйкес талап етілетін ақпаратты көрсетілген мерзімінде уақтылы ұсынбауы, бермеуі немесе дәйексіз мәліметтер беруі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
      Ескерту. 26-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      26-1-бап. Сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта
                 сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы болғысы
                 келетін тұлғаларға уәкілетті органның рұқсат
                 беруден бас тарту негіздері

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы болғысы келетін тұлғаларға уәкілетті органның рұқсат беруден бас тартуына:
      1) құжаттардың толық емес пакетін табыс ету не табыс етілген құжаттардың осы Заңның 26-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес болмауы;
      2) осы Заңның 34-бабының 2-тармағы 3)-5) тармақшаларының талаптарын сақтамау (жеке тұлғаға немесе өтініш беруші - заңды тұлғаның басшы қызметкерлеріне қатысты);
      3) өтініш берушінің қаржылық жағдайының тұрақсыздығы;
      3-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жай-күйінің ықтимал нашарлауы жағдайында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұсынылған қайта капиталдандыру жоспарының тиімсіздігі;
      3-2) өтініш беруші - жеке тұлғада, өтініш беруші - заңды тұлғаның басшы қызметкерінде мінсіз іскерлік беделдің болмауы;
      4) өтініш берушінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі мәртебесін алуы нәтижесінде монополияға қарсы заңнама талаптарының бұзылуы;
      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иелену жөніндегі мәміледе тізбесін уәкілетті орган белгілейтін, оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлға (оған ірі қатысушы (ірі акционер) иеленуші тарап болып табылатын жағдайлар;
      6) өтініш беруші - қаржы ұйымы өзі орналасқан елде шоғырландырылған негізде қадағалауға жатпайтын жағдайлар;
      6-1) Қазақстан Республикасының резиденттері емес сақтандыру тобына қатысушылар орналасқан елдің заңнамасы олардың және сақтандыру тобының осы Заңда көзделген талаптарды орындауына мүмкіндік бермейтіндігіне байланысты сақтандыру тобына шоғырландырылған қадағалау жүргізудің мүмкін болмауы;
      7) өтініш берушінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушыларға және сақтандыру холдингтеріне қойылатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өзге де талаптарды сақтамауы;
      8) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайының нашарлайтынын болжайтын, өтініш берушінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуінің қаржылық салдарына талдау жасау;
      9) өтініш беруші - Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржылық ұйымда шыққан елі заңнамасының шеңберінде қаржы қызметін жүзеге асыру өкілеттігінің болмауы;
      10) өтініш беруші - Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғада осы Заңның 26-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін уәкілетті орган айқындайтын халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірінің ең аз қажетті рейтингінің болмауы;
      11) уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде тұлға бұрын ірі қатысушы-жеке тұлға не қаржы ұйымының ірі қатысушы-заңды тұлғасының бірінші басшысы және (немесе) қаржы ұйымының басшы қызметкері болып табылған не табылатын жағдайлар негіз болып табылады. Аталған талап уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл бойы қолданылады;
      12) өтініш беруші – заңды тұлға орналасқан елдің қаржы ұйымдарына шоғырландырылған қадағалау саласындағы заңнаманың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шоғырландырылған қадағалау талаптарына сәйкессіздігі;
      13) Қазақстан Республикасының резиденттері емес қаржы ұйымдары болып табылатын ірі қатысушылар – заңды тұлғалар және сақтандыру холдингтері бойынша – уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган мен өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органдары арасында ақпарат алмасуды көздейтін келісімнің болмауы негіз болып табылады.
      2. Мына жағдайлардың бірінің болуы:
      1) өтініш беруші - заңды тұлға өтініш берген күнге дейін екі жылдан кем уақытта құрылса;
      2) өтініш берушінің міндеттемелері басқа заңды тұлғалардың акцияларына және жарғылық капиталдарына қатысу үлестеріне орналастырылған және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алуға көзделген активтер сомасын шегеріп тастағанда өзінің активтерінен асып кетсе;
      3) әрбір аяқталған екі қаржы жылының нәтижелері бойынша залал шексе;
      4) өтініш беруші міндеттемелерінің мөлшері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайына айтарлықтай қауіп төндірсе;
      5) өтініш берушінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының алдында мерзімі өткен және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының балансынан тыс жатқызылған берешегі болса;
      6) өтініш берушінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алуының қаржылық салдарларын талдау өтініш берушінің қаржылық жағдайының нашарлайтынын көздесе;
      7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) оның клиенттеріне нұқсан келтіру мүмкіндігін куәландыратын өзге де негіздер өтініш беруші – заңды тұлғаның қаржылық жағдайының тұрақсыздық белгісі болып табылады.
      3. Тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы не сақтандыру холдингі белгілерін уәкілетті органның жазбаша келісімінсіз алған кезде уәкілетті орган осы тұлғаға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген санкцияларды, сондай-ақ осы Заңның 53-1-бабында көзделген, алты айдан аспайтын мерзімде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын өткізу талаптары бөлігінде мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.
      Ескерту. 26-1-баппен толықтырылды, өзгеріс енгізілді - ҚР 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      27-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға
               рұқсат беру

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алу үшiн уәкілетті мемлекеттiк органға мынадай құжаттар табыс етiледi:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алуға өтiнiш;
      2) нотариат куәландырған және заңдарда белгiленген тәртiппен ресiмделген құрылтай құжаттарының (жарғы, құрылтай шарты) төрт данасы;
      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құру туралы шешiм қабылданғанын дәлелдейтiн құжаттар;
      4) құрылтайшылар - заңды тұлғалар туралы мәлiметтер (ондай құрылтайшылар болған жағдайда), оған заңды тұлға ретiнде олардың мемлекеттiк тiркеуден өткенi туралы нотариат куәландырған куәлiктiң көшiрмесi; нотариат куәландырған құрылтай құжаттарының көшiрмесi; аяқталған соңғы екі қаржы жылының аудиторлық ұйым растаған қаржылық есептілігі, құжаттар табыс ету алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы бухгалтерлік баланс және пайдалар мен шығындар туралы есеп қамтылады;
      5) құрылтайшылар - жеке тұлғалар (мұндай құрылтайшылар болған кезде) туралы мәліметтер, соның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құру үшін пайдаланылған ақша көздерінің сипаттамасы мен сомасы, сондай-ақ белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған сотталғандығы жоқтығы туралы анықтама;
      6) құрылтайшылар құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берген тұлға бекіткен, актуарий растаған және "жалпы сақтандыру" саласында құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін таяу үш жылға және "өмірді сақтандыру" саласында құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін бес жылға арналып әзірленген бизнес-жоспар. Бизнес-жоспарда мынадай мәселелер: сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құрудың мақсаттары, негізгі қызмет бағыттарының қысқаша сипаттамасы және құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бағдарланатын нарық сегменті, құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы туралы және нарықтағы үлесі туралы ақпарат, өнімдер мен көрсетілетін қызмет түрлері, оларды сату тәсілдері, маркетингтік зерттеулер, сақтандыру андеррайтингі, баға стратегиясы, соның ішінде сақтандыру тарифтерін есептеу тәртібі және олардың экономикалық негіздемесі, өнімдерді жылжыту стратегиясы, сақтандыру өнімдерін бөлу, қаржы жоспары, соның ішінде шығындылық коэффициенттерінің болжамы, құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жүргізуге ниет етіп отырған инвестициялық саясат пен қайта сақтандыру саясаты, құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұйымдық құрылымы, директорлар кеңесі, мамандардың болжамды білім деңгейі, уәкілетті органның тиісті талаптарына сәйкес келетін тәуекелдерді басқару ұйымы көрсетілуге тиіс;
      6-1) алынып тасталды - ҚР 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      7) өтiнiш берушiнiң құрылтайшылар атынан өтiнiш беру өкiлеттiгiн растайтын нотариат куәландырған құжат.
      1-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі мәртебесіне сәйкес келетін мөлшерде сатып алу ниеті бар тұлға осы баптың 1-тармағында тізбектеліп көрсетілген құжаттардан басқа, осы Заңның 26-бабында көзделген құжаттар мен мәліметтерді табыс етеді.
      2. Қазақстан Республикасының резидентi емес болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшысы өз мемлекетiнiң тиiстi сақтандыруды қадағалау органының өзiне Қазақстан Республикасы резидентiнiң - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алуға рұқсат етiлгенiн растайтын құжатты не тиiстi мемлекеттiң заңдары бойынша мұндай рұқсат талап етiлмейтiнi туралы мәлiмдеменi табыс етуге мiндеттi.
      Қазақстан Республикасының резидентi емес құрылтайшының шетелдiң мемлекеттiк органы берген құжаттары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен заңдастырылуға тиiс.
      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру тәртібі мен шарттары, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1), 4) - 6) тармақшаларында аталған құжаттардың мазмұнына, соның ішінде сақтандыру тарифтерін есептеу тәртібі мен олардың экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптар уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға берiлген рұқсаттың, ол берiлген күннен бастап, алты ай бойына заңды күшi болады. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға берiлген рұқсатты уәкiлеттi мемлекеттiк орган осы Заңда көзделген негiздер бойынша мерзiмiнен бұрын керi қайтарып алуы мүмкiн.
      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға берiлген рұқсатты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия берiлген кезде уәкiлеттi мемлекеттiк органға қайтаруға тиiс.
      6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру туралы өтiнiштi уәкiлеттi мемлекеттiк орган өтiнiш берушi осы баптың 1-тармағына сәйкес уәкiлеттi мемлекеттiк орган сұратқан соңғы құжатты табыс еткен күннен бастап үш ай iшiнде қарауға тиiс.
      7. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган өтiнiш берушiге қабылданған шешiм туралы оның өзi көрсеткен жерiне (тұрғылықты жерiне) жазбаша хабарлайды.
      Ескерту. 27-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2003.07.10 N 483, 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.11 N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

      28-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға
               рұқсат беруден бас тарту негiздерi

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беруден:
      1) құжаттардың толық емес пакетін табыс ету не табыс етiлген құжаттардың осы Заңның 27-бабының 1-3-тармақтарында аталған талаптарға сәйкес болмауы;
      2) құрылтайшының акцияларға төлем жасау үшiн өз қаражатының жеткiлiксiз болуы;
      3) уәкiлеттi мемлекеттiк органға құрылатын ұйым мен оның құрылтайшыларына қатысты жалған ақпарат берiлу;
      4) құрылтайшының аяқталған соңғы екі қаржы жылындағы залал шеккен қызметі;
      5) алынып тасталды - ҚР 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      6) уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беруден осы Заңның 26-1-бабында көрсетілген негіздемелер бойынша бас тартуы;
      6-1) осы Заңның 26-бабында белгіленген шектеулерді сақтамауы;
      7) құрылтайшы-жеке тұлғаларда, атқарушы органның не құрылтайшы-заңды тұлғаның басқару органының бірінші басшысында алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы негіздері бойынша бас тартылуы мүмкін.
      2. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган осы Заңның 27-бабының 6-тармағында көзделген мерзiмде өтiнiш берушiге бас тарту негiзiн көрсете отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беруден бас тартқаны туралы жазбаша түрде хабарлайды.
      Ескерту. 28-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

      29-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға
               берiлген рұқсатты қайтарып алу негiздерi

      Уәкiлеттi мемлекеттiк орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға берiлген рұқсатты:
      1) оның жалған мәлiметтер негiзiнде берiлгенi анықталған;
      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ретiнде тiркелген заңды тұлға сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алғанға дейiнгi кезеңде сақтандыру iсiн және сақтандыру iсiне байланысты қызметтi жүзеге асырған;
      3) уәкiлеттi мемлекеттiк орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға берген рұқсаттың мерзiмi өтiп кетiп, сол мерзiм iшiнде ол әдiлет органдарында тiркелмеген немесе сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті мемлекеттiк органға өтініш бермеген жағдайларда керi қайтарып алуға құқылы.

      30-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын
               мемлекеттiк тiркеу

      1. Әдiлет органдары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мемлекеттiк тiркеудi уәкiлеттi мемлекеттiк органның оны құруға берген рұқсаты және оның құрылтай құжаттарының уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiлгенiн растайтын деректер болған жағдайда жүзеге асырады.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшылары оны құруға уәкiлеттi мемлекеттiк органның рұқсатын алған күннен бастап екi айдан кешіктiрмей әділет органына оны мемлекеттік тіркеу үшін өтініш жасауға мiндеттi.

      31-бап. Құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар
               енгiзу тәртiбi

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарына енгiзiлген өзгерiстер және (немесе) толықтырулар мемлекеттiк тiркеуге (қайта тiркеуге) не әдiлет органдарына хабарланғанға дейiн уәкiлеттi органмен мiндеттi түрде келiсiлуге тиiс.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарына өзгерiстерді және (немесе) толықтыруларды алдын ала келiсу тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi.
      Құрылтай құжаттарына енгізілген, әділет органдарында қайта тіркеуді талап ететін өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеуден кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қайта тіркелген күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде уәкілетті органға құрылтай құжаттарына өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмесін тіркеген әділет органының белгісімен және мөрімен ұсынуға міндетті.
      Құрылтай құжаттарына қайта тіркеуді талап етпейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы әділет органының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының хатын қабылдағандығы туралы белгісі қойылған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде уәкілетті органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аталған хатының көшірмесін, құрылтай құжаттарына өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмесін ұсынуға міндетті.
      Ескерту. 31-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      32-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру
               холдингтерінің еншілес ұйымдары және сақтандыру
               (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру
               холдингтерінің ұйымдардың капиталдарына қомақты
               қатысуы

      1. Осы Заңның 48-бабында берілген өкілеттіктерді жүзеге асыру мақсатында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру холдингі уәкілетті органның алдын ала рұқсаты болған кезде ғана еншілес ұйымды құра алады немесе иелене алады.
      Уәкілетті органның еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге арналған рұқсатын алу жөніндегі талап аталған ұйымның акцияларына немесе жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне тікелей иелік ететін (дауыс беруге, шешімдерді айқындауға және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал етуге мүмкіндігі бар) және уәкілетті органның тиісті рұқсаты бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы – Қазақстан Республикасы резидентінің акцияларына иелік ету (дауыс беру, шешімдерді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігінің болуы) арқылы осы ұйымның акцияларына немесе жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне жанама түрде иелік ететін (дауыс беруге, шешімдерді айқындауға және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал етуге мүмкіндігі бар) сақтандыру холдингтеріне қолданылмайды.
      Еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымдары еншілес ұйымдарды құруға және (немесе) иеленуге, сондай-ақ ұйымдардың капиталдарына қомақты қатысуға құқылы емес.
      3. Қазақстан Республикасының резиденттері – еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда, сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдары еншілес ұйымдарды құруға және (немесе) иеленуге құқылы емес.
      Бұл талап банк холдингтері болып табылатын сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдарына қолданылмайды. Бұл ретте аталған тұлғаларға «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптары қолданылады.
      4. Еншілес ұйымды құруға, иеленуге рұқсат алу үшін өтінішке мынадай құжаттарды:
      1) еншілес ұйымның құрылтай құжаттарын, жарғыны бекіту туралы шешімдерді;
      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі органының еншілес ұйымды құру немесе иелену туралы шешімін;
      3) еншілес ұйымның басшы қызметкерлері (немесе басшы қызметкерлер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылатын кандидаттар) туралы ақпаратты;
      4) еншілес ұйымның ұйымдық құрылымын және үлестес тұлғалар туралы мәліметтерді қоса беру қажет.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында сақтандыру холдингі болмаған жағдайда еншілес ұйыммен байланысты ұйымдар туралы:
      олардың қызметі осы ұйымдар қауымдастығының меморандумы немесе ережелері шарттарына сәйкес біріктірілген негізде басқарылса;
      егер аталған ұйымдардың атқарушы органының, басқару органының (акционерлік қоғамдар үшін), қадағалау кеңесінің (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін) құрамының үштен бірінен астамын сол бір тұлғалар білдірсе;
      5) бизнес-жоспарды ұсына отырып, еншілес ұйым қызметінің түрі немесе түрлері туралы ақпаратты;
      6) Қазақстан Республикасының резиденттері емес сақтандыру тобы қатысушыларының орналасқан елдерінің заңнамасы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген талаптарды олардың және сақтандыру тобының орындауына мүмкіндік бермеуіне байланысты еншілес ұйымның орналасқан елінің заңнамасын талдау негізінде сақтандыру тобына шоғырландырылған қадағалауды жүргізу мүмкін болмауын болжайтын жағдайлардың жоқ екені туралы ақпаратты;
      7) құрылатын еншілес ұйымның жарғылық капиталында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің қатысу үлесі мен сомасы туралы, сондай-ақ олар иеленетін акциялардың саны мен акциялардың (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) алдын ала төлемінің мөлшері туралы ақпаратты;
      8) аудиторлық ұйымның есебін және иеленетін еншілес ұйымның аудиторлық ұйым растаған қаржылық есептілігін;
      9) иеленетін еншілес ұйымның заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткені туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесін;
      10) иеленетін еншілес ұйымның жарғылық капиталының мөлшері туралы (егер мұндай ақпарат аудиторлық есепте болмаса), сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің иеленетін еншілес ұйымның жарғылық капиталына қатысу үлесі немесе акцияларының саны туралы, еншілес ұйымды иелену шарттары мен тәртібі туралы ақпаратты;
      11) мыналарды:
      заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жерін;
      құрылтайшысы (қатысушысы) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын заңды тұлғаның жарғылық капиталына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің қатысу үлесінің мөлшері, оны иелену бағасы туралы мәліметтерді;
      акционері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын заңды тұлға акцияларының саны, оларды иелену бағасы, орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алғандарын шегере отырып) жалпы санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметтерді;
      заңды тұлғаның (құрылтайшысы, қатысушысы, акционері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын) қатысу үлесінің мөлшері, оның басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы сатып алу бағасы туралы мәліметтерді;
      акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын заңды тұлға иеленген акциялардың саны, оларды сатып алу бағасы, олардың орналастырылған акциялардың (артықшылықты және қоғам сатып алғандарын шегере отырып) жалпы санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметтерді қамтитын, жарғылық капиталға қатысу үлесін немесе акцияларды сатып алу арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі еншілес ұйымды иеленген заңды тұлға туралы деректерді қоса беріледі.
      Бұл талаптар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің бірнеше заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін немесе акцияларын иелену арқылы еншілес ұйымды иелену жағдайларына қолданылады;
      12) тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйымның қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің болуын растайтын құжаттарды;
      13) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің және еншілес ұйымның оны құрғаннан немесе иеленгеннен кейінгі болжамды есептік балансын қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымды құрудың, иеленудің қаржылық салдарларын талдауды, сондай-ақ ол бар болған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымның активтерін сату жөніндегі немесе еншілес ұйымды басқару бойынша қызметке елеулі өзгерістер енгізу жөніндегі жоспары мен ұсынысын;
      14) олардың негізінде еншілес ұйымды бақылауды иелену болжанатын немесе бақылаудың туындау негізін көрсете отырып, бақылауды растайтын өзге де құжаттар қоса беріледі.
      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі әрбір аяқталған соңғы екі қаржы жылының қорытындылары бойынша шоғырландырылған және шоғырландырылмаған негіздерде шығынсыз қызмет жасау және пруденциялық нормативтерді, оның ішінде уәкілетті органға рұқсат алуға өтініш беру күнінің алдындағы соңғы үш ай ішінде шоғырландырылған негізде уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтерді сақтау шартымен еншілес ұйымды құруға құқылы.
      6. Еншілес ұйымды құруға, иеленуге рұқсат беруден бас тартудың негіздері:
      1) рұқсат алуға қажетті құжаттарды табыс етпеу;
      2) құрылатын немесе иеленетін еншілес ұйым орналасқан елдің қаржы ұйымдарын шоғырландырылған қадағалау саласындағы заңнамасының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шоғырландырылған қадағалау жөніндегі талаптарға сай келмеуі;
      3) еншілес ұйымның басшы қызметкерлерінің (немесе басшы қызметкерлер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылатын кандидаттардың) осы Заңның 34-бабы 2-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларының талаптарына сай келмеуі;
      4) құрамына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі кіретін сақтандыру тобының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымының болжалды болуының нәтижесінде пруденциялық нормативтерді сақтамауы;
      5) еншілес ұйым қызметінің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі жоспарлаған инвестициялардың салдарынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің немесе сақтандыру тобының қаржылық жағдайының нашарлауы болжанатын қаржылық салдарларды талдау;
      6) тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйымның қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің бар екендігін растайтын құжаттардың уәкілетті органның тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйелеріне қоятын талаптарына сай келмеуі;
      7) еншілес ұйым орналасқан елдің заңнамасында көзделген жағдайларда еншілес ұйымның белгіленген пруденциялық нормативтерді, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің пруденциялық нормативтерді, оның ішінде шоғырландырылған негізде және уәкілетті органға рұқсат алуға өтініш берген күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде және (немесе) өтінішті қарау кезеңінде сақталуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді сақтамауы;
      8) өтініш берген күнге және құжаттарды қарау кезеңінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтандыру холдингіне және (немесе) иелену болжанып отырған еншілес ұйымға қатысты қолданылып жүрген шектеулі ықпал ету шарасының және (немесе) санкциясының болуы;
      9) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі еншілес ұйымды – Қазақстан Республикасының резиденттері – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, банкті, жинақтаушы зейнетақы қорын құрған немесе иеленген жағдайда осы Заңда, Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген Қазақстан Республикасының резиденттері – сақтандыру немесе банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушының, банктің, жинақтаушы зейнетақы қорының мәртебесін алуға келісім беруге қатысты талаптарды сақтамауы болып табылады.
      7. Уәкілетті орган өтініш берілгеннен кейін үш ай ішінде рұқсат беруге немесе рұқсат беруден бас тартуға міндетті.
      Рұқсат беруден бас тартқан жағдайда уәкілетті орган өтініш берушіні бас тартудың негіздері туралы жазбаша хабардар етуге міндетті.
      8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымы құрылтай құжаттарына енгізілген барлық өзгерістер мен толықтырулар туралы күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
      9. Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің еншілес ұйымы, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі капиталына қомақты қатысатын Қазақстан Республикасының резиденті емес ұйым уәкілетті органға жүктелген шоғырландырылған қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі функцияларды сапалы және уақтылы орындауды қамтамасыз ету мақсатында тиісті сұрау салу негізінде уәкілетті органға қажетті ақпаратты ашуға міндетті. Бұл ретте алынған мәліметтер жария етуге жатпайды.
      10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі уәкілетті органның алдын ала рұқсатын алмай тұрып еншілес ұйымды бақылауды иелену құқығын иеленген жағдайда уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына немесе сақтандыру холдингіне Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген санкцияларды қолданады. Осындай жағдайда уәкілетті орган аталған бұзушылықты анықтағаннан кейін алты ай ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі еншілес ұйымның өздеріне тиесілі акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) өздерімен үлестес тұлғалар болып табылмайтын тұлғаларға иелігінен шығаруға және растайтын құжаттарды уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
      11. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына уәкілетті органның алдын ала рұқсаты болған кезде ғана жол беріледі.
      Ұйымның капиталына қомақты қатысуға уәкілетті органның рұқсатын алу жөніндегі талап аталған ұйымның акцияларына немесе жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне тікелей иелік ететін (дауыс беруге, шешімдерді айқындауға және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал етуге мүмкіндігі бар) және уәкілетті органның тиісті рұқсаты бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы – Қазақстан Республикасы резидентінің акцияларына иелік ету (дауыс беру, шешімдерді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігінің болуы) арқылы осы ұйымның акцияларына немесе жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне жанама түрде иелік ететін (дауыс беруге, шешімдерді айқындауға және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал етуге мүмкіндігі бар) сақтандыру холдингтеріне қолданылмайды.
      Ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі уәкілетті органның алдын ала келісімін алмай тұрып ұйымның капиталына қомақты қатысуды иеленген жағдайда уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтандыру холдингіне Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген санкцияларды қолданады. Осындай жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі өздерінің капиталында қомақты қатысуы бар ұйымның оларға тиесілі акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің үлестес тұлғалары болып табылмайтын тұлғаларға иелігінен шығаруға және растайтын құжаттарды алты ай ішінде уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
      12. Ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат алуға өтініш осы баптың 4-тармағының 2), 3), 5), 6), 7), 10) және 11) тармақшаларында көзделген құжаттар қоса беріле отырып ұсынылады.
      Ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беруден бас тарту осы баптың 6-тармағында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.
      13. Уәкілетті орган:
      1) олардың негізінде рұқсат берілген дәйексіз мәліметтер анықталған;
      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымының, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің капиталға қомақты қатысуы бар ұйымдардың органдары шешім қабылдаған не сот қайта ұйымдастыру немесе тарату жолымен аталған ұйымдардың қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған;
      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында және (немесе) сақтандыру холдингінде еншілес ұйымды бақылау белгілері болмаған;
      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі иелігіндегі ұйым акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелігінен шығарған;
      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымының, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің капиталына қомақты қатысуы бар ұйымның қызметі осы Заңның 48-бабының 3-тармағының талаптарына сәйкес болмауы анықталған жағдайларда еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алады.
      Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсат кері қайтарылып алынған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі алты ай ішінде аталған ұйымдардағы өздеріне тиесілі акцияларды (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен және (немесе) сақтандыру холдингімен үлестес тұлғалар болып табылмайтын тұлғаларға иелігінен шығаруды жүргізуге және растайтын құжаттарды уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
      Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
      14. Осы баптың талаптары:
      1) мынадай шарттардың бірі:
      сақтандыру холдингінде, сақтандыру холдингінің белгілерін иеленген тұлғада тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингінің, сондай-ақ аталған тұлғалар шыққан елдің қаржылық қадағалау органының олардың шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауының болуы;
      сақтандыру холдингінде, сақтандыру холдингінің белгілерін иеленген тұлғада тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен, бірақ Қазақстан Республикасына берілген шетел валютасындағы тәуелсіз рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингінің, сондай-ақ уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасындағы ақпарат алмасу туралы келісімнің болуы орындалған кезде сақтандыру холдингі, сақтандыру холдингінің белгілерін иеленген тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттері еместердің еншілес немесе тәуелді ұйымдары болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттері еместерге, сондай-ақ олар Қазақстан Республикасының резиденттері емес еншілес және тәуелді ұйымдарды құрған немесе иемденген кезде сақтандыру холдингі, сақтандыру холдингінің белгілеріне ие тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттері еместерге;
      2) банк конгломераттарының құрамына кіретін банк холдингтері болып табылатын және уәкілетті органның «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген тиісті рұқсаты бар сақтандыру холдингтеріне қолданылмайды.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      15-тармақ 2017.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі.
      15. Қазақстан Республикасының резиденттері емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының еншілес ұйымдары болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының жиынтық меншікті капиталы Қазақстан Республикасының барлық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының жиынтықталған меншікті капиталының елу пайызынан аспауға тиіс.
      Ескерту. 32-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      33-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының
               филиалдары мен өкілдіктерін құру, жабу

      1. Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органның келісімінсіз, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы директорлар кеңесі шешімінің негізінде Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тыс жерде де өзінің оқшауланған бөлімшелерін - филиалдарын және өкілдіктерін ашуға құқылы.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзінің филиалының немесе өкілдігінің әділет органдарында есептік тіркелген күнінен бастап отыз жұмыс күні ішінде:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының және өкілдігінің есептік тіркелу туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесін;
      2) тіркеген әділет органының белгісі мен мөрі қойылған филиал немесе өкілдік туралы ереженің нотариат куәландырған көшірмесін;
      3) филиалдың немесе өкілдіктің бірінші басшысына берілген сенімхаттың нотариат куәландырған көшірмесін қоса тіркей отырып, олардың ашылғаны жөнінде уәкілетті органды жазбаша хабардар етуге міндетті.
      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының заңды тұлға болып табылмайтын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы орналасқан жерден тыс орналасқан, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан сақтандыру қызметін жүзеге асыратын және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы берген өкілеттіктер шегінде әрекет ететін оқшауланған бөлімшесі. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен бірыңғай балансы, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауымен толық сәйкес келетін атауы болады.
      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өкілдігі - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының заңды тұлға болып табылмайтын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы орналасқан жерден тыс орналасқан, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан және оның тапсырмасы бойынша әрекет ететін және сақтандыру қызметін жүзеге асырмайтын оқшауланған бөлімшесі.
      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдарын ашудың міндетті шарттары:
      1) "өмірді сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымдарын қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аяқталған соңғы қаржы жылының қорытындылары бойынша залал шекпеген қызметі;
      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалды әділет органдарында есептік тіркеген күннің алдындағы үш ай ішінде пруденциялық нормативтерді (активтерді әртараптандыру нормативін қоспағанда) сақтауы;
      3) сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру түріндегі қолданыстағы санкцияның болмауы, сондай-ақ филиалды әділет органдарында есептік тіркеген күннің алдындағы үш ай ішінде уәкілетті органның Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 173-бабының бірінші бөлігінде (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының уәкілетті органға есептілікті не өзге де сұралатын ақпаратты ұсынуы мәселелері бойынша), бесінші, сегізінші, оныншы, он бірінші бөліктерінде, 174 және 175-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолдану түріндегі санкцияларды қолданбауы болып табылады.
      6. Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы аяқталған соңғы қаржы жылының қорытындылары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының залал шекпеген қызметі жағдайында өкілдік ашуға құқылы.
      7. Филиал, өкілдік туралы ережеге әділет органдарында есептік қайта тіркеуді талап ететін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген кезде Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы әділет органдарында есептік қайта тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде:
      1) филиал, өкілдік туралы ережеге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмесін;
      2) филиалды, өкілдікті есептік қайта тіркеу туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесін уәкілетті органға табыс етуге міндетті.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиал, өкілдік туралы ережеге әділет органдарында есептік қайта тіркеуді талап етпейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының хатын қабылдағандығы туралы әділет органының белгісі қойылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аталған хатының көшірмесін, филиал, өкілдік туралы ережеге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмелерін табыс етуге міндетті.
      8. Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасынан тыс жерде филиалдар мен өкілдіктер ашқан жағдайда, мемлекеттің тиісті органында тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде мемлекеттің тиісті органындағы тіркеуді растайтын құжаттарды қоса тіркей отырып, олардың ашылғаны жөнінде уәкілетті органды жазбаша хабардар етуге міндетті.
      9. Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өз өкілдігін уәкілетті органның келісімінсіз ашуға құқылы.
      10. Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өкілдігі әділет органдарында есептік тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде:
      1) Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өкілдігінің есептік тіркелу туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесін;
      2) тіркеген әділет органының белгісі мен мөрі қойылған өкілдік туралы ереженің нотариат куәландырған көшірмесін;
      3) тиісті мемлекеттің сақтандыруды қадағалау органының Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру қызметіне қолданылып жүрген лицензиясы бар екені туралы жазбаша растауын не сақтандыруды қадағалау органының жазбаша растау беру Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы шыққан елдің заңнамасында көзделмегені туралы мәлімдемесін;
      4) тиісті мемлекеттің сақтандыруды қадағалау органының Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өкілдігін ашуға қарсылық білдірмейтіні туралы жазбаша хабарламасын не тиісті мемлекеттің сақтандыруды қадағалау органының немесе беделді заң қызметінің Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіні туралы мәлімдемесін;
      5) сақтандыру ұйымының өкілдігі басшысының атына берілген нотариат куәландырған сенімхатты қоса тіркей отырып, өзінің ашылуы жөнінде уәкілетті органды жазбаша хабардар етуге тиіс.
      11. Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын ашуға тыйым салынады.
      12. Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өкілдігі әділет органдарында есептік тіркелген (қайта тіркелген) күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде өкілдік туралы ережеге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгені туралы, осы құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса тіркей отырып, уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
      Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өкілдігі өкілдік туралы ережеге есептік қайта тіркеуді талап етпейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген жағдайда Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өкілдігінің хатын қабылдағандығы туралы әділет органының белгісі қойылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аталған хатының көшірмесін, филиал, өкілдік туралы ережеге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмелерін табыс етуге міндетті.
      13. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзінің филиалын және (немесе) өкілдігін әділет органдарында (филиалдың немесе өкілдіктің қызметі Қазақстан Республикасынан тыс жерде тоқтаған кезде мемлекеттің тиісті тіркеу органында) есептік тіркеуден шығарған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде әділет органының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын және (немесе) өкілдігін есептік тіркеуден шығарғанын растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін қоса тіркей отырып, олардың қызметін тоқтатуы жөнінде уәкілетті органды жазбаша хабардар етуге тиіс.
      14. Осы баптың 2, 5-8, 10, 12-тармақтарының талаптары орындалмаған жағдайда уәкілетті орган Қазақстан Республикасының резиденті - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын және (немесе) өкілдігі мен Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өкілдігін жабуды талап етеді.
      Ескерту. 33-бап жаңа редакцияда, өзгеріс енгізілді - ҚР 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      34-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру
               холдингінің және сақтандыру брокерінің басшы
               қызметкерлеріне қойылатын талаптар

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдары мен өкілдіктерінің бірінші басшыларын және олардың бас бухгалтерлерін қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы директорлар кеңесінің бірінші басшысы мен мүшелері, басқармасының бірінші басшысы мен мүшелері, бас бухгалтері және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және сақтандыру қызметін және (немесе) инвестициялық қызметті жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қою құқығы бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзге басшылары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлері болып танылады.
      Бірінші басшы және оның орынбасарлары, бас бухгалтер сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлері болып танылады.
      1-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қаржы жылы аяқталғаннан кейін күнтізбелік бір жүз жиырма күн ішінде уәкілетті органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық басшы қызметкерлеріне қаржы жылы ішінде төленген кірістер туралы мәліметтерді қамтитын есептілікті беруге міндетті.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, ақшалай сыйақы, сондай-ақ материалдық көтермелеудің басқа да түрлерін есептеу бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ішкі саясатына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
      2. Мыналар:
      1) жоғары білімі жоқ;
      2) тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарында осы бапта белгіленген жұмыс стажы және (немесе) қаржылық қызметтер көрсету және (немесе) қаржылық ұйымдардың аудитін жүргізу жөнінде қызметтер көрсету және (немесе) оларды реттеу саласында жұмыс стажы жоқ;
      3) мінсіз іскерлік беделі жоқ;
      4) уәкілетті органның қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешімі қабылданғанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымы директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқармасының бірінші басшысы немесе оның орынбасары, бас бухгалтері , ірі қатысушысы (сақтандыру холдингі)-жеке тұлғасы, ірі қатысушысы (сақтандыру холдингі)-заңды тұлғасының бірінші басшысы болған адам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап уәкілетті органның қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешімі қабылданғаннан кейін бес жыл бойы қолданылады;
      5) өзге қаржылық ұйымда басшы қызметкер лауазымында болған кезеңінде оны басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған адам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім кері қайтарып алу туралы шешімді қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай бойы қолданылады.
      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы басқармасының бірінші басшысы лауазымына тағайындала (сайлана) алмайды.
      Басқарма мүшелерінің саны кемінде үш адам болуға тиіс.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы абзац 2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе капиталында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қомақты қатысатын бар ұйымның еншілес ұйымы басқару органының құрамына кіретін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атқарушы органы мүшелерінің саны ұлттық басқарушы холдинг бас ұйымы болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атқарушы органының мүшелерін қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе капиталында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қомақты қатысуы бар ұйымның еншілес ұйымының басқару органдары мүшелерінің жалпы санының үштен бірінен аспауға тиіс.
      4. Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген талапқа сәйкес келуі үшін:
      1) бас қаржы ұйымының атқарушы органының мүшесі болып табылатын директорлар кеңесінің бірінші басшысы немесе мүшесі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы басқармасының бірінші басшысы, бас бухгалтері және сақтандыру брокерінің бірінші басшысы лауазымдарына кандидаттар үшін кемінде үш жыл;
      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарма мүшелері , сақтандыру брокерінің бас бухгалтері және бірінші басшысының орынбасары лауазымдарына кандидаттар үшін кемінде екі жыл;
      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және сақтандыру және (немесе) инвестициялық қызметті жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қою құқығы бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзге басшылары лауазымдарына кандидаттар үшін кемінде бір жыл жұмыс стажы болуы қажет.
       Директорлар кеңесінің мүшелері, сондай-ақ тек қана сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қауіпсіздігі мәселелеріне, әкімшілік-шаруашылық мәселелеріне жетекшілік ететін басқарма мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жұмыс стажының болуы талап етілмейді.
      Осы тармақта айқындалған жұмыс стажына қаржылық ұйым бөлімшелеріндегі шаруашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты жұмыс кірмейді.
      5. Басшы қызметкер тағайындалған (сайланған) күннен бастап өз қызметін уәкілетті органмен келіспей күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзім ішінде атқаруға құқылы.
      Осы тармақта көрсетілген мерзім өткеннен кейін және құжаттардың толық топтамасы уәкілетті органға келісуге табыс етілмеген жағдайда не уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру брокері осы адаммен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттілігін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
       Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерінің және сақтандыру брокерінің міндеттерін уәкілетті органның келісімінсіз осы тармақта белгіленген мерзімнен асыра атқаруға (уақытша болмаған адамды ауыстыруға) тыйым салынады.
      Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру үшін табыс етілген құжаттарды олар табыс етілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.
      6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісім беру тәртібі, келісім алуға қажетті құжаттар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
      7. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартқан не ол сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкері лауазымынан босатылған немесе оны осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымындағы, осы сақтандыру брокеріндегі өзге лауазымға ауыстырған жағдайда бұл адам оны тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартылғаннан не ол лауазымнан босатылғаннан не өзге лауазымға ауыстырылғаннан кейін кемінде күнтізбелік тоқсан күн өткен соң, бірақ қатарынан он екі ай ішінде екі реттен артық емес, осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкері лауазымына қайта тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.
      8. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беруден қатарынан екі рет бас тартқан жағдайда, бұл адам өзін уәкілетті органның осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында, осы сақтандыру брокерінде тағайындауға (сайлауға) келісім беруден екінші рет бас тарту туралы шешімі қабылданған күннен бастап қатарынан он екі ай өткеннен кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкері болып тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.
      9. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісімін:
      1) келісім беруге негіз болған жалған мәліметтер анықталған;
      2) басшы қызметкерге уәкілетті органның санкцияларды жүйелі түрде (қатарынан соңғы он екі ай ішінде үш және одан да астам рет) қолдануы;
      3) осы бапта аталған тұлғаларды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келмейді деп тану үшін жеткілікті деректер негізінде қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету;
      4) алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы негіздері бойынша кері қайтарып алуға құқылы.
      Уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында, сақтандыру брокерінде басшы қызметкерді тағайындауға (сайлауға) берген келісімді кері қайтарып алуы өзге қаржы ұйымдарындағы осы басшы қызметкерге бұдан бұрын берілген келісімді (келісімдерді) кері қайтарып алуға негіз болып табылады.
      Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері осы адаммен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
      10. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын осы Заңда белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылдаған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарманың бірінші басшысы және оның орынбасарлары және бас бухгалтер болып табылатын басшы қызметкерлермен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
      11. Осы баптың 2-тармағы 4) тармақшасының және 10-тармағының талаптары орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қолданылмайды.
      12. Бірінші басшы және басқару органдарының, атқарушы органның мүшелері, бас бухгалтер, еншілес ұйымдардың және сақтандыру холдингінің капиталға қомақты қатысуы бар ұйымдардың қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын сақтандыру холдингінің өзге де басшылары сақтандыру холдингінің басшы қызметкерлері болып танылады.
      13. Осы баптың талаптары:
      1) Қазақстан Республикасының резиденттері емес сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін қоспағанда, мынадай талаптардың біреуі орындалған кезде:
      сақтандыру холдингінде тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ сақтандыру холдингінің шыққан елінің қаржылық қадағалау органынан оның шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауы бар болғанда;
      сақтандыру холдингінде тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен, бірақ Қазақстан Республикасына берілген шетел валютасындағы тәуелсіз рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингінің, сондай-ақ уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасындағы ақпарат алмасу туралы келісім бар болғанда;
      2) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банк конгломераттарының құрамына кіретін банк холдингтері болып табылатын сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісімін алған басшы қызметкерлерді қоспағанда, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлеріне қолданылады.
      Ескерту. 34-бап жаңа редакцияда - ҚР 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгеріс  енгізілді - ҚР 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      35-бап. Қазақстан Республикасының резидентi еместiң
               қатысатын сақтандыру (қайта сақтандыру)
               ұйымына қойылатын қосымша талаптар

      1. алып тасталды.
      2. Дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акциялары жиынтығының жиырма бес проценттен астамы:
      1) Қазақстан Республикасының резидентi еместiң;
      2) жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң немесе орналастырылған акцияларының елу процентiнен астамы Қазақстан Республикасының резидентi еместердiң меншiгiндегi және (немесе) басқаруындағы Қазақстан Республикасы резидентiнiң - заңды тұлғаның;
      3) Қазақстан Республикасының резидентi еместердiң бағалы қағаздарын атаулы ұстаушылар болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң меншiгiнде немесе басқаруында болып отырған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының резидентi еместер қатысатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болып табылады.
      Ескерту. 35-бапқа өзгертулер енгізілді - ҚР 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

      36-бап.
      Ескерту. 36-бап алынып тасталынды - ҚР 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

7-тарау. ЛИЦЕНЗИЯЛАУ      

      37-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын және
               сақтандыру брокерін лицензиялау

      1. Өтініш беруші сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды: V074731
      1) сақтандыру ұйымын құруға не қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына рұқсат алу кезінде табыс етілген бизнес-жоспарда көзделген сақтандыру сыныптары шегінде лицензия беру туралы өтінішті;
      1-1) барлық ұйымдастыру-техникалық іс-шараларын, оның ішінде уәкілетті орган мен Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сай келетін бухгалтерлік есеп және бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру мәселелері бойынша іс-шараларды орындағаны туралы куәландыратын құжаттарды;
      2) бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты;
      3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесін;
      4) салық төлеуші куәлігінің көшірмесін;
      5) енгізілген барлық өзгерістермен және толықтырулармен (бар болса) жарғының нотариат куәландырған көшірмесін;
      5-1) осы Заңның 34-бабының талаптарына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлерінің лауазымдарына ұсынылатын адамдардың құжаттарын;
      6) ең аз мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін;
      7) сақтандыру қызметін жүзеге асырудың ішкі ережелерін;
      8) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсат алу кезінде табыс етілген бизнес-жоспарға сәйкес жүргізілген ұйымдастыру іс-шаралары туралы есепті;
      9) өтініш берушінің штатында актуарийдің болуы туралы мәліметтерді;
      10) ішкі аудит қызметі туралы ережені;
      11) сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезінде сақтандыру шарттары бойынша сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға қатысу шартының, егер Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінде немесе осы Заңда сақтандыру ұйымының мұндай ұйымға міндетті қатысуы белгіленген болса, нотариат куәландырған көшірмесін;
      11-1) сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезінде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін міндетті сақтандыру шарттары бойынша жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның акцияларын ұстаушылар тізілімінің жүйесінде ашылған сақтандыру ұйымының, егер Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісінде осы ұйымның акционері ретінде міндетті қатысуы көзделген болса, жеке шотынан үзінді көшірмені;
      12) осы Заңның және Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес дерекқорына қатысуын растайтын құжаттарды;
      13) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама түрде де тиесілі немесе сенімгерлік басқаруға берілген жағдайларды қоспағанда, ірі қатысушы - жеке тұлғаның немесе сақтандыру холдингінің бар екенін растайтын құжатты (міндетті сақтандыру түрлерін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін) табыс етеді.
      Осы тармақта жазылған талаптар, осы тармақтың 13) тармақшасын қоспағанда, жұмыс істеп тұрған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қолданылмайды.
      2. Сақтандыру ұйымы сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
      1) өтінішті;
      2) актуарий қол қойған, сақтандырудың сыныбы (сыныптары) бойынша бизнес-жоспарды;
      3) сақтандыру шарты бойынша сақтандыру ұйымдарын мәжбүрлеп тарату кезінде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретін ұйымға қатысу шартының, егер сақтандыру ұйымының мұндай ұйымға мiндеттi қатысуы Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актiлерiнде немесе осы Заңда белгiленген болса, нотариат куәландырған көшiрмесiн;
      3-1) сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезінде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін сақтандыру шарттары бойынша жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның акцияларын ұстаушылар тізілімінің жүйесінде ашылған сақтандыру ұйымының, егер Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрі бойынша заңнамалық актісінде немесе осы Заңда осы ұйымның акционері ретінде міндетті қатысуы көзделген болса, жеке шотынан үзінді көшірмені;
      4) лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесін;
      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама түрде тиесілі немесе сенімгерлік басқаруға берілген жағдайларды қоспағанда, ірі қатысушы - жеке тұлғаның немесе сақтандыру холдингінің бар екенін растайтын құжатты (міндетті сақтандыру түрлерін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін);
      6) осы Заңның және Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес дерекқорға қатысуын растайтын құжаттарды;
      7) уәкілетті орган белгілеген тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуы бөлігіндегі талаптарды орындағанын растайтын құжаттарды табыс етеді.
      3. Сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспарда мынадай ақпарат:
      1) мыналардың:
      сақтандыру сыныбы бойынша жабылатын тәуекелдердің;
      сақтандыру портфелінің құрылымындағы сақтандыру сыныбы үлесінің;
      сақтандыру сыныбы бойынша қызметтер көрсету нарығы сегментінің (нарық көлемінің, ықтимал сақтанушылардың, географиялық жерінің);
      сақтандыру өнімдерін сақтандыру сыныбы шеңберінде сату тәсілдерінің негізгі сипаттамалары;
      2) сақтандыру тарифтерін есептеу тәртібіне және олардың экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптар;
      3) осы сақтандыру сыныбы бойынша таяу екі жылға арналған, пайдалар, шығындар, сақтандыру резервтерінің есептері туралы болжам, шығындылық болжамы, ең нашар және ең жақсы жағдайдағы тәуекелдерді бағалау, пруденциялық нормативтердің сақталу болжамы;
      4) қайта сақтандыру саясаты (қайта сақтандыру нысандары мен әдістері, қайта сақтандыру ұйымдарын бағалау өлшемдері);
      5) инвестициялық саясат қамтылуға тиіс.
      4. Сақтандыру ұйымы сақтандыру ұйымын құруға рұқсат алу кезiнде сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшiн бизнес-жоспарда көрсетiлген талаптарды орындау мерзiмi аяқталғанға дейiн уәкiлеттi органға өтініш жасауға құқылы емес.
      Осы тармақтың талабы:
      1) сақтандырудың жаңа сыныптары мен түрлерін енгізуді;
      2) сақтандырудың жекелеген сыныптары мен түрлері бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру тәртібі мен талаптарын өзгертуді көздейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері қабылданған жағдайларда қолданылмайды.
      5. Лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптары алып тасталған жағдайда, лицензия сақтандырудың осы сыныптары алып тастала отырып, қайта ресімделуге тиіс.
      6. Сақтандыру ұйымы сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптарын алып тастау үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
      1) өтінішті;
      2) лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесін;
      3) осы Заңның 37-1-бабында көзделген тәртіппен сақтандыру портфелінің берілуін растайтын құжаттарды табыс етеді.
      7. Лицензиат қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
      1) өтінішті;
      2) қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру жөнінде таяудағы екі жылға арналған, сақтандыру нарығында актуарийлік қызметті жүргізуге лицензиясы бар актуарий қол қойған бизнес-жоспарды;
      3) сақтандыру ұйымының сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға қабылдау рәсімін ашатын ішкі ережелерін;
      4) лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесін табыс етеді.
      8. Өтініш беруші сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
      1) өтінішті;
      2) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің және салық төлеуші туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмелерін;
      3) мемлекеттік тіркеуден өткен жарғының нотариат куәландырған көшірмесін;
      4) жарғылық капиталдың толық төленгенін растайтын құжаттарды;
      5) осы Заңның 34-бабының талаптарына сәйкес сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлерін келісуге арналған құжаттарды;
      6) сақтандыру және қайта сақтандыру шарттарын жасау бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыру тәртібін көздейтін жұмыстың ішкі регламентін;
      7) құжаттама жүргізу тәртібін және клиенттерге қызмет көрсету шарттарын;
      8) лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесін;
      9) мемлекеттік тіркеу туралы құжатты, тиісті мемлекеттің уәкілетті органының (қаржылық ұйымдар үшін - қадағалау органдарының) құрылтайшы - Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғаға Қазақстан Республикасының резиденті - сақтандыру брокерінің жарғылық капиталына қатысуға рұқсат етілгені жөніндегі жазбаша хабарламасын не тиісті мемлекеттің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіні туралы мәлімдемесін;
      10) тиісті мемлекеттің уәкілетті органының құрылтайшы - Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлғада заңнамада белгіленген тәртіппен лицензиясынан айырылған, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, сақтандыру брокерін мәжбүрлеп тарату, олардың акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылданған кезден бастап бір жылдан аспайтын кезеңде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің не өзге де қаржы ұйымының басшы қызметкері ретіндегі қызметінде экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтары бойынша сотталғандығы жоқ екенін айғақтайтын құжатын табыс етеді. Аталған талап лицензиядан айырылған, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, сақтандыру брокерін мәжбүрлеп тарату, олардың акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылданған күннен кейін бес жыл бойы қолданылады.
      9. Лицензия бергені (қайта ресімдегені) үшін лицензиялық алым өндіріп алынады, оның мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
      10. Уәкілетті орган лицензия беру туралы өтінішті Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттардың толық топтамасы табыс етілген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.
      11. Лицензия беру туралы ақпарат уәкілетті органның мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады.
      12. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру тәртібі мен шарттары, сондай-ақ осы баптың 1-3 және 6-8-тармақтарында көрсетілген құжаттардың мазмұнына, оның ішінде сақтандыру тарифтерін есептеу тәртібі мен олардың экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
      Ескерту. 37-бап жаңа редакцияда - ҚР 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгеріс енгізілді - 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.11 N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      37-1-бап. Сақтандыру портфелін беру

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтанушының келісімі болған кезде бір немесе бірнеше сақтандыру сыныптары бойынша осы сақтандыру сыныбы (сыныптары) бойынша лицензиясы бар басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандыру портфелін беруді жүзеге асыруға құқылы.
      2. Осы Заңның 37-бабына сәйкес лицензиядан жекелеген сақтандыру сыныптарын алып тастағанда, сақтандыру ұйымы сақтанушының келісімі болған кезде осы сақтандыру сыныбы (сыныптары, түрлері) бойынша сақтандыру портфелін беруді жүзеге асыруға не сақтанушылармен осы сақтандыру сыныбы (сыныптары, түрлері) бойынша сақтандыру шарттарын бұзуға міндетті.
      Қайта сақтандыру жөніндегі лицензия ерікті түрде қайтарылған кезде сақтандыру ұйымы қайта сақтандыру жөніндегі лицензиясы бар басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандыру портфелін беруді жүзеге асыруға міндетті.
      Лицензиядан жекелеген сақтандыру сыныптарын алып тастағанда, қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия ерікті түрде қайтарылғанда сақтандыру ұйымы осы сақтандыру сыныбы (сыныптары, түрлері) бойынша шарттар жасасумен және оларды орындаумен байланысты қызметті жүзеге асыруға құқылы емес.
      3. Сақтандыру портфелін қабылдайтын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы оны қабылдау сәтіне, сондай-ақ жаңадан қабылданатын сақтандыру портфелін ескере отырып, барлық пруденциялық нормативтерді және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді орындауға тиіс.
      4. Сақтандыру портфелін берудің тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен айқындалады.
      Ескерту. 37-1-баппен толықтырылды - ҚР 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      38-бап. Сақтандыру қызметін, қайта сақтандыру жөніндегі
               қызметті және сақтандыру брокерінің қызметін
               жүзеге асыру құқығына лицензия беруден бас тарту

      1. Сақтандыру қызметін, қайта сақтандыру жөніндегі қызметті, сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беруден (қайта ресімдеуден):
      1) осы Заңның 37-бабында белгіленген талаптардың сақталмауы;
      1-1) құрамына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кіретін сақтандыру тобының өтініш бергенге дейінгі алты ай ішіндегі кезеңде белгіленген пруденциялық нормативтерді және сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді сақтамауы;
      2) өтініш берушінің мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап алты ай ішінде уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензия алу үшін жүгінбеуі;
      3) табыс етілген құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;
      4) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      5) қоғам органдары сайлағандардың қатарынан басшы қызметкерге келісім берілмеуі (жаңадан құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері үшін) негіздері бойынша бас тартылады.
      2. Сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия немесе қайта сақтандыру бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беруден, осы баптың 1-тармағында жазылған негіздерден басқа, мынадай:
      1) сақтандырудың алынатын қосымша сыныбын ескере отырып, пруденциялық нормативтер сақталмауының болжамы;
      2) пруденциялық нормативтердің өтініш берген күнге дейін соңғы үш ай ішінде және оны қарау кезеңінде сақталмауы;
      3) өтініш берген күнде сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тоқтата тұру түрінде қолданыстағы санкцияның болуы негіздері бойынша бас тартылады.
      Ескерту. 38-бап жаңа редакцияда - ҚР 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгеріс  енгізілді - ҚР 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      39-бап.
      Ескерту. 39-бап алынып тасталды - ҚР 2006.05.05 N 139 Заңымен.

      40-бап. Актуарийлік қызметті лицензиялау

      1. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығындағы актуарийлік қызметті лицензиялауды уәкілетті орган жүзеге асырады.
      2. Сақтандыру нарығында актуарийлік қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
      1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша лицензия беру туралы өтінішті;
      2) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша лицензия алуға өтініш беруші туралы мәліметті;
      3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
      4) жоғары білімі туралы дипломның нотариат куәландырған көшірмесін;
      5) лицензиялық алымды төлегенін растайтын құжаттың көшірмесін;
      РҚАО-ның ескертуі!
      6) тармақша 2012.01.01 дейін қолданыста болады (ҚР 2010.06.30 N 298-IV Заңының 2-бабын қараңыз).
      6) өтініш берушінің салық органына есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесін;
      7) өтініш беруші лицензия алу үшін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген актуарийлерді оқытудың ең қысқа міндетті бағдарламасы бойынша оқытудан өткенін және тиісті емтихандарды сәтті тапсырғанын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін немесе уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес «Актуарий» мамандығы бойынша іскерлік әкімшілік ету магистрі дипломының көшірмесін;
      8) Қазақстан Республикасының резиденттері емес жеке тұлғалар үшін – тізбесі мен талаптарын уәкілетті орган белгілейтін актуарийдің мәртебесін және актуарийлердің халықаралық қауымдастықтарына  мүшелігін растайтын құжаттардың көшірмелерін табыс етеді.
      Лицензия беру туралы өтінішті уәкілетті орган Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттардың толық пакетін табыс еткен күннен бастап бір ай ішінде қарайды.
      3. Сақтандыру нарығында актуарийлік қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия өтініш берушіге ол Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамасын білуіне тестілеуден өткеннен кейін беріледі. Тестілеуді өткізу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
      Актуарий лицензияны алғаннан кейін актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензияны алған күнінен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде уәкілетті органға оның актуарийлердің бірлестігіндегі мүшелігін растайтын құжатты табыс етуге міндетті.
      4. Актуарий әрбір үш жыл сайын уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен біліктілік емтиханын тапсыруға міндетті.
      5. Мынадай:
      1) егер өтініш беруші осы баптың 1-тармағында белгіленген лицензия алуға арналған барлық құжаттарды табыс етпеген;
      2) осы Заңның 60-бабы 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша лицензиядан айыру туралы деректер болған;
      3) уәкілетті орган өткізген тестілеудің теріс нәтижесі жағдайларында лицензия беруден бас тартылуы мүмкін.
      6. Лицензия беру туралы ақпарат уәкілетті органның мерзімді басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.
      Ескерту. 40-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

  8-тарау. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган және сақтандыру
iсiн қадағалауды жүзеге асыру

      41-бап. Сақтандыру саласындағы мемлекеттiк реттеудiң
               мiндеттерi

      1. Сақтандыру саласындағы мемлекеттiк реттеудiң негiзгi мiндеттерi:
      1) Қазақстан Республикасында тұрақты сақтандыру жүйесiн жасау мен қолдау және ұлттық сақтандыру рыногының инфрақұрылымын қалыптастыру;
      2) сақтандыру рыногын реттеу және сақтандыру қызметiн қадағалау;
      3) сақтандырудың негiздерiн заңдармен баянды ету, мiндетті сақтандыру түрлерiн, халықаралық сақтандыру жүйесiне Қазақстан Республикасының қатысу принциптерiн белгiлеу;
      4) сақтанушылардың, сақтандырылушылардың және пайда алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау болып табылады.
      2. Сақтандыру саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды, сақтандыру рыногындағы iстiң жайына мемлекеттiк бақылау жасауды қамтамасыз етудi қоса, уәкiлеттi мемлекеттiк орган және мемлекеттiң өзге де органдары өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады.
      Өзге де мемлекеттiк органдардың осы Заңмен реттелмеген өкiлеттiгi мiндеттi сақтандыру түрлерi бойынша тиiстi заң актiлерiнде көзделуi мүмкін.
      Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдарының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокерiнiң сақтандыру қызметiне араласуына тыйым салынады.

      42-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган

      1. Сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеуді және қадағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктерге сәйкес уәкілетті орган жүзеге асырады.
      Уәкілетті органның құқықтық мәртебесі Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде айқындалады.
      2. Лауазымды адамдардың немесе меншiгiнде не басқаруында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының дауыс беретiн акцияларының бес проценттен астамы бар адамдардың және сақтандыру брокерлерiнiң жақын туыстары уәкiлеттi мемлекеттiк органның сақтандыру iсiн қадағалайтын құрылымдық бөлiмшесiнiң қызметкерлерi бола алмайды.
      Ескерту. 42-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      43-бап. Уәкілетті органның құзыреті

      Ескерту. 43-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      Уәкiлеттi мемлекеттiк орган:
      1) Қазақстан Республикасында сақтандыру жүйесiнiң жұмыс iстеуiн және ұлттық сақтандыру рыногының инфрақұрылымын қалыптастыруды, сақтанушылардың және сақтандыру рыногының өзге де қатысушыларының заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк саясатты жүргiзедi;
      2) сақтандыру рыногын реттеу принциптерi мен әдiстерiн, сақтандыру қызметiн қадағалауды ұйымдастыру тәртiбiн белгiлейдi;
      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын құруға рұқсат бередi;
      3-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беру және оны кері қайтарып алу тәртібін осы Заңның талаптарын ескере отырып айқындайды, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін алуға рұқсат береді, ірі қатысушының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акцияларын тікелей және (немесе) жанама иелену үлесін белгілейді;
      3-2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларымен мәміле жасауға келісім береді;
      3-3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркімен қайта ұйымдастырылуына және таратылуына келісім береді;
      3-4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің еншілес ұйым құруына, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қомақты қатысуына рұқсат береді;
      3-5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және сақтандыру топтары үшін тәуекелдерді басқару жүйесінің болуы жөнінде талаптар белгілейді;
      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметiн, сақтандыру брокерiнiң қызметiн, сақтандыру рыногындағы актуарий қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиялар беру тәртібін осы Заңның талаптарын ескере отырып айқындайды және лицензиялар береді;
      4-1) сақтандыру портфелін берудің тәртібін айқындайды;
      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру тобы үшiн пруденциялық нормативтердi және өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi, жарғылық капиталдың, кепілдік беру қорының, төлем қабілеттігі маржасының ең аз мөлшерiн қоса, белгiлейдi және олардың сақталуын бақылауды қамтамасыз етедi;
      6) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын тарату комиссияларының қызметiне бақылау жасауды жүзеге асырады;
      6-1) осы Заңның 54-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіздер бойынша лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайда, шығыстардың, оның ішінде әкімшілік, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы шығыстарының ұлғаюын шектеуге құқылы;
      7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерiн және сақтандыру брокерлерiн сайлауға (тағайындауға) келiсiм бередi;
      8) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағынан тұрақтылығы мен төлем қабiлетiне талдау жасауды, баға берудi және бақылауды жүзеге асырады;
      9) сақтандыру ұйымының сақтандыру шарттарын (сақтандыру полистерiн) есепке алу тәртiбiн белгiлейдi;
      9-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру тарифтерін бағалау әдістеріне және есептеу принциптеріне талаптар қояды;
      9-2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылығын сипаттайтын коэффициенттерді (шығындылық коэффициентін, жұмсалған қаражат коэффициентін, аралас коэффициентті) есептеу тәртібін айқындайды;
      9-3) сатып алу сомасы есебінің тәртібін белгілейді;
      10) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерiнiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары мен өкілдіктерінің және сақтандыру брокерлерінің, актуарийлердiң тiзiлiмiн жүргiзедi;
      11) (алып тасталды)
      11-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын автоматтандыруға қойылатын талаптарды белгілейді;
      11-2) ұйымның:
      ақпараттық процеске;
      қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруға және электрондық жабдыққа қойылатын ең төмен талаптарды белгілеуге;
      деректер базасының сақталуына;
      үй-жайларға қойылатын талаптарды қоса алғанда, деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі қызметіне қойылатын талаптарды белгілейді;
      12) (алып тасталды)
      13) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру рыногының басқа да қатысушылары орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайды;
      14) сақтандыру қызметi субъектiлерiн, сақтандыру брокерлерін, сақтандыру қызметі субъектілерінің оқшауланған бөлімшелері мен сақтандыру брокерлерін тексеру iсiн жүргiзедi;
      14-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
      15) сақтандыру рыногының кәсiби қатысушыларына санкция қолданады;
      16) сақтандыру рыногының кәсiби қатысушыларына берiлген лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру және лицензиялардан айыру туралы шешiмдер қабылдайды;
      16-1) уақытша әкімшіліктің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау немесе лицензиядан айыру кезінде сақтандыру портфелін беру туралы шешімін келіседі;
      17) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздемелер бойынша тоқтату туралы сот органдарына талап қойып жүгiну жөнiнде шешiм қабылдайды;
      18) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметi туралы, оның құрылтайшыларының құқықтық мәртебесi мен қаржылық жай-күйi туралы, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және оның құрылтайшыларына қатынасы жөнiнен еншiлес ұйымдар немесе оқшауланған бөлiмшелер болып табылатын тұлғалар туралы мәлiметтер алуға құқылы;
      19) осы Заңға сәйкес сақтандыру нарығының және олардың бірлестіктерінің кәсіби қатысушыларынан, сақтандыру агенттерінен өздерінің бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруға қажетті мәліметтер алуға құқылы;
      20) (алып тасталды)
      21) мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан өзiнiң бақылау және қадағалау қызметi үшiн қажеттi мәлiметтердi, оның iшiнде қызметтiк немесе коммерциялық құпия болып табылатын мәлiметтердi алуға құқылы;
      22) мiндеттi сақтандырудың жекелеген түрлерi бойынша сақтандыру полистері бланкілерінің мазмұнына және оларды әзірлеуге қойылатын талаптарды белгілейді, сондай-ақ сақтандыру полисінің бірыңғай нысанын әзірлейді;
      22-1) ертерек ден қою шараларын қолданады;
      23) сақтандыру нарығының кәсіби қатысушыларына орындауға міндетті шектеулі ықпал ету шараларын қолдануға құқылы;
      24) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын мәжбүрлеп сатып алу жөнiнде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен шаралар қолданады;
      25) Қазақстан Республикасы қаржы рыногының субъектiлерiн қадағалайтын басқа да уәкiлеттi органдармен ынтымақтастықты және қажеттi ақпарат алмасуды жүзеге асырады;
      26) басқа мемлекеттердiң сақтандыруды қадағалау органдарымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен сақтандыру рыногын реттеу және сақтандыру қызметiн қадағалау мәселелерi бойынша қатынастарда Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiредi;
      27) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      Ескерту. 43-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2003.07.10 N 483, 2004.06.11 N 562, 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.05.05 N 139, 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.08.28 N 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      44-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының,
               сақтандыру брокерінің, сақтандыру холдингтерінің
               және сақтандыру топтарының қызметін тексеру

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, сақтандыру холдингтерінің және сақтандыру топтарының қызметін тексеруді уәкілетті орган өз бетінше не басқа да мемлекеттік органдарды және (немесе) ұйымдарды тарта отырып жүргізеді.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері, сақтандыру холдингтері, сақтандыру топтары, сондай-ақ олардың үлестес тұлғалары тексеруші органға уәкілетті органның тексеру тапсырмасында көрсетілген мәселелер бойынша жәрдемдесуге, сондай-ақ кез келген лауазымды тұлғаларға және қызметкерлерге сауал қою мүмкiндiгiн және ақпаратқа тексеру жүргізуге қажетті кез келген дерек көздеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуге мiндеттi.
      3. Тексеруді жүзеге асыратын тұлғалар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, сақтандыру холдингтерінің және сақтандыру топтарының қызметін тексеру барысында алынған сақтандыру құпиясын не коммерциялық құпияны құрайтын мәлiметтердi жария еткені үшін жауапты болады.
      4. Уәкілетті органның қызметкерлеріне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, сақтандыру холдингтерінің және сақтандыру топтарының қызметін тексеру барысында алынған мәліметтерді жария етуге не үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады.
      5. Өздеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында берiлген өкiлеттiктер шегiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері оқшауланған бөлімшелерінің, сақтандыру холдингтерінің және сақтандыру топтарының қызметін тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар анықталған Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заңнамасын бұзушылықтар туралы уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi.
      6. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының талаптары мынадай шарттардың бірін:
      тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ сақтандыру холдингі, сақтандыру холдингінің белгілерін иеленген тұлға шыққан елдің қаржылық қадағалау органынан аталған Қазақстан Республикасының резиденттері емес тұлғалардың шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауының болуы;
      тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен, бірақ Қазақстан Республикасына берілген шетел валютасындағы тәуелсіз рейтингтен төмен емес жеке кредиттік рейтингінің, сондай-ақ уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісімнің болуы орындалған кезде сақтандыру холдингі, сақтандыру холдингінің белгілерін иеленген тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттері еместерге қолданылмайды.
      Ескерту. 44-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

9-тарау. САҚТАНДЫРУ (ҚАЙТА САҚТАНДЫРУ)
ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТIН РЕТТЕУ

      45-бап.
      Ескерту. 45-бап алынып тасталды - ҚР 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      46-бап. Пруденциялық нормативтер және сақталуға
               міндетті өзге де нормалар мен лимиттер

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және оларға қатысты шоғырландырылған негізде қадағалау жүзеге асырылатын тұлғалардың төлем қабiлеттiлiгi мен қаржылық тұрақтылығын қадағалау уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтердің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің орындалуын немесе сақталуын бақылау арқылы жүргізіледі.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына арналған пруденциялық нормативтер:
      жарғылық капиталдың ең төмен мөлшерін;
      төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативін;
      өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілігі нормативін;
      активтерді әртараптандыру нормативтерін қамтиды.
      Сақтандыру топтарына арналған пруденциялық норматив төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативі болып табылады.
      Уәкiлеттi орган қосымша пруденциялық нормативтер, оның ішінде аннуитеттік сақтандыру бойынша сақтандыру резервтерінің орнын толтыратын активтерді инвестициялау бойынша қосымша нормативтер белгілеуге құқылы.
      Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзғаны үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және (немесе) сақтандыру холдингтерін не олардың лауазымды тұлғаларын және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына ірі қатысушыларды немесе сақтандыру холдингтерін жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қолданады.
      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру тобы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген төлем қабілеттігі маржасының жеткіліктілік нормативтерін бұзған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру холдингі уәкілетті органға қайта капиталдандыру жоспарын жіберуге тиіс. Бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралардың толық сипаттамасы мен мерзімдері бар жоспар төлем қабілеттігі маржасының жеткіліктілік нормативін бұзған күннен бастап бір ай ішінде берілуге тиіс.
      4. Сақтандыру холдингтері, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушылар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру тобының төлем қабілеттігі маржасының жеткіліктілік нормативтерін сақтау жөнінде шаралар қолдануға міндетті.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының қаржылық жағдайы нашарлаған жағдайда сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы, оның ішінде уәкілетті органның талап етуі бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының қаржылық жағдайын жақсарту жөнінде, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге жеткілікті мөлшерде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының меншікті капиталын ұлғайту жөнінде шаралар қолдануға міндетті.
      5. Төлем қабілеттігі маржасы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелерінен активтердің асып түсуін білдіреді.
      6. Кепілдік қоры сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығын және төлем қабілеттігін қамтамасыз ету мақсатында төлем қабілеттігі маржасының белгіленген ең аз мөлшерден төмендеуі нәтижесінде құрылады.
      7. Сақтандыру және (немесе) қайта сақтандыру, оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының үлестес тұлғасымен (үлестес тұлғаларымен) жасалған шарты (шарттары) бойынша, сондай-ақ сақтандырудың және қайта сақтандырудың жекелеген сыныбы (түрі) бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзіндік ұстап қалуының мөлшерін есептеуге қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
      8. Уәкілетті орган ипотекалық сақтандыру және көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы үшін төлем қабілеттігі маржасының ең аз деңгейіне, сондай-ақ ипотекалық сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы үшін сақтандыру резервтерін есептеу тәртібіне қойылатын қосымша талаптар белгілеуге құқылы.
      9. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қаржылық есептілікке кірмейтін туынды қаржы құралдарының болуы және оларды пайдалануды шектеу туралы мәліметтерді уәкілетті органға береді.
      10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндері және оларды есептеу әдістемелері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
      11. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру тобына қатысушы уәкілетті органның жазбаша нұсқамасында көрсетілген, қаржылық және (немесе) өзге де есептіліктегі деректерді түзету жөніндегі талаптарын орындамаған кезде пруденциялық нормативтерді және басқа да міндетті нормалар мен лимиттерді есептеуді уәкілетті орган өзі түзеткен есептілік негізінде жүзеге асырады.
      Ескерту. 46-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      46-1-бап. Ірі қатысушылардың міндеттері

      1. Уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзғаны үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын және (немесе) сақтандыру холдингтерін жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қолданады.
      2. Сақтандыру холдингі, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акцияларының жиырма бес пайыздан астамын тікелей немесе жанама иемденетін жеке тұлғалар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген, пруденциялық нормативтерді белгіленген деңгейлерден төмен емес деңгейде ұстау жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
      3. Сақтандыру холдингі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының мөлшерін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген деңгейде қамтамасыз етуге міндетті.
      Уәкілетті орган сақтандыру холдингі жоқ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін жекелеген пруденциялық нормативтерді және олардың нормативтік мәнін белгілеуге құқылы.
      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерінің деңгейі төмендеген жағдайда, сақтандыру холдингі уәкілетті органның талабы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайын жақсарту, оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттілігі маржасын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге жеткілікті мөлшерде ұлғайту жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
      5. Егер уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушыларының аффилиирленген тұлғаларының, олардың лауазымды тұлғаларының немесе қызметкерлерінің бұзушылықтары, заңсыз әрекеті немесе әрекетсіздігі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайын нашарлатқанын анықтаса, осы бапта келтірілген шаралар осы тұлғаларға қатысты да қолданылуы мүмкін.
      Ескерту. 46-1-баппен толықтырылды - ҚР 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, жаңа редакцияда - 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      47-бап. Сақтандыру резервтерi

      1. Сақтандырудың және қайта сақтандырудың қолданылып жүрген шарттары бойынша қабылдаған мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз ету үшiн сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының актуарий есептеген көлемде қалыптасқан сақтандыру резервтерiнiң болуы мiндеттi.
      2. Сақтандыру резервтерiнiң қаражаты тек қана сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қолданылып жүрген сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша өз мiндеттемелерiн орындауға байланысты сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға арналған.
      3. Сақтандыру резервтерiн есептеу әдiстемесiн қалыптастыруға және олардың құрылымына, соның iшiнде қызметi лицензиялануға тиiс қоғамдарға қойылатын талаптар уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
      Ескерту. 47-бапқа өзгертулер енгізілді - ҚР 2003.07.10 N 483, 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.07.05 N 164 Заңдарымен.

      48-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және
               сақтандыру холдингтері үшін тыйым салынған немесе
               шектелген қызмет

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, осы Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алуға, коммерциялық емес ұйымдарды құруға және олардың қызметіне қатысуға және осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларда бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерді жүзеге асыруға тыйым салынады.
      2. Сақтандыру холдингтеріне, осы Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, кәсіпкерлік қызмет ретінде операциялар мен мәмілелерді жүзеге асыруға, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алуға, коммерциялық емес ұйымдарды құруға және олардың қызметіне қатысуға және осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларда бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерді жүзеге асыруға тыйым салынады.
      3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген тыйым салу:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының:
      деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымды;
      қызметтің ерекше түрі ретінде сақтандыру агентінің қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаларды;
      сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерінің жүзеге асырылуына кепілдік беретін ұйымды;
      сатып алынатын акциялары (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес келуі шартымен орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алғандарын шегере отырып) акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) он пайыздан аз мөлшерінде заңды тұлғаларды;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы абзац 2013.01.01 дейін қолданыста болады.
      қаржы ұйымдарын, сондай-ақ банктер, сақтандыру ұйымдары, зейнетақы қорлары, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар мәртебесі бар Қазақстан Республикасының резиденттері емес заңды тұлғаларды;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы абзац 2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі.
      қаржы ұйымдарын, сондай-ақ банктер, сақтандыру ұйымдары, зейнетақы қорлары, бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылар мәртебесі бар, өзінде сақтандыру холдингі бар болған кезде орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алғандарын шегере отырып) акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) он немесе одан көп пайызы мөлшерінде Қазақстан Республикасының резиденттері емес заңды тұлғаларды;
      2) сақтандыру холдингтерінің:
      қаржы ұйымдарын;
      банктер, сақтандыру ұйымдары, зейнетақы қорлары, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар мәртебесі бар Қазақстан Республикасының резиденттері емес заңды тұлғаларды құру, сондай-ақ акцияларды немесе жарғылық капиталдарға қатысу үлестерін сатып алу жағдайларына қолданылмайды.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін не акцияларын сатып алуы бір заңды тұлға үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының меншікті капиталының он пайызынан аспауы тиіс. Бұл шектеу сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аталған заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін не акцияларын иеленуіне, оның ішінде оларды құрған кезде қолданылады.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не акцияларының жиынтық құны сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының меншікті капиталының елу пайызынан аспауға тиіс.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының еншілес ұйымдары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін заңды тұлғалардың акцияларын немесе жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін ғана сатып алуға құқылы. Бұл талап Қазақстан Республикасының резиденті-еншілес банктеріне қолданылмайды.
      Сақтандыру холдингінің еншілес ұйымдары заңды тұлғалардың уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін акцияларын немесе жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін ғана сатып алуға құқылы. Бұл талап:
      Қазақстан Республикасының резиденттері-еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына;
      Қазақстан Республикасының резиденттері-еншілес банктерге;
      сақтандыру холдингі аталған заңды тұлғалардың акцияларына немесе жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне тікелей иелік ететін (дауыс беруге, шешімдерді айқындауға және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал етуге мүмкіндігі бар) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе Қазақстан Республикасының резиденттері банктің акцияларына иелік ету арқылы (дауыс беру, шешімдерді айқындауға және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігінің болуы) бас ұйым болып табылатын заңды тұлғаларға;
      сақтандыру холдингі болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттері емес еншілес ұйымдары болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместерге мынадай талаптардың біреуін орындаған кезде:
      сақтандыру холдингінде тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ аталған тұлғалардың шыққан елінің қаржылық қадағалау органынан олардың шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауы бар болғанда;
      сақтандыру холдингінде тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен, бірақ Қазақстан Республикасына шетел валютасында берілген тәуелсіз рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ уәкілетті орган мен шетел мемлекетінің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім бар болғанда қолданылмайды.
      4. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген тыйым салу меншігіне мынадай:
      1) сақтандыру холдингтерінің:
      тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларын;
      талап етілетін ең төмен рейтингі бар облигацияларды сатып алуы жағдайларына қолданылмайды. Талап етілетін ең төмен рейтинг және рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді;
      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының:
      тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленетін қаржы құралдарын (акциялар мен жарғылық капиталына қатысу үлестерін қоспағанда) сатып алуы жағдайларына қолданылмайды.
      Осы тармақта белгіленген шектеулер бұрын шығарылған облигациялар бойынша міндеттемелерді осы ұйымның қайта құрылымданатын міндеттемелері тізбесіне енгізу шартымен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің бұдан бұрын сатып алынғандардың орнына қайта құрылымдау процесіндегі ұйымдардың облигацияларын сатып алуы жағдайларына қолданылмайды.
      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына:
      1) акциялардан басқа, бағалы қағаздардың өзге түрлерін шығаруға;
      2) банктерден меншікті капиталының мөлшерінен асатын мөлшерде қарыз қаражатын үш айдан астам мерзімге тартуға;
      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лауазымды тұлғаларына және қызметкерлеріне бір жүз еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға қаржылық көмекті қоспағанда, өтеусіз негізде қаржылық көмек көрсетуге;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, кез келген тәсілдермен қарыз беруге тыйым салынады.
      6. Сақтандыру холдингтері осы баптың 2-тармағында көрсетілген қызметтен басқа мынадай қызмет түрлерімен:
      1) сақтандыру холдингінің үлестес тұлғасы болып табылмайтын тұлғадан өз мұқтажына сатып алынған мүлікті сатып алумен;
      2) қаржылық қызметімен байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызметтер көрсетумен;
      3) сақтандыру холдингінің үлестес тұлғасы болып табылмайтын тұлғаға меншікті мүлкін сатумен айналысуға құқылы.
      7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және сақтандыру холдингтеріне тәуекелдерді хеджирлеу мақсатында жасалған операцияларды қоспағанда, туынды бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды жүзеге асыруға тыйым салынады.
      8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының не сақтандыру холдингінің еншілес ұйымдарына, капиталында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының не сақтандыру холдингінің қомақты қатысуы бар ұйымдарға тиесілі сақтандыру тобының бас ұйымының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің) жиынтық үлесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын лимиттерден аспауға тиіс.
      9. Осы баптың талаптары:
      1) мынадай талаптардың бірін:
      тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ сақтандыру холдингі, сақтандыру холдингінің белгілеріне иеленген тұлға шыққан елдің қаржылық қадағалау органының аталған Қазақстан Республикасының резиденттері емес тұлғалардың шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауының болуын;
      тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен, бірақ Қазақстан Республикасына берілген шетел валютасындағы тәуелсіз рейтингтен төмен емес жеке кредиттік рейтингінің, сондай-ақ уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісімнің болуын орындаған кезде сақтандыру холдингі, сақтандыру холдингінің белгілерін иеленген тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттері еместерге;
      2) банк конгломераттарының құрамына кіретін банк холдингтері болып табылатын сақтандыру холдингтеріне;
      3) аталған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларына тікелей иелік ететін (дауыс беру, шешімдерді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігі бар) Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру холдингінің акцияларын немесе жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін иелену (дауыс беру, шешімдерді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігінің болуы) арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларына жанама түрде ие (дауыс беру, шешімдерді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігі бар) сақтандыру холдингтеріне;
      4) қаржы ұйымдары болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттері – сақтандыру холдингтеріне қолданылмайды.
      10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының үлестес тұлғаларынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзіндік ұстап қалуының мөлшерінен асатын, өзі қабылдап алған сақтандыру тәуекелдерінің бір бөлігін Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингінен төмен емес халықаралық кредиттік рейтингі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына беруге міндетті. Рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бір үлестес тұлғасымен жасасқан сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша өзіндік ұстап қалудың жиынтық мөлшері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының меншікті капиталының он пайызынан аспауға тиіс.
      11. Осы баптың талаптары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ішкі резервтік қорының активтерін инвестициялауға қолданылмайды.
      Ескерту. 48-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      49-бап. Сақтандыру бойынша iрi мәмiлелер жасау

      1. Егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жауапкершiлiк лимитi (сақтандыру сомасы немесе өздiгiнен ұстап қалу) уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген нормативтен асып кетсе, сақтандыру (қайта сақтандыру) бойынша мәмiле iрi мәмiле деп танылады.
      2. Iрi мәмiле жасау туралы шешiмдi сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесi актуарийдiң алдын ала қорытындысы негiзiнде бекiтуге тиiс.

      50-бап. Бағалы қағаздармен және вексельдермен
               мәмiлелер жасау

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларымен жасалған мәмiлелер Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес осы Заңда көзделген ерекшелiктердi ескере отырып тiркеледi.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының алтын акция шығаруға құқығы жоқ.
      Ескерту. 50-бапқа өзгертулер енгізілді - ҚР 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      51-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының
               акцияларымен жасалған мәмiлелердi бақылау

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретiн (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акцияларының жалпы санының бес процентiнен астам дауыс беретiн (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акцияларын меншiк құқығына немесе басқару құқығына алатын тұлға растайтын құжаттарды табыс ете отырып күнтiзбелiк он күн iшiнде уәкiлеттi органға көрсетiлген мәмiленiң жасалғандығы туралы жазбаша хабарлама табыс етуге мiндеттi.
      2. (алып тасталды)
      3. Алынып тасталды - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      4. Осы баптың талаптары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының акцияларымен және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының акцияларына шығарылған депозитарийлiк қолхаттармен жасалған мәмiлелердiң барлық түрiне қолданылады.
      Ескерту. 51-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2003.07.10 N 483, 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

      52-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының
              бiрлескен қызметке қатысуы

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы консорциум немесе жай серiктестiк құруға қатысуға құқылы.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қатысуымен бiрлескен қызмет туралы шарт оны жасаған күннен бастап он күн iшiнде уәкiлеттi мемлекеттiк органда тiркелуге тиiс.
      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, онымен және оның құрылтайшыларымен қосылма тұлғалардың және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары қатысатын консорциумдар мен жай серіктестіктерге қатысушы ұйымдардың қызметін қадағалау ынтымақтасқан негiзде жүзеге асырылады. Ынтымақтасып қадағалау ережелерiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.

      52-1-бап. Тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесі

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы директорлар кеңесінің, басқармасының, бөлімшелерінің тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жөніндегі өкілеттіктері мен функционалдық міндеттерін, олардың жауапкершілігін;
      2) тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жөніндегі ішкі саясат пен рәсімдерді;
      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қызметінің түрлері бойынша тәуекелдердің рұқсат етілетін мөлшеріне жеке-жеке лимиттерді;
      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының органдарына тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жөніндегі есептілікті ұсынудың ішкі рәсімдерін;
      5) тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін бағалаудың ішкі критерийлерін қамтуға тиіс тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастырады.
      Тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
      2. Сақтандыру тобында уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесі болуға тиіс.
      Сақтандыру тобының бас ұйымы тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды шоғырландырылған негізде сақтауды қамтамасыз етеді.
      Сақтандыру тобының бас ұйымы сақтандыру тобына қатысушылардың тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды сақтауы үшін жауапты болады.
      Ескерту. 9-тарау 52-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      52-2-бап. Шындыққа сай келмейтін жарнамаға тыйым салу

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жариялану күні олардың қызметі шындыққа сай келмейтін жарнама жасауға тыйым салынады.
      2. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан шындыққа сай келмейтін жарнамаға өзгерістер енгізуді, оны тоқтатуды немесе оны теріске шығарып жариялауды талап етуге құқылы.
      Бұл талап уәкілетті орган белгілеген мерзімде орындалмаған жағдайда уәкілетті орган жарнамадағы мәліметтердің шындыққа сай келмейтіндігі туралы ақпаратты жариялауға не оларды мұндай жарнаманы жариялаған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының есебінен нақтылауға құқылы.
      3. Мынадай тұлғаларға:
      «өмірді сақтандыру» немесе «жалпы сақтандыру» салалары бойынша, сондай-ақ қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға уәкілетті органның лицензиясы жоқ заңды тұлғаларға;
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметкерлері болып табылмайтын және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары уәкілеттік бермеген жеке тұлғаларға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары ұсынатын қызметтерге жарнама беруші ретінде әрекет етуге тыйым салынады.
      Ескерту. 9-тарау 52-2-баппен толықтырылды - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

10-тарау. САНКЦИЯЛАР ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ЫҚПАЛ ЕТУ ШАРАЛАРЫ

      53-бап. Ертерек ден қою шаралары

      1. Сақтанушылардың заңды мүдделерін қорғау, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың қаржылық жағдайының нашарлауын және сақтандыру қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюын болғызбау мақсатында уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін мынадай факторларды:
      1) төлем қабілеттігі маржасының жеткіліктілік нормативін төмендетуді;
      2) өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілігі нормативін төмендетуді;
      3) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін өзге де факторларды анықтау үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметіне талдау жасауды жүзеге асырады.
      2. Сақтандыру тобының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, оның қаржылық жағдайының нашарлауын және сақтандыру тобының қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюын болғызбау мақсатында уәкілетті орган сақтандыру тобының қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін мынадай факторларды:
      1) сақтандыру тобының төлем қабілеттігі маржасының жеткіліктілік нормативінің төмендеуін;
      2) сақтандыру тобына қатысушылар болып табылатын қаржы ұйымдарына қатысты ертерек ден қою шараларының қолданылуын;
      3) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, сақтандыру тобының қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін өзге де факторларды анықтау үшін сақтандыру тобының қызметіне талдау жасауды жүзеге асырады.
      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайын талдау нәтижесінде және (немесе) оны тексеру қорытындылары бойынша осы баптың 1-тармағында аталған факторлар анықталған жағдайда уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) олардың акционерлеріне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығын арттыру, оның қаржылық жағдайының нашарлауын және сақтандыру қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюын болғызбау жөнінде ертерек ден қою шаралары көзделетін іс-шаралар жоспарын табыс ету жөнінде жазбаша нысанда талап жібереді.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) олардың акционерлері аталған талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде әрбір тармағы бойынша атқарылу мерзімдері мен жауапты лауазымды адамдарды көрсете отырып, іс-шаралар жоспарын әзірлеуге және уәкілетті органға табыс етуге міндетті.
      Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдаған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) оның акционерлері жоспарда белгіленген мерзімдерде оны орындаудың нәтижелері туралы уәкілетті органды хабардар ете отырып, оны іске асыруға кіріседі.
      Іс-шаралар жоспары мақұлданбаған кезде уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) оның акционерлеріне төменде көрсетілген ертерек ден қою шараларының біреуін немесе бірнешеуін:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұйымдық құрылымын және (немесе) штат санын өзгерту;
      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелер қабылдауды шектеу, оның ішінде тәуекел дәрежесі жоғары кейбір сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру қызметін шектеу жолымен шектеу;
      3) уәкілетті орган белгілеген мерзімге дивидендтерді есептеуді және (немесе) төлеуді тоқтату;
      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы немесе өзге де қызметкерлерін лауазымынан шеттету;
      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттігі маржасын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге жеткілікті мөлшерде ұлғайтуды;
      6) әкімшілік шығыстарды, оның ішінде қызметкерлерді қосымша жалдауды тоқтату немесе шектеу, сақтандыру делдалдарына комиссиялық сыйақыларды төмендету, еншілес ұйымдарды жабу жолымен қысқарту жөнінде талаптар қою арқылы қолданады.
      4. Сақтандыру тобының қаржылық жағдайын талдау нәтижесінде және (немесе) сақтандыру холдингін не сақтандыру тобына қатысушыларды тексеру қорытындылары бойынша осы баптың 2-тармағында аталған факторлар анықталған жағдайда уәкілетті орган сақтандыру холдингіне және (немесе) оған ірі қатысушыға сақтандыру тобының қаржылық тұрақтылығын арттыру, оның қаржылық жағдайының нашарлауын және сақтандыру тобының қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюын болғызбау жөнінде ертерек ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын табыс ету жөнінде жазбаша түрде талап жібереді.
      Сақтандыру холдингі және (немесе) оған ірі қатысушылар аталған талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде әрбір тармағы бойынша орындалу мерзімдері мен жауапты лауазымды адамдарды көрсете отырып, іс-шаралар жоспарын әзірлеуге және уәкілетті органға тапсыруға міндетті.
      Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдаған кезде сақтандыру холдингі және (немесе) оған ірі қатысушылар жоспарда белгіленген мерзімде оны орындаудың нәтижелері туралы уәкілетті органды хабардар ете отырып, оны іске асыруға кіріседі.
      Іс-шаралар жоспары мақұлданбаған кезде уәкілетті орган сақтандыру холдингіне және (немесе) оған ірі қатысушыларға төменде көрсетілген ертерек ден қою шараларының біреуін немесе бірнешеуін:
      1) сақтандыру тобына қатысушылардың жай акциялар бойынша олардың акционерлері (қатысушылар) арасында дивидендтерді есептеуді және (немесе) төлеуді (таза кірісті бөлуді) тиісінше уәкілетті орган белгілеген мерзімге тоқтату;
      2) басшы немесе өзге де қызметкерлерді лауазымынан шеттету;
      3) сақтандыру тобының меншікті капиталын, оның ішінде сақтандыру тобына қатысушылардың жарғылық капиталын ұлғайту арқылы сақтандыру тобының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшерде ұлғайту;
      4) сақтандыру тобының активтерін қайта құрылымдау;
      5) әкімшілік шығыстарды, оның ішінде қызметкерлерді қосымша жалдауды тоқтату немесе шектеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тыс жерлерде де тәуелді ұйымдардың жарғылық капиталдарға қатысу үлестерін азайту арқылы қысқарту;
      6) сақтандыру холдингі және сақтандыру тобына қатысушылар арасындағы оларды тәуекелге әкеп соғатын операцияларды (тікелей және жанама түрде) жүзеге асыруды тоқтата тұру жөнінде талаптар қою арқылы қолданады.
      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру тобының) қаржылық тұрақтылығын арттыруға бағытталған іс-шаралар жоспарын осы баптың 3 және 4-тармақтарында белгіленген мерзімдерде тапсырмаған немесе осы жоспардың іс-шараларын уақтылы орындамаған, сондай-ақ ертерек ден қою шараларын уәкілетті органның талабына сәйкес орындамаған немесе уақтылы орындамаған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына (сақтандыру тобына) және (немесе) олардың акционерлеріне (ірі қатысушыларға) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шектеулі ықпал ету шаралары және (немесе) санкциялар, сондай-ақ мәжбүрлеу шаралары қолданылады.
      6. Ертерек ден қою шараларын қолдану тәртібі және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру тобының) қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
      Ескерту. 53-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      53-1-бап. Ірі қатысушы немесе сақтандыру холдингі
                белгілерін иемденуші тұлғаларға, сондай-ақ
                сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі
                қатысушыларына, сақтандыру холдингіне және
                сақтандыру тобы құрамына кіретін заңды
                тұлғаларға қолданылатын мәжбүрлеу шаралары

      1. Уәкілетті орган ірі қатысушы немесе сақтандыру холдингі белгілерін иеленуші тұлғаларға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру холдингіне, сондай-ақ сақтандыру тобы құрамына кіретін заңды тұлғаларға:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы және сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісімін алмаған;
      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы және сақтандыру холдингінің мәртебесін иеленгеннен кейін осы Заңның 26-1-бабының 1-тармағында көрсетілген мән-жайлар туындаған;
      3) осы Заңның 53-2-бабының 7-тармағына сәйкес уәкілетті органның жазбаша нұсқамаларын орындамаған;
      4) жасалуы салдарынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына залал келтірілген немесе келтірілуі мүмкін іс-әрекеттерді ірі қатысушы немесе сақтандыру холдингі белгілерін иемденуші тұлға, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы (оның ішінде ірі қатысушы бақылау жасайтын ұйымдар), сақтандыру холдингі және сақтандыру тобының құрамына кіретін заңды тұлға жасаған;
      5) олардың салдарынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына залал келтірілген немесе келтірілуі мүмкін, ірі қатысушы немесе сақтандыру холдингі белгілерін иемденуші тұлғаның, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының (оның ішінде ірі қатысушы бақылау жасайтын ұйымдардың), сақтандыру холдингінің және сақтандыру тобының құрамына кіретін заңды тұлғалардың қаржылық жағдайының тұрақсыздығы;
      6) осы Заңның 53-бабында аталған факторлардың анықталуына байланысты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының қаржылық жай-күйі нашарлаған;
      7) сақтандыру холдингі пруденциялық нормативтерді жүйелі түрде (бір жыл ішінде екі және одан көп рет) орындамаған жағдайларда мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.
      Сақтандыру холдингтеріне және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акцияларының жиырма бес пайыздан астамын тікелей немесе жанама иемденетін жеке тұлғаларға уәкілетті орган осы Заңның 46-1-бабы 2-тармағының талаптарын орындамауға әкеп соққан олардың іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі үшін мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.
      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлар болған кезде уәкілетті орган:
      1) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғадан, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушыдан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында оның тікелей немесе жанама түрде иелік ететін үлесін дауыс беретін акциялардың он пайызынан төмен деңгейге дейін азайтуды талап етуге;
      2) сақтандыру холдингі белгілерін иеленуші тұлғадан, сондай-ақ сақтандыру холдингінен оның тікелей немесе жанама түрде иелену үлесін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес пайызынан төмен деңгейге дейін азайтуды және олар мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы арасында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тәуекелге душар ететін операцияларды (тікелей және жанама түрде) жүзеге асыруды тоқтата тұруды талап етуге;
      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру холдингі акционер (қатысушы) болып табылатын ұйымдарға, сондай-ақ сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарға қатысты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан және сақтандыру холдингінен олардың арасында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын және (немесе) сақтандыру холдингін не сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарды тәуекелге душар ететін операцияларды (тікелей және жанама түрде) жүзеге асыруды тоқтата тұруды талап етуге;
      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан немесе сақтандыру холдингі белгілерін иеленуші тұлғадан, сондай-ақ сақтандыру холдингінен еншілес ұйымды немесе капиталында өздерінің қомақты қатысуы бар ұйымдарды иелену немесе бақылау үлесін иеліктен шығаруды талап етуге;
      5) сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдардан олар мен сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарды тәуекелге душар ететін олардың үлестес тұлғалары арасындағы операцияларды (тікелей және жанама түрде) жүзеге асыруды тоқтата тұруды талап етуге;
      6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының меншікті капиталын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшерде ұлғайту мақсатында сақтандыру холдингінен, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушыдан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын немесе сақтандыру тобын қосымша капиталдандыру жөнінде шаралар қолдануды талап етуге құқылы.
      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы, сақтандыру холдингі не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы не сақтандыру холдингі белгілерін иеленуші тұлға, осы баптың 2-тармағында, сондай-ақ осы Заңның 20-бабының 10-тармағында көзделген талаптарды орындамаған жағдайда уәкілетті органның шешімі негізінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушыға, сақтандыру холдингіне не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы, сақтандыру холдингі белгілерін иеленуші тұлғаға тиесілі акцияларды сенімгерлік басқару тағайындалады. Осы акциялар уәкілетті органға үш айға дейінгі мерзімге сенімгерлік басқаруға беріледі.
      Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушыға, сақтандыру холдингіне не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушының не сақтандыру холдингінің белгілерін иеленуші тұлғаға тиесілі акцияларын ұлттық басқарушы холдингке сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдауға құқылы.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушыға, сақтандыру холдингіне не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушының не сақтандыру холдингінің белгілерін иеленуші тұлғаға тиесілі акцияларын ұлттық басқарушы холдингке сенімгерлік басқаруға берген жағдайда акцияларды сенімгерлік басқару тағайындалатын мерзім уәкілетті органның сенімгерлік басқаруды тағайындау туралы шешімінде анықталады.
      Уәкілетті органның не ұлттық басқарушы холдингтің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сенімгерлік басқаруды жүзеге асыруы кезеңінде акциялардың меншік иесі сенімгерлік басқарудағы акцияларға қатысты қандай да бір іс-әрекетті жүзеге асыруға құқылы емес.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы, сақтандыру холдингі не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы, сақтандыру холдингі белгілерін иеленуші тұлға уәкілетті органның алдында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өздеріне тиесілі барлық акцияларын өтініште көрсетілген тұлғаларға сату туралы ұсыныс беруге құқылы.
      Өтініште көрсетілген акцияларды сатып алушылар Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің талаптарын орындаған жағдайда уәкілетті орган өтінішті қанағаттандырады.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушыға, сақтандыру холдингіне не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушының не сақтандыру холдингінің белгілерін иеленуші тұлғаға тиесілі акцияларын сенімгерлік басқару тағайындалған мерзім өткенге дейін сенімгерлік басқаруға беру үшін негіздер жойылмаған кезде уәкілетті орган не ұлттық басқарушы холдинг сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сенімгерлік басқарудағы акцияларын оларды сату туралы шешім қабылдау күніне қалыптасқан нарықтық құн бойынша бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында оларды сату жолымен иеліктен шығарады. Акциялардың нарықтық құны туралы ақпарат болмаған жағдайда бағалаушы акцияларды сату бағасын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындауы мүмкін. Аталған акцияларды сатудан түскен ақша акциялары сенімгерлік басқаруға берілген тұлғаларға аударылады.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушыға, сақтандыру холдингіне не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы, сақтандыру холдингі белгілерін иеленуші тұлғаға тиесілі акцияларын сату жөніндегі іс-шаралар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушыға, сақтандыру холдингіне не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы, сақтандыру холдингі белгілерін иеленуші тұлғаға тиесілі акцияларын сенімгерлік басқаруды, сондай-ақ сенімгерлік басқару кезеңінде уәкілетті органның не ұлттық басқарушы холдингтің іс-әрекетін жүзеге асыру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
      4. Мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
      Ескерту. 53-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      53-2-бап. Шектеулі ықпал ету шаралары

      1. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерді және сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді бұзуын, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуды анықтаған, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің және сақтандыру брокерінің заңсыз әрекеттерін немесе әрекетсіздіктерін анықтаған, сондай-ақ уәкілетті органның осы Заңда көзделген өзге де талаптарын орындамаған жағдайларда уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және сақтандыру брокеріне мынадай шектеулі ықпал ету шараларының бірін:
      1) міндеттеме хатты талап етуді;
      2) орындалуға міндетті жазбаша ұйғарым беруді;
      3) жазбаша ескерту шығаруды;
      4) жазбаша келісім жасауды қолдануға құқылы.
      Уәкілетті орган актуарийдің сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнаманы бұзуын анықтаған жағдайда уәкілетті орган осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында аталған шектеулі ықпал ету шараларын қолдануға құқылы.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру брокерінің міндеттеме хаты орын алған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғанын мойындау фактісін, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы басшылығының немесе сақтандыру брокерінің анықталған Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына бұдан әрі жол бермеу жөніндегі кепілдігін қамтуға тиіс.
      3. Жазбаша нұсқама - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру брокерінің анықталған Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуын, сондай-ақ шарттық міндеттемелерді бұзушылықтарды қатаң белгіленген мерзімде жоюға бағытталған орындауға міндетті түзету шараларын қолдану туралы және анықталған Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуын одан әрі болғызбау туралы нұсқауы.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру брокері жазбаша міндеттемеге сәйкес өзіне қабылдаған міндеттемелерді қатарынан алты ай бойы бұзған жағдайларда да уәкілетті орган жазбаша нұсқама шығара алады.
      Бұл жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жазбаша нұсқаманы алған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде уәкілетті органға жазбаша нұсқамада көрсетілген мерзім шеңберінде қаржылық сауықтыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын беруге міндетті. Жоспарланған іс-шараларды орындау кезінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органға іс-шаралар жоспарында айқындалған іс-шаралардың орындалуы туралы есеп береді.
      Жазбаша нұсқаманы орындау мерзімі шеңберінде пруденциялық нормативтер одан әрі төмендетілген жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерді шеттетуі уәкілетті органның келісімімен жүзеге асырылады.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру брокері уәкілетті органға жазбаша нұсқаманы сонда көрсетілген мерзімде орындағаны туралы хабарлауға міндетті.
      Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына сотқа шағымдану оны орындауды тоқтата тұрмайды.
      4. Жазбаша ескерту сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына немесе сақтандыру брокеріне, егер орын алған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар уәкілетті орган белгілеген мерзімде жойылмаса, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру брокері өзіне қабылдаған міндеттемелерді жазбаша міндеттемесінде және (немесе) уәкілетті органның жазбаша нұсқамасында белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда, осы Заңның 53-3-бабында көзделген санкцияларды қолдану мүмкіндігі туралы уәкілетті органның хабарламасы болып табылады.
      5. Жазбаша келісім - уәкілетті орган мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру брокері арасындағы анықталған бұзушылықтарды және (немесе) кемшіліктерді жою қажеттігі туралы және осы бұзушылықтарды және (немесе) кемшіліктерді жою жөнінде бірінші кезектегі шараларды бекіту туралы келісім. Жазбаша келісім екі тарап та орын алған бұзушылықтарды және (немесе) кемшіліктерді жою үшін оларды уәкілетті орган анықтаған сәттен бастап екі айдан астам мерзім қажет деген ұйғарымға келген жағдайда жасалады.
      6. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына немесе сақтандыру брокеріне бұрын қолданылған ықпал ету шараларына қарамастан, осы бапта айқындалған кез келген шектеулі ықпал ету шараларын қолдануға құқылы.
      7. Осы бапта келтірілген шаралар сақтандыру холдингіне, сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушыларға қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзған, оның ішінде сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін иеленгеннен кейін тұрақсыз қаржылық жағдайының белгілері пайда болған жағдайларда, сондай-ақ, егер уәкілетті орган осы тұлғалардың, олардың лауазымды адамдарының немесе қызметкерлерінің бұзушылықтары, заңсыз әрекеті немесе әрекетсіздігі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының қаржылық жағдайын нашарлатқанын анықтаған жағдайда, оларға да қатысты қолданылуы мүмкін.
      7-1. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды тапқан, деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның лауазымды адамдарының және қызметкерлерінің заңсыз әрекеттерін немесе әрекетсіздігін анықтаған, сондай-ақ уәкілетті органның осы Заңда көзделген өзге де талаптарын орындамаған жағдайда уәкілетті орган деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға осы баптың 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларында аталған шектеулі ықпал ету шараларын қолданады.
      8. Ұлттық Банк реттелуі өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылық анықталған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және сақтандыру брокерлеріне осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген шектеулі ықпал ету шараларын қолдануға құқылы.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру брокері міндеттеме хаттың, жазбаша нұсқаманың немесе жазбаша келісімнің оларда көрсетілген мерзімде орындалғаны туралы Ұлттық Банкті хабардар етуге міндетті.
      Ескерту. 53-2-баппен толықтырылды - ҚР 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгеріс енгізілді - 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.11 N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      53-3-бап. Санкциялар

      1. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру холдингіне, сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушыларға, бұрын оларға қолданылған ықпал ету шараларына қарамастан, санкциялар қолдануға құқылы.
      2. Уәкілетті орган санкциялар ретінде мынадай шараларды:
      1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен әкімшілік айыппұл салуды;
      2) осы Заңның 54-бабында белгіленген негіздер бойынша лицензияның қолданылуын тоқтата тұруды;
      2-1) осы Заңның 55-1, 55-2, 55-3, 55-4 және 55-5-баптарында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен консервацияны енгізуді;
      3) осы Заңның 55-бабында көзделген негіздер бойынша лицензиядан айыруды;
      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын оның акционерлерінен мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылдауды және оларды осы Заңның 61-бабының талаптарына сәйкес жаңа инвесторға сатуды;
      5) осы Заңның 34-бабында аталған тұлғаларды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттерін қолданыстағы заңнаманың талаптарына сай келмейді деп тану үшін жеткілікті деректер негізінде бір мезгілде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерінің лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісімді кері қайтарып ала отырып, қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетуді қолдануға құқылы.
      3. Уәкілетті орган мынадай негіздердің бірі:
      1) уәкілетті орган қолданған шектеулі ықпал ету шараларының талаптарын орындамауы;
      2) осы Заңда белгіленген сақтандыру есептері мен ақпаратын беру тәртібі мен мерзімдерін бұзуы;
      3) уәкілетті органға осы Заңның 82-бабы 1-тармағының 11) тармақшасында көзделген ақпаратты бермеуі немесе дәйексіз ақпарат беруі;
      4) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға сақтандыру есептеріндегі ақпаратты ашуы немесе беруі бойынша деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның лауазымды адамын қызметтік міндеттерді орындаудан шеттету түрінде санкция қолданады.
      Ескерту. 53-3-баппен толықтырылды, өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      54-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен
               сақтандыру брокерi лицензиясының қолданылуын
               тоқтата тұру

      1. Мынадай негiздердiң бiрi бойынша:
      1) уәкілетті орган қолданған шектеулі ықпал ету шараларының талаптарын орындамаған;
      1-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында өзге сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын иеленуші ірі қатысушы – жеке тұлға болмаған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алғандарын шегере отырып) акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын иеленуші жеке тұлғадан сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін кері қайтарып алған;
      2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген пруденциялық нормативтердiң талаптарын және өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi сақтамаған;
      2-1) сақтандыру сыйлықақысының негізделмеген мөлшерін қолданудан, сақтандыру төлемін жүзеге асырудан негізсіз бас тартудан, сақтандыру төлемін уақтылы жүзеге асырмаудан, сақтандырудың міндетті түрлерін жүргізудің талаптары мен тәртібінен туындайтын міндеттерді орындамаудан немесе тиісінше орындамаудан көрінетін сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін бұзу фактісі анықталған;
      2-2) осы Заңның 15-1-бабында белгіленген, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен аффилиирленген тұлғаларға жеңілдікті жағдайлар жасауға тыйым салуды бұзған;
      2-3) осы Заңның 11-бабының 3-1-тармағында белгіленген тыйым салуды бұзған;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген қатарынан екi есепті кезең ішінде уәкiлеттi органға есептiлікті табыс етпеген;
      4) сақтандыру қызметiн және сақтандыру брокерінің қызметін тексеруге байланысты уәкiлеттi мемлекеттiк органның өз құзыретi шегiнде талап еткен құжаттар мен ақпаратты беруден бас тартқан;
      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, басшы қызметкерлерін, сақтандыру брокерін келісуге байланысты талаптарды бұзған;
      6) алып тасталды;
      7) бухгалтерлiк есепте сақтандыру (қайта сақтандыру) жөнiндегi қаржы операцияларын тиiсiнше көрсетпеуге, сондай-ақ есепке алудың өзге де мiндеттi нысандарын жүргiзуге байланысты Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу фактiсi анықталған;
      8) лицензия беруге негiз болған құжаттарда жалған ақпарат беру фактiсi анықталған;
      8-1) аудиторлық ұйымның өткізілген аудит туралы есебінде көрсетілген бұзушылықтарды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осы Заңның 20-бабының 10-тармағында көрсетілген мерзімде қасақана жоймаған;
      9) сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезінде сақтандыру шарттары бойынша сақтанушылардың (сақтандырылушылардың, пайда алушылардың) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға міндетті немесе төтенше жарналарды, сондай-ақ қосымша жарналарды соңғы он екі айдың ішінде екі және одан да көп рет төлемеген, уақытылы төлемеген не толық көлемінде төлемеген;
      10) сақтандыру брокері сақтандыру агентінің қызметін жүзеге асырған;
      11) заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарды жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) бұзған;
      12) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында осы Заңда көзделген жағдайларда дерекқорға қатысу шарты болмаған;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      12) тармақша 2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі - (ҚР 2010.07.15 № 338-IV Заңының 2-бабын қараңыз).
      13) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында қатысу шарты болмаған немесе сақтандыру ұйымдарын мәжбүрлеп таратқан жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретiн ұйымның осы Заңда немесе Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінде болуы көзделген акциялары болмаған;
      14) сақтандыру агенті осы Заңның және Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінің талаптарын орындамаған;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      14) тармақша 2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі - (ҚР 2010.07.15 № 338-IV Заңының 2-бабын қараңыз).
      15) сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акцияларының жиырма бес пайыздан астамын тікелей немесе жанама иемденетін жеке тұлға уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының меншікті капиталын ұлғайту жөніндегі талаптарын, сондай-ақ осы Заңның 53-1-бабының 2-тармағына сәйкес қойылатын талаптарды орындамаған жағдайларда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокері лицензиясының қолданылуы алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады.
      1-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясының қолданылуы барлық сыныптар бойынша да, жекелеген сақтандыру сыныптары бойынша да тоқтатыла тұруы мүмкін.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру қолданылып жүрген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын ұзартуды және сақтандыру сыйлықақыларын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жауапкершілігінің көлемін арттыруды көздейтін өзгертуді қоса алғанда, оның жаңа сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасуына, сондай-ақ сақтандыру агенті ретінде сақтандыру делдалдығын жүзеге асыруына тыйым салуға әкеп соғады. Бұрын жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзi қабылдаған мiндеттемелердi орындауға мiндеттi.
      3. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiмде лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың негiздерi мен мерзiмi көрсетiлуге тиiс.
      Мұндай шешiм лицензиаттың атқарушы органының назарына жеткiзiлген күннен бастап лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған болып есептеледi.
      4. Осы баптың 1-тармағының 2)тармақшасындағы талаптар сақтандыру брокерiне қатысты қолданылмайды.
      Ескерту. 54-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2003.06.11 N 436, 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) , 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.08.28 N 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      54-1-бап. Консервациялау немесе лицензиядан айыру
                кезінде сақтандыру портфелін беру

      1. Сақтандыру портфелін беруді жүзеге асыруды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау сатысында немесе оны мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін оның қаржылық жағдайын сауықтыру немесе сақтанушылардың құқықтарын қорғау мақсатында жүргізуі мүмкін.
      Сақтандыру портфелін басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына (ұйымдарына) беруге сақтандыру шарттарын қамтамасыз ету үшін активтер жеткілікті болған жағдайда жол беріледі.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау немесе лицензиядан айыру кезінде сақтандыру портфелін беру туралы уақытша әкімшіліктің шешімі уәкілетті органмен келісуге жатады.
      2. Сақтандыру портфелін беру туралы шешім уәкілетті органмен келісілгеннен кейін уақытша әкімшілік сақтандыру портфелін беру туралы хабарландыруды бес жұмыс күнінен кешіктірмей жариялайды. Сақтандыру портфелін беру туралы хабарландыру Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді басылымдарда қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.
      Консервациялау сатысында сақтандыру портфелін беру кезінде хабарландыруда сақтанушылар сақтандыру шартын берумен келіспеген жағдайда қарсылықтарды беру тәртібі, мерзімдері және олардың қарсылықтары қабылданатын мекенжай көрсетіледі.
      3. Консервациялау сатысында уақытша әкімшілік уәкілетті органмен келісім бойынша сақтанушының сақтандыру шартын беру туралы келісімі болған кезде бір немесе бірнеше сақтандыру сыныбы бойынша сақтандыру портфелін ішінара немесе толық беру туралы шешім қабылдайды.
      Хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде сақтанушының жазбаша қарсылығының болмауы сақтанушының сақтандыру портфелін беруге келісімі ретінде қаралады.
      Уақытша әкімшілік сақтанушылардың жазбаша қарсылығын көрсетуі үшін осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген мерзім өткен күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде сақтандыру портфелін беруге келісім берген сақтанушылардың тізімін қалыптастырады.
      4. Сақтандыру ұйымын лицензиядан айыру кезінде сақтандыру портфелін беру сақтанушының келісімінсіз толық көлемде жүзеге асырылады.
      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау немесе лицензиядан айыру кезінде сақтандыру портфелін берудің тәртібі мен ерекшеліктері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
      Ескерту. Заң 54-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      55-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен
               сақтандыру брокерін лицензиясынан айыру

      1. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган мынадай негiздердiң бiрi бойынша:
      1) лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға негiз болған мән-жайлар белгiленген мерзiмде жойылмаған;
      2) лицензияның қолданылуы бiрнеше рет (соңғы он екi айдың iшiнде екi рет) тоқтатыла тұрған;
      2-1) уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заңдарын бұзушылықты жою жөнiндегi ықпал етудің шектеулі шараларын бiрнеше мәрте (қатарынан он екi күнтiзбелiк ай iшiнде екi және одан да көп рет) орындамаған;
      2-2) Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін заңнамалық актілерін бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) бұзған;
      2-3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген пруденциялық нормативтердiң талаптарын және сақталуға мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттерді бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) сақтамаған;
      3) сот сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру брокерiнiң қызметiн тоқтату туралы шешiм қабылдаған;
      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру брокері лицензиялық қызметті лицензия берілген күннен бастап он екі ай бойы жүзеге асырмаған;
      5) (алынып тасталды - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен);
      6) енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру кезінде осы ұйым табыс еткен бизнес-жоспардағы не оған енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып, сақтандыру сыныбы (сыныптары) бойынша бизнес-жоспардағы қорытынды болжау нәтижелері осы бизнес-жоспарды орындау кезеңі аяқталған соң сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының іс жүзіндегі қорытынды нәтижелеріне сәйкес келмеген;
      7) осы Заңның 54-бабы 1-тармағының 11) тармақшасында көзделген негіздер бойынша лицензияның қолданылуын тоқтата тұру түрінде санкция қолданылған, заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптар қатарынан соңғы он екі ай ішінде қайтадан бұзылған;
      8) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері ақшаны жылыстатумен немесе терроризмді қаржыландырумен байланысты мәмілелерге қатысқан жағдайларда лицензиядан айыру туралы шешім шығаруға құқылы.
      1-1. Сақтандыру ұйымы сақтандырудың барлық сыныптары бойынша да, жекелеген сыныптары бойынша да лицензиясынан айырылуы мүмкін.
      2. Лицензиядан айыру туралы шешiмде одан айырудың негiздемесi көрсетiлуге тиiс.
      3. Лицензиясынан айырылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру немесе өзге де қызметті жүзеге асыруға құқылы емес, тізбесін уәкілетті орган айқындайтын операцияларды қоспағанда, қолда бар банк шоттары бойынша барлық операцияларды тоқтатуға міндетті.
      4. Лицензиясынан айырылған сақтандыру брокері өз қызметін жүзеге асыруға құқылы емес, ол өзін ұстауға арналған ағымдағы шығыстарға, сақтандыру брокеріне келіп түсетін ақшаны есепке алуға байланысты жағдайларды қоспағанда, қолда бар банк шоттары бойынша барлық операцияларды тоқтатуға міндетті.
      Ескерту. 55-бапқа өзгертулер енгізілді - ҚР 2003.07.10 N 483, 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.08.28 N 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

      55-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын
                 консервациялау ұғымы

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау уәкілетті органның шешімі бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты оның қаржылық жағдайын сауықтыру және жұмыс сапасын жақсарту мақсатында әкімшілік, заңдық, қаржылық, ұйымдық-техникалық және басқа да іс-шаралар мен рәсімдер кешенін мәжбүрлеп жүргізуді білдіреді.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы:
      1) төлем қабілеттілігі маржасының жеткілікті нормативін орындамаған;
      2) осы Заңның 54-бабының 1-тармағында көзделген негіздердің кез келгені бойынша консервациялауға ұшырауы мүмкін.
      3. Консервациялау режимін белгілеу уәкілетті органның шектеулі (бір жылға дейін) мерзімге сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын басқару жөніндегі уақытша әкімшілікті тағайындауын көздейді.
      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      5. Уәкілетті органның консервациялауды жүргізу туралы шешіміне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акционерлері сот тәртібімен он күн мерзімде шағымдана алады. Аталған шешімге шағымдану сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялауды тоқтата тұрмайды.
      Ескерту. Заң 55-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      55-2-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын басқару
                жөніндегі уақытша әкімшілік

      1. Уақытша әкімшілікті уәкілетті орган оның қызметкерлері қатарынан не осы Заңның 34-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін өзге де адамдардан тағайындайды.
      2. Уақытша әкімшіліктің басшысы мен мүшелерінің (уәкілетті органның қызметкерлерін қоспағанда) құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ еңбегіне ақы төлеу жағдайлары уәкілетті орган мен уақытша әкімшіліктің арасында жасалған жеке шартпен белгіленеді.
      3. Уақытша әкімшілік өз қызметінде осы Заңды, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасын басшылыққа алады.
      4. Уәкілетті орган уақытша әкімшіліктің мүшелерін кез келген сәтте ауыстыруға құқылы.
      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы келтірген залал үшін уақытша әкімшіліктің басшысы мен мүшелері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады. Қалыпты өндірістік тәуекел санатына жатқызылуы мүмкін залал үшін жауапкершілікті уақытша әкімшіліктің басшысы мен мүшелеріне жүктеуге жол беруге болмайды.
      Ескерту. Заң 55-2-баппен толықтырылды - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      55-3-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына
                консервация жүргізу туралы шешім

      1. Уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына консервация жүргізу туралы шешімі:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауын және оның орналасқан жерін;
      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау туралы шешімнің негіздемесін;
      3) консервациялау әрекетінің басталуы мен мерзімін;
      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметіне қойылатын шектеулер тізбесін;
      5) уақытша әкімшіліктің дербес құрамын;
      6) консервациялау режимінде тұрған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлеріне өз жұмысы туралы есепті, табысы туралы декларацияны, меншiгiнiң бар екендігі және мөлшері туралы мәліметтерді дайындау және осы құжаттарды уақытша әкiмшiлiкке беру туралы нұсқамасын;
      7) уақытша әкімшіліктің ұсынымын қамтуға тиіс.
      2. Уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына консервация жүргізу туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратылатын мерзiмдi екі басылымда жариялайды.
      Ескерту. Заң 55-3-баппен толықтырылды - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      55-4-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын
                консервациялау кезеңінде басқару ерекшеліктері.
                Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын басқару
                жөніндегі уақытша әкімшіліктің өкілеттіктері

      1. Консервациялау әрекетінің басталуымен және оның мерзімінде:
      1) осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы эмитенті болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің акцияларды пайдалану және оларға билік ету жөніндегі құқықтары тоқтатыла тұрады;
      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы органдарының өкілеттіктері тоқтатыла тұрады және оның басшы қызметкерлері жұмыстан шеттетіледі;
      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын басқару жөніндегі барлық өкілеттіктер, сондай-ақ осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы эмитенті болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің акцияларды пайдалану жөніндегі құқықтары уақытша әкімшілікке көшеді;
      4) уақытша әкiмшiлiк хабардар етілмей және оның жазбаша келiсiмiнсiз сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан және оның есебінен жасалған барлық мәмілелер жарамсыз деп танылады.
      2. Уақытша әкiмшiлiк:
      1) осы Заңның 55-5-бабының талаптарын ескере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қызметiнiң барлық мәселелері бойынша өздігінен шешім қабылдауға;
      2) қажет болған жағдайда консервациялау кезеңінде жасасқан сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мiндеттемелерiн толық немесе iшiнара тоқтата тұруға;
      3) қажет болған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаражатын салуды көздейтін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасасқан шарттарды бұзуға не ставкаларын, тарифтерін және қолданылу мерзiмдерiн өзгертуді қоса алғанда, оларға біржақты тәртіппен өзгерістер мен толықтырулар енгізуге;
      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан кез келген шарттар мен құжаттарға қол қоюға;
      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан және оның мүддесіне орай талап қоюға;
      6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкерлерін қызметтен босату, қызметiн төмендету немесе қызметтен уақытша шеттету, олардың арасында міндеттерін бөлу туралы бұйрықтарды қоса алғанда, бұйрықтар шығаруға;
      7) кредитор мен борышкердің бір адам болуына орай өзара талаптарды есепке жазуды жүргізуге;
      8) сақтандыру портфелінің бір бөлігін не толық көлемде уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына беруге құқылы.
      Ескерту. Заң 55-4-баппен толықтырылды - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      55-5-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уақытша
                әкімшілігінің (уақытша басқарушысының) қызметін
                бақылау

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау мерзімі ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің (уақытша басқарушысының) қызметін бақылауды ұйымдастыруды уәкілетті орган жүзеге асырады, ол:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау кезеңінде қызметтің негізгі бағыттары туралы ұсынымдар беруге (негізгі іс-шаралар жоспарын ұсынуға);
      2) орындалуы міндетті жазбаша нұсқаулар беруге;
      3) оның қызметі және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметі туралы ақпарат беруді талап етуге;
      4) істелген жұмыс туралы есепті тыңдауға;
      5) консервациялау мерзімін ұзартуға;
      6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялауды аяқтау туралы шешім қабылдауға құқылы.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уақытша әкімшілігінің (уақытша басқарушысының) қызметін егжей-тегжейлі регламенттеу және оның үшінші тұлғалармен өзара қарым-қатынастарының принциптері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.
      Ескерту. Заң 55-5-баппен толықтырылды - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      55-6-бап. Консервациялауды тоқтату

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау:
      1) уәкілетті органның шешімімен белгіленген консервациялау мерзімінің аяқталуы;
      2) уәкілетті органның консервациялауды мерзімінен бұрын аяқтау туралы шешім қабылдауы негіздері бойынша тоқтатылады.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялауды (оның ішінде мерзімінен бұрын да) тоқтату оның қаржылық жағдайын сауықтыруға және жұмыс сапасын жақсартуға байланысты уәкілетті орган немесе уақытша әкімшілік белгілеген осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты барлық шектеулерді алып тастауға әкеп соғады. Бұл ретте консервациялау мерзімі ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарына, басқару органдарына және қызметкерлерінің құрамына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар күшінде қалады.
      3. Егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау оның қаржылық жағдайын сауықтыруға және жұмыс сапасын жақсартуға әкелмеген жағдайда, уәкілетті орган осы Заңда көзделген негіздер бойынша сақтандыру қызметін, қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясынан айыруға құқылы.
      Ескерту. Заң 55-6-баппен толықтырылды - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      56-бап. Сақтандыру қызметi субъектiлерi мен сақтандыру
               брокерін лицензиясынан айырудың зардаптары

      1. Сақтандыру қызметi субъектiлерi мен сақтандыру брокерін лицензиясынан айыру туралы шешiмi оны уәкілетті орган қабылдаған күнiнен бастап күшiне енедi. Лицензиядан айыру туралы ақпарат Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына тарайтын кемінде екі мерзімді баспасөз басылымында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.
      2. Лицензиядан айырған күннен бастап он бес күн iшiнде уәкiлеттi мемлекеттiк орган сотқа заңдарда белгiленген тәртiппен сақтандыру брокерiнiң қызметiн мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы өтiнiшпен жүгiнуге мiндеттi.
      3. Лицензиядан айыру туралы шешiм күшiне енген күннен бастап уәкiлеттi мемлекеттiк орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкiмшiлiгiн тағайындайды, оған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық органдарының өкiлеттiгi көшедi.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бұрын жұмыс iстеп келген органдарының өкiлеттiгi тоқтатыла тұрады. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерiнiң лицензиядан айыру туралы шешiмiне сот тәртiбiмен шағым жасауға құқығы бар.
      3-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиясынан айырған күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы Заңның 54-1-бабында және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен уәкілетті органмен келісуге жататын сақтандыру портфелін беру туралы шешім қабылдайды.
      Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігі сақтандыру портфелін бергеннен кейін немесе осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзімде сақтандыру портфелін беру туралы шешімді ол қабылдамағаннан кейін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметін мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы өтінішпен сотқа жүгінеді.
      4. Уақытша әкiмшiлiк өз қызметiн уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясын тағайындағанға дейiнгi кезеңде жүзеге асырады.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкiмшiлiгiнiң қызметiне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы тағайындалғанға дейiн бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкiмшiлiгінің (уақытша әкімшісінің) орындалған жұмыс туралы есебі бекітілу үшін уәкiлеттi органға ұсынылады.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құжаттары мен мүлкін уақытша әкімшіліктен тарату комиссиясының төрағасына қабылдап алу-беру актісімен ресімделеді, ол төрт данада жасалады. Қабылдап алу-беру актісінің бір данасы – уәкілетті органға, екіншісі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату туралы шешімді қабылдаған сотқа жіберіледі.
      6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкiмшiлiгiнiң өз қызметi кезеңiнде, осы Заңның 55-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, шығыс операцияларын жүзеге асыруға құқығы жоқ.
      7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкiмшiлiк тағайындалған кезеңдегi жұмыс тәртiбi уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
      8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және тарату комиссиясының уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) құрамына кірген уәкілетті орган қызметкерлеріне еңбекақы төлеуге байланысты шығыстарды, сондай-ақ орталық әділет органының ресми баспасөз басылымдарында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот қабылдаған шешім туралы ақпаратты жариялау жөніндегі шығыстарды және әділет органының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату негіздемесі бойынша және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкі болмаған жағдайда не оның құны осы шығыстарды жабуға жеткіліксіз болса, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату аяқталған соң құжаттарды мұрағатқа сақтауға тапсыру жөніндегі қызметтің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуге байланысты шығыстарды қоспағанда уәкілетті органның мәжбүрлеп тарату негіздемесі бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметін тоқтату жөніндегі шығыстарды қаржыландыруына тыйым салынады.
      Ескерту. 56-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2003.07.10 N 483, 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      57-бап.
      Ескерту. 57-бап алынып тасталды - ҚР 2006.05.05 N 139 Заңымен.

      58-бап.
      Ескерту. 58-бап алынып тасталды - ҚР 2006.05.05 N 139 Заңымен.

      59-бап. Актуарий лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру

      1. Актуарий лицензиясының қолданылуын уәкiлеттi мемлекеттiк орган мынадай негiздердiң бiрi бойынша:
      1) уәкiлеттi мемлекеттiк орган өз құзыретi шегiнде талап еткен мiндеттi актуарий қорытындысын және өзге де құжаттарды беруден бас тартқан;
      1-1) уәкілетті орган қолданған шектеулі ықпал ету шараларының талаптарын орындамаған;
      1-2) осы Заңның 40-бабы 3-тармағы екінші бөлігінің талаптарын орындамаған;
      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасын бұзуына әкеп соқтырған, актуарий қызметін сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнаманың талаптарын бұза отырып жүзеге асырған;
      3) лицензия беруге негiз болған құжаттарда жалған ақпарат беру фактiсi анықталған;
      4) актуарий осы Заңның 40-бабының 4-тармағына сәйкес бiлiктiлiк емтиханын тапсырмаған;
      5) лицензияланған қызметтi сақтандыру рыногында соңғы екi жыл бойы жүзеге асырмаған;
      6) актуарий уәкiлеттi орган белгілеген мерзімде уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсімен бекітілген актуарийлерді оқытудың ең төменгі міндетті бағдарламасы бойынша емтихан тапсырмаған жағдайда алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұра алады.
      2. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiмде лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың негiздемесi мен мерзiмi көрсетiлуге тиiс. Мұндай шешiм лицензиаттың назарына жеткiзiлген күннен бастап лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған болып есептеледi.
      Ескерту. 59-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      60-бап. Актуарийдi лицензиясынан айыру

      1. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган мынадай негiздердiң бiрi бойынша:
      1) лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға негiз болған мән-жайлар белгiленген мерзiмде жойылмаған;
      2) лицензияның қолданылуы бiрнеше рет (соңғы он екi айдың iшiнде екi рет) тоқтатыла тұрған;
      3) актуарий есептеулерiн жүргiзу, сондай-ақ тәуелсіз актуарий ретіндегі қызметті жүзеге асыру барысында алынған және сақтандыру құпиясы немесе коммерциялық құпия болып табылатын мәлiметтер жария етiлген немесе үшiншi тұлғаға (уәкiлеттi мемлекеттiк органнан басқасына) берiлген;
      4) осы Заңның 19-бабының 6-тармағындағы талаптар орындалмаған;
      5) сот актуарийдiң кәсiпкерлiк қызметiн тоқтату туралы шешiм қабылдаған жағдайларда лицензиядан айыру туралы шешiм шығаруға құқылы.
      2. Лицензиядан айыру туралы шешiмде одан айырудың негiздемесi көрсетiлуге тиiс. Мұндай шешiм лицензиаттың назарына жеткiзiлген күннен бастап лицензиат лицензиясынан айырылған болып есептеледi.
      Ескерту. 60-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2010.07.15 № 338-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      61-бап. Акцияларды мәжбүрлеп сатып алу

      1. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында активтердiң сапасы мен өтiмдiлiгi бойынша оларды сыныптау ескерiле отырып есептелген құны мен мiндеттемелер арасында терiс айырма барын анықтаған жағдайда уәкiлеттi мемлекеттiк орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын олардың акционерлерiнен мәжбүрлеп сатып алып, оларды сақтандыру және қайта сақтандыру шарты бойынша барлық мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жағдайында сатып алуға тiлек бiлдiрген жаңа инвесторға сату туралы шешiм қабылдауға құқылы.
      2. Уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын мәжбүрлеп сатып алуы кейіннен оларды жаңа инвесторға сату мақсатында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын (акционерлердің үлестерін) мәжбүрлеп сатып алу туралы өзі шешім қабылдаған күнге оның нақты төлем қабілеттігі маржасының мөлшері негізінде айқындалатын баға бойынша жүзеге асырылады.
      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алған акцияларды сатуды уәкілетті орган оларды сатып алу бағасы бойынша жүргізеді.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық мәжбүрлеп сатып алынатын акциялары иелерінің құқықтары мен міндеттері жаңа инвесторға ауысады.
      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын мәжбүрлеп сатып алу мен оларды кейiннен жаңа инвесторға сату тәртiбiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган мемлекеттiк органмен келiсе отырып белгiлейдi.
      Ескерту. 61-бапқа өзгертулер енгізілді - ҚР 2003.07.10 N 483, 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

11-тарау. ҚАЙТА ҚҰРУ

      62-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және
               сақтандыру холдингінің өз еркімен қайта
               ұйымдастырылуы

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркiмен қайта ұйымдастырылуы (бірігуі, қосылуы, бөлінуі, бөлініп шығуы, қайта құрылуы) осы Заңда және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген тәртiппен жүргізіледі.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркiмен қайта ұйымдастырылуы уәкiлеттi органның рұқсаты болған кезде жүзеге асырылуы мүмкін.
      Өз еркімен қайта ұйымдастырылуға рұқсат алған жағдайда сақтандыру қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлғаға бұрын берілген барлық лицензияларды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бір апта ішінде уәкілетті органға қайтарып беруге міндетті.
      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркiмен қайта ұйымдастырылуын жүргiзуге рұқсат алуға өтiнiш беру үшін осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингі) акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысы шешiмiнің болуы негiз болып табылады.
      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркiмен қайта ұйымдастырылуын жүргізуге уәкілетті органның рұқсатын алу туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) жоғары органының оны өз еркімен қайта ұйымдастыру туралы шешімі;
      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркімен қайта ұйымдастырылуының болжалды шарттарын, нысандарын, тәртібін және мерзімін сипаттайтын құжаттар;
      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркімен қайта ұйымдастырылуынан кейінгі және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркімен қайта ұйымдастырылуы нәтижесінде құрылатын заңды тұлғалардың есептік балансын қоса алғанда, өз еркімен қайта ұйымдастырылудың салдарына қаржылық болжам.
      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркiмен қайта ұйымдастырылуын жүргiзуге рұқсат алуға арналған өтiнiштi уәкiлеттi орган құжаттардың толық топтамасы табыс етiлген күннен бастап екі ай iшiнде қарауға тиiс.
      6. Қайта ұйымдастырылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингі) уәкілетті органның қайта ұйымдастыруды өткізуге рұқсатын алған күннен бастап екі апта ішінде алдағы өзгерістер туралы өздерінің барлық сақтанушыларына тікелей хабарлау және тиісті хабарландыруды Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына тарайтын кемінде екі мерзімді баспасөз басылымында қазақ және орыс тілдерінде жариялау арқылы хабардар етуге міндетті.
      7. Қайта ұйымдастырылу нәтижесінде құрылған заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүргізіледі.
      8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркiмен қайта ұйымдастырылуына рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
      9. Осы баптың талаптары:
      тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингінің, сондай-ақ сақтандыру холдингі, сақтандыру холдингі белгілерін иеленуші тұлға шыққан елдің қаржылық қадағалау органының аталған Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалар шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауының болуы;
      тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен, бірақ Қазақстан Республикасына берілген шетел валютасындағы тәуелсіз рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингінің, сондай-ақ уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органының арасында ақпарат алмасу туралы келісімнің болуы шарттарының бірі орындалған кезде сақтандыру холдингі, сақтандыру холдингі белгілерін иеленуші тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместерге қолданылмайды.
      Ескерту. 62-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      63-бап. Өз еркiмен қайта құрылуға рұқсат беруден
               бас тарту

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркiмен қайта құрылуына рұқсат беруден уәкiлеттi мемлекеттiк орган мынадай негiздер бойынша:
      1) көзделiп отырған өз еркiмен қайта құрылу нәтижесiнде сақтанушылардың және өзге де кредиторлардың заңды мүдделерi бұзылатын;
      2) көзделiп отырған қайта құру нәтижесiнде қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудiң ең төменгi талаптары, сақталуы мiндеттi нормалар мен лимиттер және осы Заң мен уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген өзге де талаптар бұзылатын;
      2-1) қайта ұйымдастырылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының (сақтандыру холдингтерінің) жоғары органдарының тиісті шешімдері болмаған;
      2-2) болжалды қайта ұйымдастыру нәтижесінде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының талаптары бұзылатын;
      3) уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде көрсетiлген құжаттар табыс етiлмеген;
      4) табыс етiлген құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмеген жағдайларда бас тартады.
      2. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган өтiнiш берушiге өз еркiмен қайта құрылуына рұқсат беруден бас тартқаны туралы бас тартудың негiздемесiн көрсете отырып жазбаша хабарлайды.
      Ескерту. 63-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      64-бап.
      Ескерту. 64-бап алынып тасталды - ҚР 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

  12-тарау. ТАРАТУ

      65-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату
               негiздерi

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату, оның iшiнде банкроттық негiз бойынша тарату Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес, осы Заңда және уәкiлеттi мемлекеттiк органның  нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып жүзеге асырылады.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мынадай негiздер бойынша:
      1) уәкiлеттi мемлекеттiк органның рұқсаты болған жағдайда өз акционерлерiнiң шешiмi бойынша (өз еркiмен таратылуы);
      2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда соттың шешiмi бойынша таратылуы мүмкiн.

      66-бап. Өз еркiмен және мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру
               (қайта сақтандыру) ұйымдарының кредиторлар
               комитетi

      1. Кредиторлар мүдделерiн қамтамасыз ету және олардың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын өз еркiмен және мәжбүрлеп тарату рәсiмдерiне қатысуымен шешiмдер қабылдау мақсатында кредиторлар комитетi құрылады.
      Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кредиторлар комитетiнiң құрамын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының ұсынысы бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтедi.
      2. Кредиторлар комитетiнiң құрылуы мен қызметiнiң ерекшелiктерi уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
      Ескерту. 66-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2003.07.10 N 483 Заңымен.

      67-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының
               өз еркiмен таратылу ерекшелiктерi

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы оны ерікті тарату туралы шешім қабылдағаннан кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзі жасасқан сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелерінен тұратын сақтандыру портфелін берілетін сақтандыру сыныптары бойынша лицензиясы бар және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына беру жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының өз еркiмен таратылуына рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту тәртібі, сондай-ақ сақтандыру портфелін беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
      Сақтандыру портфелін бергеннен кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органға өзін ерікті таратуға рұқсат беру туралы өтінішхатпен жүгінуге құқылы.
      2. Өз еркiмен таратылуды жүргiзуге рұқсат алу туралы өтiнiшке тiзбесi уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленетiн құжаттар қоса тiркелуге тиiс.
      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркiмен таратылуына рұқсат алуға берiлген өтiнiштi уәкiлеттi мемлекеттiк орган барлық қажеттi құжаттар түскен күннен бастап бiр ай iшiнде қарауға тиiс.
      4. Өз еркiмен таратылуға рұқсат алған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бұрын берiлген барлық лицензияларды бір апта мерзімде уәкiлеттi мемлекеттiк органға қайтаруға мiндеттi.
      5. Уәкiлеттi мемлекеттiк органнан өз еркiмен таратылуға рұқсат алғаннан кейiн сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдары мен өкiлдiктерiн ескере отырып, тарату комиссиясын құрады, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкi мен iстерiн басқару өкiлеттiгi заңдарда белгiленген тәртiппен соған көшедi.
      6. Өз еркiмен таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы уәкiлеттi мемлекеттiк органның сұратуы бойынша оған өз қызметi туралы кез келген мәлiметтердi және таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты деректердi табыс етуге мiндеттi.
      7. Тарату комиссиясы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының таратылуы туралы есеп пен тарату балансы бекiтiлген күннен бастап он күн iшiнде оларды әдiлет органдары мен уәкiлеттi мемлекеттiк органға табыс етуге мiндеттi.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату аяқталған кезде тарату комиссиясы мұрағатта сақтауға арналған құжаттарды белгiленген тәртiппен тапсыруға және бұл туралы уәкiлеттi органды хабардар етуге мiндеттi.
      8. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға қаражаты жетпеген жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы банкроттық негiздерi бойынша мәжбүрлеп таратылуға тиiс.
      9. Өз еркiмен таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының қызметiн бақылауды уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асырады.
      Өз еркiмен таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы қызметiнiң ерекшелiктерi уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленедi.
      10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркiмен таратылуын аяқтау мүмкiн болмауына байланысты уәкiлеттi мемлекеттiк орган оны мәжбүрлеп тарату туралы сотқа жүгiнуге құқылы.
      Ескерту. 67-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2003.07.10 N 483 , 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      68-бап. Өз еркiмен таратылуға рұқсат беруден бас тарту

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркiмен таратылуына рұқсат беруден уәкiлеттi мемлекеттiк орган мынадай негiздер бойынша:
      1) көзделiп отырған өз еркiмен таратылу нәтижесiнде сақтанушылар мен өзге де кредиторлардың заңды мүдделерi бұзылған;
      2) уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген құжаттар табыс етiлмеген;
      3) табыс етiлген құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болмаған;
      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелері бойынша есеп айырысу үшін оның қаражаты жетпеген;
      5) сақтандыру портфелін басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына беру жөнінде шаралар қолданылмаған жағдайларда бас тартады.
      2. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган өтiнiш берушiге оның өз еркiмен таратылуына рұқсат беруден бас тартқаны туралы бас тартудың негiздемесiн көрсете отырып жазбаша хабарлайды.
      Ескерту. 68-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      69-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп
               тарату ерекшелiктерi

      1. Уақытша әкiмшiлiк өз өкiлеттiгiн доғарып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құжаттары мен мүлкін бір айдан аспайтын мерзімде тарату комиссиясының төрағасына өткізеді. Егер мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымы сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысу-шысы болып табылса, уақытша әкiмшiлiк сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылатын жағдайда, сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген көлемде және мерзімде ақпарат береді.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиядан айырған күннен бастап:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшылары (қатысушылары), органдары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкіне билік етуге құқылы емес;
      2) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты соттардың бұрын қабылдаған шешімдерін орындау тоқтатыла тұрады;
      3) кредиторлардың таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қойылатын талаптары, осы Заңның 55-бабының 3-тармағында көзделген шығыстарға байланысты талаптарды қоспағанда, тарату ісін жүргізуге ғана қойылуы мүмкін;
      4) кредиторлардың, салық қызметі органдарының талаптары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банктік шоттарынан ақша өндіріп алуына, оның ішінде даусыз (акцептсіз) тәртіппен қанағаттандыруға жататын, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкіне арналған айналымға жол берілмейді;
      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лауазымды адамдарына оларға тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын иеліктен шығаруға тыйым салынады;
      6) басшы, ал қажет болған кезде өзге де қызметкерлер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыстан шеттетіледі.
      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мәжбүрлеп таратылған жағдайда сот уәкілетті органды хабардар етеді және күнтізбелік он күн ішінде оған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешімнің көшірмесін жібереді.
      3-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бұрын жұмыс істеп тұрған органдарының өкілеттіктері тоқтатылады, басшы, ал қажет болған кезде өзге де қызметкерлері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмыстан босатылады.
      3-2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап осы баптың 2-тармағының 1) – 5) тармақшаларында көзделген салдарлар туындайды.
      4. Сот сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдаған жағдайда, уәкілетті органның лицензиядан айырумен байланысты емес негіздер бойынша, уәкілетті орган оны лицензиядан айыру туралы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды.
      5. Банкроттық негіз бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын тарату осы Заңның талаптары ескеріле отырып, жүзеге асырылады.
      Ескерту. 69-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      69-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп
                тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген
                күннен бастап сақтандыру портфелін беру

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне енгізілген кепілдік берілген сақтандыру түрлері бойынша толық көлемде сақтанушының келісімінсіз сақтандыру портфелін беруді жүзеге асырады.
      Осы бапта көзделген іс-шаралар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш ай ішінде жүзеге асырылады.
      2. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы бір немесе бірнеше сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына кепілдік берілетін сақтандыру және (немесе) қайта сақтандыру түрі бойынша лицензия болған және ол (олар) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес болған кезде беруі мүмкін.
      Сақтандыру портфелін беру сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымдарын мәжбүрлеп тарату кезінде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      3. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы міндеттемелерінің туындағаны туралы мәлімделген және олар бойынша сақтандыру төлемдері жүзеге асырылмаған немесе толық көлемде жүзеге асырылмаған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі олардың міндеттемелері туындаған сақтандыру шарттары берілетін сақтандыру портфелінің құрамына енгізілмейді.
      Сақтандыру шарттарының тізілімінде және (немесе) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дерекқорында сақтандыру шарты болмаған жағдайда, сақтанушы мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен жасалған, қолданылу мерзімі аяқталмаған сақтандыру шарты (түпнұсқасы, көшірмесі, телнұсқасы) болған кезде осы шарт қолданылуы тиіс болған қалған уақыт кезеңіне барабар сақтандыру сыйлықақысының бөлігін талап ету құқығымен мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясына өтініш жасайды.
      Бұл ретте мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен жасалған сақтандыру шарты мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясына сақтанушы ұсынатын сақтандыру сыйлықақысының бөлігін қайтару туралы өтініштің негізінде қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатады.
      4. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелі берілген (қабылдап алынған) күннен бастап қабылдаған сақтандыру шарттары бойынша туындайтын міндеттемелерді, қабылдайтын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (қабылдайтын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары) орындайды.
      Берілген сақтандыру шарты онда белгіленген мерзім аяқталғанға дейін қолданылады.
      Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтанушыларымен жаңа сақтандыру шартын жасасу не мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтанушыларымен жасалған сақтандыру шартына өзгерістер енгізу талап етілмейді.
      5. Сақтандыру портфелін беру туралы хабарландыруды мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру (қайта сақтандыру ұйымдары) қабылдап алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді басылымдарда қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.
      Хабарландыруда:
      1) сақтандыру портфелінің берілген күні;
      2) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін қабылдаған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру ұйымдарының) атауы және байланыс телефондары көрсетілген орналасқан жері;
      3) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының және сақтандыру ұйымдарын мәжбүрлеп тарату кезінде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның байланыс телефондары көрсетілген орналасқан жері туралы ақпарат қамтылуға тиіс.
      6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күнінен бастап сақтандыру портфелін беру тәртібі мен ерекшеліктері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен айқындалады.
      Ескерту. Заң 69-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      70-бап. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта
               сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, оның iшiнде банкроттық негiз бойынша тарату туралы шешiм қабылданғаннан кейiн сот тарату жөнiнде iс қозғайды және оның филиалдары мен өкiлдiктерiн ескере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясын құру жөнiнде уәкiлеттi органға мiндеттер жүктейдi.
      Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссияларын тағайындау мен босату тәртiбi және тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелерiне қойылатын талап уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде айқындалады.
      2. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кредиторларының аралық тарату балансы мен талаптарының тiзiлiмiн уәкiлеттi орган бекiтедi.
      3. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы уәкiлеттi мемлекеттiк органға iстелген жұмыс туралы есептi және оның жазбаша сұратуы бойынша өз қызметi туралы қосымша мәлiметтер мен таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты деректердi табыс етуге мiндеттi.
      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату конкурстық массасы осы Заңда белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртiппен қалыптастырылады.
      Ішкі резерв қорының есебінен иеленіп алынған активтер таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының конкурстық (тарату) массасына енгізілмейді.
      Сақтанушының инвестицияларға қатысуы шартын көздейтін сақтандыру шарттарын жасасқан сақтанушылар арасында ішкі резервтік қорды бөлу осы Заңның 72-бабының 1-тармағында көзделген кезектен тыс жүзеге асырылады.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасына, мүшелеріне және өзге де жұмысқа тартылған қызметкерлерге төленетін сыйақының ай сайынғы мөлшері олардың әрқайсысына республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына арналып белгіленген ең төменгі жалақының он еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
      Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкiн сатуды оның тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртiппен жүргiзедi.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының қызметiн бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      5. Тарату комиссиясы уәкiлеттi органмен келiсiлген тарату туралы есептi және тарату балансын cотқа табыс етедi.
      Сот тарату туралы есептi және тарату балансын бекiтедi және тарату жөнiндегi iстi аяқтау туралы ұйғарым шығарады.
      Тарату комиссиясы сот ұйғарымының көшiрмесiн заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi, филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тіркеуді жүзеге асыратын тиiстi әдiлет органына, сондай-ақ уәкiлеттi органға жiбередi.
      Тарату комиссиясы тарату балансын және тарату туралы есепті бекіткеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде оларды заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын әділет органына, ал аталған құжаттардың көшірмелерін уәкілетті органға табыс етуге міндетті.
      Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату тәртiбi және оның тарату комиссиясының жұмысына қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату аяқталған кезде тарату комиссиясы құжаттарды белгiленген тәртiппен мұрағатқа сақтау үшiн өткiзуге және бұл туралы уәкiлеттi органды хабардар етуге мiндеттi.
      6. Алып тасталды.
      7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметін тоқтатуды тіркегеннен кейін тарату комиссиясы бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметін тоқтатуды тіркеу туралы бұйрықтың көшірмесін ұсынады.
      Ескерту. 70-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2003.07.10 N 483, 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      71-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын банкрот
               деп тану

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабiлетсiздiгi мен дәрменсiздiгi уәкiлеттi мемлекеттiк органның тиiстi қорытындысы ескерiле отырып айқындалады.
      2. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның тиiстi қорытындысы болған жағдайда сот сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жөнiнде оңалту рәсiмдерiн тағайындауы мүмкiн.
      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты оңалту рәсiмдерi санация нысанында немесе сақтандыру мiндеттемелерi мен соларға сәйкес активтер сомасын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiлетiн жария саудаға салу арқылы мүдделi сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына беру нысанында жүргiзiлуi мүмкін.
      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы заңдарда белгiленген тәртiппен сот шешiмi бойынша ғана банкрот деп танылады. Дәрменсiз сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын оның кредиторларының және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзiнiң шешiмi бойынша соттан тыс тарату рәсiмiне жол берiлмейдi.
      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банкроттығы туралы iс бойынша тараптардың бiтiм келiсiмiн жасасуына жол берiлмейдi.

      72-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы
               кредиторларының талаптарын қанағаттандыру
               кезектiлiгi

      1. Сақтандыру ұйымы кредиторларының заңдарда белгiленген  тәртiппен танылған талаптары мынадай кезектiлiк пен қанағаттандырылуға тиiс:
      1) бiрiншi кезекте, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын  тарату туралы соттың шешімі заңды күшіне енгенге дейін басталған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі кредиторлардың талаптары қанағаттандырылады;
      1-1) екінші кезекте, жалақыдан және (немесе) өзге де кірістерден алименттерге ұсталған төлемдерді төлеу жөніндегі талаптар, сондай-ақ таратылатын сақтандыру ұйымы азаматтардың өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жауапты болатын жағдайда, ол азаматтардың талаптары сақтандыру шарттары бойынша жауапкершiлiкпен байланысты емес негiздер бойынша тиiстi мерзiмдiк төлемдердi капиталдандыру арқылы қанағаттандырылады;
      2) үшінші кезекте, еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн адамдармен еңбекке ақы төлеу және өтемақы төлеу жөнінде, Әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорына әлеуметтік аударымдар бойынша, жалақыдан ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөнiндегі берешектер, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу жөнiнде есеп айырысу жүргiзiледi;
      3) төртiншi кезекте, сақтандырылушының жеке өзiне байланысты жасалған сақтандыру шарттары бойынша кредиторлардың талаптары қанағаттандырылады;
      4) бесiншi кезекте, кредиторлардың - жеке тұлғалардың өздерi жасалған мүлiктiк сақтандыру шарттары және сақтандырылушының жеке өзiне байланысты емес сақтандырудың басқа да түрлерi бойынша талаптары қанағаттандырылады;
      5) алтыншы кезекте, жасалған сақтандыру шарттары бойынша осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілгеннен өзге, кредиторлардың талаптары, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарын мәжбүрлеп тарату кезiнде сақтандыру шарттары бойынша жүзеге асырылған кепiлдiк төлемдерi, Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына берілген мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін төлеуге байланысты шығыстары және оларды жүзеге асыруға байланысты өзге де шығыстар бойынша сақтанушылардың (сақтандырылушылардың, пайда алушылардың) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретiн ұйымның талаптары қанағаттандырылады;
      6) жетiншi кезекте, таратылатын сақтандыру ұйымының мүлкiн қамтамасыз етiлу сомасы шегiнде кепiлге салумен қамтамасыз етiлген мiндеттемелер бойынша кредиторлардың талаптары қанағаттандырылады;
      7) сегiзiншi кезекте, салықтар, алымдар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша, сондай-ақ республикалық бюджеттен берiлген кредиттердi қайтару бойынша берешек өтеледi;
      8) тоғызыншы кезекте, Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес басқа кредиторлармен есеп айырысу жүзеге асырылады.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату ісіне байланысты шығыстар кезектен тыс жүргізіледі.
      3. Қайта сақтандыру ұйымы кредиторларының заңдарда белгiленген  тәртiппен танылған талаптары мынадай кезектiлiкпен қанағаттандырылуға тиiс:
      1) бiрiншi кезекте, жалақыдан және (немесе) өзге де кірістерден алименттерге ұсталған төлемдерді төлеу жөніндегі талаптар, сондай-ақ таратылатын қайта сақтандыру ұйымы азаматтардың өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жауапты болатын жағдайда, ол азаматтардың талаптары қайта сақтандыру шарттары бойынша жауапкершiлiкпен байланысты емес негiздер бойынша тиiстi мерзiмдiк төлемдердi капиталдандыру арқылы қанағаттандырылады;
      2) екінші кезекте, еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн адамдармен еңбекке ақы төлеу және өтемақы төлеу жөнінде, Әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорына әлеуметтік аударымдар бойынша, жалақыдан ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөнiндегі берешектер, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу жөнiнде есеп айырысу жүргiзiледi;
      3) үшiншi кезекте, цеденттердiң "өмiрдi сақтандыру" саласы бойынша шарттардан туындайтын талаптары қанағаттандырылады;
      4) төртiншi кезекте, цеденттердiң "жалпы сақтандыру" саласы бойынша шарттардан туындайтын талаптары қанағаттандырылады;
      5) бесiншi кезекте, таратылатын қайта сақтандыру ұйымының мүлкiн қамтамасыз етiлу сомасы шегiнде кепiлге салумен қамтамасыз етiлген мiндеттемелер бойынша кредиторлардың талаптары қанағаттандырылады;
      6) алтыншы кезекте, салықтар, алымдар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша, сондай-ақ республикалық бюджеттен берiлген кредиттердi қайтару бойынша берешек өтеледi;
      7) жетiншi кезекте, Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес басқа кредиторлармен есеп айырысу жүзеге асырылады.
      4. Әрбiр келесi кезектегi талаптар одан алдыңғы кезектегi талаптар толық орындалғаннан кейiн қанағаттандырылады.
      Бiр кезектегi кредиторлардың талаптарын қанағаттандырған кезде қаражат олардың арасында қанағаттандырылуға жататын талаптар сомасына бара-бар бөлiнедi.
      5. Тиiстi кезегi келгенде кредитордың талабы оның келiсiмiмен Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн әдiстермен, оның iшiнде есеп айырысудың бара-барлық принципiн сақтай отырып, ақшалай нысанда және (немесе) мүлiктi заттай күйiнде беру арқылы қанағаттандырылуы мүмкiн.
      Ескерту. 72-бапқа өзгертулер енгізілді - ҚР 2003.06.11 N 436, 2003.07.10 N 483, 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

      73-бап. Уәкiлеттi органның сақтандыру (қайта сақтандыру)
               ұйымдарын тарату процесiндегi бақылау
               өкiлеттiктерi

      1. Ерiктi және мәжбүрлеп, оның iшiнде банкроттық негiз бойынша таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларының қызметiн бақылауды жүзеге асыру мақсатында уәкiлеттi орган:
      1) тарату комиссияларынан iстелген жұмыс туралы есептердi, ал қажет болған жағдайда, қосымша ақпаратты да алуға;
      2) тарату комиссияларының есептер мен қосымша ақпаратты беру нысанын, мерзiмдерiн және кезеңдiлiгiн белгiлеуге;
      3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тарату комиссияларының қызметiн тексерудi жүргiзуге;
      4) тарату комиссияларының қызметiнде Қазақстан Республикасының заңдарын, кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзу анықталған кезде кемшiлiктердi жою жөнiнде, тарату комиссиялары орындауға мiндеттi жазбаша нұсқамалар шығаруға, нұсқамалардың орындалу мерзiмiн белгiлеуге;
      5) тарату комиссиясы белгiленген мерзiмде жазбаша ұйғарымды орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шараларды қолдануға, сондай-ақ кредиторлардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау үшiн сотқа не прокуратура органдарына жүгiнуге;
      6) тарату шығыстарының сметасын қалыптастыру мен бекітудің ерекшеліктерін және тәртібін белгілеуге;
      7) тарату комиссияларының кассадағы қолма-қол ақшаны сақтау, қолма-қол ақшамен кіріс және шығыс операцияларын жасау, касса құжаттарын жүргізу ережелерін орындау, қолма-қол ақшаның жұмсалуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарын, касса қалдықтарының лимиттерін, сондай-ақ тарату комиссиясының ағымдағы шотына қолма-қол ақшаны өткізу мерзімдерін айқындауға құқылы.
      2. Тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзған жағдайда тарату комиссиясының төрағасы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
      Ескерту. 73-бап жаңа редакцияда - ҚР 2003.07.10 N 483 Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

13-тарау. ЕСЕП БЕРУ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ МӘСЕЛЕЛЕР

      74-бап. Қаржылық және өзге де есеп беру

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокерi өздерi жүргiзген операциялардың есебiн қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарына, Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
      2. Шоғырландырылған негiздегі қаржылық есептіліктi қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокерiнiң қаржылық есептiлігі тiзбесін, нысандарын, оларды беру мерзiмдерi мен тәртiбiн уәкілетті органмен келiсiм бойынша Ұлттық Банк белгілейдi.
      2-1. Шоғырландырылған негiздегi қаржылық есептiлiктi қоса алғанда (қаржылық есептiлiкті қоспағанда), сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокерi есептiлiгiнiң тiзбесiн, нысандарын, оларды беру мерзімі мен тәртібін уәкілетті орган белгiлейдi.
      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру брокері уәкiлеттi мемлекеттiк органның сұратуы бойынша оған өзiнiң мүлкi туралы, оның iшiнде Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлердегi мүлкi туралы, қабылданған тәуекелдердiң мөлшерi, берiлген кепiлдiктер мен кепiлгерлiктер туралы, жасалған және жасалатын сақтандыру және қайта сақтандыру мәмiлелерi туралы мәлiметтердi, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу туралы мәлiметтердi, өзiнiң бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсатында сақтандыру құпиясы бар мәлiметтердi табыс етуге мiндеттi.
      4. Алынып тасталды - ҚР 2010.07.15  № 338-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
      Ескерту. 74-бапқа өзгертулер енгізілді - ҚР 2004.06.11 N 562, 2005.07.08 N 69, 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.05.05 N 139, 2007.02.28 N 235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2010.07.15  № 338-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

      74-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі
                 қатысушысының және сақтандыру холдингтерінің
                 есептілігі

      Ескерту. 74-1-баптың тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысы уәкілетті органға жыл сайын қаржы жылы аяқталғаннан кейін күнтізбелік жүз жиырма күн ішінде қаржылық есептілік пен оның түсіндірме жазбасын, сондай-ақ үлестес тұлғалармен мәмілелер туралы есепті табыс етуге тиіс.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жеке тұлға болып табылатын ірі қатысушысы уәкілетті органға қаржы жылы аяқталғаннан кейін күнтізбелік жүз жиырма күн ішінде кірістер мен мүлік туралы мәліметтерді, сондай-ақ:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қабылдайтын шешімдерге өзінің басқа тұлғалармен бірлесіп өз араларындағы шартқа орай не өзгеше түрде ықпал етуді жүзеге асыруы туралы, оның ішінде мұндай ықпал ету мүмкіндігін айқындайтын өкілеттіктер берудің сипаттамасы болатын;
      2) жарғылық капиталдарға қатысудың өзіне тиесілі үлестерін (акцияларды) көрсете отырып, ұйымдарда өзінің атқаратын лауазымдары туралы;
      3) ұйымдардың жарғылық капиталдарындағы (акцияларындағы) өзіне тиесілі қатысу үлестері, сондай-ақ оларды сатып алу көздері туралы;
      4) жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және жұбайының (зайыбының) жақын туыстары, сондай-ақ осы адамдар бақылау жасайтын ұйымдар туралы ақпаратты;
      5) кірістер мен мүлік туралы мәліметтерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушының салық органдарына ұсынатын жеке табыс салығы бойынша декларацияның көшірмесін қамтитын есептілікті табыс етуге тиіс.
      2-1. Есептілікті ұсыну тәртібі мен нысандары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
      3. Сақтандыру холдингі уәкілетті органға:
      1) есепті тоқсаннан кейінгі күнтізбелік тоқсан күн ішінде тоқсан сайынғы шоғырландырылған қаржылық есептілік пен оған түсіндірме жазбаны және есепті тоқсаннан кейінгі күнтізбелік отыз күн ішінде тоқсан сайынғы шоғырландырылмаған қаржылық есептілік пен оған түсіндірме жазбаны;
      2) қаржы жылы аяқталғаннан кейін күнтізбелік жүз жиырма күн ішінде, аудиторлық ұйым растамаған, шоғырландырылған және шоғырландырылмаған қаржылық есептілік пен оған түсіндірме жазбаны;
      3) үлестес тұлғалармен мәмілелер туралы тоқсан сайынғы есепті табыс етуге тиіс.
      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысының жылдық қаржылық есептілікке түсіндірме жазбасында, сондай-ақ сақтандыру холдингінің тоқсан сайынғы және жылдық қаржылық есептілікке түсіндірме жазбаларында мынадай ақпарат:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының, сақтандыру холдингінің қызмет түрлерінің сипаттамасы;
      2) ірі қатысушы (сақтандыру холдингі) қатысушысы (акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталына қатысу үлесінің мөлшері (тиесілі акцияларының саны), қызмет түрінің немесе түрлерінің сипаттамасы, ірі қатысушы (сақтандыру холдингі) ірі қатысушысы (ірі акционері) болып табылатын ұйымдардың қаржылық есептілігі, сақтандыру тобының құрылымы туралы есеп;
      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы (акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталына қатысу үлесінің мөлшері (оған тиесілі акциялар саны), осы ұйымның қызмет түрінің немесе түрлерінің сипаттамасы және қаржылық есептілігі, сондай-ақ аффилирленген тұлғалар туралы, ірі қатысушыны бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысын бақылайтын тұлғаның еншілес және тәуелді ұйымдары туралы мәліметтер;
      4) сақтандыру тобының меншікті капиталының он немесе одан көп пайызын құрайтын үшінші тұлғалардың (адамдар тобының) алдындағы сақтандыру тобының барлық міндеттемелері туралы есебі көрсетілуге тиіс.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында сақтандыру холдингі болмаған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы осы тармақта көрсетілген қаржылық есептілік пен ақпаратты есепті тоқсаннан кейінгі күнтізбелік қырық бес күннен кешіктірмей тоқсан сайын табыс етуге тиіс.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы - заңды тұлғаның немесе сақтандыру холдингінің басшы қызметкерлерінің құрамы өзгерген жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы - заңды тұлға немесе сақтандыру холдингі көрсетілген өзгерістер болған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органға растайтын құжаттарды тіркей отырып, басшы қызметкерлердің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметті ұсынады.
      5. Алып тасталды - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      6. Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру холдингі қаржы жылы аяқталғаннан кейін күнтізбелік бір жүз сексен күн ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес уәкілетті органға жылдық қаржылық есептілікті ұсынуға тиіс.
      Жеке тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушыға осы баптың 1-тармағының талаптары қолданылады.
      Заңды тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушыға осы тармаққа сәйкес Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру холдингіне қатысты көзделген талаптар қолданылады.
      7. Алып тасталды - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
     Ескерту. 74-1-баппен толықтырылды - ҚР 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгеріс енгізілді - 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      75-бап. Мiндеттi актуарий қорытындысы

      1. Сақтандыру резервтерi бойынша мiндеттi актуарий қорытындысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жылдық қаржылық есебiнiң ажырамас бөлiгi болып табылады және уәкiлеттi мемлекеттiк органға табыс етiлуге тиiс.
      2. Мiндеттi актуарий қорытындысының мазмұнына және табыс етiлу тәртiбiне қойылатын талаптар уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.

      75-1-бап. Шығындылықты сипаттайтын коэффициенттер

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сақтандырудың барлық не жекелеген сыныптарын (түрлерін) жүргізу кезінде өз қызметіне талдау жасау мақсатында шығындылықты сипаттайтын коэффициенттерді (шығындылық коэффициентін, жұмсалған қаражат
коэффициентін, аралас коэффициентті) есептейді.
      2. Шығындылықты сипаттайтын коэффициенттер (шығындылық коэффициенті, жұмсалған қаражат коэффициенті, аралас коэффициент) - сақтандырудың барлық не жекелеген сыныптарын (түрлерін) жүзеге асыру кезінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қызметінің
шығындылығын көрсететін салыстырмалы көрсеткіштер.
      Шығындылықты сипаттайтын коэффициенттерді (шығындылық коэффициентін, жұмсалған қаражат коэффициентін, аралас коэффициентті) есептеу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
      Ескерту. 75-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.     

      76-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру
               брокері және сақтандыру холдингі қызметінің
               негізгі көрсеткіштерін жариялау

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру брокері – жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда – жылдық шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті және аудиторлық есепті оларда ұсынылған мәліметтердің дәйектілігін тәуелсіз аудиторлық растаудан кейін және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жылдық жиналысы жылдық қаржылық есептілікті бекіткеннен кейін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімде жариялайды.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетін бухгалтерлік балансты, пайдалар мен шығындар туралы есепті уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімде, оларды аудиторлық растаусыз тоқсан сайын жариялайды.
      Сақтандыру холдингтері – жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда – шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті, сондай-ақ аудиторлық есепті уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімде жариялайды.
      Осы баптың талаптары сақтандыру холдингтері болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент еместеріне қолданылмайды.
      Ескерту. 76-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      77-бап. Құжаттарды сақтау тәртiбi және мерзiмi

      1. Кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру нарығының кәсiби қатысушылары, сақтандыру агенттерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сақтандыру (қайта сақтандыру), сақтандыру делдалдығы жөнiндегi деректердi қалыптастыруға және өз қызметiне байланысты құжаттардың есебiн жүргiзу мен сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының тізілімін жүргізуге міндетті. Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты ол жасалған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының тізіліміне енгізілуге тиіс.
      Сақтандыру шарттарының тізілімінде және дерекқорда қамтылатын сақтанушы (сақтандырылушы) туралы ақпарат (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе заңды тұлғаның атауы, сақтандыру шартының нөмірі, оның жасалған, сақтандыру шартының күшіне енген және қолданылуы аяқталған күндері, жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі) бір-біріне сәйкес келуге тиіс.
      2. Мiндеттi түрде сақталуға жататын құжаттардың тiзбесiн және кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру нарығының кәсiби қатысушыларының, сақтандыру агенттерiнiң оларды сақтау тәртiбi мен мерзiмiн уәкiлеттi орган мұрағаттар мен құжаттаманы басқарудың уәкiлеттi органымен келiсе отырып белгiлейдi.
      Ескерту. 77-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      78-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның шешiмiне шағым
               жасау

      1. Мүдделi тұлға уәкiлеттi мемлекеттiк органның шешiмiне ол күшiне енген күннен бастап он күн мерзiмде Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен шағым жасай алады.
      2. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның шешiмiне шағым жасау санкция қолдану туралы шешімнің орындалуын тоқтата тұруға әкеп соқпайды.

      14-тарау. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу
                 жөніндегі қызмет

      Ескерту. Заң 14-тараумен толықтырылды - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      79-бап. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі
              ұйымның құрылу тәртібі мен негізгі функциялары

      1. Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым (бұдан әрі – ұйым) акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады.
      Ұйым көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру мен жүргізуді осы Заң және Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері жөніндегі заңнамалық актілері негізінде жүзеге асырады.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және Ұлттық Банк ұйымның акционерлері болып табылады.
      Акционер Ұлттық Банк болып табылатын жағдайды қоспағанда, ұйымның әрбір акционерінің үлесі оның үлестес тұлғаларымен бірлесіп, ұйымның орналастырылған (сатып алынғандарды шегере отырып) акцияларының жалпы санының бес пайызынан аспауы керек.
      Ұлттық Банктің үлесі ұйымның дауыс беретін акцияларының жалпы санының кемінде жиырма бес пайызын құрайды.
      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, ұйымның әрбір акционері «бір акция – бір дауыс» қағидаты бойынша дауыс береді.
      3. Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасымен директорлар кеңесінің құзыретіне жатқызылған мәселелерден басқа, ұйымның директорлар кеңесінің құзыретіне мынадай мәселелер жатады:
      1) ұйымның жылдық бюджетін бекіту;
      2) ұйымның резервтік және өзге де қорларын пайдалану;
      3) ұйымға төленуге тиісті жарналардың мөлшерлемесін бекіту.
      Ұйымның директорлар кеңесінің құрамына тұрақты негізде дауыс беру құқығымен уәкілетті органның өкілі кіреді.
      4. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ұйымға төленуге тиісті жарналарының мөлшерлемесін келіседі.
      Ұйымға қойылатын осы Заңда белгіленген талаптарды орындау үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ұйымға төлеуге тиіс жарналары мөлшерлемесінің жеткіліксіздігі оны келісуден уәкілетті органның бас тартуы үшін негіз болып табылады.
      Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары төлеуге тиіс жарналар мөлшерлемесін келісуден бас тартқан жағдайда оның мөлшерін уәкілетті орган айқындайды.
      5. Сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша дерекқорды енгізу тәртібі:
      1) осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілермен ақпарат беру туралы шарт жасасу;
      2) дерекқорды басқару жүйесін пайдалануға беру;
      3) дерекқорды қалыптастыру жөніндегі ақпараттық процесті ұйымдастыру;
      4) олармен ақпарат беру туралы шарт жасасқан ақпарат берушілермен осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген ақпараттық процесті тестілеу кезеңдерінен тұрады.
      Дерекқордың басқару жүйесін пайдалануға беру жөніндегі қажетті іс-шараларды орындауын тексеруді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп құрылған уәкілетті органның комиссиясы жүзеге асырады, оның нәтижелері дерекқорды басқару жүйесін пайдалануға беру актісінде уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша көрсетіледі.
      Ұйымның қызметін жүзеге асыруға дерекқорды басқару  жүйесін пайдалануға беру актісі мен ішкі ережелері болған кезде ғана жол беріледі.
      Ұйым қызметінің тәртібін белгілейтін ішкі ережелердің мазмұнына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісі олардың дерекқорды құруға және қорғауға қатысуы жөнінде ақпарат берушілер ретіндегі қызметіне қатысты бөлігінде осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілердің орындауы үшін міндетті.
      6. Ұйым өз қызметінде:
      1) ақпараттық жүйелерді, деректер базасын қауіпсіз орналастыру және пайдалану үшін онда техникалық және өзге де үй-жайлардың болуы;
      2) деректер базасын және ақпараттық жүйелерді қорғау құралдарын орналастыру үшін аталған ақпараттық жүйелерді қалыптастыру және пайдалану кезінде сертификатталған жабдық пен бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдануға;
      3) ұйым өз қызметінде пайдаланатын ақпараттық, коммуникациялық жүйелер мен технологияларды қоса алғанда, ұйымды бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етудің жыл сайынғы аудитін жүргізуге;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) ақпарат беру туралы және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттарда белгіленген өзге де талаптарды сақтауға міндетті.
      7. Ұйымның негізгі функциялары:
      1) осы Заңның 81-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген ақпаратты жинау;
      2) сақтандыру есептерін қалыптастыру және беру, осы Заңда және Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінде белгіленген оның мазмұнына қойылатын талаптар;
      3) сақтандыру статистикасын қалыптастыру;
      4) Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілеріне сәйкес міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын автоматты түрде есептеу болып табылады.
      8. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және осы Заңда көзделген талаптарды іске асыру жөніндегі функциялардың сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында ұйым жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан ақпарат, оның ішінде сақтандыру құпиясын құрайтын ақпарат алуға құқылы.
      Ұйымның қызметкерлері өз функцияларын жүзеге асыру барысында алған қызметтік, коммерциялық құпияларды, сақтандыру құпиясын немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
      Ескерту. 79-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      80-бап. Дерекқор

      1. Ұйым дерекқордың құрылымын осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушімен келісім бойынша осы Заңда белгіленген талаптарды ескере отырып, анықтайды.
      2. Сақтандыру есебі мынадай түрлерге бөлінеді:
      1) қолжетімділігі шектеулі сақтандыру есебі - қосарлы сақтандыру туралы, сақтандыру төлемдері туралы, төленген сақтандыру сыйлықақылары туралы, сақтандыру сомасының мөлшерлері туралы мәліметтерді және сақтанушының, сақтандырылушының немесе пайда алушының жеке басына қатысты өзге де мәліметтерді құрайтын сақтандыру есебі;
      2) қолжетімділігі стандартты сақтандыру есебі – сақтандыру жағдайлары туралы, сақтандыру объектісі туралы, сақтандыру құпиясына жатпайтын өзге де мәліметтерді құрайтын сақтандыру есебі.
      3. Дерекқорды қалыптастыру үшін:
      1) ұйыммен ақпарат беру туралы жасалған шарттар негізінде сақтандырушылар;
      2) Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес дерекқор субъектілеріне мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар;
      3) ақпарат беру туралы шарттар негізінде өзге де адамдар ақпарат берушілер болып табылады.
      4. Мыналар:
      1) уәкілетті орган;
      2) Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес дерекқор субъектілерін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар;
      3) ұйыммен сақтандыру есептерін алу туралы жасалған шарттар негізінде сақтандырушылар;
      4) дерекқор субъектілері (сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы);
      5) сақтандыру және актуарийлік есептер саласында консультациялық қызметтер көрсетуді ұсынатын консалтингтік және ғылыми-зерттеу ұйымдары;
      6) Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен өзге де адамдар;
      7) сақтандыру омбудсманы;
      8) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 830-бабы 5-тармағының 1) – 4) тармақшаларында көрсетілген адамдар сақтандыру есебін алушылар болып табылады.
      Осы тармақта көрсетілмеген өзге де адамдарға ақпарат беруге жол берілмейді.
      5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген сақтандыру есебін алушыларға дерекқордан сақтандыру есептерін беру қолжетімділік деңгейлеріне және сақтандыру есептерінің түріне қарай жүзеге асырылады:
      1) осы баптың 4-тармағының 1) – 3) тармақшаларында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар дерекқордың барлық субъектілері туралы қолжетімділігі шектеулі және стандартты сақтандыру есептерін алуға құқылы;
      2) осы баптың 4-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар тек өзі туралы қолжетімділігі шектеулі және стандартты сақтандыру есебін алуға құқылы;
      3) осы баптың 4-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар жасалған сақтандыру шарттарының саны, сақтандыру сыйлықақыларының көлемдері, сақтандыру жағдайлары, сондай-ақ сақтандыру төлемдерінің сомалары (мүлік және денсаулық бойынша төлемдер бөлігінде) бойынша жиынтық ақпаратты қамтитын қолжетімділігі шектеулі және стандартты сақтандыру есептерін алуға құқылы;
      4) осы баптың 4-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінде көзделген ақпаратты қамтитын сақтандыру есептерін алуға құқылы;
      5) осы баптың 4-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен мәселелерді реттеу кезінде дерекқор субъектілері туралы қолжетімділігі шектеулі және стандартты сақтандыру есептерін алуға құқылы.
      Осы баптың 4-тармағының 1), 2), 3), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар өздерінің функцияларын жүзеге асыру барысында алған қызметтік, коммерциялық құпияларды, сақтандыру құпиясын немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін жауапты болады.
      6. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген сақтандыру есебін алушылардың сауал салуы сақтандыру есебін беруге негіз болып табылады.
      Дерекқорға сауал салу үшін жауапты уәкілетті адам сауал салуды осы баптың 4-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген сақтандыру есебін алушылардың атынан береді, ол туралы ақпарат дерекқор алушылардың тізілімінде болады.
      Ұйымның осы баптың 4-тармағының 1), 2) және 5) тармақшаларында көрсетілген алушыларға сақтандыру есебін табыс етуі олардың қағаз жеткізгіште немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында сауал салуы негізінде жүзеге асырылады.
      Дерекқор субъектісіне сақтандыру есебі оның қағаз жеткізгіштегі немесе Қазақстан Республикасының ақпараттандыру, электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат түріндегі сауал салуы негізінде беріледі.
      Ескерту. 80-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      81-бап. Дерекқорды қалыптастыру үшін
              берілетін ақпарат

      1. Осы Заңның 80-бабының 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілер осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген талаптарды ескере отырып, ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шартта көзделген тәртіппен, мерзімде және көлемде әрбір жасалған сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемдері туралы, сақтандыру жағдайлары, сондай-ақ сақтандыру төлемдерінің сомалары туралы (мүлік және денсаулық бойынша төлемдер бөлігінде) ақпарат береді.
      2. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілердің дерекқорға беретін ақпаратының мазмұнына қойылатын қосымша талаптар белгіленуі мүмкін.
      3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында тізбеленген ақпаратты осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілер уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мерзімдерде тиісті бағдарламалық қамтамасыз етумен біріктірілген ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық түрде береді.

      82-бап. Дерекқорды қалыптастыруға және жүргізуге қатысушы
              тұлғалардың құқықтары мен міндеттері

      1. Ұйым:
      1) сақтандыру есептерін қалыптастыруды жүзеге асыруға;
      2) осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен сақтандыру есептерін беруге;
      3) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандыру есептерінде қамтылған ақпараттың ашылуына жол бермеуге;
      4) егер алушыға берілген сақтандыру есебінде ұйым қызметкерлерінің әрекеті немесе әрекетсіздігі салдарынан ақпарат берушілердің ұйымға берген ақпаратына сәйкес келмейтін ақпаратты қамтыған жағдайда, аталған сәйкессіздік анықталған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде сақтандыру есебін алушыға және дерекқор субъектісіне түзетілген сақтандыру есебін беруге міндетті.
      Ақпарат берушінің ұйым берген сақтандыру есебінің сәйкес келмеу фактісін растауы қажет болған жағдайда, сақтандыру есебін алушыға және дерекқор субъектісіне түзетілген сақтандыру есебін беру мерзімін есептеу ұйымның ақпарат берушіден тиісті ақпаратты алған сәтінен бастап осы баптың 3-тармағының 7) тармақшасында белгіленген мерзімде жүзеге асырылады;
      5) дерекқор субъектісінің өтініші бойынша дерекқор субъектісі дауласатын ақпаратты берген ақпарат беруші туралы мәліметтерді беруге;
      6) сақтандыру есебін беру туралы сауал салу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұза отырып жасалса, оны беруден бас тартуға;
      7) сақтандыру есептерін беру және берілген сақтандыру есептерінің есебін жүргізу туралы сауал салудың есебін жүргізуге;
      8) қайта ресімдеуге немесе нақтылауға жататын тиісті негіздер болған кезде түскен ақпаратты түзету, толықтыру туралы талаппен ақпарат берушіге өтініш жасауға;
      9) ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалануға;
      10) осы Заңның 80-бабының 3-тармағында көрсетілген ақпарат берушілердің дерекқордың ақпараттық ресурстарын құруға және қол жеткізуге қатысуының тең жағдайларын қамтамасыз етуге;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзінің өкілеттіктерін іске асыру мақсатында уәкілетті органның сұратқан ақпаратын, оның ішінде:
      берілуі осы Заңмен, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен және ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттармен талап етілетін осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілердің ақпарат бермеуі, уақтылы бермеуі не толық көлемде бермеуі туралы ақпаратты;
      Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінің талаптарын бұза отырып, осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілер есептеген сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерлері туралы ақпаратты беруге;
      12) уәкілетті органға дерекқордың қол жеткізуіне рұқсат беруге;
      13) дерекқор субъектісі өтініш жасаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оған, сақтанушының міндетті сақтандыру шарты бойынша дерекқорға мәліметтер енгізу міндетіне кіретін сақтандырушымен (ақпарат берушімен) жасалған міндетті сақтандыру шарты туралы дерекқорда мәліметтердің бар екендігі туралы ақпарат беруге;
      14) Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда, жәбірленушінің немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жәбірленушінің өліміне байланысты зиянның өтеміне құқығы бар адамның жазбаша өтініші алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сақтандыру полисінің бар не жоқ екендігі туралы жазбаша мәліметтер беруге;
      15) Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттарда белгіленген өзге де талаптарды сақтауға міндетті.
      2. Ұйым:
      1) ақпарат берушілермен ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алушылармен сақтандыру есептерін алу туралы шарттар жасасуға;
      2) ақпаратты берушілерден дерекқорды қалыптастыру үшін берілетін толық және дұрыс ақпаратты талап етуге;
      3) ақпарат берушінің ұсынған ақпаратын оның дұрыс немесе толық ресімделмеуіне, ақпарат беруші, сақтандыру есебін алушы, дерекқор субъекті деректерінің ақпараттық жүйеде пайдаланылатын талаптарға сай келмеуіне байланысты оны дерекқорда пайдаланбай қайтаруға;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және осы Заңға сәйкес жасалған шарттарда көзделген өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.
      3. Ақпарат берушілер:
      1) ұйыммен ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттар жасасуға;
      2) ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттарда айқындалған көлемде, тәртіппен және мерзімде оны қалыптастыру үшін дерекқорға ақпарат беруге;
      3) дерекқор субъектісінің талабы бойынша ұйымға берілген ақпаратқа түзетулер енгізуге;
      4) ұйымға дерекқор субъекті туралы қолда бар мәліметтерге дәл сәйкес келетін ақпарат беруге;
      5) ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалануға;
      6) өз қаражаты есебінен ақпаратты алу мен өңдеудің тиісті талаптарын қамтамасыз етуге;
      7) осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда ұйымға үш жұмыс күні ішінде ақпарат беруге міндетті.
      4. Ақпарат беруші:
      1) берілетін ақпаратты осы Заңға сәйкес пайдалануды ұйымнан талап етуге;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және (немесе) ақпарат беру және (немесе) ақпарат алу туралы шартқа сәйкес өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.
      5. Осы Заңның 80-бабы 4-тармағының 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар:
      1) ақпарат алушы ретінде тіркеу кезінде өздері берген мәліметтердің өзгергені туралы хабарлауға;
      2) алынған ақпаратқа қатысты оның жабықтығын сақтауға және оны үшінші тұлғаларға жария етпеуге;
      3) алынған ақпаратты осы Заңда көзделген мақсаттар үшін ғана пайдалануға;
      4) дерекқор субъектісін оның талабы бойынша ақпараттың мазмұнымен таныстыруға не оған ішкі құжаттарға сәйкес осы ақпараттың көшірмесін беруге;
      5) дерекқордан ақпарат беру жөніндегі қызметке сақтандыру есептерін беру және (немесе) алу туралы шартта айқындалған тәртіппен, мөлшерде және мерзімде ақы төлеуге;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және (немесе) ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шартқа сәйкес өзге де міндеттерді мойнына алуға міндетті.
      6. Ақпарат алушы сақтандыру есебін алуға және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.
      7. Дерекқор субъектісі:
      1) осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес өзі туралы сақтандыру есебін алуға;
      2) сақтандыру шартын жасасу кезінде осы Заңның 80–бабы 4-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген сақтандыру есебін алушыдан сақтандыру есебімен таныстыруды не осы алушының дерекқордан алған сақтандыру есебінің көшірмесін беруді талап етуге;
      3) ақпарат беруші туралы ақпаратты алысымен сақтандыру есебінде қамтылған ақпаратпен келіспеушілігін мәлімдеуге;
      4) ақпарат берушіге және ұйымға дұрыс емес ақпаратты түзету туралы талаппен өтініш жасауға;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.

      83-бап. Ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін
              алу туралы шарттың міндетті талаптары

      Ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарт:
      1) тараптардың толық атауын, олардың орналасқан жері мен банк деректемелері туралы мәліметтерді;
      2) шарттың осы Заңға сәйкес келетін нысанасы туралы нұсқаманы;
      3) дерекқордан берілетін сақтандыру есептерінің тізбесі мен нысанын;
      4) тараптардың осы Заңға сәйкес келетін құқықтары мен міндеттерін;
      5) дерекқордан ақпарат беру жөніндегі қызметтерге ақы төлеу тәртібін;
      6) дерекқорды қалыптастыру үшін ақпараттың түрлерін, көлемін, мерзімін (кезеңділігін), оны беру тәртібін;
      7) сақтандыру есептерінде қамтылатын ақпараттың түрлерін, мерзімін (кезеңділігін), көлемін және сақтандыру есептерін алу тәртібін;
      8) шарттың қолданыс мерзімін, осы Заңда көзделген жағдайларда шартты орындаудан біржақты бас тарту кезінде оны өзгертудің, бұзудың негізі мен тәртібін, сондай-ақ шарт бойынша міндеттемелерді орындамағандығы немесе тиісінше орындағандығы үшін тұрақсыздық төлемінің мөлшерлерін;
      9) ұйымға жіберілетін барлық ақпаратқа қатысты оның жабықтығы режимін сақтау туралы ақпарат берушінің міндеттемесін;
      10) алынатын барлық ақпаратқа қатысты оның жабықтығы режимін сақтау туралы ұйымның міндеттемесін;
      11) шартты бұзғаны үшін тараптардың жауапкершілігі туралы талаптарды қамтуға тиіс.
      Ақпарат беру туралы шартты орындаудан біржақты бас тарту өз еркімен қайтарған, сондай-ақ сақтандыру ұйымын сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығы лицензиясынан айырған жағдайларда ғана мүмкін болады. Бұл ретте сақтандыру ұйымы осы Заңның 81-бабында көзделген қолданыстағы сақтандыру шарттарының мерзімі аяқталғанға дейін ұйымға ақпарат беруге міндетті.
      Осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілермен ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарт жасасу кезінде ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шартқа:
      1) осы Заңның 81-бабының 2-тармағында көзделген ақпараттың тізбесі мен нысандары;
      2) дерекқорды құру және аталған ақпараттық жүйелерді қорғау құралдары үшін пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қалыптастыру және пайдалану кезінде қолданылатын бағдарламалық қамтамасыз етуді қорғау жөніндегі ұйымдық, техникалық іс-шаралар мен технологиялық талаптарды бірлесіп іске асырудың міндеттілігі туралы талаптар міндетті түрде енгізілуге жатады.

      84-бап. Ұйымға тіркелу

      Осы Заңның 80-бабының 3-тармағында көрсетілген ақпарат берушілер ұйымға тіркелу үшін мынадай құжаттарды:
      1) ұйымға тіркеу туралы өтінішті;
      2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін;
      3) ұйым белгілеген тәртіппен дерекқорға сауал салуды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген лауазымды адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде) туралы ақпаратты табыс етеді.
      Қажет кезінде көрсетілген ақпарат аталған адамдардың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.

      85-бап. Ұйымды қайта ұйымдастыру және тарату

      Ұйымды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
      Ұйымды қайта ұйымдастыру кезінде дерекқор бөліну, бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта құру нәтижесінде құрылған құқық мирасқорына берілуге жатады.
      Ұйымды тарату кезінде дерекқор осы Заңның 79-бабының талаптарына сәйкес өтеусіз негізде дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі басқа ұйымға беруге жатады.
      Ескерту. 85-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi