Шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардың үлгі жарғыларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 қыркүйектегі N 852 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 459 қаулысымен

      "Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласында "Есіл" ауданын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 5 тамыздағы N 637 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:
      1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.12.2015 № 1034 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2) "Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1324 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 49, 627-құжат):
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      "Барлығы, штат саны* (бірлік)" деген бағанда:
      "Астана қаласы" деген жолдағы "1011" деген сандар "1043" деген сандармен ауыстырылсын;
      "ЖИЫНЫ:" деген жолдағы "47492" деген сандар "47524" деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі және Астана қаласының әкімі белгіленген тәртіппен:
      1) өзінің бұрын шығарылған актілерін осы қаулыға сәйкес келтірсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов