Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1270 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 12 тамыздағы № 139 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.10.2013 № 1083 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" 2003 жылғы 18 тамыздағы N 1166  Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң "Ақпараттық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағының дирекциясы" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) құрылсын.

      2. Мекеме қызметiнiң негiзгi мәнi "Ақпараттық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағын (бұдан әрi - "АТП" АЭА) басқару жөнiндегi орталық атқарушы органның шешiмдерiн iске асыру бойынша функцияларды жүзеге асыру болып белгiленсiн.

      3. 2004 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге дe күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен Мекеменi құру және оның қызметiн қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне 10 200 000 (он миллион екi жүз мың) теңге бөлiнсiн.

      4. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) Мекеменiң Жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      2) екi ай мерзiмде мыналарды:
      "АТП" АЭА-ны қалыптастыру мен дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын;
      Сыртқы экономикалық қызмет тауар номенклатурасына сәйкес "АТП" АЭА құру мақсатына жету үшiн қажеттi тауарлар номенклатурасын;
      "АТП" AЭA құру мақсатына сәйкес қызмет түрлерi бойынша жұмыстар мен қызметтер көрсету тiзбесiн бекiту туралы шешiмдер жобаларын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн.

      5. <*>
       Ескерту. 5-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.06.01. N 604   қаулысымен .

      6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі