Сақтандыру холдингінің, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының (артықшылықты акцияларды шегере отырып) жиырма бес пайыздан астамын тікелей немесе жанама иеленетін

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 3 қыркүйекте N 135 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 12 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6546 болып енгізілді.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.03.2020 № 142 қаулысымен.

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақта:

      1-1) тармақша "ұлттық басқарушы" деген сөздердің алдынан "агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингті қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-2) акционерлік қоғам - агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдинг акционер ретінде мемлекет мүддесін білдіретін мемлекеттік органның шешіміне сәйкес таза кірістің кемінде 10 (он) пайызы мөлшерінде акцияларға дивидендтер есептеуді жүзеге асырады;".

      2. Осы қаулы 2009 жылғы 13 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов