Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ережені бекіту жөнінде

Қаулы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы 2000 жылғы 24 мамыр N 243 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2000 жылғы 7 шілде N 1180 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 173 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі агенттігін құру туралы" 2000 жылғы 17 ақпандағы N 345 U000345_ Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі агенттігіне, оған жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау үшін, 2000 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де

 

күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен

20 (жиырма) миллион теңге бөлінсін.

     2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың

мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі



     Оқығандар:

     Қасымбеков Б.А.

     Орынбекова Д.Қ.