РҚАО-ның ескертуі!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т қараңыз.
Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастағы қызметін жүзеге асыруына, сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агентінің арасында жасалатын тапсырма шартына қойылатын және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруға өкілеттіктеріне қойылатын талаптар, сондай-ақ сақтандыру агенттерін оқытудың ең қысқа бағдарламасын және оқытуды жүргізудің тәртібіне қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін Талаптардың 3-тармағының 12) тармақшасын қоспағанда, оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi.
3. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Д.Ш. Қарақұлова):
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.
4. Агенттіктің Төрайым Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Төрайым | Е. Бахмутова |
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы № 25 қаулысымен бекітілді |
Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастағы қызметін жүзеге асыруына, сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агентінің арасында жасалатын тапсырма шартына қойылатын және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруға өкілеттіктеріне қойылатын талаптар, сондай-ақ сақтандыру агенттерін оқытудың ең қысқа бағдарламасын және оқытуды жүргізудің тәртібіне қойылатын талаптар
Ескерту. Талаптар тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Осы Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастағы қызметін жүзеге асыруына, сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агентінің арасында жасалатын тапсырма шартына қойылатын және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруға өкілеттіктеріне қойылатын талаптар, сондай-ақ сақтандыру агенттерін оқытудың ең қысқа бағдарламасын және оқытуды жүргізудің тәртібіне қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-1, 18 және 18-1-баптарына сәйкес сақтандыру шарттарын жасау және орындау кезінде, оның ішінде сақтандыру агенті сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының атынан және тапсырмасы бойынша сақтандыру шарттарын жасау бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыру кезінде туындайтын процестерді реттеу мақсатында әзірленді.
Талаптарға сәйкес дербес деректерді жинау, өңдеу және қорғау "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Осы Сақтандыру ұйымының сақтандыру, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастағы қызметін жүзеге асыруына, сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агентінің арасында жасалатын тапсырма шартына қойылатын және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруға өкілеттіктеріне қойылатын талаптарды, сондай-ақ сақтандыру агенттерін оқытудың ең қысқа бағдарламасын және оқытуды жүргізудің тәртібіне қойылатын талаптарды реттейтін ережелері "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 05.05.2023 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.ЗҚАИ-ның ескертпесі!
2-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 101 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Осы Талаптарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) сақтандыру оқиғасы – нәтижесінде сақтандыру объектісіне немесе үшінші тұлғаға зиян келтірілген және кейіннен сақтандыру жағдайы болып танылуы мүмкін оқиға;
2) тапсырма шарты - тараптар арасында жазбаша нысанда жасалатын шарт, оған сәйкес бір тарап (сақтандыру агенті) осы Талаптарда көзделген өкілеттіктері шегінде сыйақы үшін басқа тараптың (сақтандыру ұйымының) атынан және оның тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жасауға міндеттенеді.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 142 (қолданысқа 2011.02.07 енгізіледі 2-т. қараңыз) Қаулысымен.ЗҚАИ-ның ескертпесі!
3-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 101 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3. Сақтандыру ұйымының немесе сақтандыру агентінің сақтанушымен сақтандыру шартын жасау процесін ұйымдастыру мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) сақтандыру ережелерімен танысу және сақтандыру шартының мынадай талаптары жөнінде шынайы және толық ақпарат беру:
сақтандыру тарифтері мен сақтандыру сомаларының мөлшері;
сақтандыру сыйлықақыларын төлеу мерзімі;
сақтандыру шартының күшіне ену мерзімі;
сақтандыру оқиғалары, оның ішінде сақтандыру жағдайларының түрлерін және сақтандыру оқиғасының және (немесе) сақтандыру жағдайының басталуы туралы хабарлау тәртібін сипаттау;
сақтанушының құқықтары мен міндеттері, оның ішінде сақтандыру оқиғасы және (немесе) сақтандыру жағдайы басталған кездегі сақтанушының құқықтары мен міндеттері;
шарт талаптарына өзгерістер енгізу тәртібі;
сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату салдары;
жеңілдік берілетін тұлғалардың тізбесі көрсетілген жеңілдіктердің болуы;
сақтандыру түріне тән өзге де маңызды талаптар;
2) егер сақтандыру шарты қосылу шарты нысанында жасалса – сақтандыру қағидаларының көшірмесін қағаз тасымалдағышта беру не сақтанушыға сақтандыру қағидаларының электрондық (сканерленген) көшірмесін немесе сақтандыру ұйымының интернет-ресурсындағы немесе сақтандыру ұйымы әріптесінің интернет-ресурсындағы сақтандыру қағидаларының жарияланымына сілтемелерді жіберу (сақтанушының таңдауы бойынша);
3) сақтандыру шартын жасасуға қажетті ақпарат пен құжаттарды (құжаттардың көшірмелерін) алу;
4) сақтандыру шартын жасасуға негіз болатын (сақтандыру қағидаларында немесе "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 1 шілдедегі, "Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 1 шілдедегі, "Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 11 маусымдағы, "Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 13 маусымдағы, "Туристі міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 31 желтоқсандағы, "Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" 2005 жылғы 07 ақпандағы, "Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2004 жылғы 07 шілдедегі, "Міндетті экологиялық сақтандыру туралы" 2005 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарында талаптар болған кезде (бұдан әрі - міндетті сақтандыру түрлерін реттейтін Қазақстан Республикасының жекелеген заңнамалық актілері), оның ішінде сақтанушыны сақтандыру талаптарымен таныстыру туралы белгіні қамтитын өтінішті толтыру;
5) сақтандыру объектісін қарау және (немесе) бағалау, оның ішінде оны жүргізу үшін мамандарды тарта отырып (қажет болғанда) бағалау (жеке сақтандыру шарттары бойынша медициналық куәландыру). Сақтандыру объектісін қарау кезінде сақтандырушының ішкі құжаттарында көзделген нысан бойынша тиісті акт жасалады;
6) сақтандыруға қабылданатын сақтандыру тәуекелдері бойынша сақтандыру өтемінің талаптарын анықтау;
7) сақтандыру ұйымының ішкі қағидаларында белгіленген мерзімде тәуекел дәрежесін бағалау үшін сақтандыру объектісіне қатысты сақтанушы хабарлаған мәліметтер мен құжаттарды тексеруді жүзеге асыру арқылы түрлері, талаптары мен тәртібі міндетті сақтандыру түрлерін реттейтін Қазақстан Республикасының жекелеген заңнамалық актілерінде белгіленетін міндетті сақтандыру шарттарын қоспағанда, сақтандыру шартын жасасу мүмкіндігі туралы шешім қабылдау;
8) сақтандыру объектісі және сақтандыруға қабылданатын тәуекелдер бойынша сақтандыру тарифін анықтау;
9) сақтандыру сомасын келісу және сақтандыру сыйлықақыларын есептеу;
10) сақтанушының:
фискальді чекті ала отырып, сақтандырушының кассасына;
сақтандыру сыйлықақысын төлеу туралы растайтын құжатты ала отырып сақтандыру агенті-жеке тұлғаға;
фискальді чекті ала отырып сақтандыру агенті-заңды тұлғаға;
қолма-қол ақшасыз төлеуге тиіс сақтандыру сыйлықақысы (сақтандыру жарнасы);
11) сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, сақтандыру агенті туралы ақпаратты көрсетумен сақтандыру полисін ресімдеу (қосылу шартын жасасу) не жеке сақтандыру шартын жасасу;
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.12.2020 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.12) сақтандыру ұйымының аналитикалық есебінде және программалық қамтамасыз етуінде осы Талаптардың 1-қосымшасында көзделген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты туралы ақпаратты көрсету.
Сақтандыру ұйымы аталған ақпаратты алған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде ақпаратты енгізуді қамтамасыз етеді.
Сақтанушымен сақтандыру шарты сақтандыру ұйымы "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес клиентті тиісінше тексеру бойынша шаралар қабылдағаннан кейін жасалады. Сақтандыру ұйымы тапсыру шарттары жасалған сақтандыру агенттерінің клиентті тиісті тексеру бойынша талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 142 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 2014.08.27 № 168 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.05.2016 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.4. Сақтандыру шартына өзгерістер енгізу мынадай рәсімдерден құралады:
1) сақтанушыдан еркін нысанда немесе сақтандыру ережелерінде белгіленген нысанда жасалған, сақтандыру шартында қамтылған талаптардың немесе мәліметтердің өзгеру себептері міндетті түрде көрсетілген сақтандыру шартына өзгерістер енгізу туралы өтінішті қабылдау;
2) қосымша келісім жасасу және оған тараптардың қол қоюы арқылы сақтандыру шартына өзгерістер енгізу.
Сақтандырушының бір жақты тәртіппен әзірлеген үлгілік талаптарына (сақтандыру қағидаларына) сақтанушының қосылуы және сақтандырушының сақтанушыға сақтандыру полисін ресімдеуі арқылы жасасқан сақтандыру шартының (қосылу шарты) қолданылуы онда көрсетілген талаптар мен мәліметтер өзгерген кезде мерзімінен бұрын тоқтатылады.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.12.2020 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.5. Сақтандыру ұйымы әрбір жасасқан сақтандыру шартына қатысты сақтандыру ісін қалыптастырады, оның мазмұнына қойылатын талаптар Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17462 болып тіркелген "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 198 қаулысында белгіленген.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 14.03.2022 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.5-1. Сақтандыру ұйымы жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын оны жасаған сәттен бастап бір жұмыс күн ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының тізіліміне енгізеді.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының тізілімінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1) сақтанушы туралы мәліметтер:
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (жеке тұлғаның);
атауы (заңды тұлғаның);
сақтандыру шартының нөмірі;
сақтандыру шарты жасалған күн;
сақтандыру шартының күшіне енгізілген және қолданысы аяқталған күн;
жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлғаның);
бизнес-сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлғаның);
2) сақтандырылған адам туралы мәліметтер:
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (жеке тұлғаның);
атауы (заңды тұлғаның);
сақтандыру шартының нөмірі;
сақтандыру шарты жасалған күн;
сақтандыру шартының күшіне енгізілген және қолданысы аяқталған күн;
жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлғаның);
бизнес-сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлғаның);
3) қайта сақтандырушы туралы мәліметтер:
қайта сақтандырушының атауы;
қайта сақтандыру шартының нөмірі;
қайта сақтандыру түрі;
қайта сақтандыру шартын жасаған күні;
сақтандыру шартының күшіне енгізілу және қолданылуы аяқталу күні;
қайта сақтандырушы резиденттiгiнiң мәртебесi;
Ескерту. Талаптар 5-1 тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 142 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.6. Сақтандыру ұйымының сақтандыру шартын орындау процесін ұйымдастыруы мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) сақтанушы сақтандырушыға сақтандыру оқиғасы және (немесе) сақтандыру жағдайы туралы хабарлаған кезде сақтандыру ұйымының жауапты қызметкерінің сақтандыру оқиғасы және (немесе) сақтандыру жағдайы туралы мәліметті шығындарды есепке алу журналына тіркеуі, егер аталған міндет сақтандыру шартында (сақтандыру қағидаларында) көзделсе;
2) міндетті сақтандыру түрлерін реттейтін Қазақстан Республикасының жекелеген заңнамалық актілерінде не өтініш берушінің (сақтанушының, сақтандырылушының, пайда алушының не олардың өкілдерінің) сақтандыру шартында (сақтандыру қағидаларында) көзделген құжаттарды қоса бере отырып, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру туралы жазбаша немесе электрондық нысандағы өтінішті қабылдау.
Сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі өтініште пайда алушы туралы мынадай мәліметтерді қамтылады:
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);
тұрғылықты жері;
байланыс телефондары;
сақтандыру төлемдерін алу тәртібі – қолма-қол ақшамен не банктік шотына аударым жасау арқылы;
банк деректемелері (қажет болғанда);
міндетті сақтандыру түрлерін реттейтін Қазақстан Республикасының жекелеген заңнамалық актілерінде немесе сақтандыру ұйымының ішкі қағидаларында көзделген мәліметтер;
3) өтініш берушінің (сақтанушының, сақтандырылушының, пайда алушының не олардың өкілдерінің) сақтандыру төлемдерін алуға ұсынған құжаттарының сақтандыру шартының (сақтандыру қағидаларының) не міндетті сақтандыру түрлерін реттейтін Қазақстан Республикасының жекелеген заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес келуін, оның ішінде құжаттардың толық топтамасының болуын тексеру;
4) сақтандыру сыйлықақыларын (сақтандыру жарналарын) төлеу бойынша сақтанушының дебиторлық берешегінің болуын тексеру;
5) сақтандыру шартында (сақтандыру қағидаларында) немесе міндетті сақтандыру түрлерін реттейтін Қазақстан Республикасының жекелеген заңнамалық актілерінде осы құқық көзделген жағдайда, бүлінген мүлікті қарап тексеру;
6) сақтандыру оқиғасының басталу себептері мен мән-жайын анықтау, сондай-ақ өтініш беруші ұсынған құжаттардың негізінде сақтандыру оқиғасы мен сақтандыру жағдайы арасындағы себепті байланысты растау, сондай-ақ өтініш берушіден сақтандыру жағдайын анықтау үшін мәні бар дәйекті мәліметтерді алу;
7) сақтандыру шартында (сақтандыру қағидаларында) немесе міндетті сақтандыру түрлерін реттейтін Қазақстан Республикасының жекелеген заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде келтірілген зиян мөлшерін бағалауды ұйымдастыру не айқындау;
8) сақтандыру төлемін жүзеге асыру не оны жүзеге асырудан сақтандыру шартында (сақтандыру қағидаларында) не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген негіздер бойынша толық немесе ішінара бас тарту туралы шешім қабылдау;
9) бас тарту себептерінің дәлелді негіздемесімен бірге сақтандыру төлемінен толық немесе ішінара бас тарту туралы тиісті шешімді сақтандыру шартында (сақтандыру қағидаларында) не міндетті сақтандыру түрлерін реттейтін Қазақстан Республикасының жекелеген заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімдерде өтініш берушіге жазбаша немесе электрондық нысанда жіберу;
10) сақтандыру шартында (сақтандыру қағидаларында) не міндетті сақтандыру түрлерін реттейтін Қазақстан Республикасының жекелеген заңнамалық актілерінде белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру төлемін қолма-қол ақшамен не сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы өтінішке сәйкес банк шотына аудару арқылы жүзеге асыру;
11) сақтанушыға (сақтандырылушыға) немесе өзге де тұлғаға сақтандыру жағдайы кезінде шығындарды болдырмау немесе азайту мақсатында, егер осы шығыстар қажет болған немесе сақтандыру ұйымының нұсқауларын орындау үшін жұмсалған болса, олар жұмсаған шығыстарды өтеу.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.12.2020 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
7. Жеке немесе заңды тұлға тапсырма шартын жасасу үшін сақтандыру ұйымына сақтандыру ұйымының ішкі құжаттарында көзделген құжаттарды қоса бере отырып еркін нысанда жазылған өтініш ұсынады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.12.2020 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.7-1. Сақтандыру ұйымы жеке тұлға клиентпен жинақтаушы сақтандыру шартын жасаған кезде осындай клиент ұсынған мәліметтер негізінде жеке тұлға клиенттің салық резиденттігін белгілейді.
Ескерту. 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 16.07.2014 N 150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.ЗҚАИ-ның ескертпесі!
8-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 101 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
8. Сақтандыру агентімен тапсырма шартын жасасқаннан кейін сақтандыру ұйымы:
1) сақтандыру агенті туралы ақпаратты Талаптарға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтандыру ұйымының жауапты қызметкері жүргізуді жүзеге асыратын сақтандыру агенттерінің тізіліміне электрондық нысанда кіргізеді;
2) тапсырма шартын жасасқан күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттің қатысуымен дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға Талаптарға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтандыру агенттерінің тізіліміне енгізілген сақтандыру агенті туралы ақпаратты электрондық нысанда жібереді;
3) сақтандыру агентін оқытуды, оның ішінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс қимылдар мәселелері бойынша оқытуды ұйымдастырады.
Сақтандыру ұйымы сақтандыру агентімен жасасқан тапсырма шартын бұзу кезінде тапсырма шартын бұзған күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттің қатысуымен дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға тиісті ақпаратты электрондық нысанда жібереді.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.12.2020 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.8-1. Сақтандыру ұйымы Талаптарға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтандыру агенттерінің тізілімін жүргізеді.
Сақтандыру агенттерінің тізілімі қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) уәкілетті органның талабы бойынша оның сұратуында көрсетілген тәртіппен және мерзімдерде ұсынылуға жатады.
Заңды тұлға болып табылатын сақтандыру агенті Талаптарға 2-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лауазымдық міндеттеріне сақтандыру шарттарын жасасу кіретін қызметкерлердің тізімін жүргізеді.
Сақтандыру ұйымы мемлекеттің қатысуымен дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымдағы сақтандыру агенттері тізілімінің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.
Ескерту: Талаптар 8-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 142 (қолданысқа 2011.02.07 енгізіледі 2-т. қараңыз); жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 101 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.9. Сақтандыру агенті қызметінің талаптары мен өкілеттігі осы Талаптарды ескере отырып, тапсырма шартта белгіленеді.
Ескерту: 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 142 (қолданысқа 2011.02.07 енгізіледі 2-т. қараңыз) Қаулысымен.9-1. Сақтандыру агентінің Заңның 18-2-бабында көзделген құқықтары мен міндеттері бар.
Ескерту: Талаптар 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 142 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.ЗҚАИ-ның ескертпесі!
9-2-тармақпен толықтыру көзделген – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 101 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
10-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 101 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
10. Сақтандыру агенті өзінің өкілеттіктерін жүзеге асыруы үшін сақтандыру ұйымы оған мынадай ақпарат пен құжаттарды ұсынады:
1) сақтандыру түрлері (сыныптары) бойынша сақтандыру шарттарының (сақтандыру полистерінің) бланкілері не нысандары, олардың шеңберінде сақтандыру агенті шартта белгіленген өкілеттіктеріне сәйкес сақтандыру шарттарын жасау құқығына ие болады;
2) сақтандыру ережелерінің көшірмелері;
3) сақтандырудың міндетті және (немесе) ерікті түрлері бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензиялардың көшірмесі;
4) сақтандыру түрлері (сыныптары) бойынша сақтандыру тарифтері туралы ақпарат;
5) сақтанушының танысуына қажетті өзге де құжаттар мен ақпарат.
11. Сақтандыру ұйымы осы Талаптардың 3-қосымшасына сәйкес сақтандыру полистерінің бланкілерін есепке алу журналын жүргізеді.
12. Заңды тұлғалар – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында, сақтандыру брокерлерінде және сақтандыру агенттерінде, жеке тұлғалар – актуарийлердегі және сақтандыру агенттеріндегі құжаттарды жасау, құжаттаманы басқару және құжаттарды сақтау тәртібі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14309 болып тіркелген "Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сақтандыру нарығының кәсіби қатысушыларының, сақтандыру агенттерінің міндетті түрде сақталуға жататын құжаттарды сақтау қағидаларын және Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сақтандыру нарығының кәсіби қатысушыларының, сақтандыру агенттерінің міндетті түрде сақталуға жататын құжаттарының тізбелерін және оларды сақтау мерзімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 8 тамыздағы № 171 қаулысына сәйкес айқындалады.
Сақтандыру нарығының кәсіби қатысушыларының, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сақтандыру агенттерінің міндетті түрде сақталуға жататын құжаттарды сақтауы қағаз және (немесе) электрондық нысанда жүзеге асырылады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 101 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.13. Сақтандыру ұйымы қызметінің талаптары өзгерген жағдайда не сақтандыру агентінің қызметіне, ерікті сақтандыру түрлері жөніндегі қызметті жүзеге асыру талаптары мен тәртібіне әсер ететін Қазақстан Республикасының заңнамалары өзгерген кезде сақтандыру ұйымы бұл туралы сақтандыру агентіне қажетті құжаттарды қоса бере отырып, электронды тәсілмен не телефон және (немесе) өзге байланыс түрлері арқылы екі жұмыс күні ішінде хабарлайды.
Сақтандыру агентінің электронды хабарламаны алғаны расталмаған жағдайда не онымен байланыс (телефон және өзге) болмаған кезде сақтандыру ұйымы оған осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ақпаратты осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде тапсырыс хатымен жібереді. Адресаттың (сақтандыру агентінің) болмауы туралы белгімен тапсырыс хаты қайтып келген кезде сақтандыру ұйымы оның орналасқан жерін белгілеу шараларын жүзеге асырады.
14. Алып тасталды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 05.05.2023 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.15. Сақтандыру агенті алған сақтандыру сыйлықақыларын толық көлемде сақтандырушының кассасына не оның банктік шотына мынадай кезеңділікпен тапсыруы тиіс:
күн сайын - астанада және республикалық маңызы бар қалаларда делдалдық қызметті жүзеге асыратын сақтандыру агенті үшін;
апта сайын - басқа да елді мекендерде делдалдық қызметті жүзеге асыратын сақтандыру агенті үшін.
16. Сақтандыру агентіне комиссиялық сыйақы төлеуді сақтандыру ұйымы:
сақтандыру ұйымының сақтанушыдан алынған сақтандыру сыйлықақыларын немесе жарнасын төлегеннен кейін ғана жүзеге асырады;
сақтандыру ұйымы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу үшін белгіленген кезеңділікпен қолма-қол емес нысанда жүзеге асырады.
Комиссиялық сыйақы мөлшері тапсырма шартында белгіленеді.
Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.12.2020 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.17. Сақтандыру агентінің өкілеттіктеріне мыналар жатады:
1) сақтандыру шартын жасасу үшін әлеуетті сақтанушыларды іздестіру;
2) сақтанушыларға сақтандыру ұйымы туралы ақпаратты ұсыну;
3) сақтанушыларға сақтандыру ұйымы жүзеге асыратын, олардың қызығушылығын туғызатын сақтандыру түрлері бойынша кеңес беру, сақтанушыларға сақтандыру шартын әртүрлі талаптармен жасасу мүмкіндігін түсіндіру және сақтандыру бойынша өзге де консультациялық қызметтер көрсету;
4) сақтандыру шартын (сақтандыру полисін) жасасуға қажетті құжаттарды әзірлеу немесе ресімдеу;
5) сақтандыру ұйымының атынан және оның тапсыруымен сақтандыру шартына қол қою;
6) сақтанушыларға кезекті сақтандыру жарнасын төлеу қажеттілігі туралы хабарламаларды жіберу;
7) жасалған сақтандыру шарттары бойынша кезекті сақтандыру жарналарының төленуіне бақылау жасау.
18. Сақтандырушы өзіне берілген өкілеттіктері шеңберінде сақтандыру агенті қызметінің мынадай талаптарын айқындайды:
1) сақтандыру агентінің сақтанушыға Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17806 болып тіркелген "Сақтандыру полистерінің мазмұнына және ресімделу тәртібіне қойылатын талаптарды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 269 қаулысында белгіленген талаптарға сәйкес сақтандыру полисін ресімдеуі (қосылу шартын жасасқан жағдайда);
2) сақтандыру шартын жасасуға арналған барлық ақпаратты (сақтандыру тарифтерін, франшиза мөлшерін, қабылданатын сақтандыру тәуекелдерін, сақтанушы үшін көрсетілетін қосымша қызметтердің аясын) бере отырып, жеке сақтандыру шартын жасасу;
3) сақтандыру түрлерін (сыныптарын) айқындау, оның шеңберінде сақтандыру агенті сақтандыру шарттарын жасау құқығына ие болады;
4) жеке сақтандыру шарты және жиынтық сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын қолма-қол нысанда қабылдауға лимиттер белгілеу.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 14.03.2022 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.19. Алып тасталды- ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.12.2020 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
20. Тапсырма Шартында мынадай мәліметтер болу тиіс:
1) тапсырма шартының нөмірі;
2) сақтандыру ұйымының атауы, оның атынан сақтандыру агенті делдалдық қызметін жүзеге асырады;
3) сақтандыру агентінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жеке басын куәландыратын құжатты берген күні және органы, жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері, заңды мекен-жайы (жеке тұлғалар үшін);
сақтандыру агентінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі, орналасқан жері, заңды мекен-жайы, банк деректемелері (заңды тұлғалар үшін), телефондардың байланыс нөмірлері;
4) тапсырма шартының мәні (тапсырма шарты бойынша сақтандыру шартын жасасу бойынша делдалдық қызмет көрсетулерін Заңға сәйкес сақтандыру ұйымының тапсырмасы бойынша);
5) сақтандыру объектісін көрсету;
6) Заң талаптарын ескере отырып сақтандыру агентінің өкілеттігі;
7) тараптардың құқықтары мен міндеттері;
8) тараптардың жауапкершілігі;
9) Заң талаптарын ескере отырып комиссиялық сыйақыларының мөлшері;
10) қосымша талаптары;
11) тапсырма шартының қолданылу аумағы;
12) тапсырма шартының қолданылу мерзімі;
13) тапсырма шартына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі;
14) тапсырма шартын бұзу және тоқтату тәртібі;
15) тараптардың деректемелері;
16) тапсырма шартын жасасу күні, орны.
Ескерту. Талаптар 20-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 142 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.21. Сақтандыру агенттерін оқытудың ең аз бағдарламасы ("жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру ұйымдары үшін) Талаптарға 5-қосымшада көзделген, сақтандыру агенттерін оқытудың ең аз бағдарламасы ("өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру ұйымы үшін) Талаптарға 6-қосымшада көзделген. Сақтандыру ұйымы, қаржы ұйымы болып табылатын сақтандыру агенті немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлерінің бірлестігі өз қалауынша сақтандыру агенттерін оқыту бағдарламасын делдалдық қызмет мәселелеріне қатысты қосымша пәндермен толықтырады.
Ескерту: Талаптар 21-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 142 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 101 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.22. Заңның 18-1-бабының 4-тармағына сәйкес уәкілетті орган белгілеген сақтандыру агенттерін оқытудың ең аз бағдарламасына қатысу үшін сақтандыру ұйымының атынан және оның тапсырмасы бойынша сақтандыру шарттарын жасасу бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыруға ниет білдірген өтініш беруші (бұдан әрі - өтініш беруші) сақтандыру ұйымына, қаржы ұйымы болып табылатын сақтандыру агентіне немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлерінің бірлестігіне еркін нысанда өтініш береді.
Ескерту: Талаптар 22-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 142 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 101 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.23. Өтініш берушілердің сақтандыру ұйымы не қаржы ұйымы болып табылатын сақтандыру агенті өз қызметкерлерін сақтандыру агенттерін оқытудың ең аз бағдарламасы бойынша өз бетінше оқытуды аяқтағаннан кейін өтініш берушілердің тізімін сақтандыру ұйымы, қаржы ұйымы болып табылатын сақтандыру агенті сақтандыру агенттерін оқытудың ең аз бағдарламасын білуге емтихан өткізу үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлерінің бірлестігіне жібереді.
Ескерту: Талаптар 23-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 142 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 101 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.23-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері бірлестігі өтініш берушілер оқуды аяқтаған не сақтандыру агенттерін оқыту бағдарламасы өтініш берушілерінің тізімін алған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде сақтандыру агенттерін оқытудың ең аз бағдарламасын білуге емтихан өткізеді.
Ескерту. Талаптар 23-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 101 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.24. Емтихан тізбесін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері бірлестігі дайындайтын мәселелер бойынша тестілеу нысанында өткізіледі және оны сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері бірлестігінің бірінші басшысы, ол болмаған кезінде оның орынбасары бекітеді.
Емтиханды өткізу тәртібі мен рәсімі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері бірлестігінің ішкі құжаттарында белгіленеді.
Ескерту: Талаптар 24-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 142 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 101 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.25. Өтініш беруші емтихан аяқталғаннан кейін тесттің нәтижелерімен танысады.
Емтихан нәтижесі оқудың барынша аз бағдарламасы бойынша емтихан тапсыруды растайтын куәлікте көрсетілу тиіс.
Ескерту: Талаптар 25-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 142 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.26. Емтихан нәтижесімен келіспеген жағдайда өтініш беруші тестілеу рәсімін аяқтағаннан кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері бірлестігіне апелляциялық шағыммен жазбаша өтініш білдіреді.
Өтініш берушінің апелляциялық шағымын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері бірлестігінің Аппеляциялық комиссиясы қарайды.
Ескерту: Талаптар 26-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 142 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 101 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.27. Емтиханнан өткеннен кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлерінің бірлестігі өтініш берушіге Талаптардың 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша емтиханның жиынтық нәтижелерін көрсете отырып, сақтандыру агенттерін оқытудың ең аз бағдарламасы бойынша емтихан тапсырғанын растайтын сақтандыру агенттерін оқытудың ең аз бағдарламасы бойынша емтиханнан өткені туралы куәлік беруді қамтамасыз етеді.
Ескерту: Талаптар 27-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 142 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 101 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.28. Алып тасталды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 101 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. 1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты туралы сақтандыру
ұйымының аналитикалық есебінде және программалық қамтамасыз
етуінде көрсетілу үшін қажетті ақпараттардың барынша аз тізбесі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Сақтандыру шартын сәйкестендіргіш1
2. Сақтандыру шартын өзгерту сәйкестендіргіші
3. Сақтанушы2
4. Сақтандырылушы2
5. Сақтанушының экономикалық қызметінің түрі
6. Бухгалтерлік есептегі тиісті операциялардың күні
7. Бухгалтерлік есептегі операциялардың түрі
8. Бухгалтерлік есептегі операциялардың сомасы
9. Сақтандыру сыныбы
10. Сақтандыру объектілерінің саны
11. Облыс, астана, республикалық маңызы бар қала
12. Сақтандыру шартының нөмірі
13. Сақтандыру шартын жасау күні
14. Сақтандыру шартын қолданудың басталу күні
15. Сақтандыру шартын қолданудың аяқталу күні
16. Сақтандыру сомаларының мөлшері
17. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері
18. Сақтандыру делдалы2
19. Комиссиялық сыйақының мөлшері
20. Қайта сақтандыру шартын сәйкестендіргіш
21. Қайта сақтандырушының атауы
22. Қайта сақтандыру шартының нөмірі
23. Қайта сақтандырушы резиденттігінің мәртебесі
24. Қайта сақтандырушының рейтингілік бағасы
25. Рейтингілік агенттік
26. Қайта сақтандыру шартын қолданудың басталу күні
27. Қайта сақтандыру шартын қолданудың аяқталу күні
28. Қайта сақтандыруға берілген жауапкершілік көлемі
29. Сақтандыру шарты бойынша жауапкершілікті өздігінен ұстап қалу мөлшері
30. Қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақыларының мөлшері
31. Сақтандыру сыйлықақыларын өздігінен ұстап қалу мөлшері
32. Қайта сақтандырушыдан алынатын комиссия мөлшері
33. Цедентке (қайта сақтанушыға) берілетін комиссия мөлшері
34. Шығынды жариялаушы2
35. Сақтандыру жағдайының белгісі бар оқиғаларды сәйкестендіргіш
36. Сақтандыру жағдайының белгісі бар оқиғаның күні
37. Жарияланған шығынды сәйкестендіргіш
38. Сақтандыру жағдайының белгісі бар оқиға туралы сақтандырушыға хабарлау күні
39. Сақтандыру жағдайының басталу фактісін сақтандырушының растау күні, яғни сақтандырушының шығынды жарияланған шығын ретінде тануы
40. Сақтандыру төлемдерін алушы2
41. Сақтандыру шартының талаптарына сәйкес барлық шегерімдерді ескере отырып, жарияланған шығынның мөлшері
42. Шығындарды реттеуге жұмсаған сақтандырушы шығыстарының сомасы
43. Қайта сақтандыру шартының талаптарына сәйкес қайта сақтандырушыға қатысты жарияланған шығынның мөлшері
44. Қайта сақтандырушыға (қайта сақтандырушыларға) қатысты шығындарды шегергендегі жарияланған шығынның таза сомасы
45. Сақтандыру төлемдерін немесе сақтандыру төлемдерінен бас тартуды сәйкестендіргіш
46. Сақтандыру төлемдерінің немесе сақтандыру төлемдерінен бас тарту күні
47. Сақтандыру төлемдерінің мөлшері
48. Кері талап бойынша төленген ақыны сәйкестендіргіш
49. Кері талапты төлеу күні
50. Кері талап бойынша төленген ақының мөлшері
Ескерту:
1теңдесі жоқ белгі
2жеке тұлға үшін:
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жынысы;
жеке сәйкестендіру нөмірі;
экономика секторының коды;
резиденттік (Қазақстан Республикасының резиденті/бейрезиденті) белгісі;
заңды тұлға үшін:
атауы;
бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
экономика секторының коды;
резиденттік (Қазақстан Республикасының резиденті/бейрезиденті) белгісі.
Ескерту. 2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Нысан |
Сақтандыру агенттерінің тізілімі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.12.2020 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
_____________________________________________________ (сақтандыру ұйымының атауы)
№ | Сақтандыру агентінің атауы (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)) | Сақтандыру агентінің нақты мекенжайы (нақты тұрғылықты жері) | Сақтандыру агентінің заңды мекенжайы (тұрақты тұрғылықты жері) | Сақтандыру агентінің заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасының нөмірі мен күні немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен берілген күні | Сақтандыру агентінің байланыс телефонының нөмірі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | Бас | ||||
2 | Филиал | ||||
кестенің жалғасы:
Сақтандыру агентінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлға үшін) немесе жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлға үшін) | Шарттың нөмірі және күні | Сақтандыру агентінде заңда белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған соттылығы жоқ екендігін растайтын құжаттың күні мен нөмірі (жеке тұлға үшін) | Сақтандыру агенті туралы мәліметтерді тізілімге енгізу үшін жауапты тұлға | Сақтандыру агентін тізілімнен алып тастау күні | Сақтандыру агентін тізілімнен алып тастау себептері |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
Лауазымдық міндеттеріне сақтандыру шарттарын жасасу кіретін қызметкерлердің тізімі
Ескерту. Талаптар 2-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.12.2020 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
________________________________________________________ (заңды тұлға болып табылатын сақтандыру агентінің атауы)
№ | Қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Қызметкердің нақты мекенжайы (нақты тұрғылықты жері) | Қызметкердің заңды мекенжайы (тұрақты тұрғылықты жері) | Қызметкердің жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен берілген күні | Қызметкердің байланыс телефонының нөмірі | Қызметкердің жеке сәйкестендіру нөмірі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
кестенің жалғасы:
Қызметкердің заңда белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған соттылығы жоқ екендігін растайтын құжаттың күні мен нөмірі | Оқытудың ең қысқа бағдарламасы бойынша емтихан тапсырғанын растайтын құжаттың күні мен нөмірі | Қызметкердің тізімге енгізілген күні | Қызметкердің тізімнен шығарылған күні | Қызметкердің тізімнен шығару себептері |
8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
Ескерту. 3-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Нысан |
Сақтандыру полистерінің бланкілерін есепке алу журналы
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.12.2020 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Сақтандыру полисі бланкісінің нөмірі (бұдан әрі – СПБ) | Филиал атауы немесе сақтандыру агентінің атауы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | СПБ-ны филиалға (сақтандыру агентіне) беру күні | СПБ-ны пайдалану | ||
Сақтанушыға берілгені | Бүлінгені | Пайдаланылмағаны | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Жиынтығы |
Ескерту. 4-қосымша алып тасталды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 05.05.2023 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. 5-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. Талаптар 5-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 142 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.12.2020 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 05.05.2023 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
Сақтандыру агенттерін оқытудың ең қысқа бағдарламасы ("жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру ұйымдары үшін)
1. Сақтандыру теориясы:
1) сақтандыру мәні;
2) сақтандыру қағидаттары мен нысандары;
3) негізгі ұғымдар мен терминдер;
4) сақтандыруды жіктеу, сақтандырудың міндетті түрлері;
5) міндетті және ерікті сақтандыру;
6) жүктелген сақтандыру.
2. Сақтандыру қызметінің негіздері:
1) сақтандыру шарты (түрлері мен нысандары, жасасу талаптары мен тәртібі, тараптардың құқықтары мен міндеттері, қолданылуын тоқтату);
2) сақтандыру ұйымының кірістері мен шығыстары;
3) сақтандыру резервтері, қалыптастыру тәртібі;
4) делдалдық қызметті мемлекеттік реттеу, сақтандыру агенттеріне қатысты шектеулер;
5) делдалдық қызметті жүзеге асырған кезде сақтандыру заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілігі;
6) сақтандыру шарттарынан туындайтын дауларды реттеу ерекшеліктері.
3. Мүліктік сақтандыру:
1) мүліктік сақтандырудың мәні;
2) автомобиль көлігін сақтандыру;
3) су көлігін сақтандыру;
4) әуе көлігін сақтандыру;
5) жүктерді сақтандыру;
6) қарыздарды сақтандыру;
7) мүліктік сақтандырудың басқа түрлері.
4. Жеке сақтандыру:
1) жеке сақтандырудың мәні;
2) медициналық сақтандыру;
3) жазатайым жағдайлардан сақтандыру;
4) жеке сақтандырудың басқа түрлері.
5. Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру. Міндетті сақтандырудың түрлері:
1) жауапкершілікті сақтандыру мәні;
2) кәсіби жауапкершілікті сақтандыру;
3) көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
4) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
5) жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
6) аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
7) экологиялық сақтандыру;
8) қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы;
9) жауапкершілікті сақтандырудың және міндетті сақтандыру түрлерінің басқа түрлері.
Ескерту. 6-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. Талаптар 6-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 142 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.12.2020 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
Сақтандыру агенттерін оқытудың ең қысқа бағдарламасы ("өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру ұйымы үшін)
1. Сақтандыру теориясы:
1) сақтандыру мәні;
2) сақтандыру қағидаттары мен нысандары;
3) сақтандыруды жіктеу;
4) негізгі ұғымдар мен терминдер;
5) міндетті, ерікті және жүктелген сақтандыру.
2. Сақтандыру қызметінің негіздері:
1) сақтандыру шарты (түрлері мен нысандары, жасасу талаптары мен тәртібі, тараптардың құқықтары мен міндеттері, қолданылуын тоқтату);
2) сақтандыру ұйымының кірістері мен шығыстары;
3) сақтандыру резервтері, қалыптастыру тәртібі;
4) делдалдық қызметті мемлекеттік реттеу, сақтандыру агенттеріне қатысты шектеулер;
5) делдалдық қызметті жүзеге асырған кезде сақтандыру заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілігі;
6) сақтандыру шарттарынан туындайтын дауларды реттеу ерекшеліктері.
3. Мүліктік сақтандыру:
1) мүліктік сақтандырудың мәні;
2) медициналық сақтандыру;
3) жазатайым жағдайлардан сақтандыру;
4) өмірді сақтандыру;
5) жинақтаушы сақтандыру;
6) жеке сақтандырудың басқа түрлері.
4. Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру. Міндетті сақтандыру:
1) жауапкершілікті сақтандыру мәні;
2) кәсіби жауапкершілікті сақтандыру;
3) қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде жазатайым жағдайлардан сақтандыру;
4) азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандырудың және міндетті сақтандыру түрлерінің басқа түрлері.
Ескерту. 7-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. Талаптар 7-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 142 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 101 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
Сақтандыру агенттерін оқытудың ең төменгі бағдарламасы бойынша емтиханнан өткені туралы № ______ куәлік
__________________________________________________________________________
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің
бірлестіктерінің атауы
Берілді: __________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
Емтиханның жиынтық нәтижесі _____________________________________________
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің
бірлестіктерінің басшысы
__________________________________________________________________________
қолы __________________ берілген күні ____________