Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Өмірді сақтандыру" саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының өз сақтанушыларына қарыздар беру және сатып алу сомасын есептеу қағидалары, сондай-ақ жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының өз сақтанушыларына қарыздар беруі бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәртібі мен шарттары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
3. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Каримуллин А.А.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жіберсін.
4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Қ.М. Досмукаметовке жүктелсін.
Төраға |
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының өз сақтанушыларына заемдар беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 274 қаулысымен бекітілді |
Жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының өз сақтанушыларына қарыздар беру және сатып алу сомасын есептеу қағидалары, сондай-ақ жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының өз сақтанушыларына қарыздар беруі бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәртібі мен шарттары
Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Осы Жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының өз сақтанушыларына қарыздар беру және сатып алу сомасын есептеу қағидалары, сондай-ақ жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының өз сақтанушыларына қарыздар беруі бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәртібі мен шарттары "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және исламдық сақтандыру ұйымдарын қоспағанда, жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының (бұдан әрі - сақтандырушы) сатып алу сомасының шегінде өз сақтанушыларына қарыздар беру, Қазақстан Республикасы бейрезидент-исламдық сақтандыру ұйымының филиалын қоспағанда, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымының өз сақтанушыларына сатып алу сомасы шегінде қарыздар беру бойынша қызмет көрсетуді ұсыну тәртібі мен талаптарын, сондай-ақ сатып алу сомасын есептеу тәртібін белгілейді.
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1-тарау. Заемдарды беру талаптары мен тәртібі
1. Сақтанушыларға қарыздар беру жөніндегі қызметті қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) "өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары жүзеге асырады.
Уәкілетті органның "өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымының өз сақтанушыларына сатып алу сомасы шегінде қарыздар беру бойынша қызмет көрсетуді ұсынады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 22.06.2022 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Сақтандырушы сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шартын және "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері (сыныптары) бойынша шартын қоспағанда, өз сақтанушыларына жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша қарыздар береді. Қарыздар осы Қағидалардың 2-1-тарауына сәйкес есептелген сатып алу сомасы шегінде беріледі.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 22.06.2022 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сатып алу сомасы сақтанушының алған заемды қайтаруды қамтамасыз етуі болып табылады және заемның сомасының және бір жылға заем беру кезеңінде аударылған сыйақының орнын толтырады. Заемды беру мерзімі заем шартын жасау кезіндегі оның қолданысының нақты аяқталған кезеңін шегере отырып жинақтаушы сақтандыру шартының қолданыс мерзімінен аспауы тиіс.
Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 12.08.2006 N 156 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.4. Сақтанушыларға заемдарды сақтандырушы сыйақы ставкасы бойынша кемінде мынадай шамалармен:
өткен қаржылық жылдағы құнсызданудың ресми деңгейі не жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша кепілдік берілген инвестициялық кірістілік ставкасы, шамалардың қайсысы артығырақ болуына байланысты, және 2%.
Заем бойынша сыйақы ставкасы заем шартында оған тараптар қол қойған кезде көрсетіледі заем шарты қолданылуының барлық кезеңінде өзгеріссіз қалады.
Ескерту: 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 12.08.2006 N 156 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.5. Заемды беру кез келген мақсатқа, оның ішінде заемның сомасын ескере отырып анықталатын мерзімге жинақтаушы сақтандыру шарты жөніндегі кезекті сақтандыру жарналарын төлеу бойынша мерзімін кейінге қалдыру түрінде жүзеге асырылады.
Ескерту: 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 27.08.2005 N 308 қаулысымен, 12.08.2006 N 156 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.6. Қарыз алу үшін сақтанушы сақтандырушыға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) қарыздың берілген мерзімін, қарыздың сомасын, жинақтау сақтандыру шартының нөмірі мен күнін көрсетіп қарыз беру туралы еркін нысандағы өтінішті;
2) сақтанушының жеке куәлігінің көшірмесін (егер қарыз беру туралы өтініш берген кезде сақтанушының деректерін мемлекеттік дерекқорлармен салыстыру жүргізілмеген кезде ұсынылады);
3) қарыз сомасын аудару үшін банк шотының 20 таңбалы нөмірін көрсете отырып, банк шотының деректемелерін (егер сақтандыру жарналарын төлеу бойынша кейінге қалдырумен байланысты болмаса).
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.10.2022 № 74 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.6-1. Сақтанушы сақтандырушыға қарыз алу үшін электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу жолымен электрондық нысанда жүгінген кезде сақтандырушы:
1) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21425 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 12 қазандағы № 97 қаулысымен бекітілген Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері, өзара сақтандыру қоғамдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарда және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17250 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 140 қаулысымен бекітілген Іскерлік қатынастар қашықтықтан орнатылған жағдайда қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттерді тиісінше тексеруіне қойылатын талаптарда көзделген кез келген тәсілмен сақтанушыны идентификаттау;
2) сақтанушының жеке кабинетіне кіру жолымен қарыз шартын жасасу жағдайларын қоспағанда, осы нөмірді растау үшін сақтанушы көрсеткен, ұялы байланыс операторы ұсынған, мемлекеттік дерекқорлардағы және (немесе) сақтандыру жөніндегі дерекқордағы деректермен салыстырылған абоненттік нөмірге бір реттік парольді көрсете отырып, мәтіндік қысқа хабарлар (SMS-хабар) сервисі арқылы бір реттік хабарды жіберу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Ескерту. Шарттар 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.10.2022 № 74 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.7. Сақтандырушы құжаттардың толық пакетін алған күннен бастап жеті күнтізбелік күннің ішінде сақтанушымен заемның шартын жасау туралы шешім қабылдайды немесе одан бас тартады.
8. Қарыз шарты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жасалады.
Қарыз шартын сақтанушының қарыздың үлгі шарттарына қосылуы жолымен электрондық нысанда ресімдеу кезінде электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу жолымен электрондық нысанда сақтандыру шарттарын жасасу үшін қажетті деректерді енгізуді және оларды интернет-ресурсқа және (немесе) сақтандырушының ақпараттық жүйесіне жіберуді қамтамасыз ететін сақтандыру ұйымының интернет-ресурсы, мобильдік қосымшалар, электрондық терминалдар пайдаланылады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.10.2022 № 74 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2-тарау. Ерекше жағдайлар
9. Заем бойынша берешек сомасына заемның мәні болып табылатын ақша сомасы, заем бойынша сыйақы және мұндай болған жағдайда - заем бойынша өсімпұл жатады.
Сақтанушы заем сомасын және (немесе) ол бойынша сыйақыны өтеуді заем шарты бойынша берешек сомасын өтеу қолданылу мерзімі ішінде кез келген сәтте жүзеге асырады. Жақтар заем шартына сәйкес заем сомасын өтеу кестесін құрады.
Ескерту: 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 12.08.2006 N 156 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); өзгерту енгізілді - 2010.09.03 № 133 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.10. Сақтанушы заемның сомасын және заем шартының қолданыс мерзімінің соңына дейін есептелген сыйақыны өтемеген (толық немесе ішінара) жағдайда, жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сатып алу сомасының мөлшері заем шарты сақтанушының берешек сомасына кемиді. Әрбір кейінгі жыл үшін сатып алу сомасының мөлшері жинақтаушы сақтандыру шартының қолданысы жасалған кемудің есебімен анықталады.
Ескерту: 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 12.08.2006 N 156 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.11. Жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасының мөлшері не жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша төлем сомасының азаю кезеңінде, не сақтандыру сомасын төлеген кезде азаяды.
Ескерту: 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 12.08.2006 N 156 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.12. Егер заем шарты бойынша берешек сомасы сатып алу сомасының мөлшеріне жетсе, онда сатып алу сомасының және жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасының мөлшері нөлге тең болып есептеледі. Сақтандырушы сақтанушыға бұл туралы сатып алу немесе жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасының азаю күніне дейін отыз күнтізбелік күннің ішінде хабарлайды.
Сақтанушы төлеген ақша сомасы төмендегідей тәртіппен:
1) заем шартының талаптарына сәйкес заем бойынша өсімпұл өтеу шотына (мұндай болған жағдайда);
2) заем шартының талаптарына сәйкес заемдар бойынша сыйақы өтеу шотына;
3) заем шартының талаптарына сәйкес заемның негізгі сомасын өтеу шотына;
4) жинақтаушы сақтандыру шартының талаптарына сәйкес сақтандыру жарнасы шотына есепке алынады.
Ескерту: 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 12.08.2006 N 156 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.13. Егер сақтанушы төлеген ақша сомасы жинақтаушы сақтандыру шартының талаптарына сәйкес (осы Ереженің 12-тармағында белгіленген есепке алу тәртібіне сәйкес) сақтанушының кезекті сақтандыру жарнасын төлеуі үшін жеткіліксіз болған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген сақтандыру сыйлықақысын төлеу мерзімін кейінге қалдыру салдарлары басталады.
Ескерту: 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 12.08.2006 N 156 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.14. Жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша бірнеше бірізді заемдарды сақтандырушы сақтанушыға берген кезде, олар кейін осы Ережеде айтылған талаптар мен шектеулер қолданылатын бір заем ретінде қарастырылады.
2-1-тарау. Сатып алу сомасын есептеу тәртібі
Ескерту: Ереже 2-1 тараумен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 133 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
14-1. Сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шартын қоспағанда, жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сатып алу сомасының мөлшері жинақтаушы сақтандыру шартында осы мөлшер міндетті көрсетіле отырып, осы шарттың әрбір қолданылу жылының соңында айқындалады.
Ескерту. 14-1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.14-2. Зейнетақы аннуитеті шартын қоспағанда, жинақтау сақтандыру шарты бойынша сатып алу сомасының мөлшері сақтандырушының комиссиялық сыйақы төлеуге байланысты шығыстарын, жинақтау сақтандыру шартын жасасу және орындау жөніндегі шығыстарды шегергенде сақтандырушы есептеген инвестициялық кірісті есептегенде, сақтанушы нақты енгізген сақтандыру жарналарының сомасынан кем емес соманы құрайды.
Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сатып алу сомасының мөлшері жүзеге асырылған сақтандыру төлемдері мен сақтандырушының іс жүргізуге жұмсаған шығыстарын шегергенде төленген сақтандыру сыйлықақысының сомасынан кем емес соманы құрайды.
Ескерту. 14-2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.10.2022 № 74 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.14-3. Сақтанушы жинақтаудың барлық кезеңі үшін сақтандыру сыйлықақысын бірмезгілде төлеген сақтандыру шартын қоспағанда, жинақтау сақтандыру шартының қолданылуының бірінші жылының соңында сатып алу сомасының болуы көзделмейді.
Зейнетақы аннуитеті шартын қоспағанда, жинақтау сақтандыру шарты мерзімінен бұрын бұзылған кезде сақтандырушы сақтанушыдан сақтандыру шартын бұзу туралы өтінішті алған күнге есептелген сатып алу сомасын сақтанушыға төлейді.
Зейнетақы аннуитеті шарты мерзімінен бұрын бұзылған кезде сатып алу сомасын аудару Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12318 болып тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 20 қазандағы № 194 қаулысымен бекітілген Зейнетақы аннуитеті үлгілік шартының 14-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 14-3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.10.2022 № 74 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3-тарау. Қорытынды ережелер
15. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіппен шешіледі.