Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 11 маусымдағы N 562 Заңы

       1-бап.  Қазақстан Республикасының мына заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнің Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 23-құжат; N 12, 88-құжат; N 15-16, 100-құжат; N 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 11-12, 262-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 10, 123-құжат; 2003 ж., N 15, 138, 139-құжаттар):
      8-бапта:
      к) тармақшасындағы "есепке алу," деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы к-1) және к-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "к-1) барлық қаржы ұйымдары орындауға мiндеттi бухгалтерлiк есепкe алу және операцияларды автоматтандыру жүйелері мәселелерi жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзiрлейдi және бекітеді, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясы негiзiнде банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есептiлiк туралы заңдарының талаптары мен буxгалтерлік есепке алу стандарттарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
      к-2) операцияларды автоматтандыру жүйелеріне қойылатын талаптарды барлық қаржы ұйымдарының сақтауын бақылауды, оның iшiнде уәкiлеттi органның қызметкерлерiн тарта отырып тексерулер арқылы бақылауды жүзеге асырады;";
      л-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "л-2) уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша барлық қаржы ұйымдарының және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда олардың аффилиирленген тұлғалары қаржылық есептiлiгінің халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн тiзбесi мен нысандарын, сондай-ақ табыс ету мерзiмдерi мен тәртiбін белгілейдi;".

      2. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 15, 281-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 5, 58-құжат; N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 9, 86-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 5, 31-құжат; N 10, 51-құжат; N 11, 56, 67-құжаттар; N 15, 138, 139-құжаттар):
      1) 54-бапта:
      1-тармақтың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Шоғырландырылған негiздегі қаржылық есептілiктi қоса алғанда, қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн тiзбесi мен нысандарын, сондай-ақ оларды табыс ету мерзiмдерi мен тәртiбiн уәкiлетті органмен келiсiм бойынша Ұлттық Банк белгілейдi.";
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Шоғырландырылған негіздегі есептілiкті қоса алғанда, (қаржылық және статистикалық есептiлiктi қоспағанда), есептіліктің тiзбесін, нысандарын, оларды табыс ету мерзiмдерi мен тәртiбiн уәкілетті орган белгiлейдi.";
      2) 55-баптағы "уәкiлеттi орган және (немесе) Ұлттық Банк" деген сөздер "уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша Ұлттық Банк" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. "Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 171-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 13-14, 205-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 12, 116-құжат; 2003 ж., N 15, 139-құжат):
      3-бапта:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Қаржылық ұйымдардағы бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есептiлiк жүйесiн реттеудi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi нормативтік құқықтық актілердi және оларға әдiстемелiк ұсынымдарды қабылдау арқылы, ал Қазақстан Pecпубликасының заң актілерінде көзделген жағдайларда, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкілеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша жүзеге асырады.";
      5-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1) қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын енгiзу жөнiнде бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүргiзедi, ал қаржылық ұйымдарға қатысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесе отырып жүргізедi;";
      6-тармақтың 1) тармақшасының бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) қаржылық ұйымдар үшiн:".

      4. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 186-құжат; 1998 ж., N 24, 437-құжат; 1999 ж., N 8, 237-құжат; N 23, 925-құжат; 2001 ж., N 17-18, 245-құжат; N 20, 257-құжат; 2002 ж., N 1, 1-құжат; N 23-24, 198-құжат; 2003 ж., N 1-2, 9-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 139-құжат; N 21-22, 160-құжат):
      41-баптың 2-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "8) бұқаралық ақпарат құралдарында уәкілетті органмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген тәртiппен қаржылық есептiлiктi және уәкiлетті орган белгiлеген тәртіппен өзге де есептілік пен өз қызметi туралы ақпаратты жариялауға мiндеттi. Бұл ретте жинақтаушы зейнетақы қорларына жарналар бойынша табысқа кепiлдiк немесе уәде қамтылған ақпаратты, сондай-ақ Қазақстан Pecпубликасының заңдарымен жариялауға тыйым салынған өзге де мәліметтердi жариялауға жол берiлмейдi;".

      5. "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., N 22, 406-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; N 12, 85-құжат; N 15, 139-құжат):
      1) 43-баптың 11) және 20) тармақшалары алып тасталсын;
      2) 74-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Шоғырландырылған негiздегі қаржылық есептіліктi қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокерiнiң қаржылық есептiлігі тiзбесін, нысандарын, оларды беру мерзiмдерi мен тәртiбiн уәкілетті органмен келiсiм бойынша Ұлттық Банк белгілейдi.";
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Шоғырландырылған негiздегi қаржылық есептiлiктi қоса алғанда (қаржылық және статистикалық есептiлiкті қоспағанда), сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокерi есептiлiгiнiң тiзбесiн, нысандарын, оларды беру мерзімі мен тәртібін уәкілетті орган белгiлейдi.";
      3) 76-баптағы "уәкiлетті мемлекеттік орган" деген сөздер "уәкiлетті органмен келiсiм бойынша Ұлттық Банк" деген сөздермен ауыстырылсын.

      6. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Бухгалтерлік есепке алу туралы" заң күші бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2002 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 12, 116-құжат):
      2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "2-бап. Осы Заң:
      Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен айқындалатын жекелеген ұйымдар үшiн 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап;
      акционерлiк қоғамдар үшiн 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап;
      өзге ұйымдар үшін 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізiлетін осы Заңның 1-бабының 5-тармағын қоспағанда, ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледi.".

      7. "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 15, 132-құжат):
      9-баптың 1-тармағында:
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) қаржылық ұйымдар мен олардың аффилиирленген тұлғалары есептілігінің (қаржылық және статистикалық есептiлiктi қоспағанда) тiзбесiн, нысандарын, табыс ету мерзiмдерi мен тәртiбiн белгілейді;";
      7) тармақшадағы "Қазақстан Республикасының" деген сөздердiң алдынан "Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын.

       2-бап.  Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi