Сақтандыру қызметі туралы

Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы N 126 Заңы

Жаңартылған

МАЗМҰНЫ

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      Ескерту. Мәтiндегi "уәкiлеттi мемлекеттiк органның", "уәкiлеттi мемлекеттiк органға", "уәкiлеттi мемлекеттiк орган" деген сөздер тиiсiнше "уәкiлеттi органның", "уәкiлеттi органға", "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2003.07.10 N 483 Заңымен.

      1-бап. Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және
              сақтандыру қызметі туралы заңнамасы

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      1. Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметі туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
      2. Осы Заңмен тікелей реттелген қатынастарды қоспағанда, сақтандырудан туындайтын және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінің қолданылатын аясына жататын қатынастар осы актілермен реттеледі.
      3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
      Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

      2-бап. Осы Заңмен реттелетін қатынастар

      1. Осы Заң кәсіпкерлiк қызмет түрі ретінде сақтандыруды жүзеге асырудың негізгi ережелерін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, сақтандыру брокерлерiн құру, лицензиялау, реттеу, олардың қызметiн тоқтату ерекшелiктерiн, өзге де жеке және заңды тұлғалардың сақтандыру рыногындағы қызметiнің талаптарын, сақтандыру рыногын мемлекеттік реттеу міндеттерін және сақтандыру қызметін қадағалауды қамтамасыз ету принциптерін белгілейді.
      2. Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның (бұдан әрi - уәкiлеттi органның) және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрi - Ұлттық Банк) осы Заңға сәйкес қабылдайтын нормативтік құқықтық актілерi сақтандыру рыногының барлық қатысушылары үшін мiндеттi болады.
      Ескерту. 2-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2003.07.10 N 483 Заңымен.

      3-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) актуарий – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығының қажетті деңгейін қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер мөлшерінің, сақтандыру сыйлықақысы ставкаларының экономикалық-математикалық есептеулерін жүргізуге байланысты қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жүргізіп жатқан және жүргізуді жоспарлап отырған сақтандыру түрлерінің пайдалылығы мен кірістілігін бағалауды жүргізетін, уәкілетті органның лицензиясы бар жеке тұлға;
      2) ассистанс – сақтандыру ұйымдарының, заңды тұлғалардың сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) саяхатта не тұрғылықты жерінен алыста жүрген уақытта қиын жағдайға душар болғанда сақтандыру жағдайының басталуы салдарынан оған техникалық, медициналық жәрдемдесу арқылы ақшалай және (немесе) табиғи-заттай нысанда көмек көрсетуі;
      3) бақылау – бір заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаның шешімдерін айқындау мүмкіндігі, ол мынадай:
      бір тұлға басқа тұлғаның дауыс беретін акцияларының елу процентінен астамын дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп тікелей немесе жанама иеленетін не басқа заңды тұлғаның акцияларының елу процентінен астамымен дербес дауыс беру мүмкіндігі болатын;
      бір заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаның директорлар кеңесі немесе басқармасы құрамының кемінде жартысын сайлау мүмкіндігі болатын;
      бір заңды тұлғаның қаржылық есептілігі аудиторлық есепке сәйкес басқа заңды тұлғаның қаржылық есептілігіне қосылатын;
      бір заңды тұлғаның шартқа (растайтын құжаттарға) орай немесе уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайларда өзгеше түрде басқа заңды тұлғаның шешімдерін айқындау мүмкіндігі болатын жағдайлардың бірі болған кезде туындайды;
      4) бас ұйым – басқа заңды тұлғаға бақылау жасайтын заңды тұлға;
      5) еншілес ұйым – өзіне қатысты басқа заңды тұлға бақылау жасайтын заңды тұлға;
      6) заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін жанама иелену не акцияларын иелену (олармен дауыс беру) – заңды тұлғаның, заңды тұлғаның ірі қатысушысының немесе басқа заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) иелену (олармен дауыс беру) арқылы бірлесіп заңды тұлғаның ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалардың шешімдерін айқындау мүмкіндігі;
      7) заңды тұлғаның ірі қатысушысы – заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп процентін тікелей немесе жанама иеленетін (мемлекет немесе ұлттық басқарушы холдинг осындай иелік етуші болып табылатын жағдайларды қоспағанда) жеке немесе заңды тұлға;
      8) капиталға қомақты қатысу – дауыс беретін акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жиырма және одан да көп процентін тікелей немесе жанама, дербес немесе, бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп иелену не акциялардың жиырма және одан да көп процентімен дауыс беру мүмкіндігінің болуы;
      9) қайта сақтандыру – өздерінің арасында жасалған қайта сақтандыру шартына сәйкес бір жағынан қайта сақтанушының сақтандыру тәуекелдерінің бәрін немесе бір бөлігін қайта сақтандыруға беруіне және екінші жағынан осы тәуекелдерді қайта сақтандыру ұйымының қабылдауына байланысты туындайтын қызмет және соған байланысты қатынастар;
      10) қайта сақтандыру ұйымы (қайта сақтандырушы) – уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде қайта сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
      11) қайта сақтанушы (цедент) – өзі қабылдаған сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға беруді жүзеге асыратын сақтандыру немесе қайта сақтандыру ұйымы;
      12) мінсіз іскерлік бедел – кәсіпқойлықты, адалдықты, алынбаған немесе өтелмеген сотталғандығы жоқ екенін растайтын фактілердің болуы;
      13) ортақ сақтандыру – бір мезгілде бірнеше сақтандыру ұйымдарымен сақтандыру шарты бойынша сақтандыру тәуекелдерін қабылдап, олардың жауапкершілігін өздерінің арасында жасалған ортақ сақтандыру шартына сәйкес бөлуге байланысты туындайтын қызмет және соған байланысты қатынастар;
      14) өздігінен ұстап қалу – жауаптылық көлемінің бір бөлігі, соның шегінде сақтандырушы немесе қайта сақтанушы (цедент) сақтандыру немесе қайта сақтандыру шартына сәйкес өз есебінен жауапты болады;
      15) пруденциялық нормативтер – уәкілетті орган белгілейтін және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтауы үшін міндетті нормативтер;
      16) сақтандыру агенті – берілген өкілеттіктеріне сәйкес бір немесе бірнеше сақтандыру ұйымдарының атынан және олардың тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      17) сақтандыру брокері – сақтанушының тапсыруы бойынша сақтандырушымен сақтандыру шарттарын жасасуға және орындауға байланысты қатынастарда сақтанушының атынан өкілдік ететін немесе өз атынан сақтандыру немесе қайта сақтандыру шарттарын жасасуға байланысты қызмет көрсету жөніндегі делдалдық қызметті, сондай-ақ сақтандыру және қайта сақтандыру мәселелері бойынша консультациялық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
      18) сақтандыру ережелері – сақтандыру ұйымының белгілі бір сақтандыру түрі бойынша сақтандыруды жүзеге асыру талаптарын айқындайтын құжаты;
      19) сақтандыру қызметінің субъектілері – сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдары;
      20) сақтандыру нарығына кәсіби қатысушылар – өз қызметін уәкілетті органның тиісті лицензиялары негізінде жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, актуарий;
      21) сақтандыру омбудсманы – сақтандыру нарығына қатысушылар арасындағы өзара қатынастарды реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға;
      22) сақтандыру портфелі – сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының, сондай-ақ олар бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) жиынтығы;
      23) сақтандыру резервтері – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша актуарий есептеулері негізінде бағаланатын міндеттемелері;
      24) сақтандыру ұйымы – сақтандыру шарттарын жасасу және орындау қызметін уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде жүзеге асыратын заңды тұлға;
      25) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын жанама иелену (олармен дауыс беру) – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының немесе заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталына қатысу үлестерін) иелену арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бірлескен ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалардың шешімдерін айқындау мүмкіндігі;
      26) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы – уәкілетті органның жазбаша келісіміне сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан да көп процентін тікелей немесе жанама иелене алатын немесе:
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акцияларының он немесе одан да көп процентімен тікелей немесе жанама дауыс беру;
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қабылдайтын шешімдерге шартқа орай не уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын тәртіппен өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігіне ие жеке немесе заңды тұлға (осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда);
      27) сатып алу сомасы – жинақтаушы сақтандыру шартының қолданылу мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде сақтанушының алуына құқығы бар ақша сомасы.
      Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      4-бап. Сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi

      1. Сақтандыру дегенiмiз, сақтандыру ұйымы өз активтерi есебiнен жүзеге асыратын сақтандыру төлемi арқылы сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүліктік мүдделерін қорғауға байланысты қатынастар кешенi.
      2. Сақтандыру қызметi - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға байланысты, Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес уәкiлеттi органның лицензиясы негiзiнде жүзеге асырылатын қызметi, сондай-ақ өзара сақтандыру қоғамдарының сақтандыру шарттарын жасасуға және орындауға байланысты, Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актiсiне сәйкес лицензиясыз жүзеге асырылатын қызметi.
      Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.07.05 N 164, 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

      5-бап. Шетелдiк жеке және заңды тұлғалар мен
              азаматтығы жоқ адамдарды сақтандыру

      1. Шетелдiк азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдiк заңды тұлғалар, оның iшiнде өз қызметiн Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратындар сақтандыру арқылы қорғалу құқығын Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен бiрдей пайдаланады.
      2. Алынып тасталды - ҚР 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      5-1-бап. Қазақстан Республикасы резиденттері емес
                сақтандыру ұйымдарының сақтандыруы

      1. Заңды тұлғаның немесе оның оқшауланған бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мүліктік мүдделерін және Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын жеке тұлғаның мүліктік мүдделерін сақтандыруды тек қана сақтандыру ұйымы - Қазақстан Республикасының резиденті жүзеге асыра алады.
      2. Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру ұйымдарымен, жұмыс істеу, оқу, емделу немесе демалу мақсатында Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде уақытша болатын жеке тұлғалармен - Қазақстан Республикасының резиденттерімен Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде уақытша болу кезеңіне ғана сақтандыру шарттарын жасасуға жол беріледі.
      3. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жеке және заңды тұлғалардан - Қазақстан Республикасының резиденттерінен Қазақстан Республикасының резиденті еместері пайдасына сақтандыру сыйлықақыларын (жарналарын) төлеуге байланысты төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыруға тыйым салынады.
      Ескерту. Заң 5-1-баппен толықтырылды - ҚР 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

2-тарау. САҚТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТIН ҰЙЫМДАСТЫРУ

      6-бап. Сақтандыру салалары, сыныптары және түрлерi

      1. Сақтандыру қызметiн ұйымдастыру және мемлекеттiк реттеу мен лицензиялауды жүзеге асыру үшiн сақтандыру салаларға, сыныптар мен түрлерге бөлiнедi. Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметi "өмiрдi сақтандыру" саласы және "жалпы сақтандыру" саласы бойынша жүзеге асырылады.
      2. "Өмiрдi сақтандыру" саласы ерiктi сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:
      1) өмiрдi сақтандыру;
      2) аннуитеттiк сақтандыру;
      3) өмірде белгілі бір оқиғаның басталуынан сақтандыру;
      4) сақтандырушының инвестициялық кірісіне сақтанушының қатысуымен өмірді сақтандыру.
      3. "Жалпы сақтандыру" саласы ерiктi сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:
      1) жазатайым жағдайлардан сақтандыру;
      2) ауырған жағдайдан сақтандыру;
      3) автомобиль көлiгiн сақтандыру;
      4) темiр жол көлiгiн сақтандыру;
      5) әуе көлiгiн сақтандыру;
      6) су көлiгiн сақтандыру;
      7) жүктердi сақтандыру;
      8) осы тармақтың 3)-7) тармақшаларында аталған сыныптарды қоспағанда, мүлiктi залалдан сақтандыру;
      9) автомобиль көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;
      10) әуе көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;
      11) су көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;
      12) осы тармақтың 9)-11) тармақшаларында аталған сыныптарды қоспағанда, азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру; V074783
      13) заемдарды сақтандыру;
      14) ипотеканы сақтандыру;
      15) кепілдіктер мен кепілгерліктерді сақтандыру;
      16) басқа да қаржы шығындарынан сақтандыру;
      17) сот шығыстарынан сақтандыру.
      4. Ерiктi сақтандыру нысанындағы сақтандырудың жекелеген сыныбын (түрін) жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар, оның ішінде сақтандырудың жекелеген сыныптары (түрлері) шеңберіндегі пруденциалдық нормативтер уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
      5. Сақтандыру түрi, сақтандыру ұйымы сақтанушыға сақтандыру шартын жасау арқылы сақтандырудың бiр немесе бiрнеше сыныбы шегiнде әзiрлейтiн және беретiн сақтандыру өнiмi болып табылады.
      6. Мазмұны мен талаптары Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрін реттейтін заңнамалық актісімен айқындалатын міндетті сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың жекелеген сыныбы болып табылады.
      Ескерту. 6-бапқа өзгертулер енгізілді - ҚР 2003.07.10 N 483, 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

      7-бап. Сақтандыру сыныптарының мазмұны

      1. Өмiрдi сақтандыру сақтандырылушы қайтыс болған немесе ол сақтандыру мерзiмi бiткенге дейiн не сақтандыру шартында белгiленген жасқа дейiн өмiр сүрген жағдайда сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды көздейтiн сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.
      2. Аннуитеттiк сақтандыру сақтандырылушы белгiлi бiр жасқа жеткен, еңбек ету қабiлетiн (жасына байланысты, мүгедектiгiне байланысты, науқастығына байланысты) жоғалтқан, асыраушысы қайтыс болған, жұмыссыз қалған жағдайларда немесе сақтандырылушының жеке табыстарының кемуiне немесе одан айрылуына әкелiп соққан өзге де жағдайларда зейнетақы немесе рента түрiнде шартта белгіленген мерзім ішінде немесе өмір бойы кезең-кезеңiмен сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн жинақтаушы сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады. Аннуитеттiк сақтандыру шарттары бойынша кезең-кезеңiмен сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру жағдайы сақтандыру төлемдерiнің мөлшерін айқындаумен, нақтылаумен және растаумен байланысты емес.
      2-1. Өмірде белгілі бір оқиғаның басталуынан сақтандыру сақтандырылушының өмірінде алдын ала ескерілген оқиға (неке қию немесе бала туу) басталған жағдайларда тіркелген сомада сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жинақтаушы сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.
      2-2. Сақтандырушының инвестициялық кірісіне сақтанушының қатысуымен өмірді сақтандыру инвестициялық қызмет нәтижесінде сақтандыру ұйымы қосымша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру не сақтандыру сомасын ұлғайту арқылы алатын табысқа сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) қатысуы талап етіле отырып, сақтандырылушы қайтыс болған немесе ол сақтандыру мерзімі аяқталғанға дейін не сақтандыру шартында белгіленген жасқа дейін өмір сүрген жағдайда тіркелген сомада сақтандыру төлемін немесе зейнетақы немесе рента түрінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жинақтаушы сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады. Инвестициялық қызмет нәтижесінде сақтандыру ұйымы алатын кірістерге сақтандырылушының (пайда алушының) қатысу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.
      3. Жазатайым жағдайдан сақтандыру, осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында аталған сақтандыру тәуекелдерін қоспағанда, сақтандырылушы жазатайым жағдайдың, кәсіби аурудың салдарынан қайтыс болған, еңбек ету (жалпы немесе кәсіптiк жағынан) қабiлетiн (толық немесе iшiнара) жоғалтқан немесе сақтандырылушының денсаулығына өзге де зиян келтiрiлген жағдайларда оның шығыстарын тіркелген сомада және (немесе) iшiнара немесе толық өтемi мөлшерiнде сақтандыру төлемiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнің жиынтығы болып табылады.
      Жазатайым жағдай дегеніміз - адамның ерік-жігеріне қарамастан басталған, сақтандырылушының организміне сырттан оның денсаулығына зиян келуіне, мертігуіне не өліміне әкеліп соққан механикалық, электрлік, химиялық немесе термикалық әсер етуі салдарынан кенеттен болған, қысқа мерзімді оқиға (жағдай).
      4. Ауырған жағдайдан сақтандыру осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында аталған сақтандыру сыныптарын қоспағанда, сақтандырылушының ауруына және денсаулығының өзге де бұзылуына байланысты оның шығыстарын тіркелген сомада және (немесе) iшiнара немесе толық өтемi мөлшерiнде сақтандыру төлемiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнің жиынтығы болып табылады.
      5. Осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 3)-6) тармақшаларында тізбеленген көлiк құралдарын сақтандыру көлiк құралын иеленуге, пайдалануға, оған билiк етуге байланысты тұлғалардың мүлiктiк мүдделерiне айдап әкетуді немесе ұрлауды қоса алғанда, сондай-ақ оның зақымдануы немесе жойылуы салдарынан келтiрiлген залалды iшiнара немесе толық өтемi мөлшерiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнің жиынтығы болып табылады.
      6. Жүктердi сақтандыру жүктi, оның ішінде багажды, тауарларды және өнімнің басқа да барлық түрлерін қоса алғанда, иеленуге, пайдалануға, оған билiк етуге байланысты тұлғаның мүлiктiк мүдделерiне тасымалдау әдiсiне қарамастан, оның зақымдануы, жойылуы, жоғалып кетуi салдарынан келтiрiлген залалды iшiнара немесе толық өтемi мөлшерiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнің жиынтығы болып табылады.
      7. Мүлiктi сақтандыру мүлiктi иеленуге, пайдалануға, оған билiк етуге байланысты тұлғаның мүлiктiк мүдделерiне осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 3)-7) тармақшаларында тізбеленген мүлiктi қоспағанда, оның зақымдануы немесе жойылуы, ұрлануы салдарынан келтiрiлген залалды iшiнара немесе толық өтемі мөлшерiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнің жиынтығы болып табылады.
      8. Осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 9)-11) тармақшаларында көзделген көлiк құралдары иелерiнің азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін қоса алғанда, үшiншi тұлғаларға өзі көлiк құралын пайдалануға байланысты келтiрген залалды өтеу мiндетіне байланысты тұлғаның мүлiктiк мүдделерiне келтiрiлген залалды iшiнара немесе толық өтемі мөлшерiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнің жиынтығы болып табылады.
      9. Азаматтық-құқықтық жауапкершiлiкті сақтандыру осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 9)-11) тармақшаларында аталғандарды қоспағанда, барлық тәуекелдерді сақтандыру салдарынан үшiншi тұлғаларға келтiрілген залалды өтеу мiндетiне байланысты тұлғаның мүлiктiк мүдделерiне келтiрiлген залалды iшiнара немесе толық өтемі мөлшерiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнің жиынтығы болып табылады.
      10. Заемдарды сақтандыру сақтанушының, (заемшының) кредитор алдындағы міндеттемелерін орындамауы салдарынан кредиторға шығын келтірілуі кезінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
      11. Ипотекалық сақтандыру ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша кепілдік мүлік болып табылатын тұрғын үйдің нарықтық құны төмендеген жағдайда заемшының ипотекалық тұрғын үй заемы шарты бойынша міндеттемелерді орындамауы салдарынан кредитордың мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрі болып табылады.
      12. Кепілдіктер мен кепілдемелерді сақтандыру берілген кепілдіктер мен кепілдемелерді орындау міндеті салдарынан кепілдік немесе кепілдеме берген тұлғаның мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнің жиынтығы болып табылады.
      13. Басқа да қаржы шығындарынан сақтандыру осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 12)-15) тармақшаларында аталған сақтандыру тәуекелдерін қоспағанда, қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыру нәтижесінде жұмыстан айырылу, кірісті жоғалту, қолайсыз табиғи құбылыстар, үздіксіз, болжанбаған шығыстар, нарықтық құнын жоғалту және басқа да шығындар салдарынан шығын келтірілу кезінде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнің жиынтығы болып табылады.
      14. Сот шығыстарын сақтандыру сақтанушының (сақтандырылушының) соттың істі қарауына байланысты олардың көтерген шығыстары салдарынан шығындануы кезінде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнің жиынтығы болып табылады.
      15. Осы баптың 11-13-тармақтарында аталған тәуекелдерді сақтандыру шарттары бойынша сақтанушының өзінің ғана тәуекелі және оның пайдасына ғана шешілетін тәуекел сақтандырылуы мүмкін.
      Ескерту. 7-бапқа өзгертулер енгізілді - ҚР 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      8-бап. Сақтандыру салалары мен сыныптарын бiрiктiру

      1. Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру ұйымының қызметi "өмiрдi сақтандыру" саласы бойынша лицензия немесе "жалпы сақтандыру" саласы бойынша лицензия негiзiнде сақтандырудың лицензияда көрсетiлген тиiстi сыныптары шегiнде жүзеге асырылады.
      2. "Жалпы сақтандыру" саласындағы қызметтi:
      1) "өмiрдi сақтандыру" саласындағы қызметпен бiрiктiруге;
      2) жинақтаушы сақтандыру нысанында жүзеге асыруға болмайды.
      3. Осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларында аталған сақтандыру сыныптары шегiндегi тәуекелдердi сақтандыруды қоспағанда, "өмiрдi сақтандыру" саласындағы қызметтi "жалпы сақтандыру" саласындағы қызметпен, сондай-ақ сақтандырудың міндетті нысанындағы тиісті сыныптарды бiрiктiре алмайды.

      4. Сақтандыру ұйымы, өзiнде сақтандырудың тиiстi сыныптары көрсетiлген және осы Заңда белгiленетiн сақтандыру сыныптарын бiрiктiру жөнiндегi шектеулер ескерiлген лицензия болған жағдайда, сақтандырудың екi және одан көп сыныптарының белгiлерi мен мазмұнын ұштастыратын сақтандыру түрiн әзiрлеуге құқылы.
      5. (алып тасталды)
      Ескерту. 8-бапқа өзгертулер енгізілді - ҚР 2003.07.10 N 483, 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      9-бап. Қайта сақтандыру жөніндегі қызмет

      1. Қазақстан Республикасының аумағында қайта сақтандыруды жүзеге асыру жөніндегі қызмет осы Заңда көзделген тәртіппен лицензиялануға тиіс.
      2. Сақтандыру ұйымы қайта сақтандыру жөніндегі лицензиясыз сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға беруді жүзеге асырады.
      3. Сақтандыру ұйымы қайта сақтандыру жөніндегі лицензия болғанда ғана сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға қабылдауға құқылы.
      4. "Жалпы сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы тек қана "жалпы сақтандыру" саласында сақтандырудың барлық сыныптары бойынша қайта сақтандыру жөнiнде лицензия алуға және қызметтi жүзеге асыруға құқылы.
      5. "Өмірді сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы тек қана "өмірді сақтандыру" саласында сақтандырудың барлық сыныптары бойынша қайта сақтандыру жөнiнде лицензия алуға және қызметтi жүзеге асыруға құқылы.
      6. Қайта сақтандыруды қайта сақтандыру жөнiндегi лицензия негiзiнде қызметтің ерекше түрi ретінде жүзеге асыратын қайта сақтандыру ұйымы "өмiрдi сақтандыру" және "жалпы сақтандыру" салаларында сақтандырудың барлық сыныптары бойынша қайта сақтандыруды жүзеге асыруға құқылы.
      7. Сақтандыру ұйымын құру, оның қызметiн лицензиялау, реттеу және тоқтату бөлігіндегі осы Заңның нормалары қайта сақтандыруды қызметтiң ерекше түрi ретiнде жүзеге асыратын қайта сақтандыру ұйымдарын құру, олардың қызметiн лицензиялау, реттеу және тоқтату талаптарына қолданылады.
      8. Алынып тасталды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
      Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда жазылды - ҚР 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2006.07.05 N 164, 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

3-тарау. САҚТАНДЫРУ РЫНОГЫ

      10-бап. Сақтандыру рыногының қатысушылары

      Қазақстан Республикасы сақтандыру рыногының қатысушылары:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы;
      2) сақтандыру брокерi;
      3) сақтандыру агентi;
      4) сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы;
      5) актуарий;
      5-1) сақтандыру омбудсманы;
      6) алып тасталды
      7) алып тасталды
      8) сақтандырумен байланысты кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын өзге де заңды және жеке тұлғалар болып табылады.
      Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.05.05 N 139, 2006.07.05 N 164, 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

      11-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметi

      1. Сақтандыру қызметi сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жүзеге асыратын кәсiпкерлiк қызметтiң негiзгi түрi болып табылады.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру қызметiнен басқа қызметтiң мынадай түрлерiн:
      1) инвестициялық қызметтi;
      2) тиiстi жинақтаушы сақтандыру шартында көзделген сатып алу сомасы шегiнде өзiнiң сақтанушыларына қарыз берудi "өмірді сақтандыру" саласында қызметті жүзеге асыратын (сақтандыру ұйымы үшін);
      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметiн автоматтандыру үшiн пайдаланылатын арнаулы бағдарламалық қамтамасыз етудi сатуды;
      4) ақпарат берiлiмдерiнiң кез келген түрлерiнде сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi жөнiнде арнаулы әдебиет сатуды;
      5) бұрын өз мұқтаждары үшiн сатып алынған (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшiн) немесе оның қарамағына сақтандыру шарттарын жасасуға байланысты келiп түскен (сақтандыру ұйымы үшiн) мүлiктi сатуды немесе жалға берудi;
      6) сақтандыру қызметiне байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызмет көрсетудi;
      7) сақтандыру (қайта сақтандыру) саласында мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру мақсатында оқытуды ұйымдастыру мен жүргiзудi;
      8) сақтандыру агентi ретiнде сақтандыру делдалы болуды;
      9) осы Заңның 52-бабының 1-тармағында аталған қызметтi;
      10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi қызметтi ("өмiрдi сақтандыру" саласындағы қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары үшiн);
      11) сақтандыру ұйымдары арасындағы не сақтандыру ұйымдары мен ассистанс қызметін көрсететін өзге де заңды тұлғалар арасындағы бірлескен қызмет туралы шарттың негізінде жүзеге асырылатын ассистансты;
      12) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген қызметті жүзеге асыруға құқылы.
      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кәсiпкерлiк қызмет ретiнде осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделмеген мәмiлелердi жүзеге асыруы мен операцияларды жүргiзуiне тыйым салынады.
      3-1. Сақтандыру ұйымы өзінде ірі қатысушысы (ірі қатысушылары) болмаған кезде мазмұны мен шарттары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен айқындалатын міндетті сақтандыру түрлерін жүзеге асыруға құқылы емес.
      4. Сақтандыру ұйымдары, сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретiн ұйым құруға құқылы. Сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретiн ұйымның құрылу тәртiбi мен қызметi Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.
      Сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезінде міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтанушылардың (сақтандырушылардың, пайда алушылардың) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепiлдiк беретiн ұйымға сақтандыру ұйымдарының міндетті қатысуы Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделуі мүмкін.
      Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2003.06.11 N 436, 2003.07.10 N 483, 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

      11-1. Сақтандыру қызметін жүзеге асырудың жалпы талаптары

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру қызметін (қайта сақтандыру жөніндегі қызметті) жүзеге асыру құқығына лицензиясы, сақтандыруды белгілі бір түрі бойынша жүзеге асырудың жалпы талаптарын айқындайтын сақтандыру ережелері және ішкі ережелер болғанда ғана сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқылы.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ішкі ережелері:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бөлімшелерінің құрылымын, міндеттерін, функциялары мен өкілеттіктерін;
      2) ішкі аудит қызметінің және басқа да тұрақты жұмыс істейтін органдардың құрылымын, мүшелерінің санын, міндеттерін, функциялары мен өкілеттіктерін;
      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының техникалық (сақтандыру), инвестициялық, кредиттік, операциялық, рыноктық және басқа да тәуекелдерді басқару жөніндегі саясатын ашып көрсететін тәуекелдерді басқару жүйесін;
      4) құрылымдық бөлімшелер басшыларының құқықтары мен міндеттерін;
      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері оның атынан және оның есебінен мәмілелерді жүзеге асырған кезде солардың өкілеттіктерін;
      6) сақтанушылардың (сақтандырылушылардың), жәбірленушілердің (пайда алушылардың) және олардың өкілдерінің жазбаша және ауызша өтініштерін, сондай-ақ сақтандыру жағдайлары мәселелері бойынша келіп түсіп жатқан өтініштер мен құжаттарды тіркеу тәртібін;
      7) сақтандыру жағдайларының мәселелері жөніндегі өтініштер мен құжаттар бойынша оларды қарау және сақтанушыларға (сақтандырылушыларға), жәбірленушілерге (пайда алушыларға) жауап беру тәртібін;
      8) сақтандыру төлемі туралы шешімді қабылдау рәсімін айқындауға тиіс.
      3. Сақтандыру ережелерін және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ішкі ережелерін директорлар кеңесі бекітеді.
      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өз штатында актуарийі болмаса, сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқылы емес.
      Актуарий өз қызметін басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында қоса атқаруға құқылы емес.
      5. Сақтандыру ұйымының сақтандыру, оның ішінде сақтандыру нарығына қатысушылармен өзара қарым-қатынастағы қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
      Ескерту. 11-1-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.07.05 N 164, 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

      12-бап. Жинақтаушы сақтандыру жөнiндегi қызметтi жүзеге
               асырудың ерекшелiктерi

      1. Жинақтаушы сақтандыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарын ескере отырып, өзiнiң сақтанушыларына сатып алу сомасы шегiнде қарыз беруге құқылы.
      2. Сақтандыру ұйымы аннуитет шарты қолданылатын кезеңде актуарийдiң қорытындысы негiзiнде уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген тәртiппен тұрақты берiлiп тұратын сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн ұлғайтуға құқылы.

      13-бап. Ортақ сақтандыру жөнiндегi қызмет

      1. Сақтандыру пулын жасау арқылы тәуекелдерді сақтандыруды жүзеге асыру кезінде ортақ сақтандыру шарты жетекші сақтандыру ұйымының функциялары мен өкілеттіктерін өзіне қабылдайтын сақтандыру ұйымының талаптары негізінде жасалады.
      2. Лицензиясында тиiстi сақтандыру сыныбы көрсетiлмеген сақтандыру ұйымының ортақ сақтандыру iсiне қатысуына тыйым салынады.
      Ескерту. Заң 13-баппен толықтырылды - ҚР 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      14-бап. Лицензиясыз қызметке тыйым салу

      1. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның тиiстi лицензиясы жоқ бiрде-бiр тұлғаның:
      1) өз атынан сақтандыру, қайта сақтандыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға, негiзгi немесе Қосымша қызмет түрi ретiнде сақтандыру брокерiнiң, актуарийдiң қызметiн көрсетуге;
      2) өзiнiң атауында, құжаттарда, хабарландырулар мен жарнамада "сақтандыру ұйымы", "қайта сақтандыру ұйымы", "сақтандыру брокерi" деген сөздердi немесе оның өз атынан сақтандыру немесе қайта сақтандыру операцияларын жүзеге асыруды бiлдiретiн не сақтандыру брокерi, актуарий ретiнде көрiнетiн туынды сөздердi (сөз тiркестерiн) пайдалануға құқығы жоқ.
      2. Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актісінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті органның лицензиясынсыз сақтандыру қызметін жүзеге асыруға тыйым салынады.
      Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.05.05 N 139, 2006.07.05 N 164, 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

      15-бап. Шекарааралық сақтандыру (қайта сақтандыру)

      1. Сақтандыру ұйымының басқа мемлекеттiң аумағында сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға байланысты сақтандыру трансшекаралық сақтандыру болып табылады.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзі қайта сақтандыруға қабылдаған сақтандыру тәуекелдерін беруі пруденциялық нормативтерді есептеу тәртібіне қойылатын талаптар ескеріліп жүзеге асырылады.
      3. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге шығатын автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру шартын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының резидентi емес сақтандыру ұйымының атынан сақтандыру шартын жасасу жөнiндегi делдалдық қызметке жол берiлмейдi.
      4. Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының резидентi емес сақтандыру ұйымының атынан Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге шығатын автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру шарттарын жасасу жөнiндегi делдалдық қызметтi тиiстi сақтандыру сыныбы көрсетiлген уәкiлеттi мемлекеттiк органның лицензиясы бар Қазақстан Республикасының резиденттерi - сақтандыру ұйымдары және аталған Қазақстан Республикасының резидентi емес сақтандыру ұйымымен жасалған тиiстi шарты болған жағдайда Қазақстан Республикасының резиденттерi - сақтандыру брокерлерi жүзеге асыра алады.
      5. Алынып тасталды - ҚР 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      Ескерту. 15-бапқа өзгертулер енгізілді - ҚР 2003.07.10 N 483, 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      15-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының
                 аффилиирленген тұлғаларына жеңілдікті жағдайлар
                 жасалуына тыйым салу
 
      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғаларына жеңілдікті жағдайлар жасауына тыйым салынады.
      2. Жеңілдікті жағдайлар жасау:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғасымен мәмілеге келуді немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзінің табиғаты, мақсаты, ерекшеліктері мен тәуекелі бойынша аффилиирленген тұлға болып табылмайтын клиенттермен оның мүддесі үшін мәмілеге келмеуін;
      2) сақтандыру тарифін төмендетіп қолдануды не басқа сақтанушыларға қарағанда жоғары сақтандыру төлемін жүзеге асыруды білдіреді.
      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қандай да бір тұлғамен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғасы алдындағы міндеттемесін төлеу мүмкіндігін оған беру мақсатында мәмілеге келе алмайды.
      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғасымен мәміле осы баптың 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесінің шешімі бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғаларына берілген (орналастырылған) активтерге қатысты талап құқықтарынан бас тарту кейіннен акционерлердің жалпы жиналысын хабардар ету арқылы жүзеге асырылады.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғасы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және:
      өзі;
      өзінің кез келген жақын туыстарының бірі;
      өзі немесе жақын туыстарының бірі лауазымды адамы немесе ірі қатысушысы болып табылатын кез келген заңды тұлға арасындағы кез келген мәмілені қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға қатыспауға тиіс.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғасы арасындағы кез келген мәміле бойынша директорлар кеңесінің шешімі оның барлық шарттарын директорлар кеңесі қарағаннан кейін ғана қабылдануы мүмкін.
      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғаларымен жасалатын барлық мәмілелер туралы ақпаратты уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген нысандар бойынша беруге міндетті.
       Ескерту. Заң 15-1-баппен толықтырылды - ҚР 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.     

      16-бап. Сақтандыру ұйымына сақтанушыларға ақпарат беру
               жөнiнде қойылатын талаптар

      1. Тұрақты жұмыс iстейтiн органының орналасқан жерi өзгерген, атауы өзгерген жағдайда сақтандыру ұйымы бұл жөнiнде өзiнiң сақтанушыларына республикалық екi газетте хабарландыру жариялау арқылы бiр айдан кешiктiрмей хабарлауға мiндеттi.
      Өзiнiң оқшауланған бөлiмшесiнiң орналасқан жерi өзгерген жағдайда сақтандыру ұйымы бұл жөнiнде өзiнiң сақтанушыларына тиiстi екi облыстық газетте хабарландыру жариялау арқылы бiр айдан кешiктiрмей хабарлауға мiндеттi.
      2. Сақтандыру ұйымы сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензияның тиiстi түрде куәландырылған көшiрмесiн оны көрiп, танысуға болатын жерге орналастыруға мiндеттi.
      3. Сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтанушының сақтандыру ұйымынан оның қызметiнiң пайдалары мен шығындары туралы бухгалтерлік баланс пен есептен тұратын жылдық қаржы есебiн және аудиторлық ұйым куәландырған аудиторлық есептi сұратып алуға құқығы бар.
      Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2003.07.10 N 483, 2006.05.05 N 139, 2009.07.11 N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      16-1-бап. Сақтандыру брокерін құру

      1. Сақтандыру брокерінің ұйымдық-құқықтық нысаны жауапкершілігі шектеулі серіктестік не акционерлік қоғам болып табылады.
      2. Сақтандыру брокерінің атауы "сақтандыру брокері" деген сөздерден немесе осы сөздерден туындайтын сөздерден құралуға тиіс.
      3. Сақтандыру брокеріне өз атауында "ұлттық", "орталық", "бюджеттік", "республикалық" деген сөздерді пайдалануға тыйым салынады.
      4. Бұрын құрылған сақтандыру брокерлерінің, соның ішінде Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру брокерлерінің атауларымен аралас дәрежеге дейінгі бірегей немесе ұқсас белгілерді атауы ретінде пайдалануға жол берілмейді. Осы тыйым салу еншілес сақтандыру брокері өзінің бас ұйымының атауын пайдаланған жағдайда қолданылмайды.
      5. Сақтандыру брокерін мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жүргізіледі.
      Ескерту. Заң 16-1-баппен толықтырылды - ҚР 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      16-2-бап. Сақтандыру брокерінің құрылтайшыларына
                 қойылатын талаптар

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе оның қызметкерлерінің сақтандыру брокерін құруына немесе оның қызметіне қатысуына тыйым салынады.
      2. Сақтандыру брокерінің құрылтайшылары мен қызметкерлеріне бір мезгілде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында қызмет атқаруға болмайды.
      Ескерту. Заң 16-2-баппен толықтырылды - ҚР 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      16-3-бап. Сақтандыру брокерінің жарғылық капиталын
                 қалыптастыру

      1. Сақтандыру брокерінің құрылтайшылары, қатысушылары не акционерлері сатып алынатын қатысу үлестерін не акцияларды ұлттық валютадағы ақшамен ғана төлеуге міндетті.
      2. Құрылатын сақтандыру брокерінің жарғылық капиталының ең аз мөлшерін оның құрылтайшылары оны мемлекеттік тіркеу сәтіне дейін толық төлеуге тиіс.
      3. Жарғылық капиталдың ең аз мөлшеріне және сақтандыру брокері қызметінің өзге де шарттарына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
      Ескерту. Заң 16-3-баппен толықтырылды - ҚР 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

4-тарау. САҚТАНДЫРУ ДЕЛДАЛДЫҒЫ

      17-бап. Сақтандыру брокерінің қызметі және оған
               қойылатын талаптар

      1. Сақтандыру брокерінің қызметі ерекше қызмет түрі болып табылады және уәкілетті органның лицензиялауына жатады. V074731
      Сақтандыру брокерінің сақтандыру агенті қызметін жүзеге асыруға құқығы жоқ.
      2. Сақтандыру брокері мынадай брокерлік қызмет түрлерін: V042715
      1) өз атынан және сақтанушының тапсырмасы бойынша сақтандыру шарттарын немесе өз атынан және цеденттің тапсырмасы бойынша қайта сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті;
      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) мәселелері бойынша консультация беру қызметін;
      3) сақтандыруға (қайта сақтандыруға) жеке және заңды тұлғаларды іздеу мен тартуды;
      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары көрсететін қызметтерге және қаржылық жағдайына салыстырма талдау жасауды;
      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары көрсететін қызметтерге салыстырма талдау жасау мақсатында сақтандыру объектілері туралы ақпарат жинауды;
      6) клиенттердің тапсырмасы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын, сақтандырушыларды (қайта сақтандырушыларды) таңдау өлшемдерін әзірлеу, сақтандыру тәуекелдерін анықтау жөніндегі сараптамалық қызметтер көрсетуді;
      7) сақтанушының (цеденттің) тапсырмасы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасасуға қажетті құжаттарды дайындау және (немесе) ресімдеуді, сақтандыру мәселелері бойынша ақпарат жинауды;
      8) сақтанушының (цеденттің) тапсырмасы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын ресімдеуді;
      9) сақтанушымен (цедентпен) тиісті келісім болғанда, оларды кейіннен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына аудару үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтанушылардан (цеденттерден) сақтандыру сыйлықақыларын жинауды;
      10) клиенттердің тапсырмасы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) немесе ортақ сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру тәуекелдерін орналастыруды;
      11) сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасасу, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру, сақтандыру жағдайы басталғанда шағымдарды қарау кезіндегі құжаттардың, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасуға байланысты басқа да құжаттардың дұрыс және уақтылы ресімделуін қамтамасыз етуді;
      12) консультация өткізуді және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушының (цеденттің), пайда алушының сақтандыру төлемін алуына жәрдемдесуді;
      13) берілген өкілеттіктерге сәйкес сақтандыру төлемін алуға қажетті құжаттарды ресімдеуді;
      14) сақтанушының (цеденттің) тапсырмасы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарынан сақтандыру төлемдерін оларды кейіннен сақтанушыға (цедентке), пайда алушыға беру үшін жинауды;
      15) мүдделі тұлғалардың тапсырмасы бойынша сақтандыру жағдайы туындаған кезде шығынды қарау және реттеу жөніндегі құжаттар дайындауды;
      16) залалды бағалау және сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындау жөніндегі сарапшылар қызметін ұйымдастыруды жүзеге асырады.
      3. Сақтандыру брокері өз қызметін жүзеге асыру кезінде сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының тарапы болып табылмайды.
      4. Сақтандыру брокерінің негізгі құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі сақтандыру брокері қызметін жүзеге асырудың ішкі ережелерінде айқындалуға тиіс.
      Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      18-бап. Сақтандыру агентiнiң қызметi

      1. Сақтандыру агентiнiң сақтандыру нарығында делдалдық қызметтi жүзеге асыруға өкiлеттiгi уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптары ескеріле отырып, сақтандыру ұйымының тиiстi құжаттарында айқындалады.
      Сақтандыру агентi сақтандыру ұйымы уәкілеттік берген іс-әрекеттерді өзі жасайды және оларды жасауды өзге адамға қайта сенім білдіріп тапсыруға құқылы емес.
      Сақтандыру агентiнiң өкiлеттiгi болмаған жағдайда оның сақтандыру агентi ретiндегi қызметiне жол берiлмейдi.
      2. Сақтандыру ұйымы, өзiнiң атынан сақтандыру агентi сақтандыру ұйымынан алған өкiлеттiк шегiнде жасаған сақтандыру шарты бойынша қабылдаған мiндеттемелердi сақтандыру ұйымының өзi тiкелей қабылдаған мiндеттемелер ретiнде орындайды.
      3. Сақтандыру агентi сақтауға мiндеттi талаптар, оның iшiнде сақтандыру құжаттамасы бланкiлерiнiң есебiн жүргiзу мен сақтау, қолма-қол ақшамен жұмыс жүргiзу мәселелерi жөнiндегi талаптар Қазақстан Республикасы заңдарының талаптары ескерiле отырып, сақтандыру ұйымының iшкi құжаттарында белгiленедi.
      4. Сақтандыру ұйымы сақтандыру делдалдығы операцияларын жүргiзуге өзi уәкiлдiк берген сақтандыру агенттерiнiң тiзiлiмiн жүргiзiп отыруға мiндеттi.
      5. Сақтандырушының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес жасалатын сақтандыру шарттарын жасасу бойынша делдалдық қызмет көрсеткені үшін сақтандыру агентіне төлейтін комиссиялық сыйақының мөлшері:
      жеке тұлға үшін – осы шарт бойынша төленуге жататын есепке жазылған сыйлықақы мөлшерінің он процентінен;
      заңды тұлға үшін – осы шарт бойынша төленуге жататын есепке жазылған сыйлықақы мөлшерінің он бес процентінен аспауға тиіс.
      Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      18-1-бап. Сақтандыру агентіне қойылатын талаптар

      1. Жеке тұлғаның заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы болса, ол сақтандыру агенті бола алмайды.
      2. Сақтандыру агенті өз қызметінде:
      1) сақтанушыға агенттік келісімді немесе сақтандыру ұйымының атынан және оның тапсырмасы бойынша өзінің сақтандыру шартын жасасуға құқығын куәландыратын өзге де құжатты көрсетуге;
      2) сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына сақтандыру ұйымы (сақтандыру ұйымдары) лицензиясының көшірмесін қоса алғанда, өзі соның (солардың) сақтандыру агенті болып табылатын сақтандыру ұйымы (барлық сақтандыру ұйымдары) туралы ақпарат беруге;

      3) сақтанушының талап етуі бойынша жасалған сақтандыру шарты бойынша сақтандыру талаптарымен таныстыруға міндетті.
      Ескерту. Заң 18-1-баппен толықтырылды  - ҚР 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

5-тарау. АКТУАРИЙЛІК ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ АУДИТ

      19-бап. Актуарийлiк қызмет

      1. Актуарийлiк қызметтi жүзеге асыруға уәкiлеттi мемлекеттiк орган берген лицензиясы бар жеке адам актуарий болуға құқылы.
      2. Актуарийлiк қызмет осы Заңға және уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес, сондай-ақ актуарийлiк қызметтi жүзеге асырудың халықаралық принциптерi (стандарттары) ескерiле отырып жүзеге асырылуға тиiс.
      3. Актуарийлiк есептеулер мынадай негiздер бойынша:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бастамасы бойынша - бастамашылық актуарийлiк есептеулер;
      2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда - мiндеттi актуарийлiк есептеулер жүргiзiледi.
      4. Актуарийлiк есептеулер жүргiзу кезiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мiндеттi актуарийлiк есептеулер мен қорытындыларды жасау және дайындау үшiн қажеттi, актуарий талап еткен қолда бар құжаттар мен мәлiметтердiң бәрiн беруге мiндеттi.
      5. Актуарий өзi жасаған актуарийлiк есептеулер мен қорытындылардың дұрыстығы мен дәлдiгiне Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен жауап бередi.
      6. Актуарий, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру резервтерiн қалыптастыру жөнiндегi талаптарды сақтамағандығы туралы өзi анықтаған фактiлердi уәкiлеттi мемлекеттiк органға дереу хабарлауға мiндеттi.
      Ескерту. 19-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.07.26 N 313 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      20-бап. Аудит

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аудитiн Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес аудит жүргiзуге құқықтық өкiлеттiгi бар аудиторлық ұйым жүргiзедi.
      1-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өз қызметiнiң аудитiн қатарынан жетi жылдан астам бiр аудиторлық ұйымда не қатарынан бес жылдан астам аудиторлық ұйымда жұмыс iстейтiн аудиторда жүргiзуге құқылы емес.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық есептілігін тексеру туралы аудиторлық есеп коммерциялық құпия болып табылмайды.
      3. Аудиторлық ұйым, жүргiзiлген аудит туралы аудиторлық есептiң көшiрмесiн, уәкiлеттi мемлекеттiк органға оның жазбаша сұратуы бойынша беруге мiндеттi.
      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндетті аудитін жүргізу кезінде аудиторлық ұйым өзіне белгілі болған:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуына әкеп соқтырған;
      2) пруденциялық нормативтердi және сақтауға мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi бұзуға әкеп соқтырған;
      3) қаржылық есептіліктің кейбір немесе барлық баптарын растаудан бас тартуға не оларды ескертпе жасай отырып растауға, сондай-ақ кері пікір білдіруге әкеп соқтырған шешімдер туралы уәкілетті органға дереу хабарлауға міндетті.
      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз құрылымында iшкi аудит қызметi (аудиторы) болуы мiндеттi, оның қызметi лицензиялауға жатпайды.
      6. Iшкi аудит жүргiзу тәртiбi, уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптары ескерiле отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиiстi iшкi құжаттарында белгiленедi.
      7. Қаржы жылының қорытындылары бойынша аудит жүргізу сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (олармен дауыс беру құқығы бар) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қомақты қатысуы бар заңды тұлғалар үшін міндетті.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы аудиторлық есепті алғаннан кейін он күн ішінде оның көшірмесін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қомақты қатысуы бар басқа заңды тұлғаларға табыс етуге міндетті.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін аудиторлық ұйым растауға тиіс.
      7-1. Өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін тікелей немесе жанама иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар) Қазақстан Республикасының резиденті емес ірі қатысушы уәкілетті органға осы құжаттарды өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін тікелей немесе жанама иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар) Қазақстан Республикасының резиденті емес ірі қатысушы алған күннен бастап отыз күн ішінде аудиторлық есептің көшірмесін және аудиторлық ұйымның ұсыныстарын табыс етеді.
      Өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін тікелей немесе жанама иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар) Қазақстан Республикасының резиденті емес ірі қатысушының шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін шоғырландырылған қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының резиденті емес ірі қатысушы орналасқан елдегі қаржы ұйымдарына аудит жүргізуге құқылы аудиторлық ұйым растауға тиіс.
      7-2. Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы уәкілетті органға аудиторлық есептің көшірмесін және аудиторлық ұйымның ұсыныстарын қазақ немесе орыс тілдерінде табыс етеді.
      8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (олармен дауыс беру құқығы бар) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қомақты қатысуы бар заңды тұлға аудиторлық есепте көрсетілген, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайына әсер ететін бұзушылықтарды аталған тұлғалар аудиторлық есепті алған күннен бастап үш ай ішінде жоймаған жағдайда, уәкілетті орган бұзушылықтар жойылғанға дейін:
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лицензиясының қолданылуын осы Заңның 54-бабының 1-тармағы 8-1) тармақшасының негізінде тоқтата тұруға;
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (олармен дауыс беру құқығы бар) ірі қатысушыға қатысты осы Заңның 53-1-бабының 2-тармағында көзделген шараларды қолдануға құқылы.
      Бұзушылықтар осы есепті алған күннен бастап бір жыл ішінде жойылмаған жағдайда, уәкілетті орган:
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын осы Заңның 55-бабының 1-тармағы 1) тармақшасының негізінде лицензиясынан айыруға кері қайтарып алуға;
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (олармен дауыс беру құқығы бар) ірі қатысушыға қатысты осы Заңның 53-1-бабының 3-тармағында көзделген шараларды қолдануға құқылы.
      Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.05.05 N 139, 2006.07.05 N 164, 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

6-тарау. САҚТАНДЫРУ (ҚАЙТА САҚТАНДЫРУ) ҰЙЫМДАРЫН ҚҰРУ

      21-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының
               құрылтайшылары мен акционерлерi

      1. Жеке және заңды тұлғалар - Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резидент еместерi осы Заңда және уәкілетті мемлекеттiк органның өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген талаптарды ескере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының құрылтайшылары және акционерлерi бола алады.
      2. Мемлекет Қазақстан Республикасының Үкiметi және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арқылы ғана сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшысы және акционерi бола алады.
      Ұлттық басқарушы холдингті қоспағанда, жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң немесе орналастырылған акцияларының елу процентiнен астамы мемлекетке тиесiлi ұйымдар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының құрылтайшылары және акционерлерi бола алмайды.
      3. (алып тасталды)
      4. Тізбесін уәкілетті орган белгілейтін оффшорлық аймақтарда тіркелген немесе оффшорлық аймақтарда тіркелген аффилиирленген тұлғалары бар заңды тұлғалар немесе оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғалардың қатысушылары (құрылтайшылары, акционерлері) болып табылатын жеке тұлғалар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының - Қазақстан Республикасы резиденттерінің дауыс беретін акцияларын тікелей немесе жанама түрде иемденуге және (немесе) пайдалануға және (немесе) оларға билік етуге құқығы жоқ.
      Аталған шектеу оффшорлық аймақтарда тіркелген тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің "А" рейтингінен төмен емес халықаралық кредиттік рейтингі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қолданылмайды.
      Оффшорлық деп танылған аймақтардың тізбесі сақтандыру қызметіне қадағалауды жүзеге асыру кезінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
      5. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысатын акционер (Қазақстан Республикасының резидент банкі болып табылатын акционерді қоспағанда) өтініш табыс етеді, онда, егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында мұндай акционерлердің (қатысушылардың) тіркелген елі туралы ақпарат жоқ болған жағдайда, оның акционерлерінің (қатысушыларының) осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің талаптарын орындауы туралы көрсетеді.
      Аталған өтінішті табыс етпеген акционер акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға жіберілмейді.
      Өтініште көрсетілген ақпараттың дәйексіз екені анықталған не осы баптың 4-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген талаптарды бұзу анықталған кезде:
      1) егер дауыс беретін акциялардың көпшілігі (өтінішті табыс еткен акционердің дауыс беретін акциялары ескерілмей) шешімді жақтап дауыс берсе, онда акционерлердің жалпы жиналысының шешімі осы акционердің дауыстары ескерілмей қабылданған болып есептеледі;
      2) егер өтінішті табыс еткен акционердің дауысы шешуші болса, онда бұл мән-жай Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органның не өзге де мүдделі тұлғалардың талабы бойынша акционерлердің жалпы жиналысының шешімін жарамсыз деп тануға негіз болып табылады.
      Ескерту. 21-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.07.07 N 178, 2007.07.26 N 313 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      22-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құқықтық
               мәртебесi

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық ұйым болып табылады және өз қызметiн осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырады.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құқықтық мәртебесi заңды тұлғаның әдiлет органдарында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ретiнде мемлекеттiк тiркелуiмен және сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиясының болуымен айқындалады.
      Ескерту. 22-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      23-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өз жарғысында жазылған атауды өз атауы ретiнде пайдаланады.
      2. "Жалпы сақтандыру" саласындағы қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының толық атауында мiндеттi түрде "сақтандыру" деген сөз немесе содан туындаған сөз болуға тиiс.
      3. "Өмiрдi сақтандыру" саласындағы қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының толық атауында мiндеттi түрде "өмiрдi сақтандыру" деген сөздер немесе содан туындаған сөздер болуға тиiс.
      4. Тек қана қайта сақтандыру қызметiн жүзеге асыратын қайта сақтандыру ұйымының толық атауында мiндеттi түрде "қайта сақтандыру" деген сөздер немесе содан туындаған сөз болуға тиiс.
      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз атауында "ұлттық", "орталық", "бюджеттiк", "республикалық" деген сөздердi пайдалануына тыйым салынады.
      6. Атау ретiнде бұрынғы құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, оның iшiнде Қазақстан Республикасының резидентi емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының атауындағы белгiлермен бiрдей немесе онымен араластыру дәрежесiне дейiн соған ұқсас сөздердi белгi атауы ретiнде пайдалануға жол берiлмейдi. Мұндай тыйым салу, еншiлес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары негiзгi ұйымның атауын пайдаланған жағдайда қолданылмайды.

      24-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының органдары

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мiндеттi түрде мынадай алқалық органдар құрады:
      1) директорлар кеңесi - басқару органы;
      2) басқарма - атқарушы орган;
      3) iшкi аудит қызметi - бақылау органы.
      Жалпы сақтандыру" саласында қызметті жүзеге асыратын жаңадан құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уәкілетті органның лицензиясын алған кезден бастап екі жыл ішінде, ал "өмірді сақтандыру" саласында - үш жыл ішінде бір аудиторы болуы мүмкін.
      2. Қазақстан Республикасының заңдарында акционерлiк қоғамның тек қана директорлар кеңесiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелерге қосымша, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесi аудиторлық ұйымның аудиторлық есебiнiң, ішкі аудит қызметінің немесе актуарийдiң негiзiнде белгiленген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабiлеттiлiгi жөнiндегi заң талаптарының бұзылуына байланысты мәселелердi қарауға құзыреттi.
      Ескерту. 24-бапқа өзгертулер енгізілді - ҚР 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.05.05 N 139, 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      25-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық
               капиталын қалыптастыру

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акциялары орналастырылған кезде тек қана Қазақстан Республикасының ұлттық валюта ақшасымен төленуге тиiс.
      2. Заңды тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құрған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын меншікті оң капиталы болған ретте ғана сатып алады. Бұл шектеу жинақтаушы зейнетақы қорларына (зейнетақы активтері есебінен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алатын) және инвестициялық қорларға қолданылмайды.
      3. алып тасталды.
      4. Құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталының ең аз мөлшерiн оның құрылтайшылары оны мемлекеттiк тiркеуден өткiзген кезге дейiн толық төлеуге тиiс.
      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкiлеттi мемлекеттiк органның келiсiмiмен ғана акционерлерден меншiктi акцияларын сатып алуға, мәмiле жасау нәтижесiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабiлетi мәселелерiне қатысты заң талаптары бұзылмайтын жағдайда құқылы.
      Ескерту. 25-бапқа өзгертулер енгізілді - ҚР 2003.05.16 N 416, 2003.07.10 N 483, 2005.0708 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      26-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі
               қатысушысы

      1. Бірде-бір тұлға уәкілетті органның жазбаша келісімінсіз дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы бола алмайды.
      Мемлекет, ұлттық басқарушы холдинг сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары болып табылмайды.
      Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғалар рейтингтік агенттіктердің бірінің ең аз талап етілетін рейтингі болғанда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алуға уәкілетті органның келісімін ала алады. Ең аз рейтинг және рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан да көп процентін тікелей иеленетін немесе ең аз талап етілетін рейтингі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан да көп процентімен дауыс беру мүмкіндігі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушы болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғаның акцияларын (қатысу үлестерін) иелену (олармен дауыс беру) арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан да көп процентін жанама иеленуді немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан да көп процентімен жанама дауыс беруді көздейтін Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғасы үшін аталған рейтингтің болуы талап етілмейді.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары - жеке тұлғалар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын өздеріне меншік құқығында тиесілі мүлік құнынан аспайтын мөлшерде төлейді.
      2. Ірі қатысушы мәртебесін алуға келісім беру, келісімді кері қайтарып алу ережелерін, аталған келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптарды уәкілетті орган айқындайды.
      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы болғысы келетін тұлға келісім алу үшін уәкілетті органға осы баптың 4, 5, 6, 7, 7-1-тармақтарында айқындалған құжаттар мен мәліметтерді қоса тіркей отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алу туралы өтінішті табыс етуге міндетті.
      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім алу үшін жеке тұлға мынадай құжаттарды:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын, оның ішінде бұрын сатып алынғандарын сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді, соның ішінде растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса тіркей отырып, акцияларды сатып алуға пайдаланылатын ақша көздері мен қаражаттардың сипаттамасын;
      2) өтініш берушінің мүддесін білдіру тапсырылған өтініш берушінің өкіліне (ол бар болғанда) берілген сенімхатты;
      3) өзі ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың тізімін және олардың құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін;
      3-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайының ықтимал нашарлауы жағдайларында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қайта капиталдандыру жоспарын;
      3-2) растайтын құжаттарды қоса тіркей отырып, мінсіз іскерлік бедел туралы мәліметтерді;
      3-3) табыстары мен мүлкі туралы мәліметтерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда салық органдарына табыс етілетін жеке табыс салығы жөніндегі декларацияның көшірмесін және жеке тұлға тұратын елдің уәкілетті тұлғалары растаған өзге де құжаттарды;
      4) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш беруші туралы қысқаша деректерді, соның ішінде білімі туралы, еңбек қызметі туралы мәліметтерді;
      5) Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлғаның тұратын елінің тиісті мемлекеттік органының Қазақстан Республикасының резиденті - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алуға осы ел заңнамасында рұқсат етілгені туралы жазбаша растауын не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының аталған құрылтайшы мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіні туралы мәлімдемесін табыс етеді.
      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті заңды тұлға мынадай құжаттарды:
      1) өтініш берушінің жоғары органының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу туралы шешімінің көшірмелерін;
      2) осы баптың 4-тармағының 1), 2), 3) және 3-1) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;
      2-1) оның басшы қызметкерлерінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді;
      3) құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін, өтініш берушінің ірі қатысушылары туралы, сондай-ақ өтініш берушінің ірі қатысушыларының ірі қатысушылары туралы қысқаша деректерді;
      4) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш берушінің басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректерді, соның ішінде білімі, еңбек қызметі туралы мәліметтерді;
      5) аяқталған соңғы екі қаржы жылының аудиторлық ұйым куәландырған жылдық қаржылық есептілігін, сондай-ақ тиісті өтініш табыс етер алдындағы аяқталған соңғы тоқсанның қаржылық есептілігін;
      6) ірі қатысушы мәртебесін алудың қаржылық салдарларын талдауды, соның ішінде өтініш берушінің және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мәртебе алғаннан кейінгі болжамды есеп айырысу балансын, егер бар болса, өтініш берушінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерін сату, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын қайта ұйымдастыру жөніндегі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметіне немесе оны басқаруға айтарлықтай өзгерістер енгізу жөніндегі жоспарлары мен ұсыныстарын (бизнес-жоспар мен ұйымдық құрылымды қоса алғанда) табыс етеді.
      6. Ірі қатысушы мәртебесін алуға келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға мынадай құжаттарды:
      1) осы баптың 4-тармағының 1), 2), 3) және 3-1) тармақшаларында және 5-тармағының 1), 2-1), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;
      2) осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі берген заңды тұлғаның кредит рейтингі туралы мәліметтерді табыс етеді.
      7. Ірі қатысушы мәртебесін алуға келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржылық ұйым мынадай құжаттарды:
      1) осы баптың 6-тармағында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;
      2) өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органының өтініш беруші осы ел заңнамасының шеңберінде қаржы қызметін жүзеге асыруға уәкілетті екендігі туралы жазбаша растауын не өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органының осы елдің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіні туралы жазбаша растауын табыс етеді.
      7-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иемденуге келісім алу үшін өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін сатып алуға ниеттенген Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы мынадай құжаттарды:
      1) осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген рейтингтік агенттіктердің бірі талап ететін ең төмен рейтингтің болуын растайтын құжатты;
      2) өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органынан алынатын, Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымының шоғырландырылған қадағалауға жататыны туралы жазбаша растауды;
      3) өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иемденуіне жазбаша рұқсатын (келісімін) не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының аталған мемлекеттің заңнамасы бойынша осындай рұқсат (келісім) талап етілмейтіні туралы өтінішін табыс етеді.
      8. Жиынтығында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акцияларының он немесе одан да көп процентін иеленетін немесе олармен тікелей немесе жанама дауыс беру мүмкіндігі бар және:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шешімдеріне өздерінің арасында жасалған шартқа орай не өзгеше түрде бірлесіп ықпал ететін;
      2) жеке алғанда немесе өзара бір-бірінің ірі қатысушылары болып табылатын;
      3) олардың бірі басқа тұлғаның лауазымды тұлғасы немесе өкілі болып табылатын;
      4) олардың бірі өздерінің арасында жасалған шартқа сәйкес екінші тұлғаға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу мүмкіндігін берген;
      5) жақын туыстар немесе ерлі-зайыптылар болып келетін тұлғалар бірлесіп сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушы болып табылатын тұлғалар деп танылады.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы банк заңнамасының талаптарына сәйкес банк конгломератына кіретін жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы банк заңнамасына сәйкес шоғырландырылған қадағалауға жатады.
      9. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алу үшін осы баптың талаптарына сәйкес берілген өтініш бойынша шешімді уәкілетті орган құжаттардың толық топтамасы табыс етілген күннен бастап үш ай ішінде қабылдауға тиіс.
      10. Уәкілетті орган келісім беруге негіз болған жалған мәліметтер анықталған немесе өтініш беруші ірі қатысушы мәртебесін иемдену нәтижесінде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының талаптарын бұзған немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары осы Заңның талаптарын сақтамаған жағдайда, осы бапқа сәйкес берілген келісімді кері қайтарып алуға құқылы. Бұл жағдайда мұндай шара қолданылатын тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акцияларының өзіне тиесілі санын осы бапта белгіленгеннен төмен деңгейге дейін азайтуға міндетті.
      11. Тұлға өзіне қатысты емес себептер бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келе бастаған не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акциялары кепіл болып табылатын борыштық міндеттемелер бойынша кепілге салынған мүліктің оған көшуі нәтижесінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының осы бапта белгіленген шектерге тең немесе одан асатын мөлшердегі акцияларын меншігіне алған жағдайларға осы баптың міндетті түрде уәкілетті органның келісімін алу қажеттігі туралы талаптары қолданылмайды.
      Аталған жағдайларда ірі қатысушы белгілеріне сәйкес келетін тұлға акцияларды сатып алған немесе оған өзінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы белгісіне сәйкес келетіні белгілі болған кезден бастап отыз күн ішінде уәкілетті органды хабардар етуге және осы баптың ережелеріне сәйкес уәкілетті органның жазбаша келісімін алғанға дейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшылығына немесе қызметіне ықпал етуге бағытталған ешқандай әрекет жасамауға немесе осылайша сатып алынған акциялармен дауыс бермеуге міндетті.
      Тиісті мәртебені алу туралы өтініш акцияларды сатып алған кезден бастап не оған өзінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетіні белгілі болған кезден бастап алпыс күн ішінде, егер бұл тұлға көрсетілген мерзімде акцияларды иеліктен шығарғысы келмесе ғана, уәкілетті органға табыс етіледі. Акцияларды сатып алған күннен бастап алпыс күн ішінде оларды иеліктен шығару жөнінде шешім қабылдағаны туралы ақпарат мұндай шешім қабылданған күннен бастап дереу уәкілетті органға табыс етіледі.
      11-1. Мыналар бойынша:
      1) кезектен тыс акционерлердің жалпы жиналысын шақыру немесе директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналысын шақырудан бас тартқан жағдайда оны шақыру туралы сотқа талап-арызбен жүгіну;
      2) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне қосымша мәселелер енгізу;
      3) директорлар кеңесінің отырысын шақыру;
      4) аудиторлық ұйымның қоғамның өз есебінен аудит өткізуі мәселелері бойынша акционерлердің шешім қабылдауын көздейтін олардың арасында жасалған келісім негізінде әрекет ететін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиынтығы он және одан да көп проценті өздеріне тиесілі акционерлер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары болып табылмайды.
      12. Егер уәкілетті органға осы тұлғаның ірі қатысушы белгісіне сәйкес келетінін немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын тікелей, жанама иеленуші болып табылатынын немесе келісімнің негізінде немесе өзгеше түрде осы Заңның талаптарына сәйкес уәкілетті органның келісімінсіз, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының осы бапта белгіленген шектерге тең немесе одан асатын мөлшердегі акцияларымен дауыс беру мүмкіндігі бар екенін көрсететін мәліметтер белгілі болса, ол жеке және заңды тұлғалардан ақпарат табыс етуді талап етуге құқылы. Ақпарат оны иеленетін кез келген тұлғалардан, сондай-ақ осы тұлғалардың бақылауында болатын ұйымдардан талап етілуі мүмкін.
      13. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы шешім қабылдаған күннен бастап отыз күн мерзімде, растайтын құжаттарды табыс ете отырып, уәкілетті органды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының өзі тікелей немесе жанама иеленетін немесе тікелей немесе жанама дауыс беру мүмкіндігі бар үлесін өзгерту туралы хабардар етуге міндетті.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акциялары санының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының санына проценттік қатынасының ұлғаю жағына өзгеруі жағдайында, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы уәкілетті органға растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көздері туралы ақпарат ұсынуға тиіс.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акциялары санының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының санына проценттік арақатынасы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына тиесілі он немесе жиырма бес проценттен кем болатындай санға дейін өзгерген жағдайда уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының өтініші бойынша не аталған фактіні дербес анықтаған жағдайда осы факті анықталған күннен бастап бір ай ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иемденуге келісім беру үшін көзделген тәртіппен бұрын берілген жазбаша келісімнің күші жойылды деп тану туралы шешім қабылдайды.
      14. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзінің барлық ірі қатысушыларына тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акциялары санының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акциялары санына проценттік арақатынасын көрсете отырып, олардың тізімін есепті тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей уәкілетті органға тоқсан сайын табыс етуге міндетті.
      15. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы дауыс беретін акцияларының он және одан астам процентін иеленетін акционерлер құрамының өзгергені туралы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзінің осындай фактіні анықтаған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
      16. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушыларының, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының белгілеріне сәйкес келетін жеке және заңды тұлғалардың осы баптың 11-15-тармақтарына сәйкес талап етілетін ақпаратты көрсетілген мерзімде уақтылы бермеуі, бермеуі немесе жалған мәліметтер беруі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
      Ескерту. 26-бап жаңа редакцияда - ҚР 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      26-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі
                 қатысушысы болғысы келетін тұлғаларға
                 уәкілетті органның рұқсат беруден бас тарту
                 негіздері

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы болғысы келетін тұлғаларға уәкілетті органның рұқсат беруден бас тартуына:
      1) осы Заңның 26-бабында көрсетілген құжаттарды табыс етпеу;
      2) осы Заңның 34-бабының 2-тармағы 3)-5) тармақшаларының талаптарын сақтамау (жеке тұлғаға немесе өтініш беруші - заңды тұлғаның басшы қызметкерлеріне қатысты);
      3) өтініш берушінің қаржылық жағдайының тұрақсыздығы;
      3-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жай-күйінің ықтимал нашарлауы жағдайында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұсынылған қайта капиталдандыру жоспарының тиімсіздігі;
      3-2) өтініш беруші - жеке тұлғада, өтініш беруші - заңды тұлғаның басшы қызметкерінде мінсіз іскерлік беделдің болмауы;
      4) өтініш берушінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алуы нәтижесінде монополияға қарсы заңнама талаптарының бұзылуы;
      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алу жөніндегі мәміледе тараптардың бірі оффшорлық аймақта тіркелген тұлға (оның аффилиирленген тұлғасы) немесе тізбесін уәкілетті орган белгілейтін оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғалардың қатысушысы (құрылтайшысы, акционері) болып табылатын жеке тұлға болатын жағдайлар;
      6) өтініш беруші - қаржы ұйымы өзі орналасқан елде шоғырландырылған негізде қадағалауға жатпайтын жағдайлар;
      7) өтініш берушінің осы Заңда белгіленген, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшылары мен акционерлеріне қойылатын өзге де талаптарды сақтамауы;
      8) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайының нашарлайтынын көздейтін қаржылық салдарларды талдау;
      9) өтініш беруші - Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржылық ұйымда шыққан елі заңнамасының шеңберінде қаржы қызметін жүзеге асыру өкілеттігінің болмауы;
      10) өтініш беруші - Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғада осы Заңның 26-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін уәкілетті орган айқындайтын халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірінің ең аз қажетті рейтингінің болмауы;
      11) уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде тұлға бұрын ірі қатысушы-жеке тұлға не қаржы ұйымының ірі қатысушы-заңды тұлғасының бірінші басшысы және (немесе) қаржы ұйымының басшы қызметкері болып табылған не табылатын жағдайлар негіз болып табылады. Аталған талап уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл бойы қолданылады.
      Осы тармақтың 6) тармақшасында көзделген, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы болғысы келетін тұлғаларға уәкілетті органның келісім беруден бас тарту негізі уәкілетті орган елінің қадағалау органымен ақпарат алмасу туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алатын жағдайларға қолданылмайды.
      2. Мына жағдайлардың бірінің болуы:
      1) өтініш беруші - заңды тұлға өтініш берген күнге дейін екі жылдан кем уақытта құрылса;
      2) өтініш берушінің міндеттемелері басқа заңды тұлғалардың акцияларына және жарғылық капиталдарына қатысу үлестеріне орналастырылған және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алуға көзделген активтер сомасын шегеріп тастағанда өзінің активтерінен асып кетсе;
      3) аяқталған екі қаржы жылының нәтижелері бойынша залал шексе;
      4) өтініш беруші міндеттемелерінің мөлшері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайына айтарлықтай қауіп төндірсе;
      5) өтініш берушінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының алдында мерзімі өткен және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының балансынан тыс жатқызылған берешегі болса;
      6) өтініш берушінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алуының қаржылық салдарларын талдау өтініш берушінің қаржылық жағдайының нашарлайтынын көздесе;
      7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) оның клиенттеріне нұқсан келтіру мүмкіндігін куәландыратын өзге де негіздер өтініш берушінің қаржылық жағдайының тұрақсыздық белгісі болып табылады.
      3. Тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесіне келісім алмаған кезде, уәкілетті орган бұл тұлғаға осы Заңның 53-1-бабында көзделген мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.
      Ескерту. 26-1-баппен толықтырылды, өзгерту енгізілді - ҚР 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.     

      27-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға
               рұқсат беру

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алу үшiн уәкілетті мемлекеттiк органға мынадай құжаттар табыс етiледi:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алуға өтiнiш;
      2) нотариат куәландырған және заңдарда белгiленген тәртiппен ресiмделген құрылтай құжаттарының (жарғы, құрылтай шарты) төрт данасы;
      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құру туралы шешiм қабылданғанын дәлелдейтiн құжаттар;
      4) құрылтайшылар - заңды тұлғалар туралы мәлiметтер (ондай құрылтайшылар болған жағдайда), оған заңды тұлға ретiнде олардың мемлекеттiк тiркеуден өткенi туралы нотариат куәландырған куәлiктiң көшiрмесi; нотариат куәландырған құрылтай құжаттарының көшiрмесi; аяқталған соңғы екі қаржы жылының аудиторлық ұйым растаған қаржылық есептілігі, құжаттар табыс ету алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы бухгалтерлік баланс және пайдалар мен шығындар туралы есеп қамтылады;
      5) құрылтайшылар - жеке тұлғалар (мұндай құрылтайшылар болған кезде) туралы мәліметтер, соның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құру үшін пайдаланылған ақша көздерінің сипаттамасы мен сомасы, сондай-ақ экономикалық қызмет саласында жасаған қылмысы, сыбайлас жемқорлық және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмысы үшін белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған сотталғандығы жоқтығы туралы анықтама;
      6) құрылтайшылар құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берген тұлға бекіткен, актуарий растаған және "жалпы сақтандыру" саласында құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін таяу үш жылға және "өмірді сақтандыру" саласында құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін бес жылға арналып әзірленген бизнес-жоспар. Бизнес-жоспарда мынадай мәселелер: сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құрудың мақсаттары, негізгі қызмет бағыттарының қысқаша сипаттамасы және құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бағдарланатын нарық сегменті, құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы туралы және нарықтағы үлесі туралы ақпарат, өнімдер мен көрсетілетін қызмет түрлері, оларды сату тәсілдері, маркетингтік зерттеулер, сақтандыру андеррайтингі, баға стратегиясы, соның ішінде сақтандыру тарифтерін есептеу тәртібі және олардың экономикалық негіздемесі, өнімдерді жылжыту стратегиясы, сақтандыру өнімдерін бөлу, қаржы жоспары, соның ішінде шығындылық коэффициенттерінің болжамы, құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жүргізуге ниет етіп отырған инвестициялық саясат пен қайта сақтандыру саясаты, құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұйымдық құрылымы, директорлар кеңесі, мамандардың болжамды білім деңгейі, уәкілетті органның тиісті талаптарына сәйкес келетін тәуекелдерді басқару ұйымы көрсетілуге тиіс;
      6-1) алынып тасталды - ҚР 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      7) өтiнiш берушiнiң құрылтайшылар атынан өтiнiш беру өкiлеттiгiн растайтын нотариат куәландырған құжат.
      1-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесіне сәйкес келетін мөлшерде сатып алу ниеті бар тұлға осы баптың 1-тармағында тізбектеліп көрсетілген құжаттардан басқа, осы Заңның 26-бабында көзделген құжаттар мен мәліметтерді табыс етеді.
      2. Қазақстан Республикасының резидентi емес болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшысы өз мемлекетiнiң тиiстi сақтандыруды қадағалау органының өзiне Қазақстан Республикасы резидентiнiң - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алуға рұқсат етiлгенiн растайтын құжатты не тиiстi мемлекеттiң заңдары бойынша мұндай рұқсат талап етiлмейтiнi туралы мәлiмдеменi табыс етуге мiндеттi.
      Қазақстан Республикасының резидентi емес құрылтайшының шетелдiң мемлекеттiк органы берген құжаттары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен заңдастырылуға тиiс.
      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру тәртібі мен шарттары, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1), 4) - 6) тармақшаларында аталған құжаттардың мазмұнына, соның ішінде сақтандыру тарифтерін есептеу тәртібі мен олардың экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптар уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға берiлген рұқсаттың, ол берiлген күннен бастап, алты ай бойына заңды күшi болады. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға берiлген рұқсатты уәкiлеттi мемлекеттiк орган осы Заңда көзделген негiздер бойынша мерзiмiнен бұрын керi қайтарып алуы мүмкiн.
      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға берiлген рұқсатты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия берiлген кезде уәкiлеттi мемлекеттiк органға қайтаруға тиiс.
      6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру туралы өтiнiштi уәкiлеттi мемлекеттiк орган өтiнiш берушi осы баптың 1-тармағына сәйкес уәкiлеттi мемлекеттiк орган сұратқан соңғы құжатты табыс еткен күннен бастап үш ай iшiнде қарауға тиiс.
      7. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган өтiнiш берушiге қабылданған шешiм туралы оның өзi көрсеткен жерiне (тұрғылықты жерiне) жазбаша хабарлайды.
      Ескерту. 27-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2003.07.10 N 483, 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.11 N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      28-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға
               рұқсат беруден бас тарту негiздерi

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беруден:
      1) құжаттардың толық емес пакетін табыс ету не табыс етiлген құжаттардың осы Заңның 27-бабының 1-3-тармақтарында аталған талаптарға сәйкес болмауы;
      2) құрылтайшының акцияларға төлем жасау үшiн өз қаражатының жеткiлiксiз болуы;
      3) уәкiлеттi мемлекеттiк органға құрылатын ұйым мен оның құрылтайшыларына қатысты жалған ақпарат берiлу;
      4) құрылтайшының аяқталған соңғы екі қаржы жылындағы залал шеккен қызметі;
      5) алынып тасталды - ҚР 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      6) уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алуға рұқсат беруден осы Заңның 26-1-бабында көрсетілген негіздемелер бойынша бас тартуы;
      7) құрылтайшы-жеке тұлғаларда, атқарушы органның не құрылтайшы-заңды тұлғаның басқару органының бірінші басшысында алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы негіздері бойынша бас тартылуы мүмкін.
      2. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган осы Заңның 27-бабының 6-тармағында көзделген мерзiмде өтiнiш берушiге бас тарту негiзiн көрсете отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беруден бас тартқаны туралы жазбаша түрде хабарлайды.
      Ескерту. 28-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      29-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға
               берiлген рұқсатты қайтарып алу негiздерi

      Уәкiлеттi мемлекеттiк орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға берiлген рұқсатты:
      1) оның жалған мәлiметтер негiзiнде берiлгенi анықталған;
      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ретiнде тiркелген заңды тұлға сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алғанға дейiнгi кезеңде сақтандыру iсiн және сақтандыру iсiне байланысты қызметтi жүзеге асырған;
      3) уәкiлеттi мемлекеттiк орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға берген рұқсаттың мерзiмi өтiп кетiп, сол мерзiм iшiнде ол әдiлет органдарында тiркелмеген немесе сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті мемлекеттiк органға өтініш бермеген жағдайларда керi қайтарып алуға құқылы.

      30-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын
               мемлекеттiк тiркеу

      1. Әдiлет органдары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мемлекеттiк тiркеудi уәкiлеттi мемлекеттiк органның оны құруға берген рұқсаты және оның құрылтай құжаттарының уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiлгенiн растайтын деректер болған жағдайда жүзеге асырады.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшылары оны құруға уәкiлеттi мемлекеттiк органның рұқсатын алған күннен бастап екi айдан кешіктiрмей әділет органына оны мемлекеттік тіркеу үшін өтініш жасауға мiндеттi.

      31-бап. Құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар
               енгiзу тәртiбi

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарына енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден) өткiзiлгенге дейiн уәкiлеттi мемлекеттiк органмен мiндеттi түрде келiсiлуге не әдiлет органдарына хабарлануға тиiс.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтыруларды алдын ала келiсу тәртiбi уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi.

      32-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес
               ұйымдары және сақтандыру (қайта сақтандыру)
               ұйымының басқа заңды тұлғалардың жарғылық
               капиталдарына қомақты қатысуы

      1. Осы Заңның 48-бабының 1-тармағында аталған шектеулерді ескере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органның рұқсаты болған кезде ғана, еншілес ұйымдарды құруға, сатып алуға немесе басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қомақты қатысуға құқылы.
      Еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға, басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қомақты қатысуға рұқсат беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде осы баптың талаптары ескеріле отырып айқындалады.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымы еншілес ұйымдарды құруға және (немесе) оларды иеленуге құқылы емес.
      Еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзінің толық атауында "еншілес" деген сөзді көрсетуге және бас сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атын пайдалануға міндетті.
      3. Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы соңғы екі жыл ішіндегі залалдары (олар болғанда) уәкілетті орган белгілеген мөлшерден асып кетпеген және өтініш берген күнге дейін соңғы үш ай ішінде пруденциялық нормативтерді сақтаған жағдайда еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға құқылы.
      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы еншілес ұйымды құруға, сатып алуға рұқсат алу үшін уәкілетті органға еркін нысанда өтінішті табыс етеді және оған мынадай құжаттарды:
      1) еншілес ұйымның құрылтай құжаттарын, жарғыны бекіту туралы хаттамаларды;
      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органының еншілес ұйымды құру немесе сатып алу туралы шешімін;
      3) еншілес ұйымның басшы қызметкерлері туралы ақпаратты;
      4) еншілес ұйымның ұйымдық құрылымын және аффилиирленген тұлғалары туралы мәліметтерді;
      5) бизнес-жоспарды табыс ете отырып, еншілес ұйым қызметінің түрі немесе түрлері туралы ақпаратты;
      6) еншілес ұйымды сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді;
      7) сатып алынатын еншілес ұйымның жарғылық капиталының мөлшері туралы (егер мұндай ақпарат аудиторлық есепте болмаса), сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сатып алынатын еншілес ұйымның жарғылық капиталына қатысу үлесі немесе акцияларының саны, оларды сатып алу бағасы туралы ақпаратты;
      8) сатып алынатын еншілес ұйымның заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткені туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесін;
      9) аудиторлық ұйымның есебін және сатып алынатын еншілес ұйымның аудиторлық ұйым растаған қаржылық есептілігін;
      10) жарғылық капиталына қатысу үлесін немесе акцияларын сатып алу арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы еншілес ұйымды сатып алған заңды тұлға туралы деректерді, оның ішінде қоса:
      заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жері;
      құрылтайшысы (қатысушысы) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болып табылатын заңды тұлғаның жарғылық капиталына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қатысу үлесінің мөлшері, оны сатып алу бағасы туралы мәліметтерді;
      акционері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болып табылатын заңды тұлғаның акцияларының саны, оларды сатып алу бағасы, олардың орналастырылған акциялардың (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегере отырып) жалпы санына проценттік арақатынасы туралы мәліметтерді;
      заңды тұлғаның (құрылтайшысы, қатысушысы, акционері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болып табылатын) қатысу үлесінің мөлшері, оның басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы сатып алу бағасы туралы мәліметтерді;
      акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болып табылатын заңды тұлғаның сатып алған акцияларының саны, оларды сатып алу бағасы, олардың орналастырылған акциялардың (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегере отырып) жалпы санына проценттік арақатынасы туралы мәліметтерді;
      11) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйым қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің болуын растайтын құжаттарды;
      12) еншілес ұйымды бақылауды және бақылау негіздерін растайтын құжаттарды қоса тіркейді.
      5. Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға рұқсат беруден бас тарту үшін:
      1) рұқсат алуға қажетті, осы баптың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды табыс етпеу;
      2) еншілес ұйым басшы қызметкерлерінің (немесе басшы қызметкерлер лауазымдарына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылатын кандидаттардың) осы Заңның 34-бабы 2-тармағы 3)-5) тармақшаларының талаптарына сай келмеуі;
      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өтініш берген күнге дейінгі үш ай ішінде және (немесе) өтінішті қарау кезеңінде пруденциялық нормативтерді сақтамауы;
      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының көзделетін еншілес ұйымдардың болуы салдарынан пруденциялық нормативтерді сақтамауы;
      5) өтініш берген күнге және құжаттарды қарау кезеңінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты қолданылып жүрген шектеулі ықпал ету шаралары мен санкциялардың болуы;
      6) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, соның ішінде еншілес ұйым қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің бар екендігін растайтын құжаттардың уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелеріне қоятын талаптарына сай келмеуі;
      7) еншілес ұйым қызметінің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жоспарлаған инвестициялардың салдарынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайының нашарлауы және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы клиенттерінің мүдделеріне нұқсан келуі көзделетін қаржылық салдарлар талдауы негіздер болып табылады.
      6. Уәкілетті орган өтініш берілгеннен кейін үш ай ішінде рұқсат беруге немесе рұқсат беруден бас тартуға міндетті.
      Рұқсат беруден бас тартқан жағдайда уәкілетті орган бас тартудың негіздері туралы өтініш берушіні жазбаша хабардар етуге міндетті.
      7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымы құрылтай құжаттарына енгізілген барлық өзгерістер мен толықтырулар туралы уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
      8. Уәкілетті органның рұқсатын алмаған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы еншілес ұйымның өзіне тиесілі акцияларын (қатысу үлестерін) өзімен аффилиирленбеген тұлғаларға үш ай мерзімде иелігінен шығаруға және растайтын құжаттарды уәкілетті органға табыс етуге міндетті.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзіне байланысты емес себептер бойынша еншілес ұйымды бақылауды иемденіп алған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осы факті анықталған кезден бастап бір ай мерзімде уәкілетті органның еншілес ұйымды иемденуге рұқсатын алу үшін осы баптың 4-тармағында көзделген құжаттарды табыс етуге тиіс.
      9. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат алуға өтініш осы баптың 4-тармағының 2), 3), 5)-8) тармақшаларында көзделген құжаттар қоса тіркеле отырып беріледі.
      Ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беруден бас тарту осы баптың 5-тармағында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.
      Қомақты қатысуға уәкілетті органның рұқсатын алмаған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзіне тиесілі акцияларды (қатысу үлесін) өзіне қатысты аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын тұлғаларға үш ай мерзімде иелігінен шығаруға және растайтын құжаттарды уәкілетті органға табыс етуге міндетті. Егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қомақты қатысуды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына байланысты емес себептер бойынша сатып алса, ол осы факті анықталған кезден бастап бір ай мерзімде уәкілетті органның қомақты қатысуға рұқсатын алу үшін осы тармақта көзделген құжаттарды табыс етуге тиіс.
      10. Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, соның ішінде еншілес ұйым қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің бар екендігін растайтын, табыс етілген құжаттардың уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелеріне қоятын талаптарына сай келмеуі ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беруден бас тарту үшін негіз болып табылмайды.
      11. Қазақстан Республикасының резиденті емес - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы рейтингтік агенттіктердің біреуінің ең аз талап етілетін рейтингісі болған кезде Қазақстан Республикасының резиденті - еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты бас сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бола алады. Ең аз рейтинг және рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
      12. Уәкілетті орган:
      1) рұқсат берілуге негіз болған дәйексіз мәліметтер анықталған;
      2) еншілес ұйым, жарғылық капиталына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қомақты қатысуы бар басқа заңды тұлға не сот қайта ұйымдастыру немесе тарату жолымен аталған ұйымдардың қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған;
      3) еншілес ұйымды, жарғылық капиталына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қомақты қатысуы бар басқа заңды тұлғаны рұқсат берілген күннен бастап бір жыл ішінде бақылау белгілері болмаған;
      4) еншілес ұйымның, жарғылық капиталына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қомақты қатысуы бар басқа заңды тұлғаның қызметі осы Заңның 48-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкес болмауы анықталған жағдайларда еншілес ұйымды құруға, иемденуге, басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсатты өзі белгілеген тәртіппен кері қайтарып алады.
      Еншілес ұйымды құруға, иемденуге, басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат кері қайтарылып алынған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үш ай мерзімде еншілес ұйымның, жарғылық капиталына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қомақты қатысуы бар басқа заңды тұлғаның өздеріне тиесілі акцияларын (қатысу үлестерін) осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен аффилиирленбеген тұлғаларға иелігінен шығаруды жүргізуге және растайтын құжаттарды уәкілетті органға табыс етуге міндетті.
      Еншілес ұйымды құруға, иемденуге, басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
      Ескерту. 32-бап жаңа редакцияда - ҚР 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      33-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының
               филиалдары мен өкілдіктерін құру, жабу

      1. Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органның келісімінсіз, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы директорлар кеңесі шешімінің негізінде Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тыс жерде де өзінің оқшауланған бөлімшелерін - филиалдарын және өкілдіктерін ашуға құқылы.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзінің филиалының немесе өкілдігінің әділет органдарында есептік тіркелген күнінен бастап отыз жұмыс күні ішінде:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының және өкілдігінің есептік тіркелу туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесін;
      2) тіркеген әділет органының белгісі мен мөрі қойылған филиал немесе өкілдік туралы ереженің нотариат куәландырған көшірмесін;
      3) филиалдың немесе өкілдіктің бірінші басшысына берілген сенімхаттың нотариат куәландырған көшірмесін қоса тіркей отырып, олардың ашылғаны жөнінде уәкілетті органды жазбаша хабардар етуге міндетті.
      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының заңды тұлға болып табылмайтын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы орналасқан жерден тыс орналасқан, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан сақтандыру қызметін жүзеге асыратын және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы берген өкілеттіктер шегінде әрекет ететін оқшауланған бөлімшесі. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен бірыңғай балансы, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауымен толық сәйкес келетін атауы болады.
      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өкілдігі - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының заңды тұлға болып табылмайтын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы орналасқан жерден тыс орналасқан, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан және оның тапсырмасы бойынша әрекет ететін және сақтандыру қызметін жүзеге асырмайтын оқшауланған бөлімшесі.
      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдарын ашудың міндетті шарттары:
      1) "өмірді сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымдарын қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аяқталған соңғы қаржы жылының қорытындылары бойынша залал шекпеген қызметі;
      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалды әділет органдарында есептік тіркеген күннің алдындағы үш ай ішінде пруденциялық нормативтерді (активтерді әртараптандыру нормативін қоспағанда) сақтауы;
      3) сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру түріндегі қолданыстағы санкцияның болмауы, сондай-ақ филиалды әділет органдарында есептік тіркеген күннің алдындағы үш ай ішінде уәкілетті органның Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 173-бабының бірінші бөлігінде (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының уәкілетті органға есептілікті не өзге де сұралатын ақпаратты ұсынуы мәселелері бойынша), бесінші, сегізінші, оныншы, он бірінші бөліктерінде, 174 және 175-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолдану түріндегі санкцияларды қолданбауы болып табылады.
      6. Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы аяқталған соңғы қаржы жылының қорытындылары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының залал шекпеген қызметі жағдайында өкілдік ашуға құқылы.
      7. Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиал, өкілдік туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде, әділет органдарында есептік тіркелген (қайта тіркелген) күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде осы құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін уәкілетті органға табыс етуге тиіс.
      8. Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасынан тыс жерде филиалдар мен өкілдіктер ашқан жағдайда, мемлекеттің тиісті органында тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде мемлекеттің тиісті органындағы тіркеуді растайтын құжаттарды қоса тіркей отырып, олардың ашылғаны жөнінде уәкілетті органды жазбаша хабардар етуге міндетті.
      9. Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өз өкілдігін уәкілетті органның келісімінсіз ашуға құқылы.
      10. Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өкілдігі әділет органдарында есептік тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде:
      1) Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өкілдігінің есептік тіркелу туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесін;
      2) тіркеген әділет органының белгісі мен мөрі қойылған өкілдік туралы ереженің нотариат куәландырған көшірмесін;
      3) тиісті мемлекеттің сақтандыруды қадағалау органының Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру қызметіне қолданылып жүрген лицензиясы бар екені туралы жазбаша растауын не сақтандыруды қадағалау органының жазбаша растау беру Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы шыққан елдің заңнамасында көзделмегені туралы мәлімдемесін;
      4) тиісті мемлекеттің сақтандыруды қадағалау органының Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өкілдігін ашуға қарсылық білдірмейтіні туралы жазбаша хабарламасын не тиісті мемлекеттің сақтандыруды қадағалау органының немесе беделді заң қызметінің Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіні туралы мәлімдемесін;
      5) сақтандыру ұйымының өкілдігі басшысының атына берілген нотариат куәландырған сенімхатты қоса тіркей отырып, өзінің ашылуы жөнінде уәкілетті органды жазбаша хабардар етуге тиіс.
      11. Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын ашуға тыйым салынады.
      12. Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өкілдігі әділет органдарында есептік тіркелген (қайта тіркелген) күнінен бастап отыз жұмыс күні ішінде өкілдік туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені туралы, осы құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса тіркей отырып уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
      13. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзінің филиалын және (немесе) өкілдігін әділет органдарында (филиалдың немесе өкілдіктің қызметі Қазақстан Республикасынан тыс жерде тоқтаған кезде мемлекеттің тиісті тіркеу органында) есептік тіркеуден шығарған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде әділет органының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын және (немесе) өкілдігін есептік тіркеуден шығарғанын растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін қоса тіркей отырып, олардың қызметін тоқтатуы жөнінде уәкілетті органды жазбаша хабардар етуге тиіс.
      14. Осы баптың 2, 5-8, 10, 12-тармақтарының талаптары орындалмаған жағдайда уәкілетті орган Қазақстан Республикасының резиденті - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын және (немесе) өкілдігі мен Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өкілдігін жабуды талап етуге құқылы.
      Ескерту. 33-бап жаңа редакцияда, өзгерту енгізілді - ҚР 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      34-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және
               сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлеріне
               қойылатын талаптар

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдары мен өкілдіктерінің бірінші басшыларын және олардың бас бухгалтерлерін қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы директорлар кеңесінің бірінші басшысы мен мүшелері, басқармасының бірінші басшысы мен мүшелері, бас бухгалтері және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және сақтандыру қызметін және (немесе) инвестициялық қызметті жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қою құқығы бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзге басшылары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлері болып танылады.
      Бірінші басшы және оның орынбасарлары, бас бухгалтер сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлері болып танылады.
      2. Мыналар:
      1) жоғары білімі жоқ;
      2) тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарында осы бапта белгіленген жұмыс стажы және (немесе) қаржылық қызметтер көрсету және (немесе) қаржылық ұйымдардың аудитін жүргізу жөнінде қызметтер көрсету және (немесе) оларды реттеу саласында жұмыс стажы жоқ;
      3) мінсіз іскерлік беделі жоқ;
      4) уәкілетті органның қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешімі қабылданғанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымы директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқармасының бірінші басшысы немесе оның орынбасары, бас бухгалтері , ірі қатысушысы-жеке тұлғасы, ірі қатысушысы-заңды тұлғасының бірінші басшысы болған адам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап уәкілетті органның қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешімі қабылданғаннан кейін бес жыл бойы қолданылады;
      5) өзге қаржылық ұйымда басшы қызметкер лауазымында болған кезеңінде оны басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған адам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім кері қайтарып алу туралы шешімді қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай бойы қолданылады.
      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы басқармасының бірінші басшысы лауазымына тағайындала (сайлана) алмайды.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесі құрамының кемінде отыз проценті тәуелсіз директорлар болуға тиіс.
      Басқарма мүшелерінің саны кемінде үш адам болуға тиіс.
      4. Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген талапқа сәйкес келуі үшін:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, басқармасының бірінші басшысы, бас бухгалтері және сақтандыру брокерінің бірінші басшысы лауазымдарына кандидаттар үшін кемінде үш жыл;
      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарма мүшелері , сақтандыру брокерінің бас бухгалтері және бірінші басшысының орынбасары лауазымдарына кандидаттар үшін кемінде екі жыл;
      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және сақтандыру және (немесе) инвестициялық қызметті жүргізуге негіз болатын құжаттарға қол қою құқығы бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзге басшылары лауазымдарына кандидаттар үшін кемінде бір жыл жұмыс стажы болуы қажет.
       Директорлар кеңесінің мүшелері, сондай-ақ тек қана сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қауіпсіздігі мәселелеріне, әкімшілік-шаруашылық мәселелеріне жетекшілік ететін басқарма мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жұмыс стажының болуы талап етілмейді.
      Осы тармақта айқындалған жұмыс стажына қаржылық ұйым бөлімшелеріндегі шаруашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты жұмыс кірмейді.
      5. Басшы қызметкер тағайындалған (сайланған) күннен бастап өз қызметін уәкілетті органмен келіспей күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзім ішінде атқаруға құқылы.
      Осы тармақта көрсетілген мерзім өткеннен кейін және құжаттардың толық топтамасы уәкілетті органға келісуге табыс етілмеген жағдайда не уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру брокері осы адаммен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттілігін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
       Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерінің және сақтандыру брокерінің міндеттерін уәкілетті органның келісімінсіз осы тармақта белгіленген мерзімнен асыра атқаруға (уақытша болмаған адамды ауыстыруға) тыйым салынады.
      Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру үшін табыс етілген құжаттарды олар табыс етілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.
      6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісім беру тәртібі, келісім алуға қажетті құжаттар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
      7. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартқан не ол сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкері лауазымынан босатылған немесе оны осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымындағы, осы сақтандыру брокеріндегі өзге лауазымға ауыстырған жағдайда бұл адам оны тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартылғаннан не ол лауазымнан босатылғаннан не өзге лауазымға ауыстырылғаннан кейін кемінде күнтізбелік тоқсан күн өткен соң, бірақ қатарынан он екі ай ішінде екі реттен артық емес, осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкері лауазымына қайта тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.
      8. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беруден қатарынан екі рет бас тартқан жағдайда, бұл адам өзін уәкілетті органның осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында, осы сақтандыру брокерінде тағайындауға (сайлауға) келісім беруден екінші рет бас тарту туралы шешімі қабылданған күннен бастап қатарынан он екі ай өткеннен кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкері болып тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.
      9. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісімін:
      1) келісім беруге негіз болған жалған мәліметтер анықталған;
      2) басшы қызметкерге уәкілетті органның санкцияларды жүйелі түрде (қатарынан соңғы он екі ай ішінде үш және одан да астам рет) қолдануы;
      3) осы бапта аталған тұлғаларды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келмейді деп тану үшін жеткілікті деректер негізінде қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету;
       4) алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы негіздері бойынша кері қайтарып алуға құқылы.
      Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері осы адаммен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
      10. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын осы Заңда белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылдаған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарманың бірінші басшысы және оның орынбасарлары және бас бухгалтер болып табылатын басшы қызметкерлермен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
      Ескерту. 34-бап жаңа редакцияда - ҚР 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      35-бап. Қазақстан Республикасының резидентi еместiң
               қатысатын сақтандыру (қайта сақтандыру)
               ұйымына қойылатын қосымша талаптар

      1. алып тасталды.
      2. Орналастырылған (артықшылықты және сатып алынған акцияларды шегере отырып) акциялары жиынтығының жиырма бес проценттен астамы:
      1) Қазақстан Республикасының резидентi еместiң;
      2) жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң немесе орналастырылған акцияларының елу процентiнен астамы Қазақстан Республикасының резидентi еместердiң меншiгiндегi және (немесе) басқаруындағы Қазақстан Республикасы резидентiнiң - заңды тұлғаның;
      3) Қазақстан Республикасының резидентi еместердiң бағалы қағаздарын атаулы ұстаушылар болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң меншiгiнде немесе басқаруында болып отырған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының резидентi еместер қатысатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болып табылады.
      Ескерту. 35-бапқа өзгертулер енгізілді - ҚР 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      36-бап.
      Ескерту. 36-бап алынып тасталынды - ҚР 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

7-тарау. ЛИЦЕНЗИЯЛАУ      

      37-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын және
               сақтандыру брокерін лицензиялау

      1. Өтініш беруші сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды: V074731
      1) сақтандыру ұйымын құруға не қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына рұқсат алу кезінде табыс етілген бизнес-жоспарда көзделген сақтандыру сыныптары шегінде лицензия беру туралы өтінішті;
      2) бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты;
      3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесін;
      4) салық төлеуші куәлігінің және статистикалық карточканың көшірмесін;
      5) енгізілген барлық өзгерістермен және толықтырулармен (бар болса) жарғының нотариат куәландырған көшірмесін;
      5-1) осы Заңның 34-бабының талаптарына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлерінің лауазымдарына ұсынылатын адамдардың құжаттарын;
      6) ең аз мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін;
      7) сақтандыру қызметін жүзеге асырудың ішкі ережелерін;
      8) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсат алу кезінде табыс етілген бизнес-жоспарға сәйкес жүргізілген ұйымдастыру іс-шаралары туралы есепті;
      9) өтініш берушінің штатында актуарийдің болуы туралы мәліметтерді;
      10) ішкі аудит қызметі туралы ережені;
      11) сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезінде міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға қатысу шартының, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде сақтандыру ұйымының мұндай ұйымға міндетті қатысуы белгіленген болса, нотариат куәландырған көшірмесін;
      11-1) сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезінде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін міндетті сақтандыру шарттары бойынша жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның акцияларын ұстаушылар тізілімінің жүйесінде ашылған сақтандыру ұйымының, егер Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісінде осы ұйымның акционері ретінде міндетті қатысуы көзделген болса, жеке шотынан үзінді көшірмені;
      12) міндетті сақтандыру түрлері бойынша Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын орындауды растайтын құжаттарды;
      13) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы (ірі қатысушылары) бар екенін растайтын құжатты (міндетті сақтандыру түрлерін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін) табыс етеді.
      Осы тармақта жазылған талаптар, осы тармақтың 13) тармақшасын қоспағанда, жұмыс істеп тұрған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қолданылмайды.
      2. Сақтандыру ұйымы сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
      1) өтінішті;
      2) актуарий қол қойған, сақтандырудың сыныбы (сыныптары) бойынша бизнес-жоспарды;
      3) сақтандырудың міндетті түрлері бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға қатысу шартының, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде сақтандыру ұйымының мұндай ұйымға міндетті қатысуы белгіленген болса, нотариат куәландырған көшірмесін;
      3-1) сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезінде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін міндетті сақтандыру шарттары бойынша жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның акцияларын ұстаушылар тізілімінің жүйесінде ашылған сақтандыру ұйымының, егер Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісінде осы ұйымның акционері ретінде міндетті қатысуы көзделген болса, жеке шотынан үзінді көшірмені;
      4) лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесін;
      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы (ірі қатысушылары) бар екенін растайтын құжатты (міндетті сақтандыру түрлерін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін) табыс етеді.
      3. Сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспарда мынадай ақпарат:
      1) мыналардың:
      сақтандыру сыныбы бойынша жабылатын тәуекелдердің;
      сақтандыру портфелінің құрылымындағы сақтандыру сыныбы үлесінің;
      сақтандыру сыныбы бойынша қызметтер көрсету нарығы сегментінің (нарық көлемінің, ықтимал сақтанушылардың, географиялық жерінің);
      сақтандыру өнімдерін сақтандыру сыныбы шеңберінде сату тәсілдерінің негізгі сипаттамалары;
      2) сақтандыру тарифтерін есептеу тәртібіне және олардың экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптар;
      3) осы сақтандыру сыныбы бойынша таяу екі жылға арналған, пайдалар, шығындар, сақтандыру резервтерінің есептері туралы болжам, шығындылық болжамы, ең нашар және ең жақсы жағдайдағы тәуекелдерді бағалау, пруденциялық нормативтердің сақталу болжамы;
      4) қайта сақтандыру саясаты (қайта сақтандыру нысандары мен әдістері, қайта сақтандыру ұйымдарын бағалау өлшемдері);
      5) инвестициялық саясат қамтылуға тиіс.
      4. Сақтандыру ұйымы сақтандыру ұйымын құруға рұқсат алу кезінде бизнес-жоспарда көрсетілген талаптарды орындау мерзімі аяқталғанға дейін сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға жүгінуге құқылы емес.
      5. Лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптары алып тасталған жағдайда, лицензия сақтандырудың осы сыныптары алып тастала отырып, қайта ресімделуге тиіс.
      6. Сақтандыру ұйымы сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптарын алып тастау үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
      1) өтінішті;
      2) лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесін;
      3) осы Заңның 37-1-бабында көзделген тәртіппен сақтандыру портфелінің берілуін растайтын құжаттарды табыс етеді.
      7. Лицензиат қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
      1) өтінішті;
      2) қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру жөнінде таяудағы екі жылға арналған, сақтандыру нарығында актуарийлік қызметті жүргізуге лицензиясы бар актуарий қол қойған бизнес-жоспарды;
      3) сақтандыру ұйымының сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға қабылдау рәсімін ашатын ішкі ережелерін;
      4) лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесін табыс етеді.
      8. Өтініш беруші сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
      1) өтінішті;
      2) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, статистикалық карточканың және салық төлеуші туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмелерін;
      3) мемлекеттік тіркеуден өткен жарғының нотариат куәландырған көшірмесін;
      4) жарғылық капиталдың толық төленгенін растайтын құжаттарды;
      5) осы Заңның 34-бабының талаптарына сәйкес сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлерін келісуге арналған құжаттарды;
      6) сақтандыру және қайта сақтандыру шарттарын жасау бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыру тәртібін көздейтін жұмыстың ішкі регламентін;
      7) құжаттама жүргізу тәртібін және клиенттерге қызмет көрсету шарттарын;
      8) лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесін;
      9) мемлекеттік тіркеу туралы құжатты, тиісті мемлекеттің уәкілетті органының (қаржылық ұйымдар үшін - қадағалау органдарының) құрылтайшы - Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғаға Қазақстан Республикасының резиденті - сақтандыру брокерінің жарғылық капиталына қатысуға рұқсат етілгені жөніндегі жазбаша хабарламасын не тиісті мемлекеттің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіні туралы мәлімдемесін;
      10) тиісті мемлекеттің уәкілетті органының құрылтайшы - Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлғада заңнамада белгіленген тәртіппен лицензиясынан айырылған, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, сақтандыру брокерін мәжбүрлеп тарату, олардың акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылданған кезден бастап бір жылдан аспайтын кезеңде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің не өзге де қаржы ұйымының басшы қызметкері ретіндегі қызметінде экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтары бойынша сотталғандығы жоқ екенін айғақтайтын құжатын табыс етеді. Аталған талап лицензиядан айырылған, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, сақтандыру брокерін мәжбүрлеп тарату, олардың акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылданған күннен кейін бес жыл бойы қолданылады.
      9. Лицензия бергені (қайта ресімдегені) үшін лицензиялық алым өндіріп алынады, оның мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
      10. Уәкілетті орган лицензия беру туралы өтінішті Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттардың толық топтамасы табыс етілген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.
      11. Лицензия беру туралы ақпарат уәкілетті органның мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады.
      12. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру тәртібі мен шарттары, сондай-ақ осы баптың 1-3 және 6-8-тармақтарында көрсетілген құжаттардың мазмұнына, оның ішінде сақтандыру тарифтерін есептеу тәртібі мен олардың экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
      Ескерту. 37-бап жаңа редакцияда - ҚР 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.11 N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

      37-1-бап. Сақтандыру портфелін беру

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтанушының келісімі болған кезде бір немесе бірнеше сақтандыру сыныптары бойынша осы сақтандыру сыныбы (сыныптары) бойынша лицензиясы бар басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандыру портфелін беруді жүзеге асыруға құқылы.
      2. Осы Заңның 37-бабына сәйкес лицензиядан жекелеген сақтандыру сыныптарын алып тастағанда, сақтандыру ұйымы сақтанушының келісімі болған кезде осы сақтандыру сыныбы (сыныптары, түрлері) бойынша сақтандыру портфелін беруді жүзеге асыруға не сақтанушылармен осы сақтандыру сыныбы (сыныптары, түрлері) бойынша сақтандыру шарттарын бұзуға міндетті.
      Қайта сақтандыру жөніндегі лицензия ерікті түрде қайтарылған кезде сақтандыру ұйымы қайта сақтандыру жөніндегі лицензиясы бар басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандыру портфелін беруді жүзеге асыруға міндетті.
      Лицензиядан жекелеген сақтандыру сыныптарын алып тастағанда, қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия ерікті түрде қайтарылғанда сақтандыру ұйымы осы сақтандыру сыныбы (сыныптары, түрлері) бойынша шарттар жасасумен және оларды орындаумен байланысты қызметті жүзеге асыруға құқылы емес.
      3. Сақтандыру портфелін қабылдайтын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы оны қабылдау сәтіне, сондай-ақ жаңадан қабылданатын сақтандыру портфелін ескере отырып, барлық пруденциялық нормативтерді және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді орындауға тиіс.
      4. Сақтандыру портфелін берудің тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен айқындалады.
      Ескерту. 37-1-баппен толықтырылды - ҚР 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      38-бап. Сақтандыру қызметін, қайта сақтандыру жөніндегі
               қызметті және сақтандыру брокерінің қызметін
               жүзеге асыру құқығына лицензия беруден бас тарту

      1. Сақтандыру қызметін, қайта сақтандыру жөніндегі қызметті, сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беруден (қайта ресімдеуден):
      1) осы Заңның 37-бабында белгіленген талаптардың сақталмауы;
      2) өтініш берушінің мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап алты ай ішінде уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензия алу үшін жүгінбеуі;
      3) табыс етілген құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;
      4) құжаттардың толық емес пакетін табыс ету;
      5) қоғам органдары сайлағандардың қатарынан басшы қызметкерге келісім берілмеуі (жаңадан құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері үшін) негіздері бойынша бас тартылады.
      2. Сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия немесе қайта сақтандыру бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беруден, осы баптың 1-тармағында жазылған негіздерден басқа, мынадай:
      1) сақтандырудың алынатын қосымша сыныбын ескере отырып, пруденциялық нормативтер сақталмауының болжамы;
      2) пруденциялық нормативтердің өтініш берген күнге дейін соңғы үш ай ішінде және оны қарау кезеңінде сақталмауы;
      3) өтініш берген күнде сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тоқтата тұру түрінде қолданыстағы санкцияның болуы негіздері бойынша бас тартылады.
      Ескерту. 38-бап жаңа редакцияда - ҚР 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      39-бап.
      Ескерту. 39-бап алынып тасталды - ҚР 2006.05.05 N 139 Заңымен.

      40-бап. Актуарийдiң қызметiн лицензиялау

      1. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру рыногындағы актуарий қызметін жүргізуге лицензия беру жөнiндегi бiрден-бiр лицензиар болып табылады.
      2. Өтiнiш берушiге қойылатын талаптар мен лицензия беру туралы өтiнiшке қоса тiркелетiн құжаттардың тiзбесi уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi.
      Уәкілетті орган лицензия беру туралы өтінішті Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттардың толық топтамасы табыс етілген күннен бастап бір ай ішінде қарауға тиіс.
      3. Актуарий үш жыл сайын уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiппен бiлiктiлiк емтиханын тапсырып отыруға мiндеттi.
      3-1. Актуарий уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсімен бекітілген актуарийлерді оқытудың ең төменгі міндетті бағдарламасы бойынша емтихан тапсыруға міндетті.
      4. Лицензия беру туралы ақпарат уәкілетті органның мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады.
      Ескерту. 40-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

  8-тарау. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган және сақтандыру
iсiн қадағалауды жүзеге асыру

      41-бап. Сақтандыру саласындағы мемлекеттiк реттеудiң
               мiндеттерi

      1. Сақтандыру саласындағы мемлекеттiк реттеудiң негiзгi мiндеттерi:
      1) Қазақстан Республикасында тұрақты сақтандыру жүйесiн жасау мен қолдау және ұлттық сақтандыру рыногының инфрақұрылымын қалыптастыру;
      2) сақтандыру рыногын реттеу және сақтандыру қызметiн қадағалау;
      3) сақтандырудың негiздерiн заңдармен баянды ету, мiндетті сақтандыру түрлерiн, халықаралық сақтандыру жүйесiне Қазақстан Республикасының қатысу принциптерiн белгiлеу;
      4) сақтанушылардың, сақтандырылушылардың және пайда алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау болып табылады.
      2. Сақтандыру саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды, сақтандыру рыногындағы iстiң жайына мемлекеттiк бақылау жасауды қамтамасыз етудi қоса, уәкiлеттi мемлекеттiк орган және мемлекеттiң өзге де органдары өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады.
      Өзге де мемлекеттiк органдардың осы Заңмен реттелмеген өкiлеттiгi мiндеттi сақтандыру түрлерi бойынша тиiстi заң актiлерiнде көзделуi мүмкін.
      Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдарының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокерiнiң сақтандыру қызметiне араласуына тыйым салынады.

      42-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган

      1. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сақтандыру рыногын реттеу және сақтандыру қызметiн қадағалау жөнiндегi функциялар мен өкiлеттiктi жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
      Уәкiлеттi мемлекеттiк органның құқықтық мәртебесi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленедi.
      2. Лауазымды адамдардың немесе меншiгiнде не басқаруында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының дауыс беретiн акцияларының бес проценттен астамы бар адамдардың және сақтандыру брокерлерiнiң жақын туыстары уәкiлеттi мемлекеттiк органның сақтандыру iсiн қадағалайтын құрылымдық бөлiмшесiнiң қызметкерлерi бола алмайды.

      43-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның функциялары және
               өкiлеттiгi (құқықтары)

      Уәкiлеттi мемлекеттiк орган:
      1) Қазақстан Республикасында сақтандыру жүйесiнiң жұмыс iстеуiн және ұлттық сақтандыру рыногының инфрақұрылымын қалыптастыруды, сақтанушылардың және сақтандыру рыногының өзге де қатысушыларының заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк саясатты жүргiзедi;
      2) сақтандыру рыногын реттеу принциптерi мен әдiстерiн, сақтандыру қызметiн қадағалауды ұйымдастыру тәртiбiн белгiлейдi;
      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын құруға рұқсат бередi;
      3-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алуға рұқсат беру және оны кері қайтарып алу тәртібін осы Заңның талаптарын ескере отырып айқындайды, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алуға рұқсат береді, ірі қатысушының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларын тікелей және (немесе) жанама иелену үлесін белгілейді;
      3-2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларымен мәміле жасауға келісім береді;
      3-3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркімен қайта ұйымдастырылуына және таратылуына келісім береді;
      3-4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйым құруына, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қомақты қатысуына рұқсат береді;
      3-5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін тәуекелдерді басқару жүйесінің болуы жөнінде талаптар белгілейді;
      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметiн, сақтандыру брокерiнiң қызметiн, сақтандыру рыногындағы актуарий қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиялар беру тәртібін осы Заңның талаптарын ескере отырып айқындайды және лицензиялар береді;
      4-1) сақтандыру портфелін берудің тәртібін айқындайды;
      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшiн пруденциялық нормативтердi және өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi, жарғылық капиталдың, кепілдік беру қорының, төлем қабілеттігі маржасының ең аз мөлшерiн қоса, белгiлейдi және олардың сақталуын бақылауды қамтамасыз етедi;
      6) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын тарату комиссияларының қызметiне бақылау жасауды жүзеге асырады;
      7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының басшы қызметкерлерiн және сақтандыру брокерлерiн сайлауға (тағайындауға) келiсiм бередi;
      8) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағынан тұрақтылығы мен төлем қабiлетiне талдау жасауды, баға берудi және бақылауды жүзеге асырады;
      9) сақтандыру ұйымының сақтандыру шарттарын (сақтандыру полистерiн) есепке алу тәртiбiн белгiлейдi;
      9-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру тарифтерін бағалау әдістеріне және есептеу принциптеріне талаптар қояды;
      9-2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылығын сипаттайтын коэффициенттерді (шығындылық коэффициентін, жұмсалған қаражат коэффициентін, аралас коэффициентті) есептеу тәртібін айқындайды;
      10) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерiнiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары мен өкілдіктерінің және сақтандыру брокерлерінің, актуарийлердiң тiзiлiмiн жүргiзедi;
      11) (алып тасталды)
      11-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын автоматтандыруға қойылатын талаптарды белгілейді;
      12) (алып тасталды)
      13) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру рыногының басқа да қатысушылары орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайды;
      14) сақтандыру қызметi субъектiлерiн, сақтандыру брокерлерін, сақтандыру қызметі субъектілерінің оқшауланған бөлімшелері мен сақтандыру брокерлерін тексеру iсiн жүргiзедi;
      14-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
      15) сақтандыру рыногының кәсiби қатысушыларына санкция қолданады;
      16) сақтандыру рыногының кәсiби қатысушыларына берiлген лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру және лицензиялардан айыру туралы шешiмдер қабылдайды;
      17) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздемелер бойынша тоқтату туралы сот органдарына талап қойып жүгiну жөнiнде шешiм қабылдайды;
      18) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметi туралы, оның құрылтайшыларының құқықтық мәртебесi мен қаржылық жай-күйi туралы, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және оның құрылтайшыларына қатынасы жөнiнен еншiлес ұйымдар немесе оқшауланған бөлiмшелер болып табылатын тұлғалар туралы мәлiметтер алуға құқылы;
      19) осы Заңға сәйкес сақтандыру нарығының және олардың бірлестіктерінің кәсіби қатысушыларынан, сақтандыру агенттерінен өздерінің бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруға қажетті мәліметтер алуға құқылы;
      20) (алып тасталды)
      21) мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан өзiнiң бақылау және қадағалау қызметi үшiн қажеттi мәлiметтердi, оның iшiнде қызметтiк немесе коммерциялық құпия болып табылатын мәлiметтердi алуға құқылы;
      22) мiндеттi сақтандырудың жекелеген түрлерi бойынша сақтандыру полистері бланкілерінің мазмұнына және оларды әзірлеуге қойылатын талаптарды белгілейді, сондай-ақ сақтандыру полисінің бірыңғай нысанын әзірлейді;
      22-1) ертерек ден қою шараларын қолданады;
      23) сақтандыру нарығының кәсіби қатысушыларына шектеулі ықпал ету шараларын қолдануға құқылы;
      24) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын мәжбүрлеп сатып алу жөнiнде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен шаралар қолданады;
      25) Қазақстан Республикасы қаржы рыногының субъектiлерiн қадағалайтын басқа да уәкiлеттi органдармен ынтымақтастықты және қажеттi ақпарат алмасуды жүзеге асырады;
      26) басқа мемлекеттердiң сақтандыруды қадағалау органдарымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен сақтандыру рыногын реттеу және сақтандыру қызметiн қадағалау мәселелерi бойынша қатынастарда Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiредi;
      27) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес өзге де функцияларды, өкiлеттiктер мен құқықтарды жүзеге асырады.
      Ескерту. 43-бапқа өзгертулер енгізілді - ҚР 2003.07.10 N 483, 2004.06.11 N 562, 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.05.05 N 139, 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.08.28 N 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

      44-бап. Тексеру

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің және олардың оқшауланған бөлімшелерінің қызметiн  тексерудi уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүргiзедi.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, олардың оқшауланған бөлімшелері жүргiзiлетiн тексеру мәселелерi бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк органға жәрдемдесуге, кез келген қызметкерге сауал қою мүмкiндiгiн, тексеру мақсатын орындау үшiн қажеттi барлық құжаттар мен өзге де ақпарат көздерiне қол жеткiзу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
      3. Инспекциялауды жүзеге асыратын адам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерiнiң қызметiн тексеру барысында алынған сақтандыру құпиясы не коммерциялық құпия болып табылатын мәлiметтердi жария еткенi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жауап бередi.
      4. Өздерiне заң актiлерiнде берiлген өкiлеттiк шегiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының оқшауланған бөлімшелері мен сақтандыру брокерлерінің қызметiн тексерудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдарды бұзушылықтағы анықталған жолсыздықтар жөнiнде уәкiлеттi мемлекеттiк органға хабарлауға мiндеттi.
      Ескерту. 44-бапқа өзгертулер енгізілді - ҚР 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.07.07 N 178, 2007.07.26 N 313 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

9-тарау. САҚТАНДЫРУ (ҚАЙТА САҚТАНДЫРУ)
ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТIН РЕТТЕУ

      45-бап.
      Ескерту. 45-бап алынып тасталды - ҚР 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      46-бап. Пруденциялық нормативтер және сақталуға
               міндетті өзге де нормалар мен лимиттер

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және шоғырландырылған негізде қадағалау жүзеге асырылатын тұлғалардың төлем қабiлеттiлiгi мен қаржылық тұрақтылығын қадағалау уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтердің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің орындалуын немесе сақталуын бақылау арқылы жүргізіледі.
      2. Пруденциялық нормативтерді:
      1) жарғылық капиталдың ең аз мөлшері;
      2) кепілдік қорының ең аз мөлшері;
      3) төлем қабілеттігі маржасының ең аз мөлшері;
      4) төлем қабілеттігі маржасының және кепілдік қорының жеткілікті нормативі;
      5) жоғары өтімді активтердің жеткілікті нормативі;
      6) активтерді әртараптандыру нормативі құрайды.
      Уәкілетті орган қосымша пруденциалық нормативтер белгілеуге құқылы.
      3. Төлем қабілеттігі маржасы активтердің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелерінен асуы болып табылады.
      4. Кепілдік қоры сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығын және төлем қабілеттігін қамтамасыз ету мақсатында төлем қабілеттігі маржасын белгіленген ең аз мөлшерден төмендету нәтижесінде құрылады.
      5. Жекелеген сақтандыру немесе қайта сақтандыру шарты бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өздігінен ұстап қалуының ең көп мөлшері актуариймен есептеледі және төлем қабілеттілігі маржасының нақты мөлшерінен аспауға тиіс.
      Бұл ретте сақтандыру ұйымы осы тармақта көрсетілген нормативтен асатын сақтандыру тәуекелінің тек қана бір бөлігін қайта сақтандыруға беруге құқылы.
      Өздігінен ұстап қалудың ең көп мөлшері есептік күнге, сақтандыру немесе қайта сақтандыру шартын жасасу күнінің алдында екі ай бұрын есептеледі және осы Заңның және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын ескере отырып, сақтандыру немесе қайта сақтандыру шарты қолданыста болған барлық кезең ішінде әрбір келесі есептік күнге сақталуға тиіс.
      6. Топтап сақтандыру кезінде осы баптың 5-тармағында аталған норма әрбір сақтандырылушыға жеке есептеледі.
      7. Ортақ сақтандыру кезінде осы баптың 5-тармағында аталған норма әрбір ортақ сақтандырушының сақтандыру сомасынан түскен үлес негізінде есептеледі.
      8. Уәкілетті орган ипотекалық сақтандыру жөніндегі және көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы үшін төлем қабілеттілігі маржасының ең аз деңгейіне, сондай-ақ ипотекалық сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы үшін сақтандыру резервтерін есептеу тәртібіне қосымша талаптар белгілеуге құқылы.
      9. Қазақстан Республикасының резидентi емес қайта сақтандыру ұйымдарының цеденттiң алуы үшін есептеген сақтандыру сыйлықақыларының олардан цеденттің алуына есептелген комиссиялық алымдар шегерілгендегі жиынтық мөлшерi толық қаржы жылы аяқталғаннан кейiн сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша алуға есептелген сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық мөлшерiнiң сексен бес процентiнен аспауға тиiс.
      10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қаржылық есеп беруіне кірмейтін туынды қаржылық құралдардың болуы және оларды пайдалануды шектеу туралы мәліметтерді уәкілетті органға береді. V032467
      11. Пруденциялық нормативтерді есептеудің нормативтік мәндері мен әдістемелері, сондай-ақ пруденциялық нормативтерді және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді есептеу үшін сапасы және өтімділігі бойынша сыныптамасын ескере отырып, активтер құнын есептеу әдістемесіне қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
      11-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы уәкілетті органның жазбаша нұсқамада көрсетілген, қаржылық және (немесе) өзге де есептілікке деректерді түзету жөніндегі талаптарын орындамаған кезде, пруденциялдық нормативтерді және басқа да міндетті нормалар мен лимиттерді есептеуді уәкілетті орган өзі түзеткен есептілік негізінде жүзеге асырады.
      12. Қызметi лицензиялануға тиiс қоғамдардың қаржылық тұрақтылығына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
      Ескерту. 46-бап жаңа редакцияда, өзгерту енгізілді - ҚР 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.07.05 N 164, 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      46-1-бап. Ірі қатысушылардың міндеттері

      1. Уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзғаны үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (олармен дауыс беру құқығы бар) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушыларын жауаптылыққа тарту бойынша шаралар қолданады.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (олармен дауыс беру құқығы бар) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген, пруденциялық нормативтерді белгіленген деңгейлерден төмен емес деңгейде ұстау жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (олармен дауыс беру құқығы бар) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеті маржасының мөлшерін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген деңгейде қамтамасыз етуге міндетті.
      Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (басқаруға құқығы бар) ірі қатысушысы жоқ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін жекелеген пруденциялық нормативтерді және олардың нормативтік мәнін белгілеуге құқылы.
      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерінің деңгейі төмендеген жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін ірі қатысушысы уәкілетті органның талабы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайын жақсарту, оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеті маржасын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге жеткілікті мөлшерге ұлғайту жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
      5. Егер уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушыларының аффилиирленген тұлғаларының, олардың лауазымды тұлғаларының немесе қызметкерлерінің бұзушылықтары, заңсыз әрекеті немесе әрекетсіздігі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайын нашарлатқанын анықтаса, осы бапта келтірілген шаралар осы тұлғаларға қатысты да қолданылуы мүмкін.
      Ескерту. 46-1-баппен толықтырылды - ҚР 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      47-бап. Сақтандыру резервтерi

      1. Сақтандырудың және қайта сақтандырудың қолданылып жүрген шарттары бойынша қабылдаған мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз ету үшiн сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының актуарий есептеген көлемде қалыптасқан сақтандыру резервтерiнiң болуы мiндеттi.
      2. Сақтандыру резервтерiнiң қаражаты тек қана сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қолданылып жүрген сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша өз мiндеттемелерiн орындауға байланысты сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға арналған.
      3. Сақтандыру резервтерiн есептеу әдiстемесiн қалыптастыруға және олардың құрылымына, соның iшiнде қызметi лицензиялануға тиiс қоғамдарға қойылатын талаптар уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
      Ескерту. 47-бапқа өзгертулер енгізілді - ҚР 2003.07.10 N 483, 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.07.05 N 164 Заңдарымен.

      48-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының
               мәмiлелер жасауына қойылатын шектеулер

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына:
      1) қаржы ұйымдарының жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алудан;
      2) акциялары Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының тізіміне қор биржасы тізімінің уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген санаттары бойынша енгізілген, қаржы ұйымдары болып табылмайтын заңды тұлғалардың акцияларын сатып алудан;
      3) сақтандыру қызметін автоматтандыруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, сақтандырудың міндетті түрлері бойынша деректер базасын қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асыратын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алудан;
      4) сақтандыру агентінің қызметін қызметтің ерекше түрі ретінде жүзеге асыратын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алудан;
      5) банктер, сақтандыру ұйымдары, зейнетақы қорлары, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары мәртебесі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғалардың қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алудан;
      6) Қазақстан Республикасының резиденттері-акционерлік инвестициялық қорлардың акцияларын сатып алудан;
      7) сақтандыру ұйымы міндетті сақтандыру шарттары бойынша мәжбүрлеп таратылған кезде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін қордың акцияларын сатып алудан басқа жағдайларда, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алуға тыйым салынады.
      Осы тармақтың 2) және 6) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалардың акцияларын сатып алу бір эмитенттің орналастырылған акциялары жалпы санының он процентінен аспауға тиіс.
      1-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының осы баптың 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін не акцияларын сатып алуы бір заңды тұлғаға:
      1) 1), 3)-5) тармақшаларда аталған заңды тұлғалар үшін - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілетінің іс жүзіндегі маржасының он бес процентінен;
      2) 2) және 6) тармақшаларда аталған заңды тұлғалар үшін - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілетінің іс жүзіндегі маржасының он процентінен аспауға тиіс.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржы ұйымдары болып табылмайтын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерінің немесе акцияларының жиынтық құны сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілетінің іс жүзіндегі маржасының алпыс процентінен аспауға тиіс.
      1-2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы:
      акционері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болып табылатын заңды тұлғаның акциялары санының оның дауыс беретін акцияларының жалпы санына проценттік арақатынасының;
      заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына тиесілі қатысу үлесінің он бес, отыз немесе қырық процент деңгейінен көбею немесе азаю фактісін анықтаған күннен бастап он күн ішінде уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
      1-3. Осы баптың 1-тармағында белгіленген шектеулер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымдарының, капиталына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қомақты қатысуы бар ұйымдардың қызметіне қолданылады.
      2. алып тасталды.
      3. алып тасталды.
      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бес күн мерзiмде өз мүлкiнiң кепiлi, кепiлдiк беру немесе басқа да баланста көрсетiлмеген мiндеттемелердi қабылдағаны туралы уәкiлеттi мемлекеттiк органға хабарлауға мiндеттi. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кепiлдiгi тiзiлiмiн жүргiзуге және өзге де мiндеттемелерiне байланысты қосымша талаптар уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
      Ескерту. 48-бапқа өзгертулер енгізілді - ҚР 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.07.05 N 164, 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      49-бап. Сақтандыру бойынша iрi мәмiлелер жасау

      1. Егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жауапкершiлiк лимитi (сақтандыру сомасы немесе өздiгiнен ұстап қалу) уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген нормативтен асып кетсе, сақтандыру (қайта сақтандыру) бойынша мәмiле iрi мәмiле деп танылады.
      2. Iрi мәмiле жасау туралы шешiмдi сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесi актуарийдiң алдын ала қорытындысы негiзiнде бекiтуге тиiс.

      50-бап. Бағалы қағаздармен және вексельдермен
               мәмiлелер жасау

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларымен жасалған мәмiлелер Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес осы Заңда көзделген ерекшелiктердi ескере отырып тiркеледi.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының алтын акция шығаруға құқығы жоқ.
      Ескерту. 50-бапқа өзгертулер енгізілді - ҚР 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      51-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының
               акцияларымен жасалған мәмiлелердi бақылау

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретiн акцияларының жалпы санының бес процентiнен астам дауыс беретiн акцияларын меншiк құқығына немесе басқару құқығына алатын тұлға уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша күнтiзбелiк он күн iшiнде уәкiлеттi органға көрсетiлген мәмiленiң жасалғандығы туралы жазбаша хабарлама табыс етуге мiндеттi.
      2. (алып тасталды)
      3. Оффшорлық аймақта тiркелген ұйым мәртебесiне ие заңды тұлғаның немесе оффшорлық аймақта тiркелген жарғылық капиталына заңды тұлғалар тiкелей немесе қосылма тұлғалар арқылы қатысатын заңды тұлғаның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретiн акциялары санының бес проценттен астам мөлшерiндегi дауыс беретiн акцияларды иеленуге құқығы жоқ.

      4. Осы баптың талаптары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының акцияларымен және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының акцияларына шығарылған депозитарийлiк қолхаттармен жасалған мәмiлелердiң барлық түрiне қолданылады.
      Ескерту. 51-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2003.07.10 N 483 Заңымен.

      52-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының
              бiрлескен қызметке қатысуы

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы консорциум немесе жай серiктестiк құруға қатысуға құқылы.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қатысуымен бiрлескен қызмет туралы шарт оны жасаған күннен бастап он күн iшiнде уәкiлеттi мемлекеттiк органда тiркелуге тиiс.
      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, онымен және оның құрылтайшыларымен қосылма тұлғалардың және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары қатысатын консорциумдар мен жай серіктестіктерге қатысушы ұйымдардың қызметін қадағалау ынтымақтасқан негiзде жүзеге асырылады. Ынтымақтасып қадағалау ережелерiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.

10-тарау. САНКЦИЯЛАР ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ЫҚПАЛ ЕТУ ШАРАЛАРЫ

      53-бап. Ертерек ден қою шаралары

      1. Сақтанушылардың заңды мүдделерін қорғау, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың қаржылық жағдайының нашарлауын және сақтандыру қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюын болғызбау мақсатында уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін мынадай факторларды:
      1) төлем қабілеттігі маржасы жеткіліктілігінің нормативін төмендетуді;
      2) өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілігі нормативін төмендетуді;
      3) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін өзге де факторларды анықтау үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметіне талдау жасауды жүзеге асырады.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайын талдау нәтижесінде және (немесе) оны тексеру қорытындылары бойынша осы баптың 1-тармағында көрсетілген факторлар анықталған жағдайда уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) олардың акционерлеріне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығын арттыру, оның қаржылық жағдайының нашарлауын және сақтандыру қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюын болғызбау жөніндегі ертерек ден қою шаралары көзделетін іс-шаралар жоспарын табыс ету жөнінде жазбаша түрде талап жібереді.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) олардың акционерлері аталған талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде әрбір тармағы бойынша атқарылу мерзімдері мен жауапты лауазымды адамдарды көрсете отырып, іс-шаралар жоспарын әзірлеуге және уәкілетті органға табыс етуге міндетті.
      Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдаған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) олардың акционерлері оны жоспарда белгіленген мерзімдерде орындаудың нәтижелері туралы уәкілетті органды хабардар ете отырып, оны іске асыруға кіріседі.
      Іс-шаралар жоспары мақұлданбаған кезде уәкілетті орган талаптар қою арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) олардың акционерлеріне төменде тізіп көрсетілген ертерек ден қою шараларының біреуін немесе бірнешеуін:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұйымдық құрылымын және (немесе) штат санын өзгертуді;
      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелер қабылдауды шектеуді, оның ішінде тәуекел дәрежесі жоғары кейбір сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру қызметін шектеу жолымен шектеуді;
      3) уәкілетті орган белгілеген мерзімде дивидендтерді есептеп шығаруды және (немесе) төлеуді тоқтатуды;
      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы немесе өзге де қызметкерлерін лауазымынан шеттетуді;
      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттігі маржасын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге жеткілікті мөлшерде ұлғайтуды;
      6) әкімшілік шығыстарды, оның ішінде қызметкерлерді қосымша жалдауды тоқтату немесе шектеу, сақтандыру делдалдарына комиссиялық сыйақыларды төмендету, еншілес ұйымдарды жабу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тысқары жерлерде де тәуелді ұйымдардағы қатысу үлесін азайту жолымен қысқартуды қолданады.
      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығын арттыруға бағытталған іс-шаралар жоспарын осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімде табыс етпеген немесе осы жоспардың іс-шараларын уақтылы орындамаған, сондай-ақ ертерек ден қою шараларын уәкілетті органның талабына сәйкес орындамаған немесе уақтылы орындамаған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) олардың акционерлеріне осы Заңда көзделген әсер ету шаралары және (немесе) санкциялар қолданылады.
      4. Ертерек ден қою шараларын қолдану тәртібі және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
      Ескерту. 53-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      53-1-бап. Ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаларға,
                 сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының
                 ірі қатысушыларына қолданылатын мәжбүрлеу
                 шаралары

      1. Уәкілетті орган ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаларға, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына:
      1) ірі қатысушы мәртебесін иемденуге уәкілетті органның келісімін алмаған;
      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иемденгеннен кейін осы Заңның 26-1-бабының 1-тармағында көрсетілген мән-жайлар туындаған;
      3) осы Заңның 53-2-бабының 7-тармағына сәйкес уәкілетті органның жазбаша нұсқамаларын орындамаған;
      4) жасалуы салдарынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына залал келтірілген немесе келтірілуі мүмкін іс-әрекеттерді ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлға, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы жасаған;
      5) олардың салдарынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына залал келтірілген немесе келтірілуі мүмкін, ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаның, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының қаржылық жағдайының тұрақсыздығы;
      6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаның және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы арасында уәкілетті органның осы Заңда көзделген қадағалау функцияларын жүзеге асыруына кедергі келтіретін қатынастар болған жағдайларда мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.
      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлар болған кезде, уәкілетті орган:
      1) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғадан, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының оған тікелей немесе жанама түрде тиесілі акцияларының санын дауыс беретін акциялардың он процентінен төмен деңгейге дейін азайтуды талап етуге;
      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тәуекелге душар ететін, ірі қатысушы мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы арасындағы ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаға, сондай-ақ ірі қатысушыға қатысты операцияларды (тікелей және жанама) жүзеге асыруды тоқтата тұруды талап етуге құқылы.
      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы не ірі қатысушысы белгілерін иеленуші тұлға осы баптың 2-тармағында, сондай-ақ осы Заңның 20-бабының 8-тармағында көзделген талаптарды орындамаған жағдайда уәкілетті органның шешімі негізінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы белгілерін иеленуші тұлғаның акцияларын сенімгерлікпен басқару тағайындалады. Осы акциялар уәкілетті органға сенімгерлікпен басқаруға үш айға дейінгі мерзімге беріледі.
      Уәкілетті органның акцияларды сенімгерлікпен басқаруды жүзеге асыруы кезеңінде акциялардың меншік иесі сенімгерлікпен басқарудағы акцияларға қатысты қандай да бір іс-әрекетті жүзеге асыруға құқылы емес.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының белгілерін иеленуші тұлға уәкілетті органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзіне тиесілі барлық акцияларын өтінішхатта көрсетілген тұлғаларға сату туралы өтінішхат беруге құқылы.
      Өтінішхатта көрсетілген акция сатып алушылар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындаған жағдайда уәкілетті орган өтінішхатты қанағаттандырады.
      Акциялар уәкілетті органға сенімгерлікпен басқаруға берілген күннен бастап екі ай ішінде акцияларды сенімгерлікпен басқаруға беру үшін негіздер жойылмағанда, уәкілетті орган сенімгерлікпен басқарудағы акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында оларды өткізу жолымен иеліктен шығарады. Көрсетілген акцияларды сатудан түскен ақша акциялары уәкілетті органға сенімгерлікпен басқаруға берілген тұлғаларға аударылады.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының белгілерін иеленуші тұлғаның акцияларын сату жөніндегі іс-шаралар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      4. Мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
      Ескерту. 53-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.     

      53-2-бап. Шектеулі ықпал ету шаралары

      1. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерді және сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді бұзуын, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуды анықтаған, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің және сақтандыру брокерінің заңсыз әрекеттерін немесе әрекетсіздіктерін анықтаған, сондай-ақ уәкілетті органның осы Заңда көзделген өзге де талаптарын орындамаған жағдайларда уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және сақтандыру брокеріне мынадай шектеулі ықпал ету шараларының бірін:
      1) жазбаша міндеттеме талап етуді;
      2) орындалуға міндетті жазбаша ұйғарым беруді;
      3) жазбаша ескерту шығаруды;
      4) жазбаша келісім жасауды қолдануға құқылы.
      Уәкілетті орган актуарийдің сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнаманы бұзуын анықтаған жағдайда уәкілетті орган осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында аталған шектеулі ықпал ету шараларын қолдануға құқылы.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру брокерінің жазбаша міндеттемесі орын алған кемшіліктерді және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғанын мойындау фактісін, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы басшылығының немесе сақтандыру брокерінің анықталған кемшіліктерге және (немесе) Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына бұдан әрі жол бермеу жөніндегі кепілдігін қамтуға тиіс.
      3. Жазбаша нұсқама - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру брокерінің анықталған Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуын, сондай-ақ шарттық міндеттемелерді бұзушылықтарды қатаң белгіленген мерзімде жоюға бағытталған орындалуға міндетті түзету шараларын қолдану туралы және анықталған Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуын одан әрі болғызбау туралы нұсқауы.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру брокері жазбаша міндеттемеге сәйкес өзіне қабылдаған міндеттемелерді қатарынан алты ай бойы бұзған жағдайларда да уәкілетті орган жазбаша нұсқама шығара алады.
      Бұл жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жазбаша нұсқаманы алған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде уәкілетті органға жазбаша нұсқамада көрсетілген мерзім шеңберінде қаржылық сауықтыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын беруге міндетті. Жоспарланған іс-шараларды орындау кезінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органға іс-шаралар жоспарында айқындалған іс-шаралардың орындалуы туралы есеп береді.
      Жазбаша нұсқаманы орындау мерзімі шеңберінде пруденциялық нормативтер одан әрі төмендетілген жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерді шеттетуі уәкілетті органның келісімімен жүзеге асырылады.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру брокері уәкілетті органға жазбаша нұсқаманы сонда көрсетілген мерзімде орындағаны туралы хабарлауға міндетті.
      Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына сотқа шағымдану оны орындауды тоқтата тұрмайды.
      4. Жазбаша ескерту сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына немесе сақтандыру брокеріне, егер орын алған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар уәкілетті орган белгілеген мерзімде жойылмаса, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру брокері өзіне қабылдаған міндеттемелерді жазбаша міндеттемесінде және (немесе) уәкілетті органның жазбаша нұсқамасында белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда, осы Заңның 53-3-бабында көзделген санкцияларды қолдану мүмкіндігі туралы уәкілетті органның хабарламасы болып табылады.
      5. Жазбаша келісім - уәкілетті орган мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру брокері арасындағы анықталған бұзушылықтарды және (немесе) кемшіліктерді жою қажеттігі туралы және осы бұзушылықтарды және (немесе) кемшіліктерді жою жөнінде бірінші кезектегі шараларды бекіту туралы келісім. Жазбаша келісім екі тарап та орын алған бұзушылықтарды және (немесе) кемшіліктерді жою үшін оларды уәкілетті орган анықтаған сәттен бастап екі айдан астам мерзім қажет деген ұйғарымға келген жағдайда жасалады.
      6. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына немесе сақтандыру брокеріне бұрын қолданылған ықпал ету шараларына қарамастан, осы бапта айқындалған кез келген шектеулі ықпал ету шараларын қолдануға құқылы.
      7. Осы бапта келтірілген шаралар, егер уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларының, олардың лауазымды адамдарының немесе қызметкерлерінің бұзушылықтары, заңсыз әрекеті немесе әрекетсіздігі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайын нашарлатқанын анықтаса, осы тұлғаларға да қатысты қолданылуы мүмкін.
      8. Ұлттық Банк реттелуі өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылық анықталған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және сақтандыру брокерлеріне осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген шектеулі ықпал ету шараларын қолдануға құқылы.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру брокері жазбаша міндеттеменің, жазбаша нұсқаманың немесе жазбаша келісімнің оларда көрсетілген мерзімде орындалғаны туралы Ұлттық Банкті хабардар етуге міндетті.
      Ескерту. 53-2-баппен толықтырылды - ҚР 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.11 N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      53-3-бап. Санкциялар

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына немесе сақтандыру брокеріне санкциялар қолдануды уәкілетті орган не сот осы Заңға сәйкес жүргізеді.
      2. Уәкілетті орган санкциялар ретінде мынадай шараларды:
      1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен әкімшілік айыппұл салуды;
      2) осы Заңның 54-бабында белгіленген негіздер бойынша лицензияның қолданылуын тоқтата тұруды;
      3) осы Заңның 55-бабында көзделген негіздер бойынша лицензиядан айыруды;
      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын оның акционерлерінен мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылдауды және оларды осы Заңның 61-бабының талаптарына сәйкес жаңа инвесторға сатуды;
      5) осы Заңның 34-бабында аталған тұлғаларды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттерін қолданыстағы заңнаманың талаптарына сай келмейді деп тану үшін жеткілікті деректер негізінде бір мезгілде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерінің лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісімді кері қайтарып ала отырып, қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетуді қолдануға құқылы.
      Ескерту. 53-3-баппен толықтырылды, өзгертулер енгізілді - ҚР 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      54-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен
               сақтандыру брокерi лицензиясының қолданылуын
               тоқтата тұру

      1. Мынадай негiздердiң бiрi бойынша:
      1) уәкілетті орган қолданған шектеулі ықпал ету шараларының талаптарын орындамаған;
      2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген пруденциялық нормативтердiң талаптарын және өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi сақтамаған;
      2-1) сақтандыру сыйлықақысының негізделмеген мөлшерін қолданудан, сақтандыру төлемін жүзеге асырудан негізсіз бас тартудан, сақтандыру төлемін уақтылы жүзеге асырмаудан, сақтандырудың міндетті түрлерін жүргізудің талаптары мен тәртібінен туындайтын міндеттерді орындамаудан немесе тиісінше орындамаудан көрінетін сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін бұзу фактісі анықталған;
      2-2) осы Заңның 15-1-бабында белгіленген, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен аффилиирленген тұлғаларға жеңілдікті жағдайлар жасауға тыйым салуды бұзған;
      2-3) осы Заңның 11-бабының 3-1-тармағында белгіленген тыйым салуды бұзған;
      3) қатарынан екi ай бойы уәкiлеттi мемлекеттiк органға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген есептi табыс етпеген;
      4) сақтандыру қызметiн және сақтандыру брокерінің қызметін тексеруге байланысты уәкiлеттi мемлекеттiк органның өз құзыретi шегiнде талап еткен құжаттар мен ақпаратты беруден бас тартқан;
      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, басшы қызметкерлерін, сақтандыру брокерін келісуге байланысты талаптарды бұзған;
      6) алып тасталды;
      7) бухгалтерлiк есепте сақтандыру (қайта сақтандыру) жөнiндегi қаржы операцияларын тиiсiнше көрсетпеуге, сондай-ақ есепке алудың өзге де мiндеттi нысандарын жүргiзуге байланысты Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу фактiсi анықталған;
      8) лицензия беруге негiз болған құжаттарда жалған ақпарат беру фактiсi анықталған;
      8-1) аудиторлық ұйымның өткізілген аудит туралы есебінде көрсетілген бұзушылықтарды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осы Заңның 20-бабының 8-тармағында көрсетілген мерзімде қасақана жоймаған;
      9) сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезінде міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтанушылардың (сақтандырылушылардың, пайда алушылардың) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін қорға міндетті немесе төтенше жарналарды, сондай-ақ қосымша жарналарды соңғы он екі айдың ішінде екі және одан да көп рет төлемеген, уақытылы төлемеген не толық көлемінде төлемеген;
      10) сақтандыру брокері сақтандыру агентінің қызметін жүзеге асырған;
      11) заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарды жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) бұзған жағдайларда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокері лицензиясының қолданылуы алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады.
      1-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясының қолданылуы барлық сыныптар бойынша да, жекелеген сақтандыру сыныптары бойынша да тоқтатыла тұруы мүмкін.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру қолданылып жүрген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын ұзартуды және сақтандыру сыйлықақыларын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жауапкершілігінің көлемін арттыруды көздейтін өзгертуді қоса алғанда, оның жаңа сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасуына, сондай-ақ сақтандыру агенті ретінде сақтандыру делдалдығын жүзеге асыруына тыйым салуға әкеп соғады. Бұрын жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзi қабылдаған мiндеттемелердi орындауға мiндеттi.
      3. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiмде лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың негiздерi мен мерзiмi көрсетiлуге тиiс.
      Мұндай шешiм лицензиаттың атқарушы органының назарына жеткiзiлген күннен бастап лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған болып есептеледi.
      4. Осы баптың 1-тармағының 2)тармақшасындағы талаптар сақтандыру брокерiне қатысты қолданылмайды.
      Ескерту. 54-бапқа өзгертулер енгізілді - ҚР 2003.06.11 N 436, 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) , 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.08.28 N 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

      55-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен
               сақтандыру брокерін лицензиясынан айыру

      1. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган мынадай негiздердiң бiрi бойынша:
      1) лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға негiз болған мән-жайлар белгiленген мерзiмде жойылмаған;
      2) лицензияның қолданылуы бiрнеше рет (соңғы он екi айдың iшiнде екi рет) тоқтатыла тұрған;
      2-1) уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заңдарын бұзушылықты жою жөнiндегi жазбаша нұсқамасын бiрнеше мәрте (қатарынан он екi күнтiзбелiк ай iшiнде екi және одан да көп рет) орындамаған;
      2-2) Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін заңнамалық актілерін бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) бұзған;
      2-3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген пруденциялық нормативтердiң талаптарын және сақталуға мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттерді бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) сақтамаған;
      3) сот сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру брокерiнiң қызметiн тоқтату туралы шешiм қабылдаған;
      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру брокері лицензиялық қызметті лицензия берілген күннен бастап он екі ай бойы жүзеге асырмаған;
      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабiлетi болмаған;
      6) енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру кезінде осы ұйым табыс еткен бизнес-жоспардағы не оған енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып, сақтандыру сыныбы (сыныптары) бойынша бизнес-жоспардағы қорытынды болжау нәтижелері осы бизнес-жоспарды орындау кезеңі аяқталған соң сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының іс жүзіндегі қорытынды нәтижелеріне сәйкес келмеген;
      7) осы Заңның 54-бабы 1-тармағының 11) тармақшасында көзделген негіздер бойынша лицензияның қолданылуын тоқтата тұру түрінде санкция қолданылған, заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптар қатарынан соңғы он екі ай ішінде қайтадан бұзылған;
      8) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері ақшаны жылыстатумен немесе терроризмді қаржыландырумен байланысты мәмілелерге қатысқан жағдайларда лицензиядан айыру туралы шешім шығаруға құқылы.
      1-1. Сақтандыру ұйымы сақтандырудың барлық сыныптары бойынша да, жекелеген сыныптары бойынша да лицензиясынан айырылуы мүмкін.
      2. Лицензиядан айыру туралы шешiмде одан айырудың негiздемесi көрсетiлуге тиiс.
      3. Лицензиясынан айырылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру немесе өзге де қызметті жүзеге асыруға құқылы емес, тізбесін уәкілетті орган айқындайтын операцияларды қоспағанда, қолда бар банк шоттары бойынша барлық операцияларды тоқтатуға міндетті.
      4. Лицензиясынан айырылған сақтандыру брокері өз қызметін жүзеге асыруға құқылы емес, ол өзін ұстауға арналған ағымдағы шығыстарға, сақтандыру брокеріне келіп түсетін ақшаны есепке алуға байланысты жағдайларды қоспағанда, қолда бар банк шоттары бойынша барлық операцияларды тоқтатуға міндетті.
      Ескерту. 55-бапқа өзгертулер енгізілді - ҚР 2003.07.10 N 483, 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.08.28 N 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

      56-бап. Сақтандыру қызметi субъектiлерi мен сақтандыру
               брокерін лицензиясынан айырудың зардаптары

      1. Сақтандыру қызметi субъектiлерi мен сақтандыру брокерін лицензиясынан айыру туралы шешiмi оны уәкілетті орган қабылдаған күнiнен бастап күшiне енедi. Лицензиядан айыру туралы ақпарат екi республикалық газетте жарияланады.
      2. Лицензиядан айырған күннен бастап он бес күн iшiнде уәкiлеттi мемлекеттiк орган сотқа заңдарда белгiленген тәртiппен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерiнiң қызметiн мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы өтiнiшпен жүгiнуге мiндеттi.
      3. Лицензиядан айыру туралы шешiм күшiне енген күннен бастап уәкiлеттi мемлекеттiк орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкiмшiлiгiн тағайындайды, оған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық басқару органдарының өкiлеттiгi көшедi.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бұрын жұмыс iстеп келген органдарының өкiлеттiгi тоқтатыла тұрады. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерiнiң лицензиядан айыру туралы шешiмiне сот тәртiбiмен шағым жасауға құқығы бар.
      4. Уақытша әкiмшiлiк өз қызметiн уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясын тағайындағанға дейiнгi кезеңде жүзеге асырады.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкiмшiлiгiнiң қызметiне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы тағайындалғанға дейiн бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкiмшiлiгiнiң есебi уәкiлеттi органға және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату туралы шешiм қабылдаған сотқа ұсынылады.
      Уақытша әкiмшiлiктiң сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құжаттары мен мүлкiн уақытша әкiмшiлiктен тарату комиссиясының төрағасына беру төрт дана етiп жасалатын қабылдау-өткiзу актiсiмен ресiмделедi және оны уәкiлеттi орган бекiтедi. Бекiтiлген актiнiң бiр данасы ic материалдарына тiгу үшiн сотқа жiберiледi.
      6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкiмшiлiгiнiң өз қызметi кезеңiнде, осы Заңның 55-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, шығыс операцияларын жүзеге асыруға құқығы жоқ.
      7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкiмшiлiк тағайындалған кезеңдегi жұмыс тәртiбi уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
      8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және тарату комиссиясының уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) құрамына кірген уәкілетті орган қызметкерлеріне еңбекақы төлеуге байланысты шығыстарды, сондай-ақ орталық әділет органының ресми баспасөз басылымдарында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот қабылдаған шешім туралы ақпаратты жариялау жөніндегі шығыстарды және әділет органының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату негіздемесі бойынша және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкі болмаған жағдайда не оның құны осы шығыстарды жабуға жеткіліксіз болса, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату аяқталған соң құжаттарды мұрағатқа сақтауға тапсыру жөніндегі қызметтің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуге байланысты шығыстарды қоспағанда уәкілетті органның мәжбүрлеп тарату негіздемесі бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметін тоқтату жөніндегі шығыстарды қаржыландыруына тыйым салынады.
      Ескерту. 56-бапқа өзгертулер енгізілді - ҚР 2003.07.10 N 483, 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      57-бап.
      Ескерту. 57-бап алынып тасталды - ҚР 2006.05.05 N 139 Заңымен.

      58-бап.
      Ескерту. 58-бап алынып тасталды - ҚР 2006.05.05 N 139 Заңымен.

      59-бап. Актуарий лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру

      1. Актуарий лицензиясының қолданылуын уәкiлеттi мемлекеттiк орган мынадай негiздердiң бiрi бойынша:
      1) уәкiлеттi мемлекеттiк орган өз құзыретi шегiнде талап еткен мiндеттi актуарий қорытындысын және өзге де құжаттарды беруден бас тартқан;
      1-1) уәкілетті орган қолданған шектеулі ықпал ету шараларының талаптарын орындамаған;
      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасын бұзуына әкеп соқтырған, актуарий қызметін сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнаманың талаптарын бұза отырып жүзеге асырған;
      3) лицензия беруге негiз болған құжаттарда жалған ақпарат беру фактiсi анықталған;
      4) актуарий осы Заңның 40-бабының 3-тармағына сәйкес бiлiктiлiк емтиханын тапсырмаған;
      РҚАО-ның екертпесі!
      5) тармақша өзгерту енгізіліп, 6) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      5) лицензияланған қызметтi сақтандыру рыногында соңғы екi жыл бойы жүзеге асырмаған жағдайда алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұра алады.
      2. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiмде лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың негiздемесi мен мерзiмi көрсетiлуге тиiс. Мұндай шешiм лицензиаттың назарына жеткiзiлген күннен бастап лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған болып есептеледi.
      Ескерту. 59-бапқа өзгертулер енгізілді - ҚР 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      60-бап. Актуарийдi лицензиясынан айыру

      1. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган мынадай негiздердiң бiрi бойынша:
      1) лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға негiз болған мән-жайлар белгiленген мерзiмде жойылмаған;
      2) лицензияның қолданылуы бiрнеше рет (соңғы он екi айдың iшiнде екi рет) тоқтатыла тұрған;
      3) актуарий есептеулерiн жүргiзу барысында алынған және сақтандыру құпиясы немесе коммерциялық құпия болып табылатын мәлiметтер жария етiлген немесе үшiншi тұлғаға (уәкiлеттi мемлекеттiк органнан басқасына) берiлген;
      4) осы Заңның 19-бабының 6-тармағындағы талаптар орындалмаған;
      5) сот актуарийдiң кәсiпкерлiк қызметiн тоқтату туралы шешiм қабылдаған жағдайларда лицензиядан айыру туралы шешiм шығаруға құқылы.
      2. Лицензиядан айыру туралы шешiмде одан айырудың негiздемесi көрсетiлуге тиiс. Мұндай шешiм лицензиаттың назарына жеткiзiлген күннен бастап лицензиат лицензиясынан айырылған болып есептеледi.
      Ескерту. 60-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      61-бап. Акцияларды мәжбүрлеп сатып алу

      1. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында активтердiң сапасы мен өтiмдiлiгi бойынша оларды сыныптау ескерiле отырып есептелген құны мен мiндеттемелер арасында терiс айырма барын анықтаған жағдайда уәкiлеттi мемлекеттiк орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын олардың акционерлерiнен мәжбүрлеп сатып алып, оларды сақтандыру және қайта сақтандыру шарты бойынша барлық мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жағдайында сатып алуға тiлек бiлдiрген жаңа инвесторға сату туралы шешiм қабылдауға құқылы.
      2. Уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын мәжбүрлеп сатып алуы кейіннен оларды жаңа инвесторға сату мақсатында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын (акционерлердің үлестерін) мәжбүрлеп сатып алу туралы өзі шешім қабылдаған күнге оның нақты төлем қабілеттігі маржасының мөлшері негізінде айқындалатын баға бойынша жүзеге асырылады.
      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алған акцияларды сатуды уәкілетті орган оларды сатып алу бағасы бойынша жүргізеді.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық мәжбүрлеп сатып алынатын акциялары иелерінің құқықтары мен міндеттері жаңа инвесторға ауысады.
      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын мәжбүрлеп сатып алу мен оларды кейiннен жаңа инвесторға сату тәртiбiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган мемлекеттiк органмен келiсе отырып белгiлейдi.
      Ескерту. 61-бапқа өзгертулер енгізілді - ҚР 2003.07.10 N 483, 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

11-тарау. ҚАЙТА ҚҰРУ

      62-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз
               еркiмен қайта құрылуы

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркiмен қайта құрылуы Қазақстан Республикасының тиiстi заң актiлерiнде көзделген тәртiппен, осы Заңда және уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып жүргізіледі.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркiмен қайта құрылуын уәкiлеттi мемлекеттiк органның рұқсаты болған жағдайда жүзеге асыруға болады.
      Сақтандыру қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлға ретінде өз еркімен қайта ұйымдастырылуға рұқсат алған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бұрын берілген барлық лицензияларды бір апта ішінде уәкілетті органға қайтарып беруге міндетті.
      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркiмен қайта құрылуын жүргiзуге рұқсат алу үшiн өтiнiш беруге акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмi негiз болады.
      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркiмен қайта құрылуын жүргiзуге рұқсат алуға берiлген өтiнiшке қоса тiркелетiн құжаттар тiзбесi уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркiмен қайта құрылуын жүргiзуге рұқсат алуға берiлген өтiнiштi уәкiлеттi мемлекеттiк орган құжаттардың толық топтамасы табыс етiлген күннен бастап бiр ай iшiнде қарауға тиiс.
      Ескерту. 62-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      63-бап. Өз еркiмен қайта құрылуға рұқсат беруден
               бас тарту

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркiмен қайта құрылуына рұқсат беруден уәкiлеттi мемлекеттiк орган мынадай негiздер бойынша:
      1) көзделiп отырған өз еркiмен қайта құрылу нәтижесiнде сақтанушылардың және өзге де кредиторлардың заңды мүдделерi бұзылатын;
      2) көзделiп отырған қайта құру нәтижесiнде қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудiң ең төменгi талаптары, сақталуы мiндеттi нормалар мен лимиттер және осы Заң мен уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген өзге де талаптар бұзылатын;
      3) уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде көрсетiлген құжаттар табыс етiлмеген;
      4) табыс етiлген құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмеген жағдайларда бас тартады.
      2. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган өтiнiш берушiге өз еркiмен қайта құрылуына рұқсат беруден бас тартқаны туралы бас тартудың негiздемесiн көрсете отырып жазбаша хабарлайды.

      64-бап.
      Ескерту. 64-бап алынып тасталды - ҚР 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

  12-тарау. ТАРАТУ

      65-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату
               негiздерi

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату, оның iшiнде банкроттық негiз бойынша тарату Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес, осы Заңда және уәкiлеттi мемлекеттiк органның  нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып жүзеге асырылады.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мынадай негiздер бойынша:
      1) уәкiлеттi мемлекеттiк органның рұқсаты болған жағдайда өз акционерлерiнiң шешiмi бойынша (өз еркiмен таратылуы);
      2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда соттың шешiмi бойынша таратылуы мүмкiн.

      66-бап. Өз еркiмен және мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру
               (қайта сақтандыру) ұйымдарының кредиторлар комитетi

      1. Кредиторлар мүдделерiн қамтамасыз ету және олардың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын өз еркiмен және мәжбүрлеп тарату рәсiмдерiне қатысуымен шешiмдер қабылдау мақсатында кредиторлар комитетi құрылады.
      Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кредиторлар комитетiнiң құрамын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының ұсынысы бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтедi.
      2. Кредиторлар комитетiнiң құрылуы мен қызметiнiң ерекшелiктерi уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
      Ескерту. 66-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2003.07.10 N 483 Заңымен.

      67-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының
               өз еркiмен таратылу ерекшелiктерi

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы оны ерікті тарату туралы шешім қабылдағаннан кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзі жасасқан сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелерінен тұратын сақтандыру портфелін берілетін сақтандыру сыныптары бойынша лицензиясы бар және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына беру жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
      Сақтандыру портфелін беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
      Сақтандыру портфелін бергеннен кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органға өзін ерікті таратуға рұқсат беру туралы өтінішхатпен жүгінуге құқылы.
      2. Өз еркiмен таратылуды жүргiзуге рұқсат алу туралы өтiнiшке тiзбесi уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленетiн құжаттар қоса тiркелуге тиiс.
      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркiмен таратылуына рұқсат алуға берiлген өтiнiштi уәкiлеттi мемлекеттiк орган барлық қажеттi құжаттар түскен күннен бастап бiр ай iшiнде қарауға тиiс.
      4. Өз еркiмен таратылуға рұқсат алған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бұрын берiлген барлық лицензияларды бір апта мерзімде уәкiлеттi мемлекеттiк органға қайтаруға мiндеттi.
      5. Уәкiлеттi мемлекеттiк органнан өз еркiмен таратылуға рұқсат алғаннан кейiн сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдары мен өкiлдiктерiн ескере отырып, тарату комиссиясын құрады, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкi мен iстерiн басқару өкiлеттiгi заңдарда белгiленген тәртiппен соған көшедi.
      6. Өз еркiмен таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы уәкiлеттi мемлекеттiк органның сұратуы бойынша оған өз қызметi туралы кез келген мәлiметтердi және таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты деректердi табыс етуге мiндеттi.
      7. Тарату комиссиясы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының таратылуы туралы есеп пен тарату балансы бекiтiлген күннен бастап он күн iшiнде оларды әдiлет органдары мен уәкiлеттi мемлекеттiк органға табыс етуге мiндеттi.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату аяқталған кезде тарату комиссиясы мұрағатта сақтауға арналған құжаттарды белгiленген тәртiппен тапсыруға және бұл туралы уәкiлеттi органды хабардар етуге мiндеттi.
      8. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға қаражаты жетпеген жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы банкроттық негiздерi бойынша мәжбүрлеп таратылуға тиiс.
      9. Өз еркiмен таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының қызметiн бақылауды уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асырады.
      Өз еркiмен таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы қызметiнiң ерекшелiктерi уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленедi.
      10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркiмен таратылуын аяқтау мүмкiн болмауына байланысты уәкiлеттi мемлекеттiк орган оны мәжбүрлеп тарату туралы сотқа жүгiнуге құқылы.
      Ескерту. 67-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2003.07.10 N 483 , 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      68-бап. Өз еркiмен таратылуға рұқсат беруден бас тарту

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркiмен таратылуына рұқсат беруден уәкiлеттi мемлекеттiк орган мынадай негiздер бойынша:
      1) көзделiп отырған өз еркiмен таратылу нәтижесiнде сақтанушылар мен өзге де кредиторлардың заңды мүдделерi бұзылған;
      2) уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген құжаттар табыс етiлмеген;
      3) табыс етiлген құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болмаған жағдайларда бас тартады.
      2. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган өтiнiш берушiге оның өз еркiмен таратылуына рұқсат беруден бас тартқаны туралы бас тартудың негiздемесiн көрсете отырып жазбаша хабарлайды.

      69-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп
               тарату ерекшелiктерi

      1. (алып тасталды)
      2. Уақытша әкiмшiлiк өз өкiлеттiгiн доғарып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құжаттарымен мүлкiн он күннен аспайтын мерзiмде тарату комиссиясының төрағасына өткізеді. Егер мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымы сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болса, уақытша әкiмшiлiк міндетті сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген көлемде және мерзімде ақпарат береді.
      3. (алып тасталды)
      4. (алып тасталды)
      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мәжбүрлеп таратылатын жағдайда сот уәкiлеттi мемлекеттiк органға хабарлайды және он күн iшiнде оған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешiмнiң көшiрмесiн жiбередi.
      6. Сот сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын уәкiлеттi мемлекеттiк органның лицензиясынан айыруына байланысы жоқ негiз бойынша мәжбүрлеп тарату туралы шешiм қабылдаған жағдайда, уәкiлеттi мемлекеттiк орган оны лицензиясынан айыру туралы мәселенi заңдарда белгiленген тәртiппен қарайды.
      7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын банкроттық негiзi бойынша тарату, осы Заңның талаптары ескерiле отырып жүзеге асырылады.
      Ескерту. 69-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2003.07.10 N 483, 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      70-бап. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта
               сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, оның iшiнде банкроттық негiз бойынша тарату туралы шешiм қабылданғаннан кейiн сот тарату жөнiнде iс қозғайды және оның филиалдары мен өкiлдiктерiн ескере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясын құру жөнiнде уәкiлеттi органға мiндеттер жүктейдi.
      Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссияларын тағайындау мен босату тәртiбi және тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелерiне қойылатын талап уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде айқындалады.
      2. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кредиторларының аралық тарату балансы мен талаптарының тiзiлiмiн уәкiлеттi орган бекiтедi.
      3. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы уәкiлеттi мемлекеттiк органға iстелген жұмыс туралы есептi және оның жазбаша сұратуы бойынша өз қызметi туралы қосымша мәлiметтер мен таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты деректердi табыс етуге мiндеттi.
      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату, конкурстық массасы осы Заңда белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртiппен қалыптастырылады.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасына, мүшелерiне және өзге де жұмысқа тартылған қызметкерлерге төленетiн ай сайынғы сыйақы олардың әрқайсысына тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген он еселенген ең төменгi жалақыдан аспауы тиiс.
      Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкiн сатуды оның тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзедi.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы тарату комиссиясының қызметiне бақылау жасауды уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асырады.
      5. Тарату комиссиясы уәкiлеттi органмен келiсiлген тарату туралы есептi және тарату балансын cотқа табыс етедi.
      Сот тарату туралы есептi және тарату балансын бекiтедi және тарату жөнiндегi iстi аяқтау туралы ұйғарым шығарады.
      Тарату комиссиясы сот ұйғарымының көшiрмесiн заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi, филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тіркеуді жүзеге асыратын тиiстi әдiлет органына, сондай-ақ уәкiлеттi органға жiбередi.
      Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату тәртiбi және оның тарату комиссиясының жұмысына қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату аяқталған кезде тарату комиссиясы құжаттарды белгiленген тәртiппен мұрағатқа сақтау үшiн өткiзуге және бұл туралы уәкiлеттi органды хабардар етуге мiндеттi.
      Ескерту. 70-бапқа өзгертулер енгізілді - ҚР 2003.07.10 N 483, 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      71-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын банкрот
               деп тану

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабiлетсiздiгi мен дәрменсiздiгi уәкiлеттi мемлекеттiк органның тиiстi қорытындысы ескерiле отырып айқындалады.
      2. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның тиiстi қорытындысы болған жағдайда сот сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жөнiнде оңалту рәсiмдерiн тағайындауы мүмкiн.
      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты оңалту рәсiмдерi санация нысанында немесе сақтандыру мiндеттемелерi мен соларға сәйкес активтер сомасын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiлетiн жария саудаға салу арқылы мүдделi сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына беру нысанында жүргiзiлуi мүмкін.
      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы заңдарда белгiленген тәртiппен сот шешiмi бойынша ғана банкрот деп танылады. Дәрменсiз сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын оның кредиторларының және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзiнiң шешiмi бойынша соттан тыс тарату рәсiмiне жол берiлмейдi.
      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банкроттығы туралы iс бойынша тараптардың бiтiм келiсiмiн жасасуына жол берiлмейдi.

      72-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы
               кредиторларының талаптарын қанағаттандыру
               кезектiлiгi

      1. Сақтандыру ұйымы кредиторларының заңдарда белгiленген тәртiппен танылған талаптары мынадай кезектiлiк пен қанағаттандырылуға тиiс:
      1) бiрiншi кезекте, таратылатын сақтандыру ұйымы азаматтардың өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жауапты болатын жағдайда, ол азаматтардың талаптары сақтандыру шарттары бойынша жауапкершiлiкпен байланысты емес негiздер бойынша тиiстi мерзiмдiк төлемдердi капиталдандыру арқылы қанағаттандырылады;
      2) екiншi кезекте, еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн адамдармен еңбекке ақы төлеу жөнiнде және авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу жөнiнде есеп айырысу жүргiзiледi;
      3) үшiншi кезекте, сақтандырылушының жеке өзiне байланысты жасалған сақтандыру шарттары бойынша кредиторлардың талаптары қанағаттандырылады;
      4) төртiншi кезекте, кредиторлардың - жеке тұлғалардың өздерi жасалған мүлiктiк сақтандыру шарттары және сақтандырылушының жеке өзiне байланысты емес сақтандырудың басқа да түрлерi бойынша талаптары қанағаттандырылады;
      5) бесiншi кезекте, жасалған сақтандыру шарттары бойынша, осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында аталғаннан өзге, кредиторлардың талаптары, сондай-ақ сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезінде, міндетті сақтандыру шарттары бойынша, жүзеге асырылған кепілдік, өтемақы төлемдері және оларды жүзеге асыруға байланысты өзге де шығыстар бойынша сақтанушылардың (сақтандырылушылардың, пайда алушылардың) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін қордың талаптары  қанағаттандырылады;
      6) алтыншы кезекте, таратылатын сақтандыру ұйымының мүлкiн қамтамасыз етiлу сомасы шегiнде кепiлге салумен қамтамасыз етiлген мiндеттемелер бойынша кредиторлардың талаптары қанағаттандырылады;
      7) жетiншi кезекте, салықтар, алымдар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша, сондай-ақ республикалық бюджеттен берiлген кредиттердi қайтару бойынша берешек өтеледi;
      8) сегiзiншi кезекте, Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес басқа кредиторлармен есеп айырысу жүзеге асырылады.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату жөнiндегi iске байланысты шығыстар, сондай-ақ соттың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату туралы шешiмi заңды күшiне енгенге дейiн, не уәкiлеттi органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерiктi түрде таратуға рұқсат беру туралы шешiмi күшiне енгенге дейiн басталған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға арналған шығыстар кезектен тыс жүргiзiледi.
      3. Қайта сақтандыру ұйымы кредиторларының заңдарда белгiленген тәртiппен танылған талаптары мынадай кезектiлiкпен қанағаттандырылуға тиiс:
      1) бiрiншi кезекте, таратылатын қайта сақтандыру ұйымы азаматтардың өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жауапты болатын жағдайда, ол азаматтардың талаптары қайта сақтандыру шарттары бойынша жауапкершiлiкпен байланысты емес негiздер бойынша тиiстi мерзiмдiк төлемдердi капиталдандыру арқылы қанағаттандырылады;
      2) екiншi кезекте, еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн адамдармен еңбекке ақы төлеу жөнiнде және авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу жөнiнде есеп айырысу жүргiзiледi;
      3) үшiншi кезекте, цеденттердiң "өмiрдi сақтандыру" саласы бойынша шарттардан туындайтын талаптары қанағаттандырылады;
      4) төртiншi кезекте, цеденттердiң "жалпы сақтандыру" саласы бойынша шарттардан туындайтын талаптары қанағаттандырылады;
      5) бесiншi кезекте, таратылатын қайта сақтандыру ұйымының мүлкiн қамтамасыз етiлу сомасы шегiнде кепiлге салумен қамтамасыз етiлген мiндеттемелер бойынша кредиторлардың талаптары қанағаттандырылады;
      6) алтыншы кезекте, салықтар, алымдар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша, сондай-ақ республикалық бюджеттен берiлген кредиттердi қайтару бойынша берешек өтеледi;
      7) жетiншi кезекте, Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес басқа кредиторлармен есеп айырысу жүзеге асырылады.
      4. Әрбiр келесi кезектегi талаптар одан алдыңғы кезектегi талаптар толық орындалғаннан кейiн қанағаттандырылады.
      Бiр кезектегi кредиторлардың талаптарын қанағаттандырған кезде қаражат олардың арасында қанағаттандырылуға жататын талаптар сомасына бара-бар бөлiнедi.
      5. Тиiстi кезегi келгенде кредитордың талабы оның келiсiмiмен Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн әдiстермен, оның iшiнде есеп айырысудың бара-барлық принципiн сақтай отырып, ақшалай нысанда және (немесе) мүлiктi заттай күйiнде беру арқылы қанағаттандырылуы мүмкiн.
      Ескерту. 72-бапқа өзгертулер енгізілді - ҚР 2003.06.11 N 436, 2003.07.10 N 483, 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      73-бап. Уәкiлеттi органның сақтандыру (қайта сақтандыру)
               ұйымдарын тарату процесiндегi бақылау
               өкiлеттiктерi

      1. Ерiктi және мәжбүрлеп, оның iшiнде банкроттық негiз бойынша таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларының қызметiн бақылауды жүзеге асыру мақсатында уәкiлеттi орган:
      1) тарату комиссияларынан iстелген жұмыс туралы есептердi, ал қажет болған жағдайда, қосымша ақпаратты да алуға;
      2) тарату комиссияларының есептер мен қосымша ақпаратты беру нысанын, мерзiмдерiн және кезеңдiлiгiн белгiлеуге;
      3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тарату комиссияларының қызметiн тексерудi жүргiзуге;
      4) тарату комиссияларының қызметiнде Қазақстан Республикасының заңдарын, кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзу анықталған кезде кемшiлiктердi жою жөнiнде, тарату комиссиялары орындауға мiндеттi жазбаша нұсқамалар шығаруға, нұсқамалардың орындалу мерзiмiн белгiлеуге;
      5) тарату комиссиясы белгiленген мерзiмде жазбаша ұйғарымды орындамаған жағдайда кредиторлардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау үшiн сотқа не прокуратура органдарына жүгiнуге;
      6) тарату шығыстарының сметасын қалыптастыру мен бекітудің ерекшеліктерін және тәртібін белгілеуге;
      7) тарату комиссияларының кассадағы қолма-қол ақшаны сақтау, қолма-қол ақшамен кіріс және шығыс операцияларын жасау, касса құжаттарын жүргізу ережелерін орындау, қолма-қол ақшаның жұмсалуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарын, касса қалдықтарының лимиттерін, сондай-ақ тарату комиссиясының ағымдағы шотына қолма-қол ақшаны өткізу мерзімдерін айқындауға құқылы.
      2. Тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзған жағдайда тарату комиссиясының төрағасы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
      Ескерту. 73-бап жаңа редакцияда - ҚР 2003.07.10 N 483, 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

13-тарау. ЕСЕП БЕРУ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ МӘСЕЛЕЛЕР

      74-бап. Қаржылық және өзге де есеп беру

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокерi өздерi жүргiзген операциялардың есебiн қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарына, Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
      2. Шоғырландырылған негiздегі қаржылық есептіліктi қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокерiнiң қаржылық есептiлігі тiзбесін, нысандарын, оларды беру мерзiмдерi мен тәртiбiн уәкілетті органмен келiсiм бойынша Ұлттық Банк белгілейдi.
      2-1. Шоғырландырылған негiздегi қаржылық есептiлiктi қоса алғанда (қаржылық және статистикалық есептiлiкті қоспағанда), сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокерi есептiлiгiнiң тiзбесiн, нысандарын, оларды беру мерзімі мен тәртібін уәкілетті орган белгiлейдi.
      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру брокері уәкiлеттi мемлекеттiк органның сұратуы бойынша оған өзiнiң мүлкi туралы, оның iшiнде Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлердегi мүлкi туралы, қабылданған тәуекелдердiң мөлшерi, берiлген кепiлдiктер мен кепiлгерлiктер туралы, жасалған және жасалатын сақтандыру және қайта сақтандыру мәмiлелерi туралы мәлiметтердi, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу туралы мәлiметтердi, өзiнiң бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсатында сақтандыру құпиясы бар мәлiметтердi табыс етуге мiндеттi.
      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру брокері өз қызметiне жыл сайын мiндеттi аудит жүргiзiп отырады.
      Ескерту. 74-бапқа өзгертулер енгізілді - ҚР 2004.06.11 N 562, 2005.07.08 N 69, 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.05.05 N 139, 2007.02.28 N 235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      74-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі
                 қатысушысының есептілігі

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысы уәкілетті органға жыл сайын қаржы жылы аяқталғаннан кейін жүз жиырма күн ішінде қаржылық есептілік пен оның түсіндірме жазбасын табыс етуге тиіс.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жеке тұлға болып табылатын ірі қатысушысы уәкілетті органға қаржы жылы аяқталғаннан кейін жүз жиырма күн ішінде кірістер мен мүлік туралы мәліметтерді, сондай-ақ:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қабылдайтын шешімдерге өзінің басқа тұлғалармен бірлесіп өз араларындағы шартқа орай не өзгеше түрде ықпал етуді жүзеге асыруы туралы, оның ішінде мұндай ықпал ету мүмкіндігін айқындайтын өкілеттіктер берудің сипаттамасы болатын;
      2) жарғылық капиталдарға қатысудың өзіне тиесілі үлестерін (акцияларды) көрсете отырып, ұйымдарда өзінің атқаратын лауазымдары туралы;
      3) ұйымдардың жарғылық капиталдарына қатысудың өзіне тиесілі үлестерін (акцияларды) алынған қарыздар есебінен сатып алу туралы;
      4) жақын туыстары, жұбайы және жұбайының (зайыбының) жақын туыстары туралы ақпаратты қамтитын есептілікті табыс етуге тиіс.
      2-1. Есептілікті ұсыну тәртібі мен нысандары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (олармен дауыс беру мүмкіндігі бар) заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушы уәкілетті органға:
      1) есепті тоқсаннан кейінгі қырық бес күн ішінде тоқсан сайынғы шоғырландырылған қаржылық есептілік пен оған түсіндірме жазбаны;
      2) қаржы жылы аяқталғаннан кейін жүз жиырма күн ішінде, аудиторлық ұйым растамаған, шоғырландырылған және шоғырландырылмаған қаржылық есептілік пен оған түсіндірме жазбаны табыс етуге тиіс.
      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысының жылдық қаржылық есептілікке түсіндірме жазбасында, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (олармен дауыс беру мүмкіндігі бар) ірі қатысушының тоқсан сайынғы және жылдық қаржылық есептілікке түсіндірме жазбаларында мынадай ақпарат:
      1) ірі қатысушының (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (олармен дауыс беру мүмкіндігі бар) заңды тұлғаның) қызмет түрлерінің сипаттамасы;
      2) ірі қатысушы (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (олармен дауыс беру мүмкіндігі бар) заңды тұлға) қатысушысы (акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталына қатысу үлесінің мөлшері (тиесілі акцияларының саны), қызмет түрінің немесе түрлерінің сипаттамасы, ірі қатысушы (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (олармен дауыс беру мүмкіндігі бар) заңды тұлға) ірі қатысушысы (ірі акционері) болып табылатын ұйымның қаржылық есептілігі;
      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (олармен дауыс беру мүмкіндігі бар) заңды тұлғаның) ірі қатысушысы (акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталына қатысу үлесінің мөлшері (оған тиесілі акциялар саны), осы ұйымның қызмет түрінің немесе түрлерінің сипаттамасы және қаржылық есептілігі, сондай-ақ аффилирленген тұлғалар туралы, ірі қатысушыны бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысын бақылайтын тұлғаның еншілес және тәуелді ұйымдары туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (олармен дауыс беру мүмкіндігі бар) ірі қатысушы болмаған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы осы баптың 4-тармағында көрсетілген қаржылық есептілік пен ақпаратты есепті тоқсаннан кейінгі қырық бес күннен кешіктірмей тоқсан сайын табыс етуге тиіс.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы - заңды тұлғаның басшы қызметкерлерінің құрамы өзгерген жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы - заңды тұлға көрсетілген өзгерістер болған кезден бастап отыз күн ішінде уәкілетті органға растайтын құжаттарды тіркей отырып, басшы қызметкерлердің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметті ұсынады.
      5. Егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы Қазақстан Республикасының резиденті-қаржы ұйымы болып табылса, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы осы баптың 4-тармағының 1)-3) тармақшаларында көзделген ақпаратты береді, бұл ретте, егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы уәкілетті органға осы қаржылық есептілікті талап етілген кезеңге табыс етсе, қаржылық есептілік және оған түсіндірме жазба табыс етілмейді.
      6. Өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін тікелей немесе жанама иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар) Қазақстан Республикасының резиденті емес ірі қатысушы қаржы жылы аяқталған соң жүз жиырма күн ішінде уәкілетті органға аудиторлық ұйым растамаған шоғырландырылған және шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілікті және оған түсіндірме жазбаны табыс етуге тиіс.
      Өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін тікелей немесе жанама иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар) Қазақстан Республикасының резиденті емес ірі қатысушының жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігіне түсіндірме жазбада мынадай ақпарат:
      1) ірі қатысушының (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар) заңды тұлғаның) қызмет түрлерінің сипаттамасы;
      2) ірі қатысушы (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар) заңды тұлға) қатысушысы (акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің мөлшері (тиесілі акцияларының саны), қызмет түрінің немесе түрлерінің сипаттамасы;
      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының ірі қатысушысы (акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің мөлшері (өзіне тиесілі акциялардың саны), осы ұйымның қызмет түрінің немесе түрлерінің сипаттамасы көрсетілуге тиіс.
      7. Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы уәкілетті органға қаржылық есептілікті, оған түсіндірме жазбаны және осы бапта көзделген өзге де мәліметтерді қазақ немесе орыс тілдерінде табыс етеді.
     Ескерту. 74-1-баппен толықтырылды - ҚР 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      75-бап. Мiндеттi актуарий қорытындысы

      1. Сақтандыру резервтерi бойынша мiндеттi актуарий қорытындысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жылдық қаржылық есебiнiң ажырамас бөлiгi болып табылады және уәкiлеттi мемлекеттiк органға табыс етiлуге тиiс.
      2. Мiндеттi актуарий қорытындысының мазмұнына және табыс етiлу тәртiбiне қойылатын талаптар уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.

      75-1-бап. Шығындылықты сипаттайтын коэффициенттер

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сақтандырудың барлық не жекелеген сыныптарын (түрлерін) жүргізу кезінде өз қызметіне талдау жасау мақсатында шығындылықты сипаттайтын коэффициенттерді (шығындылық коэффициентін, жұмсалған қаражат
коэффициентін, аралас коэффициентті) есептейді.
      2. Шығындылықты сипаттайтын коэффициенттер (шығындылық коэффициенті, жұмсалған қаражат коэффициенті, аралас коэффициент) - сақтандырудың барлық не жекелеген сыныптарын (түрлерін) жүзеге асыру кезінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қызметінің
шығындылығын көрсететін салыстырмалы көрсеткіштер.
      Шығындылықты сипаттайтын коэффициенттерді (шығындылық коэффициентін, жұмсалған қаражат коэффициентін, аралас коэффициентті) есептеу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
      Ескерту. 75-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.     

      76-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және
               сақтандыру брокері қызметінің негізгі
               көрсеткіштерін жариялау

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру брокері жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда - жылдық шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті және аудиторлық есепті оларда ұсынылған мәліметтердің дұрыстығын тәуелсіз аудиторлық растаудан кейін және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жылдық жиналысы жылдық қаржылық есептілікті бекіткеннен кейін уәкілетті органмен келісім бойынша Ұлттық Банк белгілеген тәртіппен және мерзімдерде жариялайды.
      Ескерту. 76-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.11 N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      77-бап. Құжаттарды сақтау тәртiбi және мерзiмi

      1. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сақтандыру рыногының кәсіби қатысушылары, сақтандыру агенттері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сақтандыру (қайта сақтандыру), сақтандыру делдалдығы жөніндегі деректерді қалыптастыруға және өз қызметіне байланысты құжаттардың есебін жүргізу мен сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
      2. Міндетті түрде сақталуға тиісті құжаттардың тізбесін және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сақтандыру рыногының кәсіби қатысушыларының, сақтандыру агенттерінің оларды сақтау тәртібі мен мерзімін уәкілетті орган мұрағаттар мен құжаттаманы басқарудың уәкілетті органымен келісе отырып белгілейді.
      Ескерту. 77-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      78-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның шешiмiне шағым
               жасау

      1. Мүдделi тұлға уәкiлеттi мемлекеттiк органның шешiмiне ол күшiне енген күннен бастап он күн мерзiмде Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен шағым жасай алады.
      2. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның шешiмiне шағым жасау санкция қолдану туралы шешімнің орындалуын тоқтата тұруға әкеп соқпайды.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi