Сақтандыру қызметі туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2000 жылғы 18 желтоқсан N 126-II

Жаңартылған

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      ЕСКЕРТУ. Мәтiндегi "уәкiлеттi мемлекеттiк органның", "уәкiлеттi мемлекеттiк органға", "уәкiлеттi мемлекеттiк орган" деген сөздер тиiсiнше "уәкiлеттi органның", "уәкiлеттi органға", "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылды - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483 Заңымен .

      1-бап. Сақтандыру iсi және сақтандыру қызметі
            туралы заңдар

      1. Сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына  негізделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен  , осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
      2. Осы Заңмен тікелей реттелген қатынастарды коспағанда, сақтандырудан туындайтын және өзге де заң актілерінің қолданылатын аясына жататын қатынастар осы актілермен реттеледі.

      2-бап. Осы Заңмен реттелетін қатынастар

      1. Осы Заң кәсіпкерлiк қызмет түрі ретінде сақтандыруды жүзеге асырудың негізгi ережелерін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, сақтандыру брокерлерiн құру, лицензиялау, реттеу, олардың қызметiн тоқтату ерекшелiктерiн, өзге де жеке және заңды тұлғалардың сақтандыру рыногындағы қызметiнің талаптарын, сақтандыру рыногын мемлекеттік реттеу міндеттерін және сақтандыру қызметін қадағалауды қамтамасыз ету принциптерін белгілейді.
      2. Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның (бұдан әрi - уәкiлеттi органның) және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрi - Ұлттық Банк) осы Заңға сәйкес қабылдайтын  нормативтік құқықтық актілерi сақтандыру рыногының барлық қатысушылары үшін мiндеттi болады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 2-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483 Заңымен .

      3-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      актуарий - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қажеттi төлем қабiлеттiлiгi мен қаржылық тұрақтылық деңгейiн қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша мiндеттемелер мөлшерiнiң экономикалық-математикалық есептеулерiн жүзеге асыруға байланысты қызметтi атқаратын жеке адам;
      сатып алу сомасы - жинақтаушы сақтандыру шартының қолданылуы мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде сақтанушының алуына құқығы бар ақша сомасы;
      бара-бар емес қайта сақтандыру - сақтандыру шартына сәйкес көзделген жағдайлар туындаған кезде қайта сақтандыру ұйымы сақтандыру төлемiн орны толтырылуға тиiстi залалдардың толық сомасының қайта сақтандыру шарты бойынша цеденттiң өзi ұстап қалатын сомасынан артығы мөлшерiнде жүзеге асыруға өзiне мiндеттеме қабылдайтын қайта сақтандыру;
      қайта сақтандырушы (цедент) - өзi қабылдаған сақтандыру тәуекелдерiн қайта сақтандыруға берудi жүзеге асыратын сақтандыру немесе қайта сақтандыру ұйымы;
      қайта сақтандыру - сақтандыру шарты бойынша сақтандыру ұйымы қабылдап, кейiннен өздерiнiң арасында жасалған қайта сақтандыру шартына сәйкес қайта сақтандыру ұйымына сақтандыру тәуекелдерiнiң бәрiн немесе бiр бөлiгiн беруге байланысты қызмет және соған байланысты туындайтын қатынастар;
      қайта сақтандыру ұйымы (қайта сақтандырушы) - уәкiлеттi мемлекеттiк органның тиiстi лицензиясы негiзiнде қайта сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
      сақтандыру ережелерi - сақтандыру ұйымының белгiлi бiр сақтандыру түрi бойынша сақтандыруды жүзеге асыру талаптарын айқындайтын құжаты;
      бара-бар қайта сақтандыру - тиiстi сақтандыру шартында көзделген жағдайлар туындаған кезде қайта сақтандыру ұйымы қайта сақтандыру шарты бойынша цеденттен қабылданған сақтандыру мiндеттемелерiнiң үлесiне бара-бар мөлшерде сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға өзi мiндеттеме қабылдайтын қайта сақтандыру;
      сақтандыру рыногының кәсiби қатысушылары - өз қызметiн уәкiлеттi мемлекеттiк органның тиiстi лицензиялары негiзiнде жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокерi, актуарий және уәкiлеттi аудитор;
      пруденциялық нормативтер - уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейтiн және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтауы үшiн мiндеттi нормативтер;
      өздiгiнен ұстап қалу - сақтандыру сомасының бiр бөлiгi, соның шегiнде цедент қайта сақтандыру шартына сәйкес өз есебiнен жауапты болады;
      ортақ сақтандыру - бiрнеше сақтандыру ұйымдарымен бiр мезгiлде сақтандыру шарты бойынша сақтандыру тәуекелдерiн қабылдап, олардың жауапкершiлiгiн өздерiнiң арасында жасалған ортақ сақтандыру шартына сәйкес бөлуге байланысты туындайтын қызмет және соған байланысты қатынастар;
      сақтандыру ұйымы (сақтандырушы) - сақтандыру шарттарын жасасу және орындау қызметiн уәкiлеттi мемлекеттiк органның тиiстi лицензиясы негiзiнде жүзеге асыратын заңды тұлға;
      сақтандыру агенті - берiлген өкiлеттiгiне сәйкес сақтандыру ұйымының атынан және тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөнiндегi делдалдық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      сақтандыру брокерi - сақтандыру және қайта сақтандыру мәселелерi бойынша консультациялық қызметтi, өз атынан және сақтанушының тапсыруымен сақтандыру шарттарын немесе өз атынан және цеденттiң тапсыруымен қайта сақтандыру шарттарын жасасу жөнiндегi делдалдық қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
      сақтандыру резервтерi - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша актуарий есептеулерi негiзiнде бағаланатын мiндеттемелерi;
      сақтандыру қызметiнiң субъектiлерi - сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдары;
      уәкiлеттi аудиторлық ұйым (уәкiлеттi аудитор) - уәкiлеттi мемлекеттiк органның тиiстi лицензиясы негiзiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аудитi жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын аудиторлық ұйым (аудитор).

      4-бап. Сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi

      1. Сақтандыру дегенiмiз, сақтандыру ұйымы өз активтерi есебiнен жүзеге асыратын сақтандыру төлемi арқылы сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүдделерiн мүлiктiк жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешенi.
      2. Сақтандыру қызметi - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға байланысты, Қазақстан Республикасы заңдарының  талаптарына сәйкес уәкiлеттi мемлекеттiк органның лицензиясы негiзiнде жүзеге асырылатын қызметi.

      5-бап. Шетелдiк жеке және заңды тұлғалар мен
             азаматтығы жоқ адамдарды сақтандыру

      1. Шетелдiк азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдiк заңды тұлғалар, оның iшiнде өз қызметiн Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратындар сақтандыру арқылы қорғалу құқығын Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен бiрдей пайдаланады.
      2. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан заңды тұлғалардың немесе оның оқшауланған бөлiмшелерiнiң мүлiктiк мүдделерiн және Қазақстан Республикасының резидентi болып табылатын жеке тұлғалардың мүлiктiк мүдделерiн сақтандыруды тек қана Қазақстан Республикасының резидентi - уәкiлеттi мемлекеттiк органның тиiстi лицензиясы бар сақтандыру ұйымы жүзеге асыра алады.

2-тарау. САҚТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТIН ҰЙЫМДАСТЫРУ

      6-бап. Сақтандыру салалары, сыныптары және түрлерi

      1. Сақтандыру қызметiн ұйымдастыру және мемлекеттiк реттеу мен лицензиялауды жүзеге асыру үшiн сақтандыру салаларға, сыныптар мен түрлерге бөлiнедi. Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметi "өмiрдi сақтандыру" саласы және "жалпы сақтандыру" саласы бойынша жүзеге асырылады.
      2. "Өмiрдi сақтандыру" саласы ерiктi сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:
      1) өмiрдi сақтандыру;
      2) аннуитеттiк сақтандыру.
      3. "Жалпы сақтандыру" саласы ерiктi сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:
      1) жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру;
      2) медициналық сақтандыру;
      3) автомобиль көлiгiн сақтандыру;
      4) темiр жол көлiгiн сақтандыру;
      5) әуе көлiгiн сақтандыру;
      6) су көлiгiн сақтандыру;
      7) жүктердi сақтандыру;
      8) осы тармақтың 3)-7) тармақшаларында аталған сыныптарды қоспағанда, мүлiктi сақтандыру;
      9) кәсiпкерлiк тәуекелдi сақтандыру;
      10) автомобиль көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;
      11) темiр жол көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;
      12) әуе көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;
      13) су көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;
      14) тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;
      15) шарт бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру;
      16) осы тармақтың 10)-14) тармақшаларында аталған сыныптарды қоспағанда, зиян келтiргенi үшiн азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру.
      4. Ерiктi сақтандыру нысанындағы әрбiр сыныптың мазмұны және оны жүргiзу жағдайлары бойынша қосымша талаптар уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
      5. Сақтандыру түрi, сақтандыру ұйымы сақтанушыға сақтандыру шартын жасау арқылы сақтандырудың бiр немесе бiрнеше сыныбы шегiнде әзiрлейтiн және беретiн сақтандыру өнiмi болып табылады. Сақтандыру ұйымы сақтанушыға сақтандыру полисiн бере отырып қосылу шарты нысанында сақтандыру шартын жасасу жөнiндегi қызметтi уәкiлеттi органмен сақтандыру ережелерiн келiскеннен кейiн ғана жүзеге асыруға құқылы. <*>
      6. Мiндеттi сақтандырудың әрбiр түрi сақтандырудың бөлек сыныбы болып табылады. Мiндеттi сақтандыру нысаны бойынша әрбiр сыныптың мазмұны және оны жүргiзу жағдайлары бойынша қосымша талаптар сақтандырудың осы сыныбын реттейтiн заң актiлерiмен белгiленедi.
      ЕСКЕРТУ. 6-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483 Заңымен .

      7-бап. Сақтандыру сыныптарының мазмұны

      1. Өмiрдi сақтандыру, сақтандырылушы қайтыс болған немесе ол сақтандыру мерзiмi бiткенге дейiн немесе сақтандыру шартында белгiленген жасқа дейiн өмiр сүрген жағдайда сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды көздейтiн жеке сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.
      2. Аннуитеттiк сақтандыру, сақтандырылушы белгiлi бiр жасқа жеткен, еңбек ету қабiлетiн (жасына байланысты, мүгедектiгiне байланысты, науқастығына байланысты) жоғалтқан, асыраушысы қайтыс болған, жұмыссыз қалған жағдайларда немесе сақтандырылушының жеке табыстарының кемуiне немесе одан айрылуына әкелiп соққан өзге де жағдайларда зейнетақы немесе рента түрiнде кезең-кезеңiмен сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн жеке сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.
      3. Жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру,сақтандырылушы жазатайым жағдайдың немесе ауырудың салдарынан қайтыс болған, еңбек ету (жалпы немесе кәсiптiк жағынан) қабiлетiн (толық немесе iшiнара) жоғалтқан немесе оның денсаулығына өзге де зиян келтiрiлген жағдайларда оның қосымша шығыстарын тiркелген сомада не iшiнара немесе толық өтемi мөлшерiнде сақтандыру төлемiн жүзеге асыру көзделетiн жеке сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.
      4. Медициналық сақтандыру, сақтандырылушының медицина мекемесiнен медициналық сақтандыру бағдарламасына енгiзiлген медициналық қызмет көрсетулердi сұраған жолданымдарынан туындаған шығыстарын iшiнара немесе толық өтемi мөлшерiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн жеке сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.
      5. Көлiк құралдарын сақтандыру, көлiк құралын иеленуге, пайдалануға, оған билiк етуге байланысты адамдардың мүлiктiк мүдделерiне оның зақымдануы немесе жойылуы, соның iшiнде айдап немесе ұрлап әкетiлуi салдарынан келтiрiлген зиянды iшiнара немесе толық өтемi мөлшерiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.
      6. Жүктердi сақтандыру, жүктердi иеленуге, пайдалануға, оған билiк етуге байланысты адамдардың мүлiктiк мүдделерiне оның зақымдануы немесе жойылуы, соның iшiнде жүктердiң тасымалдану әдiсiне қарамастан жоғалып кетуi салдарынан келтiрiлген зиянды iшiнара немесе толық өтемi мөлшерiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.
      7. Мүлiктi сақтандыру, мүлiктi иеленуге, пайдалануға, оған билiк етуге байланысты адамдардың мүлiктiк мүдделерiне, осы Заңның 6-бабының 3-тармағының 3)-7) тармақшаларында келтiрiлген мүлiктердi қоспағанда, оның зақымдануы немесе жойылуы салдарынан келтiрiлген зиянды iшiнара немесе толық өтемi мөлшерiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.
      8. Кәсiпкерлiк тәуекелдi сақтандыру, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң  810-бабында көзделген жағдайларда сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.
      9. Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру, үшiншi тұлғаға өзi көлiк құралдарын пайдалануға байланысты келтiрген зиянын өтеу мiндетiне байланысты тұлғаның мүлiктiк мүдделерiне келтiрiлген зиянды iшiнара немесе толық өтемi мөлшерiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.
      10. Тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру, көлiк құралдарын тасымалдаушы ретiнде өзi пайдалануына байланысты үшiншi тұлғаға келтiрiлген зиянын өтеу мiндеттемесiмен байланысты тұлғаның мүлiктiк мүдделерiне келтiрiлген зиянды iшiнара немесе толық өтемi мөлшерiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.
      11. Шарт бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң  812-бабында көзделген жағдайларда сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.
      12. Залал келтiргенi үшiн азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң  811-бабында көзделген жағдайларда сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.

      8-бап. Сақтандыру салалары мен сыныптарын бiрiктiру

      1. Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру ұйымының қызметi "өмiрдi сақтандыру" саласы бойынша лицензия немесе "жалпы сақтандыру" саласы бойынша лицензия негiзiнде сақтандырудың лицензияда көрсетiлген тиiстi сыныптары шегiнде жүзеге асырылады.
      2. "Жалпы сақтандыру" саласындағы қызметтi:
      1) "өмiрдi сақтандыру" саласындағы қызметпен бiрiктiруге;
      2) жинақтаушы сақтандыру нысанында жүзеге асыруға болмайды.
      3. Осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларында аталған сыныптар шегiндегi тәуекелдердi сақтандыруды қоспағанда, "өмiрдi сақтандыру" саласындағы қызметтi "жалпы сақтандыру" саласындағы қызметпен бiрiктiруге болмайды.
      4. Сақтандыру ұйымы, өзiнде сақтандырудың тиiстi сыныптары көрсетiлген және осы Заңда белгiленетiн сақтандыру сыныптарын бiрiктiру жөнiндегi шектеулер ескерiлген лицензия болған жағдайда, сақтандырудың екi және одан көп сыныптарының белгiлерi мен мазмұнын ұштастыратын сақтандыру түрiн әзiрлеуге құқылы.
      5. <*>
      ЕСКЕРТУ. 8-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483 Заңымен .

      9-бап. Қайта сақтандыру жөнiндегi қызмет

      1. Қазақстан Республикасының аумағында қайта сақтандыруды жүзеге асыру жөнiндегi қызмет осы Заңда көзделген тәртiппен лицензиялануға тиiс.
      2. Қайта сақтандыру бара-бар және бара-бар емес болып бөлiнедi.
      Қайта сақтандыру жөнiндегi лицензияның болуы лицензиатқа бара-бар қайта сақтандыру қызметiн де, бара-бар емес қайта сақтандыру қызметiн де жүзеге асыру құқығын бередi.
      3. "Жалпы сақтандыру" саласы бойынша немесе "өмiрдi сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы бара-бар қайта сақтандыру жөнiндегi қызметiн өзiнiң лицензиясында көрсетiлген сыныптарда ғана қайта сақтандыру лицензиясынсыз жүзеге асыруға құқылы.
      4. "Жалпы сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымының тек қана "жалпы сақтандыру" саласында қайта сақтандыру жөнiнде лицензия алуға және бара-бар қайта сақтандыру жөнiндегi қызметтi де, бара-бар емес қайта сақтандыру жөнiндегi қызметтi де жүзеге асыруға құқығы бар.
      5. "Өмiрдi сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымының тек қана "өмірді сақтандыру" саласында қайта сақтандыру жөнiнде лицензия алуға және бара-бар сақтандыру жөнiндегi қызметтi де, бара-бар емес сақтандыру жөнiндегi қызметтi де жүзеге асыруға құқығы бар.
      6. Қайта сақтандыруды қайта сақтандыру жөнiндегi лицензия негiзiнде қызметтің ерекше түрi ретінде жүзеге асыратын қайта сақтандыру ұйымы "өмiрдi сақтандыру" және "жалпы сақтандыру" салалары бойынша бара-бар қайта сақтандыруды да, бара-бар емес қайта сақтандыруды да жүзеге асыруға құқылы.
      7. Осы Заңда қайта сақтандыру ұйымын құру, лицензиялау және оның қызметiн тоқтату талаптары қайта сақтандыруды қызметтiң ерекше түрi ретiнде жүзеге асыратын қайта сақтандыру ұйымдарына қатысты келтiрiлген.

3-тарау. САҚТАНДЫРУ РЫНОГЫ

      10-бап. Сақтандыру рыногының қатысушылары

      Қазақстан Республикасы сақтандыру рыногының қатысушылары:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы;
      2) сақтандыру брокерi;
      3) сақтандыру агентi;
      4) сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы;
      5) актуарий;
      6) уәкiлеттi аудиторлық ұйым (уәкiлеттi аудитор);
      7) өзара сақтандыру қоғамы;
      8) сақтандырумен байланысты кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын өзге де заңды және жеке тұлғалар болып табылады.

      11-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметi

      1. Сақтандыру қызметi сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жүзеге асыратын кәсiпкерлiк қызметтiң негiзгi түрi болып табылады.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру қызметiнен басқа қызметтiң мынадай түрлерiн:
      1) уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген тәртiппен инвестициялық қызметтi;
      2) тиiстi жинақтаушы сақтандыру шартында көзделген сатып алу сомасы шегiнде өзiнiң сақтанушыларына қарыз берудi (сақтандыру ұйымы үшін);
      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметiн автоматтандыру үшiн пайдаланылатын арнаулы бағдарламалық қамтамасыз етудi сатуды;
      4) ақпарат берiлiмдерiнiң кез келген түрлерiнде сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi жөнiнде арнаулы әдебиет сатуды;
      5) бұрын өз мұқтаждары үшiн сатып алынған (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшiн) немесе оның қарамағына сақтандыру шарттарын жасасуға байланысты келiп түскен (сақтандыру ұйымы үшiн) мүлiктi сатуды немесе жалға берудi;
      6) сақтандыру қызметiне байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызмет көрсетудi;
      7) сақтандыру (қайта сақтандыру) саласында мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру мақсатында оқытуды ұйымдастыру мен жүргiзудi;
      8) сақтандыру агентi ретiнде сақтандыру делдалы болуды;
      9) осы Заңның 52-бабының 1-тармағында аталған қызметтi;
      10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi қызметтi ("өмiрдi сақтандыру" саласындағы қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары үшiн) жүзеге асыруға құқылы. <*>
      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кәсiпкерлiк қызмет ретiнде осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделмеген мәмiлелердi жүзеге асыруы мен операцияларды жүргiзуiне тыйым салынады.
      4. Сақтандыру ұйымдары, сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретiн қор құруға құқылы. Қордың құрылу тәртiбi мен қызметi Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.
      Сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезінде міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтанушылардың (сақтандырушылардың, пайда алушылардың) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін қорға сақтандыру ұйымдарының міндетті қатысуы Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделуі мүмкін. <*>
      Ескерту. 11-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.06.11. N 436 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 11-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483 Заңымен .

      12-бап. Жинақтаушы сақтандыру жөнiндегi қызметтi
              жүзеге асырудың ерекшелiктерi

      1. Жинақтаушы сақтандыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарын ескере отырып, өзiнiң сақтанушыларына сатып алу сомасы шегiнде қарыз беруге құқылы.
      2. Сақтандыру ұйымы аннуитет шарты қолданылатын кезеңде актуарийдiң қорытындысы негiзiнде уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген тәртiппен тұрақты берiлiп тұратын сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн ұлғайтуға құқылы.

      13-бап. Ортақ сақтандыру жөнiндегi қызмет

      1. Ортақ сақтандыру кезiнде сақтандыру шартының талаптары ортақ сақтандыру шартымен белгiленетiн жағдайларда жетекшi сақтандыру ұйымының мiндетi мен өкiлеттiгiн өзiне қабылдайтын сақтандыру ұйымының сақтандыру ережелерiне сәйкес айқындалады. Ортақ сақтандыру шартына қатысушы сақтандыру ұйымы сақтандыру шартын сол сақтандыру түрi бойынша олардың ережелерiнде көзделгенiнен өзгеше жағдайларда жасасуға құқылы.
      2. Лицензиясында тиiстi сақтандыру сыныбы көрсетiлмеген сақтандыру ұйымының ортақ сақтандыру iсiне қатысуына тыйым салынады.

      14-бап. Лицензиясыз қызметке тыйым салу

      Уәкiлеттi мемлекеттiк органның тиiстi лицензиясы жоқ бiрде-бiр тұлғаның:
      1) өз атынан сақтандыру, қайта сақтандыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға, негiзгi немесе Қосымша қызмет түрi ретiнде сақтандыру брокерiнiң, актуарийдiң немесе уәкiлеттi аудитордың қызметiн көрсетуге;
      2) өзiнiң атауында, құжаттарда, хабарландырулар мен жарнамада "сақтандыру ұйымы", "қайта сақтандыру ұйымы", "сақтандыру брокерi" деген сөздердi немесе оның өз атынан сақтандыру немесе қайта сақтандыру операцияларын жүзеге асыруды бiлдiретiн не сақтандыру брокерi, актуарий немесе уәкiлеттi аудитор ретiнде көрiнетiн туынды сөздердi (сөз тiркестерiн) пайдалануға құқығы жоқ.

      15-бап. Шекарааралық сақтандыру (қайта сақтандыру)

      1. Сақтандыру ұйымының басқа мемлекеттiң аумағында сақтандыру қызметiн көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға байланысты сақтандыру трансшекаралық сақтандыру болып табылады. Шекарааралық сақтандыруды жүргiзудiң талаптары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен белгiленедi. <*>
      2. Қазақстан Республикасы резидентiнiң - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзi қабылдаған сақтандыру тәуекелдерiн Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге қайта сақтандыруға беруi тiкелей Қазақстан Республикасының резидентi емес қайта сақтандыру ұйымына, онда рейтингтi агенттiктердiң белгiлi бiр рейтингi болған жағдайда, жүзеге асырылуы мүмкiн. Қазақстан Республикасы резидентiнiң - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзi қабылдаған сақтандыру тәуекелдерiн жоғарыда аталған резидент емес сақтандыру ұйымына қайта сақтандыруға беруi рейтингтi агенттiктердiң белгiлi бiр рейтингi бар Қазақстан Республикасының резидентi емес сақтандыру брокерi арқылы не Қазақстан Республикасының резидентi - сақтандыру брокерi арқылы жүзеге асырылуы мүмкiн. <*>
      3. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге шығатын автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру шартын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының резидентi емес сақтандыру ұйымының атынан сақтандыру шартын жасасу жөнiндегi делдалдық қызметке жол берiлмейдi.
      4. Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының резидентi емес сақтандыру ұйымының атынан Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге шығатын автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру шарттарын жасасу жөнiндегi делдалдық қызметтi тиiстi сақтандыру сыныбы көрсетiлген уәкiлеттi мемлекеттiк органның лицензиясы бар Қазақстан Республикасының резиденттерi - сақтандыру ұйымдары және аталған Қазақстан Республикасының резидентi емес сақтандыру ұйымымен жасалған тиiстi шарты болған жағдайда Қазақстан Республикасының резиденттерi - сақтандыру брокерлерi жүзеге асыра алады.
      5. Цеденттiң Қазақстан Республикасының резидентi емес қайта сақтандыру ұйымдарына төлеген сақтандыру сыйлығының жиынтық мөлшерi, олардан цедент алған комиссиялық алымды шегерiп тастағанда, олар толық қаржы жылы аяқталғаннан кейiн сақтандыру шарты бойынша (қайта сақтандыру ұйымдарына төленгенiн ескергенде) алған сақтандыру сыйлықақысының жиынтық мөлшерiнiң сексен бес процентiнен аспауға тиiс.
      ЕСКЕРТУ. 15-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483 Заңымен .

      16-бап. Сақтандыру ұйымына сақтанушыларға ақпарат беру
              жөнiнде қойылатын талаптар

      1. Тұрақты жұмыс iстейтiн органының орналасқан жерi өзгерген, атауы өзгерген жағдайда сақтандыру ұйымы бұл жөнiнде өзiнiң сақтанушыларына республикалық екi газетте хабарландыру жариялау арқылы бiр айдан кешiктiрмей хабарлауға мiндеттi.
      Өзiнiң оқшауланған бөлiмшесiнiң орналасқан жерi өзгерген жағдайда сақтандыру ұйымы бұл жөнiнде өзiнiң сақтанушыларына тиiстi екi облыстық газетте хабарландыру жариялау арқылы бiр айдан кешiктiрмей хабарлауға мiндеттi.
      2. Сақтандыру ұйымы сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензияның тиiстi түрде куәландырылған көшiрмесiн оны көрiп, танысуға болатын жерге орналастыруға мiндеттi.
      3. Сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтанушының сақтандыру ұйымынан кiрiстерi мен шығыстары туралы баланс пен есептен тұратын және уәкiлеттi аудитор куәландырған жылдық қаржы есебiн сұратып алуға құқығы бар. <*>
      ЕСКЕРТУ. 16-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483 Заңымен .

4-тарау. САҚТАНДЫРУ ДЕЛДАЛДЫҒЫ

      17-бап. Сақтандыру брокерiнiң қызметi

      1. Сақтандыру брокерiнiң қызметi ерекше қызмет түрi болып табылады және оны уәкiлеттi мемлекеттiк орган лицензиялауға тиiс.
      2. Сақтандыру брокерiнiң өзi қатысып жасалатын сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша өкiлеттiгi мен жауапкершiлiгi сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының тараптарымен жасалатын тиiстi шарттармен белгiленедi.
      3. Сақтандыру брокерiнiң жарғылық капиталының ең аз мөлшерiне және оның қызметiнiң өзге де жағдайларына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының заңдарымен  белгiленедi.
      4. Сақтандыру брокерi, уәкiлеттi мемлекеттiк органға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзi анықтаған төлем қабiлетсiздiгi фактiлерi туралы дереу хабарлауға мiндеттi.

      18-бап. Сақтандыру агентiнiң қызметi

      1. Сақтандыру агентiнiң сақтандыру рыногында делдалдық қызметтi жүзеге асыруға өкiлеттiгi сақтандыру ұйымының тиiстi құжаттарымен белгiленедi.
      Сақтандыру агентiнiң өкiлеттiгi болмаған жағдайда оның сақтандыру агентi ретiндегi қызметiне жол берiлмейдi.
      2. Сақтандыру ұйымы, өзiнiң атынан сақтандыру агентi сақтандыру ұйымынан алған өкiлеттiк шегiнде жасаған сақтандыру шарты бойынша қабылдаған мiндеттемелердi сақтандыру ұйымының өзi тiкелей қабылдаған мiндеттемелер ретiнде орындайды.
      3. Сақтандыру агентi сақтауға мiндеттi талаптар, оның iшiнде сақтандыру құжаттамасы бланкiлерiнiң есебiн жүргiзу мен сақтау, қолма- қол ақшамен жұмыс жүргiзу мәселелерi жөнiндегi талаптар Қазақстан Республикасы заңдарының талаптары ескерiле отырып, сақтандыру ұйымының iшкi құжаттарында белгiленедi.
      4. Сақтандыру ұйымы сақтандыру делдалдығы операцияларын жүргiзуге өзi уәкiлдiк берген сақтандыру агенттерiнiң тiзiлiмiн жүргiзiп отыруға мiндеттi.

5-тарау. АКТУАРИЙЛІК ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ АУДИТ

      19-бап. Актуарийлiк қызмет

      1. Актуарийлiк қызметтi жүзеге асыруға уәкiлеттi мемлекеттiк орган берген лицензиясы бар жеке адам актуарий болуға құқылы.
      2. Актуарийлiк қызмет осы Заңға және уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес, сондай-ақ актуарийлiк қызметтi жүзеге асырудың халықаралық принциптерi (стандарттары) ескерiле отырып жүзеге асырылуға тиiс.
      3. Актуарийлiк есептеулер мынадай негiздер бойынша:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бастамасы бойынша - бастамашылық актуарийлiк есептеулер;
      2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда - мiндеттi актуарийлiк есептеулер жүргiзiледi.
      4. Актуарийлiк есептеулер жүргiзу кезiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мiндеттi актуарийлiк есептеулер мен қорытындыларды жасау және дайындау үшiн қажеттi, актуарий талап еткен қолда бар құжаттар мен мәлiметтердiң бәрiн беруге мiндеттi. Актуарий өзiнiң қарауына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы табыс еткен құжаттар мен мәлiметтердiң толықтығы мен дұрыстығы үшiн жауап бермейдi.
      5. Актуарий өзi жасаған актуарийлiк есептеулер мен қорытындылардың дұрыстығы мен дәлдiгiне Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген тәртiппен жауап бередi.
      6. Актуарий, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру резервтерiн қалыптастыру жөнiндегi талаптарды сақтамағандығы туралы өзi анықтаған фактiлердi уәкiлеттi мемлекеттiк органға дереу хабарлауға мiндеттi.

      20-бап. Аудит

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қызметiнiң аудитiн уәкiлеттi мемлекеттiк органның тиiстi лицензиясы бар уәкiлеттi аудитор жүзеге асырады.
      2. Сақтандыру қызметiнiң аудитiн жүзеге асыруға қойылатын талаптар уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
      3. Уәкiлеттi аудитор, жүргiзiлген аудит туралы қорытындының көшiрмесiн, уәкiлеттi мемлекеттiк органға оның жазбаша сұратуы бойынша беруге мiндеттi.
      4. Уәкiлеттi аудитор, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметiне мiндеттi аудит нәтижесiнде анықталған Қазақстан Республикасының заңдарын бұзушылықтар туралы уәкiлеттi мемлекеттiк органға дереу хабарлауға мiндеттi.
      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз құрылымында iшкi аудит қызметi (аудиторы) болуы мiндеттi, оның қызметi лицензиялауға жатпайды.
      6. Iшкi аудит жүргiзу тәртiбi, уәкiлеттi мемлекеттiк органның талаптары ескерiле отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиiстi iшкi құжаттарында белгiленедi.

6-тарау. САҚТАНДЫРУ (ҚАЙТА САҚТАНДЫРУ) ҰЙЫМДАРЫН ҚҰРУ

      21-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының
              құрылтайшылары мен акционерлерi

      1. Жеке және заңды тұлғалар - Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резидент еместерi осы Заңда және уәкілетті мемлекеттiк органның өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген талаптарды ескере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының құрылтайшылары және акционерлерi бола алады.
      2. Мемлекет Қазақстан Республикасының Үкiметi арқылы ғана сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшысы және акционерi бола алады.
      Жарғылық капиталының елу процентiнен астамы мемлекетке тиесiлi ұйымдар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының құрылтайшылары және акционерлерi бола алмайды.
      3. Мемлекет өзi құрылтайшысы немесе акционерi болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мiндеттемелерi бойынша, егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, оның жарғылық капиталына салған қаражаты шегiнде жауапты болады.
      4. Оффшорлық аймақта тiркелген, ұйым мәртебесi бар заңды тұлға не жарғылық капиталына тiкелей немесе қосылма тұлғалар арқылы оффшорлық аймақта тiркелген заңды тұлғалар қатысатын заңды тұлға, құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының - Қазақстан Республикасы резидентiнiң құрылтайшысы бола алмайды.
      Сақтандыру қызметiн қадағалауды жүзеге асыру кезiнде оффшорлық деп танылатын аймақтардың тiзбесiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.

      22-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының
              құқықтық мәртебесi

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы коммерциялық ұйым болып табылады және өз қызметiн осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырады.
      Коммерциялық ұйым түрiнде құрылған және қоғам мүшелерi болып табылмайтын адамдардың мүдделерiн сақтандыруды жүзеге асыратын өзара сақтандыру қоғамының құқықтық мәртебесi, құрылу, лицензиялану, қызметiн реттеу мен тоқтату тәртiбi осы Заңмен және уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұйымдық-құқықтық нысаны акционерлiк қоғам болып табылады. <*>
      3. <*>
      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ресми мәртебесi заңды тұлғаның әдiлет органдарында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ретiнде мемлекеттiк тiркеуден өтуiмен және уәкiлеттi мемлекеттiк органның сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына берiлген лицензиясы болуымен айқындалады.
      Ескерту. 22-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 16 мамырдағы N 416 Заңымен.

      23-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өз жарғысында жазылған атауды өз атауы ретiнде пайдаланады.
      2. "Жалпы сақтандыру" саласындағы қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының толық атауында мiндеттi түрде "сақтандыру" деген сөз немесе содан туындаған сөз болуға тиiс.
      3. "Өмiрдi сақтандыру" саласындағы қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының толық атауында мiндеттi түрде "өмiрдi сақтандыру" деген сөздер немесе содан туындаған сөздер болуға тиiс.
      4. Тек қана қайта сақтандыру қызметiн жүзеге асыратын қайта сақтандыру ұйымының толық атауында мiндеттi түрде "қайта сақтандыру" деген сөздер немесе содан туындаған сөз болуға тиiс.
      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз атауында "ұлттық", "орталық", "бюджеттiк", "республикалық" деген сөздердi пайдалануына тыйым салынады.
      6. Атау ретiнде бұрынғы құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, оның iшiнде Қазақстан Республикасының резидентi емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының атауындағы белгiлермен бiрдей немесе онымен араластыру дәрежесiне дейiн соған ұқсас сөздердi белгi атауы ретiнде пайдалануға жол берiлмейдi. Мұндай тыйым салу, еншiлес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары негiзгi ұйымның атауын пайдаланған жағдайда қолданылмайды.

      24-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының
              органдары

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мiндеттi түрде мынадай алқалық органдар құрады:
      1) директорлар кеңесi - басқару органы;
      2) басқарма - атқарушы орган;
      3) тексеру комиссиясы - бақылау органы.
      2. Қазақстан Республикасының заңдарында акционерлiк қоғамның тек қана директорлар кеңесiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелерге қосымша, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесi уәкiлеттi аудитордың, iшкi аудиттiң немесе актуарийдiң қорытындысы негiзiнде белгiленген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабiлеттiлiгi жөнiндегi заң талаптарының бұзылуына байланысты мәселелердi қарауға құзыреттi.

      25-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының
              жарғылық капиталын қалыптастыру

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшылары мен акционерлерi сатып алатын акцияларына ақшаны тек қана ұлттық валютамен төлеуге мiндеттi.
      2. Заңды тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларына төлемдi, басқа заңды тұлғалардың акциялары және (немесе) жарғылық капиталға қатысу үлесi үшiн төлем ретiнде енгізген активтерi сомасын шегерiп тастап, өзiнiң меншiктi капиталы шегiнде ақшамен төлеуге құқылы. Мұндай шектеу орнықты инвесторларға қолданылмайды.
      3. Жеке және заңды тұлғалардың қарызға, кепiлге алған қаражатты немесе өзге де тартылған қаражатты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларына төлеу үшiн пайдалануына тыйым салынады.
      4. Құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталының ең аз мөлшерiн оның құрылтайшылары оны мемлекеттiк тiркеуден өткiзген кезге дейiн толық төлеуге тиiс.
      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкiлеттi мемлекеттiк органның келiсiмiмен ғана акцияларға бақылау жасау құқығы бар акционерлерден меншiктi акцияларын сатып алуға, мәмiле жасау нәтижесiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабiлетi мәселелерiне қатысты заң талаптары бұзылмайтын жағдайда құқылы.
      6. <*>
      Ескерту. 25-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 16 мамырдағы N 416 Заңымен.
      ЕСКЕРТУ. 25-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483 Заңымен .

      26-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына
              бақылау жасау құқығы

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылу кезеңiнде ешбiр тұлғаның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретiн акцияларының жиырма бес проценттен астамын тiкелей немесе қосылма тұлғалар арқылы иеленуге, пайдалануға және оған билiк етуге құқығы жоқ.
      Мемлекет құратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сондай-ақ негiзгi сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы құратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына мұндай тыйым салу қолданылмайды.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретiн акцияларының жиырма бес процентiнен астамын иелену, пайдалану және оған билiк ету үшiн оның қызметi кезеңiнде жеке және заңды тұлғалар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына бақылау жасау құқығын иемденуге уәкiлеттi мемлекеттiк органның рұқсатын алуы қажет. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына бақылау жасау құқығын иемденуге рұқсат беру тәртiбi уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi. <*>
      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына бақылау жасау құқығына рұқсат беруден бас тартуға және берiлген рұқсатты керi қайтарып алуға өтiнiш берушiнiң қаржылық тұрақсыздығы негiз болады.<*>
      4. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына бақылау жасау құқығы бар құрылтайшылардан, акционерлерден және өзге де заңды тұлғалардан құрылтай құжаттары мен қаржы есептерін табыс етудi талап етуге, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк органдардан аталған тұлғалардың қаржылық тұрақтылығы мәселелерi жөнiнде қажеттi мәлiметтер сұратуға құқылы.
      ЕСКЕРТУ. 26-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483 Заңымен .

      27-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға
              рұқсат беру

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алу үшiн уәкілетті мемлекеттiк органға мынадай құжаттар табыс етiледi:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алуға өтiнiш;
      2) нотариат куәландырған және заңдарда  белгiленген тәртiппен ресiмделген құрылтай құжаттарының (жарғы, құрылтай шарты) үш данасы;
      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құру туралы шешiм қабылданғанын дәлелдейтiн құжаттар;
      4) құрылтайшылар - заңды тұлғалар туралы мәлiметтер (ондай құрылтайшылар болған жағдайда), оған заңды тұлға ретiнде олардың мемлекеттiк тiркеуден өткенi туралы нотариат куәландырған куәлiктiң көшiрмесi; нотариат куәландырған құрылтай құжаттарының көшiрмесi; бухгалтерлiк баланстар, аяқталған соңғы екi қаржы жылындағы және құжаттар берiлерден бұрынғы тоқсанның аяғындағы кiрiстерi мен шығыстары туралы есептер; аяқталған соңғы қаржы жылындағы қаржылық есептi тексеру туралы аудиторлық қорытынды қамтылады; <*>
      5) құрылтайшылар - жеке адамдар туралы мәлiметтер (ондай құрылтайшылар болған жағдайда), оған салық қызметi органдары куәландырған және Қазақстан Республикасының салық заңдарына  сәйкес талап етiлетiн табыс және мүлiк туралы декларация қамтылады; V950073_
      6) құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының таяудағы үш жылға арналған актуариймен куәландырылған ұйымдастыру шараларының жоспарын, даму жоспары мен капиталды дамыту көздерi мен жоспарын, күтiлiп отырған төлем қабiлетiнiң шектерi мен қаржы нәтижелерiнiң болжамын қамтитын бизнес-жоспар; <*>
      6-1) басшы қызметкерлер лауазымдарына сайланатын (тағайындалатын) тұлғалар туралы мәлiметтер; <*>
      7) өтiнiш берушiнiң құрылтайшылар атынан өтiнiш беру өкiлеттiгiн растайтын нотариат куәландырған құжат.
      2. Қазақстан Республикасының резидентi емес болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшысы өз мемлекетiнiң тиiстi сақтандыруды қадағалау органының өзiне Қазақстан Республикасы резидентiнiң - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталына қатысуға рұқсат етiлгенiн растайтын құжатты не тиiстi мемлекеттiң заңдары бойынша мұндай рұқсат талап етiлмейтiнi туралы мәлiмдеменi табыс етуге мiндеттi.
      Қазақстан Республикасының резидентi емес құрылтайшының шетелдiң мемлекеттiк органы берген құжаттары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен заңдастырылуға тиiс.
      3. Осы баптың 1-тармағының 1), 4)-6) тармақшаларында аталған құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптар уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде айқындалады.
      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға берiлген рұқсаттың, ол берiлген күннен бастап, алты ай бойына заңды күшi болады. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға берiлген рұқсатты уәкiлеттi мемлекеттiк орган осы Заңда көзделген негiздер бойынша мерзiмiнен бұрын керi қайтарып алуы мүмкiн.
      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға берiлген рұқсатты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия берiлген кезде уәкiлеттi мемлекеттiк органға қайтаруға тиiс.
      6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру туралы өтiнiштi уәкiлеттi мемлекеттiк орган өтiнiш берушi осы баптың 1-тармағына сәйкес уәкiлеттi мемлекеттiк орган сұратқан соңғы құжатты табыс еткен күннен бастап екi ай iшiнде қарауға тиiс.
      7. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган өтiнiш берушiге қабылданған шешiм туралы оның өзi көрсеткен жерiне (тұрғылықты жерiне) жазбаша хабарлайды.
      ЕСКЕРТУ. 27-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483 Заңымен .

      28-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға
              рұқсат беруден бас тарту негiздерi

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беруден:
      1) табыс етiлген құжаттардың осы Заңның 27-бабының 1-3-тармақтарында аталған талаптарға сәйкес болмауы;
      2) құрылтайшының акцияларға төлем жасау үшiн өз қаражатының жеткiлiксiз болуы;
      3) уәкiлеттi мемлекеттiк органға құрылатын ұйым мен оның құрылтайшыларына қатысты жалған ақпарат берiлу негiздерi бойынша бас тартылуы мүмкiн.
      2. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган осы Заңның 27-бабының 6-тармағында көзделген мерзiмде өтiнiш берушiге бас тарту негiзiн көрсете отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беруден бас тартқаны туралы жазбаша түрде хабарлайды.

      29-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға
              берiлген рұқсатты қайтарып алу негiздерi

      Уәкiлеттi мемлекеттiк орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға берiлген рұқсатты:
      1) оның жалған мәлiметтер негiзiнде берiлгенi анықталған;
      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ретiнде тiркелген заңды тұлға сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алғанға дейiнгi кезеңде сақтандыру iсiн және сақтандыру iсiне байланысты қызметтi жүзеге асырған;
      3) уәкiлеттi мемлекеттiк орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға берген рұқсаттың мерзiмi өтiп кетiп, сол мерзiм iшiнде ол әдiлет органдарында тiркелмеген немесе сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті мемлекеттiк органға өтініш бермеген жағдайларда керi қайтарып алуға құқылы.

      30-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын
              мемлекеттiк тiркеу

      1. Әдiлет органдары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мемлекеттiк тiркеудi уәкiлеттi мемлекеттiк органның оны құруға берген рұқсаты және оның құрылтай құжаттарының уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiлгенiн растайтын деректер болған жағдайда жүзеге асырады.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшылары оны құруға уәкiлеттi мемлекеттiк органның рұқсатын алған күннен бастап екi айдан кешіктiрмей әділет органына оны мемлекеттік тіркеу үшін өтініш жасауға мiндеттi.

      31-бап. Құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар
              енгiзу тәртiбi

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарына енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден) өткiзiлгенге дейiн уәкiлеттi мемлекеттiк органмен мiндеттi түрде келiсiлуге не әдiлет органдарына хабарлануға тиiс.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтыруларды алдын ала келiсу тәртiбi уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi.

      32-бап. Еншiлес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын
              құру

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзiнiң еншiлес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын құруға құқылы.
      2. Еншiлес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының - Қазақстан Республикасы резидентiнiң мәртебесiне ие сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзiнiң еншiлес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға құқылы емес.
      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болып табылмайтын Қазақстан Республикасының резидентi емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында еншiлес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруына тыйым салынады.
      4. Рейтингтiк агенттiктердiң бiрiнiң белгiлi бiр рейтингiне ие Қазақстан Республикасының резидентi емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының резидентiне - еншiлес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатынасы бойынша негiзгi сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бола алады. Рейтингтiк агенттiктердiң тiзбесiн және ең төменгi рейтингтi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
      5. Еншiлес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзiнiң толық атауында "еншiлес" деген сөздi және негiзi сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиiстi атауын (толық немесе iшiнара) көрсетуге мiндеттi.

      33-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын
              (өкiлдiгiн) құру, тарату

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын (өкiлдiгiн) құру (тарату) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады. V990768_ V001073_
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының (өкiлдiгiнiң) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауына сәйкес келетiн атауы болады.
      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзiнiң филиалын (өкiлдiгiн) ашуға уәкiлеттi мемлекеттiк органның келiсiмiн алуға мiндеттi.
      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын (өкiлдiгiн) ашуға келiсiм беру туралы мәселенi уәкiлеттi мемлекеттiк орган құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап бiр ай мерзiмде қарауға тиiс.
      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өкiлдiгiнiң сақтандыру (қайта сақтандыру) операцияларын жүзеге асыруға құқығы жоқ.
      6. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары мен өкiлдiктерiн ашуға берiлген келiсiмдердiң есебiн жүргiзедi.
      7. Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының резидентi емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдарын құруға тыйым салынады.

      34-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы
              қызметкерлерiне және сақтандыру брокерiне
              қойылатын талаптар <*>

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төрағасы мен басқарма мүшелерi, директорлар кеңесiнiң төрағасы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан құжаттарға қол қоюға немесе оның атынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерiн иелiктен айыруды жүргiзуге құқығы бap сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзге де басшылары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бас бухгалтерi және оның орынбасарлары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының бiрiншi басшысы мен бас бухгалтерi (болған жағдайда) сақтандыру (қайта сақтандыру ұйымының) басшы қызметкерлерi болып табылады.
      Сақтандыру брокерiнiң бiрiншi басшысы, бас бухгалтерi және олардың орынбасарлары, сондай-ақ сақтандыру брокерiнiң атынан құжаттарға қол қоюға немесе оның атынан сақтандыру брокерiнiң активтерiн иелiктен айыруды жүргiзуге құқығы бар өзге де тұлғалар сақтандыру брокерiнiң басшы қызметкерлерi болып табылады. <*>
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлерi
және сақтандыру брокерi, сондай-ақ басшы қызметкерлер лауазымына сайлауға немесе тағайындауға ұсынылатын кандидаттар осы бапта белгiленген талаптардың ең төменгi деңгейiне сәйкес келуге тиiс.<*>
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлерi уәкiлеттi мемлекеттiк органның оларды сайлауға (тағайындауға) келiсiмi болған жағдайда ғана қызметке сайланады (тағайындалады). Аталған талаптарға сәйкестiктi уәкiлеттi мемлекеттiк органның бiлiктiлiк комиссиясы белгiлейдi.
      3. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерiн, сақтандыру брокерiн сайлауға (тағайындауға) берiлген келiсiмдi мынадай негiздер бойынша:
      1) келiсiмнiң жалған мәлiметтер негiзiнде берiлгенi анықталса;
      2) сақтандыру қызметiне, сақтандыру брокерiнiң қызметiне  байланысты жыл бойы екi және одан да көп рет құқық бұзушылық жасағаны үшiн әкiмшiлiк жауапқа тартылғаны туралы деректер болса;
      3) осы Заңның 53-бабы 3-тармағының 5) тармақшасында көзделген негiздер бойынша қызмет мiндеттерiн атқарудан шеттетiлгенi туралы деректер болса;
      4) осы баптың 4-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмейтiнi анықталса, қайта қарауға құқылы.
      4. Егер:
      1) заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
      2) уәкiлеттi мемлекеттiк органның бiлiктiлiк комиссиясының оған қатысты терiс шешiмi болған;
      3) заңдарда белгiленген тәртiппен банкрот деп танылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын немесе басқа да заңды тұлғаны ерiксiз тарату туралы шешiм қабылданғанға дейiн көп дегенде бiр жыл iшiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының не басқа да заңды тұлғаның бұрынғы басшысы, бас бухгалтерi болған адам атқаратын қызметiне сәйкес келмейдi деп танылады немесе оны сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерi, сақтандыру брокерi  лауазымына сайлауға (тағайындауға) болмайды. Аталған талап сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерiксiз тарату, акцияларды мәжбүрлеп сатып алу немесе консервациялау туралы шешiм қабылданған не заңды тұлға заңда  белгiленген тәртiппен банкрот деп танылған күннен кейiн бес жыл бойы қолданылады. <*>
      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқарма, директорлар кеңесi төрағасының қызметiне және сақтандыру брокерiнiң бiрiншi басшысы және олардың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерiнiң атынан құжаттарға қол қоюға немесе оның атынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерiнiң активтерiн иелiктен айыруды жүргiзуге құқығы бар орынбасарларын сайлау (тағайындау) үшiн жоғары бiлiмнiң болуы мiндеттi шарт болып табылады. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бас бухгалтерiнiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы бiрiншi басшысының және бас бухгалтерiнiң және сақтандыру брокерi бас бухгалтерiнiң жоғары бiлiмi немесе жұмыс профилiне сәйкес келетiн арнаулы орта бiлiмi болуы тиiс.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерiнiң басшы қызметкерлерiнiң, әдеттегiдей, қаржылық қызмет көрсету саласында мынадай: сақтандыру брокерiнiң бiрiншi басшысының, бас бухгалтерiнiң және олардың сақтандыру брокерiнiң атынан құжаттарға қол қоюға немесе оның атынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерiнiң активтерiн иелiктен айыруды жүргiзуге құқығы бар орынбасарларының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқармасы, директорлар кеңесi төрағасының және бас бухгалтерiнiң - кемiнде үш жыл; сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бacқapмa мүшелерiнiң және бас бухгалтерi орынбасарының - кемiнде екi жыл; сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан құжаттарға қол қоюға немесе оның атынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерiн иелiктен айыруды жүргiзуге құқығы бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзге де басшыларының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының бiрiншi басшысының және бас бухгалтерiнiң - кемiнде бiр жыл жұмыс стажы болуға тиiс. <*>
      6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерi, сақтандыру брокерi лауазымына кандидатурасы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен алдын ала келiсiлмей сайланған (тағайындалған) жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокерi басшы қызметкердi сайлау (тағайындау) туралы шешiм қабылданған күннен бастап 30 күн iшiнде уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсу үшiн осы Заңда белгiленген тәртiппен қажеттi құжаттарды оған табыс етуге мiндеттi. Бұл орайда басшы қызметкердiң уәкiлеттi мемлекеттiк органның келiсiмiн алмайынша өз мiндеттерiн үш айдан артық атқаруына болмайды. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган келiсiм беру немесе келiсiм беруден бас тарту туралы шешiмдi құжаттардың толық топтамасы берiлген күннен бастап бiр ай iшiнде қабылдайды. <*>
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы басшы қызметкерiнiң мiндетiн уақытша атқарған адам, сақтандыру брокерi оның сайлануына (тағайындалуына) келiсiм беруден бас тартуға байланысты емес негiздер бойынша қызметтен босатылған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокерi осы кандидатура жөнiнде ол қызметтен босатылған күннен бастап үш ай өткеннен кейін қайтадан тиiстi өтініш жасауға құқылы. <*>
      7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерi, сақтандыру брокерiнiң өзiнiң қызмет мiндеттерiн iс жүзiнде орындап келгенiне қарамастан, оның сайлануына (тағайындалуына) уәкiлеттi мемлекеттiк орган келiсiм беруден бас тартқан жағдайда, аталған қызметкер атқаратын қызметiнен Қазақстан Республикасының заңдарында  көзделген мерзiмде және тәртiппен босатылуға тиiс.
      Келiсiм беруден бас тарту туралы шешiм қабылданған күннен бастап үш ай өткенге дейiн келiсуге қайталап ұсынуға жол берiлмейдi. <*>
      8. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның бiлiктiлiк комиссиясының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерiн, сақтандыру брокерiн сайлауға (тағайындауға) келiсiм беруден бас тарту туралы шешiмiне оның қабылданған күнiнен бастап он күндiк мерзiмде уәкiлеттi мемлекеттiк органның жоғары органына немесе сотқа шағымдануға болады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 34-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483 Заңымен .

      35-бап. Қазақстан Республикасының резидентi еместiң
              қатысатын сақтандыру (қайта сақтандыру)
              ұйымына қойылатын қосымша талаптар

      1. Қазақстан Республикасының резидентi еместiң қатысуымен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құрған және оның қызметiн жүзеге асырған кезде мынадай талаптар сақталуға тиiс:
      1) "жалпы сақтандыру" саласындағы қызметтi жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының резидентi еместер қатысатын сақтандыру ұйымдарының төленген жиынтық жарғылық капиталын Қазақстан Республикасының "жалпы сақтандыру" саласындағы қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының төленген жиынтық жарғылық капиталының жиырма бес процентiнен асыруға болмайды;
      2) "өмiрдi сақтандыру" саласындағы қызметтi жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының резидентi еместiң қатысатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының төленген жиынтық жарғылық капиталын Қазақстан Республикасының "өмiрдi сақтандыру" саласындағы және "жалпы сақтандыру" саласындағы қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының төленген жиынтық жарғылық капиталының елу процентiнен асыруға болмайды;
      3) Қазақстан Республикасының резидентi еместiң қатысатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесi мен басқармасы мүшелерiнiң кем дегенде үштен бiрi Қазақстан Республикасының азаматтары болуға тиiс. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесi мен басқармасының Қазақстан Республикасының резидентi емес мүшелерi қаржы рыногындағы қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардағы басшылық жұмыста кем дегенде үш жыл тәжiрибесi бар екенiн куәландыратын құжаттар табыс етуге мiндеттi.
      2. Дауыс беретiн акциялары жиынтығының жиырма бес проценттен астамы:
      1) Қазақстан Республикасының резидентi еместiң;
      2) акцияларының (қатысушылар салымдарының) елу процентiнен астамы Қазақстан Республикасының резидентi еместердiң меншiгiндегi және (немесе) басқаруындағы Қазақстан Республикасы резидентiнiң - заңды тұлғаның;
      3) Қазақстан Республикасының резидентi еместердiң бағалы қағаздарын атаулы ұстаушылар болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң меншiгiнде немесе басқаруында болып отырған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының резидентi еместер қатысатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болып табылады.

      36-бап. Сақтандыру брокерi

      1. Сақтандыру брокерiнiң атауында "сақтандыру брокерi" деген сөздер немесе содан туындаған сөздер болуға тиiс.
      2. Сақтандыру брокерiне өз атауында "ұлттық", "орталық", "бюджеттiк", "республикалық" деген сөздердi пайдалануына тыйым салынады.
      3. Атау ретiнде бұрын құрылған сақтандыру брокерлерiнiң, оның iшiнде Қазақстан Республикасының резидентi емес сақтандыру брокерлерiнiң атауындағы белгiлермен бiрдей немесе соған аралас дәрежеге дейiнгi ұқсас сөздердi пайдалануға жол берiлмейдi. Мұндай тыйым салу еншiлес сақтандыру брокерiне ол негiзгi ұйымның атауын пайдаланған жағдайда қолданылмайды.
      4. Сақтандыру брокерiн мемлекеттiк тiркеу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
      5. Сақтандыру брокерiнiң құрылтайшылары мен қызметкерлерiнiң сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымындағы қызметтi қоса атқаруына болмайды.
      6. Мыналарға:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе оның қызметкерлерiнiң сақтандыру брокерiн құруға немесе оның қызметiне қатысуына;
      2) сақтандыру брокерi болып табылмайтын Қазақстан Республикасының резидентi емес ұйымның Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру брокерiн құруға қатысуына;
      3) Қазақстан Республикасының резидентi емес сақтандыру брокерiнiң Қазақстан Республикасының аумағында филиалдар мен өкiлдiктер ашуына тыйым салынады.

7-тарау. ЛИЦЕНЗИЯЛАУ

      37-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын және
              сақтандыру брокерiн лицензиялау

      1. Сақтандыру қызметiн не сақтандыру брокерiнiң қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін лицензиат уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды:
      1) лицензия беру туралы өтiнiштi;
      2) мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң және статистикалық карточканың нотариат куәландырған көшiрмесiн;
      3) мемлекеттiк тiркеуден өткен құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшiрмесiн;
      4) жарғылық капиталдың ең аз мөлшерi толық төленгенiн, өз капиталының (жұмыс iстеп тұрған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшiн) уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген мөлшерi жөнiндегi талаптардың ең төменгi деңгейiнiң орындалғанын растайтын құжаттарды;
      5) басшы қызметкерлер лауазымына сайланатын (тағайындалатын) адамдар туралы мәлiметтердi;
      6) уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына сәйкес әзiрленген және актуарий куәландырған сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспар (сақтандыру ұйымы үшiн); <*>
      7) iшкi аудит қызметi туралы ереженi;
      8) ұсынылған ұйымдастыру iс-шаралары жоспарына сәйкес жүргiзiлген iс-шаралар туралы есептi;
      9) Қазақстан Республикасының резидентi емес құрылтайшының Қазақстан Республикасы резидентiнiң - сақтандыру брокерiнiң жарғылық капиталына қатысуына рұқсат берiлгенiн растайтын тиiстi мемлекеттiң сақтандыру iсiн қадағалау органының құжатын не тиiстi мемлекеттiң заңдары бойынша ондай рұқсаттың талап етiлмейтiндiгi туралы мәлiмдеменi (сақтандыру брокерi үшiн);
      10) егер сақтандыру ұйымының сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін қорға міндетті түрде қатысуы Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген болса, сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезінде міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтанушылардың (сақтандырылушылардың, пайда алушылардың) мұндай қорға қатысу шартының нотариатта куәландырылған көшірмесін табыс етуге тиіс. <*>
      Осы тармақтың 6)-8),10) тармақшалары сақтандыру брокерiне қолданылмайды. <*>
      2. Лицензиялау кезiнде табыс етiлетiн құжаттардың (осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында аталғандарын қоспағанда) мазмұнына қойылатын талаптар уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi.
      3. Лицензия берiлгенi үшiн төлем мөлшерi мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарында  белгiленетiн лицензиялық алым алынады.
      4. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган құжаттардың толық топтамасы табыс етiлген күннен бастап екi ай iшiнде лицензия беру туралы өтiнiштi қарауға тиiс.
      5. Лицензия беру туралы шешiм уәкiлеттi мемлекеттiк органның ресми басылымдарында жарияланады.
      6. Сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына берiлген лицензияға сақтандырудың қосымша сыныптарын енгiзу, сондай-ақ сақтандырудың жекелеген сыныптарын алып тастау уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен айқындалған тәртiппен жүзеге асырылады. Бұл жағдайда лицензия сақтандырудың қосымша сыныптары көрсетiлiп не алып тасталып қайта ресiмделуге тиiс. <*>
      Ескерту. 37-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.06.11. N 436 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 37-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483 Заңымен .

      38-бап. Сақтандыру қызметiн және сақтандыру брокерi
              қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия
              беруден бас тарту

      1. Сақтандыру қызметiн және сақтандыру брокерi қызметiн жүзеге асыру құқығына мынадай негiздер бойынша:
      1) осы Заңның 37-бабының 1 және 2-тармақтарында белгiленген талаптар сақталмаған жағдайда;
      2) егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап алты ай iшiнде лицензия алу үшiн уәкiлеттi мемлекеттiк органға өтiнiш жасамаса;
      3) сақтандыру сыныптары бойынша бизнес-жоспар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына сәйкес келмесе лицензия беруден бас тартылады. <*>
      2. Сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына сақтандырудың қосымша сыныбын енгiзуге байланысты лицензия беруден мынадай негiздердiң бiрi бойынша:
      1) осы Заңның 37-бабының 2 және 6-тармақтарында белгiленген талаптарды сақтамаған;
      2) лицензиат өтiнiш берген күнге дейiнгi соңғы алты ай iшiнде сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдардың талаптарын сақтамаған;
      3) сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайда бас тартылуы мүмкiн.
      ЕСКЕРТУ. 38-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483 Заңымен .

      39-бап. Уәкiлеттi аудитордың қызметiн лицензиялау

      1. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасы аумағында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына аудит жүргiзуге лицензия беру жөнiндегi бiрден-бiр лицензиар болып табылады.
      2. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға құқығы бар жеке немесе заңды тұлға уәкiлеттi мемлекеттiк органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына аудит жүргiзуге лицензия беру туралы өтiнiш жасауға құқылы.
      3. Өтiнiш берушiге қойылатын талаптар мен лицензия беру туралы өтiнiшке қоса тiркелетiн құжаттардың тiзбесi уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi.
      4. Лицензия беру туралы шешiмдер уәкiлеттi мемлекеттiк органның ресми басылымдарында жарияланады.

      40-бап. Актуарийдiң қызметiн лицензиялау

      1. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру рыногындағы актуарий қызметін жүргізуге лицензия беру жөнiндегi бiрден-бiр лицензиар болып табылады.
      2. Өтiнiш берушiге қойылатын талаптар мен лицензия беру туралы өтiнiшке қоса тiркелетiн құжаттардың тiзбесi уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi.
      3. Актуарий екi жыл сайын уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiппен бiлiктiлiк емтиханын тапсырып отыруға мiндеттi.
      4. Лицензия беру туралы шешiмдер уәкiлеттi мемлекеттiк органның ресми басылымдарында жарияланады.

8-тарау. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган және сақтандыру
iсiн қадағалауды жүзеге асыру

      41-бап. Сақтандыру саласындағы мемлекеттiк реттеудiң
              мiндеттерi

      1. Сақтандыру саласындағы мемлекеттiк реттеудiң негiзгi мiндеттерi:
      1) Қазақстан Республикасында тұрақты сақтандыру жүйесiн жасау мен қолдау және ұлттық сақтандыру рыногының инфрақұрылымын қалыптастыру;
      2) сақтандыру рыногын реттеу және сақтандыру қызметiн қадағалау;
      3) сақтандырудың негiздерiн заңдармен баянды ету, мiндетті сақтандыру түрлерiн, халықаралық сақтандыру жүйесiне Қазақстан Республикасының қатысу принциптерiн белгiлеу;
      4) сақтанушылардың, сақтандырылушылардың және пайда алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау болып табылады.
      2. Сақтандыру саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды, сақтандыру рыногындағы iстiң жайына мемлекеттiк бақылау жасауды қамтамасыз етудi қоса, уәкiлеттi мемлекеттiк орган және мемлекеттiң өзге де органдары өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады.
      Өзге де мемлекеттiк органдардың осы Заңмен реттелмеген өкiлеттiгi мiндеттi сақтандыру түрлерi бойынша тиiстi заң актiлерiнде көзделуi мүмкін.
      Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдарының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокерiнiң сақтандыру қызметiне араласуына тыйым салынады.

      42-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган

      1. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сақтандыру рыногын реттеу және сақтандыру қызметiн қадағалау жөнiндегi функциялар мен өкiлеттiктi жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
      Уәкiлеттi мемлекеттiк органның құқықтық мәртебесi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленедi.
      2. Лауазымды адамдардың немесе меншiгiнде не басқаруында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының дауыс беретiн акцияларының бес проценттен астамы бар адамдардың және сақтандыру брокерлерiнiң жақын туыстары уәкiлеттi мемлекеттiк органның сақтандыру iсiн қадағалайтын құрылымдық бөлiмшесiнiң қызметкерлерi бола алмайды.

      43-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның функциялары және
              өкiлеттiгi (құқықтары)

      Уәкiлеттi мемлекеттiк орган:
      1) Қазақстан Республикасында сақтандыру жүйесiнiң жұмыс iстеуiн және ұлттық сақтандыру рыногының инфрақұрылымын қалыптастыруды, сақтанушылардың және сақтандыру рыногының өзге де қатысушыларының заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк саясатты жүргiзедi;
      2) сақтандыру рыногын реттеу принциптерi мен әдiстерiн, сақтандыру қызметiн қадағалауды ұйымдастыру тәртiбiн белгiлейдi;
      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын құруға, оларды бақылап отыру құқығын иемденуге, олардың өз еркiмен қайта құрылуына және таратылуына рұқсат, Қазақстан Республикасының аумағында да, оның аумағының шегiнен тыс жерлерде де сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары мен өкiлеттiктерiн ашуға келiсiм бередi;
      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметiн, сақтандыру брокерiнiң қызметiн, сақтандыру рыногындағы актуарий қызметiн, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының аудитiн жүзеге асыру құқығына лицензиялар бередi;
      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшiн пруденциялық нормативтердi және өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi, жарғылық және меншiктi капиталдың ең аз мөлшерiн қоса, белгiлейдi және олардың сақталуын бақылауды қамтамасыз етедi;
      6) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын тарату комиссияларының қызметiне бақылау жасауды жүзеге асырады;
      7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының басшы қызметкерлерiн және сақтандыру брокерлерiн сайлауға (тағайындауға) келiсiм бередi; <*>
      8) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағынан тұрақтылығы мен төлем қабiлетiне талдау жасауды, баға берудi және бақылауды жүзеге асырады;
      9) сақтандыру ұйымының сақтандыру шарттарын (сақтандыру полистерiн) есепке алу тәртiбiн белгiлейдi;
      10) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерiнiң, актуарийлердiң және уәкiлеттi аудиторлардың тiзiлiмiн жүргiзедi;
      11) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлерi өздерiнiң бақылау және қадағалау функцияларын қамтамасыз ету үшiн қаржылық және өзге де есептерiнiң тiзбесiн, нысандарын, табыс етiлу мерзiмiн Ұлттық Банкпен бiрлесiп айқындайды; <*>
      12) <*>
      13) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру рыногының басқа да қатысушылары орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайды;
      14) сақтандыру қызметi субъектiлерiн инспекциялау (тексеру) iсiн жүргiзедi;
      15) сақтандыру рыногының кәсiби қатысушыларына санкция қолданады;
      16) сақтандыру рыногының кәсiби қатысушыларына берiлген лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру және лицензияларды керi қайтарып алу туралы шешiмдер қабылдайды;
      17) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарында  көзделген негiздемелер бойынша тоқтату туралы сот органдарына талап қойып жүгiну жөнiнде шешiм қабылдайды; U941658_
      18) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметi туралы, оның құрылтайшыларының құқықтық мәртебесi мен қаржылық жай-күйi туралы, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және оның құрылтайшыларына қатынасы жөнiнен еншiлес ұйымдар немесе оқшауланған бөлiмшелер болып табылатын тұлғалар туралы мәлiметтер алуға құқылы;
      19) сақтандыру қызметi субъектiлерi мен сақтандыру брокерiнен және олардың бiрлестiктерiнен өзiнiң бақылау және қадағалау қызметiн жүзеге асыру үшiн қажеттi сақтандыру статистикасы бойынша ақпарат алуға құқылы;
      20) Ұлттық Банкпен бiрлесе отырып және уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсе отырып, бухгалтерлiк есеп және аудит мәселелерi бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының бухгалтерлiк есебi стандарттарын белгiлейдi; <*>
      21) мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан өзiнiң бақылау және қадағалау қызметi үшiн қажеттi мәлiметтердi, оның iшiнде қызметтiк немесе коммерциялық құпия болып табылатын мәлiметтердi алуға құқылы;
      22) мiндеттi сақтандырудың жекелеген түрлерi бойынша полистердiң нысаны мен мазмұны жөнiндегi талаптарды белгiлейдi;
      23) сақтандыру қызметi субъектiлерi мен сақтандыру брокерiне анықталған сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдарды бұзушылықты жою туралы жазбаша нұсқамалар беруге құқылы;
      24) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын мәжбүрлеп сатып алу жөнiнде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен шаралар қолданады;
      25) Қазақстан Республикасы қаржы рыногының субъектiлерiн қадағалайтын басқа да уәкiлеттi органдармен ынтымақтастықты және қажеттi ақпарат алмасуды жүзеге асырады;
      26) басқа мемлекеттердiң сақтандыруды қадағалау органдарымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен сақтандыру рыногын реттеу және сақтандыру қызметiн қадағалау мәселелерi бойынша қатынастарда Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiредi;
      27) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес өзге де функцияларды, өкiлеттiктер мен құқықтарды жүзеге асырады.
      ЕСКЕРТУ. 43-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483 Заңымен .

      44-бап. Инспекциялау (тексеру)

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокерiнiң қызметiн инспекциялауды (тексерудi) Қазақстан Республикасының заңдарында  белгiленген тәртiппен уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүргiзедi.
      2. Сақтандыру қызметi субъектi жүргiзiлетiн тексеру мәселелерi бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк органға жәрдемдесуге, кез келген қызметкерге сауал қою мүмкiндiгiн, тексеру мақсатын орындау үшiн қажеттi барлық құжаттар мен өзге де ақпарат көздерiне қол жеткiзу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
      3. Инспекциялауды жүзеге асыратын адам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерiнiң қызметiн тексеру барысында алынған сақтандыру құпиясы не коммерциялық құпия болып табылатын мәлiметтердi жария еткенi үшiн заңдарда  көзделген тәртiппен жауап бередi.
      4. Өздерiне заң актiлерiнде берiлген өкiлеттiк шегiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметiн тексерудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдарды бұзушылықтағы анықталған жолсыздықтар жөнiнде уәкiлеттi мемлекеттiк органға хабарлауға мiндеттi.

9-тарау. САҚТАНДЫРУ (ҚАЙТА САҚТАНДЫРУ)
ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТIН РЕТТЕУ

      45-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем
              қабiлеттiлiгi және қаржылық тұрақтылығы

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабiлеттiлiгi оның өз қаржылық мiндеттемелерiн уақытылы және толық орындау қабiлетiмен анықталады.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы төлем қабiлеттiлiгiнiң көрсеткiштерi, активтердiң өтiмдiлiгi ескерiле отырып, қабылданған мiндеттемелер мен активтер арасындағы нормативтiк арақатынастардың сақталуы болып табылады.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығы сыртқы қаржылық және өзге де факторлардың қолайсыз әсер ету мүмкiндiгiн ескере отырып, сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша қабылданған мiндеттемелердiң бүкiл қолданылу мерзiмi iшiнде өзiнiң төлем қабiлеттiлiгiн сақтау қабiлетiмен айқындалады.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығының көрсеткiштерi:
      1) жарғылық және өз капиталының ең аз мөлшерiн;
      2) активтердiң құны және олардың әртараптандырылу дәрежесiн;
      3) сақтандыру резервтерiнiң және өзге де мiндеттемелердiң мөлшерiн;
      4) төлем қабiлеттiлiгiнiң көрсеткiштерiн;
      5) сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша мiндеттемелер көлемiнiң арақатынасын;
      6) көрсетiлетiн сақтандыру және қайта сақтандыру қызметiнiң рентабельдiлiгiн (пайда келтiруiн);
      7) жүзеге асырылатын инвестициялық саясаттың тиiмдiлiгiн қамтиды.
      3. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның белгiлеуiмен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабiлеттiлiгi мен қаржылық тұрақтылығын айқындаған кезде оның активтерiнiң құны оларды сапасы мен өтiмдiлiгi бойынша сыныптауды ескере отырып есептеп шығарылады.
      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз капиталы сақтандыру резервтерi мен өзге де мiндеттемелердiң сомасына азайтылған барлық активтердiң құны ретiнде айқындалады.
      5. Жарғылық және өз капиталының ең аз мөлшерiне, активтердi әртараптандыру дәрежесiне, оларды орналастыру (инвестициялау) тәртiбiне, сақтандыру резервтерiнiң құрылымына қойылатын талаптарды, сондай-ақ активтердi сапасы мен өтiмдiлiгi бойынша сыныптауды ескере отырып, олардың құнын есептеу әдiстемесi уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi.

      46-бап. Пруденциялық нормативтер және сақталуға
              мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттер

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және шоғырландырылған негiзде қадағалау жүзеге асырылатын тұлғалардың төлем қабiлеттiлiгi мен қаржылық тұрақтылығын қадағалау олар үшiн пруденциялық нормативтер және сақталуға мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттер белгiлеу арқылы жүргiзiледi.
      2. Пруденциялық нормативтердi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi және ол, атап айтқанда:
      1) төлем қабiлеттiлiгiнiң нормативтерiн;
      2) қаржылық тұрақтылық нормативтерiн қамтиды.
      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандырудың немесе қайта сақтандырудың жекелеген шарттары бойынша мiндеттемелерiнiң ең көп көлемi өз капиталы мен сақтандыру резервтерi сомасының он процентiнен аспауы керек.
      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру немесе қайта сақтандыру шарты бойынша мiндеттемелердi, тек қабылданған мiндеттемелердiң орындалуы жөнiндегi тәуекелдердiң артық бөлiгi қайта сақтандырылған жағдайда ғана, осы баптың 3-тармағында көрсетiлген нормативтен асырып қабылдауға құқығы бар.
      5. Қайта сақтандыруды жүзеге асырған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзiнiң ұстағаны, егер бұл ретте осы баптың 3-тармағының талаптары бұзылмайтын болса, қайта сақтандыруға берiлген сақтандыру шарты бойынша мiндеттеменiң жалпы көлемiнiң кем дегенде бec процентiн құрауы тиiс. <*>
      6. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық есебiне кiрмейтiн туынды қаржы құралдарының бар екендiгi туралы мәлiметтердi ашу жөнiнде және оларды пайдалануды шектеу жөнiнде талаптар белгiлеуге құқылы.
      7. Пруденциялық нормативтердi есептеулердiң нормативтік маңызы мен әдiстемесi уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
      ЕСКЕРТУ. 46-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483 Заңымен .

      47-бап. Сақтандыру резервтерi

      1. Сақтандырудың және қайта сақтандырудың қолданылып жүрген шарттары бойынша қабылдаған мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз ету үшiн сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының актуарий есептеген көлемде қалыптасқан сақтандыру резервтерiнiң болуы мiндеттi.
      2. Сақтандыру резервтерiнiң қаражаты тек қана сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қолданылып жүрген сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша өз мiндеттемелерiн орындауға байланысты сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға арналған.
      3. Сақтандыру резервтерiн есептеу әдiстемесiн қалыптастыруға және сақтандыру резервтерiнiң қаражатын орналастыру тәртiбiне қойылатын талаптар уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 47-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483 Заңымен .

      48-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының
              мәмiлелер жасауына қойылатын шектеулер

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жинақталымы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз капиталының он процентiнен асатын мөлшерде заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысуына тыйым салынады, бұған мына жағдайлар:
      1) басқа қаржы ұйымдарының жарғылық капиталына қатысу;
      2) акциялары листингтен өткен және ұйымдастырылған сауда алаңдарында бiр эмитенттiң шығарған акцияларының жалпы санының он бес процентiнен аспайтын мөлшерде айналымға жiберiлген заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу қосылмайды.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына толық серiктестiктiң, қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктiң ұйымдық-құқықтық нысанына ие заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуға, сондай-ақ сенiм (коммандиттiк) серiктестiгiнде толық серiктес мәртебесiне ие болуына тыйым салынады.
      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына өз капиталы мөлшерiнiң он процентiнен асатын көлемде заемдар тартуға тыйым салынады. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына тартылған заем мерзiмi үш айдан аспауы керек.
      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бес күн мерзiмде өз мүлкiнiң кепiлi, кепiлдiк беру немесе басқа да баланста көрсетiлмеген мiндеттемелердi қабылдағаны туралы уәкiлеттi мемлекеттiк органға хабарлауға мiндеттi. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кепiлдiгi тiзiлiмiн жүргiзуге және өзге де мiндеттемелерiне байланысты қосымша талаптар уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.

      49-бап. Сақтандыру бойынша iрi мәмiлелер жасау

      1. Егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жауапкершiлiк лимитi (сақтандыру сомасы немесе өздiгiнен ұстап қалу) уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген нормативтен асып кетсе, сақтандыру (қайта сақтандыру) бойынша мәмiле iрi мәмiле деп танылады.
      2. Iрi мәмiле жасау туралы шешiмдi сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесi актуарийдiң алдын ала қорытындысы негiзiнде бекiтуге тиiс.

      50-бап. Бағалы қағаздармен және вексельдермен
              мәмiлелер жасау

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларымен жасалған мәмiлелер Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес осы Заңда көзделген ерекшелiктердi ескере отырып тiркеледi.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының алтын акция, артықшылық берiлген акциялар, облигациялар, өзге де борыштық және солардан туындайтын бағалы қағаздар мен вексельдер шығаруға құқығы жоқ.

      51-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының
              акцияларымен жасалған мәмiлелердi бақылау

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретiн акцияларының жалпы санының бес процентiнен астам дауыс беретiн акцияларын меншiк құқығына немесе басқару құқығына алатын тұлға уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша күнтiзбелiк он күн iшiнде уәкiлеттi органға көрсетiлген мәмiленiң жасалғандығы туралы жазбаша хабарлама табыс етуге мiндеттi. <*>
      2. <*>
      3. Оффшорлық аймақта тiркелген ұйым мәртебесiне ие заңды тұлғаның немесе оффшорлық аймақта тiркелген жарғылық капиталына заңды тұлғалар тiкелей немесе қосылма тұлғалар арқылы қатысатын заңды тұлғаның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретiн акциялары санының бес проценттен астам мөлшерiндегi дауыс беретiн акцияларды иеленуге құқығы жоқ.
      4. Осы баптың талаптары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының акцияларымен және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының акцияларына шығарылған депозитарийлiк қолхаттармен жасалған мәмiлелердiң барлық түрiне қолданылады.
      ЕСКЕРТУ. 51-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483 Заңымен .

      52-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының
              бiрлескен қызметке қатысуы

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы консорциум немесе жай серiктестiк құруға қатысуға құқылы.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қатысуымен бiрлескен қызмет туралы шарт оны жасаған күннен бастап он күн iшiнде уәкiлеттi мемлекеттiк органда тiркелуге тиiс.
      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, онымен және оның құрылтайшыларымен қосылма тұлғалардың және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары қатысатын консорциумдар мен жай серіктестіктерге қатысушы ұйымдардың қызметін қадағалау ынтымақтасқан негiзде жүзеге асырылады. Ынтымақтасып қадағалау ережелерiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.

10-тарау. САНКЦИЯЛАР ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ЫҚПАЛ ЕТУ ШАРАЛАРЫ

      53-бап. Нұсқама және санкциялар

      1. Сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдар бұзылған жағдайда уәкiлеттi мемлекеттiк орган анықталған жолсыздықтарды жою туралы сақтандыру қызметi субъектiлерiне жазбаша нұсқама жiберуге құқылы.
      Жазбаша нұсқама - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының анықталған кемшiлiктердi белгiленген мерзiмде жоюға бағытталған, орындалуы мiндеттi түзету шараларын қолдану туралы нұсқамасы. <*>
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына санкцияларды уәкiлеттi мемлекеттiк орган не сот осы Заңға сәйкес қолданады.
      3. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган санкциялар ретiнде мынадай шаралар қолдануға:
      1) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде  белгiленген негiздер бойынша айыппұл салуға;
      2) осы Заңның 54-бабында белгiленген негiздер бойынша лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға;
      3) осы Заңның 55-бабында көзделген негiздер бойынша лицензияны керi қайтарып алуға;
      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары акцияларын оның акционерлерiнен мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылдауға және оларды осы Заңның 61-бабының талаптарына сәйкес жаңа инвесторларға сатуға;
      5) осы Заңның 34-бабында аталған адамдарды осы мәселенi сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиiстi органы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аталған басшы қызметкерiнiң iс-әрекетiн Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келмейдi деп тануға жеткiлiктi деректер негiзiнде қарағанға дейiн қызметтiк мiндеттерiн атқарудан шеттетуге құқылы.
     ЕСКЕРТУ. 53-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483 Заңымен

      54-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен
              сақтандыру брокерi лицензиясының қолданылуын
              тоқтата тұру U941658_ V001198_

      1. Мынадай негiздердiң бiрi бойынша:
      1) уәкiлеттi мемлекеттiк органның сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдардың бұзылуын жою туралы жазбаша нұсқамасын орындамаған;
      2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген пруденциялық нормативтердiң талаптарын және өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi сақтамаған;
      3) қатарынан екi ай бойы уәкiлеттi мемлекеттiк органға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген есептi табыс етпеген;
      4) сақтандыру қызметiн тексеруге байланысты уәкiлеттi мемлекеттiк органның өз құзыретi шегiнде талап еткен құжаттар мен ақпаратты беруден бас тартқан;
      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлерiн келiсу тәртiбiне байланысты талаптарды бұзған;
      6) уәкiлеттi мемлекеттiк орган салған айыппұлды белгiленген мерзiмде төлемеген;
      7) бухгалтерлiк есепте сақтандыру (қайта сақтандыру) жөнiндегi қаржы операцияларын тиiсiнше көрсетпеуге, сондай-ақ есепке алудың өзге де мiндеттi нысандарын жүргiзуге байланысты Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу фактiсi анықталған;
      8) лицензия беруге негiз болған құжаттарда жалған ақпарат беру фактiсi анықталған;
      9) сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезінде міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтанушылардың (сақтандырылушылардың, пайда алушылардың) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін қорға міндетті немесе төтенше жарналарды соңғы он екі айдың ішінде екі және одан да көп рет төлемеген, уақытылы төлемеген не толық көлемінде төлемеген жағдайларда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокері лицензиясының қолданылуы алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады. <*>
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру оның жаңа сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасауына, қолданылып жүрген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын ұзартуды қоса, тыйым салуға әкеп соғады. Бұрын жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзi қабылдаған мiндеттемелердi орындауға мiндеттi.
      3. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiмде лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың негiздерi мен мерзiмi көрсетiлуге тиiс.
      Мұндай шешiм сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атқарушы органының назарына жеткiзiлген күннен бастап лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған болып есептеледi.
      4. Осы баптың 1-тармағының 2) және 5) тармақшаларындағы талаптар сақтандыру брокерiне қатысты қолданылмайды.
      Ескерту. 54-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.06.11. N 436 Заңымен .

      55-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен
              сақтандыру брокерiнiң лицензиясын керi
              қайтарып алу

      1. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган мынадай негiздердiң бiрi бойынша:
      1) лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға негiз болған мән-жайлар белгiленген мерзiмде жойылмаған;
      2) лицензияның қолданылуы бiрнеше рет (соңғы он екi айдың iшiнде екi рет) тоқтатыла тұрған;
      2-1) уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заңдарын бұзушылықты жою жөнiндегi жазбаша нұсқамасын бiрнеше мәрте (қатарынан он екi күнтiзбелiк ай iшiнде екi және одан да көп рет) орындамаған; <*>
      3) сот сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру брокерiнiң қызметiн тоқтату туралы шешiм қабылдаған;
      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру брокерi қызметiн өз еркiмен тоқтатқан;
      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабiлетi болмаған жағдайларда лицензияны керi қайтарып алу туралы шешiм шығаруға құқылы.
      2. Керi қайтарып алу туралы шешiмде оны керi қайтарып алудың негiздемесi көрсетiлуге тиiс. <*>
      3. Лицензиясы керi қайтарылып алынған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру қызметiн немесе өзге де қызметтi жүзеге асыруға құқығы жоқ, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ұстауға арналған ағымдағы шығыстарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына түсетiн ақшаны есепке алуға және бұрын жасалып, сақтандыру оқиғасы туындаған сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерiн жүргiзуге байланысты жағдайларды қоспағанда, қолда бар банк шоттары бойынша барлық операцияларды тоқтатуға мiндеттi.
      ЕСКЕРТУ. 55-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483 Заңымен .

      56-бап. Сақтандыру қызметi субъектiлерi мен
              сақтандыру брокерiнiң лицензиясын
              қайтарып алудың зардаптары

      1. Сақтандыру қызметi субъектiлерi мен сақтандыру брокерiнiң лицензияларын керi қайтарып алу туралы шешiмi оның лицензиат назарына жеткiзiлген не баспасөзде жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi. Лицензияны керi қайтарып алу туралы ақпарат екi республикалық газетте жарияланады. <*>
      2. Лицензия керi қайтарылып алынған күннен бастап он бес күн iшiнде уәкiлеттi мемлекеттiк орган сотқа заңдарда белгiленген тәртiппен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерiнiң қызметiн мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы өтiнiшпен жүгiнуге мiндеттi.
      3. Лицензияны керi қайтарып алу туралы шешiм күшiне енген күннен бастап уәкiлеттi мемлекеттiк орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкiмшiлiгiн тағайындайды, оған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық басқару органдарының өкiлеттiгi көшедi.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бұрын жұмыс iстеп келген органдарының өкiлеттiгi тоқтатыла тұрады. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерiнiң лицензияны керi қайтарып алу туралы шешiмiне сот тәртiбiмен шағым жасауға құқығы бар. <*>
      4. Уақытша әкiмшiлiк өз қызметiн уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясын тағайындағанға дейiнгi кезеңде жүзеге асырады. <*>
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкiмшiлiгiнiң қызметiне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы тағайындалғанға дейiн бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады. <*>
      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкiмшiлiгiнiң есебi уәкiлеттi органға және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату туралы шешiм қабылдаған сотқа ұсынылады.
      Уақытша әкiмшiлiктiң сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құжаттары мен мүлкiн уақытша әкiмшiлiктен тарату комиссиясының төрағасына беру төрт дана етiп жасалатын қабылдау-өткiзу актiсiмен ресiмделедi және оны уәкiлеттi орган бекiтедi. Бекiтiлген актiнiң бiр данасы ic материалдарына тiгу үшiн сотқа жiберiледi.
      6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкiмшiлiгiнiң өз қызметi кезеңiнде, осы Заңның 55-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, шығыс операцияларын жүзеге асыруға құқығы жоқ. <*>
      7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкiмшiлiк тағайындалған кезеңдегi жұмыс тәртiбi уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
      8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) және тарату комиссиясының  ұйымының уақытша әкiмшiлiгiнiң құрамына енгiзiлген уәкiлеттi мемлекеттiк орган қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, уәкiлеттi мемлекеттiк органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметiн мәжбүрлеп тоқтату жөнiндегi сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкi болмаған жағдайларда не осы шығыстарды жабу үшiн оның құны жеткiлiксiз болса, Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында таратылатын мерзiмдiк екi баспасөз басылымында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату жөнiнде сот қабылдаған шешiм туралы ақпаратты жариялау бойынша шығыстарын жабу үшiн шығыстарды қаржыландыруына тыйым салынады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 56-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483 Заңымен .
      

      57-бап. Уәкiлеттi аудитор лицензиясының қолданылуын
              тоқтата тұру

      1. Уәкiлеттi аудитор лицензиясының қолданылуын уәкiлеттi мемлекеттiк орган мынадай негiздердiң бiрi бойынша:
      1) уәкiлеттi мемлекеттiк органның жазбаша сұратуы бойынша құжаттарды және ақпаратты бермеген;
      2) аудиторлық қызметтi сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдардың талаптарын бұза отырып жүзеге асырған;
      3) аудиторлық ұйымда сақтандыру қызметiне аудит жүргiзуге уәкiлеттi мемлекеттiк органның қолданылатын лицензиясы бар аудитор болмаған;
      4) лицензия беруге негiз болған құжаттарда жалған ақпарат беру фактiсi анықталған жағдайда алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата алады.
      2. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiмде лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың негiздемесi мен мерзiмi көрсетiлуге тиiс. Мұндай шешiм лицензиаттың назарына жеткiзiлген күннен бастап лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған болып есептеледi.

      58-бап. Уәкiлеттi аудитордың лицензиясын керi
              қайтарып алу

      1. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган мынадай негiздердiң бiрi бойынша:
      1) лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға негiз болған мән-жайлар белгiленген мерзiмде жойылмаған;
      2) лицензияның қолданылуы бiрнеше рет (соңғы он екi айдың iшiнде екi рет) тоқтатыла тұрған;
      3) аудит барысында алынған және сақтандыру құпиясы немесе коммерциялық құпия болып табылатын мәлiметтер жарияланған немесе үшiншi тұлғаға (уәкiлеттi мемлекеттiк органнан басқасына) берiлген;
      4) уәкiлеттi аудитор аудиторлық қызметке жатқызылған мәселелер бойынша жалған қорытынды (растау) берген;
      5) лицензия беруден бас тартуға негiз болатын мән-жайлар туындаған;
      6) жалпы аудиторлық қызметтi лицензиялау жөнiндегi тиiстi мемлекеттiк органның аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға берiлген лицензияны керi қайтарып алу туралы шешiмi болған;
      7) сот уәкiлеттi аудитордың лицензиясын керi қайтарып алу немесе қызметiн тоқтату туралы шешiм қабылдаған;
      8) уәкiлеттi аудитордың қызметi тоқтатылған жағдайда лицензияны керi қайтарып алу туралы шешiм шығаруға құқылы.
      2. Лицензияны керi қайтарып алу туралы шешiмде оны керi қайтарып алу негiздемесi көрсетiлуге тиiс. Мұндай шешiм лицензиаттың назарына жеткiзiлген күннен бастап лицензия керi қайтарылып алынған болып есептеледi.

      59-бап. Актуарий лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру

      1. Актуарий лицензиясының қолданылуын уәкiлеттi мемлекеттiк орган мынадай негiздердiң бiрi бойынша:
      1) уәкiлеттi мемлекеттiк орган өз құзыретi шегiнде талап еткен мiндеттi актуарий қорытындысын және өзге де құжаттарды беруден бас тартқан;
      2) сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдардың талаптарын бұза отырып актуарий қызметiн жүзеге асырған;
      3) лицензия беруге негiз болған құжаттарда жалған ақпарат беру фактiсi анықталған;
      4) актуарий осы Заңның 40-бабының 3-тармағына сәйкес бiлiктiлiк емтиханын тапсырмаған;
      5) лицензияланған қызметтi сақтандыру рыногында соңғы екi жыл бойы жүзеге асырмаған жағдайда алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұра алады.
      2. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiмде лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың негiздемесi мен мерзiмi көрсетiлуге тиiс. Мұндай шешiм лицензиаттың назарына жеткiзiлген күннен бастап лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған болып есептеледi.

      60-бап. Актуарийдiң лицензиясын керi қайтарып алу

      1. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган мынадай негiздердiң бiрi бойынша:
      1) лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға негiз болған мән-жайлар белгiленген мерзiмде жойылмаған;
      2) лицензияның қолданылуы бiрнеше рет (соңғы он екi айдың iшiнде екi рет) тоқтатыла тұрған;
      3) актуарий есептеулерiн жүргiзу барысында алынған және сақтандыру құпиясы немесе коммерциялық құпия болып табылатын мәлiметтер жария етiлген немесе үшiншi тұлғаға (уәкiлеттi мемлекеттiк органнан басқасына) берiлген;
      4) осы Заңның 19-бабының 6-тармағындағы талаптар орындалмаған;
      5) сот актуарийдiң кәсiпкерлiк қызметiн тоқтату туралы шешiм қабылдаған жағдайларда лицензияны керi қайтарып алу туралы шешiм шығаруға құқылы.
      2. Лицензияны керi қайтарып алу туралы шешiмде оны қайтарып алудың негiздемесi көрсетiлуге тиiс. Мұндай шешiм лицензиаттың назарына жеткiзiлген күннен бастап лицензия керi қайтарылып алынған болып есептеледi.

      61-бап. Акцияларды мәжбүрлеп сатып алу

      1. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында активтердiң сапасы мен өтiмдiлiгi бойынша оларды сыныптау ескерiле отырып есептелген құны мен мiндеттемелер арасында терiс айырма барын анықтаған жағдайда уәкiлеттi мемлекеттiк орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын олардың акционерлерiнен мәжбүрлеп сатып алып, оларды сақтандыру және қайта сақтандыру шарты бойынша барлық мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жағдайында сатып алуға тiлек бiлдiрген жаңа инвесторға сату туралы шешiм қабылдауға құқылы.
      2. Акцияларды мәжбүрлеп сатып алу, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мiндеттемелерi шегерiлiп, баланстық құннан аспайтын, бiрақ оның активтерiнiң сапасы мен өтiмдiлiгiн ескере отырып есептелген құннан төмен болмайтын жиынтық құн бойынша жүргiзiледi.
      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сатып алынған акцияларын олардың сатып алынған бағасынан төмен емес бағамен сатуды уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүргiзедi.
      Акцияларды акционерлерден сатып алу бағасы мен акцияларды жаңа инвесторларға сату бағасының арасындағы айырма акционерлерге жiберiледi.
      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын мәжбүрлеп сатып алу мен оларды кейiннен жаңа инвесторға сату тәртiбiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган мемлекеттiк органмен келiсе отырып белгiлейдi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 61-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483 Заңымен .

11-тарау. ҚАЙТА ҚҰРУ

      62-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз
              еркiмен қайта құрылуы

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркiмен қайта құрылуы Қазақстан Республикасының тиiстi заң актiлерiнде көзделген тәртiппен, осы Заңда және уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып жүргізіледі. V001180_ V001073_
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркiмен қайта құрылуын уәкiлеттi мемлекеттiк органның рұқсаты болған жағдайда жүзеге асыруға болады.
      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркiмен қайта құрылуын жүргiзуге рұқсат алу үшiн өтiнiш беруге акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмi негiз болады.
      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркiмен қайта құрылуын жүргiзуге рұқсат алуға берiлген өтiнiшке қоса тiркелетiн құжаттар тiзбесi уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркiмен қайта құрылуын жүргiзуге рұқсат алуға берiлген өтiнiштi уәкiлеттi мемлекеттiк орган құжаттардың толық топтамасы табыс етiлген күннен бастап бiр ай iшiнде қарауға тиiс.

      63-бап. Өз еркiмен қайта құрылуға рұқсат беруден
              бас тарту

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркiмен қайта құрылуына рұқсат беруден уәкiлеттi мемлекеттiк орган мынадай негiздер бойынша:
      1) көзделiп отырған өз еркiмен қайта құрылу нәтижесiнде сақтанушылардың және өзге де кредиторлардың заңды мүдделерi бұзылатын;
      2) көзделiп отырған қайта құру нәтижесiнде қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудiң ең төменгi талаптары, сақталуы мiндеттi нормалар мен лимиттер және осы Заң мен уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген өзге де талаптар бұзылатын;
      3) уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде көрсетiлген құжаттар табыс етiлмеген;
      4) табыс етiлген құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмеген жағдайларда бас тартады. V001180_
      2. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган өтiнiш берушiге өз еркiмен қайта құрылуына рұқсат беруден бас тартқаны туралы бас тартудың негiздемесiн көрсете отырып жазбаша хабарлайды.

      64-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп
              қайта құру ерекшелiктерi

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп қайта құру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
      2. Сот сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп қайта құру туралы мәселенi уәкiлеттi мемлекеттiк органның тиiстi қорытындысын ескере отырып шешуге құқылы.
      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп қайта құруды (iс қозғаудың негiздемесiне қарамастан) сот тағайындаған арнайы басқарушы жүргiзедi.
      4. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган сот мәжбүрлеп қайта құру туралы iсiн қарап жатқан не шешiм қабылдаған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан қажеттi ақпарат алуға құқылы.
      5. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган арнайы басқарушының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп қайта құрудың аяқталғаны туралы есебiнiң сот бекiткен көшiрмесiн алуға құқылы.

12-тарау. ТАРАТУ

      65-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату
              негiздерi

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату, оның iшiнде банкроттық негiз бойынша тарату Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес, осы Заңда және уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып жүзеге асырылады.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мынадай негiздер бойынша:
      1) уәкiлеттi мемлекеттiк органның рұқсаты болған жағдайда өз акционерлерiнiң шешiмi бойынша (өз еркiмен таратылуы);
      2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда соттың шешiмi бойынша таратылуы мүмкiн.

      66-бап. Өз еркiмен және мәжбүрлеп таратылатын
              сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының
              кредиторлар комитетi

      1. Кредиторлар мүдделерiн қамтамасыз ету және олардың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын өз еркiмен және мәжбүрлеп тарату рәсiмдерiне қатысуымен шешiмдер қабылдау мақсатында кредиторлар комитетi құрылады.
      Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кредиторлар комитетiнiң құрамын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының ұсынысы бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтедi.<*>
      2. Кредиторлар комитетiнiң құрылуы мен қызметiнiң ерекшелiктерi уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
      ЕСКЕРТУ. 66-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483 Заңымен .

      67-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының
              өз еркiмен таратылу ерекшелiктерi

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркiмен таратылуы уәкiлеттi мемлекеттiк органның рұқсаты болған жағдайда жүргiзiледi.
      2. Өз еркiмен таратылуды жүргiзуге рұқсат алу туралы өтiнiшке тiзбесi уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленетiн құжаттар қоса тiркелуге тиiс.
      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркiмен таратылуына рұқсат алуға берiлген өтiнiштi уәкiлеттi мемлекеттiк орган барлық қажеттi құжаттар түскен күннен бастап бiр ай iшiнде қарауға тиiс.
      4. Өз еркiмен таратылуға рұқсат алған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бұрын берiлген барлық лицензияларды уәкiлеттi мемлекеттiк органға қайтаруға мiндеттi.
      5. Уәкiлеттi мемлекеттiк органнан өз еркiмен таратылуға рұқсат алғаннан кейiн сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдары мен өкiлдiктерiн ескере отырып, тарату комиссиясын құрады, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкi мен iстерiн басқару өкiлеттiгi заңдарда белгiленген тәртiппен соған көшедi. <*>
      6. Өз еркiмен таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы уәкiлеттi мемлекеттiк органның сұратуы бойынша оған өз қызметi туралы кез келген мәлiметтердi және таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты деректердi табыс етуге мiндеттi.
      7. Тарату комиссиясы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының таратылуы туралы есеп пен тарату балансы бекiтiлген күннен бастап он күн iшiнде оларды әдiлет органдары мен уәкiлеттi мемлекеттiк органға табыс етуге мiндеттi.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату аяқталған кезде тарату комиссиясы мұрағатта сақтауға арналған құжаттарды белгiленген тәртiппен тапсыруға және бұл туралы уәкiлеттi органды хабардар етуге мiндеттi. <*>
      8. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға қаражаты жетпеген жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы банкроттық негiздерi бойынша мәжбүрлеп таратылуға тиiс.
      9. Өз еркiмен таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының қызметiн бақылауды уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асырады.
      Өз еркiмен таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы қызметiнiң ерекшелiктерi уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленедi.
      10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркiмен таратылуын аяқтау мүмкiн болмауына байланысты уәкiлеттi мемлекеттiк орган оны мәжбүрлеп тарату туралы сотқа жүгiнуге құқылы.
      ЕСКЕРТУ. 67-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483 Заңымен

      68-бап. Өз еркiмен таратылуға рұқсат беруден бас тарту

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркiмен таратылуына рұқсат беруден уәкiлеттi мемлекеттiк орган мынадай негiздер бойынша:
      1) көзделiп отырған өз еркiмен таратылу нәтижесiнде сақтанушылар мен өзге де кредиторлардың заңды мүдделерi бұзылған;
      2) уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген құжаттар табыс етiлмеген;
      3) табыс етiлген құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болмаған жағдайларда бас тартады.
      2. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган өтiнiш берушiге оның өз еркiмен таратылуына рұқсат беруден бас тартқаны туралы бас тартудың негiздемесiн көрсете отырып жазбаша хабарлайды.

      69-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп
              тарату ерекшелiктерi

      1. <*>
      2. Уақытша әкiмшiлiк өз өкiлеттiгiн доғарып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құжаттары мен мүлкiн он күннен аспайтын мерзiмде арнайы басқарушыға өткiзедi.
      3. <*>
      4. <*>
      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мәжбүрлеп таратылатын жағдайда сот уәкiлеттi мемлекеттiк органға хабарлайды және он күн iшiнде оған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешiмнiң көшiрмесiн жiбередi.
      6. Сот сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын уәкiлеттi мемлекеттiк органның лицензияны керi қайтарып алуына байланысы жоқ негiз бойынша мәжбүрлеп тарату туралы шешiм қабылдаған жағдайда, уәкiлеттi мемлекеттiк орган оның лицензиясын керi қайтарып алу туралы мәселенi заңдарда белгiленген тәртiппен қарайды.
      7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын банкроттық негiзi бойынша тарату, осы Заңның талаптары ескерiле отырып жүзеге асырылады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 69-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483 Заңымен .

      70-бап. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта
              сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, оның iшiнде банкроттық негiз бойынша тарату туралы шешiм қабылданғаннан кейiн сот тарату жөнiнде iс қозғайды және оның филиалдары мен өкiлдiктерiн ескере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясын құру жөнiнде уәкiлеттi органға мiндеттер жүктейдi.
      Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссияларын тағайындау тәртiбi және тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелерiне қойылатын талап уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде айқындалады. <*>
      2. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кредиторларының аралық тарату балансы мен талаптарының тiзiлiмiн уәкiлеттi орган бекiтедi. <*>
      3. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы уәкiлеттi мемлекеттiк органға iстелген жұмыс туралы есептi және оның жазбаша сұратуы бойынша өз қызметi туралы қосымша мәлiметтер мен таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты деректердi табыс етуге мiндеттi.
      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату, конкурстық массасы осы Заңда белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртiппен қалыптастырылады.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасына, мүшелерiне және өзге де жұмысқа тартылған қызметкерлерге төленетiн ай сайынғы сыйақы олардың әрқайсысына тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген он еселенген ең төменгi жалақыдан аспауы тиiс. <*>
      Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкiн сатуды оның тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзедi.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы тарату комиссиясының қызметiне бақылау жасауды уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асырады.
      5. Тарату комиссиясы уәкiлеттi органмен келiсiлген тарату туралы есептi және тарату балансын сотқа табыс етедi.
      Сот тарату туралы есептi және тарату балансын бекiтедi және тарату жөнiндегi iстi аяқтау туралы ұйғарым шығарады.
      Тарату комиссиясы сот ұйғарымының көшiрмесiн заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi, филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тіркеуді жүзеге асыратын тиiстi әдiлет органына, сондай-ақ уәкiлеттi органға жiбередi.
      Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату тәртiбi және оның тарату комиссиясының жұмысына қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату аяқталған кезде тарату комиссиясы құжаттарды белгiленген тәртiппен мұрағатқа сақтау үшiн өткiзуге және бұл туралы уәкiлеттi органды хабардар етуге мiндеттi. <*>
      6. <*>
      ЕСКЕРТУ. 70-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483 Заңымен .

      71-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын банкрот
              деп тану

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабiлетсiздiгi мен дәрменсiздiгi уәкiлеттi мемлекеттiк органның тиiстi қорытындысы ескерiле отырып айқындалады.
      2. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның тиiстi қорытындысы болған жағдайда сот сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жөнiнде оңалту рәсiмдерiн тағайындауы мүмкiн.
      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты оңалту рәсiмдерi санация нысанында немесе сақтандыру мiндеттемелерi мен соларға сәйкес активтер сомасын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiлетiн жария саудаға салу арқылы мүдделi сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына беру нысанында жүргiзiлуi мүмкін.
      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы заңдарда белгiленген тәртiппен сот шешiмi бойынша ғана банкрот деп танылады. Дәрменсiз сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын оның кредиторларының және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзiнiң шешiмi бойынша соттан тыс тарату рәсiмiне жол берiлмейдi.
      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банкроттығы туралы iс бойынша тараптардың бiтiм келiсiмiн жасасуына жол берiлмейдi.

      72-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы
              кредиторларының талаптарын қанағаттандыру
              кезектiлiгi

      1. Сақтандыру ұйымы кредиторларының заңдарда белгiленген тәртiппен танылған талаптары мынадай кезектiлiк пен қанағаттандырылуға тиiс:
      1) бiрiншi кезекте, таратылатын сақтандыру ұйымы азаматтардың өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жауапты болатын жағдайда, ол азаматтардың талаптары сақтандыру шарттары бойынша жауапкершiлiкпен байланысты емес негiздер бойынша тиiстi мерзiмдiк төлемдердi капиталдандыру арқылы қанағаттандырылады;
      2) екiншi кезекте, еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн адамдармен еңбекке ақы төлеу жөнiнде және авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу жөнiнде есеп айырысу жүргiзiледi;
      3) үшiншi кезекте, сақтандырылушының жеке өзiне байланысты жасалған сақтандыру шарттары бойынша кредиторлардың талаптары қанағаттандырылады;
      4) төртiншi кезекте, кредиторлардың - жеке тұлғалардың өздерi жасалған мүлiктiк сақтандыру шарттары және сақтандырылушының жеке өзiне байланысты емес сақтандырудың басқа да түрлерi бойынша талаптары қанағаттандырылады;
      5) бесiншi кезекте, жасалған сақтандыру шарттары бойынша, осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында аталғаннан өзге, кредиторлардың талаптары, сондай-ақ сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезінде, міндетті сақтандыру шарттары бойынша, жүзеге асырылған кепілдік төлемдері бойынша сақтанушылардың (сақтандырылушылардың, пайда алушылардың) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін қордың талаптары  қанағаттандырылады; <*>
      6) алтыншы кезекте, таратылатын сақтандыру ұйымының мүлкiн қамтамасыз етiлу сомасы шегiнде кепiлге салумен қамтамасыз етiлген мiндеттемелер бойынша кредиторлардың талаптары қанағаттандырылады;
      7) жетiншi кезекте, салықтар, алымдар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша, сондай-ақ республикалық бюджеттен берiлген кредиттердi қайтару бойынша берешек өтеледi;
      8) сегiзiншi кезекте, Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес басқа кредиторлармен есеп айырысу жүзеге асырылады.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату жөнiндегi iске байланысты шығыстар, сондай-ақ соттың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату туралы шешiмi заңды күшiне енгенге дейiн, не уәкiлеттi органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерiктi түрде таратуға рұқсат беру туралы шешiмi күшiне енгенге дейiн басталған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға арналған шығыстар кезектен тыс жүргiзiледi. <*>
      3. Қайта сақтандыру ұйымы кредиторларының заңдарда белгiленген тәртiппен танылған талаптары мынадай кезектiлiкпен қанағаттандырылуға тиiс:
      1) бiрiншi кезекте, таратылатын қайта сақтандыру ұйымы азаматтардың өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жауапты болатын жағдайда, ол азаматтардың талаптары қайта сақтандыру шарттары бойынша жауапкершiлiкпен байланысты емес негiздер бойынша тиiстi мерзiмдiк төлемдердi капиталдандыру арқылы қанағаттандырылады;
      2) екiншi кезекте, еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн адамдармен еңбекке ақы төлеу жөнiнде және авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу жөнiнде есеп айырысу жүргiзiледi;
      3) үшiншi кезекте, цеденттердiң "өмiрдi сақтандыру" саласы бойынша шарттардан туындайтын талаптары қанағаттандырылады;
      4) төртiншi кезекте, цеденттердiң "жалпы сақтандыру" саласы бойынша шарттардан туындайтын талаптары қанағаттандырылады;
      5) бесiншi кезекте, таратылатын қайта сақтандыру ұйымының мүлкiн қамтамасыз етiлу сомасы шегiнде кепiлге салумен қамтамасыз етiлген мiндеттемелер бойынша кредиторлардың талаптары қанағаттандырылады;
      6) алтыншы кезекте, салықтар, алымдар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша, сондай-ақ республикалық бюджеттен берiлген кредиттердi қайтару бойынша берешек өтеледi;
      7) жетiншi кезекте, Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес басқа кредиторлармен есеп айырысу жүзеге асырылады.
      4. Әрбiр келесi кезектегi талаптар одан алдыңғы кезектегi талаптар толық орындалғаннан кейiн қанағаттандырылады.
      Бiр кезектегi кредиторлардың талаптарын қанағаттандырған кезде қаражат олардың арасында қанағаттандырылуға жататын талаптар сомасына бара-бар бөлiнедi.
      5. Тиiстi кезегi келгенде кредитордың талабы оның келiсiмiмен Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн әдiстермен, оның iшiнде есеп айырысудың бара-барлық принципiн сақтай отырып, ақшалай нысанда және (немесе) мүлiктi заттай күйiнде беру арқылы қанағаттандырылуы мүмкiн.
      Ескерту. 72-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.06.11. N 436 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 72-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483 Заңымен

      73-бап. Уәкiлеттi органның сақтандыру (қайта сақтандыру)
             ұйымдарын тарату процесiндегi бақылау
             өкiлеттiктерi <*>

      1. Ерiктi және мәжбүрлеп, оның iшiнде банкроттық негiз бойынша таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларының қызметiн бақылауды жүзеге асыру мақсатында уәкiлеттi орган:
      1) тарату комиссияларынан iстелген жұмыс туралы есептердi, ал қажет болған жағдайда, қосымша ақпаратты да алуға;
      2) тарату комиссияларының есептер мен қосымша ақпаратты беру нысанын, мерзiмдерiн және кезеңдiлiгiн белгiлеуге;
      3) тарату комиссияларының қызметiн тексерудi жүргiзуге;
      4) тарату комиссияларының қызметiнде Қазақстан Республикасының заңдарын, кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзу анықталған кезде кемшiлiктердi жою жөнiнде, тарату комиссиялары орындауға мiндеттi жазбаша нұсқамалар шығаруға, нұсқамалардың орындалу мерзiмiн белгiлеуге;
      5) тарату комиссиясы белгiленген мерзiмде жазбаша ұйғарымды орындамаған жағдайда кредиторлардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау үшiн сотқа не прокуратура органдарына жүгiнуге құқылы.
      2. Тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзған жағдайда тарату комиссиясының төрағасы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
      ЕСКЕРТУ. 73-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483 Заңымен .

13-тарау. ЕСЕП БЕРУ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ МӘСЕЛЕЛЕР

      74-бап. Қаржылық есеп беру

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокерi өздерi жүргiзген операциялардың есебiн сақтандыру қызметi үшiн мiндеттi бухгалтерлiк есеп стандарттарына сәйкес жүзеге асырады.
      2. Шоғырландырылған негiздегi есеп пен сақтандыру брокерiнiң қаржылық және өзге де есептерiн қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық және өзге де есептерiнiң тiзбесiн, нысаны мен оларды табыс ету мерзiмiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкiлеттi мемлекеттiк органның сұратуы бойынша оған өзiнiң мүлкi туралы, оның iшiнде Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлердегi мүлкi туралы, қабылданған тәуекелдердiң мөлшерi, берiлген кепiлдiктер мен кепiлгерлiктер туралы, жасалған және жасалатын сақтандыру және қайта сақтандыру мәмiлелерi туралы мәлiметтердi, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу туралы мәлiметтердi, өзiнiң бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсатында сақтандыру құпиясы бар мәлiметтердi табыс етуге мiндеттi.
      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өз қызметiне жыл сайын мiндеттi аудит жүргiзiп отырады. Жыл қорытындылары бойынша аудиторлық қорытынды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жылдық қаржылық есебiнiң ажырамас бөлiгi болып табылады.

      75-бап. Мiндеттi актуарий қорытындысы

      1. Сақтандыру резервтерi бойынша мiндеттi актуарий қорытындысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жылдық қаржылық есебiнiң ажырамас бөлiгi болып табылады және уәкiлеттi мемлекеттiк органға табыс етiлуге тиiс.
      2. Мiндеттi актуарий қорытындысының мазмұнына және табыс етiлу тәртiбiне қойылатын талаптар уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.

      76-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қызметiнiң
              негiзгi көрсеткiштерiн жариялау

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жылдық қаржылық есептi, жылдық балансты және кiрiстер мен шығыстар туралы есептi қоса, уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша және мерзiмде, оларда келтiрiлген мәлiметтердiң дұрыстығын тәуелсiз аудиторлық растаудан кейiн және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерiнiң жылдық жиналысы жылдық балансты және қаржы-шаруашылық қызметi туралы есептi бекiткеннен кейiн жариялайды.<*>
     ЕСКЕРТУ. 76-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483 Заңымен

      77-бап. Құжаттарды сақтау тәртiбi және мерзiмi

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген сақтандыру статистикасын қалыптастыруға, өз қызметiне байланысты құжаттардың есебiн жүргiзу мен сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
      2. Сақталуға тиiстi құжаттардың тiзбесi мен олардың сақталу мерзiмiн мемлекеттiк мұражай қызметi органдарымен келiсе отырып, уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.

      78-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның шешiмiне шағым
              жасау

      1. Мүдделi тұлға уәкiлеттi мемлекеттiк органның шешiмiне ол күшiне енген күннен бастап он күн мерзiмде Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен шағым жасай алады.
      2. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның шешiмiне шағым жасау санкция қолдану туралы шешімнің орындалуын тоқтата тұруға әкеп соқпайды.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi