Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде жазатайым жағдайлардан оны мiндеттi сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды және ұйымдастыруды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы N 28 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 9 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6156 болып енгізілді.

      Қолданушылардың назарына!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
      Ескерту. Осы қаулының мәтіні бойынша "қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн" деген сөздер "қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде жазатайым жағдайлардан оны" деген сөздермен ауыстырылды (3-тармақты қараңыз).

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.02.2023 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Бекітілсін:

      1) алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2015 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2) Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Аннуитет шарты бойынша аннуитеттік төлемдерді есептеу ережесі және аннуитет шарты мен сақтандырушының жасалатын аннуитет шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейіне қойылатын талаптары туралы.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2015 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, оны бірінші ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      3. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын бірінші ресми жариялағаннан кейін алты ай өткеннен кейін осы қаулының мәтіні бойынша "қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн" деген сөздер "қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде жазатайым жағдайлардан оны" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Д.Ш. Қарақұлова):

      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, актуарийлерге, "Қазақстан актуарийлер қоғамы" қоғамдық бірлестігіне және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      5. Агенттік Төрайымының Қызметі Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қабылдасын.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

Төрайым

Е. Бахмутова


  Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі
Басқармасының
2010 жылғы 1 наурыздағы
№ 28 қаулысына 1-қосымша

Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін орындаған кезде жазатайым жағдайлардан оны міндетті сақтандыру шарты бойынша төленуге тиіс сақтандыру сыйлықақысын есептеу барысында үстемеақы коэффициенттерін қолдану ережесі

      Ескерту. 1-қосымша алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2015 № 93 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі
Басқармасының
2010 жылғы 1 наурыздағы
№ 28 қаулысына 2-қосымша

Аннуитет шарты бойынша аннуитеттік төлемдерді есептеу ережесі және аннуитет шарты мен сақтандырушының жасалатын аннуитет шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейіне қойылатын талаптары туралы

      Осы Ереже "Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және аннуитет шарты бойынша аннуитеттік төлемдерді есептеу тәртібін және аннуитет шарты мен сақтандырушының жасалатын аннуитет шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейіне қойылатын талаптарды айқындайды.

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.02.2023 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Аннуитет шарты бойынша аннуитеттік төлемдер мөлшері Заңның 23-бабының 3-тармағына сәйкес анықталады.

      2. Аннуитеттік төлемдер құнын есептеу үшін аннуитет шарттары бойынша ағымдағы құн факторын пайдаланады.

      3. Ағымдағы құн факторы бір жылға аннуитеттік төлемдерді алған жасқа дейінгі аннуитет шартының жасалған күніндегі жастан сақтандырылушының (лардың) өмірінің соңына дейінгі көрсеткіші (терінің) туындыларының сомасы және тиісінше деңгейдегі дисконтталушы фактор ретінде анықталады. Дисконтталушы фактор аннуитеттік төлемдер құнын есептеу үшін пайдаланатын кірістіліктің тиімді пайыздық ставкасы сомасының кері шамасына және 1-ге тең.

      4. Ағымдағы құн факторындағы аннуитеттік төлемдер құнын анықтау кезінде сақтандыру ұйымының сақтандыру нарығындағы актуарийлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарий айқындайтын болжамдық ұлғаю мөлшеріне әрбір қосылғышты түзету арқылы инфляцияның болжанатын деңгейі теңбе-тең аннуитеттік төлемді индексациялау ескеріледі. Болжамдық ұлғаюды актуарий инфляция бойынша статистикалық деректердің негізінде айқындайды және экономикалық көрсеткіштердің өзгеру тәуекелдері ескеріле отырып инфляцияның соңғы 15 жылдағы нақты және болжамды деңгейлерінің орташа мәндерінің ең жоғарысынан кем болмайды.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.01.2021 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Аннуитеттік төлемдер құнын есептеу халықтың өлім-жітімі туралы деректер, инфляцияның болжанатын деңгейі және аннуитет шартының талаптары ескеріле отырып кірістіліктің пайыздық мөлшерлемесінің мөлшері негізінде жүргізіледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.01.2021 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Сақтандырушы аннуитет шарттары бойынша аннуитеттік төлемдердің ағымдағы құнының факторын есептеу кезінде осы Ережеге 1, 2-қосымшаларда көрсетілген, сондай-ақ Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12318 болып тіркелген "Зейнетақы аннуитетінің үлгілік шартын бекіту, Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесін, сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейін, сондай-ақ сақтандыру төлемін индекстеу мөлшерлемесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 20 қазандағы № 194 қаулысымен (бұдан әрі – № 194 қаулы) белгіленген көрсеткіштерден аспайтын өлім-жітім көрсеткіштерін пайдаланады.

      Зардап шеккен қызметкердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 940-бабының 3-тармағына сәйкес зиянды өтетуге құқығы бар адамдардың пайдасына жасалған аннуитет шарттары бойынша аннуитет төлемдерінің ағымдағы құнының факторын есептеу кезінде өлім-жітімнің мынадай:

      1) зардап шеккен қызметкер үшін – осы Ережеге 1-қосымшада көрсетілген;

      2) елу сегіз жастан асқан әйелдер мен алпыс үш жастан асқан ер адамдар үшін – № 194 қаулыда көрсетілген;

      3) он алты жастан асқан мүгедектігі бар адамдар үшін – осы Ережеге 2-қосымшада көрсетілген көрсеткіштері пайдаланылады;

      4) он алты жасқа толмаған мүгедектігі бар адамдар, кәмелетке толмағандар, оқушылар, ата-аналар, ерлі-зайыптылар не қайтыс болған қызметкердің асырауындағы балаларын, немерелерін, бауырларын күтумен айналысатын отбасының басқа мүшесі үшін нөлге тең өлім-жітім көрсеткіштері пайдаланылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.02.2023 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6-1. Осы Ереженің 6-тармағында көзделген өлім-жітім көрсеткіштерінен төмен болып табылатын өлім-жітім көрсеткіштері қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен (бұдан әрі - уәкілетті орган) келісуге жатады.

      Өлім-жітім көрсеткіштерін келісу үшін сақтандырушы уәкілетті органға өлім-жітім көрсеткіштерін қоса тіркей отырып, ерікті нысанда хат жібереді. Уәкілетті орган сақтандырушыдан хат алған күннен бастап оған күнтізбелік отыз күн ішінде өлім-жітім көрсеткіштерін қарау қорытындысы бар хат жібереді. Келісу нәтижелері оң болмаған жағдайда сақтандырушы осы Ереженің 6-тармағында көзделген өлім-жітім көрсеткіштерін қолданады.

      Ескерту. Ереже 6-1 тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 143 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.01.2021 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      7. Аннуитет шарты бойынша аннуитеттік төлемдер құнын есептеу кезінде жылдық 10 (он) пайыздан аспайтын тиімді жылдық кірістіліктің пайыздық ставкасы пайдаланады.

      8. Аннуитет шарты бойынша аннуитеттік төлемдер құны аннуитеттік төлем туындысы және осы Ереженің талаптарына сәйкес есептелген сақтандырылушының сәйкесінше жасындағы ағымдағы құн факторы ретінде анықталады.

      9. Егер, аннуитет шартының талаптарына сәйкес аннуитеттік төлемдер Заңға сәйкес аннуитет шартының мерзімі аяқталғанға дейін сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда зиянды өтеуге құқығы бар тұлғамен көзделсе, ағымдағы құн факторы аннуитеттік фактордың және осы Ереженің 2, 3, 4, 5, 6, 7-тармақтарына сәйкес анықталған ағымдағы құн факторының сомасы ретінде есептеледі.

      Аннуитеттік фактор осы тармақта көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін аннуитет шарты жасалған күннен тиісінше деңгейлердегі дисконтталушы фактор сомасын білдіреді.

      10. Аннуитет шартында мынадай мәліметтер бар:

      1) аннуитет шартының нөмірі;

      2) сақтандырушының атауы, орналасқан орны, телефоны және банктік деректемелері;

      3) сақтанушының (жеке тұлғалар үшін) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жеке басын куәландыратын құжатты берген органның нөмірі, күні, жеке сәйкестендіру нөмірі, резиденттік белгісі (резидент/бейрезидент) және экономика секторы, тұрғылықты жері, байланыс телефон нөмірлері;

      4) сақтанушының (заңды тұлғалар үшін) атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, резиденттік белгісі (резидент/бейрезидент) және экономика секторы, орналасқан жері, банктік деректемелері, байланыс телефон нөмірлері;

      5) сақтандырылушы (пайда алушы) жөнінде нұсқау (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жеке басын куәландыратын құжатты берген органның нөмірі, күні, жеке сәйкестендіру нөмірі, резиденттік белгісі (резидент/бейрезидент), тұрғылықты жері, байланыс телефон нөмірлері);

      6) уәкілетті орган берген аннуитеттік сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензияны берген күні, сериясы және нөмірі туралы мәліметтер;

      7) аннуитет шартының мәні (Заңға сәйкес қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде жазатайым жағдайлардан оны мiндеттi сақтандыру шарты бойынша пайда алушы болып табылатын тұлғаның пайдасына аннуитет шарты бойынша аннуитеттік төлемдерді жүзеге асыру);

      8) сақтандыру объектісін көрсету;

      9) сақтандыру сыйлықақысының мөлшері, тәртібі және төлеу мерзімі, сонымен қатар аннуитет шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы Заңның 19 және 23-баптарына сәйкес анықталады;

      10) сақтандыру төлемінің мөлшері, тәртібі және мерзімі, оның ішінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асырудың басталған күні;

      11) тараптардың құқықтары мен міндеттері;

      12) аннуитет шартының қолданылу аумағы;

      13) аннуитет шартының қолданылу мерзімі;

      14) аннуитет шартына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жағдайы мен тәртібі;

      15) аннуитет шартын бұзу және тоқтату жағдайы мен тәртібі;

      16) тараптардың қолтаңбалары;

      17) аннуитет шартының жасалған күні.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 143 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 30.05.2016 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      11. Аннуитет шартының талаптарымен Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 940-бабының 3-тармағына сәйкес аннуитет шартының қолданылу кезеңінде қызметкердің қайтыс болуымен байланысты, пайда алушыларға аннуитеттік төлемдерді жүзеге асыру көзделуі мүмкін.

      12. Аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемі сақтандырылушының (пайда алушының) банктік шотына сақтандыру төлемінің сомасын аудару арқылы немесе сақтандырылушының (пайда алушының) сақтандырушының кассасынан қолма-қол ақшаны алуы арқылы жүзеге асырылады. Сақтандырылушының (пайда алушының) банктік шотына сақтандыру төлемін аудару барысында банктік қызметті төлеу сақтандырушының қаражаты есебінен жүргізіледі.

      13. Сақтандырушының жасалатын аннуитет шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстары жиынтығында сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінің 1 (бір) пайызынан аспайтындай плюс әрбір сақтандыру төлемінің 3 (үш) пайызынан аспайтын мөлшерді құрайды.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.01.2021 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  "Аннуитет шарты бойынша аннуитеттік
төлемдерді есептеу және аннуитет
шарты мен сақтандырушының жасалатын
аннуитет шарттары бойынша істі
жүргізуге арналған шығыстарының жол
берілетін деңгейіне қойылатын талаптары
туралы ережеге 1-қосымша

      Ескерту. Ереже 1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 143 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз).

Кәсіби еңбекке жарамдылығын жоғалтқан тұлғалардың еңбек жарамдылығын жоғалту дәрежесі бойынша бөлінген өлім-жітім көрсеткіштері

Жасы

Еркектер

Әйелдер

5-29%

30-59%

60-89%

90-100%

5-29%

30-59%

60-89%

90-100%

16

0,0001904

0,0003026

0,0009480

0,0015906

0,0000952

0,0002324

0,0007819

0,0023859

17

0,0002881

0,0004541

0,0013926

0,0023367

0,0001440

0,0003487

0,0011486

0,0035050

18

0,0004358

0,0006814

0,0020458

0,0034327

0,0002179

0,0005234

0,0016873

0,0051490

19

0,0006594

0,0010226

0,0030053

0,0050427

0,0003297

0,0007854

0,0024787

0,0075690

20

0,0009976

0,0015347

0,0044149

0,0074078

0,0004988

0,0011787

0,0036412

0,0111118

21

0,0015092

0,0023032

0,0064856

0,0108823

0,0007546

0,0017690

0,0053491

0,0163235

22

0,0022833

0,0034565

0,0095275

0,0159865

0,0011416

0,0026547

0,0078580

0,0239767

23

0,0023584

0,0035415

0,0095555

0,0160334

0,0011792

0,0027200

0,0078810

0,0240501

24

0,0024359

0,0036285

0,0095835

0,0160805

0,0012180

0,0027869

0,0079042

0,0241208

25

0,0025160

0,0037177

0,0096116

0,0161277

0,0012580

0,0028554

0,0079274

0,0241916

26

0,0025988

0,0038091

0,0096399

0,0161751

0,0012994

0,0029256

0,0079506

0,0242626

27

0,0026842

0,0039027

0,0096682

0,0162226

0,0013421

0,0029975

0,0079740

0,0243338

28

0,0028908

0,0041693

0,0102127

0,0171362

0,0014454

0,0032022

0,0084231

0,0257043

29

0,0031133

0,0044542

0,0107878

0,0181013

0,0015567

0,0034210

0,0088975

0,0271519

30

0,0033530

0,0047584

0,0113954

0,0191207

0,0016765

0,0036547

0,0093985

0,0286811

31

0,0036111

0,0050835

0,0120372

0,0201976

0,0018055

0,0039043

0,0099279

0,0302964

32

0,0038890

0,0054307

0,0127151

0,0213351

0,0019445

0,0041710

0,0104870

0,0320026

33

0,0041907

0,0058050

0,0135455

0,0227285

0,0020954

0,0044585

0,0111719

0,0340927

34

0,0045158

0,0062051

0,0144301

0,0242129

0,0022579

0,0047658

0,0119015

0,0363193

35

0,0048662

0,0066327

0,0153726

0,0257942

0,0024331

0,0050942

0,0126788

0,0386913

36

0,0052437

0,0070898

0,0163766

0,0274788

0,0026219

0,0054453

0,0135068

0,0412182

37

0,0056505

0,0075784

0,0174461

0,0292734

0,0028253

0,0058206

0,0143890

0,0439101

38

0,0061226

0,0082532

0,0187961

0,0315386

0,0030613

0,0063388

0,0155024

0,0473078

39

0,0066341

0,0089881

0,0202505

0,0339790

0,0033170

0,0069032

0,0167019

0,0509685

40

0,0071883

0,0097883

0,0218174

0,0366082

0,0035941

0,0075179

0,0179943

0,0549123

41

0,0077888

0,0106599

0,0235056

0,0394409

0,0038944

0,0081872

0,0193867

0,0591614

42

0,0084394

0,0116090

0,0253245

0,0424928

0,0042197

0,0089162

0,0208868

0,0637392

43

0,0089408

0,0124837

0,0268073

0,0449809

0,0044704

0,0095880

0,0221098

0,0674713

44

0,0094719

0,0134243

0,0283769

0,0476146

0,0047360

0,0103104

0,0234044

0,0714219

45

0,0100347

0,0144358

0,0300385

0,0504026

0,0050173

0,0110873

0,0247747

0,0756039

46

0,0106308

0,0155235

0,0317973

0,0533538

0,0053154

0,0119227

0,0262254

0,0800307

47

0,0112623

0,0166931

0,0336491

0,0564778

0,0056312

0,0128210

0,0277609

0,0847166

48

0,0121571

0,0183308

0,0362908

0,0608936

0,0060785

0,0140788

0,0299315

0,0913404

49

0,0131229

0,0201293

0,0391283

0,0656547

0,0065615

0,0154601

0,0322717

0,0984820

50

0,0141655

0,0221041

0,0421876

0,0707880

0,0070828

0,0169769

0,0347949

0,1061820

51

0,0152909

0,0242727

0,0454861

0,0763227

0,0076455

0,0186425

0,0375154

0,1144840

52

0,0165057

0,0266541

0,0490425

0,0822901

0,0082529

0,0204715

0,0404487

0,1234352

53

0,0176221

0,0287913

0,0520055

0,0872618

0,0088110

0,0221129

0,0428924

0,1308927

54

0,0188139

0,0310999

0,0551474

0,0925338

0,0094070

0,0238860

0,0454838

0,1388007

55

0,0200864

0,0335936

0,0584792

0,0981243

0,0100432

0,0258013

0,0482318

0,1471865

56

0,0214449

0,0362873

0,0620123

0,1040526

0,0107225

0,0278702

0,0511457

0,1560789

57

0,0228953

0,0391970

0,0657588

0,1103391

0,0114477

0,0301049

0,0542358

0,1655086

58

0,0242052

0,0413803

0,0683044

0,1146104

0,0121026

0,0317817

0,0563353

0,1719156

59

0,0255901

0,0436851

0,0709485

0,1190470

0,0127950

0,0335520

0,0585161

0,1785706

60

0,0270541

0,0461184

0,0736950

0,1236555

0,0135271

0,0354208

0,0607813

0,1854832

61

0,0286020

0,0486872

0,0755478

0,1284423

0,0143010

0,0373938

0,0631341

0,1926634

62

0,0302383

0,0513991

0,0795110

0,1334144

0,0151192

0,0394766

0,0655781

0,2001215

63

0,0323704

0,0538145

0,0822899

0,1380771

0,0161852

0,0413318

0,0678700

0,2071156

64

0,0346528

0,0563435

0,0851659

0,1429028

0,0173264

0,0432741

0,0702420

0,2143542

65

0,0370961

0,0589912

0,0881423

0,1478971

0,0185481

0,0453077

0,0726969

0,2218457

66

0,0397117

0,0617635

0,0912229

0,1530660

0,0198559

0,0474369

0,0752376

0,2295990

67

0,0425118

0,0646660

0,0944110

0,1584156

0,0212559

0,0496661

0,0778672

0,2376234

68

0,0472888

0,0683796

0,0993836

0,1625148

0,0236444

0,0525183

0,0819684

0,2437721

69

0,0526027

0,0723065

0,1046182

0,1667200

0,0263013

0,0555344

0,0862857

0,2500800

70

0,0585137

0,0764589

0,1101284

0,1710341

0,0292568

0,0587236

0,0908303

0,2565511

71

0,0650888

0,0808498

0,1159288

0,1754598

0,0325444

0,0620959

0,0956143

0,2631897

72

0,0724029

0,0854928

0,1220348

0,1800000

0,0362014

0,0656620

0,1006503

0,2700000

73

0,0759257

0,0896525

0,1279724

0,1887580

0,0379628

0,0688568

0,1055475

0,2831369

74

0,0803695

0,0948997

0,1354624

0,1998056

0,0401847

0,0728869

0,1117250

0,2997084

75

0,0842991

0,0995397

0,1420857

0,2095750

0,0421495

0,0764506

0,1171877

0,3143625

76

0,0890089

0,1051010

0,1500241

0,2212840

0,0445044

0,0807219

0,1237350

0,3319260

77

0,0940267

0,1110260

0,1584816

0,2337587

0,0470133

0,0852725

0,1307105

0,3506380

78

0,0995979

0,1176045

0,1678719

0,2476093

0,0497990

0,0903251

0,1384553

0,3714140

79

0,1059557

0,1251116

0,1785878

0,2634152

0,0529778

0,0960909

0,1472934

0,3951227

80

0,1119813

0,1322267

0,1887440

0,2783954

0,0559906

0,1015555

0,1556699

0,4175931

81

0,1182649

0,1396463

0,1993350

0,2940171

0,0591325

0,1072541

0,1644050

0,4410256

82

0,1274632

0,1505075

0,2148386

0,3168847

0,0637316

0,1155960

0,1771919

0,4753271

83

0,1389253

0,1640419

0,2341579

0,3453805

0,0694626

0,1259909

0,1931259

0,5180707

84

0,1446697

0,1708249

0,2438402

0,3596617

0,0723348

0,1312006

0,2011114

0,5394925

85

0,1553810

0,1834728

0,2618941

0,3862910

0,0776905

0,1409146

0,2160017

0,5794365

86

0,1631501

0,1926464

0,2749888

0,4056056

0,0815750

0,1479604

0,2268018

0,6084084

87

0,1713075

0,2022786

0,2887380

0,4258855

0,0856537

0,1553583

0,2381417

0,6388280

88

0,1798728

0,2123924

0,3031748

0,4471797

0,0899364

0,1631261

0,2500488

0,6707700

89

0,1888666

0,2230123

0,3183339

0,4695391

0,0944333

0,1712826

0,2625514

0,7043090

90

0,1983095

0,2341623

0,3342498

0,4930149

0,0991547

0,1798463

0,2756783

0,7395220

91

0,2186368

0,2581647

0,3685114

0,5435505

0,1093184

0,1982811

0,3039363

0,8153260

92

0,2410468

0,2846263

0,4062834

0,5992638

0,1205234

0,2186047

0,3350894

0,8988960

93

0,2657546

0,3138010

0,4479283

0,6606895

0,1328773

0,2410121

0,3694367

0,9910340

94

0,2929941

0,3459652

0,4938402

0,7284092

0,1464970

0,2657155

0,4073034

1,0000000

95

0,3230258

0,3814264

0,5444587

0,8030708

0,1615129

0,2929512

0,4490518

1,0000000

96

0,3561365

0,4205232

0,6002665

0,8853868

0,1780682

0,3229792

0,4950803

1,0000000

97

0,3926402

0,4636266

0,6617934

0,9761383

0,1963201

0,3560843

0,5458257

1,0000000

98

0,4328852

0,5111476

0,7296262

1,0000000

0,2164426

0,3925824

0,6017720

1,0000000

99

0,4772562

0,5635405

0,8044133

1,0000000

0,2386281

0,4328223

0,6634539

1,0000000

100

0,5261754

0,6213040

0,8868665

1,0000000

0,2630877

0,4771871

0,7314586

1,0000000

101

1,0000000

1,0000000

1,0000000

1,0000000

1,0000000

1,0000000

1,0000000

1,0000000

  "Аннуитет шарты бойынша аннуитеттік
төлемдерді есептеу және аннуитет
шарты мен сақтандырушының жасалатын
аннуитет шарттары бойынша істі
жүргізуге арналған шығыстарының жол
берілетін деңгейіне қойылатын талаптары
туралы ережеге 2-қосымша

      Ескерту. Ереже 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 143 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз).

Мүгедектердің өлім-жітім көрсеткіштері

Жасы

Еркектер

Әйелдер

16

0,0068245

0,0040296

17

0,0069227

0,0043711

18

0,0070223

0,0044715

19

0,0071234

0,0051433

20

0,0072259

0,0055791

21

0,0073298

0,0060518

22

0,0074353

0,0065647

23

0,0074172

0,0070949

24

0,0074113

0,0076753

25

0,0074694

0,0083199

26

0,0076436

0,0090431

27

0,0079858

0,0098591

28

0,0085275

0,0107640

29

0,0092185

0,0116824

30

0,0099884

0,0125207

31

0,0107664

0,0131855

32

0,0114821

0,0135832

33

0,0120905

0,0136655

34

0,0126488

0,0135643

35

0,0132399

0,0134569

36

0,0139467

0,0135202

37

0,0148521

0,0139314

38

0,0160071

0,0148087

39

0,0173351

0,0160349

40

0,0187276

0,0174337

41

0,0200761

0,0188290

42

0,0212722

0,0200447

43

0,0222475

0,0209495

44

0,0230942

0,0215916

45

0,0239443

0,0220642

46

0,0249302

0,0224603

47

0,0261840

0,0228731

48

0,0277999

0,0233776

49

0,0297203

0,0239764

50

0,0318495

0,0246541

51

0,0340918

0,0253952

52

0,0363515

0,0261843

53

0,0385449

0,0270083

54

0,0406362

0,0278639

55

0,0426014

0,0287502

56

0,0444164

0,0296664

57

0,0460574

0,0306115

58

0,0475132

0,0315851


Жасы

Еркектер

Әйелдер

59

0,0488242

0,0325881

60

0,0500434

0,0336218

61

0,0512241

0,0346875

62

0,0524193

0,0357867

63

0,0549711

0,0373550

64

0,0566467

0,0382044

65

0,0552533

0,0384565

66

0,0578591

0,0393853

67

0,0614864

0,0411760

68

0,0653739

0,0439710

69

0,0689913

0,0463428

70

0,0732121

0,0485667

71

0,0766012

0,0514563

72

0,0811067

0,0554130

73

0,0850530

0,0574990

74

0,0900310

0,0611550

75

0,0944330

0,0637740

76

0,0997090

0,0662660

77

0,1053300

0,0714150

78

0,1115710

0,0756750

79

0,1186930

0,0796160

80

0,1254430

0,0867380

81

0,1324820

0,0916330

82

0,1427860

0,1008810

83

0,1556260

0,1073630

84

0,1620610

0,1148730

85

0,1740600

0,1260410

86

0,1827630

0,1352770

87

0,1919010

0,1449240

88

0,2014960

0,1565720

89

0,2115710

0,1698440

90

0,2221490

0,1800350

91

0,2449200

0,2022870

92

0,2700240

0,2272900

93

0,2977020

0,2553830

94

0,3282160

0,2869480

95

0,3618580

0,3224150

96

0,3989490

0,3622660

97

0,4398410

0,4070420

98

0,4849240

0,4573520

99

0,5346290

0,5138810

100

0,5894290

0,5773970

101

1,0000000

1,0000000