Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына еншiлес ұйымды құруға немесе иеленуге, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру, сондай-ақ, еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға беріл

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 50 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 3 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 4171. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 129 Қаулысымен.

      Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 135 (ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс берушi акцияларының жиырма бес және одан астам процентiне иелiк ететiн (дауыс беруге құқығы бар) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы iрi қатысушысының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтерiн қолдауы бойынша шаралар туралы нұсқаулық бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      3. Сақтандыру нарығының субъектiлерiн және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаментi (Каримуллин А.А.):
      1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жiберсiн.
      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлiмi (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсiн.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттiк Төрағасының орынбасары Қ.М.Досмұқаметовке жүктелсiн.

       Төраға

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын
және қаржы ұйымдарын реттеу мен  
қадағалау агенттiгi Басқармасының 
2006 жылғы 25 ақпандағы N 51  
қаулысымен бекiтiлген     

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс берушi
акцияларының жиырма бес және одан астам процентiне иелiк
ететiн (дауыс беруге құқығы бар) сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымы iрi қатысушысының сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтерiн қолдауы
бойынша шаралар туралы нұсқаулық

      1. Осы Нұсқаулық "Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  46-1-бабына сәйкес әзiрлендi және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс берушi акцияларының жиырма бес және одан астам процентiне иелiк ететiн (дауыс беруге құқығы бар) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы iрi қатысушысының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтерiн қолдауы бойынша шараларды белгiлейдi.
 

      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс берушi акцияларының жиырма бес және одан астам процентiне иелiк ететiн (дауыс беруге құқығы бар) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының нормативтiк мәндерi мен пруденциалдық нормативтерiн есептеу әдiстемесiн айқындайтын қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) нормативтiк құқықтық актiлерi белгiлеген деңгейде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабiлеттiлiгi маржасының мөлшерiн қолдау бойынша осы Нұсқаулық көздейтiн шараларды қабылдайды.
 

      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс берушi акцияларының жиырма бес және одан астам процентiне иелiк ететiн (дауыс беруге құқығы бар) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы осы Нұсқаулықта айқындалған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабiлеттiлiгi маржасының қажет мөлшерiн қолдау бойынша шараларға мыналар:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс берушi акцияларының жиырма бес және одан астам процентiне иелiк ететiн (дауыс беруге құқығы бар) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы iрi қатысушысының iшкi құжаттарының болуы;
      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабiлеттiлiгi маржасының қажет мөлшерiн тұрақты қамтамасыз ету;
      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабiлеттiлiгi маржасының қажет мөлшерiн жедел қамтамасыз ету жатады.
 

      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс берушi акцияларының жиырма бес және одан астам процентiне иелiк ететiн (дауыс беруге құқығы бар) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы iрi қатысушысының iшкi құжаттарында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс берушi акцияларының жиырма бес және одан астам процентiне иелiк ететiн (дауыс беруге құқығы бар) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы iрi қатысушысының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабiлеттiлiгi маржасының қажет мөлшерiн қолдау бойынша, оның iшiнде осы Нұсқаулыққа сәйкес шараларды қолдану тiзбесi, талаптары мен тәртiбi болады.
 

      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабiлеттiлiгi маржасының қажет мөлшерiн тұрақты қамтамасыз ету мыналарды:
      1) уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерi белгiлеген пруденциалдық нормативтердi және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтауға мiндеттi өзге нормалар мен лимиттердi тексеру мақсатында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тоқсан сайынғы шоғырландырылған қаржылық есебiн талдау негiзiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайын тоқсан сайын бағалауды;
      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс берушi акцияларының жиырма бес және одан астам процентiне иелiк ететiн (дауыс беруге құқығы бар) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында тәуекелдердi басқару жүйесiнiң болуына жыл сайын бақылау жасауды;
      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс берушi акцияларының жиырма бес және одан астам процентiне иелiк ететiн (дауыс беруге құқығы бар) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында осы Нұсқаулықтың 7-тармағында көзделген жедел қамтамасыз ету шараларын айқындайтын рәсiмдердi жыл сайын бақылау жасауды қамтиды.
 

      6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс берушi акцияларының жиырма бес және одан астам процентiне иелiк ететiн (дауыс беруге құқығы бар) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы, қосымша, төлем қабiлеттiлiгi маржасының қажет мөлшерiн тұрақты қамтамасыз ету шараларымен қатар, жедел қамтамасыз ету шараларын қолданады.
 

      7. Жедел қамтамасыз ету шаралары уәкiлеттi орган белгiлеген нормативтiк мәннен төмен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабiлеттiлiгi маржасының қажет мөлшерi азайған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабiлеттiлiгi маржасын ұлғайту мақсатында қолданылады.
      Жедел қамтамасыз ету шаралары мыналарды:
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабiлеттiлiгi маржасының қажет мөлшерiн қолдау рәсiмдерiн;
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы активтерiнiң құрылымын өзгерту жөнiндегi рәсiмдердi;
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұйымдық құрылымын өзгерту жөнiндегi рәсiмдердi;
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жай акциялары бойынша оның акционерлерi арасында дивидендтердi төлеудi тоқтата тұру жөнiндегi рәсiмдердi көздейдi.
 

      8. Төлем қабiлеттiлiгi маржасының қажет мөлшерiн қолдау рәсiмдерi мыналарды:
      1) уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен айқындалған реттелген қарызды берудi немесе уәкiлеттi орган белгiлеген мәнге төлем қабiлеттiлiгi маржасының қажет мөлшерiн сәйкес келтiру үшiн сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алуды;
      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық көрсетiлген мiндеттемелерiнiң орнын толтыратын үшiншi тұлғалардың алдында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мiндеттемелерi бойынша қамтамасыз етудi ұсынуды;
      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс берушi акцияларының жиырма бес және одан астам процентiне иелiк ететiн (дауыс беруге құқығы бар) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы iрi қатысушысының алдында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мiндеттемелерiн орындау мерзiмiн ұзартуды;
      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс берушi акцияларының жиырма бес және одан астам процентiне иелiк ететiн (дауыс беруге құқығы бар) оның iрi қатысушысының алдында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мiндеттемелерi бойынша төлемдердiң мерзiмiн кейiнге қалдыруды;
      5) сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметiне, шартты мiндеттемелерiне байланысты емес мерзiмi өткен активтердi сатып алуды қамтиды.
 

      9. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы активтерiнiң құрылымын өзгерту және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс берушi акцияларының жиырма бес және одан астам процентiне иелiк ететiн (дауыс беруге құқығы бар) оның iрi қатысушысын өзгерту жөнiндегi рәсiмдер мынадай:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын техникалық және (немесе) инвестициялық тәуекелге қамтитын операцияларды шектеу немесе тоқтата тұру;
      2) өтiмдiлiктi жоғалту тәуекелiн азайту, проценттiк тәуекел мен өтiмдiлiктi жоғалту тәуекелiн азайту үшiн қысқа мерзiмдi активтердiң үлесiн ұлғайту мақсатында, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы активтерiнiң құрылымын және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс берушi акцияларының жиырма бес және одан астам процентiне иелiк ететiн (дауыс беруге құқығы бар) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысын (заңды тұлғаны) өзгерту;
      3) елеулi шығыстармен байланысты немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс берушi акцияларының жиырма бес және одан астам процентiне иелiк ететiн (дауыс беруге құқығы бар) оның iрi қатысушысын (заңды тұлғаны) қосымша тәуекелдерге қамтып жүргiзiлген операциялардың тiзбесiн және көлемiн қысқарту түрiнде жүзеге асырылады.
 

      10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұйымдық құрылымы мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы iрi қатысушысын өзгерту жөнiндегi рәсiмдер әкiмшiлiк-шаруашылық шығыстарды қысқарту түрiнде жүзеге асырылады.
 

      11. Уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген ең төменгi нормативтiк мәннен төмен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы маржасының қажет мөлшерiн азайтқан кезде:
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс берушi акцияларының жиырма бестен астам, бiрақ кемiнде елуден кем болмайтын процентiне тiкелей немесе жанама иелiк ететiн (дауыс беруге құқығы бар) iрi қатысушы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы маржасының мөлшерi қажет мәннен төмен азаю дерегi анықталған күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерiнiң жалпы жиналысының Орындалуы мiндеттi iс-шаралар жоспарын (бұдан әрi - іс-шаралар жоспары), оның iшiнде осы Нұсқаулық белгiлеген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы маржасының қажет мөлшерiн жедел қамтамасыз ету шараларынан тұратын жоспарды қабылдауына бастама жасайды және Іс-шаралар жоспарын қабылдағаннан кейiн жетi жұмыс күнi iшiнде оны уәкiлеттi органға келiсу үшiн бередi;
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс берушi акцияларының елу және одан астам процентiне тiкелей немесе қосымша иелiк ететiн (дауыс беруге құқығы бар) iрi қатысушы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы маржасының мөлшерi қажет деңгейден төмен азаю дерегi анықталған күннен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде іс-шаралар жоспарын, оның iшiнде осы Нұсқаулық белгiлеген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы маржасының қажет мөлшерiн жедел қамтамасыз ету шараларынан тұратын жоспарды уәкiлеттi органға келiсу үшiн бередi.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс берушi акцияларының жиырма бес және одан астам процентiне иелiк ететiн (дауыс беруге құқығы бар) бiреуден астам iрi қатысушы болған кезде осы тармақтың үшiншi абзацында көрсетiлген iс-қимылды аталған тұлғалар бiрлесiп жүзеге асырады.
 

      12. Уәкiлеттi органмен келiсiлген Іс-шаралар жоспарында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс берушi акцияларының жиырма бес және одан астам процентiне иелiк ететiн (дауыс беруге құқығы бар) iрi қатысушының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабiлеттiлiгi маржасының қажет мөлшерi мен олардың орындалғандығы туралы ақпаратты уәкiлеттi органға беру мерзiмi болуы тиiс.
      Іс-шаралар жоспары айқындаған iс-шаралардың орындалуы туралы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс берушi акцияларының жиырма бес және одан астам процентiне иелiк ететiн (дауыс беруге құқығы бар) iрi қатысушының ақпараты растайтын құжаттардың қосымшасымен бiрге берiледi. Iс-шаралар жоспарының кез-келген талаптарын орындамаған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс берушi акцияларының жиырма бес және одан астам процентiне иелiк ететiн (дауыс беруге құқығы бар) iрi қатысушы орындалмау себептерi туралы уәкiлеттi органға хабарлайды.
 

      13. Осы Нұсқаулықтың талаптарын бұзған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс берушi акцияларының жиырма бес және одан астам процентiне иелiк ететiн (дауыс беруге құқығы бар) iрi қатысушыға ықпал ету шаралары мен Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес мәжбүрлеу шаралары қолданылады.
 

      14. Осы Нұсқаулықпен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес шешiледi.