Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2020 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қолданушылардың назарына!!!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.
Банктік және сақтандыру қызметін, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметін және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерін, жинақтаушы зейнетақы қорлары мен акционерлік инвестициялық қорлар қызметін нормативтік құқықтық реттеуді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, жинақтаушы зейнетақы қорлары мен акционерлік инвестициялық қорлар қызметінің мақсаттары үшін оффшорлық аймақтардың тізбесі бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылардың және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, жинақтаушы зейнетақы қорлары мен акционерлік инвестициялық қорлар қызметінің мақсаттары үшін оффшорлық аймақтардың тізбесін бекіту туралы" 2005 жылғы 25 маусымдағы N 230 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3755 тіркелген);
2) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылардың және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, жинақтаушы зейнетақы қорлары мен акционерлік инвестициялық қорлар қызметінің мақсаттары үшін оффшорлық аймақтардың тізбесін бекіту туралы" 2005 жылғы 25 маусымдағы N 230 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы N 39 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4591 тіркелген).
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі, осы қаулыны қолданысқа енгізгенге дейінгі туындаған қарым-қатынастарға қолданылады.
4. Оффшорлық аймақтарда тіркелген, осы қаулыда белгіленген қаржы ұйымдарының акционерлері өз қызметтерін 2009 жылғы 1 сәуірге дейін осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін.
4-1. Оффшорлық аймақтарда тіркелген аффилиирленген тұлғалары бар заңды тұлғаларға - қаржы ұйымдарының акционерлеріне немесе осы қаулымен белгіленген оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғалардың қатысушылары (құрылтайшылары, акционерлері) болып табылатын жеке тұлғаларға 2009 жылғы 1 қазанға дейінгі мерзімде өздерінің қызметін осы қаулымен сәйкестендірулері керек.
Ескерту. 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.03.27. N 65 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.5. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан Қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жіберсін.
6. Агенттік Төрайымының қызметі (А.А. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.
Төрайым | Е. Бахмутова |
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 2 қазандағы N 145 қаулысымен бекітілген |
Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар
рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар
рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, жинақтаушы зейнетақы қорлары мен акционерлік инвестициялық қорлар қызметінің мақсаттары үшін оффшорлық аймақтардың тізбесі
Осы тізбенің мақсаттары үшін оффшорлық аймақтар деп жеңілдікпен салық режимін ұсынатын және (немесе) осы тізбеде айқындалған қаржылық операцияларды жүргізу барысында ақпаратты ашуды және ұсынуды көздемейтін мемлекеттер мен аумақтар түсініледі.
1. Андорра Князьды ғ ы.
2. Антигуа ж ә не Барбуда мемлекеті.
3. Багам аралдары Достасты ғ ы.
4. Барбадос мемлекеті.
5. Белиз мемлекеті.
6. Бруней Даруссалам мемлекеті.
7. Вануату Республикасы.
8. Гватемала Республикасы.
9. Гренада мемлекеті.
10. Джибути Республикасы.
11. Доминикан Республикасы.
12. Индонезия Республикасы.
13. Испания (тек Канар аралдары аума ғ ыны ң б ө лігінде ғ ана).
14. Кипр Республикасы.
15. Қ ытай Халы қ Республикасы (тек Аомынь (Макао) ж ә не Сянган (Гонконг) арнайы ә кімшілік аума қ тарды ң б ө лігінде ғ ана).
16. Комор Аралдары Федеративтік Ислам Республикасы.
17. Коста-Рика Республикасы.
18. Малайзия (тек анклава Лабуан аума ғ ыны ң б ө лігінде ғ ана).
19. Либерия Республикасы.
20. Лихтенштейн Князьды ғ ы.
21. Маврикий Республикасы.
22. Португалия (тек Мадейра аралдары аума ғ ыны ң б ө лігінде ғ ана).
23. Мальдив Республикасы.
24. Мальта Республикасы.
25. Маршалл аралдары Республикасы.
26. Монако Князьды ғ ы.
27. Мьянма Ода ғ ы.
28. Науру Республикасы.
29. Нидерланд (тек Аруба аралыны ң аума ғ ында ғ ы ж ә не Антил аралдарыны ң т ә уелді аума қ тар б ө лігінде ғ ана).
30. Нигерия Федеративтік Республикасы.
31. Жа ң а Зеландия (тек Кука ж ә не Ниуэ аралдары аума ғ ыны ң
б ө лігінде ғ ана).
32. Палау Республикасы.
33. Панама Республикасы.
34. Самоа т ә уелсіз мемлекеті.
35. Сейшель аралдары Республикасы.
36. Сент-Винсент ж ә не Гренадин мемлекеті.
37. Сент-Китс ж ә не Невис Федерациясы.
38. Сент-Люсия мемлекеті.
39. Ұ лыбритания ж ә не Солт ү стік Ирландия біріккен корольды ғ ы (тек мынадай аума қ тар б ө лігінде ғ ана):
1) Ангилья аралдары;
2) Бермуд аралдары;
3) Британды қ Виргин аралдары;
4) Гибралтар;
5) Кайман аралдары;
6) Монтсеррат аралы;
7) Теркс ж ә не Кайкос аралдары;
8) Мэн аралы;
9) Норманд аралдары (Гернси, Джерси, Сарк, Олдерни аралдары).
40. Америка Құ рама Штаттары (тек Американды қ Виргин аралдары, Гуам аралы ж ә не Пуэрто-Рико Достасты ғ ы аума ғ ыны ң б ө лігінде ғ ана).
41. Тонга Корольды ғ ы.
42. Филиппин Республикасы.
43. Шри-Ланка Демократиялы қ Республикасы.