Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінiң кейбiр мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы N 1237 Қаулысы

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.05.14 N 416 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 1449 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі туралы ереже;
      2) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.05.14 N 416 Қаулысымен.
      2. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетi;
      2) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Шағын бизнестi қолдау жөнiндегi комитетi, осы Комитеттiң штат саны мен мемлекеттік мүлкi Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң орталық аппаратына берiле отырып, таратылсын.
      3. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту комитетi;
      2) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Бәсекелестіктi қорғау комитетi және оның аумақтық бөлiмшелерi;
      3) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетi құрылсын.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.06 N 509, 2006.08.02 N 730 қаулыларымен.
      4. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінiң Техникалық реттеу және метрология комитетi болып қайта аталсын.
      5. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.06.27 N 589 қаулысымен.
      6. Қоса берiлiп отырған:
      1) - 7) Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.05 N 1180 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      8) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерi - мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесi;
      8-1) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі;
      8-2) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі;
      8-3) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитетінің аумақтық бөлімшелері - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі;
      9) Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.08.02. N 730 Қаулысымен.
      9-1) Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.02.15. N 141 Қаулысымен.
      10) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгі Инвестиция, Өнеркәсіп, Техникалық реттеу және метрология, Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау, Геология және жер қойнауын пайдалану комитеттерiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.08.24 N 871, 2006.06.06 N 509, 2006.06.27 N 589, 2007.04.09 N 280, 2008.05.07 N 429, 2009.07.15 N 1071, 2010.05.14 N 416, 2010.11.24 N 1240, 2011.04.02 N 349, 2012.03.11 N 312 Қаулыларымен.
      7. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.05. N 1180 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      8. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiн ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру 2004 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым, Энергетика және минералдық ресурстар, Денсаулық сақтау, Ауыл шаруашылығы министрлiктерiнен Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгіне берiлетiн функцияларды ұстауға, сондай-ақ қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегі, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiктерiн ұстауға көзделген қаражат есебiнен берiлетiн штат санының шегiнде жүзеге асырылады деп белгіленсiн.
      9. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым, Денсаулық сақтау, Ауыл шаруашылығы министрлiктерi, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiктерi берiлетiн функциялар шеңберiнде Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне Жарлыққа қол қойылған күнi берiлетiн бөлiмшелер қызметкерлерiнiң пайдалануындағы мемлекеттік мүлiктi қоса алғанда, құрылымдық бөлiмшелердi берудi қамтамасыз етсiн.
      10. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгiзiлсiн:
      1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгі" деген бөлiмнiң тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінiң Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту комитетi";
      "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Құрылыс істерi жөнiндегi комитетi" деген бөлiмнiң тақырыбындағы "Құрылыс" деген сөзден кейiн "және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" деген сөздермен толықтырылсын, мемлекеттiк тiлдегi мәтiнде "жөнiндегi" деген сөз алынып тасталсын;
      "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгі" деген бөлiмде реттiк нөмiрi 528-жол алынып тасталсын;
      2) "Республикалық меншiктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелік ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында:
      көрсетiлген қаулыға қосымшада:
      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне" деген бөлiмде реттiк нөмiрi 205-12-жол алынып тасталсын;
      "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне" деген бөлiмде реттiк нөмiрi 235-жол алынып тасталсын;
      "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетi" деген бөлiмнiң тақырыбындағы "Құрылыс" деген сөзден кейiн "және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" деген сөздермен толықтырылсын, мемлекеттiк тiлдегi мәтiнде "жөнiндегi" деген сөз алынып тасталсын.
      11. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
      12. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң       
2004 жылғы 26 қарашадағы 
N 1237 қаулысымен    
бекiтiлген       

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.05.14 N 416 Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi (бұдан әрi – Министрлiк) – индустрия және елдi индустриялық-инновациялық, ғылыми-техникалық дамыту, тау-кен металлургиялық кешен, машина жасау, химия, фармацевтика және медицина өнеркәсібі, жеңiл, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсiбi, құрылыс индустриясы және құрылыс материалдары өндiрiсi; инвестицияларды мемлекеттiк қолдау, салалық бағытталуына сәйкес машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi және химия өнiмiнiң қауiпсiздiгi; арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс iстеуi және оларды тарату, экспорттық бақылау; техникалық реттеу және өлшемдер бiрлiгiн қамтамасыз ету; электр энергетикасы; көмiрсутегi шикiзатын қоспағанда, минералдық ресурстар; мемлекеттiк геологиялық зерделеу, минералдық-шикiзат базасын ұдайы өндiру, жер қойнауын ұтымды және кешендi пайдалану, жер қойнауын пайдалануды қатты пайдалы қазбалар, жер асты сулары мен емдiк балшық бөлiгiнде мемлекеттiк басқару; көмiр өнеркәсiбi; жаңартылған энергия көздерiн пайдалануды қолдау, энергия үнемдеу, туристiк қызмет саласында басшылық етудi, сондай-ақ оның құзыретiне жатқызылған қызмет саласында салааралық үйлестiрудi (бұдан әрi – реттелетiн салалар) жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
      Министрлiктiң мынадай ведомстволары бар: Инвестиция комитетi, Туризм индустриясы комитетi, Өнеркәсiп комитетi, Техникалық реттеу және метрология комитетi, Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау комитетi, Геология және жер қойнауын пайдалану комитетi.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.04.02 N 349, 2011.12.29 N 1640 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.03.11 N 312, 2012.07.09 № 926 Қаулыларымен.
      2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарынаҚазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік  құқықтық актілерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. Министрліктің, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілетті болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
      6. Министрліктің штат санының лимитін Министрдің ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      7. Министрліктің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 47, «Транспорт Тауэр» ғимараты.
      8. Министрліктің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі» мемлекеттік мекемесі.
      9. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
      10. Министрліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      11. Министрлікке Министрліктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджет кірісіне жіберіледі.

2. Министрліктің негізгі міндеттері мен функциялары

      12. Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
      1) индустрия және елдi индустриялық-инновациялық, ғылыми-техникалық дамыту, тау-кен металлургиялық кешен, машина жасау, химия, фармацевтика және медицина, жеңiл, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсiбi, құрылыс индустриясы және құрылыс материалдары өндiрiсi, инвестицияларды мемлекеттiк қолдау, салалық бағыттылығына сәйкес машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi және химия өнiмiнiң қауiпсiздiгi, арнайы экономикалық аймақтарды құру және олардың жұмыс iстеуi, экспорттық бақылау, техникалық реттеу және өлшемдер бiрлiгiн қамтамасыз ету, электр энергетикасы, қатты пайдалы қазбалар, жер асты сулары және емдiк балшық бөлiгiнде жер қойнауын пайдалану, көмiр өнеркәсiбi, мемлекеттiк геологиялық зерделеу, минералдық-шикiзат базасын ұдайы өндiру, жер қойнауын ұтымды және кешендi пайдалану, жер қойнауын пайдалануды қатты пайдалы қазбалар, жер асты сулары мен емдiк балшық бөлiгiнде мемлекеттiк басқару, жаңартылған энергия көздерiн пайдалануды қолдау, энергия үнемдеу, туристiк қызмет саласында мемлекеттiк саясатты қалыптастыруға және iске асыруға қатысу;
      2) Министрліктің құзыретіне жатқызылған қызмет саласында мемлекеттік органдарды салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
      3) ғылыми-технологиялық әзірлемелерді енгізу (ғылым мен техника жетістіктерін пайдалану) және жоғары технологиялық өндірістерді қалыптастыру негізінде ел экономикасын дамыту үшін жағдайлар жасау;
      4) ұйымдық және экономикалық, оның ішінде мемлекеттік инновациялық саясатты іске асыру үшін инвестицияларды тартуды қамтамасыз ететін шарттарды құру жолымен инновациялық қызметті ынталандыру;
      5) экономиканы дамыту және қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып, жаңа өндірістерді құру, жұмыс істеп тұрған өндірістерді ұлғайту мен жаңартуға инвестицияларды ынталандыру үшін қолайлы инвестициялық ахуал жасау;
      6) инвестициялық жобаларды іске асыру және мониторингі жөніндегі шараларды қамтамасыз ету;
      7) экономиканы әртараптандыру және үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту үдерістерін үйлестіруді жүзеге асыру;
      8) реттелетін салаларда мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру;
      9) өз құзыреті шегінде Министрлікке жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру болып табылады.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.12.29 N 1640 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.03.11 N 312, 2012.07.09 № 926 Қаулыларымен.
      13. Министрлік қолданыстағы заңнамаға және оған жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) реттелетін салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және іске асыруды қамтамасыз етеді;
      2) реттелетін салаларда халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      3) өз құзыреті шегінде реттелетін салаларда нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, келіседі және бекітеді;
      4) реттелетін салаларда бағдарламалық құжаттарды әзірлейді және келіседі;
      5) реттелетін салаларда салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
      6) Қазақстан Республикасының Үкіметіне инновациялық қызметтің басым бағыттары бойынша ұсыныстар енгізеді;
      7) инновациялық гранттар берудің және зияткерлік меншік объектілерін енгізу жөнінде қабылданған шаралар туралы есептер ұсынудың қағидаларын әзірлейді;
      8) инновациялық грант туралы үлгілік шарттың нысанын бекітеді;
      9) инновациялық дамытудың шаралар кешенін әзірлейді;
      10) инновациялық даму институттарының тізбесін әзірлейді;
      11) технопарктердің жанынан құрылған сараптамалық кеңестердің жұмыс тәртібін айқындайды;
      12) инновациялық гранттарды бөледі;
      13) инновациялық гранттар есебінен жүзеге асырылатын инновациялық жобалардың іске асырылу мониторингін және олардың орындалу тиімділігін бағалауды жүргізеді;
      14) Қазақстан Республикасының инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы заңнамасының орындалуына, оның ішінде инновациялық дамыту шаралары кешенінің орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      15) өзге мемлекеттік органдардың құзыретіне жатқызылмаған жоғары технологиялы сервистік индустрияны дамыту саясатын әзірлейді;
      16) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен бірлесіп, экспорттық бақылау жүйесі өнімінің номенклатурасын (тізімін) әзірлейді;
      17) кепілдемелік міндеттемелер (түпкілікті пайдаланушының сертификаттары) береді;
      18) өнімдер транзитіне рұқсаттар береді;
      19) өтінім берушіге және мүдделі мемлекеттік органдарға тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, қызметтерді, ақпараттарды экспорттық бақылауға жататын өнімдерге жатқызу туралы қорытындылар береді;
      20) өнімдерді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс қайта өңдеуге рұқсаттар береді;
      21) экспорттаушылардың шығындарының бір бөлігін өтеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның оң ұсынымы негізінде отандық өңделген тауарларды сыртқы нарықтарға жылжытуды жүзеге асыратын заңды тұлғалар - Қазақстан Республикасы резиденттерінің шығындарын өтеу туралы шешім қабылдайды;
      22) экспорттаушылардың шығындарының бір бөлігін өтеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережені бекітеді;
      23) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарларды кеден аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжатты береді;
      24) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы қорытынды береді;
      25) Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарларды өнеркәсіптік қайта өңдеуге арналған тауарларға жатқызуды растау туралы қорытынды береді;
      26) кепілдемелік міндеттемелерге (түпкілікті пайдаланушының сертификаттарына) сүйене отырып, Қазақстан Республикасынан шығарылатын өнімнің кері экспортына рұқсаттар береді;
      27) сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға (өтінім берушілерге) «Экспорттық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында көрсетілген тізбелердің қолданысына түспейтін өнімдермен, зияткерлік қызмет нәтижелерімен сыртқы экономикалық мәмілелерді жүзеге асыруға белгіленген тәртіппен лицензия береді;
      28) белгіленген құзырет шегінде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс өнімдердің экспортын, кері экспортын, импортын, кері импортын, транзитін және қайта өңделуін бақылауды жүзеге асырады;
      29) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен бірлесіп, экспорттық бақылау жүйесінің экспорттық бақылауға жататын өнімдерін тиеу алдындағы кезеңде және түпкілікті пайдалануда қажет болғанда тексеруді жүзеге асырады;
      30) «Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін машиналар мен жабдықтарды айқындау мақсатында тұтыну нарығы мониторингін және оларды сатуға жол бермеу жөніндегі шараларды әзірлеуді жүзеге асырады;
      31) машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді және келіседі;
      32) техникалық регламенттi бекiтудi қоспағанда, машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейді, бекiтеді немесе келiседі;
      33) өз құзыреті шегінде «Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
      34) «Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін машиналар мен жабдықтардың өндірісін, өткізілуі мен нарықтағы айналымын тоқтата тұру туралы нұсқамалар береді;
      35) ойыншықтардың қауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттердi келіседі;
      36) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құзыреттер шегiнде ойыншықтардың техникалық регламенттердiң талаптарына сәйкестiгiне бақылауды жүзеге асырады;
      37) сәйкестiк белгiсiнiң кескiнiн, оған қойылатын техникалық талаптар мен таңбалау тәртiбiн әзiрлейді және бекiтеді;
      38) ойыншықтар өндiрiсiн, нарықта өткiзiлуiн және айналымын тоқтата тұру туралы нұсқамалар бередi;
      39) химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттердің жобаларын әзірлеу және химиялық өнімді техникалық реттеу саласында ұсыныстар дайындау үшін сараптамалық кеңестерді құрады;
      40) «Химиялық өнімдердің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін химиялық өнімді айқындау мақсатында тұтыну нарығы мониторингін жүргізеді және оларды сатуға жол бермеу жөніндегі шараларды әзірлейді;
      41) химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы техникалық құжаттаманы келіседі;
      42) Қазақстан Республикасының аумағында химиялық өнімдерді тіркейді және оның есебін жүргізеді;
      43) өз құзыретi шегiнде «Химиялық өнімдердің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және химиялық өнiмдердiң қауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуына мемлекеттiк бақылау және қадағалауды жүзеге асырады;
      44) химиялық өнімдердің өтініш берушінің (өндірушінің, жеткізушінің, импорттаушының) ұсынған ақпараттары негізінде адамның денсаулығы мен өміріне, қоршаған орта үшін қатерін бағалауды тексереді;
      44-1) жер учаскелері меншікке өтеусіз негізде ұсынылатын отандық өнеркәсіп кәсіпорындарының тізбесіне енгізу үшін отандық өнеркәсіп кәсіпорындарын іріктеу өлшемдерін әзірлейді;
      44-2) жер учаскелері меншікке өтеусіз негізде ұсынылатын отандық өнеркәсіп кәсіпорындарының тізбесін әзірлейді;
      45) «Химиялық өнімдердің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін химиялық өнімдердің өміршеңдігінің бір немесе бірнеше процестерін тоқтата тұру туралы нұсқамалар береді;
      46) офсеттік саясатты іске асыруға әдістемелік басшылық пен бақылауды жүзеге асырады;
      47) Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді ұйымдардың және мемлекеттік органдардың сатып алуы кезінде жергілікті қамтудың үлесін ұлғайту бойынша шараларды әзірлеуді жүзеге асырады және мемлекеттік саясатты іске асырады;
      48) жергілікті қамту мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді және әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
      49) бірлесіп бекітілген нысандар негізінде Қазақстан Республикасы Қаржы, Мұнай және газ министрліктері тұрақты негізде ұсынатын жергілікті қамту бойынша жалпы ақпаратты жинақтауды және талдауды қамтамасыз етеді;
      50) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу кезіндегі жергілікті қамтудың мониторингін және тиісті ұйымдар ұсынатын өткізілген, өткізілетін және келесі жылға жоспарланып отырған тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу туралы ақпаратты талдауды жүзеге асырады;
      51) ұлттық басқару холдингінің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, олардың еншілес және аффилиирленген компанияларының, мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың сатып алуындағы жергілікті қамтудың мониторингін жүзеге асырады;
      52) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында өндірілетін тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің, оларды өндірушілердің тізбесін қалыптастыру жөніндегі қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;
      53) тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің және оларды жеткізушілердің дерекқорын жасақтау және жүргізу тәртібін әзірлейді;
      54) ұлттық басқару холдингінің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, олардың еншілес және аффилиирленген компанияларының, мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың сатып алуындағы жергілікті қамтуды бақылауды жүзеге асырады және бұзушылықтар анықталған жағдайда шаралар қабылдайды;
      55) объектілер мен жабдықтардың қысқы жағдайда жұмыс істеуге дайындығын бағалау жөніндегі электр энергетикасы кәсіпорындары комиссияларының жұмысына қатысады;
      56) электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдығының, сондай-ақ тұтынушылардың энергетикалық жабдығының жай-күйін мерзімдік тексеруді жүзеге асырады;
      56-1) тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электр қондырғыларының электр желілеріне қосылуына рұқсат береді;   
      57) энергетика ұйымдарының басшылары мен мамандарын аттестаттауды жүзеге асырады;
      58) энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды және электр зертханаларын аккредиттеуді, энергия үнемдеу саясатының орындалуын бақылауды, заңды тұлғалардың энергетикалық тиімділігін тексеруді жүзеге асырады;
      59) электр энергетикасы саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері техникалық талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
      60) электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдығының, сондай-ақ тұтынушылардың электр мен жылу пайдаланатын қондырғыларын пайдалануды және олардың техникалық жай-күйін бақылауды жүзеге асырады;
      61) министрліктердің, ведомстволар мен ұйымдардың тиісті қызметтерін энергияны үнемдеу бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз ету бөлігінде бақылау мен үйлестіруді жүзеге асырады;
      62) отын-энергетикалық ресурстардың тиімді пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады;
      63) энергия үнемдеудің бағдарламасын, нормативтік-әдістемелік актілерін, құқықтық және экономикалық тетіктерін әзірлеуді ұйымдастырады;
      64) ұйымдар үшiн отын-энергетика ресурстарын өндiру номенклатурасы және оларды пайдалану тиiмдiлiгiнiң көрсеткiштерi бойынша есепті жүргiзедi;
      65) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес жаңартылған электр көздерін пайдалану объектілерін электр тарататын ұйымдардың электр немесе жылу желілеріне қосуға бақылауды жүзеге асырады;
      66) отын-энергетикалық ресурстардың шығыс нормативтерінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      67) Қазақстанның бірыңғай электр энергетикасы жүйесін бірнеше бөлікке бөлінуге, тұтынушыларды электр және жылу энергиясы бойынша жаппай шектеуге, ірі энергетикалық жабдықтың бұзылуына әкеп соқтырған электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жұмысындағы ірі технологиялық бұзылуларды тексерудің есебін жүргізеді;
      68) электр энергетикасы туралы заңнаманы бұзушылықтар айқындалған жағдайда, электр энергетикасы объектілерінің басшыларына белгіленген үлгідегі нұсқамалар береді;
      69) мыналарды:
      электр және жылу энергиясының сапасы бойынша техникалық шарттар талаптарының сақталуын;
      өз құзыреті шегінде электр және жылу энергиясын пайдалану ережесінің сақталуын;
      электр және жылу энергиясын өндіру, тарату, тұтыну режимдерінің ұтымды және үнемді пайдаланылуын, оңтайландырылуын;
      күзгі-қысқы жағдайларда электр станцияларының, электр және жылу желілерінің жұмысқа дайындығын мемлекеттік энергетикалық бақылауды жүзеге асырады;
      70) электр энергетикасы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындайды;
      71) бақылауға алынған энергиялық жабдықтарды тексеру, энергетикалық ұйымдарға кешенді тексеру және электр станцияларының, электр және жылу жүйелерінің энергетикалық жабдықтарының жұмысында техникалық жөнсіздіктерге тексеру жүргізу кезінде сарапшыларды тартады;
      72) тиісті мемлекеттік органдарға авариялардың, жазатайым оқиғаның болуына себепші және өзге де электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің техникалық талаптарын өрескел бұзған жауапты тұлғаларды тәртіптік жазаға тарту туралы ұйымдардың иелеріне ұсыныс енгізеді немесе Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасының бұзылуына кінәлі тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік немесе қылмыстық жауапқа тарту туралы материалдар жібереді;
      73) электр энергетикасын дамыту бағдарламаларын әзiрлейдi және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
      74) электр энергетикасы саласындағы техникалық регламенттердi әзiрлейдi;
      75) өз құзыретi шегiнде электр және жылу энергиясын өндiру, беру және тұтыну саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлейдi;
      76) энергия өндiрушi, энергия берушi, энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың технологиялық мұқтаждықтарына электр және жылу энергиясын жұмсау нормаларын регламенттейтін нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi;
      77) жабдықтарды жобалау, салу, олардың пайдаланылуы және техникалық-экономикалық сипаттамалары саласындағы нормативтiк техникалық құжаттарды әзiрлейдi;
      78) инвестициялық бағдарламаларды әзiрлеуге арналған техникалық тапсырманы әзiрлейдi;
      79) энергия өндiрушi ұйымдармен келiсiмдер және инвестициялық шарттар жасасады;
      80) келiсiмдерде көзделген инвестициялық мiндеттемелердi және инвестициялық шарттарда көзделген инвестициялық бағдарламаларды энергия өндiрушi ұйымдардың орындауына мониторинг жүргiзедi;
      81) энергия өндiрушi ұйымдар тобын қалыптастырады;
      82) жеке тариф есептік тарифтен жоғары болып бекітілетін жағдайда инвестициялық бағдарламаның құнын көтеруді келіседі;
      83) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін, тарифтік сметаларды бекіту кезінде ескерілетін инвестициялық бағдарламаларды және (немесе) инвестициялық жобаларды табиғи монополиялар саласындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен бірлесіп бекітеді;
      84) электр энергиясын орталықтандырылған сауда нарығының операторын және жүйелік операторын айқындайды;
      85) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесімен электр байланысы жоқ өңірлер үшін электр энергиясы көтерме сауда нарығының жұмыс істеу және ұйымдастырылу ерекшеліктерін айқындайды;
      86) қосарлас (шунттаушы) электр желілері мен қосалқы станцияларды жобалау мен салуды келіседі;
      87) меншік нысандарына қарамастан, электр энергетикасы объектілерін және (немесе) оның жекелеген бөліктерін сатып алу-сату, жалға немесе сенімгерлік басқаруға беруді келіседі;
      88) заттай мәндегі ұлттық отын-энергетикалық теңгерімді әзірлейді;
      89) энергия үнемдеу саласында ғылыми зерттеулерді ұйымдастырады;
      90) Энергия үнемдеу сараптамасы туралы ережені әзірлейді;
      91) энергия үнемдеу мен жаңартылған энергия ресурстарын пайдалануды ынталандырудың нормативтік-әдістемелік, құқықтық және экономикалық тетіктерін әзірлейді;
      92) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша объектілерді орналастыру жоспарын (бағдарламасын) бекітеді;
      93) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану мониторингін жүзеге асырады;
      94) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша объектілер салу жобаларын келіседі;
      95) тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын әзiрлейдi;
      96) тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын әзiрлейдi;
      97) электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидаларын әзiрлейдi;
      98) электр станцияларының және жылу желілерінің жылу-механикалық жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын әзiрлейдi;
      99) электр энергиясының теңгерімді нарығының жұмыс істеуі қағидаларын бекітеді;
      100) электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі, сондай-ақ осы нарықта қызметтерді ұсыну қағидаларын бекітеді;
      101) Қазақстанның біртұтас электр энергетикасы жүйесінде авариялық бұзушылықтарды болғызбау және оларды жою жөніндегі қағидаларды бекітеді;
      102) энергетикалық сараптама жүргізу қағидаларын бекітеді;
      103) электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын бекітеді;
      104) электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын әзiрлейдi;
      105) энергетикалық сараптама жүргiзуге ұйымдарды және электр зертханаларын аккредиттеу әдiстемесiн, тәртiбi мен мерзiмдерiн айқындайды;
      106) энергетика ұйымдарының басшылары мен мамандарын аттестаттаудан өткізу әдiстемесiн, тәртiбi мен мерзiмдерiн айқындайды;
      107) электр қондырғыларын орнату қағидаларын әзiрлейдi;
      108) электрмен жабдықтаудың авариялық және технологиялық броны актісін жасау жөніндегі нұсқаулықтарды әзiрлейдi;
      109) электр энергиясын пайдалану қағидаларын әзiрлейдi;
      110) жылу энергиясын пайдалану қағидаларын әзiрлейдi;
      111) жүйелік оператордың қызмет көрсету, жүйелік және қосалқы қызметтер көрсету нарығын ұйымдастыру және олардың жұмыс істеуі қағидаларын бекітеді;
      112) электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларын әзiрлейдi;
      113) электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету қағидаларын әзiрлейдi;
      114) электр желілік қағидаларын әзiрлейдi;
      115) энергетикалық кәсіпорындар үшін өрт қауіпсіздігі қағидаларын әзiрлейдi;
      116) шаң тәріздес отынды дайындау және жағу үшін отын берудің жарылыс қауіпсіздігі қағидаларын әзiрлейдi;
      117) аспаптармен және құрылғылармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын әзiрлейдi;
      118) біртұтас электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидаларын әзiрлейдi;
      119) техникалық жарақтандырудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидаларын әзiрлейдi;
      120) энергетикадағы жұмыс орындарын аттестаттау, ұтымды ету, есепке алу және жоспарлау туралы ережені әзiрлейдi;
      121) жылу энергиясын жіберуді және жылу жеткізгішін есепке алу қағидаларын әзiрлейдi;
      122) жылу электр станцияларының электр қуатын шектеуді және оларды қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу тәртібі туралы ережені әзiрлейдi;
      123) Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидаларын әзiрлейдi;
      124) электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру қағидаларын әзiрлейдi;
      125) электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беру мен бөлуді және оларды энергиямен жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексеру жүргізу қағидаларын әзiрлейдi;
      126) сарапшы ұйымдарды және дайындаушы зауыттарды тарта отырып, электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдықтарының, ғимараттары мен құрылыстарының, сондай-ақ тұтынушылардың энергетикалық жабдықтарының техникалық жай-күйіне мерзімді тексеру жүргізу қағидаларын әзiрлейдi;
      127) жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерін аккредиттеуді жүзеге асырады;
      128) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәсіпкерлік мәселелері бойынша сараптамалық кеңес құрады;
      129) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парағыныңтәуекел деңгейін бағалау өлшемдерінің, жартыжылдық тексеру жоспарларының нысандарын әзірлейді және бекітеді;
      130) белгіленген нысанда Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларымен Моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасады;
      131) Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларымен Моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу тәртібін, шарттары мен үлгі нысанын айқындайды;
      132) Қазақстан Республикасындағы тыңайтқыш өндірушілердің тізбесін облыстың (Астана қаласының) жергілікті атқарушы органының сұрауы бойынша береді;
      133) «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағынан басқа арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және оларды тарату саласындағы мемлекеттік органдардың және басқару компаниялардың қызметін үйлестіруді іске асырады;
      134) арнайы экономикалық аймақтардың қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
      135) өтінімнің және арнайы экономикалық аймақтың қатысушы ретінде тіркеу сауалнамасының нысандарын әзірлейді және бекітеді;
      136) арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті іске асыру жөніндегі үлгі шарттарды әзірлейді;
      137) «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағынан басқа арнайы экономикалық аймақтың қызметіне қатысу үшін арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларын тартады;
      138) арнайы экономикалық аймақтардың басқару органдары берілетін мәліметтердің негізінде арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бірыңғай тізілімін жүргізеді;
      139) құрылатын арнайы экономикалық аймақтың техникалық-экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптарды бекітеді;
      140) Қазақстан Республикасының Үкіметіне арнайы экономикалық аймақты құру және тарату туралы ұсынысты енгізеді;
      141) арнайы экономикалық аймақтың басқару органының есептілікті беру тәртібін және мерзімділігін айқындайды;
      142) арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттардың талаптарының орындалуына мониторингті, сондай-ақ мониторингтің деректеріне талдауды жүзеге асырады;
      143) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайынғы негізде арнайы экономикалық аймақтар қызметінің нәтижелері туралы талдамалық ақпаратты береді;
      144) тиісті мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп басқару компаниясын басқару үшін тұлғаларды конкурстық іріктеуді жүргізеді;
      145) инвестицияларды мемлекеттік қолдауды жүзеге асырады;
      146) белгіленген тәртіппен мемлекеттік заттай гранттарды беру туралы шешімдерді қабылдайды;
      147) инвестициялық преференциялар беру туралы шешім қабылдайды;
      148) инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасауға қойылатын талаптарды белгілейді;
      149) инвестициялық преференциялар беруге өтінімдер қабылдайды және тіркейді;
      150) инвестициялық преференцияларды ұсынуға арналған өтiнiмдердi қабылдау, тiркеу және қарау тәртiбiн айқындайды;
      151) инвестициялық преференциялар беруге келісімшарттар жасасады, тіркейді және оларды бұзады;
      152) инвестициялық преференцияларды беруге арналған келісімшарттар талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      153) техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесін қалыптастыруға қатысады;
      154) стандарттау, метрология, сертификаттау, аккредиттеу жөніндегі стандарттар мен нормативтік құжаттарды, стандарттар мен олар туралы ақпараттардың каталогтары мен нұсқауларын басып шығару және пайдаланушыларды олармен қамтамасыз ету тәртібін белгілейді;
      155) халықаралық, өңiрлiк және ұлттық стандарттарды, шет мемлекеттердiң техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiн және стандарттау, сәйкестiктi растау мен аккредиттеу жөнiндегi ұсынымдарын Қазақстан Республикасының аумағында есепке алу және қолдану тәртiбiн белгiлейдi;
      156) мемлекеттiк стандарттау жоспарларын әзiрлеу тәртiбiн белгiлейдi;
      157) сәйкестiк сертификатының, сәйкестiк туралы декларацияның, өтiнiш-декларацияның, тауардың шыққан елін анықтау жөнiндегі сертификаттың нысандарын белгiлейдi және оларды дайындауды ұйымдастырады;
      158) өтiнiш-декларацияларды тiркеу тәртiбiн белгiлейдi;
      159) мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің жұмысын жүзеге асыру жөніндегі нормативтік құжаттарды келіседі;
      160) техникалық реттеу саласындағы заңды тұлғаларды аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асырады;
      161) өлшем бірліктерін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттарды бекітеді;
      162) өлшем құралдарының үлгісін бекіту туралы шешім қабылдайды;
      163) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      164) аумақтық сауда-өнеркәсiп палаталарының қызметiн тауардың шыққан елі туралы сертификатты беру тәртiбiнiң сақталуына және уәкiлеттi органның (ұйымның) қызметiн iшкi айналымға арналған тауардың шыққан елі туралы сертификатты беру тәртiбiнiң сақталуына жыл сайынғы тексерудi жүргiзу, кеден одағы тауарының және (немесе) шетелдiк тауардың мәртебесiн айқындау арқылы бақылауды жүзеге асырады;
      165) тауардың шыққан елін растайтын құжаттардың тізбесін бекітеді;
      166) әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамада көзделген тәртіппен аккредиттеу аттестатын тоқтата тұру, алып қою мәселелерін реттейді;
      167) техника-экономикалық ақпараттарды мемлекеттік сыныптаушылардың тізілімін жүргізеді;
      168) Қазақстан Республикасында техникалық-экономикалық ақпаратты сыныптау мен кодтау жүйесін құру және оның жұмыс істеуін бақылау жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
      169) жобалар мен техникалық регламенттердің техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясатқа және «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға сәйкестігін талдауды және сараптама жүргізуді ұйымдастырады;
      170) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттермен және техникалық реттеу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайды;
      171) техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінің тізілімін жүргізуді ұйымдастырады;
      172) техникалық регламенттер мен стандарттардың мемлекеттік қорының жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді;
      173) Ақпараттық орталықтың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
      174) сәйкестікті растау, тауардың шыққан елін айқындау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау тәртібін айқындайды және ұйымдастырады, сондай-ақ оларды кәсіптік даярлауды және қайта даярлауды ұйымдастырады;
      175) техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады және үйлестіреді;
      176) техникалық регламенттермен үйлестірілген стандарттарды талдауды және әзірлеуді ұйымдастырады;
      177) мемлекеттік стандарттар мен техникалық-экономикалық ақпараттарды сыныптаушыларды әзірлеуді, келісуді, есепке алуды, бекітуді, сараптауды, өзгертуді, күшін жоюды және қолданысқа енгізуді ұйымдастырады;
      178) мемлекеттік, халықаралық, өңірлік стандарттарды, шет мемлекеттердің стандарттарын, стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі ережелер мен ұсынымдарды ресми басылымдарда басып шығаруды және таратуды ұйымдастырады, олар туралы ақпаратты жариялайды;
      179) стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармаларын растауды ұйымдастырады;
      180) сәйкестікті растау саласындағы шағымдарды (апелляцияларды) қарау үшін апелляциялық комиссия құрады;
      181) басқа ұйымдар шығарған сәйкестікті растау мәселелері бойынша, егер олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінің талаптарына жауап бермейтін болса, құжаттардың күшін жою туралы ұсыныстар дайындайды;
      182) өнімдерді таңбалауды бақылауды жүзеге асырады;
      183) зертханааралық салыстырмалы сынау (салыстыру) жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
      184) Қазақстан Республикасының метрологиялық қызмет жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады;
      185) шама бірлігінің мемлекеттік эталондарын бекітеді;
      186) Қазақстан Республикасының аумағында қолданылуға жол берілуі мүмкін бірліктердің халықаралық жүйесіне кірмейтін шамаларды айқындайды;
      187) метрология саласында ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады;
      188) Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарының сыныптамасын белгілейді;
      189) өлшем құралдарына, әдістері мен нәтижелеріне, өлшем құралдарын тексеру әдістемелеріне жалпы метрологиялық талаптарды айқындайды;
      190) өлшем құралдарын тексеру және калибрлеу нәтижелерін салыстыруды ұйымдастырады;
      191) өлшем бірліктерін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімін жүргізуді ұйымдастырады;
      192) мемлекеттiк метрологиялық бақылауды ұйымдастырады және өткізеді;
      193) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.07.09 № 926 Қаулысымен.
      194) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.07.09 № 926 Қаулысымен.
      195) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.07.09 № 926 Қаулысымен.
      196) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.07.09 № 926 Қаулысымен.
      197) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.07.09 № 926 Қаулысымен.
      198) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.07.09 № 926 Қаулысымен.
      199) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.07.09 № 926 Қаулысымен.
      200) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.07.09 № 926 Қаулысымен.
      201) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.07.09 № 926 Қаулысымен.
      202) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.07.09 № 926 Қаулысымен.
      203) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.07.09 № 926 Қаулысымен.
      204) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.07.09 № 926 Қаулысымен.
      205) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.07.09 № 926 Қаулысымен.
      206) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.07.09 № 926 Қаулысымен.
      207) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.07.09 № 926 Қаулысымен.
      208) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.07.09 № 926 Қаулысымен.
      209) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.07.09 № 926 Қаулысымен.
      210) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.07.09 № 926 Қаулысымен.
      211) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.07.09 № 926 Қаулысымен.
      212) мемлекеттік статистикалық есептілік нысандарын әзірлейді және мемлекеттік статистика саласындағы құзыретті органмен келісім бойынша отын-энергетикалық ресурстарды өндіру мен тұтынудың көлемі мен номенклатурасы және меншік нысанына қарамастан, кәсіпорындар мен ұйымдар үшін оларды пайдаланудың тиімділік көрсеткіштері туралы мемлекеттік статистикалық есептіліктің енгізілуін қамтамасыз етеді;
      213) пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөніндегі орталық комиссия туралы ережені және оның құрамын бекітеді;
      214) кең таралғандарын қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларды, жер асты суларын және емдік балшықты барлауды, өндіруді, бірлескен барлау мен өндіруді жүргізуге жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурсты дайындауды және ұйымдастыруды жүзеге асырады;
      215) кең таралғандарын қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларды, жер асты суларын және емдік балшықты барлауға, өндіруге және бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын береді;
      216) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге арналған келiсiмшартты қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушылармен қатты пайдалы қазбаларды, жер асты суларын және емдік балшықты барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттың талаптары туралы келiссөздер жүргiзеді;
      217) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған келісімшарттық құжаттар жобаларын қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларды, жер асты суларын және емдік балшықты барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттық құжаттардың жобаларына сараптама жүргізуді ұйымдастырады;
      218) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген қағидаларға сәйкес, салықтардың бюджетке толық төленуін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында минералдық шикізатты бастапқы өңдеуге (байытуға) жататын жұмыстар тізбесін айқындау бөлігінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың жобаларына сараптама жүргізуді ұйымдастырады;
      219) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге арналған келiсiмшарттарды қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларды, жер асты суларын және емдік балшықты барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттарды жасайды, мемлекеттiк тiркеуді және сақтауды жүзеге асырады;
      220) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктерге сәйкес, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге арналған келiсiмшарттарды қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларды, жер асты суларын және емдік балшықты барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттарда Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiреді және олардың сақталуын қамтамасыз етеді;
      221) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларды, жер қойнауын пайдаланушылардың жерасты сулары мен емдік балшықтар бөлігіндегі келісімшарттардың талаптарын орындауын бақылауды жүзеге асырады;
      222) Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына қатты пайдалы қазбалар бөлігінде иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты объектілерді сатып алу (сатып алудан бас тарту) туралы ұсыныс әзірлеуге қажетті материалдарды енгізеді;
      223) мемлекеттiң басым құқығын жүзеге асыру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның ұсынымдары негiзiнде қатты пайдалы қазбалар бөлігінде иелiктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiнi сатып алу (сатып алудан бас тарту) туралы шешiмдер қабылдайды;
      224) жер қойнауын пайдалану мәселелерi жөнiндегi сараптама комиссияның ұсыныстары негiзiнде жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлердi иелiктен шығаруға, жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы қатысу үлесiн (акциялар пакетiн) кепiлге беруге рұқсат беру (рұқсат беруден бас тарту), сондай-ақ кең таралған  пайдалы қазбаларға қатысты жер қойнауын пайдалану құқығын қоспағанда, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36 және 37-баптарына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын кепiлге беру жөнiндегi мәмiленi тiркейді;
      225) жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаның немесе жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаның қатысушысы (акционері) болып табылатын заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы жағдайында беру актісі не бөлу балансы негізінде қатты пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдік балшықтар бөлігіндегі жер қойнауын пайдалану құқығының (оның бір бөлігінің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің құқық мирасқорлығы тәртібімен ауысуына «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабында белгіленген тәртіппен рұқсатты береді;
      226) кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдік балшықтар бөлігіндегі жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді өткізу (сату) жөніндегі сауда-саттыққа қатысуға рұқсат береді;
      227) сауда-саттық өткізілмеді деп жарияланған жағдайда кепілге салынған мүлікті өз меншігіне айналдыруға (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдік балшықтар бөлігіндегі жер қойнауын пайдалану құқығының (оның бір бөлігінің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің иегері болуға) рұқсат береді;
      228) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге арналған келiсiмшарттарды қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларды, жер асты суларын және емдік балшықты барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттардың орындалуын және қолданысының тоқтатылуын қамтамасыз етеді;
      229) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге арналған келiсiмшарттарды қоспағанда, барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттар бойынша келiсiмшарт талаптарының орындалу барысы туралы жыл сайынғы есептi Қазақстан Республикасының Президентiне және Үкiметiне ұсынады;
      230) құрамында кең таралған пайдалы қазбалар және көмірсутек шикізаты бар жер қойнауы учаскелерін қоспағанда, конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы учаскелері тізбелерінің жобаларын әзірлейді;
      231) құрамында көмірсутек шикізаты бар жер қойнауы учаскелерін қоспағанда, ұлттық компанияның үлестік қатысуы конкурстың шарты болып табылатын жер қойнауы учаскелерінің тізбелерін қалыптастырады;
      232) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге арналған келiсiмшарттарды қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларды, жер асты суларын және емдік балшықты барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттардың қолданылуын жаңарту туралы шешiм қабылдайды;
      233) кең таралғандарын қоспағанда, қатты пайдалы қазбалар, жер асты сулары және емдік балшықтар бөлігінде келiсiмшартты орындау мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiн басқа мемлекеттердiң тиiстi органдарымен Қазақстан Республикасы Президентiнiң немесе Үкiметiнiң тапсырмасы бойынша келiссөздер жүргiзеді және келiсiмдер жасайды;
      234) жер қойнауын пайдалану мәселелерi жөнiндегi сараптамалық комиссия туралы ереженi бекiтеді;
      235) Қазақстан Республикасының аумағында өңделуiн конкурсқа қатысушы қамтамасыз етуге мiндеттенетiн минералдық шикiзаттың ең аз мөлшерiн айқындайды;
      236) модельдiк келiсiмшарттардың жобаларын әзiрлейді;
      237) кеңінен таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту және кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелерді коса алғанда, қатты пайдалы қазбалар, жерасты сулары және емдік балшықтар бөлігінде жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттардың талаптарын орындауының мониторингін және бақылауды жүзеге асырады;
      238) келiсiмшарттар талаптарын орындаудың сақталуына мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру тәртібін әзірлейді;
      239) жер қойнауын пайдаланушылар және (немесе) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға жер қойнауын пайдаланушылар уәкілеттік берген тұлғалар ұсынатын, жүргізілген, жүргізілетін және есепті кезеңнен кейінгі жылда жоспарланып отырған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы ақпаратты жинақтауды және талдауды жүзеге асырады;
      240) жер қойнауын пайдаланушылар және (немесе) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу үшiн тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды жүзеге асыруға жер қойнауын пайдаланушылар уәкiлеттiк берген тұлғалар ұсынатын, орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi кезеңдерге жоспарланып отырған тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу туралы ақпаратты жинақтауды және талдауды жүзеге асырады;
      241) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу тәртiбiн жер қойнауын пайдаланушылардың сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
      242) сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен ақпарат сұратуды жүзеге асырады;
      243) пайдалы қазбаларды барлау мен өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тiкелей келiссөздер жүргiзу жөнiндегi жұмыс тобы туралы ереженi және оның құрамын бекiтеді;
      244) кадрлардағы жергілікті қамтуды есептеу әдістемесін келіседі;
      245) жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс шарттарына қосу үшін кадрлардағы ең төменгі жергілікті қамтуды ұсыну тәртібін келіседі;
      246) қазақстандық мамандарды оқыту бойынша қажеттіліктің ең аз деңгейін есептеу әдістемесін келіседі;
      247) жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс талаптарына қосу үшін кадрлардағы пайызбен санағанда ең аз қазақстандық қамтуды ұсынудың тәртібін келіседі;
      248) бағалау жұмыстары сатысына көшуге рұқсат береді;
      249) кең таралған пайдалы қазбалар және көмірсутегі шикізаты бойынша келісімшарттарды қоспағанда, ұлттық компания мен құзыретті орган арасындағы тікелей келіссөздердің қорытындылары бойынша жасалған келісімшарттар бойынша немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жобаларды бірлесіп іске асыру үшін ұлттық компания айқындаған стратегиялық әріптесті келіседі;
      250) барлауға арналған келісімшарт негізінде коммерциялық табумен байланысты өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын алуға айрықша құқығы бар тұлғамен бірлесіп өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін берілетін жер қойнауы учаскелерін қоспағанда, тікелей келіссөздер негізінде кең таралғандардан және көмірсутек шикізаттан басқа пайдалы қазбаларды барлау, өндіру, бірлескен барлау мен өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін берілетін жер қойнауы учаскелерін айқындайды;
      251) кең таралған пайдалы қазбалар және көмірсутегі шикізаты бойынша келісімшарттарды қоспағанда, конкурстың жеңімпазы не онымен келісімшарт тікелей келіссөздер негізінде жасалатын тұлға әзірлеген, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың жобасын келіседі;
      252) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда барлауды, өндіруді жүргізу үшін немесе барлауға немесе өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін берілген сервитуттарды тіркеуді жүзеге асырады;
      253) кең таралғандарды қоспағанда, қатты пайдалы қазбалар, жер асты сулары және емдік балшықтар бөлігінде тарату қорының қаражатын пайдалануға рұқсат береді;
      254) өндіруші салалардың, оның ішінде қатты пайдалы қазбалар, жер асты сулары және емдік балшық бөлігіндегі қызметінің ашықтығы бастамасын іске асыруды жүзеге асырады;
      255) кең таралған пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөнiндегi өңiраралық комиссиялар туралы ереженi бекiтеді;
      256) мұнай операцияларын жүргiзу саласын қоспағанда, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану саласындағы техникалық регламенттердi әзiрлейді және нормативтiк-техникалық құжаттарды бекiтеді;
      257) Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөнiндегi мемлекеттiк комиссия және пайдалы қазбалар қорлары жөнiндегi өңiраралық комиссиялар туралы ереженi әзiрлейді;
      258) Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар кен орындарын алғашқы ашушылар туралы ереженi әзiрлейді;
      259) пайдалы қазбаларды барлау мен өндiру кезiнде жер қойнауын ұтымды және кешендi пайдалану жөнiндегi бiрыңғай қағидаларды әзiрлейді;
      260) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу тәртiбiн әзiрлейді;
      261) жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көму мен сарқынды суларды ағызу тәртiбiн әзiрлейді;
      262) мемлекет меншiгiнде болатын геологиялық ақпаратты оқу, ғылыми, коммерциялық мақсаттарда пайдалану және геологиялық ақпаратты Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерге әкету қағидаларын әзiрлейді;
      263) жер қойнауына мемлекеттiк мониторингтi жүзеге асыру тәртiбiн әзiрлейді;
      264) тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнын айқындау тәртiбiн әзiрлейді;
      265) жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеуге арналған келiсiмшартты (шартты) жасасу тәртiбiн әзiрлейді;
      266) жер қойнауын пайдалану объектiлерiн жою және консервациялау қағидаларын әзiрлейді;
      267) жер қойнауының жай-күйi туралы геологиялық есептiлiктi ұсыну нысанын әзiрлейді;
      268) техногендiк минералдық түзiлiмдердiң мемлекеттiк кадастрын жүргiзу тәртiбiн әзiрлейді;
      269) «Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды өндiрушiлердiң тiзiлiмі» деген мемлекеттiк ақпараттық жүйе арқылы жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу қағидаларын әзiрлейді;
      270) тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу кезінде ұйымдардың жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесін әзірлейді;
      271) электрондық сатып алу жүйелерi жұмыстарының жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды өндiрушiлердiң тiзiлiмi жұмысымен қадамдастыру тәртiбiн әзiрлейді;
      272) тәулiгiне екi мың және одан да астам текше метр көлемдегi өндiрiстiк-техникалық жерасты суларын пайдалы қазбаны өндiрудiң технологиялық схемасына сәйкес қабаттарға айдау үшiн оларды барлау мен өндiруге не тау-кен қазбаларын пайдалану кезiнде су деңгейiн төмендету мақсатында жерасты суларын өндiруге арналған рұқсатты беру тәртiбiн әзiрлейді;
      273) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аумағында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізбесін қалыптастыру жөніндегі қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;
      274) мұнай мен газ саласындағы уәкiлеттi органмен келiсім бойынша Қазақстан Республикасында дамытылатын басым жоғары технологиялық өндiрiстер тiзбесiн бекiтеді;
      275) жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс шарттарына қосылатын жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарлардағы, жұмыстар мен қызметтердегі ең төменгі жергілікті қамтуды есептеу тәртібін әзірлейді;
      276) мұнай және газ саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жылдық, орта мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламаларын, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы және кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелерін орындау туралы есептерін жасау және ұсыну нысандары мен тәртібін әзірлейді;
      277) мұнай және газ саласындағы уәкiлеттi органмен бiрлесiп Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келiсiмшартты орындау кезiнде тартылған қызметкерлердi оқытуға, олардың бiлiктiлiгiн арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыреттi органмен келiсiлген мамандықтар тiзбесi бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталатын шығыстар мөлшерi жөнiндегi мiндеттемелердi орындау бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың есептерiн жасаудың және ұсынудың нысандары мен тәртiбiн әзiрлейді;
      278) мұнай және газ саласындағы уәкiлеттi органмен бiрлесiп келiсiмшарт бойынша жұмыстарды орындау үшiн қажеттi Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстарды айқындау тәртiбiн әзiрлейді;
      279) жер қойнауын пайдалану және оларды өндірушілер бойынша операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің тізілімін қалыптастырады және жүргізеді, сондай-ақ осы тізілімге енгізу үшін оларды бағалау өлшемдерін әзірлейді;
      280) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 6-тармағында көзделген жағдайларда тәулігіне екі мың және одан да көп текше метр көлемінде жер асты өндірістік-техникалық суларын барлау және өндіру рұқсатын береді және кері қайтарады;
      281) жер қойнауын пайдалану құқығын береді және жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге келісімшарттар (шарттар) жасасады;
      282) барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарды салуға және (немесе) оларды пайдалануға келісімшарттарды жасасады;
      283) жер қойнауының мемлекеттік сараптамасын ұйымдастырады және жүргізеді, пайдалы қазбалар қорларын бекітеді;
      284) жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеу саласындағы жұмыстарды жүргiзуге арналған жобалық-сметалық құжаттаманың экономикалық сараптамасын ұйымдастырады және жүргiзедi;
      285) пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік теңгерімін, кен орындарының және пайдалы қазбалардың білінулері, қауіпті геологиялық үдерістердің мемлекеттік кадастрларын жасауды ұйымдастырады және жүргізеді;
      286) тарихи шығындардың мөлшерін, жер қойнауы туралы геологиялық ақпараттың құнын және алу шартын айқындайды;
      287) жер қойнауы геологиялық ақпаратының республикалық және аумақтың қорларын ұйымдастырады және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
      288) жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасы мен жер қойнауын пайдаланудың белгіленген тәртібін кең таралған пайдалы қазбаларға қатысты бөлігінде сақтауына бақылауды жүзеге асырады;
      289) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы нормативтiк-техникалық құжаттар әзiрлеудi жүзеге асырады;
      290) конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерi тiзбелерiнiң жобаларын қалыптастыру бойынша құзыреттi органға ұсыныстар енгiзедi;
      291) жер қойнауын, минералдық шикізатты бастапқы өңдеуді (байытуды) қоса алғанда, ұтымды және кешенді пайдалануды бақылауды жүзеге асырады;
      292) геологиялық және тау-кен бөлінісін береді;
      293) техногендік минералдық тізілімдердің мемлекеттік кадастрын ұйымдастырады және жүргізеді;
      294) келiсiмшарттардың жобалары мен жұмыс бағдарламаларын келiседi;
      295) суды пайдаланушылар мен гидрометеорологиялық қызмет ұсынатын жерасты суларын пайдалануды есепке алу деректерінің негізінде жерасты суларын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асырады;
      296) жерасты сулары бөлігінде мемлекеттік су кадастрын жүргізеді;
      297) жер бетіндегі су объектілері жоқ, бірақ ауыз су сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қорлары бар аумақтарда ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен қамтамасыз етуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыз су сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсаттарды келіседі;
      298) жерасты су объектілерінің сарқылуын болғызбауға бағытталған су қорғау іс-шараларына рұқсаттарды келіседі;
      299) бассейндік схемалардың және су объектілеріне шекті жол берілетін зиянды әсер ету нормативтерінің негізінде жерасты су объектілеріне арналған су пайдалану лимиттерін келіседі;
      300) су объектілерінде, су қорғау аймақтарында және жолақтарында кәсіпорындар мен басқа да ғимараттарды орналастыру, жобалау, салу, қайта жаңарту және пайдалануға беру шарттарын келіседі;
      301) бұрғылау және басқа да тау-кен жұмыстарын өткізуге жобалық құжаттаманы, жер асты су объектілері арқылы коммуникация құрылыстарының жобаларын келіседі;
      302) жерасты су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды салуға, қайта жаңартуға, пайдалануға, консервациялауға, жоюға, сондай-ақ орталықтандырылмаған ауыз сумен қамтамасыз ету кезiнде жерасты су объектiлерiнен тiкелей жерасты суын алуға қорытындылар бередi;
      303) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда iлеспе және (немесе) табиғи газды алау түрiнде жағуға рұқсаттарды келiседi;
      304) пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөнiндегi орталық комиссияның ұсынымдары негiзiнде жобалау құжаттарын бекiтедi;
      305) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органына құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, конкурсқа шығарылуға жататын жер қойнауы учаскелерi тiзбелерiнiң жобаларын қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
      306) барлаумен немесе өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тiкелей келiссөздер жүргiзу жөнiндегi жұмыс тобы туралы ереженi және оның құрамын бекiтедi;
      307) жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеу және оған мониторинг жүргiзу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзумен байланысты объектiлердiң жобалық-сметалық құжаттамасына экономикалық сараптама жүргiзу, мұнай-газ және гидрогеологиялық ұңғымаларды консервациялау, жою тәртiбiн бекiтедi;
      308) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеу және оған мониторинг жүргiзу саласындағы жұмыстарды жүргiзуге арналған уақыт және бағалау нормаларын бекiтедi;
      309) кен орындары қорларын сынамалы пайдалануды жүргiзу талаптары мен мерзiмдерiн айқындайды;
      310) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын мемлекеттік мен геологиялық зерттеуге арналған келісімшарттардың, сондай-ақ барлауға немесе өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттар (шарттар) талаптарының орындалуы жөніндегі бақылау мен оның мониторингі мен бақылауды жүзеге асырады;
      311) жер қойнауының мемлекеттік мониторингін жүзеге асырады;
      312) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіпке сәйкес жер қойнауы туралы геологиялық және өзге де ақпаратты сақтау, жүйелеу және қорытуды жүзеге асырады;
      313) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен бірлесе отырып, жер қойнауын қорғау саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтірілген нұқсанның мөлшерін айқындайды;
      314) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіпке сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша келісімшарт аумағындағы немесе одан тысқары жерлердегі барлаумен немесе өндірумен байланысты емес және радиоактивті қалдықтарды, зиянды заттарды көмуге және сарқынды суларға арналған жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беруге жазбаша рұқсат береді;
      315) келісімшарт негізінде жер қойнауын пайдаланушыға берілген жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге жер қойнауын пайдалану құқығын беруді алдын ала келіседі;
      316) конкурс туралы хабарлама берілгенге дейін геологиялық ақпарат топтамаларын дайындайды және оның құнын айқындайды;
      317) барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарт жасасу жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға арналған өтінімге қорытынды береді;
      318) пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөнiндегi орталық комиссиямен келісім бойынша пайдалы қазбалардың бекітілген қорларының көлеміне қарай өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау құжаттарының қолданылу мерзімін ұзартады;
      319) жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалану саласындағы өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау құжаттарына сараптама жүргізеді;
      320) кен орындары қорларын жіктеу тәртібін айқындайды;
      321) жерасты суларын тәулігіне екі мың текше метрден астам көлемде өндіру кезінде, сондай-ақ пайдалы қазбаны өндірудің технологиялық схемасына сәйкес оларды қабаттарға айдау үшін жерасты суларының кен орындарын игеру жобасын пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөнiндегi орталық комиссияның ұсыныстары негізінде бекітеді;
      322) бір келісімшарттық аумақ шегінде жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу тәртібін келіседі;
      323) ілеспе газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасын келіседі;
      324) кен орнында бірыңғай объект ретінде бірлескен барлау немесе өндіру туралы шартты жасасу кезінде бүкіл кен орны үшін бірыңғай жұмыс бағдарламасын келіседі;
      325) жобалау ұйымы әзірлеген жер қойнауын пайдалану объектілерінің жою немесе консервациялау жобаларын келіседі;
      326) құзыретті органның тарату қорын пайдалану жөніндегі рұқсатын келіседі;
      327) алдағы салынатын құрылыс учаскелері астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқтығы туралы немесе оның маңыздылығының аздығы туралы қорытынды береді;
      328) пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыстар салуға, сондай-ақ олар жатқан орындарда жерасты құрылыстарын салуға рұқсат береді;
      329) жер қойнауын зерделеу мен пайдалануды мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      330) мемлекеттік органдарға пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік теңгерімі бойынша ақпарат береді;
      331) жер қойнауын пайдаланушылармен бірлесіп, жер қойнауын ұтымды пайдалану саласындағы талаптардың бұзылуы салдарынан келтірілген зиянның мөлшерін анықтайды;
      332) кеден одағының аумағы шегінде геологиялық ақпаратты әкетуге рұқсат беруді жүзеге асырады;
      333) кеден одағының аумағынан тысқары жерлерге геологиялық ақпаратты әкетуге арналған кеден одағының уәкілетті мемлекеттік органы берген лицензияны келіседі;
      334) құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын және олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда, бағалы металдармен операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің арнайы есебін жүргізеді;
      335) қайта өңдеу үшін Кеден одағына әкелу және оларды Кеден одағынан әкету кезінде құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын және олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда, бағалы металдарды қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормаларын растауды жүзеге асырады;
      336) Қазақстан Республикасының аумағында құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеудің экономикалық орынсыздығы немесе мүмкін еместігі туралы қорытындыны береді;
      337) Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына экспорты лицензияның негізінде (лицензиясыз) жүзеге асырылатын бағалы металдарды (олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда), бағалы металл қалдықтарын және сынықтарын әкелу кезінде Мемлекеттік бақылау актісін береді;
      338) Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағынан экспорты лицензияның негізінде (лицензиясыз) жүзеге асырылатын бағалы металдарды (олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда), бағалы металл қалдықтарын және сынықтарын әкету кезінде Мемлекеттік бақылау және құнын бағалау актісін береді;
      339) Қазақстан Республикасында шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың экономикалық орындылығы (орынсыздығы) және мүмкіндігі (мүмкін еместегі) туралы қорытындыларды береді;
      339-1) Қазақстан Республикасында туристік саланы дамыту бағдарламасын әзірлейді;
      339-2) туристік салаға инвестициялар тарту жөніндегі бірыңғай саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
      339-3) туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты, туризм мен туристік индустрияны дамытудың стратегиясын, мемлекеттік, салалық (секторлық) бағдарламаларын іске асырады;
      339-4) туристік қызмет саласындағы заңнаманы қолдану практикасын қорытып жинақтайды және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      339-5) туристік қызмет саласындағы салааралық және өңіраралық үйлестіруді, оның ішінде облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдіктерінің туризмді дамыту бағдарламалары мен жоспарларын үйлестіруді, туристік қызмет саласындағы меншік нысандарына қарамастан, отандық, шетелдік және халықаралық туристік, қоғамдық және басқа да ұйымдар мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады;
      339-6) соттарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап-арыздар береді;
      339-7) Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      339-8) өз құзыреті шегінде туристік қызмет саласындағы халықаралық шарттарды әзірлейді, жасасады және орындайды, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда және халықаралық іс-шараларда мемлекеттің туризм саласындағы мүдделерін білдіреді және олардың жұмысына қатысады;
      339-9) туристерді орналастыру орындарын жіктеу ережелерін бекітеді;
      339-10) туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру ережелерін бекітеді;
      339-11) туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізілімін және туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу ережелерін бекітеді;
      339-12) туристік қызмет саласындағы стандарттау аясындағы қызметті реттейді;
      339-13) Қазақстан мен оның туристік мүмкіндіктері туралы ақпаратты халықаралық туристік нарықта және мемлекет ішінде, оның ішінде туристік қызмет саласындағы республикалық және халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер өткізу жолымен таратады;
      339-14) туризм мен туристік индустрияны дамытудың стратегиялық бағыттарын кешендік талдауды, болжауды жүзеге асырады және туристік саланы дамытудың жай-күйіне мониторинг жүргізеді;
      339-15) туристік нарықты зерттеуге, туристік қызмет саласындағы баспа, жарнамалық және картографиялық өнімге мемлекеттік тапсырысты орналастырады;
      339-16) туристік саланы дамытуға үлес қосқан тұлғаларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттауға және құрметті атақтарын беруге ұсынады;
      339-17) Туризм жөніндегі кеңестің дербес құрамын және ол туралы  ереженіәзірлейді және бекітуге ұсынады;
      339-18) туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды және туристердi уақытша болатын елдегi (жердегi) ықтимал қауiптер туралы хабардар етедi;
      339-19) мүдделi министрлiктермен және басқа да атқарушы органдармен бiрлесiп, туристердi қорғау және олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бағдарламасын әзiрлеп, оның орындалуын ұйымдастырады;
      339-20) «Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу жөніндегі мiндетін туроператордың және турагенттің орындауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      340) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызмет түрлерін лицензиялауды жүзеге асырады;
      341) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакеттерін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асырады;
      342) өз қызметі саласында республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органының функциясын жүзеге асырады;
      343) өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпияларды қорғау, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
      344) Министрлік қызметінің бағыттары бойынша оның жұмысының сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асырады;
      345) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.29 N 1640 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.12.20 N 1549 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.03.11 N 312, 2012.04.11 N 441 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.04.13 N 459 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.09 № 926 Қаулыларымен.

3. Министрліктің қызметін ұйымдастыру

      14. Министрлікті Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.
      Министрдің орынбасарлары (вице-министрлер) болады, оларды Министрдің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайды және босатады.
      15. Министр басшылықты жүзеге асырады және Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
      16. Министр:
      1) реттелетін саладағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді;
      2) өз орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды;
      3) вице-министрлердің біріне Қазақстан Республикасы Үкіметінің
басшылығына және Премьер-Министрі Кеңесінің Басшысына жіберілген
құжаттарға қол қою бойынша өкілеттіктерді жүктейді;
      4) ведомстволардың өзге де мемлекеттік органдармен өзара әрекет ету құзыреттілігін және тәртібін айқындайды;
      5) өз қызметінде оның бақылауында болатын ведомстволар басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      6) жауапты хатшының келісімі бойынша ведомстволар басшыларының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      7) ведомстволар актілерінің қолданылуын толық немесе ішінара тоқтатады немесе тоқтата тұрады;
      8) Министрдің бұйрықтарына қол қояды;
      9) Министрлікті Қазақстан Республикасының Парламентінде,
мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда білдіреді;
      10) Министрліктің жұмыс регламентін бекітеді;
      11) Министрлікке келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі және қол қояды;
      12) Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады;
      13) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      17. Министрлік қабылдайтын шешімдер Министрдің немесе оны
алмастыратын адамның бұйрығымен ресімделеді.
      18. Министрлік аппаратын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жауапты хатшы басқарады.
      19. Үкімет, Министр отставкаға шыққан жағдайда жауапты хатшының өкілеттігі тоқтатылмайды.
      20. Жауапты хатшы өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Президентіне, Премьер-Министрге, Министрге есеп береді.
      21. Жауапты хатшы:
      1) Министр қалыптастыратын саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді және оның актілері мен тапсырмаларын орындайды;
      2) Министрлік аппаратына басшылықты жүзеге асырады: оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
      3) Министрлік қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
      4) Министрдің келісімінен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Министрліктің штат санының лимиті шегінде Министрліктің, ведомстволардың құрылымын және штат санын бекітеді;
      5) Министрдің келісімінен кейін Министрліктің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
      6) Министрліктің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, атқарушылық және еңбек тәртібінің сақталуын, кадр қызметінің жұмысын және құжат айналымын ұйымдастыруды бақылайды;
      7) Министрліктің қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады;
      8) Министрдің келісімінен кейін Министрлік департаменттері мен басқармалары басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      9) комитеттердің басшыларын тағайындау үшін ұсынылатын комитеттер басшыларының орынбасарларын Министрдің тағайындауын келіседі;
      10) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрлік қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      11) Министрмен келісім бойынша Министрлік қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;
      12) Министрмен келісім бойынша еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрлік қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
      13) Министрліктің Республика Президенті, Республика Үкіметі және Министр бекіткен стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
      14) органның жыл сайынғы жұмыс жоспарын және оның қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті әзірлеуді қамтамасыз етеді және Министрге бекітуге ұсынады;
      15) Министрліктің бюджеттік өтінімін дайындауды, бюджеттік өтінімді оны Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізетін Министрге ұсынуды, сондай-ақ бюджет процесінің өзге де рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді;
      16) Министрдің келісімінен кейін мемлекеттік органды қаржыландыру жоспарларын және қаржылық есептілігін әзірлеуді қамтамасыз етеді және бекітеді;
      17) мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттері мен стандарттарын әзірлеуді ұйымдастырады;
      18) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
      19) Министрлікке келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындылар дайындауды ұйымдастырады;
      20) өз өкілеттігі шегінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қарым-қатынастарда Министрлік атынан өкілдік етеді;
      20-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықаралық шарттардың мәтіндерін дәйектейді, оларға қол қояды және қабылдайды;
      21) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жауапты хатшыға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Ескерту. 21-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.04.02 N 349 Қаулысымен.
      22. Жауапты хатшының мыналарға:
      1) Министрлік аппаратының қызметкерлеріне орындауға міндетті тапсырмалар беруге;
      2) өзге де мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан жауапты хатшының құзыретіне жататын мәселелерді шешу үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұрауға және алуға;
      3) жеке қолданылатын құқықтық актілерді қабылдауға құқығы бар.
      23. Жауапты хатшы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне жүктелген міндеттердің орындалуы үшін жауапты болады.
      24. Министрліктің Министрдің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын алқасы болады. Алқаның саны мен дербес құрамын Министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының ішінен Министр бекітеді.
      25. Министрлік қызметін ұйымдастырудың өзге мәселелері, лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттері, олардың қызметін қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелердің құзыреті мен өкілеттігі Министрлік жұмысының регламентімен және Министрмен келіскеннен кейін жауапты хатшы бекітетін құрылымдық бөлімшелер туралы ережелермен белгіленеді.

4. Министрліктің мүлкі

      26. Министрлік жедел басқару құқығында оқшауланған мүлікке ие болады. Министрлік мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен қалыптасады және айналым құралының негізгі қорынан, сондай-ақ құны Министрліктің теңгерімінде көрсетілетін өзге мүлік есебінен қалыптасады.
      27. Министрлікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
      28. Егер заңда өзгеше белгіленбесе, Министрліктің оған бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату

      29. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2004 жылғы 26 қарашадағы 
N 1237 қаулысымен    
бекiтiлген        

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.05.14 N 416, өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.03 № 508, 2010.11.24 N 1240, 2011.03.04 N 228, 2011.05.30 N 602, 2011.09.20 N 1076, 2012.07.09 № 926 Қаулыларымен.

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың
тізбесі

Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар

      1. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.07.09 № 926 Қаулысымен.
      2. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.05.30 N 602 Қаулысымен.
      3. «Қазақстанэнерго» ұлттық электр энергетикалық жүйесі» РМК.
      4. «Қарағандышахтатарату» РМК.

Акционерлік қоғамдар

      1. «NADLoC» жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ
      2. «Ұлттық инновациялық қор» АҚ.
      3. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.11.24 N 1240 Қаулысымен.
      4. «Ядролық технологиялар паркі» АҚ.
      5. «Достық Энерго» АҚ.
      6. «Шағын кәсіпкерлік жөніндегі республикалық ақпараттық-көрме
орталығы» ЖАҚ.
      7. «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ

Мемлекеттік мекемелер

      1. «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының дирекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы.

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2004 жылғы 26 қарашадағы 
N 1237 қаулысымен    
бекiтiлген        

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
министрлігінiң Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық
дамыту комитетi туралы
ЕРЕЖЕ

       Ескерту. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.05.  N 1180 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2004 жылғы 26 қарашадағы 
N 1237 қаулысымен    
бекiтiлген        

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң
Сауда қызметiн реттеу комитетi туралы
ЕРЕЖЕ

      Ескерту. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.05.  N 1180 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2004 жылғы 26 қарашадағы 
N 1237 қаулысымен    
бекiтiлген       

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң
Бәсекелестiктi қорғау комитетi туралы
ереже

      Ескерту. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.05.  N 1180 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2004 жылғы 26 қарашадағы 
N 1237 қаулысымен    
бекiтiлген        

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi
комитетi туралы
ЕРЕЖЕ

      Ескерту. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.05.  N 1180 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2004 жылғы 26 қарашадағы 
N 1237 қаулысымен    
бекiтiлген        

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң
Техникалық реттеу және метрология комитетi туралы
ЕРЕЖЕ

      Ескерту. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.05.  N 1180 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2004 жылғы 26 қарашадағы 
N 1237 қаулысымен    
бекiтiлген        

Қазақстан Республикасы Индустрия және
сауда министрлiгiнiң Инвестиция комитетi туралы
ЕРЕЖЕ

      Ескерту. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.05.  N 1180 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2004 жылғы 26 қарашадағы 
N 1237 қаулысымен    
бекiтiлген        

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi
Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту комитетiнiң
құрылымы

      Ескерту. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.05.  N 1180 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi
Бәсекелестiктi қорғау комитетiнiң
құрылымы

      Ескерту. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.05.  N 1180 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi
Сауда қызметін реттеу комитетiнiң
құрылымы

     Ескерту. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.05.  N 1180 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi
комитетiнiң құрылымы

      Ескерту. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.05.  N 1180 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi
Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң
құрылымы

      Ескерту. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.05.  N 1180 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi
Инвестиция комитетiнiң
құрылымы

      Ескерту. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.05.  N 1180 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2004 жылғы 26 қарашадағы 
N 1237 қаулысымен    
бекiтiлген        

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.05.14 N 416 Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің аумақтық органдары — мемлекеттік мекемелерінің
тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті.
      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті.
      4. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті.
      5. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті.
      6. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті.
      7. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті.
      8. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті.
      9. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті.
      10. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті.
      11. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті.
      12. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті.
      13. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті.
      14. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті.
      15. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті.
      16. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2004 жылғы 26 қарашадағы
№ 1237 қаулысымен  
бекітілген      

      Ескерту. Қаулы тізбемен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2010.05.14 N 416 Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің өңіраралық департаменттері - мемлекеттік мекемелерінің
тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің Өскемен қаласындағы «Шығысқазжерқойнауы» Шығыс Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті;
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің Ақтебе қаласындағы «Батысқазжерқойнауы» Батыс Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті;
      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің Көкшетау қаласындағы «Солтүстікқазжерқойнауы» Солтүстік Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті;
      4. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің Қарағанды қаласындағы «Орталыққазжерқойнауы» Орталық Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті;
      5. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің Алматы қаласындағы «Оңтүстікқазжерқойнауы» Оңтүстік Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2004 жылғы 26 қарашадағы
№ 1237 қаулысымен    
бекітілген       

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті аумақтық департаменттері - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

      Ескерту. Қаулы тізбемен толықтырылды - ҚР Үкіметінің  2011.04.02 N 349 Қаулысымен.

      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департаменті.
      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша аумақтық департаменті.
      4. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша аумақтық департаменті.
      5. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті.
      6. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті.
      7. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті.
      8. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті.
      9. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаменті.
      10. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті.
      11. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаменті.
      12. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті.
      13. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті.
      14. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті.
      15. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық департаменті.
      16. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті.

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң       
2004 жылғы 26 қарашадағы 
N 1237 қаулысымен    
бекiтiлген       

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi
комитетi аумақтық бөлiмшелерiнiң
тiзбесi

      Ескерту. Тізбе алып тасталды (6-т. 9) т. қараңыз) - ҚР Үкіметінің 2006.08.02 N 730 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң     
2006 жылғы 6 маусымдағы
N 509 қаулысына   
қосымша         

      Ескерту. Қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2006.06.06. N 509 қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Бәсекелестiктi қорғау комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерiнiң тiзбесi

      Ескерту. Тізбе алып тасталды (6-т. 9-1) т. қараңыз) - ҚР Үкіметінің 2008.02.15 N 141 Қаулысымен.

 Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2004 жылғы 26 қарашадағы
№ 1237 қаулысымен
бекітілген   

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлігі Инвестиция комитетінің қарамағындағы
ұйымдардың тізбесі

      Ескерту. Қаулы тізбемен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2010.11.24 № 1240 Қаулысымен, өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.03.01 N 207, 2011.05.24 N 566, 2011.07.15 N 808 Қаулыларымен.

      1. «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы
      2. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.07.15 N 808 Қаулысымен.
      3. «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамы

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2004 жылғы 26 қарашадағы 
N 1237 қаулысымен    
бекiтiлген       

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.12.05 N 1180 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз), 2008.05.07 N 429, 2010.05.14 N 416, 2010.09.03 N 882, 2010.11.24 № 1240, 2011.03.04 N 228, 2011.03.11 N 246, 2011.05.24 N 566, 2011.09.20 N 1076, 2012.06.31 N 706, 2012.10.15 N 1313 Қаулыларымен.

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлігі Өнеркәсіп комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың
тізбесi

Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар

      1. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.08.04 N 735 Қаулысымен.
      2. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.01.17. N 25 Қаулысымен.
      3. "Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешендi қайта өңдеу жөнiндегi ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында), Алматы қаласы.
      4. "Кентау СуШар" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында), Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласы.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді- ҚР Үкіметінің 2008.01.28. N 72 Қаулысымен.
      5. "Жезқазғансирекмет" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында), Жезқазған қаласы.
      6. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.06.31 N 706 Қаулысымен.
      7. «Ұлттық технологиялық болжау орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында), Алматы қаласы.
      Ескерту. 6-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.07.19. N 741 қаулысымен, өзгеріс енгізілді - 2005.08.24. N 871 қаулысымен.

Акционерлiк қоғамдар

      1. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.05.07 N 429 Қаулысымен.
      2. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.08.24. N 871 қаулысымен.
      3. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.09.03 N N 882 қаулысымен.
      4. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.08.24. N 871 қаулысымен.
      5. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.05.07 N 429 Қаулысымен.
      6. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.09.20 N 1076 Қаулысымен.
      7. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.03.19. N 212 қаулысымен.
      8. "Қазақстантрактор" ашық акционерлік қоғамы, Павлодар қаласы.
      9. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.02.20. N 201 Қаулысымен.
      10. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.04.09. N 280 қаулысымен.
      11. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.05.07 N 429 Қаулысымен.
      12. «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы.
      13. «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамы.
      14. «Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы» акционерлік қоғамы, Алматы қаласы.

                  Мемлекеттік мекемелер

      1. "Микрография ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік мекемесі, Орал қаласы.
      2. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.03.04 N 228 Қаулысымен.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер

      Ескерту. Бөлім алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.10.15 N 1313 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2004 жылғы 26 қарашадағы 
N 1237 қаулысымен    
бекiтiлген        

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлiгi Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң
қарамағындағы ұйымдарының тiзбесi

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.08.01 N 801, 2008.04.21 N 371, 2008.04.16 N 352, 2010.05.14 N 416, 2011.07.21 N 836, 2011.09.12 N 1041, 2012.03.31 N 407 Қаулыларымен.

Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар

      1. "Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты (ҚазСтИн)" республикалық мемлекеттiк кәсіпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында), Астана қаласы.
      2. "Қазақстан метрология институты" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны" (шаруашылық жүргiзу құқығында), Астана қаласы.
      3. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.09.12 N 1041 Қаулысымен.

Акционерлiк қоғамдар

      1. "Қазақстандық келісім-шарт агенттігі" АҚ.
      2. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.07.21 N 836 Қаулысымен.
      3. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.11.24 N 1240, 2010.11.24 N 1240 Қаулысымен.
      4. "Ядролық технологиялар паркі" АҚ.
      5. "Достық Энерго" АҚ.
      6. "Шағын кәсіпкерлік жөніндегі республикалық ақпараттық-көрме орталығы" ЖАҚ.
      8. "Технологиялық даму ұлттық агенттігі" АҚ

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер

      "Ұлттық аккредиттеу орталығы" ЖШС, Астана қаласы.
      "ТРМК Координатор" ЖШС, Астана қаласы

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2004 жылғы 26 қарашадағы
№ 1237 қаулысымен  
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің қарамағындағы ұйымдардың
тізбесі

      Ескерту. Қаулы тізбемен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2010.05.14 N 416 Қаулысымен, өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.04.02 N 349 Қаулысымен.

      «Қазэнергосараптама» акционерлік қоғамы.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2004 жылғы 26 қарашадағы
№ 1237 қаулысымен   
бекітілген      

      Ескерту. Қаулы тізбемен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2010.05.14 N 416 Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің қарамағындағы ұйымдардың
тізбесі

      1. «Қазгеоақпарат» республикалық геологиялық ақпарат орталығы» ММ.
      2. «Геология және минералдық ресурстар ақпараттық-талдау орталығы» РМК.
      3. «Мамандандырылған гравиметриялық кәсіпорын» РМК.

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2004 жылғы 26 қарашадағы 
N 1237 қаулысымен    
бекiтiлген       

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi
Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық iстерi
комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың
тiзбесi

      Ескерту. Тізбе алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.05.14 N 416 Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2004 жылғы 26 қарашадағы
N 1237 қаулысымен  
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi
Инвестиция комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi

      Ескерту. Тізбе алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.04.09. N 280 қаулысымен.

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2004 жылғы 26 қарашадағы
№ 1237 қаулысымен  
бекiтiлген     

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитетінің аумақтық бөлімшелері - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

      Ескерту. Қаулы тізбемен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.11 N 312 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитетінің аумақтық департаменті – «Бурабай» арнайы экономикалық аймағының әкімшілігі

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2004 жылғы 26 қарашадағы 
N 1237 қаулысына     
қосымша          

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған
кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi

      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң "Қазақстан Республикасының минералдық шикiзатты кешендi қайта өңдеу жөнiндегi ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының "Жезқазғансирекмет" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 21 қарашадағы N 1233 қаулысы 4-тармағының 3) тармақшасы.
      2. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс-өнеркәсіп кешенiнiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 13 наурыздағы N 244 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 10, 121-құжат).
      3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 12 қыркүйектегi N 996 және 2002 жылғы 18 қарашадағы N 1220 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 8 сәуiрдегi N 334 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 16, 161-құжат).
      4. "Экспорттық кредиттердi және инвестицияларды сақтандыру жөнiндегi мемлекеттiк сақтандыру корпорациясы" акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 12 мамырдағы N 442 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 19, 195-құжат).
      5. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Қорғаныс өнеркәсiбi комитетiн тарату туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 20 мамырдағы N 467 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 5 және 6-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 21-22, 211-құжат).
      6. "Қазақ Суарнажоба" мемлекеттiк жобалау институты" мемлекеттiк кәсiпорнын қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 28 шiлдедегi N 752 қаулысы 4-тармағының 2) тармақшасы.
      7. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 12 қыркүйектегi N 996 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 29 шiлдедегi N 759 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 30, 304-құжат).
      8. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 18 қыркүйектегi N 951 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., N 38, 385-құжат).
      9. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 12 қыркүйектегi N 996 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 6 қазандағы N 1027 қаулысы 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 40, 425-құжат).
      10. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 6 тамыздағы N 881 және 2002 жылғы 12 қыркүйектегi N 996 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 5 желтоқсандағы N 1235 қаулысы 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 46, 505-құжат).
      11. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 23 желтоқсандағы N 1302 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 48, 541-құжат).
      12. "Инвестициялық компания: "Қазақстанның Инвестициялық қоры", "Қазақстанның Даму Банкi", "Ұлттық инновациялық қоры" акционерлiк қоғамдарының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 22 қаңтардағы N 68 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 2, 34-құжат).
      13. "Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясы" (Kazakhstan Engineering)" ашық акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 10 наурыздағы N 295 қаулысы 5-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 12, 161-құжат).
      14. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 21 мамырдағы N 570 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., N 22, 284-құжат).
      15. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң "Салааралық ақпарат ғылыми-техникалық орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорынының кейбiр мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 31 тамыздағы N 921 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағы.