Атом энергиясы саласында жеке кәсіпкерлік саласындағы субъектілердің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технология министрінің м.а. 2011 жылғы 15 қыркүйектегі № 322 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және Сауда министрінің м.а. 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 303 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 10 қазанда № 7247 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігі төрағасының 2012 жылғы 14 қарашадағы № 22-пр және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 20 қарашадағы № 311 Бірлескен бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № 184 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
      реттік нөмірі 82-жолдың 4-бағанында "ҚНРА, АӨҚО," деген аббревиатуралар алып тасталсын;
      реттік нөмірі 86-жол алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 119-жолдың 4-бағанында "ҚНРА (келісім бойынша)," деген сөздер алып тасталсын;
      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуында:
      "ҚНРА - Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі" деген жол алып тасталсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К.Мәсімов