Инновациялық грант туралы үлгілік шарттың нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2009 жылғы 21 тамыздағы N 227 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 11 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5786 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 105 бұйрығымен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4 тармағына сәйкес, Жаңа Жол ауылы тұрғындар жиналысының 2009 жылдың 24 шілдесіндегі № 3 хаттамасын есепке ала отырып, Қараөткел селолық округі әкімі ШЕШТІ:
      1. Жаңа Жол ауылының көшелеріне атаулар берілсін:
      № 1 көшеге – Наймантайұлы Байғозы атауы;
      № 2 көшеге – Абай Құнанбаев атауы;
      № 3 көшеге – Рақымжан Қошқарбаев атауы;
      № 4 көшеге – Қосқопа атауы.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Целиноград ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қараөткел селолық
      округі әкімінің
      міндетін атқарушы                          Е.Керкеев

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Целиноград ауданының
      Мәдениет және
      тілдерді дамыту бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Ш.Өтегенова

      «Целиноград ауданының
      Сәулет және қала
      құрылысы бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    А.Сағымбаев